Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 26 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 17-тармағына, 105-бабының 2 және 5-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пысықтау қажеттілігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  2024 жылғы 26 наурыздағы
Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
№ 26-шешіміне тіркелген
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 2023 жылғы 30 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 73 "Транзиттік декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту туралы, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" шешімінің 6-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2023 жылғы 30 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 74 "Транзиттік декларацияның құрылымы мен форматы және Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 4-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2023 жылғы 30 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 75 "Тауарларға арналған декларацияның құрылымы мен форматы және тауарларға арналған декларацияны түзету және Кеден одағы комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 5-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2023 жылғы 30 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 76 "Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2023 жылғы 30 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 77 "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2023 жылғы 20 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 82 "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2023 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 88 "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2023 жылғы 18 шілдедегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 107 "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. 2023 жылғы 15 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 115 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. 2023 жылғы 15 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 116 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 2023 жылғы 15 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 117 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. 2023 жылғы 15 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 118 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына темір жол көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. 2023 жылғы 22 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 124 "2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден одағы комиссиясының № 378-шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағының екінші абзацындағы "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. 2023 жылғы 28 тамыздағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 132 "2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден одағы комиссиясының № 378-шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағының екінші абзацындағы "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздер "2025 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады