2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі  Бюджет кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
       442,   443,   444,   445,   446,   447-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
                                           N 1220 қаулысына        
                                              442-ҚОСЫМША          

678 - Қазақстан Республикаcы Республикалық ұланы
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты рәсімдерді орындауға қатысу"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  1 713 221 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он үш миллион екі жүз жиырма бір мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       2.   Бюджеттік   бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы ; "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің   2004 жылғы 28 тамыздағы N 1428  Жарлығы ; "Мемлекеттік протоколды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 201  Жарлығы ; "Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар,   құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы"   Қазақстан Республикасы   Президентінің   2002 жылғы 18 қазандағы N 352  Өкімі .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  мемлекет Басшысының  және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін;
аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:  

р/с
N

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты рәсімдерді орындауға қатысу

  

  

  

2

  

008

Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу

Республикалық ұланның объектілеріне Мемлекеттік сараптама ұсынған 2003 жылғы 29 мамырдағы N 7-237/2003
2007 жылғы 12
қыркүйектегі N
7-487-1/07 және 2007
жылғы 12 қыркүйектегі
N 7-487-2/07 сараптама
қорытындысына сәйкес
күрделі жөндеуді іске
асыру.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

3

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін   қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Жұмсалатын материалдарды сатып алу.
Ақпараттық жүйелерді және локальды тапсырмаларға ілесіп жүру.
Есептеу техникалық құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Есептеу техникасын және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

4

  

100

Орталық аппарат

62 бірлік санындағы штат есебінде бекітілген лимиттің шегінде әскери қызметшілер мен қызметшілерді ұстау.
Берілген  тапсырмаларды  орындау мақсатында  орталық аппараттың өміртіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды,   жұмыстарды және қызметтерді сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

5

  

101

Әскери бөлімдер

1634 бірлік санындағы штат есебінде бекітілген лимиттің шегінде қызметшілер мен қызметшілерді ұстау және қамтамасыз ету.
Берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әскери бөлімдердің өміртіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті қару-жарақты, жабдықтарды, автомобиль техникасын, технологиялық жабдықтарды, музыкалық аспаптарды және өзге тауарларды, жұмыстарды және     қызметтерді сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

6

  

102

Әскери және өзге техниканы жаңғырту және сатып алу

Бөлімшелерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін қажетті қару-жарақ пен 2 бірлікте бронетранспортер әскери техникасын,
жылжымалы
(стационарлық емес)
техникалық қызмет
көрсету шеберханасын
сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052 , 2007.11.07.  N 1055  Қаулыларымен.

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже:
күзетілетін адамдардың саны 8 дейін;
күзетілетін объектілердің саны - 10;
өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95;
Түпкі нәтиже:
күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;
күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;
протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз;
қару-жарақпен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз;
әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз;
технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз;
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2052 мың теңге;
- мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 806 мың теңге;
Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы
Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына "қанағаттанған" күзетілетін адамдар - 100 пайыз

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2006 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1220 қаулысына      
443-ҚОСЫМША        

678-ң Казақстан Республикасы Республикалық ұланы
           Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Республикалық ұлан объектілерін салу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны:  546435 мың теңге (бес жүз қырық алты миллион төрт жүз отыз бес мың теңге)
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының  12-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен   келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:  

№ р/с
N

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Республикалық ұлан объектілерін салу

Заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларға сәйкес "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 3 қосымшасына сәйкес сома шегінде Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жөніндегі келесі инвестициялық жобаны мынадай іс-шаралар бойынша іске асыру:
1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілері үшін 60 отбасына арналған жатақханасының құрылысын салу (2005 жылғы 12 шілдедегі N  2-431/05 Техникалық-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптама қорытындысы, 2007
жылғы 13 маусымдағы
N 7-308/07
Техникалық-экономи-
калық негіздемеге
Мемлекеттік
сараптама
қорытындысы).
2. Астана қаласында қоса салынған
үй-жайы мен  гараждары бар көп пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысын жобалау құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сараптама жүргізу және құрылысын салуды бастау (2006 жылғы 6 наурыздағы N 2-112/06 Техникалық-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптама қорытындысы).

Қаңтар- желтоқсан

Республикалық ұлан

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  Қаулысымен.
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :
Тікелей нәтиже:
- Алматы   қаласында 60 отбасына арналған Республикалық ұлан жатақханасының құрылысын салуды аяқтау.
- Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлік тұрғын үй кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және құрылысын салу (атқарылған жұмыстың көлемінің 50 пайыз).
Түпкі нәтиже: республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2006 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1220 қаулысына      
444-ҚОСЫМША        

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
          Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны:  59603 мың теңге (елу тоғыз миллион алты жүз үш мың теңге)
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының  13-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:   

р/с
N

Бағдар- лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу

  

  

  

2

  

021

1997 - 1998 жылдардағы әскери қызметшілерге үстемақы төлеу

1997-1998 жылдарға арналған сыйақы төлемі бойынша берешекті өтеу

Жыл бойы

Республикалық ұлан

3

  

100

Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу

54 бірлік санындағы штат есебінде бекітілген   лимит   шегінде   әскери қызметшілер мен қызметшілерді ұстау.
Әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету мақсатында Республикалық ұлан Госпиталінің қызмет істеуіне қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу.
Әскери қызметшілерді емдеу үшін қажетті медикаменттер мен негізгі құралдарды сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже:
сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 13433;
1997-1998 жылдардың сыйақысын алған әскери қызметшілердің саны - 16 ад.
Түпкі нәтиже:
әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 0,9 мың теңге;
1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс 1997-1998 жылдардың сыйақысын төлеу бойынша 1034 мың теңге;
1 қызметкерге жұмсалатын орташа шығыс 39,6 мың теңге;
Уақтылығы:
тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз;
уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз;
Сапасы:
сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2006 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1220 қаулысына     
445-ҚОСЫМША        

      Ескерту. 445-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  Қаулысымен.

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
           Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны:  3978 мың теңге (үш миллион тоғыз жүз жетпіс сегіз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:       "Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің
дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының  15-бабы , "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының  8-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты
      4. Бюджеттік бағдарламаның   мақсаты:  жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау.
      5. Бюджеттік   бағдарламаның міндеттері:  жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың
пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:  

р/с
N

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау

Республикалық ұланның офицерлер құрамын Ресей Федерациясының жоғарғы әскери-оқу орындарында даярлау, сондай-ақ олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарында оқыту.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 3 адам;
біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны - 2 адам; біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны - 2 адам.
Түпкі нәтиже:
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 313; 
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 110;
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 213.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 795,6 мың теңге;
Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы.
Сапасы:
оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз;
Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2006 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1220 қаулысына     
446-ҚОСЫМША       

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
          Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны:  100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының  12-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:  

№ р/с
N

Бағдар-лама коды

Кіші бағдар- лама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Әскери  қызметшілерді  тұрғын үймен қамтамасыз ету

"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12 бабына сәйкес 20 жылдан артық әскери қызметі өтілі бар Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу.

Қаңтар-желтоқсан

Республикалық ұлан

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
тұрғын үй алған адамдардың саны - 10;
Түпкі нәтиже:
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (249 мұқтаждардың ішінен 10 әскери қызметші) - 4,5 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 140 мың теңге.
1 пәтердің орташа құны 10000 мың теңге.
Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі.
Сапасы:
сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2006 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1220 қаулысына      
447-ҚОСЫМША         

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
        Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес" деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны:  6950 мың теңге (алты миллион тоғыз жүз елу мың теңге)
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Заңының  10-бабы
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:  терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:  терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды   ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу.
      6. Бюджеттік   бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:  

№ р/с
N

Бағдар- лама коды

Кіші бағдар-лама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

110

  

Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес

Терроризмнен және экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерінен төнетін қатерді болдырмау үшін қажетті қару-жарақ, арнайы және  техникалық құралдарды сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық ұлан

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже:
Күзетілетін объектілердің саны - 10; 
Түпкі нәтиже:
күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз;
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге.
Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы:
"қанағаттанарлық" және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады