Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 наурызда № 13364 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 12.04.2023 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.07.2024 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын қоса берілген бағалау өлшемшарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 12.04.2023 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.07.2024 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 59-бабында айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу кезінде пайдалану мақсатында осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 каулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ӘАОО бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымдарын бағалауды айқындау үшін пайдаланылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптар жиынтығы;

      2) бағалау өлшемшарттары – олардың негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін белгілер мен нақты өлшеуіштер;

      3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

      4) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

      5) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын игеру бойынша алған, көрсеткен білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар;

      6) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысымен бекіткен, міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің және оқу қызметінің әрбір түрінің (практика, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу және қорғау) еңбек сыйымдылығын кредиттерде айқындайтын құжат;

      7) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – ӘАОО басшысымен бекітілетін және ҮОЖ негізінде оқытудың барлық кезеңіне әзірленетін құжат.

2 тарау. Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауға қойылатын талаптар

      3. Бағалау кезеңіне қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ алдын ала профилактикалық бақылау болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бармай профилактикалық бақылау) ӘАОО-да оқу нәтижелерін бағалау рәсімінсіз жүргізіледі, бұл ретте білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ескере отырып бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;

      2) профилактикалық бақылаудың алдындағы білім беру ұйымдарын бағалау ӘАОО-да оқу нәтижелерін бағалау рәсімін қолдана отырып жүргізіледі, бұл ретте бағаланатын кезең осы бақылау басталғанға дейін бір ай бұрын алдыңғы төрт оқу жылы және ағымдағы оқу жылы болып табылады.

      4. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары мынадай нақты өлшеуіштер бойынша жүзеге асырылады:

      1) білім беру қызметі жөніндегі құжаттарды және ӘАОО мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған басқа да мәліметтерді талдау, зерделеу жолымен өзін-өзі бағалау материалдары бойынша;

      2) кешенді тестілеу нәтижелері (оқыту нәтижелерін бағалау қорытындылары);

      3) білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның және жұмыс берушілердің сауалнамасының қорытындылары.

      5. ӘАОО өзін-өзі бағалау материалдары мыналарды қамтиды:

      1) өзін-өзі бағалауды жүргізу туралы шешіммен Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) ӘАОО басшысы бекіткен өзін-өзі бағалау жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық;

      3) оқыту нысандары мен тілдері бойынша бітіруші курстардың (барлық деңгейлердің) білім алушылар контингенті туралы мәліметтер. Бітіруші курстары болмаған кезде бітіруші алдындағы курстардың білім алушылар контингенті туралы мәліметтер ұсынылады;

      4) құрылымы мен мазмұнына сәйкес өзін-өзі бағалау қорытындысы;

      5) өзін-өзі бағалау қорытындыларын қарау туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

      6) осы Өлшемшарттарға қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтер.

      ӘАОО басшысы өзін-өзі бағалау материалдарын толтырудың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жыл сайын өзін-өзі бағалау материалдары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктірілмей (өзін-өзі бағалау жүргізілген жылы) ұсынылады.

      Өзін-өзі бағалау материалдарын талдау және зерделеу кезінде мәліметтер көрсетілген деректермен салыстырылады:

      1) Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі;

      2) ӘАОО интернет-ресурстарында және олардың басқару органдарында орналастырылған ақпараттық платформалар, оның ішінде интернет-ресурстарда қамтылған оқу-тәрбие жұмысы туралы ақпарат;

      3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бұрын жүргізген тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша іс-шаралар кешені;

      4) алдыңғы тексерулердің және барумен профилактикалық бақылаудың нәтижелерін;

      5) ӘАОО әлеуметтік желілерінің және олардың басқару органдарының ресми беттеріндегі мәліметтер;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

      7) зерттелетін кезең үшін ӘАОО-ға қатысты жеке және заңды тұлғалардың расталған шағымдары мен өтініштері;

      8) құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдар, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, хабарламалар мен ақпараттар.

      6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 2 бұйрық) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі – МЖМС) талаптарында көзделген білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін кешенді тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) арқылы, докторантураны қоспағанда, бітіруші курстардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелерін бағалау жүргізіледі.

      ӘАОО-да бітіру курстары болмаған жағдайда, тестілеу бітіру курстары алдындағы курстардың білім алушыларымен өткізіледі.

      Оқу жылына арналған оқыту тілдері бойынша білім алушылар контингенті туралы мәліметтерді ӘАОО осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес толтырады.

      7. Тестілеу жүргізу үшін ӘАОО ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымға ӘАОО-да мемлекеттік бақылау басталғанға дейін бір ай бұрын бейіндік пәндер бойынша тест сұрақтарын ұсынады.

      8. Тестілеу ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік немесе қағаз форматта жүргізіледі.

      Тест сұрақтарында қолжетімділігі шектеулі ақпарат болған жағдайда (қызметтік пайдалану үшін, құпия) білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау қағаз форматта жүргізіледі.

      Компьютерлік немесе қағаз тестілеу ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен өткізіледі және тестілеудің барлық барысы аудио-, бейнежазбасында жазылады.

      Тестілеу толық оқу циклімен күндізгі оқу нысанындағы бітіру немесе бітіру алдындағы курстың білім алушыларының 100 пайыз тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді.

      Жоғарыда аталған курстардың бірінде академиялық сабақтар болмаған кезеңде, тестілеуге ӘАОО-да академиялық сабақтар өткізілетін курс қатысады.

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасына кадрларды даярлау бағыты бойынша тестіленушілердің жалпы санынан 10 пайызынан аспайтындай білім алушылардың ауру, жүктілік және/немесе бала туу себептері бойынша қатыспауына жол беріледі.

      Білім алушы тестілеу басталғанға дейін дәлелсіз себеппен (құжаттық растау болмаған кезде) тестілеуге келмеген жағдайда, оның нәтижесі нөлге тең болады және тестіленушілердің үлесін есептеу кезінде ең төменгі шекті балды ала алмаған болып есептеледі.

      9. ӘАОО-дағы тестілік бақылау кезіндегі бағалау шкаласы (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:

      Тест тапсырмаларының мазмұны Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін ғылыми талдауға, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін қолдана білуге, одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті сауатты оқыту дағдыларын қалыптастыру үшін мемлекеттік тілді және (немесе) оқыту тілін білуге, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға, алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасауға, сондай-ақ жаңа ақпаратты іздеуге, оны талдауға және жүйелеуге бағытталған.

      Білім алушылар тестілеуді оқыту тілінде тапсырады, тестілеу 60 тест тапсырмасын қамтитын төрт бөлімнен тұрады, оның ішінде:

      1) Қазақстан тарихы бойынша -15 тапсырма;

      2) Философия бойынша - 15 тапсырма;

      3) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша - 15 тапсырма;

      4) оқыту дағдылары бойынша - 15 тапсырма.

      Тестілеуді өткізудің жалпы уақыты 90 минутты құрайды. Дұрыс жауапты таңдаған кезде әрбір тест тапсырмасы бір балмен бағаланады. Ең жоғары балл саны - 60, шекті балл - 30, оның ішінде әрбір бөлім бойынша кемінде 7 балл болуы керек. Тестілеу нәтижелері білім алушының тестілеуі аяқталғаннан кейін автоматты түрде беріледі.

      Кадрлар даярлаудың әрбір бағыты бойынша тестіленушілердің жалпы санынан 30 пайыздан астам білім алушы әрбір бөлім бойынша шекті баллы (кемінде 7 балл) ала алмаса, сондай-ақ жалпы тестілеуді МЖМС талаптары бұзылды деп танылады. МЖМС талаптарына сәйкес емес деп танылған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім алушылар қайта тестілеуден өтеді.

      10. Білім алушыларды тестілеуге жіберу бекітілген кестеге сәйкес тестілеу басталғанға дейін 30 минут бұрын жеке басын куәландыратын құжаты негізінде жүргізіледі.

      Тестіленушілер аудиторияға бір-бірден жіберіледі, бұл ретте, техникалық құралдарды пайдалану арқылы тестіленушінің жеке басын сәйкестендіреді және тестілеу өткізу аудиториясына кіргізуге тыйым салынған мынадай заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстарға жатқызылған құралдарды, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезік (трекерлер), диктофон, калькулятор, сымды және сымсыз құлаққаптар, баспа және қолжазба материалдарын алып кіруіне жол бермеу үшін тексеріс жүргізіледі.

      Аудиторияға өткізуге тыйым салынған заттардың не академиялық адалдықты бұзатын іс-әрекеттер жасау белгілері анықталған жағдайда, сондай-ақ тестілеуге жіберу барысында бөгде адам анықталған жағдайда еркін нысанда акт жасалады.

      11. Білім алушыларды тестілеу кезінде ӘАОО академиялық адалдық ережелерінің сақталуына жағдай жасайды. Бұл ретте, білім алушылардың өзімен бірге ғимаратқа осы Өлшемшарттардың 10-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруі туралы анықталған факті болған жағдайда, еркін нысанда аудиторияға жібермеу туралы акт жасалады және оның нәтижесі нөлге теңестіріледі, ол шекті балды ала алмаған тестіленушілердің үлесін есептеу кезінде есептеледі.

      Тестілеу кезінде білім алушы:

      1) басқа қатысушымен сөйлеспеуі;

      2) бір орыннан екінші орынға ауысып отырмауы;

      3) тестілеу алдында немесе кезінде шу шығармауы;

      4) аудиторияға осы Өлшемшарттардың 10-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіргізбеуі және пайдаланбауы тиіс.

      12. Оқу нәтижелерін бағалауға жататын контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70 пайызы тестілеу қорытындылары бойынша дұрыс жауап бергендер деп анықталған кезде білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау нәтижелері МЖМС талаптарына сәйкес деп есептеледі.

      13. Тестілеу нәтижелері білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады және бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау материалдарына қоса тіркеледі.

      Тестілеу нәтижелері білім алушылардың оқу жетістіктерін және ӘАОО көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын талдау нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ӘАОО басқару органдарына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Бітіруші курс білім алушыларын тестілеу нәтижелері осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.

3-тарау. Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

      14. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

      1) № 2 бұйрыққа сәйкес әзірленген және "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 106 бұйрық) сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы;

      мәлімет ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, № 2 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік және оқыту тілінде(дерінде) оқытудың толық кезеңіне әзірленген білім беру бағдарламасының көшірмесін қоса бере отырып расталады;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласы бойынша кадрларды даярлауды іске асыратын ӘАОО үшін – № 2 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік және оқыту тілінде (дерінде) оқытудың толық кезеңіне әзірленген кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының көшірмелері;

      2) оқу бағдарламаларының пәндерін оқыту тілдерінде 100% қамтамасыз ететін, баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматындағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қорының болуы. ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша - бейіндік цикл пәндерін қоспағанда);

      бiлiм беру бағдарламаларының пәндерi кесіндісінде оқу әдебиетi қорын кемінде 1%-ын жыл сайын жаңарту;

      кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен шарттардың (келісімдердің) болуы (электрондық дерек қорға немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік);

      оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Оқу әдебиеті қорының жыл сайын жаңартылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері; кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен кітапхана қорын бірлесіп пайдалану шарттарының (келісімдерінің) (кемінде екі) көшірмелері ұсынылады;

      3) ӘАОО оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ӘАОО үшін - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы;

      мәлімет медициналық қызмет көрсетудің бар болуы, оның ішінде жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Денсаулық сақтау ұйымының білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО-ны қоспағанда, оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына рұқсат етіледі;

      4) ӘАОО оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасалуы. "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ӘАОО үшін - білім алушыларды тамақтандыру объектісінің болуы;

      мәлімет Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ӘАОО-ны қоспағанда, оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі;

      5) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті ғимараттардың (оқу ғимараттарының) болуы: ғимараттың меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында, немесе үлесінің кемінде 5%-ы мемлекеттік органдарға немесе квазимемлекеттік ұйымдарға тиесілі ӘАОО үшін сенімгерлік басқару құқығында тиесілі болуы;

      оқу үй-жайларының ауданы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) Санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес болуы;

      "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес болуы;

      ӘАОО үй-жайлары мен іргелес аумақтарының "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі - № 305 қаулы) сәйкес бейнебақылаумен қамтамасыз етілуі;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына сәйкес ӘАОО орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген эпидемиялық маңызы болмашы объект қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы;

      оның ішінде: "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша - дайындық бейініне сәйкес келетін полигонның және атыс тирінің (виртуалды тирінің) болуы;

      "Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша - криминалистикалық полигон мен сот отырыстары залының болуы;

      мәлімет пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Ғимараттарға (оқу ғимараттарына) шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; өрт жабдығының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін ұйыммен жасалған шарттардың (келісімдердің) және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестікті растайтын құжаттың көшірмесі; эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі қоса беріледі;

      6) "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО қоспағанда, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін білім беру қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу және тең жағдайлардың жасалуы:

      кіру жолдарының, ақпараттық-навигациялық қамтамасыз ету құралдарының болуы, баспалдақтарға пандустарды немесе көтергіш құрылғыларды орнату, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу, мүгедектерге арналған көлік құралдары үшін тұрақ орындарының болуы;

      оқу-әдістемелік құралдармен, оқу әдебиетімен, бейімделген бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған арнайы кабинеттердің болуы;

      инклюзивті білім берудің әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан немесе тағылымдамадан/ қайта даярлаудан өткен мамандардың болуы;

      мәлімет пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы (осы Өлшемшарттарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      7) сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі;

      білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті компьютерлік кабинеттердің, компьютерлердің, мамандандырылған лицензиялық бағдарламалық жасақтаманың болуы;

      білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базаның, техникалық оқу құралдарының және жабдықтардың болуы;

      "Білім беру мониторингі шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31973 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 84 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің және нақты деректердің жоғары білім берудің бірыңғай платформасының мәліметіне (бұдан әрі - ЖББП) сәйкестігі болуы; "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО үшін ЖББП жекелеген нысандары бойынша болуы;

      edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

      Мәлімет білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, зертханалық жабдықтың, техникалық оқу құралдарының, бағдарламалық жасақтаманың және ақпараттық жүйелердің болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      "Сымсыз технологияларды қоса алғанда" біліктілік талабы "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында кадрларды даярлауды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды.

      № 84 бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес жаңартылған деректер базалары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуына, нақты деректердің БЖБП сәйкестігіне және үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына;

      8) негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын оқытушылардың 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) реттен кем емес оқытылатын пәндер бейініне және бір оқу курсында кемінде 72 (жетпіс екі) сағат көлеміне сәйкес біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      ӘАОО басшыларының және оның орынбасар(лар)ының менеджмент саласында 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО үшін – оқытылатын пәндердің бейініне немесе оқу әдістемесіне сәйкес бір оқу курсына кемінде 36 (отыз алты) академиялық сағат көлемімен оқытушылардың біліктілігін арттыру;

      мәлімет оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес оқытушылардың және менеджмент саласы бойынша ӘАОО басшыларының біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      Біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын құжаттар, оның ішінде: курстың тақырыбы, игерілген сағаттар көлемі, курсты аяқтау мерзімі көрсетілген сертификат, курс нәтижелері туралы тындаушының есебі ұсынылады (курстың мазмұнында шектелген ақпарат бар болған жағдайларды қоспағанда);

      9) білім беру бағдарламасына сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық және/немесе ғылыми-әдістемелік және (немесе) шығармашылық және (немесе) эксперименттік базамен қамтамасыз етілуі;

      мәлімет мамандандырылған ғылыми-техникалық/ ғылыми-әдістемелік/ эксперименталдық базалардың болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      10) білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (Санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес жатақханалармен қамтамасыз ету);

      ӘАОО басшысымен бекітілген жатақханалардың болуы туралы құжаттардың көшірмелерін, білім алушылардың тұруына арналған үй-жайлардың халықтың санитариялық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады;

      БЖБП мәліметтерінің нақты деректермен сәйкестігі.

      Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында кадрларды даярлауды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды;

      11) басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану;

      берілген білім туралы құжаттардың, сондай-ақ дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар туралы жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасының (мұрағатының) болуы (электрондық дерекқорға немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік);

      басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат қоса беріледі. Берілген білім туралы құжаттары, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар туралы жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасына (архивына) тестілік қолжетімділікке сілтеме беріледі.

      Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында кадрларды даярлауды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды.

      15. "Бакалавр" академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ӘАОО-ның білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптары:

      1) білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы;

      оқытушылардың білімінің және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және(немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі;

      негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының: "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар" кадрларды даярлау бағыты, сондай-ақ "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘАОО үшін - 40 %-нан кем болмауы; кадрлар даярлаудың басқа бағыттарының білім беру бағдарламалары бойынша – 60 %-нан кем болмауы;

      негізгі жұмыс орны бойынша оқытылатын пәндер бейініне сәйкес практикалық кәсіптік қызметпен айналысатын, соңғы 10 (он) жылдың кемінде 3 (үш) жылы кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілі бар қоса атқаратын оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының базалық және бейіндік пәндер циклдері оқытушыларының (жалпы білім беретін пәндер циклінің оқытушыларынан басқа) жалпы санынан кемінде – 10 %;

      мәлімет кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      Қоса атқаратын оқытушыларға қатысты, жалпы білім беру пәндері циклі бойынша оқытушылардың білімінің оқытатын пәндерінің бейініне сәйкестігіне қатысты біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында кадрларды даярлауды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды;

      2) "Құқық" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша - оқытылатын пәндер бейініне сай келетін құқықтану саласында соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейінді пәндер оқытушыларының үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша бейінді пәндер оқытушыларының жалпы санынан кемінде – 60 %;

      мәлімет кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      3) негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағына ие оқытушылардың үлесі: "Педагогикалық ғылымдар", "Құқық" кадрларды даярлау бағыттары бойынша - кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 50 %; "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар" кадрларды даярлау бағыты бойынша - кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 30 %; кадрларды даярлаудың өзге бағыттары бойынша - білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 40 %;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" кадрларды даярлау саласы үшін – негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы / бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағына ие оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 40 %;

      "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша - негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және орта білім беру ұйымдарының базасында ғылыми зерттеулер жүргізетін білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша оқытушылардың үлесі – кемінде 10%.

      мәлімет кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      4) Білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік етуді тиісті бейіндегі оқытушылардың және (немесе) кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша жұмыс жасайтын кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар мамандардың атқаруы.

      мәлімет білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік ететін оқытушылар және (немесе) мамандар туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      5) білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша практика базаларымен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) болуы, оның ішінде:

      "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау саласының бағыттары үшін – мектепке дейінгі және (немесе) бастауыш және (немесе) негізгі және (немесе) жалпы орта және (немесе) техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практикадан өту және дуальдық оқыту үшін азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) болуы;

      "Құқық" кадрларды даярлау бағыты үшін – кадрларды даярлау бейініне сәйкес құқықтану саласындағы ұйымдармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) болуы;

      кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес практикадан өту базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері; "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша қосымша – дуальды оқытуға шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері ұсынылады. Шарттар (келісімдер) білім алушылардың толық оқу кезеңін қамтуы тиіс.

      Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды;

      6) Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау жолымен оқуға қабылдауды қоспағанда, ӘАОО-ның кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша соңғы 2 (екі) жылда білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы, сондай-ақ "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды;

      7) бакалавриат деңгейі бойынша түлектерді кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмысқа орналастыру, бұл ретте бітірген жылы ішінде кадрлар даярлау бағыты бойынша түлектердің жалпы санына шаққанда жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - кемінде 50 %, оның ішінде кемінде 3 (үш) ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілуі – кемінде 50 % ("Педагогикалық ғылымдар", "Құқық" кадрларды даярлау бағыты үшін – кемінде 60%);

      бұл ретте жұмысқа орналастырылған түлектердің санына екінші жоғары білім беру бағдарламалары бойынша, күндізгі оқу нысаны бойынша, резидентурада немесе магистратурада немесе докторантурада оқуды жалғастырған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақырылған түлектер, 3 (үш) жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген адамдар кіреді;

      жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

      Біліктілік талаптары лицензияны және лицензияға қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына, сондай-ақ "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды.

      16. "Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ӘАОО-ның білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптары:

      1) "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО қоспағанда, кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша шарттардың (келісімдердің), сондай-ақ шетелдік кеңесшілерді тартуды көздейтін шарттардың (келісімдердің) болуы;

      Оқу мерзіміне жарамды ынтымақтастық және шетелдік кеңесшілерді тарту туралы шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері ұсынылады. Тек шет тілдерінде жасалған шарттарды (келісімдерді) ұсынған кезде олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы болуы тиіс;

      2) білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы;

      оқытушылардың білімінің және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және(немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі;

      негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы спорттық атағына ие кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың үлесі - білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 70 %;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" кадрларды даярлау саласы бойынша – негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және(немесе) ғылыми атағы бар және(немесе) соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағына ие оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 40 %;

      мәлімет кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      Оқытушылардың білімінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің бейініне сәйкестігі бойынша қойылатын біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында кадрларды даярлауды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды;

      3) кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша докторы (академиялық) дәрежесі бар, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми жарияланымдар тізбесіне (бұдан әрі - Жарияланымдар тізбесі) енгізілген басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) бойынша импакт-факторы бар немесе индекстелген Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандед), Social Science Citation Index (Сошиал Сайнс Цитэйшн Индекс) немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) ішінде Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюмэнитис Цитэйшн Индекс) немесе Scopus (Скопус) дерекқорындағы CiteScore (СайтCкор) пайыздық ұпайы кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланған ғылыми журналда соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған кемінде 1 (бір) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласының бойынша кадрларды даярлау бағыттары бойынша – магистранттарға ғылыми жетекшілікті негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі және(немесе) ғылыми атағы бар немесе подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағына ие немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шенге ие немесе судья/отставкадағы судья, кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, Жарияланымдар тізіміне енгізілген басылымдарда соңғы 5 (бес) жылда жарияланған кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың авторы, кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша оқулық немесе оқу құралының авторы болып табылатын ғылыми-педагогикалық қызметкердің жүзеге асыруы.

      "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар" кадрларды даярлау бағыттары үшін - білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына (жобаларына) басшылықты Жарияланымдар тізіміне енгізілген басылымдарда соңғы 5 (бес) жылда жарияланған кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушылардың және (немесе) соңғы 10 (он) жылдың ішінде кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс өтілі бар тиісті бейіндегі мамандардың жүзеге асыруы.

      мәлімет білімі, жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары және дайындаған оқулығы немесе оқу құралы көрсетіле отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын жетекшілер туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      4) "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО қоспағанда, білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылардың практикадан өтуіне, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуіне орындармен қамтамасыз етілуі;

      практика базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі), тиісті кадрларды даярлау бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері; практиканы ӘАОО-да өткен жағдайда – растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады. Практика мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттар (келісімдер) оқу кезенде қолданыста болуы тиіс. Тек шет тілдерінде жасалған шарттарды (келісімдерді) ұсынған кезде оларға нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілуі.

      17. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ӘАОО-ның білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптары:

      1) білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы;

      оқытушылардың білімінің және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі;

      кадрларды даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағы бар ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ӘАОО үшін – немесе кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша соңғы 10 (он) жылдың кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шені немесе судья/отставкадағы судья), оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 80 % болуы;

      мәлімет кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      Оқытушылардың білімінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің бейініне сәйкестігі бойынша қойылатын біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО үшін қолданылмайды;

      2) Негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар, соңғы 5 (бес) жылда рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 3 (үш) мақаласы және (немесе) шолуы бар:

      8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 8D11 "Қызмет көрсету" кадрларды даярлау бағыттары бойынша – Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Журнал Цитайшн Репортс) деректері бойынша алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе білім беру бағдарламасына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 50 (елу) процентиль көрсеткіші бар басылымдарда;

      кадрларды даярлаудың қалған бағыттары үшін Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Журнал Цитайшн Репортс) деректері бойынша алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе білім беру бағдарламасына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдардағы жарияланымдардың авторы болып табылатын кемінде 3 (үш) оқытушының болуы.

      Негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын үш оқытушының кемінде екеуінің ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар немесе магистр дәрежесі бар тұлғаларды даярлаған болуы; кадрларды даярлау бағытына байланысты жоғарыдағы тармақшаның талаптарына сай келетін басылымда мақаланың және/немесе шолудың корреспондент-авторлары немесе бірінші (негізгі) авторлары болуы; және (немесе) соңғы 3 (үш) жылда мемлекеттік бюджеттен табысты орындалған ғылыми жобалар мен бағдарламалар және (немесе) халықаралық жобалардың басшылары және (немесе) орындаушылары болуы;

      мәлімет кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО қолданылмайды;

      3) ғылыми дәрежесі және (немесе) (PhD) философия докторы /бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар, 8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кадрларды даярлау бағыттары бойынша Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор коллекция), JCR (ЖСР) деректері бойынша 1, 2, 3-квартильге кіретін немесе СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын не Хирш индексі 2 (екі) және одан көп халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) мақаланың;

      кадрларды даярлаудың өзге бағыттары бойынша - соңғы 5 (бес) жылда Ғылыми басылымдар тізіліміне енгізілген басылымдарда бейіні бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандед), Social Science Citation Index (Сошиал Сайнс Цитэйшн Индекс) или Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюмэнитис Цитэйшн Индекс) в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін не СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жарияланған бейіні бойынша кемінде 1 (бір) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.

      "8D12-Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласының кадрларды даярлау бағыттары үшін – соңғы 5 (бес) жыл ішінде Жарияланымдар тізіміне енгізілген басылымдарда жарияланған, оқыту бейініне сай келетін кемінде 7 (жеті) ғылыми мақаланың және оқулық немесе оқу құралының авторы болып табылатын, кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша соңғы 10 (он) жылдың кемінде 3 (үш) жылы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, ғылыми дәрежесі және (немесе) (PhD) философия докторы /бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.

      мәлімет жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары және дайындалған оқулығы немесе оқу құралы көрсетіле отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘАОО және (немесе) ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы және шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша нормаларды көздейтін азаматтық заңнамаға сәйкес шарттардың (келісімдердің) болуы;

      шетелдік ӘАОО-мен ғылыми алмасу, оның ішінде шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру туралы келісім-шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері берілуі; бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісім-шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері болуы; оқыту кезінде шарттың мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін жарамды шарттардың (келісімдердің) болуымен расталады.

      Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО қолданылмайды;

      5) кадрлар даярлау бағыты бойынша докторанттардың практикадан өтуі үшін отандық ұйымдармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттармен (келісімдермен) және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған азаматтық заңнамаға сәйкес шарттармен (келісімдермен) қамтамасыз етілуі;

      практика базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі), тиісті кадрларды даярлау бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері ұсынылады;

      практика мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттар (келісімдер) оқу кезенде қолданыста болуы тиіс.

      Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО қолданылмайды;

      6) кадрларды даярлаудың "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласы бойынша аккредиттелген зертханалардың болуы немесе шарттар (келісімдер) негізінде аккредиттелген зертханамен қамтамасыз етілуі;

      зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің көшірмелері (кемінде екі) немесе аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері ұсынылады. Шарттар (келісімдер) оқу кезеңінде қолданыста болуы және шартты ұзарту туралы тармақ қамтылуы тиіс.

      18. "Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген) кадрларды даярлау бағыттарын қоспағанда, онлайн-оқыту нысанында білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘАОО білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:

      1) сымсыз технологияларды қоса алғанда, өткізу қабілеті кемінде 500 (бес жүз) Мбит/с болатын кең жолақты интернеттің қолжетімділігі. Жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін және деректерді қорғауды қамтамасыз ету;

      мәлімет кең жолақты интернеттің, сымсыз технологиялардың болуы және білім беру ұйымының ақпараттық қауіпсіздік саясаты туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      2) меншікті ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымның, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (ақпараттық-білім беру порталы, веб-сайт, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау жүйелері) және "Қашықтықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 тіркелген) көзделген оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де ақпараттық-білім беру ресурстары мен жағдайларының болуы;

      1000 (мың) бәсекелес пайдаланушыға есептегенде сервердің ең аз сипаттамалары бар 24/7 форматында білім алушыларды сүйемелдеу үшін өзіндік цифрлық инфрақұрылымның (кемінде 24 (жиырма төрт) есептеу ядросы, 60 (алпыс) гигабайт ЖСҚ, 1.5 ТБ дискілік кеңістік) болуы. ӘАОО оқытуды басқару жүйесінде цифрлық контенттің, онлайн-прокторинг жүйесінің синхронды және асинхронды оқыту функциялары бар цифрлық платформаларының (200 (екі жүз) пайдаланушыны бір мезгілде қосу мүмкіндігі бар бейнеконференцбайланыс үшін бағдарламалық қамтамасыз ету) болуы;

      мәлімет негізгі қорлардың, технологиялық жабдықтардың, сілтемелердің, сынақ рұқсатының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      3) оқу бағдарламаларының пәндерін оқыту тілдерінде 100% қамтамасыз ететін, электрондық басылымдар форматындағы оқу, оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қорының болуы;

      білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша оқу әдебиеті қорының кемінде 3%-ға жыл сайын жаңартуды қамтамасыз ету;

      кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен келісімдердің болуы (электрондық деректер базасына немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік);

      білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына электрондық ақпараттық ресурстарға және деректер қорына қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      мәлімет цифрлық тасымалдағышта оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      4) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 2 бұйрыққа сәйкес әзірленген болуы;

      ӘАОО-ның ресми платформасында орналастырылған білім беру бағдарламасы пәндерінің жалпы санының кемінде 10% құрайтын пәндер бойынша жаппай ашық онлайн-курс бағдарламаларының (қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасымен, бағалау көрсеткіштері мен өлшемшарттарын сипаттай отырып және білімді бақылау жүйесінің ерекшелігін көрсете отырып) болуы, сонымен қатар халықаралық білім беру платформаларына жазылуы;

      мәлімет № 2 бұйрыққа сәйкес толық оқу кезеңіне әзірленген, кадрлар даярлаудың бағытына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының мемлекеттік және оқыту тіл(дер)індегі көшірмесін қоса бере отырып расталады;

      ресми ӘАОО платформасында жаппай ашық онлайн курстарына және халықаралық білім беру платформаларына жазылуға сілтеме және тестілік қолжетімділік ұсынылады;

      5) оқытуды басқару жүйесіне интеграцияланған антиплагиат жүйесінің болуы;

      мәлімет басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей (парафраз) сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік алмастыра отырып, қарызға алынған материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып расталады;

      6) ӘАОО-ны оқытуды басқару жүйесін БЖБП-мен интеграциялау;

      мәлімет ӘАОО басқару жүйесін БЖБП-мен біріктіру туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      7) ӘАОО негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың кемінде 80%-ның соңғы 3 (үш) жылда кадрларды даярлау бағыты бойынша оқыту курсының көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) сағатты құрайтын IT-құзыреті және онлайн-оқыту әдістемесі саласында біліктілігін арттырудан өткен болуы; базалық IT-білімі бар оқытушылар үшін - соңғы 3 (үш) жылда оқыту курсының көлемі кемінде 36 (отыз алты) сағат онлайн-оқыту әдістемесі бойынша курстардан өтуі;

      мәлімет педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), оқытылып отырған пәндердің бейініне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын құжаттар, оның ішінде: курстың тақырыбы, игерілген сағаттар көлемі, курсты аяқтау мерзімі көрсетілген сертификат, курс нәтижелері туралы тындаушының есебі ұсынылады;

      8) оқытушылардың білімінің және(немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағының білім беру бағдарламасы пәндерінің бейініне сәйкес болуы;

      ӘАОО негізгі жұмыс орны болып табылатын білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың үлесі білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылардың жалпы санының 80%-нан кем болмауы;

      мәлімет кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып расталады (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

      9) кадрларды даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санының 70 %-нан кем болмауы;

      Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы Өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      19. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:

      1) МЖМС-да белгіленген білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сәйкестігі және сақталуы;

      2) МЖМС талаптарына сәйкес академиялық кезеңді сақтау;

      3) МЖМС талаптарына сәйкес академиялық кредиттерді игеру;

      4) жеке жұмыс жоспарының МЖМС талаптарына сәйкестігі және болуы.

      20. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті деңгейлерінің Дублиндік дескрипторлары негізінде айқындалған және оқытудың қол жеткізілген нәтижелерінде көрсетілген игерілген құзыреттерді көрсететін білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау;

      2) докторантураны қоспағанда, білім алушылардың МЖМС талаптарында көзделген оқытудың және құзыреттерді игерудің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім алушылардың білім, білік және дағды сапасын бағалау ведомостарының көшірмелері қоса беріледі).

      21. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар: МЖМС талаптарына сәйкес академиялық кредиттердің негізгі көлемін игеру мерзімдерін сақтау.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы
оқу орындарын бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
  Үлгі

Оқу жылына арналған білім алушылар контингенті туралы мәліметтер (бөлгішінде білім алушыларды мемлекеттік тілде көрсету)

№ р/с

Шифр, мамандықтың атауы (біліктілігі)

Білім алушылар контингенті

Барлығы

бакалавриат

магистратура

докторантура

1

2

3

4

5

6

      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
  2-қосымша
  Үлгі

Бітіруші курс білім алушыларының тестілеу нәтижелері

Р/с №

Курс, кәсіп, мамандық

Тізім бойынша журналдағы оқушылар саны

Нақты қатысқан оқушылар саны

Бағаларсаны "5" (А, А +)

Бағаларсаны "4" (В+, В, В-, С+)

Бағаларсаны "3" (С, С-, D+. D)

Бағаларсаны "2" (F)

Орташа балл

Оң бағалар %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша
  Үлгі

Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер _________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кадрларды даярлау бағытының оқу бағдарламаларының пәндері

Оқу әдебиеті

Оқу-әдістемелік әдебиет

Ғылыми әдебиет

Оқу әдебиеті қорының жыл сайынғы жаңартылуы туралы ақпарат, сондай-ақ әдебиеттің сатып алынған жылы

басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша
  Үлгі

Медициналық қызмет көрсетудің бар болуы, оның ішінде жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер ___________________________________________________________________________ (білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Медициналық орталықтардың жабдықталуы туралы ақпарат

Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
5-қосымша
  Үлгі

Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы(күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы және жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
6-қосымша
  Үлгі

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер ________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың (оқу корпустарының) нақты мекенжайы

Меншік құқығында, шаруашылық жүргізуде немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі құрылыстардың (оқу корпустарының) құжаттары туралы мәлімет

Оқу процесінде қолданылатын үй-жайлар туралы мәліметтер (аудиториялар, кабинеттер, нақты аумақтардағы практикалық сабақтарға арналған бөлмелер, акт және спорт залдары), үй-жайлар алаңы (шаршы метр)

Оқу, ғылыми зертханалар, мамандандырылған оқу кабинеттері, полигондар, тирлер, клиникалық базалар, нақты білім беру бағдарламаларына арналған шеберханалар (студиялар) туралы ақпарат, үй-жайлар алаңы (шаршы метр)

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға тең жағдайлардың жасалуы, инклюзивті білім беруге арналған арнайы кабинеттер туралы ақпарат (оқу құралдарымен, оқу әдебиетімен жабдықталған, бағдарламалық қамтамасыз етумен бейімделген), үй-жайлар алаңы (шаршы метр)

Әлеуметтік және басқа мақсаттағы үй-жайлар туралы мәліметтер (өткізу жуынатын бөлмелер (унитаздар, қол жуғыштар), үй-жайлар алаңы (шаршы метр)

Білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, техникалық сипаттамалар

Мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлермен қамтамасыз ету)
туралы ақпарат, үй-жайлар алаңы (шаршы метр), Санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы қорытындының мәліметтері

1

2

3

4

5

6

7

8









      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
7-қосымша
  Үлгі

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары білімі туралы, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы (ұйымның, өндірістің атауы, оқу, тағылымдама кезеңі), тағылымдамадан өту мерзімі (маман сертификаты)

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі)

Оқытылатын пәндер профилі бойынша практикалық жұмыстар туралы мәліметтер, еңбек өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы, бағыты)

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми (академиялық) дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шені немесе судья/отставкадағы судья туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Инклюзивті білім беруде оқыту дағдыларының болуы туралы ақпарат (курстар (кемінде 72 сағат), тағылымдамалар
(сертификат № және берген күні)*

Шетелдік білім беру ұйымында берілген білім туралы құжатты тану куәлігі туралы мәлімет

Оқытатын пәні

11

12

13

14

15

16







      * "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ӘАОО-на қолданылмайды.

      Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы
оқу орындарын бағалау
өлшемшарттарына
8-қосымша
  Үлгі

Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, зертханалық жабдықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының, бағдарламалық және ақпараттық жүйелердің болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (шаршы метр) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жабдықталуы туралы мәліметтер

Техникалық оқу құралдарымен жабдықталған аудиториялар, пән кабинеттері

Оқу шаруашылық ғимараттары, учаскелер, оқу құралдарымен жабдықталған оқу-өндірістік шаруашылықтар

Атауы және түрі көрсетілген оқу зертханалар жабдықтарының тізбесі, соның ішінде виртуалды зертханалары, толықтырылған шындық, интерактивті тренажерлар

Түрі көрсетілген техникалық оқу құралдарының тізбесі

Акт залы, спорт залы, кітапхананың жабдықтарының тізбесі

Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, арнайы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету

Жаңартылған дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, ӘАОО-ның басқару жүйесінің БЖБП-мен интеграциясы туралы ақпарат, edu.​kz аймағындағы үшінші деңгейлі домендік атау.
Интернеттің жылдамдығы туралы ақпарат

Онлайн оқытуға арналған жабдықтың болуы туралы ақпарат, онлайн оқыту туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын
іске асыратын әскери, арнаулы
оқу орындарын бағалау
өлшемшарттарына
9-қосымша
  Үлгі

Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес оқытушылардың, сондай-ақ менеджмент саласында білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны

Оқудан өткенін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (сертификат, есеп)

1

2

3

4

5

6

7

      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы
оқу орындарын бағалау
өлшемшарттарына
10-қосымша
  Үлгі

Мамандандырылған ғылыми-техникалық/ғылыми-әдістемелік/ эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*

Арнай ғылыми зертханалардың, ғылыми-зерттеу институтының, ғылыми орталықтың, техникалық паркінің болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Пайдалану құқығы туралы ақпарат (меншік құқығында немесе шарт негізінде)

Мамандандырылған базаның мақсатты мақсаты туралы, жабдық туралы, базаның қызметі туралы ақпарат

1

2

3

4

      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

      * Ескертпе: ақпарат кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы
оқу орындарын бағалау
өлшемшарттарына
11-қосымша
  Үлгі

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Білімі туралы мәліметтер (диплом бойынша біліктілік, оқу орнын бітірген жылы)

Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық), сондай-ақ кадрларды даярлау бағыты бейіні бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі

"ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежесінің/дәрежесінің болуы, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер

Ғылыми жарияланымдар туралы мәліметтер

Оқулықтың не оқу құралының атауы *

ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын ғылыми жарияланымдар тізімінде

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда *

кадрлар даярлау бағытының бейіні бойынша халықаралық конференциялар материалдарында *

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

      *Ескертпе: "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ӘАОО үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады