Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 24.07.2014 № 237 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның
төрайымы, қалалық
мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ:
Красногор ауылының әкімі
___________ С. Бұхарбаев
Мәслихаттың
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 210 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор
ауылының аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Красногор ауылының (бұдан әрі – Красногор ауылы) аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Красногор уылының аумағында жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Красногор ауылының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиыны (бұдан әрi - бөлек жиын) Красногор ауылы жергiлiктi қоғамдастығының жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
2. Бөлек жиындарды өткiзу
тәртiбi
3. Бөлек жиынды Красногор ауылының әкiмi шақырады.
Лисаков қаласы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
5. Көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi Красногор ауылының әкiмi ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
7. Бөлек жиынды Красногор ауылының әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Красногор ауылының әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн көше, көппәтерлi тұрғын үй өкiлдерiнiң кандидатураларын Красногор ауылының:
көппәтерлi екі қабатты тұрғын үйдің тұрғындарынан бір адам;
екі көппәтерлi бір қабатты тұрғын үйлерің тұрғындарынан бір адам санымен бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Красногор ауылы әкiмiнiң аппаратына бередi.