"Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 21915 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 қарашада Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 539 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына
5-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) мынадай түрлері: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген (консерватория) ұйымдар ұсынады.

      3. ЖЖОКБҰ міндеті – ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасу мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.

      4. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2011 жылғы 18 ақпандағы "Ғылым туралы", 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы", 2015 жылғы 31 қазандағы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

      Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабына сәйкес бекітілетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      5. ЖЖОКБҰ-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖЖОКБҰ жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      ӘАОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына, ӘАОО жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. ЖЖОКБҰ-дағы басқару органдары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай директорлар кеңестері немесе құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де басқару органдары болып табылады.

      Білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары кеңес (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандар болып табылады.

      ЖЖОКБҰ басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ЖЖОКБҰ-ның ішкі ережелерімен регламенттеледі.

      7. ЖЖОКБҰ өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      8. ЖЖОКБҰ қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖЖОКБҰ басшысы жүзеге асырады.

      9. ЖЖОКБҰ проректорларын тағайындау, олардың саны және лауазымдық өкілеттіліктері ЖЖОКБҰ-ның ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      ӘАОО-да Қазақстан Республикасының қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалатын басшының орынбасарлары болады.

      10. ЖЖОКБҰ басшысы ЖЖОКБҰ-ның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, заңнамада белгіленген тәртіппен ЖЖОКБҰ мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

      11. ЖЖОКБҰ басшысы алқалы басқару қағидаттарында ЖЖОКБҰ-ны басқаруды жүзеге асырады, білім алушылардың даярлық сапасын, "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарының сақталуын, қаржылық тәртіптің, шарт талаптарында көзделген ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен білім алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      12. ЖЖОКБҰ-ның басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. ӘАОО-да басшы Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

      13. Сот төрелігі академиясының, ӘАОО-ның басшыларын қоспағанда, ЖЖОКБҰ-ның басшысы жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы бойынша қоғамдастықпен ЖЖОКБҰ-ның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері жөнінде есеп беру кездесулерін өткізеді.

      ЖЖОКБҰ-ның қаржылық есебі алдын ала басқару органдарымен келісіледі.

      14. ЖЖОКБҰ-ның персоналды (қызметкерлерді) басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, ол адам ресурстарын дамыту, рекрутингті, жоғары оқу орнының басшы кадрларын, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын меритократия қағидаттарына негізделеді.

      Бұл ретте, Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет тиісті сертификат (куәлік) ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) тағылымдамадан өтуі қамтамасыз етіледі.

      15. ЖЖОКБҰ жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарың біліктілік сипаттамаларын айқындау арқылы белгілейді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ дәрістердің оқуын "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе бейін бойынша кемінде бес жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.

      Дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-ші деңгейіне сәйкес келетін тәжірибелі мамандар тартылады.

      ӘАОО-да және Сот төрелігі академиясында дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына және 5-2 бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.

      16. ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ӘАОО-ның профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      17. ЖЖОКБҰ өз құрылымын қалыптастырады және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖЖОКБҰ қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтиды.

      Комерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – КеАҚ) нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімді қабылдау директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      ӘАОО құрылымын "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 4-бабының 16-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      18. ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді әзірлейді бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      19. Штаттық кестені ЖЖОКБҰ айқындайды және оны жыл сайын басшысы бекітеді.

      КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да штаттық кестені бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      ӘАОО-да штаттық кестені тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      20. ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің оқу жүктемесінің нормаларын, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерін айқындайды.

      ӘАОО-да қызметкерлердің оқу жүктемесінің нормалары, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      21. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі академиялық саясат негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.

      22. Академиялық саясат ЖЖОКБҰ-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді және сақталады.

      Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖЖОКБҰ айқындайды.

      23. ЖЖОКБҰ-да оқу жылы қыркүйек айынан, бейіндік магистратура бағдарламалары бойынша қыркүйек және қаңтар айларынан басталып, академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

      ӘАОО-дағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.

      24. Білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамсыз етеді.

      ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдауды аяқтағаннан және білім туралы құжаттарды бергеннен кейін бір ай ішінде осы ақпаратты білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      ЖЖОКБҰ білім туралы берілген құжаттар бойынша электрондық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрайды.

      Осы тармақта көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына таратылмайды.

      25. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын ЖЖОКБҰ бекітеді.

      КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      26. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      ӘАОО-ның білім беру қызметі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) сәйкес ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      28. ЖЖОКБҰ оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысы, оқыту технологиялары арасында, оның ішінде ҚБТ пайдаланумен уақыт көлемінің арасалмағын анықтайды.

      29. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдердің және пікірлердің синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.

      Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидалары мен тәртібін ЖЖОКБҰ әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.

      Оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің басылымға шығаруға ұсынылған ғылыми жұмыстарын бөтен мәтінді пайдалануды анықтау жүйелерінде тексеруге рұқсат етіледі.

      30. ЖЖОКБҰ оқытушысы білім беру бағдарламалары, оқу бағдарламалары (силлабус) және ең үздік халықаралық білім беру практикасы негізінде оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие.

      31. ЖЖОКБҰ осы қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы кез келген ЖЖОКБҰ-ға қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

      Уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ таратылған жағдайда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары ЖЖОКБҰ-ның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ерікті түрде тоқтату немесе тарату туралы жүгінген күнінен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.

      Егер ЖЖОКБҰ білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырылады және қайта қабылданады.

      Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, өз қалауынша басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысады.

      Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖЖОКБҰ даярлау бағытын және білім беру бағдарламасының бейінін, білім алушының оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзған жағдайларын ескереді. Білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы кезінде оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін ЖЖОКБҰ тиісті комиссияны құрады.

      Жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖЖОКБҰ-ға тек ақылы негізде ғана ауысады.

      Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖЖОКБҰ-дан ұлттық ЖЖОКБҰ-ғa немесе өзге де ЖЖОКБҰ-ға ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.

      Шығармашылық даярлықты қажет ететін білім беру бағдарламаларының тобынан басқа білім беру бағдарламаларының тобына білім алушының ауысуы "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.

      ӘАОО-да білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

      32. Білім алушыға академиялық демалыс сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде, босанғанда, бала асырап алған жағдайда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.

      Білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін ЖЖОКБҰ анықтайды және сақталуын қамтамасыз етеді.

      33. ЖЖОКБҰ-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

      ӘАОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

      34. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖЖОКБҰ еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады және сақталуын қамтамасыз етеді, ол мыналарды қамтиды:

      1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;

      3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;

      4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;

      5) оқытушылар құрамы;

      6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;

      7) ақпаратты басқару;

      8) жұртшылықты хабардар ету;

      9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;

      10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.

      Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ факультетінің (мектептің) базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны және оларды іске асыру жағдайы бойынша, бағалау саясаты және факультеттің (мектептің) өзге де академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын, білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкес келуіне, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуына білім алушылар арасында сауалнама ұйымдастыратын академиялық сапа жөніндегі кеңес құрылады.

      Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның құрамына оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және ЖЖОКБҰ-ның басқа академиялық қызметкерлері кіреді. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысына ЖЖОКБҰ-ның әкімшілік-басқару қызметкерлерінің өкілдері қатысады.

      35. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізі болып табылады және оны іске асыруды ЖЖОКБҰ қамтамасыз етеді.

      Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары:

      1) академиялық жұмыста адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын негізгі институционалдық құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету;

      2) жоғары әдеп құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған академиялық адалдықтың әділетті және объективті қағидаларын бекіту;

      3) басқа білім беру ұйымдарының верификацияланатын транскриптері негізінде білім алушының кредиттерін қайта есептеудің нақты тетігін және рәсімін анықтау жолымен білім алушының жүйелі және үздіксіз оқу траекториясын қамтамасыз ету;

      4) академиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін оқытушы ретінде оқытушыға құрмет көрсету;

      5) академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау үшін білім беру процесінің қатысушыларын көтермелеу және ынталандыру;

      6) оқытушының пәннің нақты саясатын, білім алушыдан күтілетін талаптарды анықтауы;

      7) оқытушының білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нақты параметрлері саясатын анықтауы;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін шаралар қабылдау;

      9) білім алушыларға білім беру, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін және академиялық ұждансыздықты көрсетудің алдын-алуға көмектесетін академиялық ортаны жасау.

      36. ЖЖОКБҰ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасайды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      37. Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.

      Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, зерттеу, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді.

      ЖЖОКБҰ кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірлейді және бекітеді.

      Негізгі білім беру бағдарламасын (Major) (мейжор) және қосымша білім беру бағдарламасын (Міnor) (минор) іске асыру кезінде негізгі білім беру бағдарламасының (Major) (мейжор) бейініне сәйкес келетін ұйым (кәсіпорын) практика базасы ретінде айқындалады.

      Кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысанын ЖЖОКБҰ айқындайды.

      Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны білім беру бағдарламасымен айқындалады.

      Кәсіптік практиканы өткізу базасы ретінде кәсіптік практикаға жетекшілік ету үшін білікті кадрлары мен материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.

      ӘАОО-да кәсіптік практика мен тағылымдаманың барлық түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеу және бекіту тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен айқындалады.

      38. Формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану "Білім туралы" Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      39. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖЖОКБҰ-да тіркеу офисі құрылады.

      ӘАОО-да оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі құрылады.

      40. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін ЖЖОКБҰ өзінің академиялық саясатына және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша айқындайды және сақтайды.

      Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шкаласына сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      Тілді меңгеру деңгейі шет тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (бұдан әрі - ЖЕҚ) (А1, А2, В1, В2, С1, С2) сәйкес болады.

      41. Білім алушы ЖЖОКБҰ-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:

      1) академиялық үлгермеушілігі;

      2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;

      3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖЖОКБҰ жарғысын бұзғаны үшін;

      4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;

      5) өз еркімен.

      42. "FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайталап өтпей-ақ ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.

      "F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.

      ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім алушыға ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.

      Транскрипте FX және F бағаларымен қоса барлық қорытынды бағалары көрсетіліп, білім алушы игеріп алған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.

      43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖЖОКБҰ белгілейді.

      ӘАОО-да қорытынды аттестаттауды өткізу үшін "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады.

      44. Аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:

      1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

      2) бітірушіге бакалавр немесе магистр дәрежесін беру немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "маман" біліктілігін беру;

      3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

      45. Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

      46. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

      47. Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығарылады.

      ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", 2012 жылғы 13 ақпандағы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", 2014 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығарылады.

      48. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері немесе маман біліктілігі тағайындалады және қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.

      Диплом қосымшасында оқудың және (немесе) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының барлық түрлері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

      49. ЖЖОКБҰ білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекітеді.

      Коммерциалық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

      50. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ кешенді емтихан және (немесе) диплом жұмысын (жобасын) А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

      Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

      51. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      52. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, білім беру ұйымының басшысы қол қойып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның сайтында орналастырылады.

      53. ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіру жылы ішінде бітірушілердің кемінде 50%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ түлектеріне құрылған жұмыс орындарының санына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда жоғары оқу орны бітірушілердің кемінде 50%-ын кадрларды даярлау бағыты бөлінісінде бітіргеннен кейінгі екі жыл ішінде жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

      54. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      ӘАОО-да тәрбие жұмысы "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларында айқындалған қосымша жұмыс түрлерін қамтиды.

      55. Тәрбие қызметі білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының адами қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ-да тәрбие жұмысы қазақстандық бірегейлік пен бірлік, "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы рухани-адамгершілік құндылықтары, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне атымен төзбеушілік негізінде жүзеге асырылады.

      ЖЖОКБҰ білім алушылар өз еркімен құрған студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуін қамтамасыз етеді. Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттер құрамынан төрағаны және төраға орынбасарын тағайындайды және оларға білім алушылардың мүдделері жөніндегі мәселелерді талқылау кезінде ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару органның отырыстарына қатысуға рұқсат етіледі.

      56. ЖЖОКБҰ-дағы ғылыми-зерттеу жұмыс қызмет түрлеріне сәйкес:

      1) іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуді;

      2) тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды;

      3) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды;

      4) оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді әзірлеуді;

      5) ӘАОО-ны қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруды, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құруды және ендіруді;

      6) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды қамтиды.

      57. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және сақталуын қамтамасыз етеді.

      ЖЖОКБҰ шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ шет мемлекеттің мәдениетімен, дәстүрлерімен, тұрмыс-салттарымен және тілін игерумен байланысты қызметі бар шетелдік құрылымдық бөлімшелерді (институттарды, орталықтарды, кафедраларды және т.б.) ашу мәселесін білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ЖЖОКБҰ халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жолдайды.

      ӘАОО-лар шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.

      58. ӘАОО халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асырады.

      59. ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

      60. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу және ғылыми әдебиетті қамтиды.

      ЖЖОКБҰ-лар білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен және (немесе) электрондық ресурстармен қамтамасыз етеді.

      61. ЖЖОКБҰ Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктірілген және білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта) және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толтырудың толықтығын, нақтылығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.

      Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бар ақпаратты ЖЖОКБҰ сайтында орналастырады.

      62. Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ-да тиісті жағдай жасау үшін қажетті материалдық активтердің (дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының), ғимараттардың (оқу корпустарының): меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, немесе мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен ЖЖОКБҰ үшін кемінде 5% сенімгерлік басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін оқу үй-жайлары мен ауданының болуы, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ның, ғимараттарында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың бар болуы ЖЖОКБҰ қызметінің міндетті шарты болып табылады.

      ЖЖОКБҰ басқа қалалардан келген білім алушылардың тұруы үшін жатақханаларда, хостелдерде және қонақүйлерде жағдай жасайды.

      63. Қаржылық ресурстар көздеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырудан алынған бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат көздері жатады.

      64. ЖЖОКБҰ қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде бөлінген бюджеттік қаражатты және бюджеттен тыс қаражатты жұмсайды.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкілесіне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Жалпыеуропалық шет тілді меңгерудің құзыреті (бұдан әрі – ОЕК) бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

В2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С1

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

ОЕК бойынша тілді меңгеру деңгейі мен сипаттамасы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

ECTS (иситиэс) бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

С2

А

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

В

3,33

85-89

Жақсы

В

С

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

D

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

E

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

F

FX, F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады