Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер саласындағы мамандар үшін "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі "Digital Nomad Residency" пилоттық жобасын іске қосу және іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 1/НҚ және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 9-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" үшін интеграцияланған ақпараттық жүйесінің "Мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны" кіші жүйесі (бұдан әрі – "ХКО" ИАЖ МО АЖО) арқылы ақпараттық-коммуникациялық қызметтер (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) саласындағы мамандар үшін "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі "Digital Nomad Residency" пилоттық жобасы (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Астана және Алматы қалаларында іске қосылсын.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың (Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы (бұдан әрі – ПД КҚБ) және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – ЦДИАӨМ)) және ұйымдардың ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ) өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы пилоттық жобаны іске асыру мақсатында ПД КҚБ және ЦДИАӨМ уәкілетті қызметкерлері үшін "ХКО" ИАЖ МО АЖО-ға қажетті қолжетімділікті қамтамасыз етсін.

      4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы ПД КҚБ және ЦДИАӨМ уәкілетті қызметкерлеріне қол жеткізу үшін "ХКО" ИАЖ МО АЖО құруды және баптауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері:

      1) осы бірлескен бұйрыққа алгоритмге сәйкес қолжетімділікті іске асыруды;

      2) ПД КҚБ-ның, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Халыққа қызмет көрсету орталығының және ЦДИАӨМ-нің қызметкерлерін "ХКО" ИАЖ МО АЖО-мен жұмыс бойынша оқытуды қамтамасыз етсін.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуы қамтамасыз етілсін.

      7. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.

      8. ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны ЦДИАӨМ-нің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      9. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________Е. Сәденов
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
___________Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2025 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы 6 қаңтардағы
№ 7 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер саласындағы мамандар үшін "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша "Digital Nomad Residency" пилоттық жобасын іске қосу және іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алгоритм Астана және Алматы қалаларындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" үшін интеграцияланған ақпараттық жүйенің "Мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны" кіші жүйесі арқылы ақпараттық-коммуникациялық қызметтер (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) саласындағы мамандар үшін "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша "Digital Nomad Residency" пилоттық жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмін (бұдан әрі – Алгоритм) айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ЖСН – шетелдік IT маманның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы/өтініш беруші – салалық мемлекеттік органның сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкестігі туралы өтінішхаты берілген шетелдік IT-маман;

      4) көші-қон қызметінің қызметкері (бұдан әрі – КҚҚ қызметкері) – Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға электрондық өтініштерді өңдеуді жүзеге асыратын лауазымды адамы;

      5) өтінішхат – "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) сәйкес талап етілетін кәсіптер тізбесіне сәйкестігі туралы салалық мемлекеттік органның хаты;

      6) салалық мемлекеттік орган – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – ЦДИАӨМ);

      7) тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – ТТР) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталған кезде шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға құқық беретін құжат;

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын арнаулы мемлекеттiк органдар (бұдан әрі – ҰҚК);

      9) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат (бұдан әрі – тұру ықтиярхаты) – шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында ТТР алғанын растайтын құжат;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;

      11) электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – ЦДИАӨМ egov.kz электрондық үкімет порталы;

      12) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" үшін интеграцияланған ақпараттық жүйенің "Автоматтандырылған жұмыс орны" кіші жүйесі (бұдан әрі – "ХҚКО" ИАЖ МО АЖО) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      13) "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры (бұдан әрі – ИТП ДКҚ) – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 618/НҚ бұйрығына сәйкес ИТП ДКҚ ресми танылған "Астана хаб" халықаралық технологиялық паркі;

      14) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе.

      Осы Алгоритмде келесі аббревиатуралар түсіндірмесі қолданылады:

      1) КҚП АЖ – көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі;

      2) ХҚКО – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа қызмет көрсету орталығы;

      3) ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

      Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметінің аумақтық органы "ХКО" ИАЖ МО АЖО және КҚП АЖ арқылы көрсетеді.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы шетелдік IT-маманның ЖСН және ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере отырып, талап етілетін кәсіптер тізбесіне сәйкестігі туралы салалық мемлекеттік органның өтінішін алу мақсатында astanahub.com порталында өтініш береді. Көрсетілетін қызметті алушы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келіспеген жағдайда электрондық өтінішхатты қалыптастыру процесі аяқталады.

      Өтінішті алуға арналған құжаттар тізбесі келесі құжаттарды қамтиды:

      1) өтініш берілген күнге 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен асатын қолданылу мерзімі бар шетелдік паспорттың көшірмесі;

      2) дипломның сканерленген нұсқасы (бар болса);

      3) портфолио;

      4) 35х45 мм өлшемді портреттік сурет (цифрланған фотосурет);

      5) біліктілікті арттыру туралы сертификаттың сканерленген нұсқасы;

      6) түйіндеме;

      7) мотивациялық хат;

      8) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтық тиесілілігі және/немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат.

      5. ИТП ДКҚ қызметкері қоса берілген құжаттардың негізінде толықтығы мен талаптарға сәйкестігіне бастапқы скрининг жүргізеді.

      6. Өтінім мақұлданғаннан кейін ИТП ДКҚ өтініш берушіге күнтізбеде уақыт таңдауды ұсына отырып, 2 (екі) жұмыс күні ішінде портал арқылы не электрондық пошта мекенжайына хабарлай отырып, екінші кезеңге қатысуға рұқсат береді.

      7. Верификацияның келесі кезеңі бейне-сұхбат жолымен жүргізіледі, оның нәтижелері тіркеледі және ЦДИАӨМ-ге бекітуге беріледі.

      8. Ұсынылған деректерді тексеру және талдау қорытындылары бойынша ЦДИАӨМ astanahub.com порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып, өтініш берушінің біліктілігін верификациялау туралы өтінішхатқа қол қояды.

      9. Өтінім верификация нәтижелері бойынша бас тартылған жағдайда ИТП ДКҚ өтініш берушіге себептерін түсіндіре отырып, astanahub.com порталындағы жеке кабинетке не электрондық пошта мекенжайына хабарлама жібереді.

      2.1. ТТР-ді алдын ала мақұлдау

      10. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасында алдын ала ТТР алу мақсатында ЭҮП-ке келесі құжаттар тізбесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге электрондық өтініш береді:

      1) өтініш берілген күнге 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен асатын қолданылу мерзімі бар шетелдік паспорттың көшірмесі;

      2) 35х45 мм өлшемді портреттік сурет (цифрланған фотосурет);

      3) өтінішхат;

      4) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің консулы заңдастырған азаматтық тиесілілігі және/немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат;

      5) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған өтініш-сауалнама (Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларының талаптарына сәйкес);

      6) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат (Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төленген).

      11. ЭҮП-да тіркелген міндетті құжаттар тізбесі бар электрондық өтініш интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы "ХКО" ИАЖ МО АЖО-ға келіп түседі.

      12. КҚҚ қызметкері "ХКО" ИАЖ МО АЖО-ға өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде КҚП АЖ-ға ақпаратты жүктейді және КҚП АЖ-да электрондық істі тіркейді.

      Құжаттар тізбесі толық болмаған не белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда көші-қон қызметінің қызметкері "ХКО" ИАЖ МО АЖО арқылы дәлелді бас тартуды себебін көрсете отырып, ЭҮП жеке кабинетіне жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы бұрын берілген электрондық өтінішті пысықтау қажеттілігі туралы хабарламаны алған кезде 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қайтарудың себебін жоймаған жағдайларда электрондық өтініш жойылады.

      Өтінішті қайта қарау көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін мүмкін болады.

      13. КҚҚ қызметкері арнайы және криминалдық есепке алу бойынша қажетті тексерулерді (Интеграцияланған деректер банкі, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі) жүзеге асырады.

      14. КҚҚ қызметкері КҚП АЖ арқылы электрондық істі "ҰҚК органдарымен келісу үшін "Бүркіт" БАЖ-ға жібереді.

      15. ҚР ҰҚК-ның рұқсатты келісуі 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

      16. Өтінімді қараудың және КҚҚ қызметкерінің шешім қабылдауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.

      17. ҚР ҰКП-мен келісілгеннен кейін КҚҚ қызметкері КҚП АЖ-да алдын ала шешімнің нәтижесін қалыптастырады.

      18. КҚҚ қызметкері қабылданған алдын ала шешімнің нәтижесін "ХКО" ИАЖ МО АЖО-ға тіркейді.

      19. Көрсетілетін қызметті алушыға ЭҮП жеке кабинетіне ТТР-дан бас тарту не алдын ала мақұлдау туралы хабарлама жіберіледі, оның қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

      ТТР алдын ала мақұлдау туралы хабарламада көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасына келгеннен кейін мынадай құжаттарды қосымша ұсыну қажеттілігі туралы ақпарат көрсетіледі:

      дактилоскопиядан өткені туралы анықтама;

      медициналық тексеруден өткені туралы анықтама;

      тұрғын үй беру туралы шарт.

      Өтініш берушіге алдын ала ТТР беруден бас тартқан жағдайда, ол бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап бір (бір) жыл ішінде тұрақты тұруға рұқсат алуға қайта өтінім беруге құқылы емес.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы алдын ала мақұлдау туралы оң шешімнен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасына келмесе және КҚҚ аумақтық қызметіне жүгінбесе, шешімнің нәтижесі жойылады. ТТР алуға қайта жүгіну алдын ала мақұлдау шешімі шығарылған сәттен бастап 1 (бір) жыл өткен соң мүмкін болады.

      2.2. Қазақстан Республикасына келу бойынша ТТР-дің түпкілікті нәтижесін беру

      20. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасына келгеннен кейін медициналық тексеруден өтеді, тұрғын үй беру туралы шарт жасасады және тұрғылықты жері бойынша КҚҚ бөлімінде дактилоскопиядан өтеді, содан кейін ХҚКО-ға Қазақстан Республикасында ТТР беру туралы өтінішпен құжаттар топтамасын қоса бере отырып, оның ішінде бұрын ЭҮП арқылы жіберілген өтінішпен жүгінеді:

      1) шетелдік паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстырып тексеру үшін) (паспорттың қолданылу мерзімі, өтініш берілген күнге күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннен астам);

      2) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы шетелдіктің медициналық куәландырылуы туралы анықтама (028/у нысандағы медициналық куәландыру туралы анықтама);

      3) "Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес берілетін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама;

      4) өтініш берушіге тұру және тұрақты тіркеу есебіне қою үшін кемінде 180 (бір жүз сексен) күнтізбелік күн мерзімге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт;

      5) өлшемі 35х45 мм болатын бір фотосурет;

      6) өтінішхат;

      7) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтық тиесілілігі және/немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының жоқтығы туралы) туралы құжат;

      8) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты тұруға рұқсат беру туралы сауалнама-өтініш.

      9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат (Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төленген).

      21. ХҚКО қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде алдын ала ТТР нөмірі бойынша құжаттарды салыстырып тексеруді жүзеге асырады және "ХҚКО" ИАЖ МО АЖО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті ресімдейді. Бұдан әрі құжаттардың түпнұсқалары курьерлік қызмет арқылы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына жіберіледі.

      22. КҚҚ қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде КҚП АЖ-да бұрын берілген құжаттармен құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып тексереді, КҚП АЖ арқылы мемлекеттік шекараның (МШ) қиылысын тексереді ("Бүркіт" БАЖ-дан келіп түскен ақпарат негізінде) және ІІМ-нің Автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесінде (АДАЖ) дактилоскопиялық тіркеудің бар-жоғын тексеруді, сондай-ақ арнайы және криминалдық есепке алу бойынша қажетті тексерулерді жүзеге асырады (Интеграцияланған деректер банкі, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі). Тексеру нәтижелері бойынша КҚҚ қызметкері КҚҚ АЖ-да мемлекеттік қызмет нәтижесін қалыптастырады және қабылданған шешімнің нәтижесін "ХҚКО" ИАЖ МО АЖО-ға қолмен бекітеді.

      23. "ХҚКО" ИАЖ МО АЖО ЭҮП-пен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы қабылданған шешімнің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      24. Бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы қайталама өтініш Қазақстан Республикасында ТТР беруден бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарылғаннан кейін 1 (бір) жыл өткен соң беріледі.

      25. ТТР алған кезде көрсетілетін қызметті алушы тіркеу есебіне қою және тұру ықтиярхатын ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінеді.

      Тіркеу есебіне қою жөніндегі мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында айқындалған тәртіпке сәйкес көрсетіледі.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жерін құжаттау үшін ХҚКО ға қызмет көрсету үшін келесі құжаттардың тізбесімен жүгінеді:

      1) қолданыстағы шетелдік паспорт;

      2) Қазақстан Республикасында ТТР беру туралы хабарлама;

      3) тұру ықтиярхатын бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

      27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20195 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады