Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы N 91/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 сәуірде N 3493 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 06 мамырдағы N 149/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 06.05.2014 N 149/5 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" N 1294 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріп отырған:
      1) "Дәрігерді үйге шақыру";
      2) "Дәрігердің қабылдауына жазылу";
      3) "Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу" мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 наурыз  
N 91/3 қаулысымен   
бекітілді       

"Дәрігерді үйге шақыру"
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:
      басқарма – "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      уәкілетті ұйым – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;
      тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – Бірлік) – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын лауазымды тұлға.

2. Жалпы ережелер

      2. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) уәкілетті ұйыммен көрсетіледі.
      3. Электронды емес форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" N 1263 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" N 1294 қаулысымен бекітілген "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
      1) тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы – уәкілетті ұйымның шақыруды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келу күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      Бұл ретте, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу қабылданған соң көрсетілген мерзімде пациентке үйде медициналық көмек көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі туралы ақпарат Стандарттың 2-тармағында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен барысы туралы ақпаратты басқарманың интернет-ресурсында: www.depzdrav.gov.kz, мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтардан алуға болады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 10-тармағында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме Стандарттың 14-тармағында көрсетілген.
      11. Дәрігерді үйге шақыруға сұрау салуды алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының тұтынушының өтінішін қабылдауы, тіркеуі;
      2) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының тұтынушының өтінішін қарауы;
      3) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының тұтынушыға дәрігердің келу күнін, уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы уәкілетті ұйымға Стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде келесі Бірлік қатысады:
      уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы.
      14. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, Бірлік әкiмшiлiк әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдісіндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен Бірліктің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар осы Регламенттiң 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылады.

"Дәрігерді үйге шақыру"
мемлекеттік қызмет 
көрсету регламентіне
1-қосымша     

Кесте 1. Бірлік әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеттері
1 2 3 4 5

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2

Атауы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының өтінішін қабылдау, тіркеу

Жеке басын куәландыратын құжатының және бекітілген халық тізбесіне (БХТ) сәйкес тұтынушының осы уәкілетті ұйымға бекітілуінің бар болуы жағдайында өтінішті қарау

Тұтынушыға жауап беру

4

Аяқтау нысаны (дәрігерді үйге шақыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру)

Өтінішті дәрігерді үйге шақыру журналына жазу

Тұтынушының өтінішін қарау

Дәрігердің келу күнін, уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

5

Орындау мерзімі

2 минут ішінде

5 минут ішінде

3 минут ішінде

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3


"Дәрігерді үйге шақыру"
мемлекеттік қызмет 
көрсету регламентіне
2-қосымша     

Функционалды өзара әрекет ету сызбасы

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 наурыз  
N 91/3 қаулысымен   
бекітілді       

"Дәрігердің қабылдауына жазылу"
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:
      басқарма – "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      уәкілетті ұйым – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;
      алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – Бірлік) – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын лауазымды тұлға.

2. Жалпы ережелер

      2. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) уәкілетті ұйыммен көрсетіледі.
      3. Электронды емес форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" N 1263 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" N 1294 қаулысымен бекітілген "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
      1) тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы – уәкілетті ұйымның дәрігерінің қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      Бұл ретте, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу қабылданған соң көрсетілген мерзімде пациентке медициналық көмек көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне
қойылатын талаптар

      6. Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі туралы ақпарат Стандарттың 2-тармағында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен барысы туралы ақпаратты басқарманың интернет-ресурсында: www.depzdrav.gov.kz, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының стендтарынан алуға болады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 10-тармағында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме Стандарттың 14-тармағында көрсетілген.
      11. Дәрігерге жазылуға сұрау салуды алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының тұтынушының өтінішін қабылдауы, тіркеуі;
      2) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының тұтынушының өтінішін қарауы және уәкілетті ұйымға бекітілуін тексеруі;
      3) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының тұтынушыға дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып ауызша жауап беруі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-қимыл
(өзара іс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы уәкілетті ұйымға Стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде келесі Бірлік қатысады:
      уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы.
      14. Әрбір әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, Бірлік әкiмшiлiк әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдісіндегі әкiмшiлiк әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен Бірліктің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар осы Регламенттiң 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылады.

"Дәрігер қабылдауына жазылу" 
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша           

Кесте 1. Бірлік әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеттері
1 2 3 4 5

1

Әрекет (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2

Атауы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

3

Әрекеттің (үрдістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының уәкілетті органға жүгінуі

Жеке басын куәландыратын құжатының және бекітілген халық тізбесіне (БХТ) сәйкес тұтынушының осы уәкілетті ұйымға бекітілуінің бар болуы жағдайында өтінішті қарау

Кестеге сәйкес тұтынушыға дәрігердің бос уақытын таңдауға мүмкіндік беру

4

Аяқтау нысаны (дәрігердің қабылдауына жазылу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру)

Өтінішті дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазу

Тұтынушының өтінішін қарау

Дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

5

Орындау мерзімдері

2 минут ішінде

5 минут ішінде

3 минут ішінде

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3


"Дәрігер қабылдауына жазылу" 
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша           

Функционалдық өзара әрекет ету сызбасы

Павлодар облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 наурыз  
N 91/3 қаулысымен   
бекітілді       

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
көрсететін медициналық ұйымға тіркеу"
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады:
      басқарма – "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      уәкілетті ұйым – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;
      тұтынушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – Бірлік) – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын лауазымды тұлға.

2. Жалпы ережелер

      2. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) уәкілетті ұйыммен көрсетіледі.
      3. Электронды емес форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы "Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" N 1263 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 1294 қаулысымен бекітілген "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) ұсынылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
      1) уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде - қағаз түріндегі (ерікті нысандағы) тіркеу туралы анықтама (талон) беру;
      2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне
қойылатын талаптар

      6. Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі туралы ақпарат Стандарттың 2-тармағында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен барысы туралы ақпаратты басқарманың интернет-ресурсында: www.depzdrav.gov.kz, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының стендтарынан алуға болады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 10-тармағында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме Стандарттың 14-тармағында көрсетілген.
      11. Медициналық ұйымға бекітілуі туралы өтінішті алған күннен бастап және мемлекеттік қызметті алған күнге дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының алушының өтінішін қабылдауы, тіркеуі;
      2) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының алушының өтінішін қарауы;
      3) уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының алушыға бекітілгені туралы анықтаманы (талон) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауаптың ұсынылуы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-қимыл
(өзара іс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы уәкілетті ұйымға Стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде келесі Бірлік қатысады:
      уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы.
      14. Әрбір әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, Бірлік әкiмшiлiк әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үрдісіндегі әкiмшiлiк әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен Бірліктің арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылады.

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
көрсететін медициналық ұйымға тіркеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша              

Кесте 1. Бірлік әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) әрекеттері
1 2 3 4 5

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

3

2

Бірлік атауы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

Уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғасы

3

Әрекеттің (үрдістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының өтінішін қабылдау, тіркеу

Жеке басын куәландыратын құжатының және бекітілген халық тізбесіне (БХТ) сәйкес тұтынушының осы уәкілетті ұйымға бекітілуінің бар болуы жағдайында өтінішті қарау

Бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан бас тарту анықтамасын (талонын) беруге дайындық

4

Аяқтау нысаны бекітілуі туралы анықтама (талон) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру)

Өтінішті дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу журналына жазу

Тұтынушының өтінішін бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін жауапты тұлғаға тапсыру

Бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап беру туралы анықтама (талон) беру

5

Орындау мерзімі

15 минут ішінде

1 күн ішінде

5 минут ішінде

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3


"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
көрсететін медициналық ұйымға тіркеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне  
2-қосымша              

Функционалды өзара әрекет ету сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады