Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26943 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

      11) жұмыс істемейтін қандастар;

      12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      13) мүгедектер;

      14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.";

      жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларында:

      20 және 20-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Адамдардың бірнеше санаты бойынша мәртебесі болған кезде өзі үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алу мынадай басымдық бойынша жүзеге асырылады:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

      11) жұмыс істемейтін қандастар;

      12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      13) мүгедектер;

      14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар санатынан шығару себебі бойынша тұтынушыларды шығарғанға дейін басымдығы бойынша төмен тұрған адамдар санаттары бойынша мәртебенің болуына тексеру жүзеге асырылады.

      Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы сақталады.

      20-1. Қордың АЖ-да осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар санаттары бойынша деректер болмаған жағдайда, Қор оларды мынадай растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға жүгінген күннен бастап бір айға Қордың АЖ-ға тұтынушы ретінде енгізеді:

      1) балалар бойынша – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама (анықтамалар));

      2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 027/е нысаны бойынша анықтама;

      3) жұмыссыз ретінде тіркелгендер – "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 259 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

      4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар (баланың заңды өкілдерінің бірі) – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала күтімі бойынша демалыста жүрген адамдар – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

      6) мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар –"Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша баланың мүгедектігі туралы анықтама (бұдан әрі – № 44 бұйрық), баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама), № 259 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

      7) бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ардагерлер туралы заң) 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері үшін – Ардагерлер туралы заңның 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;

      ардагерлер үшін - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігіне белгі қойылған беттердің көшірмелері;

      зейнетақы төлемдерін алушылар үшін – "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі;

      9) жұмыс істемейтін қандастар – "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қандастар куәлігі және № 259 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

      10) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар – "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталғанын немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғанын растайтын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжат;

      11) мүгедектер - № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      12) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай – ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар - орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтама;

      13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жұмыс істемейтін алушылар – "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) сәйкес берілген өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;

      14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 224 қаулысына сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар төлеуден босатылған немесе жұмыс беруші дағдарыстық жағдайлар кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес МӘМС-ке аударымдар және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қатер төндіруі мүмкін адамдардың жеке басын куәландыратын құжат болып табылатын немесе Салық кодексінде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірі:

      еңбек кітапшасы;

      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

      еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

      жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;

      жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

      аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

      жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

      дуальды оқыту туралы шарт;

      жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;

      еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болуы мүмкін.";

      7-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. "Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      36. Мемлекеттік корпорация "бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      37. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.";

      10 және 11-параграфтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. "Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      41. Мемлекеттік корпорация "тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар" тізімін ҚАЖ ОАД-дан алынған ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      42. ҚР Еңбекминінің АЖ-ға Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар туралы деректер ҚАЖ ДБО орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорынан беріледі.

      11-параграф. "Жұмыс істемейтін қандастар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      43. Мемлекеттік корпорация "жұмыс істемейтін қандастар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      44. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "Жұмыс істемейтін қандастар" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-18 бұйрығына
қосымша
  Міндетті әлеуметтік
медициналық
сақтандыруға аударымдарды
және (немесе) жарналарды
есептеу (ұстап қалу) және
аудару қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша
  Нысан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

      Есепті кезең 20__ж.

      Индекс: қажеттілік

      Кезеңділігі: ай сайын

      Өтінім ұсынатын тұлғалар тобы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.

Мекеме 226

Бағдарлама 066

Кіші бағдарлама 102

Ерекшелігі 351

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, %

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









оның ішінде:









балалар









жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар









жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар









мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар









бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар)









тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар









жұмыс істемейтін қандастар









"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар









мүгедектер









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар









жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар









Жиыны





      Атауы: ____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      тел. ______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушының тегі және телефоны ___________________________________

      Басшы _____________________________________________________________

      (Т.А.Ж.) (ол бар болған жағдайда) (Қолы)

      М.О. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады