"2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 29/347-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 сәуірде N 2544 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 521/01-06 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының 2011.12.22 N 521/01-06 хаты).

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 391, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 420 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2541, «Дидар» газетінің 2011 жылғы 8 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 3, 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 4, «Рудный Алтай» газетінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 3, 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 4 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Облыстық бюджетте:
      5492 мың теңге сомасында көлік құралдарын мемлекеттік техникалық қарауды жүргізу жөніндегі;
      603720 мың теңге сомасында халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды беруге байланысты қаражатты қайтару көзделгені ескерілсін.»;
      2) 1 қосымшада:
      «Сомасы (мың теңге)» бағанында:
      01 функционалдық тобында:
      «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» жолындағы «2111879,0» сандары «1508159,0» сандарымен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» 1 кіші функциясындағы «1889492,0» сандары «1285772,0» сандарымен ауыстырылсын;
      120 «Облыс әкімінің аппараты» әкімшісі бойынша «1839557,0» сандары «1235837,0» сандарымен ауыстырылсын;
      003 «Жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін халыққа қызмет орталықтарының қызметін ұйымдастыру» бағдарламасындағы «770768,0» сандары «167048,0» сандарымен ауыстырылсын;
      03 функционалдық тобында:
      «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» жолындағы «8086485,2» сандары «7986485,2» сандарымен ауыстырылсын;
      «Құқық қорғау қызметi» 1 кіші функциясындағы «7661485,2» сандары «7561485,2» сандарымен ауыстырылсын;
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» әкімшісі бойынша «421844,0» сандары «321844,0» сандарымен ауыстырылсын;
      003 «Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту» бағдарламасындағы «421844,0» сандары «321844,0» сандарымен ауыстырылсын;
      15 функционалдық тобында:
      «Трансферттер» жолындағы «29186332,7» сандары «29890052,7» сандарымен ауыстырылсын;
      «Трансферттер» 1 кіші функциясындағы «29186332,7» сандары «29890052,7» сандарымен ауыстырылсын;
      257 «Облыстың қаржы басқармасы» әкімшісі бойынша «29186332,7» сандары «29890052,7» сандарымен ауыстырылсын;
      024 «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасындағы «5492,0» сандары «609212,0» сандарымен ауыстырылсын;
      024 «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «



029


Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

100000,0

                                                            ».

      2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


      Сессия төрағасы                         А. Шмурыгин
 

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы                   В. Ахаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады