Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13253 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 28 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы 28 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 117 бұйрығымен бекітілген

Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу
үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға
сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадығ Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және болып табылатын мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

      3) өтінім беруші – бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны өтінімді берген жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтінім беруші);

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі және мазмұнының өзгермегенiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi;

2. Мемлекеттiк тiзiлiмге қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық
кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар
беру тәртібі

      3. Мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны алу үшін өтінім беруші уәкілетті органға немесе www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берушінің электронық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған толтырылған сауалнама-өтінімді ұсынады.

      4. Уәкілетті орган сауалнама-өтінімді толтыру дұрыстығына тексереді, Қағидалардың 3-тармағының сәйкессіздік анықталған жағдайда осы, сәттен бастап екі күнтізбелік күн ішінде сауалнама-өтінімді қайтарады.

      5. Ұсынылған сауалнама-өтінім осы Қағидалары 3-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, уәкілетті орган сауалнама-өтінім түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтінім берушінің "Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген) (бұдан әрі – техникалық талаптар) 1-қосымшаның 43-50 тармақтарымен көзделген, техникалық талаптарды сақтауы тексеру жүргізеді.

      6. Өтінім беруші уәкілетті органның қызметкерлеріне тексеріс жүргізу үшін АБК-ға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      7. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті орган тексеру жүргізген уақыттан бастап күнтізбелік екі күн ішінде өтінім берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк тiзiлiмге қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) немесе техникалық талаптар орындалмаған жағдайда дәлелді бас тартуды береді.

      8. Осы Қағидаларың 3-тармағында көрсетілген Сауалнама-өтінім түскен сәттен бастап, күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган қорытынды беруді жүзеге асырлады.

  Бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн
аппараттық-бағдарламалық кешеннің
техникалық талаптарға сәйкестiгi
туралы қорытындылар беру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Сауалнама-өтінім

      1. Өтінім берушінің атауы ___________________________________________

      2. (Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмері)

      _____________________________________________________________________

      3. Өтінім берушінің орналасқан жері

      4. Облыс _______________________________________ қала _______________

      5. Аудан___________________ Көше_____________________ Үй ____________

      6. АБК атауы_________________________________________________________

      7. АБК әзірлеушісі___________________________________________________

      8. Нұсқа _________________ АБК әзірленген күн _______________________

      9. АБК әзірлеушінің орналасқан жері:

      10. Облыс ____________________________________ қала _________________

      11. Аудан ______________________ Көше________________________ Үй ____

      ____________________________________________________ _____________

      (өтінім берушінің немесе оның басшының Т.А.ӘА.) қолы

      М.О. (болған кезде)

  Бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн
аппараттық-бағдарламалық кешеннің
техникалық талаптарға сәйкестiгi
туралы қорытындылар беру
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу
үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға
сәйкестiгi туралы қорытынды

      Астана қ. 20__жылғы "____" _____________

      1. Өтінім беруші ____________________________________________________

      2. Өтінім берушінің орналасқан жері:

      _____________________________________________________________________

      Облыс _______________________________Қала ___________________________

      Аудан _______________________ Көше ________________Үй _______________

      Телефон ______________________________Факс __________________________

      3. __________________________________________________________________

      (АБК атауы)

      ____________________________________________________________________,

      версия __________________________________, жасалған күні ___________,

      Әзірлеуші ___________________________________________________________

      Әзірлеушінің орналасқан жері:

      Ел ______________________ Облыс ___________________ Қала_____________

      Аудан _______________________Көше _______________________ Үй ________

      Телефон _______________________________________Факс _________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық

      талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454

      болып тіркелген) 1-қосымшаның 43-50-тармақтарымен көзделген

      техникалық талаптарға сәйкес келеді/сәйкес келмейді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру
және ақпарат комитетінің төрағасы ______________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады