"Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 842 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 842 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясы

      "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған ӘКК дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Даму тұжырымдамасы) сәйкес әзірленген.

      ӘКК Стратегиясы оның бесжылдық кезеңге арналған даму жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады және оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды.

      Осы Стратегия таяудағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:

      1) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

      5) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының;

      6) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының;

      8) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының;

      9) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының;

      10) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      11) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысының;

      12) "Павлодар облысының аумақтарын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Павлодар облыстық мәслихаты сессиясының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 330/30 шешімінің;

      13) "Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 350/10 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

      ӘКК-нің даму стратегиясын жасаудың және енгізудің қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) дәйектілік – даму стратегиясында қарама-қайшы мақсаттар мен бағдарламалар жоқ;

      2) келісімділік – даму стратегиясында сыртқы ортаға және онда болып жатқан өзгерістерге бейімделушілік көзделеді;

      3) артықшылық – даму стратегиясы қызметтің таңдап алынған саласында шығармашылықты және бәсекелестік артықшылықты қолдау үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;

      4) жүзеге асырылуы – даму стратегиясында қолда бар ресурстарды шамадан тыс жұмсау көзделмейді және ол шешімі жоқ проблемалардың орын алуына әкеп соқтырмайды.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті алғаш рет 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) сөз етті: "Қазақстанның түрлі өңірлерінде бастапқы кезеңде қолдарына коммуналдық меншікті, жерді, жаңа бизнес жасау үшін пайдалануға болатын жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды беру арқылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жасақтауға болады. Әрбір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өзіндік бір өңірлік даму институтына айналуға тиіс, оның еліміздің тиісті өңіріндегі мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг компаниясы ретінде жұмыс істеуі мүмкін".

      Ұйымдық қалыптасуы

      Жолдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес 2007 жылы елдің әр өңірінде жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылды.

      "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында он алты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жұмыс істейді. Әрбір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация үшін қызметтің өзіндік негізгі нысанасы айқындалған.

      Атап айтқанда, "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы үшін – мемлекеттік және жеке секторлардың күш-жігерін шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру, инвестициялар тарту және инновациялар үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ мынадай: газ (көмір қабаттарынан алынатын метаннан басқа), мұнай, уран сияқты пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы, оның ішінде кең таралған қазбаларды барлауға, өндіруге және өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 222 бұйрығымен "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен 50 %-дан тең үлестермен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне берілді.

      2011 жылғы 25 – 27 мамырда акционерлер "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастырып, оны "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (Павлодар облысы) және "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (Шығыс Қазақстан облысы) бөлу туралы шешім қабылдады. 2011 жылғы 9 маусымда "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын мемлекеттік тіркеу жүргізілді, Павлодар облысының әкімдігі оның жалғыз акционері болып табылады.

      Бүгінгі күні ӘКК қызметі бизнес-бастамаларды қолдауға және экономикалық белсенділікті ынталандыруға, өндірістердің жаңаларын құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, үкіметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.

      Өңір туралы

      ӘКК өз қызметін Павлодар облысының аумағында жүзеге асырады.

      Павлодар облысы (бұдан әрі – облыс) – Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігіндегі индустриялық және экономикалық дамыған өңір.

      Облыс аумағында қуатты өнеркәсіптік кешен, бай табиғат ресурстары, маңызды ғылыми, мәдени және адами мүмкіндіктер шоғырланған. Облыс – республиканың дамыған кен өндіретін өңірлерінің бірі. Пайдалы қазбалардың көптеген қорларының жалпыреспубликалық маңызы бар. Облыста меншік нысаны әртүрлі 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді әрекет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша шикізат қоры және өндірістік қуаттар бар.

      Облыстың ыңғайлы орналасуы Оңтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдары арқылы, автомобиль, авиация, электронды, құбыржол және өзен көлігінің түрлерімен басқа мемлекеттермен және Қазақстанның басқа облыстарымен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ертіс өзені республиканың негізгі су көлігі магистральдарының бірі болып табылады. Басты су артериясы арқылы кеме қатынасын ұйымдастыру Ресей Федерациясына мыңдаған тонна жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      Шекаралас мемлекеттердің, Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы қалыптасқан үрдістерін ескерсек, ӘКК-нің мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) қағидаттарына негізделген қатысушы елдер ішіндегі тығыз ынтымақтастықты дамытудағы, сондай-ақ осы серпінді қолдаудағы рөлі күшейе түседі.

      Облыс аумағы арқылы негізгі халықаралық автомобиль маршруттары (Орталық Азия – Ресей, Қытай – Қазақстан – Ресей), Ресейге, елдің орталығына және оңтүстігіне бағытталатын теміржол өтеді.

      Тұтастай алғанда, облыс аумағында пайдалы қазбалардың бірегей қорларының және энергетика ресурстарының болуы, дамып келе жатқан өнеркәсіптік сектор перспективалары өңір аумағында қазіргі көпсалалы өндірістерді құруға мүмкіндік береді.

      Индустриялық-инновациялық даму

      Облыс өнеркәсібін дамытудың оң үрдістеріне Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) шеңберінде облыс кәсіпорындарының инвестициялық қызметінің жандануы ықпал етті.

      Жаңадан өзектілендіруді ескергенде облыс кәсіпорындары ҮИИДМБ шеңберінде Индустрияландыру картасының 79 жобасын іске асыруда, инвестициялар көлемі – 733,9 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 9 955, оның ішінде: инвестициялар көлемі – 404,25 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 2000 Республикалық индустрияландыру картасының 4 жобасы және инвестициялар көлемі – 329,6 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 7955 Өңірлік индустрияландыру картасының 75 жобасы бар.

      2010 жылы облыста Өңірлік индустрияландыру картасының 17 жобасы пайдалануға берілді (инвестициялар көлемі – 85,7 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 2382). 2011 жылы инвестициялар көлемі – 58,8 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 431 Индустрияландыру картасының 16 жобасы пайдалануға берілді.

      2012 жылы инвестициялар көлемі – 45,3 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 1084 Индустрияландыру картасының 17 жобасы пайдалануға берілді.

      2013 жылы инвестициялар көлемі – 75,3 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 457 Өңірлік индустрияландыру картасының 5 жобасы пайдалануға берілді. 2014 жылдан кейін енгізілетін 32 инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда, оның инвестициялар көлемі – 846,2 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 5 538.

      2014 жылы 17 жобаны іске қосу жоспарлануда, инвестициялар көлемі – 302,9 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны – 3683.

      Іске асырылып жатқан жобалар жоғары технологиялы болып табылады, қазақстандық қамтуды арттыруға және экспорттық әлеуетті екі есе ұлғайтуға бағытталған.

      Жер қойнауын пайдалану

      Павлодар облысы Қазақстан Республикасының минералды-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Павлодардағы Ертіс өңірінің қатты пайдалы қазбаларының жалпы теңгерімдік құны 460 миллиард долларға бағаланады.

      Кен орындарының бір бөлігі бұрыннан және табысты дамытылуда, қалғандарында қосымша геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру шарттары айқындалуда.

      Екібастұз бассейнін игерудің бірінші елу жылында 2 миллиард тоннадан астам көмір шығарылды.

      Алтын кен орнының болжамды қорлары шамамен 150 тонна деп бағаланады, олардың құрамында осы асыл металдан басқа, күміс, мыс, мырыш, барит бар.

      Павлодар облысының аумағында бекітілген қорлары бар жалпы таралған пайдалы қазбалардың 105 кен орны бар, оның ішінде: кірпіш шикізаты - 41, құм-қиыршықтас материалдары – 8, құрылыс тасы – 18, цемент шикізаты – 2, құрылыс құмы – 13, әктас – 3, керамзит шикізаты – 2, пішіндеу материалдары – 1, ас тұзы – 13, декоративтік-қаптау тастары – 4. Қазіргі кен орындарының жалпы санының қатарынан 62 кен орны бос.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткізбей, ӘКК-мен тікелей келіссөздер арқылы келісімшарт жасасу жолымен ұсынылады.

      Ауыл шаруашылығы

      Өңірдің ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды, оның ішінде 8,36 млн. га астамы егістік жерлері болып табылады. Облыста өсірілетін негізгі дақылдардың бірі бидай болып табылады, ол егістік алқабының жартысына жуығын алады. Егістіктің 15 – 17 %-ына жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

      Жалпы өңірлік өнімдегі Павлодар облысының өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының арақатынасы ауыл шаруашылығының жалпы өндірісінің нақты көлемінде тиісінше өсімдік шаруашылығы 38,1 %-ды, мал шаруашылығы 61,8 %-ды құрайды.

      Өңірдің аграрлық секторының құрылымдалған сипаты бар әрі ірі және орта шаруашылықтар бойынша шоғырланған, мұның өзі шаруашылықтарды кеңес заманындағы колхоздар әдісі бойынша ірілендіру үшін мүмкіндік береді.

      Туризмді дамыту

      Соңғы кездері туристік бағыт ретінде Қазақстанға деген қызығушылық бүкіл әлем бойынша едәуір өсті және тиісінше, саяхатшылардың мейлінше көп санын тарту үшін жергілікті туроператорлар ұсынатын туристік қызметтер спектрі жылдан жылға артып келеді.

      Павлодар облысының табиғи әлеуеті экологиялық туризмді дамыту үшін мол мүмкіндік береді, себебі ол урбанизация процестерімен және ауыл шаруашылығының қарқынды өндірісімен әлі қамтыла қоймаған сан алуандылыққа бай, бірегей, ландшафты тартымды.

      Тарихи-этнографиялық ескерткіштер: Баянауыл ұлттық табиғи паркімен, "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватымен; Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қаумалымен, "Ертіс өзені алқабы" табиғи мемлекеттік қаумалымен, "Қаз қонақ" табиғат ескерткішімен бірге ерекше қорғалатын аумақтар мен олардың құрамдас бөліктері Павлодар облысындағы экологиялық туризм объектілері болып табылады.

      Шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдау

      Облыста шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ), әсіресе, бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету бойынша баса назар аударылады.

      Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" (төртінші бағыт: кәсіпкерлік әлеуетті нығайту);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген "Жұмыспен қамту – 2020" (бұдан әрі – "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы) (екінші бағыты: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету) сияқты мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғастырылуда.

      Инвестицияларды тарту

      ҮИИДМБ-да тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың жүйелі шаралары нақты анықталған, оларды іске асыру Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялар тарту үшін аса қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада көзделген.

      Бұдан басқа, "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев былай деп атап өтті: "Ағымды дамудың маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағындарын әртараптандыру болып табылады".

      Республикалық деңгейде бұл мәселелерді шешумен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы айналысады. Өңірлік (жергілікті) деңгейде – жергілікті атқарушы органдардың құрылымында жұмыс істейтін, оның ішінде ӘКК жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары айналысады.

      2010 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде Павлодар облысы 80 576,5 млн. теңге тікелей шетелдік инвестиция тартты, оның ішінде: 2010 жылы – 5,4 млн. теңге, 2011 жылы – 9 751,5 млн. теңге, 2012 жылы – 30 134,5 млн. теңге, 2013 жылы – 40 676,0 млн. теңге.

      Сыртқы ортаның ғаламдық факторларының ықпалын талдау

      ӘКК қызметіне сыртқы ортаның ғаламдық факторлары, оның ішінде құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық және технологиялық факторлары ықпал етуі мүмкін, оларды уақтылы анықтау ӘКК-ге қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттар мен міндеттерді таңдауда, сондай-ақ оларды іске асыру үшін басқарушылық тиімді шешімдер қабылдауда тәуекел жағдайын төмендетуге мүмкіндік береді.

      Құқықтық факторлар

      ӘКК өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің және "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын, сондай-ақ Даму тұжырымдамасында және Павлодар облысының аумақтарын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасында (бұдан әрі – АДБ) ӘКК үшін анықталған шаралар мен бағыттарды басшылыққа алады және қызметтің құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

      Мынадай нормативтік құжаттар ӘКК құрудың құқықтық негізі болып табылады:

      1) "Ертiс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығы;

      2) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысы.

      Нәтижесінде ӘКК-ге жекелеген үкіметтік және меншікті бастамаларды іске асыруға преференциялар, артықшылықтар берілетін Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік құқықтық актілерін шығару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын өзгерту және толықтыру жағымды әсерін тигізетін сыртқы құқықтық факторларға жатады.

      Саяси факторлар

      Орнықты ішкі саяси жағдайлар, сырттан төнетін қатерлердің болмауы және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылықтың орын алуы облыс экономикасының табысты және серпінді дамуына ықпал етеді. Бұдан басқа, Стратегиялық жоспар - 2020 іске асыру үшін мемлекет экспорттық әлеуеті бар салаларды, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) және жеңіл өнеркәсіпті, сонымен қатар көлік және байланыс саласын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘКК құзыреті шеңберінде жер қойнауын зерттеуді және пайдалануды дамытуға қолайлы әсер ететін шаралар кешенін қабылдауда.

      Шаруашылық факторлар

      ӘКК өзінің клиенттері ұшырауы мүмкін ықтимал шаруашылық қатерлерді ескеруі қажет. Шикізаттың, материалдардың, жиынтықтауыштардың, энергия ресурстарының ішкі және сыртқы бағаларының үнемі өзгеріп отыруы ӘКК-нің қарыз алушылары қызметінің табыстылығына айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.

      Экономиканың нақты секторына инвестицияланған мемлекет қаражатын қайтару мерзімдерінің ұзақтығын ескерсек, өнімді өндіру мен өткізудің әлеуетті көлемінің, материалдық шығындар құны мен жүкқұжат шығасыларының, өнім бағасының, шикізат пен материалдар қолжетімділігінің айтарлықтай өзгеруі, тұтастай нарық конъюнктурасының өзгеруі сияқты агроөнеркәсіптік кешен мен индустрия саласы субъектілерінің шаруашылық қызметінің түйінді факторларындағы әлеуетті өзгерістерді аса мұқият салмақтап, бағалаған жөн.

      Демографиялық факторлар

      Павлодар облысындағы демографиялық жағдай халық санының орнықты өсу үрдісімен сипатталады.

      Облыстағы демографиялық жағдай табиғи өсу мен табиғи кему процестеріне тікелей тәуелді.

      2009 жылдан бастап облыс халқының саны жыл сайын орта есеппен 2,0 адамға өсіп отырды. Қала халқы жалпы халық санының үштен екі бөлігін құрайды.

      Сонымен қатар, ел бойынша 90-шы жылдардың басындағы бала туудың төмен болуы және халықтың қартаюы Павлодар облысының еңбек нарығындағы проблемалардың, атап айтқанда, ӘКК үшін еңбек ресурстарының жеткіліксіздігінің бірден-бір себепшісі болып отыр.

      Технологиялық факторлар

      ӘКК қызметі орындалуы технологиялық жабдықтауға тәуелді болатын өндірістік қызметпен немесе қызметтер көрсету саласындағы қызметпен тікелей байланысты емес. Сондықтан технологиялық факторлардың ӘКК қызметіне әсері жанама түрде байқалады, атап айтқанда, бұл факторлар ӘКК-нің еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) жұмысына, ал келешекте ӘКК қатысуымен құрылған, қызметі өндіріспен, дайын өнім шығарумен және қызметтер көрсетумен байланысты болатын кәсіпорындардың қызметіне әсер етуі мүмкін.

      Өндірістің тиімділігі және техникалық қайта жарақтау, өнімдердің жаңа түрлерінің өндірісін меңгеру жылдамдығы және ең жаңа технологияларды тарту технологиялық дамуға әсер ететін түйінді факторлар болып табылады. Аталмыш факторлардың технологиялық дамуға ерекше әсері қазақстандық экономиканың құрылымына, ағымдағы жай-күйіне және оның өсу үрдістеріне, елдің ғылыми-техникалық саласындағы қалыптасқан жағдайға байланысты.

      ЕТҰ-да жаңа технологияларды енгізудің ағымдағы жай-күйі қажетті деңгейге сәйкес келмейді және олардың өнімдерінің тұрақты өсуін, қызметтердің тиісті деңгейде іске асырылуын, жаңа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеуді және енгізуді, оларды бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым жоғары деңгейіне шығаруды қамтамасыз етпейді.

      Осылайша, ЕТҰ технологиялық жаңғыртуды жүргізу талап етіледі, оның барысында өнімділігі төмен және көп еңбекті қажет ететін жабдықтар қазіргі заманға сай және тиімді жабдықтарға ауыстырылады.

      Осыған байланысты, отандық өндірістің технологиялылығының деңгейін және оның жабдықтарының технологиялылығын арттыру ЕТҰ көрсететін қызметтерге мен өндірілетін өнімге деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

      Климаттың өзгеруінің ықпалы

      Әлемдегі климаттың өзгеруі, әсіресе ауыл шаруашылығында көбірек қатты сезілетін болады.

      Павлодар облысы болашақта жылдық және маусымдық жауын-шашын көлемінің күрт қысқаруының салдарынан зардап шегуі мүмкін. Қуаңшылық, су тасқыны, боран ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығына ықпал етіп, егіс алқаптарының құрылымына өз түзетулерін енгізетіні сөзсіз.

      Климаттың су ресурстарының жай-күйіне ықпалы да айтарлықтай проблема туындатады. Ірі және шағын су тоғандары таязданып, егіс алқаптарындағы суару мүмкіндіктері төмендеп, астық өсіретін аудандарда жерасты суларын сорып алу жиілеп барады.

      Диқаншылық жағдайларының нашарлауына әкеп соқтыратын ықтимал климаттық өзгерістер өсімдік шаруашылығы өнімдеріне деген әлемдік қажеттіліктің ұлғаюына да, ирригациялық жүйелер мен заманауи суару жабдықтарына деген сұраныстың артуына да ықпал етуі мүмкін. Бұл ӘКК-нің дамуды ұлғайтып, өзінің АӨК саласына қатысуын ұлғайтуға, АӨК-ті қажетті жабдықтармен және өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Температураның айтарлықтай төмендеуі сияқты климаттық жағдайлардың нашарлауы ӘКК ЕТҰ-ның бірі – жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" акционерлік қоғамының қызметіне әсерін тигізуі мүмкін (қаланың жолаушылар ағымының 40 %-ына дейін).

      Осыған байланысты табиғи-климаттық жағдайлардың өзгеруі ӘКК қаржылық нәтижесіне де айтарлықтай әсерін тигізетін болады (қаржылық тәуекелдердің туындауы).

      Ішкі ортаны талдау

      ӘКК жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын компания болып табылады.

      Түскен пайданың бір бөлігін өңірдің әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджетке (акционерлердің шешімі бойынша дивидендтік саясат шеңберінде) жіберуі ӘКК-нің коммерциялық корпорациялардан негізгі айырмашылығы болып табылады.

      ЕТҰ-нің құрамындағы ӘКК құрылымы (бұдан әрі – топ)

      Кейіннен оңалту (сауықтыру), қайта құрылымдау және олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін жергілікті атқарушы орган ӘКК-ге (меншік құқығында) қызметінің коммерциялық бағдарланған сипаты бар мемлекеттік активтерді берді. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (бұдан әрі – ТКШ), қоғамдық көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы кәсіпорындар. Атап айтқанда:

      1) "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ – трамвай паркі арқылы жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз ететін кәсіпорын;

      2) "Күрделі құрылысты басқару – ПВ" ЖШС – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер, өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы, әлеуметтік мәдени тұрмыс және тұрғын үй объектілерін жобалауды, салуды ұйымдастыру;

      3) "Wind Energy Pavlodar" ЖШС – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді жобалау және салу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру;

      4) "Ертiс-Өркені" ЖШС – азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану, сервистік-дайындау орталықтарын құру жөніндегі жобаларды және АӨК саласының өзге де жобаларын іске асыру;

      5) "Песчанский" асыл тұқымды орталығы" ЖШС – мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру, асыл тұқымды ірі мал басын шығару;

      6) "Павлодар" қаржы орталығы" микрокредиттік ұйымы" ЖШС (бұдан әрі – "Павлодар" ҚО" МКҰ) 2011 жылы Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мақсатында құрылды. 2011 жылы ӘКК "Павлодар" ҚО" МКҰ арқылы жалпы сомасы 370 млн. теңгеге өндірістердің жаңаларын ашуға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға бағытталған 177 бизнес жобаны қаржыландырды. 2012 жылы – 769,5 млн. теңге сомаға 327 жаңа жоба, 2013 жылы – 780,06 млн. теңге сомаға 348 жаңа жоба қаржыландырылды;

      7) "Павлодар" әлеуметтік даму корпоративтік қоры ӘКК-нің шарттары бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жер қойнауын пайдаланушылар аударатын қаражаттан Павлодар облысындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін 2012 жылы құрылды;

      8) "Брокерлік ӘКК" ЖШС Павлодар облысының өндірушілерін өнімдерді сатудың, өңірдің өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдаудың тиімді (ашық, бәсекелес, жылдам) тетігімен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы құрылды;

      9) "Майсорское" ЖШС – пайдалы қазбалардың кен орындарын пайдалану (үлесі 49 %);

      10) "Павлодар жылыжай комбинаты" ЖШС – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (үлесі 49,9 %).

      Сонымен қатар, бөлу теңгеріміне сәйкес ӘКК-ге мынадай кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу үлестері берілді:

      1) "Қалалық электр желілері" АҚ – электр энергиясын сатып алу, тасымалдау және өткізу, электр желілерін пайдалану, жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау (үлесі 30 %);

      2) "Ертіс-Лада" ЖШС – жаңа және қолданыста болған автомобильдер мен олардың қосалқы бөлшектердің сату алдында дайындау және сату, автомобильдерге кепілдікті қызмет көрсету және оларды жөндеу (үлесі 45,25 %);

      3) "Павлодаршина" ЖШС – автомобиль шиналарын шығару және сату, автомобиль шиналарын жөндеу (үлесі 31,2 %).

      ӘКК үлестік қатысатын 13 кәсіпорынның ішінен:

      2013 жылдың қорытындысы бойынша 3 компания шығынды болып табылады ("Ертiс-Өркені" ЖШС, "Күрделі құрылысты басқару – ПВ" ЖШС, "Павлодар" ҚО" МКҰ");

      2013 жылдың қорытындысы бойынша 3 компания шығынсыз қызмет деңгейіне шықты ("Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ, "Ертіс-Лада" ЖШС және "Қалалық электр желілері" АҚ);

      2 компания жұмыс істемейді ("Майсорское" ЖШС, "Павлодаршина" ЖШС).

      Оның ішінде 3 ЕТҰ-ға ("Песчанский" асыл тұқымды орталығы" ЖШС, "Күрделі құрылысты басқару – ПВ" ЖШС, "Павлодар" ҚО" МКҰ) Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) қызметті одан әрі жүзеге асыруға келісім беруден бас тартты. Осыған байланысты қазіргі уақытта ӘКК осы ЕТҰ-ға қатысты мынадай шараларды жүргізуде:

      1) "Песчанский" асыл тұқымды орталығы" ЖШС – кәсіпорынның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сату арқылы бәсекелес ортаға берілді;

      2) "Күрделі құрылысты басқару – ПВ" ЖШС – ӘКК-нің Директорлар кеңесі 2012 жылғы 30 мамырда "Күрделі құрылысты басқару – ПВ" ЖШС 51 % көлеміндегі қатысу үлесін сату туралы № 28 шешім қабылдады (сатып алушылардың болмауына байланысты 2012 жылғы 7 тамызда ӘКК қатысу үлесін сату бойынша ағылшын әдісімен аукцион өткізілген жоқ, 2012 жылғы 28 тамызда голланд әдісімен өткізілген аукцион да өткізілген жоқ);

      3) "Павлодар" ҚО" МКҰ" – 100 % көлеміндегі қатысу үлесін сату рәсіміне бастама жасалды.

      Бұдан басқа, 2013 жылғы 5 ақпанда ӘКК-нің Директорлар кеңесі бекіткен 2013 жылға арналған Қаржылық сауықтыру бағдарламасына сәйкес ӘКК "Қалалық электр желісі" АҚ-ның акциялар пакетін бәсекелес ортаға берді.

      Жергілікті атқарушы органнан, ӘКК-ге негізінен, корпоративтік және қаржылық басқарудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, өзін-өзі ақтау және рентабельділік деңгейіне көтерілу мәселелерін шешуді қажет ететін проблемалы активтер берілді.

      ӘКК-нің қалыптасу кезеңінде оның ЕТҰ өз қызметін ӘКК-нің жүйелі түрде дотациялық қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асыруда (кәсіпорындардың рентабельді болмауына байланысты оларға жүйелі түрде қаржылық көмек көрсетіліп отырады). Бұл оның қызметінің қаржылық нәтижесінің нашарлауына әкеп соқтырады.

      ЕТҰ-ны қаржылай сауықтыру мақсатында ӘКК оларды оңалту (сауықтыру) жоспарларын әзірлеуде, мұнда активтерді (қажет болған жағдайда) қайта құрылымдау көзделеді. Бұдан басқа, "Павлодар" ҚО" МКҰ-да штат санын 12 бірлікке оңтайландырып, еңбекақы төлеу қорын 23,4 млн. теңгеге қысқарту арқылы және "Күрделі құрылысты басқару – ПВ" ЖШС штат санын 15 бірлікке, еңбекақы төлеу қорын 14,1 млн. теңгеге қысқарту арқылы әкімшілік шығындарды қысқарту жүргізілді.

      Қазіргі уақытта қолда бар қаржы қаражаты ӘКК-нің инветициялық қызметті жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді, ал бұл қызмет кірістерді қалыптастырудың негізгі көзі болуы тиіс.

      Бөлу теңгеріміне сәйкес бөлу кезінде қаржылық жағдайы орнықты шығынды болып бағаланатын 5 еншілес компания ӘКК-ге берілді. Олардың рентабельді болмауына байланысты ӘКК бұл активтерден дивидендтер алуға үміттене алмайды.

      Сонымен қатар, ӘКК мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарына негізделген инвестициялық саясат құрады, осылайша, өз өңірі үшін экономиканың басым салаларындағы перспективалы, жүзеге асырылатын бәсекеге қабілетті жобаларды іске асырмақ. Сонымен бірге, жеке инвестицияларды тартудан басқа, инвестициялық жобаларды нақты іске асыру ӘКК-нің меншікті капиталмен (ақшалай қаражат, жер, технологиялар және өзге де активтер) қатысуын көздейді.

      ӘКК-ні қосымша қаржыландыру (республикалық және жергілікті бюджет қаражатын қоса алғанда, қорландырудың барлық қолжетімді көздерін қолдану, әріптестердің жеке инвестицияларын тарту, сондай-ақ халықаралық және қазақстандық қаржы ұйымдарының кредиттері есебінен) табысты жұмыс істеудің және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің келесі қадамы болуы тиіс. Нәтижесінде бұл пайда түсіріп, акционерге дивиденд төлеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ӘКК жобаларын республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі олардың экономикалық орындылығын бағалаудан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

      Инвестициялық қызмет

      Инвестициялық қызметте оның тиімділігіне тежейтін бірқатар факторлар, оның ішінде инвестициялық жобаларды басқарудың "қоржынды" емес "дербес" сипаты; қоржын деңгейінде тиімділік көрсеткіштерінің болмауы; шикізат бағаларына және монополияға қарсы реттеуге тәуелділік, ӘКК-нің әлеуметтік бағыттағы функцияларды қоса алғанда, коммерциялық емес функцияларды орындауы сияқты факторлар бар, бұлар ӘКК-нің инвестициялық мүмкіндігін тежейді. 2011 – 2013 жылдары қарыз инвестициялары көлемінің қомақты болуына қарай кейбір еншілес ұйымдардың міндеттемелері шекті деңгейлерге дейін өсті, осыған байланысты осы компаниялардың борыш құрылымын және пайыздық шығыстарын оңтайландыру қажет.

      Осы бағыт шеңберінде ӘКК жеке бизнеспен ынтымақтастық жасаудың әрқилы нұсқаларын отырып, (бірлескен кәсіпорындар құру, концессиялар, лизинг, кредит беру) қарастырып жатыр.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар үшін жеке бизнеспен ынтымақтастық жасау тек қана институционалдық түрде жаңа заңды тұлға – бірлескен кәсіпорын құру жолымен жүзеге асырылады, мұнда ӘКК-нің үлесі жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жарғылық капиталға жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер учаскесіне жер пайдалану құқығын салу ретінде бағаланады. Кен орнының қорларын барлауға және оның нақты тәуелсіз бағасын (заттай және құндық мәнде) алуға қатысты тиісті іс-шараларды аяқтау нәтижесі бойынша ӘКК бірлескен кәсіпорынға қатысушылардың қатысу үлестерін қайта қарау мәселесіне бастамашылық жасайды.

      ӘКК өндірісінде неғұрлым тартымды мынадай инвестициялық жобалар бар:

      1) Павлодар облысында жел электр станциясын салу;

      2) Павлодар қаласында ҮИИДМБ-ге сәйкес индустриялық-логистикалық парк салу;

      3) жылыжай кешенін салу;

      4) трамвай паркін жаңғырту;

      5) коммуналдық сауда үйін салу;

      6) пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар;

      7) инвестициялық қор құру.

      Тұтастай алғанда, топтың, сондай-ақ мүдделі компаниялардың да жобаларын іске асыру кезінде ӘКК мынадай қаржыландыру құралдарын қолданады:

      1) ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық қағидаттары бойынша қарыздық қаржыландыру;

      2) ӘКК-нің иелігіндегі қаржы қаражатын, жер учаскелерін, жер қойнауын пайдалану құқықтарын, жабдықтар мен өзге де активтерді беру жолымен қаржы қаражаты және материалдық-техникалық жабдықталуы жеткіліксіз ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту.

      Сонымен қатар, ӘКК іске асырылуы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін, ал оларға ӘКК-нің қатысуы, сол сияқты шығуы да акционердің шешімімен анықталатын мынадай үкіметтік бастамалардың операторы болып табылады:

      1) Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған халықты өнімді жұмыспен қамту;

      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы – Павлодар облысының қалаларындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру;

      3) Аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары;

      4) "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамының қатысуымен астықты ӘКК кепілдігімен форвардтық сатып алу жолымен Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру бойынша бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге кепілдік беру.

      Бұдан басқа, ӘКК АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жөніндегі шараларды жүзеге асырады деп болжанады.

      Даму тұжырымдамасына сәйкес ӘКК-ге оператор функциясы жүктелетін мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы ӘКК жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

      Қаржы ресурстарының шектеулі болуына байланысты ӘКК неғұрлым перспективалы инвестициялық жобаларды жүйелі түрде өзектілендіріп, айқындап отырады, стратегиялық инвесторларды іздеумен және тартумен айналысады.

      Туризмді дамыту

      Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елдегі туризмнің өсу нүктелері белгіленді, олар бойынша Туризмді дамытудың жүйелі жоспарлары, оның ішінде Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жүйелі жоспары әзірленді.

      Жүйелі жоспар негізінде Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Тұжырымдама жобасының шеңберінде бес негізгі өңірлік туристік кластер және бәсекеге қабілетті туристік өнімдер анықталды. Ірі ұлттық және өңірлік жобалардың тізбесі қалыптастырылды.

      Тұжырымдама жобасына сәйкес Павлодар облысы Астана кластерінің бір бөлігі болып табылады.

      Өңірдің туристік саласын одан әрі дамыту мақсатында ӘКК МЖӘ құралдарын пайдалана отырып, Баянауыл ауданында инфрақұрылым құру жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр. Жалпы ауданы 6 га 3 учаскеге ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы алынды, мұнда "Сабындыкөл" көлінде заманауи демалыс үйлерін және "Жасыбай" көлінде спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Қазіргі уақытта туризм объектілерін салу үшін әріптестер (инвесторлар) іздеу жұмыстары жүргізілуде.

      Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жүйелі жоспарын іске асыру мақсатында ӘКК облыс аумағында туризм саласындағы, оның ішінде туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізетін болады.

      Инвестицияларды тарту

      Даму тұжырымдамасына сәйкес ӘКК әлеуетті шетелдік инвесторлармен, даму институттарымен және басқа да қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық жүргізу жолымен өңірге инвестициялар тартуға қатысуға бағдарланған.

      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2012 жылдан бастап ӘКК құрылымында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ИҚО) жұмыс істейді.

      ИҚО-ның негізгі міндеттері:

      1) өңірге инвестициялар тарту үшін инвесторлар іздеу;

      2) инвесторлардың жобаларын өңірлік деңгейде сервистік қолдау және сүйемелдеу.

      ИҚО функциялары:

      1) өңір үшін отандық және шетелдік инвесторларды, қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бірінші терезе" функцияларын жүзеге асыру;

      3) инвесторлар үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      4) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және енгізу;

      5) ИҚО құзыретінің шегінде облыс аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;

      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңын құру;

      7) инвесторлардың проблемалы мәселелерін өңірлік деңгейде шешуге қатысу, инвесторлардың мүддесін қорғау;

      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, жұмылдырылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      9) инвесторлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерін, кездесулерін, "дөңгелек үстелдерін" ұйымдастыру;

      10) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңір мүддесін білдіру;

      11) қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестер іздеу;

      12) ИҚО құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу;

      13) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтер көрсету.

      Осылайша, жоғарыда көрсетілген бағдарламалық құжаттар, олардың негізінде өңірде қалыптасқан инвесторға сервистік қолдау көрсету инфрақұрылымы (ИҚО) шетелдік инвестицияларды өңірге тікелей тартуға қатысу және қолдау бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасайды.

      Корпоративтік басқару

      ӘКК 2011 – 2012 жылдар кезеңінде ӘКК қызметін реттейтін ішкі корпоративтік құжаттарды әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізді, олардың ішінде Корпоративтік басқару кодексі мен ӘКК қызметкерлерінің іскерлік этика кодексі бар. Ішкі корпоративтік құжаттар қызметті жүйелеуге, реттеуге, регламенттеуге және корпоративтік басқару жүйесінің айқындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғары орган, басқару органы, атқарушы орган және ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелері арасында өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыруға бағытталған.

      ӘКК өз қызметін жүзеге асыру барысында Корпоративтік басқару кодексінде белгіленген корпоративтік басқарудың негіз қалаушы қағидаттарын басшылыққа алады:

      1) ӘКК жалғыз акционерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

      2) Директорлар кеңесінің және Басқарманың ӘКК-ні тиімді басқару қағидаты;

      3) ӘКК-нің қызметі туралы ақпараттың ашықтығы және оны ашудың объективтілігі қағидаты;

      4) заңдылық және әдептілік қағидаты;

      5) тиімді дивиденд саясаты қағидаты;

      6) тиімді кадр саясаты қағидаты;

      7) корпоративтік жанжалды және мүдделер қақтығысын әділ реттеу қағидаты;

      8) жауапкершілік қағидаты.

      Осы қағидаттарға негізделген корпоративтік басқару компаниялар тобының тиімді қызметіне, оның ішінде топ активтерінің өсуіне және ӘКК-нің өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтауға ықпалын тигізеді.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ӘКК мүддесінде әрекет ете отырып, тиімді, кәсіпқой әрі тәуелсіз Директорлар кеңесі, дамудың стратегиялық бағыттарын айқындау, акционерлердің құқықтарын қорғау және басқарма қызметін бақылауды жүзеге асыру арқылы корпоративтік басқарудың тиісті деңгейін қамтамасыз еді. Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар ретінде бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін қосу ӘКК қызметін тәуелсіз әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Қаржылық-шаруашылық қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін ӘКК-нің Директорлар кеңесіне есеп беретін Ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Ішкі аудит қызметі ӘКК-нің Директорлар кеңесіне ӘКК-нің тиімді басқаруды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын, ішкі бақылау мен тәуекелді басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ ӘКК қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатындағы тәуелсіз және объективті ақпарат береді.

      Директорлар кеңесіне есеп беретін Корпоративтік хатшы Басқарманың, ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруге бағытталған рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Корпоративтік хатшы акционерлер құқықтарының бұзылуына байланысты жанжалдарды шешуге жәрдемдесіп, Директорлар кеңесінің акционерлермен, ӘКК Басқармасымен өзара ақпараттық іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді.

      ӘКК басқармасы жүйелі түрде отырыстар өткізеді және ӘКК-ні жедел басқару бойынша шешімдер қабылдайды. Басқарушылық шешімдер қабылдаудың жеделдігін арттыру, шешімдердің орындалуын бақылауды күшейту, командалық жұмыс үшін жағдай жасау мақсатында басшылықтың және ӘКК құрылымдық бөлімшелері басшыларының апта сайынғы жұмыс кеңестері өткізіледі.

      Бұл ретте, ӘКК-де және ЕТҰ-да корпоративтік басқару рейтингінің жоқ екенін атап өткен жөн, мұның өзі компаниялар тобы шеңберінде корпоративтік басқарудың үздік практикасын қолданудың тиімділігін төмендетеді.

      Компания қызметі жөніндегі ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін www.spkpavlodar.kz. веб-сайты жұмыс істейді және үнемі жаңартылып тұрады.

      SWOT-талдау

      4-кесте. SWOT-талдау

Мықты тұстары (S)

Осал тұстары (W)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан белсенді қолдау;

ұлттық компания мәртебесінің болуы;

ӘКК акционері – Павлодар облысының әкімдігі;

тікелей келіссөздер арқылы, конкурсқа қатыспай, жер қойнауын пайдалануға құқық алу;

Қазақстан Республикасының даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

ӘКК іске асырып жатқан және іске асыруды жоспарлап отырған бизнес-жобалардың қоржыны қалыптастырылды;

отандық, шетелдік әріптес-компаниялармен және инвесторлармен ынтымақтастық орнатылып дамытылуда;

нәтижеге бағытталған қызмет;

қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен өз алдына мақсат қоя білуі.

жекелеген үкіметтік бастамаларды іске асыруға қатысуына байланысты қаржылық шығындар мен тәуекелдер (микрокредит беру, ТКШ жаңғырту, азық-түлік қауіпсіздігі және басқа да шаралар бойынша мәселелер);

әкімдік пен ӘКК-нің, ӘКК мен бизнестің өзара іс-қимыл жасау белсенділігінің жеткіліксіз болуы;

жобаларға инвестициялар тарту кезінде қаржы тәуекелдерінің жоғары болуы;

ЕТҰ қызметі рентабельділігінің төмен деңгейі;

инновациялық, технологиялық және инженерлік сипаттағы инвестициялық салымдар үлесінің төмен болуы;

ЕТҰ-да кәсіпқойлығы жоғары кадрлардың тапшылығы болуы;

қоржында ұзақ мерзімді жобалардың қомақты үлесінің болуы, осыған байланысты ағымдағы кезеңде инвестициялық қызметтен экономикалық пайда түсіру мүмкін емес;

ӘКК дамуының бастапқы кезеңі, операциялық және қаржылық қызметтен түсетін ақша ағынының теріс болуы, осыған байланысты компанияның шығынды қызметі;

тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі – ТШИ) тарту бойынша қызметтің оң нәтижесіне қол жеткізудің ұзақ мерзімді сипаты.

Мүмкіндіктері (O)

Тәуекелдер (T)

экономиканы дамытуға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған мемлекеттік саясат;

BRIC елдеріндегі экономикалық өсу нәтижесінде шетелдік инвестицияларды тарту;

ИСО 9001 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін енгізу;

шетелдік компаниялармен әріптестік;

жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру көлемін арттыру және құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту;

мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды тарту;

ӘКК кредиттік рейтингін алу, ол тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін оң әсерін тигізеді.

ӘКК қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесіне әсер ететін және ӘКК-нің 2014 жылға қарай шығынсыздық деңгейіне шығуын бәсеңдететін, жеке үкіметтік бастамаларды жүзеге асыруға қатысуға байланысты залалдың, қаржы шығындарының, негізделмеген тәуекелдердің өсуі;

соңғы қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауы немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында алынған активтердің құнсыздануы (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кепілдер беру, тұрақтандыру қорының өнімдерін сақтау);

қызметін жалғыз акционердің жеткілікті қаржыландырмауына байланысты компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеу.


      Тұжырымдар

      Сыртқы ортаның мүмкіндіктерін ескеріп және ӘКК артықшылықтарын есепке ала отырып, жоспарланған кезеңде ӘКК-нің әлсіз тұстарын жоюға және сырттан төнетін қауіп-қатерлердің әсерін барынша төмендетуге, сондай-ақ мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін ӘКК-нің мықты тұстарын пайдалануға күш-жігер жұмсау қажет.

      Бұл ретте ӘКК АДБ бағыттарының сабақтастығы қағидаты бойынша оның күш-жігері шоғырландырылатын қызметтің мынадай басым түрлерін бөлуге болады:

      1) тау-кен өнеркәсіптік, әсіресе минералдық-шикізат кешені;

      2) агроөнеркәсіптік кешен;

      3) көлік және логистика;

      4) инвестициялар тарту.

      Минералдық-шикізат кешені

      Даму тұжырымдамасына сәйкес ӘКК жер қойнауын пайдалану құқығын іске асыру арқылы минералдық-шикізат кешенін дамытуға қолдау көрсетуді көздеп отыр. ӘКК-ге жалпы таралған пайдалы қазбалардың кен орындары, техногенді минералды түзілімдер, жерасты сулары, сондай-ақ "Тау-Кен Самұрық" акционерлік қоғамы мүдделі емес қатты пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтары берілуі мүмкін.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Аграрлық секторды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ӘКК үшін басым бағыт болып табылады, мұнда ұзақ мерзімді перспективада қажетті күш-жігер мен ресурстар салынатын болады.

      ӘКК ұсақ мал басын арттыру нарықты, жергілікті өндірістің ет өнімімен толықтыру, сондай-ақ машина-трактор паркін жаңарту және сервистік-дайындау орталықтарын қалыптастыру арқылы саладағы техникалық жабдықталудың дамуына қолдау көрсету есебінен Павлодар облысында бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы АӨК-ні сапалы дамытуға ықпал етуді жоспарлап отыр.

      Көлік және логистика

      Облыстың экономикалық және географиялық ерекшеліктері көлік жүйесінің дамуына тәуелділіктің жоғары болуын негіздей отырып, өңірлік экономиканың жүк сыйымдылығының жоғары деңгейін айқындайды. Көліктік және логистикалық инфрақұрылымдардың озық дамуы мемлекетті инновациялық индустрияландырудың шектеулерін алуға және облыс аумағы арқылы өтетін сауда ағындарының артуына әсер ететін болады.

      ӘКК экономиканың бұл секторында өзінің және өңірдің мүмкіндіктерін пайдаланып, инфрақұрылымды дамыту арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсететін болады.

      Инвестициялар тарту

      Қазіргі уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту Қазақстан өңірлерінде арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА), индустриялық аймақтардың (бұдан әрі – ИА) инвестициялық тартымдығын арттыру және МЖӘ тетігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

      Өңірде "Павлодар" АЭА жұмыс істейді, ол мұнай, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда, экологиялық қауіпсіз, жоғары технологиялы заманауи технологияларды пайдалану арқылы қосылған құны жоғары, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін дамытуға; серпінді инновациялық жобаларды, мұнай, мұнай-химия салаларын құру және дамыту жөніндегі, шикізатты терең өңдеу және қосылған құны жоғары, экспортқа бағдарланған өнімді молынан шығару жөніндегі ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруға маманданған.

      Қазіргі уақытта Павлодар облысының басшылығы Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында үш ИА ашуға бастама жасады. ИА базасында шағын және орта бизнес кәсіпорындары кең спектрлі өнеркәсіптік өнімнің, оның ішінде құрылыс өнімдерінің (шыны, пластмасса пішімі, дайын металл бұйымдары, әрлеу материалдары, кірпіштер) өндірісін ретке келтіреді деп болжанған, бұл ретте заманауи технологиялар қолданылатын болады.

      Бұл бағытта ӘКК өңірде жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымға қоса, перспективалы, оның ішінде МЖӘ қағидаттарында жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік инвесторларды тартатын болады.

2. Миссиясы және пайымы

      Миссиясы – мемлекеттік-жекешелік және бизнес әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      Пайымы – 2023 жылға қарай ӘКК активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институтына айналады.

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша межеленген нәтижелер

      ӘКК-нің алдына қойылған міндеттер шеңберінде мынандай қызметтің әлеуетті бағыттары айқындалған:

      1) топтың ұзақ мерзімді құнын арттыру;

      2) өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңғыртуға қатысу;

      3) өңірге инвестициялар тартуға қатысу;

      4) корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

1-ҚСБ. Топтың ұзақ мерзімді құнын арттыру

      1-мақсат. Активтер құнының өсімін қамтамасыз ету

      Міндеттер:

      1) активтердің құнын арттыру;

      2) ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді белсендірек ілгерілету үшін өнімді брендтеуге қолдау көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) ЕТҰ-да және ӘКК-ге берілген басқа да активтердегі кірістілік көрсеткіштері мен еңбек өнімділігін арттыру, бұл олардың құнының тез өсуіне ықпал етеді;

      2) жаңа басым бағыттарға инвестицияларды жүзеге асыру;

      3) жоғары кірістің туындауын және кейінгі өсімінің жоғары әлеуетін қамтамасыз ететін өңір экономикасының жаңа басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру;

      4) Топ активтерін қайта құрылымдауды жүргізу: бейінді операциялық қызметтерден ресурстарды (адами және қаржы) тартатын бейінді емес активтерді босату;

      5) ӘКК-нің Директорлар кеңесіне есеп бере отырып, активтер құнын бағалауды үнемі жүргізу;

      6) таратылатын әрқилы таныстыру материалдарын (буклеттер, каталогтар) дайындау және интернет-маркетинг (контексті жарнама, RSS-таспалар) арқылы мүдделі компаниялардың өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда белсенді ілгерілету;

      7) брендті басқару стратегиясын бірлесіп әзірлеу;

      8) брендті ілгерілету: интеграцияланған маркетингтік коммуникациялар; бренд мониторингі; іс-қимыл тиімділігін бағалау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жыл қорытындысы бойынша активтер құны;

      2) жыл қорытындысы бойынша инвестициялардың рентабельдігі (RОІ);

      3) жыл қорытындысы бойынша негізгі қызметтен түскен таза пайда (бір қызметкерге шаққандағы таза пайда).

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) активтер құнының 1,1 млрд. теңгеге артуы;

      2) өтініш берген бизнес құрылымдарға бренд қалыптастыру.

      2-мақсат. Активтерді тиімді басқару

      Міндеттер:

      1) активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік активтердің іскерлік айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру;

      3) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарын енгізу.

      Іс-шаралар:

      1) ӘКК капиталдандыруды жоғарылату бойынша шаралар қабылдау;

      2) Топ рентабельдігінің қажетті деңгейін қолдау бойынша шаралар қабылдау;

      3) инвестициялау стратегияларын іздестіру;

      4) тәуекел-менеджменті жүйесі енгізу;

      5) берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды қамтамасыз ету;

      6) олардың қызметінің тиімділігін арттыру;

      7) жарғылық капиталындағы үлесін (акциялар пакеттерін) сату жолымен, оның ішінде қор нарығы арқылы неғұрлым бәсекеге қабілетті және қаржылай тұрақты компанияларды бәсекелі ортаға беру;

      8) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарда, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының сыналған кәсіпорындары тексерген бенчмаркинг құралын пайдалану;

      9) сапа менеджменті жүйесін (бұдан әрі – СМЖ) енгізу және халықаралық үлгідегі сертификат алу;

      10) СМЖ-ны қолдауды қамтамасыз ету, стандартқа сәйкестігін жыл сайын растау;

      11) 2017 жылдан бастап – СМЖ, энергоменеджмент жүйесін, әлеуметтік жауапкершілік жүйесінің элементтерін ЕТҰ-ға да енгізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жыл қорытындысы бойынша активтердің рентабельдігі (ROA);

      2) іскерлік айналымға тартылған мемлекеттік активтердің саны;

      3) ӘКК басшылығымен дағдарысты ахуал кезеңінен өсу (сауығу) кезеңіне өтуді аяқтаған мемлекеттің проблемалы активтерінің саны.

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) мемлекеттің 4 проблемалы активтерін сауықтыруға қолдау көрсету;

      2) топ бойынша СМЖ енгізу;

      3) ӘКК-нің шығынсыздыққа шығуын қамтамасыз ету.

2-ҚСБ. Өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңғыртуға қатысу

      1-мақсат. Берілген активтерді әртараптандыру және жаңғырту.

      Міндет:

      Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелері) өндірістердің жаңаларын ашу және жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту.

      Іс-шаралар:

      1) жер қойнауын пайдалану саласында бірқатар өндірістерді ашу;

      2) АӨК саласында инфрақұрылым құру;

      3) жасыл экономика саласында инфрақұрылым құру;

      4) ЕТҰ инфрақұрылымын жаңарту және жаңғырту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жаңадан ашылған бәсекеге қабілетті өндірістердің саны;

      2) инфрақұрылым құру;

      3) жаңғыртылған қолданыстағы өндірістердің саны.

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) бәсекеге қабілетті 24 жаңа өндіріс ашу;

      2) 5 ЕТҰ-ның инфрақұрылымын жаңғырту;

      3) 160 жаңа жұмыс орнын ашу;

      4) еңбек өнімділігін 2 есе арттыру.

      2-мақсат. Бизнесті және инновацияларды дамытуды ынталандыру

      Міндеттер:

      1) бастапқы бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар);

      2) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірдің жүйе түзуші және ірі компанияларының айналасында ШОБ дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын үйлестіру;

      3) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды дамыту;

      2) бизнес-инкубаторлар, технопарктер мен ИА бойынша операторлық ету;

      3) ӘКК-ге бекітілген мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына операторлық ету;

      4) ғылыми зерттеулер мен технологияларды коммерцияландыру мәселелері бойынша Даму тұжырымдамасының шеңберінде ғылыми орталықтармен, технопарктермен және институттармен, оның ішінде шетелдік университеттермен ынтымақтастығын дамыту арқылы Қазақстан ғылымына қолдау көрсету;

      5) ӘКК-нің перспективалы жобаларын қаржыландырудың және (немесе) бірлесіп қаржыландырудың көздерін айқындау және өңірге тікелей шетелдік инвестициялар тартуға қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның және басқа елдердің даму институттарымен ынтымақтастықтың тиімді тәсілдерін дамыту. Ол үшін, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі инфрақұрылымды қаржыландыруды қолдау үшін жасалған электрондық жүйені (National Infrastructure Information Systems) пайдалану арқылы Азия даму банкімен ынтамақтастығы басталатын болады;

      6) өңірдің агросекторында, химия кластерінде, кен өнеркәсібі саласында энергетика, көлік және логистика саласында айналысатын ӨИЖ субъектілерінің, ШОБ субъектілерінің бизнес бастамаларын қолдау;

      7) жүйе түзуші және ірі компаниялардың айналасында ШОБ дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды үйлестіру;

      8) ШОБ субъектілеріне кешенді қолдау көрсету және жобаны жүзеге асырудың түрлі кезеңдерінде бизнесті сүйемелдеу;

      9) Қазақстан Республикасының даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қолдау көрсету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) облыстағы инновациялық инфрақұрылым элементтерінің және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің саны, жыл қорытындысы бойынша бірлік;

      2) жыл қорытындысы бойынша ӘКК қолдау көрсеткен бизнес-бастамалардың саны;

      3) жыл қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі.

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) инвестициялық қоржын көлемінің өсуін 80 % дейін арттыру;

      2) өңір экономикасының басым салаларындағы кластерлердің дамуына қолдау көрсету және ШОБ-ты қолдау инфрақұрылымын қамтамасыз ету;

      3) инвестициялық шешімдердің сапасын жақсарту;

      4) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ету;

      5) ЕТҰ-дан дивидендтер алу;

      6) Қазақстан Республикасының даму институттарымен әріптестік.

      3-мақсат. Жобалық қаржыландыруды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

      Міндеттер:

      1) инвестициялық жобаларды, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды бастау және жүзеге асыру;

      2) бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту.

      Іс-шаралар:

      1) перспективалы инвестициялық жобаларды бастау және жүзеге асыру;

      2) жобаларды басқару процесімен айналысатын менеджерлердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ӘКК ішінде қажетті қолайлы жағдайларды жасау;

      3) жобаларды орындау барысын бақылау, жобаны нақты орындаудың жоспардағыдан ауытқуын анықтау және түзету шараларын қолдану, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 1 % аудару бойынша міндеттемелерін орындауын бақылау, оны технопарктер, коммерциялау орталықтарының жұмысына, сондай-ақ басқа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жолдау;

      4) инвестициялық жобаларды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық ететін бюджеттік жобалар бойынша қаржыландырудың түрлі тиімді құралдарын пайдалану (кепілдіктер ұсыну, субсидия беру, жалға беру, концессия);

      5) мемлекеттің даму институттарымен өзара іс-қимыл жасауды жолға қою және кеңейту;

      6) даму институттары ұсынатын, инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы икемді тәсілді анықтауға ықпал ететін, тиімді тарату және бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалардағы тәуекелдерді басқару бойынша бақылау мүмкіндігі бар құралдардың кең спектрін ӘКК-нің қолдануы.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері

      1) жыл қорытындысы бойынша инвестициялық қоржын көлемінің өсуі;

      2) жыл сайын іске қосылатын инвестициялық, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын жобалар саны (жыл сайын кемінде бесеу);

      3) жыл қорытындысы бойынша ашылған жұмыс орындары.

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) инвестициялық қоржын көлемінің өсімін 80 %-ға дейін арттыру;

      2) өңір экономикасының басым салаларында кластерлерді дамытуға қолдау көрсету;

      3) инвестициялық шешімдердің сапасын арттыру;

      4) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсерін тигізу;

      5) ЕТҰ-дан дивидендтер алу;

      6) Қазақстан Республикасының даму институттарымен ынтымақтастықты дамыту.

      3-ҚСБ. Өңірге инвестициялар тартуға қатысу

      1-мақсат. Өңірге инвестициялар тарту үшін қажетті жағдайлар жасау.

      Міндеттер:

      1) перспективалы жобаларды жүзеге асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту;

      2) Инвесторларға жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсету;

      3) Павлодар облысының инвестициялық тартымдығын арттыру.

      Іс-шаралар:

      1) өңірлік даму карталарын әзірлеуге қатысу;

      2) перспективалы және бәсекеге қабілетті жобалардың тізбесін құру, жобалар туралы ақпаратты әлеуетті инвесторларға жеткізу;

      3) әлеуетті нысаналы инвесторларды іздестіру және айқындау;

      4) ИҚО әлеуетті шетелдік инвесторлардың нысаналы топтарын айқындау бойынша жұмыс жүргізеді;

      5) жеке кездесулер, бизнес-форумдар, роуд-шоулар, семинар мен конференциялар өткізу кезінде Павлодар облысының инвестициялық ахуалының және инвестициялық жобаларының презентациясын өткізу.

      6) үлестік қаржыландыру;

      7) активтермен қатысу;

      8) мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алу;

      9) әлеуетті инвесторлармен нақты жұмыс жүргізу (инвесторға ұйымдастырушылық, ақпараттық-консультациялық қолдау), инвестициялық қызмет объектілеріне алып жүру, инвестиция салғаннан кейін қолдау көрсету;

      10) шетелдік инвесторлар үшін шетел тілдерінде Павлодар облысының инвестициялық тартымдығы туралы кітапшалар әзірлеп шығару;

      11) халықаралық рейтингтік агенттіктің Павлодар облысына кредиттік рейтинг беруі бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

      12) Павлодар облысының кредиттік рейтингін растау және деңгейін арттыру процесінде жергілікті атқарушы органға қолдау көрсету;

      13) Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы инвесторларға арналған сервистік интерактивті веб-сайтты әзірлеу, іске қосу және оның жұмысын қамтамасыз ету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері

      1) жыл қорытындысы бойынша ӘКК қолдауымен өңірге тартылған инвестициялардың көлемі;

      2) өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестициялар көлемінің кемінде 15 % өсімі;

      3) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың көлемі (жыл сайын кемінде екеу), оның ішінде Global-2000 тізімінен (2023 жылға дейін кемінде үшеу).

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) Павлодар облысына кредиттік рейтинг берілуі және оны растау;

      2) ӘКК қолдауымен өңірге тартылған инвестициялар кемінде 650 млн. теңге.

4-ҚСБ. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

      1-мақсат. Корпоративтік басқаруға қатысатын тұлғалар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету.

      Міндеттер:

      1) басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіру;

      2) ӘКК күшейту жөнінде шаралар қолдану;

      3) коммуникацияларды дамыту және қоржынды компаниялар арасында машық алмасу.

      Іс-шаралар:

      1) озық әлемдік практикаға сәйкес келетін корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын қолдану;

      2) ӘКК қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету (есептерді, Басқарманың, Директорлар кеңесінің және акционерлердің шешімдерін жариялау);

      3) Директорлар кеңесі, байқаушы кеңестер, ревизиялық комиссиялар және ЕТҰ-ның бірінші жетекшіліктері жұмыстарының тиімділігін арттыру;

      4) Директорлар кеңесінің жанынан стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақы, ішкі аудит мәселелері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттерді қалыптастыру;

      5) Директорлар кеңесінің менеджмент қызметін бағалауды жүргізуі;

      6) аудиторлық ұйымды тарту арқылы жылдық қаржы есептілігінің аудитін өткізу.

      7) құрамға білікті мамандарды, оның ішінде қызмет бейініне сәйкес келетін дамушы нарықтардағы ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды, "Болашақ" бағдарламасының түлектерін және шетелдік озық оқу орындарын бітірушілерді тарту;

      8) ӘКК менеджерлері үшін оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру;

      9) Топтың нәтижелілігін басқару жүйесін енгізу;

      10) стратегиялық бағыттар бойынша қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуге талдау жүргізу;

      11) қызмет нәтижелерінің қызметтің түйінді көрсеткіштерінен ауытқуды жою бойынша жүйелі түзету шараларын әзірлеу;

      12) диагностика өткізу және корпоративтік басқару рейтингін иемдену;

      13) басқарудың біріктірілген жүйесін енгізу;

      14) ӘКК ЕТҰ қызметкерлерін басқару жүйесін жетілдіру;

      15) Топ ішінде органикалық (тірі) жүйе ретінде корпоративтік мәдениетті дамыту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері

      1) жыл қорытындысы бойынша корпоративтік басқару рейтингі (беру/растау);

      2) инвесторлар үшін интерактивтік сервистік веб-сайт әзірлеу, іске қосу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      3) жыл қорытындысы бойынша корпоративтік веб-сайтты қараушылар саны.

      2023 жылға қарай межеленген нәтижелер:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесі, тиімділікті басқару жүйесі енгізілетін болады, Топ бойынша қызметкерлерді басқару жүйесі жетілдірілетін болады;

      2) корпоративтік веб-сайтты қара көрсеткіші жылына 15000 ретке дейін артады.

      ӘКК-ні ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған стратегияның әр қадамын орындау өңірдің орнықты әрі теңгерімді экономикалық өсуіне, облыстың әлеуметтік саясаты іске асыруға, сондай-ақ бизнестің экономикалық құндылығын арттыруға ықпал етеді, мұның өзі акционерлік құнның ұлғаюына әсер етеді.

      ӘКК даму стратегиясын іске асыру үшін ӘКК дамытудың бесжылдық жоспарлары әзірленіп, Компанияның бес жылдық кезеңге арналған негізгі мақсаттары мен міндеттері, оның ішінде инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтер мен басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржылық-шаруашылық қызметтің мақсаттары, міндеттері, нәтиже көрсеткіштері мен шоғырландырылған негізгі көрсеткіштері

      айқындалмақ.

  "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
қосымша

"Павлодар" ӘКК" ҰК" АҚ 2014 – 2023 жылдарға арналған қызметтің
стратегиялық бағыттары бойынша қызметінің негізгі түйінді
көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ҚТК)

1-ҚСБ. Топтың ұзақ мерзімді құнын арттыру

      1-мақсат. Активтер құнының өсімін қамтамасыз ету

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Жыл қорытындысы бойынша активтер құны

млн. теңге

5 745

6 094

6 214

6 334

6 418

6 486

6 513

6 536

6 552

6 564

ҚТК 2. Жыл қорытындысы бойынша инвестициялардың рентабельділігі (ROI)

%

-0,03

0,01

0,06

0,81

1,56

1,94

5,08

5,43

9,04

10,48

ҚТК 3. Жыл қорытындысы бойынша негізгі қызметтен түсетін таза пайда (бір қызметкерге шаққандағы таза пайда)

млн. теңге

-103

3 (0,07)

5 (0,12)

7

(0,16)

9 (0,21)

11 (0,26)

13 (0,30)

15 (0,35)

17 (0,40)

19 (0,45)


      2-мақсат. Активтерді тиімді басқару

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Жыл қорытындысы бойынша активтердің рентабельділігі (ROA)

%

< 0

< 0

0,1

0,5

1

1,1

1,2

1,3

1,4

1,5

ҚТК 2. Іскерлік айналымға тартылған мемлекеттік активтердің саны

бірлік



1

2

3

3

3

3

3

3

ҚТК 3. ӘКК басшылығымен дағдарысты ахуал кезеңінен өсу (сауығу) кезеңіне өтуді аяқтаған мемлекеттің проблемалы активтерінің саны

бірлік

-

-

1

1

1

1

1

2

2

2


2-ҚСБ. Өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңғыртуға қатысу

      1-мақсат. Берілген активтерді әртараптандыру және жаңғырту

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Жаңадан ашылған бәсекеге қабілетті өндірістердің саны

бірлік

1


2

3

4

3

4

3

3

3

ҚТК 2. Инфрақұрылым құру

бірлік


1

1








ҚТК 3. Жаңғыртылған қолданыстағы өндірістердің саны

бірлік

1


-

1

1

-

1

-

1

-


      2-мақсат. Бизнесті және инновацияларды дамытуды ынталандыру

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Облыстағы инновациялық инфрақұрылым элементтерінің және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің саны

бірлік

-

-

1

-

1

-

1

-

-

1

ҚТК 2. Жыл қорытындысы бойынша ӘКК қолдау көрсеткен бизнес-бастамалардың саны

бірлік

-

1

2

5

5

5

5

5

5

5

ҚТК 3. Жыл қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі

есе

1,3

1,4

1,5

1,6

1,7

1,8

1,9

2,0

2,0

2,0


      3-мақсат. Жобалық қаржыландыруды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Жыл қорытындысы бойынша инвестициялық қоржын көлемінің өсуі

%

10

15

20

25

30

40

50

60

70

80

ҚТК 2. Жыл сайын іске қосылатын инвестициялық, оның ішінде шетелдік капитал қатысатын жобалар саны (жыл сайын кемінде бесеу)

бірлік

-

-

5

5

5

5

5

5

5

5

ҚТК 3. Жыл қорытындысы бойынша ашылған жұмыс орындары

бірлік

5

5

10

10

18

22

22

24

26

28


3-ҚСБ.Өңірге инвестициялар тартуға қатысу

      1-мақсат. Өңірге инвестициялар тарту үшін қажетті жағдайлар жасау

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Жыл қорытындысы бойынша ӘКК қолдауымен өңірге тартылған инвестициялардың көлемі

млн. теңге

20

30

40

50

60

70

80

90

100

110

ҚТК 2. Өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестициялар көлемінің кемінде

15 % өсімі

%


-

-

0,5

1,5

2

2

2,5

3

3,5

ҚТК 3. Өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың көлемі (жыл сайын кемінде екеу), оның ішінде Global-2000 тізімінен (2023 жылға дейін кемінде үшеу)

бірлік

-

2

2

2

2

2

2

2

2

2


4-ҚСБ. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

      1-мақсат. Корпоративтік басқаруға қатысатын тұлғалар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету

ҚТК атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Болжам

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

ҚТК 1. Жыл қорытындысы бойынша корпоративтік басқару рейтингі (беру/растау)

-

-

-

-

-

-

П

-

-

-

+

ҚТК 2. Инвесторлар үшін интерактивтік сервистік веб-сайт әзірлеу, іске қосу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

жұмыстар

жасау

қолданысқа енгізу және жұмысын қамтамасыз ету

ҚТК 3. Жыл қорытындысы бойынша корпоративтік веб-сайтты қараушылар саны

бірлік

3 500

4 500

5 500

6 500

8 000

10 000

12 000

13 000

14 000

15 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады