Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 35/288 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 2982 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерің белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:

      1), 2) және 4) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) 1-2 қаңтар - Жаңа жыл мерекесіне:

      мүгедек балаларға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:

      жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;";

      "4) Халықаралық қарттар күніне:

      жетпіс жасқа келген және одан асқан тұлғаларға;";

      келесі мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "6) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:

      "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;

      7) 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне:

      мүгедек-балаларға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      8) 6 шілде - Астана күні мерекесіне:

      табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға;

      табысы азық-түлік себетінен төмен аз қамтылған азаматтарға;

      жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;

      9) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне:

      1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге;

      кедейлік шегінен төмен табысы бар аз қамтылған азаматтарға;

      азық-түлік себетінен төмен табысы бар аз қамтылған азаматтарға;

      10) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      11) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан кеңес әскерлерінің шығарылған күніне:

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;

      12) 26 сәуір - Чернобыль АЭС-сы апатының құрбандарын еске алу күнiне:

      Чернобыль АЭС- сы апатының зардаптарын жоюға қатысушыларға;

      13) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      саяси қуғын - сүргіндер құрбандары және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға.";

      2) Қағидалардың 11 тармағының 1) және 5) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 05 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.


Сессия төрағасы

Д. Қалықбеков

Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Рахимберлина


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі

      Райымбеков А.М.


      2015 жыл 06 ақпан

      "Балқаш қаласының жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Томпиева Ж.Қ.


      2015 жыл 06 ақпан

      "Балқаш қаласының

      экономика және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Шлыкова З.С.


      2015 жыл 06 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады