Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 02.10.2024 № 229/28-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының аумағын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасын сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Тулеутаев |
Астана қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жүнісов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астана қаласының |
|
Астана қаласының |
|
Астана қаласының |
|
"Астана қаласының Кәсіпкерлік |
|
"Астана қаласының Коммуналдық |
|
"Астана қаласының Мемлекеттік |
|
"Астана қаласының Сәулет |
|
"Астана қаласының Табиғи |
|
"Астана қаласының Тұрғын үй |
|
Астана қаласы ІІД Әкімшілік |
|
Астана қаласының ПИК |
|
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешіміне 1-қосымша |
Астана қаласының аумағын абаттандыруқағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астана қаласының аумағынабаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекітутуралы" бұйрығымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Астана қаласының аумағын абаттандыру саласындағы қарым-қатынасты реттейді және тәртібін белгілейді. Қағида меншік нысанына қарамастан Астана қаласының аумағында орналасқан жерлердің, ғимараттар мен құрылыстардың, жапсарластыра салынған орын-жайлардың, тұрғын үйлердегі тұрғын емес орын-жайлардың және басқа объектілердің иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
3. Астана қаласының аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру Астана қаласының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – әкімдік) уәкілетті басқару органдарына, абаттандыру мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларына жүктеледі.
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпы пайдалану орындары – бұл халық үшін қол жетімді немесе ашық аумақтар, объектілер;
2) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
3) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
4) газон – өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі;
5) күту тәртібі – ауа райы өзгерген жағдайда уақытылы әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс орнында болу мен жұмысты күту (техникалар, жұмысшылар) кезеңі;
6) қаланы абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын дамыту бойынша) және іс-шаралардың (аумақтару тазалау, құрғату және көгалдандыру, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау, санитариялық тазалау, шу деңгейін азайту бойынша ) жиынтығы;
7) қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, қайта кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюдықоса алғанда қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
8) қарды кәдеге жарату – қар еріту қондырғылары арқылы еріту мақсатында қарды қыздыру және әрі қарай тазалық қондырғыларына ауыстыру;
9) қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
10) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;
11) өндірістік және тұтыну қалдықтары – шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін, сондай-ақ сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
12) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге және басқа да шағын аудандар, орамдар, елді-мекендер ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
13) полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар – сұйық қалдықтар;полигон жағдайында жарылатын, жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупті қалдықтар; сумен реакцияға түсетін қалдықтар; медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары; рекультивациялау кезінде тұрақтандырушы материал ретінде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері; жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар; пестицидтер; қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары;
14) санитарлық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;
15) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
16) уәкілетті орган – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
17) ұйым – жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
18) шағын сәулеттік нысандар (ШСН) – дикоротивтік және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
19) іргелес аумақ – тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) пайдалануындағы, жалдауындағы, теңгеріміндегі басқа да объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2-тарау. Астана қаласының аумағын абаттандыру
1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
5. Жеке және заңды және тұлғалар Астана қаласының барлық аумағында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумақтарында тазалықты сақтап, абаттандыру элементтеріне (жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зиян келтіруге және бұзуға жол берілмеуі тиіс. Абаттандыру аумағын ашу қажет болған жағдайда олар бастапқы қалпына келтіреді.
6. Жергілікті атқарушы органдар, қала аумағының және оның абаттандыруын сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында, салу, қайта құру және жөндеу, аулаларды, көшелерді және алаңдарды қазумен байланысты жұмыс жүргізетін жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат жинайды.
7. Жалпыға ортақ жерлер және басқа орындарда жол жабындарын ашу, көшелерді, алаңдарды қопару бойынша жұмыстар, иелігінде аталған аумақтар тұрған тұлғалардың келісімдері бар болған жағдайда жүргізіледі.
8. Қалалық аумақтыашумен және жол төсемдерін, тротуар, газондар және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізу барысында, заңды және жеке тұлғалар құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді орындауға міндетті.
9. Инженерлік желілерде апаттар болған жағдайда пайдаланушы ұйым оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды. Бір мезгілде инженерлік желілері барұйымдарға (ұйымдар) олардың өкілдеріне апат орнына келу қажеттігі туралы хабарлайды және сәулет және жергілікті атқарушы органға абаттандыруды бастапқы қалпына келтіруді жүргізу туралы жазбаша хабарлайды.
10. Апаттық жағдайлар туындаған жағдайда кондоминиум объектісініңбасқару органы,сәулет және қала құрылысы саласында уәкілетті органға шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін үш күн ішінде хабарлайды.
11. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақтарда траншеялар мен шұңқырларды қазу жерасты коммуникацияларын салу үшін жеке және заңды тұлғалар мына шарттарды сақтай отыра жүргізіледі:
1) көшелерде, өту жолдарында, қаланың аулаларында сондай-ақ, адамдар және/немесе көлік қозғалысы бар орындарда әзірленетін траншеялар мен шұңқырлар қоршаулы болуы қажет;
2) қоршаулардаалдын ала ескерту жазбаларын және белгілерін орнату қажет, ал түнгі уақыттаолар жарық шағылыстыратын қасиеттері және ескерту сипатындағыдабылы болуы тиіс;
3) жаппай адамдардың жүріп-тұруына жанасатын жердегі уақытша құрылыс қоршаулары тұтас қорғаныс күнқағарменжабдықталуы қажет;
4) жер жұмыстарының өндірісі барысында құнарлы (топырақ) қабатын алу, сақтау және ұтымды пайдалану, қаланың барлық аумағында жүргізу керек,;
5) өндіріс жұмыстары аймағына түсетін ағаштың діңін зақымданудан сақтау қажет.
12. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
13. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды;
5) қауіпті қалдықтарды және бұдан әрі кәдеге жарату немесе өңдеу мақсатында мамандандырылған кәсіпорындар полигондарында орналастыруға тыйым салынған қалдықтардың тапсыруын қамтамасыз етеді.
14. Астана қаласының аумағын санитарлық тазалау кезінде пайдаланушы ұйым санитарлық тазалауды өткізу орындарындағы элементтердің барлық түрлерін сақтауды жүзеге асырады.
15. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
1) көшелерде, алаңдарда, жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда ластауға;
2) ҚТҚ, ыдыстарды, өндірістік, тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды жалпы пайдалану орындарында, кәсіпорын және жеке тұрғын үйлердің ішкі ауласын қоса алғанда сондай-ақ, контейнерлерде от жағуға;
3) өндірістік кәсіпорындардың тазаланбаған суын су қомаларына лақтыруға;
4) үй жайлардын ішкі кварталдарында және жалпыға ортақ жерлерде су бөлетін құдықтарды, су қоймаларында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде көліктерді сондай-ақ кілем өнімдерін жууға, тазалауға және жөндеуге;
5) топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, ағаштардың бұтақтарын, оларды брезентпен немесе басқа материалмен жабусыз тасымалдауға;
6) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез-келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, полигонда орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтардың нысанда иеліктен шығару;
7) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, коммуналдық қалдықтардың нысанда иеліктен шығару.
16. Ұйымдар аумағынан және инженерлік жүйелерден жерүсті суларын суағар коллекторлерге жасанды жіберу үшін орталықтандырылған кәріз желілерін пайдаланатын ұйымдардың келісімі және келісім-шарты бар болған жағдайда рұқсат етіледі.
2-параграф. Астана қаласының аумақтарын жинауды ұйымдастыру
17. Орамшілік аумақтары бойынша көше-жол желілері, алаңдар, жалпыға ортақ пайдалану орындарында (жалпы пайдаланудағы демалыс орындары, саябақтар, скверлер, жағалаулар) аумақты тазалаудың шекараларын белгілеу – мемлекеттік тапсырыс көлемінде жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады;
18. Бөлінген аумақтарда құрылыстардың және бөлмелердің екі және одан көп иелері болған жағдайда іргелес аумақтарды үйлесімді бөлу арқылы жүргізіледі.
19. Жалпыға ортақ орындарды жинау және күтіп-ұстау төмендегі жұмыс түрлерін қамтиды:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
20. Көшенің жүру бөлігін, оның барлық ені бойынша, алаңдарды, жолдарды және қалалық көше желілерін, көлік қою қалталарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп-ұстау жұмыстарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу негізінде жеңіп алған ұйымдар жүргізеді.
21. Соңғы автобус бағдарларында тұру-бұрылу алаңдарын тазалауды іргелес көшелердің өту жолының бөлігін тазалауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді (кесте бойынша).
22. Көше мен өту жолдары бойынша орналасқан немесе жол жағынан газонмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіреберісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан тратуарларды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ тратуарларды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жүргізіледі.
23. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тратуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тратуарларды (кіреберістер) тазарту осы құрылғылардың иелерімен және жерүсті инженерлік құрылғыларды пайдаланатын ұйымдармен жүргізіледі.
24. Көшенің жол жағынан газонмен бөлінген тротуар және тұрғын жай ғимараттарының кіреберісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығу орындарының жол жағын тазарту жұмыстары бөлінген аумақтырға сәйкес иелерімен және жерүсті инженерлік құрылғыларды пайдаланатын ұйымдармен жүргізіледі.
25. Көшелер мен өту жолдарының бойында орналасқан басқа тротуарды тазарту жұмыстарын өту жолдарын күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
26. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама және тоқтау алаңдарын тазалау жұмыстарын өту жолдарын тазалауды жүзеге асыратын меншік иелері жүргізеді.
27. Аялдама павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстарын олардың меншік иелері жүргізеді.
28. Бөлінген аумақта орналасқан меншігінде және пайдалануында құрылыстары бар бес метр радиусында іргелес, бөлінген аумақтардың, оларға қала көшелерінен кіреберістерді жинау және тазалауды заңды және жеке тұлғалар өз күштерімен немесе шарт бойынша ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
29. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес аумақтарды жарнамалық құрылғыларға бес метр радиуста тазартуды жарнама құрылғыларының меншік иелері мен олармен шарт бойынша тазартуды жүзеге асыратын ұйымдар орындайды.
30. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарлар орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын тротуарларды тазартуға жауапты мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
31. Трансформаторлық немесе бөлу қосалқы станцияларына, автоматты түрде жұмыс істейтін (қызметкерлерге қызмет көрсетусіз), басқа инженерлік орын-жайларға (зақымдалуды болдырмау үшін), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарды тазарту жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жерүсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстарын желілердің иелері жүргізеді.
32. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, көшеде уақытша сауда жасау аумағының орындарын көшедегі жүру жолдарын қоса алғанда, сауда объектілерінің иелері тазартады.
33. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелері мен осы объектілерді пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
34. Автожанармай құю станциясына, автожуу бекеттеріне, автожанармай құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын орындарды тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді.
35. Пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс берушілер, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан ұйым жүргізеді.
36. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектілерге бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтарды тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстарыбөлінген қаржы шегінде бюджеттік қаражат есебінен ішкі ормадардың аудандарын жинау бойынша ұймдармен жүзеге асырылады.
37. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары) салдарынан пайда болған су басу жағдайларын жою, бұзушылыққа жол берген ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
38. Аула аумақтарын, аула ішіндегі өтпе жолдар мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен кондоминиумның басқару органымен, коммуналдық шаруашылық ұйымдармен немесе қызмет көрсетуге шарт жасасқан тиісті ұйымдармен жүзеге асырылады.
39. Ауданның көп қабатты тұрғын үйлердің кондоминиумның басқару органы, мамандандырылған көлік құралдары үшін:
1) контейнерлер алаңдарына;
2) газтарату қондырғыларына;
3) қар және қоқыстарды жинау барысында тұрғын үйлердің ішкі орамдарына қолжетімдігін қамтамасыз ету қажет.
40. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің кондоминиумның басқару органы мен меншік иелері, ғимараттардың және құрылыстардың меншік иелері контейнерлік алаңдар мен оған іргелес аумақтын тиісті санитарлық күйін қамтамасыз етеді.
41. Шудан қорғау қабырғалары, металл қоршаулары, жол белгілері мен көрсеткіштері, жол абаттандыру элементтері техникалық ақаусыз күйде және тазалықта күтіп-ұсталуы олардың теңгерімінде тұрған ұйымдармен ұсталуы қажет.
42. Жинау бойынша ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға, келесіге тыйым салынады:
1) аумақты санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды орындау барысында қоқысты көшелердің жүру бөлігіне және өтпе жолдарға жылжытуға;
2) магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүру бөлігіне, ормаішілік өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен тазартылған қарды лақтыруға немесе жылжытуға;
3) қарды жинау барысында жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға;
4) жолдардың шетінде қар үйінділерін құру барысында тротуар мен газонға қарды көшіруге;
5) қар үйіндісін тазартқаннан кейін өтпе жолға қарды шығаруға және үюге;
6) нөсер қабылдағыштарға қар үйіндісін жинауға;
7) сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға;
8) жағалау аумағына қоқысты, балшықты, ластанған қарды, тазаланбаған өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тастауға;
9) ағынды су коллекторларына, жауын қабылдағыш құдықтар мен арық жүйесіне сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға;
10) ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға.
43. Күзгі-қысқы тазалау мерзімі әрбір жылдың қазанынан бастап сәуірге дейін белгіленеді. Климаттық жағдайларға байланысты жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қысқы тазартуды жүргізу мерзімі өзгеруі мүмкін.
44. Жапырақтар түсетін кезеңде, бөлінген аумақтарды тазалауға жауапты ұйымдар көгалдардан, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарынан түскен жапырақтардың күреуін және шығаруын, жүргізеді.
45. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа да жасыл аймақтардағы жолдарды жинау барысында жеке және заңды тұлғаларға, құрамында химиялық реагенттері жоқ, осы мақсатқа алдын ала дайындалған алаңдарда, отыз сантиметр қашықтықта жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуі және еріген қар судың кетуі болған жағдайда қарды уақытша сақтауға рұқсат етіледі.
46. Өтпе жолдардың шетіндегі қарды жинау және шығару осы көше немесе жолдың өтпелі бөлігін жинауға жауапты заңды және жеке тұлғалардың өз күшімен жүргізіледі.
47. Жеке және заңды тұлғалардың көшелерден көлік жүретін бөлігінде және өтпе жолдарда, тротуарлар және аула аумақтарында өндірістік жинау жұмыстарының технологиясы және тәртібі, ауа райы жағдайына қарамастан кедергісіз көлік құралдарының мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
48. Арнайы қоспамен араласқан құмды төсеу бойынша жұмыстар қар шығару ұйымдарымен қар жауа бастаған немесе мұзтайғақ пайда болғанда басталады.
49. Уақытылы санитарлық тазалауды қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің келісімі бойынша күту режимінде болатын машиналар мен механизмдердің тәулік бойғы кезекшілігі қар шығару ұйымдарымен ұйымдастырылуы керек.
50. Жеке және заңды тұлғалар уақытша жиналған қар үйіндісі түрінде қарды уақытша жинауға арналған көшелердің жүргін бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуар жолдарынан тазаланған қар көшелердің жүргін бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне жиналған қар, ал кіреберістер мен ғимараттарға кіретін, сатылық құрылымдардан жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарға уақытша үйеді.
51. Қарды жинау барысында, ұйымдар абаттандыру, жасыл желектердің, барлық инженерлік коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
52. Бір жақты көлік қозғалысы бар көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде скверлер, газондар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлінетін жолақтары бар магистральдар жағынан қар сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде жиектасқа дейін қардан және мұздан қар шығару ұйымдарымен тазалануы тиіс.
53. Қар шығару бойынша ұйымдармен жолдың жүру бөлігінің шетінен механикаландырылған күреу және сыпыру жүргізілгеннен кейін бірінші кезекте аулаларға кіреберіс, шығу жолдары, орам ішіндегі өтпе жолдар тазартылады.
54. Қоғамдық көлік аялдамаларынан, жер үсті тротуар өткелдерінен, көпірлерден және жол өткелдерінен, көпшілік баратын орындардан (сауда орталықтары, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, автостанциялар, театрлар, білім беру, денсаулық сақтаумекемелері) қарды шығару, қар жауу аяқталғаннан кейін аула ішілік және аумақтардың орам ішілік жүруін қамтамасыз ете отырып, қар шығару ұйымдарымен бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
55. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін магистральдік көшелерден және жолдардан, үйілген қарды аумақтардың аулаларынан және аула ішіндегі өтпелерден қарды шығару, қар жауу аяқталғаннан кейін үш тәулік ішінде, қалған көшелерден және аумақтарданқар жауу аяқталғаннан кейін кемінде бес тәулік ішінде қар шығару ұйымдарымен жүзеге асырылады. Жеке секторлардың аумақтарынанқарды шығару, қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен кем емес жүзеге асырады.
56. Жеке және заңды тұлғалармен қар арнайы жабдықталған қарды кәдеге жаратуға қабылдау орындарына және/немесе арнайы әзірленген алаңдарға шығарылуы қажет.
57. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқысты жинауға жауапты кәсіпорындармен қоқыстан тазаланып, абаттандырылуы тиіс.
58. Қар шығару ұйымдарымен қар жинауға арналған техниканы қолдану мүмкін емес орындарда қолмен тазалау қолданылады.
59. Аула аумақтарынан және орамішілік өтетін жерлерден тазартылған қарды ауладағы автокөліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарда үштәуліктен аспайтын мерзімге үйіп жинауға рұқсат етіледі. Аулаішілік аумақта қарды үйіп жинаған кезде судың жылғалармен ағып кетуін қарастыру керек.
60. Қысқы уақытта меншік иелеріне және жалға алушыларға ғимараттар мен үй-жайлардың (паркингтер) уақытында меншікті және іргелес аумақтарды қардан және мұздан тазалауды ұйымдастыру қажет және оларды қар полигонына өз күштерімен немесе шарт бойынша ұйыммен немесе осы қағиданың 42 тармағының 5) тармақшасына сәйкес шығаруды қамтамасыз ету қажет. Ғимараттардың шатырларынан жаяу жүргіншілер жағына шығатын аймақтарды тазарту, қауіпті учаскелерге қоршауды алдын ала орнатумен тез арада жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан қарды жинау ішкі аула аумақтарында орындалады. Жаяу жүргіншілердің жазатайым жағдайларын және әуе желілері, шырақтар мен екпелердің зақымдануын болдырмай жүргізу қажет.
61. Ғимараттың шатырынан тасталған қар мен сүңгі мұзды ғимараттың (объект) меншік иесі (теңгерім ұстаушы) көшенің өту бөлігіне алып тастайды және өз бетінше немесе мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша қар полигондарына шығарылады.
62. Қар шығару бойынша ұйымдармен қарды кейіннен қатқан мұздан жинауды жүргізу барысында, бірінші кезекте, жаяу жүргіншілерге арналған тратуарлар, аулаға кіреберістер, қоқысты жинау үшін контейнерлерге және өрт гидранттарына, сондай-ақ газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қондырғылары мен қосалқы трансформаторлар үшін жолдар тазартылады.
63. Кондоминиум объектісінің басқару органдары немесе тұрғын үй қорына қызмет көрсетуші ұйым көктемгі кезең басталғаннан бастап мыналарды ұйымдастырады:
1) қар суының қалыпты ағып кетуін талап ететін орындарда ағынды қамтамасыз ету үшін ойыстарды жуу және тазарту;
2) еріген су өтетін кәріздердің люктері мен қабылдағыш құдықтарына қарай қар суын жүйелі түрде ағызу;
3) қар ерігеннен кейін қалған қар мен мұзды, қоқысты жинап, аула аумағын жалпы тазарту.
64. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында, кондоминиумдардың басқару органдары және жеке меншік тұрғын үйдің иелері аулаларда қар жинауды уақытылы жүргізеді, шағын сәулет нысандары мен өзге де сәндік элементтерін қардан тазартады. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері, кондоминиум объектілерін басқару органдары, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардың иелері кімнің жауапкершілік аймағында олар жатқызылған немесе бекітілген инженерлік желілер құдықтарының тазалауын жүргізеді.
65. Жергілікті атқарушы органдармен саябақтар мен жағалаулар, орнатылған сауыттардан бөлек, контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдармен жабдықталуы керек.
66. Жинау бойынша ұйымдармен қыс аяқталғаннан кейін су аймағының жағалауы қоқыстардан, апаттық үйінділерін тазартылуы тиіс, су бассейнінің санитарлық жағдайын күтіп ұстау бойынша іс-шаралары жүргізіледі.
67. Жинау бойынша ұйымдар күнделікті жағажай жабылғаннан кейін негізгі тазалауды жүргізуі тиіс, жиналған қоқыс пен қалдықтар дереу шығаруға жатады.
68. Қала аумағынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстарын айына бір реттен кем сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарымен жүргізіледі.
69. Жеке және заңды тұлғалар жаңбыр қабылдағыш құдықтардың торларының жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, торлар мен құдықтарды ластауға, тұнбалауға жол берілмейді.
70. Жүру бөлігіндегі қоршаулар, тротуарлар мен газондарға, басқа да жолдарды абаттандыру элементтерін күтіп ұстау теңгерімінде тұрған ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
3-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару
71. Қатты тұрмыстық қалдықтардың меншік иелері қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе қалдықтарды жою бойынша операцияларды орындайтын субъектілердің қызметтерін пайдалануы тиіс, не осы Қағидалардың 71-1, 71-2, 71-3-тармақтарына сәйкес қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 22.11.2017 № 200/24-VI шешімімен.71-1. Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде тұратын немесе орналасқан жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.
Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі әкімдікпен Астана қаласының аумағынан қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізу арқылы ұйымдастырылады.
Ескерту. 3-параграф 71-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 22.11.2017 № 200/24-VI шешімімен.71-2. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде орналаспаған және меншікті контейнерлік алаңдары жоқ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын субъектілермен шарттар жасауға құқылы.
Ескерту. 3-параграф 71-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 22.11.2017 № 200/24-VI шешімімен.71-3. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Астана қаласының аумағында қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын мамандандырылған субъектілермен шарттар жасасқан жағдайда қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды жүзеге асыруы мүмкін.
Ескерту. 3-параграф 71-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 22.11.2017 № 200/24-VI шешімімен.72. Контейнерлік алаңдарда ауқымы мен көлемі контейнерлерден асатын қалдықтарды шығару меншік иелерімен немесе қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
73. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.
74. Қызметі нәтижесінде қауіпті қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар, олар туындаған сәттен бастап қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
75. Қоқыс шығаратын ұйымдар шартта көрсетілген мерзімде қоқысты жою жөніндегі қызметтерді көрсетеді және қалдықтарды жинауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп қайта өңдеуді жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындарға жеткізуді жүзеге асырады.
76. Жергілікті атқарушы органдар үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдарды орналастырады.
77. Жеке және заңды тұлғалармен қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы ваккумдық көліктермен шығарылады.
78. Жеке және заңды тұлғалармен сұйық қалдықтар, кәріз желілерін пайдаланушы ағын суларды қабылдауды анықтайтын мамандандырылған пунктіне ағызылады. Арнайы емес құдықтарға сұйық қалдықтарды өз еркімен ағызуға жол берілмейді.
79. Сұйық қалдықтар қалдық шығаратын ұйымдармен мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.
80. Аумақтағы контейнерлік алаңшалары бар жеке және заңды тұлғалар мына талаптарды орындауы тиіс:
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы және контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы;
2) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз ету;
3) ҚТҚ, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасу;
4) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға мамандандырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарту.
81. Жеке және заңды тұлғаларға тыйым салынады:
1) тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстары бар ыдыстарды көшелерге, қоғамдық пайдалану орындарына, баспалдақ аудандарына шығаруға;
2) үйінділерді жасауға, жерге қоқысты көміп тастауға;
3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, контейнерлерге орнықтыруға және ҚТҚ жатпайтын қоқысты алаңдарда, оның іргелес аумақтарында жинауға;
4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;
5) жеке тұрғын үйлерге іргелес аумақтарда, ғимараттар мен құрылыстарда қоқыстарды жинауға;
6) сұйық қалдықтарды және ірі көлемді қоқысты қоқыс салғышқа тастауға;
7) қатты тұрмыстық қалдықтары үшін контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күлді тастауға және жинауға.
82. Контейнерлерлік алаңдарға қызмет көрсетуші ұйымдар олардың уақтылы жөндеуін жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз болған контейнерлерді ауыстырады; қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
83. Контейнерлерді қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылған қоқыстарды жинауды коммуналдық қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтары шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
84. Жеке және заңды тұлғалар аулалық шұңқырларды толтырылғанына байланысты, айына кемінде бір рет тазарту қажет.
85. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
86. ҚТҚ қоқыс шығарушы ұйымдармен, табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген кестелерге сәйкес шығарылады. Кестелер ҚТҚ жинау алаңдарында ілініп қойылады.
87. Жеке тұрғын үйдің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелерінде күл жинау үшін контейнерлердің болуына құқылы.
88. Жеке тұлғалар жиналған күлді контейнерлік алаңның аумағында орналасқан күлді жинау үшін арнайы контейнерлерге жинауды қамтамасыз етеді.
89. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
90. Пайдаланылған құрамында сынап бар лампаларды, құралдарды және басқа да қауіпті қалдықтарды, полигонда қалдықтарды орналастыруға тыйым салынған қалдықтарды жинау және олардың пайда болу көзінен тасымалдау тек қана оларды қайта өңдеуге/кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.
91. Заңды тұлғалар және қоқыс жинау ұйымдарымен қоқыстар үшін сауыттар орнатылуы тиіс:
1) халық көп баратын орындарында бір-бірінен елу метр қашықтықта;
2) аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда оннан жүз метрге дейінгі қашықтықта;
3) қоғамдық көлік аялдамаларында және шағын және орта бизнес объектілерінің кіреберісінде екі сауыт.
92. Сауыттарды орнату, тазарту және жуу аумақты пайдаланушы ұйымдармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар меншік иелері жүргізеді. Сауыттарды тазарту олардың толуына қарай орындалады, бірақ күніне бір реттен кем емес.
93. Сауыттарды жуу иелігінде немесе тазарту ұйымдарымен ластануына байланысты жүргізіледі, бірақ аптасына бір реттен кем емес.
94. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында асфальт бөлімін шығару, қаланың басты магистральдарда жүргізген ұйымдармен – тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде шығарылады.
95. Өзен айдындарынан, су қоймаларынан, қала аумағының каналдарынан және оған іргелес аумақтардан ұстау және оларға іргелес аумақтардан қоқыстарды жинау қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
96. Жеке және заңды тұлғалармен, іргелес аумақтарда, газондарға, сауда шатырларында, дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының шатырларда ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
97. Құрылыс алаңдарды, жұмыстар үшін учаскелерді жайластыру жеке және заңды тұлғалармен "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстардың салуын ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2011 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
98. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аландары қоқыс контейнерлеріне, кір кептіретін, балалар демалатын, ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
99. Алаңдардың саны, орналасуы және жабдықталуы құрылыс және эпидемиология саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
100. Ұйымдар, ауланы абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтағаннан соң, жергілікті атқарушы органдармен жасалған шарттар бойынша ШСН ағымдағы күтіп ұстауын жүзеге асырады.
101. ШСН жарамсыздығына байланысты элементтердің ауыстыруын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
102. Аула ауданының абаттандыруымен айналысатын заңды тұлғалар
15 сәуір мен 15 қазан аралығында қажеттілігі бойынша балалар алаңдарын құммен толтырады.
103. Заңды және жеке тұлғалар – шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен ШСН ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге тиісті. ШСН жөндеу және бояу жұмыстары көктемгі-жазғы кезеңде жүргізіледі.
104. Иелігінде инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар Астана қаласының абаттандырылуының бұзылуына алып келетін инженерлік желілер мен құрылғылардың техникалық жағдайын қадағалап отыруы керек.
5-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
105. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды.
106. Жеке және заңды тұлғаларға өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
107. Егер де заңды және жеке тұлғалардың меншігінің шаруашылық жүргізуінде немесе заңды тұлғалардың жедел басқаруында тұрғын ғимараттарында немесе тұрғын емес жеке бөлмелері болған жағдайда, онда осы тұлғаларға жөндеу барысында және тепе-тең орналасқан алаңдарда ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруде үлестік қатысу қажет. Жоспарланған тұтастай жөндеу жүргізген уақытта және ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруде, өлшемдері бойынша тепе-тең орналасқан аудандарда, мұнда үлестік қатынасы бар, бұл мақсаттарға арналған қаражатты біріктіруі мүмкін.
108. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар жалға алу шартының талаптарына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қатысады.
109. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп-ұстауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
110. Дүкендер мен кеңселердің беткі жақтары таза және жұмыс жағдайында ұсталуы керек, қажет болған жағдайда жеке элементтері теңгерім ұстаушымен жөнделеді және сырланады.
111. Көше бағдарларын, нөмір белгілерін және флагштоктарды таза күйінде ұстау ғимараттардың, құрылғылардың теңгерім ұстаушыларына жүктеледі.
112. Жеке және заңды тұлғалармен тәуліктің қараңғы уақытында қасбеттерді, кіреберістерді, баспалдақ алаңындағы әрбір алаңды (табиғи жарық түспейтін сатыларды тәулік бойы жарықпен қамтамасыз ету), құрылыс салу және көшелердің нұсқау белгілерін, үйлердің, кіреберістерің нөмір белгілерін, сондай-ақ өрт гидранттарының нұсқау белгілерін сыртқы жарықпен қамтамасыз ету қажет.
113. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың қасбеттерінде Қазақстан Республикасының аумағында радиоарналарды таратуға лицензиясы жоқ ұйымдармен спутниктік немесе эфирлік сигнал байланыс операторлары және (немесе) радио хабарлары үшін, спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орналастыруға жол берілмейді.
6-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
114. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде жиырма люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте оң люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі, басым жүйесімен жабдықталмаған аумақтарды қоспағанда.
115. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды сыртқы жарыққа жауапты ұйымдар жүзеге асырады.
116. Істен шыққан құрамында сынабы бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады.
117. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез арада жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
118. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
119. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде, сондай-ақ оларды сөндіру кезеңінде судың беті жинау бойынша ұйыммен қоқыстан күн сайын тазартылады.
120. Субұрқақтарын қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, жуу және тостаған тазарту кестесін, технологиялық үзілістер және жұмысының аяқталуы уәкілетті орган айқындайды.
7-параграф. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
121. Жеке және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешіміне 2-қосымша |
Астана қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешiмі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 326 болып тiркелген, 2004 жылғы 15 мамырда "Астана хабары", 2004 жылғы 22 мамырда "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған).
2. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 214/28-ІІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 430 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпанда "Астана хабары", 2006 жылғы 16 ақпанда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
3. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 380/47-ІІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 469 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
4. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 59/10- IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 526 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Астана хабары", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
5. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 168/28-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 556 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған ).
6. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 мамырдағы "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістр енгізу туралы" № 226/35-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
7. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 271/39-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 602 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" 2009 жылғы 26 желтоқсанда газеттерінде жарияланған).
8. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 356/48-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 636 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
9. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 440/59-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 672 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 сәуірде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
10. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 463/65-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 688 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
11. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 28 мамырдағы "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" № 226/35-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 71/9-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 747 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған ).
12. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 26 тамыздағы "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 243/37-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 72/9-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 748 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған ).
13. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 97/11-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 764 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газетінің газеттерінде жарияланған).
14. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 122/14-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 777 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
15. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 255/36-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 819 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
16. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 345/48-V шешімінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 903 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
17. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" № 28/6-III шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 382/54-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 930 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
18. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 413/57-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).