Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10281 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 14.12.2015 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9777 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (А.М. Қыпшақов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мелекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Д. Ерғожин

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Мемлекеттік кірістер комитеті
Төрағасының         
2015 жылғы 19 қаңтардағы 
№ 30 бұйрығымен      
бекітілген         

Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Акциздік постылар өндіру мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында немесе лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша:
      1) этил спиртін;
      2) алкоголь өнімін (жылдық өндіріс қуаттылығы төрт жүз мың декалитрден төмен болатын сыра өнімдерін қоспағанда);
      3) темекі бұйымдарын;
      4) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын (бұдан әрі – мұнай өнімдер) тікелей өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.

2. Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібі

      3. Акциздік постылардың қызметін жедел басқаруды және үйлестіруді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының басшылары жүзеге асырады.
      4. Акциздік постыларды ұйымдастыру, орналасқан орындары мен қызметкерлердің құрамы, салық төлеушілердің жұмыс режимінің шегінде олардың жұмыс регламенті қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен айқындалады.
      5. Лауазымды тұлғадар осы Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезде Салық кодексінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманың нормаларын, осы Қағидаларды басшылыққа алады.
      6. Салық кодексінің 653-бабы 11-тармағына сәйкес акциздік постыда тұған салық органының лауазымды тұлғасы:
      1) салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіруге, сақтауға және өткізуге пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларды зерттеп-тексереді;
      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысады;
      3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) кіріп (шығып) жатқан жүк көлік құралдарын тексеріп қарайды.
      7. Салық кодексінің 653-бабы 10-тармағына сәйкес акциздік постыдағы салық органының лауазымды тұлғасы:
      1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;
      2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның және (немесе) лицензияның қосымшасының болуына;
      3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;
      4) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен таңбалаудың тәртібін сақтауына;
      5) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін оларды босатқан кезде ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;
      6) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына, бюджетке акциздердің дер кезінде және толық төленуіне;
      7) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе акциздік маркаларының қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.
      8. Лауазымды тұлғалар акциздік постыда болған кезінде:
      1) негізгі шикізатты, қосалқы материалдарды, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін тиеп-жөнелткен, жүкті түсірген (қабылдаған), орнын ауыстырған кезде қатысады және олардың көлемін тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарында көрсетілген және есепке қабылдап алған деректермен салыстырады;
      2) алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбалардың түпнұсқалығын іріктеп тексеруді арнайы аспаптар арқылы жүзеге асырады;
      3) ағымдағы жұмыс күні ішінде әкелінетін акцизделетін өнімді қабылдауды (түсіруді) аяқтай алмаған жағдайда, кәсіпорынның жауапты қызметкерімен бірлесіп, қойма үй-жайларын, көлік құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбалайды және акцизделетін тауарлардың қолда барын және олардың бүтіндігін тексереді;
      4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
      акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
      спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
      өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
      алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
      мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өңдіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
      дизель отынын, бензинді босату крандарына біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломба салады.
      Біржолғы индикаторлық бақылау пломбасымен пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбы салу актісі жасалады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген пломбаларды өндірушінің өкілдері шығарып алады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және тоқтату саласындағы уәкілетті орган растайды;
      5) өндіруші басшысынан және басқа да лауазымды тұлғадардан акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен айналымы жөніндегі мәліметтер мен құжаттарды өз өкілеттіктері шегінде сұрау салады;
      6) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығаруды жүзеге асырды, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығару актісін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады;
      7) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру кезінде пайдаланылатын құрал-жабдықты алып тастау, алмастыру немесе жаңасын енгізу кездерінде, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша түрде мемлекеттік кірістер органдарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер комитеті) хабарлайды;
      8) акциздік постыдағы болған кезден кейінгі екінші күні «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы күн сайынғы акциздік постының этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін (шарап материалынан басқа) өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есептерді Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көлемдері бойынша акциздік постының есептерін Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне тапсыруды қамтамасыз етеді;
      9) пломбаның бұзылғанын немесе бұрмаланғанын (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда) не спирт өлшеуші аппараттардың бақылаушы есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің бұрмаланғанын анықтаған немесе белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау немесе акциздік маркаларды, алкоголь өніміндегі есепке алу-бақылау маркасының, темекі бұйымдарында акциздік маркалардың жоқ екендігін анықтаған жағдайда тиісті акт жасайды.
      Көрсетілген фактілер олар анықталған сәтінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органына жазбаша түрде жеткізіледі.
      9. Акциздік постыда тұрған лауазымды тұлға осы Қағидалардың 5678910-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша журналдарын толтырады.
      Бұл ретте шикізат ретінде пайдаланылатын мұнай өнімдерінің араластыру кезіндегі көлемдері негізгі шикізаттың қозғалыстары журналында көрсетіледі.
      10. Журналдар нөмірленеді, жіппен тігіліп басшының қолы қойылады және тиісті мемлекеттік кірістер органының мөрі басылады.

3. Қорытынды ережелер

      11. Акциздік постылардың қызметін бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне мемлекеттік кірістер органдары берген деректерді талдау және мелекеттік кірістер органдары мен Мемлекеттік кірістер комитетінің акциздік постыларға тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
1-қосымша           

Нысан

Пломба салу актісі

Күні

Мемлекеттік кірістер органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның БСН

Пломбаны салу орны

Бір рет пайдаланатын бақылау пломбасының нөмірі

Салынған пломбалардың саны

1

2

3

4

5

6

7

8

















Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ____________________ __________
                                                            (қолы)
Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ____________________ __________
                                                            (қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ___________ ________
                                                              (қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ____________ _______
                                                              (қолы)

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына  
2-қосымша          

Нысан

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, негізгі шикізат
пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығару актісі

Күні

Мемлекеттік кірістер органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның БСН

Акцизделетін тауардың түрі

Негізгі шикізат

Қосалқы материалдар

Мөлшері (алкоголь өнімі үшін - дал, темекі бұйымдарына - 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ______________________ ________
                                                              (қолы)
Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ______________________ ________
                                                              (қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ___________ ________
                                                              (қолы)
Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ___________ ________
                                                              (қолы)

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
3-қосымша         

Нысан

Акциздік постылардың деректері бойынша этил спиртін және/немесе
алкоголь өнімін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі және өткізу
көлемдері туралы есеп

Р/с №

Өндіруші кәсіпорынның БСН

өндіруші кәсіпорынның атауы

күннің басына өнім қалдығы

есепті кезеңде өндірілген этил спирті мен алкоголь өнімі

өлшеу аппаратының көрсеткіштері

түрі

өнімнің атауы

шөлмек (дана) (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектің сыйымдылығы (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

спирт өлшеуші аппаратының №

күннің басына спирт өлшеуші аппараттарының көрсеткіштері

күннің соңына спирт өлшеуші аппараттының көрсеткіші

құю желісінің №

күннің басына АӨЕЖ есептеуішінің көрсеткіштері V - (литр), N1 - (шөл.), N2 - (шөл.)

күннің соңына АӨЕЖ есептеуішінің көрсеткіштері V - (литр), N1 - (шөл.), N2 - (шөл.)

V

N1

N2

V

N1

N2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19



















































































































кестенің жалғасы

басқа жақтан келіп түсті немесе одна әрі сатылған өнімді қайтару

есепті кезеңде заңды немесе жеке тұлғаға тиеп-жөнелтілген этил спирт және алкоголь өнімі

күннің соңына өнім қалдығы

кіріс түрі (басқа жақтан немесе қайтарылған)

түрлері бойынша

шөлмек данада (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмекте сыйымдылық (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

жеткізушінің БСН

жеткізуші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы

түрі

данадағы шөлмек (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектің сыйымдылығы (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

алушының БСН

алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33





















































































Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
4-қосымша           

Нысан

Акциздік постының деректері бойынша мұнай өнімдерін өткізу
(тиеп-жөнелту) көлемдері туралы
күн сайынғы ___________________ жағдай бойынша есеп

Р/с №

Өндірушінің БСН

өндіруші кәсіпорынның атауы

мұнай өнімінің түрі

Пин-код

тиеп-жөнелтілген (тонна)

операция коды

ілеспе жүк құжатының күні

ілеспе жүк құжатының нөмірі

Алушы кәсіпорынның БСН

алушы кәсіпорынның атауы

мұнай өнімдерін жеткізу мекен-жайы

тиеп-жөнелту түрі (т/ж, автокөлік, құбыржол)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
5-қосымша          

Нысан

Су және электр қуаттарын есепке-алу аспаптарының көрсеткіштері
есеп журналы

Күні

Мемлекеттік кірістер органының атауы

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның БСН

Жұмыс күнінің басындағы судың есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Жұмыс күнінің соңындағы судың есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Жұмыс күнінің басындағы электр қуатының есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Жұмыс күнінің соңындағы электр қуатының есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
6-қосымша          

Нысан

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу аспаптарының
көрсеткіштері есеп журналы

Күні

Мемлекеттік кірістер органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның БСН

Өнімнің түрі

Жұмыс күннің басындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Жұмыс күннің соңындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы

Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
7-қосымша            

Нысан

Негізгі шикізат қозғалысының есеп журналы

Күні

Негізгі шикізаттың атауы

Қолда бар негізгі шикізат (тонна,
дал.)

Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы

Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

Күннің басына қалдығы

Бір күн ішінде алынды

Өндіріске жіберілген

өндірістік шығындар

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
8-қосымша          

Нысан

Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалар қозғалысының есеп
журналы

Күні

Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалардың
саны, дана

Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы

Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

Күннің басына қалдығы

Бір күн ішінде алынды

Пайдаланынды

Күннің өндірістік шығындары

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8









Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
9-қосымша         

Нысан

Шыны ыдысы және кега қозғалысының есеп журналы

Күні

Шыны ыдысының және кега қозғалысы, дана.

Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы

Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

Күннің басына қалдығы

Алынды

Өндірістік шығындар

Өндіріске жіберілген

қайтару

Күннің соңына қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
10-қосымша          

Нысан

Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізілуіне арналған есеп
журналы

№ р/с

Салық төлеушінің атауы

Салық төлеушінің БСН

Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізілуі (этил спирті мен алкоголь өнімі үшін - дал, темекі бұйымдарына - 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)

Акцизделетін тауарларды өндіруші кәсіпорнының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі және қолы

Мемлекеттік кірістер органының жауапты тұлғасының аты-жөні, тегі. және қолы

Күннің басындағы қалдығы

Бір күн ішінде өндірілді

Өндіріске жіберілді

Өндірістік шығындар

Бір күн ішінде өткізілді

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады