Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Реепубликасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 1156 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінің        
2005 жылғы 23 қарашадағы 
N 1156 қаулысына    
қосымша         

  Қазақ КСР Министрлер Кабинетінiң, Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi

       1. "Республикадағы әлеуметтік құрылысты дамыту мәселелерiне тұжырымдамалық тәсiл туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 20 наурыздағы N 177 қаулысы.

      2. "Қазнанөнiмi" қазақ мемлекеттік-акционерлік концернiнiң жарғысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 7 мамырдағы N 281 қаулысы.

      3. "Өңiраралық ресурстық ынтымақтастық жөнiндегi республикалық ведомствоаралық үйлестiру комиссиясын құру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 маусымдағы N 366 қаулысы.

      4. "Тұрғын үй іс-шараларына кредиттердiң өлшемдерiн ұлғайту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 сәуiрдегi N 322  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 13, 165-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi жөнiндегi мемлекеттiк жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 маусымдағы N 494  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 22, 279-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп министрлiгiнiң Кен-металлургия кешенi жөнiндегi департаменті (басқармасы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 тамыздағы N 716  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 32, 376-құжат).

      7. "Шағын бизнес орталықтарын құру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 884  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 38, 441-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасының тұтыну қоғамдары одағының (Қазтұтыну одағы) сыртқы экономикалық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1165  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 4, 540-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 9 маусымдағы N 809 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 20, 233-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады