Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХXІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 267 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 қазанда N 1087 болып тіркелді. Күші жойылды- Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 9 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Күші жойылды - Алматы қаласы маслихатының 23.07.2015 № 347 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      ХХХI сессиясының төрайымы Х. Есенова

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XХХІ сессиясының
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 267 шешіміне
1 қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмектің мөлшерлері 1. Азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттің
салдарынан мүлікке залал келуіне байланысты әлеуметтік
көмектің шекті мөлшерлері және бір реттік
әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      1. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерлерде көрсетіледі.
      2. Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.

2. Бір реттік әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

      3. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      4. Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азматтарға бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
      2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
      4) зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.
      Әлеуметтік көмектің аталған түрі 2013 жылдың 1 тамызынан бастап ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың сатып алынған, орнатылған немесе тексеруден өткізілген жеке есепке алу құралдарына көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.

3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің
шекті мөлшері

      6. Әлеуметтік көмек ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі азаматтардың санаттарына көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
      3) Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).
      7. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе (үш) мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:
      1) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
      2) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
      3) бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады