"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалықбайқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30909 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2023 жылғы 19 қазандағы № 19 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 19.10.2023 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру" жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мүгедектігі бар балалар бойынша есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-149 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
2022 жылғы 1 наурыздағы
№ 5 бұйрығына
10-қосымша

"Мүгедектігі бар балалар туралы есеп" (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы "Мүгедектігі бар балалар туралы есеп" (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мүгедектігі бар балалар туралы есеп" (индексі 27-МБ, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта Заңда және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:

      бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.

      3. Статистикалық нысанды барлық емдеу - профилактикалық ұйымдар толтырады.

      Заңды тұлға орналасқан жері бойынша статистикалық нысанды өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бойынша деректерсіз, басқа облыстардың аумағында орналасқан және олардың орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

      4. 1000-кестеге осы ұйымда байқалатын 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны мен қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      1, 2-бағандарда есепті жылдың басында мүгедектігі бойынша есепте тұрған балалар саны көрсетіледі.

      3, 4-бағандарда осы ұйым қызмет көрсететін ауданда мүгедектігі бойынша есепке алынған, сондай-ақ есепті жылы жаңадан келген балалардың саны көрсетіледі.

      5, 6, 7, 8-бағандарда диагнозын өзгерте отырып және қайтыс болуы бойынша есептен шығарылған мүгедектігі бар балалардың саны көрсетіледі.

      9-бағанда есепті кезеңнің соңындағы мүгедектігі бойынша есепте тұрған балалардың саны көрсетіледі (деректер "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізіміндегі № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" нысанының (№ 052/е нысаны) – 9, 10-бағандардан алынады).

      5. 1001-кестеде 16 жасқа толуына және кетуіне байланысты бақылаудан шыққан мүгедектігі бар балалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Арифметикалық-логикалық бақылау:

      1) 9-баған = 1-баған + 3-баған – 5-баған – 7-баған-кестенің – - 1001-кестенің 1-тармағы – 1001-кестенің 2-тармағы әрбір жолдар бойынша;

      2) 10-баған = 2-баған + 4-баған – 6-баған – 8-баған – 1001-кестенің 3-тармағы әрбір жолдар бойынша;

      3) 9-баған = 1-баған + 3-баған – 5-баған – 7-баған;

      4) 10-баған = 2-баған + 4-баған – 6-баған – 8-баған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады