"Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы 2015 жылғы 07 қазандағы № 170 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қарашада № 3337 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 30.05.2016 № 117 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы Жарлығына сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Д. Есмұхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Өтеғалиев

  Аудан әкімдігінің
2015 жылғы 07 қазандағы
№ 170 қаулысымен бекітілген

"Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі - (бұдан әрі - Бөлім) Исатай ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060300, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі 23 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізіп, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында басшылықты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) қоғамдық–саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;
      2) өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім құзырына жататын мәселелері бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      3) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      4) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыру;
      5) заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру;
      2) нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды анықтау;
      3) жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
      4) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      6) мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      7) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;
      8) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      9) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      10) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      11) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;
      13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқа да іс-шараларды жүзеге асыру;
      14) азаматтық хал актілерін тіркеу;
      15) туу туралы куәліктер беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      16) мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
      17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      18) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша меншік түрінде, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;
      2) ұйымдарда қоғамдық жұмыстар дайындау мен өткізу, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты дайындау мен қайта дайындау азаматтық хал актілерін тіркеу жөнінде ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізуге;
      3) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыруға;
      4) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;
      5) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетеньдер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнама тақталар жасақтауға;
      6) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;
      Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Исатай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлiмінiң мемлекеттік қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
      5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүдесін білдіреді;
      6) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Бөлім мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады