"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қазанда № 24661 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын:

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"2 - тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      14. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері балалар контингентін жасақтауды жүргізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін топтастыруда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері кезектілік тізімін басшылыққа алады.

      15. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері осы тараудың 1-параграфында немесе 2-параграфында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Осы тараудың 2-параграфында көзделген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.

      16. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмімен анықталады. Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Жан басына нормативтік қаржыландыру қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыру

      17. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері конкурс өткізеді.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері өздерінің ресми интернет-ресурстарында өткізілу күнін, уақытын және орнын, конкурстың өткізу мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күнін көрсете отырып, конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстардың жергілікті атқарушы органдары Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамына мәслихаттардың, әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Комиссияның төрағасы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің басшысы болып табылады.

      18. Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті көрсетуші жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.

      19. Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

      2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;

      4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

      5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;

      6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

      7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

      Осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйым құрылтайшысының қолтаңбасымен мақұлданады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Егер мектепке дейінгі ұйым жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда құжаттарды мөрмен куәландыру талап етілмейді.

      20. Ұсынылған өтініштерді Комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпарат:

      1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

      2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады, оған Комиссияның төрағасы мен Комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін Комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқарламасының, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Әлеуетті жеткізушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасы бойынша құжаттарды сәйкес келтіреді.

      Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

      Комиссия орындар санын көрсете отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

      Комиссияның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілілген шешімі отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама түрінде ресімделеді.

      Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:

      1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы шешім;

      2) осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешім.

      20-1. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.

      20-2. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

      1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

      2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.

      Ашық дауыс беру жолымен Комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса, дұрыс деп есептеледі.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, білім бөлімдерінің өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне жылына бір рет мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар осы Қағидалардың 19-тармағының 7) тармақшасында көзделген өтініш пен құжаттарды ұсынған жағдайда отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

      20-3. Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      20-4. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері өзінің ресми интернет-ресурсында осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері конкурс өткізбестен және жиналған балалар контингентіне қарамастан қалыптастыратын Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін көрсетуші әлеуетті жеткізушілердің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардан өтініштер қабылдау туралы ақпаратты орналастырады.

      Тізбеге енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардан өтініштер қабылдау туралы ақпаратты өзінің нтернет-ресурсында орналастырған республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері көрсетілген ақпараттың өзінің интернет-ресурсында үнемі болуы арқылы Тізбенің үздіксіз қалыптасуын қамтамасыз етеді.

      20-5. Тізбеге енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдар республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасына, ауданда, қалада орналасқан білім бөліміне басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады, егер мектепке дейінгі ұйымдардың өтініштерді электрондық құжат нысанында ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қол қоятын қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады:

      1) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

      2) мектепке дейінгі ұйымды орналастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмелері;

      3) мектепке дейінгі ұйым мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің бекітілген орны бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымы арасында жасалған медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге шарттың көшірмесі, көрсетілетін медициналық қызметке лицензияның көшірмесі.

      Қағидалардың осы тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса беру мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар үшін талап етілмейді.

      20-6. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдардың өтініштерін, қоса берілген құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Мектепке дейінгі ұйымдардың өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге қарай отырып, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімі ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие саласындағы қызметтің басталғаны туралы жарамды хабарламаның және (немесе) медициналық қызметке лицензияның (медициналық пункт болған жағдайда) болуын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан ақпарат алу арқылы тексереді.

      Мектепке дейінгі ұйымдардың өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге қарау нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:

      1) мектепке дейінгі ұйымды Тізбеге қосу туралы;

      2) осы Қағидалардың 20-5-тармағына сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну жағдайында Тізбеге қосудан бас тарту туралы шешім. Мектепке дейінгі ұйымды Тізбеге енгізуден бас тарту осы мектепке дейінгі ұйымның өтінішті қоса берілетін құжаттарымен бірге қайтадан беруіне кедергі болмайды.

      Хаттама 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      20-7. Қалыптастырылған Тізбеде мектепке дейінгі ұйымның атауы, оның жобалық қуаты, өтініш берген сәттегі бос орындардың саны және байланыс деректері көрсетіледі.

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімі өзінің ресми интернет-ресурсында енгізілетін барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, қалыптастырылған Тізбенің үнемі болуын қамтамасыз етеді.

      20-8. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасының, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдардың осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес өтініш бойынша өзіне алған міндеттемелерді мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін көрсету процесінде бұзу фактілерін анықтауы мектепке дейінгі ұйымдарды Тізбеден алып тастау үшін негіз болып табылады.

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасы, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімі жоғарыда көрсетілген фактілер анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді. Мектепке дейінгі ұйымдар хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды және нәтижелері туралы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасын, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімін хабардар етеді.

      Мектепке дейінгі ұйым Қағидалардың осы тармағында белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тиісті өңірлік палатасымен келісу бойынша мектепке дейінгі ұйымды Тізбеден алып тастау туралы шешім қабылдайды, ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасының, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 20-10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес негіздемелік келісім жасалған екінші деңгейдегі банкті және (немесе) ұлттық пошта операторын бұл туралы хабардар етеді.

      Мектепке дейінгі ұйымдар Қағидалардың осы тармағының талаптарын бұзғандықтан тізбеден шығарылған мектепке дейінгі ұйымның талабы бойынша шығарылған тиісті сот шешімі болған кезде Тізбеге енгізілуге жатады.

      Мектепке дейінгі ұйымның Тізбеден шығарылуы аталған мектепке дейінгі ұйымды осы Қағидалардың 20-5-тармағында белгіленген тәртіппен Тізбеге қайта қосуға кедергі болмайды. Бұл ретте мектепке дейінгі ұйымды Тізбеге қайта енгізу мектепке дейінгі ұйым Тізбеден шығарылған күннен бастап жиырма төрт ай өткен жағдайда жүргізіледі.

      20-9. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, оларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарды айқындауды осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қалыптастырылған контингентке кіретін балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жүзеге асырады.

      Білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымды айқындау нәтижесі балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мен мектепке дейінгі ұйым арасында жасалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсету шарты болып табылады.

      20-10. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай жүйелі әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

      1) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қалыптастырылған контингентке кіретін балалардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің Қағидалардың осы тармағының 4) тармақшасына сәйкес қаржы жылының қорытындысы бойынша пайдаланылмаған бюджет қаражатын акцептсіз қайтаруды көздейтін білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсаттары үшін балалардың атына немесе өз атына банк шоттарын ашуы. Осы тармақшада көрсетілген банктік шоттарды ашу екінші деңгейдегі банкте және (немесе) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасымен, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімімен негіздемелік келісім жасасқан Ұлттық пошта операторында жүзеге асырылады, оған сәйкес екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы балалардың не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің банктік шоттарына аударылатын, кейін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға олардың көрсеткен білім беру қызметтері үшін қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсаты сақталуына кепілдік береді;

      2) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қалыптастырылған контингентке кіретін балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мен Тізбеге енгізілген мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасу;

      3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармасының, ауданда, қалада орналасқан білім бөлімінің бюджет қаражатын Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына ай сайын аударуы;

      4) Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген банктік шоттардан Тізбеге енгізілген тиісті мектепке дейінгі ұйымдардың шоттарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсету шартының талаптарына сәйкес білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бюджет қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару. Бюджет қаражатын Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, бір баланың атына немесе мүддесіне ашылған банк шотынан басқа бала үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында мектепке дейінгі ұйымның шотына аударуға жол берілмейді.

      Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарында қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған бюджет қаражаты 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті бюджетке акцептсіз қайтарылуы тиіс.

      20-11. Білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар ай сайын Ұлттық білім беру деректер қорында өз тәрбиеленушілері, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қалыптастырылған контингентке кіретіндер туралы ақпаратты толтырады.

      20-12. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына және (немесе) көлеміне мониторингті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсету шартының тараптары жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Әдістемеге сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі бойынша анықталады. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Әдістемеге сәйкес кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі бойынша анықталады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Әдістемеге сәйкес орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі бойынша анықталады. Бұл ретте орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министрдің міндетін атқарушы Ш. Каринова

  вице-министр
2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 486 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы "__"_______
№________ бұйрығына
қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
22-қосымша
  НЫСАН
  (мектепке дейінгі ұйымның
бланкісінде толтырылады)
Республикалық маңызы бар
қаланың, астананың білім
басқармасы, ауданда, қалада
орналасқан білім бөлімі
____________________________
(басшысының Т.А.Ә
(болған жағдайда))

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы (табыс септігінде), БСН/ЖСН)

      білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін көрсетуші жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.

      Осымен мынаны хабарлаймын:

      1) мектепке дейінгі ұйым объектісінің жобалық қуаты: ___________;

      2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: __________ адам, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша _____ адам;

      3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы __________________________________; (орналастырылды/орналастырылмады)

      4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер қорын пайдаланушы болып табылады.

      Осымен мектепке дейінгі ұйым мыналарды сақтауға кепілдік береді:

      1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде тәрбиеленушілер үшін ата-ана төлемақысының белгіленген мөлшерін;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық тараптарды, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;

      3) "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтауға;

      4) ай сайын Ұлттық білім беру деректер қорын ақпаратпен толтыруға, атап айтқанда:

      тәрбиеленушілер, оның ішінде Қағидалардың 14-тармағына сәйкес астананың білім басқармасы қалыптастырған контингентке кіретіндер туралы;

      тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасының білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтауға.

      Қосымша ___ парақта.

      _____________________________________________________ басшысы

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы (Ілік септігінде))

      ____________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Толтырылған күні

      Мөр орны (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады