БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банк жүйесінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа 426-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығы қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына 426-қосымша |
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
Білім коды және бейіні: | 0100000 – Білім беру | |||||
Мамандығы: | 0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | |||||
Біліктілігі: | 010105 1 – Тәрбиелеушінің көмекшісі | |||||
010101 3 – Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі | ||||||
Базалық және кәсіптік құзыреттер | Модуль атауы | Модульге қысқаша шолу | Оқыту нәтижелері және бағалаудың өлшемшарттары | Модульді қалыптастырушы пәндер | ||
Базалық модульдер | ||||||
БК 1. Кәсіптік қызмет саласында кәсіптік лексиканы қолдану | БМ 01. Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану | Бұл модуль кәсіби қызметте қазақ (орыс) және шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар іскерлік қазақ (орыс) және шетел тілінің және кәсіптік лексика негіздерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару үшін (сөздікпен) қажетті қазақ (орыс) және шетел тілінің лексикалық және грамматикалық минимумын меңгереді. | Оқыту нәтижесі: 1) Өзінің кәсіптік қызметі саласында тілдесу үшін қазақ (орыс) және шетел тілінінің грамматикасы мен терминологиясын меңгеру. | Кәсіптік қазақ (орыс) тілі Кәсіптік шетел тілі | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Кәсіптік қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын білу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: | 1. Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқиды және аударады (сөздікпен). | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Қазақ (орыс) және шетел тілдерінде кәсіптік диалогтік сөйлеу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Жағдайға байланысты қисынды және ретті пікір айтады. | |||||
БҚ 2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде дайындау және рәсімдеу | БМ 02. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыру | Бұл модуль мемлекеттік тілде іс қағаздарын дайындауға және рәсімдеуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу негіздерін; құжаттарды дайындау тәсілдері мен қызметтерін, құжаттарды жіктеу, тасымалдағыштарын, мақсатын, құрамдас бөліктерін, рәсімдеу ережелерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметте қажетті қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауды үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу. | Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Құжаттардың түрлері мен жіктелуін сипаттайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар туралы білімі бар. | |||||
БҚ 3. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру | БМ 03. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру | Бұл модуль дене қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін, физикалық және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін, салауатты өмір салтының негіздерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын ұдайы жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайтуды; кәсіптік тұрғыда маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамытуды; өзін-өзі бақылау және организмнің функционалдық жай-күйін бағалау дағдыларын меңгереді. | Оқыту нәтижесі: 1) Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау. | Дене тәрбиесі | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Салауатты өмір салтының негіздері мен мәдениетін ұғынады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Физикалық қасиеттерді және психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Командалық спорт ойындарының қағидаларын сақтайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Жарақаттану және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу кезінде жарақаттардың туындау себептерін, жарақаттанудың алдын алу тәсілдерін түсінеді. | |||||
БҚ 4. Құқықтық негіздерді түсіну, өзін және өзінің қоғамдағы орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдау | БМ 04. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану | Бұл модуль әлемнің философиялық бейнесін зерттеу, мәдениеттің болмысы мен арналуын түсіну; азаматтық құқықтар мен міндеттерді сақтау; қоғамның даму заңдылықтары мен перспективаларын, қазіргі замандағы әлемнің әлеуметтік-саяси үдерістердің даму үрдістерін түсіну негізінде ойлау мәдениетін қалыптастыруға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарды және заңдылықтарды; мәдениеттерді, діндерді және өркениетті; мемлекеттік құқықтық қарым-қатынастар мен құбылыстардың жүйесін; азаматтар мен қоғамдағы саясаттың басқа да субъектілерінің өзара қарым-қатынастары жүйесінің жұмысын меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарға сүйенуді; философияның негізгі мәселесі мен диалектика заңдарын түсінуді; әлемдік өрнениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын талдауды;жалпы адамгершілік-адами құндылықтар мен гуманистік дүниетаным негізінде толеранттылық таныта білуді; адам баласын жек көрушілік, экстремистік, радикалдық және террористік идеологияларды мойындамауды; құқық нормаларын сақтауды; әлеуметтік өзара қарым-қатынастар барысында қалыптасатын әлеуметтік және саяси қатынастар жүйесінде бейімделуді үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Жалпы философиялық мәселелерді жақсы білу. | Философия негіздері Мәдениеттану Құқық негіздері Әлеуметтану және саясаттану негіздері | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Негізгі философиялық ұғымдарды біледі. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Адам өміріндегі еркіндік пен жауапкершілік, материалдық және рухани құндылықтар секілді философиялық категориялардың арақатынасын анықтау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тұлғаның өмірдің, мәдениеттің және қоршаған табиғи ортаның сақталуына жауапкершілік дәрежесін сезінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Отандық мәдениеттің тарихын, дәстүрлі қазақ мәдениетінің құндылықтарын біледі. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Толеранттықты және белсенді тұлғалық көзқарасты қалыптастыратын моралдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің нысандарын және түрлерін, тарихын сипаттайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 5) Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды білу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Құқықтың мәнісін және негізгі белгілерін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 6) Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді білу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес азаматтың жеке тұлғалық қалыптасуының құқықтық мәртебесін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 7) Еңбек заңнамасына сәйкес өзінің құқықтарын қорғау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің құқықтары мен міндеттерін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 8) Әлеуметтанудың және саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Негізгі саяси ұғымдарды біледі: билік, саяси жүйе, саяси режім, мемлекет, мемлекеттік басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс нысандары, саяси партиялар, партиялық жүйелер, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат. | |||||
Оқыту нәтижесі: 9) Халықаралық саяси үдерістерді, геосаяси ахуалды түсіну. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның орны мен рөлін түсінеді. | |||||
БҚ 5. Заманауи экономикалық жүйенің заңдылықтарын және қызмет ету тетіктерін түсіну | БМ 05. Кәсіптік қызметте экономиканың базалық білімдерін қолдану | Бұл модуль қазіргі экономикалық жүйенің заңдылықтары мен тетіктері туралы, нарық тетіктері мен мемлекеттік реттеу әдістері туралы кешенді түсінік қалыптастыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: экономикалық теория негіздерін; экономикалық жүйелердің жалпы негіздерін; макроэкономика негіздерін; экономиканың өзекті мәселелерін; "Жасыл экономиканың" негізгі міндеттерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар негізгі экономикалық мәселелерді, экономика теориясы мен бизнес негіздерінің тұжырымдық ережелерін түсінуді; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтауды үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру. | Экономика негіздері | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Экономикалық терминдерді біледі, нарықтық экономика заңдылықтары мен қағидаттарын түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіпорынның меншік формасы мен түрін, жоспар түрін, негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен мазмұнын сипаттайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің "жасыл" экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін түсіну. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін сипаттайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Кәсіпкерлік қызметтің табысқа ие болу және тәуекелге бару мүмкіндіктерін анықтау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Кәсіпкерліктің мақсаттарын, факторларын және даму шарттарын сипаттайды. | |||||
БҚ 6. Цифрлық сауаттылықты дамыту | БМ 06. Цифрлық сауаттылықты дамыту | Бұл модуль Интернеттің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар Интернет желісінде сайттармен жұмыс істей білуді, ақпаратты іздеп таңдауды, оны қажеттілігі бойынша қолдануды үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Интернетті қолданудың техникалық аспектілерін түсіну. | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдаланады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Интернеттегі ақпаратпен жұмыс істеу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Интернет-қауымдастықтың қағидаттарын сақтайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Интернеттегі коммуникацияны жүзеге асыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Әлеуметтік желілерді, аватарды, желідегі беделін басқарады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Цифрлық тұтынуды жүзеге асыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Интернет-дүкендерді, сенім белгілерін, тұтынушылардың құқықтарын пайдаланады. | |||||
БҚ 7. Қазақстанның тарихын, әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын түсіну | БМ 07. Қазақстанның тарихын, әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен орнын түсіну | Бұл модуль ұлттық сананы дамытуға, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалардың мәні мен заңдылықтарын түсінуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар Қазақстанның негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шекаралары мен мәнін меңгереді. | Оқыту нәтижесі: 1) Негізгі тарихи оқиғаларды түсіну. | Қазақстан тарихы | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалар хронологиясын біледі және мәнін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Тарихи оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын анықтау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Қазақстан тарихының тұтастығы мен жүйелілігін көрсететін және сипаттайтын негізгі деректерді, үдерістер мен құбылыстарды анықтайды. | |||||
Кәсіптік модульдер | ||||||
"010105 1 – Тәрбиелеушінің көмекшісі" біліктілігі | ||||||
КҚ 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыру | КМ 01. Балаларды күту және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау | Бұл модуль балаларға күтім жасау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және баланың өмірін қорғау және күнделікті жұмыстарды жүргізуге, санитарлық-гигиеналық шараларды орындауға, ішкі ережелерді, қауіпсіздік техникасы ережелерін және мектепке дейінгі ұйымдарда өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындауды қамтамасыз етуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: бала ағзасының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, баланы күтуге қажетті санитарлық-гигиеналық нормалар мен регламенттерді, балабақшада қолданылатын химиялық заттарды тазалау қолдану қағидасын, алғашқы медициналық көмек көрсету және балалардың өмірін қорғау қағидасын, барлық режимдік сәттерді және санитарлық-гигиеналық шараларды, ішкі ережелерді, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен әдістерін өткізу әдістерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар тәрбиешіге киіну, шешіндіру, жуындыру, жуыну, балаларды тамақтандыру және төсекке орналастыру кезінде, жарақаттану, кесіп алу, күйік шалу, үсік шалу, улану кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге, балалар бақшасында және балалар ойын алаңдарында сабақтар, ойындар, жұмыс, ойын-сауық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, әртүрлі жас топтарында күн тәртібіне сәйкес іс-шараларды өткізуге, үй-жайларды тазалауға және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қажетті санитарлық тазалау үшін қажетті шаралар қабылдауда, балалар бақшасындағы және балалар алаңындағы балалардың физикалық қауіпсіздігін, балалар денсаулығының қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, төтенше жағдайлар кезінде балалардың қауіпсіздігін сақтауда көмек көрсетуді үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Күн тәртібін ұйымдастыру. | Мектепке дейінгі педагогика Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Психология Педиатрия негіздері Балалардың өмірін қорғау және сақтау | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тәрбиелеушінің көмекшісі жұмысының ерекшеліктері мен құрылымын меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиясы мен анатомиясы туралы жалпы түсінігі болу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балалардың анатомиялық және физиологиялық өсу мен дамуының заңдылықтарын түсінеді, баланың жүйке жүйесінің функциялары мен, тірек-қимыл жүйесінің маңыздылығын түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Мектеп жасындағы балалардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін білу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық әдістерін, психологиялық ерекшеліктерін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі ұғымдары мен дағдыларын меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға алдын-ала медициналық көмек көрсетудің жалпы ережесін меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 5) Санитариялық-гигиеналық шараларды жүзеге асыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың гигиенасының талаптарына жауап беретін іс-шараларды орындайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 6) Қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың заңнамалық және құқықтық нормаларын меңгереді. | |||||
КҚ 2. Мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға, бос уақытты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады | КМ 02. Мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыруға және бос уақытты өткізуге қатысу | Бұл модуль мектеп жасына дейінгі балалармен бос уақытты ұйымдастыру және өткізу бойынша білім беру қызметін ұйымдастыруға қатысу үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мектепке дейінгі педагогика негіздерін; тәрбие жұмысының жалпы түсініктерін меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар қажетті дидактикалық материалдарды таратуды; кестеге сәйкес түрлі жұмыстарға арналған керек-жарақтарды дайындауды; балаларды жаттығу залына, музыкалық залға ертіп апаруды; таңертеңгі қойылымдарға, спорттық іс-шараларға қатысуды үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Мектепке дейінгі педагогиканың негіздерін, дидактикалық оқыту сабақтарына көмек көрсету негіздерін меңгеру. | Мектепке дейінгі педагогика Жұмысшы біліктігін алуға арналған өндірістік практика | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектепке дейінгі педагогиканың жалпы мәселелерін меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Тәрбие жұмысы туралы жалпы түсінігі болу. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Балабақшада сабақты өткізуге қатысу үшін оқу үдерісінің жалпы түсінігін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балабақшадағы сабақтардың құрылымы туралы жалпы түсінігі бар. | |||||
"010101 3 – Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігі | ||||||
КҚ 3. Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады | КМ 03. Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру | Бұл модуль мектепке дейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: педагогикалық қызметтің негіздерін, меңгереді. Модульді оқыған кезде оқушылар әртүрлі жастағы балаларға және арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға бағытталған инновациялық технологияларды пайдалана отырып сабақты жоспарлауды үйренеді; әдістемелік басшылықты пайдалану; білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Балалардың дамуына баға беру, оқытудың жаңа әдістерін және мониторингті бағалауды ескере отырып; сабақтарға қажетті дидактикалық материалдарды таңдап, қолдануды меңгереді. | Оқыту нәтижесі: 1) Мектепке дейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық қызметтің негізін меңгеру. | Мектепке дейінгі педагогика Педиатрия негіздері Сынама практикаға дайындық (өндірістік оқыту) Байқау және сынама практика: Мектепке дейінгі ұйымдардың кіші топтарындағы тәрбиешінің қызметі Мектепке дейінгі ұйымдардың орта және жоғарғы топтарындағы тәрбиешінің қызметі Диплом алды практикаға дайындық | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының мазмұнын, оқу жоспарының мазмұнын меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Педиатрия мен балалар гигиенасының негізгі ұғымдарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді ұйымдастырудың гигиеналық негіздерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Педиатрия және мектепке дейінгі гигиена пәні мен олардың міндеттері туралы түсінікті меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Өз мамандығы туралы толық көрініс қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекемелердің қызметін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Мектепке дейінгі ұйымдағы кіші топтағы тәрбиешінің қызметін жүзеге асыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. 1-ші, 2-ші кіші топтарда тәрбиелеу-білім беру жұмысының түрлері мен нысандарын жоспарлайды және жүргізеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 6) Мектепке дейінгі ұйымдардың орта және жоғарғы топтарындағы тәрбиешінің қызметін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Орта және жоғары топтардағы білім беру және тәрбие жұмысының түрлері мен формаларын жоспарлайды және жүргізеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 7) Өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау және өзара бағалаудың дамуына ықпал ететін оқыту әдістерін және әдістемесін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда өзіндік жұмыс істеу үшін қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. | |||||
КҚ 4. Оқыту ақпаратын тарату, өз бетінше білім іздеуге үйрету | КМ 04. Оқу ақпаратын тарату, өздігінен білім іздеуге үйрету | Бұл модуль оқу қызметін ұйымдастыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар пәндерді оқыту әдістемесін, оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, әдістемелерін, нысандары мен құралдарын қолдануды меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар тіршілік қауіпсіздігі негіздерін ескере отырып, сабақтар өткізуді; озық педагогикалық технологияларды, оның ішінде командалық жұмыстың әдістерін қолдануды, оқу жоспарын кеңейтетін қосымша ресурстардың көмегімен сабақ беруді үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Білім беру қызметін ұйымдастыру әдістері мен қағидаларын, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың теориясы мен технологиясын меңгеру. | Мектепке дейінгі педагогика Этнопедагогика Өзін-өзі тану Логопедия негіздері Сөйлеуді дамыту теориясы мен әдістемесі Балалар әдебиеті Мәнерлеп оқу Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру әдістемесі Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі Білім берудің технологиясы мен әдістемесі Бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесімен негіздері Музыка тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі Хореография элементтері бар ритмика Байқау және сынама практика (тәрбиелеушінің өзіндік қызметі) | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Оқыту теориясын; білімді меңгеру кезеңдерін, оқытудың заңдылықтарымен мен қағидаларын; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауды меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Этнопедагогиканың мазмұнына сәйкес этикалық, рухани құндылықтарды қалыптастыру әдістерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Білім беру қызметін ұйымдастыру үдерісінде озық ұлттық дәстүрлерді қолданады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Өзін-өзі тану пәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін, моральдық қатынастардың тәрбиелік маңызын, сондай-ақ өздігінен білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, нысандарын және әдістерін қолдану. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектепке дейінгі ұйымда өзін-өзі тану мазмұнын қолданудың әдістемесін меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Сөздің бұзылуын болдырмау және жою тәсілдерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарттары: |
1. Логопедияның теориялық негіздерін, принциптері мен әдістерін меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 5) Мақсатты педагогикалық үрдіс жағдайында балалардың ана тілінде сөйлеу және сөздік қатынас дағдыларын игеру үдерісін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Әртүрлі жас топтарында сөйлеуді дамытуға арналған жұмыстың мазмұнын меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 6) Балалар әдебиетінің мазмұны мен жұмыс жүргізу әдістерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәселелері мен ерекшеліктерін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 7) Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен анықталған жұмыстардың мазмұны мен мәнерлеп оқу дағдыларын меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мәнерлеп оқу дағдыларын дамытудың негізгі әдістерін меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 8) Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру әдістемесін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың есептік және сандық көріністерді, мөлшерін, формасын, кеңістікті және уақытты қабылдау ерекшеліктерін меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 9) Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдісінің мақсаттары мен міндеттерін түсінуді меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 10) Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 11) Бейнелеу өнерінің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін және оны мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту әдістерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері туралы түсінікті меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 12) Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеуге және модельдеуге арналған оқыту әдістерінің, материалдар мен жабдықтардың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері туралы жалпы түсінікті меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері туралы білімді меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 13) Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу үшін олардың жас топтарын ескере отырып, практикалық дағдыны қалыптастырудың нысандарын меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мерекелік іс-шаралардың мазмұнын ескере отырып, музыкалық репертуарды таңдайды. | |||||
Оқыту нәтижесі: 14) Ырғақ және хореографияның негіздерін, балаларды биге қызықтыруға үйрету, мектеп жасына дейінгі балалардың билеу қабілетін, ырғақ сезімін, музыкаға эмоционалды жауап беруді, билеу айқындылығын, қозғалыстарды үйлестіруді, ғарышта бағдарлауды, эстетикалық талғамды тәрбиелеуді қалыптастыруды меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, біртіндеп және дәйекті түрде ырғақты қозғалыстарға үйретеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 15) Мектепке дейінгі мекемелердің жастық топтарында білім беру және тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен амалдарын қолдану. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тәрбиешімен бірге ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырады және өткізеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 16) Білімнің жаңартылған мазмұны шеңберінде сауаттылықты зерттеудің мақсатын, міндеттері мен мазмұнын меңгеру. Әліппемен жұмыс істеу әдістері мен амалдарын меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Сауаттылықа үйрету бойынша көмекші құралдың мазмұнын меңгереді. | |||||
КҚ 5. Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қатыстыру | КМ 05. Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қатыстыру | Бұл модуль тәрбие жұмысының нысандарын, әдістерін, функцияларын және мазмұнын сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: әлеуметтік-адаргершілік құндылықтардың мазмұнын меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мектеп жасына дейінгі балалармен бірге тәрбие жұмысын жоспарлауды; этикалық, рухани құндылықтарды, халық дәстүрлерін қалыптастыруды, эстетикалық, еңбек, физикалық, патриоттық тәрбие дағдыларын қалыптастыруды үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, міндеттері мен мазмұнын түсіну, теориясын меңгеру. | Мектепке дейінгі педагогика Этнопедагогика Тәрбие жұмысының әдістемесі Табиғаттану және экология бойынша практика Практика "Балабақшадағы оқу жылының басталуы" | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балалармен тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Этнопедагогиканың мазмұнына сәйкес этикалық, рухани құндылықтарды қалыптастыру әдістерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Білім беру қызметін ұйымдастыру үдерісінде озық ұлттық дәстүрлерді қолданады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын, тәрбие жұмысының әдістерін, тәрбие беру нысандарын және тәрбиелеуді жоспарлауды меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тәрбиелеудің әдістерін, амалдарын, құралдарын меңгереді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Қоршаған ортамен, жергілікті жердің табиғатымен танысуды ұйымдастыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Қоршаған ортаны қорғау және оны мектепке дейінгі жастағы балалармен бақылау бойынша іс-шараларды өткізеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Жаңа оқу жылының басталуын ұйымдастыру және мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізудің ерекшеліктерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына және психологиялық сипаттамаларына байланысты жұмыстарды жүргізеді. | |||||
КҚ 6. Білім алушылардың білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерделеу, білім беру ортасын зерттеу | КМ 06. Білім алушылардың білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерделеу, білім беру ортасын зерттеу | Бұл модуль білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дербес процедурасын жүзеге асыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: баланың жеке потенциалын диагностикалау әдістерін, білім беру міндеттерін анықтауды, оқу үрдісін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыруды меңгереді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар байқау, сұрастыру, сауалнама жүргізеді; мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін бақылау тәсілдерін жүргізеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейін бағалаудың педагогикалық мониторингілеудің негіздері мен әдістерін меңгеру. | Педагогикалық зерттеулер әдістері Мектепке дейінгі педагогика Жазғы педагогикалық практикаға дайындық Кәсіптік практика Жазғы педагогикалық практиканы ұйымдастыру | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Педагогикалық зерттеулердің әдістерін қолданады: бақылау, сауалнама, сұрастыру, тестілік материалдар. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін бастапқы диагностикалау әдістерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тәрбиешінің ұсыныстарын орындай алады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 3) Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиындықтарын анықтауды және түзетуді меңгеру, рефлексия әдістері мен тәсілдерін анықтау. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Бағалау қызметін дамыту әдістерін қолданады. | |||||
Оқыту нәтижесі: 4) Мектеп жасына дейінгі балалармен жаз мезгілінде жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау ерекшеліктерін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Балаларды психологиялық-педагогикалық дамыту бойынша жұмыс жүргізу әдістерін меңгеру. | |||||
Оқыту нәтижесі: 5) Балабақшада жазғы педагогикалық практиканы ұйымдастыру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Тәрбие жұмысының жоспарын және ұжымдық шығармашылық жұмыстардың сценарийін құрастырады. | |||||
КҚ 7. Кәсіби қауымдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу | КМ 07. Кәсіби қауымдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесу | Бұл модуль топтық және әдістемелік бірлестік шеңберінде кәсіби диалогтарға қатысуға, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас негіздері білуге сүйене отырып, өз қызметін құруға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар педагогикалық топпен, ата-аналарымен педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру қағидалары мен әдістерінің негізінде балалармен жақсы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. | Оқыту нәтижесі: 1) Мораль, адамгершілік, әдеп және педагогикалық этика ұғымдарын меңгеру. | Педагогикалық этика Еңбекті қорғау | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Педагогикалық этиканың мәні мен қағидаларын, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсінеді. | |||||
Оқыту нәтижесі: 2) Еңбек қызметі үдерісінде адамның өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесін меңгеру. | ||||||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Еңбек саласындағы негізгі заң актілерін меңгереді. | |||||
КҚ 8. Біліктілік бойынша қызмет жасау | КМ 08. Диплом алды практика | Бұл модуль оқу үдерісінде алынған білім мен кәсіби құзыреттілікті жинақтауға және жетілдіруге, "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігін алуға бағытталған. Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар өндіріс жағдайларында біліктілік бойынша кәсіптік қызмет практикалық тәжірибесіне ие болады. | Оқыту нәтижесі: 16) "Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі" біліктілігін меңгеру. | Диплом алды практика | ||
Бағалаудың өлшемшарт-тары: |
1. Дидактиканы және жеке әдістемелерді зерделеу барысында алған білімді теориялық практикада қолданады. |
Ескерту:
Қолданыстағы аббревиатуралар:
БҚ - базалық құзірет;
КҚ - кәсіптік құзірет;
БМ - базалық модульдер;
КМ - кәсіптік модульдер.