"Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 92 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 29 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22425 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 19025 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.";

      көрсетілген өлшемшарттарға қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Иргалиев

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 29 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 92 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Астық нарығын реттеу
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

Астық қабылдау кәсіпорындары

1. "Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде келтірілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

2

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы

өрескел

3

Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықты тиісінше ресімдеу

өрескел

4

Астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдеу

өрескел

5

Астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдеу

өрескел

6

Астықтың сандық-сапалық есеп кітабын тиісінше жүргізу

өрескел

7

Астықты сақтауға арналған жария шарттың болуы

елеулі

8

Астық қабылдау кәсіпорындарының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімін (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақтау

елеулі

9

Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру қорына қатысу шартының болуы

елеулі

10

Астыққа арналған тауарлық-көлік жүкқұжаттарының болуы

елеулі

11

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы

елеулі

12

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы

болмашы

13

Технологиялық жабдықтардың: астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы, таразы жабдықтарының, тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдықтарының, жылжымалы көлік жабдықтарының, белсенді желдету жабдықтарының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтардың ақаусыз жай-күйде болуы

елеулі

14

Өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы

елеулі

15

Жыл сайын жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу

елеулі

16

Пайдалар мен шығындар туралы жылдық теңгерім мен есепті жариялау

елеулі

17

Тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі бiлiм (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) болуы

болмашы

18

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пункті) 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы

елеулі

2. "Бақылау субъектілері астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша:

1

Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелуі туралы ақпарат ұсынбау

елеулі

2

Сатып алынған, жазылған, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттары бланкілері туралы ақпарат ұсынбау

елеулі

3

Астық қабылдау кәсіпорнына жаңа түсімнен сақтауға келіп түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпарат ұсынбау

елеулі

3. "Бақылау субъектісіне (объектісіне) жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар мыналар болып табылады:

1.

Астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп-жөнелту кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындау бойынша, астық қолхаттарын шығару, олардың айналымы және оларды өтеу бойынша бақылау субъектілеріне (объектісіне) келіп түскен бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 29 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 92
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі № 259
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 шілдедегі № 63
бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Астық қабылдау кәсіпорындары үшін астық нарығын реттеу саласындағы тексеру парағы

      астық қабылдау кәсіпорындары үшін: __________________________________________________________________ (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________ __________________________________________________________________ Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (№, күні) Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________ _________________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету





2

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы





3

Астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдеу





4

Астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдеу





5

Астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдеу





6

Астықтың сандық-сапалық есеп кітабын тиісінше жүргізу





7

Астықты сақтауға арналған жария шарттың болуы





8

Астық қабылдау кәсіпорындарының астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркеудің үш күндік мерзімін (астық қабылдау кәсіпорны астық иелерінен астық қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей астық қолхаттарын шығаруға арналған бұйрықты тіркейді) сақтау





9

Астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың не астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауды кепілдендіру қорына қатысу шартының болуы





10

Астыққа арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы





11

Орташа тәулiктiк сынама бойынша сапасын айқындай отырып, автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмдерiнің болуы





12

Сақтауда тұрған астықты бақылау журналының болуы





13

Технологиялық жабдықтардың: (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдықтарының, тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көліктік жабдықтардың, жылжымалы көлік жабдықтарының, белсенді желдету жабдықтарының, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың, сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтардың ақаусыз жай-күйде болуы





14

Өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың болуы





15

Жыл сайын жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу





16

Пайдалар мен шығындар туралы жылдық теңгерім мен есепті жариялау





17

Тиiстi бiлiмi (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы





18

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пункті) 10%-ы мөлшерінде резервте қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем сыйымдылығы үстіндегі тасымалдауыштың әрқайсысына кемінде бір бос сүрлем сыйымдылығының болуы





      Лауазымды адам (-дар) __________ _________ ______________________ (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ___________ _________ ___________ _________ ______________________ (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ___________________________________________________________________ (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады