"Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 67 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 25 сәуірде 2071 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 ақпандағы N 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2012.02.01 N 15 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабындағы 1-тармақтың 2)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" N 301 және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1520 қаулыларын іске асыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.М. Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы 12 сәуірдегі
"Жастар практикасын" ұйымдастыру
және өткізу үшін әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша
шаралар белгілеу туралы"
N 67 қаулысына
қосымша

"Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу үшін әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы

      Осы әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" N 301 (бұдан әрі - Бағдарлама) және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1520 қаулыларына сәйкес, бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық іс-тәжірибе, білім, әдет-дағдыларын алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18-29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың (бұдан әрі - Түлектер) жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
      2. Жастар практикасы Алматы облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, өткізіледі.
      3. Уәкілетті орган еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мекемелермен бірлесіп, Жастар практикасын екі бағытта ұйымдастырады:
      1) "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдауды" жүзеге асыру шеңберіндегі ағымдағы шығындары Астана және Алматы қалаларының бюджеттік, облыстық бюджеттік нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бағдарламалар шеңберінде.
      5. Жастар практикасын ұйымдастыру механизмі "Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы шеңберінде аумақтағы жеке кәсіпкерлерді қолдауды" жүзеге асыру шеңберіндегі ағымдағы шығындары Астана және Алматы қалаларының бюджеттік, облыстық бюджеттік нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде.
      6. Түлектер Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 15-бабында белгіленген тәртіппен Уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркеледі.
      7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпорындарда уақытша жұмыс күші қажеттілігін анықтайды және оны Уәкілетті органға жібереді.
      8. Уәкілетті орган жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес Түлектерді қажетті біліктілігіне қарай ұсынған жұмыс орындарына жібереді.
      9. Жастар практикасын ұйымдастыру механизмі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
      10. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары және Жастар практикасына қатысушыларды қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
      11. Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастыру және өткізудің негізгі жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады, сонымен бірге, жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері бойынша ұйымдарға (Жұмыс беруші) Жастар практикасына қатысу жөнінде ұсыныс білдіріп, хабарлама жібереді.
      12. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде іс-тәжірибеге қабылданатын Түлектің келісімі немесе қатысудан бас тартқандығы туралы хабарлама береді.
      13. Уәкілетті орган Жұмыс берушінің ұсынған жұмыс орындарына Түлектерді біліктілігіне қарай жібереді.
      14. Уәкілетті орган Түлектерге Жастар практикасын ұйымдастыруға келісім берген жұмыс берушілермен Келісім жасайды. Келісімде жұмысқа қабылданатын түлектер саны және мамандықтар (кәсіптер) тізімі көрсетілуі тиіс.
      15. Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
      3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша тәжірибесінің болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      16. Ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдау негізінде Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысатын жұмыссыз жастар арасында іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органға тіркеуде тұруы керек;
      2) үміткерлердің кәсіптік білімі болуы керек;
      3) үміткердің жасы 29 жастан аспауы және ол білімі туралы құжатты алғанына 12 айдан аспауы керек, бірақ жоғарыда аталған мерзімнен өзіне қатысты емес жағдайларға байланысты жұмысқа орналаса алмаған жағдайларды қоспағанда (әскер қатарына шақырылғанда, бала тууына, денсаулығына);
      4) Уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
      17. Түлектердің жастар практикасына қатысуы Жастар практикасы басталған сәттен бастап 12 айлық кезеңде бір рет рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
      18. Уәкілетті орган мен Жастар практикасына жіберілген Түлектің арасында Жастар практикасын өткізу туралы екі жақты келісім жасалады.
      19. Түлектерді жастар практикасына алуға келісім берген Жұмыс беруші түлектерді қабылдайды және Жастар практикасына қатысушы Түлектердің мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, дағдылануын, тәжірибе алуын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алады және еңбек заңдарына сәйкес Түлекпен кем дегенде алты ай мерзімге еңбек шартын бекітеді. Жұмыс беруші еңбек шартына сәйкес бюджет қаржысы есебінен еңбекке ақы төлеуді жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді.
      20. Уәкілетті орган Түлекті бекітілген нысандағы жолдамамен Жұмыс берушіге жібереді.
      21. Түлектерді Жастар практикасына алу туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың түбіршегін толтырып, Уәкілетті органның мекен - жайына жібереді.
      22. Түлектерді Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, Жұмыс беруші Түлекті кем дегенде алты ай мерзімге "Жастар практикасына" қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушы Түлектерге білікті маман-тәлімгер бекітеді. Түлектер еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде барлық құқықтарға ие болады және еңбек заңнамаларына сәйкес міндеттеме алады.
      23. Түлектерді Жастар практикасына қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, Жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жұмыс беруші әр айдың 25 жұлдызына Уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушы Түлектердің еңбекақысын төлеу үшін жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.
      24. Жұмыс берушінің ынтасы бойынша Түлектермен шарт бұзылған кезде, ол қабылдаған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде Уәкілетті органға хабарлайды. Түлектер практиканы тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы Жұмыс берушіге және Уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      25. Шарттың мерзімі өткеннен кейін Жұмыс беруші Уәкілетті органға Түлектерді жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың немесе практиканың аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін, оның практикадан өткендігі туралы сын-пікірімен (ұсыныс) қоса жолдайды.
      26. Жұмыс берушінің шешімі бойынша Түлектер Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушы Түлекті жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      27. Жастар практикасынан өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған Түлектер Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұруын жалғастырады.
      28. Жастар практикасына қатысушы Түлектерге Қазақстан Республикасының еңбекзейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру заңнамалары қолданылады.
      29. Жастар практикасына қатысушы Түлектер Уәкілетті органның әрекеті үшін жергілікті атқарушы органдарға, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және сотқа заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

3. Жастар практикасын қаржыландыру

      30. Жастар практикасын қаржыландыру ағымдағы бюджеттік жылдың бекітілген шығыс сметасына сәйкес бюджет қаражатының есебінен іске асырылады.
      31. Жастар практикасына қатысушы Түлектердің еңбекақысы Уәкілетті орган Жұмыс берушінің Түлекті жұмысқа қабылдаған бұйрығы негізінде және жұмыс жасаған күндеріне тапсырылған табель бойынша қаржыландыру жылының бекітілген шығындар сметасына сәйкес орташа еңбекақы көлемінде төленеді. Айлық еңбекақының ішіне міндетті зейнетақы және жеке салығы кіреді.
      32. Жастар практикасына қатысушы Түлектердің еңбекақысын Уәкілетті орган Түлектердің жеке есеп - шоттарына қаржыны аудару арқылы іске асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады