"Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25375 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 23 қарашадағы
№ 365 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 161 бұйрығымен
бекітілген

Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленді және генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банктің клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына берілетін жазбаша құжат, осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;

      2) бенефициар – пайдасына төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын тұлға;

      3) борышкер тұлға – эмитент банкке бенефициар пайдасына банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шығаруға тапсырма беретін заңды тұлға;

      4) бір жақты аукцион – жеңімпазды және жеңімпазға үміткерді, жеңімпаз сатып алу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, аукцион затын сатып алу үшін аукционға қатысушының бастапқы бағасынан бастап аукцион адымына баға туралы ағымдағы ұсынысты төмендету жолымен анықтауға бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру нысаны;

      5) бірыңғай сатып алушы – Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы барлық аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттық нәтижелерін растайтын құжат;

      7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;

      8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;

      9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;

      10) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – уәкілетті орган айқындайтын, Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;

      11) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      12) комиссия – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы жүзеге асыратын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шешімдер қабылдау мақсатында электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жүйелік оператордың, бірыңғай сатып алушының және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдерінен кемінде 9 адамнан тұратын, уәкілетті орган құратын комиссия;

      13) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;

      14) өтініш беруші – аукциондық сауда-саттыққа қатысуды жоспарлайтын заңды тұлға;

      15) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);

      16) саудалық сессия – аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдер беруі, аукциондық сауда-саттық тарифін айқындау жүзеге асырылатын және аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі қалыптастырылатын процесс;

      17) Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар – уәкілетті орган қалыптастыратын және ресми интернет-ресурсында орналастыратын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17923 болып тіркелген) Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар қатарынан тұратын Тұлғалар тобының тізіліміндегі көтерме сауда нарығының субъектілері;

      18) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      19) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет –энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;

      20) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметке арналған шарт (бұдан әрі – реттеу жөніндегі шарт) – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуын өтеу үшін қызметтер көрсету жөніндегі жүйелік оператор мен аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы арасында жыл сайын жасалатын шарт;

      21) электр қуатын сатып алу шарты – генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша бірыңғай сатып алушы мен аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы арасында жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу шарты;

      22) электрондық жүйе – интернет арқылы аукциондық сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, техникалық, сауда, бағдарламалық компоненттер кешені.

      3. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) немесе оның қандай да бір аймағында болжамның соңғы 3 (үш) жыл ішінде реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан (бұдан әрі –МВт) асқан жағдайда, уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды және Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларға реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.

      4. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеу (реттілікпен басымдық тәртібімен) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы мыналардың:

      1) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына (бұдан әрі – орналастыру жоспары) енгізілген және жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі – алдын ала ТЭН) бар алаңдар (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрі);

      2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдары (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықтың Екінші түрі);

      3) алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері жоқ алаңдар (бұдан әрі –аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрі) арасында жүргізіледі.

      Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтар Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған реттеуші электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар құратын генерациялайтын қондырғыларға қатысты өткізілмейді.

      Генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру көлемдерін айқындау үшін база ретінде соңғы 3 (үш) жылда жоғарылатуға және төмендетуге арналған реттеуді қамтамасыз ету мақсаттарын негізге ала отырып, екі есеге ұлғайтылған тиісті болжамның реттеуші электр қуаты тапшылығының ең үлкен мәні (бұдан әрі – База) пайдаланылады.

      Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) шеңберінде іске асырылатын генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру көлемі Тұлғалар тобының тізіліміне кірмейтін тұтынушыларға тиесілі ҚР БЭЖ (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) жүктемесінің үлесіне түзетілген Базадан кем емес көлемде желіге қуатты беру, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарды орындау қамтамасыз етілетін мәнде айқындалады.

      Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар іске асыратын генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру көлемін Тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға тиесілі ҚР БЭЖ жүктемесінің үлесіне түзетілген Базадан кем емес көлемде желіге қуат беруді қамтамасыз ететін мәнде тиісті тұлғалар тобы дербес айқындайды.

      5. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін 6 (алты) айдан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін (бұдан әрі – График) әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      Бұл ретте уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей, Графикке мынадай қосымша ақпарат (аукциондық сауда-саттықтың әрбір түрі үшін жеке) енгізеді:

      шекті аукциондық тарифтің шамасы, теңге / Мегаватт*ай;;

      аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі, теңгемен;

      электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі, теңгемен.

      Графикке қосымша ақпаратты енгізе отырып, уәкілетті орган Аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрі үшін алдын ала ТЭН нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі бойынша нақтыланған ақпаратты да көрсетеді.

      Жобалау ұйымы осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген шарттардың бірін алмаған жағдайда, Аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің көлемі Графикті түзету кезінде Аукциондық сауда-саттықтың үшінші түріне ауыстырылады.

      Уәкілетті орган Графикке осы тармақта көрсетілген қосымша ақпаратты енгізген күннен кейін График өзгертуге немесе түзетуге жатпайды.

      6. Аукциондық сауда-саттықта бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін сатып алады.

      Тиісті жылдың аукциондық сауда-саттығында сатып алынатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган айқындаған генерациялаудың маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізу мерзімдеріне қарай Тұлғалар тобының тізіліміне кірмейтін тұтынушыларға тиесілі ҚР БЭЖ жүктемесінің үлесіне түзетілген Базаға тең немесе одан аспайтын (кем) мән бойынша осы сауда-саттыққа шығарылады.

      Егер аукциондық сауда-саттықтың Екінші түрінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің көлемі осы аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша толық іріктелмеген жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті іріктелмеген көлемі аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлеміне толықтырылуға жатады.

      7. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін реттеуші электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын ҚР БЭЖ аймағында құрылады және пайдалануға енгізіледі;

      2) генерациялайтын қондырғыларды автоматты реттеуге қосылған;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын реттеу диапазоны бар;

      4) жаңа (бұрын пайдалануда болмаған) генерациялайтын жабдықты пайдалана отырып енгізіледі.

      Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар контрреттеуші гидроэлектр станциясының типі бойынша салынған кезде оның жұмыс режимі өзен арнасы бойынша жоғарыда орналасқан, жұмыс істеп тұрған гидроэлектр станциясының жұмыс режиміне тікелей байланысты салынады.

      8. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі — Құрылыс қызметі туралы заң) және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1-параграф. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру

      9. Реттеуші қуат тапшылығын айқындағаннан кейін уәкілетті орган күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрі үшін резервте қалдыруға қолжетімді, қажетті инфрақұрылымы бар жер учаскелері (бұдан әрі — жер учаскелері) туралы ақпарат беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО) сұрау салу жібереді.

      ЖАО күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде уәкілетті органға осы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға сәйкес алаңдар айқындау үшін кемінде 3 (үш) бірлік мөлшерінде жер учаскелері туралы алдын ала ақпарат береді және аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрі басталғанға дейін уәкілетті орган тарапынан тиісті хабарлама алынған күнге дейін ықтимал резервтеу үшін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      10. ЖАО жер учаскелері туралы алдын ала ақпарат бергеннен кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрін өткізу үшін алдын ала ТЭН әзірлеу мақсатында жер учаскелері туралы ақпаратты бірыңғай сатып алушының атына жібереді.

      11. Реттеуші қуат көлемі тапшылығының, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізу қажеттігінің, оларды енгізу мерзімдерінің және оларды аукцион түрлері арасында алдын ала бөлудің, сондай-ақ ЖАО-ның жер учаскелері туралы алдын ала ақпаратының негізінде уәкілетті орган тиісті жылғы аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрі шеңберінде іске асыру жоспарланған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін осы жер учаскелері арасында бөлуді және Заңның 5-бабының 70-43) тармақшасына сәйкес кейіннен оларды генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына (бұдан әрі – орналастыру жоспары) енгізе отырып, осы көлемдерді пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды.

      Бұл ретте жер учаскелерінің әрқайсысында енгізуге жоспарланған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың түпкілікті көлемі және осы көлемдерді енгізудің түпкілікті мерзімдері бірыңғай сатып алушы дайындаған тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде айқындалады.

      Алдын ала ТЭН нәтижелерінің негізінде орналастыру жоспарының ақпараты жаңартуға (бұдан әрі – Жаңартылған орналастыру жоспары) жатады.

      12. Уәкілетті орган орналастыру жоспарында енгізілетін қуаттардың көлемін, оның ішінде рттеуші электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін және Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар құрған немесе құратын реттеуші электр қуатының тапшылығын жабу үшін реттеуші электр қуатының көлемін ескереді және күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ЖАО-ға Жаңартылған орналастыру жоспарын жібереді. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар құратын электр қуатының көлемдері аукциондық сауда-саттық тетігін қолданбай пайдалануға енгізіледі.

      13. Нақты алаң бойынша өткізілетін аукциондық сауда-саттық құжаттамасы осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала ТЭН негізінде әзірленеді.

      14. Уәкілетті орган орналастыру жоспарында ескерілген және аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрі шеңберінде іске асыруға жоспарланатын жобаларды іске асыру мақсатында жүйелік операторға әрбір жоба бойынша алдын ала ТЭН дайындауға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу қажеттігі туралы хат жібереді.

      15. Жүйелік оператор уәкілетті органнан хат алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде техникалық тапсырманы әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.

      16. Уәкілетті орган жүйелік оператордан техникалық тапсырманы алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны алдын ала ТЭН дайындау үшін бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      17. Алдын ала ТЭН дайындау мақсатында бірыңғай сатып алушы конкурс негізінде жобалау ұйымын тартады.

      18. Бірыңғай сатып алушы жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша жобалау ұйымын тарту бойынша конкурстық құжаттаманы дайындайды.

      19. Алдын ала ТЭН құрамында:

      1) орналастыру орны;

      2) ұлттық электр желілеріне қосылу нүктесі;

      3) жобаны іске асырудың болжамды құны;

      4) аукциондық сауда-саттықта бәсекелестікті қамтамасыз ететін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф;

      5) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың 15 (он бес) жылға тең мерзімі;

      6) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;

      7) ҚР БЭЖ-де реттелетін электр қуатының тапшылығы аймағы;

      8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамалары болады.

      20. Алдын ала ТЭН әзірлеу сатысында жобалау ұйымы бірыңғай сатып алушының атына:

      1) ұлттық электр желілерін пайдаланатын ұйымнан ҚР БЭЖ-ге қосылуға арналған техникалық шарттар;

      2) магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе газ генерациясына арналған топтық резервуарлық қондырғыға қосуға арналған техникалық шарттар алады.

      21. Әзірленген алдын ала ТЭН бірыңғай сатып алушының комиссиялық қабылдауына жатады.

      Алдын ала ТЭН нәтижелерін қабылдау бойынша бірыңғай сатып алушы комиссиясының құрамына:

      1) уәкілетті орган;

      2) жүйелік оператор;

      3) бірыңғай сатып алушы;

      4) ұлттық газ операторы;

      5)заңды тұлғалар бірлестіктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар кіреді.

      22. Бірыңғай сатып алушы алдын ала ТЭН комиссиялық қабылданғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде аукциондық сауда-саттық құжаттамасын әзірлеу үшін уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынады.

      23. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шешімдер қабылдау үшін уәкілетті орган осы Қағидалардың 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес комиссия құрады.

      24. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен қабылданады.

      25. Төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның басқа да мүшелері комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге қатысады.

      26. Комиссия төрағасын және төраға орынбасарын уәкілетті орган айқындайды.

      27. Комиссия төрағасы өзіне жүктелген міндеттемелер шеңберінде комиссия қызметіне басшылық жасайды.

      28. Комиссия оны құру туралы шешім қабылдау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және жаңа комиссия құру туралы шешім қабылданған күні өз қызметін тоқтатады.

      29. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      30. Комиссияның шешімдері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      31. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс бермейді.

      Комиссия хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері арасынан айқындалады.

      32. Комиссия хатшысы:

      1) аукциондық сауда-саттық құжаттамасын қалыптастырады және интернет-ресурста орналастырады;

      2) уәкілетті органның интернет-ресурсында Графикті, аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын орналастырады;

      3) комиссия шешімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.

      33. Комиссия тиісті аукциондық сауда-саттықттар өткізгенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өтініш беруші осы аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін уәкілетті органға ұсынған құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 47, 50 және 54-тармақтарында белгіленген талаптарға және аукционддық құжаттамаға сәйкес келуін тексереді.

      Ұсынылған құжаттары тиісінше осы Қағидалардың 47, 50 және 54-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтініш берушілер аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады, бұл комиссияның тиісті шешімімен бекітіледі.

      Ұсынылған құжаттары тиісінше осы Қағидалардың 47, 50 және 54-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтініш берушілер аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге жіберілмейді, бұл комиссияның тиісті шешімімен бекітіледі және олар тиісті аукциондық сауда-саттыққа қатыспайды.

      34. Уәкілетті орган комиссия құжаттарды тексеріп, шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алған тиісті өтініш берушілерді осы рұқсатты алғаны туралы хабардар етеді, сондай-ақ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуге рұқсат алған ақпарат пен өтініш берушілердің тізімін бірыңғай сатып алушыға және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.

      35. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органнан аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін алғаннан кейін осы Қағидалардың 36-тармағын ескере отырып, аталған өтініш берушілерді тіркеуді жүргізеді.

      36. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелу үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алған өтініш беруші онлайн-тіркелуден өту үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына жүгінеді және оның мекенжайына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жарғының көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшысын тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы).

      37. Осы Қағидалардың 47, 50 және 54-тармақтарында көрсетілген құжаттарды өтініш берушілер тиісті аукциондық сауда-саттық өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

      38. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткеннен кейін және өтініш беруші аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтеріне тарифтерді төлегеннен кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініш берушіге тиісті аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін береді.

      39. Уәкілетті орган бекіткен аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес тиісті аукциондық сауда-саттықты өткізу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын уәкілетті орган өтініш берушілерден аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін құжаттарды қабылдауды тоқтатады.

      40. Қатысушы тиісті аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, электрондық жүйеге рұқсаты бар қатысушы қызметкерлерінің деректемелері немесе тізімі өзгерген жағдайда, бұл туралы аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысын хабардар етеді.

      41. Электрондық жүйеге қолжетімділік құқығын беретін пароль үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.

      42. Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының көрсетілетін қызметтері өтініш беруші мен аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы арасында жасалатын үлгілік шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде төленеді.

      43. Шартта мыналар:

      1) Шарттың мәні, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы көрсететін қызметтердің түрлері, төлеу мерзімдері мен тәсілдері;

      2) аукциондық сауда-саттықтың сауда сессияларына қатысу және аукциондық сауда-саттыққа қолжетімділік үшін өтініш берушіге қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;

      3) аукциондық сауда-саттықты өткізу әдістері;

      4) аукциондық сауда-саттық қатысушылардың Шарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы қамтылады.

      44. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу мақсатында аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы:

      1) аукциондық сауда-саттықты өткізу жөніндегі электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

      2) аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға аукциондық сауда-саттыққа қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз етеді;

      3) аукциондық сауда-саттық қатысушыларының қызметкерлеріне электрондық жүйеде жұмыс істеу бойынша нұсқама өткізеді;

      4) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша уәкілетті органмен және бірыңғай сатып алушымен өзара іс-қимыл жасайды;

      5) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін ресми интернет-ресурста жариялайды.

      45. Егер аукциондық сауда-саттықтың Бірінші және (немесе) Екінші және (немесе) Үшінші түрлері осы Қағидалардың 86, 115 және 117-тармақтарында көрсетілген себептер бойынша өткізілмеді деп жарияланған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген алаңдар арасында күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайталама аукциондық сауда-саттықты өткізу туралы шешім қабылдайды.

2-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрін дайындау

      46. Бірыңғай сатып алушы алдын ала ТЭН дайындағаннан кейін уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға жер учаскелерін резервтеу қажеттілігі туралы ақпаратты жібереді;

      ЖАО уәкілетті органнан ақпарат алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарына жер учаскесіне құқықтар берген кезге дейін салынуға жоспарланатын генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін алдын ала ТЭН-де айқындалған жер учаскелерін резервтеуді жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      47. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттарды құжаттарды ұсынады:

      1) жарғының көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат;

      6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету (құжат түпнұсқасы);

      7) қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы растау-хат.

      Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға сырты жабылған, беттері тігілген, нөмірленген, соңғы бетінде қолымен куәландырылған конвертте ұсынады.

      Құжаттары бар осы конвертті уәкілетті орган сол күні комиссия қарауына береді.

      Өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен бірге уәкілетті органға генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды өндірушімен жасалған ниеті туралы (шарт, келісім, меморандум) құжатты (құжат түпнұсқасы) енгізеді, оның шеңберінде өтініш беруші аукциондық сауда-саттықта жеңген жағдайда, өтініш беруші аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы ретінде аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалатын электр қуатын сатып алудың тиісті шартына сәйкес бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі тиісті жобаны осы өндірушінің іске асыруға дайындығы көрсетіледі, сондай-ақ тиісті алдын ала ТЭН нәтижелерін, оның ішінде реттеудің талап етілетін диапазоны бойынша ескере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген техникалық, технологиялық және пайдалану талаптарына сәйкес келетін болады.

      Өтініш берушілер ұсынған құжаттарды тексеру, өтініш берушілерді аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуге жіберу, оларды аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеу және оларға тиісті аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін беру осы Қағидалардың 3339-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      48. Аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салынған жағдайда:

      газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу мен тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Газбен жабдықтау туралы заң) 20-бабына сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің көлемі мен шекті бағаларын айқындайды;

      Газбен жабдықтау туралы заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес магистральдық газ құбырына және (немесе) газ тарату жүйесіне қосуға техникалық шарттар беріледі.

3-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың Екінші түрін дайындау

      49. Аукциондық сауда-саттықтың Екінші түрінің құжаттамасы:

      1) инфрақұрылымды салуға жұмсалған шығындарды шегергенде, ұқсас жобалардың алдын ала ТЭН-і және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түріне сәйкес ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тарифі;

      2) 15 (он бес) жылға тең электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;

      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;

      4) ҚР БЭЖ-дегі реттеу электр қуаты тапшылығының аймағы ескеріле отырып, дайындалады.

      50. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жарғының көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат;

      6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету (құжат түпнұсқасы);

      7) қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы растау-хат.

      Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға сырты жабылған, беттері тігілген, нөмірленген, соңғы бетінде қолымен куәландырылған конвертте ұсынады.

      Құжаттары бар осы конвертті уәкілетті орган сол күні комиссия қарауына береді.

      Өтініш берушілер ұсынған құжаттарды тексеру, өтініш берушілерді аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуге жіберу, оларды аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеу және оларға тиісті аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін беру осы Қағидалардың 3339-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      51. Аукциондық сауда-саттықтың Екінші түріне аукциондық сауда-саттық өткізу жарияланған ҚР БЭЖ аймағында орналасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар қатысады.

      52. Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясын және (немесе) газды пайдаланатын жобаларды іске асырады.

4-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрін ұйымдастыру

      53. Аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрінің құжаттамасы:

      1) инфрақұрылымды салуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, ұқсас жобалардың алдын ала ТЭН-і және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың бірінші түріне сәйкес жүргізілген ұқсас жобалар бойынша аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша есептелген, генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен жаңадан пайдалануға беру кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметке арналған болжамды жеке тариф;

      2) 15 (он бес) жылға тең электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;

      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;

      4) ҚР БЭЖ-дегі реттеу электр қуатының тапшылығы аймағы ескеріле отырып, дайындалады.

      54. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жарғының көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшысын тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат;

      6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету (құжат түпнұсқасы);

      7) қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін аукциондық сауда-саттыққа ұйымдастырушысының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы растау-хат;

      8) Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      9) электр желісіне қосуға алдын ала техникалық шарттардың көшірмесін ұсына отырып, электр желілеріне қосылу нүктесі.

      Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға сырты жабылған, беттері тігілген, нөмірленген, соңғы бетінде қолымен куәландырылған конвертте ұсынады.

      Құжаттары бар осы конвертті уәкілетті орган сол күні комиссия қарауына береді.

      55. Өтініш берушілер ұсынған құжаттарды тексеру, өтініш берушілерді аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуге жіберу, оларды аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеу және оларға тиісті аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін беру осы Қағидалардың 3339-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

5-параграф. Өтінім берудің мазмұны мен тәртібі

      56. Аукциондық сауда-саттықтың сауда сессиясы жасырын, қашықтықтан интернет желісін пайдалана отырып, аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының электрондық жүйесінің интернет-ресурсы арқылы жүргізіледі.

      Аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін электрондық жүйенің ашылуы туралы ақпарат аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының интернет-ресурсында жарияланады.

      57. Аукциондық сауда-саттық бір жақты аукцион нысанында өткізіледі.

      58. Сауда сессиясы аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде графикке сәйкес мерзімде өткізіледі және 30 (отыз) минутқа созылады.

      Бұл ретте сауда сессиясы сауда сессиясы аяқталғанға дейін 5 (бес) минут ішінде аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан аукциондық тарифпен қолда бар ең төмен ұсыныстан төмен өтінім келіп түскен кезде 5 (бес) минутқа ұзартылады.

      59. Сауда сессиясы ашылғанға дейін аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы:

      1) электрондық жүйеге электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша көрсетілетін қызметтік сатып алынатын көлемі туралы ақпаратты, шекті аукциондық тарифті және уәкілетті орган бекіткен графикке сәйкес ақпаратты енгізеді;

      2) уәкілетті органнан алынған генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жоспарланатын резервке қойылған жер учаскелерінің болуы және электр желілеріне қосу нүктелері бойынша барынша жол берілетін қуатты көрсете отырып, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылу мүмкіндігі жөніндегі ақпаратты электрондық жүйеге енгізеді;

      3) электрондық жүйеге аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде бірыңғай сатып алушыдан алынған қаржылық қамтамасыз етудің шамалары туралы ақпаратты енгізеді;

      4) электрондық жүйеге жер учаскелері және ұлттық электр желілеріне қосылу нүктелері туралы ақпарат (аукционддық сауда-саттықтың тек Бірінші түрі үшін ғана) енгізеді.

      60. Сауда сессиясын өткізу рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда сессиясын ашуы;

      2) аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың электрондық жүйеде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беруі;

      3) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда сессиясын жабуы;

      4) аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталған тарифті көрсете отырып, аукциондық сауда-саттық қорытындысын шығару;

      5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін қалыптастыруы және оны өзінің интернет-ресурсында жариялауы.

      61. Қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімінде мынадай негізгі мәліметтер қамтылады:

      1) қатысушының атауы;

      2) айына бір МВт үшін мың теңгемен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қосылған құн салығынсыз көрсетілген және айына бір МВт үшін бес мың теңгеге еселенген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке аукциондық баға;

      3) осы аукциондық сауда-саттыққа арналған графикте көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің тиісті көлемінен аспайтын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің МВт-пен және бір МВт-қа еселік көлемінен аспайтын көлемі (бұдан әрі – іріктеу көлемі) 50 (елу) МВт-қа тең немесе одан асатын мәні бойынша (бүтінге дейін айналдыру).

      Осы тармақтың 3) тармақшасы аукциондық сауда-саттықтың тек Екінші және Үшінші түрлері үшін ғана қолданылады.

      62. Қатысушылар сауда сессиясы ішінде электрондық жүйеге аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер береді, бұл ретте өтінімдерде көрсетілген аукциондық бағалар тиісті шекті аукциондық тарифтің шамасынан аспайды.

      63. Электрондық жүйеге берілген басқа қатысушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдеріндегі аукциондық бағалармен сәйкес келетін аукциондық бағалары бар сауда сессиясы ішінде қатысушылар берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер қабылданбайды.

      64. Қатысушының электрондық жүйеге аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі жойылуға жатпайды.

      65. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін жаңа өтінім беру арқылы бұрын берілген өтінімді өзгертеді. Бұл ретте жаңа өтінімде көрсетілетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі алдыңғы өтінімде көрсетілген (аукциондық сауда-саттықтың екінші және үшінші түрлері үшін ғана) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлеміне тең көрсетіледі, ал жаңа өтінімде көрсетілетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің аукциондық бағасы алдыңғы өтінімде көрсетілген бағадан төмен көрсетіледі.

      66. Бағаны өзгерту қадамы –айына 1 (бір) МВт үшін кемінде 10 (он) мың теңге.

      67. Электрондық жүйеде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру күні мен уақытын белгілеуді аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы миллисекундқа дейінгі дәлдікпен жүзеге асырады.

6-параграф. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтнімдерді қаржылық қамтамасыз ету түрлері және оларды енгізу мен қайтару шарттары

      68. Қатысушылар қабылдаған міндеттемелерді, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарында туындайтын міндеттемелерді орындау кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында қатысушылар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және шарттарда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізеді.

      Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпарат құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.

      69. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету үшінші тұлғалардың талап ету құқықтарынан, сондай-ақ аукциондық сауда-саттыққа қатысушының және (немесе) жеңімпаздың басқа да міндеттемелерінен еркін болып табылады.

      70. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету бірыңғай сатып алушының пайдасына шығарылады.

      71. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізу және қайтару шарттары осы параграфқа сәйкес айқындалады.

      72. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету өтінім беруші аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып айқындалған жағдайда, осы Қағидаларда көзделген талаптармен және мерзімдерде бірыңғай сатып алушымен электр қуатын сатып алу шартын жасайтындығының және электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауын қаржылық қамтамасыз етуді енгізетіндігінің кепілі болып табылады.

      73. Электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауын қаржылық қамтамасыз етуді аукциондық сауда-саттық жеңімпазы осы Қағидалардың 7-параграфына сәйкес бірыңғай сатып алушыға береді.

      74. Өтініш беруші уәкілетті органға ұсынған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді (осы құжаттың түпнұсқасы) қаржылық қамтамасыз етуді комиссия осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес комиссия осы құжатты қарағаннан кейін бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      75. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға сомаларын көрсете отырып, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға қаржылық қамтамасыз етуі бар өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын жібереді.

      76. Өтінім беруші SWIFT жүйесі бойынша шығарылатын аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдік;

      2) резервтік аккредитив.

      77. Графикте көрсетілетін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде немесе Графикте көрсетілген ақпаратқа сәйкес айқындалған жобаны іске асыру құнының 1% - ына тең көлемде айқындалады.

      78. Өтініш берушінің банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив түрінде енгізген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету бірыңғай сатып алушының банкке (банктерге) тиісті хат жіберуі арқылы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде тиісті аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады (босатылады) :

      1) қатысушы аукциондық сауда-саттық қорытындыларына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болмады (көрсетілген жағдай шарт жасасуға үміткерге қолданылмайды);

      2) аукциондық сауда-саттық жеңімпазы немесе келесі үміткері электр қуатын сатып алу шартын жасасты және электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемін енгізді.

      79. Егер аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартын жасасудан жалтарған және (немесе) осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемін ұсынбаған жағдайда, бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қояды.

      Осы Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талаптың нәтижесінде алынған ақша бірыңғай сатып алушының арнайы шотына салынады және (немесе) бірыңғай сатып алушыға жіберіледі.

      80. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн қолданылу мерзіміне ресімделеді және қайтарып алынбайтын болып табылады.

      Бұл ретте жеңімпазға үміткердің аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мерзімі тиісті аукциондық сауда-саттық аяқталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы үміткердің кемінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге ұзартуына жатады.

      81. Осы Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті (қаржылық қамтамасыз етуді) бірыңғай сатып алушы мынадай құжаттарды ұсынған кезде банк орындайды:

      1) қағаз жеткізгіште ресімделген, бірыңғай сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған және бірыңғай сатып алушының мөрімен куәландырылған борышкер тұлғаның міндеттемелерді орындамағаны туралы өтініш;

      2) осы Қағидаларға сәйкес өндіріп алу сомасын көрсете отырып, төлеу туралы талап.

      82. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуге байланысты, оның ішінде алушы банктің (бенефициар) барлық банктік комиссияларын және шығыстарын борышкер тұлға төлейді.

      83. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретіндегі банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес немесе (Қазақстан Республикасының резидент банкінің 50% астам акциялары тиесілі) бас ұйымның рейтингі Standard&Poor ' s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасының резидент банктерінен беріледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің банктік кепілдігін немесе резервтік аккредитивін резидент емес банктер резидент еместердің қарсы міндеттемелері бойынша кепілдік шығару жолымен растайды.

      Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-ден, Fitch бойынша "Ваа2", Moody'sInvestorsService бойынша "ВВВ" төмен емес Қазақстан Республикасының резидент емес банктері тиісті қарсы міндеттемелерді шығармастан банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті шығарады.

7-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау

      84. Сауда сессиясы барысында аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түріне қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) Графикте көрсетілген және аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;

      2) аукциондық бағаларды және осы өтінімдерді беру уақытын көрсете отырып, осы Қағидаларға және аукциондық құжаттамаларға сәйкес аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер;

      3) берілген өтінімдердің уақытын және тапсырылуын көрсете отырып, аукциондық сауда-саттыққа басқа қатысушылар берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға көрсетілген өтінімдердегі аукциондық бағалар, сондай-ақ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген барлық аукциондық бағалардың ең төмен аукциондық бағасы.

      85. Сауда сессиясы барысында аукциондық сауда-саттықтың Екінші және Үшінші түріне қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) уәкілетті орган бекіткен графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;

      2) аукциондық бағаларды, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтің ұсынылатын көлемдерін және осы өтінімдерді беру уақытын көрсете отырып, осы Қағидалар мен аукциондық құжаттамаларға сәйкес аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер;

      3) берілген өтінімдердің уақытын және тапсырылуын көрсете отырып, аукциондық сауда-саттыққа басқа қатысушылар берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға көрсетілген өтінімдердегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі және аукциондық бағалар, сондай-ақ осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде іріктеу көлеміне толық енбейтін өтінімдердегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі.

      86. Аукциондық сауда-саттық осы сауда-саттыққа қатысушылардың саны кемінде екі қатысушыны құраған жағдайда өткізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарт орындалмаған жағдайда, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда сессиясының жабылу уақыты өткенге дейін тиісті аукциондық сауда-саттықты жабады және сауда-саттық өткізілмеді деп жариялайды.

      87. Тиісті сауда сессиясы ішінде берілетін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерден аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы оларда көрсетілген аукциондық бағалардың өсу тәртібімен қалыптастырылған, берілген әрбір жаңа өтінім бойынша жаңарып отыратын сараланған тізім (график) (бұдан әрі – сараланған тізім) жасайды.

      Сауда сессиясы жабылғаннан кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы қорытынды сараланған тізімді жазады.

      88. Аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрінің жеңімпазын айқындау ең төмен аукциондық бағасы бар өтінімді таңдау арқылы сауда сессиясына осы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ең төмен аукциондық баға осы аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған тарифке айналады.

      Аукциондық сауда-саттықтың Екінші түрінің жеңімпаздарын айқындау сауда сессиясына осы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, тиісті қорытынды сараланған тізімге сәйкес жүйелі түрде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді таңдау (іріктеу) арқылы осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде іріктеу көлеміне толық кірген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді таңдау (іріктеу) арқылы жүзеге асырылады.

      Аукционның Екінші түрі жеңімпаздарының аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған қорытынды өтінімдерінде көрсетілген аукциондық бағалар осы аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған тиісті тарифтерге айналады.

      Аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрінің жеңімпаздарын айқындау сауда-саттық сессиясына осы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, тиісті қорытынды сараланған тізімге сәйкес жүйелі түрде, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді таңдау (іріктеу) арқылы осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде іріктеу көлеміне толық кірген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді таңдау (іріктеу) арқылы жүзеге асырылады.

      Аукционның Үшінші түрінің жеңімпаздарының аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған қорытынды өтінімдерінде көрсетілген аукциондық бағалар осы аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған тиісті тарифтерге айналады.

      Бұл ретте аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар үшін электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін амортизация шамалары мен пайда нормалары электр қуатын сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде электр энергиясына арналған тиісті шекті тарифтерге енгізілуге жатпайды.

      89. Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде қатысушыларға өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарламаны электрондық түрде жібереді. Жазбаша хабарламалар қатысушыларға келесі жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей жіберіледі.

      90. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі тиісті Графикке сәйкес аукциондық сауда-саттықтың соңғы түрі өткізілгеннен кейін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады.

      Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімінде аукциондық сауда-саттықтың әрбір түрі үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы (жеңімпаздары);

      аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған тариф (тарифтер);

      аукциондық сауда-саттық шеңберінде іріктеу көлеміне толық кіретін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі.

      91. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы тиісті сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей осы аукциондық сауда-саттықты кезең-кезеңімен өткізудің мағынасын ашып және осы сауда сессиясы шеңберінде электрондық жүйеге берілген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға барлық өтінімдер туралы толық ақпаратты көрсете отырып, тиісті өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындыларын қалыптастырады және уәкілетті орган мен бірыңғай сатып алушыға жібереді.

      92. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.

      93. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартының жобасын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілген шартқа аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша айқындалған, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша алғашқы аттестаттау күнінен бастап 15 (он бес) жылға тең мерзімге қол қояды.

      Бұл ретте генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетуге жатпайды.

      94. Маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілмеген жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мерзімі мен күні қайта қаралмайды.

      95. Электр қуатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті ұсыну арқылы электр қуатын сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынады.

      Жеңімпаз банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'Sinvestorsservice бойынша "В3" төмен емес не отбасы ұйымының (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% - дан астамы тиесілі) рейтингі Standard&Poor's бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody's' sinvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасының резидент банктерінен ұсынады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктердің қарсы міндеттемелері бойынша кепілдік шығару арқылы резидент банктер растайды.

      Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "ВВВ", Fitch бойынша "Ваа2", Moody's Investors Service бойынша "ВВВ" төмен емес Қазақстан Республикасының резидент емес банктері банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығара алады.

      96. Графикте көрсетілетін электр қуатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі электр қуатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңге/МВт-пен) және графикте көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет көлемінің (МВт-пен) көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      Электр қуатын сатып алу шарты талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 10 000 000 (он миллион) теңге/МВт құрайды.

      97. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша мынадай қолданылу мерзімімен толық немесе бөліп-бөліп орындалуын көздейді:

      газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 38 (отыз сегіз) ай;

      гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай.

      отын ретінде пайдалы қазбаларды пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 38 (отыз сегіз) ай.

      98. Осы Қағидаллардың 95-тармағында көрсетілген банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті банк бірыңғай сатып алушы мынадай құжаттарды ұсынған кезде орындайды:

      1) қағаз жеткізгіште ресімделген, бірыңғай сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған және бірыңғай сатып алушының мөр бедерімен куәландырылған борышкер тұлғаның міндеттемелерін орындамау туралы өтініші;

      2) осы Қағидаларға сәйкес өндіріп алу сомасын көрсете отырып, ақы төлеу талабы.

      99. Электр қуатын сатып алу шартының талаптарын, оның ішінде алушы (бенефициар) банкінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банктік комиссиялар мен шығыстарды аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы төлейді.

      100. Электр қуатын немесе оның бір бөлігін сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) Заңға сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазының өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қайтару (босату) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушының банкке (банктерге) тиісті хат жіберуі арқылы жүзеге асырылады.

      101. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге қойылатын талапты (тиісті қаржылық қамтамасыз ету) бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайларда қояды:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерациялаудың маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте газ электр станциялары үшін бұл көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, ал гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасынан 30% мөлшерінде;

      2) құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерациялаудың маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте газ электр станциялары үшін осы көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, ал гидро электр станциялары үшін - электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100%, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалған жағдайда – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің 70% сомасы мөлшерінде.

      102. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талаптың нәтижесінде алынған ақша бірыңғай сатып алушының арнайы шотына салынады және (немесе) бірыңғай сатып алушыға жіберіледі.

      103. Электр қуатын сатып алу шарты Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес ресімделеді.

      104. Электр қуатын сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттар мен ақпаратты ұсынады:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерациялаудың маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары үшін бұл көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, ал гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;

      2) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерациялаудың маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары үшін осы көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, ал гидро электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде;

      3) бірыңғай сатып алушының сұратуы бойынша генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың салыну барысы туралы ақпарат;

      4) электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету – осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес.

      Бұл ретте генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы құрылысының жобасын іске асыру процесінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатын сатып алу шартын кейіннен түзете отырып, көрсетілген жобаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет көлемінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен ұлғаю жағына да, сондай-ақ 15 (он бес)%-ға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен) азаю жағына да ауытқуына жол беріледі.

      105. Электр қуатын сатып алу шартының қолданысы мына жағдайда:

      1) осы Қағидалардың 104-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде;

      2) электр қуатын сатып алу шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

      106. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды қосу қағидаларына (бұдан әрі – Электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды қосу қағидалары) сәйкес айқындалатын тәртіппен электр қуатын реттеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жыл сайын жасасады.

      107. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық жеңімпазын электр станцияларының тізбесіне енгізеді. Бұл енгізу Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      108. Заңның 15-8-бабының 12-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттық шеңберінде енгізілген генерациялайтын қондырғылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтауға міндетті және жиілік пен қуатты автоматты реттеуге қосылуы тиіс.

      109. Заңның 15-8-бабы 8-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі және электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) сәйкес айқындалатын электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.

      110. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың шарттық электр қуаты оларды пайдалануға енгізген күннен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.

      111. Электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болады, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі іс жүзінде көрсетілген көрсетілетін қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттауды өткізгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      112. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына, сондай-ақ Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады.

      113. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мынадай мән-жайлар туындаған жағдайда 30 (отыз) минутқа дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады:

      1) серверлік жабдықтағы техникалық ақаулар немесе электрондық жүйенің жұмыс істемеуіне әкеп соққан электрондық жүйедегі іркілістер;

      2) сауда жүйесіне қол жеткізудің мүмкін еместігіне себеп болған интернет желісі жабдығының немесе байланыс арналарының техникалық ақаулары.

      114. Аукциондық сауда-саттықты өткізуді тоқтата тұрған кезде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукциондық сауда-саттықты өткізу процесінің қалпына келтірілетін уақытын көрсете отырып, сауда-саттықты тоқтата тұру себебі туралы қатысушыларды қолжетімді техникалық байланыс құралдары арқылы жедел хабардар етеді.

      115. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мынадай себептер бойынша тоқтатылады:

      1) осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген техникалық ақауларды жоймаған кезде;

      2) сауда залын және (немесе) электрондық жүйенің серверлік жабдығын электрмен жабдықтауда ұзақ (екі сағаттан астам) үзіліс болған кезде.

      116. Аукциондық сауда-саттық осы Қағидалардың 115-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеген жағдайда, аукциондық сауда-саттықты өткізу күнінен кейінгі жұмыс күні қайталама аукциондық сауда-саттық өткізіледі.

      117. Егер аукциондық сауда-саттық осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оны қайта өткізеді.

      Бұл ретте егер қайталама аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланса, уәкілетті орган оларды келесі өткізу күнін айқындайды.

      118. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары бірыңғай сатып алушыға аукциондық сауда-саттық жүргізуге негіз болған алдын ала ТЭН-ді әзірлеуге жұмсалған шығындарды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген кезден бастап 30 (отыз) күн ішінде өтейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аукциондық сауда-саттық ретінде Бірінші түрдегі аукциондық сауда-саттық қабылданады.

  Генерацияның маневрлік режимі
бар жаңадан пайдалануға
берілетін генерациялайтын
қондырғыларды салуға арналған
аукциондық сауда-саттықты
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
1-қосымша

Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға қойылатын техникалық, технологиялық және пайдалану талаптары мен реттеу диапазоны (бұдан әрі – талаптар)

      1. Қазақстан Республикасы электр станцияларының жиілік пен қуат ағындарын қайталама реттеуге қатысатын реттеуші электр қуатының қолда бар көлемі мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) ҚР БЭЖ оқшауланған жұмысы кезінде — "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР БЭЖ стандартты жиілігін қолдау;

      2) ҚР БЭЖ-нің Ресей БЭЖ-мен қатар жұмыс істеуі кезінде – Қазақстан жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығына берілетін жиілік бойынша түзетумен сыртқы байланыстар бойынша жиынтық қуат ағындарын (қуат ағындары сальдосы) қолдау;

      3) энергия жүйесі жұмысының орнықтылығы, электр беру желілер сымдарының, кіші станциялардың электр техникалық жабдығының рұқсат етілген тоқ жүктемесінің шарттары бойынша қуат ағынын шектеу;

      4) реттеуші электр қуатының қолда бар көлемі қуат теңгерімінің тұрақты емес ауытқуларының, жүктеме кестесінің ауыспалы бөлігінің сағаттарында қуат теңгерімін реттеу қателіктерінің, сондай-ақ генерацияның немесе тұтынудың неғұрлым ықтимал авариялық шығынының, бірақ ең ірі агрегаттың қуатынан төмен емес немесе ҚР БЭЖ ағымдағы тұтынуының 8% - ына дейінгі ауытқулардың толық өтелуін қамтамасыз етеді.

      2. Мынадай талаптарға сәйкес келетін жиілік пен қуат ағындарын қайталама реттеуге қатысу үшін жұмыс істеп тұрған электр станцияларының реттеуші электр қуаты:

      1) реттеуші электр қуаты жиілік пен қуаттың автоматты (жедел) қайталама реттеуіне қатысады;

      2) электр станциясының реттеуші электр қуатының жиынтық көлемі 50 МВт кем емес;

      3) реттеуші электр қуатын жиілік пен қуатты автоматты (жедел) қайталама реттеуге іске қосуды реттеуші электр қуатының барлық берілген шамасына уақыт пен ұзақтығы бойынша шектеусіз электр станциясы қамтамасыз етеді.

      3. Мынадай талаптарға сәйкес келетін жиілік пен қуат ағындарын қайталама реттеуге қатысу үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілетін электр станцияларының реттеуші электр қуаты:

      1) реттеуші электр қуаты жиілік пен қуатты автоматты түрде қайталама реттеуге қатысады;

      2) осы талаптарға қосымшада келтірілген жаңадан енгізілетін реттеуші электр қуатына қойылатын реттеу диапазонына сәйкес келетін реттеуші электр қуатының көлемі;

      3) осы Талаптарға қосымшада келтірілген жаңадан енгізілетін реттеуші электр қуатына қойылатын реттеу диапазонына сәйкес келетін генерациялайтын қондырғылардың реттеуші электр қуатының көлемін жүктеуге немесе түсіруге өзгерту жылдамдығы;

      4) реттеуші электр қуатын жиілік пен қуатты автоматты реттеуге іске қосуды реттеуші электр қуатының барлық берілген шамасына уақыт пен ұзақтық бойынша шектеусіз электр станциясы қамтамасыз етеді;

      5) сыртқы электр желісінде кернеу болмаған кезде генерациялайтын қондырғыларды қосу және іске қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілген;

      6) генерациялайтын қондырғылар жылына іске қосудың талап етілетін санын жібереді (кемінде 50 іске қосу/жылына);

      7) реттеуші электр қуатын жүктеуге-түсіруге іске қосу жедел түрде де, диспетчерлік персоналдың командалары бойынша да, жүйелік оператордың жиілігі мен қуатын автоматты реттеу жүйесінен (ЖҚАР) автоматты түрде де жүзеге асырылады.

  Генерацияның маневрлік режимі
бар жаңадан пайдалануға
берілетін генерациялайтын
қондырғыларға қойылатын
техникалық, технологиялық
және пайдалану талаптары мен
реттеу диапазонына
қосымша

Жаңадан енгізілетін реттеуші электр қуатына қойылатын реттеу диапазоны

Энергия өндіруші ұйымының электр станциясының типі

Реттеуші электр қуатының диапазоны, МВт

Реттеуші электр қуаты көлемінің өзгеру жылдамдығы, Мегаватт / минут

Ескертпе

1.

Газ-турбиналық электр станциялары

+/- 50-дан Ржұм

10-нан кем емес

**

2.

Бу-газ электр станциялары

+/- 50-дан Р*

10-нан кем емес

**

3.

Жылумен жабдықтауға қатысатын бу-газ электр станциялары *

+ / - 20% - дан Р*

10-нан кем емес

**

4.

Газпоршеньді электр станциялары

+/- 50-дан Ржұм

10-нан кем емес

**

5.

Гидроэлектр станциялар,
отын ретінде пайдалы қазбаларды пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар

+/- 20 дан Р*

1-ден кем емес

**
***

      Ескертпе:

      * - Р – айнымалы база, МВт, оның мәні тәуліктің әрбір сағатына мынадай формула бойынша айқындалады:



      Ржұм– генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосына сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр станциясы генерациясының жұмыс электр қуатының тәуліктің тиісті сағатындағы мәні, МВт-пен;


– генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосына сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр станциясының тәуліктің тиісті сағатына арналған техникалық минимумының мәні, МВт-пен;

– генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосына сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр станциясының тәуліктің тиісті сағатына арналған технологиялық минимумының мәні, МВт-пен;

– мәндердің ең үлкені



мәндері қуат нарығының ережелеріне сәйкес анықталады. Реттеу электр қуатын іске қосу жұмыс электр қуатының шегінде жүктеуге,

энергия өндіруші ұйымның электр станциясының

      Аукциондық сауда-саттықтың екінші түрі шеңберінде Параметрлер

осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде енгізілген генерациялайтын қондырғылар үшін ғана қолданылады.

      ** - реттеудің берілген диапазонын қамтамасыз ету мақсатында генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың генерациясының тәуліктік графиктерін қалыптастыру кезінде электр энергиясының орташа сағаттық генерациясы аспайтын деңгейде ескеріледі:


      *** - жаңартылатын энергия көздері объектілері (бұдан әрі – ЖЭК) үшін Қуаты нарығы қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын генерацияның жұмыс электр қуатының ведомостарында, техникалық және технологиялық минимумдарда көрсетілетін генерацияның жұмыс электр қуаты шеңберінде мыналар ескеріледі:

      1) осы ЖЭК объектілері бар аумақтардағы ауа-райы жағдайларына байланысты электр қуатын шектеу ескерілген ЖЭК-тың электр қуаты;

      2) белгіленген ЖЭК объектілерімен бірге бір жоба шеңберінде енгізілген жағдайда, электр энергиясын жинақтауыштардың зарядтау және разрядтау жылдамдықтарына байланысты электр қуатын шектеу, сондай-ақ оларды қайта зарядтауға (қосымша зарядтауға) байланысты осы жинақтауыштардың электр қуатын уақытша шектеу ескерілген электр қуаты.

  Генерацияның маневрлік режимі
бар жаңадан пайдалануға
берілетін генерациялайтын
қондырғыларды салуға арналған
аукциондық сауда-саттықты
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі

Сауда-саттық күні

Сауда-саттықты өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты)

Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін құжаттарды қабылдау кезеңі

ҚР БЭЖ аймағы

Түрі

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі, МВт

Шекті аукциондық тарифтің шамасы, тг / МВт * ай

Пайдалануға берудің талап етілетін күні, шарттың қолданылу мерзімі

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі, теңге

Электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі, теңге

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

  Генерацияның маневрлік режимі
бар жаңадан пайдалануға
берілетін генерациялайтын
қондырғыларды салуға арналған
аукциондық сауда-саттықты
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі 20__ жылғы "__" ______ №__

№ п/п

Сауда-саттық күні

Мәміле нөмірі

Генерациялайтын қондырғылардың / электр станцияларының түрі

Жеңімпаздың атауы

Жер учаскесі (аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрі үшін ғана)

Газ инфрақұрылымына қосылу нүктесі*

Аукциондық бағасы, тг / МВт * ай (ҚҚС-сыз)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі, МВт

1.









2.









ЖАЛПЫ:


      Ескертпе:

      * - газ генерациясы бойынша жобаны іске асырған жағдайда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады