"Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекiтілсін.
2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына 1-қосымша |
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қағидалар:
1) мәмілелерді куәландыру;
2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру;
3) келісулерді куәландыру;
4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;
5) неке шарттарын куәландыру;
6) алимент төлеу туралы келісімін куәландыру;
7) өсиеттерді куәландыру;
8) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау;
9) сенімхаттарды куәландыру;
10) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
11) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау;
12) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру;
13) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру;
14) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру;
15) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру;
16) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;
17) фактілерді куәландыру;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
19) ақшаларды депозитке қабылдау;
20) вексельдер наразылықтарын жасау;
21) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
22) теңіз наразылықтарын жасау;
23) дәлелдемелерді қамтамасыз ету;
24) атқарушылық жазбаларды жасау;
25) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру;
26) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.
3. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Заңның 41-бабындағы негіздер бойынша кейінге қалдырылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
4. Баланың заңды өкілі оның ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқоршылықты, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын өзге де алмастыратын адамдар (бұдан әрі – баланың заңды өкілдері) болып табылады.
5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.
Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
6) шетелдік паспорты.
16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
16 жасқа толмаған, кәмелетке толған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі жеке басын куәландыратын құжатпен анықтайды, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамдар мен олардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген заңды өкілдерінің құжаттары салыстырылып тексеріледі.
7. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес нотариус жеке тұлғалардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтайды.
Жеке тұлғаның әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжаттарын берген сәттен, сондай-ақ әңгімелесу барысында көзбен шолу және БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында анықталады.
Заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің, филиалдың (өкілдіктің) құқық қабілеттілігі БНАЖ арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықталады.
Заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктері БНАЖ арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында және оны лауазымына тағайындау туралы бұйрығымен (шешімі) тексеріледі.
Заңды тұлға, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының немесе осыған оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге тұлғаның қолы қойылған, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.
Жеке тұлға өкілінің өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша тексеріледі (бұдан әрі – ҚР АК).
Нотариус БНАЖ арқылы Қазақстан Республикасындағы нотариус куәландырған сенімхаттарды беру фактісін тексереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі - қамқоршы және қорғаншы органдардың шешімімен анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде белгіленеді, сондай-ақ БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында және "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесімен салыстырылады. Нотариус неке туралы мәліметті БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде тексереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтінішке және басқа да құжаттарға қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды, онда тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өз қолымен жазып қояды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлде бір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа адам қол қоя алады.
Нотариус қол қойған адамның әрекетке қабілеттілігін оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде анықтайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасауға келген адамның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландырады.
12. Егер адам сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
13. Егер адам нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтінін осы тілді білетін нотариус немесе аудармашы аударылған болса, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
14. Нотариаттық куәландырылатын мәтінде немесе куәландырылатын құжатта оның мазмұнына қатысты күні кемінде бір рет сөздермен жазылуы тиіс.
15. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауға заңды тұлға жүгінсе, оның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және тұрған жері көрсетілді.
Нотариаттық іс-әрекет жасауға жеке тұлға келген кезде, жеке басты куәландыратын құжаты бойынша ол туралы мәлімет, оның тұратын жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Мәмілелерді шетелдік азаматтың атынан куәландырған кезде олардың азаматтығы жоқ адамдарға қатысты азаматтығы – ол туралы мәлімет көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.16. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға нотариаттық іс жүргізу тілінен өзгеше тілде жасалған, аудармасы тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ өшірілген, қосылып жазылған, сызылған немесе өзге де келісілмеген түзетулері бар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мөр бедерлемесі анық көрінбейтін құжаттарды қабылдамайды
Егер ұсынылған құжаттар екі не одан көп парақтардан тұрса, олар бауланады, парақты нөмірленеді, ал бауланған парақтардың саны құжат беруші ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.17. Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады.
18. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді жасау үшін келген тұлғаға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдық хабарланбауы оған зиянын тигізбеуі үшін жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттердің салдарларын ескертеді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 2 тармақшасы).
19. Мәмілелерді куәландырғанда, нотариаттық куәландырылған құжаттардың телнұсқасын бергенде құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға нотариустың жеке қолы қойылып куәландыру жазбасы жасалады және оның мөрі басылады.
20. Куәландыру жазбасының мәтіні техникалық құралдармен (жазба машинасымен, дербес компьютермен) немесе қолдан анық жазылып орындалады, өшірулерге жол берілмейді. Куәландырушы жазбаларды жасау үшін тиісті жазбасы бар мөртабан қолданылуы мүмкін. Құжаттағы куәландырушы жазба осы бетте немесе құжаттың артқы бетінде азаматтардың қолтаңбасынан кейін қойылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.21. Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақтардың саны нотариустың қолымен расталып, мөрімен бекітіледі.
22. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі жерде орналасу фактісін, жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштер беруін, құжаттардың сақтауға қабылданғанын куәландырған кезде тиісті куәліктер беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Нотариаттық іс-әрекеттерді БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Негізінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалынатын құжаттар куәліктің не мәміленің нотариуста қалатын данасына қоса тігіледі. Түпнұсқалы құжаттарды оларды алып келген тұлғаларға қайтару қажет болған жағдайда нотариус олардың көшірмелерін өзіне қалдырады. Нотариустың істерінде қалатын құжат көшірмелерінің дұрыстығы түпнұсқамен көшірмесі дұрыс келетініні көрсетіліп, күні мен нотариустың қолы қойылып, нотариустың жазбасымен куәландырылады.
26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 22.08.2014 № 257 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).27. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған көшірмелер, сондай-ақ нотариустар берген құжаттар жеке және заңды тұлғаларға тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекет жасалынған адамның немесе олардың уәкілетті адамдарының атынан беріледі.
Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың телнұсқалары беріледі.
Құжат телнұсқасы куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.
Егер, нотариус телнұсқаны сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның аты-жөні жазылады.
28. Өсиеттер, өсиеттердің телнұсқалары мен көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны тапсырған кезде беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің телнұсқасы олардың одан кейін мұрасын иеленетін мұрагерлеріне өсиет қалдырушының және қайтыс болған мұрагердің қайтыс болғаны туралы куәліктері немесе хабарламасы, сондай-ақ мұрагерлікті қабылдауға негіз болып табылатын құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Қайтыс болу фактісі, мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын туысқандық қатынастар нотариусқа ұсынылған құжаттар бойынша анықталады. Егер нотариусқа берілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген жағдайда БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында, "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер тексеріледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекет жасауға алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық масаю халінде келген адамдар келген кезде бас тартады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқанда, тоқтата тұрғанда, кейінге қалдырғанда, бас тарту, тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады (бұдан әрі - қаулы).
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:
1) қаулы шығарған күні;
2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері), өтініш жасаған күні;
4) қаулы шығарған нотариаттық іс-әрекеттің атауы;
5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдырудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);
6) бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдыруды шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.
Қаулы екі данада ресімделеді, нотариустың мөрі басылған қолымен куәландырылады және БНАЖ-де шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі. Бір данасы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылған, не тоқтата тұру не кейінге қалдырған тұлғаға беріледі немесе жолданады. Қаулының екінші данасы қаулы тапсырылған адамның қолы қойылған немесе бас тартылған немесе нотариаттық іс-әрекет жасау тоқтатыла тұрған не кейінге қалдырылған адамға пошта арқылы жіберілгені туралы белгісі бар нотариустың істерінде қалдырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келгенін анықтаса, онда ол нотариаттық іс-әрекетті жасауға оған жүгінген тараптарға (тұлғаларға) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою (бұзу) бойынша шараларды қабылдау үшін хабарлауға міндетті, ал нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою (бұзу) мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органына бұл туралы тиісті шараларды қабылдау үшін дереу хабарлауы қажет.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-104-баптарына сәйкес басқа да мемлекеттің құқық нормаларын қолданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландырған кезде және мемлекеттік тіркеуге жататын куәліктерді берген кезде нотариус "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорынан БНАЖ арқылы тіркеу органы басшысының, оны алмастыратын адамның (белгіленген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алады.
Осы Қағидалардың 52, 54, 140 және 160-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландыруға және мемлекеттік тіркеуге жататын куәліктер беруге ауыртпалықтар болмаған кезде рұқсат етіледі.
"Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік дерекқорынан БНАЖ арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде тіркеу органы растаған нақты жылжымайтын мүлік объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер нотариустың уәжді сұрау салуы бойынша тіркеуші органда беріледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.02.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мәмілелерді куәландыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіреді, сондай-ақ оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінің тексереді.
36. Кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы немесе қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап ету қажет.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.37. Мүлікті иеліктен айыру туралы шартты тараптар бұзған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзған жағдайда, нотариус БНАЖ арқылы "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Шартты бұзу туралы келісімді нотариус БНАЖ электронды тізілімінде тіркейді және құқық белгілейтін құжат оның сақтауында болған жағдайда, мүліктің иесіне қайтарады, келісім данасының көшірмесі, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі шартқа қоса тігіледі.
Шартты бұзған кезде тараптар нотариусқа шарттың барлық даналарын қайтарады, бұл ретте нотариус шарттың барлық даналарында тізілім нөмірін және бұзу туралы келісімді куәландыру күнін көрсете отырып, бұзу туралы жазба, сондай-ақ БНАЖ электронды тізілімінде жазба жасайды.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Көрсетілген шарттарды бұзған кезде осы шарттарды куәландыру үшін өндірілген төлем тараптарға қайтарылмайды.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Егер сыйға тарту шартында сыйға тартушының, ол сыйды алушыдан кейін өмір сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшін жою құқығы көзделген болса, нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша, БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінен сыйды алушының қайтыс болған фактісінің тіркелуін тексереді, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады.
Сыйға тартушының сыйға тартудың күшін жою туралы өтініші екі данада жасалады, қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылады.
Өтініштің бір данасы мен сыйды алушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама көшірмесі нотариустың істерінде сақталатын сыйға тарту шартының данасына қоса тіркеледі. Нотариус тіркеуші органға сыйға тартудың күші жойылғандығы туралы хабарламаны, сыйға тартушының сыйға тартудың күшін жою туралы өтінішінің екінші данасына тіркеп, сыйға тартушыға береді.
Нотариус сыйға тарту шартының барлық даналарында, сондай-ақ БНАЖ электрондық тізілімінде, күнін, қолын қою арқылы, сыйға тартудың күші жойылғаны туралы белгі жасайды.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде, нотариус бұл туралы нотариалдық әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде белгі қояды, сот шешімінің көшірмесін қоса тіркейді және құқықты белгілеуші құжаттарды мүлік иесіне қайтарады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.42. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы тиіс, құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.
3-тарау. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
43. Меншік иесінің ортақ бірлескен немесе үлестік меншік құқығындағы мүлікті иеліктен айыру, барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.
Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде, нотариус ортақ меншіктің басқа қатысушыларының мәмілелерді жасауға берген келісімі туралы нотариалды куәландыруға жататын келісімді талап етеді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.
Жұбайлардың некеге дейінгі кезеңде өтеусіз мәміле негізінде алған немесе мұраға алу тәртібімен алғанды қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі жұбайына тиесілі болған мүліктерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылады.
Бұл туралы шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде иеленіп жатқандығы, мүлік иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, айы, күні толық көрсетіледі, не болмаса, мүлік иесі шартты жасау кезінде некеде тұрмайтындығы, ал неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландырған күні және орны, тізілім нөмірі мен мүліктің құқықтық тәртібі көрсетіледі.
Нотариус мәміле жасау кезінде ерлі-зайыптылардың неке қатыныстарын БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде және некені тіркеу туралы куәлік бойынша не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат бойынша тексереді, бұл туралы келісімде жазба жасайды және куәліктің нөмірін, берілген күнін және құжатты берген органның атауын көрсетеді (неке Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелгенді қоспағанда).
Нотариаттық қызметтерді алуға жүгінген тұлға некенің жоқтығы туралы өтініш берген жағдайда да нотариус БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (неке Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелгенді қоспағанда) тіркелген некенің болуын (болмауын) тексереді.
Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-әрекеттің түрін жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген өкілден некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынады.
Егер неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса:
"Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiк болған жағдайда тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі шарттар;
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23 және 24-баптарына сәйкес жұбайының біреуі мұндай жер учаскесін сатып алуға құқығы жоқ тұлға болған жағдайда жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар нотариаттық куәландыруға жатпайды.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 05.02.2024 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Үлестік меншік құқығында үлесін иеліктен алу кезінде нотариус ҚР АК 216 және 501-баптарының нормаларын басшылыққа алады.
Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабардар ету дәлелдемелері мыналар болып табылады:
1) ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;
2) қолтаңбасының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабардар ету үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына берілген пошталық немесе өзгедей хабарлама.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иеліктен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.
48. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушының) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін анықтайды.
Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" және "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қорының мәліметтерімен салыстырады.
Олар құқық иесі және сәйкестендіру сипаттамалары туралы өзгерген жағдайда мәліметтері "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның құқықтық белгілеуші құжатта тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі және қолтаңба және мөрмен бекітіледі.
Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.
БНАЖ арқылы "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында нотариус мәліметтерді тексереді және жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының (МТК) тіркеу коды бар мекенжай бойынша тіркелген тұлғалардың саны туралы алушыға жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 20.08.2019 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Нотариус мыналарды:
1) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге, орман өсiруге, бақ шаруашылығына және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 және 24-баптары);
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24-бабы);
3) мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге, бақ шаруашылығына және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабы);
4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34-бабы);
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi қоспағанда, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруға не кепiлге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иелiктен шығару не оны кепiлге беру жағдайларынан басқа мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39-бабы) иелiктен айыруды куәландырмайды.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.08.2021 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).
51. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.
52. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:
1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландыруға жол беріледі.
53. Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.
54. Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:
1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;
2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;
3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.
55. Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.
Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру мүлікті иеленуші үшін барлық міндеттердің ауысатынын түсіндіреді.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.56. Құқық белгілейтін құжатта көрсетілген құқық иесі туралы мәліметтің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтері "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы иелік ету сәтіндегі "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін мәліметтермен сәйкес келмеген куәліктерді беру, мұрагерлікке сенімгерлікпен басқару тағайындау туралы қаулы шығарылған кезде нотариус осындай өзгерiстердің тiркелгенiн тексереді.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Нотариус рента және өмiр бойы асырауда ұстау шарттарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 517-539-баптарына сәйкес куәландырады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 № 359 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған несие берушінің талап ету құқығын басқаға берген кезде нотариус мыналарды:
1) мүлікті меншіктенуге тиесілі екендігін, несие берушінің құқығын (талабын) растайтын құжаттары;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді;
3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтерді талап етеді.
Талап ету құқығын куәландыратын құжаттар талап етуді басқаға беру шартын куәландырғаны туралы белгісімен жаңа несие берушіге қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.
Объектіні тапсыру актісіне қол қойғанға дейін және олар шарттың бағасын төлеген соң ғана құрылысқа үлестік қатысу шарты шеңберінде кредитордың талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ауыртпалықтың бар/жоқ екендігі туралы уәкілетті органның анықтамасын талап етеді.
Егер жылжымалы мүліктің тиесілігі міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын болған жағдайда, қандай-да бір құжатпен анықталмаса, шарт мәтініне оның тиесілігін тараптардың айтуы бойынша көрсетеді.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.61. Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;
3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.
62. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.
Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.
63. Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.
Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.
64. Ортақ меншіктегі үлесте тұрған мүлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе жалға беру мүліктің барлық иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.65. Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
66. Жылжымайтын мүлікке және жылжымалы мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруды куәландырған кезде нотариус шарттың мемлекеттік тіркеудің қажеттігін түсіндіреді, ол жөнінде шарттың мәтінінде белгі жасайды.
68. Кепіл шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде салынып жатқандығын оның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және жері, не болмаса кепіл беруші мүлікті иеленген уақытта некеде тұрмағандығы туралы, ал егер неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың аты, тегі, әкесінің аты, куәландыру уақыты, тізілім нөмірі және мүліктің құқықтық реті көрсетіледі.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1-тарау. Келісулерді куәландыру
Ескерту. Ереже 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
68-1. Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куәландыру белгiленген мәмiлелердi куәландырады.
Мұндай мәмілелерге мыналар:
ортақ бірлескен меншікке қатысушылардың мәміле жасауға келісімі;
басқа жұбайдың жылжымайтын мүлікке билік етуі жөніндегі мәміле және нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін жұбайының келісімі;
жұбайының суррогат ана болу шартын жасасуына екінші жұбайының келісімі;
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін пайдалануға жұбайының келісімі;
бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде егер іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан олардың біреуінің әрекет етуіне жұбайының келісімі;
кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға келісімі);
гемопоэздік бағаналы жасушаларын қоспағанда, адамнан тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға келісім;
банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілдің туындауын және өзгеруін тіркеуге кепіл берушінің келісімі;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзетуге мүдделі тұлғалардың келісімі;
ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының әуе көлігімен алып жүрусіз кетуіне келісімі;
он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматының ата-анасының біреуімен (қорғаншысымен, қамқоршысымен) бірлесіп шетелге тұрақты тұруға кетуіне, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының келісімі;
егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылған жағдайда, жеке тұлғаның заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы келісімі;
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келісімі;
қорғаншы және қамқоршы органның жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленген кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы шешімін беру кезінде некеде тұрған жағдайда, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау кезінде жұбайының (зайыбының) келісімі;
егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру олардың мүдделерін қозғайтын болса, өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) аралас үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің келісімі және заңнамада көрсетілген басқа да келісімдер жатады.
68-2. Келісімді куәландыру мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
68-3. Келісімде:
- "Келісім" құжатының атауы;
келісімді куәландыру орны мен күні; келісімге қол қойған адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні мен жері, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілуі тиіс.
Заңнама өкілге келісім беруге жол берген жағдайларда, мұндай келісім өкілдің өкілеттігі тиісті құжаттармен расталған жағдайда куәландырылады.
68-4. Келісімді нотариус екі данада куәландырады, оның біреуі нотариустың істерінде сақталады. Оған қол қойған адамдардың санына қарамастан бір келісімді куәландыру бір нотариаттық іс-әрекет болып табылады.
68-5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, келісім беруден бас тартуға немесе оның шарттарын өзгертуге жол берілмейді.
Заңнамада кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға медициналық араласу басталғанға дейін кез келген уақытта келісімін жою көзделген.
4-тарау. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
69. Нотариус жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншігіндегі мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландырады.
Нотариус тараптардың келісімімен белгіленген ортақ мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырады. Дау болған жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.70. Әрбір қатысушыға қатысты пайдалану тәртібі туралы шартта оның техникалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға құқылы жылжымайтын мүліктің нақты бөлігі, олардың реттік нөмірі мен мөлшері көрсетіледі.
Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландыру кезінде тараптар жер учаскесін пайдалану тәртібін айқындап та, айқындамай да жер учаскесіндегі тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгілеуге құқылы.
Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттың пайдалану тәртібі белгіленетін ортақ мүліктегі үлесті сатып алушы тұлға үшін міндеттейтін күші болады.
71. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың тәртібі туралы шарт дербес құқық белгілеуші құжат болып табылмайды, ол құқық белгілеуші құжатқа қосымша ретінде жүреді және заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады.
72. Егер ортақ (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылар ортақ меншік тәртібін тоқтатқысы келсе, нотариус оларға мүлікті пайдалану тәртібі мен мүлікті бөлу шартын бекітудің құқықтық салдарының айырмашылығын, сондай-ақ соңғының жасалу шарттары мен тәртібін түсіндіреді.
5-тарау. Мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
73. Нотариус ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншіктегі мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландырады.
Ортақ мүліктің бөлек (жеке) меншікке ауыстырылу шарты мүліктің бөлінетін бөлігін құқықтың дербес нысаны ретінде қарау мүмкіндігі болып табылады (Кодекстің 218, 221-баптары).
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.74. Тұрғын үйді (пәтерді) сол тұрған қалпында бөлу үй-жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлінгеннен кейін уәкілетті органымен берген ұсынылған құжаттарға сәйкес бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде (пайдалануында) қалмайтын болады. Бөлінген бөлікте (бөліктерде) жеке есік шығарудың және қажетті қосымша үй-жаймен қайта жабдықтаудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайларда, нотариус мүдделі адамдарға олардың мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарт жасауы мүмкіндігі туралы түсіндіреді.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.75. Ортақ меншікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша тұрғын емес үй-жайды бөлу шартын бекіту кезінде ортақ пайдаланудағы басқа да орындар (дәліздер, баспалдақтар және т.б.) қалдырылуы мүмкін.
76. Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесіне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ жалпы үлестік меншікте қалатын объектілер көрсетілуі керек.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.77. Тұрғын емес үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтінінде әрбір бұрынғы меншік иесінің меншігіне ауысқан үй-жайлардың (негізгі, сондай-ақ қосымша үй-жайлар), барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ортақ ауданына (оның ішінде үлестік меншікке жатқызылғандар) қатысы арифметика тілімен көрсетілуі керек, сондай-ақ үлестік меншікте қалған объектілер көрсетілуі керек. Егер ортақ үлеске дәліздер, баспалдақ аралығы және т.б. жатса, нотариус арифметика тілімен олардың жалпы ауданының барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ауданына, сондай-ақ бұрынғы қосалқы меншік иелерінің бөлуден кейін олардың жеке меншігіне жатқызылған жылжымайтын мүліктің мөлшерінде пара-пар есептелген жалпы пайдалану орындарына жалпы үлестік меншігіндегі үлестерінің мөлшерін көрсетуі керек.
78. Нотариус ортақ мүліктен заттай үлесін бөлу туралы шартты куәландырады, ол бойынша жалпы (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылардың барлығының келісімі бойынша қатысушылардың біреуі (немесе бірнешеуі) жалпы мүліктің нақтылы бөлігін, оның ішінде тұрғын үйдің (пәтердің) жеке бөлігін меншікке ала алады, ал басқа бөлігі қалған қатысушылардың жалпы (бірлескен немесе үлестік) меншігінде қалады.
79. Жұбайлардың мүлкін бөлгенде нотариус некені бұзылғанда мүліктік салдары және ортақ мүліктік меншік режимі белгіленген некелік шартының бар немесе жоқ екендігін анықтайды. Некелік шарт болған жағдайда мүлікті бөлу оның шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.80. Жылжымайтын мүлікті бөлу туралы шартын, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті бөлу шартын куәландырған кезде нотариус құқық белгілейтін құжатты талап етеді.
Мүлікті бағалау туралы есепті нотариус, егер ол тараптардың келісімімен көзделген жағдайда талап етеді.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.81. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжитын мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру кезінде нотариус осы мүліктің тараптарға тиістілігін растайтын құжаттарды талап етеді.
Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.82. Мүлікті бөлу (үлесті бөлу), оның ішінде жылжымайтын мүлікті бөлу тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Үлесті бөлу кезінде құқық белгілеуші құжат үлестің бөлінуі туралы белгі соғылып, құқық иесіне (құқық иелеріне) қайтарылады.
6. Некелік келісім-шарттарды куәландыру
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
83. Нотариус некелік шарт туралы мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелеріне сәйкес куәландырады.
84. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.
Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландырылуға жатады.
Неке шарты "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-43-баптарының нормаларына сәйкес жасалады.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.85. Нотариус жұбайларға мүлік жөнінде мәмілелер жасағанда нотариустың сонымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы шарттың жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді.
6-1-тарау Алимент төлеу туралы келісімін куәландыру
Ескерту. Ереже 6-1-тараумен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 20.08.2019 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
85-1. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариаттық куәландыруға жатады. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау ҚР АК 157-бабының 3-тармағында көзделген салдарға әкеп соғады.
Алимент төлеу туралы Келісімді кез келген нотариус куәландыруы мүмкін.
85-2. Алимент төлеу туралы келісім алимент төлеуге міндетті адам (алимент төлеуші) мен алимент алуға құқығы бар адам (алимент алушы) арасында жасалады.
Алимент төлеуге міндетті адамдар және олардың төленуін талап етуге құқығы бар адамдар тобы Қазақстан Республикасының 138, 143, 145, 147, 148, 151-155 "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі.
85-3. Нотариус алимент төлеуші мен алушы арасындағы туыстық және неке қатынастарын тексереді.
Алимент төлеуге міндетті ата-ананың және баланың (балалардың) туыстық қатынастарын нотариус туу туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы алимент төлеу туралы келісімнің данасына белгі жасалады, онда акт жазбасының нөмірі, жасалған күні және нөмірі, тіркеуші органның атауы көрсетіледі.
Ерлі-зайыптылардың неке қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша немесе БНАЖ арқылы "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде тексереді, бұл туралы алимент төлеу туралы келісімге жазба жасайды және куәліктің нөмірін, берілген күнін және құжатты берген органның атауын көрсетеді.
85-4. Алимент төлеу туралы келісімде алимент мөлшері белгіленеді, сондай-ақ алимент төлеудің шарттары мен тәртібі айқындалады.
Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін Тараптар осы Келісімде айқындайды.
Бұл ретте, мөлшері төленетін алимент төлеу туралы келісім бойынша кәмелетке толмаған балаларға алимент мөлшерінен төмен болмауы алимент, олар алар еді алу кезінде сот тәртібімен алимент өндіріп алған.
85-5. Алимент төлеу туралы келісімде алименттер төленеді деп көзделуі мүмкін:
1) алимент төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестерде;
2) мерзімді төленетін тұрақты ақша сомасында;
3) біржолғы төленетін тұрақты ақшалай сомада;
4) мүлікті беру арқылы;
5) келісімге қол жеткізілген өзге де тәсілдермен (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және т.б.) жүзеге асырылады.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін үйлестіру көзделуі мүмкін.
7. Өсиеттерді куәландыру
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
86. Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырып жатқан мүлігіне құқығын растайтын дәлелдерді талап етілмейді.
Өсиет жазбаша нысанда оның жасаған жері мен уақытын көрсетіп жасалынады және міндетті нотариалды куәландыруға жатады.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.87. Бірнеше адамдардың немесе өкілдің атынан өсиетхатты куәландыруға жол берілмейді.
88. Өсиеттi өсиет қалдырушының өзі жазады не өсиет қалдырушының айтуымен куәлардың қатысуы арқылы нотариус жазады.
Өсиетте оны жасаған жері, күні және уақыты көрсетіледі.
Өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні мен жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ тұрақты мекенжайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған тұлғаға қатысты ұқсас мәліметтер өсиетте және тізілімде көрсетіледі.
Өсиет жасалған кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар куәгер бола алмайды.
Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде немесе нотариус қолымен жазса, жалпы қолданылатын техникалық құралды (жазу маш инкасы, дербес компьютер) пайдаланады.
Өсиетке өсиет қалдырушы мен куәгер қол қояды (өсиетті куәгердің қатысуымен жасаған жағдайда).
Өсиетті нотариус өсиет қалдырушының сөзімен жазған кезде өсиет қалдырушы өсиетке қол қойғанға дейін оны нотариустың және куәгердің қатысуымен оқиды.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.89. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.
Нотариус өсиетті куәландыруға қатысушы адамдарға, мұраны ашқанға дейін өсиеттің мазмұнына, оны жасауға, жоюға немесе өзгертуге қатысты мәліметтерді жария етпеу міндетін түсіндіреді.
Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.90. Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады.
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Құпия өсиеті бар конверт өсиет қалдырушының қалауы бойынша өсиетті куәландырған нотариуста не өсиет қалдырушыда не өсиет орындаушысында (өсиет жүктелген өкілде) сақталады.
Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.
Нотариус өсиет қалдырушыға құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәлік береді. Егер құпия өсиет өсиет қалдырушыға не өсиетті орындаушыға (өсиет жүктелген өкілге) сақтауға берілсе, бұл туралы нотариус сақтауға беру туралы куәлік береді және өсиетхаттарды есепке алудың тізілімінде белгі қояды.
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.91. Өсиет бір немесе бірнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың және мемлекеттің пайдасына да жасалады. Егер өсиет бірнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы әрбір мұрагердің үлес мөлшерін, немесе олардың әрқайсысына тиісті мүлікті немесе барлық мұрагерлердің мұрадағы үлестерінің тең екенін көрсетуі керек.
92. Егер көрсетілген өсиеттегі мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болатын, оны қабылдамайтын не одан бас тартатын немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілетін жағдайда, сондай-ақ мұрагердің мұра қалдырушының құқықтық шарттарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда өсиет қалдырушының басқа мұрагерді тағайындай алады.
93. Өсиетті куәландыру кезінде нотариус өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің өсиеттің мазмұнына қарамастан міндетті үлесін алуға құқықтары туралы түсіндіреді.
94. Нотариус өсиеттік бас тартуды, міндеттерді жүктеуді, мұрагерді қосымша тағайындауды, өсиет орындаушыны тағайындауды қамтитын талаптардың өсиетке енгізілуі мүмкіндігін өсиет қалдырушыға түсіндіреді.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.95. Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өсиетке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет. Құпия өсиетті куәландыру және өсиет қалдырушы өсиетті орындаушыны (өсиет жүктелген өкілді) тағайындау кезінде өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) келісімі конвертке қоса берілетін өтініште көрсетіледі.
Өсиет орындаушы болып әрекет қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды.
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) жеке басын куәландыратын құжаттары тексеріледі.
Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.96. Куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтерді нотариус өсиеттерді есепке алу тізіліміне енгізеді.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.97. Нотариаттық палатада нотариус берген куәландырылған өсиеттер туралы мәліметтер енгізілетін өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітабы жүргізіледі.
98. Өсиеттің:
1) өзі бұрын жасаған өсиеттен толық бас тарту туралы нотариусқа өтініш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін.
Өсиеттің:
1) өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы жазған өтінішті нотариусқа беру;
2) бұрын жасалған өсиетті өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.
99. Өкіл арқылы өсиеттің күшін жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы өтініш нотариаттық куәландырылады.
100. Нотариус БНАЖ электрондық тізілімінде өсиетті жою, өзгерту туралы белгі жасайды.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1-тарау.Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау
Ескерту. Ереже 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
100-1. Конвертті ашуды және құпия өсиет мәтінін жария етуді өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ғана құпия өсиет сақталатын не оны куәландырған нотариус жүзеге асырады. Өсиет қалдырушының қайтыс болу фактісі өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікпен немесе хабарламамен расталады.
Өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны, сондай-ақ құпия өсиеті бар конвертті берген адам, ол өсиет қалдырушыда немесе өсиетті орындаушыда (өсиет жүктелген өкілде) сақталған жағдайда, құпия өсиет куәландырылған нотариусқа конвертті ашу және құпия өсиет мәтінін жариялау туралы өтініш береді, оны нотариус БНАЖ кіріс құжаттарын тіркеу кітабына келіп түскен күні тіркейді.
Өтініште заң бойынша белгілі мұрагерлер туралы мәліметтер де көрсетіледі.
Ескерту. 100-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.100-2. Құпия өсиетті куәландырған не сақтаған нотариус, өсиетті жария ету күнін, орнын және уақытын және мазмұнын ашуды тағайындайды. Нотариус конверттерді ашады және өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама берілген күннен бастап он күннен кешіктірмей өсиетте қамтылған мәтінді жария етеді.
Құпия өсиеттің ашылу және мазмұнының жария ету күні, уақыты мен орны туралы нотариус тұратын жері өзіне белгілі заң бойынша мұрагерлерге хабардар етеді. Егер мұрагерлердің тұрғылықты жері белгісіз болса, нотариус бұл туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
Ескерту. 100-2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.100-3. Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау кезінде мұрагерлердің қатыса алмауы немесе негізсіз қатыспауы не нотариуста мұрагерлер немесе олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы конвертті ашуды және құпия өсиеттің мәтінін жария етуді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
100-4. Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау кезінде кемінде екі куә және заң бойынша мұрагерлер қатарынан қатысуға ниет білдірген адамдар қатысады.
Ескерту. 100-4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.100-5. Құпия өсиетті жариялағаннан кейін нотариус бір данада хаттама жасайды.
100-6. Хаттамада: құпия өсиетті ашу және жария ету туралы хаттаманың жасалған күні, уақыты және орны; құпия өсиетті куәландыру және сақтауға қабылдау күні; жария ету кезінде қатысқан адамдардың, оның ішінде куәлардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса); құпия өсиеттің жай-күйі (мысалы, сызылған орындардың, түзетулердің немесе өзге де кемшіліктердің болуы); Құпия өсиет болған конверттің жай-күйі, сондай-ақ құпия өсиеттің толық мәтінінің мазмұны көрсетіледі.
100-7. Куәлар нотариус жасаған құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасымен танысады, содан кейін куәлар мен нотариус қол қояды.
100-8. Ашылған конверттен шыққан құпия өсиеттің түпнұсқасы, ашылған конверттермен бірге нотариус жасаған хаттаманың түпнұсқасы, сондай-ақ өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі нотариустың мұрағатында сақталады.
Құпия өсиетте көрсетілген мұрагерлерге құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмесі беріледі.
Ескерту. 100-8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.100-9. Нотариус конвертте өсиетті емес, мазмұны бойынша өзге құжатты анықтаған жағдайда, оның мазмұнын жария етеді. Конвертте табылған құжаттың мәтіні нотариус және куәлер қол қоятын хаттамада толық көрсетіледі.
100-10. Егер ашылған конверт бос болса,сондай-ақ онда таза парақтар табылған жағдайда нотариус хаттама жасайды, онда өсиеттің мазмұнының орнына конверттен дәл табылғаны (немесе конвертте ештеңе табылмады) көрсетіледі.
8. Сенімхаттарды куәландыру
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
101. Нотариус пен нотариаттық әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бiр адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенiмхатты куәландырады.
Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.102. Сенімхат мәтінінде сенім білдірушінің жеке куәлігінің жері мен күні, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) туған жылы мен күні, ЖСН, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін - атауы, БСН және заңды тұлғаның орналасқан жері) және сенім білдірілгеннің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері көрсетіледі.
БНАЖ электрондық тізіліміне сенім білдірушінің ЖСН және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғаның БСН енгізіледі.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.02.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.103. Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек.
Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды.
Сыйға тарту сенімхатында сый алушы және сыйға тарту заты көрсетіледі.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.104. Нотариаттық куәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (Кодекстің 167-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
105. Автокөлік құралын басқару және иелік ету құқығына сенімхат автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорты) болған кезде куәландырылады.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106. Заңды тұлға берген сенімхат нотариаттық куәландырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың атынан ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге берілген сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтері қол қоюы тиіс.
107. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құқығы көрсетілген негізгі сенімхат ұсынылған кезде ғана куәландырылуы тиіс.
Сенімхатты куәландыру кезінде сенім білдірілген адамнан оның сенім білдірілетін мүлікке құқығын растайтын дәлелдемелер талап етілмейді (автомотокөлік құралдарына берілген сенімхаттардан басқа).
Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.
108. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхатта негiзгi сенiмхатты куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландыру уақыты мен орны, тiзiлiм нөмiрі, негізгі сенімхат берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған және тұратын жері немесе негізгі сенімхатты берген заңды тұлғаның атауы мен тұрған жері, сондай-ақ өкілеттіктер берілетін адамдар, тиісті жағдайда олардың қызметі көрсетіледі. Негізгі сенімхатта қайта сенім білдіру туралы белгі соғылады. Негізгі сенімхаттың көшірмесі нотариуста қалатын сенімхаттың данасына қосылады.
Сенім білдірілген адам негізгі сенімхат бойынша өкілеттіктерін толық ауқымда берген жағдайда қайта сенім білдірілген деген белгісі бар бастапқы сенімхат қайта сенім білдіру тәртібінде берілген сенімхатқа тігіледі және үшінші тұлғаға беріледі.
Негізгі сенімхатта көрсетілген жекелеген өкілеттіктер немесе бірнеше адамдарға қайта сенім білдірілген кезде қайта сенім білдірілгені туралы белгісі бар бастапқы сенімхат сенім білдірілген адамға қайтарылады, ал бастапқы сенімхаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі және қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат үшінші тұлғаға беріледі.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.109. Сенім білдірілген адамның (ұсынылған) оған берілген сенімхаттың жойылғаны туралы өтініші нотариатты куәландырылуы тиіс.
Бұл ретте нотариус сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті екендігін түсіндіреді.
110. Нотариус БНАЖ электрондық тізілімінде берілген сенімхаттың жойылғаны не одан бас тартқаны туралы белгі жасайды.
Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландыру
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
111. Нотариус шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын: құрылтай шартын және Жарғысын куәландырады.
Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шарты нотариатты куәландыруға жатады.
Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.112. Жарғысын куәландырған кезде "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылтайшылардың қолдарының түпнұсқалылығы куәландырылады.
113. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сенімхаттың негізінде жұмыс істейтін олардың құрылтайшысы (-лары), қатысушы (-лары) немесе олардың өкілі (-дері) қол қояды.
Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.114. Құрылтай шартын куәландырған кезде нотариус мәмілелерді осы Ереженің талаптарына сәйкес куәландыру үшін жалпы ережелерді басшылыққа алады.
10. Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
115. Нотариус мұраны ашқан жері бойынша, заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагерлердің жазбаша өтініштері бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұрагерлер болмаған немесе белгісіз болған кезде – жергілікті атқарушы органның жазбаша өтініші бойынша мұраға сенімгерлік басқарушы тағайындайды.
Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлік басқарушы оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылады.
Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.116. Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариусқа белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға қисынды шаралар қабылдайды.
Егер мұрагерлердің тұратын жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатыбұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғаны туралы хабарлама жасайды.
Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 20.08.2019 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.117. Сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.
Қаулыда:
1) қаулының шығарылған күні, уақыты мен жері;
2) қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, оның лицензиясының нөмірі не мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
3) тағайындалатын мұраны сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері, оның тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері;
4) мұра қалдырушының тегі, аты мен әкесінің аты (болған кезде), сондай-ақ қайтыс болған күні, соған қатысты қорғау шараларын қабылдау қажет болатын мүліктің атауы мен тұрған жері көрсетіле отырып, мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар туралы тапсырманың мазмұны;
5) мұраны сенімгерлікпен басқарушының өкілеттігін түсіндіру жөніндегі жазба;
6) тізілім нөмірі мен нотариусқа төлеген сомасы;
7) нотариустың қолы, мөрі болуы тиіс.
Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.118. Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлікпен басқарушы мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлерге келтірілген шығындар үшін жауапкершілігі жөнінде қолхат алына отырып, ескертіледі. Нотариус қол қойғанға дейін, қолхат сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы қаулыда баяндалады.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мұраға құқық туралы куәліктер беру
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
119. Нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұраға құқық туралы куәлік мұрагердің өтініші бойынша береді.
Мұраға құқық туралы куәлік заң бойынша, сонымен бірге өсиет бойынша да беріледі.
120. Мұраға құқық туралы куәлік мұра ашылған күні қолданылып келген заңнамада белгіленген мерзімде беріледі.
Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұра қалдырылған кезде, егер нотариуста куәлік алуға өтініш етушілердің арасында тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлердің жоқ екендігі туралы сенімді деректері болса, куәліктің мерзім біткенге дейін берілуі мүмкін.
Бұрын белгіленген мерзімде мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариустың мұраға берілетін мүлікке қатысты басқа да мұрагерлердің жоқтығын растайтын дұрыс мәліметтері, құжаттары болуы тиіс. Ондай мәліметтері болмаған жағдайда нотариус Кодексте белгіленген мерзімде мұраға құқығы туралы куәлікті береді.
121. Мұраны қабылдау:
1) мұрагердің мұраны қабылдағаны туралы өтінішті немесе мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы мұрагердің өтінішін мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа беруі арқылы.
2) мұрагердің мұрагерлік мүлікке немесе оның бір бөлігіне нақты иелік етуі (басқаруы) арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш нотариалды куәландыруға жатады.
Мұрагерлік мүлікке нақты иелік етудің дәлелдемесі:
мұрагерлік мүліктің иеленуге немесе басқаруға түсуі;
мұрагерлік мүлікті сақтау, оны қол сұғушылықтан немесе үшінші тұлғалардан қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
мұрагерлік мүлікті ұстауға кететін шығыстарды өзінің есебінен төлеу;
мұра берушінің қарыздарын өзінің есебінен төлеу немесе үшінші тұлғалардан мұра берушіге тиісті ақшаны алуы болып табылады.
Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.122. Нотариус мұрадан бас тарту туралы өтінішті куәландыру кезінде нотариус мұрагерлерге мұрадан бас тартудың қайтарымсыз, шартсыз екендігін, бұндай арызды мұраның ашылған жері бойынша нотариуске беру қажеттігін түсіндіреді, ол туралы өтінішке тиісті жазба жасалады.
Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдайды.
Нотариус мұрагердің өтінішін Кодекстің 1074-бабының 4-тармағымен көзделген негіздер бойынша мұраны қабылдаудан бас тарту құқығынан айырылған жағдайда, сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған адамдардың мұрада бас тартуы кезінде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары алдын-ала рұқсат бермеген жағдайларда қабылдамайды. (Неке (ерлі-зайыптылық) туралы Кодекстің 125-бабы 2-тармағы).
Мұра қалдырудан айырылған мұрагерлерді қоспағанда, мұрадан бас тарту өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына, сондай-ақ ұсыну құқығы бойынша мұраға шақырылмаған мұрагердің пайдасына жасалуы мүмкін.
Ескерту. 122-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.123. Егер өтініш басқа нотариусқа (нотариат органына) берілетін болса, онда мұрагер қолының растығы нотариаттық түрде куәландырылады және өтініш иесіне берілетін данаға мұра ашылған орындағы нотариусқа өтініш беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы жазылады.
124. Мемлекеттің атынан өсиет бойынша мұраны беру жөніндегі өтінішті аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мұраның ашылған жері бойынша береді.
125. Мұрагерліктен бас тартқаны немесе мұраға құқық туралы куәлікті беру туралы жазбаша түрде алынған өтініштер (мұраны қабылдау туралы) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 22701 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі-Тізілімдерді жүргізу ережелері) сәйкес БНАЖ мұралық істерді тіркеу тізілімінде тіркеледі.
Егер өтініште мұрагердің қолтаңбасы нотариаттық куәландырылмаған болса немесе өтініште (нотариусқа пошта арқылы немесе басқа нотариустан берілген болса) қате табылған болса нотариус өтінішті қабылдайды, оны Мұрагерлік істерді тіркеу кітабында және мұрагерлік істерді есепке алудың Алфавиттік кітабында тіркеледі. Бұл ретте нотариус мұрагерге тиісті ресімделген өтінішті жіберуді немесе нотариусқа жеке өзі келіп жолығуды ұсынады.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.126. Мұра қалдырушылар мен мұра қабылдаушы мұрагерлер арасындағы туыстық және некелік қатынастар өтініш беру кезінде немесе мұраға құқық туралы куәлік берілгенде тексеріледі.
Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.127. Мұра өсиет бойынша мұралық ету тәртібімен мемлекетке өткенде мұраға құқық туралы куәлік тиісті мемлекеттік (салық) органына табыс етіледі, ол алты ай мерзімнен бұрын берілмеуі тиіс.
128. Нотариус мұраға құқығы туралы куәлікті берген кезде заң бойынша және өсиет бойынша Заңның 71, 72-баптарында белгіленген шарттардың болуын тексереді.
129. Егер мұрагерлікке құқық туралы куәлікті беру туралы заң бойынша өзін мұра қалдырушының асырауында деп санайтын адам сұраса, нотариус асырауында болу фактісін анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша асырауында болу фактісі мен мерзімін тексереді, ал ол болмаған жағдайда мұра қалдырушының асырауында болу фактісін анықтау туралы сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 05.02.2024 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.130. Мұрагерлік мүліктің құрамы мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке мұрагерлер ұсынған құқық белгілеуші құжаттардың, сондай-ақ мұра берушіге тиесілі бағалы қағаздардың, жинақтаушы кітапшалардың және басқа да құжаттардың негізінде тексеріледі.
Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.131. Егер мұралық жиынтыққа мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлік (соның ішінде жарғылық капиталдағы үлестер) кірсе, аталған мүліктің мұра қалдырушыға тиесілі екендігін құқық белгілейтін құжаттардың негізінде тексеріледі.
132. Мұра қалдырушының қайтыс болу фактісін, мұраның ашылу уақыты мен орнын, мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін растау үшін нотариус құжаттарды, мұрагерлік іске тігілетін көшірмелерді талап етеді.
Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.133. Өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті бергенге дейін, өсиетті басқа нотариус куәландырған жағдайда, өсиет бойынша мұрагер өсиеттің сақталған жерінен өсиеттің өзгермегені және жойылмағаны туралы мәліметті нотариусқа ұсынады. Аталған мәліметтер күні қойылып, құзыретті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітіліп, өсиетте өзінде және бөлек құжатта (өсиет мұрағатта сақталғанда) жазылуы тиіс.
Егер өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік құпия өсиет негізінде берілсе, онда мұра ашылған жердегі нотариусқа мұрагер мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.
Конвертті ашу кезінде онда өсиет табылмағанда не табылған құжат өсиет болып табылмаған деп көрсетілген мазмұндағы құпия өсиеті бар конвертті ашу хаттамасы мұралық құқықтарды куәландыруға қабылданбайды.
Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.134. Мұрадағы міндетті үлеске және жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқығы бар адамдар шегі мыналар негізінде анықталады:
1) өсиет бойынша мұрагердің (мұрагерлердің) жазбаша өтініші;
2) мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамның жазбаша өтініші;
3) жұбайлардың некеде болу кезінде жинаған ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші;
4) туыстық фактісін және/немесе некелік қатынасын растайтын құжат.
Міндетті үлесінің мөлшерін анықтаған кезде, егер мұраға ие болу тәртібі өсиетте өзгертілмеген болса, нотариус мұраға ие болатындарды барлық мұрагерлер қатарынан заң бойынша кезектілікпен шақыруы тиіс.
Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.135. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде нотариустың мұрагерлік ісінде өсиет не құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмесі қалады.
Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.136. Егер мұрагер (заң бойынша да, өсиет бойынша да) мұраны қабылдаған болса, алайда өзінің мұрагерлік құқықтарын ресімдеп үлгермеген болса, мұраға құқығы туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) оның мұрагерлеріне беріледі.
137. Егер заң және өсиет бойынша мұрагер мұра ашылған соң алты ай ішінде заңда белгіленген мерзім ішінде оны қабылдауға үлгермей қайтыс болып кетсе, мұраның оған қатысты үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады (мұрагерлік трансмиссия).
138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус БНАЖ-да немесе басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден, нотариустардан немесе мұра ашылған жердегі аумақтық нотариаттық палатадан мұрагерлік істің және өсиеттің бар/жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.
Мұрагерлікті қабылдағаны не қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлікті мұрагерлік істерді есепке алу кітабына немесе мұрагерлік істің тізіліміне сәйкес бірінші бастаған нотариус береді.
Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.139. Егер мұрагерлер мұраны ресімдеу үшін қажетті құжаттарды нотариусқа көрсету мүмкіндігінен айырылса, нотариус оларды құзыретті органдардан талап ету жөнінде жәрдемдеседі. Егер тиісті органдарда аталған құжаттар сақталмаса, нотариус мүдделі адамдарға сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді. Егер өсиет мәтінінде мұрагерлердің өсиет қалдырушымен туыстық қатынасы көрсетілсе, бұл қатынастарды растайтын құжаттар талап етілуі қажет. Мұндай құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, нотариус құжаттарды ұсынусыз өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік беруге құқылы. Мұндай жағдайда мұрагерлік құқық туралы куәлікте туыстық қатынасы көрсетілмейді.
Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтіні өзгертіледі - 29.03.2019 № 149 бұйрығымен.140. Мұраға құқық туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) барлық мұрагерлерге бірге не олардың қалауына қарай әр мұрагерлік мүлікке әрқайсысына жеке-жеке беріледі.
Мұрагерлік мүлікке ауыртпалықтар болған жағдайда мұраға құқық туралы куәлікті беру кепіл ұстаушының немесе ауыртпалық салған құзыретті органдарға хабарлау арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен141. Заң бойынша да, өсиет бойынша да мұраға құқық туралы куәлік берілген ретте нотариус белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды талап етеді.
Егер мұраға құқық туралы куәлік тұтас жылжымайтын мүлікке берілсе, онда құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасы нотариустың іс қағаздарында қалады.
Өсиет бойынша мемлекетке мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде нотариус бағалау актісін (жылжымалы да, жылжымайтын да мүлікке) талап етеді.
Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 12.12.2019 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.142. Мұрагер нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК (Ерекше бөлім) 1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтардан, соның ішінде мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін тіркеуші органға өтініш жасау құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқасын және басқа да құжаттарды алу үшін уәкілетті органға жүгіну құқығынан тұратын мұраға құқық туралы куәлік береді.
Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.143. Мұралық мүліктің белгілі бір бөлігіне қатысты мұраға құқық туралы куәлік алған мұрагерлерге кейінірек бұрын берілген мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілмеген мүлікке мұрагерлік құқық туралы қосымша куәлік беріледі.
Қосымша куәлік берілген кезде нотариус бұрын берілген куәлікке қосылған құжаттарды қайтадан талап етпейді.
Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.144. Кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде (заң бойынша да, өсиет бойынша да) нотариус оның мүліктік мүдделерін қорғау үшін мұрагердің тұратын жеріндегі қамқоршы және қорғаншы органға хабарлайды.
Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.145. Мұраны қабылдау туралы немесе мұрадан бас тарту туралы немесе мұраға құқық туралы куәліктер беру туралы өтініштер негізінде мұрагерлік іс қозғалады және реттік нөмір беріледі. Басқа мұрагерлердің одан кейінгі өтініштері, оның ішінде қосымша өтініштер тізілімдерді ережесінде көзделген нысан бойынша мұрагерлік істердің тізілімінде тіркеледі. Барлық өтініштерде оның түскен күні көрсетіледі, мұралық іс нөмірі, бірінші келіп түскен өтінішке берілген нөмір сақталады.
Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.146. Мұралық істе мұрагерлердің мұраға құқық туралы куәлік беруі үшін ұсынған құжаттары сақталады.
12. Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығында мүлігі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
147. Мүлкі ортақ бірлескен меншікте тұрған адамдардың бірлескен жазбаша өтініші бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.
148. Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды:
1) неке қию туралы куәлігін, егер неке бұзылған жағдайда, не бұзу туралы куәлік немесе уәкілетті органнан неке қиылған күні көрсетілген анықтама;
2) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарын;
3) автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (техникалық төлқұжаты);
4) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттарды талап етеді.
Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.149. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлікті нотариус мұраны қабылдаған мұрагерлерді хабарлай отырып, көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші бойынша мұраның ашылған жері бойынша береді.
150. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайдың өтінішін алған жағдайда, нотариус қайтыс болған жұбайдың мұраны қабылдаған мұрагерлеріне хабарлайды, онда көзі тірі жұбайының меншік құқығы туралы куәлік беру туралы үлесіне жұбайлардың ортақ мүлкінің құрамы көрсетіледі.
Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.151. Нотариус қайтыс болған жұбайының некеде тұрған кезде жинаған ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлікті көзі тірі жұбайының не оның мұрагерлерінің өтініші бойынша беруі мүмкін.
Мұрагерлер осындай куәлікті беру мәселесі бойынша жүгінген кезде оны нотариус көзі тірі жұбайының келісімімен береді.
152. Осындай куәлік беруге келісім беруге жасы жетпеген жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
153. Жұбайлардың екеуі де қайтыс болған жағдайда жұбайлардың үлесін бөлу сот тәртібімен шешіледі.
154. Егер қайтыс болған жұбайдың мұрагерлері нотариусқа өздері келсе, оларға нотариус осы Ереженің 150-бабында аталған жағдайлар туралы ауызша түрде хабарлайды, бұл жөнінде жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөніндегі көзі тірі жұбайлардың өтінішіне мұрагердің қолы қойылып, белгі соғылады.
Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.155. Көзі тірі жұбайына жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқық туралы куәлік берген кезде нотариус осы Ереженің 148-тармағында аталған құжаттардан басқа жұбайының қайтыс болу туралы куәлігін немесе хабарлама талап етеді.
Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.156. Егер көзі тірі жұбайы мұраға құқық туралы куәлік берілген соң жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөнінде жүгінсе, нотариус оған сотқа бару тәртібін түсіндіреді.
157. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
158. Шаруа (фермерлік) қожалығындағы үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) шаруа (фермерлік) қожалығын бірлесіп жүргізетін адамдар шеңберін растайтын шаруашылық кітаптан алынған үзінді;
2) тіркеуші органда тіркелген, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар;
3) ауылшаруашылық техникасына техникалық құжаттама.
159. Егер мүдделі адамдар шаруа (фермерлік) қожалығы мүлкінің құрамында жұмыс малын, құсты, көп жылдық көшеттерді, тұқым қорын, астықты, егістіктерді, басқа мүлікті, сондай-ақ шаруа (фермерлік) қожалығының шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған басқа да өнімді атаса, онда мұндай мүлікті нотариус тараптардың келісімі бойынша бағалайды, не олардың қалауы бойынша бағалаушы-маман тізімдеме жасай отырып жүргізеді.
160. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынған кезде мүлікке меншік құқығына куәліктер тек ауыртпалық қойған органның рұқсатымен ғана беріледі.
Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.161. Жұбайлардың ортақ бірлескен мүлкіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік немесе ортақ бірлескен мүлкіне құқығы бар басқа адамдардың меншік құқығы туралы куәлік бөлінген үлеске құқық белгілеуші құжат болып табылады.
Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.162. Куәлікті беру туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат қайтарылады, бұл жағдайда нотариустың ісінде құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі қалдырылады.
Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.163. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы берілетін куәлік тіркеуші органда тіркеледі, ол туралы куәлікке белгі қойылады.
164. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы куәлік осы Ереженің 149-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрған жері бойынша беріледі.
Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.13. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою
Ескерту. 13-тарау алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14-тарау. Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
167. Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.
168. Нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ газет баспаларының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, заңдық мәні жоқ жеке хаттар мен басқа да құжаттарының көшірмелерінің және үзінділерінің дұрыстығы куәландырылмайды.
Заңды тұлғалар ұсынған, факсимиле бедерлемесімен куәландырылған құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).169. Өсиеттің көшірмесінің дұрыстығы өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама көрсетілген кезде ғана куәландырылады.
Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.170. Тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың және одан алынған үзінділердің дұрыстығын, не егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық болмаса куәландырылмайды.
Ескерту. 170-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).171. Нотариалды куәландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дәлме-дәл мәтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мәтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куәландыру жазбасы, оның қолы және мөрдің бедерлемесі қойылады.
172. Бірнеше бетке жазылған құжат көшірмесі және одан алынған үзінді осы Ереженің 21-тармағының ережелері сақталып жасалуға тиіс.
Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).173. Шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруды құжатта заңдастыру немесе апостиль қойылғаны туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты заңдастыру немесе апостиль қою талап етілмейді.
Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).174. Көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке бөлек мәселелер туралы мәліметтер болған жағдайда куәландырылады.
Үзінді құжаттың мәтінінен механикалық түрде жазба машинасымен, компьютермен, қолдан қайта жазу арқылы, ксерокөшірмеленіп және сканерленіп жүзеге асырылады.
Келесі құжаттардың үзінділері ксерокөшірме және сканерлеу арқылы жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;
3) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
4) шет ел паспорты;
5) әскери билеті;
6) еңбек кітапшасы.
Осындай құжаттардың үзінділері ұсынылған құжаттың үзіндісіне тиісті екенін анықтауға мүмкіндік беретін мәселе мен мәліметтерді айқындау бойынша құжаттың бір бөлігінің толық мәтінін қайталауы тиіс.
Азаматтың қалауы бойынша жоғарыда аталған құжаттардың барлық беттерінің көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға болады.
Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.01.2014 № 22 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).175. Егер құжаттағы азаматтың қолының дұрыстығын нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға куәландырған жағдайда, азамат берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығы куәландырылады.
Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.176. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығы бұрын нотариаттық тәртіпте куәландырылған болса және оны түпнұсқа құжатты берген заңды тұлға берген болса ғана куәландырылады.
Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі аталған заңды тұлғаның бланкісінде жасалуға, оның мөрімен бекітілуге және оның түпнұсқасы құжатты берген заңды тұлғада жатыр деген белгісі болуға тиіс.
177. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірмені куәландыру тәртібі құжаттың көшірмесін куәландыру ережелеріне ұқсас. БНАЖ электрондық тізілімінде құжаттың мазмұны, деректемелері, құжаттың көшірмесін алғаш куәландырған орган туралы мәліметтері көрсетіледі.
Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалылығын куәландыру
Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
178. Нотариус мазмұны заң актілеріне қайшы келмейтін және мәмілелерді баяндамайтын болса, құжаттағы қолдың түпнұсқалығын куәландырады.
179. Қолдардың түпнұсқалылығын куәландырған кезде нотариус осы Ереженің 4, 5-тармақтарының талаптарына сәйкес азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін анықтайды.
180. Егер онда куәландыру, растау құқығы міндеттемелері мемлекеттік органға жататын болса, азаматтың құжаттағы қолының түпнұсқалылығы куәландырылмайды.
16-тарау. Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру
Ескерту. 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
181. Егер нотариус тиісті тілдерді білген жағдайда, ол бір тілден екінші тілге жасалған аударманың дұрыстығын куәландырады.
182. Егер нотариус құжат жазылған тілді немесе құжаттың оның ішінде нотариаттық куәландырылған мазмұнын аудару қажет болған тілді білмесе аударманы аудармашы жасайды.
Бұл ретте нотариус осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес, аудармашының жеке басын анықтайды.
Аудармашының өкілеттілігі мына құжаттардың бірімен расталады:
жоғары білімі туралы дипломы, жоғары білімі туралы дипломға қосымшасы, аудармашы біліктілігін растайтын сертификаты, еңбек шарты, аудармашы қызметіне қабылданғаны туралы бұйрығы.
183. Егер аударманың дұрыстығын куәландыру үшін шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжат ұсынылса, мұндай нотариаттық әрекет құжатта оның заңдастырылғаны немесе апостиль қойылғаны туралы белгісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
184. Егер нотариаттық әрекет жасау кезінде (мәмілені куәландыру, көшірменің дұрыстығын куәландыру) бір мезгілде басқа тілге аудару да жүзеге асырылса, онда аударма түпнұсқамен бір бетте жазылады, түпнұсқа сол жақта, аударма оң жақта тұратындай етіп тік сызықпен сызылған бір бетте аударма түпнұсқамен бірге, екі мәтін қатар орналастырылады немесе жеке параққа тігіледі. Аударма аударылатын құжаттың бүкіл мәтінінен жасалуға (соның ішінде куәландыру жазуы, құжатты заңдастыру туралы жазба және т.б.) және қойылған қолдармен аяқталуға тиіс. Аударма астына аудармашының қолы қойылады. Куәландыру жазбасы құжат мәтінінің және оның аудармасының астына жазылады.
Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерінің аудармаларымен нотариаттық іс-әрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып және заңмен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Аударма аударылған құжаттың түпнұсқалы данасына, ол мүмкін болмаған жағдайда оның көшірмесіне қоса тігіледі.
Ескерту. 184-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.185. Түпнұсқадан бөлек мәтінде орналастырылған аударма түпнұсқа құжатқа бекітіледі, нөмірленеді, бауланады, нотариустың қолымен және оның мөрімен бекітіледі.
17-тарау. Фактілерді куәландыру
Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
186. Нотариус азаматтың тірі екендігі, азаматтың белгілі бір жерде екені туралы куәлік береді және Заңның 81, 82, 83-баптарына сәйкес құжатты ұсынған уақытын жазбаша өтінішінің негізінде куәландырады.
Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.18-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру
Ескерту. 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
187. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңның 84-бабына сәйкес басқа жеке және заңды тұлғаларға береді.
Куәлікте өтінішке алынған жауаптың мазмұны немесе белгіленген мерзімде жауаптың түспегені туралы мәлімет көрсетілуі мүмкін.
188. Өтініш пен куәлік 3 данада ресімделеді, олардың бірі адресатқа жіберіледі, бірі тиісті өтініш пен куәліктің адресатқа жіберілгені туралы белгісімен жолдаушыда қалады, ал үшінші данасы нотариустың ісінде қалады.
19-тарау. Ақшаларды депозитке қабылдау
Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
189. Заңнамада көзделген жағдайларда нотариус ақшаларды борышкерден депозит жағдайында, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау жағдайында қабылдайды. Ақшаларды депозит жағдайында енгізу немесе бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау міндеттемені орындау болып табылады. Нотариус ақша түскені туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесілі ақшаны береді.
Егер депозитке ақша енгізу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылса, нотариус кредиторға оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен ақша береді.
Ескерту. 189-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.190. Нотариус ақшаны борышкердің өтінішінің негізінде депозит жағдайында қабылдайды, қолының түпнұсқалылығы нотариаттық куәландырылады. Нотариустың депозит жағдайында борышкерден тиесілі ақшаны қабылдауы туралы борышкердің өтініші Кіріс құжаттарын тіркеу журналында ол түскен күні тіркеледі. Нотариус ақшаны депозит жағдайында қабылдай отыра, жарна негізін. Яғни кредитордың құқықтары және борышкердің міндеттері туындау негізін тексереді. Міндеттемлерді растайтын құжаттың көшірмесі нотариустың істерінде қалады.
Ескерту. 190-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.191. Нақты депозиттік операциялардың құжаттарымен бірге нотариустың депозиттік жағдайда ақшаны қабылдауымен байланысты барлық құжаттар, депозиттік жағдайда ақшаны енгізу үшін негіздердің, нотарусқа өтініш жасаушы тұлғаның депозитке қарызды енгізумен міндеттемені орындау құқығының, нотариустың депозиттік шотына ақша қаражатын аудару туралы банк құжатының болуын растайтын құжаттар қоса орналастырылады.
Ескерту. 191-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.192. Нотариус ақшаның депозиттік жағдайда қабылданғаны туралы кредиторға тапсырысты хатпен хабарлама жібереді. Хабарламаны табыстағаны туралы хабарлама нақты депозиттттік операцияларда сақталады. Хабарламаны жөнелткені үшін шығысты борышкер көтереді.
Егер борышкер кредитордың мекен-жайын және/немесе орналасқан жерін көрсетпесе немесе көрсетілген мекен-жайда кредитор болмаса, нотариус борышкерге, кредиторға ақша жарнасы туралы хабарлау борышкердің міндеті болып табылатындығы туралы жазбаша ескертеді.
Ескерту. 192-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.193. Ақшаны депозиттік жағдайда қабылдауды нотариус кредитор - жеке тұлға үшін міндеттеме туындаған сәтте оның орналасқан жері, ал кредитор - заңды тұлға үшін оның мемлекеттік тіркелген орны бойынша ақша міндеттемесін орындау орны бойынша жүргізеді.
Ескерту. 193-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.194. Нотариус банкте ағымды шот ашады. Шоттың ашылу және қызмет көрсету шығындарын нотариусқа жүгінген борышкер төлейді.
"Нотариустың депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның табысы болып табылмайды.
Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.195. Борышкерден ақша қабылдағаннан кейін нотариус борышкерге ақша қабылдағаны туралы акті береді, онда:
1) күні;
2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі және күні, ақшаны қабылдаған мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
3) борышкер мен кредитордың тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және тұратын жері;
4) соның негізінде міндеттеме пайда болған құжаттың атауы;
5) қабылданған ақшаның сомасы (банкте берілген құжат негізінде көрсетіледі);
6) тізілім нөмірі, нотариусқа төленген сомасы, нотариустың мөрі және қолы көрсетіледі.
Ескерту. 195-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.196. Депозиттегі ақша депоненттің өтініші бойынша беріледі, қолдың түпнұсқалылығы нотариаттық түрде куәландырылады. Заңды тұлғаларға ақша қолма-қол ақшасыз тәсілмен олардың шотына аударылады. Жеке тұлғаларға ақшалар қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен беріледі.
Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.197. Депозитке ақша салған адамға оны қайтаруға:
1) пайдасына жарна жасалған адамның жазбаша келiсiмiмен;
2) соттың шешiмi бойынша;
3) егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделсе, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған кезде жол берiледi.
Ескерту. 197-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Вексельдер наразылықтарын жасау
Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
198. Нотариустың депозиттік шотындағы ақша нотариустің табысы болып табылмайды.
Ескерту. 198-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.199. Акцептемеу немесе төлем төлемеу туралы наразылық білдірілген жағдайда, нотариус вексельдегі бар не наразылық жасалуын талап еткен адамдардан алынған мекенжайларға сәйкес оларға жазбаша хабарлама жібере отырып, вексель бойынша барлық міндетті тұлғаларды бұл туралы ескертеді. Мұндай хабарламаның шығындары наразылық жөніндегі шығындарға қосылады.
21-тарау. Құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
Ескерту. 21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
200. Нотариус Заңның 93-бабына сәйкес құжаттар мен бағалы қағаздарды жазбаша өтініш негізінде сақтауға қабылдайды.
Ескерту. 200-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.12.13 № 406 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.201. Нотариустар сақтауға тапсырылатын құжаттар мен бағалы қағаздарды олардың мазмұнына, сондай-ақ белгілі адамға (адамдарға) тиесілігіне қарамастан қабылдайды. Куәліктің данасы нотариустың істерінде сақталады.
202. Сақтауға қабылданған құжаттар мен бағалы қағаздарды қайтару Заңның 94-бабына сәйкес жүргізіледі.
Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адам қайтыс болған жағдайда құжаттар немесе бағалы қағаздар мұраға құқық туралы куәліктің негізінде мұрагерлерге беріледі.
22-тарау. Теңіз наразылықтарын жасау
Ескерту. 22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
203. Кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін дәлелдерді қамтамасыз ету мақсатында нотариус Заңның 95, 96-баптарына сәйкес теңіз наразылығы туралы өтінішті қабылдайды.
204. Нотариус капитаны өтінішінің, кеме журналы негізінде, сондай-ақ капитанның өзінен және мүмкіндігінше, кеменің командалық құрамындағы кемінде екі куәдан және кеме командасындағы екі куәдан жауап алу негізінде Заңның 97-бабының ережелері бойынша теңіз наразылығы туралы акт жасайды.
23-тарау. Дәлелдерді қамтамасыз ету
Ескерту. 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
205. Кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін дәлелдерді қамтамасыз ету мақсатында нотариус Заңның 95, 96-баптарына сәйкес теңіз наразылығы туралы өтінішті қабылдайды.
Нотариус капитаны өтінішінің, кеме журналы негізінде, сондай-ақ капитанның өзінен және мүмкіндігінше, кеменің командалық құрамындағы кемінде екі куәдан және кеме командасындағы екі куәдан жауап алу негізінде Заңның 97-бабының ережелері бойынша теңіз наразылығы туралы акт жасайды.
206. Мүдделі адамдарға қажетті дәлелдер беру кейін олар үшін мүмкін емес немесе қиын тиеді деп болжауға негізі бар мүдделі адамдардың өтініші бойынша нотариус сотта немесе өзге құзыретті органда іс қозғалғанға дейін дәлелдерді қамтамасыз етеді.
Мүдделі тұлғалар нотариуске өтініш ету сәтінде сот өндірісінде немесе басқа құзыретті органда болса, нотариус іс жөніндегі дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.
207. Егер дәлелдер шетел мемлекеті органына берілетін болса, осы Ереженің 205-тармағында аталған ереже қолданылмайды. Бұл жағдайларда, мүдделі адам жүгінген сәтте іс шетел мемлекеті органдарының іс жүргізуінде жатқанына қарамастан, дәлелдер қамтамасыз етіледі. Мүдделі адам нотариусқа дәлелдерді қамтамасыз ету талап етілетін жағдайларды баяндап, дәлел болатын объектіні немесе жағдайларды көрсетіп, өтініш береді, сондай-ақ сотта немесе қандай да бір құзыретті органда қозғалған іс жоқ деген мағлұмат беріледі. Өтініш қабылдаған кезде нотариус мүдделі адамның өтініштегі қолының дұрыстығын куәландырады. Нотариус мүдделі адамға егер дәлелдерді қамтамасыз ету сотта немесе өзге құзыретті органда іс қозғалған соң жүргізілсе, мұндай қамтамасыз етудің заң талаптарына сәйкес күші болмайтындығын түсіндіреді.
208. Дәлелдерді қамтамасыз ету туралы мәселені нотариус әрбір кезде нақты жағдайларды ескере отырып шешеді. Дәлелдерді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде нотариус болашақта дәлел алуды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайларды анықтайды. Егер нотариус дәлелді қамтамасыз ету туралы өтініштің негізсіздігі туралы қорытындыға келсе, ол аталған нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартады және бас тарту туралы қаулы шығарады.
209. Нотариус дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде азаматтардан жауап алады, құжаттар мен заттарды қарауды жүргізеді.
210. Нотариус дәлелдемелерді қамтамасыз ету орны және уақыты туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарлайды, олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету әрекеттерін орындауға кедергі болмайды. Мүдделі тұлғаларға хабарламай дәлелдемелерді қамтамасыз ету, кейінге қалдырғысы келмейтін не нәтижесінде істе кімнің қатысатыны алдын ала анықталмаған жағдайда мүмкін.
Бұл ретте, сұрау хаттамасында не жазбаша және айғақтық дәлелдемелерді қарау хаттамасында мүдделі тұлғаларға хабарламау себептері көрсетіледі.
Ескерту. 210-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.211. Нотариус хаттама толтырады, онда:
1) сауалдың күні, уақыты және орны;
2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі және күні, жауап алған мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
3) жауап алуға қатысқан тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған жылы, тұратын жері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған жылы, тұратын жері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
5) жалған айғақтар берген және жауап беруден бас тартқаны үшін жауапкершілікті ескерту туралы нұсқау;
6) куәгерлердің жауаптарының мазмұны (қойылған сұрақтар және оның жауаптары) көрсетіледі.
Хаттаманың әрбір бетіне сұралушы қол қояды, ал соңғы бетте сауалнамаға қатысушылар және нотариус қол қояды.
Ескерту. 211-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.212. Жазбаша және айғақты заттар оларды қарау жолымен қамтамасыз етіледі. Қарау нотариусқа алып келу мүмкін емес дәлелдердің тұрған жерінде жүргізіледі.
213. Жазбаша және айғақты заттарды қарау нәтижелері туралы хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
Жазбаша және заттай дәлелдерді қарау кезінде хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қарау жүргізілген күн және орын;
2) қарауды жүргізген адам;
3) қарауға қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
4) нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген адамның өтінішінің мазмұны, дәлелдемелерді бекітуді кейінге қалдыруға болмайтыны туралы қорытынды жасаған нотариустың дәлелдері, қажет болған жағдайларда болжанып отырған тараптар мен мүдделі адамдар алдын ала хабарланбаған нотариаттық іс-әрекеттер жасалынған негіздемелер;
5) дәлелдемелерді қараудың нәтижелері.
Дәлелдемелерді қарау хаттамасына қарауға қатысушылар, нотариус қол қояды және нотариустың мөрінің бедерімен бекітіледі. Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі – нотариаттық мұрағаттық қорда қалады.
Бір беттен артық бетке жазылған хаттама нөмірленеді, бауланады және нотариустың қолымен және мөрдің бедерімен бекітіледі.
24. Суррогат ана болу шарты
Ескерту. 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 24-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 04.06.2015 № 315 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
214. Суррогат ана болу шарты "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-59-баптарының ережесіне сәйкес жасалады және куәландырылады.
215. Суррогат ана болу шартын куәландырған кезде суррогат ана медициналық ұйым қорытындысының түпнұсқасын, нотариустың істерінде қалатын баланың (балалардың) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың түпнұсқасын және баланың (балалардың) туу туралы куәліктерінің түпнұсқасын, нотариустың істерінде қалатын олардың көшірмелерін ұсынады. Егер суррогат ана некеде тұрса, онда жұбайынан осындай шарт жасасуға және суррогат ананың суррогат ана болу бағдарламасына қатысуына келісім талап етіледі, ол нотариалды куәландырылады.
Егер суррогат ана некеде тұрмаса, бұл туралы нотариус қолдың түпнұсқалығын куәландыратын арыз іріктеледі.
Ескерту. 215-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.216. Нотариус суррогат ана шартын жасасу және куәландыру кезінде ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) неке қатынастарын тексереді. Ерлі-зайыптылар некеге тұру туралы куәлікті ұсынады, оның көшірмесі нотариустың істерінде қалады, сондай-ақ медициналық ұйымның қосымша репродукциялық әдістерді және технологияларды осы үшін балалы болғысы келетін адамдардың не донарлық банктің биоматериалдарын қолдануы туралы толық және жан-жақты ақпаратпен қорытынды ұсынады. Қортындының бір данасы түпнұсқада суррогат ананың нотариаттық куәландырылған шартына қоса тіркеледі және мәміле жасалған жерде сақталады.
25-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау
Ескерту. 25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Ереже 25-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.02.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
217. Атқарушылық жазба өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын борышкерден өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді.
218. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 92-1-бабының 2-тармағында белгіленген.
Ескерту. 218-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); қазақ тілінде мәтіні өзгермейді, орыс тілінде мәтіні өзгерді – ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.219. Атқарушылық жазбаны:,
егер ұсынылған құжаттар борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыз екендігін растаса;
егер талап қоюға (өтінішке) құқық туындаған күннен бастап үш жылдан аспаса, нотариус жасайды.
Атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленген жағдайда, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылады. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 219-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.03.2019 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.220. Борышкерден ақша сомаларын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін өндіріп алушы нотариусқа, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты жерін, телефон нөмірі мен электрондық почтасының мекенжайын (олар бар болса) қамтитын атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады.
Егер өндіріп алушы және/немесе борышкер заңды тұлға болса, өтініште заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің мекенжайы, банк деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ бірінші басшының немесе оның өкілінің өтінішті беруге және қол қоюға өкілеттігі расталады.
Өтініште өндіріп алушы сондай-ақ атқарушылық жазбаны орындауға өтініш берген кезде борышкермен міндеттемелерді орындау және берешекті өтемеу туралы сот дауы бойынша бұдан бұрын өндіріп алушының бұл талабы бойынша атқарушылық жазбасы орындалмағаны туралы мәліметтерді көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғаның өтініші нотариусқа жазбаша түрде қолма-қол беріледі немесе өкілі арқылы жіберіледі.
Заңды тұлғаның атынан берілген өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.
Жеке және заңды тұлғалар және олардың басшылары туралы мәліметтерді нотариус БНАЖ арқылы салыстырып тексереді.
Өтініш БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.
Ескерту. 220-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 05.02.2024 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.221. Заңның 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.
Егер шартта борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері мен тұрғылықты жерінен басқа мекенжай көрсетілсе, онда атқарушылық жазбаны нотариус борышкердің шартта көрсетілген мекен-жайына сәйкес оның қызметінің аумағы бойынша жасайды.
Қазақстан Республикасының әр түрлі өңірлерінде тұратын немесе тіркелген ортақтас борышкерлерге қатысты атқарушылық жазба өндіріп алушының таңдауымен борышкерлердің бірінің мекенжайы бойынша жасалады.
Аталған талаптар бойынша атқарушылық жазбаны нотариус оның үй-жайы орналасқан жеріне сәйкес нотариаттық палатамен айқындалған оның қызмет ету аумағы бойынша жасайды.
Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 9) және 10) тармақшаларының негізінде өндіріп алушы нотариусқа өтінішті борышкердің тіркелген жеріне қарамастан береді.
Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 6) және 7) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, не жылжымайтын мүлкінің орналысқан жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылса, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері бойынша не жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жасалады.
Ескерту. 221-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.222. Өтінішті берген кезде өндіріп алушы атқарушылық жазба жасау үшін негіз болған құжаттарды, сондай-ақ берешек есебін ұсынады. Заңды тұлға атынан ұсынылатын берешек есебіне бірінші басшы мен бас бухгалтер (болған жағдайда) қол қояды.
Ұсынылған құжаттардың негізінде нотариус борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыздығын, берешек мөлшерін, мәлімделген талап бойынша мерзімнің өтіп кетуін тексереді.
Нотариус "Атқарушылық жазбаны тексеру" БНАЖ модулін пайдалана отырып, осы міндеттеме бойынша атқарушылық жазбаның жасалуына қатысты ақпаратты тексереді.
Ескерту. 222-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.223. Атқарушылық жазба мынадай құжаттарды:
1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейінгі реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімді орындау туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін: нотариат куәландырған шарттың (келісімнің) төлнұсқа данасы не оның телнұсқасы (ақшаны қарызға aлу шартын қоспағанда);
2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауап ретінде, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
төлнұсқа шарттар (сатып алу-сату, жеткізу, мердігерлік, тасымалдау, қызметтерді өтеулі көрсету, сақтау және басқалары);
шарттар бойынша (тауарға ілеспе құжаттар, тауар-көліктік жүкқұжат, тауар жүкқұжаты, жүк жүкқұжаты, коносамент немесе өзге де құжат) берешекті төлеу жөніндегі борышкердің міндеті туындағанын растайтын құжаттар, екі тарап та қол қойған мүлікті (тауарды) беру туралы құжатты (қабылдау-тапсыру туралы акт, мүлікті (тауарды) беру туралы акт, мүлікті (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау туралы акт), екі тарап қол қойған атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдауды куәландыратын құжат (атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдау, актісі және басқалары), заказ-наряд, шот-фактура және басқалары);
борышкердің берешек сомасын жазбаша тануын растайтын құжаттар (өндіріп алушы мен борышкер қол қойған және мөрлермен (олар болған жағдайда) онда шарттың нөмірі көрсетіліп бекітілген есеп айырысуларды салыстыру актісі, борышкер ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемені, акцептелген төлем талабын немесе заңнама талаптарына сәйкес ресімделген және уәкілетті тұлға қол қойған өзге де құжатты мойындайтын талапқа жауап);
3) нотариус жасаған төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін: төлнұсқа вексель және нотариус жасаған төленбеген төлем, акцептелмеген және акцептке қол қойылмаған құжаттар;
4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету кезінде:
лизинг шарты;
лизинг алушыға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын жіберілген лизинг нысанасын талап ету мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту және оның жолданғанын растайтын құжат;
лизинг алушының лизинг төлемдерін нақты төлегенін растайтын құжаттар ұсынылады.
Лизинг беруші "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес мынадай жағдайларда лизинг нысанасын даусыз талап етуге құқылы:
егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының мақсатына сәйкес келмесе;
егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;
егер лизинг алушы шартта көзделген мерзімде қатарынан екі және одан көп рет лизинг шарты бойынша лизинг төлемін белгіленген көлемде төлемесе;
5) ломбард ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін кепіл нысанасын өндіріп алу үшін борышкерге-кепіл берушіге кепілдік билет немесе кепіл шарты ұсынылады;
6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12-1) тармақшаларымен айқындалған төлемдерді төлеуден жалтарған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, автотұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттемелері бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
Өндіріп алушы - мүліктің меншік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік, пәтер иелерінің кооперативі куәландырған, нөмірленген, тігілген құжаттардың көшірмелері:
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін жарналардың мөлшерін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін ұстауға арналған шығыстардың мөлшерін, тұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстау үшін төленетін ақының мөлшерін бекіту туралы, нысаналы мүлкін жинау және оның мөлшері туралы (пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, көппәтерлі тұрғын үйдің қоймалары меншік иелері жиналысының хаттамасынан жарналар мен шығыстардың жоғарыда көрсетілген мөлшерін бекіту туралы
өндіріп алушы куәландырған үзінді);
берешек сомасын есептеу туралы, жарналарды, шығыстарды төлеу мерзімдері және оларды енгізу жөніндегі міндеттеменің туындаған күні туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасын есептеумен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді көшірме).
өндіріп алушы - уақытша басқарушы компания куәландырған тұрғын үй инспекциясымен жасалған шарттың көшірмесі;
берешек сомасын есептеу туралы, жарналарды, шығыстарды төлеу мерзімдері және оларды енгізу жөніндегі міндеттеменің туындаған күні туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).
7) нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электр-, газ-, жылу-, сумен жабдықтау және басқалар) үшін жария шарттар, сондай-ақ белгіленген тарифтерге сәйкес төлеу мерзімі басталған көрсетілетін қызметтер үшін өзге шарттар негізінде берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
өндіріп алушы куәландырған жеке шарттың көшірмесі не өндіріп алушының ресми сайтында орналастырылған жария шарт (оның мазмұнымен танысу үшін ұсынылады).
қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).
Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
8) жалға беру шартында белгіленген мерзімде төлемдерді төлемеуіне орай жалға беру төлемдерін өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін: жалға беру шарты, берешекті өтеу туралы наразылық және оның жолданғандығын растайтын құжат;
9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу үшін: еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі; жұмыс берушінің бірінші басшысы, бухгалтері қол қойған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталған есептелген жалақы мөлшері туралы анықтама, есептелген жалақының төленбеуіне дәлел (төлем ведомосының, 1-С есептік парағының көшірмелері, кешіктіру туралы анықтама немесе басқалары).
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешекті өндіріп алу үшін мыналар ұсынылады: қызметкердің БЖЗҚ-да ашық шоты бар екендігі туралы Мемлекеттік корпорацияның растау-анықтамасы; бірінші басшы, бухгалтер (болған кезде) қол қойған және мөрмен (болған жағдайда) бекітілген зейнетақы жарналарының есептелген сомасы және БЖЗҚ-ға аударылған сома туралы берешек сомасы көрсетілген жұмыс берушінің анықтамасы;
10) Партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау бойынша берешекті өндіріп алу үшін қол қойылған келісім және оның бекітілгені туралы сот ұйғарымы ұсынған жағдайда жасалады.
Ескерту. 223-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 05.02.2024 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.223-1. Тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алу жөніндегі атқару жазбасын жасау үшін, банктік қарыздарды қоспағанда, егер олар тиесілі болса:
борышкерге өндіріп алушы жіберген және орындалмаған міндеттемеге нұсқауды (шарт, күні), берешек сомасын өтеу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап етуге қатысты міндеттеменің орындалуы туралы талапты, есептелген тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың), пайыздардың сомасын, олар есептелген кезеңді, борышкердің наразылығына жауап беру мерзімін және өндіріп алушының атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгіну құқығы туралы ескертуді қамтитын наразылықты;
өндіріп алушының борышкерге наразылықты жолдауының дәлелдемесін;
борышкердің өндіріп алушының наразылығына жазбаша жауабы ұсынылады, онда ол міндеттемені орындамау фактісін мойындайды, міндеттемені орындамағаны үшін оның жауапкершілігін, шартты, күнді, берешектің немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап етуге жататын сомасын және наразылықта көрсетілген кезең үшін есептелген тұрақсыздық айыбын (өсімақыны), пайыздарды көрсете отырып,жоққа шығаратын дәлелдерді келтірмейді.
Наразылық, егер ол борышкерге жіберілсе, келесі тәсілдердің бірімен немесе Шарттың талаптарында көзделген тәсілмен:
Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
Шартта көрсетілген тұрғылықты жері бойынша не тіркелген жері бойынша алушының қолы қойылып, алынған күні көрсетіле отырып қолма-қол немесе тапсырылғаны туралы, соның ішінде отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен бірге тұратын басқа адам алған хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып жеткізілген болып саналады.
Наразылықты адресатқа, алушыға тапсыру мүмкін еместігі туралы белгімен не оны қабылдаудан бас тартумен, сондай-ақ оны осы тармақта көрсетілген өзге байланыс құралымен қабылдағанын растамаумен байланысты қайтарған жағдайда, наразылық тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.
Егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделсе, онда оны өндіріп алу шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 223-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.09.2020 № 420 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.224. Борышкерден ақша сомасын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус түпнұсқа ұсынылған жағдайда берешекті немесе оның көшірмесін белгілейтін түпнұсқа құжатта атқарушылық жазба электрондық түрде жасайды. Бұл ретте, егер атқарушылық жазба берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесіне жасалса, онда борышкердің міндеттемесін растайтын түпнұсқа құжатта, БНАЖ электрондық тізілімінде тіркелген күні мен нөмірі көрсетілген атқарушылық жазбаның жасалғаны туралы белгі қойылады. Атқарушылық жазбаның жасалғаны туралы белгі нотариустың қолымен расталады және оның мөрімен бекітіледі.
Егер өндіріп алушы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электронды нысандағы берешекті белгілейтін құжат ұсынған жағдайда, нотариус мұндай құжаттағы жазуға белгі жасамайды.
Ескерту. 224-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.225. Осы борыштық міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу бөліктер жүргізілген жағдайларды қоспағанда, әрбір борыштық міндеттеме бойынша бір атқарушылық жазба жасалады.
Еңбекақы және зейнетақы жинақтары бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба осы талаптардың әрқайсысы бойынша бөлек жасалады.
Ескерту. 225-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.226. Атқарушылық жазбада:
1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні;
2) өндіріп алушының атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекен жайы (болған жағдайда);
3) борышкердің атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, шартта көрсетілген борышкердің басқа мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (өтініш берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі; телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы (олар болған кезде);
4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;
5) өндіріп алуға жататын немесе талап етуге жататын сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) сомасын, пайыздарды көрсете отырып, талап етуге жататын соманы немесе заттарды белгілеу;
6) өндіріп алушы төлейтін мемлекеттік баждың немесе жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттері үшін төлемнің, өндіріп алушының атқарушылық жазбаны жасаған кезде кеткен пошталық шығыстарының мөлшерін белгілеу;
7) атқарушылық жазба жасалған күні (жыл, ай, күн);
8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;
9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері қамтылады;
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда жасалған атқарушылық жазба электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады;
10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтініш беру мерзімі мен тәртібі қамтылады.
Ескерту. 226-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.227. Нотариус атқарушылық жазба жасалғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей көшірмесін электрондық почта мекенжайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша табыстау туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.
Егер нотариус атқарушылық жазбаны борышкердің шартта көрсетілген өзге мекенжайы бойынша жасаған болса, оның көшірмесі борышкерге көрсетілген мекенжай бойынша да, оның соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) жері немесе тіркелген жері бойынша да жіберіледі.
Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша тұрып жатқан басқа адамдар алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.
Хабарламаны адресатқа, алушыға табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.
Ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Жеткізу бойынша шығыстарды өндіріп алушы дербес төлейді.
Ескерту. 227-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.228. Атқарушылық жазбаны пошталық хабарламаға сәйкес табыс еткен не өзге де байланыс құралдарын пайдалану кезінде жеткізуді тіркеген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қарсылықтар туралы жазбаша өтініш болмаған кезде нотариус өндіріп алушыға оны сот орындаушысына орындауға борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша орындауға не оның өтініші бойынша тиісті әділет органына электрондық түрдегі электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған атқарушылық жазбаны БНАЖ арқылы "Атқарушылық іс жүргізу органдары" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өндіріп алушы таңдаған сот орындаушысына не өңірлік палатаға өндіріп алушының атқарушылық жазбаны орындауға беру туралы сканерленген өтінішін қоса бере отырып жолдайды.
Ескерту. 228-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.229. Егер борышкерден он жұмыс күні ішінде өзіне қойылған талапқа жазбаша қарсылық келіп түссе, нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
Егер борышкердiң қарсылығы бойынша атқарушылық жазбаның күшiн жоюдан бас тартылса, онда нотариус жоғарыда көрсетiлген мерзiмде атқарушылық жазбаның күшiн жоюдан бас тарту себептерiн көрсете отырып, бұл туралы борышкерге жазбаша хабарлайды.
Ескерту. 229-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 19.09.2022 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.230. Мәлімделген талапқа қарсылықты борышкер жазбаша түрде нотариустың жеке өзіне береді не хабарламамен пошта арқылы не нотариустың электрондық поштасына жіберіледі және кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.
Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.
Ескерту. 230-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.231. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулыда:
1) қаулы шығарылған күні мен жері;
2) қаулы шығарған нотариус туралы мәліметтер;
3) өзіне қойылған талапқа қарсы қарсылық білдірген өтініш беруші борышкер туралы мәліметтер;
4) күші жойылатын атқарушылық жазба туралы мәліметтер (кім және қашан жасады, борышкер мен өндіріп алушы туралы мәліметтер, өндіріліп алуға жататын сома және талаптар негіздемесі);
5) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарған нотариустың қолы мен мөр бедері қамтылады.
Бірыңғай электрондық нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жасалған атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы нотариаттық электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Ескерту. 231-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.232. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының не атқарушылық жазбаның күшін жоюдан жазбаша бас тартудың көшірмесі өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде борышкердің қарсылығы не сот тәртібімен жасалған атқару жазбасының жойылғаны туралы белгі қояды.
Ескерту. 232-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.05.2023 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.233. Атқарушылық жазбаны жасағаны үшін ақыны жекеше нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағына және 30-1-бабы 22-1) тармақшасына сәйкес алады.
Мемлекеттік бажды және/немесе құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуден босатылған өндіріп алушы атқарушылық жазбаны жасау үшін жүгінген кезде оларды төлеу бойынша міндет борышкерге жүктеледі.
Атқарушылық жазбаның күші жойылған кезде нотариусқа оны жасау үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.
234. Нотариустың істерінде өндіріп алушыға берген немесе жолданған атқарушылық жазбаның көшірмесі, сондай-ақ берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесі және "Атқарушылық іс жүргізу органдары" мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жолдаған атқарушылық жазбасы туралы БНАЖ-дан алынған хабарлама қалады.
Егер атқарушылық жазбаны жасау үшін берешекті белгілейтін құжаттан басқа, берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін басқа да құжаттарды ұсыну қажет болса, онда олар атқарушылық жазбаға тігілмейді, нотариустың істерінде қалады.
Ескерту. 234-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26-тарау. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады
Ескерту. Қағида 26-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 30.04.2021 № 359 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
235. Нотариус сканерлеу арқылы нотариат куәландырған қағаз құжаттың электрондық бейнесін дайындайды.
Электрондық құжат нотариустың куәландыру жазбасын қоса алғанда, куәландырылған құжаттың бүкіл мәтінін қамтуы тиіс.
Нотариус дайындалған электрондық құжатта куәландыру жазбасын жасайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қояды.
Нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат БНАЖ жүйесінде орналастырылады.
236. Нотариус қағаз жеткізгіште, дайындаған құжаттың бірдейлігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекет жасау үшін нотариус электрондық құжатқа тұлғаның өтініші бойынша қағаз жеткізгіштегі құжатты дайындайды.
Электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатқа бірдейлігін куәландырған нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру және оның кімге тиесілі екендігі туралы ақпаратты нотариус куәландыру жазбасында тіркейді. Қағаз құжат электрондық құжаттың, қағаз жеткізгіштегі құжатқа бірдейлігін куәландырған нотариустың куәландыру жазбасын қоса алғанда, куәландырылған құжаттың бүкіл мәтінін қамтуы тиіс. Дайындалған қағаз құжатта нотариус куәландыру жазбасын жасайды, оған қол қояды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 7447 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 1998 жылы 30 қарашада № 8 жарияланған);
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 527-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1300 тіркелген);
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылы 2 ақпанда № 17 (997) жарияланған);
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2058 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2002 жылы 11 желтоқсанда № 50 жарияланған);
5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2949 тіркелген);
6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2010 жылы 29 қазанда № 44 (514) жарияланған; "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 456 (26299), "Казахстанская правда" 16.10.2010 ж. № 274-275 (26335-26336), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж, № 1, 758-құжат);
7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 29.01.2000 жылғы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 тіркелген);
8. "Қазақстан Республикасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ кейбір бұйрықтарының күшін жойды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 47 қарашадағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 тіркелген);
9. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына нотариат мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылы 16 тамызда № 149 жарияланған).