2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
      63, 64-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнің           
2005 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1235 қаулысына       
63-ҚОСЫМША           

203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн
реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 923170 мың теңге (тоғыз жүз жиырма үш миллион бiр жүз жетпiс мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегi  Заңы ; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегi Заңының  13,   14,    17,   18-баптары ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының  1-30-баптары ; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңы ; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшін қызметтiк жеңіл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысы ; "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысы ; "Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 455  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерiнің мүдделерінің балансына жету; өздерінің лауазымдық мiндеттемелерiн тиiмдi орындау мен кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсiби қызмет саласындағы бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдерiн, іскерліктерi мен машықтарын жаңарту.
       5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерiнің қызметiн бақылау мен реттеу; табиғи монополиялардың жұмыс iстеуiне, тариф түзу мәселелерiне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сараптама жүргізудi жүзеге асыру; мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртiбiн бақылау; өз қызметiн мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектiлерінің мемлекеттік тiркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттiк тiркелiмiн жүргізу; мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдiснамасы мен бағалар белгілеу ережесiн жетілдiру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шектi деңгейлерiнің есеп айырысу әдiстемесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби біліктілігін арттыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
лама-
лардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Табиғи
монопо-
лия субъек-
тілері-
нің
қызметін
реттеуді,
бақылау-
ды қам-
тамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің
орталық аппаратын
штат саны - 133 бірлік
лимитінің шегінде ұстау.
Ай сайын "Регулятор"
журналын шығару.
Бекітілген тиесілік
нормативіне сәйкес
автокөлік ұстау.
Тарифтерді өзгертуге
берілген өтінімдерді
қарау; сараптамалық
бағалаулар, табиғи
және мемлекеттік
монополия субъектіле-
ріне тексерулер
жүргізу; табиғи моно-
полия субъектісі өткі-
зетін сатып алуларды
келісу; табиғи монопо-
лия субъектісінің
өзге қызметті жүзеге
асыруына және мүлікті
иеліктен айыруға
берілген өтініштерді
қарау.
Табиғи және мемлекет-
тік монополия субъек-
тілерінің қызметін
реттейтін нормативтік
және нормативтік
құқықтық актілер
әзірлеу; тарифтерді
(бағаларды, алым
ставкаларын) есептеу-
дің кемсітпейтін әдіс-
темелерін әзірлеу.
Табиғи монополиялар
субъектілерінің
қызметтеріне қаржылық
және техникалық
сараптама жүргізу.
Нормативтік және
нормативтік құқықтық
актілер әзірлеу жөнін-
де тәуелсіз сарапшылар
мен сараптау ұйымдары-
ның, консультанттар-
дың, қаржылық және техникалық сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу.
Табиғи монополиялар
субъектілері мемлекет-
тік тіркелімінің
республикалық бөлімі-
не енгізілген табиғи
монополиялар субъекті-
лерінің жария тыңдау-
ларын ұйымдастыру
және өткізу.

қаңтар-
желтоқ-
сан

 

 
қаңтар-
желтоқ-
сан
 
қаңтар-
желтоқ-
сан
 
ақпан-
желтоқ-
сан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ақпан-
қараша
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ақпан-
қараша
 
 
 
 
ақпан-
желтоқ-
сан
 
 
 
 
 
 
 
ақпан-
желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы
Табиғи
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

3

  

002

Аумақтық
орган-
дардың
аппарат-
тары

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі
аумақтық органдарының
аппаратын штат саны -
227 бірлік лимитінің
шегінде ұстау.
Бекітілген тиесілік
нормативіне сәйкес
автокөлік жалдау.
Табиғи және мемлекет-
тік монополия субъек-
тілеріне тексерулер
жүргізу.
Тарифтерді (бағаларды,
алым ставкаларын)
өзгертуге берілген
өтінімдерді қарау.
Табиғи монополиялар
субъектілері мемлекет-
тік тіркелімінің
республикалық бөліміне
енгізілген табиғи
монополиялар субъекті-
лерінің жария тыңдау-
ларын өткізу.

қаңтар-
желтоқ-
сан
 

 

қаңтар-
желтоқ-
сан
 
ақпан-
желтоқ-
сан
 
ақпан-
қараша
 
ақпан-
желтоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

4

  

007

Мемле-
кеттік
қызмет-
шілердің
білікті-
лігін
арттыру

Мемлекеттік қызметші-
лердің төрт тақырып
бойынша біліктілігін
арттыру жөніндегі
қызметтерді сатып алу:
1) Мемлекеттік басқа-
рудың осы заманғы
әдістері мен техноло-
гияларына үйрету;
2) Құқықтық оқыту;
3) Мемлекеттік сатып 
алу жүйесін зерделеу;
4) Ақпараттық техноло-
гияларға үйрету.
Мемлекеттік тілді
үйрету.

қаңтар-
қараша

Қазақстан
Республи-
касы
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

5

  

009

Мемле-
кеттік орган-
дарды матери-
алдық-
техника-
лық жарақ-
тандыру
 

Жабдықтар сатып алу.
Оргтехникалар сатып
алу.

маусым-
тамыз
маусым-
тамыз

Қазақстан
Республи-
касы
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

6

  

017

Ақпарат-
тық жүйелер-
дің
жұмыс істеуін
қамтама-
сыз ету
және мемле-
кеттік
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Есептеу техникасын
сатып алу. 
Интернет және VPDN желісіне қол жеткізу қызметтері. 
Есептеу техникасы
мен желілерге жүйелі-
техникалық қызмет
көрсету.
Шығыс материалдары мен жинақтаушы қосалқы бөлшектер
сатып алу.
Вирустарға қарсы
бағдарламаға жылдық
жазылу.
Лицензиялық бағдарла-
малық өнімдер сатып
алу. 
Ақпараттық жүйелер мен
локальдық міндеттерді
сүйемелдеу.
Қызметкерлерді ақпа-
раттық технологияларға
үйрету

маусым-
қыркүй-
ек
қаңтар-
желтоқ-
сан

қаңтар-
желтоқ-
сан
наурыз-
желтоқ-
сан

қаңтар-
наурыз

сәуір-
маусым
қаңтар-
желтоқ-
сан
 
сәуір-
шілде

Қазақстан
Республи-
касы
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Тарифті немесе тарифтiк сметаны өзгертуге берiлген өтінімдердi қарау кезiнде кем дегенде 20 сараптамалық бағалау жүргiзу; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау мақсатында табиғи монополия субъектілерінің қызметiн қаржылық сараптау жөнiнде кем дегенде 32 қорытынды және техникалық сараптау жөнiнде кем дегенде 32 қорытынды өткізу; табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметiн реттейтін кем дегенде 9 нормативтік және нормативтік құқықтық актiлер әзiрлеу; 48 адамның кәсiби деңгейiн көтеру, олардың ішінен: 20 адамды - мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдiстерi мен технологияларына, 10 адамды - құқықтық білімге, 10 адамды - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн зерделеуге үйрету, 8 адамды - ақпараттық технологияларға, оның iшінде аумақтық органдардың - 38 адамын үйрету; 47 адамға - мемлекеттiк тiлді, оның ішінде аумақтық органдардың - 37 адамын үйрету; орталық аппараттың және аумақтық органдардың материалдық-техникалық жарақтануын арттыру; Агенттіктің орталық аппаратын және оның аумақтық органдарын ақпараттық жүйелермен, техникамен жаңғырту.
Түпкілікті нәтиже:
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсiби деңгейiн 13,3%-ға көтеруде, мемлекеттік қызметшілердi 13,1%-ын мемлекеттiк тiлге үйретуде қажеттiлiктi қамтамасыз ету; материалдық-техникалық жарақтандыру мен ақпараттық жүйелердi жаңарту деңгейi 47%-ға дейiн көтерiледi.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Орталық аппарат бойынша бiр мемлекеттiк қызметшiнi ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1277,48 мың теңге.
Аумақтық органдар бойынша бiр мемлекеттiк қызметшіні ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 843,68 мың теңге.
Бiр мемлекеттiк қызметшінің бiліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 12,72 мың теңге.
Бiр мемлекеттiк қызметшіге мемлекеттік тiлдi үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 14,78 мың теңге.
Дер кезділігi:
Мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттардың белгiленген мерзiмдерiне сәйкес.
Сапасы:
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерiне сараптамалар жүргізу: тарифтің мөлшерiне әсер ететiн табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы операцияларын жүргiзудегi бұрмалаушылықты анықтауға, тарифтердегi ескерiлетiн табиғи монополия субъектілерiнің шығындарын оңтайландыруға мүмкiндік береді; нормативтiк және нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу: тұтынушылар мен экономикаға арналған табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерiн әсерiн талдауға және тарифтер серпiнінің жекелеген салалар мен халықтың табыстарына әсерiн болжамдауға мүмкіндiк жасайтын құралдар енгiзуге мүмкіндiк береді; осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес, кәсiби мемлекеттiк қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру; мемлекеттiк тiлге үйретілгеннен кейiн iс жүргiзе алатын мемлекеттік қызметшілердің үлесi 13%-ды құрайды; білiктiлiктi арттыру курсынан өткеннен кейiн жоғары лауазымға тағайындалатын мемлекеттiк қызметшілердің үлесi - 4%.

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнің            
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына         
64-ҚОСЫМША             

203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Монополистер қызметiнің мониторингі бойынша
электрондық деректер базасын құру"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 104400 мың теңге (бiр жүз төрт миллион төрт жүз мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi : "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңы ; "Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 мамырдағы N 455  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау органдарын бұрмалаушылықтардың болуы туралы, уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi пайдалану және табиғи монополиялар субъектілерінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауды болдырмау үшiн тарифтiк сметаларды орындау туралы шынайы және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : ақылы қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектілерiнің, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк органдардың қызметiнiң автоматтандырылған мониторингi үшін деректердің талдау базасын жасау және енгiзу, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және дамыту, есептеу, коммуникациялық, желілік жабдық лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудiң, операциялық жүйелер және оған берiлген қосымшалардың құралдарымен жаңғырту және жарақтандыру, ақпараттық жүйелердi интеграциялау және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, Агенттіктің WЕВ-порталын жасау және оның е-үкіметтің WEB-порталымен интеграциялау мүмкiндігi.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдар-
лама-
лардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Монопо-
листер
қызметі-
нің монито-
рингі
бойынша
элект-
рондық
деректер
базасын
құру

1. "Табиғи монополия-
лар қызметінің монито-
рингі бойынша элек-
трондық деректер база-
сы" ақпараттық жүйенің
кіші жүйелерін дамыту
және әзірлеу жөніндегі
қызметтерді сатып алу.
2. Ақпараттық қауіп-
сіздікті қамтамасыз
ету жөніндегі лицен-
зиялық бағдарламалық
өнімді, операциялық
жүйелерді және қосым-
шаларды, оптикалық
таным бағдарламаларын
және ДББЖ-ін (деректер
базасын басқару жүйе-
сін) сатып алу.
3. Есептеу техникасы
құралдарын, перифе-
риялық, телекоммуни-
кациялық және электр
жабдықтары мен
Агенттіктің орталық
аппараты мен оның
аумақтық басқармалары
үшін ақпаратты қорғау
жабдығын сатып алу.

наурыз-
желтоқ-
сан

 

 

 
мамыр

 

 

 

 

 
маусым

Қазақстан
Республи-
касы
Табиғи
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
Табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілерi туралы бастапқы деректердi енгiзу, деректер базаларын уәкiлетті орган бекіткен реттеліп көрсетiлетiн қызметтердің тарифтерiмен толтыру, табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтерінің серпінін талдау және олардың ақпаратын деректер базасының деректерiн пайдалана отырып өңдеу.
Түпкiліктi нәтиже:
Осы "Табиғи монополиялар қызметiнің мониторингi бойынша электрондық деректер базасы" ақпараттық жүйенi жасау off-line режимiнде табиғи және мемлекеттiк монополиялар субъектiлерi туралы 98% шынайы ақпаратты, тарифтiк сметаның орындалуы жөнiндегi есептердi, электрондық деректер базасына Агенттіктің аумақтық органдары мен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өздерi енгізген субъектілердің қаржы-шаруашылық қызмет есептерiн жедел түрде алуға мүмкіндік бередi.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Осы жүйе өтінімдер, өтiніштер, тарифтiк сметалардың орындалуы туралы есептер, табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептер ұсыну, сондай-ақ Агенттiктің аумақтық органдарынан және табиғи монополия субъектілерінен ақпараттар (құжаттар) алу уақытын жарты сағаттан екi және одан көп тәулiкке дейiн қысқартуға алып келедi.
Дер кезділігі:
Жасалған шарттардағы белгiленген мерзiмдерге сәйкес.
Сапасы:
Агенттіктің аумақтық органдарынан және табиғи монополия субъектілерінен қажеттi, жедел ақпаратты уақтылы алуды 100% қамтамасыз етеді; жүйеде жинақталып қалған монополиялар қызметi мен олардың тарифтiк саясаты, өндiрiстi жетiлдiру және қызметтер көрсету жөнiндегi өткiзiлген іс-шаралар туралы мәлiметтердің жариялылығы мен ашықтығын 100%, осы ақпаратқа мемлекеттiк органдар мен халықтың 100% қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады