Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі Х сессиясының № 221 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 4384 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 161 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 14.03.2024 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А Осин) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
хатшысының м.а
С. Әдекенов
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ш. Осин

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2017 жылғы 29 қырқүйектегі
№ 221 шешімімен
бекітілген

Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағида меншік нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

      3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді.

      4. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;

      2) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрі;

      3) үй жануарлары-иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.

      4) жабайы жануарлар - табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;

      5) ветеринарлық анықтама - тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

      6) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;

      7) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      8) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      9) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

      10) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      11) дезинсекция -жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      12) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

      13) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені.

2 тарау. Жануарларды асырау тәртібі

      5. Жануарларды "Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін бекіту" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5145 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына, "Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11837 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына (бұдан әрі – Өндіріс объектілеріне қойылатын талаптар) және "Өндірістік объектілердің санитариялық - қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық - эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11124 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығына сәйкес асырау керек.

      6. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11003 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 бұйрығына сәйкес жойылуға жатады.

      7. Жануарлар тұратын орындарды жәндіктерге, кеміргіштерге қарсы күрес мақсатында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10028 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына және Өндіріс объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық препараттармен тазалау қажет.

      8. Жеке және заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге, жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы, жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

      9. Жануарларды бірдейлендіру сырғалау, чип салу және таңба басу ветеринариялық паспорт беру жолымен жүргізіледі.

      10. Жабайы жануарлардың мемлекеттік есебін жүргізу "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 7492 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Асырау тәртібі, қараусыз ұсталған жануарлардың иелеріне қайтарылуы мен иелерінің жауапкершілігі 1994 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес анықталады.

      12. Үй жануарларына қарау тәртібі, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10183 болып тіркелген) "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен белгіленген.

      13. Жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, келесіні қамтамасыз ету қажет:

      1) ауыл шаруашылығы, үй жануарлары мен асыл тұқымды малдарды уақытылы бірдейлендіруді;

      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы маңызы бар және үй жануарларын уақытылы диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді;

      3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;

      4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен;

      5) жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және биостерилизациялау жолдары арқылы шаралар қолдануы;

      6) көлік жолында жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауы;

      7) санитариялық - гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі.

      14. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы, үй, жабайы және асыл тұқымды жануарларды ұстау кезінде келесіні қамтамасыз етеді:

      1) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді, табиғи жарықты, вентиляцияны;

      2) құқық қорғау органдары арнайы дайындалған жануарларды (иттерді) қызметте шұғыл пайдаланған уақытта және оларды оқу-үйрету іс-шараларында пайдаланған уақытта, тұмылдырықта болуын және қысқа тізгінде ұсталуын;

      3) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын;

      4) оқшауланған қора-жайда, қоршалған аумақта бос қойып немесе байлаулы ұстап бағуды. Күзетуге арналған жануарларды (иттерді) "абайлаңыз қабаған ит" деген ескерту жазуы бар, жабдықталған қора-жайларда немесе байлауда ұсталуын;

      5) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, өз тұрғын алаңында бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын жайларында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардан жазбаша келісімдерімен).

      15. Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері айқындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті елді мекеннің тұрғындарының жалпы жиналысында ұсыныстар енгізеді.

      16. Адамдар мен жануар денсаулығына ерекше қауіп тудыратын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Жануар клиникалық сау болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға қайтарылады.

      17. Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар өз қызметтері процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11003 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

      18. Жануарларды сату, әкелу және әкету Өндіріс объектілеріне қойылатын талаптарға, "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10223 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына және "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10131 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Жануарларды Қарағанды облысынан тыс жерлерге және басқа елді мекендерде шығару "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11127 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 6321 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 және "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11898 болып тіркелген) 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Жануарларды сою (жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа) "Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 12208 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығыа сәйкес жүргізілуі қажет.

      21. Қарағанды облысының аумағында ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды асырау Қарағанды облыстық маслихаты белгілейтін санитариялық аймақтарда жүзеге асырылады.

      22. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады