"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 22519 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шартының үлгілік нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шартының үлгілік нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын шекті тарифтер бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысанында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "                        № _____________

      ___________________________                        20___жыл ____ _________

      (шарт жасалған жер)

      тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

      ____________________________________________________________________,

      (заңды мекенжайы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________,

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:____________________________________, атынан

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктің туындау негіздемесі көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі),

      бір тараптан, және тіркелген мекенжайы: ________________________________,

      (орналасқан жері көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________,

      (ұйымның толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі: ____________________________________, атынан

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктің туындау негіздемесі көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын

      ______________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      екінші тараптан, бірге "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталатындар:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысын (бұдан әрі - Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары);

      4) Қағидаларға қосымшаға сәйкес Сатушының осы шартты жасасуға берілген өтінімін (20__ жылғы "___"_____ кіріс № ___);

      5) Сатушының Сатып алушыға аукциондық баға бойынша жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сату ниетін назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қосымша құн салығын есепке алмағанда, электр энергиясының 1 (бір) киловатт-сағатына _____ (__________) құрайтын аукциондық баға Шарт бойынша электр энергиясының бағасы болып табылады. Аукциондық бағаны жыл сайын индекстеу Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      4. Индекстеу нәтижесінде аукциондық бағаның шамасын немесе аукциондық бағаны индекстеу тәртібін өзгерту Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тиісті өзгерістерді қолдану басталған күн көрсетіле отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Электр станциясын қоса алғанда, ЖЭК пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясы теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Сатып алушы "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сатушы:

      1) ай сайын, беру айынан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей беру айында электр энергиясын өндірудің, энергия беруші ұйымның желісіне жіберудің іс жүзіндегі тәулік сайынғы көлемі туралы ақпаратты Сатып алушыға беруге;

      2) ай сайын беру айынан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей Сатып алушыға электр энергиясының электр желілеріне берілген іс жүзіндегі көлемі үшін шот-фактураны және салыстыру актісін ұсынуға;

      3) жыл сайын 1 - 31 қаңтар аралығындағы кезеңде өткен қаржы жылына өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге;

      4) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына, беру айы басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын электр энергиясын шығарудың, оны желілерге жіберудің болжамды көлемі туралы ақпаратты беруге;

      5) жыл сайын бірінші қарашаға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдауға;

      6) өз бастамасы бойынша Шартты бұзған кезде, болжамды бұзу күніне дейін бір ай бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;

      7) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатып алушыны дереу хабардар етуге;

      8) ЖЭК пайдалану объектісінің коммерциялық пайдаланылуына дейін өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде ЭКЕАЖ-дың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. ЭКЕАЖ-дың Жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына деректерді қашықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс;

      9) электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК-ті пайдалану объектісін кешендік сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына оған қатысты осы сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісі үшін Өтініш беруші мен энергия беруші ұйым арасында қол қойылған, ЖЭК-ті пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын, электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін ұсынуға;

      10) ЖЭК пайдалану объектісінің энергия қондырғылары пайдалануға кезең-кезеңмен енгізілген кезде, ЖЭК пайдалану объектісінің энергия қондырғыларын кешенді сынаудың аралық актісінің көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ кешендік сынау өткізілген беру айы аяқталғанға дейін кешіктірмей ұсынуға;

      11) кешендік сынауды өткізу басталар алдында күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүйелік оператормен келісілген кешендік сынаулар бағдарламасының көшірмесін және ЭКЕАЖ-ды пайдалануға енгізу актісінің көшірмесін ұсынуға;

      12) кешендік сынауды өткізу басталар алдында 5 (бес) жұмыс күні бұрын қаржы-есеп айырысу орталығына 18-разрядты ЭКЕАЖ сәйкестендіру кодын беру және күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізуге;

      13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясы өндірісінің тәуліктік графиктерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12562 болып тіркелген) 46-тармағына сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік операторы бекіткен тәуліктік графикке түзетулерді уақтылы енгізуге;

      15) ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты кемінде бір мегаватт болған кезде, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің генерациялайтын қондырғыларының жүйелік оператор белгілеген жұмыс режимдерін сақтауға;

      16) ЖЭК пайдалану объектісі мен электр желілеріне ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйым арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісінің көшірмесін - беру айынан кейінгі айдың жетінші күнінен кешіктірмей беруге;

      17) күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, жел және биогазды электр станциясы үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде: оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесін қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      18) күн электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес оған қатысты шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзімі аяқталуына дейін ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмысын орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайда, көрсетілген мерзім күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;

      19) оған қатысты Шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектілері үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін - тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап және ЖЭК пайдалану объектілерін кешенді сынаудан өткізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      20) оған қатысты Шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектілері үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану бойынша объектілердегі коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын, электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін - электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап және ЖЭК пайдалану объектілерін кешенді сынаудан өткізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      21) қаржы-есеп айырысу орталығының сұранысы бойынша ЖЭК пайдалану объектісі құрылысының барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      22) Қағидалардың 95-101-тармақтарында қойылатын талаптарға сәйкес осы Шартқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ____________ мөлшерінде Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Сатып алушыға ұсынуға;

      23) ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысына алынған шетелдік валютадағы кредиттік міндеттемелер бар болуы туралы ақпаратты жыл сайын бірінші қазанға қарай беруге;

      24) Сатушының бірігуі, банкрот болуы немесе таратылуы туралы Сатып алушыны дереу хабардар етуге;

      25) ЖЭК пайдалану объектісін жаңа генерациялау (бұған дейін пайдаланылмаған) қондырғыларын пайдаланып салуға;

      26) қаржы-есеп айырысу орталығының сұранысы бойынша электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану объектісінде пайдаланылатын ЖЭК бастапқы ресурсының негізгі сипаттамалары туралы ақпаратты беруге міндетті.";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Сатып алушыны сатып алу құқықтарын басқаға беру туралы тиісті шарт жасасқанға дейін хабардар ете отырып, Шарттан туындайтын өзінің қолда бар және болашақтағы құқықтары мен талаптарын Сатып алушыға беруге құқылы. Бұл ретте, осы тармақшада көзделген құқықтар мен талаптарды басқаға беру жаңартылатын энергия көздерін қолдау саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын Тараптың осы Шарттың 11-тармағының 21) тармақшасына сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуымен, сондай-ақ Сатып алушы, Сатушы және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын Тарап арасында тиісті келісім жасай отырып, ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістерді енгізгеннен кейін жүзеге асырады;";

      23-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-2. Сатушының Сатып алушыға ақша түсімдерін кепілге қою туралы хабарламаны беруі, осы шартқа қатысты Сатып алушының мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыруына Сатушының қайтарып алынбайтын және сөзсіз келісімін білдіреді:

      1) Сатып алушының қаржы ұйымының пайдасына одан тиісті талапты алған кезде Сатушыға тиесілі төлемдерді (ай сайынғы төлемдер шегінде) жүзеге асыруы. Қаржы ұйымының пайдасына жасалған әрбір төлем Сатып алушының осы Шарт бойынша Сатушы алдындағы ақшалай міндеттемесін тиісінше орындауы болып есептеледі;

      2) Сатып алушыға қаржы ұйымынан бұндай ауыстыру қажеттігі туралы талап түскен кезде Сатушыны ауыстыруды жүзеге асыру. Қаржы ұйымының талап етуі бойынша Сатушыны ауыстыру уәкілетті орган Заңның 6-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады;

      3) Сатып алушының шарттың қолданылуын тоқтатуға немесе тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін Сатушының осы шарт бойынша Сатып алушы алдындағы міндеттемелерін орындамау жағдайлары туралы қаржы ұйымына ақпарат береді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Шарт және онда көрсетілген аукциондық баға электр энергиясы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне босатылған ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап жиырма жыл өткен соң немесе қайсысы бұрын басталғанына байланысты, Шарттың 11-тармағы 17) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.";

      10-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары

Сатушы
_________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_________________
Нақты мекенжайы:_________________
Телефон/факс:_____________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
_________________________________
Банктік сәйкестендіру коды:
_________________________________
Жеке сәйкестендіру коды:
_________________________________
_________________________________
(банктің атауы)
_________________________________
(лауазымы)
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
м.о. (болған жағдайда)

Сатып алушы
_________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_________________
Нақты мекенжайы:_________________
Телефон/факс:_____________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
_________________________________
Банктік сәйкестендіру коды:
_________________________________
Жеке сәйкестендіру коды:
_________________________________
_________________________________
(банктің атауы)
_________________________________
(лауазымы) _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
м.о. (болған жағдайда) ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржы есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шартының үлгілік нысанында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шарты";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "                        № _____________

      ___________________________                  ____ _________20___жыл

      (шарт жасалған жер)

      тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

      ___________________________________________________________________,

      (заңды мекенжайы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________,

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:___________________________________, атынан

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін,

      (өкілеттік туындаған негіздеме көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын __________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      бір тараптан және

      тіркелген мекенжайы: ___________________________________________________________,

      (орналасқан мекенжайы көрсетіледі)

      ___________________________________________________________________,

      (ұйымның толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________, атынан

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін,

      (өкілеттік туындаған негіздеме көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын _____________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      екінші тараптан, бірлесе "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталатындар:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын беіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЭК қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) берілетін электр энергиясы – жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясы, және Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес келетін тасқындық электр энергиясы;

      2) есептік кезең - тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де бастап тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-ді қоса алғанға дейінгі берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;

      3) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      4) жұмыс күні - Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      5) жүйелік оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      6) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

      7) Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есептік кезең ішінде орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;

      8) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      10) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;

      11) шарт – Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алу-сатуы жөніндегі осы шарт.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Шарт бойынша ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.";

      5-тармақ мынадай редкцияда жазылсын:

      "5. Сатып алушы:

      1) Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10-ға дейін күн сайын жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге (бірнеше операциялық тәулік) электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізуге;

      2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай Сатушыға алдағы жылға электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды жылдық айлар бойынша көлемдері туралы ақпаратты жіберуге;

      3) Сатушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінен электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жеткізу айы аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей есептік кезеңде жеткізілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясы және тасқындық электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндетті.

      Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешегі болған жағдайда төлем ең алдымен осы берешекті өтеуге жұмсалады.

      Бұл ретте, Сатып алушы есептік кезеңде Сатушыға шот-фактурада көрсетілген сомадан артық төлеген болса, осындай артық төлемнің айырмашылығы авмотатты түрде келесі есептік кезеңнің аванстық төлеміне есептеледі;

      4) Сатушыны шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуі және Сатушыға келіспеушілігін көрсете отырып, жазбаша өтініш беруі тиіс, егер Сатып алушы ұсынылған шот-фактураның дұрыстығын даулайтын болса, ол Сатушыны хабардар етеді;

      5) Тараптар келіскен электр энергиясының көлемін аталған көлемге қатысты дауды реттегеннен кейін Сатушы мен Сатып алушы арасында дауласқан электр энергиясының көлеміне қатысты 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей дауды реттегеннен кейін келесі айда төлеуі;

      6) тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін келіспеушіліктерді көрсетумен немесе оларды көрсетпей өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуі;

      7) ай сайын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясы жеткізілген есептік айдан кейінгі айдың 5 (бесіне) дейін Сатушыға электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың нақты көлемдері немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын қабылдау туралы ақпаратты ұсынуы тиіс.";

      8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тараптардың деректемелері мен қолтаңбалары

Сатушы

Сатып алушы

________________________________
(толық атауы)

_________________________________
(толық атауы)

Заңды мекенжайы:______________________

Заңды мекенжайы:_______________________

Нақты мекенжайы:_____________________

Нақты мекенжайы:_____________________

Телефон/факс: ________________________________

Телефон/факс: _________________________________

Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________________

Бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________________________

Банктік сәйкестендіру коды: ________________________________

Банктік сәйкестендіру коды: _________________________________

Жеке сәйкестендіру коды: ________________________________

Жеке сәйкестендіру коды: _________________________________

________________________________
(банктің атауы)

_________________________________
(банктің атауы)

________________________________
(лауазымы)

_________________________________
(лауазымы)

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

м.о. (болған жағдайда)

м.о. (болған жағдайда) ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын басым шартты тұтынушыларға сатуы үлгілік шартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шарты";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "                        № _____________

      ___________________________                  ____ __________20___жыл

      (шарт жасалған жер)

      тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

      ____________________________________________________________________,

      (заңды мекенжайы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________,

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________, атынан

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттік туындаған негіздеме көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын

      ______________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      бір тараптан, және тіркелген мекенжайы: ________________________________________,

      (орналасқан жері көрсетіледі)

      ___________________________________________________________________,

      (басым шартты тұтынушының өкілеттігін білдіретін ұйымның толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________, атынан

      _____________________________________ негізінде әрекет ететін әрекет ететін

      (өкілеттік туындаған негіздеме көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын, ________________________________,

      (өкілеттік туындаған негіздеме көрсетіледі)

      негізінде басым шартты тұтынушының өкілі болып табылатын

      ______________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      екінші тараптан, бірлесе "Тараптар", жекелеп "Тарап" деп аталатындар:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЭК қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары);

      4) "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысын (бұдан әрі - Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары) назарға ала отырып, төмендегі туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) басым шартты тұтынушылар (бұдан әрі – БШТ) – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;

      2) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес келетін, жеткізу нүктелеріне жеткізілген, электр станциясы өндірген барлық электр энергиясы;

      3) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;

      2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) жұмыс күні - Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      6) жүйелік оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      7) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

      8) Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есепті кезең ішінде орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;

      9) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      11) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      12) күнтізбелік жыл – тиісті жылдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті жылдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін жыл;

      13) шарт – Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарты;

      14) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталған күн – ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн;

      15) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі ЭКЕАЖ) – электр энергиясын есепке алу деректерін өлшеуге, жинауға, өңдеуге, сақтауға және жіберуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жиынтығы.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шарт бойынша ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша ЖЭК көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сатып алушы:

      1) күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін жүйелік оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне алдағы операциялық тәуліктерге арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты енгізеді;

      2) жыл сайын 1 қарашаға дейін электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желілеріне жіберудің энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға берудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты Сатушыға беруге;

      3) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін ЖЭК объектілерінен электр энергиясы берілген айға дейін электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желісіне жіберудің нақты көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден қабылдау туралы ақпаратты Сатушыға беруге;

      4) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстыру жүргізуге;

      5) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатушыны дереу хабардар етуге;

      6) Сатып алушы іске қосқан тиісті сынау басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану бойынша объектінің электр қондырғыларының кешендік сынау өткізілетін күніне дейін ағымдағы жылдың аяғына дейінгі мерзімде айларға бөле отырып, электр энергиясын желіге шығарудың болжамды көлемдері туралы Сатушыны хабардар етуге;

      7) тиісті шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатушыны хабардар етуге және егер Сатып алушы берілген шот-фактураның дұрыстығына қарсы болса, наразылықтарын жазып, Сатушыға жазбаша өтініш беруге;

      8) дау реттелгеннен кейінгі келесі айда 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей электр энергиясының Тараптармен келісілген көлеміне ақы төлеуге;

      9) Сатушыға ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша жеткізілген электр энергиясы үшін есептік кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ақы төлеуі тиіс.

      Бұл ретте, алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған жағдайда ең алдымен төлем осы берешекті өтеуге жұмсалады. Егер есептік кезеңде Сатып алушы Сатушыға шот-фактурада көрсетілген сомадан артық төлесе, осы артық төлемнің айырмашылығы келесі есептік кезеңнің аванстық төлеміне автоматты түрде есептеледі;

      10) электр станциясының коммерциялық пайдаланылуына дейін өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде ЭКЕАЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. ЭКЕАЖ жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына деректерді қашықтан беруі тиіс;

      11) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған бекітілген тәртіпте ЖЭК пайдалану бойынша объектіні пайдалануға қабылдап алу актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға;

      12) осы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға;

      13) осы актіге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші ұйым арасында қол қойылған ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясының коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін Сатушыға ұсынуға міндетті.";

      10-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тараптардың деректемелері мен қолтаңбалары

Сатушы

Сатып алушы

________________________________
(толық атауы)

________________________________
(толық атауы)

Заңды мекенжайы:______________________

Заңды мекенжайы:______________________

Нақты мекенжайы:______________________

Нақты мекенжайы:______________________

Телефон/факс: ________________________________

Телефон/факс: ________________________________

Бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________________

Бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________________________

Банктік сәйкестендіру коды: ________________________________

Банктік сәйкестендіру коды: _________________________________

Жеке сәйкестендіру коды: ________________________________

Жеке сәйкестендіру коды: _________________________________

________________________________
(банктің атауы)

_________________________________
(банктің атауы)

________________________________
(лауазымы)

_________________________________
(лауазымы)

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

м.о. (болған жағдайда)

м.о. (болған жағдайда) ";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  министр энергетики
Республики Казахстан
от 7 апреля 2021 года
№ 123 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына
4-қосымша
  Үлгілік нысан

Қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағамен сатып алу шарты

      № _____________

      ________

      ______________________                        20___жыл ____ ______

      (шарт жасалған жер)

      тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

      __________________________________________________________________,

      (заңды мекенжайы көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын

      __________________________________________________________________,

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:_______________________________, атынан

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктің туындау негіздемесі көрсетіледі)

      __________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі),

      бір тараптан, және

      тіркелген мекенжайы: ______________________________________________,

      (орналасқан жері көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________,

      (ұйымның толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________, атынан

      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктің туындау негіздемесі көрсетіледі)

      ______________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      басқа тараптан, бірлесе "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталатындар:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі;

      3) "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар);

      4) "Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысын (бұдан әрі – Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидалары);

      5) Қағиданың қосымшасына сай Сатушының осы шартты жасауға берілген өтінімін (20__ жылғы "___"_____ кіріс № ___);

      6) Сатушының Сатып алушыға қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын сату ниетін назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.

      1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын электр энергиясын сатып алуына арналған баға;

      2) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, жеткізу нүктелеріне жеткізілген, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген барлық электр энергиясы;

      3) беру нүктесі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;

      4) жеткізілетін ай – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-де аяқталатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінен берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша жеткізілетін электр энергиясын сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;

      5) жұмыс күні – Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      7) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

      8) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;

      9) Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есептік кезең ішінде орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;

      10) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және олармен өзара байланысты, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға технологиялық тұрғыдан қажетті құрылысжайлар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      12) қаржылық ұйым – қаржылық қызмет көрету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) шарт – Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған электр энергиясын сатып алу жөніндегі осы шарт;

      14) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) – электр энергиясын есепке алу деректерін өлшеуге, жинауға, өңдеуге, сақтауға және жіберуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жиынтығы;

      15) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін коммерциялық пайдалану басталған күн – Сатушының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн, бұл кезде электр энергиясы энергия беретін ұйымның электр торабына беріледі.

      2. Шарттың мәні

      2. Шартқа сәйкес Сатушының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде өндірілген және жеткізу нүктесіне жеткізілген электр энергиясының барлық көлемін Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады. Сатушы мына қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде электр энергиясын өндіретін болады:

      1) атауы – _________;

      2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі орналасатын жер телімі (-дері) – кадастрлық нөмір – _________, жер телімінің жалпы алаңы – __________ гектар;

      3) негізгі өндіруші жабдықтың паспорттық деректеріне сүйене отырпы, негізгі өндіруші жабдықтың номиналды (паспорттық деректерде көрсетілген) қуатының сомасы ретінде айқындалатын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің өндіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты – _____ (МВт);

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің белгіленген қуатын пайдаланудың болжамдалған коэффициенті – ____;

      5) электр желісіне қосылу нүктесі – ______________________.

      3. Қосымша құн салығын есепке алмағанда, электр энергиясының 1 (бір) киловатт-сағатына _____ (__________) құрайтын аукциондық баға - Шарт бойынша электр энергиясының бағасы болып табылады. Аукциондық бағаны жыл сайын индекстеу Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      4. Индекстеу нәтижесінде аукциондық бағаның шамасын немесе аукциондық бағаны индекстеу тәртібін өзгерту Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тиісті өзгерістерді қолдану басталған күн көрсетіле отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделеді.

      3. Электр энергияның көлемін есепке алу және төлеу.

      5. Жеткізетін электр энергиясының көлемін Сатушының есепке алу электр энергиясын беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.

      6. Өз объектісінде ЭКЕАЖ-дың жұмыс істеуін қамтамасыз еткеннен кейін, Сатып алушы Сатушы жеткізетін электр энергиясының көлемдерін және Сатушы мен Сатып алушы арасындағы коммерциялық өзара есеп айырысуларды есепке алу және анықтау үшін ЭКЕАЖ деректерін пайдалануға құқылы.

      7. Даулы жағдайларда жүйелік оператор бекіткен Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.

      8. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары жарамсыз болған кезеңде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне берілген электр энергиясына Сатып алушы ақы төлемейді және Тараптардың өзара есеп айырысулары кезінде есепке алынбайды. Бұл ретте Сатушыда коммерциялық есепке алу аспаптарының болмауы немесе олардың жарамсыз болуы кезеңі мен фактісі желілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі қосылған энергия беруші ұйымның тиісті актісімен расталуы тиіс.

      9. Сатып алушы электр энергиясына Сатушы ұсынған шот-фактура және көлемдерді салыстырып-тексеру актісі негізінде шартты тұтынушылар үшін бекітілген төлем мерзімі біткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде ақы төлейді.

      4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      10. Сатушы:

      1) ай сайын, электр энергиясын беру айынан кейінгі айдың 5 (бесінен) кешіктірмей электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың нақты тәулік сайынғы көлемдері туралы ақпаратты Сатып алушыға беруге;

      2) ай сайын электр энергиясын беру айынан кейінгі айдың 5 (бесінен) кешіктірмей Сатып алушыға электр желілеріне берілген электр энергиясының нақты көлемі үшін шот-фактураны және салыстырып-тексеру актісін ұсынуға;

      3) жыл сайын қаңтардың 1-і мен 31-ін қоса алған кезеңде өткен қаржы жылындағы өзара есеп айырысуларға салыстырып-тексеру жүргізуге;

      4) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына, электр энергиясын беру айына дейін 10 (он) күнтізбелік ішінде электр энергиясын өндірудің, оны желіге босатудың болжамды көлемі туралы ақпаратты беруге;

      5) жыл сайын 1 қарашаға қарай айларға бөле отырып, алдағы жылға электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты жолдауға;

      6) өз бастамасы бойынша Шартты бұзған кезде, болжамды бұзу күніне дейін бір ай бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;

      7) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Сатып алушыны тез арада хабардар етуге;

      8) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісін коммерциялық пайдалануға дейін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінде ЭКЕАЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. ЭКЕАЖ жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына деректерді қашықтан беруі тиіс;

      9) электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісіне кешендік сынау басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына осы Шарт жасалған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін ұсынуға;

      10) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінің энергия қондырғылары кезең-кезеңмен пайдалануға енгізілген кезде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінің энергия қондырғыларын кешенді сынаудың аралық актісінің көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ кешендік сынау жүргізілген электр энергиясын жеткізу айы аяқталғаннан кешіктірмей ұсынуға;

      11) кешенді сынау басталғанға дейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүйелік оператормен келісілген кешенді сынаулар бағдарламасының көшірмесін және ЭКЕАЖ-ні пайдалануға енгізу актісінің көшірмесін ұсынуға;

      12) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясы өндірісінің тәуліктік графиктерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      13) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12562 тіркелген) 46-тармағына сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтынудың жүйелік операторы бекіткен тәуліктік графикке түзетулерді уақтылы енгізуге;

      14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінің белгіленген қуаты кемінде бір мегаватт болған кезде, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінің өндіруші қондырғыларының жүйелік оператор белгілеген жұмыс режимдерін сақтауға;

      15) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі мен электр желілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі қосылған энергия беруші ұйым арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісінің көшірмесін электр энергиясын беру айынан кейінгі айдың 7 (жетінші) күнінен кешіктірмей беруге;

      16) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асвыратын мемлекеттік органға жіберілген, Шарт жасалған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдалану объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) күнтізбелік күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарт жасалған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін 60 (алпыс) ай ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      18) Шарт жасалған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне кешенді сынау жүргізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      19) Шарт жасалған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Сатушы арасында қол қойылған қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісінің көшірмесін электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне кешенді сынау басталанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға;

      20) қаржы-есеп айырысу орталығының сұратуы бойынша қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі құрылысының барысы туралы ақпарат жолдауға;

      21) Қағидалардың 115-117-тармақтарында қойылатын талаптарға сәйкес осы Шартқа қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде белгіленген қуаттың 1 (бір) кВт үшін 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді Сатып алушыға ұсынуға;

      22) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салу үшін салынған шетелдік валютадағы кредиттік міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты жыл сайын бірінші қазанға қарай беруге;

      23) Сатушының бірігуі, банкрот болуы немесе таратылуы туралы Сатып алушыны тез арада хабардар етуге;

      24) жаңа генерациялау қондырғыларын (бұған дейін пайдаланылмаған) пайдалана отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салуға міндетті.

      11. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан көлемдерді салыстырып-тексеру актісін алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оған қол қоюға немесе егер ол Сатушының жеткізілген электр энергиясының көлемі туралы деректерімен келіспесе, тура сол мерзімде Сатушыға бас тартудың негізділігін растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өзінің жазбаша дәлелді бас тартуын жіберуге;

      2) шартты тұтынушылар үшін белгіленген төлем мерзімі өткен соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тиісті көлемдерді салыстырып-тексеру актісінде көрсетілген электр энергиясы жеткізілетін айда берілген барлық көлемі үшін Сатушыға ақы төлеуге;

      3) жыл сайын қаңтардың 1-і мен 31-ін қоса алған кезеңде өткен қаржы жылындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеруді жүргізуге;

      4) өз атауынің, заңды мекенжайынің, нақты орналасқан жерінің және Шарт талаптарын орындау үшін қажетті деректемелерінің өзгергені туралы Сатушыны тез арада хабардар етуге;

      5) осы Шарттың 10-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін іске қосқан кезде, жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасын немесе оның бөлігін қайтаруға;

      6) Сатып алушының бірігуі, банкрот болуы немесе таратылуы туралы Сатушыны тез арада хабардар етуге міндетті.

      12. Сатушы:

      1) Сатып алушыдан Шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

      2) Шартта көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің өндіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты артпайтындай болса, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді, оның ішінде негізгі өндіруші жабдықты ауыстыра отырып, жүзеге асыруға;

      3) Сатып алушыны талап ету құқығын басқаға беру туралы тиісті шарт жасалғанға дейін хабардар ете отырып, Шарттан туындайтын өзінің қолданыстағы және алдағы құқықтары мен талаптарын Сатып алушыға беруге құқылы. Бұл ретте осы тармақшада көзделген құқықтар мен талаптарды басқаға беру жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (уәкілетті орган) осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын Тараптың Шарттың 11-тармағының 21) тармақшасына сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуымен, сондай-ақ Сатып алушы, Сатушы және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын Тарап арасында тиісті келісім жасай отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерінің энергия өндіруші ұйымдары тізбесіне тиісті өзгерістерді енгізгеннен кейін жүзеге асырылады;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі үшінші тұлғаға иеліктен шығарылған кезде, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін дәл сол тұлғаға толықтай беруге құқылы. Бұл жағдайда осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне құқығымен бірге бір уақытта үшінші тұлғаға өтеді.

      13. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан осы Шарт талаптарын орындауды талап етуге;

      2) егер электр энергиясын беру айында жеткізілген көлем туралы Тараптар арасында болған келіспеушіліктерді реттеу қорытындылары бойынша Сатып алушының Сатушыға артық сома төлеу фактісі анықталатын болса, алдағы төлемдерде Сатушыға тиесілі сомалардан артық төленген соманы ұстап қалуға;

      3) Шартқа және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энерия көздері және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес Сатушының міндеттемелерін орындауды талап етуге құқылы.

      5. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Сатушы Шарттың 11-тармағының 16) тармақшасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама көшірмесін ұсыну мерзімдерін 6 айдан көп уақытқа бұзған кезде, онда Сатып алушы Қағидалардың 98-тармағында белгіленген тәртіпте Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30%-ын (отыз пайыз) ұстап қалады және ол туралы Сатушыға жазбаша хабарлайды.

      15. Егер Сатушы Шарттың 10-тармағының 17) тармақшасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімдерін мерзімді бұзса, Сатып алушы Қағиданың 98-тармағында белгіленген тәртіпте Шарт талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% (жүз пайызын) ұстап қалады, ол туралы Сатушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте осы Шарттың 15-тармағына сәйкес Шарт талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының бөлігін ұстап қалған кезде, Қағиданың 98-тармағында белгіленген тәртіпте Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% (жетпіс пайызын) ұстап қалады.

      16. Шартта көзделген төлемдер дің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін кешіктірілген соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ кешіктірілген соманың 10 %-ынан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      17. Тараптар Шартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарт талаптарына сәйкес жауапты болады.

      18. Шарттың талаптары Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана өзгертіледі және жазбаша нысанда ресімделеді.

      19. Сатып алушы белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің нақты мәнінің болжамдалғаннан ауытқығаны үшін, сондай-ақ электр энергиясын диспетчерлендіруге, беруге және таратуға байланысты іс-әрекеттерін қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін жауапты болмайды.

      20. Сатып алушы кез келген салдар үшін, соның ішінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салу және (немесе) пайдалану нәтижесінде туындаған экологиялық, қаржылық, әлеуметтік және басқадай кез келген және мұнымен шектелмейтін салдар үшін үшінші тұлға алдында жауапты болмайды.

      21. Сатушы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салу және (немесе) пайдалану нәтижесінде туындаған экологиялық, қаржылық және әлеуметтік салдарлар үшін үшінші тұлғалар алдында толық жауапты болады.

      6. Форс-мажорлық жағдайлар

      22. Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажорлық жағдай нәтижелері болып табылатын болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      23. Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген жерден болатын оқиға форс-мажорлық жағдай деп танылады.

      24. Сатып алушыда қандай да бір себеппен жеткілікті ақшаның болмауы форс-мажорлық жағдай болып табылмайды және Сатып алушыны төлемдерді кешіктіргені үшін жауапкершіліктен босатпайды.

      25. Форс-мажорлық жағдай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы басқа Тарапты растайтын құжаттарды ұсынумен форс-мажорлық жағдайдың сипатын, туындау себебін және олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      7. Тараптардың Сатушы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салу үшін қаржылық ұйымдарда қарыз тартқан жағдайдағы іс-әрекеттері.

      26. Сатушы осы Шарт бойынша ақшалай түсімдерді кепілге бере отырып, қаржылық ұйымдарда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін салуға қаржыландыру тартқан кезде, Сатушы Сатып алушыға аталған хабарламанының қолданылу мерзімін көрсетумен ақшалай түсімдер кепілдігі туралы тиісті хабарлама жібереді.

      27. Сатушының Сатып алушыға ақшалай түсімдер кепілдігі туралы хабарламаны ұсынуы Сатушының осы Шартқа қатысты Сатып алушының мына іс-әрекеттерді жүзеге асыруына қайтарып алынбайтын және сөзсіз келісімін білдіреді:

      1) Сатып алушының қаржы ұйымының пайдасына одан талапты алған кезде Сатушыға тиесілі төлемдерді (ай сайынғы төлемдер шегінде) жүзеге асыруы. Қаржы ұйымының пайдасына жасалған әрбір төлем Сатып алушының осы шарт бойынша Сатушы алдындағы ақшалай міндеттемесін тиісінше орындауы болып есептеледі;

      2) Сатып алушыға қаржы ұйымынан осындай ауыстыру қажеттігі туралы талап түскен жағдайда Сатушыны ауыстыруды жүзеге асыру. Қаржы ұйымының талап етуі бойынша Сатушыны ауыстыру уәкілетті орган Заңның 6-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады;

      3) Сатып алушының шарттың қолданылуын тоқтатуға немесе тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін Сатушының осы шарт бойынша Сатып алушы алдындағы міндеттемелерін орындамауы жағдайлары туралы қаржы ұйымына ақпарат береді.

      8. Дауларды шешу

      28. Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

      29. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      30. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты, сондай-ақ Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген, осы Шартқа байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс.

      9. Шарттың және аукциондық бағаның қолданылу мерзімі

      31. Осы Шарт Тараптармен қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      32. Шарт және онда көрсетілген аукциондық баға өндірілген электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.

      10. Қорытынды ережелер

      33. Шарт:

      1) Сатушының Шарттың 10-тармағының 17) тармақшасында көзделген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалануға беру мерзімін бұзуы;

      2) Сатушы Шарттың қолданылуы кезеңінде өндірілетін электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сай тұтынушылармен жасалған екіжақты шарттарға сәйкес келісілген баға бойынша өткізуі;

      3) Қағидалардың 95-тармағына сәйкес Сатушы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну мерзімін бұзған жағдайда өз қолданысын тоқтатады.

      34. Шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары олар жазбаша түрінде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана жарамды болып табылады.

      35. Тараптар арасындағы барлық хат алмасу қағаз нұсқасындағы хаттарды жіберу арқылы жазбаша түрде жүзеге асырылады.

      36. Шарт заңды күші бірдей екі данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      37. Шарт Нұр-Сұлтан қаласында жасалды, оған екі Тарапта қол қойды және Сатып алушы оны 20__ жылғы "_____"_________ № _____ жасалған шарттар тізілімінде тіркеді.

      38. Осы Шарттың барлық талаптары тұрақты болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне тәуелді емес және Сатып алушымен келісім бойынша ғана өзгертіледі.

      11. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары

Сатушы
_____________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_____________
Нақты мекенжайы:_____________
Тел./факс:____________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________
Банктік сәйкестендіру коды _____________________________
Жеке сәйкестендіру коды
_____________________________
_____________________________
(банктің атауы)
_____________________________
(лауазымы)
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
м.о. (болған жағдайда)

Сатып алушы ____________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:____________
Нақты мекенжайы:____________
Тел./факс:___________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
Банктік сәйкестендіру коды
____________________________
Жеке сәйкестендіру коды
____________________________
____________________________
(банктің атауы)
____________________________
(лауазымы)
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
м.о. (болған жағдайда)";

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 7 сәуірдегі
№ 123 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына
5-қосымша
  Үлгілік нысан

Қаржы-есеп айырысу орталығының тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын шекті тарифтер бойынша сатып алу шарты

      № _____________

      ________

      ______________________                        20___жыл ____ ______

      (шарт жасалған жер)

      тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

      __________________________________________________________________,

      (заңды мекенжайы көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын

      __________________________________________________________________,

      (қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:_______________________________, атынан

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктің туындау негіздемесі көрсетіледі)

      __________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі),

      бір тараптан, және

      тіркелген мекенжайы: ______________________________________________,

      (орналасқан жері көрсетіледі)

      бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________,

      (ұйымның толық атауы көрсетіледі)

      бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________, атынан

      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (өкілеттіктің туындау негіздемесі көрсетіледі)

      ______________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі)

      басқа тараптан, бірлесе "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталатындар:

      1) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң);

      2) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын;

      3) "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.

      1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) беру нүктесі – тасқындық электр энергиясын пайдалану объектісін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;

      2) жеткізілетін ай – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-де аяқталатын тасқындық электр энергиясын пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша жеткізілетін электр энергиясын сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;

      3) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, беру нүктелеріне жеткізілетін, электр станциялары өндірген барлық электр энергиясы;

      4) жұмыс күні - Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;

      5) жүйелік оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану дайындығында ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      6) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;

      7) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;

      8) күнтізбелік жыл – тиісті жылдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті жылдың соңғы күні сағат 24.00-ге дейін берілетін электр энергиясы нақты жеткізілетін жыл;

      9) Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – есептік кезең ішінде орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;

      10) тасқындық электр энергиясы - Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;

      11) шарт – Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған Электр энергиясын сатып алу жөніндегі осы шарт;

      12) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда есепке алынатын, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы.

      2. Шарттың мәні

      2. Шартқа сәйкес Сатушының объектісінде өндірілген және беру нүктесіне жеткізілген электр энергиясының барлық көлемін Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады. Сатушы мына объектіде электр энергиясын өндіретін болады:

      1) атауы – __________;

      2) шартты тұтынушының өндіруші жабдығының белгіленген жиынтық қуаты – _____ (МВт).

      3) электр желісіне қосылу нүктесі – __________________.

      3. Қосымша құн салығын есепке алмағанда, электр энергиясының 1 (бір) киловатт-сағаты үшін ______ құрайтын электр энергиясына арналған шекті тариф Шарт бойынша электр энергиясының бағасы болып табылады.

      3. Электр энергиясының көлемін есепке алу және төлеу

      4. Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат бұл ЖО ҰДО ұсынатын Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі болып табылады.

      5. Сатып алушы электр энергиясына Сатушы ұсынған шот-фактура және көлемдерді салыстырып-тексеру актісі негізінде шартты тұтынушылар үшін белгіленген төлем мерзімі біткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде ақы төлейді.

      4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      6. Сатушы:

      1) тасқындық электр энергиясын беру айынан кейінгі айдың 5 (бесінен) кешіктірмей электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың нақты тәулік сайынғы көлемдері туралы ақпаратты Сатып алушыға беруге;

      2) электр энергиясын берудің есептік кезеңінен кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей Сатып алушыға көлемдерді салыстырып-тексеру актісі негізінде шот-фактураны жіберуге;

      3) тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін келіспеушіліктерді көрсетіп немесе оларды көрсетпей өзара есеп айырысуларға тексеру жүргізуге;

      4) қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын беру айына дейінгі 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тасқындық электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты ұсынуға;

      5) Сатып алушыны өзінің шекті тарифінің, атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы тез арада хабардар етуге;

      6) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясы өндірісінің тәуліктік графиктерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      7. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан көлемдерді салыстырып-тексеру актісін алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оған қол қоюға немесе егер ол Сатушының жеткізілген тасқындық электр энергиясының көлемі туралы деректерімен келіспесе, тура сол мерзімде Сатушыға бас тартуды негіздейтін құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өзінің жазбаша дәлелденген бас тартуын жіберуге;

      2) шартты тұтынушылар үшін белгіленген төлем мерзімі өткен соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тиісті көлемдерді салыстырып-тексеру актісінде көрсетілген тасқындық электр энергиясы жеткізілетін айда берілген барлық көлемі үшін Сатушыға ақы төлеуге;

      3) жыл сайын қаңтардың 1-і мен 31-ін қоса алған кезеңде өткен қаржы жылындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеруді жүргізуге;

      4) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жері мен Шарт талаптарын орындау үшін қажетті деректемелерінің өзгергені туралы Сатушыны тез арада хабардар етуге міндетті.

      8. Сатушы:

      1) Сатып алушыдан Шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

      2) Шартқа және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздері және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес Сатушының басқа да міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы.

      9. Сатып алушы:

      1) Сатушыдан осы Шарт талаптарын орындауды талап етуге;

      2) егер Тараптар арасындағы электр энергиясын беру айында жеткізілген электр энергиясының көлемі туралы келіспеушіліктерді реттеу қорытындылары бойынша Сатып алушы Сатушыға артық сома төлеген факті анықталатын болса, алдағы төлемдерде Сатушыға тиесілі сомалардан артық төленген соманы ұстап қалуға;

      3) Шартқа және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энерия көздері және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес Сатушының міндеттемелерін орындауды талап етуге құқылы.

      5. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін кешіктірілген соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ кешіктірілген соманың 10 %-ынан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      11. Тараптар Шартпен көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады.

      12. Осы Шарттың талаптары Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана өзгертіледі және жазбаша нысанда ресімделеді.

      13. Сатып алушы электр энергиясын диспетчерлендіруге, беруге және таратуға байланысты, онымен шектелмей үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері үшін жауапты болмайды.

      6. Дауларды шешу

      14. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

      15. Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      16. Күнтізбелік жылда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау болған кезде Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлеміне қатысты жазбаша келіспеушіліктерді алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде осы дауды келіссөздер арқылы шешуге күш-жігерін салуға міндетті. Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау бойынша келісімге келе алмаған кезде, дау сот тәртібімен түпкілікті шешуге жатады.

      17. Даулы жағдайларда ЖО ҰДО ұсынатын, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.

      18. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты, сондай-ақ Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген, осы Шартқа байланысты барлық даулар сатып алушының орналасқан жері бойынша мемлекеттік сотта қаралуға тиіс.

      7. Форс-мажорлық жағдайлар

      19. Шарт талаптарының орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны форс-мажорлық жағдай нәтижелері болып табылатын болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      20. Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген жерден болатын оқиға форс-мажорлық жағдай деп танылады.

      21. Форс-мажорлық жағдай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы растайтын құжаттарды ұсынумен форс-мажорлық жағдайдың сипатын, туындау себебін және олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, басқа Тарапты 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      8. Шарттың қолданылу мерзімі

      22. Осы Шарт _____ жылғы "___" _____ бастап күшіне енеді.

      23. Осы Шарттың қолданылу мерзімі 20 ___ жылғы "____" ________ бастап 20 ___ жылғы ______ дейін.

      9. Шарттың талаптары

      24. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      25. Осы Шарт Нұр-Сұлтан қаласында жасалды және Сатып алушы оны 20__ жылғы "_____"_________ № _____ жасалған шарттар тізілімінде тіркеді.

      10. Шартты өзгерту талаптары

      26. Шарт Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Шартқа қосымша келісім жасау жолымен өзгертіледі.

      11. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары

Сатушы
_________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:_________________
Нақты мекенжайы:_________________
Тел./факс:_______________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
______________________________
Банктік сәйкестендіру коды
______________________________
Жеке сәйкестендіру коды
_______________________________
_______________________________
(банктің атауы)
_________________________________
(лауазымы)
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
м.о. (болған жағдайда)

Сатып алушы
________________________________
(толық атауы)
Заңды мекенжайы:________________
Нақты мекенжайы:________________
Тел./факс:______________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
______________________________
Банктік сәйкестендіру коды
______________________________
Жеке сәйкестендіру коды
______________________________
________________________________
(банктің атауы)
_________________________________
(лауазымы)
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
м.о. (болған жағдайда)";


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады