"Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 80 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 мамырдағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34408 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларында:

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұрпағының сапасы бойынша бағалауға бонитирлеуден өткен және тиісті республикалық палата берген асыл тұқымдық мәртебесі немесе "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12857 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тану тәртібі туралы ереже) сәйкес танылған, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлігі немесе оған балама құжаты бар асыл тұқымдық орталықтарда тұрған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар жатады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау нәтижелері "Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 3-3/397 бұйрық) 4-қосымшаға сәйкес № 6 нысан бойынша қошқарларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау ведомосіне енгізіледі.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Асыл тұқымды құлынды бонитирлеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығымен бекітілген Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүргізіледі.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын:

      "8-параграф. Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша бағалау

      67. Ұрпағының сапасы бойынша бағалауға бонитирлеуден өткен және тиісті республикалық палата берген асыл тұқымдық мәртебесі немесе Тану тәртібі туралы ережеге сәйкес танылған асыл тұқымдық куәлігі немесе оған экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген балама құжаты бар асыл тұқымды тұқымдық текелер жатады.

      68. Бағаланатын әрбір асыл тұқымды тұқымдық текеге кемінде 70 (жетпіс) бас өнімділігі бойынша ұқсас келетін бірінші сыныпты аналық бөлінеді.

      Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша бағалау 2,5 (екі жарым) жасар және одан үлкен аналықтарға жүргізеді. Аналықтар бір отарда күтіп-бағылады, күтіп-бағу және азықтандырудың бірдей жағдайлары қамтамасыз етіледі.

      69. Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша бағалау әрбір тұқымдық текенің ұрпағының сапасын осы ешкі тұқымын сипаттайтын өнімділіктің негізгі көрсеткіштері бойынша осы отардағы барлық тексерілетін тұқымдық текелердің ұрпақтарының орташа көрсеткіштерімен салыстыру арқылы бір жылғылар әдісімен жүргізіледі.

      70. Көрсеткіштердің әрқайсысының мәні ешкі шаруашылығының бағытына, ешкілерді өсіру жағдайларына және табынның мақсатына байланысты әртүрлі болады. Түбітті ешкі шаруашылығында түбітті тарау шамасы және оның сапасы; жүнді ешкі шаруашылығында жүн қырқымы және оның сапасы; сүтті ешкі шаруашылығында сүттің сауымы және оның сапасы; етті ешкі шаруашылығында еттің көлемінің артуы және сапасы ескеріледі.

      71. Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша алдын ала бағалау алынған төлді 4 (төрт) айдан 4,5 (төрт жарым) айға дейінгі жаста (енесінен айырған кезде) бағалау негізінде:

      жүнді және түбітті ешкілерде – жүннің ұзындығы және тірідей салмағы бойынша;

      сүтті ешкілерде – тірідей салмағы бойынша жүргізіледі.

      72. Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша түпкілікті бағалау бір жастан бір жарым жасқа дейінгі алынған төлді жеке бонитирлеу деректері негізінде жүргізіледі.

      Ұрғашы төлдердің сапасы туралы алынған мәліметтерді өңдеу әр теке үшін бөлек жүргізіледі. Бұл деректер барлық тексерілген текелердің, сондай-ақ бүкіл табындағы ешкілердің орташа көрсеткіштерімен салыстырылады.

      Асыл тұқымдық қасиеттері бойынша ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін тұқымдық текелер жақсартқыштар, орташа (бейтарап) және нашарлатқыштар болып бөлінеді.

      Асыл тұқымды тұқымдық текелер ұрпағының 75 (жетпіс бес) және одан да көп % элита және бірінші кластарға жатқызылса – жақсартушы, ұрпағының 50 (елу)-ден 75 (жетпіс) % дейін элита және бірінші кластарға жатқызылса – бейтарап, ұрпағының 50 (елу)-ден төмен % элита және бірінші кластарға жатқызылса – нашарлатушыларға жатады.

      73. Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар оның көрсеткіштерін басқа тексерілетін текелердің көрсеткіштерімен, сондай-ақ шаруашылық бойынша тиісті көрсеткіштермен және шаруашылықта бар тұқымдық текелердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде әрбір тұқымдық теке бойынша жеке жасалады.

      74. Асыл тұқымды тұқымдық текелерді ұрпағының сапасы бойынша бағалау нәтижелері № 3-3/397 бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес № 14 нысан бойынша ешкілерді ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау ведомосіне енгізіледі.

      Ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық текелердің ұрпақтарының асыл тұқымдық артықшылықтары олар табында қолданылған барлық уақытта нақтыланады. Бұл ретте тұқымдық текелерді өздерінің жоғары өнімділігін (түбіттің таралуы, жүн қырқымы, олардың сапасы, өсіп кетуі, сүт сауымы мен сүттің сапасы, еттің көлемінің артуы және сапасы), сондай-ақ асыл тұқымдық қызметтің бүкіл кезеңінде тірі салмағын тұрақты ұстап тұру қабілеті ескеріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады