2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi  Бюджет кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
       41-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына     
41-ҚОСЫМША        

203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
          Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  1304203 мың теңге (бір миллиард үш жүз төрт миллион екі жүз үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13  N 581  Қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:  "Әкiмшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексiнің  147,   147-1,   147-2,   147-3,   147-4,   147-5-баптары,  "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегi  Заңы ; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының  13,   14,   17,   18-баптары;  "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006  жылғы 7 шілдедегі Заңы; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңы;  "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңы ; "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : тұтынушылар,  мемлекет және мемлекеттiк пен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнің теңгеріміне қол жеткізу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : табиғи және мемлекеттiк монополия субъектiлерiнің қызметiн бақылау мен реттеу; темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу; табиғи монополиялардың қызмет етуiне, тариф белгілеу мәселелерiне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сараптама жүргізудi жүзеге асыру; мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртiбiн бақылау; өз қызметiн мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттiк тiркелiмiн, мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердің мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу; мемлекеттiк мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдiснамасы мен бағалар белгiлеу ережесiн жетiлдiру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шектi деңгейлерiнің есеп айырысу әдiстемесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби біліктілігін арттыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Табиғи монопо-
лия
субъек-
тілері-
нің
қызметін
реттеуді,
бақылауды
қамта-
масыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

"Табиғи монополиялар
туралы" Қазақстан
Республикасының 1998
жылғы 9 шілдедегі
Заңына сәйкес табиғи
монополиялар субъекті-
лерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру.
Табиғи монополия субъектісі өткізетін сатып алуды келісу; табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына және мүлікті иеліктен айыруға берілген өтініштерін қарау.
Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеудің кемсітпейтін әдістерін әзірлеу;
Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу.
Нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде тәуелсіз сарапшылар мен сараптау ұйымдарының, консультанттардың, қаржылық және
техникалық сараптама
жүргізу жөніндегі
сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу;
Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау.
"Регулятор" журналын
(екі айда бір рет) шығару.
Шағын және орта кәсіпкер субъектілеріне кітапшаларды (жадынамаларды) тегін таратуды қамтамасыз ету.

Қаңтар-желтоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы
Табиғи
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

3

  

002

Аумақтық органдардың аппарат-
тары

Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілеріне тексеру жүргізу.
Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берілген өтінімдерді қарау.
Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу.
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар өткізу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

4

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің үш тақырып бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
1) "Мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдістері мен технологияларына оқыту";
2) "Құқықтық оқыту";
3) "Экономикалық жағынан оқыту".
Мемлекеттік тілді оқыту.

Қаңтар-қараша

Қазақстан Респуб-
ликасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

5

  

009

Мемле-
кеттік
орган-
дарды
материа-
лдық-
техника-
лық
жарақ-
тандыру

Агенттіктің орталық аппаратына кеңселік
жиһаздар сатып алу.
Агенттіктің орталық
аппаратына автокөлікті
сатып алу.

Сәуір-
желтоқ-
сан

Қазақстан Респуб-
ликасы
Табиғи
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

6

  

017

Ақпарат-
тық
жүйелер-
дің жұмыс
істеуін
қамтама-
сыз ету
және
мемлеке-
ттік
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының Интернет пен VPDN желісіне қол жеткізу қызметтері. Агенттіктің орталық
аппараты мен оның аумақтық органдарының
ақпараттық жүйелерін
есептеу техникасымен
және телекоммуникация-
лық жабдықпен қамтамасыз ету.
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығына жүйелі техникалық қызмет көрсету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының ақпараттық жүйелері мен локальдік
міндеттерін сүйемелдеу.
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығын материалдары-
мен жинақтықтаушы
бөлшектерiмен
қамтамасыз ету.

Қаңтар-желтоқсан
 
 

Қазақстан Респуб-
ликасы
Табиғи
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Тiкелей нәтиже:
Тарифтердің мөлшерiне әсер ететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнің қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бұрмалауларын анықтау; тарифтерде ескерiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiнің шығындарын оңтайландыру. Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтерiнің тұтынушылар мен экономикаға тигізетін әсерiне талдау жүргiзу, тарифтер серпiнiнiң жекелеген салалары мен халықтың табысына тигізетін әсерiн болжамдау.
Кәсіби деңгейді арттыру - 46 адам, олардың ішінде аумақтық органдардың қызметкерлері - 30 адам, мемлекеттік тілге оқыту - 104 адам, оның ішінде аумақтық органдардың қызметкерлері - 86 адам.
Түпкiлікті нәтиже: Табиғи монополиялар субъектiлерiнің, темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бiр мемлекеттiк қызметшiнің бiлiктiлігiн арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 18,39 мың теңге.
Бiр мемлекеттiк қызметшіге мемлекеттік тiлдi үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 18,98 мың теңге.
Уақтылығы: Жасалған шарттарға сәйкес жыл iшiнде.
Сапасы: Табиғи монополиялар субъектілерi қызметiнің ашықтығын қамтамасыз ету тарифтердің (тарифтік сметалардың) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн шығыстар негiздiлiгін анықтау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады