Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШТІ:
1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: диагнозы бар азаматтарға дәрілік заттар (рецепт бойынша) беріледі:
"Ревматоидты артрит" - "Адалимумаб" дәрілік құралы;
"Қаптайтын тромбоангиит. Бюргер ауруы" - "Метотрексат", "Метилпреднизолон" дәрілік заттары;
"Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, гематологиялық аурулар" - "Азацитидин" дәрілік заттары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Адекенов).
3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Түкбаева |
Облыстық мәслихат хатшысы |
Р. Әбдікеров |