"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" ұлттық компания" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 838 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" ұлттық компания" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 838 қаулысымен
бекітілген

"Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы

      "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің 2014 – 2023 жылдарға арналған негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайды.

      Стратегия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына сәйкес әзірленді.

      Стратегия мынадай стратегиялық құжаттарда айқындалған, ӘКК қызметінің мақсаттары мен бағыттарының ұлттық және өңірлік даму басымдылықтарының қағидаттарына сәйкес:

      1) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      2) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      5) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысының;

      6) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысының;

      7) "Маңғыстау облысын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 353 қаулысының;

      8) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

      Осы құжат ӘКК 2014 – 2023 жылдар кезеңіне арналған негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

      Стратегияда қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру ӘКК еншілес ұйымдарын тиімді басқару есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      ӘКК және оның еншілес ұйымдарының барлық бағдарламалық және жоспарлы құжаттары осы Стратегияның ережелерін есепке ала отырып әзірленетін не болмаса осыған сәйкес келтірілетін болады.

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      ӘКК өз қызметін Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында (бұдан әрі – облыс) жүзеге асырады. Облыс аумағының ауданы 165,6 мың км2 немесе мемлекет аумағының 6,1 %-ын құрайды (республика бойынша 7-орын).

      Маңғыстау облысы Каспий теңізінен шығысқа қарай Маңғышлақ (Маңғыстау) шоқысында орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, оңтүстікте – Түркіменстанмен және шығыста – Өзбекстанмен шектеседі.

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқы 545,7 мың адамды немесе Қазақстан халқының 3,3 %-ын құрады (республика бойынша 15-орын). Облыстың экономикалық белсенді халқы 241,9 мың адамды, жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны – 227,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздар саны 14,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 5,8 %-ды құрады. 2012 жылы Маңғыстау облысының ЖӨӨ 1 928 млрд. теңгені немесе Қазақстан ЖІӨ-нің 6,4 %-ын құрады. Тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің 2 418,2 мың теңгені құраған көрсеткіші бойынша өңір ел бойынша 3-ші орында (негізінен мұнай-газ өндіру саласы есебінен).

      Бөлшек сауда айналымының көлемі есептік кезеңде 39,9 млрд. теңгені құрап, 11,1 %-ға ұлғайды.

      2013 жылы облыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 906 теңгені құрады.

      Орнықты экономикалық даму мен соңғы жылдардағы азаматтар әл-ауқатының жақсаруы облыстағы демографиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етті. Халық саны өсуінің оң серпіні, еңбекке қабілетті халық санының өсуі осы ахуалды адами әлеуетті дамыту, өндіргіш күштерді аумақтық орналастыру, тиісті бюджеттік салымдар үшін ең аз тәуекелдермен экономикалық стратегияларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларды өткізу үшін пайдалану мүмкіндігін айғақтайды.

      Маңғыстау облысының ұлттық өндіріске қосқан үлесі біршама бірегей болып табылады, ол көбінесе мұнай-газ ресурстарына маманданған. Нәтижесінде отын-энергетикалық кіші секторының үлесі бүкіл ұлттық өндірістің 25,5 %-ын құрайды. Халық үлесінен біршама артатын үлесі бар жалғыз басқа кіші сектор энергетика 6,2 % болып табылады, ол да мұнай-газ өндірісіне тәуелді болады.

      Өңірлік даму облыстың жергілікті артықшылықтарына негізделуі тиіс. Облыс Каспий өңіріне, одан әрі батысқа қарай шығатын табиғи қақпа болып табылады, өйткені ол Каспий маңы экономикалық аймағының ортасында орналасқан. Осылайша, ол Қазақстанның жаһандық экономикаға интеграциялануында түйінді рөл атқара алады.

      Осы әлеуетті іске асыру мақсатында қазіргі уақытта жоспарланып отырғандай, көліктік инфрақұрылымды елеулі түрде жақсарту қажет. Көлік қатынасы Қазақстанның орталық бөлігімен, атап айтқанда жаңа теміржол желілері арқылы жақсартылған жағдайда, Маңғыстау облысы барынша үлкен географиялық ауқымда, тіпті Қазақстаннан тысқары жерлерде де сауда және бөлу орталығына айналады деп межеленуде. Аталған перспектива кезең-кезеңмен, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Облыс экономикасының басым салаларының жай-күйін бағалау

      Өнеркәсіп

      Облыс өнеркәсібінің негізін тау-кен өндіру өнеркәсібі құрайды, оның үлес салмағы 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 94 %-ды құрады. Өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3,1 %-ды құрайды. Осы сектордағы негізгі салалар – машина жасау (өңдеу өнеркәсібі көлемінің 22,8 %-ы), химия өнеркәсібі (20,3 %), дайын металл бұйымдарының, машиналар мен жабдықтардың өндірісі (14,2 %), өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (11,4 %), металлургия (4,1 %).

      Облыс өнеркәсібінде 2013 жыл ішінде қолданыстағы бағамен 2 560,8 млрд. теңгеге өнімдер өндірілді, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемінің индексі 100 %-ды құрады. Оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде – 2128,1 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде – 79,9 млрд. теңге, электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде – 50,1 млрд. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау саласында – 14,6 млрд. теңге.

      18 546 мың тонна немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,1 % шикі мұнай өндірілді. Табиғи газды өндіру көлемі 2587 млн. текше метр немесе 86,2 %-ды құрады.

      Тау-кен өндіру өнеркәсібі

      Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2013 жылы өнім өндіру облыстың өнеркәсіптік өндірісі жалпы көлемінің 93 %-ын құрады. 505,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді, бұл өңірде өнеркәсіптің осы секторының үстем рөлінің басымдылығын көрсетуде.

      2013 жылда 3,8 млн. тонна көлемінде мұнай өндірілді, немесе өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгейге 93,5 %. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, мұнай өндіру 3,2 % (4,1 млн. тонна), табиғи газ – 20,9 % (625,5 млрд. текше метр) төмендеді. Мұнай мен газ өндірудің және тиісінше өнеркәсіптің көлемі төмендеуінің негізгі себебі – облыстағы игеріліп жатқан көмірсутегі кенорындарының табиғи сарқылуы болып отыр.

      Мұнай-газ саласының түйінді кәсіпорындары "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы, "Өзенмұнайгаз" өндірістік фабрикасы, "Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамы болып табылады, олар 2013 жылда мұнай өндірудің жалпы облыстық көлемінің 76 % өндірді.

      Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салаларында (құм, тас, малтатас, қиыршықтас және басқалары) өндіру көлемі 7486 млн. теңгені, нақты көлем индексі 83,5 %-ды құрады.

      Мұнай-газ секторындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қызметінің негізгі басымдықтары – пайдаланылатын кен орындарындағы мұнай өндіруді тұрақтандыру және қарқындату.

      Тау-кен өндіру өнеркәсібін технологиялық дамытудың перспективалы мүмкіндіктері қосылған құны жоғары дайын өнімді ала отырып, шикізатты өңдеудің озық технологияларын енгізу арқылы жаңа кен орындарының игерілуін қамтамасыз ету болып табылады.

      Өңдеу өнеркәсібі

      Өңдеу өнеркәсібінде 2013 жылы 80,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 85,9 % құрады.

      Маңғыстау облысының аумағында іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобалар мұнай-газ секторының қажеттілігін қамтамасыз етеді.

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Қашаған" жобасын іске асырудан үлкен перспективалар күтілуде.

      Жағалау жолағы бойымен салынып жатқан инфрақұрылым Каспий теңізінің акваториясында көмірсутегі шикізатын өндіруді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

      Металлургия өнеркәсібі

      Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы шеңберінде Маңғыстау облысында өңір үшін өнеркәсіптің жаңа саласын қалыптастырған екі металлургия зауытын ("Caspian Stal" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Ақтау балқыту зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды.

      2006 жылы темір балқыту зауыты ("Ақтау темір балқыту зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске қосылды, 2011 жылы зауыттың өндірістік қуаты жылына 180 000 тонна болат дайындамасына дейін ұлғайтылды. 2009 жылы өндірістік қуаты жылына 400,0 мың тонна дайын өнім шығаратын илемдеу зауыты іске қосылды.

      Жұмыс істеп тұрған "Ақтау балқыту зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темір балқыту және илемдеу өндірістері Ақтау қаласынан 5 км жерде және Ақтау теңіз портына тікелей жақын орналасқан, жаңа өнеркәсіптік аймақпен интеграцияланған құрамдас бөлігі болып табылады.

      Өнеркәсіпті дамытудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      1) кәсіпорындардың көбінің технологиялық жабдықпен төмен жарақталуы, өндірістік қорларының біршама ескіруі;

      2) қолда бар өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі;

      3) технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы;

      4) саланың инвестициялық тартымдылығының төмендігі және кәсіпорындарда айналым қаражатының ұдайы тапшылығы;

      5) кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі деңгейінің төмендігі.

      Жеңіл өнеркәсіп

      2013 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2 300,0 млн. теңгені, өткен жылға қарағанда нақты көлем индексі 101,5 %-ды құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда былғары және оған жататын өнімдер (123,6 %), киім өндірісінің көлемі (110,7 %) ұлғайды.

      Өңдеу секторының өнімін өндірудің жалпы көлемінде тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі болмашы – 0,1 %.

      Саланың негізгі кәсіпорындары – "Жамал-ай" акционерлік қоғамы мен "Жанарыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Өндірісті қолдау мақсатында екі кәсіпорын да өз өнімдерін шығаруды мұнай-газ секторына (арнайы қорғайтын аяқкиім, арнайы қорғайтын киім, әрқилы түрдегі қалқалар (брезент жаппалар), қолғаптар, биялайлар) қайта бағдарланған. Бұдан басқа, "Жамал-Ай" акционерлік қоғамы әлеуетті құрылымдар үшін аяқкиім шығарады.

      Өнеркәсіпті дамытудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      1) сала кәсіпорындарының техникалық деңгейінің төмендігі;

      2) технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы, негізгі қорларды жаңарту жылдамдығының төмендігі;

      3) кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

      4) кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмендігі.

      Құрылыс материалдарының өндірісі

      2013 жылы құрылыс индустриясының негізгі саласы – өзге де металл емес минералды өнімдері өндірісіндегі өнеркәсіптік өнім көлемі 10 530 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 100,1 %-ды құрады. Өсім бетоннан жасалған құрылыс құрастыру конструкциялары өндірісінде (145 %), тауарлы бетон өндірісінде (112,1 %) байқалады.

      Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі әктас, бетон, бетонды және темірбетонды бұйымдар, шыны талшықты құбырлар, жаяужол тақтайшаларын және басқаларды шығаратын кәсіпорындармен ұсынылады. Бұдан басқа, облыста кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жолымен алынатын құрылыс материалдары (құрылыс құмы, қиыршықтас, шағылтас және т.б.) шығарылады. Азаматтық құрылысқа қажетті басқа да материалдардың көпшілігі облыстан тысқары жерлерден әкелінеді.

      Темірбетон және бетондық бұйымдар шығару зауыты мен оқшаулау алды құбырларын өндіру зауыты және аражанбындық қуыс плиталарды шығару цехы пайдалануға енгізілген.

      Сонымен қатар, облыста 20-дан астам компания батыс елдердің технологиясы пайдаланылған шыны пластикалық терезелер мен есіктерді шығарумен айналысады.

      Ағымдағы жағдайды талдау облыстың құрылыс индустриясын дамытуда мынадай проблемалардың бар екендігін анықтады:

      1) сала кәсіпорындарының техникалық деңгейінің төмендігі;

      2) технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы, негізгі қорларды жаңарту жылдамдығының төмендігі;

      3) кәсіпорындарда жаңғырту үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

      4) жоғары ресурс сыйымдылығы мен тиісінше өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы;

      5) жаңа импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту үшін инвестицияларға деген қажеттілігі.

      Ауыл шаруашылығы

      2013 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығында 3 826,5 млн. теңгеге жалпы өнім өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлемінің индексі 102,8 %-ды құрады.

      Мал басының өсуі байқалады, оның ішінде 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түйе басының – 6,2 %-ға, жылқының – 5,3 %-ға, ірі қара малдың – 5 %-ға өсуі.

      Ауыл шаруашылығы дамуының негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      1) ауылшаруашылық техникасының тозу дәрежесі;

      2) ауыспалы жайылымдардың болмауына байланысты жайылым алқаптарының өнімділігі төмен, шабындығы мардымсыз болып табылады;

      3) мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы өндірістердің жеткіліксіз дамуы ірі ауқымды селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуді тежейді, ауыл шаруашылығы малдары теңгерімсіз азықтандырылады және қолда бар жайылымдар ұтымсыз пайдаланылады, өнім өндіру процестерін механикаландыру мен автоматтандырудың деңгейі төмен;

      4) ауылшаруашылық өнімдерді өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының жоғары тозу деңгейі, сапалы шикізаттың болмауы мен дайындау-өткізу желісінің нашар дамуына байланысты өңдеу және қуаттарды жүктеу деңгейінің төмендігі.

      Мал шаруашылығын дамытуға кедергі жасайтын проблемаларға сондай-ақ пішен бағасының жоғары болуы, арнайы жемшөптердің жеткіліксіздігі және мал ауруларына қарсы күреске қолдаудың болмауы жатады.

      Шешімін табуды талап ететін басқа маңызды проблема су ресурстарының тапшылығы, сондай-ақ су шаруашылығы инфрақұрылымының (сумен жабдықтау жүйелері) жоғары тозуына байланысты олардың төмен сапасы болып табылады. Сумен жабдықтау проблемаларын шешу, сондай-ақ ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын қолдану ауылшаруашылық өндірушілер пайдаланатын судың құнын арзандатуды қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда, бұл өңірде мал шаруашылығын да, сол сияқты өсімдік шаруашылығын да дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

      Шағын және орта кәсіпкерлік

      Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 2013 жылғы жағдай бойынша 22 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4 %-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 8,5 %-ға – 85 мың адамға дейін артып, олардың облыстың экономикалық белсенді халқының жалпы санынан үлесі 2011 жылғы 33,2 %-дан 2012 жылы 33,8 %-ға өсті.

      Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің берген кредиттердің көлемі 2013 жылы 26,5 млрд. теңгені құрады.

      Барлық микрокредиттік ұйымдар жылдың басынан 338,58 млн. теңге сомасына 169 микрокредит берді, 299 жұмыс орны құрылды.

      Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша облыста бірінші және үшінші бағыт бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінде жалпы сомасы 17,6 млрд. теңгеге кәсіпкерлердің 19 өтінімі мақұлданды.

      Шағын кәсіпкерлікті дамытудың проблемалары мыналар болып табылады:

      1) заңды тұлға нысанындағы кәсіпорындардың аз саны;

      2) өңірлер бөлінісінде шағын кәсіпкерліктің даму деңгейі бойынша жоғары жіктелу сақталуда;

      3) шағын бизнес құрылымында коммерциялық сала басым;

      4) шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымының әлсіз дамуы.

      Инновациялар

      Маңғыстау облысында инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеует бар:

      1) индустриялық-өнеркәсіптік өңір;

      2) бай минералдық-шикізаттық базасы.

      2013 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық өнімнің көлемі 4805 млн. теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 10,6 млн. теңгеге көрсетілді.

      Облыста әзірлемелері мұнай-газ секторымен байланысты екі негізгі институт – "Қазақстан мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы мен "Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы, сондай-ақ осы бағытта жұмыс істейтін "Caspian engineering & Research" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" ғылыми-зерттеу институты мен "Проектный институт "OPTIMUM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет етеді.

      Жекелеген зерттеулерді Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессорлар-оқытушылар құрамы жүргізеді, олар да негізінен облыстың мұнай және газ кен орындарын игеруге арналған.

      Бұл ретте, шикізат емес сектордағы нарықтың аз сыйымдылығына байланысты облыста өңдеу секторы үшін жаңа технологияларды әзірлеумен және сынақтан өткізумен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың тиісті желісі жоқ.

      Отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері мен өнертабыстары тәжірибелік үлгілерді құру мен өндірістің қолданыстағы жағдайларында сынақтан өткізу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты өнеркәсіптік секторға іс жүзінде енгізілмейді, бұл бірінші кезекте осы мақсаттарға қажетті қаражаттың болмауына байланысты.

      Отандық өнертапқыштарға өз әзірлемелерін енгізуге жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін инновациялық әзірлемелердің тұсаукесерін өткізіп, тиісті салалық министрліктерге ұсынымдар мен қолдаухаттарды жібереді.

      Ұзақ мерзімді кезеңде республика экономикасының шикізаттық түрінен инновациялық түріне өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы бекітілді.

      Осы Тұжырымдама аясында өңірде инновацияны дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер айқындалды:

      1) өңірлік экономикалық интеграция мен ішкі басқаруды орталықсаздандыру процестерін ескере отырып, өңірлік инновациялық жүйелерді күшейтуді қамтамасыз ету;

      2) аса жаңа технологияларды тарту мен жоғары технологиялық өндірістерді жасау бойынша шетелдік инвесторлармен және компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту үшін елдің шикізаттық әлеуетін пайдалану;

      3) аса жаңа материалдар мен технологияларды тұтынуды кеңейту, энергетикалық теңгерімде жаңартылатын энергия көздерінің үлес салмағын арттыру үшін инновацияларды генерациялауға жәрдемдесу;

      4) кәсіпорындарда отандық әзірлемелерді енгізу және ел ішінде қазақстандық инновацияларға сұранысты ұлғайту үшін, инжинирингтік және жобалау компанияларын құру;

      5) бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін шетелдік университеттерді, сараптамалық ұйымдарды, шет елдердің шағын және орта бизнесін тарту.

      Осылайша, ӘКК мен оның еншілес кәсіпорындарының әлеуетін пайдалану үшін кең мүмкіндіктер ашылады.

      ӘКК инновацияларды тиімді енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және Қазақстан ғылымына қолдау көрсету бойынша жұмыс жүргізетін болады.

      Инновациялық белсенділікті дамытудың проблемалары мыналар болып табылады:

      1) кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі және инновацияларға сұраныстың болмауы;

      2) инновациялық өнім мен инновациялық қызмет көрсету көлемінің төмендігі;

      3) инновациялық инфрақұрылымның дамымағандығы;

      4) инновациялық компанияларды қаржыландыру үшін венчурлық капитал нарығының дамымағандығы;

      5) кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмендігі.

      Сондай-ақ, экономиканың нақты секторларының инновацияларды енгізуге мүдделілігінің төмен деңгейі мен ғылыми зерттеу бағдарламалары мен кәсіпорындардың инновациялық жоспарлары арасындағы байланыстың болмауы орын алып отыр.

      Облыстағы инновациялық ахуалды бағалау

      Негізгі капиталға инвестициялар

      2013 жылы негізгі капиталға құйылған инвестициялар 172,1 млрд. теңгені құрады, бұл нақты бағалар индексін есепке алғанда, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,1 %-ға төмен. Өңдеу өнеркәсібінде 2,7 есеге өсім байқалады.

      Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп – 70 % алып отыр, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 55 %, өңдеу өнеркәсібі – 8,6 %, көлік және қоймалау – 9,2 %, құрылыс – 1,4 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 6,7 %, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 4,1 %.

      Мұнай-газ өндіру саласындағы инвестициялар экономиканың басқа секторларына, әлеуметтік саладағы, жұмыспен қамтудағы көрсеткіштерді жақсартуға мультипликативтік әсер етеді, минералдық-шикізат кешені қызметінен және онымен функционалды байланысты салалардан барлық деңгейдегі бюджеттерге түсімдердің өсіміне әкеледі.

      ӘКК әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін активтерді орналастыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру үшін әкімшілік кедергілерді төмендетуге ықпал етеді.

      Шикізаттық емес, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау мақсатында 2014 жылдан бастап, ӘКК ұйымдық құрылымында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ИҚО) қызмет етеді. Құрылымдық бөлімше инвесторға толық сервистік қолдау көрсетеді және өңірге инвестициялардың келуіне жәрдемдесуді жүзеге асырады.

      ИҚО негізгі функциялары:

      1) өңірде әлеуетті инвесторлар үшін "бірінші терезе" функцияларын жүзеге асыру;

      2) инвесторларға өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      3) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және жүргізу;

      4) ИҚО құзыреті шеңберінде облыс аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;

      5) инвесторлардың өңірлік деңгейдегі проблемалық мәселелерін шешуге қатысу, инвесторлардың мүдделерін қорғау;

      6) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, қатыстырылған даму институттары мен өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      7) қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      8) ИҚО құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу.

      Облыстың инвестициялық әлеуетін дамытудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      1) тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың нақты тетіктерінің болмауы;

      2) өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы салдарынан стратегиялық инвесторлар белсенділігінің төмендігі;

      3) кредиттік ресурстар мен ұзақ мерзімді қаржыландырудың басқа да құралдарына шектеулі қолжетімділігі;

      4) инвестициялық жобаларды дайындау деңгейінің төмендігі;

      5) перспективалы жобаларды қаржыландырудың өңірлік көздерінің болмауы.

      Туризм

      Туризм қазіргі кезеңде әлемдегі табысы жоғары салалардың бірі болып табылады.

      Маңғыстау облысының туристік ұсынысының бәсекеге қабілеттілігін халықаралық деңгейде дамыту үшін ең жақсы табиғи және мәдени жағдайлары бар.

      Ежелгі және бірегей тарихы бар мәдени көрікті жерлері: "жерасты мешіттері", қорымдар, ежелгі қалалар мен қасиетті орындар.

      Тұтастай алғанда, талданған кезеңде Маңғыстау облысы бойынша туристік қызметте оң беталыс байқалады. Маңғыстау облысының бірегей табиғат жағдайлары өңірдің туристік бизнес орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.

      Туризмді дамытудағы проблемалар:

      1) қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелердің материалдық базасы моральдық және физикалық жағынан жоғары тозу дәрежесімен сипатталады;

      2) тікелей туристік объектілердің оқшауланған жерлерінде немесе маршруттардың түйінді нүктелерінде туристерді орналастыру үшін жағдайлардың болмауы;

      3) жарнамалық-имидждік жұмыстың жеткіліксіздігі, облыстың туристік әлеуеті туралы жарнама ақпаратының жеткілікті көлемінің болмауы;

      4) кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың әлсіз деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы.

      Облыстың экономикалық даму болжамы

      Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңдегі перспективалары мұнай-газ кешенін одан әрі дамытумен байланысты болады, осыған орай облыс қалыптасқан мамандану мен мұнай және газ өндіруді одан әрі үдетуді есепке ала отырып, көмірсутегі шикізатын өндіру мен табиғи газды өңдеудің, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан әрі – АӨК) бәсекеге қабілетті салаларының, белсенді шекаралық ынтымақтастықтың жетекші орталықтарының бірі болып қала береді.

      Өңірді дамытудың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі мен өмір сүру сапасының, әлеуметтік қызмет көрсетудің, білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің, спорттың, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін, серпінді дамып келе жатқан, теңгерімді, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономиканы құру болып табылады.

      Жалпы пайымын іске асыру мыналарға бағытталған:

      1) кейіннен көмірсутегі өндірістерін терең өңделген өнімге көшіру арқылы өңір экономикасының дәстүрлі басым мұнай-газ секторын дамыту;

      2) өндірісті әртараптандыру, даму институттарының қатысуымен, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарын енгізумен экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық қызметті кеңейту арқылы қол жеткізілетін жоғары еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі бар өңдеу өнеркәсібінің өнім өндіру көлемін үдету;

      3) облыстың ауылшаруашылық өнімдері мен өзі өндірген азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, экономиканың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспорттық ресурстарды қалыптастыру;

      4) Қазақстан өңірлерімен және шекаралас шетел мемлекеттерімен өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      5) өңірдің шағын және орта бизнесін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      6) облыста демографиялық жағдайды жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсету, тұрғын үй құрылысы көлемін өсіру, әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру арқылы халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының деңгейін арттыру;

      7) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін көліктік инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту арқылы облыстың инфрақұрылымдық даму деңгейін арттыру.

      Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша ӘКК басымдылар қатарына енгізілмеген, алайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды мәні бар экономиканың барлық салалары бойынша анықталған проблемаларды шешуге қатысатын болады.

      Өңірде бәсекеге қабілетті және орнықты дамитын экономиканы құрудың қажетті және маңызды шарты облыс экономикасының инновациялық деңгейін арттыру болып табылады.

      ӘКК мынадай міндеттерді шешу есебінен осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлайды:

      1) өңірдің инновациялық инфрақұрылымының жай-күйі мен дамуын зерттеу;

      2) индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне, оның ішінде халықаралық ынтымақтастыққа әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

      3) инновацияларды дамыту инфрақұрылымын құру (R&D орталықтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, бірлескен зертханалар, коммерцияландыру кеңселері, венчурлық қаржыландыру қорлары және басқалары);

      4) инновациялардың тиімді енгізілуін және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;

      5) инновациялық бизнес-идеялар мен жобаларды іздеу, талдау және сүйемелдеу;

      6) бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін халықаралық университеттерді, экспорттық ұйымдарды, шет елдердің шағын және орта бизнесін тарту;

      7) білікті кадрлары бар (инженерлері, конструкторлары, менеджерлері) зерттеу университеттермен, институттармен және зертханалармен ынтымақтасу;

      8) инновациялық бизнес-идеялар мен жобалардың банкін қалыптастыру;

      9) кейіннен коммерцияландыру мүмкіндігі мақсатында неғұрлым перспективалы инновациялық әзірлемелер мен өнертабыстық ұсыныстарды іріктеу;

      10) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      11) баламалы энергетика мен энергия тиімді технологияларды қолдану арқылы жобаларды іске асыру.

      Сыртқы ортаның жаһандық факторларының ықпалы

      Құқықтық факторлар

      Қазақстан Республикасында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру өңірге акцент жасай отырып, мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытудың жаңа құралдарын іздестіру қажеттілігінен туындаған. Бүгінгі күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрағандарын жаңғырту, инвестицияларды тарту, үкіметтік бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

      Бұл ретте, құқықтық факторлар компанияның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге маңызды әсер етеді. Әлемдік экономикада дағдарыстың әсерінен Қазақстан экономикасын дамыту перспективаларына әсер ететін жаһандық өзгерістер орын алады.

      Сонымен бірге тұрақты, ішкі саяси жағдайлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарының көп векторлығы облыс экономикасының мықты және серпінді дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекет экономиканың түрлі салалары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуына қолайлы шаралар кешенін қабылдайды.

      Саяси факторлар

      Саяси сипаттағы әрқилы факторлар ӘКК қызметіндегі бар мүмкіндіктер мен қатерлер деңгейіне әсер етуі мүмкін. Оған мыналар жатады: ел ішіндегі және сыртындағы саяси жағдай, Қазақстанның шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы, ӘКК-нің міндеттемелік қатынастары бар мемлекеттердегі қолданыстағы өзара құқықтық (бюджеттік, салықтық және басқа) қатынастар жүйесі. Ұлттық және шетелдік үкіметтер компания үшін оның қызметінің негізгі реттеушісі, субсидиялар көзі, жұмыс берушілері және сатып алушылары болуы мүмкін. Бұл ӘКК үшін саяси жағдайды бағалаудың сыртқы ортаны талдаудың маңызды аспектісі болуы мүмкін екендігін білдіреді. Осындай бағалау ұйымға ықпал ететін саяси және құқықтық факторларды нақтылау арқылы жүзеге асырылады.

      Экономикалық факторлар

      Экономика жай-күйінің жалпы өзгерістерінің ӘКК операцияларына қалай ықпал ететіндігін бағалай білу қажет, себебі ол Компанияның өз мұқтаждықтары үшін капитал алу мүмкіндігіне қатты әсер етуі мүмкін. Әлемдік экономиканың жай-күйі, әдетте, шикізат ресурстарының құнына ықпал етеді.

      Экономиканың белгілі бір нақты жай-күйі бір компанияға оң ықпал етіп, басқа компанияға теріс ықпал етуі мүмкін. ӘКК-ға ықпал етуі мүмкін көптеген экономикалық факторлар бар. Мысалы, кредиттің қаншалықты қолжетімді екендігі, валюта айырбастау бағамдарының қандай әсер ететіндігі, қанша салық төлеуге тура келетіндігі және басқа да көптеген факторлар. ӘКК-нің табысты болып қалу қабілетіне экономиканың жалпы саулығы мен әл-ауқаты, экономикалық цикл дамуының сатылары ықпал етеді. Тұтастай алғанда, макроэкономикалық климат ӘКК-нің өз экономикалық мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерінің деңгейін айқындайтын болады. Нашар экономикалық жағдайлар ӘКК-нің инвестициялық қызметін төмендетуі, ал неғұрлым қолайлылары оның өсуі үшін алғышарттарды қамтамасыз етуі мүмкін.

      Инвестициялық және технологиялық факторлар

      Маңғыстау облысының облыстың инвестициялық және іскерлік ахуалын жақсартуда үлкен мүмкіндіктері бар, ол үшін төменде көрсетілген бағыттарды ұстану керек:

      1) Маңғыстау облысының шегінен тыс жерлерде әлеуетті инвесторларға ақпаратты кеңінен және неғұрлым толық жеткізу;

      2) лицензиялауға, экспортқа және импортқа, бизнесті тіркеуге, жабуға және басқаларға байланысты түрлі рәсімдерді оңайлату;

      3) жеке компанияларды қаржылық қолдау схемаларын кеңейтуде ӘКК жәрдемдесуінің неғұрлым көп рөлі қажет етілетін болады. Қазіргі қаржылық схемалар жеке компаниялар жобаларды іске асыруды барынша нақтыланған нұсқауларды алғанда ғана барынша тиімді пайдаланылуы мүмкін.

      Өңірдің технологиялық дамуына әсер ететін түйінді факторлар ӘКК-ге техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.

      Демографиялық факторлар

      Өңір тұрғындарының демографиялық өсуі және азық-түлікке қажеттіліктің ұлғаюы ӘКК-ге әлеуметтік қолдау және нарықтық бағалардан төмен бағалар бойынша бірінші кезекте қажетті өнімдермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұзақ мерзімді негізде табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

      Ақтау қаласының тұрғындары жыл сайын көбейюде, бірақ бұған қарамастан көз жетерлік болашақта импорттық өнімдерді ығыстыру және жергілікті ауылшаруашылық өндірушілердің есебінен өнімнің көлемін өсіру үрдісі байқалатын болады.

      Ақтау қаласына тікелей қатысты аса маңызды әлеуметтік үрдістерден мыналарды атап өтуге болады: тұрғындардың жергілікті жерлерден қалаларға көші-қоны, сапалы кадрлардың жетіспеушілігі, атап айтқанда ауыл шаруашылығы саласында, сондай-ақ қоғамның өмірінде бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің артуы.

      Осыған байланысты ӘКК-нің қызметі өңір тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға, азық-түлік өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Осы жағдай инвестициялық салымдарды көбейтуді және соның нәтижесінде инвестициялық құралдарды іздеуді талап етеді.

      Климаттың өзгеру факторының ықпалы

      Әлемдегі климаттың өзгеруі ауылшаруашылық өнімдерді шығаруға байланысты ӘКК жобаларының іске асырылуына да ықпал етуі мүмкін. Қазақстанды қоса алғанда, көптеген өңірлер болашақта жылдық және маусымдық жауын-шашын мөлшерінің күрт азаюынан зардап шегуі мүмкін. Құрғақшылық, су тасқыны, дауылдар – осылардың бәрі ауылшаруашылығы дақылдарының түсіміне әсер етіп, егістік алқабының құрылымына өз түзетулерін енгізеді. Соңғы кезде, Қазақстанның батыс өңірлерінде ыстық пен аптаптың болуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабының 40 % -дан 50 %-ға дейіні есептен шығарылады.

      Жер шаруашылығының жағдайларын нашарлатуға әкелуі ықтимал климаттық өзгерістер дүниежүзінде өсімдік шаруашылығы өнімдеріне қажеттілікті үлғайтуға да, сол сияқты суландыру жүйесіне сұранысты арттыруға да әкелуі мүмкін.

      Ішкі ортаны талдау

      ӘКК қызметінің негізгі нысанасы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында акцияларының пакеттері мен қатысу үлестері оның жарғылық капиталына берілген заңды тұлғаларды тиімді басқару болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес ӘКК-нің негізгі мақсаттары мемлекеттік және жекеше секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру арқылы Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      ӘКК дамуының негізгі кезеңдері

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен.

      "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы және "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы деген екі акционерлік қоғамға бөліну арқылы "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қайта ұйымдастырылды.

      ӘКК-нің әрекет етуі жылдары ӘКК қалыптасуының ұйымдық кезеңі аяқталды:

      1) ӘКК-де құрылған корпоративтік басқару жүйесі заңнамалық және өзге де құқықтық актілерде жазылған ережелер мен талаптарға толық сәйкес келеді;

      2) ұйымдық құрылымы мен еңбекақы төлеу жүйесі қалыптастырылды;

      3) ӘКК қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар топтамасы әзірленді;

      4) жарғылық қызметті жүргізу үшін бастапқы ресурстар қалыптастырылды.

      Бүгінгі таңда ӘКК мынадай мемлекеттік бағдарламалар мен нысаналы мемлекеттік іс-шараларды іске асыруға қатысады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ҮИИДМБ);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасы (бұдан әрі – Индустрияландыру картасы);

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы(бұдан әрі – ТКШ жаңғырту бағдарламасы);

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы);

      6) азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешені;

      7) сервистік-дайындау орталықтарын құруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені.

      ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мынадай жағдайларда қатысады:

      1) осы Тұжырымдама бойынша ӘКК міндеттеріне сәйкес келу;

      2) бағдарлама бюджеті осы бағдарламаны іске асыруға байланысты ӘКК-нің операциялық шығыстарын толық жабады;

      3) бағдарламаны іске асыру жөніндегі тәуекелдер барлық қатысушылардың арасында барабар бөлінеді;

      4) ӘКК-нің бағдарламаға қатысуы туралы шешімі корпоративтік басқару стандарттарын сақтай отырып, қабылданады.

      Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың, нысаналы көрсеткіштердің іс-шаралар жоспарларының жобаларында ӘКК қызметін қозғайтын іс-шаралар және/немесе өзге де ережелер белгіленген жағдайда, онда мұндай жобаларды әзірлеуші мемлекеттік орган келісу үшін ӘКК-ге жібереді.

      ӘКК-ні корпоративтік басқару жүйесін талдау

      Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау ӘКК-ге ӘКК акционерлері, директорлар кеңесі мен менеджменті арасындағы өзара қарым-қатынастар мен жауапкершілік деңгейін айқын анықтауға, сондай-ақ еншілес және қоржынды ұйымдармен сындарлы қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.

      ӘКК функционалды құрылған ұйымдық құрылымы бар тік интеграцияланған холдингке айналуға ұмтылады.

      ӘКК-нің ұйымдық құрылымы ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

      Ішкі ұйымдық құрылымы – ӘКК қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне тиімді қол жеткізуге арналған ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелерінің және олардың өзара байланыстарының жиынтығы.

      ӘКК құрылымы былайша ұсынылады:

      1) жоғары органы – акционерлер;

      2) басқару органы – Директорлар кеңесі;

      3) алқалы атқарушы орган – Басқарма;

      4) ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган – Ішкі аудит қызметі.

      Директорлар Кеңесі ӘКК қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

      Басқарма ӘКК-нің ағымдағы қызметін жедел басқару жөнінде шешімдер қабылдайды, акционердің және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды.

      Директорлар кеңесіне есеп беретін Корпоративтік хатшы Басқарманың, лауазымды адамдардың, ӘКК құрылымдық бөлімшелерінің акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен тәжірибені жетілдіруге бағытталған рәсімдердің сақтауын қамтамасыз етеді.

      Ішкі аудит қызметі ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметіне және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуіне, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бақылауды және ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін, сондай-ақ ӘКК қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында бағалауды жүзеге асырады.

      ӘКК-дегі корпоративтік басқару жүйесі құрамына, бір жағынан, акционердің өкілдері және екінші жағынан, тәуелсіз директорлар кіретін Директорлар кеңесі арқылы ӘКК-нің қатысуымен құрылатын мамандандырылған еншілес және тәуелді ұйымдар мен компанияларды басқару органдарына қатыса отырып, басқару арқылы іске асырылады.

      Сыртқы ұйымдық құрылымы – оларға қатысты ӘКК меншік иесі немесе инвестор болып табылатын, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге тиімді қол жеткізу мақсатында құрылған және қызмет ететін мамандандырылған еншілес және тәуелді ұйымдар мен компаниялардың жиынтығы.

      ӘКК-нің корпоративтік сыртқы құрылымына 10 еншілес компания кіреді, оның ішінде жарғылық капиталында ӘКК-нің 100 % қатысу үлесі бар 8 компания бар.

      Корпоративтік басқарудың жалпымен бірдей танылған қағидаттарын ұстана отырып, еншілес және тәуелді ұйымдарға (бұдан әрі – ЕТҰ) байқаушылар Кеңестері енгізілді. ЕТҰ корпоративтік құнын арттыру мақсатында ӘКК олардың қызметіне, оларды кеңейту не біріктіру мүмкіндігіне тұрақты түрде талдау жүргізеді.

      Бұл ретте, ӘКК мен ЕТҰ-да корпоративтік басқару рейтингісінің жоқ екендігін атап өткен жөн, бұл оның үздік практикасын қолдану тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты рейтингтің ағымдағы мәні анықталмаған, ӘКК бойынша рейтинг алу жөніндегі іс-шаралар 2015 жылға жоспарланған.

      Компанияның директорлар кеңесінің, атқарушы органының және акционерлерінің тиімді өзара іс-қимыл жасау жүйесін бағалауға негізделген корпоративтік басқару рейтингісі ӘКК құнының өсуіне ықпал етіп, инвесторлардың ұзақ мерзімді перспективадағы сенімін қолдайды.

      Корпоративтік басқару акционерлерге ӘКК-ні басқаруға қатысуына байланысты өз құқықтарын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Акционерлер ӘКК органдары заңнама мен Жарғы нормаларын бұзатын іс-қимылдар жасаған кезде өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңнамада көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

      Қазіргі уақытта ӘКК мен ЕТҰ қызметінің бірқатар нақты құрылымданған бизнес-процестерінің болмауына байланысты бизнес-процестердің бірыңғай корпоративтік стандарттарды енгізуді жүзеге асыру талап етіледі, бұл жалпы корпорацияның дамуын қолдау жөніндегі корпорацияның компаниялар тобы қызметінің операциялық нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Корпоративтік басқару жүйесінің дамуы Корпоративтік басқару кодексімен, ӘКК Жарғысымен және ішкі нормативтік құжаттарымен регламенттелген. Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес корпоративтік басқарудың мынадай негізге алынатын қағидаттары айқындалған:

      1) акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

      2) ӘКК-нің Директорлар кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару қағидаты;

      3) Директорлар кеңесі қызметінің қағидаттары;

      4) Басқарма қызметінің қағидаттары;

      5) ӘКК-нің дербес қызметінің қағидаты;

      6) ӘКК-нің қызметі туралы ақпаратты ашып көрсету айқындылығы мен әділдік қағидаты;

      7) заңдылық пен әдептілік қағидаты;

      8) тиімді дивиденттік саясат қағидаты;

      9) тиімді кадр саясатының қағидаты;

      10) қоршаған ортаны қорғау қағидаты;

      11) корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын әділ реттеу қағидаты;

      12) жауапкершілік қағидаты.

      Менеджмент шешімдерінің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету мақсатында ӘКК өз қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады, ол ӘКК-нің сайтында (www.caspiy.kz) көрсетілген.

      2014 жылы ӘКК-нің қызметін 19001 халықаралық сапа стандартына сәйкес ұйымдастыру жұмысын жүргізу жоспарлануда, оның нәтижесінде сапа менеджментінің жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) енгізілетін болады.

      Корпоративтік басқару қағидаттарын ұстану ӘКК қызметіне әділ талдау жүргізу үшін негіз жасайды. Корпоративтік басқарудың басымдығы ӘКК-нің қызметін заңнамаға және жетекші халықаралық стандарттар мен корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес қамтамасыз ету, сондай-ақ менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізу болып табылады.

      2010 – 2012 жылдар ішінде ӘКК қызметін реттейтін қазірде бар ішкі корпоративтік құжаттарын өзектілендіру және жаңаларын әзірлеу жүргізілді. ӘКК-нің ішкі корпоративтік құжаттары ӘКК қызметін жүйелендіруге, реттеуге, регламенттеуге және корпоративтік басқару жүйесінің айқындылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ӘКК-нің басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл жасасу тиімділігін арттыруға бағытталды.

      ӘКК қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруда әрбір стратегиялық бағыт бойынша түйінді көрсеткіштер мен тікелей нәтижелерге қол жеткізілуін талдау да маңызды мәнге ие, бұл әлсіз жақтарды анықтап, түзету шараларын уақтылы әзірлеуге мүмкіндік береді. Акционерлердің қаржы есептілігін жасаудың дәйектілігі мен объективтілігі туралы тәуелсіз пікір алу мақсатында ӘКК заңнаманың талаптарына сәйкес сыртқы аудиторды (аудиторлық ұйымды) тарта отырып, жылдық қаржылық есептілігіне аудит өткізеді.

      ӘКК-де қаржы-шаруашылық қызметке аудитті тәуелсіз аудиторлық компаниялар өткізеді.

      ӘКК Басқармасы жүйелі түрде отырыстарды өткізеді және ӘКК-ні жедел басқару жөнінде шешімдер қабылдайды. Басқарушылық шешімдерді қабылдау жеделдігін арттыру, шешімдердің орындалуына бақылауды күшейту, командалық жұмыс үшін жағдайлар жасау мақсатында ӘКК басшылығы мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының апта сайынғы жұмыс кеңестері өткізіледі.

      ӘКК өз қызметі туралы, оның ішінде қаржылық жағдайы, тиімділіктің түйінді көрсеткіштері, жұмыс нәтижелері, меншік және басқару құрылымы туралы дәйекті ақпаратты мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі адамдардың назарына уақтылы жеткізеді.

      ӘКК халықаралық рейтингтік агенттіктердің критерийлеріне бағдарлана отырып, корпоративтік басқару әдістерін тұрақты негізде жетілдіреді.

      Кадр саясаты

      Кадр саясаты ӘКК-нің негізгі міндеттерімен тығыз байланысты.

      Бос лауазымдарға жоғары білікті мамандарды іріктеу мақсатында конкурстық жүйе қолданылады. Жұмыс істеп жүрген штаттық персонал түрлі мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда табысты жұмыс істеу тәжірибесі бар білікті мамандардан қалыптастырылған.

      ӘКК-нің кадр саясатының негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) адами ресурстарды басқару жүйесінің тиімділігі;

      2) ӘКК қызметкерлерінің кәсіпқойлығы;

      3) адами ресурстарды басқарудағы айқындылық;

      4) мүдделердің өзара байланыстылығы;

      5) қызметкермен қатынастардың ұзақ мерзімділігі;

      6) нәтиже үшін сыйақы.

      ӘКК-нің кадр саясатын іске асырудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

      1) ӘКК мен еншілес компаниялар персоналын басқарудың жалпы тұжырымдамасын әзірлеу;

      2) адами ресурстарды басқару саласындағы қызметті реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу;

      3) ISO сапа менеджменті жүйесі шеңберінде адами ресурстарды басқару жүйесін, оның рәсімдері мен тетіктерін қалыптастыру;

      4) еңбекақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру тұжырымдамасын қалыптастыру;

      5) ӘКК қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген құқықтары мен міндеттерін барынша толық іске асыруына жәрдемдесу;

      6) персоналды оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру;

      7) ӘКК-нің түйінді құндылықтары мен имиджін ұстау.

      ӘКК-ні басқару аппараты қызметіне жалпы басқаруды қамтамасыз ететін ӘКК-нің Басқарма төрағасына тікелей бағынады.

      Кадрлық жүйенің кемшіліктеріне кадрлық тағайындаулардың ашық болмауын, ӘКК менеджментінің жиі ротациясын, қызмет нәтижелілігін бағалаудың, сыйақы мен персоналды уәждеудің тиімді жүйесінің жеткіліксіз болуын жатқызуға болады.

      2014 жылдан бастап, ӘКК-нің кадрлық саясаты бизнесте жұмыс істеу тәжірибесі бар адамдарды, оның ішінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлектерін, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін және шетелдік мамандарды тартуға бағдарланып, қайта қаралатын болады.

      ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметі мен активтерінің жай-күйін талдау

      ӘКК құрамына 10 еншілес және 13 тәуелді ұйым кіреді, ӘКК-нің шоғырландырылған теңгеріміне сәйкес 2012 жылы 3526087 мың теңге мөлшерінде табыс алынды, шығыстары 4148252 мың теңгені құрады. Осындай қаржы нәтижесінде залал 640384 мың теңгені құрады.

      2012 жылғы ЕТҰ жұмысы қызметінің нәтижелерін талдау мен 2013 жылға арналған жоспарлар оларды рентабельсіз, залалды компаниялар ретінде сипаттайды. ЕТҰ-дың көбі экономиканың әлеуметтік бағдарланған секторларында жұмыс істеді не олардың негізгі кіріс көзі – бюджеттік қаржыландыру болды. ЕТҰ-ға берілген материалдық-техникалық база жаңғырту, реконструкциялау және жете жасақтау үшін ұдайы қаржыландыруды қажет етеді. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ЕТҰ-дың бәсекелі ортаға өтуі кәсіпорынның негізгі өндірістік көрсеткіштерінің өсуіне теріс әсер етуі мүмкін.

      Есепті кезеңдегі ӘКК қызметін қаржыландырудың негізгі көзі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және белгілі бір инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жарғылық капиталды толықтыруға бөлінген республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты.

      Қаржылық-шаруашылық қызметті жоспарлауға және жүргізуге, басшы персоналды іріктеп таңдауға, ЕТҰ-да корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге байланысты процестерді реттеу мақсатында ӘКК қаржылық сауықтыру бойынша мынадай іс-шараларды жүргізетін болады:

      1) ӘКК өкілдерінің қатысуымен байқаушылар кеңестерін құру;

      2) басқару органдарының қолданыстағы құрамына ӘКК өкілдерін енгізу арқылы жаңарту;

      3) ішкі бизнес-процестерді, бюджеттеуді және есептілікті реттейтін құжаттарды қайта қарау;

      4) ЕТҰ даму жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      5) ЕТҰ негізгі қорларын жаңарту үшін оларды қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру;

      6) дебиторлық берешекті өндіріп алу;

      7) еншілес және тәуелді компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметін мониторингтеу мен талдауды күшейту;

      8) қайта құрылымдау және бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлар алдындағы (бар болған жағдайда) берешекті, кредиттік міндеттемелерді өтеу;

      9) залалды шаруашылықтарды сату;

      10) рентабельсіз активтерді оңалту;

      11) рентабельсіз шаруашылықтарды консервациялау;

      12) қолда бар активтерді (ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, техникаларды) жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау.

      Активтердің оңтайлы құрылымын құру ӘКК-нің нәтижелі активтерін күшейтетін және дамытатын және мақсаттары мен міндеттеріне сай келмейтін активтерден арылуға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді іске қосу негізінде акционерлік қоғам активтерінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

      ӘКК меншігіне берілген активтерді тиімді басқару үшін тәуекелдің қолайлы деңгейінде мейлінше жоғары табыс алу мақсатында өзіндік және тартылған капиталды тиімді басқару арқылы ЕТҰ дамуының теңгерімді стратегиясын іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарлануда. Активтерді сапалы және тиімді басқарудан олардың өтімділігі, пайдалылығы, қаржылық сенімділігі мен орнықтылығы тәуелді болады.

      ӘКК өз қызметін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:

      1) қарыздар беру;

      2) бірлескен кәсіпорындар құру/жұмыс істеп тұрған заңды тұлғадан қатысу үлесін сатып алу;

      3) қаржылық лизинг;

      4) ӘКК-нің активті алуы (сатып алуы, жасауы) және (немесе) сенімгерлік басқаруға, жалға, кейіннен сатып алу арқылы жалға беруі, сондай-ақ ӘКК активтерін сатуы.

      ӘКК-нің активтерді алуы (сатып алуы, жасауы) және (немесе) сенімгерлік басқаруға, жалға, кейіннен сатып алу арқылы жалға беруі немесе сатуы саласындағы қызмет оларды оңалту және кейіннен бәсекелі ортаға беру рәсімдерінің шеңберінде мемлекеттік активтерді басқарудың 2020 жылға дейінгі саясатындағы жаңа тәсілдерге сәйкес перспективада коммуналдық меншік объектілерін алуға бағытталған.

      Бұл ретте, жергілікті атқарушы органнан ӘКК-ге, қызметтері коммерциялық бағдарланған сипаттағы барлық мемлекеттік активтер кейіннен оңалту (сауықтыру), қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту үшін кезең-кезеңмен берілетін болады.

      Инвестициялық жобалардың жай-күйін талдау

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысымен бекітілген "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бойынша ӘКК-нің негізгі міндеттерінің бірі Маңғыстау облысының экономикалық әлеуетін кеңейтуге бағытталған инвестициялық қызмет, бизнес-жобаларды іске асыру болып табылады.

      ӘКК ЕТҰ-ның жарғылық капиталына қатысу арқылы инвестициялық жобаларға қатысу саясатын белсенді жүзеге асырады. Инвестициялық жобалардағы компанияның үлестерін тиімді басқару компания қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

      ӘКК активтерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым ретінде не сенімгерлік басқаруға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де тәсілдермен беру арқылы бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде инвестициялық жобаларға қатысуды жүзеге асырады.

      ӘКК активтері ақша, жерді қоса алғанда, жылжымайтын мүлік, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да мүлік болып табылады.

      ӘКК-нің инвестициялық жобаларға қатысуының негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

      1) ӘКК-нің жобадағы үлесі (ӘКК-нің жобадағы ең аз үлесі 1 %-ды, жобадағы ең көп үлесі – 100 %-ды құрайды).

      2) жобаның рентабельділік деңгейі (жобаның ең аз рентабельділігі кемінде 15 %-ды құрауы тиіс).

      ӘКК инвестициялық жобаларға жер қойнауын пайдалану құқығымен қатысқан кезде мыналар міндетті шарт болып табылады:

      1) әлеуетті әріптесте не үлестес және/немесе мердігерлік компанияларда жобаны іске асыру үшін білікті кадрлардың болуы;

      2) әлеуетті әріптесте не үлестес және/немесе мердігерлік компанияларда, жобаның ерекшелігіне сәйкес әрбіреуіне жеке айқындалған, жобаны іске асыруға жеткілікті материалдық-техникалық базасының болуы;

      3) әлеуетті әріптесте не үлестес және/немесе мердігерлік компанияларда жер қойнауын пайдалану саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      ӘКК жобаларға ақша қаражатымен қатысқан кезде міндетті шарт әлеуетті әріптестің жобаға мүлкінен басқа, ӘКК-нің сұратқан ақша қаражатының жалпы сомасының кемінде 15 % мөлшерінде ақшамен қатысуы болып табылады.

      Қарыз берілген кезде қарыз алушыға қойылатын талаптардың ең жоғары жалпы мөлшері ӘКК-нің өзіндік капиталы мөлшерінің 25 %-нан аспауға тиіс (олардағы ӘКК-нің қатысу үлесі 40 % - 50 %-дан астамды құрайтын қоржынды компаниялар үшін).

      Жоспарланып отырған бизнес-жоба ӘКК-нің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуге тиіс, сонымен қатар жоспарланған жобаның рентабельділігі ӘКК-нің ішкі құжаттарында айқындалған жобалық рентабельділік деңгейіне сәйкес келуге тиіс.

      ӘКК-нің инвестициялық жобалар шеңберіндегі қойылған міндеттерді іске асырудағы негізгі әріптестері олармен шоғырландыру арқылы ӘКК өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатын жеке меншік бизнес құрылымдар болады.

      Әріптестерді тарту бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, таныстырылымдар, жарнамалық және PR-акцияларын өткізу, форумдарға қатысу кезінде жүзеге асырылатын болады.

      Маркетингтік зерттеулерді пайдалану әріптестердің нысаналы топтарын нақтырақ айқындауға мүмкіндік береді, аудиторлық қорытындылар әлеуетті әріптестің қаржылық ауқаттылығын анықтауға мүмкіндік береді.

      Ағымдағы кезеңде әріптестердің мынадай санаттары қаралып жатқандығын атап өткен жөн:

      1) әріптестердің бірінші санатына қаржы қаражаты мен іске асыруы үшін жер учаскелері немесе пайдалы қазбалардың кен орындары қажет етілетін инвестициялық жобалары бар кәсіпкерлер жатады;

      2) әріптестердің екінші санатына қаржы қаражаты, инвестициялық жобалары, жер учаскелері немесе пайдалы қазбалардың кен орындары бар, тауарларын ілгерілетуді және ӘКК брендін пайдалануды қажет ететін кәсіпкерлер жатады;

      3) әріптестердің үшінші санатына инвестициялық жобаны әзірлеген және жер учаскелері немесе пайдалы қазбалардың кен орындары бар, бірақ оны жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты жоқ кәсіпкерлер жатады;

      4) әріптестердің төртінші санатына жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары бар, оны қуатын реконструкциялау және ұлғайту немесе шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерту үшін қаржы қаражатын қажет ететін кәсіпкерлер жатады;

      5) әріптестердің бесінші санатына инвестициялық жобаны (идеяны) әзірлеген, бірақ жер учаскесі де, пайдалы қазбалардың кен орындары да, қаржы қаражаты да жоқ кәсіпкерлер жатады.

      Мемлекеттік басқарудың жергілікті және орталық органдарымен өзара іс-қимыл жасау ӘКК қызметі бағдарламаларының инвестициялық, әлеуметтік құрауыштарын ескере отырып, ӘКК жарғылық капиталына берілетін объектілерді іріктеу барысында түзілетін болады. Осының негізін мыналар құрайды:

      1) ӘКК-нің негізгі қызметін іске асыру мақсатында жарғылық капиталын толықтыру;

      2) берілетін объектілерді тәуелсіз бағалау;

      3) макроөңірдің даму мүдделерін ескере отырып, жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту бойынша басымды іс-қимылдар жоспарларын бірлесіп әзірлеу;

      4) жергілікті бюджетті және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен субсидияларға бюджеттік өтінімдерді бірлесіп қалыптастыру;

      5) ӘКК инвестициялық мүмкіндіктері мен бюджеттік демеуқаржыны (коммуналдық шаруашылық) есепке ала отырып, әлеуметтік саладағы іс-қимыл жоспарлары.

      Даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау инвестициялық жобаларды бірлесіп дайындауға және іске асыруға, инновациялық қызметті қаржыландыруға және біліктілікті артыру бағдарламаларын іске асыруға негізделетін болады. Осыған қол жеткізу үшін мыналар жоспарланады:

      1) талдамалық зерттеулер жүргізу және даму институттарының мүмкіндіктерін тарта отырып, инвестициялық және инновациялық жобаларды дайындау;

      2) озық технологиялар трансфертін ұйымдастыру;

      3) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға институттардың (Қазақстан Даму банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, Ұлттық технологиялық даму агенттігі, "Даму" қоры) қаржылық әлеуетін тарту. ӘКК даму институттарымен қаржылық құралдарын қоса атқару бойынша, сондай-ақ бизнестің осы қаржы институттарының ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

      ӘКК SWOT-талдау

      ӘКК дамуының тиімді стратегиясын таңдау Каспий өңірінің экономикалық әлеуеті мен дамуын, сол сияқты ӘКК-нің ішкі әлеуетін де сипаттайтын мықты және осал тұстарының үйлесу отырған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына компанияның тиімді жәрдемдесу қабілеті тәуелді болады.

Ішкі орта

Мықты тұстары

Осал тұстары

ұлттық компания мәртебесі;

жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік активтердің (жер активтері, жер қойнауын пайдалану құқықтары, басқа да мемлекеттік мүлік) компанияға берілуі;

инвестициялық жобаларға қатысу арқылы шағын және орта бизнеске жәрдемдесу;

даму институттары арқылы жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру және оған жәрдемдесу, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық қолдау алу;

қосымша қаржы ресурстарын тарту, сондай-ақ ӘКК қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету

активтерді басқару деңгейінің төмендігі;

компания дамуының жеткіліксіз деңгейі, компания қызметінің әлсіз қаржылық-экономикалық көрсеткіштері;

компанияға берілген активтердің тиімсіз пайдаланылуы;

агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы мен экономиканың басқа да салаларындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асырған кездегі жоғары қаржы тәуекелдері;

жобалау компанияларының қаржылық қызметін модельдеудегі тәжірибесінің болмауы;

қаржы менеджментінің әлсіздігі.

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

ӘКК өңірдегі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың жалғыз үйлестірушісі мен интеграторы бола алады;

ӘКК-нің ұлттық даму институттарымен өзара іс-қимыл жасауы;

туристік кластерді (теңізге шығу, тарихи ескерткіштердің, қорымдардың, табыну орындарының және т.б.) дамыту үшін қолайлы перспективалар;

балық өнеркәсібін, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді құру арқылы дамыту мүмкіндігі;

экономиканы дамытуға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік саясат;

өндіріс пен басқарудың инновациялық технологияларын енгізу арқылы ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру.

жобаларды қаржыландыру кезінде өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық және өңірлік даму институттары арасындағы бірыңғай келісілген саясаттың болмауы;

сатып алу белсенділігін ықтимал құлдыратуды туғызатын өндіру салаларының өніміне бағаның өсуі;

туристік, оның ішінде көліктік инфрақұрылымның әлсіз дамуы;

өнеркәсіп секторымен инновацияларды енгізуге мүдделілік деңгейінің төмендігі;

өңірдегі халық санының салыстырмалы түрде аздығы және еңбек ресурстарының жеткіліксіздігі;

тиісті инфрақұрылымның (сауда-дайындау, өңдеу, сервистік және өзге), жемшөп өндіру кешендерінің болмауы, су ресурстарының әркелкі және жеткіліксіз бөлінуі/болуы, жер өнімділігінің төмендігі;

өңірде ішкі тұтыну нарығы көлемінің шектеулігі.


      Тұжырымдар

      Жүргізілген SWOT-талдау негізінде орта мерзімді кезеңге арналған стратегиялық жоспарлау шеңберінде ӘКК мыналарға шоғырлануға тиіс:

      1) ӘКК алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешуге басқару жүйесінің тиімділігі және оның бағыты. Осыған байланысты, ӘКК жекелеген элементтер – әрбір бизнес-процестің және әрбір қызметкердің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру үшін басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіруі қажет;

      2) ӘКК-нің еншілес және бірлескен ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметін тиімді бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз ету қажеттілігі;

      3) ақша қаражатын бөлудің айқын тетігін пысықтау қажеттілігі.

      ӘКК қызметінің басым бағыттары

      Маңғыстау облысының аумағын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы ұлттық және халықаралық нарықтарда өзін дұрыс таныту үшін бәсекелі артықшылықтары мен басым бағыттарды айқындайды.

      Облыстың бәсекелі артықшылықтарын ескере отырып, ӘКК облыс экономикасы өсуінің мынадай нүктелері анықталды.

      Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту

      Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өнеркәсібі тұтастай алғанда құрылыс саласының әлеуетін айқындайтын өндіріс саласы болып табылады. Құрылыс материалдары мен конструкцияларына, бұйымдарына, оларды дайындауға, тасымалдауға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге жұмсалатын шығындардың үлес салмағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құны құрылымында 50 %-дан асады. Бұл сала 20-дан астам дербес кіші саланы қамтиды, олардың көбінің құрамында бірнеше құрастырмалы өндірістері бар. Бұл ретте, осы кіші салалардың әрқайсысы өзінің тұтыну нарығын қалыптастырады, олар жиынтығында құрылыс материалдарының ортақ нарығын құра отырып, дербес жұмыс істейді.

      Азаматтық құрылысқа қажетті материалдардың көбі облыстан тысқары жерлерден әкелінеді.

      ӘКК өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа арналған қазіргі заманға сай құрылыс материалдарын, конструкцияларды, бұйымдарды шығару жөніндегі өндірістерді дамытуға ықпал ететін болады.

      "Каспий тау-кен рудасы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағылтас, қиыршықтас, құм секілді кенсіз құрылыс материалдарына деген сұранысты жыл бойы қамтамасыз етеді.

      Туризм

      Маңғыстау облысының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті туристік ұсынысты дамытуы үшін ең жақсы табиғи және мәдени жағдайлары бар:

      1) Маңғыстау облысы аумағындағы Каспий теңізінің жағалау маңы аймағының ұзақтығы 874 км құрайды;

      2) көркем жарқабақты пейзаждары мен терең шатқалдары бар керемет әсерлі дала мен шөлдала ландшафты;

      3) ежелгі және бірегей тарихы бар мәдени көзтартар жерлер: "жерасты мешіттері", қорымдар, ежелгі қалалар мен қасиетті орындар.

      ӘКК-нің қызметі мынадай жобаларды іске асыру арқылы өңірде туризмді дамытуға бағытталатын болады:

      1) "Каспий Маржаны" демалыс базасының құрылысы" жобасы;

      2) "Кендірлі" курорттық демалыс аймағының құрылысы" жобасы.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамытудың перспективалы бағыттарының бірі тауарлы балық шаруашылығы болып есептеледі.

      Уақыт өте келе көшеттерде аналық үйірі түрінде бекіре тұқымының тектік қорын сақтаудың, сондай-ақ бекіре тұқымдастардың табиғи су айдыны – Каспий теңізіне балық жіберіп өсіру есебінен балық ресурстарының өсімін молайтудың нақты мүмкіндігі туындайды.

      Жобаны іске асырудың экологиялық та, сол сияқты әлеуметтік-экономикалық та тиімділігі бар. Ең алдымен – Биологиялық саналуандық туралы конвенция қолданылатын жаһандық маңызы бар түр ретінде бекіре популяциясын сақтап қалу.

      ӘКК бекіре және албырт балықтарын өсірудің пилоттық теңіздік бақ фермасын құруды және кіргізу материалдарын (шабақтар) өсіруге арналған жағалаудағы балық көшетін құруды жоспарлауда.

      ӘКК қолайлы климаттық жағдайды ескере отырып, өңірдің ауыл шаруашылығын тамшылатып суарудың және мал шаруашылығының шұбат, ет және жүн секілді дәстүрлі өнімдерін өңдеудің қазіргі заманғы жүйлерін енгізумен жылыжай кешенін құру арқылы дамытады.

      Жеңіл өнеркәсіп

      Жеңіл өнеркәсіп – бұл экономиканың аса маңызды көпбейінді және инновациялық тартымды секторы. Жеңіл өнеркәсіптің өнімі тұтыну деңгейі бойынша азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын айқындайды. Жеңіл өнеркәсібінің жаңа геосаяси жағдайлардағы экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамту мен оның өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етудегі елеулі рөлін ескере отырып, әлемдік жетекші елдер саланы дамытуға ерекше көңіл бөледі және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді.

      ӘКК экономиканың аталған саласын, бірінші кезекте, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіру арқылы былғары шикізатын, жүнді өңдеу саласында дамытуды жоспарлауда.

      Осы саланы дамыту шеңберінде кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін "Бейнеу" сервистік-дайындау орталықтарын құру және олардың желісін кеңейту жоспарлануда.

      Экономиканың басым секторларында жүргізілетін инвестициялық қызметпен бірге, ӘКК басымдылық қатарына енгізілмеген, бірақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды мәні бар бизнес-жобаларды іске асыруға қатысатын болады.

      2. Миссиясы және пайымы

      Мақсаты – өңірдің өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру.

      Миссиясы – мемлекеттік және жекешелік секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру арқылы Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Пайымы – 2023 жылға қарай ӘКК активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институтына айналады.

      3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттар, қызметтің түйінді көрсеткіштері және межеленген нәтижелер

      ӘКК миссиясына сәйкес пайымына қол жеткізу үшін мынадай негізгі стратегиялық бағыттар бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуді жоспарлайды:

      1) инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістерді құру;

      2) өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

      3) ӘКК активтерін тиімді басқару;

      4) корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

      1-ҚСБ. Инвесторларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңірде перспективалы, бәсекеге қабілетті инвестициялық жобаларды іске асыру.

      Міндеттер:

      1) перспективалы жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;

      2) инвесторларға үлестік қаржыландыру, активтермен қатысу арқылы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде үлестік қаржыландыруды алу;

      3) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

      4) бюджеттен тыс инвестициялар тарту;

      5) жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту.

      Іс-шаралар:

      1) әлеуетті инвесторларды іздеу және айқындау;

      2) отандық және шетелдік инвесторлармен қарым-қатынастарды кеңейту және нығайту;

      3) өңірге басқа өңірлерден, сол сияқты шет елдерден де жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық жасауға мүдделі компанияларды тарту;

      4) өңірде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;

      5) жеке капиталды, банктерді, ірі компанияларды, оның ішінде шетелдік компанияларды тарту;

      6) бизнесті қолдаудың ақпараттық-консультациялық орталықтарын, оның ішінде инвесторларға қызмет көрсету орталықтарын құру;

      7) ақпараттық-таныстырылымдық іс-шаралар өткізудің жоспарын әзірлеу;

      8) жеке капиталды, банктерді, ірі компанияларды, оның ішінде шетелдік компанияларды тарту;

      9) салалар бөлінісінде инвесторлардың деректер базасын қалыптастыру;

      10) жергілікті шикізатты пайдалану негізінде құрылыс материалдары өндірісін ұйымдастыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) инвестициялық қоржын көлемінің жыл сайынғы өсуі, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі (өсімі 1-2 %);

      2) бірлескен жобалардағы ӘКК-нің салған қаражатына жеке инвесторлардың қаражатын тарту арақатынасының коэффициенті.

      Межеленген нәтижелер:

      1) ӘКК-нің инвестициялық қоржыны көлемінің жыл сайынғы өсімі кейіннен осы көрсеткішті 2023 жылға қарай 5 %-ға дейін ұлғайта отырып, 2015 жылы 3 %-ды құрайтын болады;

      2) ӘКК-нің бизнес-жобаларға салған қаражатына жеке инвесторлардың тартылған қаражатының ара қатынасы 2023 жылға қарай 130 %-ға дейін өсумен 2015 жылы 115 % болады.

      3) инвестициялардың рентабельділігі 2023 жылға қарай 5,5 %-ға дейін жетумен 2015 жылы 3 %-ды құрайды.

      2-мақсат. Жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру

      Міндеттер:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, оның ішінде инвестициялық жобаларды іздеу немесе әзірлеу;

      2) жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың тиімді схемаларын айқындау;

      3) өзіндік құралдардың көмегімен және басқа да қатысушылардың ресурстарын интеграциялау арқылы инвестициялық өтінім сәтінен бастап өнімдер шығарғанға дейінгі оның барлық кезеңдерінде инвестициялық жобаның іске асырылу процесін үйлестіру.

      Іс-шаралар:

      1) жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың тиімді схемаларын айқындай отырып, өңір экономикасының басым секторларында бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту бойынша өңірлік инвестициялық жобаларды іздеу және әзірлеу;

      2) қолда бар қаржы қаражатының көздеріне талдау жүргізу, қаржыландырудың өзге де көздері мен тетіктерін іздеу;

      3) ӘКК күшімен және әріптестермен бірлесіп іске асырылып жатқан жобаларды мониторингтеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру;

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) еңбек өнімділігін арттыру.

      Межеленген нәтижелер:

      1) 2015 жылы жаңа 2 бәсекеге қабілетті өндірісті, 2023 жылы – 10 өндірісті құру;

      2) 2015 жылы – 40, 2023 жылы – 200 жұмыс орнын құру;

      3) еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай 1,6 есеге, ал 2023 жылға қарай 2,3 есеге өсуі.

      2-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      Мақсат. Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру және инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, перспективалы салалардың дамуын қамтамасыз ету.

      Міндеттер:

      1) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      2) компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету;

      3) нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      4) экономиканың басым секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      5) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

      6) инновациялардың тиімді енгізілуін және жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қолдау;

      7) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердің жүйе құраушы және ірі компаниялардың төңірегінде шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру;

      8) кейіннен коммерцияландыру мүмкіндігімен неғұрлым перспективалы инновациялық әзірлемелер мен өнертапқыштық ұсыныстарды іріктеу;

      9) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      10) бизнестің экономикалық белсенділігін өсіруге, инновациялар мен технологиялық жаңғыртуды (технопарктер, еркін экономикалық аймақтар, бизнес-инкубаторлар, индустриялық аймақтар, инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және т.б.), оның ішінде оператор функцияларын орындау арқылы дамытуға жәрдемдесу;

      11) инновациялардың, аса жаңа технологиялар мен материалдардың тұтынылуын кеңейту үшін Қазақстанда инновацияларды генерациялауға жәрдемдесу, өңірдің энергетикалық теңгеріміндегі жаңартылатын энергияның үлес салмағын ұлғайту;

      12) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту;

      13) өнімдерді ішкі және сыртқы нарықта неғұрлым белсенді ілгерілету үшін брендтеуге жәрдемдесу;

      14) Қазақстан ғылымына қолдау көрсету;

      15) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту.

      Іс-шаралар:

      1) уәкілетті мемлекеттік құрылымдардан инновациялық даму, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласындағы мәселелер бойынша әдістемелерді, ақпаратты тарту;

      2) әлеуетті инвестициялық жобалар тізбесін әзірлеу;

      3) мұнай-газ секторының ірі компанияларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін зерттеу;

      4) кейіннен коммерцияландыру мүмкіндігімен перспективалы инновациялық әзірлемелер мен өнертапқыштық ұсыныстардың конкурсын өткізу;

      5) ӘКК мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуі арқылы мұнай-газ секторының ірі компаниялары мен шағын және орта бизнес арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою;

      6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отандық бизнес пен мұнай-газ секторы компанияларының қатысуымен дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру;

      7) жобаларды ғылыми сүйемелдеу үшін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою;

      8) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою;

      9) операциялық қызметті жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, индустриялық аймақтарды, еркін экономикалық аймақтарды құруға және олардың операторлық қызметіне, инвесторларды қолдау бағдарламаларына, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларына, басым салаларды қолдау бағдарламаларына қатысу;

      10) ӘКК-нің инновациялар дамуының инфрақұрылымын құру (R&D орталықтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, бірлескен зертханалар, коммерцияландыру кеңселері, қаржыландыру қорлары және басқалар) мәселелерін қаржыландыру көздері мен оларға қатысу схемаларын айқындау және пысықтау;

      11) инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шаралар өткізу;

      12) жылыжай шаруашылығын дамыту және су үнемдеудің тамшылатып суару технологияларын кеңінен енгізу;

      13) Түпқараған ауданында жел электр станцияларын салу есебінен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту;

      14) Ақтау және Жаңаөзен қалаларында әрқайсысының 1500 тонна сақтау қуаты бар көкөніс қоймаларын салу;

      15) сервистік-дайындау орталығының, тамшылап суару жүйелері бар жылыжай кешендерінің жобаларын іске асыру;

      16) "Қарғантүбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығын дамыту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңірде құрылған бизнес-инкубаторлар мен индустриялық аймақтар саны, бірл.;

      2) өңірде ӘКК-нің қатысуы бар бірыңғай кластердегі кәсіпорындар саны, бірл.;

      3) баламалы энергетика мен энергия тиімді технологиялар пайдаланылған жобалар саны, бірл.

      Межеленген нәтижелер:

      1) осы стратегиялық бағыт бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі нәтижесі облыс экономикасының басым секторларында бәсекелестік артықшылықтарды дамыту және өнімдер көлемін ұлғайту болады;

      2) өңірде құрылған бизнес-инкубаторлардың саны 2015 жылы 1-ден 2023 жылға қарай 3-ке дейін өседі;

      3) өңірде ӘКК-нің қатысуы бар бірыңғай кластердегі кәсіпорындардың саны 2014 жылы 2 шамасын көрсетіп, 2023 жылға қарай біртіндеп 7-ге дейін артады;

      4) баламалы энергетика мен энергия тиімді технологиялар пайдаланылатын жобалар саны 2015 жылы 2 құрап, 2023 жылға қарай 6-ға дейін артады.

      3-ҚСБ. ӘКК-нің активтерін тиімді басқару

      1-мақсат. Активтерді басқарудың тиімді жүйесі

      Міндеттер:

      1) іске асырылуы жоспарланып отырған бизнес-жобаларды алдын ала талдап, өңір экономикасының басым секторларында бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) активтердің құнын ұлғайту;

      4) еншілес ұйымдар менеджментін уәждеудің айқын және тиімді саясатын әзірлеу, олардың қызметін рейтингтік бағалауды енгізу;

      5) қолда бар активтерді (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, техникалар) жаңғырту, реконструкциялау;

      6) коммуникацияларды дамыту және қоржындық компаниялар арасында дағдылармен алмасу.

      Іс-шаралар:

      1) қолда бар активтерді қайта құрылымдау жоспарын әзірлеу және іске асыру;

      2) ӘКК-нің, ЕТҰ-ның қызметін тұрақты негізде мониторингтеу және бағалау;

      3) ӘКК-нің қарамағына әкімдіктер берген залалды активтерді сауықтыру және іскери айналымға тарту жөніндегі бизнес-жоспарларды жасау;

      4) ӘКК активтерін 2015 жылға дейін түгендеу;

      5) өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді өткізу нарықтарының конъюнктурасын зерделеу;

      6) тәуекелдерді және активтерді басқару жүйесін әзірлеу және 2015 жылы енгізу;

      7) кәсіпорындар есептілігін бақылау мен дәл жүйесінің тиімді тетіктерін әзірлеу;

      8) кәсіпорындарды қайта құрылымдауды тиімді басқару үшін экономикалық құралдарды әзірлеу;

      9) Ақтау қаласының тұщыту зауытын жаңғырту;

      10) "Caspiy PRINT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жаңғырту;

      11) ӘКК-нің активтерді басқару мәселелері жөніндегі ішкі нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ROА;

      2) ROЕ;

      3) бір қызметкерге шаққандағы таза кірісі.

      Межеленген нәтижелер:

      1) активтердің рентабельділігі 2023 жылға қарай 2,2 %-ға жетеді;

      2) ӘКК-нің бір қызметкеріне шаққандағы таза кірісі 2023 жылға қарай 3,4 млн. теңгеге дейін өсумен 2015 жылы 2,2 млн. теңгені құрайды.

      2-мақсат. ӘКК-нің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету

      Міндеттер:

      1) ӘКК қызметінің рентабльділігін ұлғайту;

      2) ӘКК-нің шоғырландырылған кірісінің өсуін қамтамасыз ету;

      3) тәуелді компаниялардың қатысу үлесін ұлғайту;

      4) инвестициялар үлесін ұлғайту;

      5) компаниялардың кірістірілігін қамтамасыз ету.

      Іс-шаралар:

      1) оның дағдарысты даму белгілерін ерте анықтау мақсатында, ӘКК мен оның еншілес ұйымдарының қаржылық жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру;

      2) қаржылық менеджменттің және өндіріс шығыстарын басқарудың тиімді жүйесін енгізу;

      3) ӘКК-нің қаржылық жай-күйін жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірлеу;

      4) дебиторлық берешекті қалпына келтіру;

      5) қосымша қаржы ресурстарын тарту;

      6) ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметі бекітілген нормативтік-құқықтық құжаттарға қатаң сәйкесте жүзеге асыру;

      7) төлем қабілеттілігін тез қалпына келтіруге және ӘКК-нің қаржылық орнықтылығының жеткілікті деңгейін қалпына келтіруге бағытталған ӘКК қаржылық сауықтыру бағдарламасы мен жоспарын әзірлеу және іске асыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) негізгі қызметтен түсетін таза кіріс;

      2) жыл қорытындылары бойынша ӘКК-нің салған қаражатына бюджет қаражатын тартудың арақатынасы;

      3) ӘКК-нің шоғырландырылған рентабельділігі.

      Межеленген нәтижелер:

      1) негізгі қызметінен түскен таза кірістің мөлшері 2015 жылға қарай 101 млн. теңге, ал 2023 жылға қарай 142 млн. теңге құрайды;

      2) мемлекеттік емес қаржыландыру үлесінің жыл сайынғы өсімі қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ын, 2015 жылға қарай кемінде 25 %-ын құрайды;

      3) ӘКК-нің шоғырландырылған рентабельділігі 2015 жылға қарай кемінде 2 %, 2020 жылға қарай кемінде 3 % деңгейінде болады;

      4) 2015 жылдан бастап жыл сайын рентабельділігін арттыра отырып, ӘКК мен оның ЕТҰ-ның оң қаржылық нәтижесі қамтамасыз етілетін болады.

      3-мақсат. Берілетін мемлекеттік активтерді оңалту

      Міндеттер:

      1) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      2) берілетін активтерді оңалту жөнінде шаралар кешенін әзірлеу;

      3) активті қызметтің залалсыз деңгейіне шығару;

      4) активті өткізу.

      Іс-шаралар:

      1) ӘКК үшін тартымдылығын айқындау тұрғысынан мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін және бәсекелі ортаға беруге жоспарланған активтерді талдауға қатысу;

      2) берілетін активтерді оңалту тетіктерін, қаржыландыру көздерін, жүргізу схемаларын әзірлеу, персоналды қалыптастыру және оңалту жоспарын әзірлеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      1) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың саны.

      Межеленген нәтижелер:

      Мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК 2016 жылы 1 кәсіпорынға оңалтуды жүзеге асырады, ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 кәсіпорынға дейін ұлғайтылады. Кәсіпорындарды оңалтудың (сауықтырудың) нәтижесі берілген кәсіпорындардың немесе проблемалық активтер берілген кәсіпорындардың орнықты қаржылық жай-күйіне қол жеткізу болып табылады.

      4-ҚСБ. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

      1-мақсат. Корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу

      Міндеттер:

      1) корпоративтік басқару рейтингін алу;

      2) кадрлық әлеуетті өсіру: кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы персоналдың құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту;

      3) білікті персоналды, оның ішінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлектерін және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ шетелдік мамандарды тарту;

      4) ҚР СТ ИСО 9001 стандартына сәйкес Сапа менеджменті жүйесін енгізу.

      Іс-шаралар:

      1) корпоративтік басқару стандарттарын енгізе отырып, заңнаманың және ӘКК мен онымен байланысты компаниялардың қызметі ерекшелігінің талаптарына сәйкес ішкі нормативтік актілерді әзірлеу;

      2) менеджерлер мен персоналдың біліктілік деңгейін арттыру, қызметкерлердің еңбек уәждемесін енгізу;

      3) шетелдік және отандық біліктілігі жоғары консультанттармен ынтымақтасу;

      4) еңбек нәтижелілігін арттыратын, моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін енгізу арқылы қызметкерлерді уәждеу және көтермелеу жүйесін әзірлеу және енгізу;

      5) ИСО сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және 2015 жылы ӘКК-ге енгізу;

      6) меритократия қағидаттарында мансаптық саты бойынша көтерілу жүйесін енгізу;

      7) ӘКК қызметкерлеріне әлеуметтік пакет беру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК мен ЕТҰ-дағы корпоративтік басқару рейтингісі, шәкіл;

      2) кадрлардың тұрақтамауы, %;

      3) жыл бойы оқытумен қамтылған қызметкерлер, %.

      Межеленген нәтижелер:

      1) корпоративтік басқару рейтингісінің шамасы 2023 жылы 7 деңгейіне дейін біртіндеп өсумен, 2017 жылы 4 құрайды;

      2) ӘКК 2015 жылы кадрлар тұрақсыздығының 6 % шамасына, 2023 жылы – 3 % шамасына дейін жетеді;

      3) оқытумен қамтылған қызметкерлердің коэффициенті 2015 жылы – 25 %, 2023 жылы – 35 % шамасына дейін жетеді.

      2-мақсат. ӘКК-нің оң имиджін қалыптастыру

      Міндеттер:

      1) ӘКК-нің оң имиджін жоғарылату;

      2) ӘКК-нің веб-сайтын (www.caspiy.kz) жетілдіру;

      3) ӘКК қызметкерлерінің құжаттар дайындау сапасын арттыру;

      4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық белсенділікті көтеру.

      Іс-шаралар:

      1) компанияның жұмыс істеуінің мерзімді және перспективалы мақсаттарын айқындау және қызмет жоспарларын жасау;

      2) ӘКК қызметкерлерінің құжаттар дайындау сапасын мониторингтеу;

      3) ӘКК имидждік саясатын әзірлеу;

      4) ӘКК медиа-жоспарын әзірлеу (PR-мақалалар, сұхбаттар, баспасөз мәслихатын, семинарлар және т.б. өткізу);

      5) ӘКК-нің жалпы стилін әзірлеу;

      6) ӘКК үшін маңызы бар республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды тиімді жарнамалық-ақпараттық және PR-сүйемелдеу жөніндегі шаралар өткізу;

      7) компаниялар тобының ішкі және сыртқы нарықтардағы ақпараттық танылуын күшейту;

      8) білім деңгейін арттыру жөнінде бағдарлама әзірлеу, ӘКК қызметкерлері үшін еңбек және салауатты өмір салтын қолдаудың қолайлы жағдайларын жасау;

      9) жаңа технологиялар мен мүмкіндіктерді қолдану арқылы ӘКК-нің интернет-ресурсын жетілдіру жұмысын жалғастыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңір кәсіпкерлерінің қанағаттану коэффициенті;

      2) интернет-ресурсына кіруі (ақпаратты жаңалаудың өзектілігі мен жеделдігін көрсетеді);

      3) ӘКК қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ескертілу санының жыл сайынғы өсімі.

      Межеленген нәтижелер:

      1) имидждік саясатты қолдау мақсатында ӘКК республикалық және халықаралық деңгейдегі ӘКК үшін маңызы бар іс-шаралардың тиімді жарнамалық-ақпараттық және PR-сүйемелдеу жөніндегі шаралар өткізуді жалғастырады;

      2) компаниялар тобының ішкі және сыртқы нарықтардағы ақпараттық танылуы күшейтілетін болады;

      3) білім деңгейін арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленіп, ӘКК қызметкерлері үшін еңбек және салауатты өмір салтын қолдаудың қолайлы жағдайлары жасалады;

      4) қоғам қызметіне өңір кәсіпкерлерінің қанағаттану коэффициентінің шамасы бойынша 2015 жылы 50 %, 2023 жылы – 90 % шамасына дейін қол жеткізу жоспарлануда;

      5) жаңа технологиялар мен мүмкіндіктерді қолдану арқылы компанияның интернет-ресурсын (www.caspiy.kz) жетілдіру жұмысы жалғастырылады, бұл инвесторлардың, әріптестердің, мүдделі адамдардың ӘКК қызметі туралы хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді.

  "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
қосымша

Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған стратегиялық даму қызметінің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК)

      1-ҚСБ. Инвесторларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңірде перспективалы, бәсекеге қабілетті инвестициялық жобаларды іске асыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Инвестициялық қоржын көлемінің жыл сайынғы өсімі, %

3

3

3

3

4

5

5

5

5

5

оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестициялар көлемінің өсімі (өсімі 1-2 %), %

1

1

1

1

1

2

2

2

2

2

2-ҚТК. Бірлескен жобалардағы ӘКК-нің салған қаражатына жеке инвесторлар қаражатын тарту арақатынасының коэффициенті, %

115

115

120

120

120

125

125

125

130

130


      2-мақсат. Жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру, бірл.



2

2

3

4

6

7

8

9

10

2-ҚТК. Жұмыс орындарын құру, бірл.



40

50

150

170

180

200

200

200

200

3-ҚТК. Еңбек өнімділігін арттыру, есе



1,6

1,6

1,7

1,8

1,9

2

2,1

2,2

2,3


      2-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      Мақсат. Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру және инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, перспективалы салалардың дамуын қамтамасыз ету

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өңірде құрылған бизнес-инкубаторлар мен индустриялық аймақтардың саны, бірл.



1

1

1

2

2

2

3

3

3

2-ҚТК. Өңірдегі ӘКК-нің қатысуы бар бірыңғай кластердегі кәсіпорындардың саны, бірл.

2

2

3

4

4

5

5

6

6

7

3-ҚТК. Баламалы энергетика мен энергия тиімді технологиялар пайдаланылған жобалардың саны, бірл.



2

2

2

2

2

2

2

2

3


      3-ҚСБ. ӘКК активтерін тиімді басқару

      1-мақсат. Активтерді басқарудың тиімді жүйесі

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ROA, %

2,1

2,1

2,2

2,2

2,2

2,2

2,2

2,2

2,2

2,2

2-ҚТК. ROE, %

1,5

1,5

1,6

1,6

1,6

1,6

1,6

1,6

1,6

1,6

3-ҚТК. Бір қызметкерге шаққандағы таза кірісі, млн. теңге



2,341

2,463

2,585

2,707

2,854

3,000

3,146

3,293

3,463


      2-мақсат. ӘКК қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Негізгі қызметтен түсетін таза кіріс, млн. теңге



101

101

106

111

117

123

129

135

142

2-ҚТК. Жыл қорытындысы бойынша ӘКК-нің салған қаражатына бюджет қаражатын тарту арақатынасы, %

35

37

39

41

43

45

47

49

51

54

3-ҚТК. ӘКК-нің шоғырландырылған рентабельділігі, %

2

2

2,1

2,1

2,2

2,2

2,2

2,5

2,5

2,5


      3-мақсат. Берілетін мемлекеттік активтерді оңалту

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың саны, бірл.

1

1

1

1

1

0

1

1

1

2


      4-ҚСБ. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

      1-мақсат. Корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ӘКК мен ЕТҰ-дағы корпоративтік басқару рейтингісі, шәкіл

0

3

3

4

4

5

5

6

7

7

2-ҚТК. Кадрлардың тұрақтамауы, %

15

7

6

5

5

5

5

5

4

3

3-ҚТК. Жыл бойы қызметкерлерді оқытумен қамту, %

12

25

25

25

30

30

35

35

35

35


      2-мақсат. ӘКК оң имиджін қалыптастыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өңір кәсіпкерлерінің қанағаттану деңгейі, %

40

50

60

70

70

80

85

87

90

90

2-ҚТК. Веб-сайтқа кіруі (ақпаратты жаңалаудың өзектілігі мен жеделдігін көрсетеді), бірлік

5000

7000

9000

12000

15000

18000

20000

24000

28000

30000

3-ҚТК. ӘКК қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ескертілу санының жыл сайынғы өсімі, бірлік

70

90

150

200

300

350

380

420

450

500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады