2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
      1 , 2 , 3 , 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына   
1-ҚОСЫМША       

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1458777 мың теңге (бір миллиард төрт жүз елу сегіз миллион жеті жүз жетпіс жеті мың теңге).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10 N 561 Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiгін арттыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығы ; "Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнің арнаулы өкiлi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 25 шілдедегi N 155 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығы .
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10 N 561 Қаулысымен.
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту жөніндегі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллі халқының игілігі үшін қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың конституциялық қағидаларын, қазақстандық патриотизмді өмірге енгізу және мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетігі мен тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін тұжырымдау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттiк органдардың қызметiне жалпы бақылау, соның ішінде Мемлекет басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;
      3) республика Президентiнiң шешімдерiн мүлтiксіз, егжей-тегжейлi әрi уақтылы орындау;
      4) республика Президентiн елдегi және шетелдегi iстің жай-күйi туралы уақтылы әрi толық хабардар ету;
      5) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсіптiк шеберлiгiн жетiлдiру жөнiнде қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк қызмет саласында теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгi мен кәсiби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру;
      6) Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттің iшкi және сыртқы саясатының негiзгi қағидаларын "Байқоңыр" кешенiнде орналасқан қазақстандық мемлекеттiк билiк органдарының iске асыруы жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      7) "Байқоңыр" кешенінде жұмыс iстейтiн қазақстандық мемлекеттiк органдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдық құзыретiн және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде, оның iшiнде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актілерiнің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Мемлекет
басшы-
сының
қызметін
қамта-
масыз
ету




2


001

Орталық
органның
аппараты

Мемлекет Басшысының
қатысуымен елде және
шетелде өтетін
іс-шараларды дайындау
мен өткізу;
мемлекет Басшысының
жергілікті өкілді
органдармен, атқарушы
және өзге де
мемлекеттік
органдармен тұрақты
өзара іс-қимылын
қамтамасыз ету;
мемлекет Басшысы
актілерінің,
Жарлықтары мен
өкімдерінің жобаларын
әзірлеуді, шығаруды
және жариялауды
қамтамасыз ету;
мемлекет Басшысы
актілері мен
тапсырмаларының
орындалуын бақылау
мен тексеруді
қамтамасыз ету;
елдегі және шетелдегі
ішкі және сыртқы
саяси, әлеуметтік-эко-
номикалық жағдайға
талдау жасау;
ішкі және сыртқы
саясаттың өзекті
мәселелері бойынша
ақпараттық-талдау
материалдарын
дайындау;
Президент
Әкімшілігінің саяси
партиялармен,
бұқаралық ақпарат
құралдарымен, діни
және өзге де қоғамдық
бірлестіктермен өзара
іс-қимылын қамтамасыз
ету;
"Қазақстан-2030"»
Стратегиясын,
Қазақстан
Республикасының 2010
жылға дейінгі дамуының
стратегиялық жоспарын,
Президенттің Қазақстан
халқын жыл сайынғы
Жолдауларын іске асыру
жөнінде іс-шаралар
өткізу;
бірқатар Мемлекеттік
бағдарламалардың
орындалуын бақылау
мен үйлестіруді жүзеге
асыру:
"Қазақстан
Республикасының
2005-2010 жылдарға
арналған денсаулық
сақтау ісін реформалау
мен дамыту", Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2004
жылғы 13 қыркүйектегі
N 1438 Жарлығымен
бекітілген;
"Қазақстан
Республикасында
2005-2010 жылдарға
арналған білім беру
ісін дамыту",
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004
жылғы 11 қазандағы N
1459 Жарлығымен
бекітілген;
"2001-2010 жылдарға
арналған тілдерді
қолдану мен дамыту",
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001
жылғы 7 ақпандағы N
550 Жарлығымен
бекітілген.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респу-
бликасы
Прези-
дентінің
Әкімші-
лігі

3


007

Мемле-
кеттік
қызмет-
шілердің
білік-
тілігін
арттыру

Мемлекеттік
қызметшілердің (соның
ішінде Қазақстан
Республикасы
Президенті
Мұрағатының)
біліктілігін арттыру
жөніндегі қызметтерді
жеті тақырып бойынша
сатып алу:
1) мемлекеттік басқару
және мемлекеттік
қызмет;
2) экономика;
3) ақпараттық
технологиялар;
4) мемлекет және
құқық;
5) әлеуметтік саясат;
6) электрондық құжат
айналымы;
7) құжаттардың
құндылығына сараптама
жасау және мұрағатты
жинақтау.
Мемлекеттік тілге
және ағылшын тіліне
оқыту.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респу-
бликасы
Президен-
тінің
Әкімшілі-
гі

4

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.06.10 N 561 Қаулысымен)

5

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008.06.10 N 561 Қаулысымен)

6


100

"Бай-
оңыр"
ғарыш
айлағын-
дағы
арнайы
өкіл-
діктің
аппараты

Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясы
арасындағы "Байқоңыр"
ғарыш кешенін
пайдаланудың негізгі
қағидаттары мен
талаптары туралы 1994
жылғы 28 наурыздағы
келісімді, Қазақстан
Республикасының заңдық
құзыретін және "Бай-
қоңыр" ғарыш айлағында
тұратын Қазақстан
Республикасы
азаматтарының
конституциялық
құқықтарын қамтамасыз
ету бөлігіндегі 1994
жылғы 10 желтоқсандағы
жалдау шарттары мен
қосымша келісімдер
шартын іске асыру.

қаңтар-
ақпан

Қазақстан
Респу-
бликасы
Президен-
тінің
"Бай-
қоңыр"
кешенін-
дегі
арнаулы
өкілі

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10 N 561 Қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тiкелей нәтиже:
      - Қазақстан Республикасы Президентiнің қызметiн толығымен қамтамасыз ету, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың қызметiне және нормативтiк-құқықтық актiлердің орындалуына бақылау жасау;
      - бiр мемлекеттiк инспектордың жылына 7 iссапарда болуы (16 адам);
      - 25 адамның кәсiби бiлiктiлiгi деңгейiн арттыру (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының 11 қызметкерi);
      - 165 адамды мемлекеттiк тiлге оқыту;
      - 24 адамды ағылшын тiлiне оқыту.
      Түпкi нәтиже:
      - елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауiпсiздiгін, мемлекеттiк егемендiгін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетiн қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешiмдер қабылдауға тарту, атқарушылық билiк жүйесiн орталықтан алу, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту;
      - экономиканың индустриялық-инновациялық дамуы, кәсiпкерлiк ортаны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтiк жағдайын жақсарту, сапалы әрi қол жетiмдi бiлiм беру, денсаулық сақтау;
      - мемлекеттiк тiлдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлi этностық топтардың мәдениетi мен тiлдерiн дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келiсiм;
      - өңiраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже:
      - бiр мемлекеттiк қызметшінің бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 45,0 мың теңге;
      - бiр мемлекеттiк қызметшiнi мемлекеттiк тiлге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 35,0 мың теңге;
      - бiр мемлекеттiк қызметшiнi ағылшын тiлiне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 30,0 мың теңге.
      Уақтылығы: жасалған шарттарға және қойылған мiндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы.
      Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткiзу үшiн белгiленген мерзiмдердi ескере отырып, iс-шараларды 100 пайыз сапалы және уақтылы орындау. Кәсiби мемлекеттiк қызметтің талаптарына сай, қазiргi экономикалық жағдайларға орай мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн арттыру; мемлекеттiк тiлдi оқыту курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердің 50 пайызға мемлекеттiк тілде iс жүргiзуге көшкен; ағылшын тiлiн оқыту курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметкерлердің 30 пайызға ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейдi; бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердің 33,1 пайызға жоғары лауазымдарға тағайындалған.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10 N 561 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына   
2-ҚОСЫМША       

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн болжамды-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 103309 мың теңге (бір жүз үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1235 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 977 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасы басшылығының республиканың саяси, әлеуметтiк, экономикалық дамуының түрлi салаларында шешiмдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектiлерiн ұлттық қауiпсiздiк тұрғысынан әзiрлеу және негiздеу үшiн баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
      - Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауiпсiздiгi саласында тұжырымдамалық негiздер мен практикалық ұсынымдарды әзiрлеу;
      - шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегi және шектес өңiрлердегi әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау;
      - Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтiк, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау;
      - экологиялық қауiпсiздік проблемаларын зерттеу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002


Мемле-
кеттің
ішкі
және
сыртқы
саяса-
тының
страте-
гиялық
аспек-
тілерін
болжамды
-талда-
малық
қамта-
масыз
ету

1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аспектілері шеңберінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтитын ғылыми-талдамалық зерттеулердің орындалуын қамтамасыз ету, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының геосаяси ортасы мен сыртқы саясатының негізгі стратегиялық аспектілері саласында:
- Қазақстанның айналасындағы елдердің (ҚХР, РФ, Түркия, Иран, Пәкістан, Ауғанстан) ішкі саяси, әлеуметтік-экономика-
лық даму проблемаларын зерделеу;
- Қазақстанның РФ-мен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Түркиямен, ЕО елдерімен, ТМД мемлекеттерімен екі жақты қарым-қатынас-
тарын талдау;
- орталық Азия аймағындағы жалпы жағдайға сыртқы саяси мониторинг;
- аймақтық интеграцияның ерекшеліктерін, аймақтық қауіпсіздік проблемаларын және т.б. зерттеу.
Қазіргі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік үдерістер саласында:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси мониторингі;
- республикадағы ішкі саяси және әлеуметтік үдерістердің дамуын талдау және болжау;
- Қазақстандағы көші-қон үдерістеріне талдау және т.б.
Экономикалық қауіпсіздік саласында:
- Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу;
- әлемдік экономиканың даму үрдістерін зерттеу және олардың Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
- ғаламдану проблемаларын және олардың Қазақстанға әсерін зерттеу;
- республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мониторинг және т.б.
2. Халықаралық, қоғамдық және саяси ұйымдармен тақырыптық конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу.
3. Қазақстан Республикасының және оның саяси көшбасшысының ел ішіндегі, сонымен қатар шетелдегі де жағымды бедел-бейнесін
насихаттау және қолдау үшін халықаралық
ғылыми-зерттеу орталықтарымен және ұйымдармен байланыстар ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
4. Ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру мақсатында шетелдерге қызметтік іссапарлар мен тәжірибе алмасуларын ұйымдастыру, сондай-ақ Институттың шетелдік жетекші ғылыми-талдау құрылымдарымен байланыстарын тереңдету.
5. ҚСЗИ-дың жұмыс жоспарына сай елден тыс жеке зерттеулер жүргізу мақсатында тәжірибе алмасуларды ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, шетелдің жетекші ғылыми-талдау құрылымдары өкілдерімен ғылыми байланыстарды кеңейту және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету.
6. Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан үрдістерден эмпирикалық мәліметтер
алу үшін социология-
лық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру және олардың негізінде қажетті болжама-талдау материалдарын дайындау.
7. Төрт мерзімді басылымды: "Казахстан-Спектр" (ғылыми сипаттағы мақалаларды басу) (4 санын), "ANALYTIC" (ғылыми зерттеулердің шеңберіне кіретін, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау) (6 санын), "Central Asia's Affairs" (Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын, әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей
байланыстар орнатуға
мүмкіндік беретін
жалғыз сараптамалық
басылым) (4 санын),
"Қоғам және Дәуір"
(аймақтық қауіпсіздік
пен халықаралық
қатынастардың,
Қазақстан дамуының
экономикалық және
ішкі саяси мәселелері
мен бүгінгі күннің
тарихи-философиялық
және мәдени өзекті
мәселелеріне арналған)
(4 санын) шығару;
- 6 монография мен 6 кітапшаны басып шығару.
8. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үздіксіз орындауды қамтамасыз ету үшін қосымша
тауарлар алу қажет,
байланыспен, көлікпен,
басқада қызметтер мен
жұмыстармен қамтамасыз
ету қажет, құрал
жабдықтарды және
басқа да негізгі
құралдарды ұстап
тұру, жабдықтау және
жөндеу жұмыстарын
жүргізу қажет,
сонымен қатар негізгі
құралдарға қатысты
тауарларды сатып алу:
компьютерлер,
кондиционерлер,
серверлер, принтерлер,
синхронды аударма
құралдары, сондай-ақ
Xerox 6250 N Imaging
unit лазерлі
принтеріне қосымша
жабдықтар алу қажет.

Жыл
бойына

Қазақстан
Респу-
бликасы-
ның
Прези-
денті
жанындағы
Қазақстан
страте-
гиялық
зерттеу-
лер
институты

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тiкелей нәтиже:
      - мемлекеттің ішкі, сыртқы және экономикалық саясаты салалары аспектісінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар қамтылған (ҚСЗИ жоспарына сай) ғылыми-талдау зерттеулерін орындау;
      - келесі тақырыптар бойынша шамамен 4 iрi халықаралық конференция өткiзу: "Қазақстанның саяси-партиялық жүйесінің даму болашағы", "Қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша VI жыл сайынғы Алматы конференциясы "Аймақтық интеграцияның жаңа кезеңіндегі Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік", "Орталықазия бағытындағы ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметі (ОДКБ): ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы", "Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастары: мәселелері мен даму жолы";
      - елден тысқары 4 іссапарды ұйымдастыру: Бельгия Корольдігі, Брюссель қ-сы; Ресей Федерациясы, Мәскеу қ-сы; ҚХР, Пекин қ-сы, АҚШ, Нью-Йорк қ-сы;
      - елден тысқары 4 тәжірибе алмасуды ұйымдастыру: Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қаласы; Франция, Париж қаласы; Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы; Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы;
      - келесі тақырыптар бойынша 4 социологиялық зерттеулер жүргізу: "Қазақстан Республикасы тұрғындарының көше-қон әлеуеті", "Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің бәсекелестігін арттыру мәселелері", "Тұрғындардың Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы саясатына және аймақтағы жағдайға көзқарастары", "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси қатерлер";
      - жүргізілген зерттеулерді сараптамалық баяндамалар, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрінде жариялау, яғни 6 кітапша, 6 кітап (1-ішкі саясат мәселелері, 3-сыртқы саясат мәселелері, 2-экономикалық саясат мәселелері). Басылымдар Қазақстан дамуының өзекті проблемаларын көрсететін болады;
      - төрт мерзiмдi басылым шығару: "Казахстан - Спектр" (ғылыми сипаттағы мақалаларды басу) (4 санын), "ANALYTIC" (ғылыми зерттеулердің шеңберіне кіретін, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау) (6 санын), "Central Asia's Affairs" (Орталық Азияда ағылшын тілінде шығатын, әлемнің жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін жалғыз сараптамалық басылым) (4 санын), "Қоғам және Дәуiр" (аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардың, Қазақстан дамуының экономикалық және ішкі саяси мәселелері мен бүгінгі күннің тарихи-философиялық және мәдени өзекті мәселелеріне арналған) (4 санын), 6 монография және 6 кітапша шығару;
      - ҚСЗИ қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсарту және бөлмелерді жабдықтау мақсатында 5 компьютер, 4 кондиционер, 1 сервер, 1 принтер, синхронды ілеспе аударма құралы және Хеrох 6250 N Imaging unit түрлі түсті лазерлі принтеріне қосымша сатып алу.
      Түпкi нәтиже:
      - ұлттық қауіпсіздіктің жағдайына әсер ететін бірқатар маңызды үрдістерді тереңінен түсінуге қол жеткізу және ел
басшылығы үшін тиісті болжамалық тұжырымдар мен нақты ұсыныстар дайындау;
      - мерзімінде өзекті мәселелер бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар өткізу арқылы әлемдік қауымдастықтың ішкі саяси және экономикалық даму, халықаралық, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша шұғыл және нақты ақпаратпен алмасу мақсатында қор құру;
      - халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен ғылыми байланыстар ұйымдастыру арқылы мемлекеттің ішкі, сыртқы және экономикалық саясатын болжама-талдаумен қамтамасыз ету мақсатында методологиялық және ақпараттық қорды толықтыру;
      - Институттың ғылыми қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру және жетекші шетелдік ғылыми-талдау құрылымдарымен сындарлы байланыстар орнату және оны одан әрі дамыту мақсатында шетелдерге ғылыми іссапарлар мен қызметкерлердің тәжірибе алмасуларын ұйымдастыру арқылы қор құру;
      - білікті ғылыми кадрлар даярлауда республиканың жетекші ЖОО-ның студенттерін дипломалды тәжірибеден өтулерін ұйымдастыру арқылы ықпал ету.
      Қаржы-экономикалық нәтижелер:
      - журналдарды, монографияларды және кітапшаларды басып шығару бойынша бір полиграфиялық қызметтің жылдық орташа құны 240,5 мың теңге;
      - бір социологиялық зерттеудің орташа құны 1 250,0 мың теңге;
      - бір халықаралық конференцияның орташа құны 199,0 мың теңге.
      Мерзімділігі мен сапасы:
      - тиісті кезеңде қарастырылған жоспарға сай шараларды 100 пайызға сапалы және мерзімінде ұйымдастыру, сондай-ақ жоспардан тыс шараларды, зерттеулерді және т.б. елдегі жағдайдың дамуына байланысты орындау.

     Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына   
3-ҚОСЫМША       

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

     1. Құны : 149005 мың теңге (бір жүз қырық тоғыз миллион бес мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнің Архивiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1994 жылғы 14 қаңтардағы N 1502 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнің Мұрағаты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы N 52 Өкімі .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ақпарат тасығыштардың барлық түрлерiнде тұрақты мемлекеттiк сақтауды жақсарту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
      - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттік есепке алынуын, мекемелердегі уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      - мұрағатты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау;
      - мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту;
      - мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау;
      - құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау;
      - мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003


Мұрағат
қорының,
баспа
басылым-
дарының
сақтал-
уын
қамта-
масыз
ету және
оларды
арнайы
пайда-
лану

1) Қазақстанның жаңа
тарихын зерделеу үшін
зерттеушілерге
деректемелік құжаттық
базаны кеңейту
мақсатында құжаттардың
құндылығына сараптама
жүргізіп, істерді
мемлекеттік сақтауға
қабылдау.
2) Ұлттық мұрағат
қоры құжаттарының
сақталуын қамтамасыз
етуді жақсарту үшін:
- ерекше құжаттардың
көшірмелерінің
сақтандыру қорын құру
үшін микрофотокөшірме
жасау;
- қабылданған істерді
тігу және түптеу,
құжаттардың беттерін
қалпына келтіру,
құжаттардың нашар
көрінетін мәтіндерін
компьютерлік
графикамен қайта
жасау;
- микрофильмдер мен
қағаздағы құжаттарға
цифрлау жүргізу.
3) Азаматтардың,
Қазақстан Республикасы
Президенті
Әкімшілігінің,
мемлекеттік органдар
мен мекемелердің,
қоғамдық
бірлестіктердің
ақпараттық
қажеттіліктерін
қамтамасыз ету үшін:
- тақырыптық және
әлеуметтік-құқықтық
сұрауларын орындау;
- зерттеушілерге оқу
залына қажетті
құжаттар беру.
4) Мұрағаттық
ақпаратты іздестіруді
жақсарту үшін:
- "Электрондық
мұрағат" және
"Электрондық құжат
айналымы мұрағаттық
технологияларын"
енгізуді жүргізу;
- мұрағат қорларына
каталог пен ғылыми
анықтамалық аппаратты
жетілдіруді жүргізу.
5) Тарихи-мұрағат
мұрасын танымал етуге
және ғылыми айналымға
жаңа фактологиялық
материалды енгізу
үшін мақалалар мен
ғылыми жарияланымдар
әзірлеп, тарихи-құжат-
тамалық көрмелер
өткізу.
6) Бақылауды
қамтамасыз ету үшін
мұрағаттың
мекемелерінде -
жинақтау көздерінде
мұрағаттардың
құжаттандырылуы және
ведомстволық сақталуы
жағдайын тексеру.
7) Мұрағат басшының
бұйрығымен бекітілген
тізбеге сәйкес негізгі
құрал-жабдықтарды
сатып алу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Президен-
тінің
мұрағаты

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тікелей нәтиже:
      - мемлекеттік мекемелердің басқару құжаттамасынан 3,4 мың іс, мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тұрғыдағы құжаттарынан мемлекеттік сақтауға 400 іс қабылдау;
      - 800 сақталу бірлігінің микрокөшірмесін жүргізу және аса маңызды құжаттардың көшірмелері сақтандыру қорының 150,0 мың кадрын дайындау, 3 мың істі тігу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын жөндеп-реттеу, компьютерлік графикамен нашар көрінетін мәтіндердің 2,5 мың парағын қалпына келтіру, микрофильмдердің 3 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 18 мың парағына цифрлау жүргізу;
      - мекемелер мен азаматтардың 160-200 тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушілерді мұрағаттың оқу залы арқылы талап етілген ақпаратпен қамтамасыз ету;
      - каталогтың 8 мың карточкасын және 27 мың істің ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру;
      - бұқаралық ақпарат құралдарында 8-10 мақала және ғылыми жарияланымдар әзірлеу, мектеп пен жоғары оқу орындары оқушыларымен 4 тарихи-құжаттамалық көрме және 7 экскурсия өткізу болжанып отыр;
      - "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау жөнінде құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару, сондай-ақ құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргізу болжанып отыр;
      - өндірістік міндеттерді шешу үшін микрография зертханасы үшін жабдық және 2 дана мұздатқыш машина сатып алу.
      Түпкі нәтиже:
      1. Мұрағаттық қор 0,5 пайызға өсіп, 663,7 мың сақтау бірлігіне жетеді деп болжануда. Зерттеушіге басқарушылық міндеттерді шешуде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде мұрағаттық құжаттарды пайдалану үшін 18 мыңға жуық іс беру болжанып отыр.
      2. Микрофотокөшірмеден өткен істердің саны 1,7 пайызға көбейеді деп болжанып отыр, сақтандыру қорының көлемі 2,4 пайызға өсіп, 6425,7 мың кадрды құрайтын болады. Нашар көрінетін мәтіндерді қалпына келтіру есебінен бұрын зерттеушілерге алу мүмкін болмайтын құжаттардың оқылу деңгейі артады, сондай-ақ ақпаратты ұзақ уақыт сақтау мен оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
      3. Мемлекеттік мекемелер мен азаматтардың сұрауларын орындау қажетті ақпарат алу құқығына деген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ол ақпаратты әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органның ақпараттық сұраулары қамтамасыз етіледі деп күтілуде және азаматтардың 80-85 пайызға өздерінің заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін құжаттардың көшірмесін ала алады.
      4. 5 автоматтандырылған дерекқор мен электрондық мұрағат негізінде ақпаратты іздеудің жылдамдығы мен сапасы одан әрі артатын болады.
      5. Қазақстанның азаматтары көп зерттелмеген тарихи процестермен және оқиғалармен танысуға мүмкіндік алады. Орта мектептің және жоғары оқу орындарының 100-150 оқушысы 4 тарихи-деректі көрмеге барады, 7 лекция тыңдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тарихи тақырыптарға 8-10 мақала жарияланады және 60 баспа табақ көлеміндегі 3 құжаттар жинағы дайындалады.
      6. Мемлекеттік мекемелерде құжаттаудың және Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақтаудың жай-күйіне мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілетін болады. Мекемелерде нормативтік-әдістемелік құжаттардың 100 пайыздық болуы, мұрағаттардың техникалық жай-күйін жақсарту және мемлекеттік сақтауға 3,4 мың іс тапсыру көзделуде.
      7. Жұмыс орындарын электрондық-есептеу техникасымен жабдықтаудың 100 пайызға жетуі, ақпараттық ресурстарды іздеуді автоматтандыру күтілуде.
      Қаржы-экономикалық нәтиже:
      тиімділіктің өлшемдері 1 істі сақтаудың 14,42 теңге; 1 істі тігудің 271,12 теңге; құжаттың 1 парағын жөндеп-реттеудің 5,27 теңге; құжаттың 1 парағының микрофотокөшірмесін жасаудың және микрофишалар дайындаудың 887,65 теңге; мәтіні нашар көрінетін құжаттың 1 парағын қалпына келтірудің 405,49 теңге орташа құнының негізінде айқындалатын болады.
      Уақтылығы:
      нақты тапсырмаларды және жұмыстардың келемін орындаудың уақтылығы негізгі іс-шаралардың белгіленген мерзімдерімен айқындалады.
      Сапасы:
      - мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелері бағалаумен (істерді мемлекеттік сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, т.б.), зерттеушілердің мұрағаттық ақпаратқа деген қажеттіктерінің қанағаттандырылуы туралы пікірлерімен айқындалады;
      - аса бағалы құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстардың сапасы микрофильмдер дайындаудың технологиялық регламентімен, нашар көрінетін мәтіндерді жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтіру арнаулы нұсқаулықтармен айқындалды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.15 N 581a , 2008.09.23 N 880 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына   
4-ҚОСЫМША       

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 73546 мың теңге (жетпіс үш миллион бес жүз қырық алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы ; "Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы ; "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1431 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстанның қазiргi тарихының, президенттiк институттың дамуын және тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің рөлiн айғақтайтын деректі, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетiнің, тарихи дара санасының деңгейiн көтеру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : тарихи-мәдени және әлеуметтiк-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдiстемелiк процесi үшін жағдай жасау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004


Тарихи-
мәдени
құнды-
лықтарды
сақтау

Қазақстан
Республикасының
Тұңғыш Президентінің
мұражайында Қазақстан
Республикасының
Тұңғыш Президентінің
өміріне, мемлекеттік
және қоғамдық
қызметіне қатысты
материалдарды кешенді
жинақтау, жүйелеу,
сақтау, зерттеу мен
танымал ету негізінде
тарихи-мәдени және
әлеуметтік-саяси
ақпаратты топтастыру
мен зерделеу процесін
мәдениеттанушылық
және ғылыми-әдістеме-
лік қамтамасыз ету.
Құрал-жабдық сатып
алу.

Жыл
бойына

Қазақстан
Респу-
бликасы
Тұңғыш
Президен-
тінің
Мұражайы

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тікелей нәтиже:
      - мұражайға келетіндер саны 55000 адамнан кем болмауға тиіс;
      - жоспарланған шетелдік келушілер саны кемінде 500 адамды құрайды;
      - мектеп оқушыларының саны кемінде 27500 баланы құрайды;
      - мұражайға келушілерге кемінде 2200 экскурсия жүргізу;
      - Негізгі қаржы есебінен: 2 дана ноутбуктер сатып алу.
      Түпкі нәтиже: Қазақстанның қазіргі тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негізінде мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұражайдың бір экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.
      Уақтылығы: тиісті кезеңге арналған көзделген кесте бойынша іс-шаралардың орындалуы.
      Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейін көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлімен мұражай коллекциясы негізінде таныстыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады