Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 мамырда № 32454 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 4 мамырдағы
№ 80 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 21680 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74), 77) тармақшаларына, 156-бабының 2-тармағына, 174-бабының 6-тармағына, 176-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 176-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтатудың тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. ДКК шешімінің негізінде жүзеге асырылатын динамикалық байқауға алу, динамикалық байқауды алып тастау, есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру туралы деректерді енгізу тек ЭЦҚ-мен расталған ДКК мүшелерінің логин, паролі арқылы жүзеге асырылады.".

      2. "Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 21712 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарға мыналар жатады:

      1) аудандық деңгейде:

      дәрігерлік амбулатория;

      медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      аудандық емхана;

      нөмірлік аудандық емхана;

      аудан орталығында және аудандық маңызы бар қалаларда құрылатын аудандық аурухана;

      2) қалалық деңгейде:

      дәрігерлік амбулатория;

      медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      қалалық емхана;

      бастапқы психикалық денсаулық орталығы (бұдан әрі – БПДО);

      психикалық денсаулық орталығы (бұдан әрі – ПДО);

      көпбейінді қалалық аурухана;

      3) облыстық деңгейде:

      ПДО;

      көпбейінді облыстық аурухана;

      4) Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – РПДҒПО) және жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ұйым (бұдан әрі - ЖБМҮПҰ).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аудандық ауруханада ПМБ бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай міндеттерді көздейді:

      1) консультацияларды ұйымдастыру және мамандандырылған көмекке жүгінетін адамдарды ПДО-ға жіберу;

      2) халықтың, оның ішінде ПМБ бар адамдардың психикалық денсаулығын нығайту, өмір сүру сапасын, психикалық әл-ауқат деңгейін арттыру жөніндегі зерттеулерге қатысу;

      3) стационарлық және амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету кезінде өзара іс-қимылды және сабақтастықты қамтамасыз ету;

      4) ұзақ және тұрақты ремиссияға қол жеткізу, ПБЗ-ға тәуелді адамдардың рецидивке қарсы, демеуші (оның ішінде апиын агонистерімен) терапиясының үздіксіздігін қамтамасыз ету;

      5) ПМБ диагнозы қойылған адамдардың стационарлық емделуден бас тарту себептеріне талдау жүргізу;

      6) БПДО, МСАК дәрігерлеріне, сондай-ақ ПМБ диагностикасы және емдеу мәселелері бойынша дәрігерлік бейіндегі өзге де мамандарға консультациялық көмек;

      7) ПМБ бар науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығын сараптау.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Стационарлық клиникалық бөлімшелерге емдеуге жатқызу үшін негіз мыналар болып табылады:

      1) психиатриялық бейіндегі дәрігердің жолдамасы;

      2) сот-тергеу органдарының қаулысы, шешімі, ұйғарымы;

      3) әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы;

      4) көрсетілімдер болған кезде адамның өзінің жазбаша өтініші;

      5) ПБЗ пайдаланудан туындаған, заңды күшіне енген ПМБ бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы сот шешімі;

      6) заңды күшіне енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 93-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 511-бабында регламенттелген қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін ПМБ бар адамдарды емдеуге жатқызу соттың заңды күшіне енген тиісті шешімі болған кезде жоспарлы тәртіппен ПДО стационарлық клиникалық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Суицид қаупі бар адамды амбулаториялық бақылау және емдеу кезінде МСАК дәрігері "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру бойынша нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 175 бұйрық) бекітілген № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің қосымша медициналық картасын толтырады, оған мыналар енгізіледі: заңды өкілдердің (кәмелетке толмаған адамды зерттеп-қарау кезінде) немесе кәмелетке толған адамның зерттеп-қарауға келісуі немесе бас тартуы, зерттеп-қарау нәтижелері, заңды өкілдердің (кәмелетке толмаған адамды зерттеп-қарау кезінде) немесе кәмелетке толған адамның емделуге келісуі немесе бас тартуы, консультанттардың қорытындылары, бақылау және емдеу бойынша қабылданған қадамдары мен іс-қимылдарды негіздеу.

      Амбулаториялық пациенттің электрондық медициналық карталарын жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген ақпарат жеке қосымша бетке енгізіледі, оған тек МСАК дәрігері, психиатр дәрігер (нарколог) немесе балалар психиатр дәрігері (нарколог) қол жеткізе алады.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету кезінде № 175 бұйрықпен бекітілген № 001/е және № 052/е нысандарына сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу жүзеге асырылады.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің штаты "Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21679 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарды медициналық бұйымдармен жарақтандыру "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      УБДО-ның штаттық нормативтері осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Стандартқа 4-қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-233/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21726 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 178-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 178-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы (бұдан әрі – УБДО) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылады, объектісі болып табылады және жеткізу кезінде орташа алкогольдік күйдегі масаң күйде болу (уыттанған) дәрежесіндегі адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін тәулік бойы өзінің қызметін жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. УБДО төсектік қуаттылығы мынадай есептеу арқылы анықталады:

      1) республикалық маңызы бар қалаларда кемінде 20 төсек;

      2) облыс орталықтарында кемінде 15 төсек;

      3) облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда кемінде 5 төсек.

      УБДО төсегі – алкогольдік орташа дәрежедегі масаң күйдегі (уыттанған) адамдарға мамандандырылған медициналық көмекті көрсету және орналастыру мүмкіндігін көрсететін шартты есептік бірлік.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардан қосымша білім алған психиатр (нарколог) дәрігер не фельдшер (медицина қызметкері) жеткізілген адамды тіркегеннен кейін ПБЗ-ны пайдалану фактісін және масаң күйде болу жағдайын және УБДО-ға орналастыруға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтау үшін оған медициналық куәландыру жүргізеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Медициналық куәландыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша УБДО-да жүргізілген медициналық куәландыру туралы қорытындыда (бұдан әрі – Қорытынды) ресімделеді.

      Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылған бір адамға УБДО-да көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес анықталады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қорытынды екі данада жасалады, олар психиатр дәрігердің (наркологтың) немесе фельдшердің қолымен расталады.

      Қорытындының бір данасы куәландырылушыны жеткізуді жүзеге асырған ішкі істер органдарының қызметкеріне беріледі, екінші данасы УБДО-да 5 (бес) жыл бойы сақталады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды УБДО-дағы пациенттің картасына қоса тіркеледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртіп қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртіп қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 178-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының (бұдан әрі – УБДО) ішкі тәртібін айқындайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. УБДО-ға орналастырылған әрбір адамға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша УБДО-ға жатқызылған пациенттің картасы толтырылады, ол сонымен қатар статистикалық карта да болып табылады, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы да іске асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
халқына психикалық денсаулық
саласында медициналық-
әлеуметтік көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
4-қосымша

Республикалық маңызы бар қалалардағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ұсынылатын штаттық нормативтері, 1 тәуліктік постың есебінен

Лауазымның атауы

20 төсекке

Меңгерушінің лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының психиатр (нарколог) дәрігерлерінің немесе фельдшерлердің* лауазымдары

4,5 штат бірліктері

Аға мейіргер лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Фельдшерлер немесе мейіргерлердің лауазымдары (техникалық және кәсіби медициналық білімі бар) психиатр (нарколог) дәрігерлердің немесе фельдшерлердің* лауазымдарына сәйкес белгіленеді

4,5 штат бірліктері

Шаруа бикесі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Санитарлардың, санитар-ваннашылардың және байқау бойынша санитарлардың лауазымдары психиатр (нарколог) дәрігерлердің және фельдшерлердің* лауазымдарына сәйкес белгіленеді

4,5 штат бірліктері

Күзет ұйымы**

4,5 штат бірліктері

Облыс орталықтарындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ұсынылатын штаттық нормативтері, 1 тәуліктік постың есебінен

Лауазымның атауы

15 төсекке

Меңгерушінің лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының психиатр (нарколог) дәрігерлерінің немесе фельдшерлердің* лауазымдары

3,25 штат бірліктері

Аға мейіргер лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Фельдшерлер немесе мейіргерлердің лауазымдары (Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар) психиатр (нарколог) дәрігерлердің немесе фельдшерлердің* лауазымдарына сәйкес белгіленеді

3,25 штат бірліктері

Шаруа бикесі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Санитарлардың, санитар-ваннашылардың және байқау бойынша санитарлардың лауазымдары психиатр (нарколог) дәрігерлердің немесе фельдшерлердің* лауазымдарына сәйкес белгіленеді

3,25 штат бірліктері

Күзет ұйымы**

4,5 штат бірліктері

Облыстық маңызы бар қалалардағы, аудан орталықтарындағы, аудандық маңызы бар қалалардағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ұсынылатын штаттық нормативтері, 1 тәуліктік постың есебінен

Лауазымның атауы

5 төсекке

Меңгерушінің лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

жоқ

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының психиатр (нарколог) дәрігерлерінің немесе фельдшерлердің* лауазымдары

1,0 штат бірлігі

Аға мейіргер лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Фельдшерлер немесе мейіргерлердің лауазымдары (жоғары және орта білімі бар) психиатр (нарколог) дәрігерлердің немесе фельдшерлердің* лауазымдарына сәйкес белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Шаруа бикесі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Санитарлардың, санитар-ваннашылардың және байқау бойынша санитарлардың лауазымдары психиатр (нарколог) дәрігерлердің немесе фельдшерлердің* лауазымдарына сәйкес белгіленеді

1,0 штат бірлігі

Күзет ұйымы**

4,5 штат бірлігі

      * "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сәйкес психикаға әсер ететін белсенді затты тұтыну және мас болу күйін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардан қосымша білім алған.

      ** Осы қызметті аутсорсингке беру арқылы жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталықтарының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
2-қосымша

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында жүргізілген медициналық куәландыру туралы қорытынды

      1. Паспорттық деректер:

      1) Т.А.Ә. (болған жағдайда)_________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      2) Жасы (туған күні, айы, жылы)_____________________________________________

      3) Жеке басын куәландыратын құжат (құжат түрі, нөмір) ________________________

      _________________________________________________________________________

      4) Жұмыс орны, лауазымы __________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      2. Жеткізу негіздері және уәждемелері_________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      1) Жеткізілген адамды анықтау жағдайлары _________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) Жеткізген адамның лауазымы, Т. А. Ә, (болған жағдайда) (нақты уақыты, күні)

      __________________________________________________________________________

      3. Зерттеп-қарау күні мен нақты уақыты________________________________________

      4. Психиатр (нарколог) дәрігері немесе фельдшер____________________________

      5. Жеткізілген адамның сыртқы түрі (киімінің, терісінің жай-күйі, жарақаттардың,

      зақымдардың, соққылардың және тағы басқаларының болуы):_____________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      6. Жеткізілген адамның мінез-құлқы: ашулы, тұйық, қызба, қозу күйінде, агрессивті,

      эйфориялық, көп сөйлейді, абыржығыш, ұйқышыл, тежелген, өзінің жай-күйіне

      шағымдар білдіреді________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      7. Сана күйі, орынды, уақытты, жағдайды және өз тұлғасын бағдарлауы____________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      8. Сөйлеу қабілеті: баяндаудың байланыстылығы, артикуляцияның бұзылуы, сөйлеу

      тілінің шұбарлануы және тағы басқалары_____________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      9. Вегетативтік-тамырлық реакциялар (тері тіндерінің күйі, көздің шырышты қабығы,

      тіл, тершілдік, сілекей ағу) _________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      тыныс алу: жиіленген, баяу _________________________________________________

      тамыр соғуы _______________ артериялық қан қысымы ________________________

      ________________________________________________________________________

      көздің қарашықтары: тарылған, кеңейген, жарыққа реакция_______________________

      жан-жағына қарағандағы нистагм_____________________________________________

      10. Қозғалыс аясы__________________________________________________________

      1) ым: солғын, қызу_________________________________________________________

      2) жүріс-тұрысы (теңселіп жүру, жүргенде аяқтарын оңды-солды сілтеп жүру),

      бұрылыстармен жүру (бұрылғанда теңселу)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      3) Ромберг күйінде тұру ____________________________________________________

      4) нақты қимылдар (еденнен тиынды алу, саусақтан-мұрыннан сынама) ___________

      _________________________________________________________________________

      5) қабақтардың, тілдің, қол саусақтарының дірілдеуі_____________________________

      _________________________________________________________________________

      11. Нервтік-психикалық аурулардың, мидың органикалық зақымдануының, физикалық

      қалжыраудың белгілері, бастан өткерген жарақаттар (жеткізілген адамның өз

      сөздерінен) _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      12. Алкогольді соңғы рет тұтынғаны туралы мәліметтер: субъективті, объективті

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      13. Ауыздан алкоголь иісінің шығуы ________________________________________

      _________________________________________________________________________

      14. Зертханалық, жабдықтық зерттеп-қарау деректері (жүргізген жағдайда)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      15. Диагноз, жай-күйі_______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      16. Қорытындылар (көрсете отырып: УБДО-ға орналастырылуға жатады немесе

      УБДО-ға орналастырудан бас тартылды):______________________________________

      __________________________________________________________________________

      Психиатр (нарколог) дәрігері немесе фельдшер ____________Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      қолы

      Күні

      Уақыты

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталықтарының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының медициналық қызметтерінің тізбесі

      1. "Емдеу ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білімі бар фельдшердің немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі медициналық білімі бар мейіргердің қабылдауы.

      2. "Психиатр" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар маманның консультациясы немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білімі бар фельдшердің қабылдауы.

      3. *Алкогольді тұтыну фактісін және масаң күйін медициналық куәландыру.

      4. Биологиялық материалдағы этанолды экспресс әдіспен анықтау (көрсетілімдер болған кезде).

      5. Биологиялық материалда есірткі құралдары мен психотроптық заттарды экспресс әдіспен анықтау (көрсетілімдер болған кезде*).

      6. Орташа дәрежедегі жедел алкогольдік улануды тоқтату (көрсетілімдер болған кезде*).

      7. Алкогольдік уланудың орташа дәрежесіндегі (интоксикация) пациентті медициналық байқау.

      *көрсетілімдерді емдеуші дәрігер анықтайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады