Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 413/57-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 29 қазанда № 961 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы маслихаты


сессиясының төрағасы

Т. Егінбаев

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


  Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 413/57-V шешімімен бекітілді

Астана қаласы мәслихатының
кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер

      1. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 380/47-III шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 сәуірде 672 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 23 сәуірдегі "Астана ақшамы" газетінің № 46 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 48 нөмірінде жарияланған):

      шешімнің кіріспесінде "және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 3, 387-баптарымен" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.

      2. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 59/10-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 25 сәуірде 526 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы "Астана хабары" газетінің № 55 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 52 нөмірінде жарияланған):

      шешімнің кіріспесінде "және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 3, 387-баптарымен" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.

      3. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 168/28-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қаңтарда 556 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Астана ақшамы" газетінің № 10 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 12 нөмірінде жарияланған):

      шешімнің кіріспесінде "және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 3, 387-баптарымен" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.12.2015 № 447/62-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 440/59-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 18 сәуірде № 672 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 сәуірдегі "Астана ақшамы" газетінің № 46 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 48 нөмірінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:".

      6. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 463/65-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 3 тамызда № 688 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 тамыздағы "Астана ақшамы" газетінің № 89 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 94 нөмірінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:".

      7. "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 465/65-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 12 тамызда № 691 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 тамыздағы "Астана ақшамы" газетінің № 93 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 98 нөмірінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы кодексінің 3, 300-баптарына, бабының 1-тармағының 8) тармақшасына" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.

      8. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 09.11.2016 № 69/11-VI (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 97/11-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 14 қаңтарда № 764 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтардағы "Астана ақшамы" газетінің № 7-8 нөмірлерінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 8-9 нөмірлерінде жарияланған):

      шешімнің төртінші абзацында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына," деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;

      10. "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 122/14-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 8 мамырда № 777 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 мамырдағы "Астана ақшамы" газетінің № 53 нөмірінде және "Вечерняя Астана" газетінің № 58 нөмірінде жарияланған):

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады