Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 539 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ
ШАРТ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияны негізге ала отырып,
      мемлекеттердің егемен теңдігі қағидаттарын, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі қағидатын сөзсіз сақтау қажеттігін басшылыққа ала отырып,
      өз халықтарының арасында олардың тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу арқылы ниеттестікті нығайтуға және ынтымақтастықты тереңдетуге тілек білдіре отырып,
      Еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту Тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетіндігіне сенім білдіре отырып,
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасын нығайтуға және олардың үйлесімді дамуы мен жақындасуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің орнықты өсуіне, теңдестірілген сауда мен адал бәсекелестікке кепілдік беруге деген ұмтылысымен ілгерілей отырып,
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алдында тұрған, жаһандық экономика шеңберінде орнықты экономикалық даму, жан-жақты жаңғырту және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілікті күшейту жөніндегі ортақ міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен іс-қимылдар жолымен экономикалық өрлеуді қамтамасыз ете отырып,
      басқа елдермен, сондай-ақ халықаралық интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен экономикалық өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтылысты растай отырып,
      Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларын, қағидалары мен қағидаттарын назарға ала отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, сондай-ақ басқа да халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына өздерінің шынайы берілгендігін растай отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

БІРІНШІ БӨЛІК

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ ҚҰРУ

І бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап
Еуразиялық экономикалық одақты құру. Құқық субъектілігі

      1. Тараптар осы Шартпен Еуразиялық экономикалық одақты (бұдан әрі – Одақ, ЕАЭО) құрады, оның шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, осы Шартпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.
      2. Одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие, өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы болып табылады.

2-бап
Анықтамалар

      Осы Шарттың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
      «заңнамаларды үйлестіру» - мүше мемлекеттердің жекелеген салаларда ұқсас (салыстырмалы) нормативтік құқықтық реттеуді белгілеуге бағытталған заңнамаларын жақындастыру;
      «мүше мемлекеттер» - Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және осы Шарттың Тараптары болып табылатын мемлекеттер;
      «лауазымды тұлғалар» - мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және Комиссия департаменттері директорларының орынбасарлары, сондай-ақ Одақ Соты Хатшылығының басшысы, Одақ Соты Хатшылығының басшысының орынбасары және Одақ Соты судьяларының кеңесшілері лауазымдарына тағайындалған азаматтары;
      «бірыңғай экономикалық кеңістік» - мүше мемлекеттердің аумақтарынан тұратын кеңістік, онда экономиканы реттеудің нарықтық қағидаттары мен үйлестірілген немесе біріздендірілген құқықтық нормаларды қолдануға негізделген ұқсас (салыстырмалы) және біртектес тетіктер жұмыс істейді, бірыңғай инфрақұрылым болады;
      «бірыңғай саясат» - Одақ органдары өздері айқындаған салаларда жүзеге асыратын, осы Шартта көзделген, мүше мемлекеттердің біріздендірілген құқықтық реттеуді, оның ішінде Одақ органдарының өз өкілеттіктері шеңберіндегі шешімдері негізінде қолдануын көздейтін саясаты;
      «Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар» - мүше мемлекеттер арасында Одақтың жұмыс істеуі мен дамуына байланысты мәселелер бойынша жасасылатын халықаралық шарттар;
      «Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттары» - мүше мемлекеттердің үшінші мемлекеттермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттары;
      «ортақ (бірыңғай) нарық» - Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің орнын ауыстыру еркіндігі қамтамасыз етілетін экономикалық қатынастар жиынтығы;
      «өкім» - Одақ органдары қабылдайтын, ұйымдық-өкімдік сипаты бар акт;
      «шешім» - Одақ органдары қабылдайтын, нормативтік-құқықтық сипаттағы ережелерді қамтитын акт;
      «үйлестірілген саясат» - қатысушы мемлекеттердің Одақ органдары шеңберінде мақұлдаған, Одақтың осы Шартта көзделген мақсаттарына қол жеткізуі үшін қажет ортақ көзқарастар негізінде жүзеге асыруды көздейтін саясаты;
      «келісілген саясат» - мүше мемлекеттер әртүрлі салаларда жүзеге асыратын, Одақтың осы Шартта көзделген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болған дәрежеде құқықтық реттеуді, оның ішінде Одақ органдарының шешімдері негізінде реттеуді үйлестіруді көздейтін саясат;
      «қызметкерлер» - өздерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттар) негізінде Одақ органдарында жұмыс істейтін және лауазымды тұлғалар болып табылмайтын Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары;
      «кеден одағы» - өзінің шегіндегі өзара саудада кедендік баждар (өзге баждар, салықтар мен баламалы қолданысы болатын алымдар), тарифтік емес реттеу шаралары, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары қолданылмайтын, бірыңғай кедендік тариф және үшінші елдермен тауарлардың сыртқы саудасын реттеудің бірыңғай шаралары қолданыста болатын бірыңғай кеден аумағын көздейтін, Тараптардың сауда экономикалық интеграциясы нысаны;
      «үшінші тарап» - Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе халықаралық интеграциялық бірлестік;
      «заңнаманы біріздендіру» - осы Шартта айқындалған жекелеген салаларды құқықтық реттеудің бірдей тетіктерін белгілеуге бағытталған мүше мемлекеттердің заңнамасын жақындастыру.
      Осы Шартта пайдаланылатын өзге ұғымдар осы Шартқа тиісті қосымшаларда келтірілген мағыналарында түсініледі.

ІІ бөлім
ОДАҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҒЫ

3-бап
Одақтың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары

      Одақ өзінің қызметін осы Шартқа сәйкес оған мүше мемлекеттер берген құзыреті шегінде:
      мүше мемлекеттердің егемендік теңдігі мен олардың аумақтық тұтастығы қағидаттарын қоса алғанда, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын құрметтеу;
      мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу;
      Тараптардың өзара пайдалы ынтымақтастығын, тең құқылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету;
      нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
      өтпелі кезеңдер аяқталғаннан кейін кеден одағының алып қоюсыз және шектеулерсіз жұмыс істеуі қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
      Мүше мемлекеттер Одақтың өз функцияларын орындауы үшін қолайлы жағдай жасайды және Одақ мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін шаралардан қалыс қалады.

4-бап
Одақтың негізгі мақсаттары

      Одақтың негізгі мақсаттары:
      мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау;
      Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу;
      жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

5-бап
Құзырет

      1. Одаққа осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген шектер мен көлемдерде құзырет беріледі.
      2. Одаққа мүше мемлекеттер осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген шектер мен көлемдерде үйлестірілген немесе келісілген саясатты жүзеге асырады.
      3. Одаққа мүше мемлекеттер экономиканың өзге салаларында Одақтың негізгі қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес үйлестірілген немесе келісілген саясатты жүзеге асыруға ұмытылады.
      Бұл үшін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен тиісті бағыттар бойынша көмекші органдар (Тараптардың мемлекеттік органдары басшыларының кеңесі, жұмыс топтары, арнайы комиссиялар) құрылуы және (немесе) тиісті салаларда Тараптардың Өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияға тапсырмалар берілуі мүмкін.

6-бап
Одақтың құқығы

      1. Одақтың құқығы:
      осы Шарттан;
      Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардан;
      Одақтың үшінші тараптармен халықаралық шарттарынан;
      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген, олардың өкілеттіктері шеңберінде қабылданған шешімдер мен өкімдерден құралады.
      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің шешімдері мүше мемлекеттердің өздерінің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен орындауына жатады.
      2. Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттары Одақтың негізгі мақсаттарына, қағидаттарына және жұмыс істеу қағидаларына қайшы келмеуге тиіс.
      3. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен осы Шарт арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, осы Шарт басым болады.
      Одақ органдарының шешімдері мен өкімдері осы Шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиіс.
      4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері арасында қайшылықтар туындаған жағдайда:
      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдері Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерінен басым болады;
      Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің шешімдері Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерінен басым болады.

7-бап
Одақтың халықаралық қызметі

      1. Одақтың өз құзыреті шеңберінде Одақ алдында тұрған міндеттерді шешуге бағытталған халықаралық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар. Одақ мұндай қызмет шеңберінде мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты дербес жүзеге асыруға не мүше мемлекеттермен бірлесіп өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша олармен халықаралық шарттар жасасуға құқығы бар.
      Одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленеді. Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттар жасасу мәселелері Одақ шеңберінде халықаралық шартпен айқындалады.
      2. Одақтың халықаралық шарттардың жобалары бойынша үшінші тараппен келіссөздер жүргізуі, сондай-ақ оларға қол қою Одаққа мүше мемлекеттер тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаннан кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      Одақтың өзі үшін Одақтың үшінші тараппен халықаралық шартқа міндеттілігіне келісім білдіруі, халықаралық шартты тоқтатуы, тоқтата тұруы немесе одан шығу туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барлық мүше мемлекеттер қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаннан кейін қабылдайды.

ІІІ БӨЛІМ.
ОДАҚТЫҢ ОРГАНДАРЫ

8-бап
Одақтың органдары

      1. Одақтың органдары:
      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (бұдан әрі - Жоғары кеңес);
      Еуразиялық үкіметаралық кеңес (бұдан әрі - Үкіметаралық кеңес, ЕЭК);
      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия);
      Еуразиялық экономикалық одақтың соты (бұдан әрі - Одақ Соты) болып табылады.
      2. Одақтың органдары осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда берілген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді.
      3. Одақтың органдары осы Шарттың 3-бабында көрсетілген қағидаттар негізінде әрекет етеді.
      4. Жоғары кеңесте, Үкіметаралық кеңесте және Комиссия кеңесінде төрағалық етуді ротациялық негізде орыс әліпбиі тәртібімен Одаққа мүше бір мемлекет күнтізбелік бір жыл бойы ұзарту құқығынсыз жүзеге асырады.
      5. Мүше мемлекеттер аумақтарында Одақ органдарының болу жағдайы Одақ және болатын мемлекет арасындағы бөлек халықаралық шарттарда айқындалады.

9-бап
Одақтың тұрақты іс-әрекет жасайтын органдарының құрылымдық
бөлімшелерінде лауазымдарға орналасу

      1. Одақ тұрақты іс-әрекет жасайтын органдарының құрылымдық бөлімшелерінде лауазымдарға орналасуға мүше мемлекеттердің тиісті бейіндік білімі және жұмыс тәжірибесі бар азаматтарының құқығы бар.
      2. Бір мемлекеттің азаматтары Комиссия департаментінің лауазымды тұлғалары бола алмайды. Көрсетілген лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді Тараптардың теңдей өкілдігін ескере отырып, ЕЭК конкурстық комиссиясы жүргізеді. Көрсетілген лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін кандидаттарды тиісті Тараптан Комиссия Кеңесінің мүшесі ұсынады.
      3. Комиссия департаменттеріндегі басқа лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді Тараптардың Комиссияны қаржыландыруға қатысу үлесін ескере отырып, конкурстық негізде ЕЭК жүзеге асырады.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына, Комиссия Алқасының Төрағасын қоспағанда, Комиссия Алқасының барлық мүшелері кіреді.
      ЕЭК-тің конкурстық комиссиясы өз шешімдерін ұсыным түрінде көпшілік дауыспен қабылдайды және оларды Комиссия Алқасы Төрағасының бекітуіне ұсынады. Егер Комиссия Алқасының Төрағасы нақты кандидатқа қатысты ЕЭК конкурстық комиссиясының ұсынымына қайшы келетін шешім қабылдаса, Комиссия Алқасының Төрағасы мәселені түбегейлі шешім қабылдауы үшін Комиссия Кеңесінің қарауына шығарады.
      ЕЭК конкурстық комиссиясы туралы ережені (конкурсты өткізу қағидасын қоса алғанда), оның құрамын, сондай-ақ Комиссия департаменттері директорлары және директорларының орынбасарлары лауазымына орналасуға кандидаттардың біліктілік талаптарын Комиссия Кеңесі бекітеді.
      5. Кандидаттарды іріктеу және Одақ Соты Аппаратындағы лауазымға тағайындау тәртібі Одақ Соты қызметін реттейтін құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

10-бап
Жоғары кеңес

      1. Жоғары кеңес Одақтың жоғары органы болып табылады.
      2. Жоғары кеңестің құрамына Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары кіреді.

11-бап
Жоғары кеңестің жұмыс тәртібі

      1. Жоғары кеңестің отырыстары жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
      Одақ қызметінің кейінге қалдыруға болмайтын мәселелерін шешу үшін кез келген мүше мемлекеттің немесе Жоғары кеңес Төрағасының бастамасы бойынша Жоғары кеңестің кезектен тыс отырысы шақырылуы мүмкін.
      2. Жоғары кеңестің отырыстары Жоғары кеңес Төрағасының басшылығымен өткізіледі.
      Жоғары кеңестің Төрағасы:
      Жоғары кеңестің отырыстарын жүргізеді;
      Жоғары кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
      Жоғары кеңестің қарауына ұсынылатын мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      Жоғары кеңес Төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төрағалық етуші Одаққа мүше мемлекеттен Жоғары кеңеске жаңадан болған мүше қалған мерзім ішінде Жоғары кеңес Төрағасының өкілеттігін жүзеге асырады.
      3. Жоғары кеңес Төрағасының шақыруы бойынша Жоғары кеңестің отырыстарына Комиссия Кеңесінің мүшелері, Комиссия Алқасының Төрағасы және өзге де шақырылған адамдар қатысуы мүмкін.
      Жоғары кеңес отырыстарының қатысушылар тізімін және форматын Жоғары кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Жоғары кеңестің Төрағасы айқындайды.
      Жоғары кеңес отырысының күн тәртібін мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Комиссия қалыптастырады.
      Жоғары кеңес отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген өкілдерінің қатысуы туралы мәселені Жоғары кеңес Төрағасы шешеді.
      4. Жоғары кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібін Жоғары кеңес бекітеді.
      5. Жоғары кеңес отырыстарын әзірлеу мен өткізуді ұйымдық, ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қабылдаушы мүше мемлекеттің жәрдемдесуімен Комиссия жүзеге асырады. Жоғары кеңес отырыстарын өткізуді қаржылық қамтамасыз ету Одақ бюджеті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

12-бап
Жоғары кеңестің өкілеттіктері

      1. Жоғары кеңес Одақ қызметінің қағидаттық мәселелерін қарайды, интеграцияны дамыту стратегиясын, бағыты мен перспективаларын айқындайды және Одақтың мақсаттарын іске асыруға бағытталған шешімдер қабылдайды.
      2. Жоғары кеңес мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) Одақты қалыптастыру және дамыту стратегиясын, бағыты мен перспективаларын айқындайды және Одақтың мақсаттарын іске асыруға бағытталған шешімдер қабылдайды;
      2) Комиссия Алқасының құрамын бекітеді, Комиссия Алқасының мүшелері арасында міндеттерді бөледі және олардың өкілеттіктерін тоқтатады;
      3) Комиссия Алқасының Төрағасын тағайындайды және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды;
      4) Мүше мемлекеттердің ұсынуы бойынша Одақ Сотының судьяларын тағайындайды;
      5) Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентін бекітеді;
      6) Одақтың бюджетін, Одақ бюджеті туралы ережені және Одақ бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекітеді;
      7) Мүше мемлекеттердің Одақ бюджетіне үлестік жарналарының мөлшерін (шкаласын) айқындайды;
      8) Үкіметаралық кеңес немесе 16-баптың 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып Комиссия қабылдаған шешімдердің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге қатысты мәселелерді мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша қарайды;
      9) Үкіметаралық кеңестің немесе Комиссияның ұсынысы бойынша шешім қабылдау кезінде консенсусқа қол жеткізілмеген мәселелерді қарайды;
      10) Одақ Сотына сауалдармен жүгінеді;
      11) Одақ Соты судьяларының, Одақ Сотының лауазымды тұлғаларының және аппараты қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің кірістері, мүліктері және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын тексеру тәртібін бекітеді;
      12) Одаққа жаңа мүшелерді қабылдау және Одақтағы мүшелікті тоқтату тәртібін айқындайды;
      13) байқаушы мәртебесін немесе Одаққа кіруге кандидат мемлекет мәртебесін беру туралы немесе жою туралы шешім қабылдайды;
      14) Одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      15) Одақтың атынан үшінші тараппен келіссөздер туралы, оның ішінде олармен Одақтың халықаралық шарттарын жасасу және келіссөз жүргізу құқығын беру туралы, сондай-ақ Одақтың өзі үшін үшінші тараппен халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім білдіруі, халықаралық шартты тоқтатуы, тоқтата тұруы туралы немесе одан шығуы туралы шешім қабылдайды;
      16) Одақ органдарының жалпы штат санын, Одақ органдарындағы мүше мемлекеттер азаматтарының арасынан мүше мемлекеттердің ұсынуы бойынша конкурстық негізде жіберілетін лауазымды тұлғалардың болуы параметрлерін бекітеді;
      17) Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Соты судьяларына, Одақ органдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін бекітеді;
      18) Одақ органдарындағы сыртқы аудит (бақылау) туралы ережені бекітеді;
      19) Одақ органдарында жүргізілген сыртқы аудиттің (бақылаудың) нәтижелерін қарайды;
      20) Одақтың рәмізін бекітеді;
      21) Үкіметаралық кеңеске және Комиссияға тапсырмалар береді;
      22) тиісті бағыттар бойынша қосалқы органдар құру туралы шешімдер қабылдайды;
      23) осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13-бап
Жоғары кеңестің шешімдері және өкімдері

      1. Жоғарғы Кеңес шешімдер және өкімдер қабылдайды.
      2. Жоғары кеңестің шешімдері мен өкімдері консенсуспен қабылданады.
      Жоғары кеңестің Одақтағы мүше мемлекеттің мүшелігін тоқтатуға байланысты шешімдері «Одақтағы өзінің мүшелігін тоқтату ниеті туралы хабарлаған мүше мемлекеттің дауысын алып тастау арқылы консенсус» қағидаты бойынша қабылданады.

14-бап
Үкіметаралық кеңес

      Үкіметаралық кеңес Одақтың мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларынан тұратын органы болып табылады.

15-бап
Үкіметаралық кеңес жұмысының тәртібі

      1. Үкіметаралық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына 2 рет өткізіледі.
      Одақ қызметінің кейінге қалдыруға болмайтын мәселелерін шешу үшін кез келген мүше мемлекеттің немесе Үкіметаралық кеңес Төрағасының бастамасы бойынша Үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін.
      2. Үкіметаралық кеңестің отырыстары Үкіметаралық кеңес Төрағасының басшылығымен өткізіледі.
      Үкіметаралық кеңестің Төрағасы:
      Үкіметаралық кеңестің отырысын жүргізеді;
      Үкіметаралық кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
      Үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынылатын мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      Үкіметаралық кеңес Төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төрағалық етуші мүше мемлекеттен Үкіметаралық кеңеске жаңадан болған мүше қалған мерзім ішінде Үкіметаралық кеңес Төрағасының өкілеттіктерін жүзеге асырады.
      3. Үкіметаралық кеңес Төрағасының шақыруы бойынша Үкіметаралық кеңестің отырыстарына Комиссия Кеңесінің мүшелері, Комиссия Алқасының Төрағасы және өзге де шақырылған тұлғалар қатысуы мүмкін.
      Үкіметаралық кеңес отырыстарының қатысушылар тізімін және форматын Үкіметаралық кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Үкіметаралық кеңестің Төрағасы айқындайды.
      Үкіметаралық кеңес отырыстарының күн тәртібін Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Комиссия қалыптастырады.
      Үкіметаралық кеңес отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген өкілдерінің қатысуы туралы мәселені Үкіметаралық кеңес Төрағасы шешеді.
      4. Үкіметаралық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібін Үкіметаралық кеңес бекітеді.
      5. Үкіметаралық кеңес отырыстарын әзірлеу мен өткізуді ұйымдық, ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қабылдаушы мүше мемлекеттің жәрдемдесуімен Комиссия жүзеге асырады. Үкіметаралық кеңес отырыстарын өткізуді қаржылық қамтамасыз ету Одақ бюджеті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

16-бап
Үкіметаралық кеңестің өкілеттіктері

      Үкіметаралық кеңес мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) осы Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Жоғары кеңестің шешімдерін іске асыруды және олардың орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
      2) Комиссия Кеңесінің ұсынысы бойынша Комиссия кеңесінде шешім қабылдау кезінде консенсусқа қол жеткізілмеген мәселелерді қарайды;
      3) Комиссияға тапсырмалар береді;
      4) Жоғары кеңеске Кеңес мүшелерінің және Комиссия Алқасы мүшелерінің кандидатураларын ұсынады;
      5) Одақ бюджетінің жобасын, Одақ бюджеті туралы ережені және Одақ бюджетінің атқарылуы туралы есепті мақұлдайды;
      6) Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы ережені, Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілетін ревизиялардың стандарттары мен әдіснамасын бекітеді, Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу туралы шешімдер қабылдайды және оларды жүргізу мерзімдерін айқындайды;
      7) мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша Комиссия қабылдаған шешімдердің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге қатысты мәселелерді қарайды не келісуге қол жеткізілмеген жағдайда оларды Жоғары кеңестің қарауына енгізеді;
      8) Кеңестің немесе Комиссия Алқасы шешімдерінің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
      9) Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің кірістері, мүліктері және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын тексеру тәртібін бекітеді;
      10) осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге өкілеттіктерді де жүзеге асырады.

17-бап
Үкіметаралық кеңестің шешімдері және өкімдері

      1. Үкіметаралық кеңес шешімдер және өкімдер қабылдайды.
      2. Үкіметаралық кеңестің шешімдері және өкімдері консенсуспен қабылданады.

18-бап
Комиссия

      1. Комиссия Одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады. Комиссия Кеңестен және Алқадан тұрады.
      2. Комиссия шешімдер, өкімдер және ұсынымдар қабылдайды.
      Комиссия Кеңесінің шешімдері, өкімдері және ұсынымдары консенсуспен қабылданады.
      Комиссия Алқасының шешімдері, өкімдері және ұсынымдары айқын басым көпшілік дауыспен немесе консенсуспен қабылданады.
      Жоғары кеңес әсер ететін мәселелер тізбесін айқындайды, олар бойынша Комиссия Алқасының шешімдері консенсуспен қабылданады.
      Бұл орайда, айқын басым көпшілік дауыс Комиссия Алқасы мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің дауысын құрайды.
      3. Комиссияның міндеттері, құрамы, функциялары, өкілеттіктері мен жұмыс тәртібі осы Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес айқындалады.
      4. Комиссияның болатын орны Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы болып табылады.

19-бап
Одақ Соты

      1. Одақ Соты Одақтың тұрақты жұмыс істейтін сот органы болып табылады.
      2. Одақ Сотының құрамын, құзыретін, жұмыс істеу тәртібін, оны қалыптастыру осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес айқындалады.
      3. Одақ Сотының болатын орны Минск қаласы, Беларусь Республикасы болып табылады.

ІV БӨЛІМ
ОДАҚ БЮДЖЕТІ

20-бап
Одақ бюджеті

      1. Одақ органдарының қызметін қаржыландыру Одақ бюджеті туралы ережеде айқындалатын тәртіппен қалыптастырылатын Одақ бюджетінің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
      Кезекті қаржы жылына арналған Одақ бюджеті Тараптардың үлестік жарналары есебінен Ресей рублімен қалыптастырылады. Тараптардың Одақ бюджетіне үлестік жарналарының мөлшерін (шкаласын) Жоғары кеңес белгілейді.
      Одақ бюджетінің кірістері мен шығыстары теңдестірілген болуға тиіс. Қаржы жылы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
      2. Одақ бюджетін және Одақ бюджеті туралы ережені Жоғары кеңес бекітеді.
      Одақ бюджетіне және Одақ бюджеті туралы ережеге өзгерістер енгізу Жоғары кеңестің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

21-бап
Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу

      Одақ бюджетінің атқарылуына бақылауды жүзеге асыру үшін Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне кем дегенде 2 жылда бір рет ревизия жүргізіледі.
      Кез келген мүше мемлекеттің бастамасы бойынша Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша тексеріс жүргізілуі мүмкін.
      Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізуді Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өкілдерінен тұратын ревизорлар тобы жүзеге асырады.
      Одақ органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген ревизиялардың нәтижелері белгіленген тәртіппен Үкіметаралық кеңестің қарауына енгізіледі.

22-бап
Сыртқы аудит (бақылау)

      Одақтың бюджет қаражатын қалыптастыру, басқару және билік ету тиімділігін, Одақтың мүлкі мен басқа да активтерін пайдалану тиімділігін айқындау мақсатында сыртқы аудит (бақылау) жүргізіледі. Сыртқы аудитті (бақылауды) Одаққа мүше мемлекеттердің жоғары тұрған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өкілдерінен құралған инспекторлар тобы жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің (бақылаудың) стандарттары мен әдістемесін мүше мемлекеттердің жоғары тұрған мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлесіп айқындайды.
      Одақтың органдарында жүргізілген сыртқы аудиттің (бақылаудың) нәтижелері белгіленген тәртіппен Жоғарғы кеңестің қарауына енгізіледі.

ЕКІНШІ БӨЛІК
КЕДЕН ОДАҒЫ

V бөлім
АҚПАРАТТЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СТАТИСТИКА

23-бап
Одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл

      1. Одақтың жұмыс істеуін қозғайтын барлық салаларда интеграциялық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен трансшекаралық сенім кеңістігін пайдалана отырып, ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әзірленіп, іске асырылуда.
      2. Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл уәкілетті органдардың аумақтық жағынан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің интеграциясын, сондай-ақ Комиссияның ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн қамтамасыз ететін, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тиімді өзара іс-қимылын және олардың үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттер ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар саласында келісілген саясатты жүргізеді.
      4. Бағдарламалық-техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде мүше мемлекеттер өзара іс-қимыл процесінде пайдаланылған немесе алынған зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз етеді.
      5. Ақпараттық өзара іс-қимылды және Одақ шеңберінде оны жүзеге асыруды үйлестірудің негізін қалайтын қағидаттары, сондай-ақ интеграцияланған ақпараттық жүйені құру және дамыту тәртібі осы Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес айқындалады.

24-бап
Одақтың ресми статистикалық ақпараты

      1. Одақтың тиімді жұмыс істеуі және дамуы мақсаттарында Одақтың ресми статистикалық ақпараты қалыптастырылады.
      2. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру:
      1) кәсіби тәуелсіздігі;
      2) ғылыми негізділігі және салыстырымдылығы;
      3) толықтығы және дәйектілігі;
      4) өзектілігі және уақтылылығы;
      5) ашықтығы және жалпыға бірдей қолжетімділігі;
      6) шығындардың тиімділігі;
      7) статистикалық құпиялылық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі осы Шартқа № 4 қосымшаға сәйкес айқындалады.

VІ бөлім
КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ

25-бап
Кеден одағының жұмыс істеу қағидаттары

      1. Мүше мемлекеттер Кеден одағының шеңберінде:
      1) тауарлардың ішкі нарығын қалыптастырады;
      2) Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифін және өзге де үшінші тараптармен тауарлардың сыртқы саудасын реттеудің бiрыңғай шараларын қолданады;
      3) үшінші тараптармен қатынастарда тауарлар саудасының бiрыңғай режимін қолданады;
      4) бiрыңғай кедендік реттеуді жүзеге асырады;
      5) осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялауды және мемлекеттік бақылауды (көліктік, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық) қолданбастан мүше мемлекеттер аумақтары арасында тауарлардың еркін өткізілуін жүзеге асырады.
      2. Осы Шарттың мақсаттары үшін:
      «кедендік әкелу бажы» - тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты мүше мемлекеттердің кеден органдары алатын міндетті төлем;
      «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бiрыңғай Тауар номенклатурасы» (ЕАЭО СЭҚ ТН) – Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарлары сипаттамасы мен кодталуының Үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің бiрыңғай Тауар номенклатурасына негізделген сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасы;
      «Еуразиялық экономикалық одақтың бiрыңғай кедендік тарифі» (ЕАЭО БКТ) - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бiрыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген, үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қолданылатын кедендік баждар мөлшерлемелерінің жиынтығы;
      «тарифтік преференция» - кедендік әкелу баждарын төлеуден босату немесе Одақпен бірге еркін сауда аймағын құратын елдерден шығарылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін азайту не дамушы елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан және (немесе) ең төмен дамыған елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан шығарылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін азайтуды білдіретін ұғымдар пайдаланылады.

26-бап
Кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де
баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлу

      Төленген (алынған) кедендік әкелу баждары мүше мемлекеттер бюджеттері арасында есепке жатқызу мен бөлуге жатады.
      Кедендік әкелу баждарының сомасын есепке жатқызу мен бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару осы Шартқа № 5 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

27-бап
Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар мен еркін
қоймаларды құру және олардың жұмыс істеуі

      Мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу, инвестициялар тарту, жаңа технологияларға негізделген өндірістер құру және оларды дамыту, көлік инфрақұрылымын, туризмді және санаториялық-курорттық саланы дамыту мақсаттарында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда мүше мемлекеттердің аумақтарында еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар мен еркін қоймалар құрылып, жұмыс істейді.
      Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар мен еркін қоймаларды құру және олардың жұмыс істеу жағдайлары Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалады.

28-бап
Ішкі нарық

      1. Одақ осы Шарттың ережелеріне сәйкес ішкі нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.
      2. Ішкі нарық экономикалық кеңістікті қамтиды, онда осы Шарттың ережелеріне сәйкес тауарлардың, тұлғалардың, көрсетілетін қызметтер мен капиталдың еркін өткізілуі қамтамасыз етіледі.
      3. Өзара тауарлар саудасындағы ішкі нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде мүше мемлекеттер осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік әкелу және әкету баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды), тарифтік емес реттеу шараларын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбайды.

29-бап
Тауарлардың ішкі нарықта жұмыс істеу тәртібінің ерекшеліктері

      1. Мүше мемлекеттер өзара тауарлар саудасында, шектеулер қолдануға (мұндай шаралар ақталмаған кемсітушілік құралы немесе сауданы жасырын шектеу болып табылмайтын жағдайларда), егер мұндай шектеулер:
      1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау;
      2) қоғамдық әдепті және құқық тәртібін қорғау;
      3) қоршаған ортаны қорғау;
      4) жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды қорғау;
      5) халықаралық міндеттемелерді орындау;
      6) елдің қорғанысын және мүше мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда, құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған негіздер бойынша ішкі нарықта санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар да осы Шарттың ХІ бөлігінде айқындалған тәртіппен енгізілуі мүмкін.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған негіздер бойынша тауарлардың жекелеген санаттарының айналымы шектелуі мүмкін.
      Одақтың кедендік аумағында мұндай тауарлардың өткізілуі немесе айналымы тәртібі осы Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.

VII бөлім
ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫН РЕТТЕУ

30-бап
Дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру

      1. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде:
      1) дәрілік заттар айналымы саласында мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын үйлестіру және біріздендіру;
      2) Одақтың аумағында айналымда болатын дәрілік заттардың сапасына, тиімділігіне және қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптардың бірлігін қамтамасыз ету;
      3) дәрілік заттардың айналымы саласында бірыңғай қағидаларды қабылдау;
      4) дәрілік заттардың сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін бағалау кезінде бірдей немесе салыстырымдылық зерттеу әдістері мен бағалауды әзірлеу және қолдану;
      5) дәрілік заттардың айналымы саласындағы бақылау (қадағалау) саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру;
      6) мүше мемлекеттердің тиісті уәкілетті органдарымен дәрілік заттардың айналымы саласында рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру қағидаттарына негізделген, тиісінше фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкес келетін дәрілік заттардың ортақ нарығын құрады.
      2. Одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру осы Шарттың 100-бабының ережелерін ескере отырып, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

31-бап
Медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың) ортақ нарығын қалыптастыру

      1. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде:
      1) медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналымы саласында мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын үйлестіру;
      2) Одақтың аумағында айналымда болатын медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) тиімділігіне және қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптардың бірлігін қамтамасыз ету;
      3) медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналымы саласында бірыңғай қағидаларды қабылдау;
      4) медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға дейін бірыңғай тәсілдерді айқындау;
      5) медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналымы саласындағы бақылау (қадағалау) саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру қағидаттарына негізделген медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) ортақ нарығын құрады.
      2. Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) ортақ нарығын қалыптастыру осы Шарттың 100-бабының ережелерін ескере отырып, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

VIIІ бөлім
КЕДЕНДІК РЕТТЕУ

32-бап
Одақтағы кедендік реттеу

      Одақта Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес және Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттармен және актілермен кедендік құқық қатынастарын реттейтін, сондай-ақ осы Шарттың ережелеріне сәйкес бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылады.

ІХ бөлім
СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ

      1. Сыртқы сауда саясаты туралы жалпы ережелер

33-бап
Одақтың сыртқы сауда саясатының мақсаттары мен қағидаттары

      1. Одақтың сыртқы сауда саясаты мүше мемлекеттердің орнықты экономикалық дамуына, экономикасын әртараптандыруға, инновациялық дамуына, сауда мен инвестициялардың көлемін арттыруға және құрылымын жақсартуға, интеграциялық процестерді жеделдетуге, сондай-ақ жаһандық экономика шеңберінде тиімді және бәсекеге қабілетті ұйым ретінде Одақты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге бағытталады.
      2. Одақтың сыртқы сауда саясатын жүзеге асырудағы негізгі қағидаттары:
      мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылары үшін шамадан аспайтын ауыртпалықты болып табылатын Одақтың сыртқы сауда саясатын жүзеге асыру шаралары мен тетіктерін қолдану, ол Одақтың мақсаттарына тиімділікпен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажет;
      Одақтың сыртқы сауда саясатын жүзеге асыру шаралары мен тетіктерін әзірлеудегі, қабылдаудағы және қолданудағы жариялылық;
      Одақтың сыртқы сауда саясатын жүзеге асыру шаралары мен тетіктерін қолданудың негізділігі және объективтілігі;
      мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың құқықтарын сақтау болып табылады.
      3. Сыртқы сауда саясаты Одақтың өз бетінше не Одақтың органдары мүше мемлекеттер үшін міндетті шешімдер қабылдайтын салаларда мүше мемлекеттермен бірлесіп, үшінші тараппен халықаралық шарттар жасасу, халықаралық ұйымдарға қатысу не сыртқы сауда саясатының шаралары мен тетіктерін дербес қолдануы арқылы іске асырылады.
      Одақ өзі жасасатын халықаралық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы үшін жауаптылықта болады және осы шарттар бойынша өздерінің құқықтарын іске асырады.

34-бап
Барынша қолайлы режим

      Барынша қолайлы режимді қолдану Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда және шарттарда, тауарлардың сыртқы саудасына қатысты 1994 жылғы тарифтер мен сауда бойынша Бас келісімнің ұғымында (ТСБК 1994) барынша қолайлы режим қолданылады.

35-бап
Еркін сауда режимі

      ТСБК 1994 ұғымында тауарлардың еркін саудасы режимі осы Шарттың 102-бабының ережелерін ескере отырып, осындай үшінші тараппен Одақтың халықаралық шарты негізінде үшінші тараппен саудада белгіленеді.
      Еркін сауда режимін белгілейтін Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарты сыртқы сауда қызметімен байланысты өзге де ережелерді енгізуі мүмкін.

36-бап
Дамушы елдерден және (немесе) ең төмен дамыған елдерден
шығарылатын тауарларға қатысты тарифтік преференциялар

      1. Осы Шартқа сәйкес Одақ дамушы және ең төмен дамыған елдердің экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында дамушы елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан және (немесе) ең төмен дамыған елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан шығарылатын тауарларға қатысты тарифтік преференциялар бере алады.
      2. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін дамушы елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан шығарылатын артықшылықты тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының 75 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
      3. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін ең төмен дамыған елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан шығарылатын артықшылықты тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының нөлдік мөлшерлемелері қолданылады.

37-бап
Тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары

      1. Одақтың кедендік аумағында Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындаудың бірыңғай қағидалары қолданылады.
      2. Кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану (тарифтік преференциялар беру мақсаттарын қоспағанда), тарифтік емес реттеу шараларын қолдану және ішкі нарықты қорғау, шығарылатын тауарлардың таңбалануына қойылатын талаптарды белгілеу, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды жүзеге асыру, тауарлардың сыртқы сауда статистикасын жүргізу мақсаттары үшін Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары (тауарлардың шығарылуын айқындаудың артықшылықты емес қағидалары) қолданылады.
      3. Дамушы елдерден немесе ең төмен дамыған елдерден - Одақтың бiрыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін дамушы елдерден және ең аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары қолданылады.
      4. Одақпен сауда-экономикалық қатынастарындағы мемлекеттерден Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін еркін сауда режимі қолданылады, еркін сауда режимін қолдануды көздейтін Одақтың үшінші тараппен тиісті халықаралық шартында белгіленген тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары қолданылады.
      5. Егер еркін сауда режимін қолдануды көздейтін Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарты тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары белгіленбеген немесе олар мұндай шарт күшіне енген кезге дейін қабылданбаған жағдайда, осы елден шығарылған Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тауарлардың шығарылуын айқындаудың тиісті қағидалары қабылданған кезге дейін осы баптың 2-тармағында көзделген тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары қолданылады.
      6. Үшінші тараппен тауарлардың шығарылуын айқындау (растау) саласында бірнеше бұзушылық фактілері болған кезде Комиссия мүше мемлекеттердің кеден қызметтері нақты елден әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындаудың (растаудың) дұрыстығы мониторингін жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Үшінші тараппен тауарлардың шығарылуын айқындау (растау) саласында жүйелі түрде бұзушылықтар анықталған жағдайда, Комиссия мүше мемлекеттер кеден қызметтерінің тауарлардың шығарылуын растайтын құжаттарды қабылдауын тоқтата тұру туралы шешім қабылдай алады. Осы тармақтың ережелері әкелінетін тауарлардың шығарылуын бақылауға және оның нәтижелері бойынша шаралар қабылдауға қатысты мүше мемлекеттердің өкілеттіктерін шектемейді.

38-бап
Көрсетілетін қызметтермен сыртқы сауда

      Мүше мемлекеттер үшінші тараптармен көрсетілетін қызметтер саудасы саласын үйлестіруді жүзеге асырады.
      Үйлестіруді жүзеге асыру Одақтың осы саладағы ұлттық құзыретінен жоғары тұрғанын білдірмейді.

39-бап
Үшінші тараптармен саудадағы шектеу шараларын жою

      Комиссия үшінші тараптардың нарығына қол жеткізу кезінде жәрдем көрсетеді, үшінші тараптың мүше мемлекеттерге қатысты шектеу шараларына мониторинг жүргізеді және үшінші тарап Одаққа қатысты қандай да бір шара қолданған немесе Одақтың және үшінші тараптың арасында сауда дауы туындаған жағдайда, мүше мемлекеттермен бірлесіп тиісті үшінші тараппен консультациялар өткізеді.

40-бап
Үшінші тарапқа қатысты жауап шаралары

      1. Егер Одақтың үшінші тараппен және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен халықаралық шартқа сәйкес жауап шараларын қолдану мүмкіндігі көзделген жағдайда, оның ішінде кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің деңгейін арттыру, сандық шектеулерді енгізу, преференциялар беруді уақытша тоқтата тұру немесе Комиссияның құзыреті шеңберінде тиісті мемлекетпен сыртқы сауда нәтижелеріне әсер ететін өзге де шараларды қабылдау арқылы Комиссия Одақтың кедендік аумағында жауап шараларын енгізу туралы шешім қабылдайды.
      2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасасылған мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мүше мемлекеттер бір жақты тәртіппен жауап шаралары ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының жоғарылатылған мөлшерлемелерін қолдануға, сондай-ақ бір жақты тәртіппен мұндай жауап шараларын әкімшілендіру тетіктері осы Шарттың ережелерін бұзбау шартымен тарифтік преференциялар беруді тоқтата тұруға құқылы.

41-бап
Экспортты дамыту жөніндегі шаралар

      Одақ халықаралық шарттарға, Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен қағидаларына сәйкес үшінші тараптардың нарығында мүше мемлекеттер тауарларының экспортын дамыту жөніндегі бірлескен шараларды қолдана алады.
      Бірлескен шаралар, атап айтқанда, экспортты сақтандыруды және кредиттеуді, халықаралық лизингті, «Еуразиялық экономикалық одақтың тауары» деген ұғымды жеткізуді және Одақ тауарларын бірыңғай таңбалауды енгізуді, шетелде көрмелік-жәрмеңкелік және экспозициялық қызметті, жарнамалық және имидждік шараларды қамтиды.

2. Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу

42-бап
Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифі

      1. Одақтың кедендік аумағында Комиссия бекіткен және Одақтың сауда саясатының құралдары болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бiрыңғай Тауар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифі қолданылады.
      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифін қолданудың негізгі мақсаттары:
      1) Одақтың дүниежүзілік экономикаға тиімді интеграциялануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      2) тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің тауарлық құрылымын оңтайландыру;
      3) тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелудің және одан әкетудің оңтайлы ара қатынасын сақтау;
      4) тауарлардың Одақта өндіру және тұтыну құрылымындағы үдемелі өзгерістеріне арналған жағдайлар жасау;
      5) Одақтың экономикасы салаларын қолдау болып табылады.
      3. Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифінде кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мынадай:
      1) салық салынатын тауарларға кеден құнының пайыздарында белгіленген адвалорлық;
      2) салық салынатын тауарлардың зат түріндегі физикалық сипаттамасына қарай белгіленетін ерекше (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары);
      3) осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген екі түрінің үйлестірілген, құрамдастырылған түрлері қолданылады.
      4. Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері біртұтас болып табылады және осы Шарттың 3536 және 43-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мәмілелер түрлері мен өзге де мән-жайлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай өзгертуге жатпайды.
      5. Одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелуді жедел реттеу үшін қажет кезінде мерзімдік кедендік баждар белгіленуі мүмкін, олардың қолданыс мерзімі жылына 6 айдан аспайды және Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифінде көзделген кедендік әкелу баждарының орнына қолданылады.
      6. Одаққа қосылған мемлекет, мұндай мемлекеттің Одаққа қосылуы туралы халықаралық шарт негізінде Комиссия бекіткен тауарлар мен мөлшерлемелер тізбесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдануға құқылы.
      Одаққа қосылған мемлекет Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелерін қолдануға қатысты тауарлардың пайдаланылуын өз аумағының шегінде ғана қамтамасыз етуге және мұндай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомасының айырмашылығы мөлшерінде кедендік әкелу баждарын және тауарларды әкелу кезінде төленген кедендік әкелу баждарының сомасын төлеместен, басқа мүше мемлекеттерге әкетуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

43-бап
Тарифтік жеңілдіктер

      1. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуден босату немесе кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін азайту түрінде тарифтік жеңілдіктер қолданылуы мүмкін.
      2. Тарифтік жеңілдіктер дара сипатта болмайды және тауарлардың шығарылған еліне қарамастан қолданылады.
      3. Тарифтік жеңілдіктер осы Шартқа № 6 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

44-бап
Тарифтік квоталар

      1. Егер ұқсас тауарлар Одақтың кедендік аумағында өндірілсе (шығарылса, өсірілсе), үшінші елдерден шығарылған және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылық тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталарды белгілеуге жол беріледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тарифтік квотаның белгіленген көлемі шегінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының тиісті мөлшерлемелері қолданылады.
      3. Үшінші елдерден шығарылған және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылық тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталарды белгілеу және тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу осы Шартқа № 6 қосымшада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

45-бап
Кедендік-тарифтік реттеу мәселелері жөніндегі Комиссияның өкілеттіктері

      1. Комиссия:
      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің Тауарлық номенклатурасын жүргізуді жүзеге асырады;
      маусымдық баждарды қоса алғанда, кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін белгілейді;
      тарифтік жеңілдіктерді беру жағдайлары мен шарттарын белгілейді;
      тарифтік жеңілдіктерді қолдану тәртібін айқындайды;
      Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін қолданудың шарттары мен тәртібін айқындайды, оның ішінде:
      Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы аз дамыған елдерінің тізбесін;
      Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы ең аз дамыған елдер атауының тізбесін;
      Одақтың аумағына әкелу кезінде тарифтік преференциялар берілетін, дамыған елдерден немесе ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
      тарифтік квоталарды белгілейді, мүше мемлекеттер арасында тарифтік квота көлемін бөледі, сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квотаның көлемін бөлудің әдісі мен тәртібін айқындайды, ал қажет болған кезде үшінші елдер арасында тарифтік квотаның көлемін бөледі не оған сәйкес мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квотаның көлемін бөлудің әдісі мен тәртібін айқындайтын актіні қабылдайды, ал қажет болған кезде үшінші елдер арасында тарифтік квотаның көлемін бөледі.
      2. Оларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесін Жоғары кеңес бекітеді.

46-бап
Тарифтік емес реттеу шаралары

      1. Одақ үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеудің мынадай бірыңғай шараларын қолданады:
      1) тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу;
      2) тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге сандық шектеулер қою;
      3) тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық;
      4) тауарлардың экспортын және (немесе) импортын автоматты түрде лицензиялау (бақылау);
      5) тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат ету тәртібі.
      2. Тарифтік емес реттеу шаралары осы Шартқа № 7 қосымшаға сәйкес тәртіппен жариялылық пен кемсітпеушілік қағидаттарының негізінде енгізіледі және қолданылады.

47-бап
Тарифтік емес реттеу шараларын біржақты тәртіппен енгізу

      Мүше мемлекеттер үшінші елдермен саудада осы Шартқа № 7 қосымшада көзделген тәртіппен тарифтік емес реттеу шараларын біржақты тәртіппен енгізуі және қолдануы мүмкін.

3. Ішкі нарықты қорғау шаралары

48-бап
Ішкі нарықты қорғау шараларын енгізу туралы жалпы ережелер

      1. Одақта тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау үшін үшінші елдерден шығарылатын және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары түрінде, сондай-ақ осы Шарттың 50-бабында көзделген жағдайларда өзге де шаралар түрінде ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілуі мүмкін.
      2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын өзгерту туралы не күшін жою туралы не шараны қолданбау туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
      3. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану осы Шартқа № 8 қосымшаға сәйкес шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Комиссия тергеу жүргізуге жауапты ретінде айқындаған орган (бұдан әрі – тергеу жүргізуші орган) осы Шартқа № 8 қосымшаға сәйкес жүргізетін тергеу тауардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолданудың алдында жүргізіледі.
      5. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын есепке алу және бөлу осы Шартқа № 8 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

49-бап
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану қағидаттары

      1. Арнайы қорғау шарасы тауарға, егер тергеу жүргізуші орган жүргізген тергеудің нәтижелері бойынша осы тауардың импорты Одақтың кедендік аумағында осындай көп мөлшерде (ұқсас немесе тікелей бәскелес тауарды мүше мемлекеттерде өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) жүзеге асыратыны анықталған жағдайда және бұл мүше мемлекеттердің экономикасы салаларына елеулі нұқсан келтірген немесе осындай нұқсан келтіру қаупін төндірген жағдайларда қолданылуы мүмкін.
      2. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт нысаны болып табылатын тауарға, егер тергеу жүргізуші орган жүргізген тергеудің нәтижелері бойынша Одақтың кедендік аумағына осындай тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономикасы салаларына елеулі материалдық нұқсан келтіргені, осындай нұқсан келтіруге қауіп төндіреті немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды елеулі түрде баяулататыны анықталған жағдайда қолданылуы мүмкін.
      3. Өтемақы шарасы өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде импорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылып импортталған тауарға, егер тергеу жүргізуші орган жүргізген тергеудің нәтижелері бойынша Одақтың кедендік аумағына осындай тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономикасы салаларына елеулі материалдық нұқсан келтіргені, осындай нұқсан келтіру қаупін төндірген немесе мүше мемлекеттердің экономикасын құруды елеулі түрде баяулататыны анықталған жағдайда қолданылуы мүмкін.
      4. Ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мақсаттарында мүше мемлекеттер экономикасының саласы деп мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеу мақсатты үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің барлығы (арнайы қорғау тергеуі мақсаты үшін) не тиісінше ұқсас тауарының не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарының мүше мемлекеттердегі өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі кемінде 25 пайызды құрайтын өндірушілер түсініледі.

50-бап
Ішкі нарықты қорғаудың өзге де шаралары

      Мүше мемлекеттердің өндірушілеріне осы үшінші тарап импортының теріс ықпалын болдырмау мақсатында еркін сауда режимін белгілеу туралы үшінші тараппен Одақтың халықаралық шартында арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларынан ерекшеленетін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларының импортына қатысты екіжақты негізде ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану құқығы көзделуі мүмкін.
      Осындай шараларды қолдану туралы шешімді Комиссия қабылдайды.

Х бөлім
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

51-бап
Техникалық реттеудің жалпы қағидаттары

      1. Одақ шеңберінде техникалық реттеу мынадай:
      1) өнімге немесе өнімге және өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), шығару, құрылыс, монтаждау, ретке келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу;
      2) Одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - бірыңғай тізбе) енгізілген өнімдерге қойылатын Одақтың техникалық регламеттеріндегі бірыңғай міндетті талаптарды немесе мүше мемлекеттердің заңнамасындағы ұлттық міндетті талаптарды белгілеу;
      3) мүше мемлекеттерде алып қойылмастан, Одақтың техникалық регламенттерін қолдану және орындау;
      4) Одақ шеңберінде техникалық реттеудің мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы деңгейіне және ғылыми-техникалық дамуы деңгейіне сәйкестігі;
      5) мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдардың, мүше мемлекеттердің сәйкестігін растау жөніндегі органдардың және мүше мемлекеттердің қадағалау (бақылау) жөніндегі органдарының дайындаушылардан, сатушылардан, орындаушылардан және сатып алушылардан, оның ішінде тұтынушылардан тәуелсіздігі;
      6) сәйкестікті міндетті бағалау рәсімдерін өткізу кезінде зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерінің бірлігі;
      7) мәмілелердің түрлеріне және (немесе) ерекшеліктеріне қарастан, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану бірлігі;
      8) сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру кезінде бәскелестікті шектеуге жол бермеушілік;
      9) мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру негізінде Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру;
      10) стандарттарды қолданудың еріктілігі;
      11) мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және қолдану;
      12) мемлекетаралық стандарттарды халықаралық және өңірлік стандарттармен үйлестіру;
      13) сәйкестікке міндетті бағалау жүргізудің қағидалары мен рәсімдерінің бірлігі;
      14) өнімге қойылатын міндетті талаптардың, сәйкестікке міндетті бағалау жүргізудің қағидалары мен рәсімдерінің бұзылғаны үшін жауапкершілікті белгілеу бөлігінде мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіруді қамтамасыз ету;
      15) Одақ шеңберінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы келісілген саясатты жүргізу;
      16) кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін артық кедергілерді белгілеуге жол бермеу;
      17) жаңа талаптар мен құжаттарға кезең-кезеңмен өту мақсатында өтпелі ережелерді белгілеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы бөлімнің ережелері санитариялық, ветеринарлық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды белгілеуге және қабылдануға қолданылмайды.
      3. Одақ шеңберін техникалық реттеудің тәртібі, қағидалары мен рәсімдері осы Келісімге № 9 қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      4. Одақ шеңберіндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы келісілген саясат осы Келісімге № 10 қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

52-бап
Одақтың техникалық регламенттері және стандарттары

      1. Адам өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлардың тіршілігін және (немесе) денсаулығын, өсімдіктерді қорғау, тұтынушыларды шатастыратын іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында Одақ шеңберінде техникалық регламенттер қабылданады.
      Одақтың техниалық регламенттерін өзге мақсаттарда қабылдауға жол берілмейді.
      Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу мен қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізудің және оның күшін жоюдың тәртібін Комиссия айқындайды.
      Одақтың техникалық регламенттері немесе ұлттық міндетті талаптар Комиссия бекітетін бірыңғай тізбеге енгізілген өнімге қатысты ғана қолданылады.
      Бірыңғай тізбені қалыптастырумен және енгізудің тәртібін Комиссия бекітеді.
      Мүше мемлекеттер өз заңнамасында бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімге қатысты міндетті талаптардың белгілеуіне жол бермейді.
      2. Одақтың техникалық регламенттері Одақ аумағында тікелей қолданысқа ие болады.
      Одақ қабылдаған техникалық регламенті қолданысқа енгізудің тәртібі және өтпелі ережелер техникалық регламентерде және (немесе) Комиссияның актісінде айқындалады.
      3. Одақтың техникалық регламентінің талаптарын орындау және Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау үшін халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда (өңірлік (мемлекетаралық) стандарттарды қабылданға дейін – мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттары қолданылуы мүмкін.

53-бап
Өнімнің айналысы және Одақтың техникалық регламенттерінің қолданысы

      1. Одақтың аумағында айналысқа шығарылатын өнім қауіпсіз болуға тиіс.
      Талаптары Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігі мен айналысын қамтамасыз ету қағидалары мен тәртібі Одақ шеңберінде халықаралық шартпен айқындалады.
      2. Оған қатысты Одақтың техникалық регламенті (Одақтың техникалық регламенттері) күшіне енген өнім Одақтың техникалық регламентінде (Одақтың техникалық регламенттерінде) белгіленген сәйкестікті бағалауың қажетті рәсімдерінен өткен жағдайда Одақтың аумағында айналысқа шығарылады.
      Мүше мемлекеттер Одақтың техникалық регламентінің (Одақтың техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкес келетін өнімнің айналысын осындай өнімге Одақтың техникалық регламентінде (Одақтың техникалық регламенттерінде) қамтылған талаптарға қатысты қосымша талаптар қоймай және қосымша сәйкестікті бағалау рәсімдерін өткізбей өз аумағында қамтамасыз етеді.
      Осы тармақтың екінші абзацының ережелері санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қабылдауға қолданылмайды.
      3. Одақтың техникалық регламенттерінің мүше мемлекеттер аумақтарында күшіне енген күнінен бастап мүше мемлекеттердің заңнамасында немесе Комиссия актілерінде белгіленген өнімге немесе өнімге және өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), шығару, құрылыс, монтаждау, ретке келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру және кәдеге жарату процестеріне қойылатын тиісті міндетті талаптар өтпелі ережелерде анықталған бөлікте ғана және Одақтың техникалық регламентінде және (немесе) Комиссияның актісінде айқындалған өтпелі ережелердің қолданысы аяқталған күннен бастап қолданылады, өнімді айналысқа шығару, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау, Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) үшін қолданылмайды.
      Осы баптың бірінші абзацының ережелері санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қабылдауға қолданылмайды.
      Өнімге немесе Одақтың техникалық регламенттері күшіне енген күнге дейін Комиссия актілерінде белгіленген жобалау (іздестіруді қоса алғанда), шығару, құрылыс, монтаждау, ретке келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру және кәдеге жарату процестері өнімдеріне қойылатын талаптарға байланысты өнімдерге қойылатын міндетті талаптар Одақтың техникалық регламенттеріне енгізіледі.
      4. Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау (қадағалау) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру қағидаттары мен тәсілдері Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.
      5. Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуы үшін, сондай-ақ өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізудің рәсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.

54-бап
Аккредиттеу

      1. Одақ шеңберінде аккредиттеу мынадай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
      1) аккредиттеу саласындағы қағидалар мен тәсілдерді халықаралық стандарттармен үйлестіру;
      2) аккредиттеудің еріктілігін, аккредиттеу рәсімдері, қағидалары мен нәтижелері туралы ақпараттың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдардың объективтілігін, адалдығы мен құзыреттілігін қамтамасыз ету;
      4) аккредиттеуге өтініш берушілер үшін аккредиттеуге қамтамасыз ету және аккредиттеу кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге қатысты тең жағдайларды;
      5) мүше мемлекеттердің сәйкестігін бағалау жөніндегі аккредиттелген органдардың (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының)) қызметін бақылауды жүзеге асыруды қоспағанда мүше мемлекеттің, бір органының аккредиттеу жөніндегі өкілеттіктерін мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі өкілеттіктермен қоса атқаруға жол бермеу;
      6) мүше мемлекеттің бір органының аккредиттеу және сәйкестікті бағалау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруына жол бермеу;
      2. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуді мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы қызметті жүзеге асыруға уәклетті мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары өткізеді.
      3. Мүше бір мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органы мүше басқа мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарымен бәсекелеспеуге тиіс.
      Мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының бәсекелестігін болдырмау үшін мүше бір мемлекеттің сәйкестікті бағалау жөніндегі органы аккредиттеу мақсатында аумағында ол заңды тұлға ретінде тіркелген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органына жүгінеді.
      Мүше бір мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органына мүше басқа мемлекеттің аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген сәйкестікті бағалау жөніндегі орган жүгінген жағдайда, осы аккредиттеу жөніндегі орган бұл туралы аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі орган тіркелген сол мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органына хабарлайды. Аталған жағдайда мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының, егер аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі осы орган тіркелген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органы талап етілетін салада аккредиттеуді жүзеге асырмайтын болса, аккредиттеуді өткізуіне жол беріледі. Бұл ретте аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі орган тіркелген мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органының бақылаушы ретінде болуға құқығы бар.
      4. Мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдар қолданылатын рәсімдердің тең мәнділігіне қол жеткізу мақсатында өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асырады.
      Мүше мемлекеттердің сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының аккредиттеу бойынша жұмыс нәтижелерін тану осы Шартқа № 11 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

55-бап
Үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою

      Үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жоюдың тәртібі мен шарттары Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.

XI бөлім
САНИТАРИЯЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КАРАНТИНДІК
ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАР

56-бап
Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік
фитосанитариялық шараларды қоланудың жалпы қағидаттары

      1. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар ғылыми негіздемесі бар қағидаттар негізінде және адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет болатын дәрежеде ғана қолданылады.
      Одақ шеңберінде қолданылатын санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар тиісті ғылыми негіздеменің негізінде тиісті халықаралық және өңірлік стандарттар, нұсқамалар және (немесе) ұсынымдар базасындағы шараларға қарағанда санитариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе карантиндік фитосанитариялық қорғанудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген жағдайларды қоспағанда, халықаралық және өңірлік стандарттардың, нұсқамалардың және (немесе) ұсынымдардың негізінде қолданылады.
      2. Одақ шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы келісілген саясат жүргізіледі.
      3. Келісілген саясат мүше мемлекеттер халықаралық шарттарды және Комиссияның санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы актілерін бірлесіп әзірлеу, қабылдау және іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      4. Әрбір мүше мемлекеттің уақытша санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлеуге және енгізуге құқығы бар.
      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының уақытша санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Комиссия бекітеді.
      5. Жанураларды және жануарлардан алынатын өнімді сәйкестендіруді, тіркеуді және бақылауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер Комиссияның актісіне сәйкес қолданылады.
      6. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қабылдау және мүше мемлекеттердің санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау осы Шартқа № 12 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

57-бап
Санитариялық шараларды қолдану

      1. Санитариялық шаралар адамдарға, көлік құралдарына, сондай-ақ Комиссия актілеріне сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне енгізілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудағы (бақылаудағы) өнімдерге (тауарларға) қатысты қолданылады.
      2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдер белгіленеді.
      Оларға қатысты Одақтың техникалық регламенттері әзірленетін өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар Комиссияның актілеріне сәйкес Одақтың техникалық регламенттеріне енгізіледі.
      3. Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды және рәсімдерді әзірлеу, бекіту, өзгерту және қолдану тәртібін Комиссия бекітеді.
      4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына және Комиссияның актілеріне сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырады.
      Мүше мемлекеттердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) шеңберінде Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыруы мүмкін.

58-бап
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану

      1. Ветеринариялық-санитариялық шаралар Комисия бекітетін ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, Одақтың кедендік аумағына әкілінетін және Одақтың кедендік аумағында орын ауыстыратын тауарларға (оның ішінде, жеке пайдалануға арналған тауарларға) қатысты, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қатысты қолданылады.
      2. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға және объектілерге Комиссия бекететін бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар қолданылады.
      3. Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін, жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулардың қоздырғыштарының әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында, жеке қолданыстағы тауарларды қоса алғанда, ветеринариялық бақылаудаға (қадағалаудағы) тауарларға, сондай-ақ Комиссияның актісіне сәйкес ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге ветеринариялық бақылау (қадағалау) жүргізіледі.
      Жануарлардың жұқпалы ауруларының аса қауіпті, карантиндік және зооноздық аурулар ошағын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Комиссия белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Ветеринария саласындағы уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекарлары арқылы өткізу пункттерінен не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ветеринариялық бақылау (қадағалау) құралдарымен жабдықталған және жарақталған, мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған өзге де жерлерден өту кезінде ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарлар Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданған кезде ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырады.
      5. Ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарлардың әрбір партиясы, Комиссия бекітетін бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес және аталған тауарлар аумағына әкелінетін мүше мемлекеттің ветеринария саласындағы органымен берілген рұқсаты және (немесе) аталған тауар жолданатын елдің құзыретті органымен берілетін ветеринариялық сертификаты болған кезде Одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
      6. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлар мүше бір мемлекеттің аумағынан мүше басқа мемлекеттің аумағына бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес тасымалданады. Егер Комиссия өзгеше белгілемеген болса, аталған тауарлар ветеринариялық сертификатпен сүймелденеді.
      Мүше мемлекеттер Комиссия бекітететін, ветеринария саласындағы уәкілетті орган бірыңғай нысандар бойынша беретін ветеринариялық сертификаттарды өзара мойындайды.
      7. Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаты оларды үшінші елдерде өндіруде, қайта өңдеуде, тасымалдауда және (немесе) сақтау кезінде қадағалаудың шетелдік ресми жүйесінің аудитін жүргізу болып табылады.
      Ветеринария саласындағы уәкілетті органдар ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерді қадағалау мен тексерудің (инспекциялаудың) шетелдік ресми жүйесі аудитін Комиссияның актісіне сәйкес жүргізеді.
      8. Мүше мемлекеттердің тиісті халықаралық ұйымдардан, мүше мемлекеттерден, сондай-ақ үшінші елдерден үшінші елдердің немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы ресми ақпарат алған жағдайда уақытша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеуге және шараларды енгізуге құқығы бар.
      Аталған ақпарат болған жағдайда, бірақ ғылыми тұрғыда жеткілікті негіздеу болмаған кезде немесе оны қажетті мерзімде беру мүмкін болмаған кезде мүше мемлекеттер кідіріссіз ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдана алады.

59-бап
Карантиндік фитосанитариялық шаралар

      1. Карантиндік фитосанитариялық шаралар Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылған өнімдердің (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың) тізбесіне енгізілген өнімге, Одақтың карантиндік объектілерінің, сондай-ақ карантинге жатқызылған объектілердің бірыңғай тізбесіне енгізілген карантиндік объектілерге қатысты қолданылады.
      2. Одақтың кедендік аумағында және Одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесіне енгізілген өнімге, Одақтың карантиндік объектілерінің, сондай-ақ карантинге жатқызылған объектілердің бірыңғай тізбесіне енгізілген карантиндік объектілерге қатысты жүзеге асырылады.
      3. Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін, Одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесін және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды Комиссия бекітеді.

ХІІ бөлім
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

60-бап
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кепілдігі

      1. Тұтынушылардың құқықтарына және олардың қорғауға мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ осы Шартта кепілдік беріледі.
      2. Мүше мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ олардың аумағында тұратын өзге де адамдар басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында осы мүше мемлекеттердің азаматтары пайдаланатын тұтынушылардың қорғау саласындағы құқықтарын құқықтық қорғауды пайдаланады және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, басқа да ұйымдарға, сондай-ақ соттарға жүгінуге және (немесе) осы басқа мүше мемлекеттердің азаматтары жүзеге асыратын шарттармен өзге де процессуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

61-бап
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясат

      1. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің азаматтары үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жосықсыз әрекетінен өздерінің мүдделерін қорғау жөніндегі тең жағдайларды қалыптастыруға бағытталған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты жүргізеді.
      2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты жүргізу осы Шартпен және осы Шартқа № 13 қосымшаға сәйкес қағидаттар негізінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы мүше мемлекеттердің заңнамасымен қамтамасыз етіледі.

ҮШІНШІ БӨЛІК
БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК

ХІІІ бөлім
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

62-бап
Келісілген макроэкономикалық саясаттың
негізгі бағыттары

      1. Одақ шеңберінде мүше мемлекеттер экономикасының теңгерімді дамуына қол жеткізу мақсатында мүше мемлекеттердің бірлескен іс-әрекеттерін әзірлеуді және іске асыруды көздейтін келісілген макроэкономикалық саясат жүргізіледі.
      2. Мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізуін үйлестіруді осы Шартқа № 14 қосымшаға сәйкес Комиссия жүзеге асырады.
      3. Мүше мемлекеттер жүргізетін келісілген макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарына:
      1) Одақтың интеграциялық әлеуетін және әрбір мүше мемлекеттің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, мүше мемлекеттер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
      2) мүше мемлекеттер экономикасының қызмет етуінің бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру және олардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
      3) макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, мүше мемлекеттер экономикасының ішкі тұрақтылығын, сондай-ақ сыртқы әсерге тұрақтылықты арттыру үшін жағдайлар жасау;
      4) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау үшін ортақ қағидаттар мен бағдарларды әзірлеу кіреді.
      4. Келісілген макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру осы Шартқа № 14 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

63-бап
Экономикалық дамудың тұрақтылығын айқындайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

      Мүше мемлекеттер экономикалық саясатты экономикалық дамудың тұрақтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің мынадай:
      мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің жылдық тапшылығы – жалпы ішкі өнімнің 3 пайызынан аспайтын;
      мемлекеттік басқару секторының борышы – жалпы ішкі өнімнің 50 пайызынан аспайтын;
      жыл бойынша (алдыңғы жылғы желтоқсан айынан желтоқсан айына дейін, пайызбен) инфляция деңгейі (тұтыну бағаларының индексі) – осы көрсеткіш ең төмен мәнге ие мүше мемлекетте инфляция деңгейі 5 пайыздық пунктінен аспайтын сандық мәндері шеңберінде қалыптастырады.

XIV бөлім
ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТ

64-бап
Келісілген валюталық саясаттың мақсаттары мен қағидаттары

      1. Мүше мемлекеттер экономикалық интеграцияны тереңдету, валюта-қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және капиталдың мүше мемлекеттердің аумағында еркін қозғалысын қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операциялардағы рөлін арттыру, сондай-ақ көрсетілген валюталардың еркін айырбасталуын қамтамасыз ету мақсатында мынадай:
      1) интеграциялық ынтымақтастықтың қалыптасқан макроэкономикалық қажеттіліктеріне сәйкес келетіндей көлемде валюталық саясатты қалыптастыру мен жүргізуге тәсілдерді үйлестіру мен жақындастыруды кезең-кезеңмен жүзеге асыру;
      2) валюта саласында интеграциялық процестерді дамыту, валюталық саясатты үйлестіру және келісу үшін ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық жағдайларды жасау;
      3) валюта саласында интеграциялық процестерді дамытуға теріс әсер етуі мүмкін іс-әрекеттерді қолданбау, ал оларды мәжбүрлеп қолданған жағдайда – осындай іс-әрекеттердің салдарын барынша азайту;
      4) әрбір мүше мемлекеттің ішкі валюта нарығында да, халықаралық валюта нарықтарында да мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарына сенімді арттыруға бағытталған экономикалық саясатты жүргізу қағидаттарының негізінде келісілген валюталық саясатты әзірлейді және жүргізеді.
      2. Мүше мемлекеттер келісілген валюталық саясатты жүргізу мақсатында осы Шартқа № 15 қосымшаға сәйкес шараларды іске асырады.
      3. Бағамдық саясатты үйлестіруді құрамына мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің басшылары кіретін және қызметінің тәртібі Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалатын жеке орган жүзеге асырады.
      4. Мүше мемлекеттердің валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге және ырықтандыру шараларын қабылдауға қатысты келісілген тәсілдері Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.

XV бөлім
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ, ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰРУ, ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

65-бап
Реттеу мақсаты мен нысанасы, қолданылу саласы

      1. Осы бөлімнің мақсаты осы бөлімнің және осы Шартқа № 16 қосымшаның талаптарына сәйкес Одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестицияларды құру, қызметі және оны жүзеге асыру еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
      Мүше мемлекеттерде көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды құруды, қызметін және оны жүзеге асыруды реттеудің құқықтық негіздері осы Шартқа № 16 қосымшада айқындалады.
      2. Осы бөлімнің ережелері көрсетілетін қызметтерді беруді және алуды, инвестицияларды құруды, қызметі мен оны жүзеге асыруды қозғайтын мүше мемлекеттердің шараларына қолданылады.
      Осы бөлімнің ережелері:
      осы Шарттың XХII бөлімінде реттелетін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуға;
      мемлекеттік билік функцияларын орындау үшін көрсетілетін қызметтер беруге және жүзеге асырылатын қызметтерге қолданылмайды.
      3. Осы Шарттың XVI, XIX, XX және XXI бөлімдерінде қамтылатын көрсетілетін қызметтер тиісінше осы бөлімдердің ережелерінде реттеледі. Осы бөлімнің ережелері көрсетілген бөлімдерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      4. Электр байланысы қызметінің саудасымен байланысты туындайтын құқықтық қатынастардың ерекшеліктері Электр байланысы қызметінің саудасы тәртібіне (осы Шарттың № 16 қосымшасына № 1 қосымша) сәйкес айқындалады.
      5. Жеке тұлғалардың келу, кету, болу және еңбек қызметінің ерекшеліктері осы Шарттың XХVI бөлімінде, осы бөлімге қайшы келмейтін бөлігінде реттеледі.
      6. Осы бөлімдегі ешнәрсе:
      1) ашылуын мүше мемлекет өзінің қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне қайшы келеді деп қарастыратын қандай да бір ақпаратты кез келген мүше мемлекетке беруге қойылатын талап;
      2) мүше мемлекет заңнамалық акт қабылдау арқылы өзінің қауіпсіздігінің маңызды мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін кез келген, оның ішінде:
      әскери мекемені жабдықтау мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді беруге қатысты;
      жарылатын немесе термоядролық материалдарға немесе олар алынған материалдарға жататын;
      соғыс уақытында немесе басқа да төтенше мән-жайларда халықаралық қатынастарда қабылданған іс-әрекеттерді қолдануға кез келген мүше мемлекет үшін кедергі;
      3) халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес оның міндеттемелерін орындау үшін кез келген іс-әрекеттерді қолдануға кез келген мүше мемлекет үшін кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      7. Осы бөлімнің ережелері мүше мемлекетке:
      1) қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қажетті шараларды қабылдауға немесе қолдануға кедергі келтірмейді. Қоғамдық тәртіп пайымдаулары бойынша қоғамның негізгі мүдделерінің біріне қатысты шынайы және жеткілікті түрдегі күрделі қауіп-қатер қалыптасқан жағдайда қолданылмауы мүмкін;
      2) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;
      3) мыналарға:
      жаңылыстыратын және жосықсыз тәжірибенің немесе азаматтық-құқықтық шарттарды сақтамау салдарын болдырмауға;
      жеке сипаттағы мәліметтерді өңдеу және тарату кезінде жекелеген адамдардың жеке өміріне қол сұғудан қорғауға және жеке өмір мен шоттары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
      қауіпсіздікке қатысы бар шараларды қоса алғанда, осы бөлімнің ережелеріне қайшы келмейтін, мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтау үшін қажетті;
      4) іс жүзінде ұсынылатын режимдегі айырмашылық көрсетілетін қызметтер саудасына, құруға және қызметке қатысты басқа мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттердің адамдарына әділ немесе тиімді тікелей салық салуды және оны алуды қамтамасыз етуге талпынумен байланысты болған жағдайда осы Шартқа № 16 қосымшаның 21 және 24-тармақтарымен үйлеспейтін шараларды қабылдауға немесе қолдануға кедергі келтірмейді және мұндай шаралар мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмеуге тиіс;
      5) режимге қатысты айырмашылық тиісті мүше мемлекет қатысушысы болып табылатын салық салу мәселелері бойынша, оның ішінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің нәтижесі болып табылған жағдайда осы Шартқа № 16 қосымшаның 27 және 29-тармақтарымен үйлеспейтін шараларды қабылдауға немесе қолдануға кедергі келтірмейді.
      8. Осы баптың 7-тармағында көзделген шараларды қолдану мүше мемлекеттер арасында еркін немесе ақталмаған кемсітушілікке немесе көрсетілетін қызметтер саудасында, инвестицияларды құруда, қызметінде және оны жүзеге асыруда жасырын шектеулерге алып келмеуге тиіс.
      9. Егер мүше мемлекет үшінші мемлекетке қатысты көрсетілетін қызметтер саудасына, инвестицияларды құруға, қызметіне және оны жүзеге асыруға қатысты шектеулерді немесе тыйымдарды сақтаса, осы бөлімдегі ешнәрсе мұндай мүше мемлекетті басқа мүше мемлекеттің адамдарына, егер мұндай адам көрсетілген үшінші мемлекеттің адамына тиесілі болса немесе бақылауында болса, осы бөлімнің ережелерін қолдануға міндеттейтіндей түсіндірілмеуге тиіс, ал осы бөлімнің ережелерін қолдану көрсетілген тыйымдар мен шектеулерді айналып өтуге немесе бұзуға алып келеді.
      10. Егер басқа мүше мемлекеттің адамы осы басқа мүше мемлекеттің аумағында елеулі іскерлік операцияларды жүзеге асырмайтындығы дәлелденетін болса және ол бірінші мүше мемлекеттің адамына немесе үшінші мемлекет адамына тиесілі болған немесе бақыланған жағдайда, мүше мемлекет өзі осы бөлімге сәйкес қабылдайтын өз міндеттемелерін басқа мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтер саудасына, инвестицияларды құруға, қызметіне және оны жүзеге асыруға қатысты адамына қолдана алмайды.

66-бап
Көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды құруды, қызметін және оны жүзеге асыруды ырықтандыру

      1. Мүше мемлекеттер осы Шарттың күшіне енген күні қолданыста болған режиммен салыстырғанда, басқа мүше мемлекеттердің көрсетілетін қызметтер саудасына, құруға және адамдарының қызметтеріне қатысты жаңа кемсітушілік шараларын енгізбейді.
      2. Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестицияларды құру, қызметі және оны жүзеге асыру еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы, инвестицияларды құру, қызметі және оны жүзеге асыру жағдайларын кезең-кезеңмен ырықтандыруды жүргізеді.
      3. Мүше мемлекеттер осы Шартқа №16 қосымшаның 38-43-тармақтарында көзделген көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын құруға және оның барынша көп қызметтер секторында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге талпынады.

67-бап
Көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды құруды,
қызметін және оны жүзеге асыруды ырықтандыру қағидаттары

      1. Көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды құруды, қызметін және оны жүзеге асыруды ырықтандыру мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру және мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара әкімшілік ынтымақтастығын ұйымдастыру арқылы халықаралық қағидаттар мен стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды құруды, қызметін және оны жүзеге асыруды ырықтандыру процесінде мүше мемлекеттер мынадай:
      1) ішкі реттеуді оңтайландыру – шамадан тыс ішкі реттеуді, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді берушілер, алушылар, құруды немесе қызметті жүзеге асыратын адамдар және инвесторлар үшін рұқсат беру талаптары мен рәсімдерді көрсетілетін қызметтердің нақты секторларын реттеудің озық халықаралық тәжірибесін ескере отырып, кезең-кезеңмен оңайлату және (немесе) тарату;
      2) тепе-теңдік – мүше мемлекеттер заңнамасын үйлестіру және көрсетілетін қызметтер нарығының, инвестицияларды құруды, қызметін немесе оны жүзеге асырудың тиімді жұмыс істеуі үшін өзара әкімшілік ынтымақтастық деңгейлерінің қажеттілігі мен жеткіліктілігі;
      3) өзара тиімділік – көрсетілетін қызметтер секторының және әрбір мүше мемлекет үшін қызмет түрлерінің сезімталдығын ескере отырып, пайда мен міндеттемелерді әділ бөлу негізінде көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды құруды, қызметін және оны жүзеге асыруды ырықтандыру;
      4) дәйектілік – көрсетілетін қызметтер саудасына, инвестицияларды құруға, қызметіне немесе оны жүзеге асыруға қатысты кез келген шараларды қабылдау, оның ішінде:
      көрсетілетін қызметтер секторының және қызмет түрлерінің ешқайсысында осы Шартқа қол қою күніне қолданыста болған жағдайлармен және осы Шартта бекітілген жағдайлармен салыстырғанда, өзара қол жеткізу жағдайларын нашарлатуға жол берілмейтінін;
      осы Шартқа № 16 қосымшаның 2-тармағының 4-абзацында және 15-17, 23, 26, 28, 31, 33 және 35-тармақтарында көрсетілген Жоғары кеңес бекітетін шектеулердің, алулардың, қосымша талаптардың және жағдайлардың жеке ұлттық тізбелерінде көзделген шектеулердің, алулардың, қосымша талаптардың және жағдайлардың кезең-кезеңмен қысқартылуын негізге ала отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру және әкімшілік ынтымақтастық;
      5) экономикалық орындылық – осы Шартқа № 16 қосымшаның 38-43-тармақтарында көзделген көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру шеңберінде өзіндік құнға, бәсекеге қабілеттілікке және (немесе) Одақтың ішкі нарығында шығарылатын және өткізілетін тауарлардың көлеміне мейлінше жоғары деңгейде әсер ететін көрсетілетін қызмет секторларына қатысты басым тәртіппен көрсетілетін қызметтер саудасын ырықтандыру жүргізу қағидаттарын басшылыққа алады.

68-бап
Әкімшілік ынтымақтастық

      1. Мүше мемлекеттер осы бөлімде реттелетін мәселелер бойынша құзыретті органдар арасында тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуде бір-біріне жәрдемдеседі.
      Ынтымақтастықтың тиімділігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ақпарат алмасу үшін мүше мемлекеттердің құзыретті органдары келісім жасасады.
      2. Әкімшілік ынтымақтастық:
      1) көрсетілетін қызмет секторлары бойынша тұтастай да, нарыққа нақты қатысушыларға қатысты да мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында жедел ақпарат алмасуды;
      2) көрсетілетін қызметтерді берушілердің тұтынушылардың, нарықтың адал субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық (мемлекеттік) мүдделерді бұзуының алдын алу тетігін жасауды қамтиды.
      3. Мүше мемлекеттің құзыретті органдары басқа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарынан олардың құзыреті саласына жататын және осы бөлімде көзделген талаптарды тиімді іске асыру үшін қажет, оның ішінде:
      1) құруды жүзеге асырған немесе бірінші мүше мемлекеттің аумағында көрсетілетін қызметтерді беретін осы басқа мүше мемлекеттердің тұлғалары туралы, атап айтқанда, олардың аумағында осындай тұлғалардың шын мәнінде құрылғанын растайтын және құзыретті органдардың мәліметтері бойынша бұл тұлғалар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратынын растайтын мәліметтер туралы;
      2) құзыретті органдар берген рұқсаттар және жүзеге асырылуы үшін рұқсат берілген қызмет түрлері туралы;
      3) сол тұлғаға қатысты құзыретті органдар қабылдаған және оның құзыреттілігін немесе іскерлік беделін тікелей қозғайтын тұлғаның дәрменсіздігін (банкроттығын) тану туралы әкімшілік шаралар, қылмыстық-құқықтық санкциялар немесе шешімдер туралы ақпаратты жасалған келісімдер шеңберінде сұрата алады. Бір мүше мемлекеттің құзыретті органдары тиісті ақпаратты, оның ішінде бірінші мүше мемлекеттің аумағында құруды жүзеге асырған немесе көрсетілетін қызметтерді беретін тұлғаларды жауаптылыққа тарту негіздері туралы ақпаратты сұратқан басқа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруге тиіс.
      4. Мүше мемлекеттер құзыретті органдарының (оның ішінде қызметті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын) әкімшілік ынтымақтастығы:
      1) басқа мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді берушісі осы көрсетілетін қызметтерді беру кезінде бір мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді алушыларының құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін жасау;
      2) көрсетілетін қызметтерді берушілер мен алушылардың салық және өзге міндеттемелерін орындауы;
      3) жосықсыз іскерлік тәжірибенің жолын кесу;
      4) мүше мемлекеттердің көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы статистикалық деректерінің анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      5. Егер мүше мемлекетке оның аумағындағы немесе басқа мүше мемлекеттердің аумағындағы адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне, жануарлардың, өсімдіктердің қауіпсіздігіне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіре алатын кез келген көрсетілетін қызметтерді берушілердің, құруды немесе қызметті жүзеге асырушы адамдардың не инвесторлардың іс-әрекеттері туралы белгілі болса, бірінші мүше мемлекет бұл туралы ең қысқа мерзімдерде барлық мүше мемлекеттерге және Комиссияға хабарлайды.
      6. Комиссия осы бөлімде реттелетін мәселелер бойынша Одақтың ақпараттық жүйелерінің қызмет ету процесін құруға жәрдемдеседі және оған қатысады.
      7. Мүше мемлекеттер осы бапта көзделген міндеттемелерді басқа мүше мемлекеттердің орындамауы жағдайлары туралы Комиссияға хабарлай алады.

69-бап
Транспаренттілік

      1. Әрбір мүше мемлекет осы бөлімде реттелетін мәселелер бойынша өз заңнамасының ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
      Осы мақсатта мүше мемлекеттің осы бөлімде реттелетін мәселелерді қозғайтын немесе қозғай алатын барлық нормативтік құқықтық актілері құқықтары және (немесе) міндеттемелері осындай нормативтік құқықтық актілерде қозғалуы мүмкін кез келген адам олармен таныса алатындай ресми дереккөзде, ал мүмкіндігіне қарай, Интернет желісінің тиісті сайтында да жариялануға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер құқықтары және (немесе) міндеттемелері осы нормативтік құқықтық актілерде қозғалуы мүмкін адамдардың құқықтық айқындылығын және негізделген сенімдерін қамтамасыз ететін мерзімде, бірақ қандай жағдайда болсын олар күшіне енген күнге дейін жариялануға тиіс.
      3. Мүше мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер жобаларының алдын ала жариялануын қамтамасыз етеді.
      Мүше мемлекеттер нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдардың Интернет желісіндегі ресми сайттарында немесе арнайы құрылған сайттарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, адамдардың олар бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жіберу тәртібі жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің жобасына қоғамдық талқылау жүргізілетін мерзім туралы мәліметтерді барлық мүдделі адамдарға өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жіберу мүмкіндігін беру мақсатында орналастырады.
      Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобалары, әдетте, оларды қабылдау күніне дейін күнтізбелік 30 күн бұрын жарияланады. Мұндай алдын ала жариялау жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайларда, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын алдын ала жариялау олардың орындалуына кедергі келтіруі мүмкін болғанда немесе қоғамдық мүдделерге өзгеше түрде қайшы келген жағдайларда ғана талап етілмейді.
      Мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қоғамдық талқылау шеңберінде алған ескертулері және (немесе) ұсыныстары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын пысықтау кезінде мүмкіндігінше ескеріледі.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді (олардың жобаларын) жариялау оларды қабылдау және қолдану мақсаттарын түсіндірумен қатар жүргізілуге тиіс.
      5. Мүше мемлекеттер кез келген адамның қолданыстағы және (немесе) қабылдау жоспарланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер туралы жазбаша немесе электрондық түрдегі сұрау салуына жауап қайтаруды қамтамасыз ететін тетік жасайды.
      6. Мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекеттер адамдарының осы бөлімде реттелетін мәселелер бойынша өтініштерін өз заңнамасына сәйкес, өз адамдары үшін белгіленген тәртіппен қарауды қамтамасыз етеді.

XVI бөлім
ҚАРЖЫ НАРЫҚТАРЫН РЕТТЕУ

70-бап
Қаржы нарықтарын реттеу мақсаттары мен қағидаттары

      1. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде қаржы нарықтарын келісілген реттеуді:
      1) Одақ шеңберінде жалпы қаржы нарығын құру және мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітпеушілікпен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясын тереңдету;
      2) көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беруді және тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
      3) банк секторындағы және сақтандыру секторындағы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында көрсетілетін қызмет секторындағы бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдары басқа мүше мемлекеттердің аумақтарында берген лицензияларды өзара мойындау үшін жағдай жасау;
      4) халықаралық стандарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарындағы тәуекелдерді реттеу тәсілдерін айқындау;
      5) банк қызметіне, сақтандыру қызметіне және бағалы қағаздар нарығындағы қызметке қойылатын талаптарды (пруденциалдық талаптарды) айқындау;
      6) қаржы нарығына қатысушылардың қызметін қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
      7) қаржы нарығына қатысушылар қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Қаржы нарығында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында мүше мемлекеттер ынтымақтастықтың мынадай негізгі нысандарын, оның ішінде:
      1) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында банк қызметін, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттеу және дамыту, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес бақылау және қадағалау мәселелері бойынша ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасуды;
      2) қаржы нарықтарында туындайтын ағымдағы және ықтимал проблемаларды талқылау жөніндегі және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі келісілген іс-шаралар жүргізуді;
      3) банк қызметін, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттеу мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара консультациялар жүргізуін қолданады.
      3. Осы баптың 1-тармағында баяндалған мақсаттарғы қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес және осы Шартқа № 17 қосымша мен осы Шарттың 103-бабын ескере отырып қаржы нарығындағы өз заңнамасын үйлестіруді жүзеге асырады.

XVII БӨЛІМ
САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ

71-бап
Мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы
өзара іс-әрекетінің қағидаттары

      1. Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелінген тауарларға жанама салық салынады.
      2. Мүше мемлекеттер өзара саудада салықтар, өзге де алымдар мен төлемдерді аумағында басқа мүше мемлекеттің тауарларын өткізу жүзеге асырылатын мүше мемлекетте салық салу оның аумағында шығарылатын осыған ұқсас тауарларға қатысты дәл сондай мән-жайлар болған кезде осы мүше мемлекет қолданатын салық салуға қарағанда қолайсыз болмайтындай етіп алады.
      3. Мүше мемлекеттер мыналарды:
      1) акцизделетін неғұрлым сезімтал тауарлар бойынша акциздер мөлшерлемелерін үйлестіруді (жақындастыруды);
      2) өзара саудада қосылған құн салығын алу жүйесін (оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып) одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, ұлттық деңгейде немесе Одақ деңгейінде бәсекелестік талаптарын бұзбайтындай және тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің еркін орын ауыстыруына кедергі келтірмейтіндей өзара саудаға әсер ететін салықтарға қатысты заңнаманы үйлестіруді жүзеге асырудың бағыттарын, сондай-ақ нысандары мен тәртібін айқындайды.

72-бап
Мүше мемлекеттерде жанама салықтарды
алу қағидаттары

      1. Өзара тауарлар саудасында жанама салықтарды алу тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдануды және (немесе) тауарлар экспорты кезінде акциздерді төлеуден босатуды, сондай-ақ импорт кезінде оларға жанама салық салуды көздейтін, межеленген ел қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
      Тауар экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу және олардың төленуін бақылау тетігі осы Шартқа № 18 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру орны деп танылатын мүше мемлекетте жанама салықтарды алу жүзеге асырылады.
      Жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде жанама салықтарды алу осы Шартқа № 18 қосымшада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Мүше-мемлекеттердің салық органдары арасындағы жанама салықтардың төлену толықтығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу жекелеген халықаралық ведомствоаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде шартта ақпарат алмасу тәртібі, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш нысаны, оларды толтыру қағидалары және алмасу форматына талаптар белгіленеді.
      4. Бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан тауар импорты кезінде аумағына тауарлар импортталатын мүше мемлекеттің заңнамасында акциздік маркалармен (есепке алу-бақылау маркаларымен, белгілерімен) маркалауға жататын тауарлар бөлігінде өзгеше белгіленбесе осы мүше мемлекеттің салық органдары жанама салықтар алады.
      5. Мүше мемлекеттің аумағына тауарлар импорты кезінде өзара саудадағы жанама салықтар мөлшерлемелері осы мүше мемлекеттің аумағында олар өткізілген кезде ұқсас тауарларға салынатын жанама салықтар мөлшерлемелерінен аспауға тиіс.
      6. Мүше мемлекеттің аумағына:
      1) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның аумағына әкелу кезінде салық салуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарлардың;
      2) мүше мемлекеттің аумағына жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатында әкелмейтін тауарлардың;
      3) бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан импорты бір заңды тұлғаның шегінде оларды беруге байланысты жүзеге асырылатын тауарлардың (мүше мемлекеттің заңнамасында осындай тауарларды әкелу (әкету) туралы салық органдарының хабарламасы бойынша міндеттеме белгіленуі мүмкін) импорты кезінде жанама салықтар алынбайды.

73-бап
Жеке тұлғалардың табыстарына салық салу

      Егер бір мүше мемлекет өзінің заңнамасына және халықаралық шарттар ережелеріне сәйкес бірінші айтылған мүше мемлекетте жүзеге асырылатын жалдау бойынша жұмыспен байланысты басқа мүше мемлекеттің салық резидентінің (тұрақты болу орны бар тұлғалар) табысына салық салуға құқылы болса, мұндай табысқа бірінші мүше мемлекетте жалдау бойынша бірінші жұмыс күнінен бастап осы бірінші мүше мемлекеттің жеке тұлғаларының – салық резиденттерінің (тұрақты болу орны бар тұлғалардың) осындай табыстары үшін көзделген салық мөлшерлемелері бойынша салық салынады.
      Осы баптың ережелері жалдау бойынша жұмыспен байланысты мүше мемлекеттер азаматтары алатын кірістерге салық салуға қолданылады.

XVIII БӨЛІМ
БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАРЫ
МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

74-бап
Жалпы ережелер

      1. Осы бөлімнің нысанасы екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін мүше мемлекеттер аумақтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтауды және оның жолын кесуді қамтамасыз ететін бәсекелестіктің жалпы қиғидаттары мен қағидаларын белгілеу болып табылады.
      2. Осы бөлімнің ережелері мүше мемлекеттердің аумақтарындағы бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатын іске асырумен байланысты қатынастарға және екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) қатысқан қатынастарға қолданылады. Комиссияның құзыретін айқындау мақсатында нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу өлшемшарты Жоғарғы Кеңес шешімімен белгіленеді.
      3. Мүше мемлекеттер өзінің заңнамасында қосымша тыйым салуды және осы Шарттың 75 және 76-баптарында көзделген тыйым салуға қатысты қосымша талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы.
      4. Мүше мемлекеттер үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) іс-әрекеттеріне, егер мұндай іс-әрекеттер мүше мемлекеттердің тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына теріс әсер етуі мүмкін болса, осы іс-әрекеттерге қатысты келісілген бәсекелестік саясатын жүргізеді.
      5. Осы бөлімде ешнәрсе кез келген мүше мемлекетке ел қорғанысының маңызды мүдделерін немесе мемлекет қауіпсіздігін қорғау үшін қажет деп санаған кез келген шараны қолдануға кедергі ретінде талқыланбауға тиіс.
      6. Осы бөлімнің ережелері осы Шартта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.
      7. Осы бөлімнің ережелерін іске асыру осы Шартқа № 19 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

75-бап
Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары

      1. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) өзінің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының нормаларын мүше мемлекеттердің қолдануы осындай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдық-құқықтық нысанына және тіркелу орнына қарамастан, бірдей жағдайларда және тең шамада жүзеге асырылады.
      2. Мүше мемлекеттер өз заңнамасында мыналарға, оның ішінде:
      1) мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар арасындағы немесе олардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісімдерге, егер мұндай келісімдер осы Шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкін болса;
      2) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда және осы Шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік немесе муниципалдық преференцияларды беруге тыйым салуды белгілейді.
      3. Мүше мемлекеттер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-әрекеттердің алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу жөніндегі тиімді іс-шараларды қолданады.
      4. Мүше мемлекеттер өз заңнамасына сәйкес әрбір мүше мемлекеттің аумақтарында бәсекелестікті қорғау және дамыту үшін қажетті шамада экономикалық шоғырландыруды тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.
      5. Әрбір мүше мемлекет құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатын іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін мемлекеттік билік органының (бұдан әрі - мүше мемлекеттердің уәкілетті органы) болуын қамтамасыз етеді, бұл, бұдан өзге, мұндай органға бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге тыйым салудың және жосықсыз бәсекеге тыйым салудың сақталуын, экономикалық шоғырландыруды бақылау жөніндегі өкілеттіктерді, сондай-ақ бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, көрсетілген бұзушылықтарды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану және осындай бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қолдану жөніндегі өкілеттіктерді беруді білдіреді.
      6. Мүше мемлекеттер өз заңнамасында тиімділік, мөлшерлестік, қамтамасыз етілу, бұлтартпау және айқындылық қағидаттарына сүйене отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) және билік органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін айыппұл санкцияларын белгілейді және олардың қолданылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте мүше мемлекеттер айыппұл санкциялары қолданылған жағдайда барынша жоғары айыппұл санкциялары бәсекелестік үшін аса үлкен қауіп төндіретін (бәсекелестікті шектейтін келісімдер, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) үстем жағдайын теріс пайдалану) бұзушылықтарға белгіленуі тиіс екендігін мойындайды, бұл ретте құқық бұзушылық жасалған нарықта құқық бұзушының тауарды өткізуден түскен сомасына немесе құқық бұзушының тауар сатып алу шығыстары сомасына қарай есептелетін айыппұл санкциялары дұрысырақ болады.
      7. Мүше мемлекеттер өздері жүргізетін бәсекелестік (монополияға қарсы) саясаттың ақпараттық ашықтығын, оның ішінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қызметі туралы мәліметтерді өз заңнамасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет желісінде орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
      8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өз мемлекетінің заңнамасына және осы Шартқа сәйкес, ақпарат беру, консультациялар жүргізу туралы хабарламалар, сұрау салу жіберу, екінші мүше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын тергеп-тексерулер (істерді қарау) туралы хабардар ету, бір мүше мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша тергеп-тексерулер жүргізу (істерді қарау) және оның нәтижелері туралы хабардар ету арқылы өзара іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

76-бап
Бәсекелестіктің жалпы қағидалары

      1. Нәтижесі бәсекелестікке жол бермеу, шектеу, жою және (немесе) басқа тұлғалардың мүдделеріне қысым жасау, оның ішінде мынадай іс-әрекеттер (әрекетсіздік):
      1) тауардың монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағасын белгілеу, ұстап тұру;
      2) алып қою нәтижесі тауар бағасын көтеру болып табылған, тауарды айналыстан алып қою;
      3) келісімшарт жасаушы агентке ол үшін пайдасыз немесе шарттың нысанасына жатпайтын экономикалық немесе технологиялық негізсіз талаптарды күштеп таңу;
      4) егер тауарға сұраныс болса немесе оның рентабельді өндірісіне мүмкіндік болған кезде оны жеткізуге тапсырыстар орналастырылса, сондай-ақ, егер тауар өндірісінің мұндай қысқартылуы немесе мұндай тоқтатылуы осы Шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа халықаралық шарттарында көзделмесе, тауарды экономикалық немесе технологиялық негізсіз қысқарту немесе тоқтату;
      5) осы Шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа халықаралық шарттарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тиісті тауарды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі болған жағдайда жекелеген сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарт жасасудан экономикалық немесе техникалық негізсіз бас тарту не жалтару;
      6) осы Шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа халықаралық шарттарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, белгілі бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау;
      7) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауар нарығына кіруіне немесе оның тауар нарығынан шығуына кедергілер жасау болып табылатын немесе болып табылуы мүмкін үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады.
      2. Жосықсыз бәсекеге, оның ішінде:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) залал келтіруі не оның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жалған, нақты емес немесе бұрмаланған мәліметтер таратуға;
      2) тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға;
      3) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларын басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) өндіретін немесе өткізетін тауарлармен орынсыз салыстыруға жол берілмейді.
      3. Мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы:
      1) бағаларды (тарифтерді), жеңілдіктерді, үстемеақыларды (қосымша ақыларды) үстеме бағаларды белгілеуге немесе ұстап тұруға;
      2) сауда-саттықтарда бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;
      3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемі, өткізілетін тауарлар ассортименті не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге;
      4) тауарлар өндірісін қысқартуға немесе тоқтатуға;
      5) белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін келісімдерге тыйым салынады.
      4. Егер:
      1) сатушы сатып алушы үшін тауарды қайта сатудың мейлінше жоғары бағасын белгілейтін жағдайды қоспағанда, мұндай келісімдер тауарды қайта сату бағасын белгілеуге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса;
      2) мұндай келісімде сатушының бәсекелесі болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауарын сатып алушының сатпау міндеттемесі көзделсе, осы Шартқа № 18 қосымшада белгіленген жол беру өлшемшарттарына сәйкес жол беріледі деп танылатын «сатылы» келісімдерді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы «сатылы» келісімдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауарларды тауар таңбасымен сатуды ұйымдастыруы туралы келісімдерге не сатушыны немесе өндірушіні өзге құралдармен дараландыруға қолданылмайды.
      5. Егер мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге әкеп соғады немесе әкеп соғуы мүмкін деп белгіленсе, осы Шартқа № 19 қосымшада белгіленген жол беру өлшемшарттарына сәйкес жол беріледі деп танылатын «сатылы» келісімдерді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы өзге келісімдерге тыйым салынады.
      6. Жеке тұлғаларға, коммерциялық ұйымдарға және коммерциялық емес ұйымдарға, егер үйлестіру осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген Осы Шартқа № 19 қосымшада белгіленген жол беру өлшемшарттарына сәйкес рұқсат етілген болып танылуы мүмкін емес салдарға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) экономикалық қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға тыйым салынады. Мүше мемлекеттер өздерінің заңнамасында егер экономикалық қызметті үйлестіру осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы Шартқа № 19 қосымшада белгіленген жол беру өлшемшарттарына сәйкес жол берілген деп танылуы мүмкін емес салдарға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, мұндай үйлестіруге тыйым салуды белгілеуге құқылы.
      7. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің осы бөлімде белгіленген кәсіпкерлік қызметті, бәсекенің жалпы қағидаларын жүзеге асырмайтын жеке тұлғалары мен коммерциялық емес ұйымдары бұзушылықтарының жолын кесуді, егер мұндай бұзушылықтар екі және одан да көп мүше мемлекет аумағындағы трансшекаралық нарықта, қаржы нарықтарын қоспағанда, бәсекеге теріс әсер ететін болса немесе әсер етуі мүмкін болса, Комиссия осы Шартқа № 19 қосымшада көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

77-бап
Мемлекеттік баға реттеу

      Мемлекеттік баға реттеуді енгізу, сондай-ақ мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдеріне дауласу тәртібі осы Шартқа № 19 қосымшада айқындалады.

XIX БӨЛІМ
ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР

78-бап
Табиғи монополиялар салалары мен субъектілері

      1. Мүше мемлекеттер табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу кезінде осы Шартқа № 20 қосымшада көзделген нормалар мен ережелерді басшылыққа алады.
      2. Осы бөлімнің ережелері мүше мемлекеттердің табиғи монополия субъектілерінің, тұтынушылардың, атқарушы билік органдарының және мүше мемлекеттер арасындағы және мүше мемлекеттердің осы Шартқа № 20 қосымшаға № 1 қосымшада көрсетілген саудаға әсер ететін табиғи монополиялар салаларындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатысатын қатынастарға қолданылады.
      3. Табиғи монополиялардың нақты салаларындағы құқықтық қатынастар осы Шарттың ХХ және ХХІ бөлімдерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бөлімде айқындалады.
      4. Мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларына, осы Шартқа № 20 қосымшаға № 2 қосымшада көрсетілген табиғи монополиялар салалары да жатады.
      Осы Шартқа № 20 қосымшаға № 2 қосымшада көрсетілген табиғи монополиялар салаларына қатысты мүше мемлекеттер заңнамасының талаптары қолданылады.
      5. Табиғи монополиялар салаларына жатқызылған табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтер тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      6. Мүше мемлекеттер осы Шартқа № 20 қосымшаға № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген табиғи монополиялар салаларын үйлестіруге, оларды қысқарту және осы Шарттың ХХ және ХХІ бөлімдерінде өтпелі кезеңді ықтимал айқындау арқылы ұмтылады.
      7. Мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларын кеңейту:
      егер мүше мемлекет басқа мүше мемлекетте табиғи монополия саласы болып табылатын және осы Шартқа № 20 қосымшаға № 1 немесе 2 қосымшада келтірілген саланы табиғи монополиялар саласына жатқызуға ниетті болған жағдайда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес;
      егер мүше мемлекет табиғи монополиялар саласына осы Шартқа № 20 қосымшаға № 1 немесе 2 қосымшада көрсетілмеген табиғи монополиялардың өзге де саласын жатқызуға ниетті болған жағдайда, осы мүше мемлекет Комиссияға тиісінше өтініш жасағаннан кейін Комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Осы бөлім мүше мемлекеттер арасындағы қолданыстағы екіжақты халықаралық шарттармен реттелген қатынастарға қолданылмайды. Мүше мемлекеттер арасындағы кайта жасалған екіжақты халықаралық шарттарды осы бөлімге қайшы келтіруге болмайды.
      9. Осы Шарттың XVIII бөлімінің ережелері осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.

XX БӨЛІМ
ЭНЕРГЕТИКА

79-бап
Мүше мемлекеттердің энергетика
саласындағы өзара іс-әрекеті

      1. Мүше мемлекеттердің отын-энергетика кешендерінің әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ ұлттық экономиканы энергетикалық ресурстардың негізгі түрлерімен (электр энергиясы, газ, мұнай және мұнай өнімдері) қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер энергетика саласындағы ұзақ мерзімдік өзара тиімді ынтымақтастықты дамытады, үйлестірілген энергетика саясатын жүргізеді, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, осы Шарттың 8183 және 84-баптарында көзделген халықаралық шарттарға сәйкес:
      1) энергетикалық ресурстарға нарықтық баға белгіленімін қамтамасыз ету;
      2) энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету;
      3) энергтикалық ресурстар, тиісті жабдық, технологиялар және олармен байланысты көрсетілетін қызметтер саудасына техникалық, әкімшілік және өзге де тосқауылдардың болмауы;
      4) энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарының көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;
      5) энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін кемсітпеушілік жағдайларын қамтамасыз ету;
      6) мүше мемлекеттердің энергетикалық кешеніне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      7) энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарының технологиялық және коммерциялық инфрақұрылымы жұмыс істеуінің ұлттық нормалары мен қағидаларын үндестіру қағидаттарын негізге ала отырып, энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын кезең-кезеңмен қалыптастыруды жүзеге асырады.
      2. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасы, газ, мұнай және мұнай өнімдері салаларындағы осы бөлімде реттелмеген өз қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатынастарына мүше мемлекеттердің заңнамасы қолданылады.
      3. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасы, газ, мұнай және мұнай өнімдері салаларында өз қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметіне қатысты осы Шарттың XVIII бөлімінің ережелері осы Шарттың осы бөлімінде және ХІХ бөлімінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

80-бап
Газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің
индикативті (болжамды) балансы

      1. Жиынтық энергетикалық әлеуетті тиімді пайдалану және энергетикалық ресурстарды мемлекетаралық жеткізіп беруді оңтайландыру мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары:
      Одақ газының индикативті (болжамды) балансын;
      Одақ мұнайының индикативті (болжамды) балансын;
      Одақтың мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) балансын әзірлейді және келіседі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген баланстарды әзірлеу Комиссияның қатысуымен және осы Шарттың 104-бабының 1-тармағында көзделген және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілетін газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) балансын қалыптастыру әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылады.

81-бап
Одақтың ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру

      1. Мүше мемлекеттер осы Шарттың 104-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген өтпелі ережелерді ескере отырып, қатар жұмыс істейтін электр энергетикасы жүйелері негізінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыруды жүзеге асырады.
      2. Мүше мемлекеттер Одақтың Жоғары кеңес бекітетін ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлейді.
      3. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың бекітілген тұжырымдамасы мен бағдарламасы ережелеріне негізделген ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жасасады.

82-бап
Табиғи монополиялар субъектілерінің электр энергетикасы саласындағы көрсететін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету

      1. Мүше мемлекеттер қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде осы Шартқа № 21 қосымшаға сәйкес бірыңғай қағидаттар мен қағидаларға сәйкес мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін аталған қызмет көрсетуді пайдалану басымдығы жағдайында электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      2. Осы Шартқа № 21 қосымшада баяндалған электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары мен қағидалары, баға белгілеуді және тариф саясатын қоса алғанда, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына қатысты қолданылады. Одаққа жаңа мүшелер қосылған жағдайда көрсетілген қосымшаға тиісті өзгерістер енгізіледі.

83-бап
Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру және газ тасымалдау аясында табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету

      1. Мүше мемлекеттер осы Шарттың 104-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген ережелерді ескере отырып, № 22 қосымшаға сәйкес Одақтың ортақ газ нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыруды жүзеге асырады.
      2. Мүше мемлекеттер Жоғарғы экономикалық кеңес бекітетін Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлейді.
      3. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде бекітілген ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасының ережелеріне негізделетін ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жасасады.
      4. Қолда бар техникалық мүмкіндіктер, Одақтың келісілген индикативтік (болжамдық) газ балансы ескерілген газ тасымалдау жүйелерінің еркін қуаттары шегінде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық шарттарының негізінде мүше мемлекеттер осы Шарттың № 22 қосымшасына сәйкес бірыңғай қағидаттар, шарттар және қағидалар негізінде газды тасымалдау үшін, басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүше мемлекеттер аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

84-бап
Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру және мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету

      1. Мүше мемлекеттер осы Шарттың 104-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген көшпелі ережелерді ескере отырып, осы Шартқа № 23 қосымшаға сәйкес Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыруды жүзеге асырады.
      2. Мүше мемлекеттер Жоғарғы экономикалық кеңес бекітетін Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлейді.
      3. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде бекітілген мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасының ережелеріне негізделетін мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жасасады.
      4. Мүше мемлекеттер Одақтың келісілген индикативтік (болжамды) мұнай балансын, Одақтың келісілген индикативтік (болжамды) мұнай өнімдері балансын ескере отырып, қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде және шаруашылық жүргізетін субъектілердің азаматтық-құқықтық шарттарының негізінде Осы Шартқа № 23 қосымшада көзделген бірыңғай қағидаттар, шарттар мен қағидалар негізінде басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізу субъектілерінің мүше мемлекеттер аумағында орналасқан мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

85-бап
Комиссияның энергетика саласындағы өкілеттігі

      Комиссия энергетика саласында осы бөлімнің орындалуына мониторинг жүргізеді.

XХI БӨЛІМ
КӨЛІК

86-бап
Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты

      1. Одақта экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуге, бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық қағидаттарында жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруға бағытталған үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты жүзеге асырылады.
      2. Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының міндеттері:
      1) көлік қызметтерінің жалпы нарығын құру;
      2) көлік саласындағы жалпы басымдықтарды және үздік практикаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша келісілген шаралар қабылдау;
      3) көлік жүйелерін әлемдік көлік жүйесіне интеграциялау;
      4) мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;
      5) көлік қызметінің сапасын арттыру;
      6) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      7) көліктің қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерлерін төмендету;
      8) қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру болып табылады.
      3. Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі басымдықтары:
      1) біріңғай көлік кеңістігін құру;
      2) еуразиялық көлік дәліздерін құру және дамыту;
      3) Одақ шеңберінде транзиттік әлеуетті іске асыру және дамыту;
      4) көлік инфрақұрылымының дамуын үйлестіру;
      5) тасымалдау процестерін оңтайландыруды қамтамасыз ететін логистикалық орталықтар мен көлік ұйымдарын құру;
      6) мүше мемлекеттердің кадрлық әлеуетін тарту және пайдалану;
      7) көлік саласындағы ғылым мен инновацияларды жетілдіру болып табылады.
      4. Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын мүше мемлекеттер қалыптастырады.
      5. Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін Жоғарғы кеңес айқындайды.
      6. Комиссия мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

87-бап
Қолданылу аясы

      1. Осы бөлімінің ережелері осы Шарттың XVIII және XIX бөлімдерінің ережелерін және осы Шартқа № 24 қосымшада көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, автомобиль, әуе, су және теміржол көлігі түрлеріне қолданылады.
      2. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттер арасындағы көлік қызметтерін кезең-кезеңімен ырықтандыруға ұмтылады.
      Ырықтандырудың тәртібі, шарттары және кезеңдері Одақ шеңберінде осы Шартқа № 21 қосымшада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, халықаралық шарттарда айқындалады.
      3. Көліктегі қауіпсіздікке (көлік қауіпсіздігіне және көлікті пайдалану қауіпсіздігіне) қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің заңнамаларында және халықаралық шарттарда айқындалады.

XХII БӨЛІМ
МЕМЛЕКЕТТІК (МУНИЦИПАЛДЫҚ) САТЫП АЛУ

88-бап
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы реттеудің мақсаттары мен қағидаттары

      1. Мүше мемлекеттер мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу (бұдан әрі – сатып алу) саласында реттеудің мынадай мақсаттары мен қағидаттарын айқындайды:
      сатып алу саласындағы қатынастарды мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен және халықаралық шарттармен реттеу;
      мүше мемлекеттерде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
      мүше мемлекеттерге сатып алу саласында ұлттық режим ұсыну;
      үшінші елдерге сатып алу саласында мүше мемлекеттерге қарағанда неғұрлым қолайлы режим ұсынуға жол бермеу;
      сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
      бір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес дайындалған электрондық цифрлық қолтаңбаны екінші мүше мемлекеттің өзара тануы арқылы электрондық форматта жүргізілетін сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер мен өнім беруші мүше мемлекеттердің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      мүше мемлекеттің сатып алу саласында ұлттық уәкілетті реттеуші және бақылаушы билік органдарының болуын қамтамасыз ету (бұл ретте осы функцияларды бір органның орындауына жол беріледі);
      мүше мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу;
      сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.
      2. Осы Шарттың әрекеті мүше мемлекеттің заңамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды.
      3. Мүше мемлекеттерде сатып алу осы Шартқа № 22 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы бөлімнің әрекеті мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүзеге асыратын сатып алуға қолданылмайды.
      Мүше мемлекеттердің (ұлттық) орталық банктері өздерінің сатып алуды жүзеге асырудың ішкі қағидаларына (сатып алу туралы ережеге) сәйкес әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін сатып алуды жүзеге асырады. Қағидалар осы бапта жазылған мақсаттарға және қағидаттарға қайшы келмеуі, оның ішінде мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне тең рұқсат беруді қамтамасыз етуі тиіс. Ерекше жағдайларда ұлттық (орталық) банктің жоғары органының шешімімен жоғарыда көрсетілген қағидаттардан алып қоюлар белгіленуі мүмкін.
      Сатып алу туралы ереже сатып алуға қойылатын талаптарды, оның ішінде сатып алу рәсімдерін дайындау және жүргізу тәртібін (сатып алу тәсілдерін қоса алғанда) және оларды қолдану шарттарын, шарттарды (келісімшарттарды) жасасу тәртібін қамтуы тиіс.
      Бұл ретте сатып алу туралы ереже және мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жоспарлап отырған және жүзеге асырған сатып алу туралы ақпарат сатып алу туралы ережеде айқындалған тәртіппен мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің Интернет желісіндегі ресми сайттарында орналастырылады.

XXIII БӨЛІМ
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

89-бап
Жалпы ережелер

      1. Мүше мемлекеттер зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және сақтау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады және оларды өзінің аумағында халықаралық құқық нормаларына, халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын қамтитын актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғау мен сақтауды қамтамасыз етеді.
      Мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мынадай негізгі міндеттерді шешу үшін жүзеге асырылады:
      мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы заңнамасын үйлестіру;
      мүше мемлекеттердегі зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау.
      2. Мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) ғылыми және инновациялық дамуға қолдау көрсету;
      2) зияткерлік меншік объектілерін пайдалану және коммерцияландыру механизмдерін жетілдіру;
      3) мүше мемлекеттердің авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілері үшін қолайлы жағдайлар ұсыну;
      4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбаларын және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлар шығарылатын жерлерінің атауларын тіркеу жүйесін енгізу;
      5) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды, оның ішінде Интернет желісінде қорғауды қамтамасыз ету;
      6) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тиімді кедендік қорғауды, оның ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объекттерінің бірыңғай кеден тізілімін жүргізу арқылы қамтамасыз ету;
      7) контрафактілік өнімдердің айналымын болдырмауға және жолын кесуге бағытталған үйлестірілген шараларды жүзеге асыру.
      3. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тиімді қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Комиссия ұйымдастыратын мүше мемлекеттердің консультациялары өткізіледі.
      Консультациялар нәтижесінде мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірленеді.

90-бап
Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық режимі

      1. Бір мүше мемлекеттің тұлғаларына басқа мүше мемлекеттің аумағында ұлттық режим зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық режиміне қатыстылығы үшін ұсынылады. Мүше мемлекеттің заңнамасында ұлттық режимнен хат алмасу үшін мекенжайды көрсету мен өкілді тағайындауды қоса алғанда, сот және әкімшілік рәсімдерге қатысты ерекшіліктер қарастырылуы мүмкін.
      2. Мүше мемлекеттер өз заңнамасында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мен сақтаудың мүше мемлекеттерге қолданылатын халықаралық құқықтық актілерде және Одақтың құқықтық актілерінде көзделгеннен де жоғары деңгейін қамтамасыз ететін нормаларды қарастыруы мүмкін.
      3. Мүше мемлекеттер зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы өз қызметін барлық мүше мемлекеттер қатысушысы болып табылатын мынадай негізгі халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес жүзеге асырады:
      1886 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1971 жылғы редакциядағы);
      1997 жылғы 28 сәуірдегі патенттік рәсім мақсатары үшін микроазғаларды депозиттеуді халықаралық тану туралы Будапешт шарты;
      1996 жылғы 20 желтоқсандағы Авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының шарты;
      1996 жылғы 20 желтоқсандағы Орындаулар мен фонограммалар жөніндегі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының шарты;
      2000 жылғы 1 маусымдағы Патенттік құқық туралы шарт;
      1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация жөніндегі шарт;
      1971 жылғы 29 қазандағы Фонограммаларды заңсыз пайдаланудан фонограмма шығарушылардың мүдделерін қорғау туралы Конвенция;
      1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің Хаттамасы;
      1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция;
      1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;
      2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты.
      Көрсетілген халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылмайтын мүше мемлекеттер осы шарттарға қосылу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алады.
      4. Зияткерлік меншік объектілерінің жекелеген түрлеріне қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық режимінің ерекшіліктерін қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және сақтау саласындағы қатынастарды реттеу осы Шартқа № 26 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

91-бап
Құқық қолдану

      1. Мүше мемлекеттер зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тиімді қорғауды қамтамасыз ету бойынша құқық қолдану шараларын жүзеге асырады.
      2. Мүше мемлекеттер зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне, сондай-ақ кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын қамтитын актілерге сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
      3. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласында өкілеттектері бар мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзудың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру мақсатында ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

XXIV БӨЛІМ
ӨНЕРКӘСІП

92-бап
Өнеркәсіптік саясат және ынтымақтастық

      1. Мүше мемлекеттер ұлттық өнеркәсіптік саясатты өз бетінше әзірлейді, қалыптастырады және іске асырады, соның ішінде өнеркәсіпті дамытудың ұлттық бағдарламаларын және өнеркәсіптік саясаттың өзге де шараларын қабылдайды, сондай-ақ осы Шартың 93-бабына қайшы келмейтін өнеркәсіптік субсидиялар ұсыну тәсілдерін, нысандарын және бағыттарын айқындайды.
      Одақ шеңберіндегі өнерәсіптік саясатты мүше мемлекеттер Үкіметаралық кеңес бекітетін өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша қалыптастырады және Комиссияның консультациялық қолдау көрсетуімен немесе үйлестіруімен жүзеге асырады.
      2. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты мүше мемлекеттер:
      1) мүше мемлекеттердің тең құқықтығы мен ұлттық мүдделерін есепке алу;
      2) өзара тиімділік;
      3) адал бәсекелестік;
      4) кемсітпеушілік;
      5) транспаренттілік қағидаттар негізінде жүзеге асырады.
      3. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру мақсаты өнеркәсіптік дамуды жеделдету және оның тұрақтылығын арттыру, мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялық белсенділікті жоғарылатуға бағытталған тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру, өнеркәсіп саласында, соның ішінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының тасымалдану жолындағы кедергілерді жою.
      4. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін:
      1) өнеркәсіптің даму жоспарлары туралы өзара ақпараттандыруды жүзеге асыра алады;
      2) ұлттық өнеркәсіп саясатын әзірлеп, жүзеге асырылуына жауап беретін мүше мемлекеттердің әкілетті органдары өкілдерінің, соның ішінде Комиссия алаңындағы тұрақты кездесулерін (консультацияларын) өткізе алады;
      3) өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басым түрлерін дамытудың бірлескен бағдарламаларын әзірлей және іске асыра алады;
      4) зәру тауарлардың келісілген тізбесін әзірлей және келісе алады;
      5) бірлескен жобаларды, соның ішінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларды іске асыра алады;
      6) өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін технологиялық және ақпараттық ресурстарды дамыта алады;
      7) жоғары технологиялық өндірістерді ынталандыру мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізе алады;
      8) кедергілерді жоюға және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзге де шараларды іске асыра алады.
      5. Қажет болған жағдайда Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген механизмдерді іске асырудың тиісті тәртібі әзірленеді.
      6. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде Үкіметаралық Кеңес бекітетін және соның ішінде өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басым түрлері мен зәру тауарларды қамтитын Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) әзірлейді.
      Комиссия жыл сайын Негізгі бағыттардың іске асырылу нәтижелеріне мониторинг және талдау жүргізеді және қажет болған жағдайда мүше мемлекеттермен келісім бойынша Негізгі бағыттарды нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды.
      7. Сауда, кедендік-тарифтік, бәсекеге қабілеттілік, мемлекеттік сатып алу саласындағы, техникалық реттеу, кәсіпкерлік қызметті, көлік және инфрақұрылымды дамыту және басқа да салалардағы саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіпті дамыту мүдделері есепке алынады.
      8. Зәру тауарларға қатысты мүше мемлекеттер өнеркәсіп саясатының шараларын қабылдау алдында ұстанымдарды өзара есепке алу үшін консультациялар жүргізеді.
      Мүше мемлекеттер зәру тауарлардың бекітілген тізбесі бойынша ұлттық өнеркәсіптік саясатты іске асырудың жоспарланған бағыттары бойынша алдын ала өзара ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.
      Мүше мемлекеттер Комиссиямен бірлесіп Комиссия Кеңесі бекітетін көрсетілген консультациялар жүргізудің және (немесе) өзара ақпараттандырудың тәртібін әзірлейді.
      9. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты іске асыру үшін мүше мемлекеттер Комиссияның консультациялық қолдау көрсетуімен және үйлестіруімен мынадай құралдарды әзірлеп, қолдана алады:
      1) жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімді шығару мақсатында өзара пайдалы өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру;
      2) өзара пайдалы негізде мүше мемлекеттердің қатысуымен бірлескен бағдарламалар мен жобалар;
      3) бірлескен технологиялық платформалар мен өнеркәсіптік кластерлер;
      4) өнеркәсіптік ынтымақтастықтың дамуына қолдау көрсететін өзге де құралдар.
      10. Осы Бапты іске асыру үшін мүше мемлекеттер Комиссияның қатысуымен қосымша құжаттар мен механизмдер әзірлей алады.
      11. Комиссия осы Шартқа № 27 қосымшаға сәйкес осы Шартта айқындалған өкілеттіктер шегінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттерге консультациялық қолдау көрсетеді және қызметін үйлестіреді.
      Осы Баптың мақсаттары үшін осы Шартқа № 27 қосымшаға сәйкес ұғымдар қолданылады.

93-бап.
Өнеркәсіптік субсидиялар

      1. Мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты және тиімді дамуы үшін жағдайларды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің арасында өзара сауда мен адал бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауарларға қатысты, оның ішінде осы Шартқа № 28 қосымшаға сәйкес өнеркәсіп тауарларын өндірумен, өткізумен және тұтынумен тікелей байланысты қызметтерді көрсеткен немесе алған кезде субсидияны бөлудің бірыңғай қағидалары әрекет етеді.
      2. Мүше мемлекеттердің осы баптың және осы Шартқа № 28 қосымшаның ережелерінен туындайтын міндеттемелері мүше мемлекеттердің үшінші елдермен құқықтық қатынастарына таратылмайды.
      3. Осы баптың мақсаттары үшін субсидия ретінде мыналар түсініледі:
      а) мүше мемлекеттің субсидия бөлетін органы (немесе мүше мемлекеттің уәкілетті құрылымы) көрсететін қаржылай көмек, оның нәтижесінде артықшылықтар жасалады (қамтамасыз етіледі) және ол:
      тікелей ақша аударымының (мысалы, қайтарылмайтын қарыздар, несиелер түрінде) немесе жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу немесе оны ұлғайту немесе мұндай қаражатты аудару бойынша міндеттемелердің (мысалы, несиелер бойынша кепілдіктер);
      мүше мемлекеттің кірісіне түсуі тиіс болған төлемдерді өндіріп алудан толықтай немесе жартылай бас тартудың көмегімен жүзеге асырылады (мысалы, салық жеңілдіктері, қарызды есептен шығару). Бұл ретте экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын баждар мен салықтардан босату, не болмаса ондай баждар мен салықтарды азайту не іс жүзінде есептелген сомадан аспайтын мөлшерде ондай баждар мен салықтарды қайтару субсидия ретінде қарастырылмайды;
      жалпы инфрақұрылымды қолдап, дамытуға арналған тауарларды немесе қызметтерді қоспағанда, тауарларды немесе қызметтерді ұсынудың;
      өнеркәсіптік тауарды сатып алудың көмегімен жүзеге асырылады;
      б) нәтижесінде артықшылық ұсынылатын, кез келген мүше мемлекеттің аумағына тауарды шығарудың ұлғаюына немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкелудің қысқаруына (тікелей немесе жанама) әсер ететін табыстарды немесе бағаларды қолдаудың басқа да кез келген түрі.
      Субсидия түрлері және оларды берудің бірыңғай қағидалары осы Шарттың № 28 қосымшасында қарастырылған.
      4. Субсидия бөлетін орган субсидияны бөлуге қатысты оған жүктелген бір немесе бірнеше функцияны кез келген басқа ұйымға орындауға тапсыра немесе бұйыра алады (бұдан әрі – уәкілетті агент). Уәкілетті агенттің ондай әрекеттері субсидия бөлетін органның әрекеттері ретінде қарастырылады.
      Субсидия беруге бағытталған мүше мемлекет басшысының актілері субсидия бөлетін органның әрекеттері ретінде қарастырылады.
      5. Басқа мүше мемлекеттің аумағында берілетін субсидиялардың осы баптың және осы Шартқа № 28 қосымшаның ережелеріне сәйкестігін талдау мақсатындағы тексеріс осы шартқа № 28 қосымшада көрсетілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
      6. Комиссия осы баптың және осы Шартқа № 28 қосымшаның ережелерінің іске асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді және оған мынадай өкілеттіктер беріледі:
      1) мониторингті жүзеге асыру және мүше мемлекеттер заңнамасының өнеркәсіптік субсидияны беруге қатысты осы Шарттың ережелеріне сәйкестігінің салыстырмалы-құқықтық талдауын жүргізу, сондай-ақ мүше мемлекеттердің осы баптың және осы Шартқа № 28 қосымшаның ережелерін сақтауы туралы жыл сайынғы есептерін дайындау;
      2) өнеркәсіптік субсидияларды беру аясында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру мен біріздендіруді жүзеге асыру мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің консультацияларын ұйымдастыруға көмектесу;
      3) беруге жоспарланып жатқан және берілген ерекше субсидияларды ерікті келісу рәсімінің қорытындылары бойынша мүше мемлекеттер орындауға міндетті, осы Шартқа № 28 қосымшаның ережелерінде көзделген шешімдерді қабылдау, оның ішінде:
      осы Шартқа № 28 қосымшаның 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалған критерийлердің негізінде осы Шартқа № 28 қосымшаның 6-тармағына сәйкес ерекше субсидияларды беру немесе бермеу туралы шешім қабылдау;
      осы Шартқа № 28 қосымшаның 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалған жағдайларда ерекше субсидияларды беру фактілері бойынша істерді қарау және оларға қатысты міндетті шешімдер қабылдау;
      осы баптың және осы Шартқа № 24 қосымшаның ережелерін іске асыруға қатысты келіспеушіліктерді шешу және оларды қолдану жөнінде түсініктемелер беру.
      4) осы Шартқа № 28 қосымшаның 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта белгіленетін тәртіпте және шарттарда берілетін субсидиялар туралы сұрау салу және ақпарат алу.
      Осы тармақтың 3 және 4-тармақшаларын қолдану осы Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген көшпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      7. Осы баптың және осы Шартқа № 28 қосымшаның ережелеріне қатысты даулар, ең алдымен, келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешіледі. Егер даудың бастамашысы болған мүше мемлекет жауапкер – мүше мемлекетке жіберген оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 60 күннің ішінде дау келіссөздер мен консультациялар арқылы реттелмесе, арызданушы – мүше мемлекеттің Одақ Сотына жүгінуге құқығы бар.
      Одақ Сотының шешімдері белгіленген уақыт ішінде орындалмаған жағдайда немесе егер Одақ Соты жауапкер – мүше мемлекет хабарлаған шаралар осы баптың және осы Шартқа № 24 қосымшаның ережелеріне сәйкес келмейді деп шешсе, арызданушы – мүше мемлекетке шамалас қарсы шаралар қабылдауға құқылы.
      8. Осы Шартқа № 28 қосымшаны бұза отырып берілген ерекше субсидияға мүше мемлекеттердің қарсы болу кезеңі ерекше субсидия берілген күннен бастап 5 жылды құрайды.

XXV БӨЛІМ
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН

94-бап
Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаттың
мақсаттары мен міндеттері

      1. Әрбір мүше мемлекет және жалпы Одақ халқының мүддесі, сондай-ақ экономикалық интеграция үшін агроөнеркәсіптік кешеннің және жергілікті елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету мақсатында Одақ шеңберінде осы Шартта және Одақ шеңберіндегі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы басқа да халықаралық шарттарда көзделген реттеу тетіктерін қолданумен қатар, тізбесі мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылып, Комиссия Кеңесі бекітетін зәру ауылшаруашылық тауарларының әрқайсысы бойынша мүше мемлекеттердің бір-біріне және Комиссияға өндірісті дамыту жоспарларын (бағдарламаларын) өзара ұсынуды болжайтын келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясат жүргізіледі.
      2. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемін оңтайландыру үшін мүше мемлекеттердің ресурстық әлеуетін тиімді іске асыру, жалпы аграрлық нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік экспортын ұлғайту болып табылады.
      3. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру мынадай міндеттердіі шешілуін қамтамасыз етеді:
      1) ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өндірісін және нарығын теңгерімді түрде дамыту;
      2) мүше мемлекеттердің субъектілері арасында әділ бәсекелестікті, оның ішінде жалпы аграрлық нарыққа тең қол жеткізу жағдайын қамтамасыз ету;
      3) ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түліктің айналымымен байланысты талаптарды біріздендіру;
      4) ішкі және сыртқы нарықтарда мүше мемлекеттер өндірушілерінің мүдделерін қорғау.

95-бап
Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары

      1. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясат міндеттерін шешу мынадай негізгі бағыттар бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін пайдалануды болжайды:
      1) агроөнеркәсіптік кешендегі болжамдау;
      2) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау;
      3) жалпы аграрлық нарықты реттеу;
      4) өндіріс пен өнімдердің айналымы саласындағы бірыңғай талаптар;
      5) ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түліктің экспортын дамыту;
      6) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту;
      7) агроөнеркәсіптік кешеннің интеграциялық ақпараттық қамтамасыз етілуі.
      2. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясат шараларын іске асыру үшін мүше мемлекеттердің Комиссия ұйымдастыратын жүйелі консультациялары, оның ішінде зәру ауылшаруашылық тауарлары бойынша консультациялар жылына кемінде бір рет өткізіледі. Консультациялардың нәтижелері бойынша осы баптың 1-тармағында айқындалған негізгі бағыттар шеңберінде келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар әзірленеді.
      3. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты жүргізу кезінде мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығы саласының өндірістік, экономикалық қана емес, сонымен қатар саланың әлеуметтік маңыздылығына, өңірлер мен мүше мемлекеттердің өңірлері мен аумақтары арасындағы құрылымдық және табиғи-климаттық өзгешеліктерге негізделген ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтің ерекше сипатын ескереді.
      4. Интеграциялық өзара іс-қимылдың басқа да салаларында, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлікке қатысты санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) шараларды қамтамасыз ету саласында саясатты іске асыру келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаттың мақсаттары, міндеттері мен бағыттары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      5. Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау осы Шартқа № 29 қосымшада айқындалған тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Осы бап пен осы шартқа № 25 қосымшаға қатысты даулар бірінші кезекте Комиссияның қатысуымен келіссөздер және консультациялар жүргізу арқылы шешіледі. Егер дау оған бастамашылық еткен мүше мемлекеттің жауапкер мүше мемлекетке келіссөздер мен консультациялар жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде келіссөздер мен консультациялар арқылы реттелмесе, онда талапкер мүше мемлекет Одақтың сотына жүгінуге құқылы. Талапкер мүше мемлекет келіссөздер мен консультациялар жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберрген кезде, Комиссияны бұл жөнінде осындай өтініш жіберген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабардар етеді.
      7. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін Комиссия:
      1) берілген өкілеттіктер шеңберінде мүше мемлекеттермен бірлесіп келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді, үйлестіру мен іске асыруды;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдері және азық-түлік бойынша сұраныс пен ұсыныстар жөнінде мүше мемлекеттермен бірлескен болжамдар дайындау кезінде қызметті үйлестіруді;
      3) мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенді және оның жекелеген салаларын дамыту бағдарламаларын өзара ұсынуларын үйлестіруді;
      4) мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерінің дамуын, мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу шараларын, оның ішінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын қолдануын мониторингілеуді;
      5) мүше мемлекеттермен келісілген номенклатура бойынша өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалық мониторингі мен талдауын;
      6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы үндестіру, оның ішінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы міндеттемелердің сақталуымен байланысты дауларды шешу мәселелері бойынша консультациялар мен келіссөздер ұйымдастыруға жәрдемдесуді;
      7) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласында мүше мемлекеттердің заңнамасына оның Одақ шеңберіндегі міндеттемелерге сәйкестігі тұрғысынан мониторинг және оған салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді;
      8) мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, мүше мемлекеттердегі агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласында шолулар дайындауды және мүше мемлекеттерге ұсынуды;
      9) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерін есептеумен байланысты мәселелер бойынша мүше мемлекеттерге жәрдемдесуді;
      10) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру бойынша ұсынымдарды мүше мемлекеттермен бірлесіп дайындауды;
      11) агроөнеркәсіптік кешен саласында, оның ішінде мүше мемлекеттердің мемлекетаралық бағдарламаларды іске асырулары шеңберінде бірлескен ғылыми-инновациялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылды үйлестіруді;
      12) Кеден одағының аумағына асыл тұқымды өнімдерді әкелу, әкету және өткізу шарттарына, асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау әдістемелеріне, сондай-ақ асыл тұқымдық куәліктердің (сертификаттардың, паспорттардың) нысандарына қатысты біріздендірілген талаптардың әзірленуін және мүше мемлекеттердің оларды іске асыруларын үйлестіруді;
      13) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптары мен тұқым шаруашылығын сынау, сондай-ақ тұқымдардың сұрыптық және отырғызылу сапаларын растайтын құжаттарды мүше мемлекеттердің өзара мойындауы саласында біріздендірілген талаптардың әзірленуін және іске асырылуын үйлестіруді;
      14) келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары шеңберіндегі тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесуді жүзеге асырады.

XXVI БӨЛІМ
ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ

96-бап
Мүше мемлекеттердің еңбек көші-қоны
саласындағы ынтымақтастығы

      1. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберіндегі еңбек көші-қонын реттеу саласындағы саясатты келісу бойынша, сондай-ақ мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін мүше мемлекеттер еңбекшілерін ұйымдастырылған түрде іріктеуге және тартуға жәрдем көрсету бойынша еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      2. Мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мүше мемлекеттердің құзыретіне тиісті мәселелер кіретін мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау жолымен жүзеге асырылады,.
      3. Мүше мемлекеттердің еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастығы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) еңбек көші-қоны саласындағы жалпы тәсілдер мен қағидаттарды келісу;
      2) нормативтік құқықтық актілермен алмасу;
      3) ақпарат алмасу;
      4) дәйексіз ақпараттың таралып кетуін болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;
      5) тәжірибе алмасу, тағылымдамаларды, семинарлар мен оқу курстарын өткізу;
      6) Одақтың консультациялық органдары шеңберіндегі ынтымақтастық.
      4. Мүше мемлекеттердің келісімі бойынша көші-қон саласында ынтымақтастықтың өзге де нысандары болуы мүмкін.
      5. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «келу мемлекеті» – аумағына басқа мүше мемлекеттің азаматы баратын мүше мемлекет;
      «тұрақты тұратын мемлекет» – мүше мемлекеттің еңбекшісі азаматы болып табылатын мүше мемлекет;
      «жұмысқа орналастырушы мемлекет» – аумағында еңбек қызметі жүзеге асырылатын мүше мемлекет;
      «білім туралы құжаттар» – білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар, сондай-ақ білім беру ұйымдары (білім беру мекемелері, білім беру саласындағы ұйымдар) берген білім туралы мемлекеттік құжаттар деңгейінде танылатын білім туралы құжаттар «жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс беруші» – жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мүше мемлекеттің еңбекшісіне өзімен жасалған азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс беретін заңды немесе жеке тұлға;
      «көші-қон картасы (карточкасы)» – басқа мүше мемлекеттің аумағына келетін азамат туралы мәліметтерді қамтитын және ол келетін мемлекеттің аумағына азаматтың уақытша болуын есепке алу және бақылау үшін пайдаланылатын құжат;
      «жұмыс беруші» – көшіп-қонушы еңбекшіге онымен жасалған еңбек шартының негізінде жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен жұмыс беретін заңды немесе жеке тұлға;
      «әлеуметтік сақтандыру» – уақытша еңбекке жарамсыздығы жағдайы мен ана болуына байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру;
      «еңбек қызметі» – еңбек шартының негізіндегі қызмет немесе жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарт негізінде жүзеге асырылатын жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі қызмет;
      «мүше мемлекеттің еңбекшісі» – мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлға;
      «отбасы мүшесі» – мүше мемлекеттің еңбекшісімен некеде тұратын тұлға, сондай-ақ оның асырауындағы балалары мен жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес отбасының мүшелері деп танылатын басқа да тұлғалар.

97-бап
Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметі

      1. Мүше мемлекеттің жұмыс берушілері және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушілері мүше мемлекеттердің азаматтарын ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, еңбек қызметіне тартуға құқылы. Бұл ретте мүше мемлекеттердің еңбекшілерінен жұмысқа орналастырушы мемлекеттен еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейді.
      2. Ұлттық қауіпсіздікті (оның ішінде стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы ұлттық қауіпсіздікті) және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осы Шарттың ережелерінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген шектеулерді қоспағанда, ұлттық еңбек нарығын қорғау мақсатында мүше мемлекеттер Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленетін мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметіне, олардың кәсібінің түрлеріне және келу аумағына қатысты шектеулер белгілемейді және қолданбайды.
      3. Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметін жүзеге асыруы мақсатында білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген білім туралы құжаттарды тану рәсімін өткізбей танылады.
      Мүше мемлекеттердің педагогикалық, медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығы бар, кез келген мүше мемлекетте педагогикалық, медициналық немесе фармацевтикалық білім алған жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді және тиісінше педагогикалық, медициналық немесе фармацевтикалық қызметке жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жіберіледі.
      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттар мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес танылады.
      Жұмыс берушілер (жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушілер) білім туралы құжаттардың жұмысқа орналастырушы мемлекеттің тіліне нотариалды түрде аудармасын сұратуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүше мемлекеттер еңбекшілерінің білім туралы құжаттарын анықтау мақсатында білім туралы құжатты берген білім беру ұйымдарына (білім беру мекемелеріне, білім беру саласындағы ұйымдарға), оның ішінде ақпаратық деректер қорына жүгіну арқылы сауалдар жіберуге және тиісті жауаптар алуға құқылы.
      4. Мүше мемлекет еңбекшісінің еңбек қызметі осы Шарттың ережелері ескеріле отырып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасымен реттеледі.
      5. Мүше мемлекет еңбекшісінің және оның отбасы мүшелерінің жұмысқа орналастырушы мемлекетте уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекет еңбекшісінің жұмыс берушімен және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен белгіленеді.
      6. Еңбек қызметін жүзеге асыру немесе жұмысқа орналасу мақсатымен басқа мүше мемлекеттің аумағына келген мүше мемлекеттің азаматтары келген күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркелу (есепке тұру) міндетінен босатылады.
      Бір мүше мемлекеттің азаматы басқа мүше мемлекеттің аумағында 30 тәуліктен астам уақыт болған жағдайда, егер тіркелу міндеті келген мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, бұл азаматтар келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелуге (есепке тұруға) міндетті.
      7. Мүше мемлекеттің азаматтары басқа мүше мемлекеттің аумағына кірген кезде, егер мүше мемлекеттердің жекелеген халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, келген мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, көші-қон карталарын (карточкаларын) пайдаланады.
      8. Мүше мемлекеттің азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы шекаралық бақылау органдарының белгілерін қоюға жол берілетін жарамды құжаттардың біреуі бойынша басқа мүше мемлекеттің аумағына кірген кезде, егер олардың болу мерзімі келген күнінен бастап 30 тәуліктен аспаса, егер келген мемлекеттің заңнамасында осындай міндет белгіленсе, көші-қон картасын (карточкасын) толтырудан босатылады.
      9. Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағына келген күнінен бастап 90 тәулік өткеннен кейін еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, мүше мемлекеттің еңбекшісі 15 күннің ішінде жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағынан шықпай, жаңа еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға құқылы.

98-бап
Мүше мемлекет еңбекшісінің құқықтары мен міндеттері

      1. Мүше мемлекет еңбекшісінің өзінің кез келген мүше мемлекетте алған білім туралы құжаттарында, ғылыми дәрежені тағайындау және (немесе) ғылыми атақты беру туралы құжаттарында көрсетілген мамандығы мен біліктілігіне сәйкес кәсіби қызметпен айналысуына құқығы бар.
      2. Мүше мемлекеттің еңбекшісі мен отбасы мүшелері жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) өзінің мүлкін иеленуге, пайдалануға және иелік етуге;
      2) меншігін қорғауға;
      3) ақшалай қаражатын кедергісіз аударуға құқылы.
      3. Мүше мемлекеттердің еңбекшілерін (зейнетақыдан басқа) әлеуметтік сақтандыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметімен айналысатын мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек (сақтандыру) өтілі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен (зейнетақыдан басқа) әлеуметтік сақтандыру мақсаттары үшін жалпы еңбек (сақтандыру) өтіліне есептеледі.
      Мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақылық қамсыздандыру олар тұрақты тұратын жердегі заңнамамен, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шартқа сәйкес реттеледі.
      4. Мүше мемлекеттің еңбекшісі мен отбасы мүшелерінің жедел медициналық көмек (шұғыл түрдегі) пен өзге де медициналық көмек алу құқығы № 30 қосымшаға сәйкес тәртіппен, сондай-ақ жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасымен және  ол қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен реттеледі.
       5. Мүше мемлекет еңбекшісі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен тең түрде кәсіптік одақтарға кіруге құқылы.
      6. Мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің мемлекеттік органдарынан (құзыретіне тиісті мәселелер кіретін) және жұмыс берушіден (жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушіден) болу шарттары мен тәртібіне, еңбек қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында көзделген құқықтар мен міндеттерге қатысты ақпаратты алуға құқығы бар.
      7. Мүше мемлекет еңбекшісінің (оның ішінде бұрынғы) талап етуі бойынша жұмыс беруші (жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс беруші) жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімде оның кәсібі (мамандығы, біліктілігі мен лауазымы), жұмыс істеген кезеңі мен жалақысының мөлшері көрсетілген анықтаманы (анықтамаларды) және (немесе) куәландырылған көшірмесін өтеусіз негізде беруге міндетті.
      8. Мүше мемлекет еңбекшісінің жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында өзімен бірге тұратын балалары жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге баруға, білім алуға құқылы.
      9. Мүше мемлекеттің еңбекшісі және отбасы мүшелері жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасын сақтауға, оның мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында жасаған құқық бұзушылықтары үшін осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапты болуға міндетті.
      10. Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағындағы еңбек қызметінің нәтижесінде алған мүше мемлекет еңбекшісінің табыстары халықаралық шарттарға және осы Шарттың ережелері ескеріле отырып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.

ТӨРТІНШІ БӨЛІК
ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

XXVII БӨЛІМ
ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

99-бап
Жалпы өтпелі ережелер

      1. Осы Шарттың күшіне енген күнінен бастап қолданыстағы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтың базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған мүше мемлекеттердің халықаралық шарты Одақтың құқығына кіреді және осы Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      2. Осы Шарттың күшіне енген күнінен бастап қолданыстағы Мемлекет басшысы деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Үкімет басшысы деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі өзінің заңды күшін сақтайды және осы Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      3. Осы Шарт күшіне енген күнінен бастап:
      2011 жылғы 18 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа сәйкес әрекет ететін Мемлекет басшысы деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, үкімет басшысы деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің функциялары мен өкілеттерін осы шартқа сәйкес әрекет ететін тиісті Жоғары кеңес пен Үкіметаралық кеңес жүзеге асырады;
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Шартқа сәйкес құрылған Еуразиялық экономикалық комиссия өз қызметін осы Шартқа сәйкес жүзеге асырады;
      Осы Шарт күшіне енгенге дейін тағайындалған Алқа мүшелері өкілеттік мерзімдері аяқталғанға дейін өз қызметін орындауды жалғастырады;
      департамент директорлары мен орынбасарлары осы Шарт күшіне енгенге дейін жасалған еңбек шарттары еңбек шарттарында көзделген мерзімдер аяқталғанға дейін өздеріне жүктелген міндеттерді орындайды;
      Комиссияның құрылымдық бөлімшелеріндегі бос лауазымдарға орналасу осы Шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

100-бап
VII бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Одақ шеңберінде дәрілік заттардың жалпы нарығының жұмыс істеуі 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей мүше мемлекеттер жасауы тиіс және дәрілік заттардың бірыңғай қағидаттары мен айналыс қағидасын айқындайтын Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
      2. Медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) жалпы рыногының жұмыс істеуі 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей мүше мемлекеттер жасауы тиіс және медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) бірыңғай қағидаттары мен айналыс қағидасын айқындайтын Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

101-бап
VIII бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енгенге дейін Одақтағы кедендік реттеу 2009 жылғы 27 қарашадағы Кедендік одақтың Кеден кодексі туралы шартқа және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін және мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. 1-бапта көрсетілген халықаралық шарттарды қолдану мақсаты үшін оларда пайдаланылатын ұғымдар ретінде мыналар түсіндіріледі:  «кеден одағының мүше мемлекеттері» – осы Шартта айқындалған мағынасында мүше мемлекеттер;
      «кеден одағының бірыңғай кеден аумағы (кеден одағының кеден аумағы)» – Одақтың кеден аумағы;
      «кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенлатурасы)» – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
      «Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифі» – Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі;
      «Кеден одағының комиссиясы» – Еуразиялық экономикалық комиссия;
      «кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары» – Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар, оның ішінде Шарттың 99-бабына сәйкес Одақ құқығына осы кіретін мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары;
      «кеден одағының кедендік шекарасы (кедендік шекара)» – Еуразия экономикалық кеңесінің кедендік шекарасы;
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарды қолдану мақсаты үшін Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты қолданылатын тыйым салулар мен шектеулерге тарифтік емес реттеу шаралары (жалпы жағдайларды қоспағанда әкелінетін сыртқы қаржылық жағдайлар мен бір жақты тәртіппен төлемдік баланстың тепе-теңдігін қамтамасыз ету), техникалық реттеу шаралары, экспорттық бақылау шаралары және әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты шаралар, сондай-ақ санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптар жатады.
      Тарифтік емес реттеу шараларына, оның ішінде жалпы жағдайларды қоспағанда, әкелінетін және сыртқы қаржылық жағдайларды қорғау, бір  жақты тәртіптегі төлемдік баланстың тепе-теңдігін қамтамасыз ету шараларына Осы шарттың 46 және 47-баптарында айқындалған шаралар жатады.
      Тыйымдар мен шектеулерді айқындауға және қолдануға (қолданбауға) қатысты Кеден одағы Кеден кодексінің 3-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттардың ережелері қолданылмайды.
      Одақтың кедендік шекаралары арқылы тауарларды, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарларды) әкелу және (немесе) кедендік рәсімдермен тауарларды орналастыру кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Комиссиясы белгілеген немесе осы шартқа сәйкес мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде белгілеген немесе тыйым салулар мен шектеулерді растайтын құжаттар мен (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жағдайларда және тәртіппен расталады.
      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде мемлекеттік бақылаудың (қадағалау) ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық, радиациялық және басқа да түрлері осы Шартқа сәйкес немесе мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және ресімделеді.
      4. Кедендік одақтың Кеден кодексінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын енгізу бойынша 51-бабы осы Шарттың  45-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
      5. Кедендік одақтың Кеден кодексінің 7-тарауы осы Шарттың 37-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
      6. Кедендік одақтың Кеден кодексінің 70-бабының 2-тармағы қолданылмайды.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар осы Шарттың ережелеріне сәйкес белгіленеді және осы Шарттың 48 және 49-баптарының ережелерін, сондай-ақ төмендегілерді ескере отырып, кедендік әкелу бажын өндіріп алу үшін Кедендік одақтың Кеден кодексінде қарастырылған тәртіпте өндіріліп алынады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарға сәйкес арнайы қорғану, демпингке қарсы, өтемақылық шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын қарастыратын шарттары бар кедендік рәсімдермен тауарларды орналастыру кезінде төлеуге жатады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық бажды есептеу, аталған баждарды төлеу міндеттерінің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау осы Шартпен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, кедендік әкелу бажы үшін Кедендік одақтың Кеден кодексінде қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Демпингке қарсы немесе өтемақылық бажды қолдану кезінде Үшінші елге қатысты арнайы қорғану, демпингке қарсы немесе өтемақылық шараларды қолдану туралы хаттаманың (Шартқа №8 қосымша) 104-169 тармақтарына сәйкес демпингке қарсы, өтемақылық баждар Демпингке қарсы немесе өтемақылық шараларды қолдану туралы комиссияның шешімі күшіне енген күнінен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге, сондай-ақ көрсетілген Хаттамаға қосымшада айқындалған тәртіппен қабылдауға және бөлуге жатады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу мерзімдерін мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу нысанында өзгерту жүргізілмейді.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда оларды өндіріп алуды мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкелу баждары үшін қарастырылған тәртіппен өсімақы есептей отырып кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүргізетін кедендік орган жүзеге асырады. Бұл ретте өсімақыларды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару тәртібі кедендік әкелу баждарын төлемеуіне немесе толық төлемеуіне байланысты төленген, өндіріп алынған өсімақылар үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
      Осы тармақтың ережесі алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақылық баждарды есептеу, төлеу және өндіріп алу үшін қолданылады.
      7. Кедендік одақтың Кеден кодексінің тарифтік жеңілдіктер бойынша 74-бабы осы Шарттың 43-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
      8. Кедендік одақтың Кеден кодексінің 77-бабының 2-тармағының екінші бөлімі қолданылмайды.
      Кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін, егер Одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттер арасындағы екі жақты халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, тауарлардың кедендік рәсіммен орналасатын аумағында не тауарлардың Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз ауысу фактілері анықталған аумақта мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген ставкалар қолданылады.

102-бап
ІХ бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы Шарттың 35-бабының ережелеріне қарамастан, мүше мемлекеттер мүше мемлекеттің үшінші тараппен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған халықаралық шарты немесе барлық мүше мемлекеттер қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттар негізінде үшінші тараппен сауда жүргізуде біржақты тәртіппен артықшылықтар беруге құқылы.
      Мүше мемлекеттер артықшылықтар ұсынуды қарастыратын шарттарды біріздендіруді жүзеге асырады.
      2. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әрекет ететін арнайы қорғану, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қайта қарау арқылы Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты қабылданатын шаралар Комиссияның тиісті шешімімен белгіленген көрсетілген шаралар әрекетінің мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және осы Шарттың ІХ бөлімінің ережелеріне және оған №8 қосымшаға сәйкес қайта қарауға жатуы мүмкін.
      3. Осы Шарттың 36-бабының ережелерін іске асыру мақсаттары үшін Одақтың дамушы елдерден және (немесе) аз дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты Одақтың тарифтік артықшылықтарының бірыңғай жүйесін қолданудың шарттары мен тәртібін белгілейтін Комиссия шешімінің күшіне енуіне дейін Кеден одағының тарифтік артықшылықтарының бірыңғай жүйесі туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы хаттама қолданылады.
      4. Осы Шарттың 37-бабының 2-тармағында қарастырылған тауарлардың шығуын айқындау ережелерін белгілейтін Комиссия шешімінің күшіне енуіне дейін 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім қолданылады.
      5. Осы Шарттың 37-бабының 3-тармағында қарастырылған тауарлардың шығуын айқындау ережелерін белгілейтін Комиссия шешімінің күшіне енуіне дейін 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім қолданылады.
      6. Одақ шеңберінде тиісті қатынастарға байланысты 2011 жылғы 19 мамырдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт қолданылады.

103-бап
XVI бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы Шарттың 70-бабының 1-тармағында айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер 2025 жылға қарай қаржы нарығы саласындағы өз заңнамаларын Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және Қаржы қызметтері жөніндегі хаттамаларға сәйкес үйлестіруді жүзеге асырады (осы Шартқа № 17 қосымша).
      2. Мүше мемлекеттер қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіруді аяқтағаннан кейін қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттықтан жоғары органның өкілеттіктері мен функциялары туралы шешім қабылдайды және оны 2025 жылы Алматы қаласында орналастыра отырып құрады.

104-бап
ХХ бөліміне қатысты өтпелі ережелер

      1. Одақтың жиынтық энергетикалық әлеуетті тиімді пайдалануға және отын-энергетикалық ресурстарды мемлекетаралық жеткізуді оңтайландыруға ықпал ететін газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын қалыптастырудың әдіснамасын әзірлейді.
      2. Одақтың жалпы электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру мақсатында Жоғарғы кеңес 2015 жылғы 1 шілдеге дейін тұжырымдаманы, ал орындау мерзімін 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қарастыра отырып, Одақтың жалпы электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын 2016 жылғы 1 шілдеге дейін бекітеді.
      3. Одақтың жалпы электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындауды аяқтау бойынша мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде әсіресе электроэнергетика саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай ережелерін қамтитын Одақтың жалпы электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жасасады және оның 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей күшіне енуін қамтамасыз етеді.
      4. Одақтың жалпы газ нарығын қалыптастыру мақсатында Жоғарғы кеңес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тұжырымдаманы, ал орындау мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қарастыра отырып, Одақтың жалпы газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітеді.
      5. Одақтың жалпы газ нарығын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындауды аяқтау бойынша мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде әсіресе мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай ережелерін қамтитын Одақтың жалпы газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жасасады және оның 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енуін қамтамасыз етеді.
      6. Мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру мақсатында Жоғары кеңес тұжырымдаманы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітеді, ал 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бағдарламадағы іс-шаралардың орындалу мерзімдері ескеріліп, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін Одақтың мұнай және мұнайөнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру бағдарламасын бекітеді.
      7. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындау аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттер Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт, оның ішінде мүше мемлекеттер аумағында орналасқан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай ережесін жасасады, және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енуді қамтамасыз етеді.
      8. Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субьектілерінің қызметіне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттама (осы Шарттың № 21 қосымшасы) осы баптың 3-тармағында көзделген халықаралық шарттар күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
      9. Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйесі бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субьектілерінің қызметіне қол жеткізу ережелері туралы хаттама (осы Шарттың № 22 қосымшасы) осы баптың 5-тармағында көзделген халықаралық шарттар күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
      10. Мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын ұйымдастыру, басқару, жұмыс істеу және дамыту туралы хаттама (осы Шарттың № 22 қосымшасы) осы баптың 7-тармағында көзделген халықаралық шарттар күшіне енгенге дейін қолданыста болады.

105-бап
XXIV бөлімге қатысты өтпелі ережеЛЕР

      1. Мүше мемлекеттер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың 7-тармағында (осы шартқа № 28 қосымша) қарастырылған Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың күшіне енуін қамтамасыз етеді.
      Көрсетілген халықаралық шарт күшіне енген күнінен бастап осы Шарттың 93-бабының 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларының және Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың 6, 15, 20, 87 және 97-тармақтарының (осы Шартқа №28 қосымша) ережелері күшіне енеді.
      2. Осы Шарттың 93-бабының және Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (осы Шартқа № 28 қосымша) ережелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мүше-мемлекеттер аумағында берілген субсидияларға қолданылмайды.

106-бап (бап пысықталуда)
XXV бөлімге қатысты өтпелі ережеЛЕР

      1. Беларусь Республикасы үшін Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың 8-тармағының бірінші абзацындағы ережеге (Осы Шартқа № 29 қосымша) қатысты 2016 жылға дейінгі өтпелі кезең белгіленеді. Ол кезеңде Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың рұқсат етілген көлемін төмендетуге келесі түрде міндеттенеді:
      2015 жылы – 12 пайыз;
      2016 жылы – 10 пайыз.
      2. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың 8-тармағының екінші абзацында (Осы Шартқа № 29 қосымша) қарастырылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау есебінің әдіснамасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірленіп, бекітіледі.
      3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың 8-тармағының үшінші абзацында (Осы Шартқа № 29 қосымша) қарастырылған міндеттеме Беларусь Республикасы үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей күшіне енеді.

XXVIII БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

107-бап
Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер

      Одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында Комиссия Кеңесінің және Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьялары, Комиссияның және Одақ Соты аппаратының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өздеріне жүктелген өкілеттіктер мен лауазымдық (қызметтік) міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік кепілдіктерді, артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. Көрсетілген әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі осы Шартқа № 31 қосымшаға сәйкес айқындалады.

108-бап
Одаққа кіру

      1. Одақ оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін кез келген мемлекеттің мүше мемлекеттермен келісілген шарттарда кіруі үшін ашық.
      2. Одаққа кіруге кандидат мемлекет мәртебесін алу үшін мүдделі мемлекет Жоғары кеңес Төрағасының атына тиісті өтініш жолдайды.
      3. Мемлекетке Одаққа кіруге кандидат мемлекет мәртебесін беру туралы шешімді Жоғары кеңес консенсуспен қабылдайды.
      4. Жоғары кеңестің шешімі негізінде кандидат мемлекеттің Одақ құқығынан туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға әзірлігі дәрежесін зерделеу, кандидат мемлекеттің Одаққа кіруі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының жобасын, сондай-ақ мүше мемлееттің құқықтары мен міндеттемелерінің көлемі, сонымен қатар оның Одақ органдарының жұмысына қатысу форматы айқындалатын тиісті мемлекеттің Одаққа кіруі туралы халықаралық шарт жобасын әзірлеу үшін кандидат мемлекеттің, Одақтың мүше мемлекеттері мен органдарының өкілдерінен Жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылады.
      5. Кандидат мемлекеттің Одаққа кіруі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын Жоғары кеңес бекітеді.
      6. Жұмыс тобы Жоғары кеңестің қарауына кандидат мемлекеттің Одаққа кіру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын орындау барысы туралы баяндаманы жүйелі негізде ұсынады. Одақтың шарттық-құқықтық базасынан туындайтын міндеттемелерді кандидат мемлекеттің толық көлемде орындағаны туралы Жұмыс тобының тұжырымы негізінде Жоғары кеңес кандидат мемлекетпен Одаққа кіру туралы халықаралық шартқа қол қою туралы шешім қабылдайды. Аталған шарт оған қатысушы барлық мемлекеттердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес ратификациялануға жатады.

109-бап
Байқаушы мемлекеттер

      1. Кез келген мемлекет Жоғары кеңес Төрағасына оған Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы өтініш жасауға құқылы.
      2. Жоғары кеңес байқаушы мемлекет мәртебесін беру не мұндай мәртебе беруден бас тарту туралы шешімді интеграцияны дамыту және осы Шарттың мақсаттарына қол жеткізу мүдделерін ескере отырып қабылдайды.
      3. Байқаушы мемлекеттің уәкілетті өкілдері шақыру бойынша Одақ органдарының отырыстарына қатыса алады, Одақ органдары қабылдайтын құпия сипаттағы құжат болып табылмайтын құжаттарды ала алады.
      4. Байқаушы мәртебесі Одақ органдарында шешім қабылдауға қатысуға құқық бермейді.
      5. Одақ жанындағы байқаушы мәртебесін алушы мемлекет Одақтың және оның мүше мемлекеттерінің мүдделеріне, осы Шарттың объектісі мен мақсаттарына нұқсан келтіруге қабілетті кез келген іс-әрекеттен қалыс қалуға міндетті.

110-бап
Одақ органдарының жұмыс тілі.
Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен Комиссия шешімдерінің тілі

      1. Одақ органдарының жұмыс тілі – орыс тілі.
      2. Одаққа мүше мемлекеттер үшін міндетті сипаттағы Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар және Комиссия шешімдері орыс тілінде қабылданады, егер Тараптардың ұлттық заңнамасында көзделсе, Комиссия айқындайтын тәртіппен кейіннен олардың мемлекеттік тіліне аударылады.
      Тараптардың мемлекеттік тіліне аудару Одақ бюджетінде осы мақсаттарға арнап көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      3. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық шарттар мен шешімдерді түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін қолданылады.

111-бап
Қол жеткізу және жариялау

      1. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар, үшінші мемлекеттермен халықаралық шарттар және Одақ органдарының шешімдері Үкіметаралық кеңес белгілеген тәртіппен Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында ресми жариялануға тиіс.
      Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында Одақ органдарының шешімдері жарияланған күн аталған шешімнің ресми жарияланған күні болып танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген бірде бір шешім ол ресми жарияланғанға дейін күшіне ене алмайды.
      3. Одақ органдарының шешімдері ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірілмей Тараптарға жіберіледі.
      4. Одақ органдары аталған шешім қабылдануы жоспарланып отырған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын Одақтың ресми сайтында шешім жобаларының алдын ала жариялануын қамтамасыз етеді. Одақ органдарының жедел ден қоюды талап ететін ерекше жағдайларда қабылданатын шешімдерінің жобалары өзге мерзімдерде жариялануы мүмкін.
      Мүдделі тұлғалар аталған органға өз түсіндірмелері мен ұсыныстарын ұсына алады.
      Осындай түсіндірмелер мен ұсыныстарды жинау, талдау және есепке алу тәртібі Одақтың тиісті органының жұмыс регламентінде айқындалады.
      5. Одақ органдарының таратылуы шектелген ақпараты бар шешімдері мен осындай шешімдерінің жобалары ресми жариялауға жатпайды.
      6. Осы баптың ережелері Одақ Сотының күшіне ену және жариялану тәртібі осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес айқындалатын шешімдеріне қатысты қолданылмайды.
      7. Осы баптың 4-тармағының ережелері осындай шешімдерді алдын ала жариялау олардың орындалуына кедергі келтіруі мүмкін немесе өзгеше түрде қоғамдық мүддеге қайшы келетін жағдайларда Одақ органдарының шешімдеріне қатысты қолданылмайды.

112-бап
Дауларды шешу

      Осы Шарт ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.
      Даудың бір тарапының даудың екінші тарапына консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күнінен бастап 3 ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, егер Сот Статуты өзгеше мерзімді көздемесе, егер дау тараптары оны шешудің өзге механизмдерін қолдану туралы уағдаластыққа қол жеткізе алмаса, даудың кез келген тарапы дауды Одақ Сотының қарауына беруі мүмкін.

113-бап
Шарттың күшіне енуі

      Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Одаққа мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Шарт күшіне енген күннен бастап осы Шартқа № 32 қосымшаға сәйкес Кеден одағын және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың қолданысы тоқтатылады.

114-бап
Осы Шарттың өзге халықаралық шарттармен арақатынасы

      1. Осы Шарт Одаққа мүше мемлекеттердің осы Шарттың мақсаттары мен қағидаттарына қайшы келмейтін халықаралық шарттарды жасасуына кедергі келтірмейді.
      2. Осы шарттың немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелерімен салыстырғанда интеграцияның неғұрлым терең деңгейін көздейтін немесе олардың жеке және/немесе заңды тұлғаларының пайдасына қосымша артықшылық беретін Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты халықаралық шарттар оларды жасасқан мемлекеттер арасындағы қатынастарда қолданылады және олар мен Одақтың басқа мүше мемлекеттерінің осы Шарт және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін орындауын қозғамайтын жағдайда жасалуы мүмкін.

115-бап
Шартқа өзгерістер енгізу

      Осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын және бөлек хаттамалармен ресімделетін өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуi мүмкiн.

116-бап
Шартты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркеу

      Осы Шарт Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркелуге тиіс.

117-бап
Ескертпелер

      Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.

118-бап
Шарттан шығу

      1. Одақтың кез келген мүше мемлекеті осы Шарттың депозитарийіне дипломатиялық арналар арқылы өзінің осы Шарттан шығу ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберіп, осы Шарттан шығуға құқылы. Осы Шарттың бұл мемлекетке қатысты қолданысы осы Шарт депозитарийінің осындай хабарлама алған күнінен бастап 12 ай өткеннен кейін тоқтатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Шарттан шығу ниеті туралы хабарлаған Одақтың мүше мемлекеті оның осы Шартқа қатысуына байланысты туындаған қаржылық міндеттемелерін реттеуге міндетті. Аталған міндеттеме бұл мемлекеттің осы Шарттан шыққанына қарамастан, оны толық орындағанына дейін күшінде қалады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарлама негізінде Жоғары кеңес Одаққа мүше мемлекеттің осы Шартқа қатысуына байланысты туындаған міндеттемелерін реттеу процесін бастау туралы шешім қабылдайды.
      4. Осы Шарттан шығу автоматты түрде Одақтағы мүшеліктің тоқтатылуына және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардан шығуға әкеп соғады.
      _________ қаласында 201_ жылғы _________ беларусь, қазақ және орыс тілдерінде бір данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
      Келіспеушіліктер туындаған жағдайда осы Шартты түсіндіру мақсаттары үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады.
      Осы Шарттың түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық комиссиясында сақталады, ол депозитарий ретінде әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
       үшін                   үшін                үшін

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 1 ҚОСЫМША     

Еуразиялық экономикалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Осы Шарттың 18-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады.
      Комиссияның негізгі міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметін:
      1) өзара пайданы, тең құқықты және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін есеп алуды қамтамасыз ету;
      2) қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі;
      3) ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
      3. Комиссия өз қызметін осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өкілеттіктер шегінде:
      1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
      2) кедендік реттеу;
      3) техникалық реттеу;
      4) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар;
      5) кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу;
      6) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу;
      7) сыртқы және өзара сауда статистикасы;
      8) макроэкономикалық саясат;
      9) бәсекелестік саясаты;
      10) өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары;
      11) энергетикалық саясат;
      12) табиғи монополиялар;
      13) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу;
      14) көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар;
      15) көлік және тасымалдау;
      16) валюта саясаты;
      17) зияткерлік қызмет нәтижелерін және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын күзету және қорғау;
      18) еңбек көші-қоны;
      19) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
      20) осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған өзге де салаларда жүзеге асырады.
      4. Комиссия өз өкілеттіктерінің шегінде Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      5. Комиссия Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың, Жоғары кеңес пен Үкіметаралық кеңес шешімдерінің депозитарийі функцияларын атқарады.
      6. Жоғары кеңес Комиссияға Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық шарттарға қол қою құқығын беруі мүмкін.
      7. Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында және шешімдер қабылдау Комиссияның құзыретіне жататын жекелеген мәселелер бойынша консультациялар өткізу үшін Комиссия консультациялық органдар құруға құқылы.
      8. Комиссия өзі қарайтын мәселелер бойынша Тараптардың позициясын сұратуға құқылы. Позицияны беру туралы сауал Тараптардың үкіметтеріне жіберіледі. Комиссияның мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарынан, заңды және жеке тұлғаларынан Комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға да құқығы бар. Құпия ақпаратты қамтитын сұрауларды қоспағанда, Комиссияның заңды және жеке тұлғалардың мекенжайына жіберген сұрауларының көшірмелері бір мезгілде мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолданады. Егер Шартта өзгеше белгіленбесе, позицияны немесе ақпаратты беру туралы сауалды Комиссияның атынан Комиссия Алқасының төрағасы немесе мүшесі жібереді.
      Тараптардың атқарушы билік органдары олардан сұратылған ақпаратты өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға жатқызылған мәліметтерді немесе таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтымайтын ақпарат болған жағдайда, оны Регламентте белгіленген мерзімде беруді қамтамасыз етеді.
      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға немесе таратылуы шектеулі мәліметтерге жатқызылған ақпаратты алмасу тәртібі Одақ шеңберіндегі жекелеген халықаралық шарттарда белгіленеді.
      9. Комиссия Одақтың бюджетін құрастыруға және оның орындалуы туралы есепті дайындауға жауапты, Комиссияның бюджеттік сметасы қаражатына билік жүргізуші болып табылады.
      10. Комиссия заңды тұлға құқығын пайдаланады.
      11. Комиссия Комиссия Кеңесінен және Комиссия Алқасынан тұрады. Комиссия Кеңесі және Комиссия Алқасы қызметінің тәртібі Жоғары кеңес бекітетін Еуразия экономикалық комиссиясының жұмыс регламентімен (бұдан әрі – Регламент) реттеледі.
      12. Комиссия Кеңесі құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – Комиссия департаменттері) құруға құқылы.
      13. Комиссия өз өкілеттіктері шегінде нормативтік құқықтық сипаттағы және мүше мемлекеттер үшін міндетті шешімдерді, ұйымдастыру-өкімші сипаттағы өкімдерді және міндетті емес сипаттағы ұсынымдарды қабылдайды.
      Комиссия шешімдері Одақ құқығына кіреді және мүше мемлекеттердің аумағында тікелей қолданылады.
      14. Комиссияның шешімдерін, өкімдері мен ұсынымдарын Шартта белгіленген өкілеттіктер шегінде және Шарт пен Регламентте көзделген тәртіппен Комиссия Кеңесі және Комиссия Алқасы қабылдайды.
      Комиссия Кеңесі мен Комиссия Алқасының өкілеттіктері мен функцияларын ажырату Регламентте айқындалады.
      15. Комиссияның кәсіпкерлік қызметпен айналысу шарттарына әсер етуі мүмкін шешімдері осындай шешім жобаларының реттеуші әсерін бағалау жүргізу нәтижелері ескеріле отырып қабылданады.
      Комиссияның көрсетілген шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін өткізу тәртібі Регламентте айқындалады.
      16. Егер Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Комиссия шешімдері ресми жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген Комиссия шешімдері, сондай-ақ шұғыл ден қоюды талап ететін ерекше жағдайларда қабылданатын Комиссия шешімдері ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен кейін ғана күшіне енудің өзге мерзімін көздеуі мүмкін.
      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген Комиссия шешімдерін, қабылдау және күшіне ену тәртібі Регламентте белгіленеді.
      Комиссияның таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын шешімдері оларда айқындалған мерзімде күшіне енеді.
      Комиссияның өкімдері оларда айқындалған мерзімде күшіне енеді.
      17. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жағдайын нашарлататын Комиссия шешімдерінің кері күші болмайды.
      18. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жағдайын жақсартатын Комиссия шешімдері, егер олар осыны тікелей көздесе, кері күшке ие бола алады.
      19. Комиссияның шешімдерін жариялау және оған қол жеткізуді қамтамасыз ету Шарттың 111-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      20. Комиссия шешімдерінің қабылдануы осы Шарттың 18-бабына және осы Ережеге сәйкес Комиссия Кеңесі мүшелерінің немесе Комиссия Алқасы мүшелерінің дауыс беруі негізінде жүргізіледі.
      21. Комиссиядағы дауыстар мынадай түрде бөлінеді:
      1) Комиссия Кеңесі мүшесінің бір дауысы Комиссия Кеңесінде бір дауыс болып табылады;
      2) Комиссия Алқасы мүшесінің бір дауысы Комиссия Алқасында бір дауыс болып табылады.

ІI. КОМИССИЯ КЕҢЕСІ

      22. Комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді жалпы реттеуді, сондай-ақ Комиссия қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
      23. Комиссия Кеңесіне әрбір мүше мемлекеттен өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген үкімет басшысының орынбасары болып табылатын бір-бір өкіл кіреді.
      Мүше мемлекеттер Комиссия Кеңесіндегі өкілі туралы бірін-бірі, сондай-ақ Комиссия Алқасын Регламентте белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
      24. Комиссия Кеңесі мынадай функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      Комиссия қол қоятын халықаралық шарттардың жобаларын Жоғары кеңестің мақұлдауына енгізеді;
      1) Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін құқықтық реттеуді  етілдіру жұмыстарын ұйымдастырады;
      2) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграцияның негізгі бағыттарын Жоғары кеңестің бекітуіне енгізеді;
      3) осы Ереженің 30-тармағында көзделген тәртіппен Комиссия Алқасы қабылдаған Комиссия шешімдерінің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы мәселені қарайды;
      4) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу туралы мәселені қарайды;
      5) Үкіметаралық кеңестің қарауына құжаттар жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімдерін жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті енгізеді;
      6) Комиссия Алқасы Төрағасының ұсынуы бойынша Комиссия департаменттерінің тізбесін, оларды құрылымы мен штат санын, сондай-ақ олардың Комиссия Алқасы мүшелерінің арасында бөлуді бекітеді;
      7) Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;
      8) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ережеде көзделген негіздемелер бойынша Комиссия қызметкерлерінен артықшылықтар мен иммунитеттерді алу туралы шешім қабылдайды (Шартқа № 31 қосымша);
      9) Одақ бюджетін мақұлдайды;
      10) Комиссия Алқасы мүшелеріне және Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін мақұлдайды;
      11) Комиссия департаменттерінің жалпы шекті штат санын мақұлдайды;
      12) Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекітеді;
      13) Шартта көзделген Комиссия департаменттеріне мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасу құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Кеңесі жанынан этика жөніндегі комиссияны құрады және оның ережесін бекітеді;
      14) Комиссия Алқасына тапсырмалар береді;
      15) Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және Регламентке сәйкес өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      25. Комиссия Кеңесінің немесе Комиссия Алқасының шешімін қабылдау алдында Комиссия Кеңесі Комиссия Алқасының осы Ереженің 44-бабына сәйкес құрылған консультациялық орган шеңберінде консультациялар өткізу міндетті болатын мәселелерді айқындауға құқылы.
      26. Комиссия Кеңесінің отырыстары Регламентке сәйкес өткізіледі. Комиссия Кеңесінің кез келген мүшесі Комиссия Кеңесі отырысын өткізуге бастамашы бола алады, сондай-ақ Комиссия Кеңесі отырыстарының күн тәртібіне ұсыныстар енгізе алады.
      Комиссия Кеңесінің отырысына Комиссия Кеңесінің барлық мүшелері қатысса, ол заңды болып есептеледі.
      27. Комиссия Кеңесі отырыстарына Комиссия Алқасының Төрағасы, сондай-ақ Комиссия Кеңесінің шақыруы бойынша Комиссия Алқасының мүшелері қатысады. Комиссия Кеңесінің мүшелері Комиссия Кеңесінің отырыстарына Тараптардың өкілдерін және өзге де тұлғаларды шақыра алады.
      Комиссия Кеңесі отырыстарына үшінші мемлекеттердің өкілдері осы Шартта айқындалған тәртіппен және жағдайларда қатыса алады.
      28. Комиссия Кеңесіне төрағалық ету осы Шарттың 8-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Комиссия Кеңесі төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, қалған мерзімде Комиссия Кеңесі Төрағасының өкілеттіктерін төрағалық етуші мүше мемлекеттен Комиссия Кеңесінің жаңа мүшесі жүзеге асырады.
      Комиссия Кеңесінің төрағасы:
      Комиссия Кеңесінің кезекті отырысының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
      күн тәртібін айқындайды;
      Комиссия Кеңесінің отырыстарын ашады, жүргізеді және жабады.
      29. Комиссия Кеңесі өз өкілеттіктері шегінде шешімдер, өкімдер және ұсынымдар қабылдайды.
      Комиссия Кеңесі шешімдерді, өкімдерді және ұсынымдарды консенсуспен қабылдайды.
      Егер консенсусқа қол жеткізілген жағдайда мәселе Комиссия Кеңесінің кез келген мүшесінің ұсынысы бойынша Жоғары кеңестің немесе Үкіметаралық кеңестің қарауына беріледі.
      30. Мүше мемлекеттің немесе Комиссия Кеңесі мүшесінің Комиссия Алқасы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы ұсынысты Комиссия Алқасына енгізуге құқығы бар.
      Комиссия Алқасының Төрағасы ұсынысты алған күні Комиссия Кеңесі мүшелеріне тиісті шешім бойынша материалдарды жолдайды.
      Комиссия Кеңесі осындай материалдар түскеннен кейін оны қарайды және күнтізбелік 10 күн ішінде шешім қабылдайды.
      Комиссия Алқасы шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы мәселені қарау нәтижесі бойынша Комиссия Кеңесі қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда не болмаса осы баптың үшінші абзацында көзделген мерзім өткен жағдайда, бірақ Комиссия Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, мүше мемлекет Үкіметаралық кеңестің және (немесе) Жоғары кеңестің қарауына тиісті мәселені енгізу туралы ұсыныспен Комиссияға үкімет басшысы қол қойған хат жібере алады.
      Мүше мемлекеттің үкімет басшысы Комиссияның осы Ереженің 16-тармағының екінші абзацында көрсетілген шешімдеріне қатысты мәселені Үкіметаралық кеңестің және (немесе) Жоғары кеңестің қарауына енгізу туралы ұсыныспен олардың күшіне енуіне дейінгі кез келген сатыда Комиссияға жүгінуге құқылы.
      Комиссия Алқасының күшін жоюға немесе оны өзгертуге ұсынылатын шешімі осы тармаққа сәйкес күшіне енбейді және Үкіметаралық кеңестің және (немесе) Жоғары кеңестің осы шешімге қатысты мәселені қарастыруы және қарастырудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдауы үшін қажетті мерзімге тоқтатылады.

III. КОМИССИЯ АЛҚАСЫ

      31. Комиссия Алқасы Комиссияның атқарушы органы болып табылады.
      Комиссия Алқасы Алқа мүшелерінен тұрады, олардың біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады.
      Комиссия Алқасы мүше мемлекеттердің тең өкілдігі қағидатын негізге ала отырып, мүше мемлекеттер өкілдерінен қалыптастырылады.
      Комиссия Алқасының сандық құрамын және Комиссия Алқасы мүшелері арасындағы міндеттерді бөлуді Жоғары кеңес айқындайды.
      Комиссия Алқасы Комиссия департаменттеріне басшылық жасайды.
      32. Комиссия Алқасының мүшесі өзі өкілдік ететін мүше мемлекеттің азаматы болуға тиіс.
      Комиссия Алқасының мүшелері мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс: лауазымдық міндеттерге сәйкес кәсіби дайындығы (біліктілігі) болуға, сондай-ақ лауазымдық міндеттер бейіні бойынша еңбек өтілі 7 жылдан кем болмауға, оның ішінде Тараптардың мемлекеттік органдарында кем дегенде 1 жыл басшылық лауазымда жұмыс істеуге тиіс.
      33. Комиссия Алқасының мүшелерін Жоғары кеңес өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігімен 4 жыл мерзімге тағайындайды.
      Комиссия Алқасының төрағасын Жоғары кеңес ротация негізінде мерзімін ұзарту құқығынсыз 4 жыл мерзімге тағайындайды. Ротация мүше мемлекеттің орыс тілінің әліпбиі тәртібіндегі атауы бойынша кезекпен жүзеге асырылады.
      34. Комиссия Алқасының мүшелері Комиссияда тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия Алқасының мүшелері өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз және мүше мемлекеттердің билік органдарынан немесе ресми тұлғаларынан сұрата алмайды немесе нұсқаулар ала алмайды.
      Комиссия Алқасы мүшелерінің мүше мемлекеттермен халықаралық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау механизмі Жоғары Кеңес бекітетін Одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібіне сәйкес айқындалады.
      35. Комиссия Алқасы мүшелерінің өз өкілеттіктері қолданысының барлық мерзімінде бұл жұмысты оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа жұмыспен қоса атқаруға немесе өзге ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      36. Алқа мүшелері:
      1) коммерциялық ұйымды басқару органының қызметіне ақылы негізде қатысуға;
      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
      3) лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйақылар (сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, несиелер, көрсетілетін қызметтер, ойын-сауық төлемдерін, демалыс, көлік шығыстарын және өзге де сыйақылар) алуға құқылы емес. Хаттамалық іс-шараларға, қызметтік іссапарларға және басқа да ресми іс-шараларға байланысты Комиссия Алқасының мүшесі алған сыйлықтар (символдық сыйлықтарды қоспағанда) Комиссияның меншігі болып танылады және Комиссияға акт бойынша тапсырылады. Алынған сыйлықты тапсырған Комиссия Алқасының мүшесі Комиссия Кеңесі бекіткен тәртіппен оны сатып ала алады;
      4) жеке және заңды тұлғалар есебінен лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты сапарларды жүзеге асыруға;
      5) лауазымдық міндеттерді атқарумен байланысты емес мақсаттарда материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету құралдарын, Комиссияның басқа да мүлкін пайдалануға, сондай-ақ оларды өзге тұлғаларға беруге;
      6) лауазымдық міндеттерді атқарумен байланысты емес мақсаттарда құпия сипаттағы мәліметтерді немесе лауазымдық міндеттерді атқарумен байланысты өзіне белгілі болған қызметтік ақпаратты жария етуге немесе пайдалануға;
      7) Комиссия Алқасы мүшесінің лауазымдық өкілеттіктерін саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың мүддесі үшін пайдалануға, сондай-ақ, Комиссияның Алқа мүшесі ретінде, егер оның өкілеттігіне жатпайтын болса, көрсетілген бірлестіктер мен ұйымдарға қатынасын жария білдіруге;
      8) Комиссияда саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің (кәсіптік одақтар, ардагерлер ұйымы және өзге қоғамдық негізде жұмыс істейтін органдарды қоспағанда) және діни бірлестіктердің құрылымдарын құруға немесе көрсетілген құрылымдарды құруға жәрдемдесуге құқылы емес.
      37. Комиссия Алқасының мүшесі кіріс әкелетін бағалы қағаздардың және (немесе) акциялардың (ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін) иеленген жағдайда, ол ақылға қонымды мерзімде өзіне тиесілі көрсетілген бағалы қағаздарды және (немесе) акцияларды (ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті.
      38. Осы Ереженің 35 – 37-тармақтарында белгіленген шектеулер Комиссия департаменттерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне де қолданылады.
      39. Осы Ереженің 35 – 37-тармақтарында белгіленген шектеулер бойынша кез келген бұзушылық Комиссия Алқасы мүшесінің, Комиссияның лауазымды тұлғасының, қызметкерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, еңбек шартын (келісімшартты) бұзу үшін негіз болып табылады.
      40. Әр тарап Жоғары кеңеске Комиссия Алқасының мүшесі лауазымына кандидатураларды ұсынады.
      Комиссия Алқасының Төрағасын қоса алғанда, Комиссия Алқасы мүшелерінің дербес құрамын мүше мемлекеттердің ұсынуы бойынша Жоғары кеңес бекітеді.
      Жоғары кеңес Комиссия Алқасы мүшесінің кандидатурасын бекітпеген жағдайда, мүше мемлекет күнтізбелік 30 күн ішінде жаңа кандидатура ұсынады.
      41. Өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқармаған немесе осы Ереженің 35 – 37-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мүше мемлекеттердің Комиссия Алқасының мүшесін кері шақырып алуға құқығы жоқ.
      Комиссия Алқасы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату (ерікті орнынан түсу жағдайларын қоспағанда) мүше мемлекеттің ұсынуы бойынша Жоғары кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      Комиссия Алқасы мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Комиссия Алқасы мүшесі өкілінің өкілеттігі тоқтатылған мүше мемлекеттің ұсынуымен Комиссия Алқасының жаңа мүшесі Комиссия Алқасының бұрынғы мүшесінің қалған өкілеттік мерзіміне тағайындалады.
      42. Комиссия Алқасы мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлуді, сондай-ақ Комиссия департаменттерінің жалпы шекті штат санын және Комиссия Алқасы мүшелеріне, Комиссия департаменттерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу (оның ішінде оларды ақшалай қамтамасыз ету) тәртібін Жоғары кеңес бекітеді.
      43. Комиссия Алқасы мынадай функциялар мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз етеді:
      1) (интеграцияның негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруды қоса алғанда) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграция саласында ұсыныстар әзірлеуді және мүше мемлекеттер ұсынған ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асырады;
      2) шешімдер және ұсынымдар қабылдайды;
      3) Жоғары кеңес пен Үкіметаралық кеңес қабылдаған шешімдерді және Комиссия Кеңесі қабылдаған шешімдерді орындайды;
      4) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың және Комиссия шешімдерінің орындалуына мониторинг және бақылау жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ мүше мемлекеттерге оларды орындау қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
      5) атқарылған жұмыс туралы жыл сайын Комиссия Кеңесінде есеп береді;
      6) Одақтың қалыптасуы, жұмыс істеуі және дамуы мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      7) мүше мемлекеттердің Комиссияға келіп түскен ұсыныстарына жазбаша түрде сараптамалық қорытындылар дайындайды;
      8) мүше мемлекеттерге дауларды Одақ Сотына жүгінгенге дейін Одақ шеңберінде реттеуге жәрдемдеседі;
      9) Одақ Сотын қоса алғанда, сот инстанцияларында Комиссияның мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді;
      10) өз өкілеттіктері шегінде Тараптардың мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылын жүзеге асырады;
      11) Комиссияға келіп түсетін сауалдарды қарайды;
      12) Комиссия Алқасы төрағасының ұсынуы бойынша Алқа мүшелерінің, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің шетелдік іссапарларының кезекті жылға арналған жоспарын бекітеді;
      13) Комиссия Алқасы төрағасының ұсынуы бойынша консультативтік комитеттерде қарастырғаннан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезекті жылға арналған жоспарын бекітеді, Комиссия Кеңесін көрсетілген жоспар туралы хабардар етеді;
      14) Одақ бюджетінің жобасын әзірлеуді және оның орындалуы туралы есеп жобаларын дайындауды жүзеге асырады, Комиссияның бюджеттік сметасының атқарылуын қамтамасыз етеді;
      15) Комиссия Кеңесі қабылдайтын халықаралық шарттар мен Комиссия шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ Комиссияның өкілеттіктерін іске асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды әзірлейді;
      16) белгіленген тәртіппен құжаттардың реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізеді және осы рәсімнің жүргізілу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті дайындауды қамтамасыз етеді;
      17) Комиссия Кеңесінің, Үкіметаралық кеңестің және Жоғары кеңестің, сондай-ақ осы Шарттың 5-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын көмекші органдардың отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді;
      18) Комиссия Кеңесіне Комиссияның лауазымды тұлғаларынан және қызметкерлерінен артықшылықтар мен иммунитеттерді алу туралы ұсыныстар береді;
      19) Комиссия Кеңесі бекітетін тәртіппен Комиссия мұқтаждықтары үшін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге тапсырыстар орналастырады және шарттар жасасады;
      20) Комиссия Кеңесі бекітетін таралуы шектеулі құжаттармен (құпия және қызметтік пайдалану үшін) жұмыс істеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      44. Комиссия Алқасы Комиссия Алқасының жанынан консультациялық органдар құруға құқылы, олардың қызметі мен жұмыс тәртібі Комиссия Алқасы бекітетін тиісті ережелерде айқындалады.
      45. Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органдардың құрамына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының уәкілетті өкілдері кіреді.
      Мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органдар құрамына бизнес-қоғамдастық, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар қосылады.
      46. Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органдар өз өкілеттіктері шегінде олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия Алқасы үшін ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады. Консультациялық органдардың отырыстарындағы консультациялық органдар мүшелерінің ұсыныстары мүше мемлекеттердің ұстанымы ретінде қарастырыла алмайды.
      47. Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органдардың қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.
      Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының уәкілетті өкілдерінің Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органдардың жұмысына қатысуына байланысты шығыстарын жіберуші мүше мемлекеттер көтереді. Бизнес-қоғамдастық, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, өзге де тәуелсіз сарапшылардың Комиссия Алқасы жанындағы консультациялық органдар жұмысына қатысуына байланысты шығыстарын аталған тұлғалар өз бетінше көтереді.
      48. Комиссия Алқасы өз өкілеттіктері шегінде шешімдер, өкімдер мен ұсынымдар қабылдайды.
      Комиссия Алқасы қабылдаған Комиссияның шешімдеріне, өкімдері мен ұсынымдарына Комиссия Алқасының Төрағасы қол қояды.
      49. Комиссия Алқасының отырысы аптасына кемінде бір рет өткізіледі.
      Комиссия Алқасының мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз жеке өздері қатысады. Комиссия Алқасы мүшесінің Комиссия Алқасының отырысына қатысуы объективті түрде мүмкін болмайтын жағдайда ол Регламентте белгіленген тәртіппен өз позициясын жазбаша баяндайды немесе өзінің позициясын қаралатын мәселе құзыреті аясына кіретін Комиссия департаменті директорының білдіру құқығын ұсынып, Комиссия Алқасы төрағасының келісімімен сенімхат бойынша беруге құқылы. Бұл ретте дауыс беру кезінде Комиссия департаменті директорының дауыс құқығы болмайды.
      Алқа отырыстарына мүше мемлекеттен бір-бір өкіл қатыса алады.
      Комиссия Алқасы мүшелерінің ең болмағанда біреуінің өтініші бойынша Комиссия Алқасы төрағасының шешімі негізінде кезектен тыс отырыстар өткізілуі мүмкін. Комиссия Алқасының отырыстарын өткізу тәртібі мен дауыс беру рәсімі Регламентте белгіленеді.
      50. Комиссия Алқасы отырыстары күн тәртібі жобасының әрбір мәселесі бойынша құжаттар мен материалдар жиынтығы Регламентке сәйкес, бірақ Комиссия Алқасы отырысына дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын мүше мемлекеттерге міндетті түрде жіберіледі.
      51. Комиссия Алқасының Төрағасы:
      1) Комиссия Алқасының қызметін ұйымдастырады және өзіне жүктелген функцияларды орындауға жауапты болады;
      2) кезекті кезеңге Комиссия Алқасы мен Комиссия Кеңесі отырыстары жоспарының жобаларын, Комиссия Алқасы мен Комиссия Кеңесі отырыстарының күн тәртіптерін, сондай-ақ тиісті материалдарды қоса бере отырып, Комиссия Кеңесінің отырысында тиісті отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 20 күн бұрын бекітілуге тиіс Жоғары кеңес пен Үкіметаралық кеңес отырыстары күн тәртіптерінің жобаларын белгіленген тәртіппен қалыптастырады.
      3) Комиссия Кеңесіне, Жоғары кеңеске және Үкіметаралық кеңеске Комиссия Кеңесінің, Жоғары кеңестің және Үкіметаралық кеңестің шешімін талап ететін мәселелер туралы және оларды Комиссия Алқасының қарауы нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстары бар өзге де құжаттар туралы баяндайды;
      4) Комиссия департаменттерінің жұмыс тәртібін белгілейді, сондай-ақ Комиссия департаменттерінің жүргізу аясына кіретін мәселелерді айқындайды;
      5) Комиссия Алқасының, Комиссия Кеңесінің, Жоғары кеңестің және Үкіметаралық кеңестің отырыстарын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      6) Комиссия Алқасының отырыстарын жүргізеді;
      7) Комиссия Кеңесінің отырыстарына қатысады;
      8) Комиссия Кеңесінде Комиссия Алқасының атынан өкілдік етеді;
      9) Комиссия Кеңесіне Комиссия Алқасы мүшелерінің келісуі бойынша Комиссия департаменттерін Комиссияның Алқа мүшелеріне бекіту жөнінде ұсыныстар береді;
      10) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимыл тәртібін, Комиссия департаменттерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің көпшілік алдында жария сөз сөйлеу және қызметтік ақпаратты беру қағидаларын айқындайды;
      11) Комиссия атынан Одақ бюджеті қаражатына бас билік жүргізуші болады, Комиссияның бюджеттік сметасы қаражатына билік жүргізуші болып табылады, Комиссияның материалдық қаражатына билік етеді, азаматтық-құқықтық шарттар жасасады және сотқа қатысады;
      12) конкурс нәтижелері бойынша Комиссия департаменттері директорларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және олармен келісімшарттар жасасады;
      13) конкурс нәтижелері бойынша Комиссия атынан Комиссия департаменттері қызметкерлерімен еңбек шарттарын (келісімшарттар) жасасады;
      14) Комиссия департаменттері туралы ережені бекітеді;
      15) Комиссия Алқасы мүшелері арасынан Комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды;
      16) Комиссия департаменттері директорлары мен олардың орынбасарларына қатысты жалдаушы өкілінің өкілеттігін жүзеге асырады, лауазымдық регламенттерді (нұсқаулықтарды) бекітеді, демалысқа жіберу кестелерін бекітеді, демалыс береді және іссапар туралы шешімдер қабылдайды;
      17) осы Ереженің 36 және 37-тармақтарында баяндалған негіздер бойынша Комиссия Алқасы мүшесін кері шақырту туралы мүше мемлекеттердің өтініштерінде баяндалған фактілер бойынша тексерулер жүргізуді Комиссия Алқасының ұсынуы бойынша Комиссия Кеңесі бекітетін тәртіппен қамтамасыз етеді;
      18) Комиссия Алқасы мен Комиссия департаменттерінің Регламентке сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де функцияларды атқарады.
      52. Комиссия Алқасының мүшесі міндеттерді бөлуге сәйкес:
      1) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
      2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссия Алқасы мен Комиссия Кеңесінің отырыстарында баяндайды;
      3) Комиссияның жетекшілік ететін департаменттерінің қызметін үйлестіреді және бақылайды;
      4) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссия Алқасының шешімдері мен ұсынымдарының жобаларын дайындайды;
      5) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
      6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің Комиссия шешімдерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;
      7) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссияға түскен мүше мемлекеттердің ұсыныстарына жазбаша түрде сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды;
      8) Комиссия Алқасының өкілеттіктері шегінде өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады (оның ішінде мүше мемлекеттердің билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады);
      9) Комиссия Кеңесі қабылдайтын халықаралық шарттардың, Комиссия шешімдерінің және ұсынымдарының жобаларын, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссияның өкілеттіктерін іске асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
      10) жетекшілік ететін Комиссия департаменттерінің құжаттардың реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізуге белгіленген тәртіппен қатысуын қамтамасыз етеді;
      11) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комиссия Алқасының жанында консультациялық органдар құру туралы ұсыныстарды Комиссия Алқасының қарауына енгізеді.
      53. Комиссия Алқасының мүшелеріне артықшылықтар мен иммунитеттер, әлеуметтік кепілдіктер беруге, сондай-ақ еңбек қатынастары және міндетті мемлекеттік әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер 2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ережесіне (Шартқа № 31 қосымша) сәйкес реттеледі.

IV. КОМИССИЯ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ

      54. Комиссия департаменттері Комиссия Кеңесінің және Комиссия Алқасының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      Комиссия департаменттерінің құрамына лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер кіреді.
      Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін жұмысқа қабылдау Шарттың 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Комиссия департаменттерінің директорлары мен олардың орынбасарларын конкурстық комиссияның ұсынымы негізінде Комиссия Алқасының Төрағасы 4 жыл мерзімге тағайындайды.
      Комиссия департаменттерінің директорлары мен олардың орынбасарлары мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
      мүше мемлекеттердің бірінің азаматтығына ие болуы;
      лауазымдық міндеттеріне сәйкес келетін кәсіби дайындығы (біліктілігі) және кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
      Комиссия департаменттері Комиссия Кеңесі бекітетін атқаратын лауазымына қойылатын тиісті біліктілік талаптарына сай келетін мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан конкурстық негізде қызметкерлерден жинақталады.
      Комиссия қызметкерлері жұмысқа Комиссия Алқасы Төрағасымен жасалатын еңбек шарттары (келісімшарттар) негізінде қабылданады.
      Еңбек шартын (келісімшарт) жасасу, оны ұзарту және оны бұзудың негізін Комиссия Кеңесі бекітеді.
      Кандидаттарға конкурсты өткізу тәртібінде көрсетілетін қосымша талаптар қойылуы мүмкін.
      Комиссия қызметкерлері Комиссия Кеңесі бекітетін тәртіпте аттестаттаудан өтеді.
      55. Комиссия департаменттері мынадай функцияларды іске асырады:
      1) Комиссия Алқасы мүшелерінің қарауы үшін Одақтың жұмыс істеу мәселелері бойынша материалдар, шешімдер мен ұсынымдар (оның ішінде халықаралық шарттарды жасау және өзгерту жөнінде ұсыныстар) дайындауды жүзеге асырады;
      2) нәтижелерін Комиссия Алқасы мүшелерінің қарауына ұсыну үшін мүше мемлекеттердің Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың ережелерін сақтауына, Жоғары кеңес, Үкіметаралық кеңес, Комиссия Кеңесі мен Комиссия Алқасы қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
      3) Одақ құқығымен реттелетін салаларда мүше мемлекеттердің әрқайсысының заңнамасына мониторинг және талдау жүргізу нәтижелері бойынша Алқа мүшелеріне ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
      4) Одақтың жұмыс істеуі үшін қажетті халықаралық шарттардың жобалары мен өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;
      5) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
      6) Одақ бюджетінің жобаларын және оның атқарылуын туралы есептердің жобаларын дайындауды жүзеге асырады, Комиссияның бюджеттік сметасының жобасын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
      7) Комиссияның Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың депозитарийі функциясын орындауын қамтамасыз етеді;
      8) белгіленген тәртіппен құжаттардың реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізуге қатысады және осы рәсімнің жүргізілуіне мониторингті жүзеге асырады;
      9) Одақ құқығын қалыптастыратын халықаралық шарттарда, Жоғары кеңестің және Үкіметаралық кеңестің шешімдерінде, Комиссия шешімдерінде айқындалған (оның ішінде олардың жұмысын ұйымдастыруға және Комиссия қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған) өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      56. Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері халықаралық қызметшілер болып табылады.
      Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкерлер мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз және мүше мемлекеттердің билік органдарынан немесе ресми тұлғаларынан сұрата алмайды немесе нұсқаулар ала алмайды.
      Әрбір мүше мемлекет Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мәртебесін құрметтеуге және олар қызметтік міндеттерін орындаған кезде оларға ықпал жасамауға міндеттенеді.
      Комиссияда жұмыс iстеген кезеңде Комиссияның лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің өз өкiлеттiктерiнiң бүкіл мерзiмі ішінде оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметті қоспағанда, Комиссиядағы жұмысты басқа жұмыспен қоса атқаруға немесе өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      57. Комиссия Алқасының мүшелері, сондай-ақ Комиссия департаменттерiнің лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi Комиссия Кеңесі айқындайтын тәртіппен және мерзiмде жыл сайын өз кірістері, мүлкі және мүлiктiк сипаттағы мiндеттемелерi туралы, сондай-ақ өз отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының) кірістері, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді Комиссияға ұсынады.
      58. Комиссия Алқасы мүшелерінің, сондай-ақ Комиссия департаменттерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің осы Ережеге сәйкес ұсынатын кірістері, мүлкі және мүлiктiк сипаттағы мiндеттемелерi туралы мәліметтер құпия сипаттағы мәлiметтер болып табылады.
      59. Осы Ереженің 58-тармағында көрсетілген кірістер, мүлік және мүлiктiк сипаттағы мiндеттемелер туралы мәлiметтердiң жария етілуіне кінәлі адамдар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      60. Осы Ереженің 58-тармағында көрсетілген Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнің кірістері, мүлкі және мүлiктiк сипаттағы мiндеттемелерi туралы мәлiметтердiң дұрыстығы мен толықтығын тексеру Жоғары кеңес бекiткен тәртіппен жүзеге асырылады.
      61. Комиссия Алқасының мүшелері, Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi Комиссия Алқасы мүшесінің, Комиссия департаменті лауазымды тұлғасының немесе қызметкерiнің жеке мүдделiлігі болуынан туындауы мүмкін мүдделер қақтығысын реттеу немесе болдырмау шараларын қолдануға міндетті.
      62. Комиссияның лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне артықшылықтар мен иммунитеттер, әлеуметтік кепілдіктер беруге байланысты мәселелер, сондай-ақ еңбек қатынастарына, міндетті мемлекеттік әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ережесіне (Шартқа № 31 қосымша) реттеледі.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 2 ҚОСЫМША     

Еуразиялық экономикалық одақ сотының
СТАТУТЫ

І ТАРАУ. Жалпы ережелер.
Соттың құқықтық мәртебесі

      1. Еуразиялық экономикалық одақ соты (бұдан әрі – Сот) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) сот органы болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) пен осы Статутқа сәйкес құрылады және әрекет етеді.
      2. Сот қызметінің мақсаты осы Статуттың ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарын және Одақ органдарының шешімдерін бірдей қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.
      Осы Статуттың мақсаттары үшін Одақ органдары ретінде Сотты қоспағанда Одақ органдары ұғынылады.
      3. Сот заңды тұлға құқықтарын пайдаланады.
      4. Сот өз құжаттамасын жүргізеді, өз атауы жазылған мөрі мен бланкілері болады, өзінің ресми интернет сайтын және ресми бюллетенін құрады.
      5. Сот Сот қызметін қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлейді және Одақ бюджеті туралы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатқа иелік етеді.
      6. Сот судьяларына, лауазымды тұлғалары мен мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.

II ТАРАУ. Сот құрамы

      7. Сот құрамына әр мүше мемлекеттен екі судьядан кіреді.
      8. Судьяның өкілеттік мерзімі - он жыл.
      9. Судьялар жоғары моральдық қасиетке ие болуы және халықаралық және мемлекетішілік құқық саласында біліктілігі жоғары мамандар болуы, сондай-ақ, әдетте, мүше мемлекеттердің жоғары сот органдары судьяларына қойылатын талаптарға сай келуі тиіс.
      10. Судьяларды мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымға тағайындайды. Лауазымға кіріскен кезде Судья ант қабылдайды.
      11. Судьяларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымнан босатады.
      12. Судьяның өкілеттілігі мынадай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін:
      1) Сот қызметін тоқтату;
      2) судьяның өкілеттік мерзімінің аяқталуы;
      3) судьяның басқа жұмысқа ауысуына байланысты немесе өзге де себептермен өз өкілеттігін тоқтату туралы жазбаша өтініші;
      4) денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де дәлелді себептермен судья өкілеттігін жүзеге асыруға қабілетсіздігі;
      5) судья лауазымына сай келмейтін қызметпен айналысуы;
      6) судьяны тағайындаған мүше мемлекеттің Одақ мүшелігінен шығуы;
      7) судьяның өзін тағайындаған мүше мемлекеттің азаматтығын жоғалтуы;
      8) судьяның судья жоғары мәртебесімен үйлеспейтін елеулі теріс қылық жасауы;
      9) судьяға қатысты соттың айыптау үкімінің не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
      10) судьяның іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу туралы не оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
      11) судьяның қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды не хабар-ошарсыз кетті деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
      13. Осы Статуттың 12-тармағында көзделген негіздер бойынша Судьяның өкілеттігін тоқтату туралы бастамашы ретінде судьяны тағайындаған мүше мемлекет, Сот немесе судьяның өзі болуы мүмкін.
      Судьялардың өкілеттігін тоқтату туралы бастаманы енгізу мәселелері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін Еуразиялық экономикалық кеңес Сотының Регламентінде (бұдан әрі – Регламент) айқындалады.
      14. Сот қызметіне Сот Төрағасы басшылық жасайды. Сот төрағасының орынбасары болады.
      Сот төрағасы Сот қызметіне уақытша қатыса алмаған жағдайда оның міндетін Сот төрағасының орынбасары.
      15. Сот төрағасы және оның орынбасары лауазымға Регламентке сәйкес Сот судьялары арасынан сайланады және оларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітеді.
      Сот төрағасы және оның орынбасары бір мүше мемлекеттің азаматы бола алмайды.
      Өкілеттік тоқтатылған кезде Сот төрағасы немесе оның орынбасары осының алдындағы Сот төрағасы мен оның орынбасарының ұсынысы бойынша емес, өзге мүше мемлекеттер ұсынған судьялар арасынан сайланады.
      16. Сот төрағасы және оның орынбасары өз өкілеттігін үш жыл жүзеге асырады.
      17. Сот төрағасы:
      1) Сот және судьялар қызметін ұйымдастыру тәртітібін бекітеді;
      2) Сот қызметін ұйымдастырады;
      3) өкілеттігі шегінде Соттың мүше мемлекеттің уәкілетті органдарымен, шетелдік және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      4) осы Статутта белгіленген тәртіппен Сот қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларын қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарына Сот қызметі туралы мәліметтер беруді ұйымдастырады;
      6) осы Статут шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Судьялар қандай да болсын мемлекеттік немесе мемлекетаралық органдардың және ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың, саяси партиялардың және қозғалыстардың, сондай-ақ аумақтардың, ұлттардың, ұлыстардың, әлеуметтік және діни топтардың және жекелеген адамдардың мүдделерін білдіре алмайды.
      Судьялардың ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтен басқа, табыс табуға байланысты кез келген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      19. Судья бір тараптың өкілі, сенім білдірілген өкілі немесе адвокаты немесе ұлттық немесе халықаралық соттың, тергеу комиссиясының мүшесі ретінде немесе қандай да болсын өзге ретте бұрын қатысқан қандай да болсын істің шешілуіне қатыса алмайды.
      20. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тең құқықты және бірдей мәртебеге ие. Сот төрағасы және оның орынбасары басқа судьялармен салыстырғанда кез келген заңсыз артықшылықтарды алуға әрекет қылуға құқығы жоқ.
      21. Судья өз өкілеттігін орындау кезінде де, қызметтен тыс қатынастарда да мүдделер қақтығысына, сондай-ақ сот билігінің беделіне нұқсан келтіруі немесе оның объективтілігіне, әділеттілігіне, туралығына күмән келтіртуі мүмкін кез келген нәрсеге жоламауы тиіс,

III БӨЛІМ. Сот аппараты.
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер мәртебесі

      22. Сот қызметін Сот аппараты қамтамасыз етеді.
      23. Сот аппаратының құрылымына судьялар хатшылығы мен Сот хатшылығы кіреді.
      24. Судьялар хатшылығы судьяның кеңесшісі мен судьяның көмекшісінен тұрады.
      25. Сот қызметін құқықтық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді Сот хатшылығы жүзеге асырады.
      26. Сот хатшылығының құрылымы мен санын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітеді.
      27. Сот хатшылығын Сот хатшылығының басшысы басқарады. Сот хатшылығы басшысының екі орынбасары болады. Сот хатшылығының басшысы және оның орынбасарлары Соттың лауазымды тұлғалары болып табылады, олар осы Статутқа және Шартқа сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Сот хатшылығының басшысы және оның орынбасарлары бір мүше мемлекеттің азаматы бола алмайды.
      28. Еңбек қатынастары Шартта, Одақ шеңберінде қолданылатын халықаралық шарттарда және Сот орналасқан мемлекеттің заңнамасында реттеледі.
      29. Судья кеңесшісі тиісті судьяның ұсынысы бойынша Сот төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Соттың лауазымды тұлғасы болып табылады.
      30. Судья кеңесшісі судьялар қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      31. Судья кеңесшісі жоғары моральдық қасиетке ие болуға және халықаралық және (немесе) мемлекетішілік құқық саласында тәжірибелі маман болуы тиіс.
      32. Судья көмекшісі тиісті судьяның ұсынысы бойынша Сот төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Соттың лауазымды тұлғасы болып табылады.
      33. Судья көмекшісі судьялар қызметін ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      34. Сот хатшылығы басшысының және оның орынбасарының лауазымына кандидаттарды іріктеу мүше мемлекеттердің бірдей ұсынылуы қағидатын ескере отырып, конкурстық негізде Соттың конкурстық комиссиясы жүргізеді.
      Көрсетілген лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын кандидатураларды мүше мемлекеттер ұсынады.
      35. Сот хатшылығы мүше мемлекеттің Одақ бюджетіне үлестік қатысуын ескере отырып, мүше мемлекет азаматтары арасынан конкурстық негізде қалыптастырылады.
      Сот хатшылығы қызметкерлері олармен жасалатын еңбек шарттары (келісімшарттар) негізінде жұмысқа қабылданады.
      36. Сот хатшылығы лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі Соттың конкурстық комиссиясының құрамына Сот төрағасын қоспағанда, Соттың барлық судьялары кіреді.
      Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасын сайлайды.
      Конкурстық комиссия көпшілік дауыспен өз шешімін ұсыным түрінде қабылдайды және оны тағайындау үшін Сот төрағасына ұсынады.
      37. Сот хатшылығында бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес белгілейтін конкурс өткізудің негізгі қағидаларына сәйкес Сот айқындайды және оны Сот төрағасы бекітеді
      38. Сот хатшылығының техникалық персоналын Сот хатшылығының басшысы олармен жасалатын еңбек шарттары (келісімшарттар) негізінде жұмысқа қабылдайды.

IV ТАРАУ. Сот құзыреті

      39. Сот:
      1) мүше мемлекеттің:
      Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкестігі туралы;
      басқа мүше мемлекеттің (басқа мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтауы туралы;
      Комиссия шешімінің және оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкестігі туралы;
      Комиссияның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініші бойынша;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің:
      егер Комиссия шешімі немесе оның жекелеген ережелері Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келсе, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссия шешімінің және оның жекелеген ережелерінің Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестігі туралы;
      егер Комиссияның әрекеті (әрекетсіздігі) Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келсе, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініші бойынша Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауларды қарастырады.
      Осы Статуттың мақсаттары үшін шаруашылық жүргізуші субъекті ретінде мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға, не болмаса мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға ұғынылады.
      40. Мүше мемлекеттер Шартта, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, үшінші тараптармен халықаралық шарттарда немесе мүше мемлекеттер арасындағы өзге де халықаралық шарттарда Соттың шешуі тікелей көзделген өзге де дауларды Соттың құзыретіне жатқызуы мүмкін.
      41. Соттың дауды шешу бойынша құзыретінің бар-жоғы туралы мәселені Сот шешеді. Сот оның дауды қарауға құзыретінің бар-жоғы туралы ұйғарым шығарар кезде Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) үшінші тараптармен халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
      42. Одақ органдарына Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделгеннен бөлек қосымша құзыреттер беру Сот құзыретіне кірмейді.
      43. Шартта тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, өтініш иесі консультациялар, келіссөздер немесе Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де тәсілдер арқылы сотқа дейінгі тәртіппен мәселені реттеу үшін алдын ала мүше мемлекетке немесе Комиссияға жүгінбей тұрып, дау Соттың қарауына қабылданбайды.
      44. Егер мүше мемлекет немесе Комиссия оларға өтініш келіп түскен күннен бастап 3 ай ішінде мәселені сотқа дейінгі тәртіппен реттеу бойынша шаралар қабылдамаса, дауды қарау туралы өтініш Сотқа жолдануы мүмкін.
      45. Тараптардың өзара келісімі бойынша дау осы Статуттың 44-тармағында көрсетілген мерзімге дейін Соттың қарауына берілуі мүмкін.
      46. Сот мүше мемлекеттің немесе Одақ органының өтініші бойынша Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелеріне және Одақ органдарының шешімдеріне, сондай-ақ Одақ органының және Сот қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының өтініші бойынша еңбек қатынастарымен байланысты Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелерін және Одақ органдарының шешімдеріне түсініктеме (бұдан әрі – түсініктеме) беруді жүзеге асырады.
      47. Соттың түсініктеме жасауы консультациялық қорытынды беруін білдіреді және мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарды бірлесіп түсіндіру мүмкіндігінен айырмайды.
      48. Егер халықаралық шартта көзделсе, Сот Одақтың үшінші тараппен осындай халықаралық шартының ережелеріне түсініктеме беруді жүзеге асырады.
      49. Сотқа мүше мемлекеттің атынан жасалған дауды қарауды немесе түсініктеме беру туралы өтінішті тізбесін әрбір мүше мемлекет айқындайтын және дипломатиялық арналар арқылы Сотқа жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.
      50. Сот сот төрелігін жүзеге асыру кезінде:
      1) жалпы қабылданған қағидаттарды және халықаралық құқық нормаларын;
      2) Шартты, даудың тарабы болған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды;
      3) Одақ органының шешімдері мен өкімдерін;
      4) құқықтық норма ретінде танылған жалпыға ортақ практиканың дәлелі ретінде халықаралық дәстүрді басшылыққа алады.
      51. Шарттың, Одақ шеңберіндегі үшінші тараптармен халықаралық шарттардың дауларды шешуге, түсініктеме беруге және түсіндіруге қатысты ережелері осы Статутқа қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.

V ТАРАУ. Сот ісін жүргізу
1-бөлім
Дауларды шешу туралы Сот істерін жүргізу

      52. Сотта дауларды шешу туралы істі қарау тәртібі Регламентте айқындалады.
      53. Сот істі қарауды мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырады:
      судьялардың тәуелсіздігі;
      істі қараудың жариялылығы;
      дау тараптарының теңдігі;
      жарыспалылық;
      алқалылық.
      Сотта істі қарау қағидаттарын іске асыру тәртібі Регламентте айқындалады.
      54. Сотқа Одақ шеңберіндегі қандай да бір халықаралық шартқа және (немесе) Комиссия шешіміне қатысты өтініштің түсуі, Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай халықаралық шарттың және (немесе) шешімнің және (несесе) олардың жекелеген ережелерінің қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
      55. Сот Сотқа өтініш жіберген шаруашылық жүргізу субъектілерінен, мүше мемлекеттің уәкілетті органдары мен ұйымдарынан, сондай-ақ Одақ органдарынан істі қарау үшін қажетті материалдарды сұрата алады.
      56. Таратылуы шектеулі ақпаратты Сот Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға, Регламентке және мүше мемлекеттердің зааңнамасына сәйкес ала алады. Сот осындай ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.
      57. Сотта істі қарау мамандандырылған сарапшыларды, мамандарды, куәгерлерді және аудармашыларды қоса алғанда, дау тараптарының, өтініш иесінің, олардың өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
      58. Істі қарауға қатысушы тұлғалар Регламентке сәйкес процессуалдық құқықтарын пайдаланады және оларға процессуалдық міндеттер жүктеледі.
      59. Осы Статуттың 58-тармағында көрсетілген тұлғаларға Сотта істі қарау процесіне қатысуына байланысты барлық айтылған немесе жазылғандарға қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық сот жүргізу құқығына иммунитет беріледі.
      60. Егер мүше мемлекет немесе Комиссия дау бойынша шешім оның мүддесін қозғауы мүмкін деп есептесе, онда бұл мүше мемлекет немесе Комиссия іске мүдделі тарап ретінде қатысуға рұқсат беру туралы өтініш бере алады.
      61. Сот залалды өтеу туралы талаптарды немесе мүліктік сипаттағы өзге де талаптарды қараусыз қалдырады.
      62. Шаруашылық жүргізу субъектісінің Сотқа берген өтінішіне баж салығы салынады.
      63. Баж салығын шаруашылық жүргізу субъектісі Сотқа өтініш бергенге дейін төлейді.
      64. Сот шаруашылық жүргізу субъектісінің өтінішінде көрсетілген талаптарын қанағаттандырған жағдайда, баж салығы қайтарылады.
      65. Төлемнің мөлшері, валютасы, баж салығын пайдалану және қайтару аудару тәртібін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.
      66. Істі қарау барысында даудың әрбір тарапы өздерінің сот шығындарын дербес көтереді.
      67. Істі қараудың кез келген сатысында тараптар дауды бейбіт келісім жасау, өтініш иесінің өз талаптарынан бас тартуы немесе өтінішін қайтарып алуы арқылы реттеуі мүмкін.

2-бөлім
Түсініктеме беру туралы істерді қарау

      68. Түсініктеме беру туралы істерді қарау тәртібі Регламентте айқындалады.
      69. Сот түсініктеме беру туралы істерді қарауды судьялардың тәуелсіздігі және алқалылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

3-бөлім
Сот құрамы

      70. Сот істерді Соттың үлкен алқасының, Сот Алқасының және Соттың Аппеляциялық палатасының құрамында қарайды.
      71. Осы Статуттың 39-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда Сот дауларды шешу туралы істерді Соттың үлкен алқасының отырыстарында қарайды.
      72. Үлкен алқа Регламентте көзделген процедуралық мәселелерді қарайды.
      73. Сот түсініктеме беру туралы істерді Соттың үлкен алқасының отырыстарында қарайды.
      74. Соттың үлкен алқасының құрамына Соттың барлық судьялары кіреді.
      75. Соттың үлкен алқасының сот отырысы оған судьялардың барлығы қатысқан жағдайға заңды деп есептеледі.
      76. Сот осы Статуттың 39-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайларда, Сот Алқасының құрамымен отырыс өткізеді.
      77. Сот Алқасының құрамына әрбір мүше мемлекеттен орыс әліпбиінің бірінші әріпінен бастап судьяның фамилиясы бойынша кезекпен бір судьядан енгізіледі.
      78. Сот Алқасының сот отырысы, оған әрбір мүше мемлекеттен бір судья қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.
      79. Сот, Сот Алқасының шешімдеріне шағымдану туралы өтініштерді қараған кезде, Соттың Аппеляциялық палатасының құрамымен отырыс өткізеді.
      80. Соттың Аппеляциялық палатасының құрамына, ол бойынша Сот Алқасының шешімі шағымдалып жатқан істі қарауға қатыспаған мүше мемлекеттерден Сот судьялары кіреді.
      81. Соттың Аппеляциялық палатасының сот отырысы, оған әрбір мүше мемлекеттен бір судья қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.

VІ ТАРАУ. Мамандандырылған топтар

      82. Мәні өнеркәсіптік субсидияларды, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері болып табылатын нақты дау қаралған кезде, мамандандырылған топ құрылады.
      83. Мамандандырылған топ даудың тиісті түрі бойынша әрбір мүше мемлекет ұсынған тізімнің біреуі бойынша үш сарапшыдан тұрады.
      84. Мамандандырылған топтың құрамын Сот бекітеді.
      85. Іс қаралғаннан кейін мамандандырылған топ таратылады.
      86. Мүше мемлекеттер, күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей, Шарт күшіне енген соң, осы Статуттың 82-тармағында көрсетілген даулардың әрбір түрі бойынша мамандандырылған топтардың мүшелері бола алатын және мүше ретінде сөйлей алатын кемінде үш сарапшыдан тұратын тізімдерді Сотқа жібереді.
      Мүше мемлекеттер сарапшылардың тізімдерін тұрақты түрде, бірақ жылына бір реттен жиі емес жаңартып отырады.
      87. Осы Статуттың 82-тармағында көрсетілген даулардың мәнін құрайтын мәселелер бойынша арнайы білімі мен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар болып табылатын жеке тұлғалар сарапшылар болады.
      88. Сарапшылар дау ісіне өзіне тән жеке қасиетімен қатысады, тәуелсіз әрекет етеді, сондай-ақ дау тарапының біреуімен де байланысы болмайды және олардан қандай да бір нұсқаулықтар ала алмайды.
      89. Сарапшы, мүдделер қақтығысының болуы орын алған жағдайда, мамандандырылған топтың мүшесі ретінде дау ісіне қатыса алмайды.
      90. Мамандандырылған топ істің нақты мән-жайларын объективті бағалауды қамтитын қорытындыны дайындап, оны Регламентпен белгіленген мерзімде Сотқа ұсынады.
      91. Осы Статуттың 92-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, мамандандырылған топтың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие және Сот осы Статуттың 104-110-тармақтарында көзделген шешімдердің біреуі шығарылған кезде, оны бағалайды.
      92. Мәні өнеркәсіптік субсидияларды немесе ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелері болып табылатын дау бойынша дайындалған мамандандырылған топтың қорытындысы бұзушылықтың бар екендігі немесе жоқтығы, сондай-ақ бұзушылық болған жағдайда, тиісті өтемақылық шараларды қолдану туралы тұжырымды қамтуы тиіс.
      Мамандандырылған топтың бұзушылықтың бар екендігі немесе жоқтығы туралы тұжырымы бөлігінде мамандандырылған топтың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие және Сот осы Статуттың 104-110-тармақтарында көзделген шешімдердің біреуі шығарылған кезде, оны бағалайды.
      Тиісті өтемақылық шараларды қолдану туралы тұжырым бөлігінде мамандандырылған топтың қорытындысы Сот үшін шешім шығарылған кезде міндетті болып табылады.
      93. Мамандандырылған топты қалыптастыру мен оның қызметінің тәртібі Регламентпен айқындалады.
      94. Мамандандырылған топтар сарапшылары көрсететін қызметтерге ақы төлеу тәртібін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.

VІІ ТАРАУ. Сот актілері

      95. Регламентте белгіленген мерзімде, Сот қызметінің рәсімдік мәселелері бойынша Сот:
      1) іс жүргізуге берілген өтінішті қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы;
      2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта қалпына келтіру туралы;
      3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыларды қоса алғанда, қаулылар қабылдайды.
      96. Өтініш түскен түскен күннен бастап 90 күннен кеш емес мерзімде, Сот даудың қаралу нәтижелері бойынша шешім шығарады, түсіндіру туралы өтініш бойынша консультативтік қорытынды ұсынады.
      97. Шешім шығару мерзімі Регламентте көзделген жағдайларда ұзартылуы мүмкін.
      98. Түсіндіру туралы өтініш бойынша консультативтік қорытынды ұсынымдық сипатқа ие.
      99. Осы Статуттың 39-тармағының 1-тармақшасында көзделген дауларды қарау нәтижелері бойынша Сот тараптардың дауды орындауы үшін міндетті болып табылатын шешім шығарады.
      100. Осы Статуттың 39-тармағының 2-тармақшасында көзделген дауларды қарау нәтижелері бойынша Сот Комиссияның орындауы үшін міндетті болып табылатын шешім шығарады.
      101. Сот шешімі өтініште көрсетілген мәселелер шеңберінен шыға алмайды.
      102. Сот шешімі Одақтың қолданыстағы құқық нормаларын, мүше мемлекеттердің заңнамасын өзгертпейді және (немесе) жоймайды және жаңаларын жасамайды.
      103. Осы Статуттың 111 - 115-тармақтарының ережелеріне залал келтірмей, дау тараптары Сот шешімін орындау нысаны мен тәсілін өз бетінше айқындайды.
      104. Мүше мемлекеттің Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкес келетіндігі жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкес келмейтіндігі туралы;
      2) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа сәйкес келетіндігі туралы шешім шығарады.
      105. Мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттің (басқа мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтауы өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) мүше мемлекеттің (мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтау фактін анықтау туралы;
      2) мүше мемлекеттің (мүше мемлекеттердің) Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтамау фактін анықтау туралы шешім шығарады.
      106. Мүше мемлекеттің Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келуі жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келмейтіндігі туралы;
      2) Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келетіндігі туралы шешім шығарады.
      107. Мүше мемлекеттің Комиссияның іс-қимылын (әрекетсіздігін) даулау жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Үлкен алқасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) дауланған іс-қимылдың (әрекетсіздіктің) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейтіндігі туралы;
      2) дауланған іс-қимылдың (әрекетсіздіктің) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келетіндігі туралы шешім шығарады.
      108. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Комиссия шешімінің немесе оның кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын жекелеген ережелерінің Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келуі жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша, егер мұндай шешім немесе оның жекелеген ережелері Шарт және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар ұсынған шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келсе, Сот Алқасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келеді деп тану туралы;
      2) Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп тану туралы шешім шығарады.
      109. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Комиссияның іс-қимылын (әрекетсіздігін) даулау жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Сот Алқасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) Комиссияның дауланған іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді және кәсіпкерлік пен өзге де экономикалық қызмет саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады деп тану туралы;
      2) Комиссияның дауланған іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келеді және кәсіпкерлік пен өзге де экономикалық қызмет саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды деп тану туралы шешім шығарады.
      110. Шаруашылық жүргізуші субъектінің Сот Алқасының шешіміне шағымдану жөніндегі өтініші бойынша істің қаралу нәтижелері бойынша Соттың Апелляциялық палатасы мынадай шешімдердің біреуін:
      1) Сот Алқасының шешімін өзгеріссіз қалдыру, шағымдану туралы өтінішті қанағаттанғысыз қалдыру туралы;
      2) Сот Алқасының шешімін толығымен жою немесе ішінара жою туралы немесе Сот Алқасының шешімін өзгертіп, осы Статуттың 108 және 109-тармақтарына сәйкес іс бойынша жаңа шешім шығару туралы шешім шығарады.
      111. Сот Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп таныған Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің қолданылуы Комиссия Соттың осы шешімін орындағанға дейін Соттың тиісті шешімі күшіне енгеннен кейін жалғасады.
      Сот Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп таныған Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін орынды мерзімде, бірақ Сот шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде, егер Сот шешімінде өзге мерзім белгіленбесе, Комиссия Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестендіреді.
       Сот өз шешімінде Шарттың және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың ережелерін ескере отырып, Комиссия шешімін Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестендіру үшін өзге мерзім белгілей алады.
      112. Дауласушы тараптың негізделген өтініші болған жағдайда, Сот Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді деп таныған Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің қолданылуы Соттың мұндай шешімі күшіне енген күннен бастап Соттың шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
      113. Комиссия орынды мерзімде, бірақ Сот шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде, егер Сот шешімінде өзге мерзім белгіленбесе, Сот Комиссияның дауланған іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес келмейді және Комиссияның мұндай іс-қимылы (әрекетсіздігі) Шартта және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған деп белгілеген, күшіне енген Сот шешімін орындауға міндетті.
      114. Сот шешімі орындалмаған жағдайда, мүше мемлекет оны орындаумен байланысты қажетті шаралар қабылдау мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске жүгінуге құқылы.
      115. Комиссия Сот шешімін орындамаған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъект оны орындаумен байланысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен Сотқа жүгінуге құқылы.
      Сот шаруашылық жүргізуші субъектінің өтініші бойынша ол түскен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске осы мәселе бойынша шешім қабылдауы үшін жүгінеді.
      116. Сот актілері Соттың ресми бюллетенінде және Соттың ресми интернет-сайтында жариялауға жатады.
      117. Іс бойынша тараптардың негізделген өтініші бойынша Сот шешімін, оның мәні мен мазмұнын өзгертпей, Соттың өзі ғана түсіндіре алады.

VIII ТАРАУ. Қорытынды ережелер

      118. Судьялар, лауазымды тұлғалар, Сот қызметкерлері, іске қатысушы тұлғалар, мамандандырылған топтардың сарапшылары істі қарау процесінде алған ақпараттарын, осындай ақпаратты ұсынған тұлғаның жазбаша келісімінсіз, үшінші тұлғаларға жария етпейді және бермейді.
      119. Таралуы шектеулі ақпаратты пайдалану және қорғау тәртібі Регламентпен айқындалады.
      120. Сот жыл сайын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске өз қызметі туралы есеп береді.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 3 ҚОСЫМША      

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі
ақпараттық өзара іс-қимыл туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама ақпараттық өзара іс-қимылдың негіз қалаушы қағидаттарын айқындау және оның Одақ шеңберінде жүзеге асырылуын үйлестіру, сондай-ақ интеграцияланған ақпараттық жүйе құру және дамыту тәртібін айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 23-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «электрондық құжаттың қағаз көшірмесі» – мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың көшірмесі;
      «сенім білдірілген үшінші тарап» – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты тіркелген уақытта электрондық құжаттарға электрондық цифрлық қол қойылғанын тексеру қызметін жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;
      «мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне тапсырыс беруші» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын мүше мемлекеттің ұлттық сегментін құру, дамыту және пайдалану жөніндегі жұмыстардың тапсырыс берушісі мен ұйымдастырушысының функцияларын орындайтын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы;
      «ақпаратты қорғау» – ақпараттық өзара іс-қимыл субъектілері үшін қабылданбайтын тәуекелдерді болдырмау және барынша азайту мақсатында ақпараттың және оны өңдеу құралдарының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін айқындау, оларға қол жеткізу және қолдау жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін қабылдау және іске асыру;
      «Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі» – аумақтық жағынан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің, мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерімен және Комиссияның интеграциялық сегментімен біріктірілетін Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының ұйымдастырылған жиынтығы;
      «ақпараттық жүйе» – ақпараттық ресурстардың өңделуін қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдар жиынтығы;
      «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық процестерді іске асыру әдістері мен құралдарының жиынтығы;
      «ақпараттық технологиялар» – ақпаратты іздестіру, жинау, жинақтау, жүйелендіру, сақтау, нақтылау, өңдеу, беру, тарату және алып тастау (жою) процестері, әдістері, сондай-ақ осындай процестер мен әдістерді жүзеге асыру тәсілдері;
      «ақпараттық ресурс» – ақпараттық жүйелерде қамтылған құжатталған ақпараттың реттелген жиынтығы (дерекқор, ақпараттың басқа да массивтері);
      «сыныптауыш» – сыныптау объектілері атауларының жүйелендірілген, құрылымдалған және кодталған тізбесі;
      «мүше мемлекеттің ұлттық сегменті», «Комиссияның интеграциялық сегменті» – Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мен Комиссияның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер;
      «нормативтік-анықтамалық ақпарат» – уәкілетті органдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар және сыныптауыштар жиынтығы;
      «электронды түрде ақпараттарды құжаттандырудың жалпы инфрақұрылымы» – Одақтың шеңберінде пайдаланылатын электрондық құжаттарға заңды күш беру мақсатында іске асырылатын ақпараттық-технологиялық және ұйымдық-құқықтық іс-шаралардың, қағидалар мен шешімдердің жиынтығы;
      «жалпы ақпараттық ресурс» – бір орталықтан жүргізу арқылы немесе мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптасатын Комиссияның ақпараттық ресурсы;
      «Одақ шеңберіндегі жалпы процесс» – мүше мемлекеттердің біреуінің аумағында басталып, басқа мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын (өзгертілетін) халықаралық шарттармен және Одақтың құқығын құрайтын актілермен және мүше мемлекеттердің заңнамасымен регламенттелген (белгіленген) операциялар мен рәсімдер;
      «анықтамалық» – өзінің мазмұны немесе мәні бойынша біртекті ақпараттың жүйелендірілген, құрылымдалған және кодталған тізбесі;
      «электрондық өзара іс-қимыл субъектілері» – электрондық құжаттарды, сондай-ақ электронды түрдегі ақпараттарды құрастыру, жіберу, беру, алу, сақтау және пайдалану процесінде туындайтын қатынастар шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар, жеке немесе заңды тұлғалар;
      «сенімділіктің трансшекаралық кеңістігі» – мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттар алмасу кезінде уәкілетті органдар арасындағы сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттермен келісілген құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шарттар жиынтығы;
      «ақпаратты сыныптау мен кодтаудың біріздендірілген жүйесі» – анықтамалықтардың, нормативтік-анықтамалық ақпарат сыныптауыштарының, сондай-ақ оларды әзірлеу, жүргізу және қолдану тәртібі мен әдіснамасының жиынтығы;
      «уәкілетті орган» – жекелеген салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру өкілеттіліктері берілген мүше мемлекеттің мемлекеттік органы немесе ол айқындаған ұйым;
      «есептік жүйе» – электрондық өзара іс-қимыл субъектілерінің құқық белгілейтін құжаттарынан алынатын ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйе және оны пайдалану арқылы заңдық маңызы бар электрондық құжаттар жасалады немесе беріледі;
      «өзара іс-қимылдың электрондық нысаны» – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген ақпараттық өзара іс-қимыл тәсілі;
      «құжаттың электрондық түрі» – электрондық есептеу машиналарын пайдалану арқылы адамның қабылдауы үшін жарамды түрде, сондай-ақ форматы пен құрылымына қойылатын белгіленген талаптарды сақтай отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен ақпаратты беру және өңдеу үшін ұсынылған ақпарат, мәліметтер, деректер;
      «электрондық құжат» – электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңба) куәландырылған және электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы талаптарына жауап беретін электронды түрдегі құжат.
      3. Одақтағы сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жұмыстары жүргізіледі, ол мынадай мәселелер бойынша ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді:
      1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
      2) кедендік реттеу;
      3) техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану;
      4) кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;
      5) демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу;
      6) статистика;
      7) бәсекелестік саясаты;
      8) энергетикалық саясат;
      9) валюталық саясат;
      10) зияткерлік қызмет нәтижелерін және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын сақтау және қорғау;
      11) қаржы нарықтарын (банк саласын, сақтандыру саласын, валюта нарығын, бағалы қағаздар нарығын);
      12) Одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету;
      13) макроэкономикалық саясат;
      14) өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясат;
      15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы;
      16) Одақтың өкілеттіліктері шегінде (интеграцияланған жүйенің дамуына қарай оның қамту саласына қосылатын) өзге де мәселелер.
      4. Интеграцияланған жүйені қалыптастырудың негізгі міндеттері:
      1) біріздендірілген сыныптау және кодтау жүйесі негізінде Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін құру және жүргізу;
      2) Одақ шеңберінде мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттар алмасудың интеграцияланған ақпараттық құрылымын жасау;
      3) мүше мемлекеттер үшін ортақ ақпараттық ресурстар құру;
      4) Шарт ережелері негізінде жалпы ақпараттық ресурстардың қалыптастырылуын, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың ақпараттық қамтылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру үшін ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
      5) халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілердің және халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілер жобаларының мәтіндеріне, сондай-ақ мүше мемлекеттердің жалпы ақпараттық ресурстары мен ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      6) ақпаратты электронды түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
      5. Интеграцияланған жүйе шеңберінде:
      1) мүше мемлекеттердің заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды және Одақтың құқығын құрайтын актілерді;
      2) дерекқорды бір орталықтан жүргізу арқылы немесе мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптасатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты;
      3) мүше мемлекеттер мен Комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптасатын тізілімдерді;
      4) ресми статистикалық ақпаратты;
      5) мүше мемлекеттердің ақпараттық-әдістемелік, ғылыми, техникалық және өзге де анықтамалық-талдамалық материалдарын;
      6) интеграцияланған жүйенің дамуына қарай жалпы ақпараттық ресурстар құрамына кіретін өзге де ақпаратты қамтитын жалпы ақпараттық ресурстар қалыптастырылады.
      6. Мүше мемлекеттердің интеграцияланған жүйесін қалыптастырған кезде мынадай қағидаттар негізге алынады:
      1) мүдделердің ортақтығы және өзара пайда;
      2) деректердің жалпы моделі негізінде интеграцияланған жүйе үшін ақпарат дайындаудың бірыңғай әдіснамалық тәсілдерін қолдану;
      3) ақпараттың қолжетімділігі, шынайылығы және толықтылығы;
      4) ақпараттың уақтылы берілуі;
      5) заманауи ақпараттық технологиялар деңгейіне сәйкес келу;
      6) мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен интеграция;
      7) интеграцияланған жүйеде қамтылған ақпараттық ресурстарға мүше мемлекеттердің тең қол жеткізулерін қамтамасыз ету;
      8) ұсынылған ақпаратты, оны ұсынған мүше мемлекетке залал келтірмей, мәлімделген мақсаттарға ғана пайдалану;
      9) ақпаратты мәлімделген мақсаттарға сәйкес пайдалану талабының сақталуын ескере отырып, пайдаланушылардың барлық санаттары үшін интеграцияланған жүйенің ашық болуы;
      10) уәкілетті органдар, уәкілетті органдар мен Комиссия арасында интеграцияланған жүйені пайдалану арқылы ақпарат алмасуды ақысыз негізде жүзеге асыру.
      7. Нормативтік-анықтамалық ақпарат құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштардың құрамын және мазмұнын Шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті органдармен келісім бойынша Комиссия айқындайды.
      8. Интеграцияланған жүйені қалыптастырған кезде, мүше мемлекеттер халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды басшылыққа алады.
      9. Жалпы ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, Одақтың жалпы процестерінің іске асырылуын қамтамасыз ету және интеграцияланған жүйе құралдарын пайдалана отырып, Одақ шеңберінде мемлекеттік бақылаудың алуан түрлерін тиімді жүргізу мақсатында, уәкілетті органдар, уәкілетті органдар мен Комиссия, сондай-ақ Комиссия мен интеграциялық бірлестіктер, халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың электрондық нысаны қамтамасыз етіледі. Одақтың шеңберіндегі жалпы процестер тізбесін, Одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру технологиясын, өзара іс-қимыл процесінде хабарламалар (сұратулар) жіберу және алу тәртібі мен регламентін, электронды түрдегі құжаттарға (электрондық құжаттар) қойылатын талаптарды Шартта белгіленген тәртіппен Комиссия айқындайды.
      10. Өзара іс-қимыл процесінде электрондық нысанда ұсынылатын ақпарат тізбесі Шартпен немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалады.
      11. Уәкілетті органдарға мәліметтер ұсыну бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға тең жағдай жасау, уәкілетті органдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар арасындағы өзара іс-қимылдың электрондық нысандарын келісілген түрде дамыту мақсатында Комиссия өзара іс-қимылдың көрсетілген түрлері үшін электронды түрдегі құжаттарға (электрондық құжаттар), өзара іс-қимыл процесінде хабарламалар (сұратулар) жіберу және алу тәртібіне қойылатын Одақ шеңберінде біріздендірілген, бірыңғай талаптарды айқындауға немесе оларды қолдануды ұсынуға құқылы.
      12. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып, электрондық өзара іс-қимыл кезінде, сондай-ақ оларды ақпараттық жүйелерде өңдеу барысында мынадай қағидаттар сақталынады:
      1) егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құжаттың қағаз жеткізгіште ресімделуі талап етілетін болса, онда Комиссия кеңесі бекіткен құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрондық құжат осы қағидалар мен талаптарға сәйкес келеді деп есептеледі;
      2) Комиссия кеңесі бекіткен құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрондық құжат қолтаңбамен немесе қолтаңба және мөрмен расталған қағаз жеткізгіштегі осыған ұқсас құжатпен заңды күші бойынша тең деп танылады;
      3) құжат электрондық құжат нысанында жасалған негіздемесімен ғана заңды күшінен айырылуы мүмкін емес;
      4) электрондық құжаттардан мәліметтер алған кезде, оның ішінде оларды ақпараттық жүйелерде өңдеу мақсатымен форматтары мен құрылымдарын қайта жасау барысында олардың электрондық құжаттарда көрсетілген ұқсас мәліметтермен бірдейлігі қамтамасыз етіледі;
      5) халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, есепке алу жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжаттардың қағаз көшірмелерін қалыптастыру қамтамасыз етілуі мүмкін.
      13. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамытуды мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде заңды күші бар электрондық құжаттар мен сервистерді пайдалану стратегиясы мен тұжырымдамасына сәйкес Комиссия мен мүше мемлекеттер жүзеге асырады.
      14. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы мемлекеттік құрамдауыштар мен интеграциялық құрамдауыштан тұрады.
      15. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы интеграциялық құрамдауышының операторы Комиссия болады.
      16. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы мемлекеттік құрамдауыштарының операторлары мүше мемлекеттер немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар айқындаған ұйымдар болады.
      17. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының интеграциялық құрамдауышы келісілген стандарттар мен инфрақұрылымдық шешімдер негізінде трансшекаралық электрондық құжат айналымын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін трансшекаралық сенім кеңістігі элементтерінің жиынтығын білдіреді.
      18. Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, оны дамыту мен жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы жасай отырып Комиссия әзірлейді және Комиссия бекітеді. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы құрамдауыштарының көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді мүше мемлекеттердің өкілдерінен және Комиссиядан құралатын комиссия жүзеге асырады. Комиссияны қалыптастыру және оны қызметін жүзеге асыру тәртібін қамтитын Комиссия туралы ережені Комиссия Кеңесі айқындайды.
      19. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының операторлары ұсынған сервистерді, оның ішінде сенім білдірілген үшінші тараптың сервистерін пайдалана отырып, электрондық құжаттарды қорғаудың түрлі тетіктерін пайдаланатын, электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілер арасында электрондық құжаттармен ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі.
      20. Сенім білдірілген үшінші тараптың сервистерін мүше мемлекеттер мен Комиссия ұсынады. Уәкілетті органдар немесе олар айқындаған (аккредиттелген) ұйымдар мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тарапы сервистерінің операторлары болып табылады. Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарапы сервистерінің операторы Комиссия болып табылады. Мүше мемлекеттер электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің сенім білдірілген үшінші тараптар көрсететін қызметтерді пайдалану құқығын қамтамасыз етеді.
      21. Сенім білдірілген үшінші тараптың негізгі міндеттері:
      1) электрондық құжаттарды және тіркелген уақытта ақпараттық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын (электрондық қолтаңбаларын) заңдастыруды жүзеге асыру;
      2) халықаралық (трансшекаралық) электрондық құжаттар алмасуда сенім кепілдіктерін қамтамасыз ету.
      3) мүше мемлекеттердің заңнамасына және Комиссия актілеріне сәйкес шығыс және (немесе) кіріс электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаларды (электрондық қолтаңбаларды) қолданудың заңдылығын қамтамасыз ету.
      22. Ақпараттық ресурстарды жүргізу және пайдалану тәртібі есепке алу жүйесі шеңберінде мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      23. Электрондық құжаттарды пайдалану арқылы электрондық нысандағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бөлігінде Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Комиссияның интеграциялық сегментіндегі ақпаратты қорғаудың мүше мемлекеттер үшін өзара қолайлы деңгейін қамтамасыз ету;
      2) есепке алу жүйелеріндегі ақпараттың қорғалуын және ақпараттық өзара іс-қимыл субъектілерінің қол жеткізу құралдарын қоса алғанда, электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін шешімдер әзірлеу;
      3) мүше мемлекеттердің мемлекетаралық стандарттары, халықаралық стандарттар мен ұсынымдар негізінде электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы құрамдауыштарының құрамын айқындау;
      4) электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы шеңберінде үлгілік ақпараттық-технологиялық шешімдер мен бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеу мен сынамалауды үйлестіру;
      5) электронды түрдегі ақпаратты құжаттау қағидаларын, электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының жекелеген құрамдауыштары мен қызметтерінің жұмыс регламенттерін, сондай-ақ оларды қолдану бойынша электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілерге арналған ұсынымдар әзірлеуді үйлестіру;
      6) Одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде электрондық құжаттарды пайдаланған кезде мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру, сондай-ақ есепке алу жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл интерфейстерін біріздендіру үшін ұсынымдар дайындау;
      7) трансшекаралық сенім кеңістігін қалыптастырудың жекелеген мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен өзара іс-қимылын үйлестіру.
      24. Мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес, ақпараттық жүйелерде, ақпараттық ресурстарда және уәкілетті органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық желілерінде қамтылған ақпараттың қорғалуын мүше мемлекеттер қамтамасыз етеді.
      25. Мүше мемлекеттер заңнамасымен мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) немесе таралуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жатқызылған ақпаратпен алмасу мүше мемлекеттер заңнамасының оларды қорғау жөніндегі талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
      26. Мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) немесе таралуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жататын мәліметтерді қамтитын ақпаратпен алмасу тәртібін Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар белгілейді.
      27. Интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін және Комиссия әзірлейтін және Комиссия кеңесі бекітетін интеграцияланған жүйенің даму стратегиясын ескере отырып, оның мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттеріне тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл барысында дамуын қамтамасыз ететін Комиссия интеграцияланған жүйе құруды үйлестіреді. Уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл барысында Комиссия әзірлеп, Комиссия кеңесі бекітетін жоспарлар (Комиссияның интеграциялық сегментін құру, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету жұмыстарының мерзімдері мен құнын көрсетіле отырып) негізінде интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылады.
      28. Комиссияның интеграциялық сегменті, ақпараттық жүйелер мен Комиссияның ақпараттық ресурстары сияқты интеграцияланған жүйенің құрамдас бөліктеріне қатысты Комиссия меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады және міндеттерін орындайды, сондай-ақ оларды жобалау, әзірлеу, енгізу, жұмыстардың нәтижелерін қабылдау және одан әрі сүйемелдеуді ұйымдастырады.
      29. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстарды (сатып алуларды), тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстар (сатып алулар) жүзеге асырылған кезде берілген конкурстық ұсыныстарды бағалауды және осы Хаттаманың 28-тармағында көрсетілген интеграцияланған жүйенің құрамдас бөліктеріне қатысты мүліктік құқықтарды сатып алуды Комиссия жүзеге асырады.
      30. Интеграцияланған жүйе сегменттерін құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі кезінде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешімдердің біріздендірілуін қамтамасыз ету, ақпараттың тиісінше қорғалу деңгейін қолдау мақсаттары үшін Комиссия техникалық, технологиялық, әдістемелік және ұйымдастыру құжаттарының жобаларын әзірлеуді үйлестіріп, оларды бекітеді.
      31. Мүше мемлекет ұлттық сегментінің құқықтарын жүзеге асыратын және оны құру, жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын ұлттық сегментке тапсырыс берушіні мүше мемлекет айқындайды.
      32. Мүше мемлекеттер интеграцияланған жүйені тең пайдалану құқығына ие.
      33. Осы Хаттаманың 28-тармағында көрсетілген интеграцияланған жүйенің құрамдас бөліктерін құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру Осы Хаттаманың 27-тармағында көрсетілген жоспарларды іске асыру үшін қажетті көлемдерді негізге ала отырып – бұл ретте оларды құру және дамыту жұмыстарына қатысты, Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      34. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру уәкілетті органдар қызметін қамтамасыз етуге мүше мемлекеттердің бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 4 ҚОСЫМША       

Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық
ақпаратын қалыптастыру және оны тарату тәртібі туралы
ХАТТАМА

      1. Осы хаттама Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібін айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 24-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты» - ұлттық статистикалық жұмыстар бағдарламаларының шеңберінде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
      «Одақтың ресми статистикалық ақпараты» - мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты, халықаралық ұйымдардың ресми статистикалық ақпараты және мүше мемлекеттердің заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден алынатын өзге де ақпараттар негізінде Комиссия қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
      «уәкілетті органдар» – мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру функциялары жүктелген ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары.
      3. Мүше мемлекеттерді және Комиссияны өзара саудада мүше мемлекеттер арасында өтетін тауарлар жөніндегі ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар басқа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізуді жүзеге асырады.
      4. Комиссия бекіткен әдіснамаға сәйкес уәкілетті органдар тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізуді жүзеге асырады.
      5. Уәкілетті органдар статистикалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын Комиссияға ұсынады.
      6. Мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерінің тізбесін, ресми статистикалық ақпараттың мерзімдері мен форматтарын уәкілетті органдармен келісім бойынша Комиссия бекітеді.
      7. Комиссия уәкілетті органдардан статистикалық көрсеткіштер тізбесіне енгізілмеген мүше мемлекеттердің өзге да ресми статистикалық ақпаратын сұратуға құқылы.
      8. Уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараттарын толық, шынайы және уақтылы Комиссияға ұсынуларын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, ресми статистикалық ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынудың мүмкін еместігі жөнінде Комиссияға хабарлайды.
      9. Осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) немесе таратылуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жататын мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараттарына таратылмайды.
      10. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинауды, жинақтауды, жүйелендіруді, талдауды және таратуды, уәкілетті органдардың сұратулары бойынша көрсетілген ақпаратты ұсынуды, сондай-ақ осы Хаттама шеңберінде уәкілетті органдардың статистика саласындағы ақпараттық және әдіснамалық өзара іс-қимылын үйлестіруді Комиссия жүзеге асырады.
      11. Мүше мемлекеттердің Комиссияға ұсынатын ресми статистикалық ақпараты негізінде жасалатын Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасын Комиссия әзірлеп, бекітеді.
      12. Уәкілетті органдардың, сыныптауыштар мен әдіснаманы қоса алғанда, халықаралық деңгейде салыстырылатын бірыңғай стандарттарды қолданулары бойынша тиісті ұсынымдар қабылдау арқылы мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараттарын салыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды Комиссия қабылдайды.
      13. Комиссияның ресми басылымдарында жариялау және Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастыру арқылы Одақтың ресми статистикалық ақпаратын таратуды Комиссия бекітетін статистикалық жұмыстар бағдарламасына сәйкес Комиссия жүзеге асырады.
      14. Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп статистика саласындағы интеграциялық даму бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 5 ҚОСЫМША      

Кедендік әкелу баждарының (өзге де баждар, балама әрекеті бар салықтар мен алымдар) сомаларын есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес әзірленді және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеу міндеті 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібін айқындайды.
      Осы Хаттама Одақтың кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомаларына есепке жатқызылған өсімпұлдар (пайыздар) сомаларына да қатысты қолданылады.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «уәкілетті органның бірыңғай шоты» – түсімдерді осы мүше мемлекеттің бюджеттеріне есепке алу және олардың арасында бөлу үшін уәкілетті орган үшін ұлттық (орталық) банкте немесе ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот;
      «есеп беру күні» – кедендік әкелу баждарының сомаларын уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің жұмыс күні;
      «мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыз» – мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару міндеттемелерін орындамауына, толық орындамауына және (немесе) уақтылы орындамауына әкеп соқтырған осы Хаттаманың ережелерін бұзғаны үшін мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттерге аударуға тиісті сомасы;
      «шетел валютасындағы шот» – басқа мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен түсімдерді есепке алу үшін ұлттық (орталық) банкте басқа мүше мемлекеттің валютасымен бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы үшін ашылған шот;
      «ағымдағы күн» – есеп беру күні кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу бойынша операциялар жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің есепті жұмыс күнінен кейінгі күн;
      «уәкілетті орган» – осы мүше мемлекеттің бюджетін атқаруда кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы.
      Осы Хаттамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде айқындалған мағыналарында қолданылады.

IІ. Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу
және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібі

      3. Кедендік қатынастарды реттейтін, оның ішінде кедендік әкелу баждарын алу кезінде халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес төлеуге жататын кедендік әкелу баждары сол мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада аударуға жатады.
      Кедендік әкелу баждарын уәкілетті органның бірыңғай шотына жекелеген есептік (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтармен) төлеушілер төлейді.
      Салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төлеуге жататын, уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін.
      Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке алу және бөлу туралы ережесіне (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымшаға қосымша) сәйкес төлеушілердің кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша берешегін өтеу есебіне арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждары жатқызылуы мүмкін.
      Егер кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы Хаттаманың ережелерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік әкелу баждарын қайтару (есепке жатқызу) жүзеге асырылады.
      Кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша төлеушілердің берешектерін өтеу есебіне жатқызудан (бұдан әрі – берешекті өтеу есебіне жатқызу) басқа, кедендік әкелу баждары сомаларының өзге де төлемдерді төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін емес.
      4. Кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша төлеушілердің берешектерін өтеу жағдайларын қоспағанда, сот актілерін орындау тәртібімен немесе қандай да бір өзге тәсілмен уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақша қаражаттарын өндіріп алу мүмкін емес.
      5. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мынадай түсімдерді:
      уәкілетті органның бірыңғай шотындағы кедендік әкелу баждарының (қайтарулардың, берешекті өтеу есебіне жатқызулардың) түсімдері сомаларын;
      басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шотына аударылған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын;
      осы мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлуден түскен кірістердің мүше мемлекеттің бюджетіне есепке алынған сомаларын;
      мүше мемлекеттің бюджетіне басқа мүше мемлекеттерден түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын;
      мерзімін өткізіп алғаны үшін төленетін Осы Хаттамада белгіленген пайыздардың мүше мемлекеттің бюджетіне түскен сомаларын;
      басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аудару тоқтатылған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын айрықша есепке алады.
      Жоғарыда көрсетілген түсімдердің сомалары әрбір мүше мемлекеттің бюджетті атқару туралы есептілігінде айрықша түрде көрсетіледі.
      6. Күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен кедендік әкелу баждарының сомалары осы мүше мемлекеттің есепті жылы бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрсетіледі.
      Мүше мемлекеттің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні ішінде бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары мүше мемлекеттің ағымдағы жылының екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы мүше мемлекеттің бюджетіне және басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылады, сондай-ақ есепті жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      Басқа мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан мүше мемлекеттің бюджетіне түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жылы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      7. Уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен кедендік әкелу баждары сомаларының, сондай-ақ есепті күні атқаруға ұлттық (орталық) банк қабылдамаған, кедендік әкелу баждарының қайтарылатын сомалары ескеріле отырып, есепті күні кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған сомалар шегінде ағымдағы күні кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеушіге қайтару, олардың берешекті өтеу есебіне жатқызылуы уәкілетті органның бірыңғай шотынан аударылады.
      Қайтару (есепке жатқызу) жүзеге асырылған күні уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен (есепке жатқызылған) кедендік әкелу баждарының сомалары шегінде есепті күні кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеушіге қайтару, олардың берешекті өтеу есебіне жатқызылуы Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотынан аударылады.
      8. Мүше мемлекеттер арасында түскен кедендік әкелу баждарының сомалары бөлінгенге дейін ағымдағы күні қайтаруға және (немесе) берешекті өтеу есебіне жатқызуға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын айқындау жүзеге асырылады.
      9. Кедендік әкелу баждарын қайтаруды және (немесе) берешекті өтеу есебіне жатқызуды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы Хаттаманың 7-тармағына сәйкес, мүше мемлекет көрсетілген қайтаруды (есепке жатқызуды) кейінгі жұмыс күндері жүзеге асырады.
      Төлеушіге кедендік әкелу баждарын уақтылы қайтармағаны үшін төленетін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге осы мүше мемлекеттің бюджетінен төленеді және кедендік әкелу баждарының құрамына кірмейді.
      10. Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомалары есепке алынған есепті күннен кейінгі мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекеттер арасында бөлуді жүзеге асырады.
      Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомалары есепке алынған есепті күні Қазақстан Республикасының уәкілетті органы кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекеттер арасында бөлуді жүзеге асырады.
      11. Мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасын пайыздармен белгіленетін бөлу нормативтеріне көбейту арқылы мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотынан осы мүше мемлекеттің бюджетіне аударуға, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударуға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын есептеу жүзеге асырылады.
      Бұл ретте есепті күні ұлттық (орталық) банк кедендік әкелу баждарының қайтарылатын сомаларын аударуға арналған есептік (төлем) құжаттарды (нұсқаулықтарды) орындауға қабылдамағанын ескере отырып, есепті күні (уәкілетті орган есепке жатқызуды орындаған) келіп түскен кедендік әкелу баждарының сомаларынан ағымдағы күні төлеушілерге қайтаруға және берешекті өтеу есебіне жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын есептеп шегеру арқылы мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы белгіленеді.
      Егер ағымдағы күні орындалуға жататын кедендік әкелу бажының сомасын төлеушіге қайтаруға арналған есептік (төлем) құжатты (нұсқаулықты) ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған жағдайда, бұл сома мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде мүше мемлекеттер арасында бөлуге жатқызылады. Бұл ретте басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған кедендік әкелу баждарының сомасы осы тармаққа сәйкес, бір күнге мерзімі өткен деп танылады.
      12. Кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері әрбір мүше мемлекет үшін мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      Беларусь Республикасы – 4,70%;
      Қазақстан Республикасы – 7,33%;
      Ресей Федерациясы – 87,97%.
      13. Уәкілетті органның бірыңғай шотына есепаке алынған күннен кейінгі мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына мүше мемлекеттерге кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.
      Кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға арналған есептік (төлемдік) құжатты (нұсқаулықты) уәкілетті орган, күн сайын, жергілікті уақыт бойынша сағат 14-тен кешіктірмей, басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына одан әрі аудару үшін ұлттық (орталық) банкке жіберуі тиіс. Көрсетілген есептік (төлемдік) құжатта (нұсқаулықта) кедендік әкелу баждарын бөлу жүзеге асырылатын күн және ұлттық валютада мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуге жататын сома көрсетіледі.
      Егер көрсетілген есептік (төлемдік) құжат (нұсқаулық) ағымдағы күні мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне жергілікті уақыт бойынша сағат 14-тен кешіктіріліп жіберілген жағдайда, тиісті төлем бір күнге мерзімі өткен деп танылады.
      14. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан шетел валютасындағы шоттарға түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекет бюджетінің кірісіне аудару тәртібі осы Хаттаманың ІII бөлімімен реттеледі.
      15. Мүше мемлекеттердің бюджеттеріне бөлінген және аударылған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алуды мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      16. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы кезекті күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей, басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс емес күндер жөнінде хабардар етеді.
      Осындай өзгерістер болатын мүше мемлекеттің уәкілетті органы жұмыс емес күндер өзгертілген жағдайда, басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органдарын осындай өзгерістер күшіне енгенге дейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей, көрсетілген өзгерістер жөнінде хабардар етеді.
      17. Кедендік әкелу баждарының сомасын аударуға жататын шетел валютасындағы шоттың деректемелері өзгерген жағдайда, осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енгенге дейін, күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей, шоттың нақтыланған деректемелерін басқа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.
      Осы Хаттаманы іске асыру үшін қажетті өзге де деректер өзгерген жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген өзгерістер күшіне енгенге дейін, күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жеткізеді.
      18. Мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары болмаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы Хаттамада белгіленген мерзімде, басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына ақша қаражаттарын аударуға арналған есептік (төлем) құжатты (нұсқаулықты) ұлттық (орталық) банкке жіберу үшін, осы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электронды түрде, ал Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілген кезге дейін – графикалық түрде электрондық арналар бойынша басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына тиісті ақпарат жібереді.
      19. Мүше мемлекеттердің орталық кедендік органдары Комиссия бекітетін қағидаларға сәйкес, бірыңғай кедендік әкелу баждарының есебін есепке жатқызу әдісі бойынша жүргізу қағидаттарының қолданылуын қамтамасыз етеді.
      20. Осы бөлімде белгіленген мерзімде қандай да бір мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты аударылмаған немесе толық аударылмаған және бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының жоқ екендігі туралы осы мүше мемлекеттің уәкілетті органынан ақпарат келіп түспеген жағдайда, шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты түспеген мүше мемлекеттің уәкілетті органы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын және Комиссияны аударылмаған немесе толық аударылмаған ақша қаражаттары туралы хабардар етеді.
      21. Бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын басқа мүше мемлекетке аудармаған мүше мемлекет, кедендік әкелу бажын бөлуден түскен сома басқа мүше мемлекетке (мүше мемлекеттерге) аударылмаған күнді қоса алғанда, осы мүше мемлекеттерге, қалыптасқан берешегінің барлық сомасына мерзімін өткізіп алғаны үшін әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін 0,1 пайыз көлеміндегі мөлшерлеме бойынша пайыздар төлейді.
      22. Мүше мемлекет, көрсетілген сомалар нақты болған жағдайда, бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының жоқ екендігі туралы ақпарат жіберген жағдайда, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына уәкілетті органның бірыңғай шотынан ақша қаражаттары толық аударылмаған жағдайда, осындай бұзушылыққа жол берген мүше мемлекет, мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған соманы негізге ала отырып, осы бөлімге сәйкес, басқа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне есепке алуға жататын кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен сомаларды басқа мүше мемлекеттерге аударуға міндетті.
      Бұл ретте осындай бұзушылыққа жол берген мүше мемлекет, осы тармаққа сәйкес мүше мемлекеттерге ақша қаражаттары аударылған күнді қоспағанда, бұзушылық орын алған күннен бастап танылатын әрбір күнтізбелік мерзімі өткен күн үшін осы Хаттаманың 21-тармағында белгіленген мөлшерде мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар төлейді.
      23. Қандай да бір мүше мемлекеттен ақша қаражаты түспеген (толық түспеген) жағдайда және осы мүше мемлекеттің уәкілетті органынан мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары жоқ екендігі туралы хабарлама болмаған жағдайда, шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты түспеген мүше мемлекеттің уәкілетті органы, мүше мемлекеттің үшінші жұмыс күні осындай келіп түспеу (толық түспеу) күнінен кейін бірінші мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына өзінің бірыңғай шотынан кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтатуға құқылы.
      24. Мүше мемлекет кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, басқа мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына аударуға жататын ақша қаражаты аударудың тоқтатылғаны туралы шешім жойылғанға дейін бірінші мүше мемлекет бюджетінің кірісіне аударуға жатады және осы мүше мемлекеттің бюджетінде айрықша есепке алынады.
      Басқа мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтатқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын және Комиссияны қабылдаған шешім жөнінде дереу хабардар етеді.
      25. Кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия толық көлемде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу тетігінің жұмыс істеуін тезірек қайта қалпына келтіру мақсатында, мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарымен консультациялар жүргізеді.
      26. Егер осы Хаттаманың 25-тармағында көрсетілген консультациялардың нәтижелері бойынша кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу тетігінің жұмыс істеуін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданбаған жағдайда, бұл мәселе Комиссияның қарауына шығарылады.
      Комиссияның кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу тетігінің жұмыс істеуін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда, бұл мәселе Үкіметаралық Кеңестің қарауына шығарылады.
      27. Кедендік әкелу баждарының сомаларын аудару қайта қалпына келтірілген кезде, осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетілген сомалар осы Хаттамаға сәйкес, олар тағайындалған сол мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына, қабылданған шешім туралы хабарламаны алған күннен кейінгі мүше мемлекеттің жұмыс күнінен кешіктірмей аударуға жатады, бұл ретте көрсетілген сомаға мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар есептелмейді.
      28. Қандай да бір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары, сондай-ақ осы Хаттаманың ІІІ бөлімінде көзделген ақша қаражатын АҚШ долларымен аудару бойынша міндеттемелерді мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері орындамаған сомалар мемлекеттік борышқа жатады.

IІI. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан шетел валютасындағы шоттарға түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекет бюджетінің кірісіне аудару тәртібі

      29. Бір мүше мемлекеттің (бірінші) ұлттық (орталық) банкі басқа мүше мемлекеттің (екінші) ұлттық (орталық) банкіне осы Хаттамаға сәйкес екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына аударылған, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасына тең келетін ақша қаражатын АҚШ долларымен бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасына сатуға міндетті. Бірінші мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекет уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына ақша қаражатын аударған күнінен кейінгі жұмыс күніне бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамымен сатылатын АҚШ долларының сомасы белгіленеді.
      Бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі, екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының баламалы сомасын аударған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, ақша қаражатын АҚШ долларымен сату міндетін орындауы тиіс.
      Бұл ретте, әрбір мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі, басқа мүше мемлекеттермен арақатынастарда осыған ұқсас құқықтарды іске асыру мен міндеттерді орындауларына қарамастан, ақша қаражатын АҚШ долларымен сату міндетін орындаулары тиіс.
      Екі мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банктері ақша қаражатын АҚШ долларымен аудару жөніндегі қарсылас міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде осы тармақтың екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелерді және осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес өсімпұлдар төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы, АҚШ долларымен есептегенде міндеттемесінің шамасы басқа ұлттық (орталық) банктің АҚШ долларымен есептегендегі үстеме міндеттеменің шамасынан асып түсетін ұлттық (орталық) банктің басқа ұлттық (орталық) банкке көрсетілген үстеме міндеттемелердің шамалары арасындағы айырмаға тең сомада АҚШ долларымен ақша қаражатын аударуы арқылы жүзеге асырылатынын жеке шартта белгілей алады.
      Осы тармақта көрсетілген АҚШ долларындағы ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру мынадай кезеңділікпен жүзеге асырылады:
      бірінші кезекте осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес өсімпұлдар төлеу туралы талаптар қанағаттандырылады;
      екінші кезекте орындалу мерзімі басталған және мерзімі өтпеген міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады;
      үшінші кезекте осы тармақтың екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады.
      Бірінші мүше мемлекет ұлттық (орталық) банкінің ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне АҚШ долларымен сату жөнінде осы тармақта көрсетілген міндеттемесі бойынша бірінші мүше мемлекет бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкімен бірлесіп екінші мүше мемлекеттің алдында ынтымақты түрде жауапты болады.
      30. Осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне АҚШ долларымен сату жөніндегі міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, бірінші мүше мемлекет пен екінші мүше мемлекет арасында одан әрі өзара есеп айырысулар жүргізу мақсаттары үшін бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне қойылатын талаптар бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен екінші мүше мемлекет уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына ақша қаражатын аударған күннен кейінгі келесі жұмыс күні бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген АҚШ долларына шаққандағы ресми бағам бойынша белгіленеді.
      31. Осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне АҚШ долларымен сату жөніндегі міндеттемесін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі немесе бірінші мүше мемлекет мөлшері мынадай формула бойынша есептелетін өсімпұлдар төлейді:

       – бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне аударуға тиісті сомасы (АҚШ долларымен);
       – міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау басталған күн үшін Британ банкирлері қауымдастығы (British Bankers Association, BBA) белгілеген, АҚШ доллары үшін LIBOR бір күндік мөлшерлемесі (жылдық пайызбен);
      Күндер – міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған күннен (қоса алғанда) бастап тиісінше орындалған күнге дейінгі күнтізбелік күндер (міндеттеме тиісінше орындалған күн есептелмейді) саны.
      32. Осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген міндеттемені бірінші мүше мемлекет орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, өзіне қатысты орындамау немесе тиісінше орындамау орын алған екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған талапты, осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес өсімпұлдар төлеу туралы талапты қоса алғанда, бірінші мүше мемлекеттің және бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз және алдын-ала хабарлауынсыз екінші мүше мемлекетке өтеусіз негізде беруге құқылы.
      33. Мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі басқа мүше мемлекеттің өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін үкіметтің немесе уәкілетті органның алдында жауапты болмайды.
      34. Бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің, осы бөлімде көзделген есептеулерді жүзеге асыруына байланысты туындаған шығасылары мен залалдарын, оның ішінде валюта бағамдарының өзгеруі, басқа мүше мемлекеттер мен басқа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайларының салдарынан туындаған шығасылар мен залалдарды басқа мүше мемлекеттер өтеуге міндетті емес. Бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне көрсетілген шығасылар мен залалдарды өтеу шарттары мен тәртібін бірінші мүше мемлекет белгілейді.
      35. Осы бөлімнің мақсаттары үшін бір мезгілде осы екі мүше мемлекет үшін де, Америка Құрама Штаттары үшін де жұмыс күні болып саналатын күн екі мүше мемлекеттің (оның ішінде екі мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банктерінің арасындағы есеп айырысулар) арасындағы өзара есеп айырысулар жүргізілетін жұмыс күні деп түсініледі.
      36. Осы Хаттамаға сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бір (бірінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің басқа (екінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінде ашқан корреспонденттік шотына, сондай-ақ осы корреспонденттік шоттағы ақша қаражатына екінші мүше мемлекеттің сот және де өзге де билік органдары тыйым салып, оқшаулап, осы корреспонденттік шоттағы ақша қаражатын пайдалана алмау мүмкіндігін жасайтын қамтамасыз етуші, шектеуші немесе тыйым салушы өзге де шараларды қолдана алмайды.
      37. Осы Хаттамаға сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бір (бірінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің басқа (екінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінде ашқан корреспонденттік шотындағы ақша қаражатын, егер корреспонденттік шот шартының талаптарында өзгеше белгіленбесе, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз есептен шығаруға жол берілмейді.
      38. Егер осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі ақша қаражатын АҚШ долларымен сату міндеттемесін күнтізбелік 30 күн ішінде толықтай немесе ішінара орындамаса, онда екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі көрсетілген міндеттемені толық орындаған кезге дейін, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінде ашылған екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотындағы осы Хаттамаға сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасындағы ақша қаражатын шектеусіз пайдалануға құқылы.
      39. Бір (бірінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі құқықтарды өтеусіз негізде іске асырады және осы Хаттаманы орындау үшін және оған сәйкес басқа (екінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкімен жасалған шарттарда көзделген міндеттемелерді орындайды.

ІV. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы
ақпарат алмасу тәртібі

      40. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы күн сайын, жергілікті уақытпен ағымдағы күнгі сағат 16-дан кешіктірмей (Беларусь Республикасы үшін – Минск қаласының уақытымен, Қазақстан Республикасы үшін – Астана қаласының уақытымен, Ресей Федерациясы үшін – Мәскеу қаласының уақытымен), басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына есепті күнгі мынадай ақпаратты жібереді:
      1) мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке алынған кедендік әкелу баждарының сомалары;
      2) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған есепке алулардың есепті күні уәкілетті орган атқарған сомалары;
      3) есепті күні берешекті өтеу есебіне жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары және өз алдына бөлек ағымдағы күні берешекті өтеу есебіне жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары;
      4) есепті күні қайтарылған кедендік әкелу баждарының сомалары және өз алдына бөлек ағымдағы күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомалары;
      5) есепті күні ұлттық (орталық) банк атқаруға қабылдамаған кедендік әкелу баждарының қайтарылған сомалары;
      6) мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары;
      7) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары;
      8) осы мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотынан аударылған кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен кірістердің осы мүше мемлекеттің бюджетіне түскен түсімдерінің сомасы;
      9) уәкілеттік органның шетел валютасындағы шоттарына түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен кірістердің мүше мемлекеттің бюджетіне түскен түсімдерінің сомалары;
      10) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылуы тоқтатылған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары;
      11) осы Хаттамада көзделген талаптардың орындалуы бұзған кезде мерзімін өткізіп алғаны үшін басқа мүше мемлекеттерден мүше мемлекетке түскен пайыздардың сомасы.
      41. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы Хаттаманың 40-тармағында белгіленген ақпаратты, күнтізбелік жылдың басынан бері өсу қорытындысымен, Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электронды түрде, ал көрсетілген жүйе қолданысқа енгізілген кезге дейін – осы ақпарат қамтылған құжаттарды графикалық электрондық көшірмелері түрінде электрондық байланыс арналары бойынша басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, сондай-ақ Комиссияға жібереді
      42. Осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарында көзделген ақпаратты ұсыну нысаны уәкілетті органдармен келісіледі және оны Комиссия бекітеді.
      43. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарына сәйкес алынған деректердің оперативтік салыстырып тексерілуін жүзеге асырады.
      Ауытқулар анықталған жағдайда, хаттама ресімделеді және мүше мемлекеттер ауытқуларды реттеу бойынша шаралар қолданады.
      44. Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органының басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Комиссияға жіберетін ақпаратына, осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарына сәйкес, осы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

V. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты
ақпарат алмасу тәртібі

      45. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары бір-біріне, сондай-ақ Комиссияға мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қамтитын мәліметтерге жатпайтын, кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпаратты тұрақты негізде электронды түрде ұсынып отырады.
      46. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат қолда бар мынадай дереккөздерден құралады:
      1) мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген тауарлар декларацияларының электрондық көшірмелерінің дерекқорлары;
      2) егер кедендік кіріс ордерін кедендік әкелу баждарының төленгенін көрсету үшін мүше мемлекет қолданатын болса, мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік кіріс ордерлерінің электрондық көшірмелерінің дерекқорлары;
      3) жеке есепшоттардың, тізілімдердің және бірыңғай кедендік әкелу баждарының есебін есепке жатқызу әдісі бойынша жүргізу қағидаттарға, Комиссия бекітетін қағидаларға сәйкес мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік әкелу баждарының бюджетке іс жүзінде төленген және мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірістеріне аударылған сомалары туралы мәліметтерден тұратын басқа да құжаттардың дерекқорлары;
      47. Осы Хаттаманың 46-тармағында көрсетілген ақпарат тауарларды жеке пайдалану үшін өткізетін жеке тұлғалардың тауарларды әкелуі және кедендік төлемдер төлегені туралы мәліметтерді қамтымайды.
      48. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат (өлшем бірлігі – АҚШ доллары, ұлттық валютадағы сомаларды АҚШ долларымен қайта есептеу үшін мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі ұлттық валютаның есепті айдағы АҚШ долларына қатысты орташа айлық бағамын қолданады), өтеусіз негізде орыс тілінде ұсынылады (ақпараттың жекелеген позициялары бойынша латын әліпбиін пайдалануға жол жіберіледі) және есепті кезеңдегі мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) кедендік әкелу баждарының есепті кезеңнің басы мен соңындағы ауыспалы қалдықтарының сомалары;
      2) кедендік әкелу бажын төлеу (өндіріп алу) туралы кедендік ресімделген құжаттарда құжатпен көрсетілген кедендік әкелу баждарының сомалары;
      3) берешекті өтеу есебіне жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары;
      4) төлеушілерге қайтарылған кедендік әкелу баждарының сомалары;
      5) кедендік әкелу баждарын төлеудің мерзімі өткен және бөлшектеп төленетін сомалары;
      6) кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты басқа да мәліметтер.
      49. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат алмасудың технологиялық регламенттерін Комиссия әзірлеп, бекітеді.
      Көрсетілген технологиялық регламенттерде осы Хаттаманың 48-тармағында көрсетілген ақпараттың құрылымы мен форматы, ақпарат алмасу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері айқындалады.
      50. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында электронды түрде ақпарат алмасу, сондай-ақ оны Комиссияға ұсыну, олардың техникалық дайындығы қамтамасыз етілгеннен кейін жүзеге асырылып, ол жөнінде мүше мемлекеттердің орталық кедендік органдары бір-бірін, сондай-ақ Комиссияны жазбаша түрде хабардар етеді. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілгеннен кейін мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында ақпарат алмасу және оны Комиссияға ұсыну көрсетілген жүйені пайдалану арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
      51. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат алмасудың технологиялық регламенттері бекітілгенге дейін, мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, бір-біріне, сондай-ақ Комиссияға, Комиссия бекіткен нысан бойынша осы Хаттаманың 48-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынады.
      52. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары, сондай-ақ Комиссия осы бөлімге сәйкес алынған ақпаратты заңсыз таралудан қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
      Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары көрсетілген ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар тобын шектеуді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның қорғалуын қамтамасыз етеді.
      Комиссия осы Хаттаманың 54-тармағын іске асыру мақсатында осы бөлімге сәйкес алынған ақпаратты пайдаланады.

VІ. Мониторинг және бақылау

      53. Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Ресей Федерациясының Есеп палатасы бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде, мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының осы Хаттаманың ережелерін сақтауларын жыл сайын тексереді.
      54. Комиссия Үкіметаралық Кеңеске кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жылсайынғы есепті ұсынады.
      55. Комиссияның шешімі бойынша мүше мемлекеттердің уәкілетті, кедендік және өзге де мемлекеттік органдары қызметкерлерінен, мүше мемлекеттердің келіп түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу тәртібін сақтауларын бақылау үшін (аудит) тартылған өзге де мамандардан тұратын арнайы комитет құрылуы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 6 ҚОСЫМША      

Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ІХ бөліміне сәйкес әзірленді және Одақтың кедендік аумағында кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «ұқсас тауар» - өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша тарифтік квота шеңберінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауармен толықтай сәйкес келетін тауар немесе (мұндай толықтай ұқсас тауар болмаса) тарифтік квота шеңберінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауардың сипаттамаларына жақын, оны тарифтік квота шеңберінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауардың мақсатты тағайындалуына ұқсас функционалдық мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін сипаттамаларға ие және коммерциялық жағынан онымен алмастырылуы мүмкін тауар;
      «үшінші елдердің маңызды өнім берушілері» - Одақтың кедендік аумағына тауар импортында 10 пайыз және одан астам үлеске ие тауар жеткізушілері;
      «тарифтік квота көлемі» - тарифтік квота шеңберінде әкелуге бөлінген тауардың заттай немесе құндық мәніндегі тауар көлемі;
      «алдағы кезең» - Одақтың кедендік аумағында тауарлардың тұтынылу көлеміне және Одақтың кедендік аумағында ұқсас тауарлар өндірісінің көлеміне талдау жүргізілетін кезең;
      «импорттың нақты көлемі» – шектеулері жоқ жағдайдағы импорттың көлемі;
      «ауылшаруашылық тауарлары» – ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 1 - 24-топтарында сыныпталған тауарлар, сондай-ақ маннит, D-глюцит (сорбит), эфир майлары, казеин, альбуминдер, желатин, декстриндер, түрлендірілген крахмалдар, сорбит, терілер, былғары, мамық-үлбір, шитті жібек, жібек қалдықтары, мал жүні, шитті мақта, мақта қалдықтары, түтілген мақта талшығы, шитті зығыр және өңделмеген түбіртек сияқты тауарлар;
      «тарифтік квота» - үшінші елдерден шығарылатын ауылшаруашылық тауарларының жекелеген түрлерін Одақтың кедендік аумағына әкелуді реттеудің белгілі бір кезең ішінде белгіленген көлем (заттай немесе құндық мәніндегі) шегінде және осы көлемнен артық әкелінетін тауарларға қатысты ЕЭЭО БКТ кедендік әкелу баждарының сараланған мөлшерлемелерін қолдануды көздейтін шарасы.

ІІ. Тарифтік жеңілдіктер

      3. Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін (әкелінген):
      1) осы капиталды (қорды) қалыптастыру үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімдер шегінде шетел құрылтайшысының жарғылық (қалыптасушы) капиталдағы (қордағы) салымы ретіндегі тауарлар. Мұндай тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер қолдану тәртібін Комиссия белгілейді;
      2) ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ Комиссия бекітетін тізбеге сәйкес ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер көрсету шеңберінде әкелінетін тауарларға;
      3) мүше мемлекеттердің кемелері, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңды және (немесе) жеке тұлғалары жалға алған (жалдаған) кемелері теңіз кәсіпшілігінің өнімдеріне;
      4) мүше мемлекеттердің валюталары, үшінші елдердің валюталары (нумизматтық мақсаттар үшін пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарға;
      5) гуманитарлық көмек ретінде және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою мақсатында әкелінетін тауарларға;
      6) үшінші елдер, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өтеусіз көмек (жәрдемдесу), оның ішінде техникалық көмек (жәрдем) көрсету ретінде танылатын, акцизделетіндерден басқа (медициналық мақсаттарға арнайы арналған жеңіл автокөліктерді қоспағанда) тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдіктер беріледі.
      4. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында, Комиссия актілерінде белгілеген өзге де жағдайларда, Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер берілуі мүмкін.

ІІІ. Тарифтік квоталарды қолдану шарттары мен тетігі

      5. Үшінші елдерден шығарылатын және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауылшаруашылық тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квотаның көлемін Комиссия белгілейді және мұндай тауарды Одақтың кедендік аумағында тұтыну көлемі мен ұқсас тауарды Одақтың кедендік аумағында өндіру көлемі арасындағы айырмадан аспауы тиіс.
      Бұл ретте, егер бір мүше мемлекет үшін ұқсас тауарды өндіру көлемі осындай тауарды тұтыну көлеміне тең немесе одан асып кететін болса, онда мұндай айырма Одақтың кедендік аумағы үшін тарифтік квотаның көлемін есептеу кезінде назарға алынбауы мүмкін.
      6. Егер Одақтың кедендік аумағында ұқсас тауарды өндіру көлемі осындай тауарды Одақтың кедендік аумағында тұтыну көлеміне тең немесе одан асып кететін болса, тарифтік квотаны белгілеуге жол берілмейді.
      7. Тарифтік квотаны белгілеу туралы шешім қабылдаған кезде мынадай шарттар сақталуы тиіс:
      1) тарифтік квотаны (үшінші елдер арасында тарифтік квота көлемін бөлу туралы мәселенің қаралу нәтижесіне қарамастан) белгілі бір мерзімге белгілеу;
      2) барлық мүдделі үшінші елдерді оларға бөлінген тарифтік квотаның көлемі жөнінде хабардар ету (егер тарифтік квота көлемін үшінші елдер арасында бөлу туралы шешім қабылданған жағдайда);
      3) тарифтік квотаны белгілеу, оның қолданылу мерзімі мен көлемі, оның ішінде үшінші елдерге бөлінген тарифтік квотаның көлемі (тарифтік квота көлемін үшінші елдер арасында бөлу туралы шешім қабылданған жағдайда), сондай-ақ тарифтік квота көлемі шегінде әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері туралы ақпаратты жариялау.
      8. Мүше мемлекеттің сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квотаның көлемін бөлу олардың тарифтік квота алуға қатысты тең құқығына және меншік нысанының, тіркеу орнының немесе нарықтағы жағдайының белгілері бойынша кемсітпеуге негізделеді.
      9. Одақтың кедендік аумағы үшін тарифтік квотаның көлемін есептеу кезінде назарға алынған әрбір мүше мемлекеттегі тұтыну және өндіру көлемдері арасындағы айырма шегінде осы Хаттаманың 5 және 6-тармақтарына сәйкес мүше мемлекеттер арасында тарифтік квотаның көлемі бөлінеді.
      Бұл ретте Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып табылатын мүше мемлекет үшін тарифтік квотаның көлемі мұндай мүше мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымының алдындағы міндеттемелеріне сүйене белгіленуі мүмкін.
      10. Комиссия немесе Комиссия актісіне сәйкес – егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Жоғарғы кеңес актілерінде өзгеше белгіленбесе, – мүше мемлекет үшінші елдердің барлық маңызды өнім берушілерімен консультациялар жүргізу нәтижелері негізінде үшінші елдер арасында тарифтік квота көлемін бөлуді жүзеге асырады.
      Үшінші елдердің барлық маңызды өнім берушілерімен консультациялар нәтижелері бойынша тарифтік квота көлемін бөлу мүмкін болмаған жағдайда, алдағы кезең ішінде осы мемлекеттерден тауарлар жеткізілу көлемін ескере отырып, үшінші елдер арасында тарифтік квотаның көлемін бөлу туралы шешім қабылданады.
      Алдағы кезең ретінде, әдетте, импорттың нақты көлемдерін көрсететін ақпарат қолжетімді болатын кез келген алдағы 3 жыл қабылданады.
      Мұндай алдағы кезеңді таңдау мүмкін болмаған жағдайда, тарифтік квота көлемі импорттың нақты көлемін неғұрлым ықтимал бөлуді бағалау негізінде бөлінеді.
      11. Тауарлар тарифтік квотаның қолданылу кезеңі ішінде жеткізілген жағдайда, кез келген үшінші елге оған бөлінген тарифтік квота көлемін оның толық пайдалануына кедергі болатын шарттар және (немесе) формальдылықтар белгіленбейді.
      12. Тауарды жеткізуге мүдделі кез келген үшінші елдің өтініші бойынша Комиссия:
      1) тарифтік квотаның бөлінген көлемін қайта бөлу қажеттігі;
      2) таңдап алынған алдағы кезеңді өзгерту;
      3) тарифтік квотаның бөлінген көлеміне немесе оны шектеусіз пайдалануға қатысты шарттарды, формальдылықтарды немесе бір жақты тәртіппен белгіленген кез келген басқа да ережелерді алып тастау қажеттігіне қатысты мәселелер бойынша консультациялар жүргізеді.
      13. Тарифтік квоталар белгіленуіне байланысты, Комиссия:
      1) тауарды жеткізуге мүдделі үшінші елдің өтініші бойынша сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квотаның көлемін бөлу тәртібі мен әдісіне және лицензиялар берілген тарифтік квотаның көлеміне қатысты ақпарат береді;
      2) тарифтік квотаның бөлінген көлемі шеңберінде жеткізуге арналған тауардың жалпы саны немесе құны, тарифтік квотаның қолданылу мерзімінің басталатын және аяқталатын күндері туралы, сондай-ақ олардың кез келген өзгерістері туралы ақпаратты жариялайды.
      14. Тарифтік квотаның көлемін үшінші елдер арасында бөлу жағдайларынан басқа, Комиссия лицензиялардың тауарды белгілі бір үшінші елден импорттау үшін пайдаланылуын талап етуге құқылы емес.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 7 ҚОСЫМША     

Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ІХ бөліміне сәйкес әзірленді және үшінші елдерге қатысты Одақтың тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тәртібі мен жағдайларын айқындайды.
      Осы Хаттаманың қолданылуы техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды, экспорттық бақылау және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында шараларды қолдану мәселелеріне қатысты қатынастарға таралмайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылған ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)» - тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импортының серпінін мониторингілеу мақсатында белгіленген уақытша шара;
      «бас лицензия» – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға лицензияда айқындалған санымен, лицензияланатын жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
      «тыйым салу» - тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салатын шара;
      «импорт» - кері әкету туралы міндеттемесінсіз тауарды үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелу;
      «айрықша лицензия» – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық беретін лицензия;
      «айрықша құқық» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға айрықша лицензияның негізінде берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импортын жүзеге асыруға арналған құқық;
      «сандық шектеулер» - квоталар белгілеу жолымен енгізілетін тауарлардың сыртқы саудасын сандық шектеу шаралары;
      «лицензиялау» - лицензиялар және (немесе) рұқсаттар беру тәртібін белгілейтін әкімшілік шаралар кешені;
      «лицензия» - тауарлардың экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыру құқығына берілетін арнайы құжат;
      «бір жолғы лицензия» – мәні лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмілесі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен осы тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
      «рұқсат» - мәні оған қатысты автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) белгіленген тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмілесі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін арнайы құжат;
      «рұқсат құжаты» - Комиссия актісінде белгіленген жағдайларда сыртқы сауда қызметіне қатысушыға немесе жеке тұлғаға берілетін, тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге құқық беретін құжат;
      «уәкілетті орган» - лицензиялар және (немесе) рұқсаттар беру құқығы берілген мүше мемлекеттің мемлекеттік атқарушы билік органы;
      «сыртқы сауда қызметіне қатысушылар» - мүше мемлекеттердің бірінде тіркелген және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар болып табылмайтын, заңды тұлғалар мен ұйымдар, мүше мемлекеттердің біреуінің аумағында тұрақты немесе басым түрдегі тұрғылықты жері бар, осы мемлекеттің азаматтары болып табылатын немесе онда тұрақты тұру құқығына ие немесе осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар;
      «экспорт» - кері әкелу туралы міндеттемесінсіз тауарды Одақтың кедендік аумағынан үшінші елдердің аумағына әкету;

ІІ. Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу және қолдану

      3. Одақтың кедендік аумағында үшінші елдермен жасалатын саудада бірыңғай тарифтік емес реттеу шаралары (бұдан әрі - шаралар) қолданылады.
      4. Тарифтік емес реттеу шараларын енгізу, қолдану, ұзарту және алып тастау туралы шешімдерді Комиссия қабылдайды.
      Оларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы шешім қабылданған тауарлар үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне (бұдан әрі - бірыңғай тауарлар тізбесі) енгізіледі.
      Сондай-ақ оларға қатысты Комиссия арнайы қорғау шарасы ретінде тарифтік квота немесе импорттық квота белгілеу және лицензиялар беру туралы шешім қабылдаған тауарлар бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізіледі.
      5. Шараларды енгізу немесе алып тастау туралы ұсынысты мүше мемлекет, сол сияқты Комиссия да бере алады.
      6. Шараларды енгізу, қолдану, ұзарту немесе алып тастау туралы Комиссия актісі дайындалған кезде, Комиссия мұндай актіні қабылдау экономикалық мүдделерін қозғауы мүмкін мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды Комиссияға осы мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер беруге болатындығы жөнінде хабардар етеді.
      7. Консультациялар жүргізудің тәсілі мен нысанын, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулерін берген мүдделі тұлғалардың назарына консультациялардың жүргізілу барысы мен нәтижелері туралы ақпараттың жеткізілу тәсілі мен нысанын Комиссия айқындайды.
      Сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығын қозғайтын Комиссия актісін жарамсыз деп тану үшін консультациялардың жүргізілмеуі негіз бола алмайды.
      8. Комиссия мынадай шарттардың кез келгені:
      1) сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығын қозғайтын Комиссия актісінің жобасында көзделген шаралар туралы, ол күшіне енген сәтке дейін, белгілі болмауы тиіс, осыған байланысты консультациялар жүргізу осындай актіде көзделген мақсаттарға қол жеткізбеуге алып келеді немесе алып келуі мүмкін;
      2) консультациялар жүргізу сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығын қозғайтын Комиссия актісі қабылдауды кідіртуге алып келеді, бұл мүше мемлекеттердің мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келуіне әкеп соқтыруы мүмкін;
      3) сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығын қозғайтын Комиссия актісінің жобасында айрықша құқық беру көзделетін шарттар орын алған кезде консультацияларды жүргізбеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      9. Шараларды енгізу немесе алып тастау туралы ұсыныстарды енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.
      10. Комиссияның шараны енгізу туралы актісі шаралардың сақталуын кеден органдары бақылайтын оларға орналастырылған кедендік рәсімдерді, сондай-ақ оларға орналастырылған тауарларға қатысты шара енгізілетін, жол берілмейтін кедендік рәсімдерді айқындауы мүмкін.

ІІІ. Тауарлар экспорты мен импортына тыйым салулар
және олардың сандық шектеулері

      11. Тауарлар экспорты мен импорты, осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салулар мен сандық шектеулерді қолданбай жүзеге асырылады
      12. Айрықша жағдайларда мыналар:
      1) Одақтың ішкі нарығы үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын азық-түліктік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарығында аса жетіспеушілікті болдырмау немесе азайту үшін экспортқа уақытша тыйым салулар немесе уақытша сандық шектеулер;
      2) халықаралық саудада тауарларды сыныптау, сұрыптау және сату стандарттарын немесе қағидаларын қолданумен байланысты қажетті импорт пен экспортқа тыйым салулар немесе сандық шектеулер;
      3) егер мыналар:
      Одақ аумағынан шығарылатын ұқсас тауар өндірісін немесе сатуды шектеу;
      егер Одақта ұқсас тауардың айтарлықтай өндірісі болмаса, импорттық тауармен тікелей алмастырыла алатын Одақ аумағынан шығарылатын тауар өндірісін немесе сатуды шектеу;
      Одақ аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың уақытша артығын тұтынушылардың кейбір топтарына тегін немесе нарықтық құнынан төмен бағамен осы артық тауарды беру арқылы нарықтан алып тастау;
      егер Одақта ұқсас тауардың айтарлықтай өндірісі болмаса, импорттық тауармен тікелей алмастырылуы мүмкін Одақ аумағынан шығарылатын тауардың уақытша артығын тұтынушылардың кейбір топтарына тегін немесе нарықтық құнынан төмен бағамен осы артық тауарды беру арқылы нарықтан алып тастау қажет болса, кез келген түрде әкелінетін су биологиялық ресурстарының импортын шектеулер белгіленуі мүмкін.
      13. Комиссия Одақ аумағында сандық шектеулерді енгізген жағдайда, экспорттық және (немесе) импорттық квоталар қолданылады.
      Мыналарға:
      экспорт кезінде – мүше мемлекеттердің аумағынан шығарылатын тауарларға ғана қатысты;
      импорт кезінде – үшінші елдерден шығарылатын тауарларға ғана қатысты сандық шектеулер қолданылады.
      Егер мұндай сандық шектеулер барлық үшінші елдерден келетін импортқа немесе барлық үшінші елдерге шығарылатын экспортқа қатысты қолданылмайтын болса ғана, қандай да бір үшінші ел аумағынан импортталатын тауарға немесе қандай да бір ел аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты сандық шектеулер қолданылмайды. Мұндай жағдай халықаралық шарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің міндеттемелерін сақтауға кедергі жасамайды.
      14. Мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде Комиссия бекітетін Одақтың ішкі нарығы үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын тауарлар тізбесіне енгізілген және оларға қатысты айрықша жағдайларда экспортты уақытша шектеулер немесе тыйым салулар енгізілуі мүмкін тауарларға ғана қатысты экспорттың тыйым салулары немесе сандық шектеулері енгізілуі мүмкін.
      15. Осы Хаттаманың 12-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Одақтың ішкі нарығы үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын ауылшаруашылық тауарларының экспортына тыйым салу немесе сандық шектеу енгізілген кезде, Комиссия:
      Одақ аумағынан осындай ауылшаруашылық тауарларын импорттайтын үшінші елдердің азық-түліктік қауіпсіздігі үшін тыйым салудың немесе сандық шектеудің салдарын ескереді;
      экспортқа тыйым салуды немесе сандық шектеуді қолданудың сипаты мен ұзақтығы жөнінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Ауыл шаруашылығы комитетіне алдын ала хабарлайды;
      кез келген импорттаушы елдің өтініші бойынша қаралатын шараға қатысты мәселелер бойынша консультациялар ұйымдастырады немесе барлық қажетті ақпараттарды береді.
      Осы тармақта оларға қатысты экспортқа тыйым салуды немесе сандық шектеуді енгізуді жоспарлаған мүше мемлекеттер аумағынан шығарылатын ауылшаруашылық тауарының үлесі импортында кемінде 5 пайызды құрайтын ел импорттаушы мемлекет деп түсініледі.
      16. Комиссия мүше мемлекеттер арасында экспорттық және (немесе) импорттық квоталардың көлемдерін бөледі және мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылары арасында экспорттық және (немесе) импорттық квоталардың үлестерін бөлу әдісін айқындайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда, үшінші елдер арасында импорттық квота көлемін бөледі.
      Мүше мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып, сандық шектеулерді енгізу арқылы шешу болжанатын міндеттерге байланысты, мүше мемлекеттердің әрқайсысындағы тауарлар өндірісі және (немесе) оларды тұтыну көлемдеріне сүйене отырып, Комиссия мүше мемлекеттер арасында экспорттық және (немесе) импорттық квоталардың көлемдерін бөлуді жүзеге асырады.
      17. Комиссия экспорттық және (немесе) импорттық квоталарды қолдану туралы шешім қабылдаған кезде:
      1) экспорттық және (немесе) импорттық квоталарды (олар үшінші елдер арасында бөлінетіне қарамастан) белгілі бір мерзімге белгілейді;
      2) оларға бөлінген импорттық квота көлемі туралы (егер импорттық квота үшінші елдер арасында бөлінетін болса) барлық мүдделі үшінші елдерге хабарлайды;
      3) экспорттық және (немесе) импорттық квоталарды қолдану, олардың көлемдері және қолданылу мерзімдері туралы, сондай-ақ үшінші елдер арасында импорттық квотаны бөлу туралы ақпаратты жариялайды.
      18. Үшінші елдер арасында импорттық квоталарды бөлуді әдетте, үшінші елдердің барлық маңызды өнім берушілерімен консультациялардың нәтижелері бойынша Комиссия жүзеге асырады.
      Бұл ретте Одақ аумағында осы тауар импортында 5 пайыз және одан астам үлесі бар өнім берушілер үшінші елдердің маңызды өнім берушілері деп түсініледі.
      19. Егер үшінші елдердің барлық маңызды өнім берушілерімен консультациялардың нәтижелері негізінде импорттық квоталарды бөлуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, алдыңғы кезең ішінде осы елдерден жеткізілетін тауар көлемін есепке ала отырып, үшінші елдер арасында квоталарды бөлу туралы Комиссия актісі қабылданады.
      20. Тиісті тауарды жеткізу импорттық квотаның қолданылу кезеңінде жүргізілетін жағдайда, Комиссия кез келген үшінші елге оған бөлінген импорттық квотаны толық пайдалануға кедергі келтіруі мүмкін ешқандай шарттарды немесе формальдылықтарды белгілемейді.
      21. Оған қатысты экспорттық және (немесе) импорттық квоталар енгізілетін тауар жеткізілімдерінің көлемін айқындау үшін алдыңғы кезеңді таңдауды Комиссия жүзеге асырады. Бұл ретте, әдетте, оларға қатысты экспорттың және (немесе) импорттың нақты көлемдерін көрсететін ақпарат қолжетімді болатын алдыңғы кез келген 3 жыл осындай кезең деп қабылданады. Алдыңғы кезеңді таңдау мүмкіндігі болмаған жағдайда, экспорттық және (немесе) импорттық квоталар экспорттың және (немесе) импорттың нақты көлемдерінің неғұрлым ықтимал бөлінуін бағалау негізінде бөлінеді.
      Осы тармақта экспорттың және (немесе) импорттың көлемдеріне шектеулер болмаған жағдайда, олар экспорттың және (немесе) импорттың нақты көлемдері деп түсініледі.
      22. Тауарды жеткізуге мүдделі кез келген үшінші елдің өтініші бойынша Комиссия осы елмен:
      1) белгіленген импорттық квотаны қайта бөлу қажеттігіне;
      2) таңдап алынған алдағы кезеңді өзгертуге;
      3) импорттық квотаны бөлуге немесе оны шектеусіз пайдалануға қатысты шарттарды, формальдылықтарды немесе бір жақты тәртіппен белгіленген кез келген басқа да ережелерді алып тастау қажеттігіне қатысты консультациялар жүргізеді
      23. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында экспорттық және (немесе) импорттық квоталар үлестерін бөлуді Комиссия айқындайтын әдіс негізінде мүше мемлекеттер жүзеге асырады және ол экспорттық және (немесе) импорттық квоталар үлестерін алуға қатысты сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тең құқылы болуына және меншік нысанының, тіркелген орнының немесе нарықтағы жағдайының белгілері бойынша кемсітпеушілікке негізделеді.
      24. Импорттық квотаны үшінші елдер арасында бөлу жағдайларынан басқа, лицензияларды тиісті тауарды қандай да белгілі бір елге және (немесе) қандай да белгілі бір елден экспорттауға (импорттауға) пайдалану талабын қоюға жол берілмейді.
      25. Экспорттық және (немесе) импорттық квоталардың қолданылуына байланысты, Комиссия:
      1) тауардың жекелеген түрінің саудасына мүдделі үшінші елдің талабы бойынша экспорттық және (немесе) импорттық квоталарды болу тәртібіне, оларды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу тетігіне және лицензиялар берілген квоталар көлемдеріне қатысты ақпарат береді;
      2) экспорты және (немесе) импорты болашақта белгілі бір уақыт ішінде рұқсат етілетін тауардың жалпы саны немесе құны туралы, сондай-ақ экспорттық және (немесе) импорттық квоталарды қолданудың басталатын және аяқталатын күндері мен олардың кез келген өзгерістері туралы ақпаратты жариялайды.

ІV. Айрықша құқық

      26. Айрықша құқық беру жолымен сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шектелуі мүмкін.
      27. Экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берілетін тауарларды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің осындай айрықша құқық берілетін сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды айқындау тәртібін Комиссия айқындайды.
      Комиссия актісі негізінде мүше мемлекеттер айрықша құқық берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар тізбесі Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялануға жатады.
      28. Айрықша құқық беру арқылы сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға шектеу енгізу туралы шешімді мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша Комиссия қабылдайды.
      Айрықша құқық енгізу қажеттігінің негіздемесінде қаржы-экономикалық есептеулер және осы шараның қолданылу орындылығын растайтын өзге де қажетті ақпарат қамтылуы тиіс.
      29. Комиссия актісі негізінде мүше мемлекеттер айрықша құқық берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар, кемсітпеушілік қағидатын негізге ала отырып және сатып алу немесе сату шарттарын қоса алғанда, коммерциялық түсініктерді ғана басшылыққа ала отырып, тиісті тауарлардың экспорты және (немесе) импорты бойынша мәмілелер жасасады және үшінші елдердің ұйымдарына осындай сатып алуларға немесе сатуларға қатысуға қатысты бәсекелесуге (кәдімгі іскерлік практикаға сәйкес) барабар мүмкіндік береді.
      30. Оларға қатысты сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға айрықша құқық берілетін тауарлардың экспорты және (немесе) импорты уәкілетті орган беретін айрықша лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

V. Автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)

      31. Комиссия тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингілеу мақсатында автоматты түрде лицензиялауды (қадағалауды) енгізуге құқылы.
      32. Автоматты түрде лицензиялауды (қадағалауды) енгізу мүше мемлекеттің, сол сияқты Комиссияның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Автоматты түрде лицензиялауды енгізу қажеттігінің негіздемесінде тауарлардың жекелеген түрлері экспортының және (немесе) импортының сандық көрсеткіштерін және олардың өзгерістерін өзге де тәсілдермен қадағалап отырудың мүмкін еместігі туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
      33. Оларға қатысты автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін, сондай-ақ осындай автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) мерзімдерін Комиссия белгілейді.
      Оларға қатысты автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілген тауарлар бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізіледі.
      34. Оларға қатысты автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілген тауарлардың экспорты және (немесе) импорты, уәкілетті орган беретін рұқсаттар болған жағдайда, Комиссия айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      35. Бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар беру осы қосымшаға сәйкес ережелерге сай жүзеге асырылады.

VI. Рұқсат беру тәртібі

      36. Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі лицензиялауды енгізу немесе сыртқы сауда қызметін реттеудің өзге де әкімшілік шараларын қолдану арқылы іске асырылады.
      37. Рұқсат беру тәртібін енгізу, қолдану және алып тастау туралы шешімді Комиссия қабылдайды.

VII. Жалпы айрықшалықтар

      38. Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелу және (немесе) әкету кезінде шаралар, оның ішінде осы Хаттаманың III және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздемелер бойынша, егер бұл шаралар:
      1) қоғамдық моральды немесе құқықтық тәртіпті сақтау үшін қажет;
      2) адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет;
      3) алтын немесе күміс экспортына және (немесе) импортына қатысты;
      4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау үшін қолданылатын;
      5) орны толмайтын табиғи ресурстардың таусылуын болдырмау үшін қажет және орны толмайтын табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты ішкі өндірісті немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілетін;
      6) үкімет жүзеге асырған тұрақтандыру жоспарының нәтижесінде әлемдік бағаға қарағанда, неғұрлым төмен деңгейде осындай тауарлардың ішкі бағасы тұрақталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібінің мұндай тауарларының жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығарылатын тауарлар экспортын шектеумен байланысты;
      7) олардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы жағдайында, тауарларды сатып алу немесе тарату үшін қажет;
      8) халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет;
      9) қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет;
      10) кедендік заңнаманы қолдануға, қоршаған ортаны қорғауға, зияткерлік меншікті және өзге де құқықтық актілерді қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда енгізілуі мүмкін.
      39. Осы Хаттаманың 38-тармағында көрсетілген шаралар Комиссия актісі негізінде енгізіледі және үшінші елдердің еркін немесе негізделмеген кемсітушілік, сондай-ақ тауарлармен сыртқы сауданың жасырын шектеу құралы ретінде қолданылмауы тиіс.
      40. Осы Хаттаманың 38-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тауардың жекелеген түріне қатысты шараларды енгізу немесе алып тастау мақсаттары үшін мүше мемлекет тауардың атауы, оның ЕАЭО СЭҚ ТН коды, ұсынылатын шаралар сипаттамасы және олардың болжамды қолданылу мерзімі, сондай-ақ шараларды енгізу немесе алып тастау қажеттігінің негіздемесі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды Комиссияға ұсынады.
      41. Егер Комиссия осы Хаттаманың 38-тармағында көзделген негіздемелер бойынша шараларды енгізу туралы мүше мемлекеттің ұсынысын қабылдамаған жағдайда, олардың енгізілуіне бастамашы болған мүше мемлекет осы Хаттаманың Х бөліміне сәйкес бір жақты тәртіппен осындай шараларды енгізе алады.

VIII. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау
және төлемдік теңгерім тепе-теңдігін қамтамасыз ету

      42. Егер бұл сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерім тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда, тауарлардың жекелеген түрлерінің импорты кезінде шаралар, оның ішінде осы Хаттаманың ІІІ және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздемелер бойынша шаралар енгізілуі мүмкін.
      Мұндай шаралар төлем теңгерімінің күрделі жай-күйіне байланысты ғана енгізілуі мүмкін, сыртқы есеп айырысулар жағдайының күрт нашарлауын өзге шаралар тоқтата алмайды.
      43. Егер импортталатын тауарларды жеткізгені үшін төлемдер осы Хаттаманың 44-тармағында айтылған, мүше мемлекеттердің валюталық резервтері қалыптасатын валюталармен жүргізілсе ғана шаралар, оның ішінде осы Хаттаманың ІІІ және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздемелер бойынша қолданылуы мүмкін.
      44. Импортқа қатысты шектеулер мүше мемлекеттердің валюталық резервтерінің сөзсіз айтарлықтай қысқару қауіпін болдырмау үшін немесе мүше мемлекеттердің валюталық резервтерінің орынды өсу қарқынын қалпына келтіру үшін қажет болатын маңызынан да неғұрлым маңызды болмауы тиіс.
      45. Комиссия мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 42-тармағында көрсетілген шараларды енгізу туралы ұсынысын қарайды.
      46. Егер Комиссия мүше мемлекеттің шараларды енгізу туралы ұсынысын қабылдамаған жағдайда, мүше мемлекет осы Хаттаманың 42-тармағында көрсетілген шараларды енгізу туралы шешімді осы Хаттаманың Х бөліміне сәйкес біржақты тәртіппен қабылдай алады.

ІХ. Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау

      47. Лицензиялау, Комиссия белгілеген жағдайларда, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты кезінде, осы тауарларға қатысты:
      сандық шектеулер;
      айрықша құқық;
      рұқсат беру тәртібі;
      тарифтік квота;
      арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота енгізілген жағдайда қолданылады.
      Лицензиялау уәкілетті органның сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия беруі арқылы іске асырылады.
      Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензияларды барлық басқа мүше мемлекеттер де мойындайды.
      48. Бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау осы Хаттамаға қосымшада көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      49. Уәкілетті органдар лицензиялардың мынадай түрлерін береді:
      бір жолғы лицензия;
      бас лицензия;
      айрықша лицензия.
      Бас және айрықша лицензиялар беру Комиссия айқындаған жағдайларда жүзеге асырылады.

Х. Шараларды біржақты тәртіппен қолдану

      50. Осы Қосымшаның VII және VIII бөлімдерінде көзделген негіздемелер бойынша айрықша жағдайларда, мүше мемлекеттер үшінші елдермен саудада біржақты тәртіппен уақытша шараларды, оның ішінде осы Хаттаманың III және IV бөлімдерінде көрсетілгендерден ерекшеленетін негіздемелер бойынша енгізуі мүмкін.
      51. Уақытша шараны енгізетін мүше мемлекет алдын ала, бірақ оны енгізген күнге дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, Комиссияға ол туралы хабарлайды және Одақтың кедендік аумағына осындай шара енгізу туралы ұсыныс енгізеді.
      52. Комиссия мүше мемлекеттің уақытша шара енгізу туралы ұсынысын қарайды және мүше мемлекеттің ұсынысын қарау қорытындылары бойынша Одақтың кедендік аумағында осындай шара енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      53. Бұл жағдайда осындай шараның қолданылу мерзімін Комиссия белгілейді.
      54. Егер Одақтың кедендік аумағына уақытша шара енгізу туралы шешім қабылданбаған жағдайда, Комиссия уақытша шараны енгізген мүше мемлекетке және мүше мемлекеттердің кеден органдарын уақытша шара оның енгізілген күнінен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге қолданылатынын хабарлайды.
      55. Уақытша шара енгізу туралы мүше мемлекеттен алынған хабарламаның негізінде Комиссия мүше мемлекеттердің кеден органдарына бір мүше мемлекеттің уақытша шараны енгізгені туралы:
      1) мүше мемлекеттің оған сәйкес уақытша шара енгізілетін нормативтік құқықтық актісінің атауын;
      2) тауардың және ЕАЭО СЭҚ ТН кодының атауын;
      3) уақытша шара енгізілген күнді және оның қолданылу мерзімін көрсете отырып дереу хабарлайды.
      56. Осы Хаттаманың 55-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін мүше мемлекеттердің кеден органдары мыналарға:
      Тауарлары туралы мәліметтер осы ақпаратта қамтылған, уақытша шараны қолданған мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын тиісті тауарларды осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензиясыз әкетуге;
      Тауарлары туралы мәліметтер осы ақпаратта қамтылған, уақытша шараны қолданған мүше мемлекетке арналған тиісті тауарларды осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензиясыз әкелуге жол бермейді. Бұл ретте уақытша шараны қолданбайтын мүше мемлекеттер уақытша шараны қолданған мүше мемлекеттің аумағына тиісті тауарлардың әкелінуіне жол бермеуге бағытталған қажетті күш-жігерін жұмсайды.

Үшінші елдерге қатысты    
тарифтік емес реттеу шаралары
туралы хаттамаға       
қосымша           

Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және
рұқсаттар беру қағидалары

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар оларға қатысты үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлардың экспорты және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      «өтінім беруші» - лицензияны немесе рұқсатты ресімдеу мақсатында мүше уәкілетті органға құжаттар ұсынатын сыртқы сауда қызметіне қатысушы;
      «лицензияны орындау» - Одақтың кедендік аумағына оларға қатысты берілген (ресімделген) лицензия негізінде кеден органдары шығарған тауарларды нақты әкелу немесе тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету.
      3. Лицензия мен лицензия телнұсқасын бергені (ресімдегені) үшін уәкілетті орган мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баж (лицензиялық алым) алады.
      4. Лицензиялар мен рұқсаттар оған қатысты лицензиялау немесе автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілген ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша сыныпталатын әрбір тауарға беріледі.
      5. Лицензиялар мен рұқсаттарға қол қою құқығы берілген уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары қолдарының үлгілері, сондай-ақ уәкілетті органдардың мөрлері бедерлерінің үлгілері мүше мемлекеттердің кеден органдарына хабарлау үшін Комиссияға жіберіледі.
      6. Лицензияны немесе рұқсатты ресімдеу үшін берілген құжаттар, сондай-ақ лицензияның орындалғанын растайтын құжаттар лицензияның немесе рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде уәкілетті органдарда сақталуы тиіс.
      Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін құжаттар лицензия немесе рұқсат берілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.
      7. Берілген лицензиялар мен рұқсаттардың дерекқорын жүргізуді уәкілетті органдар жүзеге асырады және көрсетілген ақпаратты Комиссия белгілейтін тәртіппен және мерзімде Комиссияға ұсынады. Комиссия мүше мемлекеттердің кеден органдарына берілген лицензиялар туралы деректерді ұсынады.

ІІ. Лицензиялар беру тәртібі

      8. Лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және лицензияны ресімдеу Комиссия бекітетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Лицензия Комиссия белгілейтін тәртіппен, ал ол бекітілгенге дейін – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын тәртіппен электрондық құжат нысанында берілуі (ресімделуі) мүмкін.
      Электрондық құжат нысанындағы лицензияның құрылымы мен форматын Комиссия бекітеді, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      9. Бір жолғы лицензияның қолданылу кезеңі, ол қолданыла бастаған күннен бастап 1 жылдан аспауы тиіс. Бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
      Оларға қатысты экспортына және (немесе) импортына сандық шектеулер немесе арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота немесе тарифтік квоталар енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылы аяқталады.
      Бас лицензияның қолданылу мерзімі, ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауы тиіс, ал оларға қатысты экспортына және (немесе) импортына сандық шектеулер немесе тарифтік квоталар енгізілген тауарлар үшін, егер Комиссия актісінде өзгеше белгіленбесе, квота белгіленген күнтізбелік жылы аяқталады.
      Айрықша лицензияның қолданылу мерзімін әрбір нақты жағдайда Комиссия белгілейді.
      10. Лицензияны ресімдеу үшін өтінім беруші немесе тиісті өкілеттіктерінің жазбаша растауына ие оның өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар мен мәліметтерді береді:
      1) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
      2) Комиссия бекітетін, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәртіппен айқындалатын форматтағы өтініштің электрондық көшірмесі;
      3) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (бір жолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
      4) салық органында есепке қойылғаны туралы немесе мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, мәліметтің) көшірмесі;
      5) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі немесе егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
      6) оның негізінде тиісті тауарға лицензиялау енгізілген Комиссия актісімен егер олар айқындалған болса, өзге де құжаттар (мәліметтер).
      11. Құжаттардың берілген көшірмелерінің әрбір парағы өтінім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуы тиіс немесе құжаттардың көшірмелері тігіліп, соңғы парақтары өтінім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылуы тиіс.
      Өтінім беруші ұсынған құжаттар уәкілетті органда тіркеуге жатады.
      Өтініш пен құжаттар (мәліметтер) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, құжаттарды (мәліметтерді) өтінім берушінің электрондық сандық қолтаңбасымен куәландырылған сканерленген құжаттар түрінде ұсынуға рұқсат етіледі.
      Өтінім беруші лицензия бергені (ресімдегені) үшін мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бажды (лицензиялық алымды) төлегенін растайтын құжатты бергеннен кейін лицензия беріледі.
      12. Комиссия актісінде көзделген жағдайларда өтініш уәкілетті органға берілгенге дейін өтінім беруші немесе уәкілетті орган оны, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, мүше мемлекет айқындаған, мүше мемлекеттің атқарушы билігінің тиісті органына келісуге жібереді.
      13. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар негізінде, егер Комиссия актісімен өзге мерзімдер белгіленбеген болса, құжаттар берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде лицензия беруді немесе оны беруден бас тартуды жүзеге асырады.
      14. Мыналар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) өтінім беруші лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
      2) осы Қағидалардың 10–12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
      3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданылуының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      4) оны іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдары туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
      5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы немесе олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
      6) Комиссия актісінде көзделген өзге де негіздемелер.
      15. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім дәлелді болуы және өтінім берушіге жазбаша нысанда немесе, егер Комиссия актісінде, ал көрсетілген акті болмаған жағдайда – мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, электрондық құжат нысанында ұсынылуы тиіс.
      16. Уәкілетті орган өтінім берушіге берілетін лицензияның түпнұсқасын ресімдейді. Өтінім беруші тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін лицензияның түпнұсқасын тиісті кеден органына ұсынады, ол лицензияны бақылауға қою кезінде кеден органының бақылауға қою туралы белгісі бар оның көшірмесін өтінім берушіге береді.
      Егер уәкілетті орган лицензияны электрондық құжат түрінде берген (ресімдеген) болса, онда өтінім берушінің өз мемлекетінің кеден органына лицензияның түпнұсқасын қағаз жеткізгіште беруі талап етілмейді.
      Уәкілетті органдар мен кеден органдарының электрондық құжат нысанында берілген лицензиялардың орындалуын бақылау бойынша өзара іс-қимылының тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      17. Берілген лицензияларға, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      18. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтінім берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілсе (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының немесе оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтінім берушінің төлқұжаттық деректері өзгерсе, өтінім беруші өтініш пен көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензия ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
      19. Уәкілетті орган:
      1) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтінім беруші жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында өтініш берген;
      2) заңды тұлға ретінде тіркелген өтінім берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының немесе оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтінім берушінің төлқұжаттық деректері өзгерген;
      3) лицензия алу мақсатында өтінім беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
      4) олардың негізінде лицензия берілген бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған;
      5) оның негізінде лицензия берілген шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерді бұзуы;
      6) егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға берілген лицензия қайтарып алынған;
      7) белгіленген тәртіпті сақтаған кезде берілуі мүмкін емес лицензияны беруге алып келген, лицензияны беру кезінде жіберілген бұзушылықтар анықталған;
      8) лицензияның иесі халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамаған;
      9) сот шешімінің болуы;
      10) лицензияның иесі осы Қағидалардың 22-тармағын орындамаған жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      20. Лицензияның қолданылуы уәкілетті орган тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
      Тоқтатыла тұрған лицензияның қолданылуын уәкілетті орган оның қолданылуын тоқтата тұруға әкелген себептерді жойғаннан кейін қайта қалпына келтіруі мүмкін. Бұл ретте лицензияның қолданылуын тоқтата тұру оны ұзарту үшін негіз болып табылмайды.
      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды немесе тоқтату тәртібін Комиссия айқындайды.
      21. Лицензия жоғалған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баж (лицензиялық алым) төленгеннен кейін түпнұсқаға ұқсас ресімделген және "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
      Лицензияны жоғалтудың себептері мен жағдайлары түсіндірілетін өтініш еркін нысанда жасалады.
      Лицензияның телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган береді.
      22. Бас және айрықша лицензиялардың иелері тоқсан сайын, есепті  тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін уәкілетті органға лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынуға міндетті.
      Бір жолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
      23. Мүше мемлекеттің тиісті кеден органы лицензияны бақылаудан алған кезде өтінім берушіге оның жазбаша өтінішінің негізінде 5 жұмыс күні ішінде лицензияны орындау туралы анықтама береді.
      Анықтама берудің нысаны мен тәртібін Комиссия айқындайды.
      24. Егер кеден органдарының мұндай ақпаратты ұсынуы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, кеден органдары электрондық нысанда лицензиялардың орындалуы туралы ақпаратты тікелей уәкілетті органға береді.
      Егер кеден органдары лицензиялардың орындалуы туралы ақпаратты электрондық нысанда тікелей уәкілетті органға беретін болса, лицензиялардың иелері лицензиялардың орындалу барысы туралы есепті және лицензиялардың орындалуы туралы анықтаманы уәкілетті органға бермейді.

ІІІ. Рұқсаттар беру тәртібі

      25. Рұқсатты ресімдеу Комиссия бекітетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      Рұқсат Комиссия бекітетін тәртіппен, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық құжат нысанында берілуі (ресімделуі) мүмкін.
      Электрондық құжат нысанындағы рұқсаттың құрылымы мен форматын Комиссия бекітеді, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген рұқсаттарды барлық басқа мүше мемлекеттер мойындайды.
      26. Рұқсаттарды беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Рұқсаттар сыртқы сауда қызметіне кез келген қатысушыларға мүше мемлекеттің уәкілетті органына берілетін:
      жазбаша өтініштің;
      қағаз жеткізгіштегі рұқсат жобасының;
      Комиссия бекітетін, ал ол бекітілгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған форматта рұқсат жобасының электрондық көшірмесі негізінде шектеусіз беріледі.
      27. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
      28. Уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушыға немесе оны алуға өкілеттіктерді жазбаша растауы бар оның өкіліне берілетін рұқсаттың түпнұсқасын ресімдейді.
      Сыртқы сауда қызметіне қатысушы тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін рұқсатты бақылауға қою кезінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға бақылауға қою туралы кеден органының белгісі бар оның көшірмесін беретін тиісті кеден органына рұқсаттың түпнұсқасын береді.
      Егер уәкілетті орган рұқсатты электрондық құжат нысанында берген (ресімдеген) болса, онда сыртқы сауда қызметіне қатысушының өз мемлекетінің кеден органына лицензияның түпнұсқасын қағаз жеткізгіште беруі талап етілмейді.
      Уәкілетті органдар мен кеден органдарының электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың орындалуын бақылау бойынша өзара іс-қимылының тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      29. Берілген рұқсаттар басқа сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға қайта ресімдеуге жатпайды.
      Берілген рұқсаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      30. Берілген рұқсат жоғалған жағдайда, уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде сыртқы сауда қызметіне қатысушының жазбаша өтініші бойынша түпнұсқаға ұқсас ресімделетін және "Телнұсқа" деген жазуы бар рұқсаттың телнұсқасын бере алады. Бұл ретте өтініште рұқсатты жоғалтудың себептері мен жағдайлары түсіндірілуі тиіс. Өтініш еркін нысанда жасалады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 8 ҚОСЫМША     

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау,
демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы
ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 48-49-баптарына сәйкес әзірленген және Одақтағы тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолданылуын айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «ұқсас тауар» – тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін тауар немесе мұндай тауар болмаған жағдайда, тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамасына жақын сипаттамалары бар басқа тауар;
      «демпингке қарсы шара» – демпингке қарсы баж, оның ішінде алдын ала ала демпингке қарсы баж енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Комиссия шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл бойынша шара;
      «демпингке қарсы баж» – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «демпингтік маржа» – экспорттық бағасын шегерумен, осы тауардың қалыпты құнының оның экспорттық бағасына пайызбен көрсетілген қатынасы немесе тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы;
      «импорттық квота» – тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның Одақтың кедендік аумағына импортын шектеу;
      «өтемақы шарасы» – Комиссияның шешiмi бойынша өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала ала өтемақы бажын) енгізу немесе субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидия әсерiн бейтараптандыру шарасы;
      «өтемақы бажы» – өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал» - атап айтқанда, мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне теріс әсер етуден көрінетін мүше мемлекеттер экономикасы саласы ахуалының дәлелдемелермен расталған нашарлауы;
      «тікелей бәсекелес тауар» – өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай немесе ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша тексеру (қайта тексеру) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға сай келетін тауар;
      «сауданың әдеттегі барысы» – өндірістің орташа өлшемді шығасыларына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығасыларға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;
      «төлеушілер» - Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес айқындалатын тұлғалар; 
      «алдын ала демпингке қарсы баж» - оған қатысты тексеру жүргізетін орган тексеру барысында демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалы, оның келтіретін қауіпі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;
      «алдын ала өтемақы бажы» - оған қатысты тексеру жүргізетін орган тексеру барысында субсидияланатын импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалы, оның келтіретін қауіпі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;
      «алдын ала қорғау бажы» - оған қатысты тексеру жүргізетін орган тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қауіпін төндірген өсіп келе жатқан импорттың болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған тауардың Одақтың кедендік аумағына импорты кезінде қолданылатын баж;
      «алдыңғы кезең» – қажетті статистикалық деректері бар тексеруді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы 3 күнтізбелік жыл;
      «байланысты тұлғалар» – төменде келтірілген бір немесе бірнеше критерийлерге сай келетін тұлғалар:
      осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;
      тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, пайда алу мақсатында іс-қимыл жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
      тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және қызметкерлері болып табылады;
      қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызын немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе номиналды ұстаушысы болып табылады;
      тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.
      Бұл ретте мынадай іс-қимылдардың біреуін немесе бірнешеуін:
      оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
      заңды тұлғаның жарғылық (қалыптасу) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының 5 пайызынан астамына билік етуді жүзеге асыру арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі тікелей бақылау деп түсініледі.
      Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі.
      «мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал» – әдетте, алдыңғы кезең ішінде айқындалатын мүше мемлекеттердің экономика саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының айтарлықтай нашарлауынан көрінетін, мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауар өндірісімен байланысты ахуалдың дәлелдемелермен расталған жалпы нашарлауы;
      «арнайы қорғау шарасы» – импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Одақтың кеден аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара;
      «арнайы квота» - оның шеңберінде Одақтың кеден аумағына тауар арнайы бажды төлеусіз, осы көлемнен артық арнайы баж төлемімен жеткізілетін Одақтың кеден аумағына тауар импортының белгілі бір көлемін белгілеу;
      «арнайы баж» – арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
      «субсидияланатын импорт» – өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Одақтың кеден аумағына импорты;
      «үшінші елдер» - Шарт қатысушысы болып табылмайтын елдер және (немесе) елдердің бірлестіктері, сондай-ақ Комиссия бекіткен әлем елдерінің Сыныптауышына енгізілген аумақтар;
      «субсидиялаушы орган» – экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларға орай тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға;
      «мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қаупі» – мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
      «мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қаупі» – мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
      «экспорттық баға» – Одақтың кеден аумағына тауардың импорты кезінде төленген немесе төленуі тиіс баға.

ІІ. Тексеру 1. Тексеру жүргізу мақсаттары

      3. Тауардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу алдында:
      Одақтың кеден аумағына өспелі импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің болуын;
      Одақтың кеден аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуын және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың баяулауы қаупінің болуын анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі.

2. Тексеру жүргізетін орган

      4. Тексеру жүргізетін орган өзіне халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде берілетін өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.
      5. Тексеру жүргізетін орган тексеру нәтижелері бойынша Комиссияға арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану мерзімін қолданудың немесе ұзартудың не арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау немесе алып тастаудың орындылығы туралы ұсынысы бар, Комиссияның тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.
      6. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау қайта тексерудің қорытындысы бойынша оны өзгертуді, алып тастауды немесе ырықтандыруды көздейді.
      7. Осы Хаттаманың 15-22, 78-89, 143-153 тармақтарында көзделген жағдайларда тексеру жүргізетін орган тексеру аяқталғанға дейін Комиссияға алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу мен қолданудың орындылығы туралы ұсынысы бар, Комиссияның тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.
      8. Тексеру жүргізетін орган ұсынатын дәлелдемелер мен мәліметтер, сондай-ақ тексеру жүргізетін органмен хат алмасулар орыс тілінде жүзеге асырылады, ал шетел тілінде құрастырылған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аудармасы растала отырып, орыс тіліндегі аудармасымен сүйемелденуі тиіс.

IІI. Арнайы қорғау шаралары

1. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары

      9. Арнайы қорғау шарасы олардың шығарылатын еліне қарамастан:
      1) әрқайсысының үлесіне Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің көп дегенде 3 пайызынан келетін дамушы немесе аз дамыған үшінші елдерден шығарылатын осы тауар импортының жиынтық үлесі Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайтын жағдайда, дамушы және аз дамыған елден шығарылатын осы тауар импортының үлесі Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспайынша, мүше мемлекеттердің бірыңғай артықшылықтар жүйесін пайдаланатын, дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын тауарды;
      2) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тарапы болып табылатын, осы Шарттың 8-бабында белгіленген талаптарды орындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше мемлекетінен шығатын тауарды қоспағанда, экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын тауарға қолданылады.
      10. Комиссия осы Хаттаманың 9-тармағына сәйкес арнайы қорғау шараларының қолданылуынан алынып тасталған, дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын тауарға, егер осы Хаттаманың 31, 33 немесе 34-тармақтарына сәйкес тексеру жүргізетін органның қайта тексеруі нәтижесінде, осындай дамушы немесе аз дамыған үшінші елден тауар импортының үлесі осы Хаттаманың 9-тармағымен белгіленген көрсеткіштерден асып түсетіні анықталған болса, арнайы қорғау шарасын тарату туралы шешім қабылдайды.
      11. Комиссия осы Хаттаманың 9-тармағына сәйкес арнайы қорғау шарасының қолданылуынан алынып тасталған, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тарапы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше мемлекетінен шығатын тауарға, егер осы Хаттаманың 31, 33 немесе 34-тармақтарына сәйкес тексеру жүргізетін органның қайта тексеру нәтижесінде, осы Шарттың 8-тармағында белгіленген талаптарды одан әрі орындамайтыны анықталған болса, арнайы қорғау шарасын тарату туралы шешім қабылдайды.

2. Өспелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика
саласына елеулі залалды немесе осындай залал келу қаупін
белгілеу

      12. Одақтың кеден аумағына өспелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе осындай залалдың келу қаупін белгілеу мақсатында тексеру жүргізетін орган тексеру барысында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін және мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:
      1) тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне қатысты абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі өсу қарқыны мен көлеміне;
      2) тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттердің нарығындағы осы тауардың және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесіне;
      3) тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағалары деңгейімен салыстырғандағы бағалар деңгейіне;
      4) мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды мүше мемлекеттер нарығында сату көлемінің өзгеруіне;
      5) мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі көлемінің, өнімділігінің, өндірістік қуаттардың жүктемесінің, пайда мен зиян мөлшерлерінің, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің өзгертуіне әсер ететін объективті факторларды бағалайды.
      13. Өспелі импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал немесе осындай залалды келтіру қаупі іске қатысты және тексеру жүргізетін органның иелігінде бар барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің негізінде белгіленуі тиіс.
      14. Тексеру жүргізуші орган сол кезеңде өскен импорттан басқа мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе оны келтіру қаупі туындайтын басқа белгілі факторларды талдайды. Аталған залал мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалға немесе Одақтың кеден аумағына өскен импорттың салдарынан оған келтіретін қаупіне жатқызылмауы тиіс.

3. Алдын ала арнайы бажды енгізу

      15. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру мүше мемлекеттердің экономика саласына кейіннен жойылуы қиын болатын залал келтіруге әкеліп соғуы мүмкін күрделі жағдайларда Комиссия тиісті тексеру аяқталғанға дейін, тексеруді жүргізуші органның алдын ала қорытындысының негізінде оған сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауардың өскен импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіргенінің немесе келтіру қаупін төндіргенінің айқын дәлелдемелері болғанда 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы баж енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тексеруді жүргізуші органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тексеру жалғасуы тиіс.
      16. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
      17. Экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Комиссия алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуы тиiс.
      18. Тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені анықталған немесе осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес төлеушіге қайтаруға жатады.
      Тексеруді жүргізуші орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені туралы не Комиссияның арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      19. Егер тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын (оның ішінде импорт квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тексеру нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомалары осы осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен, Осы Хаттаманың 20 және 21-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, есептеуге және бөлуге жатады.
      20. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      21. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды.
      22. Алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешім, негізінен, тексеру басталған күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей қабылданады.

4. Арнайы қорғау шарасын қолдану

      23. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе осындай залалды келтіру қаупін жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайларға мүше мемлекеттердің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
      24. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері мүше мемлекеттердiң экономикасы саласына елеулi залалды немесе осындай залалды келтiру қаупiн жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлiгi жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде жүргізілген тексеру объектiсi болып табылатын тауар импортының (сандық немесе құндық мәнінде) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауы тиiс.
      25. Одақтың кеден аумағына тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.
      26. Егер осы Хаттаманың 25-тармағында көзделген консультацияларды жүргізу мүмкін болмайтын немесе оларды жүргізу барысында мұндай бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық мәніндегі осындай тауар импортының жалпы көлемі негізінде алдыңғы кезең ішінде осы экспорттаушы үшінші елдерден осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан пропорцияда тексеру объектісі болып табылатын тауарды Одақтың кеден аумағына экспортына мүдделілігі бар экспорттаушы үшінші елдердің арасында бөлінеді.
      Бұл ретте осы тауардың саудасы барысына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар есепке алынады.
      27. Егер жекелеген экспорттаушы үшінші елдерден тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының пайыздық қатынастағы өсуі тексеру жүргізу туралы өтінішті беру күнінің алдындағы 3 жыл үшін осындай тауар импортының жалпы өсуіне қатысты тең емес мөлшерде ұлғайған жағдайда Комиссия осындай экспорттаушы үшінші елдерден Одақтың кеден аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін есепке ала отырып, мұндай экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.
      Осы тармақтың ережелері тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың болуын белгілеген жағдайда ғана қолданылады.
      28. Импорттық квота нысанындағы арнайы қорғау шарасын қолдану тәртібі Комиссия шешімімен белгіленеді. Егер мұндай Шешім импортты лицензиялауды көздейтін жағдайда лицензиялар осы Шарттың 46-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
      29. Егер арнайы қорғау шарасы арнайы квотаны белгілеу арқылы қолданылған жағдайда мұндай квотаның мөлшерін айқындау, бөлу мен қолдану осы Хаттаманың 24-28 баптарында импорттық квота үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау

      30. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауы тиіс.
      31. Осы Хаттаманың 30-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер тексеру жүргізетін орган жүргізген қайта тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залал келтіру қаупін жою үшін арнайы қорғау шарасын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және мүше мемлекеттердің тиісті экономика саласының өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне ықпал ететін шаралар қолдануы туралы дәлелдемелер бар екендігі белгіленсе, Комиссияның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      32. Комиссияның арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан аса шектелмеуге тиіс.
      33. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 1 жылдан асқан жағдайда, Комиссия осындай шараның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасын біртіндеп жеңілдетеді.
      Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін тексеру жүргізетін орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тексеруді жүргізеді.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның нмесе арнайы квотаның көлемін ұлғайту не арнайы баждың мөлшерлемесін төмендету түсініледі.
      34. Осы Хаттаманың 33-тармағында көрсетілген қайта тексеруден басқа, тексеру жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
      1) өзгерген жағдайларға, оның ішінде арнайы қорғау объектісі болып табылатын тауарды нақтылауға байланысты, мұндай тауар осы арнайы қорғау шарасын қолдану барысында Одақта өндіріле алмайды деп ойлауға негіздер болса, арнайы қорғау шарасын өзгертудің, ырықтандырудың немесе күшін жоюдың орындылығын айқындау;
      2) Одақтың кеден аумағына тауар импортының жалпы көлемінде дамушы немесе аз дамыған үшінші елдердің үлесін белгілеу;
      3) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аумағы туралы шарт Тарапы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет үшін көрсетілген Шарттың 8-бабында көзделген критерийлердің орындалу фактісін белгілеу мақсаттарында қайта тексеру жүргізілуі мүмкін.
      35. Осы Хаттаманың 34-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мақсаттарда қайта тексеру жүргізу туралы өтінішті, егер арнайы қорғау шарасын енгізгеннен кейін кемінде 1 жыл өтсе, тексеру жүргізуші орган қабылдауы мүмкін.
      36. Тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қайта тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізуге жататын ережелер қолданылады.
      37. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауы тиіс.
      38. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрын арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болуы мүмкін емес.
      39. Осы Хаттаманың 38-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі 180 немесе одан аз күнтізбелік күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде 1 жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің алдындағы 5 жыл ішінде 2 реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.

IV. Демпингке қарсы шаралар

1. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары

      40. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың мәні болып табылады.
      41. Демпингтік импорттың болуын айқындау мақсаттары үшін мәліметтер талданатын тексеру кезеңін тексеруді жүргізетін орган белгілейді. Бұл ретте мұндай кезең, әдетте тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 12 айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауы тиіс.

2. Демпингтік маржаны айқындау

      42. Тексеру жүргізетін орган мыналарды:
      1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
      2) жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағаларының жеке мәмілелері бойынша тауардың қалыпты құнымен;
      3) сатып алушыларға, өңірге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі айырмашылықтар болған жағдайда тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен тауардың орташа өлшемді қалыпты құнымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
      43. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.
      44. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде бағаның салыстырмалылығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағалардың салыстырмалылығына олардың әсер етуіне дәлелдемелер берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды есепке ала отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
      Тексеру жүргізетін орган жоғарыда аталған факторлар ескерілген түзетулер тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін бұрмалай отырып, бір-бірін қайталамайтындығына көз жеткізеді. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін, тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
      45. Экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілелері болмаған жағдайда не егер сауданың әдеттегі барысы кезінде ұқсас тауарды сату көлемінің төмен болуына байланысты немесе экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда, экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге импортталатын ұқсас тауар бағасымен (ұқсас тауардың бағасы репрезентативті болып табылған жағдайда) немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және пайданы есепке ала отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығындарымен салыстырылады.
      46. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы үшінші елдің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.
      Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер осы тауар Одақтың кеден аумағына экспортталып, үшінші ел арқылы қайта жіберілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы үшінші елде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.
      47. Егер, тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдаланумен жүргізіледі.
      Егер шетел валютасын сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы пайдаланылады.
      Тексеру жүргізетін орган валюта бағамдарының ауытқуын ескермейді және тексеру барысында экспорттаушыларға тексеру кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін есепке ала отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік 60 күннен береді.
      48. Тексеру жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржа айқындайды.
      49. Егер тексеру жүргізетін орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әртүрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санына сүйене отырып, жеке демпингтік маржаны айқындау шектігін пайдалануы не статистикалық репрезентативтік және тексеру барысын бұзбай зерттелуі мүмкін болып табылатын тексеру жүргізетін органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы үшінші елден тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.
      Жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсаты үшін мүдделі тұлғаларды іріктеуді тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациясы негізінде және олардың келісімімен тексеру жүргізетін орган жүзеге асырады.
      Егер тексеру жүргізетін орган да осы тармаққа сәйкес шектеуді пайдаланса, шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен тексеру жүргізу органының тиісті тексеру жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.
      Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тексеру жүргізетін орган қайтармауға тиіс.
      50. Егер тексеруді жүргізетін орган осы Хаттаманың 49-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс.
      51. Егер тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші тексеру жүргізетін органға талап ету түрінде және белгіленген мерзімде сұралған ақпаратты бермесе немесе олар берген ақпарат тексеруге келмейтін не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, тексеру жүргізетін орган оның иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
      52. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тексеру жүргізетін орган тексеру барысында айқындалған ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тексеру объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылары және (немесе) өндірушілері үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.

3. Тауардың қалыпты құнын айқындау

      53. Тауардың қалыпты құнын тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға сату кезінде, сауданың әдеттегі барысында экспорттаушы үшінші елдің кеден аумағында пайдалану үшін ұқсас тауар бағаларының негізінде айқындайды.
      Қалыпты құнды айқындау мақсаттары үшін осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушыларға сату кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда, ұқсас тауардың бағалары есепке алынуы мүмкін.
      54. Экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына тауар экспортының жалпы көлемінің кемінде 5 пайызын құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті көлем ретінде қаралады.
      Сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың барынша төменгі көлемі, егер мұндай көлем сауданың әдеттегі барысында тауардың экспорттық бағасын осындай тауардың бағасымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген дәлелдемелер болса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.
      55. Осы Хаттаманың 53-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экпорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тексеру кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір жеке сатуы бойынша бағасы болып табылады.
      56. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығында немесе экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер тексеру жүргізетін орган ұқсас тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тексеру кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
      57. Егер оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тексеру кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тексеру кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.
      58. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауарды өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, осындай тауардың бірлігін өндірушінің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және бағалар бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде 20 пайызын құрайды.
      59. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы үшінші елдегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келуі және тауарды шығаруға және сатуға байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы және өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.
      60. Тексеру жүргізетін орган, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тексеру объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық дәлелдемелерін есепке алады.
      61. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты бір жолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын тексеру кезіндегі операциялар әсер ететін шығындардың жағдайларын есепке ала отырып, түзетіледі. Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тексеру кезеңінен асып кеткен болса, тексеру жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуі тиіс.
      62. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың әдеттегі барысында осындай тауарды өндіру және сату туралы нақты деректердің негізінде айқындалады. Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:
      1) экспорттаушы үшінші елдің нарығында тауардың сол санатын өндіруге және сатуға байланысты тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сомалар;
      2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы үшінші елдің нарығында ұқсас тауарды өндіруге және сатуға байланысты алған және жұмсаған орташа өлшемді нақты сомалар;
      3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сол санаттағы тауарды сату кезінде әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезіндегі өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
      63. Демпингтік импорт нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы үшінші елден болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнына (көрсетілген экспорттаушы үшінші елмен тексеру мақсаттары үшін салыстырылатын) не мұндай үшінші елден экспортқа жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.
      Егер осы тармаққа сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Одақтың кеден аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және пайданы есепке ала отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.

4. Тауардың экспорттық бағасын айқындау

      64. Тауардың экспорттық бағасы тексеру кезеңінде оны сату туралы деректердің негізінде айқындалады.
      65. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тексеру жүргізетін органның осындай тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің дұрыстығына негізді күмәндары пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы тұлғалармен (оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай) не осындай тауардың экспорттық бағасына қатысты ымыраласу нысанында шектеулі іскери практика болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Одақтың кеден аумағына импортталған түрінде қайта сатылмаса, тексеру жүргізетін орган қандай да бір әдіспен айқындайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін. Бұл ретте тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру мақсаттары үшін, сондай-ақ шығыстар, оның ішінде тауардың импорты мен қайта сату арасындағы кезеңде төленген кедендік баждар мен салықтар, сондай-ақ алынған пайда есепке алынады.

5. Демпингтік импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды белгілеу

      66. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы деп мүше мемлекеттердің экономика саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдету түсініледі.
      67. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағаларына және мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсері негізінде белгіленеді.
      68. Демпингтік импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы болуын айқындау мақсаттары үшін мәліметтер талданатын тексеру кезеңін тексеруді жүргізуші орган белгілейді.
      69. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тексеру жүргізетін орган тексеру объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының едәуір ұлғаюының болғанын не болмағанын айқындайды.
      70. Мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тексеру жүргізетін орган:
      1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағалары мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан айтарлықтай төмен болғанын не болмағанын;
      2) демпингтік импорт мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгенін не келмегенін;
      3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын, мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағаларының айтарлықтай өсуіне кедергі келтірген не келтірмегенін белгілейді.
      71. Егер бір уақытта жүргізілген тексерудің мәні бір экспорттаушы үшінші елден көп Одақтың кеден аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, тексеру жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:
      1) тексеру объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір эспорттаушы үшінші елден ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асса, ал әрбір эспорттаушы үшінші елден осы тауар импортының көлемі осы Хаттаманың 223-тармағының ережелерін есепке ала отырып, елеусіз болып табылмайтыны;
      2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және мүше мемлекеттерде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке ала отырып, мүмкін болып табылатыны белгіленген жағдайда бағалауы мүмкін.
      72. Мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау мүше мемлекеттердің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды:
      оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру дәрежесін;
      болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруын, тауардың сатылуын, оның мүше мемлекеттердің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан түсетін кірістерді немесе өндірістік қуаттарды пайдалануды;
      мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағаларына әсер ететін факторларды;
      демпингтік маржаның мөлшерін;
      болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісінің өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, жалақыға, инвестициялар тарту мүмкіндігіне және қаржылық жағдайға жағымсыз әсерді қоса алғанда бағалаудан тұрады.
      Бұл ретте, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.
      73. Мүше мемлекеттердің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды тексеру жүргізетін органның иелігіндегі, іске қатысты барлық дәлелдемелер мен мәліметтердің талдауына негізделуге тиіс.
      74. Тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттан басқа, оның салдары сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін кез келген басқа белгілі факторларды да талдайды.
      Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар, атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, мүше мемлекеттердің экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
      Мүше мемлекеттердің экономика саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал Одақтың кеден аумағына демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылмауы тиіс.
      75. Мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай критерийлер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.
      Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым шағын тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
      76. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтаған кезде тексеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
      1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;
      2) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін есепке ала отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;
      3) егер мұндай баға деңгейі мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тексеру объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
      4) тексеру объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын есепке алады.
      77. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы туралы шешім, егер осы Хаттаманың 76-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тексеру барысында тексеру жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараны қабылдамаған жағдайда мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.

6. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу

      78. Егер тексеру аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласы залалының болуы туралы куәландырса, Комиссия осы Хаттаманың 7-тармағында көрсетілген тексеру жүргізетін органның баяндамасы негізінде тексеру жүргізілген кезеңде демпингтік импорт келтірген мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдайды.
      79. Алдын ала демпингке қарсы баж тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен ерте енгізілуі мүмкін емес.
      80. Алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті, бірақ, алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауы тиіс.
      81. Егер алдын ала демпингтік баждың мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 6 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 4 айдан аспауы тиіс.
      82. Егер алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тексеру объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 9 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 6 айдан аспауы тиіс.
      83. Егер тексеру жүргізетін орган тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп белгілесе не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдаса, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздердің жоқтығы туралы шешім қабылданғаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      84. Егер тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру немесе оны құруды елеулі бәсеңдету қаупінің болуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы баждың сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      85. Егер тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуы немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру қаупінің болуы негізінде, алдын ала демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса (бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуын айқындауға алып келуінің мүмкін жағдайда), алдын ала демпингке қарсы баж сомалары демпингке қарсы бажды қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Хаттаманың 86 және 87-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      86. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, алдын ала демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      87. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды.
      88. Алдын ала демпингке қарсы баж тексеруді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.
      89. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім, негізінен, тексеру басталған күннен бастап 7 айдан кешіктірілмей қабылданады.

7. Тексеру объектісі болып табылатын тауар
экспорттаушысының баға міндеттемелерін қабылдауы

      90. Тексеруді тексеру жүргізетін орган тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осындай тауарға бағаларды қайта қарау немесе Одақтың кеден аумағына оның қалыпты құнынан төмен бағалар бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (мүше мемлекеттерде экспорттаушымен байланысты адамдар болған кезде бұл адамдардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тексеру жүргізетін орган осындай міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды қалпына келтіреді деген қорытындыға келсе және Комиссия оларды мақұлдау туралы шешім қабылдаса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
      Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажетті деңгейге қарағанда жоғары болмауы тиіс.
      Тауар бағасының көтерілуі егер, мұндай көтерілу мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса демпингтік маржадан аз болмауы мүмкін.
      91. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
      92. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді, егер тексеру жүргізетін орган тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келмейінше, қабылдамайды.
      Тексеру жүргізетін орган мүмкіндігінше экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылған себептерді хабарлайды және оларға осыған байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндігін ұсынады.
      93. Тексеру жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға тиісті сұрауды алған жағдайда оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрау жібереді.
      94. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оны талап ете алмайды.
      95. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдаған жағдайда, демпингке қарсы тексеру тауар экспорттаушының өтініші бойынша немесе тексеру жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
      Егер тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізуші орган демпингтік импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың жоқтығы туралы қорытындыға келсе, егер көрсетілген қорытынды айтарлықтай дәрежеде осы міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде осы міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, Комиссия осындай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      96. Егер тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелері олардың шарттарына және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес әрекет етуді жалғастырады.
      97. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушыдан экспорттаушының баға міндеттемелерін орындауына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім сұрауға құқылы.
      Сұрау салынатын мәліметтерді тексеру жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының өзі қабылдаған баға міндеттемелерін бұзғаны болып есептеледі.
      98. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе қайтарып алған жағдайда, Комиссия алдын ала демпингке қарсы бажды (егер тексеру әлі аяқталмаса) немесе демпингке қарсы бажды (егер түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса) енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Экспорттаушы қабылданған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсініктемесін беруге мүмкіндік беріледі.
      99. Комиссияның баға міндеттемелерін мақұлдау туралы актісінде алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі немесе осы Хаттаманың 98-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін демпингке қарсы баж айқындалуы тиіс.

8. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану

      100. Демпингке қарсы баж (баға міндеттемелері осы Хаттаманың 90-99-тармақтарына сәйкес Комиссия мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарды қоспағанда) барлық экспорттаушылар жеткізетін және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
      101. Демпингке қарсы баждың мөлшері мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болмауы тиіс.
      Егер мұндай мөлшер мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, Комиссия есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен аз мөлшерде демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      102. Комиссия жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың әрбір экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілейді.
      103. Осы хаттаманың 102-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерінен басқа, Комиссия тексеру барысында есептелген ең жоғарғы демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептелмеген экспорттаушы үшінші елдерден тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері жеткізілетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесін белгілейді.
      104. Демпингке қарсы баж, егер тексеру нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты төмендегілер анықталған болса, алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу күніне дейін, бірақ 90 күнтізбелік күннен ерте емес, орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын, кеден рәсімдеріне байланысты орналастырылған тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін:
      1) бұрын залал келтірген демпингтік импорт болған немесе экспорттаушының тауарды оның қалыпты құнынан төмен бағамен жеткізгенін және тауардың мұндай импорты залал келтіруі мүмкін екендігін және
      2) залалдың салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде елеулі өскен демпингтік импортпен келтірілгенін, ол ұзақтығы мен көлемдерін, сондай-ақ басқа жағдайларын (оның ішінде импортталатын тауардың қоймалық қорларының жылдам өсуі) есепке ала отырып демпингке қарсы бажды енгізуден қалпына келтіру тиімділігін осы тауардың импорттаушыларына түсініктемелер беру мүмкіндігі берілген жағдайда айтарлықтай азайтуы мүмкін.
      105. Тексеру жүргізетін орган тексеру басталғаннан кейін Шартта көзделген ресми көздерде осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты демпингке қарсы бажды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.
      Мұндай хабарламаны жариялау туралы шешімді тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика салаларының осы Хаттаманың 104-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуының жеткілікті дәлелдемелерін қамтитын өтінімі бойынша немесе тексеру жүргізетін органның қолында осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды.
      Демпингке қарсы баж осы тармақта көрсетілген хабарлама ресми жарияланған күнге дейін орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын, кеден рәсімдеріне байланысты орналастырылған тауарларға қатысты қолданыла алмайды.
      106. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға демпингке қарсы баждың қолданылу мүмкіндігі туралы хабарлаудың қосымша тәсілдері белгіленуі мүмкін.

9. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және қайта қарау

      107. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде Комиссияның шешімі бойынша қолданылады.
      108. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі жағдайларға байланысты бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және мүше мемлекеттердің экономика саласына келген залалға байланысты немесе демпингке қарсы іс-қимыл мерзімінің өтуіне байланысты өткізілген қайта тексеру аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.
      109. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру осы Хаттаманың 186-198-тармақтарының ережелеріне сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не тексеру жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингке қарсы шараның қолданысын тоқтату кезінде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
      Қайта тексеру демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тексеру аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану Комиссияның шешімі бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде қолданылу мерзімі қайта тексеру жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараны қолдануға байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
      Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тексеру жүргізетін орган қайта тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараларды қолдануға негіз болмаған жағдайда не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес демпингке қарсы қолдану туралы шешім қабылданса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараларды қолданудың негізі жоқтығы туралы не Комиссияның демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      Демпингке қарсы шараның қолданылуын Комиссия, егер тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тексеру жүргізуінің нәтижесінде мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың жалғасуы және қайта қауіп келтірілуі мүмкіндігі анықталатын болса, ұзартылады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы Комиссия актісі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомалары демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      110. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде 1 жыл өткен жағдайда немесе тексеру жүргізетін органның бастамасы бойынша демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) өзгерген жағдайларға байланысты оны қайта қарау (оның ішінде жеке демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайта тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Қайта тексеруді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайларға байланысты:
      демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін; немесе
      демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын; немесе
      қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуы тиіс.
      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тексеру басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
      111. Қайта тексеру тексеру жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Тексеру жүргізетін орган мұндай қайта тексеруді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тексеру объектісі болып табылатын тауарды Одақтың кеден аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Одақтың кеден аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
      Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тексеру жүргізу кезінде Одақтың кеден аумағына тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы бажды мұндай қайта тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданғанша осы экспорттаушы немесе өндіруші төлемейді. Бұл ретте Одақтың кеден аумағына әкелінген (кіргізілген) мұндай тауарға қатысты қайта тексеру жүргізу кезеңінде осы тармақта белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, кіргізу кедендік баждарын төлеуді қамтамасыз ету үшін демпингке қарсы бажды төлеуді Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен қамтамасыз ету беріледі.
      Тексеру жүргізуші орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын қайта тексерудің басталатын күні туралы уақтылы хабардар етеді.
      Демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету осы Хаттаманың 103-тармағына сәйкес белгіленген демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасының мөлшерінде ақшалай қаражатпен (ақшамен) беріледі.
      Егер қайта тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда демпингке қарсы баж мұндай қайта тексеру жүргізу кезеңі үшін төлеуге жатады. Қамтамасыз ету сомасы қайта тексеру нәтижелері бойынша қабылданған демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып, айқындалған мөлшерде демпингке қарсы бажды төлеу есебінен есепке алуға және осы тармақтың ережелерін есепке ала отырып осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      Егер қайта тексеру нәтижелері бойынша одан демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету мөлшерінен айқындалған мөлшерлемеге қарағанда демпингке қарсы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, қайта тексеру нәтижелері бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомалары мен демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі арасындағы айырма алынбайды.
      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан артық қамтамасыз ету сомасы Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Осы тармақта көзделген қайта тексеру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім 12 айдан аспайтын болады.
      112. Дәлелдемелерді ұсыну мен демпингке қарсы тексеру жүргізуге қатысты осы хаттаманың VI бөлімінің ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Хаттаманың 107-113-тармақтарында көзделген қайта тексеруге қолданылады.
      113. Осы Хаттаманың 107-112-тармақтарының ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Хаттаманың 90-99-тармақтарына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қолданылады.

10. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді белгілеу

      114. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін демпингке қарсы шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан айналып өту үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
      115. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тексеру мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не тексеру жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
      116. Осы Хаттаманың 115-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуы тиіс:
      1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;
      2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;
      3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша Комиссия тиісті түзетулерді есепке ала отырып, демпингке қарсы шара енгізген тексеру барысында айқындалған олардың қалыпты құны қабылданады.
      117. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тексеру ол басталған күннен бастап 9 ай ішінде аяқталуы тиіс.
      118. Осы Хаттаманың 115-120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексеру кезеңінде Комиссия экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
      119. Егер осы Хаттаманың 115-120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексерудің нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілемесе, осы Хаттаманың 118-тармағына сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленбегені туралы уақтылы хабардар етеді.
      120. Демпингке қарсы шара осы Хаттаманың 115-120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Хаттамаға сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту анықталған жағдайда Комиссия демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Одақтың бірыңғай кеден аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Комиссияның осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сомалар осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.

V. Өтемақы шаралары

      121. Мыналар:
      1) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін және экспорттаушы үшінші елдің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін, оның ішінде:
      ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
      экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждардан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы үшінші елдің кірісіне түсуге тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну арқылы қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;
      жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды не қызметтерді қоспағанда, тауарларды не қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
      тауарларды жеңілдікпен сатып алу нысанындағы;
      2) субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың эспорттаушы үшінші елден тауар экспортын ұлғайту немесе осындай экспорттаушы үшінші елге ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысанындағы қаржылық жәрдемдесу субсидия деп түсініледі.

1. Экспорттаушы үшінші елдің субсидияларын ерекше субсидияға жатқызу қағидаттары

      122. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы үшінші елдің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше болып табылады.
      123. Осы бөлімде жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы үшінші ел экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы үшіншің елдің экономика салаларын білдіреді.
      124. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
      125. Егер экспорттаушы үшінші елдің заңнамасымен немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті критерийлерді не субсидияны алу құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнімдер өндірумен айналысатын жұмыскерлер санына немесе өнімдер шығару көлеміне тәуелді) алуға айқындайтын шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
      126. Кез келген жағдайда экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну:
      1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;
      2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықша пайдалануымен;
      3) жекелеген ұйымдарға субсидияның тепе-тең емес үлкен сомасын ұсынуымен;
      4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (артықшылық) тәсілін таңдап алуымен сүйемелденсе, ерекше субсидия болып табылады.
      127. Экспорттаушы үшінші елдің кез келген субсидиясы, егер:
      1) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың ұғымында тауар экспортына байланысты субсидияны ұсынуды білдірмейді;
      2) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не импортты тауарлардың орнына экспорттаушы үшінші елде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса ерекше субсидия болып табылады.
      128. Тексеру жүргізетін органның экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын ерекше субсидияға жатқызу туралы шешімі дәлелдемелерге негізделуі тиіс.

2. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары

      129. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.
      130. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай қағидаттар негізінде айқындалады:
      1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы егер мұндай қатысу экспорттаушы үшінші елдің аумағындағы қалыпты инвестициялық практикаға (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін қатысу ретінде бағалануы мүмкін болмаса пайданы беру ретінде қарастырылмайды;
      2) субсидиялайтын орган берген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы үшінші елдің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы екі соманың арасындағы айырма пайда болып саналады;
      3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлеуі мүмкін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда комиссиялық айырмада осы екі соманың арасындағы түзетуі бар айырма пайда болып саналады;
      4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы, егер тек тауарларды немесе қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе не сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса, пайда беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы үшінші елдің нарығында сатып алу және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, өтелімділікті, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, сол кездегі нарықтық жағдайларға сүйене отырып айқындалады.

3. Субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің
экономика саласына залалды белгілеу

      131. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы деп материалдық залал, осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласының құрылуын елеулі бәсеңдету түсіндіріледі.
      132. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал субсидияланатын импорттың көлемін және субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауардың бағасы мен осындай импорттың мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
      133. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тексеру кезеңін тексеру жүргізетін орган белгілейді.
      134. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импортта айтарлықтайі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе мүше мемлекеттердің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).
      135. Егер бір уақытта жүргізілген тексерулердің мәні қандай да бір тауарды көп дегенде бір эспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, тексеру жүргізетін орган, егер:
      1) осы тауарға әрбір экспорттаушы үшінші елдегі субсидияның мөлшері оның құнының 1 пайызынан астамын құрайды, ал әрбір эспорттаушы үшінші елден субсидияланатын импорт көлемі осы Хаттаманың 228-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;
      2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және мүше мемлекеттерде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылатыны анықталса, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады.
      136. Мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тексеру жүргізетін орган:
      1) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан айтарлықтай төмен болғандығын;
      2) субсидияланатын импорт мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгендігін;
      3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының айтарлықтай өсуіне кедергі келтіргендігін белгілейді.
      137. Субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін әсерін талдау мүше мемлекеттердің экономика саласынының жағдайына қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:
      1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан табыстарды, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттарды пайдалануды;
      2) мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
      3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді.
      138. Мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорттың әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен пайдасы сияқты критерийлердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
      Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.
      139. Субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін белгілеу кезінде тексеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
      1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға келтіруі мүмкін әсерін;
      2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;
      3) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушысында жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін есепке ала отырып, осы тауардың субсидияланатын импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;
      4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
      5) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды есепке алады.
      140. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу туралы шешімді, егер осы Хаттаманың 139-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тексеру барысында тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемақы шараларды қабылдамаған жағдайда, мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі туралы қорытындыға келген жағдайда қабылдайды.
      141. Мұндай импорттың салдарынан субсидияланатын импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын белгілеу іске қатысы бар барлық талдауға және тексеру жүргізетін органның өкіміндегі дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуге тиіс.
      142. Тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттан басқа оның салдарынан дәл сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.
      Осы факторлардың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залал Одақтың кеден аумағына субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылмауы тиіс.

4. Алдын ала өтемақы бажын енгізу

      143. Егер тексеру аяқталғанға дейін тексеру жүргізетін орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы туралы куәландырса, Комиссия осы Хаттаманың 7-тармағында көрсетілген тексеру жүргізетін органның баяндамасы негізінде тексеру жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтірген мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында 4 айға дейінгі мерзімде алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.
      144. Алдын ала өтемақы бажы тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен бұрын енгізілмеуі тиіс.
      145. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.
      146. Егер тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екендігі анықталса не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екендігі не Комиссияның өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      147. Егер тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру немесе оны құруды елеулі бәсеңдету қаупінің болуы негізінде өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      148. Егер тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуы немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру қаупінің болуы негізінде, алдын ала демпингке қарсы бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуын айқындауға алып келуінің мүмкіндігі негізінде өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары өтемақы бажын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Хаттаманың 149 және 150-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      149. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажы сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажы сомаларынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      150. Егер тексеру нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажы мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажымен алдын ала өтемақы бажы сомалары арасындағы айырма алынбайды.
      151. Алдын ала өтемақы бажы тексеруді бір уақытта жалғастырған жағдайда қолданылады.
      152. Алдын ала өтемақы бажы осы Хаттаманың 164-168-тармақтарына сәйкес қолданылады.
      153. Алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы шешім, негізінен, тексеру басталған күннен бастап 7 айдан кешіктірілмей қабылданады.

5. Тексеру объектісі болып табылатын субсидиялаушы үшінші елдің
немесе тауар экспорттаушының ерікті міндеттемелерді қабылдауы

      154. Тексеруді Комиссия тексеру жүргізетін органның жазбаша нысандағы ерікті міндеттемелерді мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін, оған сәйкес:
      экспорттаушы үшінші ел субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға немесе субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі немесе
      тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушы мұндай тауарға олар белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (мүше мемлекеттердегі тұлғалар экспорттаушымен байланысты болғанда, осы тұлғалардың экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелерін қолдауын қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді талдау нәтижесінде тексеру жүргізетін орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жояды деген қорытындыға келеді.
      Тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, мұндай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген ерекше субсидия мөлшерінен аспауға тиіс.
      Тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
      155. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді субсидияланатын импорт пен тексеру жүргізетін орган осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласы залалының болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
      Комиссия тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органы осы Хаттаманың 154-тармағының үшінші абзацында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылар қабылдауға келісім алғанға дейін қабылдамайды.
      156. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер тексеру жүргізетін орган тексеру объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша мұндай ерікті міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе қабылдамайды.
      Тексеру жүргізетін орган экспорттаушыларға мұндай экспорттаушылардың ерікті міндеттерінің мақұлданбағаны жөніндегі себептерін хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты өз түсініктемелерін беруге мүмкіндік береді.
      157. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін мұндай міндеттемелердің құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.
      158. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елге немесе тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.
      159. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда субсидияланатын импорттың болуы мен осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика салаларының залалына қатысты тексеруді экспорттаушы елдің өтініші бойынша немесе Комиссия шешімінің негізінде жалғастыруы мүмкін.
      Егер тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына бұдан келген залалдың жоқ екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, экспорттаушы үшінші ел немесе ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушылар, аталған қорытынды айтарлықтай дәрежеде мұндай жағдайлардың болуының нәтижелері болып табылатын жағдайды қоспағанда, мұндай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде ерікті міндеттемелер болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, Комиссия мұндай жағдайлар қажетті уақыт кезеңі ішінде қолданыста қалуы тиіс деген шешімді қабылдауы мүмкін.
      160. Егер тексеру жүргізетін орган тексеру нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына бұдан келген залалдың бар екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, қабылданған ерікті міндеттемелер солардың шарттарына және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес қолданысын жалғастырады.
      161. Тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елден немесе экспорттаушыдан, егер олардың ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаса, олардың орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімін сұрата алады.
      Тексеру жүргізетін орган белгілеген мерзімде сұратылған мәліметтерді ұсынбау, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушы үшінші елдің немесе экспорттаушының қабылданған ерікті міндеттемелерін бұзуы болып саналады.
      162. Экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылданған ерікті міндеттемелерін бұзған немесе мұндай міндеттемелерді кері шақыртып алған жағдайда, Комиссия алдын ала өтемақы бажын (егер тексеру әлі аяқталмаса) немесе өтемақы бажын (егер тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіздемелердің бар екендігін куәландырса) енгізу арқылы қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Экспорттаушы үшінші елге немесе экспорттаушыға, ол қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, осы бұзушылыққа байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндігі беріледі.
      163. Комиссияның ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы актісінде алдын ала өтемақы бажының немесе өтемақы бажының мөлшерлемесі белгіленуі тиіс, ол осы Хаттаманың 162-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін.

6. Өтемақы бажын енгізу және қолдану

      164. Комиссия өтемақы бажын енгізу туралы шешімді экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы қолданыста болатын мерзім ішінде қабылдауы мүмкін.
      165. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім ерекше субсидияны беретін экспорттаушы үшінші елге консультациялар жүргізу ұсынылған, алайда бұл ел ұсынылған консультациялардан бас тартқан немесе мұндай консультациялар барысында өзара қабылдауға тұрарлық шешімге қол жеткізілмеген соң қабылданады.
      166. Өтемақы бажы барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарға (ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарды қоспағанда) қатысты қолданылады және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың мәні болып табылады.
      Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты Комиссия өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшерін белгілеуі мүмкін.
      167. Өтемақы бажының мөлшерлемесі субсидияланатын және эскпортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен артық болмауы тиіс.
      Егер субсидиялар түрлі субсидиялау бағдарламаларына сәйкес берілетін жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.
      Өтемақы бажының мөлшерлемесі, егер мұндай мөлшерлеме мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.
      168. Өтемақы бажының мөлшерлемесін айқындаған кезде мүше мемлекеттердің өтемақы бажын енгізу олардың экономикалық мүдделеріне әсер етуі мүмкін тұтынушыларының тексеру жүргізіп жатқан органға жазбаша түрде келіп түскен пікірлері ескеріледі.
      169. Өтемақы бажы егер тексеру жүргізуші органның тексеру нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты төмендегілер белгіленген болса, алдын ала өтемақы бажы енгізілген күнге дейін күнтізбелік 90 күн бұрын, орналастыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын, кедендік рәсімдерге байланысты орналастыратын тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін:
      1) салыстырмалы қысқа уақыт ішінде едәуір өскен, оған қатысты ерекше субсидиялар төленетін немесе берілетін тауар импортымен келтірілген, кейіннен жойылуы қиын болатын залал;
      2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген импортталатын тауарға қатысты залалдың қайталануын болдырмау мақсатында өтемақы бажын қолдану қажет.
      170. Тексеру жүргізетін орган тексеру басталғаннан кейін Шартта көзделген ресми көздерде осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты өтемақы бажын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.
      Мұндай хабарламаны жариялау туралы шешімді тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика салаларының осы Хаттаманың 169-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуының жеткілікті дәлелдемелерін қамтитын өтінімі бойынша немесе тексеру жүргізетін органның қолында осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды.
      Өтемақы бажы осы тармақта көрсетілген хабарлама ресми жарияланған күнге дейін орналастыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын, кедендік рәсімдерге байланысты орналастырылған тауарларға қатысты қолданыла алмайды.
      171. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға өтемақы бажының қолданылу мүмкіндігі туралы хабарлаудың қосымша тәсілдері белгіленуі мүмкін.

7. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау

      172. Өтемақы шарасы Комиссияның шешімі бойынша субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалды жою үшін қажетті мөлшер мен мерзімде қолданылады.
      173. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі мұндай шараны қолданған күннен бастап немесе өзгерген жағдайларға байланысты және бір мезетте субсидияланатын импорттың талдауына және онымен байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалға қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тексеру аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауы тиіс.
      174. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру осы Хаттаманың 186-198-тармақтарына сәйкес берілген (жазбаша нысандағы) өтініш негізінде не тексеру жүргізіп жатқан органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру өтініште өтемақы шарасының қолданылуы тоқтатылған жағдайда субсидияланатын импорттың қайта басталу не жалғасу және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болғанда жүргізіледі.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
      Қайта тексеру өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуы және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
      Осы тармақ ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатқан қайта тексеру аяқталғанға дейін өтемақы шарасының қолданылуы Комиссия шешімі бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы бажының мөлшерлемелері бойынша өтемақы шарасының қолданылуына байланысты белгіленген өтемақы баждары төленеді, бұл шараның қолданылу мерзімі қайта тексерудің жүргізілуіне байланысты ұзартылады.
      Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелер жоқ деп белгіленген немесе осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелер жэоқ екендігі не өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылданғаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың қайта басталу немесе жалғасу мүмкіндігін анықтайтын жағдайда Комиссия өтемақы шарасының қолданысын ұзартады. Өтемақы шарасын ұзарту туралы Комиссия актісі күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы шарасын қолдануға ұзартылған мерзім ішінде өтемақы баждарының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      175. Егер өтемақы шарасы енгізілгеннен кейін кемінде 1 жыл өткен жағдайда мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тегеу жүргізетін органның бастамасы бойынша өтемақы шарасын қолданудың орындылығын анықтау және (немесе) өзгерген жағдайларға байланысты оны қайта қарау (оның ішінде өтемақы бажының мөлшерлемесінің дербес мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайта тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Өзгерген жағдайларға байланысты қайта тексеру жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына қарай мұндай өтініште мыналар:
      өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтіндігінің; немесе
      өтемақы шарасының қазіргі мөлшерінің субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асып түсетіндігінің; немесе
      қазіргі өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіздігінің дәлелдемелері болуы тиіс.
      Өзгерген жағдайларға байланысты қайта тексеру ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
      176. Осы Хаттаманың VI тарауының дәлелдемелерді ұсынуға және тексеруді жүргізуге қатысты ережелері осы Хаттаманың 172-178-тармақтарында көзделген қайта тексеруге тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қолданылады.
      177. Осы Хаттаманың 172-178-тармақтарының ережелері осы Хаттаманың 154-163-тармақтарына сәйкес экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қолданылады.
      178. Қайта тексеру оған қатысты өтемақы шарасы қолданылып отырған, бірақ ынтымақтасудан бас тартудан басқа, өзге себептер бойынша тексеру жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының дербес мөлшерлемесінің мөлшерін белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тексеруді аталған экспорттаушының өтініші бойынша тексеру жүргізетін орган бастауы мүмкін.

8. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу

      179. Осы бөлімнің мақсаттары үшін өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын өтеуден немесе қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
      180. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тексеру жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.
      181. Осы Хаттаманың 180-тармағында көрсетілген өтініште:
      1) өтемақы шарасын айналып өтудің;
      2) өтемақы шарасының (оны айналып өтудің салдарынан) өндіріс көлеміне және (немесе) мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауарлардың сатылуына және (немесе) бағаларына әсерін бейтараптандырудың;
      3) тауар (осындай тауардың құрамдас бөліктерінің және (немесе) туындыларының) өндірушісінде және (немесе) экспорттаушысында ерекше субсидияны беру пайдасы сақталатындығының дәлелдемелері болуы тиіс.
      182. Осы Хаттаманың 179-185-тармақтарына сәйкес жүргізілетін қайта тексеру кезеңіне Комиссия алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын субсидияланатын импорттың мәні болған, экспорттайтын үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған, сондай-ақ өзге экспорттайтын үшінші елден кеден аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған өтемақы бажын енгізуі мүмкін.
      183. Егер осы Хаттаманың 179-185-тармақтарына сәйкес тексеру жүргізетін орган жүргізген қайта тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталмаған жағдайда, осы Хаттаманың 182-тармағына сәйкес алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шарасын айналып өту анықталмағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      184. Осы Хаттаманың 179-185-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Хаттамаға сәйкес қолданылатын өтемақы шарасын айналып өту белгіленген жағдайда, өтемақы шарасы субсидияланатын импорттың мәні болған, экспорттайтын үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болған, өзге экспорттайтын үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын тауарға және (немесе) тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта аталған өтемақы шарасын енгізу туралы Комиссия актісі күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы шарасын қолдануға ұзартылған мерзім ішінде өтемақы баждарының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      185. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатындағы қайта тексеру ол басталған күннен бастап 9 ай ішінде аяқталуы тиіс.

VI. Тексерулер жүргізу

1. Тексерулер жүргізу үшін негіздер

      186. Өспелі импорттың болуын және содан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе осындай залалды келтіру қатерін анықтау мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және содан туындаған материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай баяулауын анықтау мақсатында тексеруді жазбаша нысандағы өтініш негізінде не өз бастамасы бойынша Тексеру жүргізетін орган жүргізеді.
      187. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішті:
      1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
      2) қатысушылары қатарына өндірудің жалпы көлемінің айтарлықтай, бірақ мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы арызды берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіру көлемінің кем дегенде 25 пайызын өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілі береді.
      188. Осы Хаттаманың 187-тармағында көрсетілген өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің түпнұсқалары өтінішпен бірге тексеру жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері болуы тиіс.
      189. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішке мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды не ұқсас тауарды өндірушінің өтінішін қолдайтын дәлелдемелер қоса беріледі. Өтінішті жеткілікті қолдайтын дәлелдемелер болып:
      1) өтініш берушімен бірге мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндіру көлемінің айтарлықтай бөлігін, бірақ ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлемінің кем дегенде 25 пайызын өндіретін басқа өндірушілердің өтінішіне қосылу туралы құжаттар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
      2) өтінішті қолдайтынын білдірген мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіріс үлесі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдайтындығын немесе келіспейтіндігін) білдірген мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің өндіру көлемінің 50 пайыздан астамын құрайды деген шартпен (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өтінішке қолдау білдірген мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндіру көлемінің кемінде 25 пайызын құрайтындығын растайтын құжаттар танылады.
      190. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтініш:
      1) өтініш беруші туралы, өтініш берілген күннің алдындағы тікелей 3 жыл ішінде мүше мемлекеттер экономика саласының ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіру көлемі туралы сандық және құндық мәндегі өндіріс көлемі туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердегі өтінішті қолдаған өндірушілердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіру көлемі туралы сандық және құндық мәндегі өндіріс көлемі туралы және мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметтерді;
      2) оған қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын Одақтың кеден аумағына импортталатын тауардың сипаттамасын;
      3) кедендік статистика деректері негізінде, осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген тауарды шығарған немесе жөнелткен экспорттаушы үшінші елдердің атауын;
      4) экспорттаушы үшінші елдегі осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген тауардың белгілі өндірушілері және (немесе) экспорттаушылары туралы және белгілі импорттаушылар және мүше мемлекеттердегі осы тауардың белгілі тұтынушылары туралы мәліметтерді;
      5) өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қол жеткізілімді болатын кейінгі кезеңдегі оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Одақтың кеден аумағына импорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтерді;
      6) өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қол жеткізілімді болатын кейінгі кезеңдегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) Одақтың кеден аумағынан экспорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      191. Осы Хаттаманың 190-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар өтініште ұсынылатын шараға қарай өтініш беруші:
      1) тауардың өспелі импорты болуының дәлелдемелерін, тауардың өспелі импортының салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелерін, шараның қолданыста болу мөлшерін және мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шарасын енгізу туралы ұсынысты және өтініш беруші ұсынып отырған арнайы қорғау шарасы қолданыста болатын мерзім ішінде мүше мемлекеттердің экономика саласын шетелдік бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
      2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, тауардың демпингтік импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтінішті берген кезде);
      3) экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы және егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметтерді, тауардың субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) көрсетеді.
      192. Демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) және мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру немесе саланы құруды айтарлықтай бәсеңдету қатері болуының дәлелдемелері мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуі тиіс және өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қол жеткізілімді болатын кейінгі кезеңдегі сандық және (немесе) құндық көрсеткіштермен берілуі тиіс (оның ішінде тауарды өндіру көлемі және оны өткізу көлемі, мүше мемлекеттер нарығындағы тауардың үлесі, тауарды өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндіріс қуаттылықтарын жүктеу дәрежесі, жұмыспен қамту, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндіріс рентабельділігі, тауарды өткізу көлемі, мүше мемлекеттердің экономика саласына салынатын инвестициялар көлемі).
      193. Өтініште ұсынылған мәліметтер мұндай мәліметтер алынған көздерге сілтемемен берілуі тиіс.
      194. Өтініште қамтылатын көрсеткіштерді көрсеткен кезде салыстыру мақсатында бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуы тиіс.
      195. Өтініште қамтылатын мәліметтерді мұндай мәліметтерді берген басшылар, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін жауапты қызметкерлері осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігінде растауы тиіс.
      196. Өтініш оның құпия емес нұсқасын қоса бере отырып (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса), осы Хаттаманың 8-тармағына сәйкес тексеру жүргізетін органға ұсынылады және өтініш осы органға түскен күні тіркелуі тиіс.
      197. Өтінішті тексеру жүргізетін орган тіркеген күн оны беру күні болып саналады.
      198. Арнайы қорғау шарасын, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш мынадай негіздер бойынша қабылданбайды:
      өтінішті берген кезде осы Хаттаманың 189-191-тармақтарында көрсетілген материалдардың ұсынылмауы;
      өтініш беруші ұсынған осы Хаттаманың 189-191-тармақтарында көзделген материалдардың дәйексіздігі;
      өтініштің құпия емес нұсқасын ұсынбау.
      Өзге негіздер бойынша өтініштің қабылданбауына жол берілмейді.

2. Тексеруді бастау және оны жүргізу

      199. Тексеру жүргізетін орган тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін осы Хаттаманың 187-196-тармақтарына сәйкес дайындалған демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініштің түскені туралы экспорттаушы үшінші елді жазбаша нысанда хабардар етеді.
      200. Тексеру жүргізетін орган тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде осы Хаттаманың 189-191-тармақтарына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің дәйексіздігін зерделейді. Мұндай мерзім тексеру жүргізетін органға қосымша мәліметтер алу қажеттілігі жағдайында ұзартылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда ол күнтізбелік 60 күннен аспауы тиіс.
      201. Өтініш беруші тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында өтінішті кері қайтарып алуы мүмкін.
      Өтініш тексеру басталғанға дейін кері қайтарып алынса, ол берілмеген болып саналады.
      Егер өтініш тексеруді жүргізу барысында кері қайтарып алынған жағдайда, тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен тоқтатылады.
      202. Тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтініште қамтылған мәліметтер жария етуге жатпайды.
      203. Тексеру жүргізетін орган осы Хаттаманың 200-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      204. Тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына, сондай-ақ оған мәлім мүдделі тұлғаларға қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексеруді бастау туралы хабарламаның Шартта көзделген ресми көздерде жариялануын қамтамасыз етеді.
      205. Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтында тексеруді бастау туралы хабарламаның жариялану күні тексеруді бастау күні болып танылады.
      206. Тексеру жүргізетін орган, егер оның қарамағында өспелі импорттың болуының немесе содан туындаған елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері немесе демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері болған жағдайда ғана тексеруді бастау туралы шешімді (оның ішінде өз бастамасы бойынша) қабылдауы мүмкін.
      Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тексеру басталмауы мүмкін.
      207. Егер тексеру жүргізетін орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Хаттаманың 190-191-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтер Одақтың кеден аумағына тауардың өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын импортының және (немесе) осыдан туындайтын мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе материалдық залалды келтіру қатерінің немесе демпингтік немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдетудің немесе Одақтың кеден аумағына өспелі импорттың салдарынан мүше мемлекеттер экономика саласына елеулі залалдың немесе елеулі залал келтіру қатерінің болуын айғақтамайтындығы анықталса, тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
      208. Тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде тексеру жүргізетін орган мұндай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда тексеруді жүргізуден бас тарту себебі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
      209. Мүдделі тұлғалар тексеруге қатысу туралы өз ниетін жазбаша нысанда және осы Хаттамада белгіленген мерзімде мәлімдеуге құқылы. Олар тексеруге қатысу ниеті туралы өтінішті тексеру жүргізетін орган тіркеген күннен бастап тексеруге қатысушылар болып танылады.
      Өтініш беруші және мүше мемлекеттердің өтінішті қолдау білдірген өндірушілері тексеру басталған күннен бастап тексеруге қатысушылар болып танылады.
      210. Мүдделі тұлғалар тексеру барысын бұзбайтын мерзімде тексеруді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде құпия ақпаратты) мұндай мәліметтер алынған көзді көрсетіп, ұсынуға құқылы.
      211. Тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тексеру мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
      Сұрау салулар да мүше мемлекеттердегі өзге ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
      Аталған сұрау салуларды тексеру жүргізетін органның басшысы (басшысының орынбасары) жібереді.
      Сұрау салу мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне тапсырылған сәттен бастап не сұрау салу почта байланысы арқылы жөнелтілген күннен бастап күнтізбелік 7 күн өткен соң мүдделі тұлға алған болып саналады.
      Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей тексеру жүргізетін органға ұсынылуы тиіс.
      Егер жауап тексеру жүргізетін органға осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген күн аяқталған күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей келіп түссе, тексеру жүргізетін орган жауапты алды деп саналады.
      Көрсетілген мерзім өткен соң мүдделі тұлға ұсынған мәліметтерді тексеру жүргізетін орган назарына алмауы мүмкін.
      Мүдделі тұлғаның дәлелденген және жазбаша нысанда мазмұндалған өтініші бойынша тексеру жүргізетін орган жауапты беру мерзімін ұзартуы мүмкін.
      212. Егер мүдделі тұлға тексеру жүргізетін органға қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда, оны белгіленген мерзімде ұсынбай немесе дәйексіз ақпаратты беріп, осылайша, тексерудің жүргізілуін айтарлықтай қиындатса, мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын тұлға болып танылады және алдын ала немесе түпкілікті қорытындыларды тексеру жүргізетін орган қолда бар ақпарат негізінде жасай алады.
      Сұратылған ақпараттың электронды түрде немесе тексеру жүргізетін орган белгілеген электронды форматта ұсынылмауын тексеру жүргізетін органның сұрау салуында белгіленген ақпаратты ұсыну критерийлерін толық орындаудың мүмкін еместігін немесе оның елеулі материалдық шығындармен байланысты екендігін дәлелдей алады деген шартпен тексеру жүргізетін орган ынтымақтасудан бас тарту ретінде бағаламауы тиіс.
      Егер Тексеру жүргізетін орган осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден ерекшеленетін себептер бойынша мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты ескермеген жағдайда аталған тұлға мұндай шешімді қабылдау себептері мен негіздері туралы хабардар етілуі тиіс және оған осыған байланысты Тексеру жүргізетін орган белгілейтін мерзімде өз түсініктемелерін беру мүмкіндігі берілуі тиіс.
      Егер, тауардың қалыпты құнын анықтауды қоса алғанда, Тексеру жүргізетін органның алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындаған кезде (демпингке қарсы Тексеруді жүргізген кезде), осы тармақтың бірінші абзацының ережелері қолданылса және оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, онда мұндай қорытындыларды дайындаған кезде қолданылатын ақпарат мұндай Тексеруді жүргізу Тексеру барысын қиындатпайды және оны жүргізу мерзімдерінің бұзылуына алып келмейді деген шартпен, үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қолжетімді ақпаратты қолдана отырып тексерілуі тиіс.
      213. Тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын барынша қысқа мерзімде демпингке қарсы немесе өтемақы тексерісін бастау туралы шешім қабылдаған соң экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына және өзіне мәлім экспорттаушыларға өтініштің немесе (егер өтініште құпия ақпарат болған жағдайда) оның құпия емес нұсқасының көшірмелерін жібереді, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғаларға олардың сұрау салуы бойынша осындай көшірмелерін ұсынады.
      Егер белгілі экспорттаушылардың саны көп болған жағдайда, өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесі экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына ғана жіберіледі.
      Тексеру жүргізетін орган, егер өтініште құпия ақпарат қамтылған жағдайда, арнайы қорғану тексерісіне қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесін береді.
      Тексеру барысында тексеру жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып, тексеруге қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша кез келген мүдделі тұлғаларға тексеру мәніне жататын дәлелдемелер ретінде жазбаша түрде берілген мәліметтермен танысу мүмкіндігін береді.
      Тексеру барысында тексеру жүргізетін орган тексеруге қатысушыларға тексеруге қатысы бар және олар тексеру барысында қолданатын, бірақ құпия ақпарат болып табылмайтын өзге мәліметтермен танысу мүмкіндігін береді.
      214. Тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жүргізіліп жатқан тексеру мәні бойынша консультациялар жүргізеді.
      215. Тексеру барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатпен тексеру жүргізетін орган барлық мүдделі тұлғаларға қарама-қарсы пікірлерін және жоққа шығаруды ұсыну үшін олардың сұрау салулары бойынша кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндік ақпараттың құпиялығын сақтау қажеттілігін ескере отырып беріледі. Кездесуге барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның болмауы оның мүдделеріне залал көрсетуге алып келмейді.
      216. Өнімді өндіру кезінде тексеру объектісі болып табылатын тауарды қолданатын тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік (басқару) органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге тұлғалар тексеруге қатысы бар мәліметтерді тексеру жүргізетін органға беруге құқылы.
      217. Тексеруді жүргізу мерзімі мынадан аспауы тиіс:
      1) арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тексеру басталған күннен бастап 9 ай ішінде. Бұл мерзімді тексеру жүргізетін орган, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін;
      2) демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тексеру басталған күннен бастап 12 ай. Бұл мерзімді тексеру жүргізетін орган, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      218. Тексеруді жүргізу тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты кедендік операциялардың жүргізілуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
      219. Комиссияның осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген тексеру нәтижелері бойынша баяндаманы және Комиссия актісінің жобасын қарау күні тексеруді аяқтау күні болып табылады.
      Егер тексеру жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелердің жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда, тексеру жүргізетін органның тиісті хабарламаны жариялау күні тексеруді аяқтау күні болып танылады.
      Алдын ала арнайы бажды, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе алдын ала өтемақы бажын енгізген жағдайда тексеру тиісті алдын ала баждың қолданыста болу мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуы тиіс.
      220. Егер тексеру жүргізетін орган тексеру барысында осы Хаттаманың 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көзделген негіздемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен аяқталады.
      221. Егер тексеру басталған күнге дейінгі екі күнтізбелік жыл ішінде осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішті қолдаған бір өндірушіге (оның Шарттың V тарауының түсінігіндегі тұлғалар тобына кіретінін ескере отырып), Одақтың кеден аумағында ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау шарасын қолданудың алдындағы тексеруді жүргізген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың алдындағы тексеруді жүргізген кезде) өндірісінің осындай үлесі келетін жағдайда, онда Комиссия актісімен бекітілетін бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесіне сәйкес аталған өндірушінің Одақтың тиісті тауар нарығындағы жағдайы (оның тұлғалар тобына кіруін ескере отырып) басым деп танылуы мүмкін болғанда, Біртұтас экономикалық кеңістіктің бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізетін органның сұрау салуы бойынша Одақтың тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікке арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасы әсерінің салдарларын бағалауды жүргізеді.

3. Демпингке қарсы тексеру жүргізудің ерекшеліктері

      222. Демпингке қарсы тексеру, егер тексеру жүргізетін орган демпингтік маржа жол берілетін ең төмен демпингтік маржадан аз немесе болған немесе болуы мүмкін демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалды келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдету қаупі айтарлықтай емес болып табылады деп анықтаса, демпингке қарсы шараны енгізбестен тоқтатылады.
      Бұл ретте мөлшері 2 пайыздан аспайтын демпингтік маржа жол берілетін ең төмен демпингтік маржа деп түсініледі.
      223. Белгілі бір экспорттаушы үшінші елден демпингтік импорттың көлемі, тексеру объектісі болып табылатын тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі кемінде 3 пайызды құрайтын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтықта тексеру объектісі болып табылатын тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлемінің 7 пайызынан аспайды деген шартпен, егер ол Одақтың кеден аумағына тауардың импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесінің кемінде 3 пайызын құрайтын болса, ол елеусіз болып табылады.
      224. Тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы хабарлайды және өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
      Мүдделі тұлғалардың түсініктемелерін ұсыну мерзімін тексеру жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен кем бола алмайды.

4. Өтемақылық тексеруді жүргізу ерекшеліктері

      225. Тексеру жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдаған соң және тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін болжалды ерекше субсидияның болуын, мөлшерін және оны беру салдарын нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында соған қатысты өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауар экспортталатын экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына консультациялар жүргізуді ұсынуы тиіс.
      Мұндай консультациялар тексеру барысында да жалғасуы мүмкін.
      226. Осы Хаттаманың 225-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тексеруді бастау және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.
      227. Егер тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидиясының мөлшері ең төмен болып табылатынын не болған немесе ықтимал субсидияланатын импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындайтын материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалдың не мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың баяулау қатері айтарлықтай емес деп анықтаса, өтемақылық тексеру өтемақы шарасын енгізбестен тоқтатылады.
      228. Ерекше субсидияның мөлшері, егер ол Тексеру объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде 1 пайызын құраса, ең төмен деп танылады.
      Субсидияланатын импорттың көлемі, экспорттаушы үшінші елдердің әрқайсысының ұқсас тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі кемінде 1 пайызды құрайтын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтықта ұқсас тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлемінің 3 пайыздан аспайды деген шартпен, егер ол ұқсас тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі кемінде 1 пайызды құраса, әдетте, айтарлықтай емес деп танылады.
      229. Әрқайсысының үлесіне осы тауардың Одақтың кеден аумағына импортының жалпы көлемінің кемінде 4 пайызы келетін дамушы және аз дамыған елдерден Одақтың кеден аумағына осы тауардың импортындағы жиынтық үлесі осы тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайды деген шартпен, егер тексеру жүргізетін орган осы тауарға қатысты экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидияларының жалпы мөлшері тауар бірлігіне есептелген оның құнының 2 пайызынан аспайды немесе Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлеміндегі мұндай үшінші елден осы тауар импортының үлесі 4 пайыздан кем екендігін анықтаған жағдайда субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын және Одақтың тарифтік артықшылықтары жүйесін пайдаланушы дамыған немесе аз дамыған елден шығатын тауарға қатысты өтемақылық тексеру тоқтатылады.
      230. Тексеру жүргізетін орган өтемақылық тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып барлық мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы хабарлайды және өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
      Мүдделі тұлғалар түсініктемелерін ұсыну мерзімін тексеру жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен кем бола алмайды.

5. Демпингтік немесе субсидияланатын импорт жағдайында
мүше мемлекеттердің экономика саласын айқындаудың ерекшеліктері

      231. Демпингке қарсы немесе өтемақылық тексеруді жүргізген кезде мүше мемлекеттердің экономика саласы осы Хаттаманың 232 және 233-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Шарттың 49-бабында белгіленген мағынада түсініледі.
      232. Егер мүше мемлекеттерде болжалды түрде демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын ұқсас тауарларды өндірушілер бір мезгілде тауарлардың импорттаушылары болып табылған жағдайда мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың қалған өндірушілері ғана мүше мемлекеттердің экономика саласы деп түсінілуі мүмкін.
      Мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірушілер егер:
      мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын тікелей немесе жанама бақыласа;
      тексеру объектісі болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушылары немесе импорттаушылары мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың өндірушілерін тікелей немесе жанама бақыласа;
      мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілерін және тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақыласа;
      тексеру жүргізетін органның байланысты емес тұлғадан ерекшеленетін мұндай өндірушілердің мінез-құлқы осындай байланыстан туындайды деуге негіздемесі бар деген шартпен мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері мен шетелдік өндірушілер, тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушылары немесе импорттаушылары үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақыласа, болжаммен демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауардың эскпорттаушысымен немесе импорттаушысымен байланысты ретінде қарастырылады.
      233. Мүше мемлекеттердің экономика саласын анықтаған кезде ерекше жағдайларда, егер мұндай өндірушілер мұндай нарықта тұтыну немесе ұқсату мақсаттары үшін өздері өндіретін ұқсас тауардың кем дегенде 80 пайызын сатса және мұндай нарықтағы ұқсас тауарға деген сұранысты мүше мемлекеттердің қалған аумағындағы мұндай тауардың өндірушілері айтарлықтай түрде қанағаттандырмаса, бұл мемлекеттердің аумағы 2 немесе одан артық аумағы оқшауланған бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал аталған нарықтардың біреуінің шегінде мүше мемлекеттердегі өндірушілер мүше мемлекеттер экономикасының бөлек саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Мұндай жағдайларда демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарды сату аталған бәсекелес нарықтардың бірінде шоғырланып әрі бір осындай нарық шегінде мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлар өндірушілерінің барлығына немесе барлығына дерлік залал келтіреді деген шартпен, тіпті егер мүше мемлекеттердің экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың салдарынан туындайтын материалдық залалдың, мұндай залады келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай бәсеңдету қатерінің болуы анықталуы мүмкін.
      234. Егер мүше мемлекеттердің экономика саласы осы Хаттаманың 233-тармағында белгіленген мағынада түсінілген және тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, мұндай шара Одақтың кеден аумағына тауардың бүкіл импортына қатысты қолданылуы мүмкін.
      Мұндай жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тексеру жүргізетін орган тауар экспорттаушыларына осы аумаққа мұндай тауардың демпингтік бағалар (демпингтік импорт кезінде) немесе субсидияланатын бағалар (субсидияланатын импорт кезінде) эскпортын тоқтатуға немесе мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар пайдаланбады деген шартпен Одақтың кеден аумағына экспорт шарттарына қатысты тиісті міндеттемелер алуына мүмкіндік берген соң ғана енгізіледі.

6. Жария тыңдаулар

      235. Тексеруге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда және осы Хаттамамен белгіленген мерзімде ұсынған қолдаухаттың негізінде тексеру жүргізетін орган жария тыңдауларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
      236. Тексеру жүргізетін орган тексеруге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды жүргізу барысында қаралатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
      Жария тыңдауларды өткізу күні тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап кем дегенде күнтізбелік 15 күн өткеннен соң белгіленеді.
      237. Жария тыңдауларға тексеруге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тексеруге қатысты мәліметтерді беру мақсатында олар тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
      Жария тыңдаулар барысында тексеруге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тексеруге қатысты дәлелдемелер бере алады. Тексеру жүргізетін органның өкілі жария тыңдауларға қатысушыларға олар мәлімдеген фактілердің нақтылығына қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тексеруге қатысушылар да бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауларға қатысушылар құпия деп танылатын ақпаратты жарияламауға міндетті.
      238. Жария тыңдаулар барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тексеруге қатысушылар жария тыңдаулар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде тексеру жүргізетін органға жазбаша нысанда ұсынса, тексеру барысында назарға алынады.

7. Тексеру жүргізу барысында ақпарат жинау

      239. Демпингке қарсы немесе өтемақы тексерулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін тексеру жүргізетін орган өзіне белгілі экспорттаушыларға және (немесе) тексеру объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге жауап берулері тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
      Сұрақтар тізбесі мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тексеруін жүргізу жағдайында) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тексеру жүргізу жағдайында) өндірушілеріне жіберіледі.
      Қажет болған жағдайда сұрақтар тізбесі тексеру объектісі болып табылатын тауардың импорттаушыларына және тұтынушыларына жіберілуі мүмкін.
      240. Сұрақтар тізбесі жіберілген осы Хаттаманың 239-тармағында көрсетілген тұлғалар көрсетілген тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тексеру жүргізетін органға өз жауаптарын беруге міндетті.
      Осы Хаттаманың 239-тармағында көрсетілген тұлғалардың уәжделген және жазбаша нысанда жазылған өтініштері бойынша осы мерзімді тексеру жүргізетін орган күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      241. Сұрақтар тізбесі почта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кейін немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап алынды деп есептеледі.
      Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тексеру жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы Хаттаманың 240-тармағында көрсетілген күннен бастап 30 күндік мерзім аяқталған күннен күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап келіп түскен болса, тексеру жүргізетін орган алды деп саналады.
      242. Тексеру жүргізетін орган тексеру барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және дәйектілігіне көз жеткізеді.
      Тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізіліп жатқан тексеруге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тексеру жүргізетін орган қажет болған жағдайда:
      үшінші елдің аумағында тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған жағдайда және алдағы тексеру туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда;
      мүше мемлекеттің аумағында тексеру объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің тиісті келісімін алған жағдайда тексеру жүргізуі мүмкін.
      Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде тексеріс осы Хаттаманың 239-тармағының ережелеріне сәйкес тексеру жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.
      Тиісті тексеруге қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеріс басталғанға дейін оларға тексеруге жіберілген қызметкерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тексеру жүргізетін орган үшінші елді тексеру жоспарланған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерістерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.
      Тексеру барысында сұрақтардың жауаптарында ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.
      Егер тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізетін органның осындай тексеру мақсаттары үшін аталған органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды шақыру ниеті болса, оларға қатысты тексеру әрекеттерін жүзеге асыру көзделген тексеруге қатысушылар тексеру жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуі тиіс. Осындай сарапшылардың тексеруге байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін оларға санкция қолдануға мүмкіндік болған жағдайда ғана тексеруге қатысуына жол беріледі.
      243. Тексеру барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тексерумен байланысты алынған қосымша мәліметтерді тексеру мақсатында тексеру жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тексеру жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.

8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше
мемлекеттердің дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің ақпарат
ұсынуы

      244. Осы кіші бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп мүше мемлекеттердің кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы және басқа салалардағы мемлекеттік билік (басқару) органдары және аумақтық (жергілікті) билік (басқару) органдары түсініледі.
      245. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері тексеру жүргізетін органға оның сұрау салулары (оның ішінде қайта сұрау салулары) бойынша осы Хаттамада көзделген, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тексерулерін бастау және жүргізу, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау, енгізілген арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының тиімділігін мониторингілеу және Комиссия шешімімен мақұлданған міндеттемелердің сақталуына бақылау жасау үшін қажетті ақпаратты береді.
      246. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері:
      1) тексеру жүргізетін органның сұрау салуын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде олардың иелігінде бар мәліметтерді беруге немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, мәліметтерді берудің мүмкін еместігі туралы ескертуге. Тексеру жүргізетін органның дәлелді өтініші бойынша сұратылған мәліметтер анағұрлым қысқа мерзімде берілуі тиіс;
      2) берілетін мәліметтердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етуге және қажет болған кезде толықтырулар мен өзгерістерді жедел ұсынуға міндетті.
      247. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері өз құзыреті шеңберінде тексеру жүргізетін органға:
      1) сыртқы сауда қызметі туралы статистикалық деректерді;
      2) тауарды әкелудің (әкетудің) заттай және құндық көрсеткіштерін, тауардың коммерциялық атауын, жеткізу шарттарын, жасалған елін (жөнелткен елін, жіберілген елін), жөнелтуші мен алушының атауы мен басқа есепке алу деректемелерін көрсете отырып, кедендік рәсімдер бойынша бөліп, тауар декларацияларынан деректерді;
      3) тексеру объектісі болып табылатын тауардың ішкі нарығы және мүше мемлекеттердің экономикасының тиісті саласы туралы ақпаратты (оның ішінде тауарды өндіру көлемі, өндіріс қуаттылықтарының жүктелуі, тауарды өткізу, тауардың өзіндік құны, мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының пайдасы мен залалдары, мүше мемлекеттердің ішкі нарығындағы тауарлардың бағалары, өндірістің рентабельділігі, персонал саны, инвестициялар, тауар өндірушілердің тізбесі бойынша деректер);
      4) мүше мемлекеттердің тексеру объектісі болып табылатын тауар нарығындағы тиісті тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын ықтимал енгізу немесе енгізбеу салдарын бағалау туралы ақпаратты, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының өндірістік қызметінің болжамын қоса алғанда, сұратылатын уақыт кезеңдері бойынша ақпаратты береді.
      248. Осы Хаттаманың 247-тармағында көрсетілген ақпарат тізбесі толық қамтылған болып табылмайды. Қажет болған жағдайда тексеру жүргізетін орган өзге ақпаратты сұратуға құқылы.
      249. Осы кіші бөлімді іске асыру мәселелері бойынша хат алысу және тексеру жүргізетін органның сұрау салулары бойынша ақпарат беру орыс тілінде жүзеге асырылады. Шетелдік атаулары бар жекелеген деректемелер (көрсеткіштер) бойынша латын әліпбиінің әріптерін қолдана отырып ақпарат беруге жол беріледі.
      250. Ақпарат беру көбінесе электронды тасығыштарда жүзеге асырылады. Ақпаратты электронды ақпарат тасығышта беру мүмкіндігі болмаған кезде ақпарат қағаз тасығышта жіберіледі. Кесте нысанында сұратылатын ақпарат (статистикалық және кедендік ақпарат) тексеру жүргізетін органның сұрау салуында көрсетілген нысанда беріледі. Егер ақпаратты мұндай нысанда беру мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері тексеру жүргізетін органды бұл туралы хабардар етеді және сұратылатын ақпаратты өзге нысанда береді.
      251. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктеріне жіберілетін ақпарат беру туралы сұрау салулар жазбаша түрде тексеру жүргізетін органның бланкінде ақпаратты беру мақсатын, құқықтық негіздемелерін және мерзімдерін көрсете отырып ресімделеді және оған тексеру жүргізетін органның басшысы (басшысының орынбасары) қол қояды.
      252. Тексеру жүргізетін органның сұрау салулары бойынша ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері өтеусіз негізде береді.
      253. Ақпаратты беру алмасатын органдар арасында келісілген, беру кезінде қолжетімді және ақпараттың сақталуы мен рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғалған құралдармен жүзеге асырылады. Ақпарат факсимильдік байланыс арқылы жіберілген жағдайда құжаттың түпнұсқасы да почта байланысы арқылы жіберілуі тиіс.

9. Құпия ақпарат

      254. Мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, мүше мемлекеттің заңнамасымен құпия ақпаратқа немесе таралуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ақпарат (коммерциялық салықтық, және басқа құпия ақпаратты қоса алғанда) тексеру жүргізетін органға осындай ақпаратқа қатысты мүше мемлекет заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып беріледі.
      Тексеру жүргізетін орган осындай ақпаратты қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
      255. Мүдделі тұлға тексеру жүргізетін органға беретін ақпарат осы тұлға мұндай ақпаратты ашу, оның ішінде үшінші тұлғаға бәсекелестік артықшылықты алып келетіндігі не мұндай ақпаратты берген тұлға немесе мұндай ақпарат алынған тұлға үшін қолайсыз салдарларға алып келетіндігі туралы куәландыратын негіздемелерді берген кезде, ол құпия ретінде қаралады.
      256. Құпия ақпаратты беретін мүдделі тұлғалар мұндай ақпараттың құпия емес нұсқасын бірге беруге міндетті.
      Құпия емес нұсқасы құпия түрде берілген ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті толық болуы тиіс.
      Мүдделі тұлға құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бере алмайтын ерекше жағдайларда, ол құпия емес нұсқасын беру мүмкін емес себептерін толық жазып, негіздеме беруі тиіс.
      257. Егер тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлға ұсынған негіздемелер берген ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейтіндігін анықтаған не құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген мүдделі тұлға құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемелерін бермеген немесе құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметтерді берген жағдайда тексеру жүргізетін орган бұл ақпаратты ескермеуі мүмкін.
      258. Тексеру жүргізетін орган құпия ақпаратты берген мүдделі тұлғаның немесе осы Хаттаманың 244-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің жазбаша келісімісіз құпия ақпаратты жария етпеуге және үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.
      Тексеру жүргізетін органға тексеру жүргізу мақсатында берілген құпия ақпаратты өтініш берушілердің, тексеруге қатысушылардың, мүдделі тұлғалардың немесе осы Хаттаманың 244-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің жария еткені, жеке басына пайда табу мақсатында пайдаланғаны, өзгеше мақсатсыз пайдаланғаны үшін тексеру жүргізетін органның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Одақ шеңберінде артықшылықтар мен иммунитеттер туралы халықаралық шартта көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден айырылуы және Комиссия бекітетін тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін.
      Осы Хаттама тексеру жүргізетін органның Комиссия шешімдерін қабылдау негізінде жатқан себептерді немесе Комиссия сүйенетін дәлелдемелерді Одақ Сотында осы себептерді немесе дәлелдемелерді түсіндіру үшін қажетті дәрежеде ашуына кедергі келтірмейді.
      Тексеру жүргізетін органда құпия ақпаратты пайдалану және қорғау тәртібін Комиссия бекітеді.

10. Мүдделі тұлғалар

      259. Тексеру жүргізу кезінде:
      1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тексеруін жүргізген кезде) не ұқсас тауар өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тексеруін жүргізген кезде);
      2) қатысушыларының көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тексеруін жүргізген кезде) немесе ұқсас тауар өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тексеруін жүргізген кезде) болып табылатын мүше мемлекеттердегі өндірушілердің бірлестігі;
      3) қатысушылары мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тексеруін жүргізетін кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тексеруін жүргізген кезде) өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайыздан астамын жүзеге асыратын өндірушілер бірлестігі;
      4) экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе тексеру объектісі болып табылатын тауарды импорттаушы және қатысушыларының елеулі бөлігі аталған тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы үшінші елден немесе тауар шығаратын елден импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілердің, экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың бірлестігі;
      5) экспорттаушы үшінші елдің не тауар шығарылатын елдің уәкілетті органы;
      6) тексеру объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары (егер олар өнімді өндіру кезінде осындай тауарды пайдаланса) және мүше мемлекеттердегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;
      7) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың тұтыну мәні болып табылса) мүдделі тұлғалар болып табылады.
      260. Мүдделі тұлғалар тексеру барысында дербес немесе тиісті түрде ресімделген өкілеттігі бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.
      Егер мүдделі тұлға тексеру барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет ететін болса, тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғаның назарына осы өкіл арқылы ғана тексеру мәні туралы барлық ақпаратты жеткізеді.

11. Тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар

      261. Тексеру жүргізетін орган Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтында тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы мынадай:
      тексерудің басталғаны туралы;
      алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы;
      осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес демпингке қарсы бажды ықтимал қолдану немесе осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес өтемақы бажын ықтимал қолдану туралы;
      арнайы қорғау тексеруінің аяқталғаны туралы;
      нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу үшін негіздер бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдау орындылығы туралы қорытынды жасаған тексерудің аяқталғаны туралы;
      тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы тиісті міндеттемелерді мақұлдауға байланысты тексерудің аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы;
      нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу үшін негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасаған тексерудің аяқталғаны туралы;
      тексерулерге байланысты қабылданатын өзге де шешімдер туралы хабарламаларды жариялайды.
      Мұндай хабарламалар экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына да және тексеру жүргізетін органға мәлім басқа мүдделі тұлғаларға да жіберіледі.
      262. Тексерудің басталғаны туралы хабарлама тексеру жүргізетін орган тексерудің басталғаны туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тексеру объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасы;
      2) экспорттаушы үшінші елдің атауы;
      3) Одақтың кеден аумағына өспелі импорттың бар екендігі және мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе келтіру қаупінің бар екендігі (арнайы қорғау тексеруінің басталғаны туралы шешім қабылданған кезде) туралы куәландыратын мәліметтерді қысқаша мазмұндау;
      4) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың бар екендігі және мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың елеулі баяулауының бар екендігі (демпингке қарсы немесе өтемақылық тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде) туралы куәландыратын мәліметтерді қысқаша мазмұндау;
      5) мүдделі тұлғалар өз пікірін және тексеруге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжай;
      6) тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан тексеруге қатысу ниеті туралы өтініштерді қабылдайтын күнтізбелік 25 күнді құрайтын мерзім;
      7) тексеру жүргізетін орган тексеруге қатысушылардан жария тыңдауларды жүргізу туралы қолаухаттарды қабылдайтын күнтізбелік 45 күнді құрайтын мерзім;
      8) тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан жазбаша нысанда түсініктемелер және тексеруге жататын мәліметтерді қабылдайтын күнтізбелік 60 күнді құрайтын мерзім.
      263. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарлама Комиссия осындай шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және сондай-ақ мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысының атауы не экспорттаушы үшінші елдің атауы (егер экспорттаушының атауын келтіру мүмкін болмаса);
      2) тексеру объектісі болып табылатын тауардың кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасы;
      3) демпингтік маржаның мөлшерін көрсетіп және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу мен салыстырудың әдіснамасын таңдау үшін негіздемелерді сипаттай отырып, демпингтік импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздер (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізген кезде);
      4) субсидияның болу фактісін сипаттап және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшерін көрсетіп, субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздер (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);
      5) мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі немесе материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігін анықтау үшін негіздер;
      6) өспелі импорт, демпингтік немесе субсидияланатын импорт және тиісінше мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі немесе материалдық залал, оның келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласының құрылуын елеулі тежеу арасындағы себеп-салдарлық байланысын анықтау үшін негіздер;
      7) өспелі импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздер (алдын ала арнайы бажды енгізген кезде).
      264. Осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес демпингке қарсы бажды ықтимал қолдану туралы хабарлама немесе осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес өтемақы бажын ықтимал қолдану туралы хабарлама мыналарды қамтуы тиіс:
      1) кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті, тексеру объектісі болып табылатын тауардың сипаттамасы;
      2) тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының атауы не экспорттаушы үшінші елдің атауы (егер экспорттаушының атауын елтіру мүмкін болмаса);
      3) осы Хаттаманың 104 немесе 169-тармақтарында көрсетілген шарттардың орындалғаны туралы куәландыратын мәліметтердің қысқаша сипаттамасы.
      265. Арнайы қорғау тексеруінің аяқталғаны туралы хабарламаны тексеруді жүргізетін орган тексеру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жариялайды және тексеру жүргізетін орган өзінің иелігіндегі ақпаратты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындыларды қамтуы тиіс.
      266. Нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу үшін негіздердің болуы туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдау орындылығы туралы қорытынды жасаған тексерудің аяқталғандығы туралы хабарлама тексеру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тексеру жүргізетін органның тексеру нәтижелері туралы түпкілікті қорытындысының түсіндірмесі;
      2) мұндай қорытынды жасауға негіз болған фактілерге нұсқау;
      3) осы Хаттаманың 263-тармағында көрсетілген ақпарат;
      4) тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылар мен импорттаушылардың уәждемелері мен талаптарын тексеру барысында қабылдау немесе қабылдамау себептеріне нұсқау;
      5) осы Хаттаманың 48-51-тармақтарына сәйкес шешімдер қабылдау себептеріне нұсқау.
      267. Тиісті міндеттемелерді мақұлдауға байланысты тексеруді аяқтау немесе тоқтату туралы хабарлама тексеруді аяқтаған немесе тоқтатқан күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және осы міндеттемелердің құпия емес нұсқасын қамтуы тиіс.
      268. Нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу үшін негіздердің болмауы туралы қорытынды жасаған тексеруді аяқтау туралы хабарлама тексеру аяқталғаннан күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тексеру жүргізетін органның тексеру нәтижелері туралы түпкілікті қорытындысының түсіндірмесі;
      2) негізінде осы хаттаманың 1-тармақшасында көзделген қорытынды жасалған фактілерге нұсқау.
      269. Нәтижелері бойынша осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес шара қолданбау туралы шешім қабылданған тексеруді аяқтау туралы хабарлама осындай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және олардың негізінде мұндай шешім қабылданған фактілер мен қорытындыларды көрсетіп, Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдау себептерін түсіндіруді қамтуы тиіс.
      270. Тексеру жүргізетін орган жүргізілетін тексерулер мен қолданылатын шаралар бөлігінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінде көзделген барлық хабарламалардың Дүниежүзілік сауда ұйымының құзырлы органдарына белгіленген тәртіппен жіберілуін қамтамасыз етеді.
      271. Осы Хаттаманың 261-270-тармақтарының ережелері тиісті өзгешеліктерін ескере отырып, қайталама тексерулердің басталуы және аяқталуы туралы хабарламаларға қолданылады.

VII. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын
қолданбау

      272. Комиссия тіпті мұндай шараны қолдану осы Хаттамада белгіленген критерийлерге сай келмесе де, тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Егер тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалар берген бүкіл ақпаратты талдау нәтижелері бойынша мұндай шараны қолдану мүше мемлекеттерге залал келтіруі мүмкін деген қорытынды дайындаған жағдайда, Комиссия көрсетілген шешімді қабылдауы мүмкін. Мұндай шешім, егер оны қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда, қайта қаралуы мүмкін.
      273. Осы Хаттаманың 272-тармағының екінші абзацында көрсетілген қорытынды мүше мемлекеттердің экономика саласының, тексеру объектісі болып табылатын тауар тұтынушыларының (егер олар мұндай тауарды өнім өндірген кезде пайдаланса) және мүше мемлекеттердегі мұндай тұтынушылар бірлестіктерінің, қоғамдық тұтынушылар бірлестіктерінің (егер тауарды көбінесе жеке тұлғалар тұтынатын зат болса,) және осы тауарды импорттаушылардың мүдделерін жиынтық бағалау нәтижелеріне негізделуі тиіс. Бұл ретте мұндай қорытынды көрсетілген тұлғаларға осы Хаттаманың 274-тармағына сәйкес осы мәселе бойынша өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігі берілген соң ғана жасалуы мүмкін.
      Мұндай қорытындыны дайындаған кезде өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің тиісті тауар нарығындағы сауданың әдеттегі барысы мен бәсекелестік жағдайына және мүше мемлекеттердің экономика саласының жағдайына бұрмалап әсер етуін жою қажеттілігіне ерекше мән берілуі тиіс.
      274. Осы Хаттаманың 272-тармағының ережелерін қолдану мақсаттарында мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тексеруін жүргізген кезде) немесе ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тексеруін жүргізген кезде) өндірушілері, олардың бірлестіктері, тексеру объектісі болып табылатын тауар импорттаушылары мен олардың бірлестіктері, тексеру объектісі болып табылатын тауар тұтынушылары (егер олар мұндай тауарды өнім өндірген кезде пайдаланса) және мүше мемлекеттердегі мұндай тұтынушылар бірлестіктері, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (егер тауар жеке тұлғалардың көбіне тұтынатын заты болып табылса) осы Хаттаманың 262-тармағына сәйкес жарияланатын хабарламада белгіленген мерзім ішінде осы мәселе бойынша өз түсініктемелері мен ақпаратты ұсынуға құқылы. Мұндай түсініктемелер мен ақпарат немесе олардың құпия емес нұсқасы тиісті жағдайларда осы тармақта көрсетілген мүдделі тұлғалардың танысуы үшін берілуі тиіс, олар өздерінің қарымта түсініктемелерін ұсынуға құқылы.
      Осы тармаққа сәйкес ұсынылатын ақпарат оның дәйектілігін растайтын объективті фактілердің болуы шартымен оның алынған көзіне қарамастан назарға алынуы тиіс.

VIІI. Қорытынды ережелер

1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын
қолдану туралы шешімдерге сот тәртібімен шағым жасау
ерекшеліктері

      275. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданумен байланысты Комиссия шешіміне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарау тәртібі мен ерекшеліктері Одақ Сотының Статумен (Шартқа № 2 қосымша) және Одақ Сотының регламентімен анықталады.

2. Одақ Сотының шешімдерін орындау

      276. Комиссия Одақ Сотының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға қатысты шешімдерін орындау үшін қажетті шараларды қабылдайды. Одақ Соты Шартқа және (немесе) Одақтың халықаралық шарттарына сәйкес емес деп таныған Комиссия шешімін Комиссия тексеру жүргізетін органның бастамасы бойынша Одақ Сотының шешімін орындау үшін қажет бөлігінде қайталама тексеруді жүргізу жолымен Шартқа және (немесе) Одақтың шеңберінде халықаралық шарттарға сәйкес келтіреді.
      Тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қайталама тексеру жүргізген кезде тексеру жүргізуге жататын ережелер қолданылады.
      Осы тармақта көзделген қайталама тексеруді жүргізу мерзімі, әдетте, 9 айдан аспайды.

3 Тексеру рәсімдерін әкімшілендіру

      277. Осы Хаттаманы іске асыру мақсатында Комиссия тексеруді бастау, жүргізу, аяқтау және (немесе) тоқтатып қою рәсімдеріне қатысты актілерді қабылдайды. Комиссия қабылдаған актілер Шарт ережелерін өзгертпеуі немесе оларға қайшы келмеуі тиіс.

Үшінші елдерге қатысты  
арнайы қорғау, демпингке 
қарсы және өтемақы шараларын
қолдану тәртібі туралы  
хаттамаға         
қосымша          

Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке жатқызу
және бөлу туралы ереже

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі – Шарт) ІХ бөліміне сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомасын есепке жатқызу және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібін белгілейді. Көрсетілген тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомасына есептелген өсімақы (пайыз) сомаларына да қатысты қолданылады.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 5 қосымша), Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) және Еуразиялық Экономикалық одақтың Кеден кодексінде анықталған мағыналарда қолданылады.

II. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын
есепке жатқызу және есепке алу

      3. Одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты оларды төлеу бойынша міндет көрсетілген шараны қолдану басталған күннен пайда болған Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомасы (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) осы Ережеде белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, Кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 5 қосымша) анықталған тәртіппен және нормативтер бойынша мүше мемлекеттердің бюджеттеріне есепке жатқызуға, бөлуге және аударылуға жатады.
      4. Басқа мүше мемлекеттердің бюджетіне бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын белгіленген мерзімде аудармаған немесе толық аудармаған және осы мүше мемлекеттің уәкілетті органынан арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жоқ екендігі туралы ақпарат түспеген кезде Кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (Шартқа № 5 қосымша) кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және мүше мемлекеттердің арасында бөлу үшін белгіленген 20 – 28-тармақтарының ережелері қолданылады.
      5. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы, оның ішінде осы баждарды өндіріп алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес сонда төленуі тиіс мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызылуы тиіс.
      6. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушілер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес сонда төленуі тиіс уәкілетті органның бірыңғай шотына бөлек есеп айырысу (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтарымен) төлейді.
      7. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы төлеушілердің кеден төлемдерін төлеу бойынша берешегін өтеу есебіне есепке алудан басқа, өзге төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) өтеу есебіне (бұдан әрі – берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу) есепке жатқызыла алмайды.
      8. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес сонда төленуі тиіс мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен салықтар мен алымдар, өзге төлемдер (кедендік әкелу баждарын, сондай-ақ шикі мұнайға және Одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын мұнайдан (мұнай өнімдерінен) жасалатын жекелеген тауар санаттарына қатысты кедендік әкету баждарын қоспағанда) есепке жатқызылуы мүмкін.
      Төлеушілердің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі берешегін өтеу есебінен кедендік әкелу баждары есепке жатқызылуы мүмкін.
      9. Уәкілетті органдар:
      1) уәкілетті органның бірыңғай шотындағы арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының (берешекті өтеу есебіне қайтарулар, есепке жатқызулар) түскен сомасын;
      2) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылған бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын;
      3) мүше мемлекеттің бюджетіне есепке жатқызылған арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын осы мүше мемлекеттің бөлуінен түсетін соманы;
      4) мүше мемлекеттің бюджетіне басқа мүше мемлекеттерден түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын;
      5) мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен соманы аудару жөніндегі міндеттемелерін орындамауына, толық және (немесе) уақтылы орындамауына алып келген осы Ережені бұзғаны мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түскен пайыздардың сомасын;
      6) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылуы тоқтатып қойылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын оқшаулап есепке алады.
      10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген түсімдердің сомасы әр мүше мемлекеттің бюджетті атқару туралы есептілігінде оқшаулап көрсетіледі.
      11. Мүше мемлекеттің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есепті жылдағы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      12. Мүше мемлекеттің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні ішіндегі арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомалары мүше мемлекеттің ағымдағы жылғы екінші жұмыс күнінен кешіктірмей, осы мүше мемлекеттің бюджетіне және басқа мүше мемлекеттердің шоттарына аударылады, сондай-ақ есепті жылдағы бюджетті атқару туралы есепте көрсетіледі.
      13. Мүше мемлекеттің бюджетіне басқа мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      14. Уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақшалай қаражатқа кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу жөніндегі берешекті өндіріп алу жағдайларын қоспағанда, сот актілерін орындау тәртібімен немесе басқа қандай да бір тәсілмен өндіріп алудың қолданылуы мүмкін емес.
      15. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждары кеден органдары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын алатын мүше мемлекеттің заңнамасында анықталған шотқа ұлттық валютада төленеді (өндіріп алынады).
      16. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) белгіленген жағдайларда төленген (өндіріп алынған) алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану (ұзарту, тауардың құрамдас бөлігіне және (немесе) туындыларына) туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есептелуге және олар төленген мүше мемлекеттің бірыңғай шотына есепке жатқызылуы тиіс.
      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) белгіленген жағдайларда демпингке қарсы баждардың төленуін қамтамасыз ету сомасы Комиссияның демпингке қарсы шараны қолдану туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей демпингке қарсы баждарға есептелуге және олар төленген мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуы тиіс.

III. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару

      17. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала демпингке қарсы және алдын ала өтемақы баждарының сомаларын алу үшін белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын төлеушіге қайтару көрсетілген баждардың түрлері төленген (өндіріп алынған) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) белгіленген жағдайларда (егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде өзгеше белгіленбесе), мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      18. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару осы Ережені есепке ала отырып, көрсетілген баждар төленген (өндіріп алынған) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде өзгеше белгіленбесе).
      19. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын төлеушіге қайтару, оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу ағымдағы күні уәкілетті органның бірыңғай шотынан уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, сондай-ақ осы Ереженің 20-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, есепті күні мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі орындауға қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасын есепке ала отырып, есепті күні арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне есепке жатқызылған сома шегінде жүзеге асырылады.
      20. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын төлеушіге қайтару, оларды берешекті өтеу есебіне жатқызу Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотынан есепті күні қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру күні Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен (есепке жатқызылған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы шегінде жүзеге асырылады.
      21. Ағымдағы күні қайтаруға және (немесе) берешекті өтеу есебіне есепке жатқызылуы тиіс арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасын анықтау түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.
      22. Осы Ереженің 19 және 20-тармақтарына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды және (немесе) берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде көрсетілген қайтаруды (есепке жатқызуды) мүше мемлекет келесі жұмыс күндері жүзеге асырады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушіге уақтылы қайтармағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге тиісті мүше мемлекеттің бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.

IV. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында ақпарат алмасу

      23. Уәкілетті органдар арасында осы Ережені іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу Комиссияның осындай ақпарат алмасу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін анықтайтын шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 9 ҚОСЫМША      

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде
техникалық реттеу туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Х бөліміне сәйкес әзірленді және Одақ шеңберінде техникалық реттеу тәртібін, қағидалары мен рәсімін анықтайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «аккредиттеу» - аккредиттеу жөніндегі органның белгілі бір саладағы сәйкестікті бағалау жұмысын орындауда сәйкестікті бағалау жөніндегі органның (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органның, сынау зертханасының (орталығының)) құзыреттілігін ресми тануы;
      «қауіпсіздік» - зиян келтіру және (немесе) зардап шектіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;
      «айналымдағы өнімді шығару» – өнімді Одақтың аумағында тарату мақсатында коммерциялық қызмет барысында өтеусіз немесе өтеулі негізде жеткізу немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға салмай тиеу);
      «Одақтың техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау (қадағалау)» - мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының заңды тұлғалардың, олардың басшыларының және өзге лауазымды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың, олардың уәкілетті өкілдерінің жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғаларды, жеке тұлғаларды тексеруді ұйымдастыру және өткізу, мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген анықталған бұзушылықтардың алдын алу және (немесе) салдарын жою жөніндегі шараларды қабылдау арқылы Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын бұзуының алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған қызметі, сондай-ақ мүше мемлекеттердің көрсетілген уәкілетті органдарының жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың қызметін жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің көрсетілген талаптардың орындалуын қадағалау, Одақтың техникалық регламенттері талаптарының орындалу жағдайын талдау және болжамдау жөніндегі қызметі;
      «Одақтың техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы декларация» - өтініш беруші онымен айналымға шығарылатын өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      «сәйкестікті декларациялау» - айналымға шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны;
      «Одақтың нарығында өнімдер айналымының бірыңғай белгісі» - сатып алушылар және тұтынушылар үшін айналымға шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі туралы хабардар етуге пайдаланылатын белгі;
      «өнімді сәйкестендіру» - өнімді Одақтың техникалық регламентті қолдану саласына жатқызу және осы өнімге арналған техникалық құжаттамаға өнімнің сәйкестігін белгілеу рәсімі;
      «дайындаушы» - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде өнімді өз атынан өндіруді немесе өнімді өндіру мен сатуды жүзеге асыратын және оның Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне жауапты шетелдік дайындаушы;
      «мемлекетаралық стандарт» - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт;
      «халықаралық стандарт» - халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым қабылдаған стандарт;
      «ұлттық (мемлекеттік) стандарт» – мүше мемлекеттің стандарттау жөніндегі ұлттық органы қабылдаған стандарт;
      «техникалық реттеу объектісі» - өнім немесе өнім және өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестері;
      «сәйкестікті міндетті растау» - өнімнің және жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестерінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін құжатты түрде куәландыру;
      «міндетті сертификаттау» - сертификаттау жөніндегі органның техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны;
      «аккредиттеу жөніндегі орган» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аккредиттеу жүргізуге уәкілеттік берілген орган немесе заңды тұлға;
      «сәйкестікті бағалау» - техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама түрде анықтау;
      «өнім» - материалдық-зат түрінде берілген және шаруашылық және өзге мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;
      «өңірлік стандарт» - өңірлік стандарттау жөніндегі ұйым қабылдаған стандарт;
      «тіркеу (мемлекеттік тіркеу)» - мүше мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асыратын техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысаны;
      «тәуекел» - адам өмірі немесе денсаулығына, мүлікке және қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіру ықтималдығы мен осы зиян зардаптарының қиюласуы;
      «тіркеу (мемлекеттік тіркеу) туралы куәлік» – техникалық реттеу объектісінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
      «Одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестік сертификаты» - сертификаттау жөніндегі орган онымен айналысқа шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламент(тер) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      «стандарт» - бірнеше рет пайдалану мақсатында өнімнің сипаттамалары, жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету процестерін жүзеге асыру қағидалары, зерттеу (сынау), өлшеу қағидалары мен әдістері, үлгілерді таңдау қағидалары, терминологияға, символикаға, орамға, таңбалауға немесе зат белгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар белгіленетін құжат;
      «Одақтың техникалық регламенті» (техникалық регламент) – Комиссия қабылдаған және Одақ аумағында қолдану және орындалуы үшін міндетті техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін құжат;
      «техникалық реттеу» – өнімге немесе өнімге және жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату өнімдеріне қойылатын талаптармен байланысты міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласында қарым-қатынастарды құқықтық реттеу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық реттеу;
      «дайындаушы уәкілеттік берген тұлға» - мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде сәйкестікті растау және өнімді Одақтың аумағында айналымға шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-әрекеттерді жүзеге асыратын,, сондай-ақ өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықта болатын жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға.
      3. Оларға қатысты Одақтың техникалық регламенттері күшіне енбеген техникалық реттеу объектілері үшін мүше мемлекеттер заңнамасының немесе Комиссия актілерінің нормалары қолданылады.
      Техникалық реттеу ерекшеліктері, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін қорғаныс өнімдеріне (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалуға жатқызылатын қол жетімділігі шектеулі өзге ақпаратты қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын өнімге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), атом энергиясын пайдалану саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты талаптар белгіленетін өнімдерге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ көрсетілген өнімді және көрсетілген объектілерді жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестеріне қатысты сәйкестікті бағалау, стандарттау және аккредиттеу мүше-мемлекеттер заңнамасымен белгіленеді.
      Одақтың техникалық регламенттерінде техникалық реттеу объектілеріне қойылатын міндетті талаптар, сондай-ақ өнімді сәйкестендіру қағидалары, сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері белгіленеді.
      Техникалық регламенттерді әзірлеу үшін негіз ретінде тиісті құжаттар жоқ, Одақтың техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына, оның ішінде климаттық пен географиялық факторлар немесе технологиялық және басқа ерекшеліктер салдарынан сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, тиісті халықаралық стандарттар (қағидалар, директивалар мен ұсынымдар және стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар қабылдаған өзге құжаттар) қолданылады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда өңірлік құжаттар (регламенттер, директивалар, шешімдер, стандарттар, қағидалар және өзге құжаттар), ұлттық (мемлекеттік) стандарттар, ұлттық техникалық регламенттер немесе олардың жобалары қолданылады.
      Одақтың техникалық регламенттерінде сондай-ақ терминологияға, орамға, таңбалауға, зат белгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар, санитариялық талаптар мен рәсімдер, сондай-ақ жалпы сипатқа ие ветеринарлық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптар қамтылуы мүмкін.
      Одақтың техникалық регламенттерінде мүше мемлекеттер үшін тән климаттық және географиялық факторлармен немесе мүше мемлекеттердің аумағында ғана қолданылатын технологиялық ерекшеліктермен байланысты ерекшеліктерді көрсететін ерекше талаптар қамтылуы мүмкін.
      Одақтың техникалық регламенттерінде тәуекел дәрежесін есепке ала отырып өнімге немесе өнімге және өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестеріне қойылатын арнайы талаптар, терминологияға, орамға, азаматтардың жеке санаттарын (кәмелеттік жасқа толмағандар, жүкті, емізулі баласы бар әйелдер, мүгедектерді) қорғауды қамтамасыз ететін таңбалауға немесе зат белгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар қамтылуы мүмкін.
      Одақтың техникалық регламенті Комиссия бекітетін Одақтың техникалық регламентінің мазмұны мен типтік құрылымы жөніндегі ұсынымдарды есепке ала отырып әзірленеді.
      Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Одақтың техникалық регламент талаптарын орындау мақсатында Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін бекітеді, оларды ерікті негізде қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
      Ерікті негізде көрсетілген тізбеге енгізілген тиісті стандарттарды қолдану Одақтың тиісті техникалық регламентінің талаптарын сақтаудың жеткілікті шарты болып табылады.
      Көрсетілген тізбеге енгізілген стандарттарды қолданбау Одақтың техникалық регламент талаптарын сақтамау ретінде қарастырыла алмайды.
      Көрсетілген тізбеге енгізілген стандарттарды қолданбаған жағдайда сәйкестікті бағалау тәуекелдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
      Одақтың техникалық регламент талаптарына техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер жүргізу мақсатында Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін бекітеді.
      Стандарттардың көрсетілген тізбелерін әзірлеу және қабылдау Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      Тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленгенге дейін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда - зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде қабылданған техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аттестатталған (расталған) және бекітілген зерттеулер (сынау) және өлшеу әдістемелері енгізілуі мүмкін. Көрсетілген зерттеулер (сынаулар) және өлшеу әдістемелерінің тізбесін мүше мемлекеттің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынады.
      Халықаралық және өңірлік стандарттар оларды мүше мемлекеттердің мемлекетаралық немесе ұлттық (мемлекеттік) стандарттары ретінде қабылдағаннан кейін қолданылады.
      5. Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестігін растау, сараптау нысандарында және (немесе) өзге нысанда жүргізіледі.
      Сәйкестікті міндетті растау сәйкестікті декларациялау және сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.
      Сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері Комиссия бекітетін сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары негізінде Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленеді.
      Айналысқа шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау оны айналысқа шығарғанға дейін жүзеге асырылады.
      Сәйкестікті міндетті растау Одақтың тиісті техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда ғана және Одақтың техникалық регламент талаптарына сәйкестікке ғана жүргізіледі.
      Сәйкестікті бағалау кезінде өтініш білдіруші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы не дайындаушы уәкілеттік берген жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға бола алады.
      Өтініш берушілер шеңбері Одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленеді.
      Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың бірыңғай нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын Комиссия бекітеді.
      Сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдері Интернет желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырылады. Көрсетілген бірыңғай тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      Одақтың техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдар (оның ішінде сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар, сынау зертханалары (орталықтары) Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілуі тиіс. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды осы тізілімге енгізу, сондай-ақ оны құру мен жүргізу қағидалары Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      Техникалық реттеу объектілерін тіркеуді (мемлекеттік тіркеуді) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      6. Өнімге қолданылатын Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және Одақтың техникалық регламенттерімен белгіленген сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өткен осы өнім Одақтың нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісімен міндетті түрде таңбалануға жатады.
      Одақ нарығында өнім айналымы бірыңғай белгісінің кескінін және оны қолдану тәртібін Комиссия бекітеді.
      Өнім Одақ нарығында айналымда болған кезде өнімді таңбалау орыс тілінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде аумағында өнім сатылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде (тілдерінде) басылуы тиіс.
      7. Одақтың техникалық регламенті күшіне енген күнге дейін, оларға қатысты мүше мемлекеттер бірдей міндетті талаптар, бірдей сәйкестікті растау нысандары мен схемаларын белгілеген, сәйкестікті растауды жүргізу кезінде өнімге зерттеу (сынау) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістері қолданылатын сәйкестік сертификаттарын және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациялар бере отырып, сәйкестікті міндетті түрде растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнім егер мынадай талаптар сақталып, мүше мемлекеттің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өтсе, Одақ аумағында айналысқа жіберіледі:
      сертификаттауды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі органның жүргізуі;
      сынауларды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілген сынау зертханаларында (орталықтарында) жүргізу;
      сәйкестік сертификаттарын және сәйкестігі туралы декларацияларды бірыңғай нысан бойынша ресімдеу.
      Өнімнің көрсетілген бірыңғай тізбесін, көрсетілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын Комиссия бекітеді.
      8. Одақтың кеден аумағында сәйкестігі міндетті түрде бағалануға жататын өнімді әкелу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      9. Мүше мемлекет өздерінің заңды мүдделерін қорғауды басшылыққа алып, қауіпті өнімнің айналымға шығарылуының алдын алу жөнінде шұғыл шаралар қабылдай алады. Бұл жағдайда мүше мемлекет қабылданған шұғыл шаралар туралы басқа мүше мемлекеттерді дереу хабардар етеді және осы мәселе бойынша консультациялар мен келіссөздер процесін бастауға кіріседі.
      10. Комиссия Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын техникалық реттеу саласында ақпараттық жүйені қалыптастырады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 10 ҚОСЫМША     

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат
жүргізу туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Х бөліміне сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің өнімді өлшеу салыстырымдығы мен оның сәйкестігін бағалау (растау) нәтижелерінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін және өнімнің сандық көрсеткіштерін өлшеуді қамтамасыз ету мақсатында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүзеге асырудың қағидаттарын анықтайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «өлшеу әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау» - өлшеу әдістемелерінің (әдістерінің) өлшеулерге қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін зерттеу және растау;
      «шама бірлігі» - оған бірлікке тең сандық мән шартты берілген және онымен біртекті шамаларды сандық көрсету үшін қолданылатын тіркелген өлшемдегі шама;
      «өлшем бірлігі» - осы өлшеу нәтижелері мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген бірліктерде берілген, ал өлшеулер дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шектерден шықпайтын өлшеу жағдайы;
      «өлшеу» - негізделіп шамаға беріле алатын шаманың бір немесе одан көп сандық мәнін эксперименттік алу процесі;
      «өлшеу құралдарын калибрлеу» - өлшеу құралдарының нақты метрологиялық сипаттамаларын анықтау мақсатында өлшеу құралының көмегімен алынған шама мәні мен сол текті шама бірлігінің эталонымен туындаған шама мәні арасында қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;
      «Халықаралық бірліктер жүйесі (БЖ)» - Шамалар мен салмақтар бойынша бас конференция қабылдаған, Халықаралық шамалар жүйесіне негізделген және өзіне қосымдар атауы мен белгілеулерін, жинақтарын және олардың атаулары мен белгілеулерін, сондай-ақ оларды қолдану қағидаларын қамтитын бірліктер жүйесі;
      «өлшеулер әдістемесі (әдісі)» - оларды орындау дәлдіктің белгіленген көрсеткіштерімен өлшеулер нәтижелерін алуды қамтамасыз ететін өлшеу кезінде нақты сипатталған операциялар жиынтығы;
      «метрологиялық бақылап отыру» - оған сәйкес нәтиже салыстырып тексерулер мен калибрлеулердің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы ұлттық (алғашқы) эталонмен салыстырыла алатын өлшеулер нәтижесінің қасиеті;
      «метрологиялық сараптама» - өлшеулер бірлігімен байланысты метрологиялық талаптарды, қағидаларды және нормаларды қолдану дұрыстығы мен толықтығына талдау мен бағалау;
      «ұлттық (бастапқы) эталон» - мүше мемлекет мемлекеттік немесе шаруашылық қызметте сол текті шамалар бірлігінің басқа эталондарының шамалар мәнін беру үшін негіз ретінде пайдалану үшін таныған шамалар бірлігінің эталоны;
      «өлшеу құралдарын тексеру» - өлшеу құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
      «өлшеулердің референтті әдістемесі (әдісі)» - сол текті шамаларды өлшеудің басқа әдістемелері (әдістері) көмегімен алынған шамалардың өлшенген мәнінің дұрыстығын бағалау үшін, сондай-ақ өлшеу құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын анықтау үшін қолданыла алатын өлшеулер нәтижелерін алу үшін пайдаланатын өлшеулер әдістемесі (әдісі);
      «эталондарды салғастыру» - дәлдіктің бір деңгейіндегі шамалар бірліктерінің эталондарымен өлшеу бірліктерін туындату және беру кезінде өлшеулер нәтижелері арасында қатынасты белгілеу;
      «өлшеу құралы» - өлшеуге арналған және метрологиялық сипаттамаларға ие техникалық құрал;
      «стандартты үлгі» - өлшеулер дәлдігі мен метрологиялық тексерудің белгіленген көрсеткіштерімен, болжалды тағайындалуына сәйкес сандық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде оны пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);
      «өлшеу құралының түрін бекіту» - мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік билік (басқару) органының бекітілген түрдегі өлшеу құралын сынаудың оң нәтижелері негізінде мүше мемлекет аумағында қолдануға рұқсат беру туралы шешімі;
      «стандартты үлгі түрін бекіту» - мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік билік (басқару) органының бекітілген түрдегі стандартты үлгіні сынаудың оң нәтижелері негізінде мүше мемлекет аумағында қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;
      «шама шәкілі» - тиісті шаманы өлшеу үшін бастапқы негіз қызметін атқаратын шама мәндерінің ретке келтірілген жиынтығы;
      «шама бірлігінің эталоны» - шама бірлігін немесе шама шәкілін туындатуға, сақтауға және беруге арналған техникалық құрал (құралдар кешені).
      3. Мүше мемлекеттер өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мүше мемлекеттер заңнамасын үйлестіру және мыналарды:
      1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларын бекіту жолымен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс нәтижелерін өзара тану тетіктерін құруды;
      2) олар үшін мүше мемлекеттер олардың көмегімен алынатын нәтижелердің Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ), ұлттық (бастапқы) эталондарға және (немесе) халықаралық шама бірліктерінің эталондарына метрологиялық бақылап отыруды қамтамасыз ететін шама бірліктері эталондарын, өлшеу құралдарын, стандартты үлгілерді және өлшеулердің аттестатталған әдістемелерін (әдістерін) пайдалануды;
      3) мүше мемлекеттердің тиісті ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беруді;
      4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстар орындаудың келісілген ретін қолдануды қамтамасыз ететін келісілген іс-әрекеттер жүргізу арқылы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізеді.
      4. Мүше мемлекеттер халықаралық және өңірлік метрология және стандарттау жөніндегі ұйымдар қабылдаған құжаттар негізінде өлшеулерге, шама бірліктеріне, шама бірліктерінің эталондары мен шамалар шәкілдеріне, өлшеу құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшеулер әдістемелеріне (әдістеріне) қойылатын талаптарды белгілеуге қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
      5. Мүше мемлекеттер өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы жұмыстарды жүргізудің бекітілген тәртібіне және тану қағидаларына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды орындауға уәкілетті (нотификацияланған) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары немесе заңды тұлғалары орындаған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс нәтижелерін өзара тануды жүзеге асырады.
      Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстардың нәтижелерін тану мүше мемлекеттер аумағында дайындалған өлшеу құралдарына қатысты жүзеге асырылады.
      6. Мүше мемлекеттердің өлшеу нәтижелерінің, өлшем бірлігі эталондарының, стандартты үлгілерінің ұлттық (алғашқы) эталондарына және Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ) метрологиялық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер шамалар бірлігі эталондарын құру және жетілдіру, стандартты үлгілердің номенклатурасын анықтау және әзірлеу, оны үнемі салғастыру жолымен мүше мемлекеттердің шама бірліктері эталондарына баламалығын белгілеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады.
      7. Мүше мемлекеттердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілері, нормативтік және халықаралық құжаттары, мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары, мүше мемлекеттер реттейтін салада өлшеудің аттестатталған әдістемелері (әдістері), өлшеу құралдары, шама бірліктерінің эталондары мен шама шәкілдері, бекітілген стандартты үлгілердің түрлері мен өлшеу құралдардың бекітілген түрлері туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық қорларын құрайды.
      Ақпараттық қорларды мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, ақпарат қорларында бар мәліметтерді өзара беруді осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары Комиссия белгілейтін тәртіппен ұйымдастырады.
      8. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің ұстанымын келісуге бағытталған консультациялар өткізетін және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды үйлестіруді және өткізуді жүзеге асыратын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік билік (басқару) органдарына тиісті өкілеттіктер береді.
      9. Комиссия мынадай құжаттарды бекітеді:
      1) олардың Халықаралық бірліктер жүйесімен (БЖ) ара қатынасын қоса алғанда Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын жүйеден тыс шамалар бірліктерінің тізбесі;
      2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидалары;
      3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстар жүргізу тәртіптері, оның ішінде:
      Одақтың техникалық регламент жобасына, стандарттардың тізбесі жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі, оларды қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламентінің, зерттеу (сынау) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу ережесін қамтитын стандарттар тізбесінің жобасы талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етіледі;
      зертханааралық салыстырмалы сынаулар (зертханааралық салғастырулар) жүргізуді ұйымдастыру тәртібі;
      өлшеулер әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібі;
      өлшеулердің референтті әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшеулер әдістемесін (әдісін) аттестаттау тәртібі;
      өлшеу құралының түрін бекіту тәртібі;
      стандартты үлгі түрін бекіту тәртібі;
      өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуді ұйымдастыру тәртібі;
      4) мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беру тәртібі.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 11 ҚОСЫМША      

Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу
бойынша жұмыс нәтижелерін тану туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) Х бөліміне сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану шарттарын анықтайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:  «апелляция» - сәйкестікті бағалау жөніндегі органның аккредиттеу жөніндегі орган осы сәйкестікті бағалау жөніндегі органға қатысты қабылдаған шешімді қайта қарау туралы аккредиттеу жөніндегі органға өтініш беруі;
      «аккредиттеу жөніндегі сарапшыны аттестаттау» - жеке тұлғаның белгіленген талаптарға сәйкестігін растау және оның аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргізу құзыреттілігін тану;
      «шағым» - кез келген тұлға тарапынан сәйкестікті бағалау жөніндегі органның немесе аккредиттеу жөніндегі органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбауын білдіруі және жауап талап етуі;
      «аккредитацияға өтініш беруші» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген және сәйкестікті бағалау жөніндегі орган ретінде аккредиттелуге үміткер заңды тұлға;
      «аккредиттеу жөніндегі орган» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аккредиттеу жүргізуге уәкілетті орган немесе заңды тұлға;
      «техникалық сарапшы» - аккредиттеудің белгілі бір саласында білімі бар, сәйкестікті бағалау жөніндегі органды аккредиттеуге қатысуға аккредиттеу жөніндегі орган тартатын және тағайындайтын және техникалық сарапшылар тізіліміне енгізілген жеке тұлға,
      «аккредиттеу жөніндегі сарапшы» - мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарға аккредиттеу жүргізу үшін аккредиттеу жөніндегі орган аттестаттаған және тағайындаған және аккредиттеу жөніндегі сарапшылар тізбесіне енгізілген жеке тұлға.
      3. Мүше мемлекеттер:
      халықаралық және өңірлік аккредиттеу жөніндегі ұйымдар қабылдаған халықаралық стандарттар мен өзге құжаттардың негізінде аккредиттеу саласында қағидалар қабылдау;
      халықаралық стандарттар негізінде әзірленген аккредиттеу саласындағы мемлекетаралық стандарттарды қолдану;
      зертханааралық салыстыру сынауларын (зертханааралық салғастырулар) жүргізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
      ақпарат ашықтығы, қайтарымсыздығы және уақтылығы қағидаттары негізінде аккредиттеу саласында ақпарат алмасу арқылы аккредиттеу саласында заңнаманы үндестіруді жүзеге асырады.
      Аккредиттеу жөніндегі органдар Шарттың 54-бабының ережелерін орындаған кезде мүше мемлекеттердің ұлттық аккредиттеу жүйелерінде сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдар және сынау зертханалары (орталықтары)) аккредиттеуді мүше мемлекеттер өзара таниды.
      4. Аккредиттеу жөніндегі органдар мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) мыналарды:
      сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдардың тізілімін;
      аккредиттеу жөніндегі сарапшылар тізілімін;
      техникалық сарапшылар тізілімін;
      Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
      2) Одақтың ақпараттық жүйесіне сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдар, аккредиттеу жөніндегі сарапшылар мен техникалық сарапшылар тізілімдерінен мәліметтерді, сондай-ақ аккредиттеуге қатысты және Шартта көзделген өзге де мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;
      3) аккредиттеу жөніндегі орган өкілдеріне мүше мемлекеттерде қолданылатын рәсімдердің тең мәнділігіне қол жеткізу мақсатында өзара салыстырмалы бағалауларды жүзеге асыру мүмкіндігін береді;
      4) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар берген, аккредиттеу жөніндегі орган сәйкестікті бағалау жөніндегі органға қатысты қабылдаған шешімді қайта қарау туралы келіп түсетін апелляцияларды қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды;
      5) мүше мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларынан келіп түсетін аккредиттеу жөніндегі органдардың қызметіне, сондай-ақ олар аккредиттеген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қызметіне қатысты шағымдарды қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды.
      5. Аккредиттеу жөніндегі орган туралы өзекті ақпаратты ол Комиссияға Интернет желісінде Одақтың ресми сайтында орналастыру үшін тапсырады.
      6. Аккредиттеу жөніндегі сарапшылар мен техникалық сарапшылардың тең құзыреттік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында аккредиттеу жөніндегі органдар аккредиттеу жөніндегі сарапшылар мен техникалық сарапшылардың құзыреттігіне қойылатын талаптарды үндестіруді қамтамасыз етеді.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 12 ҚОСЫМША     

Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХІ бөліміне сәйкес әзірленді және санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану тәртібін анықтайды.
      2. Осы Хаттамада қолданылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «шетелдік ресми қадағалау жүйесінің аудиті» - шетелдік ресми қадағалау жүйесінің кем дегенде бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға барабар ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін анықтау рәсімі;
      «ветеринариялық бақылау (қадағалау)» - ветеринария саласындағы уәкілетті органдардың жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың әкелінуіне және таралуына жол бермеуге, сондай-ақ Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің талаптарын және мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған қызметі;
      «ветеринариялық-санитариялық шаралар» - жануарлар ауруларының алдын алу және туындайтын қатерлерге байланысты, оның ішінде олар Одақтың кеден аумағының шегінде жануарлармен, жем-шөппен, жануарлардан алынатын шикізатпен және өніммен, сондай-ақ оларды тасымалдаған көлік құралдарымен бірге келген немесе таралған жағдайда адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықты қорғау мақсатында қолданылатын орындау үшін міндетті талаптар мен рәсімдер;
      «ветеринариялық сертификат» - ветеринария саласында уәкілетті орган орнын ауыстыруға (тасымалдауға) жататын бақылаудағы тауарларға беретін және оның ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігін және (немесе) осы тауарлар өндірілетін әкімшілік аумақтардың, жануарлардың жұқпалы аурулары, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулар бойынша ветеринариялық-санитариялық қолайлылығын растайтын құжат;
      «мемлекеттік тіркеу» - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өнімнің бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға немесе Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
      «мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау)» - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың Комиссия және мүше мемлекеттердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген міндетті талаптардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған қызметі;
      «бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»- ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарларға, олардың айналымына және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қойылатын Одақтың кеден аумағында жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының және ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпті жануар текті тауарлардың пайда болуына, әкелінуіне және таралуына жол бермеуге бағытталған талаптар;
      «бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптар» - Одақтың кеден шекарасында және Одақтың кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылатын өнімге (карантинге жатқызылатын жүктерге, карантинге жатқызылатын материалдарға, карантинге жатқызылатын тауарларға), оның айналымына қойылатын және Одақтың кеден аумағында карантиндік объектілердің пайда болуына, әкелінуіне және таралуына жол бермеуге бағытталған талаптар;
      «өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормалары» - карантиндік фитосанитариялық зерттеулер қағидалары, рәсімдері, нұсқаулықтары, әдістемелері, Одақтың кеден шекарасында және Одақтың кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын карантинге жатқызылатын өнімді (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар) жіті қарау, карантиндік объектілерді сәйкестендіру, зертханалық зерттеу және сараптау жүргізу, залалсыздандыру әдістері және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыратын өзге де маңызды іс-шаралар;
      «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар» - адам ағзасына өмір сүру ортасы факторларының зиянды әсерінің алдын алуға және адамның қолайлы тыныс-тіршілік жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған, Комиссия сақтау үшін міндетті деп белгілеген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) бақылайтын өнімге (тауарларға) қойылатын талаптарды қамтитын құжат;
      «жануарлар» - жануарлардың барлық түрлері, оның ішінде құстар, аралар, су жануарлары және жабайы фауна өкілдері;
      «өсімдіктер карантині» - Одақтың кеден аумағында карантиндік объектілерден өсімдіктерді және өсімдік тектес өнімдерді қорғау жөніндегі шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.
      «карантиндік объектілер» - мүше мемлекеттердің аумақтарында жоқ немесе шектеулі таралған және Одақтың бірегей карантиндік объектілер тізбесіне енгізілген зиянды ағзалар;
      «карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздік» - Одақтың кеден аумағын карантиндік объектілердің енуі және (немесе) таралуы кезінде туындайтын тәуекелдерден қорғау жағдайын қамтамасыз ету;
      «карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау)» - өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдардың карантиндік объектілерді анықтауға, карантинге жатқызылатын өнімнің (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауар) карантиндік фитосанитариялық жағдайын белгілеуге, халықаралық міндеттемелерді және мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларын орындауға бағытталған қызметі;
      «карантиндік фитосанитариялық шаралар» - Одақтың кеден аумағын карантиндік объектілердің әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету және олар келтіретін шығындарды азайту, сондай-ақ карантинге жатқызылатын өніммен (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар) халықаралық сауда-саттықта кедергілерді жою мақсатында қолданылатын орындалуы міндетті талаптар, қағидалар және рәсімдер;
      «ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объект» - ветеринариялық-санитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды дайындауға (өндіруге), қайта өңдеуге, тасымалдауға және (немесе) сақтауға қатысатын ұйым немесе тұлға;
      «карантинге жатқызылатын өнімдер партиясы (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар)» - бір көлік құралымен бір жеткізу пунктіне бір алушыға жеткізуге арналған карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылағн тауарлар) саны;
      «ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарлардың партиясы» - бір көлік құралымен бір жеткізу пунктіне бір алушыға жеткізуге арналған және бір ветеринариялық сертификатпен ресімделген ветеринариялық-санитариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауар;
      «карантинге жатқызылатын өнім (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар)» - Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын және Одақтың кедендік шекарасы арқылы және Одақтың кеден аумағымен тасымалданатын, карантиндік объектілерді тасымалдаушылар болуы мүмкін және (немесе) оларды таратуға қабілетті және оларға қатысты карантиндік фитосанитариялық шара қолдануды қажет ететін карантинге жатқызылатын өнімнің (карантинге жатқызылатын жүктердің, карантинге жатқызылатын материалдардың, карантинге жатқызылатын тауарлардың) бірыңғай тізбесіне енгізілген өсімдіктер, өсімдік тектес өнім, жүктер, құнарлы топырақ, ағзалар, материалдар, ыдыс, орам;
      «карантинге жататын объектілер» - Одақтың кеден аумағына ену және (немесе) онда карантиндік объектілерді тарату көздері болуы мүмкін кез келген нысаналы мақсаттағы жерлер, ғимараттар, құрылымдар, құрылыстар, резервуарлар, сақтау орындары, жабдықтар, көлік құралдары, контейнерлер және өзге объектілер;
      «мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнім (тауарлар) – санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, Одақтың кедендік шекарасы арқылы және Одақтың кеден аумағымен тасымалданатын тауарлар, химиялық, биологиялық және радиоактивті заттар, оның ішінде иондаушы сәулелену көздері, қалдықтар және адам үшін қауіп төндіретін өзге жүктер, тамақ өнімдері, материалдар және бұйымдар;
      «ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарлар» - ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар;
      «мемлекеттік тіркеуге жататын өнім» – айналымға түскен кезде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізуі мүмкін және қауіпсіздігі мемлекеттік тіркеудің болу фактісімен расталатын жекелеген өнім түрлері;
      «ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарларды әкелуге (әкетуге) және олардың транзитіне рұқсат беру» - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы беретін ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарларды әкелу және олардың транзиті кезінде экспорттаушы елдердің эпизоотиялық ахуалына сүйене отырып, бақыланатын ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарларды пайдалану тәртібін және шарттарын анықтайтын құжат;
      «санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар» - мынадай:
      адамның және жануарлардың өмірі мен денсаулығын ластаушы заттардың қоспаларынан, токсиндерден немесе тамақ өнімдеріндегі, сусындардағы, жем-шөптегі және басқа өнімдердегі ауру тудыратын ағзалардың пайда болуынан туындайтын тәуекелдерден қорғау;
      жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдіктер мен жануарлардың, өсімдіктердің (арам шөптердің) ауру қоздырғыштарының және қатысушы-мемлекеттер үшін карантиндік мәні бар, аурулардан немесе ауру тудыратын ағзалардың таралуымен, жерсінуімен (бекінуімен) байланысты туындайтын тәуекелдерден қорғау;
      адамның өмірі мен денсаулығын жануарлар, өсімдіктер немесе олардың өнімдері тасымалдайтын ауруларға байланысты туындайтын тәуекелдерден қорғау;
      өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдіктер мен жануарлардың, өсімдіктердің (арам шөптердің) ауру қоздырғыштарының, қатысушы мемлекеттер үшін карантиндік мәні бар ауру тудыратын ағзалардың таралуымен, жерсінуімен (бекінуімен) келтірілетін, оның ішінде олар жануарлармен және (немесе) өсімдіктермен, өнімдермен, жүктермен, материалдармен, көлік құралдарымен тасымалданған немесе таралған жағдайда басқа шығынның алдын алу немесе шектеу мақсаттарында қолданылатын орындалуы міндетті санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және крантиндік фитосанитариялық талаптар мен рәсімдер;
      «санитариялық-карантиндік бақылау» – адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімді (тауарларды) әкелудің, жұқпалы және жаппай жұқпалы емес ауралардың (уланулардың) келуінің, пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, мемлекетаралық жөнелту темір жол станцияларында немесе қиылысу станцияларында тұлғаларға, көлік құралдарына және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімге (тауарларға) қатысты мемлекеттік санитариялық –эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) түрі;
      «санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар» - тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсер ету тәуекелін бағалауға, осындай тәуекелді жоюға немесе азайтуға, жұқпалы және жаппай жұқпалы емес аурулардың (уланулардың) пайда болуының және таралуының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған ұйымдастыру, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитариялық, алдын алу және өзге шаралар;
      «халықтың санитариялық-эпидемиологилық салауаттылығы» – адамға тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсері жоқ және оның тыныс-тіршілігінің қолайлы жағдайлары қамтамасыз етілетін халықтың денсаулығының, тіршілік ету ортасының ахуалы;
      «санитариялық шаралар» – орындалуы міндетті талаптер мен рәсімдер, оның ішінде түпкілікті өнімге қойылатын талаптар, өңдеу, өндіру, тасымалдау, сақтау және кәдеге жарату әдістері, сынамаларды іріктеу, тәуекелді бағалауды зерттеу (сынау) әдістері, мемлекеттік тіркеу рәсімдері, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталған өнімді (тауарларды) таңбалауға және орауға қойылатын талаптар;
      «мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» - өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, өнімнің (тауарлардың) брыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігін куәландыратын және Комиссия бекітетін бірыңғай нысан бойынша және тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
      «ветеринария саласындағы уәкілетті органдар» - мүше мемлекеттердің ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен мекемелері;
      «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар» – мүше мемлекеттердің заңнамасына және Комиссияның актілеріне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салуаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен мекемелері;
      «өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар» - өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдар;
      «фитосанитариялық бақылау бекеті» - Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес анықталатын өзге жерлерде құрылатын өсімдіктер карантині жөніндегі пункт;
      «фитосанитариялық сертификат» - карантинге жатқызылатын өнімді (карантинге жатқызылатын жүк, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар) сүйемелдейтін және 1951 жылғы 6 желтоқсандағы Халықаралық өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі конвенцияда белгіленген нысан бойынша экспорттаушы (қайта экспорттаушы) елдің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы беретін және карантинге жатқызылатын өнім (карантинге жатқызылатын жүк, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарына сәйкес келетінін растайтын халықаралық үлгідегі құжат;
      «эпизоотиялық ахуал» - белгілі бір аумақтағы, нақты көрсетілген уақыттағы жануарлардың ауруларымен, олардың таралуымен және аурушаңдық деңгейімен сипатталатын ветеринариялық-санитариялық жағдай.

ІІ. Санитариялық шаралар

      3. Одақтың кедендік шекарасындағы және Одақтың кеден аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) Комиссия бекітетін тәртіппен жүргізіледі.
      4. Мүше мемлекеттер Одақтың кедендік шекарасы арқылы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) орын ауыстырылуына арналған өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құрады және қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды.
      Мүше мемлекеттер Комиссия бекітетін талаптарды есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін арнайы жабдықталған және құралдармен жарақтандырылған санитариялық-карантиндік пункттерде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асырады.
      Комиссия Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі мүше мемлекеттердің заңнамасына және Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес анықталатын арнайы жабдықталған өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын өнімнің тізбесін анықтайды.
      Комиссияның актілеріне сәйкес Одақтың аумағында мемлекеттік тіркеуге жататын өнімнің айналымы мемлекеттік тіркеу болған кезде жүзеге асырылады.
      5. Мүше мемлекеттер:
      1) Одақтың кеден аумағында адамның денсаулығы үшін қауіпті жұқпалы және жаппай жұқпалы емес аурулардың (уланулардың) келуінің, таралуының алдын алуға, төтенше жағдайлардың, сондай-ақ биологиялық агенттерді, химиялық және радиоактивті заттарды қолдана отырып, террористік актілердің салдарын жоюға бағытталған келісілген шараларды қабылдайды;
      2) Одақтың кеден аумағына адамның өміріне, денсаулығына және оның өмір сүру ортасына қауіпті мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) әкелінуіне және айналымына жол бермеу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырады.
      6. Мүше мемлекеттер мынадай:
      мүше мемлекеттің аумағында санитариялық-эпидемиологиялық ахуал нашарлаған;
      тиісті халықаралық ұйымдардан, мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден қабылданатын санитариялық шаралар және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны туралы ақпарат алған;
      егер санитариялық шараларды қабылдаудың тиісті ғылыми негіздемесі жеткіліксіз немесе қажетті мерзімде ұсынылуы мүмкін болмаса;
      бірыңғай санитариялық талаптарға немесе Одақтың техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы тауарлар анықталған жағдайларда уақытша санитариялық шаралар енгізуге және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге құқығы бар.
      Мүше мемлекеттер барынша қысқа мерзімде өздерінің санитариялық шараларды енгізгені, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізгені және олардың өзгерістері туралы бірін бірі хабардар етеді.
      Мүше мемлекет уақытша санитариялық шараларды енгізген кезде басқа мүше мемлекеттер қажетті шараларды қабылдайды және осындай шаралар енгізу туралы шешім қабылдаған мүше мемлекетті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізеді.
      7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар:
      Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткен кезде Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кеден аумағында орналасқан мүше мемлекеттердің өткізу пункттерінде тұлғаларға, көлік құралдарына, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы тауарларға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырады;
      басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан зертханалық зерттеулердің (сынаулардың) қажетті хаттамаларын сұратуға құқығы бар;
      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзара ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді;
      бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың ықтимал түсімдері туралы, халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларда көрсетілген аса қауіпті жұқпалы аурулардың және адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті өнімнің әрбір анықталған жағдайы туралы бірін бірі хабардар етеді;
      қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша Одақтың санитариялық шаралар саласындағы құқығын құрайтын актілерде белгіленген талаптарды сақтау және Одақтың кеден аумағын жұқпалы және жаппай жұқпалы емес аурулардың (уланулардың), санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы тауарлардың әкелінуінен және таралуынан қорғау мақсатында, сондай-ақ өзге мәселелерді жедел шешу үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы тауарларды өндіретін мүше мемлекеттердің аумақтарында бірлескен тексерулер (инспекциялар) жүргізеді.
      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар Одақтың кеден аумағында жұқпалы және жаппай жұқпалы емес ауруларды (улануларды) және (немесе) адамның өміріне, денсаулығына және тіршілік ету ортасына қауіпті өнімді және олардың таралуын анықтаған жағдайда олар туралы, сондай-ақ қолданған санитариялық шаралар туралы Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жібереді.
      8. Бірлескен тексерулерді (инспекцияларды) жүргізуге байланысты шығыстарды қаржыландыру егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, мүше мемлекеттердің тиісті бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

IIІ. Ветеринариялық-санитариялық шаралар

      9. Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кеден аумағында ветеринариялық-санитариялық бақылау (қадағалау) Комиссия бекітетін Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кеден аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
      10. Мүше мемлекеттер Одақтың кедендік шекарасы арқылы ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарлардың орын ауыстырылуына арналған өткізу пункттерінде шекаралық бақылау ветеринариялық пункттерін құрады және қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қабылдайды.
      11. Ветеринария саласындағы уәкілетті органдар:
      1) Одақтың кедендік аумағында жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпті жануар текті тауарлардың (өнімдердің) әкелінуіне және таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
      2) мүше мемлекеттің аумағында жануарлар, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларды және (немесе) ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпті жануар текті тауарларды (өнімдерді) анықтаған және олар таралған жағдайда диагноз ресми анықталғаннан немесе тауарлардың (өнімдердің) қауіпсіз еместігі дәлелденгеннен кейін дереу олар туралы, сондай-ақ Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын хабардар ету үшін қабылданған ветеринариялық-санитариялық шаралар туралы ақпаратты Комиссияға жібереді;
      3) Комиссияға мүше мемлекеттердің жануарлардың аса қауіпті және карантинді ауруларының тізбесіндегі өзгерістер туралы дер кезінде хабарлайды;
      4) ветеринария саласында өзара ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді;
      5) Комиссия бекітетін тәртіппен шетелдік ресми жүйенің аудитін жүзеге асырады.
      12. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерді бірлесіп тексеру (инспекция) объектілерді бірлескен тексеруді жүргізу және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың сынамасын іріктеп алудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
      Шетелдік ресми қадағалау жүйелерінің аудитін және бірлескен тексерулерді (инспекцияларды) жүргізуге байланысты шығыстарды қаржыландыру, егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, мүше мемлекеттердің тиісті бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      13. Ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулерді жүргізу қағидаларын және әдіснамасын Комиссия белгілейді.
      14. Ветеринариялық дәрілік құралдардың, ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың, жем-шөп қоспаларының, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дезакаризациялық заттардың айналымын реттеу қағидаларын Комиссия және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      15. Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың және халықаралық ұсынымдардың, стандарттардың, нұсқаулықтардың негізінде мүше мемлекеттер Комиссияның актілеріне сәйкес бірыңғай нысандардан ерекшеленетін ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген Одақтың кедендік аумағына әкелінетін ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарларға ветеринариялық сертификаттардың үлгілерін жөнелтуші елдің (үшінші тараптың) құзыретті органдарымен келісуі мүмкін.
      16. Транзиттің кедендік рәсімдеуіне орналасқан ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарлар Одақтың кеден аумағымен Комиссия белгілейтін тәртіппен тасымалданады.
      Ветеринариялық бақылаудың (қадағалаудың) бақылауындағы тауарларды әкелуге (шығаруға) рұқсат беруді және ветеринариялық сертификаттарды ресімдеуді осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      17. Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандарын Комиссия бекітеді.

IV. Карантиндік фитосанитариялық шаралар

      18. Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      19. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаларын және нормаларын Комиссия бекітеді.
      20. Мүше мемлекеттер Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін карантинге жатқызылатын өнімнің (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар және карантинге жатқызылатын тауарлар) орын ауыстырылуына арналған өткізу пункттерінде және өзге орындарда Комиссия бекітетін олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуына және жайластырылуына қойылатын талаптарды есепке ала отырып, өсімдіктердің карантині жөніндегі пункттерді (фитосанитариялық бақылау бекеттері) құрады.
      21. Мүше мемлекеттер карантиндік объектілердің Одақтың кеден аумағына әкелінуінің және таралуының алдын алу жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.
      22. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар:
      1) Одақтың кедендік шекарасы арқылы карантинге жатқызылатын өнімді өткізу кезінде өткізу пункттерінде және өсімдіктер карантині жөніндегі пункттер (фитосанитариялық бақылау бекеттері) жабдықталатын және жайластырылатын өзге орындарда карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырады;
      2) бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына карантинге жатқызылатын өнімді өткізу кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырады;
      3) Одақтың кеден аумағында карантиндік объектілер анықталған және таралған жағдайда Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесіне олар туралы, сондай-ақ қабылданған карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы ақпарат жібереді;
      4) өз мемлекеттері аумағында карантиндік объектілердің анықталуы және таралуы жағдайлары туралы және өздерінің уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізгені туралы бір-бірін уақтылы хабардар етеді;
      5) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету саласында бір-біріне ғылыми, әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді;
      6) өткен жылға өз мемлекеттері аумағында карантиндік объектілердің анықталуы және таралуына қатысты статистикалық ақпаратпен жыл сайын алмасып отырады;
      7) мүше мемлекеттер аумағындағы карантиндік фитосанитариялық ахуалға қатысты ақпаратпен және қажет болған жағдайда өзге де ақпаратпен, оның ішінде карантиндік объектілермен күресуде тиімді болған шаралар туралы мәліметтермен алмасып отырады;
      8) зиянды ағзалар туралы ақпарат негізінде реттелетін карантиндік емес зиянды ағзалардың тізбесін, Одақтың бірыңғай карантиндік объектілер тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      9) карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) саласында басқа да мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      10) өзара уағдаластық бойынша:
      Одақтың кеден аумағына үшінші елдерден әкелінетін карантинге жатқызылатын өнімдерді өндіру (дайындау), сұрыптау, қайта өңдеу, қоймада сақтау және орау орындарын бірлесіп тексеруді жүргізу мақсатында мамандарды жібереді;
      өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаларын және нормаларын әзірлеуге қатысады.
      23. Карантинге жатқызылатын өнімдер тізбесіне сәйкес карантинге жатқызылатын фитосанитариялық тәуекелі жоғарғы өнім (карантинге жатқызылған жүк, карантинге жатқызылған материал, карантинге жатқызылған тауар) тобына жатқызылған карантинге жатқызылатын өнімнің (карантинге жатқызылатын жүк, карантинге жатқызылатын материал, карантинге жатқызылатын тауар) әр легі Одақтың кеден аумағына әкелінеді және (немесе) экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің уәкілетті органы беретін фитосанитариялық сертификаттың сүйемелдеуімен бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тасымалданады.
      24. Карантиндік фитосанитариялық шараларды зертханалық қамтамасыз ету Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
      25. Әрбір мүше мемлекеттің мынадай:
      1) өз аумағында карантиндік фитосанитариялық ахуал нашарлаған;
      2) тиісті халықаралық ұйымдардан, мүше мемлекеттерден және (немесе) үшінші елдерден қабылданатын карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы ақпарат алған;
      3) егер карантиндік фитосанитариялық шараларды қолданудың тиісті ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған немесе қажет болған мерзімдерде жеткізу мүмкін болмаған;
      4) үшінші елдерден әкелінетін карантинге жатқызылатын өнімде (карантинге жатқызылатын жүктер, карантинге жатқызылатын материалдар, карантинге жатқызылатын тауарлар) жүйелі түрде карантиндік объектілер анықталған жағдайда уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлеуге және енгізуге құқығы бар

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 13 ҚОСЫМША     

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында
келісілген саясатты жүргізу туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХII бөліміне сәйкес әзірленген және мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты жүргізу қағидаттарын және оның негізгі бағыттарын анықтайды.
      2. Осы Хаттамада қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мүше мемлекеттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы» – мүше мемлекетте әрекет ететін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы;
      «дайындаушы» - меншік нысанына (түріне) қарамастан ұйым, сондай-ақ тұтынушыларға өткізу үшін тауарлар шығаратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
      «орындаушы» - меншік нысанына (түріне) қарамастан ұйым, сондай-ақ жұмыстар орындайтын немесе тұтынушыларға қызмет көрсететін жеке кәсiпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
      «жосықсыз шаруашылық жүргізуші субъектілер» - өз қызметінде егер бұл бұзушылықтар тұтынушыларға және (немесе) қоршаған ортаға мүлiктiк немесе мүлiктiк емес нұқсан келтiруi мүмкiн болса немесе келтiрсе, мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын, iскерлiк айналым дәстүрлерін бұзушылықтарға жол берген сатушылар, дайындаушылар, орындаушылар;
      «тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi» - тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында құрылған мүше мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес тiркелген азаматтар және (немесе) заңды тұлғалардың коммерциялық емес бiрлестiктерi (ұйымдары), сондай-ақ барлық немесе бiрнеше мүше мемлекеттердiң аумақтарында әрекет ететін халықаралық үкiметтiк емес ұйымдар;
      «тұтынушы» – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес, тек жеке (тұрмыстық) қажеттіліктерге арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс беруге (сатып алуға) ниеті бар не тапсырыс берушi (сатып алушы, пайдаланушы) жеке тұлға;
      «сатушы» – меншік нысанына (түріне) қарамастан ұйым, сондай-ақ тұтынушыларға тауарларды сату-сатып алу шарты бойынша өткiзетiн жеке кәсiпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
      «тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар» – мүше мемлекеттердің заңнамасына, халықаралық шарттарға және Одақ құқығын жасайтын актілерге сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бақылау (қадағалау) қызметін және (немесе) нормативтік-құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары.

ІІ. Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы саясаттың негізгі
бағыттарын іске асыру

      3. Мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тең жағдайларын қалыптастыру мақсатында мүше мемлекеттер тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы мүше мемлекеттердің заңнамасын және осы саладағы халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған нормаларын ескере отырып, мынадай негiзгi бағыттар бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясат жүргізуді қамтамасыз етеді:
      1) тұтынушыларды, мемлекеттiк органдарды және тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiн тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушылар (сатушылар, орындаушылар) туралы жедел және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету;
      2) жосықсыз шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiнiң және мүше мемлекеттердiң аумақтарында сапасыз тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) сатылуының алдын алу жөнiнде шаралар қолдану;
      3) тұтынушылар үшін тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және құқықтық санасын дамыту, әкімшілік және сот тәртібімен тұтынушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды жүзеге асыру тәсілдері туралы оларды хабардар ету жолымен тұтынушылар үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) еркін таңдауға ықпал ететін жағдайлар жасау, сондай-ақ мүше мемлекеттер тұтынушыларының заң қызметіне қол жеткізуі;
      4) мүше мемлекеттердiң бiлiм беретiн жүйелерiнде азаматтарды оқытудың ажырамас бөлiгi ретiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ағарту бағдарламаларын іске асыру;
      5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiн насихаттау мен жүйелi түрде жария етуге бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде радио мен теледидарды тарту;
      6) мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаларын жақындату.

IIІ. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау

      4. Мүше мемлекеттер тұтынушылардың тәуелсiз қоғамдық бiрлестiктерiнiң қызметi үшiн жағдайлар жасауға, олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, тұтынушылардың құқықтарын насихаттауға және түсіндіруге, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ақпарат алмасу жүйесін құруға қатысуына жәрдемдеседі.

IV. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті
органдардың өзара іс-қимыл жасауы

      5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауы:
      1) мынадай:
      мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық тұрғыда қорғау саласындағы тәжірибесі туралы;
      мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылау жүйесінің қолданылуын жетілдіру және қамтамасыз ету шаралары туралы;
      мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратпен алмасу;
      2) ішкі нарықта анықталған, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың сұрау салуларының негізінде тұтынушылар құқықтарының бұзылғаны туралы ақпарат алмасуды қоса алғанда, резидент мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы мүше мемлекеттердің заңнамасының бұзуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде ынтымақтасу;
      3) мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу;
      4) жұмыс топтарын құруды, тәжірибе алмасуды және кадрларды оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық үдерісінде туындайтын мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету;
      5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері қызметінің нәтижелері туралы статистикалық ақпарат алмасу;
      6) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзге мәселелер бойынша ынтымақтасу жолымен жүзеге асырылады.

V. Комиссияның өкілеттіктері

      6. Комиссия мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қолдану туралы ұсынымдар әзірлейді;
      2) мүше мемлекеттер үшін осы Хаттамада көрсетілген ережелерді іске асыру тәртібі туралы ұсынымдар әзірлейді;
      3) мүше мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік органдар құрады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 14 ҚОСЫМША     

Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 62 және 63-баптарына сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «сыртқы болжамдар өлшемдері» - мүше мемлекеттер экономикасының дамуына елеулі әсер ететін сыртқы факторларды сипаттайтын және мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер;
      сыртқы болжамдар өлшемдерінің аралық сандық мәні» - сыртқы болжамдар өлшемдері аралығының жоғарғы және төменгі мәні;
      «макроэкономикалық көрсеткіштер» - мүше мемлекеттер экономикасының ахуалын, оның дамуын және қолайсыз факторлардың әсеріне тұрақтылығын, сондай-ақ интеграциялық ынтымақтастық дәрежесін сипаттайтын параметрлер;
      «Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттары» - әрбір мүше мемлекет қосымша экономикалық әсер алу мақсатында Одақтың интеграциялық әлеуеті мен мүше мемлекеттердің бәсекелес артықшылықтарын пайдалану есебінен іске асырылуына мүше мемлекеттер ұмтылатын әлеуметтік-экономикалық дамудың перспективалық бағыттарын айқындайтын ұсынымдық сипаттағы құжат;
      «мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары» - Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мүше мемлекеттер экономикасы үшін неғұрлым маңызды қысқа және орта мерзімді міндеттерді айқындайтын, сондай-ақ көрсетілген міндеттерді шешу бойынша ұсынымдарды қамтитын бағдарламалық құжат.

IІ. Келісілген макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын
іске асыру

      3. Мүше мемлекеттер келісілген макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында:
      1) Одақтың интеграциялық әлеуетін және мүше мемлекеттердің экономиканың осы қажет немесе орынды салаларында және аяларында бәсекелес артықшылықтарын пайдалануға бағытталған экономикалық саясатты келіседі;
      2) келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын ескереді;
      3) сыртқы болжамдар өлшемдерінің белгіленген аралық сандық мәндерін есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлейді;
      4) Шарттың 63-бабында көрсетілген экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндерінің шеңберінде келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізеді;
      5) егер қандай да мүше мемлекеттің экономикалық даму тұрақтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер Шарттың 63-бабында белгіленген сандық көрсеткіштерге сәйкес келмеген жағдайда Комиссияның қатысуымен, оның ішінде бірлескен шараларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ қажет болған кезде Комиссия бекітетін тәртіпке сәйкес экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Комиссияның ұсынымдарын ескереді;
      6) экономиканы тұрақтандыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу үшін мүше мемлекеттерде қалыптасқан экономикалық ахуалға қатысты мәселелер бойынша консультациялар жүргізеді.

ІII. Комиссияның құзыреті

      4. Комиссия:
      1) мыналар:
      Комиссия бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген мүше мемлекеттердің экономикалық даму тұрақтылығын және олардың Шарттың 63-бабында белгіленген сандық өлшемдерге сәйкестігін айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді;
      осы Хаттаманың ІV бөлімінде айқындалған экономиканың даму деңгейінің және серпінінің көрсеткіштерін және интеграциялау деңгейінің көрсеткіштерін мониторингтеу;
      2) мүше мемлекеттермен келісім бойынша Жоғары кеңес бекітетін мынадай құжаттарды:
      Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын;
      мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын;
      Шарттың 63-бабында көрсетілген мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық өлшемдерін асырған жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды әзірлеу;
      3) мыналарды:
      Шарттың 63-бабында көрсетілген мүше мемлекеттер экономикалық дамудың орнықтылығын анықтайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық өлшемдерін асырған жағдайда экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдарды;
      талдамалық (анықтамалық) мақсаттарда сыртқы болжамдар өлшемдерінің белгіленген аралық сандық мәндерінің негізінде Одақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлеу;
      4) экономиканы тұрақтандыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу үшін мүше мемлекеттерде қалыптасқан экономикалық ахуалға қатысты мәселелер бойынша консультация өткізуге жәрдемдесу;
      5) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын даярлау үшін Комиссия бекітетін сыртқы болжамдар өлшемдерінің белгіленген аралық сандық мәндерін мүше мемлекеттермен келісу;
      6) мыналарды:
      қабылданатын шешімдердің мүше мемлекеттердің экономикалық қызметінің жағдайына және шаруашылық жүргізетін субъектілердің кәсіпкерлік белсенділігіне әсерін;
      келісілген макроэкономикалық саясат шараларын олардың мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларына сәйкестігін талдау;
      7) келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Комиссия арасында ақпарат алмасу арқылы мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясаты жүргізуін үйлестіреді. Мұндай алмасу тәртібін Комиссия бекітеді.

ІV. Интеграция дәрежесінің, экономиканы дамыту деңгейі мен
серпінінің, сыртқы болжамдар өлшемдерінің көрсеткіштері

      5. Интеграция дәрежесін айқындау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) әрбір мүше мемлекеттің экономикасына бағытталған ұлттық инвестициялардың, оның ішінде тікелей инвестициялардың көлемі (АҚШ долларымен);
      2) әрбір мүше мемлекеттен ұлттық экономикаға түсетін инвестициялар, оның ішінде тікелей инвестициялар көлемі (АҚШ долларымен);
      3) мүше мемлекет экспортының жалпы көлемінде әрбір мүше мемлекеттің үлесі (пайызбен);
      4) мүше мемлекет импортының жалпы көлемінде әрбір мүше мемлекеттің үлесі (пайызбен);
      5) мүше мемлекеттің жалпы сыртқы сауда айналымында әрбір мүше мемлекеттің үлесі (пайызбен).
      6. Экономиканы дамыту деңгейі мен серпінін айқындау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
      1) жалпы ішкі өнімнің өсу қарқындары (пайызбен);
      2) сатып алу қабілетінің басымдығы бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (АҚШ долларымен);
      3) төлем теңгерімінің ағымдағы операциялар шотының сальдосы (АҚШ долларымен және жалпы ішкі өнімнің пайыздарымен);
      4) тұтыну бағасының индексі негізінде есептелген ұлттық валютаның нақты тиімді айырбас бағамының индексі (пайызбен).
      7. Комиссия мүше мемлекеттермен келісім бойынша тиісінше осы Хаттаманың 5 және 6-тармақтарында көрсетілгендерден ерекшеленетін интеграция дәрежесінің, мүше мемлекеттер экономикасының даму деңгейі мен серпінінің өзге көрсеткіштерінің мониторингін жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      8. Мүше мемлекеттер 3 жылдық кезеңге мынадай сыртқы болжам өлшемдерінің аралық сандық мәндерін келіседі:
      әлемдік экономиканың даму қарқындары;
      «Brent» маркалы мұнай бағасы.
      Мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын жасауға уәкілеттік берілген атқарушы билік органдары оның ішінде өзара саудада сыртқы сауда операциялары туралы ақпарат алмасады. Жекелеген мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын қалыптастыру үшін Ресей Федерациясы көрсетілген уәкілетті органдарға Комиссия бекітетін тәртіппен ішкі тұтыну үшін жеткізілетін табиғи газға болжамды бағаның шамамен өзгеру аралығы туралы ақпарат береді.
      Макроэкономикалық болжамдау мақсатында Ресей Федерациясы беретін көрсетілген ақпарат болжанатын кезеңде мүше мемлекеттерге табиғи газды жеткізу бағасы бойынша Ресей Федерациясының міндеттемесі болып табылмайды.
      Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері жүргізілетін бағамдық саясат туралы бірін бірі хабардар етеді.
      9. Макроэкономикалық болжамдау мақсатында ақпарат алмасу мүше мемлекеттердің тиісті ақпараттың құпиялығына қоятын талаптарын есепке ала отырып, жүзеге асырылады.
      10. Жоғары кеңес мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын сыртқы болжамдар өлшемдерін қайта қарау туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 15 ҚОСЫМША     

Келісілген валюталық саясатты жүргізуге
бағытталған шаралар туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 64-бабына сәйкес әзірленді және келісілген валюталық саясатты жүргізу мақсатында мүше мемлекеттер қабылдайтын шараларды айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «валюталық заңнама» – мүше мемлекеттердің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы заңнамалық актілері және оларды орындау үшін қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
      «валюталық шектеулер» - валюталық операцияларға тікелей тыйым салудан, көлемдерін, санын және жүргізу мерзімдерін, төлем валютасын лимиттеуден, оларды жүргізуге арналған арнайы рұқсаттарды (лицензияларды) алу, жүргізілетін валюталық операция сомасының бір бөлігін, бүкіл сомасын немесе бүкіл сомасына еселі соманы резервтеу жөніндегі талаптар белгілеуден көрінетін халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде белгіленген шектеулер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумағында шоттар ашуға және жүргізуге байланысты шектеулер және шетел валютасын міндетті түрде сату туралы талаптар;
      «интеграцияланған валюта нарығы» – мүше мемлекеттердің жұмыс істеу мен мемлекеттік реттеудің жалпы қағидаттарымен біріктірілген ішкі валюта нарықтарының жиынтығы;
      «ырықтандыру шаралары» – мүше мемлекеттердің резиденттері арасындағы валюталық операцияларға қатысты, сондай-ақ үшінші елдердің резиденттерімен операцияларға қатысты валюталық шектеулерді әлсіретуге немесе жоюға бағытталған іс-әрекеттер;
      «мүше мемлекеттің резиденті» – мүше мемлекеттердің бірінің валюталық заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлға;
      «үшінші елдің резиденті» – мүше мемлекеттердің ешқайсысының резиденті болып табылмайтын тұлға;
      «уәкілетті ұйымдар» – мүше мемлекеттердің резиденттері болып табылатын және өзі құрылған мемлекеттің заңнамасына сәйкес шетел валютасымен банктік операцияларды жүргізуге өкілеттіктері бар заңды тұлғалар;
      «валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган» – мүше мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар атқарушы билік органдары, өзге мемлекеттік органдары және мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері.
      Валюталық құқықтық қатынастарды реттеу кезінде Тараптар ұлттық валюталық заңнамаға сәйкес «резидент емес» ұғымын қолданады.

IІ. Келісілген валюталық саясатты жүргізуге бағытталған шаралар

      3. Мүше мемлекеттер келісілген валюталық саясатты жүргізу мақсатында мынадай шаралар қабылдайды:
      1) мүше мемлекеттердің резиденттерінің өзара есеп айырысуларында мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейтуді қамтамасыз ету үшін ұлттық валюталардың айырбастау бағамдық саясатын (бұдан әрі – бағамдық саясат) үйлестіру, оның ішінде бағамдық саясат іс-шараларын пысықтау және үйлестіру мақсатында өзара консультациялар жүргізуді ұйымдастыру;
      2) мүше мемлекеттер резиденттерінің шетел валютасын мүше мемлекеттердің банктері арқылы шектеулерсіз сатып алу және сату мүмкіндігі үшін жағдайлар жасау арқылы төлем теңгерімінің ағымдағы және күрделі баптары бойынша ұлттық валюталардың шектеусіз айырбасталуын қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарына тікелей өзара баға белгілеуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
      4) мүше мемлекеттердің резиденттерінің арасында өзара есеп айырысуларын мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарымен жүргізуді қамтамасыз ету;
      5) мүше мемлекеттердің резиденттерінің арасындағы өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту базасында мүше мемлекеттер арасындағы төлемдік есеп айырысу қатынастарының тетігін жетілдіру;
      6) мүше мемлекеттер резиденттерінің арасындағы өзара саудаға кедергі келтіретін ұлттық валюталардың ресми айырбастау бағамдарының көп болуына жол бермеу;
      7) мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының ресми бағамдарын биржа нарығында қалыптасқан бағам негізінде не мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының АҚШ долларына кросс-бағамдары негізінде белгілеу;
      8) тұрақты негізде валюта нарығын дамытудың жай-күйі және перспективалары туралы ақпарат алмасу;
      9) мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын қалыптастыру;
      10) әрбір мүше мемлекеттің мүше мемлекеттердің резиденттері болып табылатын және өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұлттық режим ұсыну жағдайында банкаралық конверсиялық операцияларын жүргізу үшін валюталық операцияларды жүзеге асыру құқығына ие банктердің өз ұлттық валюта нарығына кіруін қамтамасыз етуі;
      11) мүше мемлекеттердің банктеріне мүше мемлекеттердің корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валюталарындағы өздеріне тиесілі қаражатты үшінші елдердің валюталарына еркін айырбастау құқығын беру;
      12) мүше мемлекеттердің валюталық активтерін басқа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарына, оның ішінде олардың мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастыру үшін жағдайлар жасау;
      13) ішкі валюта нарықтарының өтімділігін бұдан әрі дамыту және арттыру;
      14) мүше мемлекеттердің ұйымдасқан нарықтарында ұлттық валюталармен сауда-саттықты дамыту және оған мүше мемлекеттердің валюта нарығына қатысушыларға рұқсат беруді қамтамасыз ету;
      15) туынды қаржы құралдарының ұйымдасқан нарығын дамыту.
      4. Мүше мемлекеттердің валюталық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамасын жақындату және ырықтандыру шараларын қабылдау мақсатында мүше мемлекеттер:
      1) тиімді экономикалық кооперацияға кедергі келтіретін валюталық операцияларға және мүше мемлекеттер резиденттерінің мүше мемлекеттер аумағында орналасқан банктерде шоттар ашуға немесе жүргізуге қатысты валюталық шектеулерді біртіндеп жоюды қамтамасыз етеді;
      2) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан банктерде үшінші елдер резиденттерінің шоттарды, сондай-ақ мүше мемлекеттер резиденттерінің үшінші елдерде орналасқан банктерде шоттар ашу немесе жүргізу тәртібіне қатысты келісілген тәсілдерді айқындайды;
      3) мүше мемлекеттер резиденттерінің олардың банк шоттарына міндетті түрде аударылуға тиіс ақша қаражатын репатриациялауға қойылатын талапқа қатысты тәсілдерді әзірлеу тұрғысында ұлттық егемендікті сақтау қағидатына сүйенеді;
      4) оларға қатысты валюталық шектеулер қолданылмайтын мүше мемлекеттер резиденттерінің арасында жүзеге асырылатын валюталық операциялардың тізбесін айқындайды;
      5) мүше мемлекеттер резиденттерінің мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан банктеріндегі банк шоттарын пайдаланбай есеп айырысуларды жүзеге асыру құқығын қоса алғанда, валюталық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттерінің қажетті көлемін айқындайды;
      6) мүше мемлекеттер резиденттерінің олардың банк шоттарына міндетті түрде есептелуі тиіс ақша қаражатын репатриациялау жөніндегі талаптардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
      7) мүше мемлекеттер резиденттерінің және резидент еместерінің қолма-қол ақша қаражатын және бағалы қағаздарды Одақтың кеден аумағы шегінде еркін өткізуін қамтамасыз етеді;
      8) валюталық операцияларды есепке алуға және бақылауға қойылатын талаптарды үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      9) мүше мемлекеттердің валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы нормаларды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

IIІ. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың өзара
іс-қимылы

      5. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы мынадай жолмен жүзеге асырылады:
      1) мынадай:
      мүше мемлекеттердің бақылаушы және құқық қорғау органдарының валюталық заңнаманың сақталуын бақылау саласындағы тәжірибесі туралы;
      валюталық заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін жетілдіру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы;
      валюталық бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ құқықтық сипаттағы, оның ішінде мүше мемлекеттердің валюталық бақылау саласындағы заңнамасы туралы, мүше мемлекеттердің валюталық бақылау саласындағы заңнамасының өзгеруі туралы ақпарат алмасу;
      2) ақпарат алмасуды қоса алғанда, мүше мемлекет резиденттері валюталық операциялар жүзеге асырған кезде олардың мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде, оның ішінде валюталық бақылау органдарының валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізген операциялар туралы сұрау салуларының негізінде ынтымақтасу;
      3) валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы мүше мемлекеттердің өзара мүдделерін қозғайтын проблемалар бойынша бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу;
      4) жұмыс топтарын құруды, тәжірибе алмасуды және кадрларды оқытуды қоса алғанда, ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету;
      5) валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша статистикалық ақпарат алмасуды ұйымдастыру, оның ішінде:
      мүше мемлекеттердің резиденттері арасында валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарының көлемдері туралы;
      бір мүше мемлекет резиденттерінің басқа мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымдарында ашқан шоттарының саны туралы;
      6) валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар ынтымақтастығының өзге де мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру.
      6. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар тұрақты негізде, валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың арасындағы өзара іс-қимыл туралы жекелеген хаттамаларға сәйкес валюталық бақылау саласындағы нақты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

V. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау
салулары негізінде ақпарат алмасу

      7. Ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберу және орындау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) сұрау салу жазбаша нысанда немесе мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдалану арқылы беріледі.
      Мәтінді берудің техникалық құралдарын пайдаланған кезде, сондай-ақ алынған сұрау салудың түпнұсқалығына немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде сұрау салған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган жазбаша нысанда растама сұрата алады;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі іс жүргізу шеңберінде ақпарат беру туралы сұрау салу мыналарды қамтиды:
      сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауы;
      сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның атауы;
      қажет болған кезде растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса бере отырып істердің нақты жағдайларының қысқаша сипаты;
      сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекетінің заңнамасына сәйкес құқық бұзушылықты жіктеу;
      сұрау салуды орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер;
      3) сұрау салу және оның жауабы орыс тілінде жазылады.
      8. Осы Хаттама шеңберінде алынған ақпаратты үшінші тарапқа беру қажеттілігі болған жағдайда, осы ақпаратты ұсынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі талап етіледі.
      9. Сұрау салуды сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган сұру салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген іс жүргізу мерзімдерін сақтау мүмкіндігін ескере отырып орындайды.
      Сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган нақтылау тәртібімен егер бұл сұрау салуды орындау үшін қажет болса, қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
      10. Сұрау салуды орындау мүмкін болмаған кезде сұрау салынған валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы себептерін көрсете отырып сұрау салушы валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.
      11. Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар валюталық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл шеңберінде ақпарат алмасу шығыстарын көтереді.
      Валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар қосымша шығыстарды талап ететін сұрау салуды алған жағдайда, уәкілетті органдар оларды қаржыландыру жөніндегі мәселені өзара келісім бойынша қарайды.
      12. Практикалық көмек көрсету:
      валюталық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар өкілдерінің жұмыс сапарларын ұйымдастыру;
      семинарлар мен консультацияларды өткізу;
      әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу және олармен алмасу арқылы жүзеге асырылады.

IV. Валюталық шектеулер

      13. Әрбір мүше мемлекет ерекше жағдайларда (егер жағдай экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешілмесе) 1 жылдан аспайтын мерзімге валюталық шектеулерді енгізуге құқылы.
      Бұл ретте ерекше жағдайларға:
      ырықтандыру шараларын жүзеге асыру кезінде мүше мемлекетте экономикалық және қаржылық ахуалдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың туындауы;
      оның салдарынан мүше мемлекеттің алтын-валюта резервтері жол берілетін деңгейден азаюы мүмкін төлем теңгеріміндегі ахуалдың теріс дамуы;
      ырықтандыру шараларын жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттің қауіпсіздік мүдделеріне зиян келтіруі және қоғамдық тәртіпті қолдауға кедергі келтіруі мүмкін жағдайлардың туындауы;
      мүше мемлекеттің ұлттық валюта бағамының күрт ауытқулары жатады.
      14. Валюталық шектеулерді енгізген мүше мемлекет бұл туралы қалған мүше мемлекеттерге және Комиссияға осындай шектеулерді енгізген күннен бастап 15 күннен кешіктірмей хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 16 ҚОСЫМША     

Қызметтер көрсету саудасы, құру, қызмет және
инвестицияларды жүзеге асыру туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 65 – 69-баптарына сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттерде қызметтер көрсету саудасының, құрудың, қызметтің және инвестицияларды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды.
      2. Осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттердің көрсетілетін қызметтерді жеткізуге және алуға, құруға, қызметке және инвестицияларды жүзеге асыруға қатысты кез келген шараларына қолданылады.
      Электр байланысы қызметтерінің саудасына байланысты туындайтын құқықтық қатынастар ерекшеліктері осы Хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес анықталады.
      мүше мемлекеттер қызметтің барлық секторларына және түрлеріне қатысты сақтайтын «көлденең» шектеулер осы Хаттамаға № 2 қосымшаға сәйкес анықталған.
      Осы Хаттаманың 15 – 17, 23, 26, 28, 31, 33 және 35-тармақтарында көзделген шектеулердің, алулардың, қосымша талаптардың және шарттардың жеке ұлттық тізбелерін (бұдан әрі – ұлттық тізбелер) Жоғары кеңес бекітеді.
      3. Осы Хаттаманың ережелері Шарт күшіне енген күнге әрекет етуін жалғастырған мүше мемлекеттердің құрылған, сатып алынған, бақыланатын заңды тұлғаларына, ашылған филиалдарға, өкілдіктерге, тіркелген жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ Шарт күшіне енгеннен кейін құрылған, мүше мемлекеттердің сатып алынған, бақыланатын заңды тұлғаларына, ашылған филиалдарға, өкілдіктерге, тіркелген жеке кәсіпкерлерге қолданылады.
      Осы Хаттаманың 15 – 17, 21, 24, 27, 30 және 32-тармақтарының ережелеріне қарамастан, мүше мемлекеттер жаңа, яғни осы Шарт күшіне енген күнге қолданыста жоқ көрсетілетін қызметтерге қатысты кез келген шараларды қабылдау және қолдану құқығын өзіне қалдырады.
      Жаңа көрсетілетін қызметке қатысты және көрсетілген тармақтардың ережелерімен сәйкес келмейтін шараны қабылдаған немесе қолданған жағдайда мүше мемлекет мұндай шара туралы оны қабылдау немесе қолдану күнінен бастап, қайсысы бұрын болғанына байланысты, айдың 1-і күнінен кешіктірмей басқа мүше мемлекеттерді және Комиссияны хабардар етеді. Осындай мүше мемлекеттің ұлттық тізбесіне тиісті өзгерістер Жоғары кеңестің шешімімен бекітіледі.
      4. Осы Хаттаманың 6-тармағы 22-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген қызметтерді жеткізу тәсілдеріне қатысты осы Хаттаманың ережелері әуе көлігімен тасымалдау құқықтарына және ұшақтарға жөндеу және пайдалану қызметін көрсетуді, әуе көлігі қызметтерін, сондай-ақ резервтеудің компьютерлік жүйесінің көрсетілетін қызметтерін жеткізуді және олардың маркетингін қоспағанда, тасымалдау құқықтарына тікелей жатқызылатын көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
      5. Мүше мемлекеттер өздерінің заңнамасында көзделген және адамдардың өмірін және денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, ұлттық қауіпсіздікке қатысты талаптарды, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің тұлғаларын, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында құру үшін үшінші мемлекеттердің тұлғаларын тарту тетігі ретінде еңбек стандарттарын жұмсартуды пайдаланбайды.

ІІ. Анықтамалар және ұғымдар

      6. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      1) «реципиент мемлекет» - аумағында басқа мүше мемлекеттердің инвесторлары инвестицияларды жүзеге асыратын мүше ел;
      2) «қызмет» - осы тармақтың 24-тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарында санамаланған заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің немесе жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлік немесе өзге қызметі (қызметтер көрсету саудамын және тауарларды өндіруді қоса алғанда);
      3) «инвестицияларға байланысты қызмет» - инвестицияларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету;
      4) «кірістер» - инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынатын қаражат, атап айтқанда дивидендтер, пайыздар, сондай-ақ лицензиялық, комиссиялық және басқа да сыйақылар;
      5) «мүше мемлекеттің заңнамасы» - мүше мемлекеттің заңдары және өзге нормативтік құқықтық актілері;
      6) «өтініш беруші» - рұқсат беру туралы өтінішпен осы немесе басқа мүше мемлекеттің құзыретті органына өтініш білдірген бір мүше мемлекеттің тұлғасы;
      7) «инвестициялар» - бір мүше мемлекеттің инвесторы екінші мемлекеттің аумағындағы кәсіпкерлік қызмет объектілеріне соңғысының заңнамасына сәйкес салатын материалдық және материалдық емес құндылықтар, оның ішінде:
      ақша қаражаты (ақша), бағалы қағаздар, өзге мүлік;
      мүше мемлекеттердің заңнамасы негізінде немесе шарт бойынша ұсынылатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық, қоса алғанда, атап айтқанда табиғи ресурстарды барлауға, өндіруге, өңдеуге және пайдалануға құқық;
      ақшамен бағалатын мүліктік және өзге құқықтар;
      8) «мүше мемлекеттің инвесторы» - мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекеттің аумағында, соңғысының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген тұлғасы;
      9) «құзыретті орган» - мүше мемлекет берген өкілеттіктер шегінде бақылау, рұқсат беру немесе осы Хаттамада қамтылатын мәселелерге қатысты өзге реттеу функциясын жүзеге асыратын кез келген орган немесе кез келген ұйым, атап айтқанда әкімшілік органдар, соттар, кәсіби бірлестіктер, қауымдастықтар;
      10 «мүше мемлекеттің тұлғасы» - мүше мемлекеттің кез келген жеке немесе заңды тұлғасы;
      11) «мүше мемлекет шарасы» - мүше мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ мемлекеттік биліктің кез келген деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары немесе осындай органдар берген өкілеттіктерді олардың жүзеге асыру кезінде ұйымдар қабылдаған немесе қолданатын осы мүше мемлекеттің лауазымды тұлғасының кез келген шешімі, әрекеті немесе әрекетсіздігі.
      Мүше мемлекеттің органы ұсыным сипаты бар ресми құжатты қабылдаған (шығарған) жағдайда мұндай ұсыным, егер іс жүзінде аталған ұсынымның адресаттарының басым бөлігі (мемлекеттік, өңірлік және (немесе) муниципалдық билік органдары, үкіметтік емес органдар, сондай-ақ осы мүше мемлекеттің тұлғалары, басқа мүше мемлекеттердің тұлғалары, кез келген үшінші мемлекеттің тұлғалары) оны ұстанатындығы дәлелденген жағдайда осы Хаттаманың мақсаттары үшін қолданылатын мүше мемлекеттің шарасы деп танылуы мүмкін;
      12) «көрсетілетін қызметті алушы» - қызмет көрсетілетін немесе көрсетілетін қызметті пайдалануға ниетті мүше мемлекеттің кез келген тұлғасы;
      13) «көрсетілетін қызметтерді жеткізуші» - мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметті жеткізетін кез келген тұлғасы;
      14) «өкілдік» - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан, заңды тұлғаның мүдделерін білдіретін және оларды қорғауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі;
      15) «рұқсат» - мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген, өтініш берушінің өтінішіне негізделген құзыретті органның осы тұлғаның белгілі бір қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді, оның ішінде тізілімге енгізу, ресми құжат (лицензия, келісім, қорытынды, аттестат, куәлік, сертификат және т.с.с.) беру арқылы жүзеге асыруына құқығын растайтын растауы. Бұл ретте мұндай рұқсат конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша берілуі мүмкін;
      16) «рұқсат беру рәсімдері» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құзыретті органдар іске асыратын рұқсаттарды және олардың телнұсқаларын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттардың қолданылу мерзімін тоқтатуға, тоқтатып қоюға және қалпына келтіруге не ұзартуға, рұқсаттардан айыруға (күшін жоюға), рұқсаттар беруден бас тартуға, сондай-ақ осындай мәселелер бойынша шағымдарды қарауға байланысты рәсімдер жиынтығы;
      17) «рұқсат беру талаптары» - стандарттардың және (немесе) өтініш берушіге, рұқсат иесіне және (немесе) жеткізілетін қызметке, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген реттеу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес келетін жүзеге асырылатын қызметке қойылатын талаптардың (оның ішінде лицензиялық, біліктілік) жиынтығы;
      Қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттарға қатысты рұқсат беру талаптарының, оның ішінде өтініш берушінің мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтер көрсету саудасын және өзге қызметті жүзеге асыру біліктілігін және қабілетін қамтамасыз ету мақсаты болуы мүмкін;
      18) «режим» - мүше мемлекеттер шараларының жиынтығы;
      19) «көрсетілетін қызмет секторы»:
      осы Хаттамаға № 2 қосымшаға қатысты, сондай-ақ Жоғары кеңес бекітетін тізбелерге қатысты – жекелеген қызметтің бір, бірнеше немесе барлық кіші секторлары;
      өзге жағдайларда – барлық кіші секторларын қоса алғанда, көрсетілетін қызметтің барлық секторы;
      20) «мүше мемлекеттің аумағы» - мүше мемлекеттің аумағы, сондай-ақ халықаралық құқыққа және өз заңнамасына сәйкес егеменді құқықтарын және заңдық құзыретін іске асыратын оның айрықша экономикалық аймағы мен континентальдық қайраңы;
      21) «экономикалық орындылығына тест» - тиісті шешімдерді беруді экономикалық қажеттіліктің немесе нарық қажеттіліктерінің болуымен, қызметтің ықтимал немесе бар экономикалық әсерін бағалаумен немесе қызметтің құзыретті орган белгілеген экономикалық жоспарлау мақсаттарына сәйкестігін бағалаумен байланыстыру. Аталған ұғым экономикалық сипаттағы емес жоспарлауға байланысты және әлеуметтік саясат, жергілікті билік органдары өз құзыретінің шегінде бекітетін әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын орындау немесе қалалық тыныс-тіршілік ортасын қорғау, оның ішінде қала салу жоспарларын орындау сияқты қоғамдық мүдде түсініктерімен негізделген шарттарды қамтымайды;
      22) «қызметтер көрсету саудасы» - көрсетілетін қызметтерді шығаруды, бөлуді, маркетингін, сатуды және жеткізуді қамтитын және мынадай:
      бір мүше мемлекеттің аумағынан кез келген екінші мүше мемлекеттің аумағына;
      бір мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің тұлғасының екінші мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтер алушысына;
      екінші мүше мемлекеттің аумағында құру жолымен бір мүше мемлекеттің көрсетілетін қызметтерді берушісінің;
      басқа мүше мемлекеттің аумағында бір мүше мемлекеттің жеке тұлғаларының қатысу жолымен осы мүше мемлекеттің өнім берушісі тәсілдерімен жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді беру.
      23) «үшінші мемлекет» - мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекет;
      24) «құру»:
      аумағында заңды тұлға ұйымдастырылатын немесе құрылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда және меншік нысанында осындай заңды тұлғаны құру және (немесе) сатып алу (ұйымдастырылатын немесе құрылатын заңды тұлғаның капиталына қатысу);
      тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігін алудан көрінетін, оның ішінде дауыс беретін акцияларға (үлестерге) тура келетін дауыстарға иелік ету жолымен, директорлар кеңесінде (бақылау кеңесінде) және осындай заңды тұлғаның өзге басқару органдарында қатысу жолымен мүше мемлекеттің осындай заңды тұлғасын бақылауды сатып алу;
      филиал ашу;
      өкілдік ашу;
      жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
      Құру, оның ішінде қызметтер көрсету саудасы және (немесе) тауарлар өндіру мақсаттары үшін жүзеге асырылады;
      25) «мүше мемлекеттің жеке тұлғасы» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің азаматы;
      26) «филиал» - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның барлық функцияларын немесе олардың бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі;
      27) «мүше мемлекеттің заңды тұлғасы» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағында ұйымдастырылған немесе құрылған кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйым;
      7. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін көрсетілетін қызметтердің секторлары Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының Статистикалық комиссиясы бекіткен Негізгі өнімдердің халықаралық сыныптауышы (Сentral Products Classification) негізінде анықталады және сыныпталады.

ІІІ. Төлемдер мен аударымдар

      8. Осы Хаттаманың 11 – 14 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір мүше мемлекет қызметтер саудасына, құруға, қызметке және инвестицияларға мыналарға қатысты:
      1) кірістерге;
      2) мүше мемлекеттер инвестициялар ретінде таныған қарыздар мен кредиттерді жабуға төлейтін қаражатқа;
      3) инвесторлар коммерциялық ұйымдарды ішінара немесе толықтай таратумен не инвестицияларды сатумен байланысты алған қаражатқа;
      4) инвестор осы Хаттаманың 77-тармағына сәйкес шығынды өтеу ретінде алған қаражатқа және осы Хаттаманың 79 – 81-тармақтарында көзделген өтемақыға;
      5) инвесторлар және реципиент мемлекеттің аумағында инвестициялармен байланысты жұмыс жасауға рұқсат етілген басқа да мүше мемлекеттердің азаматтары алатын жалақыға және басқа да сыйақыларға қатысты қолданыстағы шектеулердің күшін жояды және жаңа шектеулер енгізбейді.
      9. Осы бөлімдегі ештеңе мүше мемлекеттің мұндай шараларының 1944 жылғы 22 шілдедегі Халықаралық валюта қоры Келісімінің Баптарына сәйкес келуі шартымен және (немесе) мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 11 – 14 тармақтарында аталған жағдайларды немесе Халықаралық валюта қорының талаптары бойынша шектеулер қолдану жағдайларын қоспағанда, төлемдер аударымдары операцияларына қатысты осы Хаттамамен көзделген өзінің міндеттемелерімен үйлеспейтін төлем аударымдарын шектеулерді белгілемеуі шартымен валюталық операцияларды реттеу шараларына қатысты құқықтар мен міндеттемелерді қоса алғанда, кез келген мүше мемлекеттің Халықаралық валюта қорына мүшелігінен туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      10. Осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген аударымдар кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі. Қаражатты айырбастау негізделмеген кідіріссіз мүше мемлекеттің аумағында аударым күніне ақша қаражатын аударатын және төлемдерді жүзеге асыратын күні қолданылатын айырбас бағамы бойынша жүзеге асырылады.

ІV. Төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулер

      11. Төлем балансының жай-күйі нашарлаған, алтын-валюта резервтері айтарлықтай қысқарған, ұлттық валюта бағамы күрт ауытқыған немесе осындай қауіп төнген жағдайда мүше мемлекет осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген төлемдер аударымдарына қатысты шектеулер енгізе алады.
      12. Осы Хаттаманың 11-тармағында аталған шектеулер:
      1) мүше мемлекеттер арасында кемсітуді туындатпауға тиіс;
      2) 1944 жылғы 22 шілдедегі Халықаралық валюта қоры Келісімінің Баптарына сәйкес болуға тиіс;
      3) кез келген басқа мүше мемлекеттің коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне шамадан тыс залал тигізбеуге тиіс;
      4) осы Хаттаманың 1-тармағында аталған мән-жайларды еңсеру үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықты болмауға тиіс;
      5) уақытша болуға және осы Хаттаманың 11-тармағында аталған мән-жайлардың еңсерілу шамасына қарай біртіндеп жойылуға тиіс.
      13. Осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шектеулердің қолданылу аясын айқындау кезінде мүше мемлекеттер өздерінің экономикалық бағдарламалары немесе даму бағдарламалары үшін неғұрлым маңызды болып табылатын тауарларды немесе қызметтер көрсетуді жеткізуге басымдық бере алады. Алайда мұндай шектеулер экономиканың белгілі бір секторын қорғау мақсатында белгіленбейді және сақталмайды.
      14. Осы Хаттаманың 11-тармағына сәйкес мүше мемлекеттер белгілеген немесе сақтап қалған кез келген шектеулер немесе олардағы кез келген өзгерістер басқа мүше мемлекетті дереу хабардар ету нысанасы болып табылады.

V. Мемлекеттің қатысуы

      15. Әрбір мүше мемлекет ұлттық тізбелерде және осы Хаттамаға №2 қосымшада көрсетілген көрсетілген шектеулерді, алып тастауларды, қосымша талаптарды және шарттарды ескере отырып, өз аумағында жекешелендіруге қатысуға қатысты басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына қолайлылығы өзінің мүше мемлекетінің тұлғаларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын режим ұсынады.
      16. Егер мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекет капиталына қатысатын немесе осы мүше мемлекет бақылайтын заңды тұлғалар жұмыс істеген жағдайда, мұндай мүше мемлекет көрсетілген тұлғалардың:
      1) өз қызметін коммерциялық ұғымдар негізінде жүзеге асыруын және осы Хаттамамен реттелетін қатынастарға:
      осы қатынастарға өзге қатысушылармен теңдік қағидаты негізінде;
      осы келісімге өзге қатысушылардың азаматтығына, тіркелген (құрылған) жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына байланысты оларды кемсітпеу қағидаты негізінде түсуін,
      2) капиталдарына осы мүше мемлекеттің қатысуына немесе олардың үстінен осы мүше мемлекеттің бақылауына байланысты ғана құқықтар, артықшылықтар немесе міндеттемелер алмауын қамтамасыз етеді.
      Көрсетілген талаптар мұндай заңды тұлғалардың қызметі аталған мүше мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталған жағдайларда, сондай-ақ ұлттық тізбелерде және осы Хаттамаға №2 қосымшада көрсетілген көрсетілген шектеулер мен шарттарға қатысты қолданылмайды.
      17. Осы Хаттаманың 16-тармағының ережелері, сондай-ақ осы Хаттаманың 30-тармағы 2 және 6-тармақшаларының негізінде осы Хаттамаға №2 қосымшаға және ұлттық тізбелеріне енгізілген құқықтар және (немесе) артықшылықтар берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, формальды түрде немесе іс жүзінде айрықша құқықтар немесе арнайы артықшылықтар берілген заңды тұлғалар мен Шарттың ХІХ бөліміне сәйкес қызметтері реттелетін заңды тұлғаларға қолданылады.
      18. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы Шарттың 69-бабының ережелеріне нұқсан келтірмей, осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билігінің кез келген деңгейіндегі осы мүше мемлекеттің барлық органдарының немесе өзінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіз, реттелуі тиісті орган құзыретінің аясына кіретін экономика секторындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыратын кез келген тұлғаның бақылауында болмауын және оған есеп бермеуін қамтамасыз етеді.
      Бұл мүше мемлекеттің шаралары, оның ішінде осы тармақта көрсетілген органның шешімдері, ол белгілейтін қағидалар мен рәсімдер шаруашылық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың барлығына қатысты әділ әрі объективті болуға тиіс.
      19. Шарттың ХІХ бөлімінен туындайтын міндеттемелерге сәйкес және осы Хаттаманың 30-тармағының ережелеріне қарамастан, мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз аумағында табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды сақтап қала алады. Өз аумағында мұндай заңды тұлғаларды сақтап қалатын мүше мемлекет мұндай заңды тұлғаның Шарттың ХІХ бөлімінен туындайтын міндеттемелермен үйлесетіндей түрде әрекет етуін қамтамасыз етеді.
      20. Егер бір мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 19-тармағында көрсетілген заңды тұлғалары басқа мүше мемлекеттердің тұлғаларымен тікелей немесе өзі бақылайтын заңды тұлғалары арқылы өзінің монополиялық құқықтарының саласынан тыс бәсекелессе, онда бірінші мүше мемлекет өзінің осындай заңды тұлғасының осы Хаттамадан туындайтын бірінші мүше мемлекеттің аумағында осындай бірінші мүше мемлекеттің міндеттемелерімен үйлеспейтіндей түрде әрекет ете отырып, өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланбауын қамтамасыз етеді.

VI. Қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет

1. Қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет кезіндегі ұлттық режим

      21. Әрбір мүше мемлекет қызметтер көрсету саудасын қозғайтын барлық шараларға қатысты басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына қолайлылығы осындай (ұқсас) жағдайларда өзінің осындай (ұқсас) қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын режим ұсынады.
      22. Әрбір мүше мемлекет кез келген басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына осы мүше мемлекет өзінің осындай (ұқсас) қызметтеріне немесе жеткізушілеріне не қызметті алушыларына ұсынатын режимге қатысты формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим ұсыну арқылы осы Хаттаманың 21-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындай алады.
      Формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим кез келген басқа мүше мемлекеттің осындай (ұқсас) қызметтерімен, жеткізушілерімен және қызметті алушыларымен салыстырғанда осы мүше мемлекеттің қызметтерінің, жеткізушілерінің және қызметті алушыларының пайдасына бәсеке шартын өзгертсе, қолайлылығы төмен деп есептеледі.
      23. Осы Хаттаманың 21-тармағының ережелеріне қарамастан, әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттің қызметтеріне, жеткізушілеріне және қызметті алушыларына қатысты ұлттық тізбелерде және осы Хаттамаға №2 қосымшада көрсетілген жеке шектеулер мен шарттарды қолдана алады.
      24. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына құруға және қызметке қатысты осындай (ұқсас) жағдайларда өзінің аумағындағы өзінің тұлғаларына ұсынылатын режимнен кем болмайтын режим ұсынады.
      25. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына осы мүше мемлекет өзінің тұлғаларына ұсынатын режимге қатысты формальды түрде осындай немесе формальды түрде ерекшеленетін режим ұсыну арқылы осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындай алады.
      Бұл ретте мұндай режим кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларымен салыстырғанда осы мүше мемлекеттің тұлғасының пайдасына бәсеке шартын өзгертсе, қолайлылығы төмен деп есептеледі.
      26. Осы Хаттаманың 24-тармағының ережелеріне қарамастан, әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларын құруға және қызметіне қатысты ұлттық тізбелерде және осы Хаттамаға №2 қосымшада көрсетілген жеке шектеулер мен шарттарды қолдана алады.

2. Қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет кезіндегі неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимі

      27. Әрбір мүше мемлекет осындай (ұқсас) жағдайларда кез келген басқа мүше-мемлекеттің қызметтеріне және қызметтерді жеткізушілері мен алушыларына үшінші мемлекеттердің қызметтеріне және қызметтерді жеткізушілері мен алушыларына қолайлылығы осындай (ұқсас) жағдайда берілетін режимнен кем болмайтын режимді ұсынады.
      28. Осы Хаттаманың 27 тармағының ережелеріне қарамастан, әрбір мүше мемлекет кез келген басқа мүше-мемлекеттің қызметтеріне, қызметтер жеткізушілері мен алушыларына қатысты ұлттық тізбеде және осы Хаттаманың № 2 қосымшасында көзделген жеке алып қоюларды қолдануы мүмкін.
      29. Әрбір мүше мемлекет өзінің аумағында құру және қызметке қатысты осындай (ұқсас) жағдайларда кез келген басқа мүше-мемлекеттің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларға үшінші мемлекеттердің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларына берілетін режимнен кем болмайтын режимді ұсынады.

3. Сандық және инвестициялық шаралар

      30. Мүше мемлекеттер қызметтер саудасына, құруға және қызметке байланысты кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына қатысты:
      1) квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы қызметтерді жеткізушілер санына;
      2) құрылатын, сатып алынатын және (немесе) бақыланатын заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің, тіркелетін дара кәсіпкерлердің санына;
      3) квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы кез келген қызметтерді жеткізушінің операцияларына;
      4) құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлға, филиал, өкілдік, тіркелген дара кәсіпкер квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы қызметті жүзеге асыру барысында олардың операцияларына;
      5) құру нысанына, оның ішінде заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына;
      6) заңды тұлғаның капиталындағы сатып алынатын үлес көлеміне немесе заңды тұлғаның үстінен бақылау дәрежесіне;
      7) нақты қызметтер секторында қызмет етуі мүмкін жеке тұлғалардың жалпы санын немесе қызмет жеткізушісі жалға алатын және сандық квота немесе экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанындағы нақты қызмет көрсетуге қажетті және тікелей қатысы бар жеке тұлғалар санын шектеуге қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
      31. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше-мемлекеттің қызметтеріне, қызметтер жеткізушілері мен алушыларына қатысты осы Хаттаманың 30 тармағында көзделген шектеулерді енгізуі және қолданылуы мүмкін, егер осындай шектеулер ұлттық тізбеде және осы Хаттаманың №2 қосымшасында қарастырылған жағдайда.
      32. Мүше мемлекеттердің бір де біреуі мүше-мемлекеттердің тұлғаларына, сондай-ақ олар құрған тұлғаларына қатысты құруға және (немесе) қызметке байланысты қосымша мынадай:
      1) шығарылған тауарлардың немесе қызметтердің барлығын немесе бір бөлігін экспорттау;
      2) тауарларды немесе қызметтерді импорттау;
      3) мүше мемлекеті шығарған мемлекет болып табылатын тауарларды немесе қызметтерді сатып алу немесе пайдалану;
      4) осы мүше мемлекеттің аумағында тауарларды сатуды немесе қызметтерді жеткізуді, осы мүше-мемлекеттің аумағына тауарлар импортын немесе осы мүше мемлекеттің аумағынан тауарлар экспортын шектейтін және өндірілетін тауарлар (жеткізілетін қызметтер) көлемдеріне, жергілікті тауарларды немесе қызметтерді пайдалануға тәуелді немесе кәсіпорынның осы тармақта көрсетілген операцияларға байланысты тиесілі шетелдік валютаға қол жеткізуін шектейтін талаптарды;
      5) технологияларды, ноу-хауды және коммерциялық құндылығы бар өзге ақпаратты мүше-мемлекеттер арасындағы өзге халықаралық келісімдермен белгіленген бәсекелестік саясатын жүзеге асыру қағидалары сақталған жағдайда соттың немесе бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде беру жағдайларын қоспағанда, оларды беру талаптарын шарт ретінде енгізбейді және қолданбайды.
      33. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше-мемлекеттің тұлғаларына қатысты осы Хаттаманың 32-тармағында көзделген қосымша талаптарды енгізуі және қолданылуы мүмкін, егер осындай шектеулер ұлттық тізбеде және осы Хаттаманың №2 қосымшасында қарастырылған жағдайда.
      34. Осы Хаттаманың 32-тармақшасында көрсетілген талаптарды орындау құруға немесе қызметке байланысты кез келген мүше мемлекет тұлғасының қандай да бір артықшылық алуы үшін негіз болып табыла алмайды.

4. Жеке тұлғаларды алып өту

      35. Шарттың XXVI тарау ережелерін ескере отырып, ұлттық тізбеде және осы Хаттаманың №2 қосымшасында көзделген шектеулер мен талаптарды қоспағанда, әрбір мүше мемлекет өзінің аумағында құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлға, филиал, өкілдік, тіркелген дара кәсіпкер қызметіне қатысты қызметкерлерді жалдауға байланысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
      36. Егер мұндай қағидаларды қолдану қызметкерлерді азаматтығына қарай нақты кемсітуге әкеліп соқпаса, осы Хаттаманың 35-тармақ ережелері қызметкерлердің біліміне, тәжірибесіне, біліктілігіне, беделіне қойылатын талаптарға қолданылмайды.
      37. Шарттың XXVI тарау ережелерін ескере отырып, әрбір мүше мемлекет осы мүше-мемлекеттің аумағында бар болған және осы Хаттаманың 6-тармағының 22-тармақшасының бесінші абзацында көзделген тәсілмен қызметтер саудасына қатысатын тұлғаларға қатысты шектеулер қолданбайды және енгізбейді.

5. Бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру

      38. Осы тараудың мақсаттары үшін бірыңғай қызметтер нарығы деп нақты сектор шеңберінде қызметтер нарығының жағдайы түсініледі, онда әрбір мүше мемлекет кез келген басқа мүше-мемлекеттің тұлғаларына:
      1) осы Хаттаманың №2 қосымшасында қарастырылған жағдайлар мен шектеулерді қоспағанда, осы Хаттаманың 21, 24,27, 29, 30 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларда, шектеулерсіз, алып қоюларсыз және қосымша талаптарсыз қызметтерді жеткізуге және алуға;
      2) қосымша заңды тұлға түрінде құрылусыз қызметтер жеткізуге;
      3) қызмет жеткізушісі өзінің мүше-мемлекетінің аумағында алынған қызметтер жеткізуге рұқсат негізінде қызметтер жеткізуге;
      4) қызметтер жеткізушісі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін мойындауға құқық ұсынады.
      39. Бірыңғай қызметтер нарығының ережелері мүше-мемлекеттерге қатысты өзара жағдайда әрекет етеді.
      40. Бірыңғай қызметтер нарығы Одақ шеңберінде мүше-мемлекеттер мен Комиссияның келісілген ұсыныстары негізінде Жоғарғы кеңес бекіткен қызметтер секторларында әрекет етеді.
      41. Мүше-мемлекеттер бірыңғай қызметтер нарығының ережелерін қызметтер секторларының ең көп санына, соның ішінде ұлттық тізбеде қарастырылған алып қоюлар мен шектеулерді біртіндеп қысқарту жолымен өзара негізде таратуға ұмтылады.
      42. Жеке секторлар бойынша бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыру тәртібі мен кезеңдері Жоғарғы кеңес бекіткен, мүше-мемлекеттер мен Комиссияның келісілген ұсыныстары негізінде әзірленетін ырықтандыру жоспарларында қарастырылған (әрі қарай – ырықтандыру жоспарлары).
      43. Ырықтандыру жоспарлары жеке мүше-мемлекеттер үшін қызметтердің жеке секторларын ырықтандырудың тым кеш мерзімдерін қарастыруы мүмкін, бірақ бұл басқа мүше-мемлекеттер үшін осындай қызметтер секторларында өзара жағдайда бірыңғай қызметтер нарығын құруға кедергі болып табылмайды.
      44. Бірыңғай қызметтер нарығының ережелері әрекет етпейтін секторларға қатысты осы тараудың 1-4 тарау бөлімдерінің ережелері қолданылады.

6. Қызметтер саудасы, құру, қызмет және инвестицияларды жүзеге
асыру мәселелері бойынша үшінші мемлекеттермен өзара
қарым-қатынас

      45. Осы Хаттамада ештеңе мүше-мемлекеттерге үшінші мүше-мемлекеттермен осы Хаттаманың 46 тармақ талаптарына сай келетін экономикалық ықпалдасу туралы халықаралық келісімдер жасауға кедергі келтірмейді.
      Осындай экономикалық ықпалдасу туралы халықаралық келісім жасаған әрбір мүше мемлекет осындай (ұқсас) жағдайларда осындай экономикалық ықпалдасу туралы халықаралық келісім шеңберінде ұсынатын жеңілдіктерді басқа мүше-мемлекеттерге өзара негізде ұсынады.
      Осы тармақта жеңілдіктер деп мүше-мемлекеттің оның ұлттық тізбесінде көзделген бір немесе бірнеше шектеуді оның алып тастауы түсініледі.
      46. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін мынадай өлшемдерге сай келетін:
      1) қызметтер көрсету секторының қомақты бөлігін қамтитын, сондай-ақ қызметтерді жеткізу тәсілдерінің және құру мен қызмет мәселелерінің бір де біреуін априори жоққа шығармайтын;
      2) кемсітушілік шараларының қолданыстағыларын жоюға, сондай-ақ жаңаларын енгізуге тыйым салуға бағытталған;
      3) қызметтер көрсету саудасын ырықтандыруға бағытталған келісімдер мүше-мемлекеттер мен үшінші мемлекет арасындағы экономикалық ықпалдасу туралы келісімдер деп танылады.
      Ұқсас экономикалық ықпалдасу туралы келісімнің мақсаты оған қатысушылар арасындағы қызметтер көрсету саудасы мен құру және қызмет шарттарын оңайлату болып табылады. Кез келген үшінші мемлекетке қатысты ұқсас келісім ол белгілі бір секторлардағы немесе шағын секторлардағы қызметтер саудасындағы кедергілердің жалпы деңгейінің ұқсас келісім жасалғанға дейін қолданылған деңгеймен салыстырғанда жоғарылауына алып келмеуге тиіс.
      47. Үшінші мемлекетпен экономикалық ықпалдасу туралы келісім жасасқан мүше мемлекет оған қол қойылған күннен бастап 1 ай ішінде басқа мүше-мемлекеттерге осындай келісім жасалғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
      48. Мүше-мемлекеттер үшінші мемлекеттермен қызметтер саудасына, құруға, қызметке және инвестицияларды жүзеге асыруға қатысты өзінің сыртқы сауда саясатын өз бетінше анықтайды.

7. Қызметтер алушының қосымша құқықтары

       49. Шарттың XV тарауының ережелерін ескере отырып, әрбір мүше мемлекет қызметтер алушыға қатысты қызметтер жеткізушісінің таңдауын немесе уәкілетті органдардың рұқсатын алу міндетін қосқанда, басқа мүше-мемлекеттің қызметтер жеткізушісі көрсететін (көрсеткен) қызметтерді алуға, пайдалануға немесе төлеуге құқығын шектейтін талаптар немесе ерекше жағдайларды орнатпайды.
      50. Шарттың XV тарауының ережелерін ескере отырып, әрбір мүше мемлекет қызметтер алушыға қатысты оның азаматтығына, тұрғылықты жеріне немесе құрылу немесе қызмет ету жеріне байланысты кемсітушілік талаптарын немесе ерекше жағдайларды қолданбауды қамтамасыз етеді.
      51. Әрбір мүше-мемлекет:
      1) қызметтер жеткізушілерін қызметтер алушыларға Шартқа және мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажетті ақпаратты ұсынуды;
      2) уәкілетті органдарды қызметтер алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауды міндеттейді.
      52. Осы Хаттамада ештеңе мүше-мемлекеттің зейнетақымен қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қолдау мәселелерін қосқанда,оның әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін қажетті кез келген шараларды қабылдауға құқығын қозғамайды.
      Осы Хаттаманың ережелері Шарттың XVI, XIX, XX және XXI тарауларында реттелетін қызметтерге тұтынушылардың қол жеткізу мәселелеріне және осындай қызметтерді тұтынушыларға ұсынылатын режимге қолданылмайды.

8. Рұқсаттарды және кәсіби біліктілікті өзара мойындау

       53. Ырықтандыру жоспарлары жүзеге асырылатын секторларда қызметтер жеткізуге рұқсатту мойындау осы Хаттаманың 54 және (немесе) 55 тармақтарында көзделген шараларды қабылдаған соң қамтамасыз етіледі.
      54. Өзара консультациялар негізінде (соның ішінде ведомствоаралық сипаттағы) мүше-мемлекеттер осындай секторларда реттеудің маңызды баламалалығына қол жеткізуіне байланысты осындай нақты секторларда қызметтер жеткізуге рұқсатты өзара мойындау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      55. Ырықтандыру жоспарларымен:
      1) мүше-мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жолымен, нақты қызметтер секторлары бойынша осындай үйлестіруді аяқтау мерзімдерін белгілеумен қызметті жүзеге асыруға (соның ішінде рұқсат талаптар мен рәсімдер) рұқсат беру механизмдерін біртіндеп жақындату;
      2) Шарттың 68-бабына сәйкес әкімшілік ынтымақтасу механизмдерін құру;
      3) қызметтер жеткізушісі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін мойындауды қамтамасыз етіледі.
      56. Егер кәсіби қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат алу үшін кәсіби емтихан тапсыру талап етілген жағдайда, әрбір мүше мемлекет осындай кәсіби емтихан тапсырудың кемсітпейтін тәртібін қамтамасыз етеді.

9. Қызметтер саудасы кезінде және құру мен (немесе) қызметке
қатысты ішкі реттеу

      57. Әрбір мүше мемлекет осы мүше-мемлекеттің қызметтер саудасына әсер ететін шараларының барлығы парасатты, объективті және әділ түрде қолданылуын қамтамасыз етеді.
      58. Әрбір мүше мемлекет сот, төрелік немесе әкімшілік органдарды немесе мүдделері қозғалатын басқа мүше мемлекет тұлғаларының сұрауы бойынша қызметтер саудасына, құруға және қызметіне әсер ететін әкімшілік шешімдерді өзгерту мақсатында дереу қарауды және негізделген түрде қабылдауды қамтамасыз ететін рәсімдерді іс жүзінде мүмкіндігінше жылдам сақтайды немесе құрады. Аталған рәсімдер мұндай әкімшілік шешімдерді қабылдауға уәкілетті органға тәуелсіз болмайтын жағдайларда мүше мемлекет рәсімдердің шынында да объективті және әділ қарауға негіз болуын қамтамасыз етеді.
      59. Осы Хаттаманың 58-тармағының ережелері оның конституциялық тәртібіне немесе оның сот жүйесінің табиғатына үйлеспейтін жағдайларда Осы Хаттаманың 58-тармағында көрсетілген органдарды немесе рәсімдерді құруға талап қоюды көздемейді.
      60. Қызметтер көрсету саудасына, құру және (немесе) қызметке рұқсат алу қажет болған жағдайда мүше мемлекеттің құзыретті органдары мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына және реттеу қағидаларына сәйкес ресімделген деп саналған өтініш ұсынылғаннан кейін ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде өтініш берушіге өтінішті қарау және оны қарастыру нәтижесі бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды.
      Мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына сәйкес құжаттардың барлығы және (немесе) мәлімет алынбайынша, көрсетілген өтініш тиісінше ресімделген болып саналмайды.
      Кез келген жағдайда өтініш берушіге өтінішке техникалық түзетулер енгізуге мүмкіндік беріледі.
      Өтініш берушінің сұрауы бойынша мүше мемлекеттің құзыретті органдары шамадан тыс кідіртпей, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат береді.
      61. Қызметтер көрсету саудасына, құру және (немесе) қызмет кезінде ақталмайтын кедергілер жасамайтындай жағдайды қамтамасыз ету үшін Комиссия мүше мемлекеттермен келісім бойынша Жоғары кеңес бекітетін қағида әзірлейді. Бұл қағидалардың мақсаты осы рұқсат ету талаптардың өзгелер қатарында:
      1) құзыреттілік және қызмет көрсетулер саудансы және қызметтерді жүзеге асыруға қабілеттілік сияқты объективті және жария өлшемдерге негізделуін;
      2) жүзеге асырылатын қызметтің қауіпсіздігін, сондай-ақ жеткізілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықты болмауын;
      3) Қызметтер көрсету саудасына, құру және (немесе) қызметке шектеу болмауын қамтамасыз ету болады.
      62. Мүше мемлекеттер пайданы жоятын немесе қысқартатын және:
      1) осы Хаттаманың 61-тармағында аталған өлшемдерге сәйкес келмейтін;
      2) мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленбеген және Шартқа қол қойған күнге тиісті мүше мемлекет қолданбайтын рұқсат ету талаптары мен рәсімдерін қолданбайды.
      63. Мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 62-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындау фактісін анықтау кезінде мүшелігі барлық мүше мемлекеттер үшін ашық халықаралық ұйымдардың халықаралық стандарттары назарға алынады.
      64. Егер мүше мемлекет қызмет көрсеулер саудасына, құруға және (немесе) қызметке қатысты рұқсат ету талаптарын қолданса, онда мұндай мүше мемлекет:
      1) рұқсаттарға беруге жауапты құзыретті органдары атауларының жариялануын немесе өзгеше түрде жалпының назарына жеткізілуін;
      2) барлық рұқсат ету талаптары мен рәсімдердің мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуін және рұқсат ету рәсімдерін белгілейтін немесе қолданатын кез келген акт және талап оның күшіне енген күнге дейін жариялануын;
      3) құзыретті органдар рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына сәйкесс ресімделген деп саналған өтінім ұсынылғаннан кейін, мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде, әдетте рұқсат беруге беруге өтініш алған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей қабылдауын. Мұндай мерзімрұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алу және өңдеу үшін қажетті ең аз уақытқа сүйене отырып анықталады;
      4) қызметті жүзеге асыруға құқық үшін алынатын алымдарды қоспағанда, өтінішті ұсынуға және қарауға байланысты алынатын кез келген алымдардың өздері қызмет көрсетулер саудасы, құру және қызмет үшін шектеу болып табылмауын және құзыретті органның өтінішті қарауға және рұқсат беруге байланысты шығындарына негізделуін;
      5) осы тармақтың 3 тармақшасында көрсетілген уақыт кезеңі өткен соң және өтініш берушінің талабы бойынша осы Хаттаманың 60-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің құзыретті органы өтініш берушіге оның өтінішін қараудың жай-күйі туралы, сондай-ақ бұл өтініш тиісінше толтырылған деп саналатыны-саналмайтыны туралы хабарлауын.
      Кез келген жағдайда өтініш берушіге осы Хаттаманың 57, 58, 60, 62 және 64-тармақтарында көзделген құқықтар берілуі керек.
      6) өтінішін қабылдаудан бас тартылған өтініш берушінің жазбаша талабы бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқан құзыретті органның өтініш берушіге мұндай бас тартудың себептері туралы жазбаша хабарлауын. Алайда бұл ереже құзыретті органнан ашылуы заңды орындауға кедергі келтіретін немесе өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге немесе қауіпсіздіктің елеулі мүдделеріне қайшы келетін ақпаратты ашуды талап ететіндей ретінде түсіндірілмеуге тиіс;
      7) өтініш қабылдаудан бас тартылған жағдайда, егер құзыретті орган осындай өтінішті тиісті ресімделмеуі себебінен қабылдаудан бас тартса, өтініш берушінің жаңа өтініш беруін;
      8) қызметтерді жеткізуге берілетін рұқсаттың мүше мемлекеттің осындай рұқсаттарда көрсетілетін бүкіл аумағында қолданылуын қамтамасыз етеді.

VII. Инвестициялар

1. Жалпы ережелер

      65. Осы бөлімнің ережелері мүше мемлекеттердің инвесторлары басқа мүше мемлекеттің аумағында 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап жүзеге асырған барлық инвестицияларына қатысты қолданылады.
      66. Инвестицияны жүзеге асырудың нысандарының бірі осы Хаттаманың 2-тармағының 24-тармақшасының ұғымында құру болып табылады. Мұндай инвестицияларға осы Хаттаманың 69-74 тармақтарының ережелерін қоспағанда, осы Хаттаманың ережелері қолданылады.
      67. Инвестицияларды жүзеге асыру тәсілдерінң өзгеруі, сондай-ақ инвестициялар салынатын немесе қайта инвестицияланатын нысанның өзгеруі мұндай өзгерістің реципиент мемлекеттің заңнамасына қайшы келмеуі шартымен инвестиция ретінде олардың біліктілігіне әсер етпейді.

2. Құқықтық режим және инвестицияларды қорғау

      68. Әрбір мүше мемлекет өз аумағында басқа мүше мемлекеттердің инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларға және инвестицияларға байланысты қызметке қатысты әділ және тең құқықты режимді қамтамасыз етеді.
      69. Осы Хаттаманың 68-тармағында көрсетілген режим қолайлылығы осы мүше мемлекеттің өзінің (ұлттық) инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларына және мұндай инвестицияларға байланысты қызметке қатысты ұсынатын режимінен кем болмауға тиіс.
      70. Әрбір мүше мемлекет дәл осындай (ұқсас) жағдайларда кез келген басқа мүше мемлекеттің инвесторларына, олардың инвестицияларына және инвестицияларға байланысты қызметіне қолайлылығы кез келген үшінші мемлекеттің инвесторларына, олардың инвестицияларына және мұндай инвестицияларға байланысты қызметіне ұсынылатын режимнен кем емес режим ұсынады.
      71. Осы Хаттаманың 69 және 70-тармақтарында көзделген режимдерді мүше мемлекеттер инвестордың пікірі бойынша көрсетілген режимдердің қайсысы неғұрлым қолайлы болатындығына қарай оның таңдауы бойынша ұсынуы тиіс.
      72. Әрбір мүше мемлекет өз аумағында басқа мүше мемлекеттер инвесторларының инвестицияларын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайды және өзінің заңнамасына сәйкес мұндай инвестицияларға рұқсат береді.
      73. Әрбір мүше мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес басқа мүше мемлекеттердің инвесторларының қызметін шектеу, сондай-ақ осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген ұлттық режимнен өзге де алып қоюларды қолдану және енгізу құқығын өзіне қалдырады.
      74. Осы Хаттаманың 70-тармағының ережелері мүше мемлекетті инвестицияларға және бұл мүше мемлекетке қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттардың немесе салық салу мәселелері бойынша басқа да уағдаластықтардың, сондай-ақ осы Хаттаманың 47-49-тармақтарында көрсетілген келісімдердің негізінде берілетін немесе келешекте берілуі мүмкін басқа мүше мемлекеттердің инвесторларының осындай инвестициялармен байланысты қызметке қатысты кез келген режимнің, преференцияның немесе артықшылықтың басымдығын міндеттеу ретінде түсіндірілуі тиіс емес.
      75. Әрбір реципиент мемлекет басқа мүше мемлекеттердің инвесторларына барлық салық және реципиент мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындағаннан кейін мыналарға:
      инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістерді реципиент мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған кез келген мақсатта пайдалану және иелік ету құқығына;
      инвестордың қалауы бойынша кез келген елге инвестицияларға байланысты ақша қаражатын (ақшаны) аударуды және төлемдерді жүзеге асыру құқығына кепілдік береді.
      76. Әрбір мүше мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес өз аумағында басқа мүше мемлекеттер инвесторларының инвестицияларын қорғауға кепілдік береді және оны қамтамасыз етеді.

3. Нұқсанды өтеу және инвесторларға кепілдік беру

      77. Инвесторлар мүше мемлекеттің аумағындағы азаматтық тәртіпсіздіктер, әскери іс-қимылдар, революция, бүлік, төтенше жағдай енгізу немесе өзге де осындай мән-жайлардың нәтижесінде олардың инвестицияларына келтірілген нұқсанның орнын толтыруға құқығы бар.
      78. Бұл ретте, мұндай инвесторларға мүше мемлекет өзінің ұлттық инвесторларына немесе үшінші мемлекеттің инвесторларына, оның ішінде осындай нұқсанның орнын толтыруға байланысты осы мүше мемлекет қолданатын шараларға қатысты, инвестор үшін қандай режим едәуір қолайлы болып табылатындығана байланысты қолайлылығы кем емес режим ұсынылады.

4. Экспроприация кезіндегі инвесторлардың құқықтарына кепілдік беру

      79. Бір мүше мемлекеттің инвесторларының инвестициялары мұндай шаралар кемсітушілік болып табылмайтын және жылдам, барабар өтемақы төлеумен қамтамасыз етілетін қоғамдық мүдде үшін реципиент мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданылатын жағдайларды қоспағанда, тікелей немесе жанама экспроприацияға (бұдан әрі - экспроприация) немесе мемлекет иелігіне алуға, сондай-ақ экспроприация немесе мемлекет иелігіне алу салдары бойынша тең күші бар өзге де шараларға ұшырауы мүмкін емес.
      80. Осы Хаттаманың 79-тармағында көрсетілген өтемақы экспроприацияланатын инвестициялардың және оларды нақты экспроприация күніне алда болатын экспроприация туралы жалпы белгілі болған күн алдындағы күні инвесторлардың кірістерінің нарықтық құнына сәйкес келуге тиіс.
      81. Осы Хаттаманың 79-тармағында көрсетілген өтемақы реципиент мемлекеттің заңнамасында көзделген мерзімде кідіріссіз, бірақ экспроприация күнінен бастап үш айдан кешіктірмей еркін айырбасталатын валютамен төленеді және реципиент мемлекет аумағынан шетелге еркін аударылады.
      Өтемақыны төлеу кідіртілген жағдайда экспроприация күнінен бастап өтемақы нақты төленетін күніне дейін өтемақы сомасына 6 айға дейінгі мерзімде АҚШ долларымен, бірақ LIBOR ставкасынан кем емес, нақты берілген кредиттер бойынша ұлттық банкаралық нарық ставкасы бойынша есептелетін немесе инвестор мен М8ШЕ мемлекет арасындағы уағдаластық бойынша айқындалатын тәртіппен проценттер есептеледі.

5. Инвестор құқықтарының ауысуы

      82. Реципиент мемлекеттің аумағындағы өз мемлекеті инвесторының инвестицияларына байланысты коммерциялық емес тәуекелдерден қорғау кепілдігінің негізінде осындай инвесторға төлем жасаған мүше мемлекет немесе ол өкілеттік берген орган суброгация тәртібімен инвестордың құқықтарын инвестордың өзі сияқты көлемде жүзеге асыра алады.
      83. Осы Хаттаманың 82-тармағында көрсетілген құқықтар осы Хаттаманың 21, 24, 27, 29, 30 және 32-тармақтарының ережелеріне нұқсан келтірмей, реципиент мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Инвестициялық дауларды шешу тәртібі

      84. Осы Хаттаманың 77-тармағына сәйкес шығынды өтеу және осы осы Хаттаманың 79–81-тармақтарында көзделген өтемақы ретінде алынған соманы төлеудің мөлшеріне, шарттарына немесе тәртібіне немесе осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген ақша қаражатын (ақшаны) төлеуді және аударуды жүзеге асырудың тәртібіне қатысты дауларды қоса алғанда, реципиент мемлекет пен басқа мүше мемлекеттің инвесторы арасындағы осы инвестордың реципиент мемлекеттің аумағындағы инвестицияларына байланысты туындаған даулар мүмкіндігінше келіссөздер жолымен шешіледі.
      85. Егер дау даудың кез келген тарабы оны келіссөздер жолымен шешу туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап алты ай ішінде келіссөздер жолымен шешілмесе, онда ол инвестордың таңдауы бойынша мыналардың:
      1) тиісті дауларды қарауға құзыретті реципиент мемлекет сотының;
      2) дауға қатысушылармен келісілген, кез келген мемлекеттің сауда палатасының жанындағы халықаралық коммерциялық төреліктің;
      3) егер дау тараптары өзгеше келіспесе, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік регламентіне сәйкес құрылуға және әрекет етуге тиіс "ad hoc" төрелік сотының;
      4) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен екінші мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияға сәйкес құрылған, осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес (даудың екі мүше мемлекеттер үшін ол күшіне енген жағдайда) немесе Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың қосымша ережелеріне сәйкес дауды шешу үшін (дау мүше мемлекеттердің екеуі немесе бірі үшін Конвенция күшіне енбеген жағдайда) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың қарауына берілуі мүмкін.
      86. Дауды реттеу үшін ұлттық сотқа не осы Хаттаманың 85-тармағының 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген төрелік соттардың біріне жіберіп қойған инвестордың осы дауды қандай да бір басқа сотқа немесе төрелік сотқа қайта жіберуге құқығы жоқ.
      Инвестордың сотқа немесе Хаттаманың 85-тармағында көрсетілген төрелік сотқа қатысты таңдауы түпкілікті болып табылады.
      87. Осы Хаттаманың 85-тармағының сәйкес қаралатын дау жөніндегі кез келген төрелік шешім дау тараптары үшін соңғы және міндетті болып табылады. Әрбір мүше мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес мұндай шешімнің орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Қызметтер көрсету саудасы, құру,
қызмет және инвестициялар    
туралы хаттамаға         
№ 1 қосымша           

Электр байланысы қызметтерін сату
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп мүше мемлекеттердің электр байланысы саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын реттейтін шараларына қолданылады.
      2. Осы Тәртіп бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін шараларын қозғамайды, бірақ телевизиялық және/немесе радиосигналдарды трансляциялау үдерісінде мүше мемлекеттердің электр байланысы операторларының өзара іс-қимылы мәселелерін реттейтін шараларға қолданылады.
      3. Осы қосымша почта байланысы саласындағы қызметке қолданылмайды.
      4. Осы қосымшадағы ештеңе мүше мемлекеттердің кез келгенінен жалпы пайдаланымдағы электр байланысы желісіне қосылмайтын электр байланысы желілеріне қатысты айрықша талаптар белгілеуді талап ететін (не мүше мемлекеттен оның заңды құзырындағы қызметтер көрсетушілерді міндеттеуді талап ететін) ретінде түсіндірілмейді.
      5. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «жалпы пайдаланымдағы электр байланысы желісі» мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің аумағында байланыс қызметтерін кез келген пайдаланушыға электр байланысы қызметтерін өтеулі түрде көрсетуге арналған байланыс құралы мен желісін қамтитын технологиялық жүйе;
      «электр байланысының әмбебап қызметтері» - кез келген елді мекенде электр байланысы қызметтерін кез келген пайдаланушыға белгіленген сапамен және қол жетімді баға бойынша қызмет көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылатын электр байланысы қызметтері;
      «электр байланысы қызметтері» - электр байланысы хабарларын қабылдау, өңдеу, сақтау және беру мен жеткізу жөніндегі қызмет.
      6. Әрбір мүше мемлекет жалпы пайдаланымдағы электр байланысы желілеріне және электр байланысы қызметтеріне қол жетімділік шарттары туралы ақпараттың (оның ішінде қызмет көрсету шарттарын, оның ішінде тарифтерді (бағаларды); осындай желілерге техникалық қосылу ерекшелігін, осындай қол жетімділік пен пайдалануды қозғайтын стандарттарды дайындауға және қабылдауға жауапты органдар туралы ақпаратты; түпкілікті жабдықтарды немесе басқа да аппаратураны қосуға қатысты шарттарды, сондай-ақ егер мұндайлар қажет болса, хабарламаларға, тіркеуге немесе лицензиялауға қойылатын талаптарды қоса алғанда) жалпыға бірдей қол жетімді болуын қамтамасыз етеді.
      7. Электр байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет мүше мемлекеттерідің уәкілетті органдары берген лицензиялардың негізінде оларда көрсетілген аумақтар шекарасының шегінде, мерзімдерін сақтаумен және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен әрбір электр байланысы операторына берілген нөмірлеу пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      8. Электр байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті радио жиілікті спектрді пайдалана отырып жүзеге асырған кезде, мүше мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан басқа, мүше мемлекеттің уәкілетті органының тиісті радио жиілік белдеулерін, радиожиілік арналарын және радиоэлектронды құралды пайдалану үшін радио жиілікті бөліп беру және тиісті радио жиіліктерді және (немесе) радиожиілік арналарын иелікке беру (тағайындау) туралы шешімін алу да қажет.
      9. Радио жиілік белдеулерін, радиожиілік арналарын немесе радиожиіліктерді бөліп беру, радио жиіліктерді немесе радиожиілік арналарын иелікке беру (тағайындау), радио жиілікті спектрді пайдалану құқығына рұқсаттарды беру мүше мемлекеттердіәң заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      10. Радио жиілікті спектрді бөлумен және пайдалануға байланысты төлемдер мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алынады.
      11. Мүше мемлекеттер электр байланысының желілері мен қызметтеріне кемсітусіз тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құқықтық және әкімшілік шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      12. Электр байланысы операторының электр байланысы қызметтерін көрсету нарығындағы жағдайына қарамастан оны жалпы пайдаланымдағы электр байланысы желілеріне қосуды мүше мемлекеттердің салыстырмалы жағдайларда жұмыс істейтін басқа электр байланысы операторлары үшін көзделгеннен де кем емес қолайлы жағдайлардағы техникалық мүмкіндіктер болған кезде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      13. Мүше мемлекеттер электр байланысы қызметтерінің кейбір түрлеріне тарифтерді мемлекеттік реттеуді енгізуге және қолдануға құқылы. Электр байланысы қызметтеріне арналған тарифтерді қалыптастыру мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасының талаптарына негізделуге тиіс.
      Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің кез келгенінің тұлғаларына келген елдің операторларымен электр байланысы қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан жағдайда, келген елдің тарифтері бойынша қызмет көрсетуге кепілдік береді.
      14. Оларға арналған тарифтер мемлекеттік реттеуге жатпайтын электр байланысы қызметтерінің түрлеріне қатысты мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің байланыс қызметтерін берушілердің, сондай-ақ алушылардың арасындағы бәсекелестіктің шарттарын бұрмалауға кедергі келтіретін бәсекелі заңнаманың болуын және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.
      15. Комиссия Кеңесі 2020 жылғы 1 қаңтарға қарай мүше мемлекеттердің телефон трафигін өткізу жөніндегі қызметтерге арнап баға белгілеуге бірыңғай тәсілін бекітуі керек.
      16. Мүше мемлекеттердің электр байланысы операторларының желілердің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оператораралық шарттардың негізінде транзиттікті қоса алғанда, трафикті кедергісіз өткізуін қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттер барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      17. Мүше мемлекеттер өз аумағында халықаралық шақыру аяқталуы есебінен жергілікті және қалааралық электр байланыс қызметтерін субсидиялаауды қолданбайтынына кепілдік береді.
      18. Радио жиілікті спектрдің ресурстарын, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу және пайдалану мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Мүше мемлекеттер өз аумағында осы саладағы халықаралық ұйымдардың ұсынымдарында көзделген бірыңғай қағидаттар мен қағидалардың негізінде электр байланысының әмбебап қызметтерін көрсетуге кепілдік береді. Әрбір мүше мемлекет әмбебап қызмет жөніндегі міндеттемелерді өзі айқындауға құқылы. Бұл міндеттемелер олардың бәсеке тұрғысынан ашықтық, кемсітпеушілік және бейтараптық негізде жүзеге асырылуы және осы мүше мемлекет белгілеген әмбебап қызметтің түрі үшін қажет болатындай неғұрлым ауыртпалықты болмауы шартымен бәсекеге қарсы ретінде қарастырылмайтын болады.
      20. Мүше мемлекеттердің реттеуші органдары электр байланысы операторларына тәуелсіз және оларға есеп бермейді. Осындай органдардың шешімдері нарықтың барлық қатысушыларына қатысы бойынша әділ сипатқа ие болуға тиіс.

Қызметтер көрсету саудасы, 
құру, қызмет және инвестициялар
туралы хаттамаға       
№ 2 ҚОСЫМША         

Қызметтің барлық секторлары мен түрлеріне қатысты мүше
мемлекеттер сақтайтын «көлденең» шектеулердің
ТІЗБЕСІ

Шектеу

Шектеуді қолдану үшін негіздеме

І. Беларусь Республикасы

1. Бюджет субсидияларын және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсыну

«Заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды көрсетудің тәртібін құқықтық реттеуді жетілдіру туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 182 Жарлығы

2. Жер учаскелері шетелдік заңды тұлғаларда және дара кәсіпкерлерде жалдау құқығында ғана болуы мүмкін

Беларусь Республикасы Президентінің «Жер учаскелерін алып қою және ұсыну туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 667 Жарлығы, Беларусь Республикасының Жер туралы кодексі

3. Концессиялық шарт негізінде концессия объектісін иелену және пайдалану қызметі немесе құқығы, соның ішінде оның шарттарын анықтау

«Концессиялар туралы» 2013 жылғы 12 шілдедегі № 63-З Беларусь Республикасының Заңы

4. Нақты аумақта немесе акваторияда жануарлар әлемін пайдалануға ұсынуда басымдық Беларусь Республикасының азаматтарына беріледі

«Жануарлар әлемі туралы» 2007 жылғы 10 шілдедегі Беларусь Республикасының №257-З Заңы

5. Жерге орналастыруды (жерді түгендеу, жерлерді пайдалануды жоспарлау, жерге орналастыру объектілерінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) және бекіту, жерді пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған басқа жерге орналастыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі іс-шаралар) мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар ғана жүзеге асырады

Мемлекеттің ғана меншігіндегі объектілер және жүзеге асырылуына мемлекеттің айрықша құқығы қолданылатын қызметтің түрлері туралы» Беларусь Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі №169-З Заңы, Беларусь Республикасы Президентінің «Жер учаскелерін алып қою және ұсыну туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №667 Жарлығы

6. Жылжымайтын мүлікті, оған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді техникалық түгендеу және мемлекеттік тіркеуді мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар ғана жүзеге асырады

«Мемлекеттің ғана меншігіндегі объектілер және жүзеге асырылуына мемлекеттің айрықша құқығы қолданылатын қызметтің түрлері туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Беларусь Республикасының №169-З Заңы, «Жылжымайтын мүлікті, оған құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2002 жылғы 22 шілдедегі Беларусь Республикасының №133-З Заңы

7. Олармен мәмілелер және (немесе) өзге де заңдық тұрғыдан алғанда маңызды әрекеттерді жасау үшін мемлекеттік мүлікті бағалауды мемлекеттік ұйымдар, жарғылық қорында мемлекеттік меншіктің үлесі 50 пайыздан артықты құрайтын, бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады

Беларусь Республикасы Президентінің «Бағалау қызметі туралы» 2006 жылғы 13 қазандағы №615 Жарлығы

8. Нәтижелері жалпымемлекеттік, салааралық мәндерге ие геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органына бағынысты (жүйеге кіретін) мемлекеттік ұйымдар ғана жүзеге асырады

«Мемлекеттің ғана меншігіндегі объектілер және жүзеге асырылуына мемлекеттің айрықша құқығы қолданылатын қызметтің түрлері туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Беларусь Республикасының №169-З Заңы

II. Қазақстан Республикасы

1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына бюджеттік субсидиялар және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте ұсынылады

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

2. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жер учаскелерi шетелдік тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн емес. Шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы шетелдік тұлғаларға 10 жыл мерзімге беріледі

Қазақстан Республикасының Жер кодексі

3. Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, және шетелдік заңды тұлғаларға жеке меншікке беруге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының күзетiлетiн аймағына тікелей іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi, егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі

4. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі

5. Жергілікті қамту:
1) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңына сәйкес жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу туралы хаттамаға сәйкес өтпелі кезеңмен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғанға дейін шектеу өз күшін сақтайды;
2) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы және «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 Қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) 50 пайызын және одан артық пайызын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тікелей немесе жанам иеленетін ұйымдардың, сондай-ақ тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі (олардағы мемлекеттің үлесі 50 пайыз және одан артық) компаниялардың сатып алуларында. Егер Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу туралы хаттамамен өзге көзделмесе, шектеу өз күшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы, «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 787 Қаулысы

6. Қазақстан Республикасының стратегиялық peсурстарын пайдалану жөнiндегi мәмiлелердi жасау бiр елден шыққан бiр тұлғада немесе тұлғалар тобында операциялар жүргiзуге құқықтардың шоғырлануына әкеп соғатын болса, мемлекеттiк орган өтiнiм берушiге бұған рұқсат беруден бас тартуға құқылы.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы

7. Айрықша концессионерді тағайындау құқығы сақталады. Концеденттің жеке құқықтары мен міндеттемелерін уәкілетті концедент жүзеге асыруы мүмкін

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы

8. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы шегіндегі қызметке қатысты шектеу енгізілуі мүмкін

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы

9. Акцияларының бақылау пакеті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитент Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында орналастырған кезде акцияларды шетелдiк азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сатуға құқылы емес.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы

III. Ресей Федерациясы

1. Субсидияларға және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларына қолжетімділік шарттары мен тәртібін, осындай қолжетімділікті шектеуді қоса, мемлекеттік биліктің федералдық, өңірлік және муниципалдық органдары белгілейді және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV бөлімінің шарттарына қарамастан толық көлемде қолданылады

Ресей Федерациясының Бюджет кодексі, тиісті жылға «Федералдық бюджет туралы» Федералдық заң, Ресей Федерациясы және муниципалдық құрылымдар субъектілерінің нормативтік құқықтық актілері

2. Ауыл шаруашылығы жерлеріне және шекара маңы аумақтарындағы жерлерге шетелдік меншікке тыйым салынады және жердің басқа түрлері үшін де шектелуі мүмкін. Жер учаскелерін 49 жылға дейінгі кезеңге жалдауға рұқсат етіледі.

Ресей Федерациясының Жер кодексі, «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің айналымы туралы» 2002 жылғы 24 шілдедегі №101-ФЗ Федералдық заң

3. Жарғылық (жинақтамалы) капиталында шетелдік тұлғалардың үлесі (не олардың жиынтық үлесі) 50 пайыздан артықты құрайтын ресейлік заңды тұлғалар ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелеріне тек жалдау құқығына ғана ие бола алады. Мұндай жалдау мерзімі 49 жылдан аспауы керек

Ресей Федерациясының Жер кодексі, «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің айналымы туралы» 2002 жылғы 24 шілдедегі №101-ФЗ Федералдық заң

4. Байырғы саны аз халық пен шағын этникалық топтар дәстүрлі тұратын және экономикалық қызметті жүзеге асыратын жерлермен, сондай-ақ шекара маңы аумақтарындағы және Ресей Федерациясының өзге де ерекше белгіленген аумақтарындағы жер учаскелермен жасалатын операциялар Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.

Ресей Федерациясының Жер кодексі, «Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің айналымы туралы» 2002 жылғы 24 шілдедегі №101-ФЗ Федералдық заң

5. Инвесторлармен келісімдер (келісімшарттар) бойынша Ресей Федерациясы заңды тұлғаларының мердігерлер, өнім берушілер, тасымалдаушылар немесе өзге ретінде Өнімді бөлу туралы келісімді іске асыруға қатысуға басым құқығы бар.

«Өнімді бөлу туралы келісімдер туралы» 1995 ж. 30 желтоқсандағы № 225-ФЗ Федералдық заң

6. Ресей Федерациясының жабық әкімшілік-аумақтық құрылым аумағында кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларының заңды тұлғаларды құруы, филиалдар мен өкілдіктерді құруы, дара кәсіпкер ретінде тіркелуі, кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларының әкімшілік-аумақтық құрылым аумағында тіркелген заңды тұлғалардың капиталына қатысу үлесін сатып алуы, сондай-ақ жабық әкімшілік-аумақтық құрылым аумағында тіркелген заңды тұлғалардың (соның ішінде шетелдік капиталмен) филиалдар мен өкілдіктердің қызметі Ресей Федерациясының нормативтік-құқықтық актілерімен шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.

«Жабық әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» 1992 жылғы 14 шілдедегі №3297-ФЗ Федералдық заң

7. Ресей Федерациясының континенттік қайраңы шегіндегі қызметке қатысты шектеу енгізілуі мүмкін

«Ресей Федерациясының континенттік қайраңы туралы» 1995 жылғы 30 қарашадағы №187-ФЗ Федералдық заң

8. Нақты аумақта немесе акваторияда жануарлар әлемін пайдалануға ұсынуда басымдық Ресей Федерациясының азаматтарына беріледі

«Жануарлар әлемі туралы» 1995 жылғы 24 сәуірдегі №52-ФЗ Федералдық заң

9. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған Өнімді бөлу туралы келісімдер жасауға қатысты:
Өнімді бөлу туралы келісім жасауға арналған аукционның шарттарында ресейлік заңды тұлғалардың Ресей Федерациясының Үкіметі айқындаған үлестегі келісімдерді іске асыруға қатысуы көзделуі тиіс.
Келісімде:
ресейлік заңды тұлғаларға келісім бойынша жұмыстарға инвесторлармен шарттар (келісімшарттар) негізінде мердігер, жеткізуші, тасымалдаушы немесе басқа түрде қатысуына басым құқық беру;
саны тартылған барлық қызметкерлер құрамының кемінде 80 пайызын құрауы тиіс Ресей Федерациясының азаматтарын тарту, шетелдік қызметкерлер мен мамандарды келісім бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңдерінде немесе тиісті біліктіліктегі Ресей Федерациясының жұмысшы азаматтары болмаған кезде тарту;
пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, өндіру, тасымалдау және өңдеу үшін қажетті Ресейде жасалған технологиялық жабдықты, техникалық құралдар мен материалдарды келісім бойынша жұмыстарды орындау үшін әрбір күнтізбелік жылы сатып алу мен пайдалану шығындары инвесторларға өтеу өнімімен өндірілетін сатып алынған (оның ішінде жалдау шарты, лизинг және басқа да негіздер бойынша) жабдықтың, техникалық құралдар мен материалдардың жалпы құнының кемінде 70 пайызы көлемінде сатып алу. Бұл ретте, жабдықты, техникалық құралдар мен материалдарды Ресей Федерациясының аумағында ресейлік заңды тұлғалар және (немесе) Ресей Федерациясының азаматтары құндық мәнде Ресей Федерациясының аумағында ресейлік заңды тұлғалар және (немесе) Ресей Федерациясының азаматтары шығарған тораптардан, бөлшектерден, конструкциялардан және жиынтықтауыштардан жасаған деген шартпен олар Ресейде шығарылған деп танылады. Тараптар келісімде келісім бойынша жұмыстарды орындау үшін инвестор пайдалы қазбаларды өндіру, оларды тасымалдау және өңдеу үшін (егер бұл көзделсе) сатып алатын және (немесе) пайдаланатын технологиялық жабдықтың құндық мәнде кемінде 70 пайызы Ресейде шығарылған болуы тиіс деген шарты көздеуі тиіс. Бұл жағдай құрылысы және сатып алынуы Келісімде көзделмеген магистральдік құбыр көлігі объектілерін пайдалануға қолданылмайды.

«Өнімді бөлу туралы келісімдер туралы» 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 225-ФЗ Федералдық заң

10. Айрықша концессионерді тағайындау құқығы сақталады. Концеденттің жеке құқықтары мен міндеттемелерін уәкілетті концедент жүзеге асыруы мүмкін

«Концессиялық келісімдер туралы» 2005 жылғы 21 шілдедегі №115-ФЗ Федералдық заң

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 17 ҚОСЫМША      

Қаржылық қызметтер жөніндегі
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 70-бабына сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің қаржылық қызметтер саудасын, сондай-ақ құру және (немесе) қызметті қозғайтын шараларына қатысты қолданылады.
      2. Осы Хаттаманың ережелері коммерциялық негізде және бәсекелестік шартында емес мемлекеттік биліктің функцияларын орындау үшін жүзеге асырылатын және субсидияларды беруге қатысты жеткізілетін қызмет көрсетулер мен қызметтерге қолоданылмайды.
      3. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мемлекеттік мекеме» – мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе Ұлттық банкі (орталық банкі), не осы мүше мемлекетке тиесілі немесе бақылайтын, осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы немесе осы мүше мемлекеттің Ұлттық банкі (орталық банкі) берген өкілеттіктерді ғана жүзеге асыратын ұйым;
      «қызмет» – осы Хаттаманың ұғымында құрылған заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің қызметі;
      «мүше мемлекеттің заңнамасы» – мүше мемлекеттің заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің нормативтік актілері;
      «кредиттік ұйым» – мүше мемлекеттің банк қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген арнайы лицензияның негізінде қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алу үшін өзі тіркелген аумақтың мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;
      «лицензия» – мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін, оның иесіне мүше мемлекеттің аумағында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқық беретін арнайы рұқсат (құжат);
      «мүше мемлекеттің шарасы» – мүше мемлекеттің заңнамасы, сондай-ақ мүше мемлекет органының немесе мүше мемлекет органы лауазымды шешімі, әрекеті немесе әрекетсіздігі;
      Мүше мемлекеттің уәкілетті органы ұсынымдық сипаты бар ресми құжатты қабылданған (шығарған) жағдайда мұндай ұсыным, егер іс жүзінде осы ұсынымды адресаттарының басым бөлігі оны басшылыққа алғаны іс жүзінде дәлелденсеа, осы Хаттаманың мақсаты үшін шара ретінде танылуы мүмкін.
      «ұлттық режим» – басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне қаржылық қызметтердің саудасы кезінде өз аумағында өзінің жеке тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне осындай жағдайлар кезінде берілетін режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді ұсыну;
      «жалпы қаржы нарығы» – төмендегі критерийлерге сәйкес келетін мүше мемлекеттердің қаржы нарығы:
      мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы реттеу мен қадағалауға қойылатын үйлестірілген талаптар;
      бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензияларды басқа мүше мемлекеттердің аумағында банк және сақтандыру секторында, сондай-ақ бағалы қағаздардың нарығында қызмет көрсету секторында өзара мойындау;
      заңды тұлға ретінде қосымша құрылусыз Одақтың барлық аумағында қаржылық қызметті ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру;
      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасынд аәкімшілік ынтымақтастық, соның ішінде ақпаратпен алмасу арқылы «қаржылық қызметтерді жеткізу/сату» – төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылатын қызметтер өндірісін, бөлінісін, маркетингін, саудасы мен жеткізілуін қамтитын қаржылық қызметтерді көрсету:
      бір мүше мемлекеттің аумағынан кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағына;
      бір мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекет тұлғасының басқа мүше мемлекеттің тұлғасына (қызметтерді тұтынушы);
      бір мүше мемлекеттің қаржылық қызметтерді жеткізушісінің кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағында құру және қызметі жолымен;
      «қаржылық қызметтерді жеткізуші» – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қаржылық қызметтерді жеткізетін мүше мемлекеттің кез келген жеке немесе заңды тұлғасы;
      «бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы» – «бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары» - өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғасы;
      «неғұрлым қолайлылық режимі» – басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне қаржылық қызметтердің саудасы кезінде үшінші елдердің тұлғаларына және қаржылық қызметтеріне осындай жағдайлар кезінде берілетін режимнен қолайлылығы кем болмайтын режимді беру;
      «қаржылық қызмет секторы» - барлық кіші секторларын қоса алғанда, қаржылық қызметтің барлық секторы, ал мүше мемлекеттің міндеттемелерінен, шектеулері мен шарттарынан алып тастауларға қатысты бір немесе бірнеше не жеке қаржылық қызметтердің барлық кіші секторлары;
      «сақтандыру ұйымы» – өзі аумағында тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;
      «экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест» – қызметті жеткізуші қызметінің нақты саланы экономикалық жоспарлау мақсаттарына сәйкестігіне экономикалық бағалау жолымен нарықтың қажеттілігі мен мұқтажының болуына қарай құруға және (немесе) қызметіне не қызметтерді жеткізуге рұқсаттар беру;
      «уәкілетті орган» - осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің қаржы нарығын, қаржы ұйымдары (қаржы нарығының жекелеген салаларын) реттеу және (немесе) қадағалау және бақылау жөніндегі өкілеттерге ие органы;
      «құру»:
      аумағында осындай заңды тұлға ашылатын немесе құрылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кез келген ұйымдық – құқықтық нысандағы және меншік нысандағы заңды тұлғаны ашу және (немесе) сатып алу (ашылған немесе құрылған заңды тұлғаның капиталына қатысу);
      мұндай заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы, оның ішінде дауыс беретін акцияларына (үлестеріне) тиесілі дауыстарды иелену жолымен, осындай заңды тұлғаның директорлар кеңесіне (қадағалау кеңесіне) және өзге де басқару органдарына қатысу жолымен айқындау мүмкіндігін алудан көрінетін мүше мемлекеттің заңды тұлғасының үстінен бақылауды иелену;
      филиалды ашу;
      өкілдікті ашу;
      «қаржылық қызметтер» – қызметтердің мына түрлерін қамтитын қаржылық сипаттағы қызметтер:
      1) сақтандыру қызметтері және сақтандыруға жататын қызметтер:
      а) сақтандыру (бірге сақтандыру): өмірді сақтандыру, өмірді сақтандырудан өзге сақтандыру;
      б) қайта сақтандыру;
      в) брокерлік және агенттік делдалдық сияқты сақтандыру делдалдығы;
      г) консультациялық, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және талап-арыздарды реттеу жөніндегі қызметтер сияқты сақтандыру жөніндегі қосалқы қызметтер;
      2) банк қызметтері:
      а) халықтан депозиттер мен басқа да төленуге тиіс ақша қаражатын қабылдау;
      б) тұтыну кредитін, кепіл кредитін, факторинг пен коммерциялық операцияларды қаржыландыруды қоса алғанда, барлық түрлердегі несиелерді беру;
      в) қаржы лизингі;
      г) төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі қызметтердің барлық түрлері;
      д) биржада және биржадан тыс, не өзге де түрде өз есебінен және клиенттердің есебінен: шетелдік валютамен; деривативтермен, оның ішінде, фьючерстермен және опциондармен; «своп» мәмілелері және форвардтық мәмілелер сияқтыларды қоса алғанда, валюталық бағамдар мен пайыздық ставкаларға қатысты құралдармен сауда-саттық жасау;
      е) осы тармақшада көрсетілген қызметтің барлық түрлерінде консультативтік, делдалдық және басқа да қосалқы қаржы қызметтері, кредит шарттарын талдаумен байланысты анықтамалық және талдамалық материалдарды қоса алғанда;
      3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтер:
      а) биржада және биржадан тыс, не өзге де түрде өз есебінен және клиенттердің есебінен қаржы құралдарымен сауда-саттық жасау;
      б) агент (мемлекеттік немесе жеке меншік) ретінде кепілдік беру мен орналастыруды, және осындай эмиссияларға жататын қызметтер көрсетуді қоса алғанда, бағалы қағаздардың (эмиссиялардың) барлық түрлерінің шығарылуына қатысу;
      в) қаржы нарығындағы брокерлік операциялар;
      г) қолма-қол ақша немесе бағалы қағаздар сияқты активтерді басқару, ұжымдық инвестицияларды басқарудың барлық түрлері, активтерді зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін басқару, қамқоршылық, сақтау жөніндегі қызметтер және трастылық қызметтер;
      д) бағалы қағаздарды, деривативтерді және басқа да құралдарды қоса алғанда, қаржы активтері бойынша клирингілік қызметтер;
      е) қаржы ақпаратын ұсыну және беру және басқа қаржы қызметтерін көрсетушілердің қаржылық деректерді өңдеуі мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуы;
      ж) тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеулер мен ұсынымдарды, корпорацияларды сатып алу, қайта ұйымдастыру және стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, осы тармақта аталған қызметтің барлық түріндегі консультативтік, делдалдық және басқа қосалқы қаржылық қызметтері кіреді.
      Осы Хаттамадағы өзге де ұғымдар қызмет көрсетулер саудасына, құру, қызмет және инвестициялар туралы хаттамада көрсетілген мәнде қолданылады (Шартқа № 16 қосымша).
      4. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің қаржылық қызметті жеткізушілерге (басқа мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларына) осы Хаттаманың № 1 қосымшасында көрсетілген мүше мемлекеттердің жеке ұлттық тізбесінде көрсетілген талаптарға сәйкес өздігінен, делдал арқылы немесе делдал ретінде бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына қаржылық қызметтің мынадай түрлерінің ұлттық режімін және неғұрлым қолайлы жағдай жасау режімін ұсынады:
      1) мыналарға:
      оларға қатысты осындай сақтандыру: тасымалданатын тауарларды, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын және тасымалдаумен байланысты туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті толығымен немесе ішінара қозғайтын теңіз тасымалдарына, коммерциялық әуе тасымалдарына және фрахтыға (спутниктерді қоса алғанда);
      халықаралық транзит шеңберінде тасымалданатын тауарларға жататын тәуекелдерді сақтандыру;
      2) қайта сақтандыру, сондай-ақ консультациялық қызметтер, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және талап-арыздарды реттеу сияқты қосалқы сақтандыру қызметтері;
      3) қаржылық ақпаратты ұсыну мен беру және басқа қаржылық қызметтерді көрсетушілердің қаржылық деректері мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілуін өңдеу;
      4) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке және банктік қызметке қатысты анықтамалық материалдарды қоса алғанда, консультативтік және басқа қосалқы қызмет (делдалдық және кредиттік тарихтарды талдауға байланысты қызметті, тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша зерттеулер мен ұсынымдарды, корпорацияларды сатып алу, қайта ұйымдастыру және стратегиялары мәселелері бойынша ұсынымдарды қоспағанда).
      5. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің тұлғаларына осы Хаттаманың 4-тармағының 1-4 тармақшаларында көрсетілген қаржылық қызметтерді тұтынуға рұқсат береді.
      6. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің қаржылық қызметті жеткізушілерді құруға және (немесе) қызметіне қатысты осы Хаттаманың №2 қосымшасындағы мүше мемлекеттердің әрқайсысына арналған жеке ұлттық тізбеде көзделген шектеулерді ескере отырып, қолайлылығы осындай мән-жайларда өзінің аумағындағы өзінің қаржылық қызметтерді жеткізушілеріне және (немесе) үшінші мемлекеттердің тұлғаларына берілетін режимнен кем болмайтын режимді ұсынады.
      7. Әрбір мүше мемлекет кез келген мүше мемлекеттің тұлғаларына өзінің аумағындағы, осы Хаттаманың 3-тармағында айқындалған қаржылық қызметті жеткізушілердің мекемелеріне (және немесе) қызметіне қатысты неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін ұсынады.
      8. Үшінші мемлекеттермен қаржылық қызмет, капиталына мемлекет қатыстын заңды тұлғалардың қызметі, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары, жекешелендіруге қатысу, инвесторлардың құқықтарын қорғау, төлемдер мен аударымдар, төлемдер мен аударымдарға қатысты шектеулер,,зиянды өтеу, инвесторларға кепілдік беру, оның ішінде экспроприация кезінде, инвесторлардың құқықтарының өтеуі және инвестициялық дауларды шешу тәртібі мәселелері Қызмет көрсету саудасы, құру, қызмет және инвестициялартуралы Хаттамамен реттеледі (Шартқа № 16 қосымша).
      9. Осы Хаттаманың ережесі осы Шарт күшіне енген және қолданысы жалғасып отырған күні құрылған, ашылған, сатып алынған немесе бақылатын, сондай-ақ осы Шарт күшіне енген күннен кейін құрылған, ашылған, сатып алынған, бақыланатын немесе тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдарға, өкілдіктерге, тіркелген дара кәсіпкерлерге қолданылады.
      10. Осы Хаттамаға № 1 қосымшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Хаттаманың 4-тармағында аталған секторларда мүше мемлекеттің ешқайсысы басқа мүше мемлекеттің қаржылық қызметтеріне және қаржылық қызметтерді жеткізушілеріне қатысты сауда қызметіне байланысты:
      қызметті жеткізушілердің квота, монополия, экономикалық мақсатқа сай болуына арналған тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы санына;
      кез келген қызметті жеткізушінің квота, монополия, экономикалық мақсатқа сай болуына арналған тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы операцияларына қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
      Осы Хаттаманың № 1 қосымшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Хаттаманың 4-тармағында аталған секторларда мүше мемлекеттердің бірде бірі құру талаптарын қаржылық қызметтер саудасына арналған талаптар ретінде басқа мүше мемлекеттің қызметтерді жеткізушісіне қатысты енгізбейді және қолданбайды.
      11. Осы Хаттамаға № 2 қосымшадағы мүше мемлекеттердің әрқайсысына арналған жеке ұлттық тізбеде көзделген шектеулерді қоспағанда, мүше мемлекеттердің бір де біреуі өздерінің аумақтарында құруға және (немесе) қызметке байланысты кез келген басқа мүше мемлекеттің тұлғаларына қатысты:
      1) құру нысанына, оның ішінде заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына;
      2) квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанында немесе кез келген өзге де нысанда құрылатын заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің санына;
      3) заңды тұлғаның капиталындағы сатып алынатын үлес көлеміне немесе заңды тұлғаның үстінен бақылау дәрежесіне;
      4) құрылған заңды тұлға, филиал, өкілдік квота, экономикалық орындылығы тұрғысындағы тест нысанындағы немесе кез келген өзге сандық нысандағы қызметті жүзеге асыру барысында олардың операцияларына қатысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді.
      12. Жеке тұлғалардың келуі, кетуі, болуы және еңбек қызметіне байланысты мәселелер осы Шарттың XXVI бөлімінде осы Хаттаманың № қосымшасында әрбір мүше мемлекетке арналған жеке ұлттық тізбеде көрсетілген шектеулерді ескере отырып, реттеледі.
      13. Осы Хаттаманың № 1 қосымшасында жеке ұлттық тізбеде көрсетілген қаржылық қызметтерге және Хаттаманың №2 қосымшада жеке ұлттық тізбеде көрсетілген құруға және (немесе) қызметке байланысты шектеулерге қатысты әрбір мүше мемлекет қаржылық қызметтер саудасына ықпал ететін осы мүше мемлекеттің барлық шараларының ақылға қонымды, объективті және әділ қолданылуын қамтамасыз етеді.
      14. Қаржылық қызметтерді жеткізуге рұқсат алу талап етілсе, мүше мемлекеттің уәкілетті органдары ақылға қонымды уақыт ішінде мүше мемлекеттің заңнамасы талаптарына және реттеу қағидаларына сәйкес ресімделді деп саналатын өтінімді ұсынғаннан кейін өтініш берушіге өтінішке қатысты шешімі туралы хабарлайды. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары өтініш берушінің сұратуы бойынша артық кешіктірусіз өтінімді қарау барысы туралы ақпарат береді.
      15. Біліктілік талаптары мен рәсімдеріне, техникалық стандарттар мен лицензиялау талаптарына жататын шаралар қызметтер саудасында ақталмайтын кедергілер жасамайтындай жағдайды қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттер өздері құра алатын тиісті органдар арқылы кез келген қажетті қағидаларды әзірлеуге құқылы. Бұл қағидалардың мақсаты осы талаптардың өзгелер қатарында:
      1) құзыреттілік және қызметтерді жеткізуге қабілеттілік сияқты объективті және жария өлшемдерге негізделуін;
      2) қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шамадан артық ауыртпалықты болмауын;
      3) лицензиялау рәсімдері жағдайында - олардың өздерінің қызметтерді жеткізуге шектеу болмауын қамтамасыз ету болады.
      16. Осы Хаттаманың № 1 қосымшасында жеке ұлттық тізбелерде көрсетілген қаржылық қызмет секторлары үшін осы Хаттаманың 15-тармағына сәйкес әзірленген қағидалар күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттер осы Хаттаманың № 1 қосымшасындағы жеке ұлттық тізбелерде көрсетілген талаптарға сәйкес берілетін пайдаларды жоятын немесе қысқартатын лицензиялық немесе біліктілік талаптарды және техникалық стандарттарды қолданбайды.
      Бұл ретте мүше мемлекет қолданатын лицензиялық немесе біліктілік талаптар және техникалық стандарттар осы Хаттаманың 15-тармағының 1-3- тармақшаларында көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс және осы Шартқа қол қою күні осы мүше мемлекеттен күтіледі.
      17. Егер мүше мемлекет қаржылық қызметтерді жеткізушілерді құруға және (немесе) қызметіне қатысты лицензиялауды қолданса, онда мұндай мүше мемлекет:
      1) мүше мемлекеттің қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беруге жауапты уәкілетті органдары атауларының жариялануын немесе өзгеше түрде жалпының назарына жеткізілуін;
      2) лицензиялық рәсімдердің өздері құруға немесе қызметке шектеу болып табылмауын және қызметті жүзеге асыру құқығына тікелей байланысты лицензиялық талаптардың өздері қызмет үшін негізсіз кедергі болып табылмауын;
      3) барлық лицензиялық рәсімдер мен талаптардың мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуін және лицензиялық рәсімдерді немесе талаптарды белгілейтін немесе қолданатын мүше мемлекеттің заңнамасы оның күшіне енген күнге дейін жариялануын;
      4) лицензияны берумен және лицензия беру туралы өтінішті қараумен байланысты кез келген алымдардың өзі құру және қызмет үшін шектеу болмауын және мүше мемлекеттің лицензия беруші органның өтінішті қараумен және лицензия берумен байланысты шығындарына негізделгенін;
      5) мүше мемлекеттің заңнамасында лицензия беру (бас тарту) туралы шешімді қабылдауға белгіленген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін және өтініш берушінің талабы бойынша мүше мемлекеттің тиісті лицензия беруші органының өтініш берушіге оның өтінішін қарау жағдайы туралы, сондай-ақ бұл өтініш тиісінше толтырылды деп саналатының не саналмайтыны туралы хабарлауын қамтамасыз етеді. Кез келген жағдайда өтініш берушіге өтінішке техникалық түзетулерді енгізуге мүмкіндік беріледі. Мүше мемлекеттің тиісті заңнамасында көрсетілген барлық ақпарат және құжаттар алынбай, өтініш тиісінше толтырылған деп саналмайды;
      6) өтінімді қабылдауға бас тартқан өтініш берушінің жазбаша талап етуі бойынша, мүше мемлекеттің өтінімді қабылдаудан бас тартқан лицензия беруші орган өтініш беруші осындай бас тарту себептері туралы жазбаша хабарлады. Алайда осы ереже мүше мемлекеттің лицензия беруші органынан ақпарат ашуды талап ететін ретінде түсіндірілмейді, оның мәнін ашу заңның орындалуына кедергі береді немесе қоғамдық мүддеге немесе қауіпсіздіктің маңызды мүддесіне қайшы келеді;
      7) өтінімді қабылдаудан бас тартылған жағдайда өтініш беруші жаңа өтінім бере алады, ол осы арқылы лицензия (рұқсат) беру үшін кез келген қолда бар проблемаларды жоюға тырысады;
      8) берілетін лицензия мүше мемлекеттің барлық аумағында қолданылуын қамтамасыз етеді.
      18. Мүше мемлекеттің аумағында қаржы қызметтері нарығында қызметті жүзеге арналған асыруға лицензияларды беру тәртібі және мерзімі аумағында қызметті жүзеге асыру болжанатын мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
      19. Осы Хаттамадағы еш нәрсе де мүше мемлекетке инвесторларды, салымшыларды, сақтандырушыларды, пайда алушыларды және қызметтерді көрсетушілердің олардың алдында фидуциарлық жауапкершілігі бар тұлғаларды қорғауды қоса алғанда, пруденциялық шаралар, немесе қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған шаралар қабылдауға кедергі келтірмейді. Егер мұндай шаралар осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келмесе, оларды мүше мемлекет Шартқа сәйкес осы мүше мемлекет қабылдаған міндеттемелерді орындаудан тараптың жалтару құралы ретінде пайдаланбауы керек.
      20. Еш нәрсе де жеке клиенттердің шоттарына қатысты ақпаратты, немесе басқа қандай да бір құпия немесе мемлекеттік мекемелердің билігінде бар меншіктегі ақпаратты ашуға мүше мемлекетке қойылатын талап ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      21. Мүше мемлекеттер халықаралық қағидаттар және стандарттар не ең жақсы халықаралық практика және мүше мемлекеттерде қолданылып жүрген ең жақсыдан төмен емес стандарттар және практика негізінде мынадай қызмет көрсету секторларында қаржы нарығын реттеу саласындағы үйлестірілген талаптарды пысықтауды жүзеге асырады:
      банк секторы;
      сақтандыру секторы;
      бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторы.
      22. Банк секторында мүше мемлекеттер өз әрекеттерінде Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалаудың негізгі қағидаттарын және ең озық халықаралық практиканы басшылыққа ала отырып, оның ішінде мыналарға:
      1) «кредиттік ұйым» ұғымына және оның заңды мәртебесіне;
      2) кредиттік ұйымдардың, банк топтарының және олардың аффилирленген тұлғаларының, банктік холдингтердің ақпаратты ашу тәртібі мен шарттарына;
      3) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары негізінде қаржылық (бухгалтерлік) есептілікке талаптарға;
      4) кредиттік ұйым құрудың тәртібі мен шарттарына, атап айтқанда мыналарға қатысты:
      құрылтайшылық құжаттарға қойылатын талаптарға;
      заңды тұлғаны (филиалды) және кредиттік ұйымды мемлекеттік тіркеу тәртібіне;
      кредиттік ұйым жарғылық капиталының ең аз мөлшерін айқындауға, оны қалыптастыру тәртібі мен төлеу тәсілдеріне;
      кредиттік ұйымның басшы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігі мен іскерлік беделіне қатысты қойылатын талаптарға;
      банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны беру тәртібі мен шарттарына, оның ішінде банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға қатысты;
      5) кредиттік ұйымды ұлттық тіркеуден және банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздемелерге;
      6) кредиттік ұйымды таратудың немесе қайта ұйымдастырудың (оның ішінде мәжбүрлеп таратудың) тәртібіне, рәсімдеріне және шарттарына;
      7) кредиттік ұйымнан банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияны қайтарып алу үшін негіздемелерге;
      8) кредиттік ұйымдарды қосу, қосылу және қайта өзгерту нысанында қайта ұйымдастырудың тәртібі мен ерекшеліктеріне;
      9) кредиттік ұйымның қаржылық сенімділігін қамтамасыз етуге, оның ішінде банк операцияларынан өзге кредиттік ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін, пруденциалдық нормативтерді, міндетті резервтер мен арнайы провизияларды айқындауға;
      10) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының кредиттік ұйымдардың, банктік холдингтердің және банк топтарының қызметін қадағалауды жүзеге асыру тәртібіне;
      11) кредиттік ұйымдарға және банктік холдингтерге санкциялардың тәртібіне, шарттарына және мөлшеріне;
      12) банк топтары мен банктік холдингтердің қызметі мен қаржылық сенімділігіне қойылатын талаптарға;
      13) халықтың салымдарын сақтандыру жүйесін құруға және оның жұмысына (салымдар бойынша өтемақы төлеу сомасын қоса алғанда);
      14) кредиттік ұйымдарды қаржылық сауықтыру және банкроттығы рәсімдеріне (кредиторлардың құқықтарын регламенттеуді, талаптарды қанағаттандыру кезектілігін қоса алғанда);
      15) банктік деп танылған операциялардың тізбесіне;
      16) банк операцияларының жекелеген технологиялық бөліктерін жүзеге асыруға құқылы ұйымдардың тізбесі мен олардың мәртебесіне қатысты кредиттік ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі талаптарды үйлестіреді.
      23. Сақтандыру секторында мүше мемлекеттер өздерінің іс-әрекеттерінде ең озық халықаралық практиканы және Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығының сақтандыруды қадағалаудың негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларын реттеу мен қадағалау және оның ішінде:
      1) «сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысы» ұғымы және оның заңды мәртебесіне;
      2) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, оның ішінде:
      сақтандыру, қоса сақтандыру, қайта сақтандыру, өзара сақтандыру бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті сақтандыру резервтеріне;
      сақтандыру резервтерін өтеу үшін қабылданатын активтердің құрамы мен құрылымына;
      жарғылық және меншікті капиталды қалыптастырудың ең төменгі деңгейі мен тәртібіне;
      сақтандыру портфелін өткізудің талаптары мен тәртібіне қатысты;
      3) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізінде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің талаптарына;
      4) сақтандыру қызметін құру және лицензиялау тәртібі мен талаптарына;
      5) Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін қадағалауды жүзеге асыру тәртібіне;
      6) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының нарықта қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін санкцияларды қолдану талаптарына, тәртібіне және мөлшеріне;
      7) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының басшы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігіне және іскерлік беделіне қатысты талаптарға;
      8) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту үшін негіздерге;
      9) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысын таратудың немесе қайта ұйымдастырудың, оның ішінде мәжбүрлеп таратудың (банкроттық) тәртібіне, рәсіміне және талаптарына;
      10) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысынан сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияны кері қайтарып алу үшін негіздерге, сондай-ақ лицензияның қолданылуын жоюға, шектеуге және тоқтата тұруға;
      11) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысын біріктіру, қосу және қайта құру нысанында қайта ұйымдастырудың тәртібіне және ерекшеліктеріне;
      12) сақтандыру топтарының және сақтандыру холдингтерінің құрамына және олардың қаржылық сенімділігіне қойылатын талаптарға қатысты талаптарды үйлестіреді.
      24. Мүше мемлекеттер бағалы қағаздар нарығындағы қызметтердің секторында:
      бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметтің;
      бағалы қағаздар нарығындағы дилерлік қызметтің;
      бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын басқару, зейнетақы қорларының активтері мен инвестициялық портфелін және ұжымдық инвестицияларды басқару жөніндегі қызметтің;
      өзара міндеттемелерді (клиринг) айқындау бойынша қызметтің;
      депозитарлық қызметтің;
      бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу жөніндегі қызметтің;
      бағалы қағаздар нарығында сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметтің түрлері бойынша талаптарды үйлестіреді.
      25. Мүше мемлекеттер өздерінің іс-әрекетінде үздік халықаралық практиканы және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау бойынша және, оның ішінде:
      1) жарғылық капиталды қалыптастырудың және төлеудің тәртібін, сондай-ақ меншікті капиталдың жеткіліктілігіне талаптарды айқындауға;
      2) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны берудің тәртібіне және талаптарына, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға;
      3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының басшы қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігіне және іскерлік беделіне қойылатын талаптарға;
      4) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруден бас тарту үшін негіздерге, сондай-ақ лицензияның қолданылуын жоюға, шектеуге және тоқтата тұруға;
      5) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізінде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің талаптарына, сондай-ақ ішкі есепті және ішкі бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға;
      6) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысын таратудың немесе қайта ұйымдастырудың (оның ішінде мәжбүрлеп таратудың) тәртібіне, рәсімдеріне және талаптарына;
      7) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысынан бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны кері қайтарып алудың негіздеріне;
      8) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік санкцияларды қолданудың тәртібіне, талаптарына және мөлшеріне;
      9) Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің (қатысушыларының) қызметіне қадағалауды жүзеге асыру тәртібіне;
      10) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметіне қойылатын талаптарға және шарттарға;
      11) эмитенттің бағалы қағаздары шығарылымы (эмиссиясы) рәсіміне қойылатын талаптарға;
      12) мүше мемлекеттердің бағалы қағаздарының нарығында шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын орналастыруға және олардың айналысына қойылатын талаптарға;
      13) жарияланатын ақпараттың көлеміне, сапасына және кезеңділігіне қойылатын талаптарға;
      14) мүше мемлекеттер эмитенттерінің бағалы қағаздарын Одақтың барлық аумағында орналастыру және айналысы мүмкіндігін эмитентті тіркеу мемлекетінің реттеу органының бағалы қағаздары шығарылымын (эмиссиясын) тіркеу шартымен қамтамасыз етуге;
      15) эмитенттердің ақпаратты ашу саласындағы талаптары, инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануға және бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғыға қарсы іс-әрекеттерге қатысты талаптарды үйлестіреді.
      26. Мүше мемлекеттер Халықаралық аудит стандарттары негізінде аудит жүргізуге үйлесімді талаптарды әзірлеуді жүзеге асырады.
      27. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің өз қаржы нарықтарындағы, оның ішінде банк секторындағы, сақтандыру секторындағы қызметті және бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторын реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлейді.
      Мүше мемлекеттер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес ақпаратпен, оның ішінде құпия ақпаратпен алмасады.
      28. Әрбір мүше мемлекет осы Хаттамада қамтылатын мәселелерді қозғайтын немесе қозғауы мүмкін осы мүше мемлекеттің заңнамасы ресми көзде, ал мүмкіндігіне қарай арнайы бөлінген интернет-сайтта құқықтары және (немесе) міндеттемелері мүше мемлекеттің осындай заңнамасымен қозғалуы мүмкін кез келген тұлға олармен танысуға мүмкіндік алатындай түрде жариялануын қамтамасыз етеді.
      Осындай заңнаманы жариялау осындай заңнаманы қабылдау мақсаттарының түсініктемесін қамтуға тиіс және құқықтық айқындылықты және құқықтары және (немесе) міндеттемелері мүше мемлекеттің мүше мемлекеттің заңнамасымен қозғалуы мүмкін тұлғалардың негізделген үміттерін қамтамасыз ететін мерзімде, бірақ кез келген жағдайда олар күшіне енген күнге дейін жариялануға тиіс.
      29. Әрбір мүше мемлекет кез келген тұлғаның осы Хаттамада қамтылатын мәселелер бойынша қолданыстағы және (немесе) жоспарланатын заңнамалық актілерге қатысты жазбаша сұрауларына жауап беруді қамтамасыз ететін тетік құрады. Сұрауларға жауаптар осындай мүдделі тұлғаға жазбаша сұрау алған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей ұсынылуы тиіс.
      30. Мүше мемлекеттер қаржылық нарықтардағы жүйелі тәуекелдердің алдын алу мақсатында айқындылық, есеп берушілік және жауапкершілік қағидаттарына сәйкес рейтинг агенттіктерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын талаптарға қатысты өз заңнамаларын үйлестіруді жүзеге асырады.
      31. Мүше мемлекет қаржы қызметтерін жеткізуге қатысты шараларды олардың қолдануын айқындаған кезде басқа кез келген мүше мемлекеттің пруденциялық шараларын тануы мүмкін. Мүше мемлекеттердің заңнамасының үйлесімділігі арқылы немесе басқалай түрде қол жетуі мүмкін осындай тану мүдделі мүше мемлекетпен келісімге немесе уағдаластыққа негізделуі мүмкін немесе біржақты тәртіппен ұсынылуы мүмкін.
      32. Басқа мүше мемлекеттің болашақтағы және қолданыстағы пруденциялық шараларын тану туралы келісімнің немесе уағдаластықтың қатысушысы болып табылатын мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттерге оларды осындай келісімдер мен уағдаластықтар қатысушылары арасында ақпарат алмасуға байланысты рәсімдерді, және осындай қағидаларды жүзеге асыру қағидалары, бақылау, механизм болуы мүмкін осындай келісімдерге немесе уағдаластықтарға қосу туралы келіссөздер жүргізу мүмкіндігін береді.
      33. Мүше мемлекеттердің қаржылық нарықтарындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын нақты талаптарды үйлестіру сақталып отырған айырма Одақтың жалпы қаржылық нарығының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу талабымен жүзеге асырылуы тиіс.
      34. Осы Хаттамадағы ештеңе мүше мемлекетке мұндай шаралардың қызметтер саудасына, құруға және (немесе) қызметке қатысты мүше мемлекеттердің тұлғалары арасында өз бетінше немесе негізсіз кемсіту құралдарын жасайтын тәсілмен қабылданбауы шартымен төменде санамаланған шараларды, оның ішінде жасырын шектеулерді, атап айтқанда:
      1) қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті қолдау үшін қажетті. Қоғамдық тәртіп ұғымдары бойынша ерекшелік қоғамның байырғы мүдделерінің біріне қатысты шынайы және мейлінше ауыр қауіп орын алған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін;
      2) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;
      3) мыналарға:
      адасуға әкеп соғатын және жосықсыз практиканың немесе азаматтық-құқықтық шарттарды сақтамау салдарының алдын алуға;
      жеке сипаттағы мәліметтерді өңдеу мен тарату және жеке өмір мен шоттар туралы мәліметтердің құпиялылығын қорғау кезінде жекелеген тұлғалардың жеке өміріне араласудан қорғауға қатысы барларын қоса алғанда, осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келетін заңдарды немесе қағидаларды сақтау үшін қажетті;
      4) іс жүзінде ұсынылатын режимдегі өзгешелік әділ немесе тиімді салық салуды немесе басқа мүше мемлекеттің тұлғаларынан құруға, қызметке және қызметтер саудасына қатысты салықтарды өндіріп алуды қамтамасыз етуге деген ұмтылыстан туындауы шартымен ұлттық режимді ұсыну бөлігінде осы Хаттаманың 4 және 6 тармақтарымен үйлеспейтін;
      5) режимге қатысты өзгешелік салық салу мәселелері жөніндегі келісімнің, оның ішінде тиісті мүше мемлекет қатысушысы болып табылатын қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің нәтижесі болуы шартымен осы Хаттаманың 4 және 7-тармақтарымен үйлеспейтін шараларды қабылдауға немесе қолдануға кедергі келтірмейді.
      35. Осы Хаттамадағы ештеңе кез келген мүше мемлекетке өзінің ел қорғанысы немесе мемлекет қауіпсіздігі саласындағы маңызды мүдделерін қорғау үшін қажетті деп санайтын кез келген іс-қимылды қабылдауына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
      36. Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың № 1 және 2-қосымшаларында олардың жеке ұлттық тізбелерінде көрсетілген алып тастаулар мен шектеулерді кезең-кезеңімен қысқартуды қамтамасыз етеді.
      37. Мүше мемлекеттер осы Хат таманың № 1 және 2-қосымшаларында олардың жеке ұлттық тізбелеріндегі мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру талаптарын мүше мемлекеттер орындаған қаржы қызметінің секторларына және лицензияларды өзара тануға қатысты шараларды қолдануды тоқтатады.

Қаржылық қызметтер
бойынша хаттамаға
№ 1 ҚОСЫМША   

Мүше мемлекеттер Қаржылық қызметтер бойынша хаттаманың
(Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 17 қосымша)
4-тармағына сәйкес ұлттық режим ұсынатын және көрсетілген
Хаттаманың 10-тармағына сәйкес міндеттемелер қабылдайтын қаржы
қызметтерінің шағын секторларының
ТІЗБЕСІ

Сектор/шағын сектор

Шектеудің болуы

Шектеудің сипаттамасы

Шектеуді қолдану үшін негіз (нормативтік құқықтық акт)

Шектеудің қолданылу мерзімі

I. БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ

1. Мыналар:
халықаралық теңіз тасымалдарына халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарына халықаралық коммерциялық ғарыштық ұшыруларға;
-мыналарды:
жеке тұлғаларды халықаралық тасымалдау;
туындайтын жауапкершілікті қоса алғанда, экспорттық/импорттық жүктерді және оларды өткізетін көлік құралдарын халықаралық тасымалдау;
тауарларды халықаралық көлікпен тасымалдау;
шарттар мен сақтандыру сертификаттарының халықаралық жүйесі - Жасыл картаға қосылғаннан кейін ғана жеке көлік құралдарын трансшекаралық өткізу кезіндегі жауапкершілікті толық немесе ішінара жабатын сақтандыруға байланысты тәуекелдерді сақтандыру

Шектеулер жоқ

-

-

-

2. Қайта сақтандыру және ретроцессия

Шектеулер жоқ

-

-

-

3.Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің қызметтері

Шектеу

Беларусь Республикасының аумағында шетелдік сақтандырушылардың атынан сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және бөлуге байланысты сақтандыру делдалдығына рұқсат етілмейді (осы тізбенің қаржылық қызметтер бөлімінің 1-тармағында көрсетілген секторларды қоспағанда, сондай-ақ сақтандыру брокерлерінің қайта сақтандыру бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруын қоспағанда)

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы

-

4. Консультациялық, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және наразылықтарды реттеу жөніндегі қызметтер сияқты сақтандырудың қосалқы қызметтері

Шектеулер жоқ

-

-

-

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

1. Мыналар:
халықаралық теңіз тасымалдарына халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарына халықаралық коммерциялық ғарыштық ұшыруларға;
- мыналарды:
жеке тұлғаларды халықаралық тасымалдау;
туындайтын жауапкершілікті қоса алғанда, экспорттық/импорттықжүктерді және оларды өткізетін көлік құралдарын халықаралық тасымалдау;
тауарларды халықаралық көлікпен тасымалдау;
шарттар мен сақтандыру сертификаттарының халықаралық жүйесі - Жасыл картаға қосылғаннан кейін ғана жеке көлік құралдарын трансшекаралық өткізу кезіндегі жауапкершілікті толық немесе ішінара жабатын сақтандыруға байланысты тәуекелдерді сақтандыру

Шектеу

Мына жағдайды қоспағанда шектеу жоқ:
Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру ұйымы ғана жүзеге асыра алады.
Жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен – Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Міндетті сақтандыру шарттары Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандырушылардың өз қолында болуға тиіс.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

2. Қайта сақтандыру және ретроцессия

Шектеу

Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтанушы (цедент) олардан алуына есептелген комиссиялық сыйақыны шегергенде, қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша алуына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерінің 60 (алпыс) пайызынан (ДСҰ-ға кірген сәтінен бастап 85 %-ынан) аспайды. Міндетті сақтандыру шарттары сақтандырушылардың өз қолында болуға тиіс не қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының резиденттері қайта сақтандырушыларға беріледі.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау агенттігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысы

Анықталған жоқ

3.Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің қызметтері

Шектеу

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығатын автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметке жол берілмейді.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы

Анықталған жоқ

4. Консультациялық, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және наразылықтарды реттеу жөніндегі қызметтер сияқты сақтандырудың қосалқы қызметтері

Шектеулер жоқ

-

-

-

III. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

1. Мыналар:
халықаралық теңіз тасымалдарына халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарына халықаралық коммерциялық ғарыштық ұшыруларға;
-мыналарды:
жеке тұлғаларды халықаралық тасымалдау;
туындайтын жауапкершілікті қоса алғанда, экспорттық/импорттық жүктерді және оларды өткізетін көлік құралдарын халықаралық тасымалдау;
тауарларды халықаралық көлікпен тасымалдау;
шарттар мен сақтандыру сертификаттарының халықаралық жүйесі - Жасыл картаға қосылғаннан кейін ғана жеке көлік құралдарын трансшекаралық өткізу кезіндегі жауапкершілікті толық немесе ішінара жабатын сақтандыруға байланысты тәуекелдерді сақтандыру

Шектеулер жоқ

-

-

-

2.Қайта сақтандыру және ретроцессия

Шектеулер жоқ

-

-

-

3. Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің қызметтері

Шектеу

Ресей Федерациясының аумағында шетелдік сақтандырушылардың атынан сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және бөлуге байланысты сақтандыру делдалдығына рұқсат етілмейді (осы қосымшаның қаржылық қызметтер бөлімінің 1-тармағында көрсетілген секторларды қоспағанда)

«Ресей Федерациясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» Ресей Федерациясының 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-1 Заңы

-

4. Консультациялық, актуарлық қызметтер, тәуекелді бағалау және наразылықтарды реттеу жөніндегі қызметтер сияқты сақтандырудың қосалқы қызметтері

Шектеулер жоқ

-

-

-

Қаржылық қызметтер
жөніндегі хаттамаға
№ 2 ҚОСЫМША   

Құруға және (немесе) қызметке қатысты мүше мемлекеттер
сақтайтын шектеулер
ТІЗБЕСІ

Шектеудің болуы

Шектеудің сипаты

Шектеулерді қолдануға арналған негіздеме - нормативтік құқықтық акт

Шектеулердің қолданылу мерзімі

I. БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ

1. Қаржылық қызметтер жөніндегі хаттама 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №17 қосымша (бұдан әрі - №17 қосымша)

Беларусь Республикасының сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларындағы шетелдік инвесторлардың квотасы 30 пайыздан асып кеткен жағдайда, Беларусь Республикасының Қаржы министрлігі шетелдік инвестициялар бар сақтандыру ұйымдарын тіркеуді және/немесе осындай ұйымдарға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беруді тоқтатады.
Сақтандыру ұйымы өзінің жарғылық қорының мөлшерін шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен ұлғайтуға; өзінің жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының пайдасына иелікке беруге Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.
Сақтандыру ұйымы өзінің жарғылық қорының мөлшерін шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен ұлғайтуға; сақтандыру ұйымының жарғылық қорының 5 пайызын және одан көбін құрайтын оның жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) иелікке беруге, өзінің жарғылық қорындағы үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және/немесе осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының пайдасына иелікке беруге Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.
Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының белорусьтік қатысушылары жарғылық қорлардағы өздеріне тиесілі үлестерді (акцияларды) шетелдік инвесторлардың және (немесе) осы шетелдік инвесторларға қатысты еншілес (тәуелді) шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдарының меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына) иелікке беруге Қаржы министрлігінің алдын ала рұқсатын алуға міндетті.
Көрсетілген іс-қимылдарды жасау кезінде Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларындағы шетелдік капиталдың қатысу квотасы асып кеткен жағдайда, алдын ала рұқсат беруден бас тартылады.
сақтандырушы, сақтандырушының қатысушысы жарғылық капиталдағы оған тиесілі үлестерді (акцияларды) иелікке беруді жүзеге асыруға ниетті заңды тұлға3 жылдан кем емес қызметін жүзеге асырады және соңғы 3 жылда өзінің қызметін жүзеге асыру қорытындылары бойынша пайда көрмейді
Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігін (оның ішінде экономикалық салада), ұлттық сақтандыру ұйымдарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі бар шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлар үлесі бар сақтандыру ұйымдары Беларусь Республикасының аумағында оқшауланған бөлімшелерді құра алады, сондай-ақ Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің оған алдын ала рұқсатын алғаннан кейін басқа сақтандыру ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) бола алады. Беларусь Республикасы сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капиталдың қатысу квотасы асып кеткен жағдайда, алдын ала рұқсат беруден бас тартылады.
Шетелдік инвесторларға қатысты еншілес немесе тәуелді шаруашылық қоғамдары болып табылатын сақтандыру ұйымдары Беларусь Республикасының аумағында өмірді сақтандырумен, міндетті сақтандырумен, оның ішінде мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеткізумен, қызмет көрсетумен немесе мердігерлік жұмыстарды орындаумен байланысты міндетті мемлекеттік сақтандырумен, мүліктік сақтандырумен, сондай-ақ Беларусь Республикасының мүліктік мүдделері мен оның әкімшілік-аумақтық бірліктерін сақтандырумен айналыса алмайды.

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы «Беларусь Республикасының сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларында шетелдік инвесторлардың квотасын белгілеу туралы» Беларусь Республикасының Министрлер кеңесінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі №1174 қаулысы «Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы
«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы
«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы 
 

Анықталған жоқ


Шетелдік инвесторлардың сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жарғылық қорларындағы үлестерді төлеуі тек ақша қаражатымен жүргізіледі.

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы

Анықталған жоқ

2. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

белорусьтік тұлғалар ғана сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері бола алады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы

Анықталған жоқ

3. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысуы 50 пайызбен шектелген
Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарды құру Ұлттық банктің алдын ала рұқсатын алуды талап етеді. Ұлттық банк Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталға қатысудың белгіленген мөлшеріне (квотаға) жеткен кезде шетелдік инвестициялары бар банктерді тіркеуді тоқтатады.
Ұлттық банктің осы шектеуді сақтау үшін кез келген шараларды қабылдауға құқығы бар. Рұқсат беру туралы мәселені қарау кезінде Беларусь Республикасының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысу квотасын пайдалану деңгейі, сондай-ақ резидент емес құрылтайшылардың қаржылық жағдайы мен іскерлік беделі ескеріледі.

Беларусь Республикасының 2000 жылғы 25 қазандағы № 441-З Банктік кодексі, «»Беларусь Республикасының банкітік жүйесінде шетелдік капиталдың қатысу мөлшері (квотасы) туралы» Беларусь Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2008 жылғы 1 қыркүйектегі №129 қаулысы

Анықталған жоқ

4. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Беларусь Республикасында қаржы қызметтері саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған Беларусь Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

Беларусь Республикасының 2000 жылғы 25 қазандағы № 441-З Банктік кодексі

Анықталған жоқ

5. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтандыру ұйымы басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің функцияларын Беларусь Республикасының азаматтары, сондай-ақ Беларусь Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ғана және еңбек шарттары негізінде ғана орындай алады

«Сақтандыру қызметі туралы» Беларусь Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 530 Жарлығы

Анықталған жоқ

6. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті тек Беларусь Республикасының заңды тұлғалары, Беларусь Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкерлер жүзеге асыра алады.
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлері Белорусь Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

«Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы ереже» Беларусь Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 450 Жарлығы

Анықталған жоқ

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Шектеудің болуы

Шектеудің сипаты

Шектеуді қолдану үшін негіз – нормативтік құқықтық акт

Шектеудің қолданылу мерзімі

1. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

2. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары немесе жеке кәсіпкерлері ғана жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында лицензиялауға жататын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214-ІІІ Заңы

Анықталған жоқ

3. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заңы

Анықталған жоқ

4. Шартқа №15 қосымшаның 9-бабы бойынша шектеу

Қазақстан Республикасында резидент емес банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының1995 жылғы 31 тамыдағы № 2444 Заңы

Анықталған жоқ

5. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғам нысанында құрылуы тиіс.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

6. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасында резидент емес сақтандыру ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

7. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

8. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңы

Анықталған жоқ

9. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңы

Анықталған жоқ

10. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден бір ұйым болып табылады. Орталық депозитарий акционерлік қоғам нысанында құрылады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

11. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған (трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

12. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

13. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады.

«Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыдағы № 2444 Заңы

Анықталған жоқ

14. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңы

Анықталған жоқ

15. Шартқа № 15 қосымшаның
9-бабы бойынша шектеу

бірыңғай тіркеуші – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

16. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін.

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

17. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Қор міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423 Заңы

Анықталған жоқ

18. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Уәкілетті орган депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.

«Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169 Заңы

Анықталған жоқ

19. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, мемлекет қатысатын кредиттік бюро бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. оған ақпарат беруш кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн қажетті ақпараттыміндетті түрде ұсынады

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 Заңы

Анықталған жоқ

20. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Сақтаныдру шарттары бойынша деректер қорларын қалыптастыру және жүргізуді мемлекеттік қатысу үлесімен акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ Заңы

Анықталған жоқ

III. РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Шектеулердің болуы

Шектеулердің сипаты

Шектеулерді қолдану үшін негіз – нормативтік құқықтық акт

Шектеулердің қолданылу мерзімі

№17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдары Ресей Федерациясында атқарушы биліктің федеральды органдарына (сақтанушыларға) тиісті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаражат есебінен азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтандыруды, мемлекеттік және муниципальдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырумен байланысты сақтандыруды, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың және муниципальдық ұйымдардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыра алмайды.
Шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысты еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 51 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ Ресей Федерациясында азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе мерзімге дейін өмір сүруіне не азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына, сондай-ақ өліміне байланысты сақтандыруды және көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыра алмайды;
Шетелдік инвесторға (негізгі ұйымға) қатысты еншілес қоғам болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымы Ресей Федерациясында егер шетелдік инвестор (негізгі ұйым) тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес кемінде бес жыл сақтандыру ұйымы ретінде өз қызметін жүзеге асырса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
Ресей Федерациясының заңнамасында сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарына 50 пайызға тең шетелдік капиталдың қатысу шекті мөлшері (квотасы) белгіленген. Сақтандыру ұйымдарының шетелдік капиталының қатысу мөлшері (квотасы) туралы, осы тармақтың 5 және 7 абзацтарында көзделген шетелдік инвестицияларға шектеулерді ендіру немесе шектеу туралы ақпарат Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіпте жариялануға жатады
Егер сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталындағы шетелдік капитал қатысуының мөлшері (квотасы) 50 пайыздан асатын жағдайда, сақтандыруды қадағалау органы шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысы бойынша еншілес қоғамдар болып табылатын не өзінің жарғылық капиталында 49 пайыздан астам шетелдік инвесторлардың үлесі бар сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді тоқтатады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыруды қадағалау органының шетелдік инвесторлардың және/немесе олардың еншілес қоғамдарының қаражаты есебінен өзінің жарғылық капиталының мөлшерін ұлғайтуға, өз акцияларын (жарғылық капиталдағы үлестерін) шетелдік инвестордың пайдасына иеліктен шығаруға (оның ішінде шетелдік инвесторларға сатуға), ал ресей акционерлері (қатысушылары) сақтандыру ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталдағы үлестерін) шетелдік инвестордың және/немесе олардың еншілес қоғамдарының пайдасына иеліктен шығаруға алдын ала рұқсат алуға міндетті. Шетелдік инвесторларға (негізгі ұйымдарға) қатысы бойынша еншілес қоғамдар болып табылатын немесе өзінің жарғылық капиталдарында шетелдік инвесторлардың 49 пайызынан астам үлесі бар немесе егер, мәмілелерді жасау кезінде осы тармақта белгіленген мөлшерден (квотадан) аспайтын болса, көрсетілген мәмілелер нәтижесінде осындай болып табылатын сақтандыру ұйымдарына көрсетілген алдын ала рұқсатты беруден бас тартылмайды.
Шетелдік инвесторлардың сақтандыру ұйымдарындағы (жарғылық қорларындағы үлестерді) төлеуі тек Ресей Федерациясының валютасындағы ақша қаражатымен жүргізіледі.
Шетелдік инвесторлардың Осы Келісімнің ережелеріне қарамастан Ресей ДСҰ-ға қосылғанға дейін сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алған сақтандыру ұйымдары осы қызметті лицензия берілген шарттарға сәйкес жүзеге асыруды жалғастыра алады.

«Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-1 Федералдық заң

Анықталған жоқ

2. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясының азаматтары ғана сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері бола алады.

«Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-1 Федералдық заң

Анықталған жоқ

3. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясының банк жүйесінде шетелдік капиталдың қатысуы 50 пайызбен шектелген.
Ресей Федерациясының банк жүйесінде шетелдік қатысу квотасын бақылау мақсаттары үшін Ұлттық банктің алдын ала рұқсаттары:
еншілес және тәуелді қоғамдарды қоса алғанда, шетелдік қатысуы бар кредит ұйымдарын құруға резидент еместің (резидент еместердің) қаражаты есебінен кредит ұйымының жарғылық капиталын ұлғайтуға кредит ұйымының акцияларын (үлестерін) резидент еместердің пайдасына иелікке беруге талап етіледі.

1994 жылғы 15 сәуірдегі Әлемдік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Ресей Федерациясының қосылуы туралы 2011 ылғы 16 желтоқсандағы Хаттамадан туындайтын және қызметтерге қатысты Ресей Федерациясының халықаралық міндеттемелері

Анықталған жоқ

4. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясында қаржы қызметтері саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған Ресей Федерациясының заңды тұлғаларына беріледі.

«Банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 1 желтоқсандағы № 395-1 Федералдық заң;
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1996 жылғы 22 сәуірдегі № 39-ФЗ Федералдық заң; «Ресей Федерациясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы 4015-1 Федералдық заң; «Клиринг және клирингтік қызмет туралы» 2011 жылғы 7 апандағы № 7-ФЗ Федералдық заң, «Ұйымдастырылған сауда-саттық туралы» 2011 жылғы 21 қарашадағы № 325-ФЗ Федералдық заң; «Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары туралы» 1998 жылғы 7 мамырдағы № 75-ФЗ Федералдық заң; «Инвестициялық қорлар туралы» 2001 жылғы 29 қарашадағы № 156-ФЗ Федералдық заң; «Ресей Федерациясындағы жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 14 наурыздағы № 29-ФЗ Федералдық заң

Анықталған жоқ

5. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарға қатысты:
Егер Ресей кредиттік ұйымының жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға шетелдің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылса осындай кредиттік ұйымның алқалы атқарушы органы кемінде елу пайызы Ресей Федерациясының азаматтарынан құрылуға тиіс.
Ресей Федерациясының азаматтары – қызметкерлері саны шетелдік инвестициялары бар Ресей кредиттік ұйымы қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жетпіс бес пайызын құрауға тиіс.

«Шетелдік инвестициялары бар кредиттік ұйымдарды тіркеу ерекшеліктері туралы ережесін қолданысқа енгізу және тіркелген кредиттік ұйымның жарғылық капиталын резидент еместердің қаражаты есебінен ұлғайтуға Ресей Банкінің алдын ала рұқсатын алу тәртібі туралы» Ресей Орталық Банкінің 1997 жылғы 23 сәуірдегі № 02-195 бұйрығы

Анықталған жоқ

6. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Шетелдік кредит ұйымы өкілдігінің шетелдік персоналының саны әдетте 2 адамнан аспауы тиіс. Егер өкілдікке аккредиттелген қызметкерлердің көп саны талап етілсе, осы қажеттілік Ресей Банкінің Төрағасының атына жазбаша өтініште негізделуі керек, осының негізінде шешім қабылданады

«Ресей Федерациясында шетелдік кредиттік ұйымдардың өкілдіктерін ашу және олардың қызмет тәртібі туралы» Ресей Банкінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 02-437 бұйрығы
 


7. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей сақтандыру ісі субъектісі - заңды тұлғаның басшылары (оның ішінде жеке-дара атқарушы орган) және бас бухгалтері Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұруы тиіс.

«Ресей Федерациясында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы» 1992 жылғы 27 қарашадағы № 4015-1 Ресей Федерациясының заңы

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін

8. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Жүзеге асыруға лицензия талап етілетін қызметті Ресей Федерациясының заңды тұлғалары немесе Ресей Федерациясында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкерлер ғана жүзеге асыра алады.
Лицензиялауға жататын қызмет түрлері Ресей Федерациясының заңнамаға сәйкес айқындалады

«Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы» 2001 жылғы 8 тамыздағы № 128-ФЗ Федералдық заң және көрсетілген Федералдық заңның 1-бабының 2-тармағында аталған қызмет түрлерін реттейтін заңнама. «Банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 1 желтоқсандағы № 395-1 Федералдық заң;

Анықталған жоқ

9. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Акционер (адамдар тобымен байланысқан) бір холдингілік топқа кіретін, Ресей Федерациясы қаржы нарығының уәкілетті органы немесе инфрақұрылымдық ұйымы болып табылған жағдайларды қоспағанда, әрбір акционердің (адамдар тобымен байланысқан) сауданы ұйымдастырушылардың жарғылық капиталындағы үлесі 10 пайыздан аспауы керек

-

Анықталған жоқ

10. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Ресей Федерациясында сақтандыру тарихтарын жүргізуді Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес құрылған және қызметін жүзеге асыратын жалғыз ұйым жүзеге асырады

-

Анықталған жоқ

11. №17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Орталық депозитарий мәртебесін алған ұйым Ресей Федерациясының аумағында орталық депозитарий функциясын жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады
Орталық депозитарий акционерлік қоғам нысанында құрылады

«Орталық депозитарий туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №414-ФЗ Федералдық заң

Анықталған жоқ

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 18-ҚОСЫМША     

Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі
мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 71 және 72-баптарына сәйкес әзірленді және тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі тетігін айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «аудиторлық қызметтер» - бухгалтерлік есепке, салық және қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтер;
      «бухгалтерлік қызметтер» - бухгалтерлік есепке қою, жүргізу, қалпына келтіру, салық, қаржы және бухгалтерлік есептілікті жасау және (немесе) тапсыру жөніндегі қызметтер;
      «жылжымалы мүлік» - жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар;
      «дизайнерлік қызметтер» - бұйымдардың, ғимараттардың қасбеттерінің көркемдік нысандарын, сыртқы келбетін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде қызметтер көрсету; көркемдік конструкциялау;
      «тауарлар импорты» - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкелуі;
      «инжинирингтік қызметтер» - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу процесін даярлау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы және басқа да объектілерді салу мен пайдалануды дайындау жөніндегі инженерлік-консультациялық қызметтер, сондай-ақ жоба алды және жобалау қызметтері (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалау-конструкторлық әзірлемелер, техникалық сынақтар және олардың нәтижелерін талдау);
      «құзыретті органдар» - мүше мемлекеттердің қаржы, экономика министрліктері, салық және кеден органдары;
      «консультациялық қызметтер» - басқарушылық, экономикалық, қаржылық (оның ішінде салықтық және бухгалтерлік) мәселелер бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару жөніндегі мәселелер бойынша тұлғаның проблемаларын және (немесе) мүмкіндіктерін айқындауды және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар және өзге де нысандағы консультациялар беру жөніндегі қызметтер;
      жанама салықтар - қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) және акциздер (акциз салығы немесе акциздік алым);
      «маркетингтік қызметтер» - тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына қажетті экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты қызметтер;
      «салық төлеуші (төлеуші)»- мүше мемлекеттердің салықтарды, алымдарды мен баж салықтарын салық төлеуші (төлеуші) (бұдан әрі - салық төлеуші);
      «ғылыми-зерттеу жұмыстары» - тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына негізделген ғылыми зерттеулер жүргізу;
      «жылжымайтын мүлік» - жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін емес объектілер, оның ішінде ормандар, көп жылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбыржолдар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері;
      нөлдік мөлшерлеме - нөл пайыз мөлшерлеме бойынша ҚҚС салу, ҚҚС тиісті сомаларын шегеру (есепке жатқызу) құқығын білдіреді;
      «тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстар» - жаңа бұйымдар үлгісін, оған арналған конструкторлық құжаттаманы немесе жаңа технологияны әзірлеу;
      «жұмыс» - нәтижелерінің материалдық көрінісі болатын және ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатылуы мүмкін қызмет;
      «жарнамалық қызметтер» - белгісіз адамдар аясына арналған және кез келген құралдардың көмегімен және кез келген нысанда жеке немесе заңды тұлғаның тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, қызметтерге қызығушылығын қалыптастыруға немесе қолдауға бағытталған ақпаратты жасау, тарату және орналастыру жөніндегі қызметтер;
      «тауар» - сатылатын немесе сатуға арналған кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, энергияның барлық түрлері;
      «көлік құралдары» - теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас суларда жүзетін «өзен-теңіз» кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді коса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері;
      «қызмет» - нәтижелерінің материалдық көрінісі болмайтын қызмет, осы қызметті жүзеге асыру процесінде сатылады және тұтынылады, сондай-ақ патенттерді, лицензияларды, сауда маркаларын, авторлық құқықтарды немесе өзге де құқықтарды беру;
      «ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтер» - ақпаратты жинау мен қорытындылауды жүзеге асыру, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйелендіру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иелігіне беру жөніндегі қызметтер;
      «тауарлар экспорты» - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды бір мүше мемлекеттің аумағына екінші басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкетуі;
      «заң қызметтері» - құқықтық сипаттағы қызметтер, оның ішінде консультациялар мен түсініктемелер беру, құжаттарды дайындау және сараптау, соттарда тапсырыс берушілердің мүддесін білдіру.

II-бөлім. Тауарлардың экспорты кезінде жанама салықтарды
қолдану тәртібі

      3. Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде аумағынан тауарлар әкетілген мүше мемлекеттің салық төлеушісі, осы бөлімнің 4-тармағында көзделген құжаттарды салық органына ұсынған кезде қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданады.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты кезінде салық төлеуші Одақтың шегінен тысқары жерлерге осы мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, кеден одағына мүше мемлекеттің осыған ұқсас заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық шегерімдерге (есепке жатқызуларға) құқығы бар.
      Тауарларды өткізу орны, егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Тауарды бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі басқа мүше мемлекеттің салық төлеушіне өткізген жағдайда Одақтың шегінен тысқары жерлерге тауарды жеткізу (тасымалдау) басталған және басқа мүше мемлекетте аяқталған жағдайда, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен аумағына орналастырылатын мүше мемлекеттің аумағы тауарларды өткізу орны деп танылады.
      4. Аумағынан тауарлар әкетілген мүше мемлекеттің салық төлеушісінің ҚҚС-ның нөлдік ставкасын қолдануының және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық органына салық декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) табыс етеді:
      1) басқа мүше мемлекеттің салық төлеушісімен немесе Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісімен олардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі - шарттар (келісімшарттар); тауарлар лизингі немесе тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары), тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісімшарттары); тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар); алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
      2) егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, экспортталған тауарларды өткізуден түскен түсімнің экспорттаушы салық төлеушінің шотына нақты түсуін растайтын банктің көшірме-үзіндісі.
      Егер шартта (келісімшартта) қолма-қол ақша қаражатымен есеп айырысу көзделген жағдайда және мұндай есеп айырысу аумағынан тауарлар экспортталатын мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, салық төлеуші салық органына оның банктегі шотына алынған сомаларды салық төлеушінің енгізгенін растайтын банктің көшірме-үзіндісін (көшірме-үзіндісінің көшірмесін), сондай-ақ егер аумағынан тауарлар экспортталатын мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған тауарларды сатып алушыдан түскен түсімнің нақты түсуін растайтын кассалық кіріс ордерлерінің көшірмелерін табыс етеді.
      Егер тауарлар меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша әкетілген жағдайда, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық төлеуші салық органына экспорттаушы салық төлеушінің шотына лизинг төлемінің (тауардың (лизинг мәндерінің) бастапқы құнын өтеу бөлігінде) нақты түсуін растайтын банктің көшірме-үзіндісін (көшірме-үзіндінің көшірмесін) табыс етеді.
      Сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялар, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) беру жүзеге асырылған жағдайда экспорттаушы салық төлеуші салық органына көрсетілген операциялар бойынша алған (сатып алған) тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалғанын, қызметтер көрсетілгенін) растайтын құжаттарды табыс етеді.
      Осы тармақта аталған құжаттар, егер оларды табыс ету Одақтың шегінен тысқары жерлерге мүше мемлекеттің аумағынан экспортталған тауарларға қатысты мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе, онда салық органына табыс етілмейді;
      3) аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар мүше мемлекеттердің салық органдары бекіткен нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) (қағаз тасығыштағы түпнұсқада немесе мүше мемлекеттердің салық органдарының қалауы бойынша көшірмесінде) не болмаса өтініштердің тізбесі (қағаз тасығыштағы немесе электрондық (электрондық цифрлық) қолтаңбамен электрондық түрде);
      Салық төлеуші өтініштердің тізбесіне ақпарат жекелеген ведомствоаралық шарта көзделген нысанда салық органына түскен өтініштердегі деректемелер мен мәліметтерді енгізеді.
      Өтініштер тізбесінің нысаны, оны толтыру тәртібі және пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерімен не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін тауарларды өткізген және оларды екінші мүше мемлекеттің аумағындағы еркін кедендік аймағының немесе еркін қоймасының кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда, өтініштің орнына бірінші мүше мемлекеттің салық органына екінші мүше мемлекеттің кедендік органы растаған кедендік декларацияның көшірмесі беріледі, оған сәйкес мұндай тауарлар еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылады;
      4) бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілгенін растайтын, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (тауарларға ілеспе) және өзге де құжаттар. Егер тауарларды өткізудің, оның ішінде тауарларды көлік құралдарын пайдаланбай өткізудің жекелеген түрлері үшін мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды;
      5) аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар.
      Егер, салық декларациясымен бірге ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданудың негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтінішті (өтініштер тізбесін) қоспағанда, осы тармақта көзделген құжаттар салық органына ұсынылмайды.
      Егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, егер осы тармақта көзделген құжаттар ҚҚС бойынша салық декларациясымен бірге берілген болса, олар акциздер бойынша тиісті салық декларациясымен бірге берілмейді.
      Осы тармақтың 1, 2, 4, 5-тармақшаларында, 3-тармақшаның төртінші абзацында көзделген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электрондық түрде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген құжаттардың пішімін мүше мемлекеттердің салық органдары айқындайды не олар мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар тауарларды тиеп-жөнелткен (берген) күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде салық органына ұсынылады.
      Бұл құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда жанама салықтардың сомалары аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ҚҚС-тың тиісті сомаларын шегеру (есепке жатқызу) құқығы беріле отырып, тауарларды тиеп-жөнелту күніне тұспа-тұс келетін салық (есептік) кезеңі үшін не мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге салық (есептік) кезеңі үшін бюджетке төленуге жатады.
      Тауарларды өткізу кезінде ҚҚС-ты есептеу мақсатында тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша бірінші күн не ҚҚС салық төлеушісі үшін мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге міндетті құжаттың үзінді көшірмесінің күні тиеп-жөнелту күні болып танылады.
      Егер аумағында акцизделетін тауарлар өндірілген мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, өз шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді есептеу мақсатында тауарларды сатып алушыға (алушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша бірінші күн тауарларды тиеп-жөнелту күні болып; алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акцизделетін тауарларды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн тиеп-жөнелту күні болып танылады.
      Жанама салықтар төленбеген, толық төленбеген, осындай салықтар осы тармақта белгіленген мерзімдер бұзыла отырып төленген жағдайда, салық органы аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылыққа тарту шараларын қолданады.
      Салық төлеуші осы Хаттаманың 4-тармағында көзделген құжаттарды осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынған жағдайда, төленген жанама салық сомалары аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шегеруге (есепке жатқызуға), қайтаруға жатады. Жанама салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін төленген өсімпұлдар, айыппұлдар сомалары қайтаруға жатпайды.
      6. Мүше мемлекеттерге әкетілетін акцизделетін тауарлардың көлемі, тиеп-жөнелту күніне қолданыста болған акциздер мөлшерлемелері, сондай-ақ акциздер сомалары акциздер бойынша тиісті салық декларациясында көрсетілуге тиіс.
      7. Салық органы ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) қолданудың негізділігін тексереді, сондай-ақ аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайды (шығарады).
      Салық органына Өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органы бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына экспортталған тауарларды өткізу бойынша операцияларға қатысты бір мүше мемлекеттің салық органында екінші мүше мемлекеттің салық органынан жанама салықтарды толық көлемде төлеу (жанама салықтарды төлеуден босату) фактісін электронды түрде растауы болған кезде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) қолданудың негізділігін растау туралы шешім қабылдауға (шығаруға) құқылы.
      8. Егер тауарларды өткізу және жанама салықтарды төлеу туралы салық төлеуші ұсынған мәліметтер мүше мемлекеттердің салық органдары арасында белгіленген ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректерге сәйкес келмесе, салық органы аумағынан тауарлар экспортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілдерін және осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылық шараларын қолданады.
      9. Осы бөлімнің ережесі аумағында оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін, оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға да қатысты ҚҚС бөлігінде қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.
      10. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға акциздерді салу үшін салық базасы оларға қатысты қатал (ерекше) акциз мөлшерлемелері белгіленген табиғи мәніндегі алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі, саны (өзге де көрсеткіштері) ретінде не оларға қатысты адвалорлық акциздер мөлшерлемелері белгіленген алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлардың құны ретінде айқындалады.
      11. Тауарлардың экспорты кезінде ҚҚС бойынша салық базасы, өткізілген тауарлардың бағасы өскеніне (кемігеніне) орай көбею (кему) жағына өзгерген не олардың тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша қайтарылуына байланысты өткізілген тауарлардың саны (көлемі) кеміген кезде, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, экспортталған тауарлардың бағасын шартқа (келісімшартқа) қатысушылар өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық (есептілік) кезеңінде түзетіледі. Тауарларды (лизинг мәндерін) бір мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарт) бойынша, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарты) бойынша, тауарларды дайындауға арналған шарт (келісімшарт) бойынша әкетілген кезде салық органына осы Хаттаманың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі және (немесе) акциздерді төлеуден босату (егер мұндай операция мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциздер салынуға жатса) қолданылады.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды (лизинг нысанасын) экспорттау кезінде ҚҚС бойынша салық базасы әрбір лизингтік төлемі тиесілі болатын тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемдерді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.
      Салықтық шегерімдер (есепке жатқызулар) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысанасының) құнына тиесілі бөлігіне жүргізіледі.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС бойынша салық базасы - шартта (келісімшартта) көзделген берілген (ұсынылған) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны болмаған жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны болмаған жағдайда есепке алуда көрсетілген тауарлардың құны болып табылады.
      12. Жанама салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында мүше мемлекеттің бағаларды айқындау қағидаттарын реттейтін заңнамасы қолданылуы мүмкін.

III. Тауарлардың импорты кезінде жанама салықтарды алу тәртібі

      13. Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды алуды (осы Хаттаманың 27-тармағында белгіленген және (немесе) еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыратын импортталатын тауарларды қоспағанда) аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық органы, арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерді қоса алғанда, оның ішінде осы Хаттаманың 13.1 – 13.5-тармақтарында көзделенген ерекшеліктерді ескере отырып, салық төлеушілерді - тауар иелерін есепке қою орны бойынша жүзеге асырады.
      Осы бөлімнің мақсаттары тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға тауарлардың иесі болып танылады.
      13.1. Егер тауарлар бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісімшарт) негізінде сатып алынса, жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі, не егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент жүзеге асырады.
      13.2. Егер тауарлар бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар үшінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі төлейді.
      13.3. Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісіне комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент арқылы өткізсе және бірінші не үшінші мемлекеттің аумағынан импорттаса, жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент жүзеге асырады.
      13.4. Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы мүше мемлекеттің аумағына бұрын екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі импорттаған, ол бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент (егер тауарларды комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент арқылы екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізген жағдайда) төлейді.
      Егер бір мүше мемлекеттің салық төлеушісі осы мүше мемлекеттің аумағына бұрын екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісімен комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) немесе агенттік шарты (келісімшарты) бойынша комиссионер, сенім білдірілген адам, немесе агент (осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі) импорттаған, ол бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі – тауар иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, комиссионер, сенім білдірілген адам немесе тауарды импорттаған агент жүзеге асырады.
      13.5. Егер тауарлар мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісімшарт) негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлар иесі не, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент (егер тауарлар комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент арқылы өткізілген жағдайда) төлейді.
      14. ҚҚС-ты төлеу мақсаттары үшін салық базасы сатып алынған тауарлардың (оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың), сондай-ақ тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарт) бойынша алынған тауарлардың, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауарлардың және акцизделетін тауарлар бойынша төленуі тиіс акциздердің құны негізінде салық төлеушідегі импортталған тауарларды есепке алуға қабылдау күніне (бірақ аумағына тауарлар импортталатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей) айқындалады.
      Сатып алынған тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың құны шарт (келісімшарт) талаптарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін жеткізушіге төленуге тиіс мәміле бағасы болып табылады.
      Тауар айырбас (бартерлік) шарты (келісімшарты) бойынша, сондай-ақ тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісімшарты) бойынша алынған тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны болмаған жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны болмаған жағдайда – есепке алуда көрсетілген тауарлардың құны болып табылады.
      Тауарлар, оның ішінде шет ел валютасында көрсетілген, оларды шығару жөніндегі шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар құнының салық базасын айқындау мақсаттары үшін тауарларды есепке алуға қабылдау күніне мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.
      Бір мүше бір мемлекеттің аумағына алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған кезде салық базасы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың және акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төлеуге жататын акциздердің құны ретінде айқындалады. Бұл ретте шетел валютасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жұмыстарды орындау құны қайта өңдеу өнімдерін есепке алуға қабылдау күніне мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      15. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды (лизинг нысанасын) әкелу кезінде салық базасы лизинг шартымен (келісімшартымен) оны төлеген күнге көзделген тауардың (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылған күнге қарамастан) айқындалады. Шетел валютасындағы лизингтік төлем мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің салық базасын айқындаудың тиісті кезіне (күніне) тұспа-тұс келетін күнгі бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      16. Импортталған акцизделетін тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, оларға қатысты қатал (ерекше) акциз сөлшерлемелері белгіленген табиғи мәніндегі көлемі, саны (өзге де көрсеткіштері) не оларға қатысты адвалорлық акциз мөлшерлемелері белгіленген импортталған акцизделетін тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың құны акциз салу үшін салық базасы болып табылады.
      Акциздерді есептеу үшін салық базасы импортталған акцизделетін тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, тауарларды салық төлеуші есебіне қабылдаған күні (бірақ, аумағына акцизделетін тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей) айқындалады.
      17. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар бойынша төленуі тиіс жанама салықтардың сомасын салық төлеуші аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемелері бойынша есептейді.
      18. Жанама салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында мүше мемлекеттің бағаларды айқындау қағидаттарын реттейтін заңнамасы қолданылуы мүмкін.
      19. Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді қоспағанда, жанама салықтар:
      импортталған тауарларды есепке қабылдаған;
      лизинг шартымен көзделген төлем мерзімі айынан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
      Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
      20. Салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды есепке қабылдаған айдан (лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген төлем мерзімінен) кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген нысан бойынша не аумағына тауарлар импортталған, оның ішінде лизинг шарты (келісімшарты) бойынша импортталған мүше мемлекеттің құзыретті органы бекіткен нысан бойынша тиісті салық декларациясын ұсынуға міндетті. Салық декларациясымен бірге салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрдегі Өтініш не электрондық (электрондық цифрлық) қолтаңбамен электрондық түрдегі Өтініш;
      2) егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің көшірме-үзінді немесе жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын растайтын өзге құжат. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттің аумағына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу кезінде салық төлеушіде қайтаруға (есепке жатқызуға) жататын артық төленген (өндіріліп алынған) салықтардың, алымдардың сомалары не жанама салықтардың сомалары болған жағдайда салық органы аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу есебіне есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды (шығарады). Бұл жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің көшірме-үзіндісі (оның көшірмесі) ұсынылмайды. Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген төлем мерзімі басталған кезде ұсынылады;
      3) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын көліктік (тауарларға ілеспе) құжаттар және (немесе) өзге құжаттар. Аталған құжаттар, егер тауарларды өткізудің, оның ішінде көлік құралдарын пайдаланбай өткізудің жекелеген түрлері үшін мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда ұсынылмайды;
      4) егер шот-фактураларды жазып беру (үзінді беру) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда тауарларды тиеп-жөнелту кезінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
      Егер шот-фактураларды жазып беру (үзінді беру) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе не тауарларды мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынатын болса, онда салық органына шот-фактураның орнына импортталған тауарлардың құнын растайтын, сатушы жазып берген (үзінді берген) өзге құжат (құжаттар) ұсынылады;
      5) негізінде мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар); тауарлар лизингі (лизинг нысанасы) жағдайында – лизинг шарттары (келісімшарттары); тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісімшарттар); тауарларды шығару туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
      6) бір мүше мемлекеттің салық төлеушісіне екінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі (осы Хаттаманың 13.2 – 13.5-тармақтарында көзделген жағдайларда) не үшінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізуші, мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген, үшінші мүше мемлекеттің салық төлеушісі туралы және импортталған тауарларды сатып алу туралы осы үшінші мүше мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) туралы мынадай мәліметтер жөніндегі ақпараттық хабарлама (басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған):
      тұлғаны мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіру нөмірі;
      мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (дара кәсіпкердің) толық атауы;
      мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
      шарт (келісімшарт) нөмірі мен күні;
      ерекшелік нөмірі мен күні.
      Егер тауарлар сатып алынатын мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізілетін тауарлардың иесі болып табылмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген тұлға немесе агент болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да ұсынылады.
      Ақпараттық хабарлама шет тілінде ұсынылған жағдайда орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
      Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама ұсынылмайды;
      7) комиссия шарттары (келісімшарттары), тапсырма немесе агенттік шарт (келісімшарт) (олар жасалған жағдайда);
      8) негізінде комиссия шарттары (келісімшарттары), тапсырма немесе агенттік шарт (келісімшарт) бойынша мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (жанама салықтарды комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент төлейтін жағдайларды қоспағанда, (осы Хаттаманың 13.2 – 13.5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
      Осы тармақтың 2 – 8-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органының нормативтік құқықтық актілерінде не мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған көшірмелерде немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электрондық түрде ұсынылуы мүмкін. Аталған құжаттардың пішімін мүше мемлекеттердің салық органының нормативтік құқықтық актілерімен не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша ҚҚС-ты бірінші төлеген кезде салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1–8-тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыналы. Одан әрі салық төлеуші салық органына салық декларациясымен бірге осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.
      Өтініштер мен ақпараттық хабарламаны қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттар, егер оларды салық декларациясымен бір мезгілде ұсынбау аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасынан өрбісе, салық органына ұсынылмайды.
      21. Нақтыланған Өтініш (бұрын ұсынылмағанның орнына) қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрде не салық төлеушінің электрондық (электрондық цифрлық) қолтаңбасымен электрондық түрде ұсынылады. Нақтыланған Өтінішпен (бұрын ұсынылғанның орнына) бір мезгілде, егер олар бұрын салық органына ұсынылмаған болса, осы Хаттаманың 20-тармағы 2–8-тармақшаларында көзделген құжаттар ұсынылады.
      Егер нақтыланған Өтінішті (бұрын ұсынылғанның орнына) ұсыну бұрын ұсынылған салық декларациясына өзгерістер енгізуге әкеп соқпаса, онда, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық төлеуші нақтыланған (қосымша) салық декларациясын ұсынбайды. Мұндай нақтыланған Өтінішті ұсыну тауарлардың импорты кезінде төленген, бұрын шегерімге жатқызуға қабылданған ҚҚС сомасын қайта қалпына келтіруге алып келмейді.
      Нақтыланған Өтініш (бұрын ұсынылғанның орнына) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда ұсынылмайды.
      22. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлемеген, осындай салықтарды осы Хаттаманың 19-тармағында белгіленген мерзіммен салыстырғанда әлдеқайда кеш мерзімде төлеген жағдайларда, сондай-ақ салық декларацияларын ұсынбау, оларды осы Хаттаманың 20-тармағында белгіленген мерзімді бұза отырып, ұсыну фактілері анықталған жағдайда, не салық декларацияларында көрсетілген деректердің мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректермен сәйкес келмеген жағдайларда салық органы аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылық шараларын қолданады.
      23. Импортталған тауарларды оларды есепке қабылданған айда қайтарған кезде егер тауарлар тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша қайтарылса, бұл тауарлар импорты бойынша операциялар салық декларациясында көрсетілмейді.
      Тауарларды тиісінше сапада болмауы және (немесе) жиынтықталмауы себептері бойынша қайтару шарттың (келісімшарттың) қатысушылары келіскен талап қоюмен, сондай-ақ осындай тауарлармен одан әрі операциялар жасауға арналған тиісті құжаттармен расталуға тиіс. Мұндай құжаттарға тауарларды қабылдау-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда), көліктік (тауарлардың ілеспе) құжаттар (қайтарылған тауарларды тасымалдаған жағдайда), жою актілері немесе өзге де құжаттар жатады. Осындай тауарлар ішінара қайтарылған жағдайда көрсетілген құжаттар (олардың көшірмелері) салық органдарына осы Хаттаманың 20-тармағында көзделген құжаттармен бірге ұсынылады.
      Импортталған тауарларды олар есепке алуға қабылданған ай біткен соң көрсетілген себептер бойынша қайтарған кезде салық төлеуші тиісті нақтыланған (қосымша) салық декларациясын және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттарды (олардың көшірмелерін) салық органына ұсынады.
      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерімен немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген құжаттардың пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарымен не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Тауарлар тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша ішінара қайтарылған жағдайда, ішінара қайтарылған тауарлар туралы мәліметтерді көрсетпей-ақ салық органына нақтыланған (бұрын ұсынылғанның орнына) Өтініш ұсынылады. Көрсетілген Өтініш не қағаз жеткізгіше (төрт данада) және электронды түрде немесе салық төлеушінің электронды қолтаңбасы қойылған (электронды-цифрлық) электронды түрде ұсынылады.
      Тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша, мәліметтері бұрын ұсынылған Өтініште көрсетілген барлық тауарлар толығымен қайтарылған жағдайда, салық органына нақтыланған (бұрын ұсынылғанның орнына) Өтініш ұсынылмайды. Салық төлеуші мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша және тәртіппен толығымен қайтарылған тауарлар туралы мәліметтер көрсетілген, бұрын ұсынылған Өтініштегі деректемелер туралы салық органына хабарлайды.
      Тауарлар тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша ішінара немесе толығымен қайтарылған жағдайда, бұл тауарларды импорттаған кезде бұрын төленген шегерімге қабылданған ҚҚС сомаларын қалпына келтіру, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды қайтару жүргізілген салықтық кезеңде жүргізіледі.
      24. Салық төлеушінің тауарларды есепке алып қабылдаған ай өткен соң олардың бағасы көтерілген кезде импортталған тауарлардың құны өскен жағдайда, ҚҚС-ты төлеу мақсаттары үшін салықтық база импортталған тауарлардың өзгертілген және алдыңғы құны арасындағы айырмаға көбейтіледі. ҚҚС-ты төлеу және салықтық декларация тапсыру импортталған тауарларға шартқа (келісімшартқа) қатысушылар бағаны өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Сатып алынған импортталған тауарлардың алдыңғы және өзгертілген құны арасындағы айырма салық төлеуші салық органына тапсыратын салықтық декларацияда бірмезгілде:
      Өтініш (алдыңғы және өзгертілген құн арасындағы айырма көрсетілген) қағаз жеткізгіше (төрт данада) және электронды түрде немесе салық төлеушінің электронды қолтаңбасы қойылған (электронды-цифрлық) электронды түрде;
      импортталған тауарлардың бағасы көбейгенін, шот-фактураның түзетілгенін (егер оны шығару (көшіру) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделінгенін) растайтын шарт (келісімшарт) немесе шарттың (келісімшарттың) қатысушылармен көзделген өзге құжаттар ұсынылады. Көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмеде немесе мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерімен немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен электронды түрде ұсынылады. Көрсетілген құжаттардың пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерімен не мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      25. Мүше мемлекеттің аумағында импорты оның заңнамасына сәйкес жанама салықтарды төлеусіз жүзеге асырылған тауарлар босату немесе өзге төлеу тәртібі берілген мақсаттарда емес, өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда мұндай тауарлардың импортына осы бөлімде белгіленген тәртіппен жанама салықтар салынуы тиіс.
      26. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар бойынша төленген (есепке жатқызылған) жанама салықтардың сомалары аумағына тауарлар импортталған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен шегерулерге (есепке жатқызуларға) жатады.
      27. Акциздік таңбалармен (есепке алу-бақылау таңбаларымен, белгілермен) таңбалануға жататын тауарлар бойынша акциздерді алуды, егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, мүше мемлекеттің кеден органдары жүзеге асырады.

IV. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде
жанама салықтар алу тәртібі

      28. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар салу аумағы жұмыстарды, қызметтерді (осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) өткізу орны болып танылатын мүше мемлекетте жүзеге асырылады.
      Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық базасы, жанама салықтардың мөлшерлемелері, оларды салу тәртібі мен салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату), егер осы бөлімде өзгеше белгіленбесе, аумағы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      29. Мүше мемлекеттің аумағы, егер:
      1) жұмыстар, қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
      Осы тармақшаның ережесі жылжымайтын мүлікті жалға алу, жалға беру және өзге де негіздерде пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге қатысты да қолданылады;
      2) жұмыстар, қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағындағы жылжымалы мүлікпен, көлік құралдарымен тікелей байланысты болса;
      3) мәдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
      4) осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі:
      консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызметтерді, ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
      ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және дерекқорларды (есептеуіш техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды бейімдеу және түрлендіру, сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды, қызметтерді;
      егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істеген жағдайда, персонал беру жөніндегі қызметтерді сатып алса жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
      Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ:
      патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқа біреуге беру;
      көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, оның лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
      осы тармақшада көзделген жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушы үшін өзінің атынан тартатын тұлғаның не шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан басқа тұлғаның қызмет көрсетуі кезінде қолданылады;
      5) егер осы тармақтың 1 – 4-тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
      Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизинг және өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
      30. Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      мүше мемлекеттердің салық төлеушілері жасасқан, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
      жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжаттар;
      мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
      31. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін, кейіннен басқа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды өткізу кезінде ҚҚС салу тәртібі мен олардың төленуін бақылауды қамтамасыз ету, егер осы бөлімде өзгеше белгіленбесе, осы Хаттаманың II бөліміне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ҚҚС бойынша салықтық база алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі орындалғани жұмыстардың құны есебінде айқындалады.
      32. Осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген жұмыстарды өткізу бойынша ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолдану негізділігін растау үшін салық органдарына салық декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) қағаз жеткізгіште:
      1) мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарт (келісімшарт);
      2) жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
      3) осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген тауарларды әкелуді (әкетуді) растайтын құжаттар;
      4) өтініш (мүше мемлекеттердің салық органдарының қалауы бойынша қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық қолтаңба қойылған (электрондық-цифрлық) электронды түрде тапсырылады.
      Өтініштер тізбесі осы Хаттаманың 4-тармағы 3-тармақшасында белгіленген тәртіппен ұсынылады.
      Одақтың шегінен тыс жерлерге алыс-беріс шикізаттың қайта өңдеу өнімдері әкетілген жағдайда салық органына өтініш (өтініштер тізбесі) ұсынылмайды.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан алыс-беріс шикізаттың қайта өңдеу өнімдерін екінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілген және екінші мүше мемлекеттің аумағындағы еркін кедендік аймақта немесе бос қоймаға кедендік рәсімдермен орналастырған жағдайда, осындай тауарлардың еркін кедендік аймақта немесе бос қоймаға кедендік рәсімдермен орналастырылуына сәйкес бірінші мүше мемлекеттің салық органына өтініштің (өтініштер тізбесінің) орнына екінші мүше мемлекеттің кеден органы куәландырған кедендік декларацияны тапсырады;
      5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Одақтан тысқары әкетуді растайтын кеден декларациясы;
      6) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылады.
      Осы тармақтың 4-тармақшасының 1, 2, 3, 5, 6-тармақшаларда, төртінші абзацында көзделінген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген құжаттардың пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарымен немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Егер салық декларациясымен бір мезгілде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемелерін қолданудың негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы аумағында өңдеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасынан туындаса, осы тармақта көзделген өтінішті (өтініштер тізбесін) қоспағанда, құжаттар салық органына ұсынылмайды.
      33. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы бөліммен реттелетін жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін орындаған, көрсеткен жағдайда және бір жұмыстарды, қызметтерді өткізу басқа жұмыстардың, қызметтердің өткізілуіне қатысты қосалқы сипатта болған жағдайда, онда негізгі жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны қосалқы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 19 ҚОСЫМША    

Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) XVIII бөліміне сәйкес әзірленген және оның қолданылу ерекшеліктерін, екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда (бұдан әрі - трансшекаралық нарық), бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылын қоса алғанда, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін, бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы қағидаттарын айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеуді енгізу және мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдерін даулау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Шартта пайдаланатын, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің мақсаттары үшін келесі терминдер мынаны білдіреді:
      1) «сатылас келісім» – бірі тауарды сатып алатын немесе оның ықтимал сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның ықтимал сатушысы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісім;
      2) «өзара алмастыратын тауарлар» – өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауарды екіншісімен шынайы алмастыратын немесе алмастыруға дайын болатын тауарлар;
      3) «мемлекеттік баға реттеу» – мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) үстемелер, ең жоғары немесе ең төмен бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) ең жоғары немесе ең төмен үстемелерді мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілеуі;
      4) «мемлекеттік немесе муниципалды преференция» – мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көрсетілген органдардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардың немесе ұйымдардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) мемлекеттік немесе муниципалдық мүлікті, азаматтық құқықтардың өзге де объектілерін беру жолымен немесе мүліктік жеңілдіктер, мемлекеттік не муниципалдық кепілдіктер беру жолымен оларға қызметтің аса тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін артықшылықтарды беруі;
      5) «тұлғалар тобы» – мынадай белгілердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы:
      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке, шаруашылық әріптестікке) қатысу күші болса не алынған, оның ішінде жазбаша келісім негізінде басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің, шаруашылық әріптестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акцияларына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса, шаруашылық қоғам (серіктестік, шаруашылық әріптестік) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) жеке-дара атқарушы органының функциясын жүзеге асырса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) құрылтай құжаттары немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектісімен (нарық субъектісімен) жасалған шарттар (келісімдер) негізінде осы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге құқылы болса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
      алқалық атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің, қор кеңесінің) сандық құрамының 50 пайыздан астамын белгілі бір жеке тұлғалар құрайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері);
      жеке тұлға, оның жұбайы-зайыбы, ата-аналары (оның ішінде бала асырап алушылар), балалары (оның ішінде асырап алынғандар), аға-інілері мен апа-сіңлілері;
      тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша сол бір ғана тұлғамен топқа кіретін, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың кез келгенімен осы тармақтың екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша топқа кіретін тұлғалар;
      егер тұлғалар өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) бірлесіп қатысуына орай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің, шаруашылық әріптестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса, осы тармақтың екінші - жетінші абзацтарында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық қоғам (серіктестік, шаруашылық әріптестік), жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
      Тұлғалар тобы біртұтас шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қарастырылады, ал Шарттың XVIII бөлімінің және осы хаттаманың шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері, осы Хаттамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлғалар тобына қолданылады.
      Мүше мемлекеттердің заңнамасында мүше мемлекеттер аумағында бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру мақсатында «тұлғалар тобы» деген анықтама нақтылануы, оның ішінде бір тұлғаның акцияларын (үлестерін) екінші тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталында иелік ету (қатысу) мөлшерінің мәні бөлігінде нақтылануы мүмкін, мұндай кезде тұлғалар тобы мұндай иелік етуді (қатысуды) таниды;
      6) «кемсітушілік шарттары» – осы Шартта және/немесе барлық мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарында көзделген талаптарды, шектеулерді және ерекшеліктерді ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) екінші шаруашылық жүргізуші субъектісімен (нарық субъектісімен) немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен (нарық субъектілерімен) салыстырғанда тең емес жағдайға қойылған кезде тауар нарығына кіру шарты, тауарларды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзге де беру шарттары;
      7) «үстем жағдай» – тиісті тауар нарығында осы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) (тұлғалар тобына) не осы шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) (тұлғалар топтарына) тиісті тауар нарығында тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі шешуші ықпал етуге және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді (нарық субъектілерін) осы тауар нарығынан жоюға және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) осы тауар нарығына кіруін қиындатуға мүмкіндік беретін белгілі бір тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) не шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) жағдайы;
      8) «бәсекелестік» – шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты тіртіппен ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы;
      9) «құпия ақпарат» – мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) жататын ақпаратты қоспағанда, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен қорғалатын ақпараттың барлық түрлері;
      10) «экономикалық қызметті үйлестіру» – шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарын мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ешбірімен бір тұлғалар тобына кірмейтін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісілген іс-қимылдары жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу;
      11) «жанама бақылау» – араларында тікелей бақылау бар заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімді заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі;
      12) «монополиялық жоғары баға» – егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, Одақ немесе оның шегінен тыс жерлердегі аумақта мұндай нарық болған кезде тауарды сатып алушылар немесе сатушылар құрамы, тауар айналымының шарттары, тауар нарығына кіру шарттары, салық салу және кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу бойынша тауар нарығындағы (бұдан әрі - салыстырмалы тауар нарығы) бәсекелестік жағдайларда қалыптасқан бағадан асып кетсе, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған осындай тауар тарифі шегінде табиғи монополия субъектісі белгілеген баға монополиялық жоғары баға болып танылмайды;
      13) «монополиялық төмен баға» – егер осы баға нақты немесе осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, Одақ немесе оның шегінен тыс жерлердегі аумақта мұндай нарық болған кезде салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан төмен болса, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға;
      14) «жосықсыз бәсеке» – мүше мемлекеттердің заңнамасына іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген іс-әрекеті;
      15) «бәсекелестікті шектеу белгілері» – тауар нарығында бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқарту, тауар нарығында тауар айналымының өзге де жалпы жағдайының тиісінше өзгерістеріне байланысты тауар бағаларының өсуі немесе төмендеуі, бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес іс-қимылынан бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісіммен немесе олардың орындауы үшін міндетті өзге тұлғаның тапсырмаларына сәйкес не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз іс-қимылдарын келісу нәтижесінде тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайын айқындау, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) бір жақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына әсер етуге мүмкіндік беретін өзге де мән-жайлар;
      16) «тікелей бақылау» – заңды немесе жеке тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше іс-қимылдар:
      оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
      заңды тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталын құрайтын акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50-ден астам пайызына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі;
      17) «келісім» – құжатта немесе бірнеше құжаттарда қамтылған жазбаша нысандағы уағдаластық, сондай-ақ ауызша нысандағы уағдаластық;
      18) «тауар» – сатуға, айырбастауға және айналымға өзге де енгізуге арналған азаматтық құқықтар объектісі (оның ішінде жұмыс, қаржы қызметін қоса алғанда, қызмет);
      19) «тауар нарығы» – экономикалық, техникалық немесе өзге мүмкіндіктерге не орындылықты негізге ала отырып, шекараларында (оның ішінде географиялық) сатып алушы тауар сатып ала алатын және мұндай мүмкіндік не орындылық оның шегінен тыс жерлерде жоқ, басқа тауармен алмастырылмайтын немесе бірін-бірі алмастыратын тауар айналымының саласы;
      20) «шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі)» – өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым немесе коммерциялық емес ұйым, дара кәсіпкер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіби табыс әкелетін қызметі мемлекеттік тіркелуге және (немесе) лицензиялануға тиіс жеке тұлға;
      21) «экономикалық шоғырлану» – мәмілелер, жүзеге асырылуы бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін өзге де іс-әрекет.
      3. Шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайы мынадай мән-жайларды талдауды негізге ала отырып, белгіленеді:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі және оның бәсекелестері мен сатып алушыларының үлестерімен арақатынасы;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) біржақты тәртіппен тауар бағасының деңгейін айқындау және тиісті тауар нарығында тауар өткізудің жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі;
      3) тауар нарығына кіру үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы;
      4) жұмыс істеу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі.
      4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын танитын өзге де (қосымша) шарттар белгіленуі мүмкін.
      Трансшекаралық нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын Комиссияның шешімімен бекітілетін Трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес Комиссия белгілейді.

II. Келісімдер мен алып қоюға жол берушілік

      5. Шарттың 76-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген келісімдер, сондай-ақ Шарттың 75-бабының 3-тармағында белгіленген салдарларға әкеп соғуы мүмкін бірлескен қызмет туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісімдері, егер олар шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) осы келісімдердің мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болып табылатын шектеулер қоймаса және тиісті тауар нарығында бәсекелестікті жою үшін мүмкіндік жасамаса және егер шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), мұндай келісімдер өз нәтижесінде:
      1) тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге немесе техникалық (экономикалық) прогреске ынталандыруға не әлемдік тауар нарығында мүше мемлекеттердің тауар өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
      2) тиісті тұлғалардың мұндай іс-қимылдарды жасаудан иеленетін артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлігін тұтынушылардың алуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін деп дәлелдесе жарамды деп танылуы мүмкін.
      6. Егер:
      1) мұндай келісім коммерциялық концессияның шарттары болып табылса;
      2) мұндай келісімнің қатысушысы болып табылатын, «сатылы» келісімнің нысанасы болып табылатын әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі тауардың тауар нарығында жиырма пайыздан аспаса, «сатылы» келісімге жол беріледі.
      7. Шарттың 76-бабының 3 – 6-баптарының ережелері, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бірінің оларды бір уақытта орындауына жол берілмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші нарық субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісімдерді қоспағанда, егер бір шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) екінші шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) қатысты тікелей немесе жанама бақылау белгілеген болса не егер мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) бір тұлғаның тікелей және жанама бақылауында болса, бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісімге қолданылмайды.

III. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау

      8. Мүше мемлекеттердің аумағында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларының және коммерциялық емес ұйымдарының Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесуді мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      9. Жолын кесуді мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асыратын трансшекаралық қаржы нарықтарында бәсекелестікке теріс әсер ететін бұзушылықтарды қоспағанда, егер мұндай бұзушылық трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларының және коммерциялық емес ұйымдарының Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесуді Комиссия жүзеге асырады.
      10. Комиссия:
      1) трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарайды, оның ішінде қажетті тексерулерді жүргізеді;
      2) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), мүше мемлекеттердің билік органдарының, жеке тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамасы бойынша трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғайды және қарайды;
      3) ұйғарымдар шығарады, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) орындауы үшін міндетті, оның ішінде Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) санкциялар қолдану туралы, бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын тоқтатуға, бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасау туралы, бәсекелестіктің пайда болуына кедергі болып табылатын және (немесе) Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда трансшекаралық нарықта бәсекелестікті шектеуге, жоюға және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін іс-қимылдарға жол бермеу туралы шешімдер қабылдайды;
      4) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, өзін өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғаларынан трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауға бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты сұратады және алады;
      5) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Жоғары кеңеске трансшекаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және ондағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзылуының жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті жібереді және мақұлданған есепті Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтына орналастырады;
      6) бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау бойынша қабылданған шешімді Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында орналастырады;
      7) Шарттың XVIII бөлімінің және осы Хаттаманың ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      11. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеулерді жүргізу, сондай-ақ трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібін Комиссия бекітеді. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы істерді қарау мақсаттары үшін Комиссия жүргізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері, құпия ақпаратты қоспағанда, істі қарау нәтижелері бойынша қабылданатын Комиссия шешіміне қосылуға тиіс.
      Сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің ережелерін және осы Хаттаманы іске асыру үшін қажетті, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсаттары үшін Комиссия:
      бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесін;
      монополиялық жоғары (төмен) бағаларды айқындау әдістемесін;
      осы Келісімде көзделген айыппұлды есептеу және салу тәртібінің әдістемесін;
      экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қолдану ерекшеліктерін (қажет болған жағдайда);
      Комиссияның және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара, (оның ішінде ақпараттық) іс-қимыл жасасу тәртібін бекітеді.
      12. Шарттың 76-бабында белгіленген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзылуы туралы тергеулердің жүргізілуін қамтамасыз ету және іс материалдарын дайындау үшін Комиссияда тиісті құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше) жұмыс жасайды.
      13. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеулерді жүргізу, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан, өзін өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан өтініштерді (материалдарды) қарау, тергеу жүргізу, істі қарау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
      Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдары, атқарушы билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар (олардың лауазымды тұлғалары), жеке тұлғалар оның сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімде өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес Комиссияға қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді Комиссияға беруге міндетті.
      14. Айыппұл салу туралы Комиссия шешімі, Комиссияның бұзушыға белгілі бір әрекеттер жасауды міндеттейтін шешімдері атқару құжаттары болып табылады және органдардың соттың мәжбүрлеп орындату актілерін, аумағында құқық бұзушылық жасаған шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі), шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым тіркелген немесе аумағында құқық бұзушы жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттердің басқа да органдары мен лауазымды тұлғаларының актілерін орындауы тиіс.
      Бәсекелестік саласындағы Комиссияның актілері, әрекеттері (әрекетсіздіктері) Одақ сотының статутында (Шартқа №2 қосымша) көзделген тәртіппен, осы Шарттың ережелерін ескере отырып, Одақ Сотында дауланады.
      Одақ Соты Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы іс бойынша шешіміне шағым жасау туралы арызды іс жүргізуге қабылдаған жағдайда Комиссия шешімінің қолданысы Одақ Сотының шешімі заңды күшіне енген күнге дейін тоқтатыла тұрады.
      Одақ Соты Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы іс бойынша шешіміне шағым жасау туралы арызды мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешу үшін арыз иесінің Комиссияға алдын ала жүгінуінсіз қарауға қабылдайды.
      15. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының актілері, әрекеттері (әрекетсіздіктері) мүше мемлекеттердің қолданыстағы процестік заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің сот органдарында дауланады.

IV. Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын
бұзғаны үшін Комиссия салатын айыппұл санкциялары

      16. Комиссия бекіткен Айыппұлды есептеу және салу тәртібі әдістемесіне сәйкес Комиссия Шарттың 76-бабында көзделген трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ Комиссияға оның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) бермегені үшін немесе көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) бергені үшін мынадай мөлшерлерде айыппұлдар салады:
      1) шарттың 76-бабының 2-тармағына сәйкес жол берілмейтін жосықсыз бәсеке лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 110 000-ға дейін ресей рублі; заңды тұлғаларға 100 000-нан 1 000 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) Шарттың 76-бабының 3-5-тармақтарына сәйкес жол берілмейтін келісімдерді жасауы, сол сияқты оған қатысуы лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 150 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде; заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының жүзден бірден жүзден он беске дейінгі мөлшерде не құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу шығыстары сомасының, бірақ 100 000 ресей рублінен кем емес мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асқан жағдайда - нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ 100 000 ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының елуден бір жиынтық мөлшерінен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3) шаруашылық жүргізуші субъектілердің Шарттың 76-бабының 6-тармағына сәйкес жол берілмейтін экономикалық қызметті үйлестіруі жеке тұлғаларға 20 000-нан 75 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 150 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 200 000-нан 5 000 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4) тауар нарығында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайды теріс пайдаланды деп танылатын және Шарттың 76-бабының 1-тармағына сәйкес жол берілмейтін іс-қимылдарды жасауы лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 150 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының жүзден бірден жүзден он беске дейінгі мөлшерінде не нарығында құқық бұзушылық жасалған құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу шығыстары сомасының, бірақ 100 000 ресей рублінен кем емес мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асқан жағдайда - нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсімі сомасының не құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) құқық бұзушылық жасалған нарықта сатып алуы шығыстарының сомасының үш мыңнан жүзден үшке дейінгі мөлшерінде, бірақ 100 000 ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының елуден бірден аспайтын жиынтық мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5) Комиссияға Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) бермеу немесе уақтылы бермеу, оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) бермеу, сол сияқты көрінеу анық емес мәліметтер (ақпарат) беру жеке тұлғаларға 10 000-нан 15 000-ға дейінгі ресей рублі, лауазымды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге 10 000-нан 60 000-ға дейінгі ресей рублі, заңды тұлғаларға 150 000-нан 1 000 000-ға дейінгі ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осы Хаттамада шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк функцияларды орындайтын, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілері) жеке-дара атқарушы органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым басшыларын лауазымды тұлға деп түсіну керек.Осы Хаттаманың мақсаттарын орындау үшін трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін, қызметі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркеуге және (немесе) лицензиялануға жататын. Кәсіптік кіріс әкелетін жеке тұлғалар лауазымды тұлға ретінде жауапты болады.
      17. Осы Хаттаманың 16-тармағының 1-5-тармақшаларында көзделген айыппұлдар аумағында құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға тіркелген не аумағында құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын тұлға мүше мемлекеттің бюджетіне аударылуға тиіс.
      18. Осы Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), жеке тұлға немесе шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым осы Хаттамада көзделген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзған шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе жеке тұлға, коммерциялық емес ұйым қай мүше мемлекеттің аумағында тіркелсе, сол мүше мемлекеттің ұлттық валютасында, Комиссияның айыппұл салу туралы шешім қабылдаған күніне көрсетілген мүше мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі белгілеген бағамы бойынша төлейді.
      19. Комиссияға Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасағаны туралы ерікті түрде мәлімдеген тұлға (тұлғалар тобы) жиынтығында мынадай талаптарды орындаған кезде:
      тұлға өтініш берген сәтте Комиссияда жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтер мен құжаттар болмаса;
      тұлға Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімге қатысудан немесе одан әрі қатысудан бас тартса;
      ұсынылған мәліметтер немесе құжаттар құқық бұзушылық оқиғаларын белгілеу үшін жеткілікті болып табылса, осы бөлімнің тармағында көзделген құқық бұзушылық үшін жауаптылықтан босатылады.
      Осы тармақта көзделген барлық шарттарды бірінші орындаған тұлға жауаптылықтан босатуға жатады.
      20. Осы Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасаған бірнеше тұлға атынан бір мезгілде берілген өтініш қарауға жатпайды.
      21. Осы бөлімде белгіленген, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл мөлшерлері құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу сомасынан немесе бұзушылық жасалған нарықта тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алуға құқық бұзушының шығыстар сомасын ескере отырып, есептелетін, заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдарды қоспағанда, Жоғары кеңес шешімімен өзгеруі мүмкін.

V. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы

      22. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы Шарттың XVIII бөлімін және осы Хаттаманы іске асыру шеңберінде ақпарат беру туралы хабарлама, сұрау салулар, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салулар мен тапсырмалар жіберу, ақпарат алмасу, мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын үйлестіру, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бірінің сұрау салуы бойынша құқық қолдану қызметін жүзеге асыру жолымен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының құқық қолдану қызметін жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының орталық аппараттары жүзеге асырады.
      23. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органына, егер оның құқық қолдану қызметі басқа мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі белгілі болған жағдайда, хабарлайды.
      24. Мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін құқық қолдану қызметі деп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының:
      1) басқа мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметіне қатысы бар;
      2) бәсекелестікке қарсы әрекеттерге қатысты (бірігу немесе сатып алу жөніндегі мәмілелерді және өзге де әрекеттерді жасауды қоспағанда), оның ішінде басқа мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын;
      3) мәміле тарапының біреуі немесе мәміленің бір немесе бірнеше тараптарын бақылайтын немесе олардың шаруашылық жүргізу қызметін жүргізу шарттарын өзгеше түрде айқындайтын тұлға басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген немесе құрылған тұлға болып табылатын мәмілелерге (өзге де іс-әрекеттерге) қатысты;
      4) бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асыруды талап ететін немесе басқа мүше мемлекеттің аумағында қандай да бір әрекеттерге тыйым салатын мәжбүрлеп ықпал ету шараларын қолданумен байланысты қызметін түсінеді.
      25. Мәмілелер (өзге де әрекеттер) туралы хабарламалар:
      1) хабарлаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы мәмілені қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен кешіктірмей;
      2) мәміле бойынша шешім қарау мерзімі ұзартылмай қабылданған жағдайда - оны мәміле бойынша шешім қабылдаған күннен кешіктірмей, хабарлаушы мүше мемлекетке мәміле жөнінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімде жіберіледі.
      26. Басқа мүше мемлекеттің пікірін назарға алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында осы Хаттаманың 24-тармағының 1, 2 және 4-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша хабарламалар осы мүше мемлекетке хабарланушы мүше мемлекеттің өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімді сақтай отырып, басқа мүше мемлекетке ол туралы хабарлау қажет мән-жайлар анықталған кезде істі қарау сатысында, бірақ кез келген жағдайда іс бойынша шешім қабылданғанға немесе бітімгершілік келісім жасалғанға дейін жіберіледі.
      27. Хабарлама жазбаша нысанда жіберіледі және хабарланатын мүше мемлекетке хабарлайтын мүше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, хабарлайтын мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметінің салдарына алдын ала талдау жүргізуге мүмкіндік беру үшін жеткілікті ақпаратты қамтуы тиіс.
      28. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ тапсырмалар беру туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.
      29. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органының бланкісінде жазбаша нысанда ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс:
      1) ақпарат сұратылатын тиісті істің нөмірін (бар болған жағдайда), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипатталуын, қолданылатын заң мәтінін қоса бере отырып, сұратқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс-әрекетті заңдық саралауды;
      2) өздеріне қатысты тиісті істер қаралатын тұлғалардың, куәлардың тегі, аты және әкесінің аты, олардың тұратын жері немесе орналасқан жері, азаматтығы, айналысатын ісі, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - олардың атауы және орналасқан жері (егер санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болса);
      3) құжатты табыс ету туралы тапсырмада - алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы;
      4) ұсынылуы немесе орындалуы тиіс мәліметтердің және әрекеттердің тізбесі (сауалнама жүргізу үшін қандай мән-жайлар анықталуы және нақтылануы тиіс екені көрсетілуі, сондай-ақ сұрау қойылатын тұлғаға қойылатын сұрақтардың реттілігі және тұжырымы көрсетілуге тиіс).
      30. Жекелеген процестік іс-әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;
      2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;
      3) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде сұрау салатын мүше мемлекеттің уәкілетті органдары өкілдеріне қатысу, сондай-ақ, егер бұл әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат;
      4) сұрау салуды, тапсырманы орындаумен байланысты өзге де өтінішхаттар қамтылуы тиіс.
      31. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат және құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуға сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға немесе тапсырмаға сұрау салу немесе тапсырма мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ оларды тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
      32. Орындалуы орындаушы мүше мемлекет үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар және өзге процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасындағы алдын ала келісу бойынша жіберіледі.
      33. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары процестік құжаттарды басқа мүше мемлекеттің аумағында болатын тиісті істерге қатысушыларға почта арқылы тікелей жібере алады.
      34. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы қайта сұрау салуды жіберуге, қосымша мәліметтер алу немесе бұрынғы сұрауды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, жол беріледі.
      35. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мен ақпарат және құжаттар беру туралы сұрау салу олар алынған күннен бастап 1 ай ішінде немесе мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен алдын ала келісілген өзге де мерзімде орындалады.
      Мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органына немесе сұратылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) өтініш беру қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.
      36. Сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуда немесе тапсырмада көрсетілген әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өз бастамасы бойынша сұрау салуда немесе тапсырмада көзделмеген, оларды орындаумен байланысты әрекеттерді жүргізуге құқылы.
      37. Сұрау салуды, тапсырманы орындау мүмкін болмаған не осы Хаттаманың 35-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынған уәкілетті орган сұрау салған мүше мемлекеттің уәкілетті органына көрсетілген сұрау салуды, тапсырманы орындаудың мүмкін еместігі не оларды орындаудың болжамды мерзімдері туралы хабарлауға тиіс.
      38. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бір-біріне олардың тиісінше орындалмауы фактілері туралы хабарлай отырып, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар және тапсырмалар беру туралы сұрау салудың орындалу тәжірибесін зерделейді.
      39. Мекеме дайындаған немесе куәландырған немесе осыған өкілеттігі бар лауазымды тұлға өз құзыретінің шегінде мүше мемлекеттердің бірінің аумағында елтаңбалық мөрмен бекемдеген құжаттар басқа мүше мемлекеттің аумағында қандай да бір арнайы куәліксіз қабылданады.
      40. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетуден, егер сұрау салуды орындау сұрау салынған мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса нее оның заңнамасына қайшы келетін жағдайда, бас тартылуы мүмкін.
      41. Әрбір мүше мемлекет сұрау салулар және тапсырмаларды орындаумен байланысты туындайтын шығыстарды өзі көтереді.
      Жекелеген жағдайларда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары шығыстарды жүзеге асырудың өзге де тәртібін келісуі мүмкін.
      42. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындаған кезде мыналарды:
      1) өздеріне қатысты тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәгерлерден жауап алу;
      2) іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етіп алдыру;
      3) тұлғаға қатысты тапсырма жіберілген оның аумағын, үй-жайын, құжаттарын және заттарын қарап тексеру (мұндай тұлғаның тұрғын-жайын қоспағанда);
      4) мемлекеттік органдардан және тұлғалардан іс бойынша іс жүргізу немесе оны қарау үшін қажетті ақпаратты алу;
      5) тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс ету;
      6) сараптама жасайды және өзге де іс-әрекеттерді жүргізеді.
      43. Тиісті істер бойынша процестік және өзге де әрекеттер сұрау салынған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      44. Егер сұрау салынған мүше мемлекеттің заңнамасы жекелеген процестік әрекеттерді жүргізгені үшін уәкілетті лауазымды тұлғалардың арнайы қаулылар шығаруын талап етсе, онда оларды шығару тапсырманың орындалу орны бойынша жүргізіледі.
      45. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының келісу бойынша сұрау салынған мүше мемлекет аумағындағы процестік әрекеттері сұрау салынған Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өкілдерінің көзінше немесе қатысуымен жүргізілуі мүмкін.
      46. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өз заңнамасының талаптарын ескере отырып:
      1) экономиканың құрылымдық қайта құру шеңберінде тауар нарықтарының жай-күйі, монополиядан арылтудың әдістері мен практикалық нәтижелері, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі жұмыс әдістемесі және тәжірибесі туралы;
      2) үстем жағдайға ие және мүше мемлекеттердің тауар нарықтарына өнім беруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың ұлттық тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы;
      3) әрбір мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының бұзылуы туралы істерді қарау практикасы туралы ақпарат алмасады.
      47. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ақпарат беру және әдістемелік көмек көрсету жолымен бәсекелестіктің (монополияға қарсы) саясат жөніндегі ұлттық заңдар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде ынтымақтастық жасайды.
      48. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа Тараптың уәкілетті органына, егер мұндай ақпарат, жіберуші мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органының құқық қолдану қызметіне қатысы бар немесе негіз болуы мүмкін болса, өзінде бар бәсекелестікке қарсы әрекеттер туралы кез келген ақпаратты береді.
      49. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органына, оны қарау үшін сұрау салынған ақпарат талап етілетін істің мән-жайын баяндай отырып, тиісті ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберуге құқылы.
      Сұрау салуды алған мүше мемлекеттің уәкілетті органы басқа мүше мемлекеттің сұрау салынған уәкілетті органына, егер мұндай ақпаратты олар сұрау салған мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметіне қатысы бар деп таныса, қолда бар ақпаратты береді.
      Сұрау салынған ақпарат мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында келісілген мерзімде, алайда сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей жіберіледі.
      Алынған ақпарат тиісті сұрау салудың мақсаттары немесе консультация үшін пайдаланылады және аталған ақпаратты берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының келісуінсіз жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
      50. Егер мүше мемлекеттің біреуі басқа мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын бәсекелестікке қарсы әрекеттер оның мүдделерін келеңсіз түрде әсер етеді деп пайымдаса, онда ол оның аумағында бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылатын мүше мемлекетке бұл туралы хабарлауы, сондай-ақ осы мүше мемлекетке тиісті бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жолын кесумен байланысты тиісінше құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық етуді өтініп, жүгінуі мүмкін. Аталған өзара іс-қимыл мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады.
      Хабарламада бәсекелестікке қарсы әрекеттердің сипаттамасы және хабарлайтын мүше мемлекеттің мүдделері үшін ықтимал салдарлар туралы ақпарат, сондай-ақ қосымша ақпарат беру туралы және хабарлаушы мүше мемлекет ұсынуға өкілетті өзге де ынтымақтастық туралы ұсыныс қамтылуы мүмкін.
      51. Осы Хаттаманың 50-тармағына сәйкес хабарлама алған кезде және тараптардың уәкілетті органдары арасында келіссөздер жүргізгеннен кейін (егер оларды жүргізу қажет болса) хабарлаушы мүше мемлекет хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты құқық қолдану іс-қимылдарын бастау немесе бұрын басталған құқық қолдану іс-қимылдарын кеңейтудің қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Хабарланатын мүше мемлекет қабылданған шешім туралы хабарлаушы мүше мемлекетті хабардар етеді. Хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қатысты іс-қимылдарға қатысты құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асырған кезде хабарланатын мүше мемлекет тиісті құқық қолдану іс-қимылдарының нәтижелері туралы хабарлаушы мүше мемлекетті хабардар етеді.
      Құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық ету туралы мәселені шешкен кезде хабарланатын мүше мемлекет мүше мемлекеттердің бәсекелестік туралы заңнамасын басшылыққа алады.
      Осы Хаттаманың 50 және 51-тармақтарының ережелері хабарлаушы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген осы мүше мемлекеттің құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру құқығын шектемейді.
      52. Өзара байланысты мәмілелерге (жасалатын әрекеттерге) қатысты құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыруда өзара мүдделілік болған жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл туралы уағдаласуы мүмкін. Құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл туралы мәселені шешкен кезде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мынадай факторларды:
      1) құқық қолдану қызметіне бағытталған материалдық және ақпараттық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және (немесе) мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметін жүзеге асыру барысындағы шығындарын азайту мүмкіндігін;
      2) мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға қатысты мүмкіндіктерін;
      3) осындай өзара іс-қимылдың болжамды нәтижесі - өзара іс-қимыл жасаушы мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметінің мақсатына қол жеткізу жөніндегі мүмкіндіктерін арттыруды назарға алады.
      53. Басқа мүше мемлекетке тиісінше хабарлаған кезде кез келген мүше мемлекет осы Хаттаманың шеңберінде өзара іс-қимылды шектеуі немесе тоқтатуы және өзінің заңнамасына сәйкес бір-бірінен тәуелсіз құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін.
      54. Мүше мемлекеттер, егер мұндай әрекеттер мүше мемлекеттердің тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттердің заңнамасының нормаларын біркелкі түрде және мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдық-құқықтық нысандарына және тең жағдайда тіркелген орнына қарамастан тең шамада қолдану жолымен, сондай-ақ осы бөлімде белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау кезінде үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарына қатысты келісілген бәсекелестік саясатты жүргізеді.
      55. Осы Хаттаманың 23-54-тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде ұсынылған ақпарат және құжаттар құпия сипатта болады және осы Хаттамада көзделген мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін. Ақпаратты басқа мақсатта пайдалану және үшінші тұлғаларға беру оларды берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының жазбаша келісу бойынша ғана мүмкін болады.
      56. Әрбір мүше мемлекет ақпарат, құжаттар және өзге де мәліметтердің, оның ішінде басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

VI. Комиссияның және мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының
бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауды бақылауды жүзеге
асырған кезде өзара іс-қимылы

      57. Комиссияның және мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы уәкілетті органдар Комиссияның қарауына өтініштерді берген кезде, Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде, сондай-ақ өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
      Құқық қолдану практикасының, ақпарат алмасудың неғұрлым өзекті мәселелерін және мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру проблемаларын талқылауда уәкілетті органдардың өзара мүдделілігі болған кезде, Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының асшылары мен бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасы мүшесінің деңгейінде кеңестер өткізеді.
      Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының орталық аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      58. Комиссияға қарауға өтініш беру туралы шешімді мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтініш беруші мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескеріле отырып жүзеге асырылатын, оны қараудың кез келген сатысында қабылдайды.
      Мұндай шешімді қабылдаған кезде мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға тиісті жазбаша жолданым дайындайды.
      Жолданымда:
      өтінішті жіберген органның атауы;
      әрекеттерінде (әрекетсіздікте) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;
      бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;
      бұзушылық белгілері анықталған тауар нарығының шекаралары;
      мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша Шарттың 76-бабының бұзылған нормалары көрсетіледі.
      Жолданымға өздерінің қаралуы барысында бәсекелестік қағидаларының бұзылу белгілері анықталған, мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша, жолданымды қарау үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.
      Мүше мемлекеттің уәкілетті органының Комиссияға жолданым жіберуі Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу не өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы не өтінішті кері қайтару туралы шешім қабылдағанға дейін мүше мемлекеттің уәкілетті органның өтінішті қарауды тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады.
      Мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті Комиссияға жіберген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оның өтінішінің Комиссияға берілгені туралы хабарлайды.
      Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және өтініш берушіге өтініштің қарауға қабылдағаны туралы хабарлайды.
      59. Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы не трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы шешім қабылдауы мүше мемлекеттің уәкілетті органның өтінішті қарауды тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
      60. Егер Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзудың жолын кесу мүше мемлекеттің уәкілетті органының құзыретіне жататынын анықтаған жағдайда, Комиссияның өтінішті мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауына беру туралы шешімі оны қараудың кез келген сатысында қабылданады.
      Мұндай шешім қабылданған жағдайда, Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мүше мемлекеттің уәкілетті органына тиісті жолданым дайындайды, оған бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссияның Алқа мүшесі қол қояды.
      Жолданымда:
      әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;
      бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;
      бұзушылық белгілері анықталған тауар нарығының шекаралары көрсетіледі.
      Жолданымға өздерінің қаралуы барысында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілері анықталған, Комиссияның пікірі бойынша, оны мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауы үшін қажетті барлық құжаттар қоса беріледі.
      Өтініш жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия өтініш берушіні өтініштің мүше мемлекеттің уәкілетті органына берілгені туралы хабардар етеді.
      61. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде, егер сұрау салу бойынша алынған ақпарат шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына мынадай процестік әрекеттерді жүргізу:
      өздеріне қатысты тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәлардан сұрақ алу;
      іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етіп алдыру;
      өзіне қатысты ұсыну жіберілген тұлғаның аумақтарын, үй-жайларын, құжаттары мен нәрселерін (осындай тұлғаның тұрғынжайын қоспағанда) қарап-тексеру;
      тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс ету;
      сараптама жасау және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жіберуге құқылы.
      Комиссия өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатқан немесе бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс қаралып жатқан бұзушы тіркелген мүше мемлекеттік аумағында жүргізілетін процестік әрекеттер Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің, сондай-ақ аумағында бұзу жасалған және (немесе) бәсекелестік үшін келеңсіз салдарлар басталған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өкілінің көзінше және (немесе) қатысуымен жүзеге асырылады.
      Бұзу жасалған және (немесе) бәсекелестік үшін келеңсіз салдарлар басталған не осы бұзу салдарынан өзге тұлғалардың мүдделерін қасақана кемсіту болған мүше мемлекеттің аумағында процестік әрекеттерді жүргізу кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің және аумағында бұзу тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органының өкілі қатысады.
      Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің және мүше мемлекеттің уәкілетті мүдделі органы өкілінің Комиссияның уәжді ұсынуын орындайтын процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысуы мүмкін болмаған жағдайда мұндай әрекеттерді жүргізу кезінде қатысудың мүмкін еместігі туралы жазбаша хабарлама оларды жүргізу басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын алынған кезде мүше мемлекеттік уәкілетті органы процестік әрекеттерді дербес жүргізуге құқылы.
      62. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
      1) ақпарат сұратылып отырған тиісті істің нөмірі (ол болған кезде), құқық бұзушылықтың және оған жататын өзге де фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, іс-әрекеттің Шарттың 76-бабына сәйкес заңдық саралануы;
      2) өздеріне қатысты Комиссия тиісті істі қарап жатқан немесе тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалардың аттары, әкелерінің аттары және тектері, куәлар, олардың тұрғылықты немесе болатын жері, азаматтығы, кәсібі, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - атауы және тұрған жері (егер мұндай ақпарат болса);
      3) алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы (құжатты табыс ету қажет болған кезде);
      4) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттердің тізбесі (сұрақ алуды жүргізу үшін қандай мән-жайлардың анықталуға және нақтылануға тиіс екенін көрсету, сондай-ақ сұрақ алынатын тұлғаға қойылуға тиіс сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдалуын көрсету қажет) қамтылуға тиіс.
      63. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;
      2) ұсынуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;
      3) ұсынуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде болатын, сондай-ақ егер бұл сұрау салынатын мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысатын Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің аты, әкесінің аты және тегі;
      4) ұсынуды орындауға байланысты өзге де өтінішхаттар қамтылуға тиіс.
      64. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуға бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасының мүшесі қол қояды. Уәжді ұсынуға оның мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ оны тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
      65. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары Комиссияның уәжді ұсынуында санамаланған процестік әрекеттерді мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес және тұратын орны орындаушы мүше мемлекеттің аумағы болып табылатын тұлғаларға ғана қатысты жүргізеді.
      66. Орындалуы орындаушы мүше мемлекет үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар мен басқа да процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну Комиссия мен өзінің атына ұсыну жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында шығыстарды өтеу мәселесі келісілгеннен кейін орындалады.
      67. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну ол алынған күннен бастап 1 ай ішінде не Комиссия мен өзінің атына ұсыну жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында күні бұрын келісілген өзге де мерзімде орындалады.
      Мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органына немесе орындаушы мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) өтініш жасау қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.
      68. Орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы уәжді ұсынуда көрсетілген әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ ол уәжді ұсынуда көзделмеген, оны орындауға байланысты әрекеттерді өз бастамасы бойынша жүргізуге де құқылы.
      69. Уәжді ұсынуды орындау мүмкін болмаған не оны осы Хаттаманың 67-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға уәжді ұсынуды орындаудың мүмкін еместігі не оны орындаудың болжамды мерзімдері туралы хабарлауға тиіс.
      70. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуды орындаудан, егер оны орындау орындаушы мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келетін жағдайларда, толықтай немесе ішінара бас тартылуы мүмкін, бұл туралы мүше мемлекет Комиссияға жазбаша түрде хабарлайды. Комиссия алқасы мүше мемлекеттің уәкілетті органының уәжді ұсынуды орындаудан бас тартуының құқыққа сыйымдылығы туралы мәселені Комиссия Кеңесінің қарауына шығаруға құқылы.
      71. Мекеме немесе осыған арнайы уәкілеттік берілген лауазымды тұлға өздерінің құзыреті шегінде дайындаған немесе куәландырған және уәкілетті органына уәжді ұсыну жіберілген мүше мемлекеттің аумағында елтаңбалық мөрмен бекемделген құжаттарды Комиссия қандай да бір арнайы куәландырусыз қабылдайды.
      72. Қосымша мәліметтер алу немесе алдыңғы ұсынуды орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы қайтадан уәжді ұсыну жіберуге жол беріледі.
      73. Егер жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы бір істі қарау шеңберінде мүше мемлекеттердің екі және одан да көп уәкілетті органдарына жіберілетін болса, онда Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Комиссиямен өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады.
      74. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген және бәсекелестіктің жалпы ережелерінің бұзылуы туралы істерді қараған кезде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына олардың ақпарат пен құжаттарды ұсынуы туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.
      75. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
      сұрау салудың мақсаты;
      ақпарат сұратылып отырған тиісті істің нөмірін (ол бар болған кезде), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасын, іс-әрекеттің Шарттың 76-бабына және Хаттамаға сәйкес заңдық саралануы;
      өзіне қатысты тиісті іс қаралып жатқан тұлға туралы мәлімет (мұндай ақпарат қолда бар болса);
      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, айналысатын ісі, туған жері және күні;
      заңды тұлғалар үшін – атауы және орналасқан жері;
      барысында, бірақ сұрау салу алынған күннен бастап кемінде 10 жұмыс күнінен аз болмайтын, ақпарат ұсынылуға тиіс мерзім;
      ұсынылуға тиіс мәліметтердің тізбесі қамтылады.
      Сұрау салуға оның мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса беріледі.
      76. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуда белгіленген мерзімде өзінің қолында бар ақпаратты береді.
      77. Сұрау салуды ұорындау мүмкін болмаған жағдайда (егер оны орындау мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келетін болса) мүшеш мемлекеттік уәкілетті органы ақпаратты беру мүмкін болмаған себептерді көрсете отырып, бұл туралы Комиссияға сұрау салу алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарлайды, ал егер ақпарат Комиссия белгілеген мерзімде берілмеген жағдайда ол ұсынылатын уақыт мерзімі көрсетіледі.
      78. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексерулер жүргізген және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде мүше мемлекеттердің билік органдарына, мүше мемлекеттің заңды және (немесе) жеке тұлғаларына олардың ақпарат және құжаттар ұсынуы туралы сұрау салу жіберген жағдайда, Комиссия мұндай сұрау салудың көшірмесін сонымен бір мезгілде өзінің аумағында сұрау салатын билік органы өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын, сұрау салынатын заңды тұлға тіркелген, сұрау салынатын жеке тұлға уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.
      79. Қосымша мәліметтер алу немесе алдыңғы сұрау салуды орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, мүше мемлекеттің уәкілетті органына ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы қайтадан сұрау салу жіберілуі мүмкін.
      80. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынатын және құпия ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

VII. Мүше мемлекеттердің аумағында тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу

      81. Мүше мемлекеттердің табиғи монополия жағдайында емес тауар нарықтарына бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі өзіне, оның ішінде төтенше жағдайлар және дүлей зілзала, ұлттық қауіпсіздік пайымдаулары жататын айрықша жағдайларда, туындаған проблемаларды бәсекелестіктің жай-күйі үшін теріс салдары аз болатын тәсіл арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
      82. Мүше мемлекеттер уақытша шара ретінде мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен белгілі бір мерзімге жекелеген аумақтардағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жекелеген түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі мүмкін.
      Осы тармақта көзделген жекелеген аумақтағы әлеуметтік маңызы бар тауардың бір түрі бойынша бағаны мемлекеттік реттеуді қолданудың жалпы мерзімі 1 жыл ішінде 90 күннен аспауға тиіс. Осы мерзімді ұзарту Комиссиямен келісу бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      83. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 81 және 82-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде Комиссияны және басқа мүше мемлекетті хабардар етеді.
      84. Осы Хаттаманың 81 – 83-тармақтарының ережелері табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және тауар интервенциялары салаларына қолданылмайды.
      85. Осы Хаттаманың 84-тармағында санамаланған қызметтерді қоспағанда, осы Хаттаманың 81 – 83-тармақтарының ережелері мына тауарларға:
      1) табиғи газға;
      2) тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған сұйытылған газға;
      3) электр және жылу энергиясына;
      4) араққа, күштілігі 28 пайыздан асатын ликер-арақ немесе басқа да алкоголь өніміне (ең төменгі баға);
      5) тамақ шикізатынан алынған этил спиртіне (ең төменгі баға);
      6) қатты отынға, пеш отынына;
      7) ядролық-энергетикалық цикл өніміне;
      8) тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған керосинге;
      9) мұнай өнімдеріне;
      10) дәрілік препараттарға;
      11) темекі бұйымдарына бағаны мемлекеттік реттеу жағдайларына қолданылмайды.
      86. Мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 81 – 83-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешімінің күші мүше мемлекеттің біреуінің жолданымы бойынша Комиссияның шешімімен жойылуы мүмкін.
      87. Егер бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешім бәсекелестікті шектеуге, оның ішінде:
      нарыққа кіруге кедергілер жасауға;
      мұндай нарықта бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) санын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, Комиссия осы реттеудің күшін жоюы мүмкін.
      Бұл ретте, басқа мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі туралы шешіміне дауласушы мүше мемлекет бағаны мемлекеттік реттеуді енгізудің мақсаттарына бәсекелестіктің жай-күйі үшін теріс салдары аз болатын өзге де тәсіл арқылы қол жеткізуге болатынын дәлелдеуге тиіс.
      Комиссияға мүше мемлекеттің жолданымы келіп түскен күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде Комиссия бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу фактісі бойынша осы Хаттаманың 86-тармағында көзделген шешім қабылдайды.
      88. Комиссия басқа мүше мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі туралы шешіміне дауласу туралы мүше мемлекеттің жолданымын өзі белгілеген тәртіппен қарайды.
      89. Егер мүше мемлекет Комиссияның шешімімен келіспейтін болса, мәселе Жоғары кеңестің қарауына енгізіледі. Бұл жағдайда бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу фактісі бойынша қабылдаған Комиссияның шешімі оны Жоғары кеңес қарағанға дейін орындалуға жатпайды.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 20 ҚОСЫМША      

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін
реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 78-бабына сәйкес әзірленді және ол осы Хаттамаға №1 қосымшада көрсетілген салаларда мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ортақ қағидаларын қолдану үшін құқықтық негіздер жасауға бағытталған.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «ішкі нарық» – табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері айналымда болатын мүше мемлекеттердің нарығы;
      «табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» – табиғи монополиялар субъектілері саласына жататын көрсетілетін қызметтерді бір мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің басқа мүше мемлекеттің тұтынушыларына техникалық мүмкіндігі болған кезде қолайлылығы осындай көрсетілетін қызмет бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына ұсынылатыннан кем болмайтын жағдайда көрсетуі;
      «табиғи монополия» – көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне деген сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау көрсетілетін қызметтердің осы түрін жүргізу мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне орай мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер нарығының жай-күйі;
      «мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы» – мүше мемлекеттердің әрқайсысының табиғи монополиялар салаларына қатысты заңнамасы;
      «мүше мемлекеттердің ұлттық органдары» – мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын органдары;
      «қызметтер көрсету» – азаматтық айналым объектісі болып табылатын қызметтерді көрсету ұсыну, тауарларды өндіру (өткізу);
      «тұтынушы» – табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген азаматтық құқық субъектісі (жеке немесе заңды тұлға);
      «табиғи монополия субъектісі» – мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында белгіленген табиғи монополиялар салаларында қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъект;
      «табиғи монополиялар саласы» – тұтынушы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып ала алатын, табиғи монополияға заңды түрде жатқызылған көрсетілетін қызметтердің айналым саласы.

ІІ. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің
ортақ қағидаттары

      3. Мүше мемлекеттер осы Хаттамаға № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және (немесе) бақылау кезінде басшылыққа алатын қағидаттар:
      1) көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тұтынушылар үшін олардың сапасының тиісті деңгейін, табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің тұтынушылары мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;
      2) табиғи монополиялар салаларын осы салаларда бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау есебінен кейіннен қысқартуға бағытталған реттеу тиімділігін арттыру;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің салалық ерекшеліктерін, қызмет ауқымдарын, нарықтық конъюнктураны, орта мерзімді (ұзақ мерзімді) макроэкономикалық және салалық болжамдарды ескере отырып, оларды икемді тарифтік (бағалық) реттеуді, сондай-ақ осы субъектілерді тарифтік (бағалық) реттеу шараларын қолдану, оның ішінде тұтынушының (тұтынушылар топтарының) мүше мемлекеттердің кез келгеніне тиесілілік қағидаты бойынша белгілене алмайтын сараланған тариф белгілеу мүмкіндігін қолдану;
      4) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде, осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы белгілі болған жағдайда, реттеуді енгізу;
      5) ішкі нарықтарға қол жеткізу кедергілерін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен азайту;
      6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін, сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігі мен бүкпесіздігін қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;
      7) Егер осы Шарттың X және XI бөлімдерінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық мүмкіндік болған кезде, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен өздеріне қатысты реттеу қолданылатын қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының міндеттілігі;
      8) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидаларын табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
      9) реттеудің нақты табиғи монополия субъектісіне бағытталуы;
      10) реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы қызметтердің сапасына белгіленетін тарифтердің (бағалардың) сәйкестігін қамтамасыз ету;
      11) тұтынушылардың мүдделерін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тарифтерді (бағаларды) қолдануға байланысты әр түрлі бұзушылықтарынан қорғау;
      12) табиғи монополиялар субъектілеріне шығасыларды қысқарту, жаңа технологияларды енгізу, инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру пайдалы болатын кезде экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

IIІ. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін
реттеудің түрлері мен әдістері

      4. Мүше мемлекеттер табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің түрлерін (нысандарын, тәсілдерін, әдістерін, құралдарын) мүше мемлекеттер осы Хаттамада белгіленген табиғи монополияларды реттеудің ортақ қағидаттары мен қағидалары негізінде қолданады.
      5. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру кезінде реттеудің мынадай түрлері (нысандары, әдістері, тәсілдері, құралдары):
      1) тарифтік (бағалық) реттеу;
      2) осы Хаттамада белгіленген реттеу түрлері;
      3) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында белгіленген реттеудің өзге де түрлері қолданылады.
      6. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қосылу (бірігу) құнын белгілеуді қоса алғанда, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу:
      1) ұлттық органның табиғи монополиялар субъектілері үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды), оның ішінде олардың шекті деңгейлерін ұлттық орган бекіткен әдіснаманың (формуланың) және оны қолдану қағидаларының негізінде, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тарифтерді (бағаларды) қолдануына ұлттық органның тиісті бақылауын белгілеуі (бекітуі);
      2) ұлттық органның табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды) белгілейтін және қолданатын әдіснаманы және оны қолдану қағидаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды) белгілеуі мен қолдануына ұлттық органның бақылауына белгілеуі (бекітуі) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      7. Тарифтік (бағалық) реттеуді жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің ұлттық органдары, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес тарифтік (бағалық) реттеудің мынадай әдістерін:
      1) экономикалық негізделген шығындардың әдісін;
      2) индекстеу әдісін;
      3) инвестициялық капитал табыстылығының әдісін;
      4) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін салыстырмалы талдау әдісін немесе оларды ұштастыра отырып қолдануға құқылы.
      8. Тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде:
      1) реттелетін қызметті жүзеге асыруға байланысты экономикалық негізделген шығындарды табиғи монополиялар субъектілеріне өтеу;
      2) экономикалық негізделген пайданы алу;
      3) табиғи монополиялар субъектілерін шығыстарды төмендетуге ынталандыру;
      4) көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтері (бағаларды) қалыптастыру ескеріледі.
      9. Тарифтерді (бағаларды) белгілеу кезінде:
      1) табиғи монополиялардың мүше мемлекеттердің аумағында жұмыс істеу ерекшеліктері, оның ішінде техникалық талаптар мен регламенттердің ерекшеліктері;
      2) мемлекеттік демеу қаржы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары;
      3) нарық конъюнктурасы, оның ішінде нарықтың реттелмейтін сегменттеріндегі бағалар деңгейі;
      4) аумақтардың даму жоспарлары;
      5) мемлекеттік салық, бюджет, инновациялық, экологиялық және әлеуметтік саясат;
      6) энергия тиімділігі және экологиялық аспектілер жөніндегі іс-шаралар ескерілуі мүмкін.
      10. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде табиғи монополия субъектісінің шығындарын қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шығыстарды, оның ішінде инвестицияларды, сондай-ақ кірістерді, қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алудың жүзеге асырылатыны көзделеді.
      11. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеу ұзақ мерзімді реттеу параметрлерінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, оларға оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасының деңгейі, тиісті көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты шығыстардың өзгеру динамикасы, табыстылық нормасы, инвестицияланған капиталды қайтару мерзімдері және өзге де параметрлер жатуы мүмкін.
      Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеу мақсаттары үшін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігіне салыстырмалы талдау әдісін пайдалана отырып алынған ұзақ мерзімді реттеу параметрлері де
      қолданылуы мүмкін.
      12. Осы Хаттаманың 4–11-тармақтарын табиғи монополиялардың нақты салаларында қолданудың ерекшеліктері осы Шарттың X және XI бөлімдерінде анықталуы мүмкін.

IV. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін
қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидалары

      13. Мүше мемлекеттер табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне осы Хаттаманың 2-тармағында анықталғандай түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін реттеу қағидаларын белгілейді.
      Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары тұтынушылардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларының және оларға қосылу (қосылу/пайдалану) талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
      14. Тұтынушылардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидалары:
      1) шарттардың елеулі талаптарын, сондай-ақ оларды жасасу және орындау тәртібін;
      2) техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғын айқындау тәртібін;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтері, олардың құны, оларға қол жеткізу, олардың ықтимал өткізілу көлемдері, осындай қызметтерді көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты беру тәртібін;
      4) мүдделі тұлғалардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің айналымы және (немесе) оларға қол жеткізу жағдайын салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ашық ақпаратты алу жағдайларын;
      5) коммерциялық құпияны құрай алмайтын ақпараттың тізбесін;
      6) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау мен дауларды реттеу тәртібін қамтиды.
      15. Мүше мемлекеттер табиғи монополиялар субъектілерінің олардың көрсетілетін қызметтеріне мүше мемлекеттер тұтынушыларының қол жеткізуіне сараланған талаптарды (осы Шарттың X және XI бөлімдерінде айқындалатын табиғи монополияның әрбір жеке саласының ерекшелігін ескере отырып) қолдануына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы сақталған жағдайда, егер осындай талаптар тұтынушылардың мүше мемлекеттердің кез келгеніне тиесілілігі қағидаты бойынша қолданылмаса, жол беріледі.
      16. Мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы осы Хаттаманың 15-тармағының ережелеріне залал келтірместен, мүше мемлекеттердің тұтынушыларына қатысты мүше мемлекеттердің кез келгеніне тұтынушылардың тиесілілігін негізге ала отырып, табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің сараланған талаптарын белгілейтін нормаларды қамтымауға тиіс.
      17. Табиғи монополиялардың нақты салаларында осы Хаттаманың 13–16-тармақтарын қолдану ерекшеліктері, транзит мәселесін қоса алғанда, осы Шарттың X және XI бөлімдерінде айқындалады.

V. Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары

      18. Мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес реттеу және (немесе) бақылау жөнінде өкілеттік берілген мүше мемлекеттердің ұлттық органдары жұмыс істейді.
      Мүше мемлекеттердің ұлттық органдары өз қызметін мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес осы Шартқа, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      19. Мүше мемлекеттердің ұлттық органдарының функцияларына:
      1) табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу;
      2) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қосылу (бірігу) үшін төлемдер (бағалар, тарифтер, алымдар) белгілеу;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
      4) реттелетін тарифтерді (бағаларды) белгілеу және қолдану, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды қарау, дауларды реттеу;
      5) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды қарау, бекіту немесе келісу және олардың іске асырылуын бақылау;
      6) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген, ақпаратты коммерциялық құпияға жатқызу жөніндегі шектеулерді табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
      7) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды, оның ішінде тексерулер жүргізу жолымен және өзге де нысандарда (мониторинг, талдау, сараптама) жүзеге асыру;
      8) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.

VІ. Комиссияның құзыреті

      20. Комиссия мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) егер мүше мемлекет табиғи монополиялар саласына осы Хаттаманың №1 және 2 қосымшаларында көрсетілмеген табиғи монополиялардың өзге саласын жатқызуға ниет білдірген жағдайда, мүше мемлекет Комиссияға тиісінше өтініш жасағаннан кейін мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларын кеңейту туралы шешім қабылдайды;
      2) ұлттық органдардың табиғи монополиялар салаларына қатысты шешімдерін үйлестіру, әзірлеу және іске асыру тәсілдерін талдайды және ұсынады;
      3) мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды дайындай отырып, салыстырмалы талдау жүргізеді;
      4) табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үйлестіруге жәрдемдеседі;
      5) Жоғарғы кеңестің қарауына осы тармақтың 3–4-тармақшаларында көрсетілген, жүргізілген жұмыстардың мүше мемлекеттердің ұлттық органдарымен келісілген нәтижелерін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің табиғи монополия саласындағы жақындатылуға жататын нормативтік құқықтық актілерін анықтау бойынша мүше мемлекеттермен келісілген және осы саладағы заңнаманың үйлестіру бойынша тиісті шараларды жүзеге асырудың сабақтастығын айқындау жөніндегі ұсыныстарды ұсынады;
      6) Осы Шарттың XIX бөлімінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары
туралы хаттамаға         
№ 1 қосымша           

Мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар салалары

р/с

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

1.

Мұнай және мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау

Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Мұнай және мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау

2.

Электр энергиясын беру және тарату

Электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

3.



Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
электр энергиясын өндіруді – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
электр қуатының жүктемені атқаруына дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап)

Электр энергетикасын жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4.

Ортақ пайдаланылатын көлік қозғалысын қамтамасыз ететін теміржол көлігі коммуникациясы көрсететін қызметтер, поездардың қозғалысын басқару, теміржол тасымалдары

Магистралдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтері

Теміржол тасымалдары

Табиғи монополиялар субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін реттеудің
бірыңғай қағидаттары мен қағидалары
туралы хаттамаға          
№ 2 қосымша            

Мүше мемлекеттердегі табиғи монополия салалары

р/с

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

1.

Газды магистралдық және таратушы құбыржолдар арқылы тасымалдау


Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтері

Газды құбыржолдар арқылы тасымалдау

2.

Көліктік терминалдардың, әуежайлардың көрсетілетін қызметтері;
әуе қатынас трассаларына қызметтер көрсету және оларды пайдалану, әуе қозғалысын басқару

Аэронавигацияның көрсетілетін қызметтері;
порттардың, әуежайлардың көрсетілетін қызметтері

Көліктік терминалдардағы, порттардағы және әуежайлардағы көрсетілетін қызметтер

3.

Ортақ пайдаланылатын электр және пошта байланысының көрсетілетін қызметтері

Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, көрсетілетін қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкіндігінің жоқтығы не экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы себепті бәсекелес байланыс операторы болмаған кездегі телекоммуникациялардың көрсетілетін қызметтері;
кәбілдік кәрізді және телекоммуникациялардың желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілеріне қосумен технологиялық байланысты өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
пошта байланысының жалпыға қолжетімді көрсетілетін қызметтері

Жалпыға қолжетімді электр байланысының және жалпыға қолжетімді пошта байланысының көрсетілетін қызметтері

4.

Жылу энергиясын беру және тарату

Жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Жылу энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

5.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру


Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтері

Орталықтандырылған жүйелерді, коммуналдық инфрақұрылым жүйелерін пайдалана отырып, сумен жабдықтау және суды бұру

6.



Ішкі су жолдарының инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер

7.


Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтері


8.


Кіреберіс жолдары көрсетілетін қызметтері


9.



Солтүстік теңіз жолы акваториясында кемелерді мұз жарып өткізу

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа   
№ 21 ҚОСЫМША     

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) 81 және 82-баптарына сәйкес электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «электр энергиясына (қуатына) ішкі қажеттілік» – электр энергиясының (қуатының) тиісті мүше мемлекеттердің аумағында тұтыну үшін қажетті көлемдері;
      «электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік» – мүше мемлекеттердің біреуінің ішкі нарық субъектісінің басқа мүше мемлекет аумағындағы электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;
      «электр энергиясымен (қуатымен) алмасу» – мүше мемлекеттердің шекарасында (шекараларында) орналасқан түрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланыста және бір мезгілде тең көлемдегі электр энергиясын (қуатын) электр энергетикасы жүйесіне жеткізу және одан алу;
      «электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру» – мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының электр энергиясын (қуатын) ауысу және (немесе) олармен алмасу бойынша қызметтер көрсетуі. Мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктеріне қарай тиісті қарым-қатынастар беру (транзит) жөніндегі қызметтер көрсету шарттарымен немесе электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттарын қоса алғанда, өзге де азаматтық-құқықтық шарттармен ресімделеді;
      «мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы» – мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтары субъектілерінің арасындағы, электр энергиясын (қуатын) және ілеспе қызметтерді сатып алу-сатумен байланысты қарым-қатынастар жүйесі, олар жалпыға бірдей ережелер мен тиісті шарттар негізінде қолданылады;
      «электр энергиясының (қуатының) өткізу» – бір мүше мемлекеттің аумағында өндірілген электр энергиясының қуат ағынын екінші бір мүше мемлекеттің шекарасында (шекараларында) орналасқан жеткізу нүктелері аралығындағы желілер арқылы қамтамасыз ету;
      «ішкі электр энергиясы нарығының субъектісі» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сол мемлекеттің электр энергиясы (қуаты) нарығының субъектісі болып табылатын, электр энергетикасы саласындағы қызметті, оның шінде электр энергиясын (қуатын) өндіруді, электр энергиясын (қуатын) сатып алуды және сатуды, электр энергиясын таратуды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды, электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, электр энергетика саласындағы жедел-диспетчерлік басқаруды, электр энергиясын (қуатын) сатуды, электр энергиясын сатып алуды-сатуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлғалар;
      «электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері» – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған, электр энергиясын электр желілері арқылы беру, электр энергетикасындағы жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер және өзге де көрсетілетін қызметтер;
      3. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
      мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
      қатарлас жұмысты жүзеге асыру кезінде экономикалық залал келтірмеу;
      электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың тұрақты жүйесін қалыптастыруда негізгі құралдың бірі ретінде нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді пайдалану;
      мемлекеттердің қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде, мүше мемлекеттердің электр энергиясы (қуаты) нарықтарының қазіргі бар модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
      мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы заңнамаларын кезең-кезеңмен үйлестіру;
      техникалық нормалар мен қағидаларды үйлестіру.
      Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу Шарттың ХІХ бөлімінде айқындалған бірыңғай қағидаттар, қағидалар мен әдістер негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мүше мемлекеттер электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты ұзақмерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекеттерінің электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын үйлестіруге жәрдемдеседі.
      5. Мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
      ынтымақтастықты тең құқылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізінде жүзеге асыру;
      электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының басқа да субъектілерінің экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау;
      мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы заңнамасын, оның ішінде мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің ақпаратты ашуы бөлігінде кезең-кезеңмен үйлестіру;
      бәсекелес қызмет түрлерінде электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың тұрақты жүйесін қалыптастыру үшін нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді басымдықпен пайдалану;
      электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге техникалық мүмкіндіктер шегінде еш кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      электр энергетикасы саласындағы ұлттық, тікелей интеграцияланған компаниялар құрылымын бәсекеге қабілетті және монополиялық қызмет түрлерін ажырату мақсатында кезең-кезеңмен түрлендіру;
      мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарды мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының келісілген моделіне сәйкес дамыту;
      мүше мемлекеттердің қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелері негізінде, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық нарықтарының қазіргі бар модельдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
      қатарлас жұмыстың өзара келісілген талаптарын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысының техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
      нарықтарды интеграциялаудың тиісті кезеңінде электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың мүше мемлекеттердің электр энергиясы нарығына қол жеткізуін ұлттық экономикалардың мүдделерін ескере отырып қамтамасыз ету;
      мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып, мүше мемлекеттердің субъектілері арасындағы электр энергиясымен сауданы жүзеге асыру.
      6. Мүше мемлекеттер электр энергиясы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуаты) деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін басымдыпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде еш кедергісіз қол жеткізуді мынадай қағидаттар негізінде қамтамасыз етеді:
      аумағында осындай қызметтер көрсетілетін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген электр энергиясының (қуатының) ішкі нарығы субъектілеріне қатысты талаптардың теңдігі;
      электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтерін мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басымдықпен пайдаланған жағдайда, аталған көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру кезінде ұлттық заңнаманы есепке алу;
      электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілері қызметтер көрсеткен кезде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысы режимдеріне әсер ететін электр энергетика объектілерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;
      мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілері арасында туындайтын қатынастарды шарттық ресімдеу;
      электр энергетикасы саласында мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтердің өтемділігі.
      7. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етудің мынадай қағидаттары белгіленеді:
      1) мүше мемлекеттер электр энергиясын (қуатын) шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді, мүше мемлекеттердің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттіліктері басымдықпен қамтамасыз етілген жағдайда, қолда бар техникалық мүмкіндік шегінде қамтамасыз етеді;
      2) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін айқындау мынай басымдық есепке алына отырып жүзеге асырылады:
      электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің электр энергиясына (қуатына) деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;
      электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен басқа бөлігіне шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      электр энергиясын (қуатын) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      3) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары мүше мемлекет заңнамасының ерекшеліктерін негізге ала отырып, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру құнын өтеу қағидатын басшылыққа алады;
      4) Одаққа кірмейтін үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру мүше мемлекеттің заңнамасын есепке ала отырып, екіжақты негізде реттеледі.
      8. Мүше мемлекеттер электр энергиясын (қуатын) электр энергетикалық жүйелер арқылы еш кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында келісілген дайындық іс-шаралары кешенін жүзеге асырады, атап айтқанда:
      электр энергиясын (қуатын) жеткізудің күнтізбелік жылы басталғанға дейін мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың ұлттық болжамды теңгерімдерінде есепке алу үшін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеген кезде осындай жеткізілімдерді есепке алу мақсатында мемлекетаралық беруге ұйғарылған электр энергиясының (қуатының) жоспарлы көлемдері туралы мәлімдейді;
      мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы құнын есептеу негізінде, қол жеткізілген уағдаластықты орындау үшін келісімшарттар жасасады.
      Электр энергиясын (қуатын) мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері арқылы еш кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың бірыңғай әдіснамасын қолданады, ол электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемдері мен техникалық шарттарын анықтау тәртібін, сонымен қатар осы Хаттамаға қосымшада келтірілген, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге байланысты көрсетілетін қызметтерге баға белгілеудің келісілген тәсілдерін қамтиды.
      Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдар осы Хаттаманың қосымшасында келтірілген, Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың бірыңғай әдіснамасына сәйкес өз мемлекетінің аумағы бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етеді.
      9. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге қажетті электр желілік шаруашылық объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді ұсынатын мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
      10. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруден бас тартқан жағдайда, мүше мемлекеттер уәкілеттік берген ұйымдар бас тарту себептері туралы негіздеуші материалдарды тапсырады.
      11. Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығында электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер ішкі электр энергиясы нарығының субъектілері үшін осындай ішкі тарифтерден аспауға тиіс.
      12. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қатынастарды реттеу қолданыстағы басқа да халықаралық келісімдер мен шарттарды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін
қоса алғанда, электр энергетикасы      
саласындағы табиғи монополиялар       
субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол
жеткізуді қамтамасыз ету            
туралы хаттамаға                
қосымша                     

Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын)
мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасы

      1. Өтінімдер беру және электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдеріне енгізілуге жататын, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің тарифтерін есептеген кезде ескерілетін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемдерін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері

      1.1. Беларусь Республикасының аумағында.
      1.1.1. Беларусь Республикасының ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің (бұдан әрі – МАБ) жылдық болжамды көлемдерін оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйым берілген өтінім негізінде айқындайды.
      1.1.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ пен ең жоғарғы қуаттың жылдық көлемі айлар бойынша бөліп көрсетіледі.
      1.1.3. Өтінімді қарастырған кезде Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы қолда бар техникалық мүмкіндіктің осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын шамасын басшылыққа алады.
      Жалпы алғанда, жыл бойы немесе жылдың қайсыбір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы өтінім берген ұйымға уәжді бас тарту хатын жібереді.
      1.1.4. Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.
      1.1.5. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері МАБ жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мүше мелекеттердің уәкілетті ұйымдарының келісуі бойынша түзетілуі мүмкін.
      1.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      1.2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемдері МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйымның МАБ-ты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының жүйелік операторына берген өтінімі негізінде айқындалады.
      1.2.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі айлар бойынша бөлініп және Қазақстан Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау нүктелері мен беру нүктелері көрсетіле отырып көрсетіледі.
      1.2.3. Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінімді қараған кезде қолда бар техникалық мүмкіндіктің осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын шамасын басшылыққа алады. Жалпы алғанда, жыл бойы немесе жылдың қайсыбір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан асып кеткен кезде, Қазақстан Республикасының жүйелік операторы өтінім берген ұйымға уәжді бас тарту хатын жібереді.
      1.2.4. Қазақстан Республикасының жүйелік операторымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартының қосымшасы ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.
      1.2.5. Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ) бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 сәуіріне дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемдері анықталып, көтерме сауда нарығының субъектілерімен келісіледі.
      1.2.6. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін МАБ-ты ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілердің ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.
      1.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      1.3.1. Ресей Федерациясының субъектілері бойынша Ресей БЭЖ шеңберінде болжамды жиынтық теңгерімді қалыптастыру тәртібіне сәйкес уәкілетті ұйым (Ресей Федерациясының біртұтас ұлттық (жалпы ресейлік) электр желісін (бұдан әрі – БҰЭЖ) басқару жөніндегі ұйым) жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі федералды қызметіне (Ресейдің ТФҚ) және Ресей БЭЖ жүйелік операторына мүше мемлекеттердің ұлттық электр желісін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарымен келісілген ұсыныстарды жібереді.
      1.3.2. Келісілген ұсыныстарды Ресей ТФҚ қарайды және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген мерзімдерде келесі күнтізбелік жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жиынтық теңгерімін қалыптастырған кезде ескереді.
      1.3.3. Жеткізілетін жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жиынтық теңгерімі көрсеткіштерінің құрамында бекітілген, МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) есептеу кезінде ескеріледі.
      1.3.4. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемдері, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен (ұйымдарымен) келісім болған жағдайда, БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның ұсынысы бойынша, жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне белгіленген бағаларға (тарифтерге) тиісті түзету енгізе отырып түзетілуі мүмкін.

2. Жоспарлау үйлестірушісінің функциялары мен өкілеттіктерін
айқындайтын ережелерді қоса алғанда, электр энергетикалық
жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс
режимдерін жоспарлау негізінде техникалық мүмкіндіктерді және
МАБ-тың жоспарланған көлемдерін айқындау тәртібі

      2.1. Терминология.
      Осы Әдіснаманың 2-бөлімінің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Бақыланатын қима – электр энергетикалық жүйелердің орнықты жұмысын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қуат ағындары бақыланатын мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері жүйелік операторларының диспетчерлік орталықтары анықтайтын электр беру желілерінің (ЭБЖ) және басқа да электр желілері элементтерінің жиынтығы.
      Қуаттың ең жоғарғы жол берілетін ағыны – қалыпты режимдерге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыратын, желі қимасындағы аса көп ағын.
      Мемлекетаралық қима – мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторлары айқындайтын, көршілес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйесін (-лерін) (жекелеген энергетикалық аудандарын) жалғап тұратын мемлекетаралық ЭБЖ-да (-ларда) орналасқан, қатарлас жұмыстың электр энергетикалық режимдерін жоспарлау және басқару міндеттерімен технологиялық тұрғыдан негізделген жеткізу нүктесі немесе жеткізу нүктелерінің тобы.
      Өзге де пайдаланылатын ұғымдар Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамада (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21 қосымшасы) айқындалған мағынаға ие.
      2.2. Жалпы ережелер.
      2.2.1. Жоспарлау кезеңдерінде шешілетін міндеттер:
      - жылдық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің жылдық жоспарланған графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде ескерілетін, мүше мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;
      - айлық жоспарлау: экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықтарды жөндеудің айлық жоспарлы графиктерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды жылдық теңгерімдерінде ескерілген, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған кезде оларды түзету;
      - режимдерді тәуліктік жоспарлау және тәулікішілік түзету: электр желілік жабдықтардың нақты схемалық-режимдік жағдайлары, олардың экспорт-импорт қимасын, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен МАБ-тың көлемдерін шектейтін жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық ажыратылуы есепке алына отырып, мүше мемлекеттер арасындағы бір тәулікке ілгері мәлімделген жеткізу мен МАБ-тың сағаттық көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндігін тексеру.
      2.2.2. Жоспарлау (мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жоспарланған көлемдерінің іске асырыла алатынын есептеу Ресей БЭЖ бен Қазақстан БЭЖ арасында және Ресей БЭЖ бен Белорусьтың Біріккен энергетикалық жүйесі (Белорусияның БЭЖ) арасында, қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелердің есептік моделін (бұдан әрі – есептік модель) пайдалана отырып жүргізіледі).
      2.2.3. Есептік модель Ресей БЭЖ-дің, Қазақстан БЭЖ бен Белорусия БЭЖ-дің технологиялық жағынан өзара байланысты бөліктерінің жоспарлауға қажетті көлемдегі математикалық моделін білдіреді және:
      - электр желісін алмастыру схемаларының бағандары мен параметрлерінің;
      - активті және реактивті тораптық жүктемелердің;
      - тораптардағы активті және реактивті генерацияның;
      - генерацияның ең аз және ең көп активті және реактивті қуатының;
      - желілік шектеулердің сипаттамаларын қамтиды.
      2.2.4. Есептік модель мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен келісілген алмастыру схемасы негізінде, әдетте, қысқы жүктеме максимумы мен минимумының және жазғы жүктеме максимумы мен минимумының келісілген сағаттарына сәйкес келетін базалық режимдер (базалық есептік схемалар) үшін қалыптастырылады. Егер олар мемлекетаралық жеткізілімдерге (алмасуларға) елеулі түрде әсер ететін болса, өзіне тән схемалық-режимдік жағдайлар үшін бақыланатын мемлекетаралық қималардағы, сондай-ақ ішкі бақыланатын қималардағы ең жоғары жол берілетін ағындар көрсетілуге тиіс.
      2.2.5. Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісі болып табылады.
      2.2.6. Жоспарлау кезеңдерінің әрқайсысы үшін есептік модельдер мен жаңартып отырылатын ақпарат құрамы, оның ішінде есептік модельге енгізілетін энергетикалық объектілер мен электр энергетикалық жүйелердің (электр энергетикалық жүйелер баламаларының) тізбелері, оларды қалыптастыру мен жаңартып отыру тәртібі және оның уақыт регламенті, электр энергетикалық жүйелердің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлауға арналған деректерді алмасу форматтары мен тәсілдері Ресей БЭЖ жүйелік операторы және Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын атқаратын ұйыммен бірге БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым және Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда белгіленеді.
      2.3. Жоспарлау үйлестірушісінің және мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қалған жүйелік операторларының функциялары мен өкілеттіктері.
      2.3.1. Жоспарлау үйлестірушісі:
      - негізгі есептік моделдер қалыптастыруды;
      - Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен жоспарлау мақсатында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
      - Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлау мақсатында алынған деректер негізінде электр энергетикалық режимдерге есептеу жүргізеді;
      - егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе жеткізілімдер мен МАБ-тың мәлімделген көлемдері кезінде есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғары жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған болса, Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 21 қосымшасы) 4-тармағының 2-тармақшасында айқындалған:
      1) электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ-ты жүзеге асыру жоспарланып отырған мүше мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің;
      2) мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын шектес мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;
      3) бір мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен басқа мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы қамтамасыз етудің;
      4) Одаққа кірмейтін үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында мүше мемлекеттің электр энергетикалық жүйесі арқылы электр энергиясының (қуатының) МАБ-ын қамтамасыз етудің;
      - Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымның, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторының назарына жоғарыда көрсетілген есептердің нәтижелерін жеткізудің басымдығы қағидаттарын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері (электр энергетикалық жүйелерінің бөліктері) арасындағы мемлекетаралық ағындарға түзету енгізеді.
      2.3.2. Егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырыла алмайтыны немесе есептік модельдің бақыланатын қималарындағы ең жоғарғы жол берілетін ағындардың артып кеткені анықталған болса, жоспарлау үйлестірушісі Белорусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға электр энергетикалық жүйелердің сальдо-ағындарының (теңгерімдерінің) шамаларына жасалатын қажетті түзетулердің көлемін жібереді.
      Белорусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым барлық шарттар бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің, оның ішінде МАБ-тың көлемдерін жоғарыда көрсетілген басымдықтар негізінде түзетеді не жоспарлау үйлестірушісі есептеу қорытындылары бойынша анықтаған, бақылау қималарындағы жол берілетін ағындардың бұзылуын жою жөнінде өзге де шаралар қолданады.
      Мүше мемлекеттер арасындағы барлық шарттар, оның ішінде МАБ бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің түзетілген шарттық көлемдері туралы ақпаратты Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жасалған шарттар бойынша мүше мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілеріне жеткізеді.
      2.3.3. Жоспарлау үйлестірушісі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйымнан, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторынан жоспарлауға арналған өзекті деректерді алмаған не техникалық қателіктері бар деректерді немесе көрінеу анық емес деректерді алған жағдайда, мазмұны мен қолданылу тәртібі Беларусь БЭЖ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы бекітетін құжаттарда көрсетілген алмастыратын ақпаратты пайдалануға құқылы.
      2.4. Жылдық жоспарлау.
      2.4.1. Жылдық жоспарлау Беларусь БЖЭ жүйелік операторы функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.
      2.4.2. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графиктерінің жобаларын жасайды және оларды жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Жоспарлау үйлестірушісі жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу графигін келіседі және оны Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымға жібереді. Жөнделуі жылдық (сондай-ақ айлық) жөндеу графигі шеңберінде келісілуге жататын электр желілік объектілердің тізбесін және оны қалыптастырудың уақыт регламентін Белорусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілейді.
      2.4.3. Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне өздері жұмыс күніне тән максимумның бір сағатына арналған электр энергиясының, қуатының болжамды теңгерімдеріне сүйене отырып қалыптастырған тиісті ұлттық электр энергетикалық жүйе (тұтыну, генерация, ағындар сальдосы, желілік жабдықтарды жөндеу) бойынша жылдық жоспарлау үшін ақпарат береді.
      2.4.4. Ресей БЭЖ – Қазақстан БЭЖ және Ресей БЭЖ – Беларусь БЭЖ ағындары сальдосының нақтыланған болжамды мәні жоспарлау нәтижесі болып табылады.
      2.4.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізіп, есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына жібереді.
      2.5. Айлық жоспарлау.
      2.5.1. Айлық жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы анықтайтын мерзімдерде және тәртіппен, жылдық жоспарлау бойынша секілді схемада, ай бөлінісінде деректер мен нәтижелерді алмаса отырып, орындалады.
      2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау.
      2.6.1. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен орындалады.
      2.6.2. Тәулік сайын Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне 24 сағаттық (сағат 00:00 бастап 24:00 дейін) жаңартып отырылатын деректер жинағы түрінде жоспарланған тәулікке (бұдан әрі – Х тәулік) есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректер береді, олар мыналар қамтылады:
      - электр энергетикалық жүйенің 220 кВ және одан да жоғары электр жабдығы элементтерінің жоспарлы жөнделуі;
      - электр энергетикалық жүйе бойынша жинақтап алғанда тұтыну мен генерациялаудың сағаттық графиктері (оның ішінде есептік модельдің құрамын қалыптастырған кезде Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы белгілеген жекелеген энергетикалық аудандар бойынша);
      - ағындар сальдосының сағаттық графиктері (электр энергетикалық жүйе ағындарының оң сальдосы үшін оның тапшылығы алынады).
      БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жоспарлау үйлестірушісіне шарттардың барлық түрлері бойынша Ресей БЭЖ, Қазақстан БЭЖ мен Беларусь БЭЖ арасында электр энергиясын жеткізу, оның ішінде мүше мемлекеттердің арасындағы МАБ көлемдерінің сағаттық графиктерінің Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен келісілген жиынтық мәнін береді.
      2.6.3. Егер Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді берілмеген болса, онда соңғысы Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және Ресей БЭЖ жүйелік операторы есептік модель құрамын қалыптастырған кезде өзара келісім бойынша белгіленген алмастыратын ақпаратты пайдаланады.
      2.6.4. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отыру мен электр режимдерін есептеуді жүзеге асырады.
      2.6.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдерге есептеу жүргізеді және есептеу нәтижелерін Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторына келісілген форматта береді.
      2.6.6. Егер мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің мәлімделген мәндері іске асырыла алмайтындай болса, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы және БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым осы Әдіснаманың 2.3.1-тармағында айқындалған басымдылықты есепке ала отырып, жеткізілімдер мен МАБ көлемдеріне түзету енгізу жөнінде шаралар қолданады.
      2.6.7. Егер электр тұтынудың және/немесе схемалық-режимдік шарттардың болжамдалмай өзгеруі нәтижесінде және/немесе жеткізу шарттарының талаптары өзгерген кезде мүше мемлекеттер арасындағы жоспарлы жеткізу және МАБ көлемдеріне жедел тәулік ішінде түзету енгізу талап етілсе, Беларусь БЭЖ жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы жоспарлау үйлестірушісіне:
      - бір тәулікке ілгері жоспарлау мақсатында берілетін ақпаратқа сәйкес келетін көлемде Х тәуліктің қалған сағаттарына сағаттық жаңартып отырылатын деректер жинағы түрінде ағымдағы тәуліктерге есептік модельді жаңартып отыруға арналған деректерді;
      - мүше мемлекеттер арасындағы жеткізудің және МАБ-тың жоспарлы көлемдерін өзгерту көлемдері ұсынылған өтінім береді.
      2.6.8. Тәулік ішінде әр уақыттық кезең үшін деректер берудің («қақпаларды жабу уақыты») және есептеу нәтижелерін жеткізудің шекті уақыты белгіленеді. «Қақпаларды жабу уақытынан» кейін деректер беруге жол берілмейді. Жоспарлау үйлестірушісі есептік модельді жаңартып отырады және Х тәуліктің қалған сағаттарына электр режимдерін есептеуді орындайды.
      2.6.9. Х тәуліктің қалған сағаттарына мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу және МАБ көлемдерінің нақтыланған жоспарлы сағаттық графигі жоспарлау нәтижесі болып табылады. Режимдерді тәулікішілік түзету уақытынан кейін схемалық-режимдік шарттардың өзгеруі себепті нақтыланған жоспарлы сағаттық графиктерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттер арасындағы жеткізу мен МАБ көлемдерін өзгертуге мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында электр энергиясын жеткізу жөніндегі арнайы шартқа сәйкес авариялық көмек ұсыну немесе электр энергиясын мәжбүрлі жеткізу жағдайында жол беріледі.

3. Мүше мемлекеттердің МАБ-ты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға
уәкілеттік берілген субъектілерінің, МАБ-ты қамтамасыз ету
шеңберінде әрбір ұйымның орындайтын функциялары көрсетілген
тізбесі.

      3.1. Беларусь Республикасының аумағында.
      3.1.1. Беларусь Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға және Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйымға жүктеліп, бұл ретте оларға мына функцияларды орындау да жүктеледі:
      - электр желісімен берілетін электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету (Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыруатын ұйым жалпы үйлестірген кезде Беларусь БЭЖ-ін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымға бағынысты ұйымдар);
      - МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым);
      - шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысты басқару және орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасасу (Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым).
      3.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      3.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйелік операторға жүктеліп, оған қоса оған мына функцияларды орындау жүктеледі:
      - Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын өндіруді – тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету;
      - қатарлас жұмыстың режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасасу.
      3.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      3.3.1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы қамтамасыз ету мыналарға:
      3.3.1.1. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару бойынша, оның ішінде Ресей БЭЖ-і мен басқа мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс режимдерін басқару, электр энергиясын (қуатын) алмасуды және үйлестірілген жоспарлауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге;
      3.3.1.2. Бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісі бойынша, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін электр энергиясын беру (өткізу) жөнінде қызметтер көрсетуге;
      3.3.1.3. Ресей Федерациясы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы, оның ішінде электр энергиясының тең көлемдерін Ресей Федерациясының мүше мемлекеттермен шекарасында (шекараларында) орналасқан әртүрлі жеткізу нүктелері арқылы Ресей БЭЖ-не өзара байланысты және бірмезгілде жеткізілуін және одан берілуін қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында электр энергиясы мен қуаты айналымының ерекшеліктеріне байланысты іс-қимылдар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.
      3.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты мына уәкілетті органдар:
      3.3.2.1. Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы – Ресей БЭЖ-нің Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмыс режимдерін ұйымдастыру мен басқару бөлігінде;
      3.3.2.2. БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым – Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ және Қазақстан БЭЖ-імен және Беларусь БЭЖ-імен қатарлас жұмысты ұйымдастыру кезінде электр энергиясын өткізуге (алмасу қағидаттарын пайдалана отырып) байланысты қызметтер көрсету, оның ішінде МАБ-ты жоспарлау (жылдық, айлық, сағаттық) жөніндегі шетелдік уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген электр энергиясының нақты сағаттық көлемдерін коммерциялық келісімшарттар бойынша түзетілген жоспарлы көлемдерді есепке ала отырып тіркеу; Ресей Федерациясы мен мүше мемлекеттер арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізілген нақты көлемдердің жоспардағыдан сағаттық ауытқуларын анықтау; мүше мемлекеттердің ортақ шекараларында орналасқан жеткізу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды жүзеге асыру бөлігінде;
      3.3.2.3. Коммерциялық ұйым – электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына айналымға жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме саудасын ұйымдастыру жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйым;
      3.3.2.4. Көтерме сауда нарығына қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін есептеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
      3.3.2.5. Коммерциялық агент – экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыратын, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қатысушысы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) көлемдеріне қатысуға, электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы қатынастарға және ағымның нақты сальдосының жоспарланған сальдодан ауытқуларына байланысты қатынастарды реттеуге қолжетімділікті ұйымдастыру бөлігінде қамтамасыз етеді.

4. МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар
субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрауыштар тізбесі

      4.1. Беларусь Республикасының аумағында.
      4.1.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының беруші желілері (бұдан әрі – БЖ) арқылы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған Шжелі шығындар мына формула бойынша есептеледі:
      Шжелі = Ш (1+ИҚ) (1+РП) (1+С), мұнда:
      Ш – уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен айқындалатын, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ға жатқызылатын БЖ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған жалпы шығындар;
      ИҚ – инновациялық қорға аударымдар үлесі;
      РП – Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайдаға аударымдар үлесі;
      С – салыққа аударымдар үлесі;
      Ш жалпы шығындарға: пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге; жалақыға; амортизациялауға арналған шығындар; басқа да ақшалай шығыстар (қосалқы материалдар, басқа жақтан жеткізілетін энергия, әлеуметтік сақтандыру аударымдары және т.б.); электр энергиясының ысырабын өтеу шығындары кіреді.
      4.1.2. Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
      Т = Шжелі/Эт, мұнда:
      Т – Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
      Эт – Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жиынтық көлемі.
      4.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, ұлттық электр желісінің (бұдан әрі – ҰЭЖ) желілері арқылы электр энергиясын беруді, оның ішінде МАБ-ты жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын тариф мына формула бойынша есептеледі:
      Т = Z+P / Wжиынт (теңге/кВт.с), мұнда:
      Т – электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған, ҰЭЖ желілері арқылы электр энергиясын беруді, оның ішінде МАБ-ты жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын тариф (теңге/кВт.с);
      Z – Қазақстан Республикасы ҰЭЖ-дың электр энергиясын беру, оның ішінде МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы шығындары (млн. теңге);
      P – электр энергиясын беру, МАБ жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде ҰЭЖ-дың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайда деңгейі (млн. теңге);
      Wжиынт – шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген, ҰЭЖ-дың электр энергиясын жиынтық беру көлемі (млн. кВт.с).
      4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу кезінде тарифтік кіріске ҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын жалпы шығындар мен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайда деңгейі кіреді (қатыстырылған активтер негізге алына отырып айқындалады).
      Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      4.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      4.3.1. Жалпы ережелер.
      Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭЖ арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтірді көрсетуге арналған тариф 2 мөлшерлеме түрінде: электр желілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме және БҰЭЖ-дегі электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған мөлшерлеме түрінде белгіленеді.
      Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша Ресей БЭЖ-і арқылы қызметтер көрсетуге арналған тарифке енгізілетін осыған ұқсас құрауыш шығыстар мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған құрауыш шығыстары мен мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған құрауыш шығыстарға бөлінеді.
      4.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне енгізілетін шығыстарды айқындау.
      4.3.2.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған құрауыш шығыстарының тізбесі.
      Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа мәлімделген, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуатқа БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме бойынша ақы төленеді.
      БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлемені есептеу кезінде тиісті есеп айырысу кезеңіне ұлттық реттеуші орган белгілеген, экономикалық тұрғыдан негізделген шығыстар:
      - операциялық шығыстар;
      - бақыланбайтын шығыстар;
      - инвестицияға салынған инвестицияланған капиталды қайтару (амортизациялау аударымдары);
      - инвестицияланған капиталға арналған кіріс есепке алынады.
      4.3.2.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған құрауыш шығыстарының тізбесі.
      БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясының тепе-тең бағаларында ескерілген электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған БҰЭЖ-дегі электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдар қызметтерінің құны есепке алына отырып, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін МТС жөніндегі әрбір есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатын сатып алу бағасына негізделе отырып айқындалады.

5. МАБ-ты жүзеге асыруға байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін құрауышар тізбесі

      5.1. Беларусь Республикасының аумағында.
      Беларусь Республикасындағы Шжелі жүйелік шығындарға уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін генерациялаушы қуаттардың резервін ұстауға арналған, Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы берілетін жалпы қуат шамасындағы МАБ-тың қуат үлесі есепке алына отырып айқындалатын шығындар, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар кіреді.
      5.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынбайды.
      5.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      Электр энергиясының (қуатының) орнын баса тұруды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа жататын электр энергиясының көлемдері көтерме сауда нарығында баға өтінімдерін беру, бір тәулік бұрын баға өтінімдеріне бәсекелестік іріктеу жүргізу, нарықтық бағаларды және Ресей БЭЖ-і шекарасындағы (шекараларындағы) әртүрлі жеткізу нүктелерінде электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін өзара байланысты және бірмезгілде жеткізуге байланысты жүйелік шығындар үлесін айқындау кезінде ескерілуге тиіс. Жүйелік шығындар мына құрауыштардан қалыптасады:
      5.3.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде электр энергиясының жүктемелік ысырабының және жүйелік шектеулердің құнын өтеуге байланысты құрауыш (түйіндік бағалар айырмашылығы):
      
      – МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
      – МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-іне электр энергиясы ағынының «кіру нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
      – m айының h сағатында Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ көлемі.
      5.3.2. МАБ-ты қамтамасыз ететін Ресей БЭЖ-і жұмыс режимдерін іске асыру үшін генерациялаушы қуаттар резервінің болу қажеттігіне байланысты құрауыш:
      
      – m айында МАБ-тың мәлімделген барынша көп сағаттық көлеміне сәйкес келетін ең көп қуат;
      – тиісті жыл үшін қуаттарға бәсекелестік іріктеу жүргізу кезінде жүйелік оператор есепке алатын, ЗСПi-дегі жоспарлы резервтеу коэффициенті;
      – тиісті жыл үшін ЗСПi-де тұтынушылар үшін бәсекелестік іріктеудің алдын ала бағасы (жүйелік оператор электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды);
      ЗСПi – МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін жеткізу нүктелері жатқызылған еркін ағын аймағы.
      МАБ-тың құнын анықтау кезінде, сондай-ақ, МАБ-тың «кіру» және «шығу» нүктелеріне сәйкес келетін еркін ағын аймақтарындағы (еркін ағын аймақтары түйіндеріндегі) қуатты бәсекелестік іріктеу нәтижелері бойынша айқындалған, тұтынушылар үшін жоспарлы бағалар арасындағы айырма да ескеріледі.

6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес МАБ-ты шарттық
ресімдеуге қойылатын талаптар

      6.1. Беларусь Республикасының аумағында.
      Мүше мемлекеттер арасындағы Беларусь Республикасының электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ осы Әдіснаманың 1-бөліміне және 2-бөлімінің 2.4, 2.5, 2.6-тармақтарына және МАБ-қа арналған шарттарға сәйкес МАБ-қа ұйғарылған электр энергиясы мен қуатының көлемдерін Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келіскен жағдайда жүзеге асырылады.
      Әрбір шарт бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны мына формула бойынша айқындалады:
      СМП = Шжелі+Шжүйе.
      6.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      Қазақстан Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша жасалатын, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте МАБ-ты жүзеге асыруға арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
      6.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      Мүше мемлекеттер арасындағы Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
      6.3.1. Табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті және МАБ-ты жүзеге асыру үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін Ресей БЭЖ-і шекарасындағы (шекараларындағы) әртүрлі жеткізу нүктелерінде өзара байланысты және бірмезгілде жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында коммерциялық агенттің Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдарымен шарттары.
      Осындай шарттарда мүше мемлекеттер арасындағы Ресей БЭЖ-і арқылы МАБ құны m айында мына формула бойынша айқындалады:
      
       – ресейлік заңнамаға сәйкес ақысы төленетін, БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым қызметтерінің құны;
      – ресейлік заңнамаға сәйкес ақысы төленетін, жүйелік оператор қызметтерінің құны;
      – m айында МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдарға байланысты қызметтер құны.
      
      – m айында электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме сауда нарығын ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператор қызметтерінің құны;
      – m айында Көтерме сауда нарығының сауда жүйесіне қосылу туралы шартта айқындалған талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді қызметтер құны;
      – коммерциялық агент жасасатын шарттарда екіжақты тәртіппен айқындалатын коммерциялық агент шығындары.
      6.3.2. Мүше мемлекеттердің электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі және ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру (өткізу) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдары арасындағы электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер);
      6.3.3. Мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын, МАБ қималары бойынша нақты ағындардың жоспардағыдан ауытқу шамаларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.

7. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері
арасында мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының
нақты сағаттық көлемдері туралы коммерциялық есепке алу
деректерін алмасуды ұйымдастыру тәртібі

      7.1. Осы Тәртіп коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін алу бөлігінде екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын; коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін және коммерциялық есепке алудың көрсетілген деректерін жеткізу нүктелеріндегі мәндерге дейін толықтыра есептеудің келісілген әдістемедерін пайдалану ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мемлекетаралық электр беру желілері арқылы (бұдан әрі - МАЭБЖ) электр энергиясының жедел сағаттық ағынын айқындау тәртібін; коммерциялық есепке алу деректерін алмасу және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге келтірілген коммерциялық есепке алу деректерін келісу рәсімдерін айқындайтын тәртіпті айқындайды.
      МАЭБЖ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін қалыптастыру мен алмасу талаптары мен тәртібі МАЭБЖ-де есепке алу нүктелері бойынша электр энергиясы ағындарының сағаттық шамаларының деректерін алмасу туралы екіжақты келісімдерге сәйкес айқындалады.
      7.2 Жедел ақпарат алмасу.
      Мүше мемлекеттердің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері тәулік сайын (немесе мүше мемлекеттердің келісімі бойынша басқа уақыт аралығында) МАЭБЖ бойынша электр энергиясының сағаттық ағындарының шамасын қалыптастырады, алынған деректермен алмасады, тиісті есептеулерді орындайды, деректердің сәйкестігіне баға береді.
      МАЭБЖ бойынша берілетін электр энергиясының сағаттық ағындарының мәндерін қамтитын ақпаратты жедел алмасу үшін деректерді берудің келісілген форматтары пайдаланылады.
      7.3. Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу.
      Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу екіжақты келісімдерде келісілген, берілген және алынған электр энергиясының нақты көлемдерін есептеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.

8. Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық электр беру
желілері бойынша электр энергиясы ағынының
нақты сальдосын айқындау тәртібі

      Бір күнтізбелік айда мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясының нақты көлемдерін айқындайтын осы тәртіп мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының пайдалануына арналған.
      Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясы ағынының нақты сальдосы әрбір күнтізбелік айда әрбір жеткізу нүктесіне (WСальдо_гран) қабылданған электр энергиясы (WП1_гран) мен/немесе одан берілген электр энергиясы (WО1_гран) мөлшерлерінің алгебралық сомасы ретінде айқындалады.
      МАЭБЖ-да «Қабылдау», «Қайтарым» режимдеріндегі жұмысқа енгізілген барлығы бойынша бір күнтізбелік айда кедендік шекараға (жеткізу нүктесіне) келтірілген электр энергиясының мәні және сальдо мына формулалар бойынша есептеледі:
      
       – бір күнтізбелік айда i-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде қабылданған электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағынды есептеу формуласына салу үшін мән белгіні (ағынның бағытын) ескере отырып алынады;
      – бір күнтізбелік айда i-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде берілген электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағынды есептеу формуласына салу үшін мән белгіні (ағынның бағытын) ескере отырып алынады;
      R – бір күнтізбелік ай ішінде жұмысқа қосылған мемлекетаралық қимадағы МАЭБЖ мөлшері.

9. Одақ шеңберінде МАБ-ты жүзеге асыру кезінде
мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың
жоспардағыдан ауытқу көлемдері мен құнын есептеу тәртібі

      Мемлекетаралық қималар бойынша нақты жеткізілімдерге мынадай құрауыштар: МАБ көлемдері, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері жасасқан коммерциялық шарттар көлемідер, авариялық көмек көлемі мен сальдо-ағындардың нақты мәндерінің жоспардағыдан ауытқуына байланысты көлемдер кіреді.
      Нақты сальдо-ағынның жоспардағыдан сағаттық ауытқуының шамаларын есептеуді және ауытқулар көлемін өздерінің бастамаларына байланысты анықтауды БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым, Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы, Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
      - МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде МАБ көлемдерінің сағаттық шамасы тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті тең жоспарлы мәндермен қабылданады;
      - есепті кезеңнің әрбір сағатында коммерциялық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің нақты сағаттық көлемдері белгіленген тәртіппен келісілген түзетулерді есепке ала отырып, тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті тең жоспарлы мәндермен қабылданады.
      - үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатынастар шеңберінде реттелетін сағаттық ауытқулар көлемі (сыртқы теңгерімдеу) Одақ шеңберіндегі ауытқулар көлемінде ескеріледі. Сыртқы теңгерімдеу көлемдерін айқындау тәртібі мүше мемлекеттердің аралас электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен (БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның қатысуымен) келісіледі;
      - авариялық көмек көрсету көлемдері ішкі ұлттық нарықтардың субъектілері арасында жасалатын авариялық көмек көрсету кезінде электр энергиясын сатып алу/сату шарттарының талаптарымен айқындалады.
      Сағаттық ауытқулар көлемі МАБ-ты қамтамасыз ету үшін жасалуы Әдіснаманың 6-бөлімінде мүше мемлекеттердің әрқайсысы үшін көзделген шарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қаржылық реттелуге жатады.
      Электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттардың (техникалық келісімдердің) талаптарын сақтау, оның ішінде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелеріндегі жиілікті реттеу және мемлекетаралық қималар бойынша келісілген сальдо-ағындарды ұстап тұру бөлігінде сақтау қажеттігін негізге ала отырып, ауытқулар құны электр энергиясының (қуатының) ішкі ұлттық нарықтарының субъектілеріне олардың электр энергиясының (қуатының) ұлттық нарығындағы жүйені теңгерімдеу жөніндегі қатынастарға қатысу нәтижесінде шеккен негізделген шығындарын өтеуге тиіс.
      Ауытқулар құнын есептеу электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттарда (техникалық келісімдерде) немесе мүше мемлекеттер арасында электр энергетикасы саласындағы өзара қатынастарды реттейтін өзге де шарттарда белгіленген мәндерден аспайтын көлемдерде электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысын технологиялық жағынан қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын (қуатын) сатып алу/сату көлемдерін есепке алудың ерекше тәртібі ескеріле отырып жүргізіледі.
      Есептеу кезінде пайдаланылатын, ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясы мен қуатының сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есеп құжаттарымен расталады.
      Шарттар бойынша жеткізілімдер құнын есептеу кезінде электр энергиясының (қуатының) көлемдерін қайтадан есепке алуға жол берілмейді.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 22 ҚОСЫМША     

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ
тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи
монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол
жеткізу қағидалары туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 79, 80, 83-баптарына сәйкес газ саласындағы ынтымақтастық негіздерін, мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттары мен талаптарын айқындайды.
      2. Осы Хаттамада пайдаланлатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «газға ішкі қажеттіліктер» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында тұтыну үшін қажетті газ көлемі;
      «газ» - негізінен метаннан тұратын, газ тасымалы жүйелері арқылы сығылған газ тәріздес күйде тасымалданатын, мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін және (немесе) шығарылған газ тәріздес көмірсутектердің және басқа газдардың жанғыш қоспасы;
      «газ өндіретін мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда аз тұтынылатын мүше мемлекеттер;
      «газ тұтынатын мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда көп тұтынылатын мүше мемлекеттер.
      «газ тасымалы жүйелері» - магистральдық газ құбыржолдарын қамтитын газ тасымалдауға арналған құрылыстар және газ тарату желілерінен басқа, олармен бірыңғай технологиялық процеспен байланысты объектілер;
      «газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - газ тасымалдау үшін мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын газ тасымалы жүйелерін пайдалану құқығын беру;
      «газға тең кірісті бағалар» - газдың ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, оның ішінде мынадай қағидаттарға негізделе отырып қалыптастырылған көтерме бағасы:
      газ өндіретін мүше мемлекеттер үшін нарықтық көтерме бағаны қалыптастыру газ жеткізушінің сыртқы және ішкі нарықтардағы газ тасымалдау құнының айырмасын ескере отырып, сыртқы нарықтағы газды сату бағасынан осы мемлекеттерде алынатын баждардың, алымдардың, салықтардың, өзге де төлемдердің шамасын және газ өндіретін мүше мемлекеттерден тысқары жерлердегі газ тасымалдау құнын шегеру жолымен жүзеге асырылады;
      газ тұтынатын мүше мемлекеттер үшін - газ өндіретін мемлекеттің шығарушысы сыртқы нарықта газ сату бағасынан баждарды, алымдарды, салықтарды, өзге де төлемдерді, сондай-ақ газ өндіретін мемлекеттен тысқары жерлерде газ тасымалдау құнынан шегеру арқылы қалыптастыратын нарықтық көтерме баға;
      «газ тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер» - газ тасымалы жүйелері арқылы газды өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
      «уәкілетті органдар» - осы Келісімді іске асыруды бақылау үшін мүше мемлекеттер уәкілеттік берген мемлекеттік органдар.
      3. Мүше мемлекеттер мына негізгі қағидаттарды:
      1) өзара саудада кедендік әкелу және әкету баждарын (баламалы мәні бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбау;
      2) бірінші кезекте мүше мемлекеттердің газға ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін газ тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағасы мен тарифтерін мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес белгілеу;
      4) мүше мемлекеттердің газға арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіру;
      5) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      6) газды ішкі тұтыну туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат негізінде ақпарат алмасу қағидаттарын негізге ала отырып, Одақтың ортақ газ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ мүше мемлекеттердің газ тасымалы жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      4. Газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу осы Хаттаманың мүше мемлекеттердің аумағынан шығатын газға ғана қатысты талаптарына сәйкес ұсынылады. Осы Хаттаманың ережелері газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне үшінші мемлекеттердің аумағынан шығатын газ тұрғысынан қол жеткізу қатынастарына және Одақтың аумағынан және аумағына газ тасымалдау саласындағы қатынастарға қолданылмайды.
      5. Мүше мемлекеттердің мынадай іс-шараларды:
      газды ішкі тұтыну туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат негізінде ақпарат алмасу жүйесін құруды;
      осы Хаттамаға сәйкес индикативті (болжамдық) теңгерімдерді дайындау үшін тетіктер құруды;
      мүше мемлекеттердің газға арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіруді;
      мүше мемлекеттердің аумақтарында газ сатудың коммерциялық рентабельділігін қамтамасыз ететін нарықтық бағаларды ұстап тұруды қамтитын шаралар кешенін іске асыруы осы Хаттамада көзделген, мүше мемлекеттердің газ тасымалы жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету шарты болып табылады.
       6. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің бүкіл аумағында газға тең кірісті бағалар болуына қол жеткізуге ұмтылады.
       7. Мүше мемлекеттердің барлығы осы Хаттаманың 5-тармағында жазылған іс-шаралар кешенін орындағаннан кейін мүше мемлекеттер газ тасымалы жүйелерінің қолда бар техникалық мүмкіндіктері, бос қуаттары шегінде, Одақ газының келісілген индикативті (болжамдық) балансын ескере отырып және шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық шарттары негізінде басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалы жүйелеріне қол жеткізуін мына қағидалар бойынша қамтамасыз етеді:
      мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, тарифті қоса алғанда, аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің газ тасымалы жүйесінің меншік иесі болып табылмайтын газ өндірушімен бірдей жағдайда басқа мүше мемлекеттің газ тасымалы жүйесіне қолжетімділік беріледі;
      газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдаудың көлемдері, бағалары және тарифтері, сондай-ақ газ тасымалдаудың коммерциялық және өзге де талаптары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы азаматтық-құқықтық шарттарда айқындалады.
      Мүше мемлекеттер өз мемлекеттерінің аумағында қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында магистралдық газ құбыржолдары арқылы газ тасымалдауға арналған қолданыстағы шарттардың тиісінше орындалуына жәрдемдеседі.
      8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Газдың, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) баланстарын қалыптастыру әдіснамасына сәйкес Комиссияның қатысуымен Одақ газының индикативті (болжамдық) балансын (шығару, тұтыну және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткізу, оның ішінде өзара жеткізу) әзірлейді және келіседі, ол 5 жылға жасалады және жыл сайын 1 қазанға дейін нақтыланады.
      Мүше мемлекеттер келісілген газ балансын есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің ішкі нарықтарында газ тасымалы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік ұсынады.
      9. Мүше мемлекеттер мынадай:
      1) мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы газ тасымалдау;
      2) газ құбыржолдарын, жерасты газ қоймаларын және газ кешені инфрақұрылымының басқа да объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану;
      3) мүше мемлекеттердің газға ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті сервистік қызметтерді ұсыну салаларында ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады.
      10. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан газ тасымалы жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіруді қамтамасыз етеді.
      11. Осы Хаттама мүше мемлекеттердің өздері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттерін қозғамайды.
      Мүше мемлекеттердің газ тасымалы саласында Шартта реттелмеген қатынастарына мүше мемлекеттердің заңнамасы қолданылады.
      12. Шарттың XVIII бөлімінің ережелері газ тасымалын жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне осы Хаттамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      Шарттың 83-бабында көзделген Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңде, егер тиісті мүше мемлекеттер өзгеше туралы уағдаласпаса, мүше мемлекеттер арасында газ жеткізу саласында жасалған екіжақты келісімдер қолданылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 23 ҚОСЫМША     

Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру,
басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 79, 80 және 84-баптарына сәйкес мұнай саласындағы ынтымақтастық негіздерін, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру қағидаттарын, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
      Осы Хаттама 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып және мүше мемлекеттердің отын-энергетика әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ ұлттық экономикаларды мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланлатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын мұнай және мұнай өнімдері тасымалы жүйелерін пайдалану құқығын беру;
      «мұнай және мұнай өнімдері» - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифіне сәйкес айқындалған тауарлар;
      «мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы» - мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, қайта өңдеу және өткізу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүше мемлекеттер аумақтарында мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағанттандыру үшін қажетті сауда-экономикалық қатынастарының жиынтығы;
      «Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансы» - газдың, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) баланстарын қалыптастыру әдіснамасында айқындалған болжамдық көрсеткіштердің жүйесі;
      «мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау» - мұнай және мұнай өнімдерін кез келген тәсілмен, оның ішінде, оны жөнелтушілен қабылдап алу пунктінен алушыға тапсыру пунктіне дейін құбыржолы көлігін пайдалана отырып жылжытуға, оған қоса ағызуға, құюға, басқа көлік түріне аударып құюға, сақтауға, араластыруға бағытталған әрекеттерді жасау.
      3. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер мынадай негізгі қағидаттарды негізге алады:
      1) өзара саудада сандық шектеулерді және кедендік әкету баждарын (балама мәнге ие өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбау. Мұнай және мұнай өнімдерін Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде оларға кедендік кету баждарын төлеу тәртібі мүше мемлекеттердің жекелеген, оның ішінде екіжақты келісімдерінде айқындалады.
      2) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін басымдықпен қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіру;
      4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      5) Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ақпараттық қамтамасыз ету.
      4. Мүше мемлекеттер Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бойынша мынадай шаралардың кешенін, оның ішінде:
      1) көліктің барлық түрлерімен мұнай және мұнай өнімдерінің жеткізілімдері, экспорты және импорты туралы мәліметтерді қамтитын кедендік ақпарат негізінде ақпарат алмасу жүйесін құруды;
      2) осы Хаттаманың талаптарын бұзуды бодырмайтын бақылау тетіктерін жасауды;
      3) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіруді жүзеге асырады.
      5. Осы Хаттаманың 4-тармағында көрсетілген шаралар мүше мемлекеттердің немесе олар уәкілеттік берген органдардың тиісті халықаралық шартар шеңберінде әдістемелерге немесе қағидаларға қол қоюы жолымен іске асырылады.
      6. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес, қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде:
      1) өндірілген мұнайды және одан шығарылған мұнай өнімдерін мүше мемлекеттердің аумақтарында жұмыс істеп тұрған тасымал жүйесі бойынша, оның ішінде магистралдық мұнай құбыржолдары және мұнай өнімдері құбыржолдары жүйелері бойынша ұзақ мерзімді тасымалдауды жүзеге асырудың кепілдікті мүмкіндігіне;
      2) мүше мемлекеттердің аумақтарында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрбір мүше мемлекеттің аумағында орналасқан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне аумақтары арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жасалғандай жағдайларда қол жеткізуіне жағдайларды қамтамасыз етеді.
      7. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтер әрбір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған тарифтер өзінің аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін белгіленген тарифтер деңгейінен аспайтын деңгейде белгіленеді.
      Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған тарифтерді өзінің аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін белгіленген тарифтерден төмен белгілеу мүше мемлекет үшін міндеттеме болып табылмайды.
      8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары газдың, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) баланстарын қалыптастыру әдіснамасына сәйкес Комиссияның қатысуымен:
      жыл сайын 1 қазанға дейін Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің келесі күнтізбелік жылға арналған индикативтік (болжамдық) баланстарын;
      қажет болған кезде мүше мемлекеттердің мұнай өндіруінің, мұнай өнімдерін шығару мен тұтынуының нақты өзгеруін ескере отырып, түзетіле алатын Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ұзақ мерзімді индикативтік (болжамдық) баланстарын әзірлейді және келіседі.
      Бір мүше мемлекеттің аумағында өндірілген мұнайды басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдаудың көлемдері мен бағыттары жыл сайын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасындағы хаттамалармен айқындалады.
      9. Мүше мемлекеттердің ішкі мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын реттеуді мүше мемлекеттердің ұлттық органдары жүзеге асырады. Мүше мемлекеттер әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұнай және мұнай өнімдерінің нарықтарын ырықтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
      10. Осы Хаттама мүше мемлекеттердің өздері қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      12. Шарттың XVIII бөлімінің ережелері мұнай және мұнай өнімдерінің тасымалын жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне осы Хаттамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      Шарттың 84-бабында көзделген Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңде, егер тиісті мүше мемлекеттер өзгеше туралы уағдаласпаса, мүше мемлекеттер арасында мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласында жасалған екіжақты келісімдер, кедендік әкету баждарының (баламалы мәні бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) анықтамасы және оларды төлеу тәртібі қолданылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 24 ҚОСЫМША    

Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың
86 және 87-баптарына сәйкес, үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «азаматтық авиация» – халықтың және экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын авиация;
      «бірыңғай көліктік кеңістік» – мүше мемлекеттердің көлік жүйелерінің жиынтығы, оның шеңберінде мүше мемлекеттердің көлік саласындағы үйлестірілген заңнамасына негізделген, жолаушылардың бөгетсіз қозғалысы, жүктердің және көлік құралдарын өткізілуі, олардың техникалық және технологиялық үйлесімділігі қамтамасыз етіледі;
      «мүше мемлекеттердің заңнамасы» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық заңнамасы;
      «көліктік көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығы» – өзінде көліктік қызметтер көрсетудің тең және паритетті жағдайлары жасалатын экономикалық қатынастар нысаны, олардың көлік түрлері бойынша нарығының жұмыс істеу ерекшеліктері осы Хаттамада, сондай-ақ Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалады.
      3. Осы Хаттаманы іске асыру мүше мемлекеттердің әрқайсысы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде, сондай-ақ өзге де халықаралық шарттар шеңберінде қабылдаған міндеттемелер есепке алына отырып, жүзеге асырылады.

ІІ. Автомобиль көлігі

      4. Мүше мемлекеттердің біреуінің аумағында тіркелген тасымалдаушылар орындайтын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдары:
      1) аумағында тасымалдаушылар тіркелген мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
      2) басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттер;
      3) басқа мүше мемлекеттер арасында рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.
      5. Мүше мемлекеттер 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мүше мемлекеттердің біреуінің аумағында тіркелген тасымалдаушылар басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында орындайтын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын 2016 – 2025 жылдар аралығында кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын қабылдайды
      6. Осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын Жоғары Кеңес бекітеді.
      7. Одақ шеңберінде жүк автомобиль көлігінің қызметтерін реттеу мәселелері бойынша үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүргізу ерекшеліктері жеке халықаралық шарттармен анықталады.
      8. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде халықаралық автомобиль қатынастарын дамытуға және автомобиль көлігінің қызметтерін қалыптастыруға ықпал ететін кедергілерді (тосқауылдарды) жою жөнінде келісілген шараларды қолданады.
      9. Көліктік (автомобильдік) бақылау осы Хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

ІII. Әуе көлігі

      10. Одақта әуе көлігін дамыту әуе көлігі көрсетілетін қызметтерінің жалпы нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру арқылы жүргізілетін үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде жүзеге асырылады.
      Қатысушы мемлекеттер Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдануға бірыңғай тәсіл бойынша күш-жігерін үйлестіреді.
      11. Әуе көлігі көрсетілетін қызметтерінің жалпы нарығын үйлестіру мынадай:
      1) Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
      2) мүше мемлекеттердің заңнамаларын азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес үйлестіру;
      3) әділ және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтауға;
      4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына және ұсынылатын практикасына сәйкес әуе кемелер паркін жаңартуға, әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғыртуға және дамытуға жағдайлар жасау;
      5) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      6) мүше мемлекеттердің авиациялық компанияларының авиациялық инфрақұрылымға кемсітушіліксіз кіруін қамтамасыз ету;
      7) мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынастарын кеңейту қағидаттарына негізделеді.
      12. Мүше мемлекеттер әрбір мүше мемлекет өз аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендікке ие екенін таниды.
      13. Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің әуе кемелерінің ұшуы мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттар және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаттар негізінде орындалады.
      14. Осы бөлімнің ережелері азаматтық авиацияға қатысты ғана қолданылады.

IV. Су көлігі

      15. Одақта су көлігін дамыту жүргізілетін үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде жүзеге асырылады.
      16. Мүше мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің порттар арасындағы тасымалдау мен тіркеп сүйретуді және басқа мүше мемлекеттің порттарына/нан тасымалдауды және үшінші елдердің тасымалдауын қоспағанда, жүктерді, жолаушыларды және олардың багажын тасымалдауды, аралас ішкі су жолдарында кеме туы мемлекеті мен басқа мүше мемлекет арасында тіркеп сүйретуді, басқа мүше мемлекеттің ішкі су жолдары бойынша транзиттік өтуді осы Хаттаманы орындау үшін мүше мемлекеттермен жасасқан кеме қатынасы туралы халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асыруға құқығы бар.
      17. Мүше мемлекеттің ішкі су жолдары бойынша жүзуді жүзеге асыратын кемелер мүше мемлекеттің кемелер тізілімінде тіркелуге тиіс және кемені өзінің кемелер тізілімінде тіркеген мүше мемлекет резидентінің иелігінде болуға тиіс.

ІV. Теміржол көлігі

      18. Мүше мемлекеттер өзара тиімді экономикалық қатынастардың одан әрі дамуына жәрдемдесе отырып, мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті және осы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді мемлекеттік реттеуге келісілген тәсілдерді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, егер мұндай реттеу мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген болса, мынадай мақсаттарды айқындайды:
      1) теміржол көлігі саласында көліктік көрсетілетін қызметтердің жалпы нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
      2) әрбір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттер тұтынушыларының теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне осы әрбір мүше мемлекеттің тұтынушылары үшін жасалған жағдайдан кем емес қолайлы жағдайларда қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің теміржол көлігі көрсетілетін қызметтерінің тұтынушылары мен теміржол көлігі ұйымдары арасында экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау;
      4) бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің теміржол көлігі көрсетілетін қызметтерінің ішкі нарығына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      5) Тарифтік саясат негіздерін (осы Хаттамаға № 2 қосымша) қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібіне № 1 және 2-қосымшаларға сәйкес, мүше мемлекеттер инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне тасымалдаушылардың қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ету.
      19. Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Үйлестірілген (келісілген) көлік
саясаты туралы хаттамаға    
№ 1 қосымша         

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік
(автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) 7-тармағына сәйкес әзірленген және Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлері» – көлік құралының жүкпен немесе жүксіз массасының, білікке түсетін жүктемесінің және габариттерінің (ені, биіктігі және ұзындығы бойынша) мәндері;
      «Одақтың сыртқы шекарасы» - мүше мемлекеттердің аумақтары мен Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарын межелейтін Одақтың кеден аумағының шегі;
      «бақылау пункті» – мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған стационарлық немесе жылжымалы пункт (бекет), сондай-ақ көліктік (автомобильдік) бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті;
      «көліктік (автомобильдік) бақылау органдары» – мүше мемлекет аумағында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға мүше мемлекет уәкілеттік берген құзыретті органдар;
      «тасымалдаушы» – меншік құқығымен немесе өзге заңды негізде көлік құралын пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
      «көлік құралы»:
      жүктерді тасымалдау кезінде – жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, бар автомобильдік (ершікті) тартқыш немесе жартылай тіркемесі бар автомобильдік (ершікті) тартқыш, шасси;
      жолаушыларды тасымалдау кезінде – жүргізушінің орнын қоса алғанда, 9-дан астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, оның ішінде багажды тасымалдауға арналған тіркемесі бар автомобильдік көлік құралы;
      «көліктік (автомобильдік) бақылау» – халықаралық автомобильмен тасымалдарды жүзеге асыруды бақылау.
      Осы Тәртіпте арнайы айқындалмаған өзге де ұғымдар халықаралық шарттарда, оның ішінде Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген мәндерінде пайдаланылады.
      3. Осы Тәртіп Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының мүше-мемлекеттердің аумағына келетін (кететін, транзитпен өтетін) көлік құралдарына көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруына бірыңғай тәсілдерді айқындайды.
      4. Бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы жүретін көлік құралдары Одақтың сыртқы шекарасында орналасқан бақылау пункттерінде көрсетілген көлік құралдары аумағы арқылы жүретін мүше мемлекеттің заңнамасына және осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарына сәйкес көліктік (автомобильдік) бақылауға жатады.
      5. Көлік құралдарын, көліктік (автомобильдік) бақылаудың мақсаты үшін қажетті құжаттарды тексеру және оның нәтижелерін ресімдеу Одақтың сыртқы шекарасында олар аумағын кесіп өтетін мүше мемлекеттің заңнамасына және осы Тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
      6. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері бойынша өздері ресімдеген құжаттарды өзара таниды.
      7. Мемлекеттік шекарасы арқылы Одақтың кедендік аумағына келу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пункттерінде көрсетілген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (автомобильдік) бақылау жөніндегі іс-қимылдардан басқа мыналарды:
      1) көлік құралының салмақтық және габаритті параметрлерінің аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленгенге ұқсас нормаларға, сондай-ақ басқа мүше-мемлекеттердің аумақтары арқылы ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға не ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруді;
      2) тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы жүріп өтуге рұқсаттардың болуын, олардың орындалатын тасымалдар түріне сәйкестігін және көлік құралы сипаттамаларының осындай рұқсаттарда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
      3) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау немесе жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттардың, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттардың болуын тексеруді;
      4) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын басқа мүше-мемлекеттердің аумағында үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдауға арналған рұқсаттардың (арнайы рұқсаттардың) болуын тексеруді;
      5) егер басқа мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, тасымалдауды жүзеге асыруға басқа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатсыз жол берілетін болса, сондай-ақ егер тасымалдау көпжақты рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын болса, көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысанда тасымалдаушыға есепке алу талонын беруді жүзеге асырады.
      8. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары Одақтың сыртқы шекарасы арқылы көлік құралының шығуы кезінде бақылау пункттерінде осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген іс-қимылдардан басқа, мыналарды:
      1) егер осындай алымды төлеу мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті болса, тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдар төлеу туралы түбіртектің болуын;
      2) егер мүше мемлекеттің біреуінің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатта немесе есепке алу талонында көліктік (автомобильдік) бақылау органының тасымалдаушыға (жүргізушіге) осындай айыппұл салынғаны туралы белгісі болса, тасымалдаушыда (жүргізушіде) мүше мемлекеттің аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлегенін растайтын түбіртектің немесе тасымалдаушыға (жүргізушіге) тиісті әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға шағымды қанағаттандыру туралы сот органдары шешімінің болуын;
      3) мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары көлік құралдарының халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты болуын;
      4) басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органынан осы Тәртіптің 9-тармағында көрсетілген хабарламаны алған жағдайда, тасымалдаушыда қажетті құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады.
      9. Осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген бақылау іс-қимылдары барысында көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделген құжаттардың болмауы немесе сәйкессіздігі анықталған кезде бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы жүргізушіге мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысан бойынша:
      анықталған сәйкессіздіктер туралы;
      басқа мүше мемлекеттің аумағына келгенге дейін жетіспейтін құжаттарды алу қажеттілігі туралы;
      көлік құралының жүру маршрутын ескере отырып, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органының жақын бақылау пункті туралы ақпаратты қамтитын хабарлама береді, онда тасымалдаушы көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігін жою дәлелдемесін және (немесе) хабарламада көрсетілген құжаттарды ұсынуға тиіс.
      10. Хабарлама беру туралы ақпарат басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органына жолданады және сәйкессіздікті анықтаған көліктік (автомобильдік) бақылау органының ақпараттық базасына енгізіледі.
      11. Егер бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы тасымалдаушыға осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес хабарлама берген болса, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пунктінде осы хабарламаның орындалуын тексеруді жүзеге асыруға және негіздемелер болған кезде, осы басқа мүше мемлекетінің мемлекет заңнамасына сәйкес тасымалдаушыға (жүргізушіге) шаралар қолдануға құқылы.
      12. Одақ аумағынан көлік көлік құралын шығару – болуы осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарымен көзделген құжаттарды тасымалдаушы ұсынғанға дейін жүзеге асырылмайды.
      13. Көлік құралының бақаланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттардың болмауын немесе сәйкессіздігі анықталғаны туралы басқа мүше мемлекеттің мемлекет аумағынан келетін көлік құралы Одақтың сыртқы шекарасы арқылы шыққан кезде бір мүше мемлекеттің көліктіктік (автомобильдік) бақылау органы осы басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органына хабар береді.
      14. Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде өз заңнамасын, Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру әдістері мен технологияларын үйлестіру жөнінде:
      1) халықаралық көлік дәліздерінің құрамына кіретін ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша қозғалыс кезінде көлік құралдарының салмақтық параметрлеріне қойылатын талаптар;
      2) басқа мүше мемлекеттің ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдардың толық төленуіне бақылау жүйесін құру;
      3) үшінші елдердің тасымалдаушыларымен даулы жағдайлар туындаған кезде, оларды реттеу тетігін әзірлеу;
      4) Одақ аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдары шарттарын орындау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзған жағдайда көлік құралдарын қайтару (ұстау) тетігін әзірлеу бөлігінде шаралар қабылдайды.
      15. Рұқсаттар (арнайы рұқсаттар), егер:
      1) олар құзыретті органдары көрсетілген рұқсаттарды берген мүше мемлекеттің заңнамасын бұзып ресімделсе немесе пайдаланылатын болса;
      2) арнайы рұқсатта көрсетілген көлік құралының салмақтық және (немесе) габаритті параметрлері көлік құралының салмағын және габариттерін өлшеу нәтижелеріне сәйкес келмесе;
      3) көлік құралының сипаттамалары мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатпен көзделген көлік құралы сипаттамаларына сәйкес келмесе, жарамсыз болып табылады.
      16. Бақыланатын іс-қимылдар барысында көлік құралы параметрлерінің (сипаттамаларының) рұқсатта көрсетілген параметрлерге (сипаттамаларға) сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органының басқа мүше мемлекеттің көліктік бақылау органынан жедел түрде рұқсаттың жарамдылығын растауды сұратуға құқығы бар.
      17. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары:
      1) жекелеген хаттамалар жасасады, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарына өз мемлекеттерінің көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің ережелерін жеткізеді, көрсетілген актілерге енгізілетін кез келген өзгерістер туралы бір-бірін хабар береді, сондай-ақ осы Тәртіпке сәйкес көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың үлгілерімен алмасады;
      2) көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған ақпаратпен өзара және тұрақты түрде алмасады. Ақпарат алмасу нысаны, құрамы және тәртібін мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары айқындайды;
      3) бір мүше мемлекеттің аумағы арқылы басқа мүше мемлекет аумағына транзитпен жүретін көлік құралдары туралы дерекқор жүргізуді ұйымдастырады және осы қорда бар ақпаратпен өзара алмасады.
      18. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған ақпаратпен алмасу электрондық түрде жүзеге асырылады.
      19. Мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған тауарды өткізетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары туралы өзге де ақпаратты беруі мүмкін.
      20. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелерін және көлік құралдарын ресімдеу және есепке алу мақсатында мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары осы Тәртіптің 7–9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын көліктік (автомобильдік) бақылау бойынша қосымша әрекеттердің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресуртарды пайдаланады, сондай-ақ осы ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды қамтамасыз етеді.
      21. Мүше мемлекеттер шет мемлекеттердің құзыретті органдарына осы Тәртіпке сәйкес Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің өзгергені туралы белгіленген тәртіппен хабар береді.

Үйлестірілген (келісілген) көлік
саясаты туралы хаттамаға    
№ 2 қосымша          

Тарифтік саясат негіздерін коса алғанда, теміржол көлігінің
көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібі

      1. Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шатр) № 24 қосымша) сәйкес әзірленген, тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібін айқындайды және теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері саласындағы теміржол көлігі ұйымдары, тұтынушылар, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы қатынастарға қолданылады.
      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» – бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің тұтынушыларына осыған ұқсас қызметтер бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына көрсетілетін жағдайлардан кем емес қолайлы жағдайларда қызмет көрсетуі;
      «инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу» – тасымалдаушылардың осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларға сәйкес қағидаларға орай тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі;
      «инфрақұрылым» – магистральдық және станциялық жолдарды, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықты, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілерді қоса алғандағы теміржол көлігінің инфрақұрылымы;
      «теміржол көлігі ұйымы» – тұтынушыларға теміржол көлігі қызметтерін көрсетуші мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
      «тасымалдау процесі» - теміржол көлігімен жолаушылар, жүк, багаж, жүк-багажы және пошта жөнелтілімдері тасымалдарын дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы;
      «тасымалдаушы» – жүкті, жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, тиісті лицензиясы бар, меншік құқығымен не өзге де заңды негізде, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы составты иеленуші теміржол көлігінің ұйымы;
      «тұтынушы» – теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
      «теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тариф» – теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтер құнының ақшалай мәні;
      «теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері» – теміржол көлігі ұйымдарының тұтынушыларға көрсететін (орындайтын) қызметтері (жұмыстары), атап айтқанда:
      жүктерді тасымалдауды және жүктерді тасымалдауды (соның ішінде бос жылжымалы составты) ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар);
      жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және почта жөнелтімдерін тасымалдау және осындай тасымалдармен байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар);
      3) инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер;
      «инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер» – тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтер және осы Тәртіпке № 2 қосымшада көрсетілген басқа да көрсетілетін қызметтер;
      3. Теміржол көлігі ұйымдары сол немесе өзге мүше мемлекет тұтынушысының тиесілігіне, оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, осы Тәртіптің және мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ережелерін ескере отырып, оның теміржол көлігі көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      4. Мүше мемлекеттер осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген қағидаттар мен талаптарды сақтай отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге мүше мемлекеттер тасымалдаушыларының қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      5. Теміржол көлігі қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру шеңберінде теміржол көлігінің өзге де қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттары, қажет болған жағдайда, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалады.
      6. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер және (немесе) олардың шекті деңгейі (бағалық шегі) мүше мемлекеттердің заңнамасына және өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес тарифтерді саралау мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, халықаралық шарттарға сәйкес, мына қағидаттар сақтала отырып белгіленеді (өзгертіледі):
      1) теміржол көлігі көрсететін қызметтерге тікелей қатысты экономикалық негізделген шығындарды өтеу;
      2)  мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес теміржол көлігінің дамуын қамтамасыз ету;
      3) теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің ашықтығын, сондай-ақ экономикалық жағдайлар күрт өзгерген кезде мүше мемлекеттерге алдын ала хабар бере отырып, мұндай тарифтерді және (немесе) олардың шекті деңгейін (бағалық шектерін) қосымша қайта қарау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
      4) теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді белгілеу туралы шешімдерді қабылдаудың жариялығын қамтамасыз ету;
      5) жүктер номенклатурасын және табиғи монополиялар жағдайында көрсетілетін теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер белгілеу қағидаларын айқындауға үйлесімді тәсілді қолдану;
      6) өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес әр мүше мемлекетте теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер валютасын айқындау.
      7. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлерін (бағалық шектерін) белгілеу (өзгерту) өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес, осы Тәртіптің ережелері ескеріле отырып, жүргізіледі.
      8. Жүктерді теміржол көлігімен мүше мемлекеттер аумақтары бойынша тасымалдаған кезде қатынастар түрлері бойынша біріздендірілген тарифтер (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер) қолданылады.
      9. Мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, бұрын теміржол көлігімен жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту, теміржолдармен жүктерді тасымалдаудың тартылмаған немесе аз тартылған маршруттарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің теміржолдармен жүктерді тасымалдау көлемдерінің өсуін ынталандыру, теміржол көлігі ұйымдарының жаңа техника мен технологияларды енгізуін ынталандыру мақсатында - экономикалық тұрғыдан нысаналылығы ескеріле отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары белгілеген немесе олармен келісілген шекті деңгейлер (бағалық шектер) шеңберінде жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту туралы шешімдерді қабылдау құқығы беріледі.
      10. Теміржол көлігі ұйымы өзіне берілген жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің деңгейін өзгерту құқығын мүше мемлекеттердің нақты тауар өндірушілері үшін артықшылық жасауға жол бермеудің негізгі қағидатын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар бекітетін (айқындайтын) әдіснамаға (әдістеме, тәртіп, қағидалар, нұсқаулықтар немесе өзге де нормативтік актілер) сай шекті деңгейлер (бағалық шектер) шеңберінде іске асырады.
      11. Жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту туралы шешімдер, олар күшіне енген күнге дейін 10 күннен кешіктірмей, мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес ресми жариялауға, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Комиссияға міндетті түрде жіберілуге жатады.
      12. Теміржол көлігі ұйымдарының жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі әрекеттерімен тұтынушылардың құқықтары мен мүдделері бұзылатын болса, тұтынушылар өздері аумағында орналасқан немесе тұратын мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органына өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      Егер әрекеттеріне тұтынушы шағым жасаған теміржол көлігі ұйымы тұтынушының орналасқан (тұратын) жері бойынша орналасқан болса, мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органы тұтынушының өтінішін өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес қарайды.
      Егер тұтынушы өтінішті тұтынушының орналасқан (тұратын) жерінде орналаспаған теміржол көлігі ұйымының әрекеттеріне берген болса, мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органы тұтынушының өтінішінде көрсетілген талаптардың негізділігін анықтағаннан және мойындағаннан кейін, 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш жібереді, бұл туралы Комиссияға өтініш жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тұтынушыға және бұзушылыққа жол берген теміржол көлігі ұйымы аумағында орналасқан мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органына хабарлайды.
      Комиссия көрсетілген жолданым негізінде тұтынушының өтінішін қарайды және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген қағидаларға сәйкес шешімдер қабылдайды.
      13. Мүше мемлекеттер арасында теміржол көлігімен жүктерді басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдаған және мүше мемлекеттердің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттің теміржолдарын қатыстыра отырып тасымалдаған кезде, сондай-ақ жүктерді бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы үшінші елдерге мүше мемлекеттердің теңіз порттары арқылы және кері бағытта тасымалдаған кезде мүше мемлекеттердің әрқайсысы әрбір мүше мемлекеттің біріздендірілген тарифін қолданады.
      14. Жүктерді бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге және кері бағытта тасымалдаған кезде (жүктерді мүше мемлекеттердің теңіз портары арқылы тасымалдауды қоспағанда), сондай-ақ жүктерді үшінші елдерден үшінші елдерге мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен тасымалдаған кезде мүше мемлекеттер 1996 жылғы 16 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігінде келісілген тарифтік саясатты белгілеу тұжырымдамасына сәйкес үйлестірілген (келісілген) тарифтік саясат жүргізеді.
      15. Мүше мемлекеттер мүше мемлекеттердің осы Тәртіпті іске асыру үшін жауапты уәкілетті органдарын тағайындайды.
      16. Мүше мемлекеттер бір-біріне және Комиссияға Шарт күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей өздерінің уәкілетті органдарының тағайындалғаны және ресми атаулары туралы хабар береді.

Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, 
теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне
қол жеткізуді реттеу тәртібіне       
1-қосымша                  

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің
инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу
қағидалары

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Одақ шеңберінде инфрақұрылым учаскелерінде инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беру бойынша тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттейді.
      2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген қатынастарды қоспағанда, бір мүше мемлекеттің аумағы шекарасында инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беру саласында тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттеу осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Қағидалар осындай тасымалдаушылар арасында жасалатын шарттар (келісімдер) негізінде көрсетілетін, мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық учаскелерінде локомотивтер мен локомативтер бригадаларын пайдалану жөнінде қызметтер көрсету бойынша мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары арасындағы қатынастарға қолданылмайды.

ІІ. Анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «пойыздардың қозғалыс графигі» – инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінде барлық санаттағы пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда пойыздардың жүруін график түрінде көрсететін, нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) болып бөлінетін нормативтік-техникалық құжаты;
      «инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт» – инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 жыл кезеңге жасалған инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
      «қосымша өтінім» – пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің қолданысы кезеңінде қосымша тасымалдауларды жүзеге асыру үшін тасымалдаушыдан келіп түскен инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беруге арналған өтінім;
      «инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу» –тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді тасымалдаушылардың алу мүмкіндігі;
      «ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушы» – жүктерді, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және мүше мемлекеттің бүкіл инфрақұрылымында пойыздарды құрастыру жоспарының іске асырылуын, оның ішінде арнаулы және әскери тасымалдар бойынша іске асырылуын қамтамасыз ететін тасымалдаушы. Ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушы мәртебесі мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады;
      «график тармағы» – пойыздардың қозғалыс графигінде пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық және технологиялық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикалық бейнеленуі;
      «инфрақұрылым операторы» – инфрақұрылымы бар және инфрақұрылымды заңды негіздерде пайдаланатын және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсететін теміржол көлігі ұйымы;
      «пойыздарды құрастыру жоспары» – тасымалдаушылардың пойыздарды құрастыру жоспарлары жобаларының негізінде инфрақұрылым операторы бекіткен және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында құрастырылатын пойыздардың санаттары мен тағайындалымын белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;
      «инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті» – инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне, жылжымалы составқа және түрлі санаттағы пойыздардың өткізілуін ескере отырып, пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін пойыздардың және пойыздар жұптарының ең көп саны;
      «пойыздардың қозғалыс кестесі» – пойыздардың қозғалыс графигінің негізінде белгілі күнтізбелік күндер бойынша пойыздар қозғалысы туралы ақпарат қамтылған құжат;
      «қауіпсіздік сертификаты» – тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген құжат;
      «уәкілетті орган» – құзыретіне теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу және (немесе) басқару мәселелері кіретін, мүше мемлекеттердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттің атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органы;
      «инфрақұрылым учаскесі» – мүше мемлекеттердің шектес екі инфрақұрылымының түйіскен жеріне іргелес жатқан, локомотив айналатын учаскенің инфрақұрылым операторы белгілеген шектегі теміржол көлігі инфрақұрылымының бір бөлігі.
      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада, Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қызмет көрсету қағидалары) айқындалған мағыналарында түсініледі.

ІІІ. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қол жеткізудің жалпы қағидаттары

      5. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік инфрақұрылым учаскелерінде беріледі және:
      1) инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті шегінде техникалық және технологиялық мүмкіндіктер ескеріле отырып, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, тасымалдаушыларға қойылатын талаптардың теңдігі;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер саласында тасымалдаушыларға қатысты бірыңғай баға (тариф) саясатын қолдану;
      3) инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің тізбесі, оларды көрсету тәртібі, осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері, төлемақысы мен алымдары туралы ақпараттың қолжетімділігі;
      4) инфрақұрылымның өткізу қабілетін тиімді пайдалану және тасымалдау процесінің үздіксіз жүргізілуін, технологиялық процестердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында инфрақұрылымды жөндеу, күтіп-ұстау және оған қызмет көрсету бойынша жұмыстардың ұтымды жоспарлануы;
      5) тасымалдау қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және инфрақұрылым қызметтерін көрсету процесінде белгілі болған, коммерциялық немесе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің қорғалуы;
      6) пойыздар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес инфрақұрылымның өткізу қабілеті шектеулі болған жағдайларда, тасымалдаушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік берудегі басымдық (кезектілік);
      7) тасымалдаушылар пайдаланатын теміржол жылжымалы составының техникалық жай-күйінің тиісінше болуын олардың қамтамасыз етуі қағидаттарына негізделеді.
      6. Тасымалдаушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік берудегі басымдық (кезектілік) қағидаты мынадай іріктеу деңгейлері арқылы іске асырылады:
      1) басымдығы (кезектілігі) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес немесе аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерімен айқындалатын пойыздың санатын айқындау;
      2) пойыздардың санаты бірдей болған жағдайда:
      тасымалдау көлемдері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуы ескеріле отырып, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарттардың болуына;
      тасымалдаушының инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін пайдалану қарқынына;
      инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған қолданыстағы шарттың (бұдан әрі – шарт) болуына қарай;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бірдей болған жағдайда, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді жүзеге асыру.

IV. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қолжетімділік беру шарттары

      7. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларда:
      1) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тасымалдау қызметін жүзеге асыруға лицензия;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген қауіпсіздік сертификаттары;
      3) тасымалдау процесін ұйымдастыруға, басқаруға және жүзеге асыруға тартылған білікті қызметкерлерде - аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың біліктілігі мен кәсіптік даярлығын растайтын құжаттары бар болған кезде береді.
      8. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік:
      1) инфрақұрылым учаскесі шегінде пойыздардың жүрісі мен маневрлік қозғалыстарды ұйымдастыру үшін инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері;
      2) жүк пойыздарын құрастыру жоспары және пойыздардың қозғалыс графигі;
      3) инфрақұрылымның қолда бар өткізу қабілеті және тасымалдаушылардың инфрақұрылым учаскелерін пайдалану жөніндегі ұсыныстары және инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін осы Қағидалардың 3-бабында айқындалған инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу қағидаттары негізінде бөлуі;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес теміржол тасымалын жүзеге асыруға кедергі келтіретін тыйым салулар мен шектеулердің болмауы;
      5) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, тасымалдаушыда басқа органдармен және ұйымдармен келісулердің болуы негізге алына отырып беріледі.
      9. Графиктің белгілі бір тармақтары бойынша инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу құқығы тасымалдаушыларға, ұзақ мерзімді шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, пойыздардың қозғалыс кестесінің қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге берілуі мүмкін.

V. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қолжетімділік беру

      10. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін әзірлеуі және жариялауы;
      2) тасымалдаушының инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік алу үшін өтінім беруі (бұдан әрі – өтінім);
      3) инфрақұрылым операторының өтінімді қарауы;
      4) пойыздардың қозғалыс графигін және пойыздардың қозғалыс кестесін бекіту;
      5) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасасу.
      Егер тасымалдаушы бір мезгілде пайдалану үшін жоспарланып отырған инфрақұрылым операторы болып табылса, өтінім беру және шарт жасасу талап етілмейді.
      11. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

VI. Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктері

      12. Инфрақұрылым операторы жыл сайын, өтінімдерді қабылдау басталған күнге дейін 3 айдан кешіктірмей аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген тәртіппен, инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін жасайды, бекітеді және жариялайды.
      13. Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінде:
      1) пойыздардың жүрісін және маневрлік қозғалыстарды ұйымдастыру үшін қажетті, инфрақұрылым учаскелерінің ұзақтығы мен тартқыш түрі, пойыздар составтарының салмағы мен ұзындығының нормалары, түрлі санаттағы пойыздардың жүріс жылдамдықтары көрсетілген инфрақұрылым учаскелері мен станциялардың техникалық сипаттамалары;
      2) халықаралық жолаушылар қатынасы үшін пойыздардың қозғалыс графигі тармақтарының жобалары;
      3) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен айқындалған әрбір мемлекетаралық түйісу пункті бойынша жүк пойыздарын қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес, ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушыға тасымалдауды орындау үшін қажетті инфрақұрылым участкелерінің өткізу қабілетін қоспағанда, инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті көрсетілуге тиіс.
      14. Инфрақұрылым операторы инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінде өзге де мәліметтерді және инфрақұрылым учаскелерінде тасымалдауды жоспарлауға және пойыздар қозғалысын ұйымдастыруға арналған шарттарды көрсетуі мүмкін.

VII. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қолжетімділік алуға арналған өтінімді беру және қарау

      15. Тасымалдаушы инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      16. Өтінімдерді қабылдауды бастау және аяқтау, оларды қарау, пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын қалыптастыру мерзімдері, сондай-ақ осы Қағидалардың 24 және 26-тармақтарында көзделген ақпаратты беру мерзімдері аумағында инфрақұрылым орналасқан мұше мемлекеттің заңнамасында және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленеді.
      17. Өтінімге:
      1) жоспарланып отырған график тармақтарының жобасы;
      2) тасымалдаулардың жоспарланып отырған жылдық көлемдері туралы ақпарат (тоқсандар мен айлар бойынша, сондай-ақ жүк түрлері бойынша бөліп көрсете отырып);
      3) тасымалдауға жоспарланған пойыздар саны туралы ақпарат;
      4) тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары туралы ақпарат;
      5) тасымалдаушының осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      18. Тасымалдаушы инфрақұрылым операторына қағаз жеткізгіште беретін өтінім мынадай талаптарға сәйкес болуға тиіс:
      1) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тігілуге, нөмірленуге және тасымалдаушының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының не ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен куәландыруға тиіс;
      2) қоса берілетін құжаттар түпнұсқа немесе олардың көшірмелері болуға тиіс, соңғы жағдайда өтінімге қол қоятын басшы не ол уәкілеттік берген тұлға олардың анықтығын және толықтығын жазбаша түрде растауға тиіс;
      3) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар орыс тілінде не инфрақұрылым операторының заңды тіркелген жеріндегі мемлекеттің тілінде ұсынылады және оларда түзетулер немесе толықтырулар болмауға тиіс. Өзге тілде жасалған өтінім және оған қоса берілетін құжаттар белгіленген тәртіппен куәландырылған орыс тіліне аударылған мәтінімен қоса берілуге тиіс.
      19. Электронды түрде берілетін өтінім осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес электрондық құжат айналымының талаптары ескеріле отырып ұсынылады және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуға тиіс.
      20. Өтінімді инфрақұрылым операторы өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылдау күні және қабылданған құжаттар тізбесі көрсетілетін құжатты тасымалдаушыға бере отырып тіркеуге тиіс.
      21. Инфрақұрылым операторы келіп түскен өтінімдердің осы Қағидалардың 17 – 19-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
      22. Өтінім осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, инфрақұрылым операторы өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тасымалдаушыны бас тарту себебін көрсетіп, өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
      23. Өтінімдерді қарау кезеңінде (бірақ өтінімдерді қарауды аяқтау мерзімі біткенге дейін кемінде 1 ай бұрын) инфрақұрылым операторының қажет болған жағдайда тасымалдаушыдан пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыру үшін қажетті қосымша мәліметтерді (деректерді) сұратуға құқығы бар.
      Инфрақұрылым операторы сұратқан қосымша мәліметтерді (деректерді) тасымалдаушы инфрақұрылым операторынан сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінімді беруге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұсынуға тиіс.
      24. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушылардың қарауға қабылданған өтінімдерін және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін барынша пайдалануды ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын жасайды.
      Инфрақұрылым операторы тасымалдаушының өтінімін қараудың нәтижелері туралы оны инфрақұрылым операторы айқындаған мерзімдерде хабардар етеді.
      25. Тасымалдаушылар өтінімді қараудың бастапқы нәтижелерімен келіспеген жағдайда, инфрақұрылым операторы келіссөздер жүргізу арқылы мүдделі тасымалдаушылар арасындағы келіспеушіліктерді (қақтығыстарды) шешуге бағытталған келісудің үйлестіру рәсімдерін ұйымдастыра алады, соның барысында инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға графиктің өтінім берілгендерден ерекшеленетін басқа тармақтарын ұсынуға құқылы.
      26. Инфрақұрылым операторы осы бөлімде көзделген барлық рәсімдер өткізілгеннен кейін тасымалдаушы берген өтінімнің түзетулерін (болған жағдайда) ескере отырып, өтінімнің келісілгені (келісілмегені) туралы тасымалдаушыға хабар береді.

VIII. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигін және пойыздардың қозғалыс кестесін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту

      27. Инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының нормативтік графигін және пойыздардың қозғалыс кестесін тасымалдаушылардан қабылданған өтінімдерді және келісудің жүргізілген үйлестіру рәсімдерін ескере отырып, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасында белгіленген тәртіппен бір жылдық кезеңге әзірлейді және бекітеді.
      28. Инфрақұрылым операторы:
      1) пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
      2) инфрақұрылым учаскелерінің өткізу және тасу қабілеті мен теміржол станцияларының қайта өңдеу қабілетін неғұрлым тиімді пайдалануды;
      3) инфрақұрылым учаскелерін күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастырады.
      29. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеу басымдылық (кезектілік) қағидаты ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
      30. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінің 00 сағат 00 минутынан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы сенбісінің 24 сағат 00 минутында қолданысын тоқтатады.
      31. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі мен пойыздардың қозғалыс кестесі жүк пойыздары үшін инфрақұрылым операторы белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін.

ІХ. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге
арналған шартты жасасу

      32. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт тасымалдаушының өтінімін инфрақұрылым операторы келіскеннен кейін, бірақ пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданысқа енгізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады.
      33. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт Қызмет көрсету қағидаларында көзделген ережелер ескеріле отырып жасалады.
      Қосымша өтінімдер бойынша инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт тасымалдар жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін 1 айдан кешіктірілмей жасалуға тиіс.
      34. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушының инфрақұрылым операторының алдында инфрақұрылымдық көрсетілген қызметтер бойынша берешегі болған кезде, сондай-ақ аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, тасымалдаушыға шарт жасасудан бас тартуға құқылы.

Х. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданылған
кезеңде инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге
қол жеткізуге арналған қосымша өтінімдер

      35. Тасымалдаушының қосымша өтінімі осы Қағидалардың 17 – 19-тармақтарының талаптарына сәйкес ресімделеді.
      36. Қосымша өтінім инфрақұрылым операторының тасымалдаушыға қосымша өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылданған күні және қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген құжатты бере отырып, тіркеуіне жатады.
      37. Қосымша өтінім тасымалдар жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін 2 айдан кешіктірілмей беріледі.
      38. Қосымша өтінімдер келіп түскен кезден бастап бір ай ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады, оларды қарау қорытындылары бойынша шарт жасалуы не жасалған шарттарға қосымша келісімдер жасалуы мүмкін.
      39. Тасымалдаушылардың қосымша өтінімдері бойынша инфрақұрылым операторы графиктің қосымша тармақтарын бөлу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруы мүмкін.
      40. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімнен кешігіп түскен өтінімдер пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыру кезінде ескерілмейді және қосымша өтінімдер ретінде қаралады.
      41. Қосымша өтінімдер бойынша график тармақтарын бөлу – аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      42. Қосымша өтінімдерді ішінара қанағаттандыру немесе қабылдамау тәуекелдерін тасымалдаушылар көтереді.

ХІ. Ақпарат ұсыну тәртібі

      43. Инфрақұрылым операторы өзінің Интернет желісіндегі ресми сайтында инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін, нормативтік құқықтық актілердің тізбесін, сондай-ақ инфрақұрылым операторының аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын ескере отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу тәртібін регламенттейтін актілерін орналастырады.
      44. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияға жататын немесе таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпаратты таратуға қойылатын шектеулерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтауға тиіс.

ХІІ. Дауларды шешу тәртібі

      45. Осы Қағидаларды іске асыру кезінде тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      46. Егер тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы келіссөздер барысында өзара келісімге қол жеткізе алмаса, барлық даулар мен келіспеушіліктер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Еуразиялық экономикалық одақ    
шеңберінде Теміржол көлігі     
инфрақұрылымының көрсетілетін    
қызметтеріне қол жеткізу қағидаларына
қосымша              

Нысаны

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол
көлігі инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік алуға арналған
өтінім

______жылғы « » ________                              №_________

_____________ жыл мен _________________ жыл аралығындағы кезеңге.
Инфрақұрылым операторы _________________________________________
________________________________________________________________
              (атауы, заңды, пошталық мекенжайы)
Тасымалдаушы ___________________________________________________
                 (атауы, заңды, пошталық мекенжайы)
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі мен күні (болған жағдайда) _________________________________________
      Осы арқылы өтінімге қоса беріліп отырған ___ парақтағы __ данадағы мынадай құжаттардың (ақпараттың)* толықтығы мен анықтығын растаймын:
      1) ________;
      2) ________;
      …) ________.

      _____________________                ___________________
      Тасымалдаушының қолы                 Мөрге арналған орын

*Ескертпе: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларының 17-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.

Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда,
теміржол көлігінің қызметтеріне    
қол жеткізуді реттеу тәртібіне     
№ 2 қосымша              

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігі
инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары

І. Жалпы ережелер

      1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде инфрақұрылым қызметтерін көрсету қағидалары тасымалдау қызметін жоспарлау және ұйымдастыру шеңберінде мүше мемлекеттердің теміржол көлігі инфрақұрылымы учаскелерінің шекарасында қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын, осындай қызметтердің тізбесін, диспетчерлендірудің және инфрақұрылымның өткізу қабілетін бөлудің бірыңғай қағидаттарын, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарттардың маңызды талаптарын, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын айқындайды.

ІІ. Анықтамалар

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «кезектен тыс пойыздар» – пойыздардың қозғалыс графигінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары, қар тазартқыштар, вагондары жоқ локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы состав), пойыздардың қозғалысына кедергілерді жоюға, күтілмеген жұмыстарды орындауға және көлік құралдарының тиісті орнын ауыстыруына арналған пойыздар (олардың жүру тәртібі аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасында немесе аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде айқындалады);
      «тасымалдау процесін диспетчерлендіру» – жедел жағдайларда пойыздар қозғалысын және маневрлік жұмысты бақылау, басқару процесі;
      «маневрлік қозғалыстар» – пойыздың составын өзгерту жөніндегі операциялар (жылжымалы составты тіркеу (ағыту), составтарды құрастыру (тарату), составтардың орнын парктен паркке ауыстыру, локомотивтің қозғалуы және оны пойыздың составына қою немесе локомотивті осы составтан алып тастау, вагондарды кірме жолдарға беру немесе осындай жолдардан алу және басқа да операциялар;
      «штаттан тыс жағдай» – инфрақұрылым объектілерінің ақауы болуы салдарынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін не пойыздарды өткізу үшін кедергі келтіретін мән-жай;
      «инфрақұрылым операторы» – инфрақұрылымы бар және инфрақұрылымды заңды негіздерде пайдаланатын және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсететін теміржол көлігі ұйымы;
      «тасымалдауды жоспарлау» – қызметтер көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес белгіленген уақыт кезеңіне (жыл, ай, тәулік) инфрақұрылым объектілерінде (учаскелерде және станцияларда) тасымалдау жоспарын әзірлеу;
      «пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспары» – жоспарланып отырған тәулікте тасымалдау процесін диспетчерлендіру және пойыздар қозғалысын ұйымдастыру үшін инфрақұрылым операторы жасаған құжат;
      «техникалық жоспар» – тасымалдаушылардың жиынтық тасымалдау жоспары, техникалық жоспарлары және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі ақпаратының негізінде инфрақұрылым операторы жасаған құжат.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада және Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қол жеткізу қағидалары) айқындалған мағыналарда түсініледі.

ІІІ. Инфрақұрылым операторы көрсететін қызметтер

      4. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің тізбесінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тасымалдауды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды пайдалануға байланысты негізгі көрсетілетін қызметтер қамтылады.
      5. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің құрамына кіретін операциялардың (жұмыстардың) тізбесі тасымалдау процесінің технологиялық ерекшеліктері және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалады.
      6. Осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары сақтала отырып ұсынылады.
      7. Инфрақұрылым операторы, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, тасымалдаушымен келісу бойынша осы Қағидаларға қосымшада көрсетілмеген өзге де қызметтерді көрсетуге құқылы.

IV. Инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету тәртібі

      8. Инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың мынадай процестері:
      1) тасымалдауды технологиялық жоспарлау және нормалау;
      2) тасымалдауды айлық және жедел жоспарлау;
      3) инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету шарты (бұдан әрі – шарт) шеңберінде тасымалдауды жүзеге асыру;
      4) инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында деректер алмасу шеңберінде инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының өзара іс-қимыл жасауын көздейді.
      9. Тасымалдауды жоспарлау мен нормалау, тасымалдау көлемін және пойыздардың қозғалыс графигін түзету осы Қағидаларға, Қол жеткізу қағидаларына, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілеріне сәйкес айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      10. Жедел жоспарлау кезінде инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар пойыздар қозғалысының бекітілген тәуліктік жоспарын (пойыздардың қозғалыс графигін және келісілген техникалық жоспарды, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен айқындалған мемлекетаралық түйісу пункттері бойынша пойыздар, вагондар алмасу жоспарын) орындайды.
      11. Тасымалдауды жүзеге асыру инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылардың ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығын білдіреді және осы Қағидаларға, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Инфрақұрылымды пайдалану – аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында, оның ішінде қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға, сондай-ақ аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген нормалар сақтала отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Инфрақұрылымды күтіп-ұстау аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Тасымалдау процесін диспетчерлендірудің және өткізу қабілетін бөлудің бірыңғай қағидаттары:
      1) инфрақұрылымның қызмет көрсетілетін учаскелерінде пойыздар қозғалысын бір диспетчердің басқаруы;
      2) пойыздардың қозғалыс графигіндегі технологиялық нормалар мен нормативтерді, пайдалану жұмысының технологиялық процестері мен техникалық нормаларын орындау;
      3) пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және қызметкерлердің еңбегін қорғауды қамтамасыз ету;
      4) диспетчердің қозғалыс басымдығын беруі болып табылады.
      15. Инфрақұрылымда пойыздардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау процесін диспетчерлендіруді инфрақұрылым операторы не ол уәкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
      Тасымалдау процесін диспетчерлендіру пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспарымен бекітілген пойыздар қозғалысының графигіне сәйкес және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде бекітілген техникалық пайдалану қағидаларында, пойыздар қозғалысы және станциялардағы маневрлік жұмыс жөніндегі, сигнализация және байланыс жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      16. Пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу, инфрақұрылым учаскесінде пайдаланылатын кез келген көлік құралының (жылжымалы составтың) немесе өздігінен жүретін техниканың маневрлік қозғалыстары процестерін инфрақұрылым операторы реттейді.
      Инфрақұрылым операторының көрсетілген процестерге, оның ішінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын, пойыздардың қозғалыс графигінің нормативтерін, инфрақұрылымның желілік бөлімшелері жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімдері (нұсқаулары) тасымалдау процесіне барлық қатысушылар үшін міндетті.
      17. Тасымалдау процесін жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар – аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көлемде ақпарат (деректер) алмасу үшін инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелерін пайдаланады.
      18. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға негізгі ақпаратқа қатысты қосымша ақпаратты жекелеген шарттар негізінде береді.
      19. Инфрақұрылым операторы жасалған шарт болған кезде тасымалдаушыға инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетуден:
      1) тасымалдау тоқтатылған немесе оған шектеу енгізілген, оның ішінде аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жүктерді, багажды және жүк-багажды әкелу және (немесе) әкету шектелген;
      2) штаттан тыс жағдайлардың туындауы салдарынан инфрақұрылым қызметтерін көрсету мүмкін болмаған;
      3) тасымалдауларды кезектен тыс пойыздармен жүзеге асырған;
      4) ұлттық қауіпсіздікке қатер төнгенде немесе төтенше жағдайлар, еңсерілмейтін күш мән-жайлары, әскери іс-қимылдар, қоршаулар, эпидемиялар немесе шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушыларға тәуелді емес өзге де мән-жайлар туындаған;
      5) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетудің өзгеше тәртібін белгілеген;
      6) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бас тарта алады.
      20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларда тасымалдаушыға инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетуден бас тартылған кезде инфрақұрылым операторы тасымалдаушыны шартта көзделген тәртіппен, міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі туралы хабардар етеді.
      21. Инфрақұрылым операторы пойыздардың қозғалыс графигінен ауытқып келе жатқан не осы графикте көзделмеген пойыздардың өткізілуін ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қолданады.
      22. Инфрақұрылым операторының инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету фактісі және олардың нақты көлемі құжаттармен расталады, олардың нысаны аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторы актілеріне сәйкес бекітіледі

V. Инфрақұрылымдық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және
оның маңызды талаптары

      23. Инфрақұрылымдық қызметтер инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында қарапайым жазбаша нысанда жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
      24. Шартта Қол жеткізу қағидаларында және осы Қағидаларда белгіленген қағидаттар мен талаптарға және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келетін нормалар қамтылмауға тиіс.
      25. Егер Шарттың қолданылу кезеңінде тасымалдаушы ұсынған, Қол жеткізу қағидаларының 16-тармағында көрсетілген және Шартта көзделген ақпараттың (болжамды көрсеткіштерді қоспағанда) анық еместігі анықталса, инфрақұрылым операторы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
      26. Осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының шарттан туындайтын талап ету құқығын басқаға беруге тыйым салынады.
      27. Шарттан туындайтын құқықтарды пайдалану мүмкін болмаған кезде, тасымалдаушы инфрақұрылым операторының келісімі бойынша бұл құқықты басқа тасымалдаушыда жасалған шарт болған жағдайда, оған шартта көзделген талаптармен бере алады.
      28. Шартта мынадай маңызды талаптар:
      1) шарттың нысанасы (көрсетілетін қызметтер көлемі, инфрақұрылымның өткізу қабілетінің үлесі (график тармақтарының саны), инфрақұрылым учаскелері);
      2) инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету талаптары мен мерзімдері;
      3) көрсетілетін қызметтер құны (тарифтер, бағалар, алымдардың мөлшерлемелері) немесе оны айқындау тәртібі;
      4) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібі мен талаптары (есеп айырысу тәртібі, ақы төлеу тәсілдері, төлем валютасы);
      5) шарт бойынша тараптардың залал келтіргені, шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы (тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар, шығындарды өтеу);
      6) форс-мажорлық мән-жайлар (еңсерілмейтін күш мән-жайлары);
      7) шарттың қолданысын тоқтату (бұзу) талаптарын қоса алғанда, шарттың қолданыс мерзімі, оның қолданысын тоқтату (бұзу) негіздері мен тәртібі қамтылуға тиіс.
      29. Жасалған шарт (не шартқа қосымша келісім) болған кезде қосымша тасымалдауға қосымша өтінім берген жағдайда, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының арасында біржолғы шарт жасалуы мүмкін.

VI. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының
құқықтары мен міндеттері

      30. Тасымалдаушының:
      1) инфрақұрылым операторына тасымалдауларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жіберуге;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияға (мемлекеттік сырларға) жататын немесе таралуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпаратты таратуға шектеулерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, осы Қағидаларға және Қол жеткізу қағидаларына сәйкес тасымалдауларды ұйымдастыру үшін қажетті көлемде ақпарат алуға;
      3) шарт талаптарына сәйкес тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде пойыздың жүретін жолында, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік және инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген және (немесе) жасалған шарттарға сәйкес өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
      31. Тасымалдаушы:
      1) инфрақұрылымдық қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды инфрақұрылым операторына ұсынуға;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген теміржол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарына жылжымалы составтың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      3) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзуға әкеп соғатын (әкеп соғуы мүмкін) оқыс оқиғалар мен мән-жайлар туралы инфрақұрылым операторына хабарлауға, сондай-ақ оларды жою (болғызбау) бойынша шаралар қабылдауға;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      5) инфрақұрылым операторының коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын, тасымалдаушыға белгілі болған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
      6) инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша ақы төлеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де төленуге тиісті төлемдерді шартта көзделген көлемде, мерзімдерде және жағдайларда жүргізуге;
      7) жекелеген шарттарда көзделмеген, вагондардың (пойыздардың) көшірілуіне (орын ауыстыруына) және (немесе) тасымалдаушылардың жылжымалы составының станцияларда тоқтатып қойылуына байланысты инфрақұрылым операторы шеккен шығындар сомасын өтеуге;
      8) инфрақұрылым операторын шартта көзделген көрсетілетін қызметтерді алудан бас тарту туралы аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімдерде жазбаша нысанда хабардар етуге;
      9) жүктерді ерекше жағдайларда, габаритті емес жүктерді теміржолмен тасымалдау шарттарын аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен келісуді және сақтауды қамтамасыз етуге;
      10) тасымалдаулардың келісілген көлемде болуын және теміржолмен тасымалдаудың өзге де параметрлерінің (шарттарының) теміржол көлігі инфрақұрылымы учаскелерінің тасу қабілетіне және (немесе) жүк өтетін маршрут бойынша теміржол станцияларының өңдеу қабілетіне сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
      11) инфрақұрылым операторына және (немесе) үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге;
      12) шартта және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      32. Инфрақұрылым операторының:
      1) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде:
      инфрақұрылым учаскелерінде пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша және тұрақты шектеулер белгілеуге;
      автоматты түрде және көзбен шолып бақылау құралдары арқылы техникалық бұзылулар табылған және пойыз жүріп келе жатқанда қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін жылжымалы составтың коммерциялық ақаулары анықталған жағдайда, станцияда, аралықта пойыздың қозғалысын тоқтатуға;
      инфрақұрылымның қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін пойыздар қозғалысына кедергі келтіретін жағдайлар туындаған кезде тасымалдаушының ресурстарын (жылжымалы составты, персоналын) пайдалануға;
      тасымалдаушыға пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын, пойыздардың қозғалыс графигінің нормативтерін, пойыздарды құрастыру жоспары мен тәртібін, инфрақұрылым станциялары (желілік бөлімшелері) жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімдер (бұйрықтар, нұсқамалар, нұсқаулар, ескертулер және басқасын) беруге;
      2) шарт жасасу сатысында тасымалдаушыдан теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификатын, тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды талап етуге;
      3) шартты орындау сатысында тасымалдаушыдан теміржол көлігінің қауіпсіздік жүйесінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етуге;
      4) тасымалдаушы инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілетінің бөлінген үлесін пойыздардың қозғалыс графигінде белгіленген көлемге қарағанда толық емес көлемде пайдаланған жағдайда, өткізу қабілетінің бөлінген үлесін (график тармақтарын) түзету бөлігінде шартқа өзгерістер мен толықтыруларды біржақты тәртіппен енгізуге;
      5) тасымалдаушы инфрақұрылымды шарттың талаптарын бұза отырып пайдаланған жағдайда, тасымалдаушылардың жылжымалы составын оны тоқтатып қою үшін бос жол мүмкіндігі бар станцияға немесе оқшау инфрақұрылымға көшіру (орнын ауыстыру) және тоқтатып қою туралы шешімдер қабылдауға;
      6) мұндай фактілерді шарт талаптарын бұзу деп танымай, инфрақұрылым операторына байланысты емес себептер бойынша (көршілес (шекаралас) теміржол әкімшіліктерін және (немесе) оқшау инфрақұрылым иелерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың кінәсінан) тасымалдаушының инфрақұрылымға қол жеткізуінен бас тартуға;
      7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде және тасымалдауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар кезінде теміржол қатынасының белгілі бір бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызметтерді толық емес көлемде көрсету туралы шешімді біржақты тәртіппен қабылдауға;
      8) штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде графиктің бөлінген тармақтарының күшін инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін қажетті мерзімге жою арқылы инфрақұрылымға қол жеткізуді шектеуге;
      9) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында және (немесе) жасалған шарттарда белгіленген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
      33. Инфрақұрылым операторы:
      1) тасымалдаушылардың тасымалдауларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын, сондай-ақ инфрақұрылым қызметтерін көрсету үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды қабылдауға және қарауға;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарын, оның ішінде мемлекеттік құпияға (мемлекеттік сырларға) жататын немесе таралуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпаратты таратуға белгіленген шектеулерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, осы Қағидаларға және Қол жеткізу қағидаларына сәйкес тасымалдарды ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат көлемін тасымалдаушыларға уақтылы ұсынуға;
      3) Қол жеткізу қағидаларына сәйкес инфрақұрылымның техникалық және технологиялық қабілеті шеңберінде инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін бөлуге;
      4) тасымалдаушыға келісілген қызметтер көрсету мерзімдері мен талаптарының өзгеруіне әкеп соғатын пойыздардың қозғалыс графигіндегі өзгерістер туралы шартта көзделген мерзімдерде және тәртіппен хабар беруге;
      5) шартта айқындалған жағдайларда тасымалдаушыны инфрақұрылымдағы авариялар, зақымданулар және инфрақұрылымды пайдаланған кезде өз қызметін жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға кедергі келтіруі мүмкін өзге де мән-жайлар туралы құлақтандыруға;
      6) тасымалдаушылардың коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын, инфрақұрылым қызметтерін көрсету барысында инфрақұрылым операторына белгілі болған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
      7) қажетті техникалық құралдарды жарамды жағдайда күтіп-ұстауға және пойыздар қозғалысында табиғи немесе техногендік аварияларға байланысты туындаған үзілістердің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдауға;
      8) шартта және аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

ҮІІ. Дауларды шешу тәртібі

      34. Осы Қағидаларды іске асыру кезінде немесе қызметтер көрсету барысында тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
      35. Тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы келіссөздер барысында өзара келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде   
теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін
көрсету қағидаларына             
қосымша                    

Теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін
қызметтерінің тізбесі

Р/с №

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы*

Ресей Федерациясы**

1

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, пойыздардың қозғалысын (жүріп өтуін) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

2

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартқыш жылжымалы составын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

3

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің, багаждың және жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

---

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      * Оның ішінде Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін;
      ** Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы Ресей Федерациясына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 25 ҚОСЫМША     

Сатып алуды реттеу тәртібі туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Сатып алуды реттеу туралы ХАТТАМА Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVII бөліміне сәйкес әзірленген және сатып алуды реттеу тәртібін айқындайды.
      2. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 88-бабында және осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «веб-портал» – сатып алу туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін Интернет желісіндегі мүше мемлекеттің бірыңғай ресми сайты;
      «тапсырыс беруші» – мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым (оның ішінде мемлекеттік (муниципалдық) мекемелер), сондай-ақ мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында айқындалған жағдайларда, осы заңнамаға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында қызметі осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушыны құру (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін. Бұл ретте, сатып алуды ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу жөніндегі функцияларын беруге жол берілмейді;
      «сатып алу» – мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу, бұл арқылы тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы және мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражат есебінен өзге де сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қатынастар түсініледі;
      «сатып алу туралы ақпарат» – сатып алуды жүргізу туралы хабарлама, сатып алу туралы құжаттама (оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасы), осындай хабарламаларға, құжаттамаға енгізілетін өзгерістер, сатып алу туралы құжаттаманы түсіндіру, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, сатып алу рәсімінің нәтижесі туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) және осындай шарттарға жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалу нәтижесі туралы мәліметтер, мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарына шағымдардың түсуі туралы, олардың мазмұны және осындай шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы, осындай органдар берген нұсқамалар туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат веб-порталға міндетті түрде орналастыруға жатады;
      «ұлттық режим» – әрбір мүше мемлекет сатып алу мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығарылатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілеріне және мүше мемлекеттердің өнім берушілеріне ұлттық тауарларына, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне, сондай-ақ осындай тауарларды ұсынатын, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өз мемлекетінің өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз етеді деп көздейтін режим. Тауардың шығарылған елі Одақтың кедендік аумағында қолданылатын, тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады;
      «электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық-аппараттық құралдарға иелік ететін және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
      «өнім беруші» – өнім беруші, орындаушы не мердігер болып табылатын және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасалған тұлға;
      «әлеуетті өнім беруші» – кез келген заңды тұлға немесе кез келген жеке тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер);
      «электрондық сауда алаңы (электрондық алаң)» – электрондық форматта сатып алу жүргізу үшін мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) веб-портал болып табылады деп белгіленуі мүмкін, сондай-ақ электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі саны айқындалуға тиіс;
      «электрондық сатып алу форматы» – Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі.
      3. Осы Хаттаманы қолдану кезінде, егер мүше мемлекет заңнамасының ережелерінен осы Хаттамада белгіленгеннен өзге мағына болмаса, мүше мемлекеттің заңнамасын осы Хаттамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.

IІ. Сатып алу саласына қойылатын талаптар

      4. Мүше мемлекеттерде сатып алу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:
      ашық конкурс, ол атап айтқанда, өткізу кезеңдерін және алдын ала біліктілік іріктеуді көздеуі мүмкін (бұдан әрі – конкурс);
      баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату);
      ұсыныстарды сұрату (егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе);
      ашық электрондық аукцион (бұдан әрі – аукцион);
      биржалық сауда-саттық (егер бұл мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделсе);
      бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алу.
      Мүше мемлекеттер конкурсты және аукционды электрондық форматта ғана өткізуді қамтамасыз етеді және сатып алудың басқа тәсілдерін жүзеге асыру кезінде электрондық форматқа көшуге ұмтылады.
      5. Конкурс өткізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 1 – 4-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      6. Баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды) жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 5-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      7. Ұсыныстарды сұратуды жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 6-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып,осы Хаттамаға № 2 қосымшада көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленсе, осы Хаттамаға № 3 қосымшаның 10, 42, 44, 47, 59 және 63-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      8. Аукцион жүргізу арқылы сатып алу осы Хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес, осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында аукцион өткізу арқылы сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің неғұрлым ауқымды тізбесін белгілеуге құқылы.
      9. Тауар биржасында биржа тауарларын (оның ішінде, осы Хаттамаға № 4 қосымшада көзделген тауарларды) сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мүше мемлекет өз заңнамасында сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін тауар биржаларын айқындауға құқылы.
      10. Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алу осы Хаттамаға № 3 қосымшада көзделген жағдайларда, осы Хаттамаға № 1 қосымшаның 10-тармағында көрсетілген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында осы Хаттамаға № 3 қосымшада көзделген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін қысқартуға құқылы.
      11. Мүше мемлекет біржақты тәртіппен сатып алу туралы өз заңнамасында сатып алуды өткізу аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттілігіне байланысты сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін, сондай-ақ ерекше жағдайларда 2 жылдан аспайтын мерзімге - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеуге құқылы.
      Осындай ерекшеліктерді белгілеуге қатысты шешімдер осы Хаттаманың 32 – 34-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылданады.
      12. Тапсырыс беруші сатып алуды дербес не сатып алуды ұйымдастырушының қатысуымен жүзеге асырады (егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуды ұйымдастырушының жұмыс істеуі көзделген болса).
      13. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында жосықсыз өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу көзделуге тиіс, оған:
      сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
      олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы;
      орындау барысында өнім беруші сатып алу туралы құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілерге (өнім берушілерге) қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні немесе оның жеңімпаз болуына мүмкіндік берген, осындай талаптарға сәйкес келетіні туралы анық емес ақпарат бергені анықталса, тапсырыс берушілер біржақты тәртіппен сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) бұзған өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында мүше мемлекеттің жосықсыз өнім берушілері тізіліміне құрылтайшылар, алқалы атқарушы органдардың мүшелері, өнім берушілердің жалғыз атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
      Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу осы тармақтың екінші – төртінші абзацтарында көзделген мәліметтер расталған (фактілер анықталған) кезде, сот және (немесе) мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органының шешімі негізінде 2 жыл мерзімге жүзеге асырылады.
      Мәліметтері жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген тұлға осы тізілімге енгізілгеніне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында осы Хаттамаға № 3 Қосымшаның 1 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерді жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізу бөлігінде ерекшелік көзделуі мүмкін.
      14. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен осы мүше мемлекеттің жосықсыз өнім берушілері тізілімінде және (немесе) басқа мүше мемлекеттердің жосықсыз өнім берушілері тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді негізге ала отырып, тапсырыс берушінің сатып алуға қатысуға жіберуді жүзеге асыру құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
      15. Мүше мемлекеттер:
      1) сатып алу туралы өз заңнамасына сәйкес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын қосымша біліктілік талаптарын белгілеу арқылы;
      2) осы Хаттамада белгіленген өзге тәсілдермен сатып алуға қатысуды шектейді.
      16. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен:
      1) сатып алу шарттарына өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды енгізуге;
      2) сатып алу туралы құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуге;
      3) сатып алуды жүргізу хабарламасында және (немесе) сатып алу туралы құжаттамада көзделмеген негіздемелер бойынша әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға жіберуден бас тартуға тыйым салу белгіленеді.
      17. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін төлемақы алуға жол берілмейді.
      18. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы туралы әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар белгіленуі мүмкін.
      Мүше мемлекеттердің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері мен нысаны белгіленеді. Бұл ретте, сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлемі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мөлшері - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 5 пайызынан (сатып алудың бағдарланатын құнынан), ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 30 пайызынан (сатып алудың бағдарланатын құнынан) аспауға тиіс. Мұндай жағдайда, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері - аванс мөлшерінің кемінде 50 пайызын құруға тиіс.
      Егер сатып алу туралы шарт (келісімшарт) өнім берушіге аванс беру туралы талапты қамтыған жағдайда, өнім беруші одан бас тартуға құқылы.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде 2 тәсілі (түрі) белгіленуге тиіс.
      Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету және сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету ретінде, атап айтқанда мыналар:
      тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
      банк кепілдігі қабылданады.
      Сатып алу мақсаты үшін банктік кепілдіктерге қойылатын талаптар мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасы тапсырыс берушінің сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуін және осындай заңнамада көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруын қамтамасыз етуге тиіс.
      19. Сатып алу туралы құжаттамаға және өзге құжаттарға сатып алуды жүргізу кезінде - сатып алу объектісінің сипаттамаларын бейнелеудің барынша дәл басқа тәсілі болмаған (мұндай жағдайларда сатып алушы сатып алу туралы құжаттамаға «немесе баламасы (сол тектес)» деген сияқты сөздерді қосады) жағдайларды қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына, өндірушіге немесе өнім берушіге талаптар немесе нұсқамалар қосылмауға тиіс. Сатып алынатын тауардың осындай тауарлардың үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет болған кезде (оның ішінде, негізгі (белгіленген) жабдықты толық жабдықтау, жаңғырту және толық жарақтандыру) тапсырыс беруші пайдаланатын тауармен үйлеспейтіні - ерекшелік болып табылады.
      Тапсырыс беруші халықаралық шарттарда және Одақ құқығын қорғатын актілерде және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген техникалық регламенттерге, стандарттарға және өзге де талаптарға сәйкес айқындалған, сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық көрсеткәштерді, талапты, шарттық белгілеулерді және терминологияны белгілеуге құқылы.
      20. Сатып алудың нәтижелеріне өздері мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) немесе ұсыныстарды сұратуға қатысуға өтінімдер берген жеке тұлғалар), конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) немесе ұсыныстар сұратуға қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілер қызметкерлері не әлеуетті өнім берушілер (оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілердің кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар) өздеріне ықпал етуге қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сатып алу саласында бақылауды тікелей жүзеге асыратын сатып алу саласындағы мүше мемлекеттің уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының лауазымды тұлғалары комиссия (оның ішінде конкурстық, аукцондық және белгіленімдік) мүшелері бола алмайды.
      21. Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) мынадай міндетті талапты:
      1) сатып алу туралы осындай шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығын;
      2) ақы төлеу тәртібін, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің сатып алу туралы шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға сәйкестігіне (оның ішінде, саны (көлемі), жиынтығы, сапасы бойынша қабылдап алуды жүзеге асыру тәртібі туралы қамтуға тиіс.
      22. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында мыналарға:
      1) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) талаптарын белгілеуге;
      2) сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді басқа тарап тиісінше орындамаған және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген жағдайларда, тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуына;
      3) мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттық міндеттемелердің орындалу талаптарының өзгеруіне, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне тыйым салу көзделуге тиіс. Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасын пропорционалды төмендетпейінше тауарлардың санын, жұмыстар көлемін, көрсетілетін қызметтерді азайтуға жол берілмейді.
      23. Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, бірнеше өнім берушілермен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасуға жол беріледі.
      24. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен тауарды немесе жұмысты сатып алуды, кейіннен қызмет көрсетуді, қызмет мерзімі ішінде пайдалануды, жеткізілген тауарды немесе жұмысты орындау нәтижесінде құрылған объектіні (өмірлік цикл шарты (келісімшарты)) жөндеуді және кәдеге жаратуды көздейтін сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу туралы талап белгіленуі мүмкін.
      25. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен нақты сатып алуға қатысты сатып алу туралы құжаттың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасына оны орындаудың (оның ішінде, сатып алу нысанасына байланысты емес) қосымша талаптарын енгізу қажеттігі көзделуі мүмкін.
      26. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен әлеуетті өнім берушінің және (немесе) өнім берушінің сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бойынша тапсырыс берушіге барлық бірлесіп орындаушылар және қосалқы мердігерлер туралы ақпаратты беру міндеті көзделуі мүмкін.
      27. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алу туралы шартты (келісімшартты) банктік сүйемелдеу көзделуі мүмкін.
      28. Мүше мемлекеттер сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) электрондық форматта жасауға 2016 жылдан бастап көшуге ұмтылады.
      29. Мүше мемлекеттер ақпараттық ашықтықты және сатып алу айқындығын қамтамасыз етеді, оның ішінде мыналар арқылы:
      1) әрбір мүше мемлекеттің веб-портал құруы;
      2) сатып алу туралы ақпаратты, жосықсыз өнім берушілер тізілімін (оның ішінде, орыс тілінде) веб-порталда орналастыру;
      3) мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін (оның ішінде, орыс тілінде) веб-порталда жариялау;
      4) электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдарды) шектелген санын және (немесе) веб-порталды - электрондық форматта сатып алутуралы ақпаратқа және егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында бұл көзделген болса, осындай сатып алуға байланысты электрондық көрсетілетін қызметтерге рұқсат берудің бірыңғай орны ретінде анықтау;
      5) сатып алу туралы ақпаратқа, веб-порталға орналастырылатын жосықсыз өнім берушілердің тізілімі мен актілерге кедергісіз және тегін қол жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ осындай ақпарат, тізілім мен акті бойынша мәліметтерді барынша кеңінен іздеуді қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етеді.

ІII. Ұлттық режим және оны қамтамасыз ету ерекшеліктері

      30. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы басқа мүше мемлекеттердің аумақтарынан шығатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсынатын басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілері мен өнім берушілеріне қатысты сатып алу саласындағы ұлттық режимді қамтамасыз етеді.
      31. Мүше мемлекет сатып алу туралы өз заңнамасында белгіленген біржақты тәртіппен ерекше жағдайларда ұлттық режимнен кемінде 2 жыл мерзімге алып қоюдарды белгілеуге құқылы.
      32. Мүше мемлекеттің сатып алу саласындағы уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органы күні бұрын, бірақ осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес, алып қоюды белгілеу туралы актіні қабылдаған күнге дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Комиссияны және әрбір мүше мемлекетті оны қабылдау қажеттігін негіздей отырып, осындай актіні қабылдау ниеті туралы хабардар етеді.
      Осындай хабарламаны алған мүше мемлекет тиісті консультациялар жүргізу туралы ұсыныспен, оны жіберген органға жүгіне алады.
      Көрсетілген хабарламаны жіберген мүше мемлекет консультациялар жүргізуден бас тарта алмайды.
      33. Комиссия осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес мүше мемлекет қабылдаған, алып қоюды белгілеу туралы актінің күшін жою жою қажеттігі туралы шешімді - оны қабылдаған күнінен бастап 1 жыл ішінде қабылдауға құқылы.
      Комиссия көрсетілген актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешім қабылдаған мүше мемлекет  2 айлық мерзімде осындай актіге тиісті өзгерістер енгізуді (күші жойылды деп тануды) қамтамасыз етеді.
      Комиссияның осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес актілерді қабылдау туралы хабарламаларды және олардың күшін жою мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өтініштерін қарауы, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауы Комиссия айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      Осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес қабылданған актінің күшін жою қажеттігі туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, өзіне қатысты көрсетілген шешім шығарылған мүше мемлекет оны орындамаған жағдайда, мүше мемлекеттердің әрқайсысы біржақты тәртіппен осындай мүше мемлекетке ұлттық режимді қолданбауға құқылы. Бұл туралы хабарлама Комиссияға және мүше мемлекеттердің әрқайсысына дереу жіберіледі.
      34. Егер мүше мемлекет осы бөлімде көзделген міндеттемелерді орындамаса, басқа мүше мемлекеттер Комиссияға жүгінуге құқылы. Комиссия қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) бұзушылық фактісінің болмауы;
      2) бұзушылық фактісін және мүше мемлекеттің анықталған бұзушылықты жою қажеттігін тану.
      Егер анықталған бұзушылықты жою қажеттігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, өзіне қатысты осындай шешім шығарылған мүше мемлекет оны орындамаса, басқа мүше мемлекеттердің әрқайсысы біржақты тәртіпте осындай мүше мемлекетке ұлттық режимді қолданбауға құқылы.
      Бұл туралы хабарлама Комиссияға және мүше мемлекеттердің әрқайсысына дереу жіберіледі.

ІV. Сатып алуға қатысу кезінде тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету

      35. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы сатып алу туралы өз заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды.
      36. Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету көлемі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 88-бабымен және осы Хаттамамен және мүше мемлекеттің сатып алу туралы өз заңнамасында анықталады.
      37. Сатып алу саласында тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сатып алу туралы мүше мемлекет өз заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз заңнамасына сәйкес, сатып алу саласында уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарының болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, осы функцияларды бір органның орындауына рұқсат беріледі, оның құзыретіне, атап айтқанда, мыналар:
      1) сатып алу саласында бақылауды (оның ішінде, тексеру жүргізу арқылы) жүзеге асыру;
      2) сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасын бұзатын сатып алуды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау жатады. Бұл ретте, сатып алуға қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін жасалған, сатып алуларды жүзеге асыру кезінде, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары (электрондық алаңдар) операторларының, веб-порталдар, тауар биржалары операторларының, комиссиялардың және өзге де тұлғалардың әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) кез-келген әлеуетті өнім беруші ғана емес, өзге де тұлға сатып алу туралы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы;
      3) мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды болғызбау бойынша (оның ішінде, орындау үшін міндетті осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту) шаралар қабылдау;
      4) жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу жатады.

V. Сатып алу тиімділігін арттыратын және әлеуметтік
функцияларды іске асыруға бағытталған шараларды қамтамасыз ету

      38. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасымен сатып алуды жоспарлау туралы талап белгіленеді.
      39. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы ұлттық заңнамасында сатып алу тиімділігін арттыратын мынадай нормалар:
      1) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің шекті бағасына) және (немесе) тапсырыс берушілердің функцияларын қамтамасыз етуге нормативтік шығындарына қойылатын талаптарды белгілеу жолымен сатып алуды нормалау;
      2) сатып алуға қоғамдық бақылауды және оны қоғамдық талқылауды жүзеге асыру;
      3) демпингке қарсы шаралар қолдану;
      4) сарапшыларды, сараптамалық ұйымдарды тарту көзделуі мүмкін.
      40. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарына, мүгедектер ұйымдарына, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдарға сатып алуды жүзеге асыру кезінде артықшылық белгіленуі мүмкін.
      Осындай артықшылық белгілеу туралы ақпаратты тапсырыс беруші сатып алуды жүргізу туралы хабарламада және сатып алу туралы құжаттамада көрсетеді.
      41. Құқық қолдану практикасының, ақпаратпен алмасудың неғұрлым өзекті мәселелерін, заңнаманы жетілдіру және үйлестіру, әдістемелік материалдарды бірлесіп әзірлеу проблемаларын талқылауға өзара мүдделік болған кезде, Комиссия сатып алу саласындағы мүше мемлекеттердің уәкілетті реттейтін және (немесе) бақылайтын билік органдарымен бірлесіп, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мәселелері бойынша сарапшылар мен басшылар деңгейлерінде жылына кемінде 3 рет жиналыс өткізеді.

Сатып алуды реттеу тәртібі
туралы хаттамаға     
№ 1 қосымша       

Конкурсты, баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін
сұратуды), ұсыныстарды сұратуды, акционды және бір көзден не
жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды
ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар

      1. Конкурс электрондық форматта жүргізіледі, оның ішінде электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға өтінімдер беруді көздейді.
      Сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады.
      Бағалау критерийлерін, сондай-ақ өнім берушіні объективті емес және (немесе) әкімшілендірілмейтін айқындауға әкеп соқтыратын, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру тәртібін белгілеуге жол берілмейді.
      2. Конкурс мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:
      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
      2) конкурстық комиссия құрамын бекіту;
      3) конкурс өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Конкурс өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі - енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін мұндай мерзім кемінде күнтізбелік 10 күнді құрайтындай етіп ұзартылуға тиіс. Бұл ретте, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді;
      4) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және мұндай түсіндірулерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күн бұрын веб-порталда жариялау (орналастыру). Сұрау салу бойынша конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру оны алған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық сауда алаңына (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталға электрондық құжат нысанында беру;
      6) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу мақсатында, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның ашуы, қарауы;
      7) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашудың және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберудің хаттамаларын веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге осындай өтінімдерді ашу, қарау және жіберу нәтижелері туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;
      8) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау, салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау және тиісті хаттаманы веб-порталда жариялау (орналастыру), әрбір әлеуетті өнім берушіге осындай бағалау, салыстыру және конкурс жеңімпазын айқындау нәтижелері туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;
      9) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарда, конкурс жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде 10 жұмыс күнінен кейін және күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу немесе мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігін негізге ала отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.
      10) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру.
      3. Біліктілік алдындағы іріктеуді көздейтін конкурсты жүргізу кезінде мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптар қолданылады:
      1) конкурс жеңімпазы біліктілік алдындағы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады;
      2) қосымша талаптар біліктілік алдындағы іріктеуді жүзеге асыру үшін қолданылады және қатысуға өтінімді бағалау критерийі ретінде пайдаланыла алмайды.
      4. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін.
      Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылған конкурстың бірінші кезеңінде тапсырыс берушінің техникалық тапсырмаларына сәйкес әзірленген, әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстары негізінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін сарапшының (сарапшы комиссияның) қалыптастыруы жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
      Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылған конкурстың екінші кезеңінде осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген талаптар ескеріле отырып, конкурсты жүргізу үшін көзделген іс-шаралар өткізіледі.
      5. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) тәсілін қолдану үшін, оның ішінде Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) шекті бастапқы (ең жоғары) бағасы (сатып алудың бағдарлы құны) айқындалады (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) жеңімпазы деп сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең төмен бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.
      Мүше мемлекеттердің кез келгені баға ұсыныстарын сұратудан (баға белгіленімдерін сұратудан) аукциондарды артықшылықпен өткізуге көшуге ұмтылады.
      Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгіленімдерін сұрату) тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде веб-порталда, оның мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде, бірақ баға ұсыныстарын сұратуға (баға белгіленімдерін сұратуға) қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде 4 жұмыс күні бұрын оның өткізілетіні туралы хабарлама жарияланады (орналастырылады).
      Баға ұсыныстарын сұратуды (баға белгіленімдерін сұратуды) жүргізу барысында жасалған комиссия хаттамалары электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланады (орналастырылады) және Баға белгілеу комиссиясы қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар әрбір әлеуетті өнім берушіге шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
      6. Ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алу Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 2 қосымшада көзделген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты жүзеге асырылуы мүмкін (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шартты (келісімшартты) орындаудың ең үздік талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші - ұсыныстар сұратудың жеңімпазы деп танылады.
      Ұсыныстар сұратуды жүргізу арқылы сатып алуды өткізу кезінде веб-порталда, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, бірақ ұсыныстарды сұратуға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде 5 жұмыс күні оның өткізілетіні туралы хабарлама бұрын жарияланады (орналастырылады).
      Ұсыныстар сұратуды жүргізу барысында сатып алуды өткізу барысында жасалған комиссия хаттамалары электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланады (орналастырылады) және комиссия қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар әрбір әлеуетті өнім берушіге шешімдерді қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
      7. Аукциондарға қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер, егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, кем дегенде 3 жыл мерзімге веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) міндетті түрде аккредиттелуге жатады.
      Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған және аукцион туралы құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
      8. Аукцион мынадай талаптар ескеріле отырып өткізіледі:
      1) аукцион туралы құжаттаманы бекіту;
      2) аукциондық комиссия құрамын бекіту;
      3) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарламаны және аукцион туралы құжаттаманы мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімде, бірақ аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын орналастыру. Аукцион өткізу туралы хабарламаға және (немесе) аукцион туралы құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдерді беру мерзімі, енгізілген өзгерістер электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап, аукционға қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін осы мерзім кемінде күнтізбелік 7 күнді құрайтындай мерзімге ұзартылады. Бұл ретте, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасын өзгертуге жол берілмейді. Егер мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында аукционды қысқа мерзім ішінде өткізуге мүмкіндік беретін сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғары) бағасы (сатып алудың бағдарлы құны) көзделген болса, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен аукционға қатысуға өтінімдерді беру үшін осы тармақшада көзделгенге қарағанда неғұрлым қысқа мерзім, бірақ аукционға қатысуға өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 7 күн, ал аукцион туралы құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда – осындай өзгерістер электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап, аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күн етіп белгіленген болуы мүмкін.
      4) аукционға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 3 күн бұрын аукцион туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіру және мұндай түсіндірулерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру). Сұрау салу бойынша аукцион туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіру, оны аукционға қатысуға өтінімдер беру аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 5 күн бұрын алған жағдайда жүзеге асырылады;
      5) электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға) немесе веб-порталға электронды құжат нысанында аукционға қатысуға өтінімдер беру;
      6) аукциондық комиссияның аукцион туралы құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін аукционға қатысуға өтінімдер, оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімдерге жіберу бөлігінде ашу және қарау;
      7) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда аукционға қатысуға өтінімдерді ашу, қарау және әлеуетті өнім берушілерді осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімдерге жіберу хаттамаларын жариялау (орналастыру) және мұндай ашу, қарау және жіберу нәтижелері туралы әрбір әлеуетті өнім берушіге аукциондық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру;
      8) бағасын төмендету жағына қарай аукцион өткізу жолымен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғары) бағасын (сатып алудың бағдарлы құнын) төмендету рәсімін өткізу. Бұл ретте, мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасы сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғары) бағасының (сатып алудың бағдарлы құнының) 0,5 пайызына дейін және одан да төмен төмендетілген жағдайда, аукционның сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасын көтеру арқылы жалғасатыны көзделуі мүмкін, мұндай жағдайда тапсырыс берушіге өнім беруші төлейді;
      9) осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімнің нәтижелері туралы хаттаманы электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және мұндай рәсімнің нәтижелері туралы, ол аяқталған күні әрбір әлеуетті өнім берушіге хабар беру;
      10) аукциондық комиссияның аукцион туралы құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және аукцион жеңімпазын айқындау үшін, осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін қарауы, сондай-ақ электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда бұл туралы хаттаманы жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге аукциондық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұндай қарау мен аукцион жеңімпазын айқындау нәтижелері туралы хабар беру;
      11) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде және аукцион туралы құжаттамада көрсетілген талаптармен, осы тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген рәсімнің нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес, осындай әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шартының (келісімшартының) бағасы бойынша, аукцион жеңімпазын айқындау туралы шешім қабылданған күннен 10 жұмыс күнінен кейін және күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей сатып алу туралы шартты (келісімшартты) жасасу немесе мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған жағдайларда аукционды өтпеді деп тану. Мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең төмен бағасын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігін негізге ала отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.
      12) аукцион нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) және (немесе) веб-порталда жариялау (орналастыру) және әрбір әлеуетті өнім берушіге аукцион қорытындылары туралы аукциондық комиссия тиісті шешімдерді қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей хабар беру.
      9. Егер бұл мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, өнім берушіні таңдауды регламенттейтін нормаларды қолданбай сатып алуды жүзеге асыруға және онымен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасуға жол беріледі. Бұл ретте, мұндай сатып алу Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға № 3 қосымшада көзделген жағдайларда, мүше мемлекеттің азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      10. Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (мердігерден, орындаушыдан) сатып алу сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының есеп айырысулары мен негіздемелері болған кезде жүзеге асырылады.
      Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (мердігерден, орындаушыдан) сатып алу сатып алу туралы ақпаратты орналастыруға қойылатын талаптар мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасымен айқындалады.

Сатып алуды реттеу  
тәртібі туралы хаттамаға
№ 2 қосымша     

Ұсыныстарды сұратуды жүргізу арқылы сатып алуды
жүзеге асыру жағдайларының
тізбесі

      1. Тапсырыс беруші Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың 22-тармағының талаптарын ескере отырып бұзылуын жүзеге асырған, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру (Еуразиялыө экономикалық одақ туралы шартқа № 25 өосымша). Бұл ретте, егер сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бұзылғанға дейін өнім беруші сатып алу туралы шартта (келісімшартта) көзделген міндеттемелерді ішінара орындаған жағдайда, осы тармақтың негізінде сатып алу туралы жаңа шартты (келісімшартты) жасаған кезде, сатып алу туралы бұзылған шарт (келісімшарт) бойынша жеткізілетін тауардың саны, орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің көлемі ескеріліп, жеткізілетін тауардың санын, орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің көлемі азайтылуы тиіс, ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бағасы жеткізілетін тауардың санына, орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің көлеміне пропорционалды азайтылуға тиіс.
      2. Пациенттің медициналық құжатында және дәрігерлер комиссиясы журналында тіркелетін, дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша медициналық көрсетімдер болған кезде (жеке көтере алмаушылық, өмірлік көрсеткіштері бойынша) пациентке тағайындау үшін қажетті дәрілік препараттарды сатып алуды жүзеге асыру. Бұл ретте, сатып алынатын дәрілік препараттар көлемі пациенттің емделу мерзімі ішінде қажетті дәрілік препараттар көлемінен аспауға тиіс. Бұдан басқа, осы тармаққа сәйкес сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі және одан көп пациентке тағайындау үшін қажетті дәрілік препараттар бір келісімшарттың нысанасы бола алмайды.

Сатып алуды реттеу тәртібі
туралы хаттамаға    
№ 3 қосымша      

Бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан,
мердігерден) сатып алуды жүзеге асыру жағдайларының
тізбесі

      1. Сұйытылған газды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес реттелетін бағалар (тарифтер) бойынша инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуды (жалғау) энергиямен жабдықтаудың немесе электр энергиясын кепілдендірілген өнім берушімен электр энергиясын сатып алу-сатудың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар қызметінің саласына жататын қызметтерді сатып алу.
      2. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтау және әкелу (әкету) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      3. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген бағалар (тарифтер) бойынша тауарларды, жұмыстарды қызметтерді сатып алу
      4. Мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотоқорларды және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған мәдени құндылықтарды (оның ішінде, мұражай заттары мен мұражайлық коллекцияларды, сондай-ақ сирек кездесетін және бағалы басылымдарды, көшірмелерін қоса алғанда, тарихи немесе өзге мәдени маңызы бар қолжазбаларды, мұрағаттық құжаттарды) жеткізу;
      5. Жұмылдыру даярлығы жөніндегі жұмыстарды орындау.
      6. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мүше мемлекеттің заңнамалық актілерімен айқындалған нақты тұлғадан сатып алу, сондай-ақ өкілеттіктеріне сәйкес тек қана атқарушы билік органдары немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік (унитарлық) кәсіпорындар, дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктерін мүше мемлекеттің заңнамалық актілерімен белгіленетін заңды тұлғалар жеткізуді, орындауды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      7. Дүлей зілзала жағдайлары, оның ішінде төтенше жағдай (төтенше жағдайлар салдарын оқшаулау және (немесе) жою) авария, шұғыл медициналық араласу қажеттігі туындауы салдарынан белгілі бір тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу, осыған байланысты сатып алуды уақыт шығынын талап ететін өзге де тәсілдермен жүзеге асыру нысаналы емес.
      8. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарынан, емдеу-өндірістік (еңбек) профилакторийлері мен емдеу-өндірістік (еңбек) шеберханаларынан, сондай-ақ мүгедектер саны қызметкерлердің тізімдік санының кемінде 50 пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      9. Жазаларды орындайтын мекеменің тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін, заңды тұлғалармен жасалған шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында, шикізатты, материалдарды және жиынтықтаушы бұйымдарды - көрсетілген мекеменің мұндай шикізатты, материалдарды, жиынтықтаушы бұйымдарды сатып алуы осы шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылу шартымен сатып алуы.
      10. Сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша өткізілмеген деп танылған сатып алу (мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда).
      11. Ұлттық қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері,  сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін көрсету.
      12. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін және бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етілетін мәмілелердің шекті сомасы (не шекті тоқсандық немесе жылдық көлемі), бұл ретте, көрсетілген мөлшер жеке сипатта болмауы тиіс (мүше мемлекеттер сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қолжетімділігін барынша кеңейту мақсатында көрсетілген шекті барынша азайтуға ұмтылуда).
      13. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жалғыз өнім берушіден қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуге тапсырысты орналастыру, сондай-ақ қару-жарақты, әскери және арнаулы техниканы жөндеу (жаңғырту) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      14. Мүше мемлекет Президентінің белгілі бір жарлығымен немесе өкімімен, мүше мемлекет Президентінің шешімі немесе тапсырмасы бойынша мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органының өкімімен айқындалған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу. Мұндай актілерді қабылдауға қатысты шешімдер мен әрекеттер Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың 32 – 34-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша).
      15. Белгілі бір авторлардың әдебиет және өнер туындыларын (киножобаларды прокаттау мақсатында сатып алуы қоспағанда), нақты орындаушылардың орындауларын, егер жалғыз тұлғаға осындай шығармаларға, орындауларға және фонограммаларға айрықша құқық тиесілі болса, нақты даярлаушылардан фонограммаларды сатып алу.
      16. Белгілі бір мерзімді баспасөздер мен электрондық басылымдарға жазылу, сондай-ақ белгілі бір авторлардың баспасөз және электрондық басылымдарын сатып алу; осындай баспасөз және электрондық басылымдар баспагерлерінен, егер аталған баспагерлерге осындай басылымдарды пайдалануға айрықша құқық тиесілі болса, мемлекеттік және муниципалдық білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және муниципалдық кітапханалардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін электрондық басылымдарға қолжетімділік беру жөніндегі қызметтерді көрсету.
      17. Хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге, спорттық іс-шараға баруға арналған тапсырысты орналастыру, сондай-ақ театр-ойын-сауық, мәдени-ағартушылық және көрермендер ойын-сауық-көңіл-көтеру іс-шараларына баруға кіру билеттері мен абонементтерін, экскурсия билеттері мен экскурсия жолдамаларын сату бойынша көрсетілетін қызметтерге келісімшарт жасасу.
      18. Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу және көрсетілген іс-шараларға қатысуға ақы төлеу, сондай-ақ бірнеше тапсырыс берушінің қажеттіліктері үшін жүргізілген іс-шараларға қатысу бойынша, мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылатын, тапсырыс беруші болып айқындалған өнім берушімен (мердігермен, орындаушымен) қызметтер көрсетуге келісімшарт жасасу.
      19. Жеке тұлғалардан оқытушылық көрсетілетін қызметтерді, экскурсия жетекшісі (гид) қызметтерін көрсетуді сатып алу.
      20. Театр-ойын-сауық ұйымдарының, мұражай, клуб мекемелерінің, кинематография ұйымдарының, өзге де мәдениет ұйымдарының, мәдениет саласындағы білім беру мекемесінің, телерадио хабарларын тарату ұйымының нақты жеке тұлғадан немесе нақты жеке тұлға - сценарий авторынан, орындаушы әртістен, балетмейстерден, теле немесе радиобағдарламаны жүргізушіден, дизайнерден, дирижерден, драматургтен, жануарларды үйретушіден, композитордан, концертмейстерден, либретто авторынан, кино-, бейне-, дыбысжазба операторынан, жазушыдан, ақыннан, режиссерден, репетитордан, мүсіншіден, хореографтан, хормейстерден, суретшіден және өзге де шығармашылық қызметкерінен әдебиет немесе өнер туындыларын жасауға немесе орындауға тапсырысты орналастыру, сондай-ақ нақты жеке тұлғадан, оның ішінде дара кәсіпкерден не заңды тұлғадан декорацияларды, сахналық жиһазды, сахналық костюмдерді (оның ішінде бас киімдер мен аяқ киімдерді) және декорациялар мен костюмдерді жасау үшін қажетті материалдарды, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген ұйым шығармаларын құру және (немесе) орындау үшін қажетті театр деректемелерін, бутафория, грим, постижер бұйымдарын, театр қуыршақтарына тапсырысты орналастыру.
      21. Күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуді авторлық бақылау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді авторлық қадағалауы бойынша қызметтерді сатып алу.
      22. Мүше мемлекеттер халықтарының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткіші) сақтау бойынша жұмысты жүргізуді техникалық және авторлық қадағалауды жүргізуге тапсырысты орналастыру.
      23. Қызметкерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты қызметтерді, өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық жарыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, пленэрлерге, конференцияларға, форумдарға, мастер-кластарға, тағлымдамаларға, оқу практикалық тапсырмаларды орындауға қатыстыру үшін жіберуге байланысты көрсетілетін іс-шаралар өткізілетін жерге бару және қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      24. Шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттердің үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар, парламенттік делегациялар, үкіметтік делегациялар, шет мемлекеттер делегациялары басшыларының сапарларын қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді көрсетуге тапсырысты (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) орналастыру.
      25. Мүше мемлекеттің Президентін, өзге де қорғалатын тұлғаларды және қорғалатын тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (тұрмыстық, қонақүй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, қауіпсіз тамақ беру), сондай-ақ мүше мемлекет Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      26. Материалдық резервтердің мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінен іске асырылатын материалдық құндылықтарды сатып алу.
      27. Белгілі бір өнім берушіден сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушіде тиісті тауарлардың қосымша санына қажеттіліктің туындауы, бұл ретте, қосымша сатып алынатын тауар саны келісімшартта көзделген тауарлар санының 10 пайызынан аспауға тиіс (қосымша жеткізілетін тауар бірлігінің бағасы келісімшартта көзделген осындай тауар санына келісімшарттың бастапқы бағасын бөлуден жеке меншік ретінде айқындалуы тиіс).
      28. Егер көппәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес, көппәтерлі үйде үй-жайлардың меншік иелерінің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көппәтерлі үйді басқару жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.
      29. Нысанасы – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған актілермен тұруға арналмаған үйді, ғимаратты, құрылысты, үй-жайды сатып алу болып табылатын сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу, сондай-ақ егер осы қызметтер басқа тұлғаға немесе өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұруға арналмаған үй-жайларды пайдаланатын тұлғаларға көрсетілетін болса, тұруға арналмаған ғимаратты, құрылысты, үй-жайды жалдау, жалға берілген үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, мемлекетке немесе муниципалдық тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға берілген бір немесе бірнеше тұруға арналмаған үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.
      30. Егер мұндай сатып алу мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың 1 айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, сатып алу қорытындыларын жасағанға және сатып алу туралы шарт (келісімшарт) күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы мұқтаждықты сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік. Бұл жағдайда, сатып алу көлемі сатып алуды өткізу, мерзім ішінде, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер санынан аспауға тиіс.
      31. Жедел-іздестіру қызметін, осы әрекеттерді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың тексеру әрекеттерін жүзеге асыру үшін, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы оқу білімі бар лауазымды тұлғалар мен мамандардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу.
      32. Табиғат пайдалану құқығын алу.
      33. Шетелдерде қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      34. Рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      35. Зағип және нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кітапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу.
      36. Бағалы қағаздарды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы (жарғылық қорындағы) үлестерін сатып алу.
      37. Мүше мемлекеттің сайлау және референдум, сатып алу туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу - осы Тізбеге және мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
      38. Мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша мүше мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ мүше мемлекет мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      39. Мүше мемлекеттің ұлттық валютасындағы банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды дайындау, сақтау, жеткізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      40. Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусіз негізде мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органына, мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне беретін гранттардың ақшалай қаражаттарын, сондай-ақ оларды ұсыну туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда, осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінетін ақшалай қаражатты пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      41. Жеке тұлғалар үшін (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өз бетінше таңдаған жағдайда) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      42. Мүше мемлекеттердің азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және ілесіп жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      43. Сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      44. Мүше мемлекеттің шетелдегі мекемелерінің, олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      45. Халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.
      46. Монетарлық қызметті, сондай-ақ мүше мемлекеттің ұлттық қорын және зейнетақы активтерін басқару жөнінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      47. Халықаралық төрелікте, халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және мүдделерін білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      48. Мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      49. Статистикалық бақылау деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      50. Мүше мемлекеттің банкроттық туралы заңнамасына, жер заңнамасына сәйкес және м мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде жүргізілетін, атқарушылық іс жүргізу туралы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сот орындаушылары сауда-саттықта (аукциондарда) өткізетін мүлікті (активтерді) сатып алу.
      51. Адвокаттардың мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсететін қызметтерін сатып алу.
      52. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу.
      53. Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      54. Мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ғарыш аппараттарын жобалау, жинау және сынау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      55. Мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу.
      56. Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, мүше мемлекеттің заң шығару органы депутатының омырау белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, мүше мемлекет азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) мен жеке куәліктерін, шетелдіктің мүше мемлекетте тұруға арналған ықтиярхатын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы деп айқындаған өнім берушілерден мүше мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша арнайы қорғаныс дәрежесін талап ететін баспа өнімдерін сатып алу.
      57. Мемлекеттік бағалы металдар мен бағалы тастар қорын толықтыру үшін бағалы металдар мен бағалы тастарды сатып алу.
      58. Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарда, сондай-ақ қауіптілігі жоғары, машиналарға және механизмдерге байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлері міндетті медициналық қарап-тексеру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      59. Мүше мемлекеттің спорттық ұлттық және құрама командаларына қатысу және (немесе) дайындау үшін, сондай-ақ мүше мемлекеттің спорттық ұлттық және құрама командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, дефлимпиадалық және басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін осы салады реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде қажетті спорт мүкәммалын және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу.
      60. Мүше мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, президенттің немесе мүше мемлекет үкіметінің кезек күттірмейтін шығындарына арналған резервінен бөлінген қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      61. Құқық қорғау және жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды табуға және залалсыздандыруға, терроризмге қарсы операцияларды, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату, қарулы қылмыскерлерді, экстремистерді, террористерді, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға ұстау және залалсыздандыру жөніндегі арнайы операцияларды жүргізуге байланысты арнайы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
      62. Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары біржола бұзылған адамдарға (бірнеше адамнан тұратын отбасыларға) және (немесе) белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға, сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (бірнеше адамнан тұратын отбасыларға) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі көрсетілетін өызметті сатып алу.
      63. Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда, халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарын сатып алу.
      64. Мемлекеттік шекара сызығының өтуін делимитациялауды, демаркациялауды және тексеруді, сондай-ақ мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз етуге келісімшарт жасасу.

Сатып алуды реттеу тәртібі
туралы хаттамаға    
№ 4 қосымша      

Сатып алу аукцион арқылы жүзеге асырылатын
тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің
тізбесі

      1. Ауыл шаруашылығы өнімі, аңшылық кәсіпшілік өнімі, аңшылыққа, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіруге байланысты тірі жануарлардан, өнімдерден және көрсетілетін қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылықтағы көрсетілетін қызметтер.*
      2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері, орман өсіру және ағаш дайындау үшін көрсетілетін қызметтер.
      3. Балық аулау, балық питомниктері мен балық фермаларының өнімдері, балық аулауға байланысты көрсетілетін қызметтер.*
      4. Таскөмір және лигнит, торф.
      5. Шикі мұнай және табиғи газ, іздестіру жұмыстарынан басқа, оларды өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      6. Металл кендері.
      7. Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері.
      8. Тамақ өнімдері және сусындар.*
      9. Тоқыма және тоқыма бұйымдары.
      10. Бала киімдерін қоспағанда, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар.
      11. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киім.
      12. Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрімдер.
      13. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар.
      14. Жарнама материалдарынан, суреттерден, сызбалардан, басып шығарылған фотосуреттерден, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кітапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа полиграфиялық және баспа өнімдері.
      15. Кокс пештерінің өнімдері.
      16. Органикалық және бейорганикалық синтез өнімдері.
      17. Резеңке және полимер бұйымдары.
      18. Шыны шаруашылық-тұрмыстық бұйымдары мен интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзімсіз бұйымдардан басқа, металл емес минералдық өнімдер.
      19. Металлургия өнеркәсібінің өнімі.
      20. Машиналардан, жабдықтардан, ядролық реакторлар мен ядролық реакторлардың бөліктерінен, уланған бөлшектерді жеделдеткіштерден басқа, металды қайта өңдеу өнімдері.
      21. Қару-жарақтан, оқ-дәрі мен олардың детальдарынан, халықтық-шаруашылық мақсаттағы жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар.
      22. Офистік және есептеу техникасы.
      23. Басқа топтамаларға енгізілмеген электр қозғалтқыштары мен электртехникалық аппаратура (оның ішінде, электр жабдықтар).
      24. Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратура.
      25. Медициналық жабдық және аппаратура, өлшеу құралдары, фото- және киноаппаратура (мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда).
      26. Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдерге арналған шанақтар, автомобильдерге арналған детальдар мен керек-жарақтар, гараж жабдығы.
      27. Сауда және жолаушылар кемелерінен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен детальдарынан басқа, өзге көлік құралдары.
      28. Зергерлік бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесін оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсіпшілік бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам шашынан, жануарлар қылынан, синтетикалық материалдардан жасалған шаштардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар.
      29. Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар.
      30. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін көрсетілетін қызметтер.
      31. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтері.
      32. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерінен, метрополитеннің көрсетілетін қызметтерінен, құбыржолдар арқылы тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерінен басқа, құрлықтағы көліктің көрсетілетін қызметтері.
      33. Су көлігінің көрсетілетін қызметтері.
      34. Көліктік көмекші және қосымша көрсетілетін қызметтер, саяхат бюросы мен туристік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерінен, туристерге көмек көрсету жөніндегі басқа да көрсетілетін қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы көрсетілетін қызметтер.
      35. Ұлттық поштаның көрсетілетін қызметтерін, электр байланысының көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, курьерлік көрсетілетін қызметтерден басқа байланыс.
      36. Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздар шығаруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтер.
      37. Бағалау қызметтерін қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын көрсетілетін қызметтер.
      38. Офистерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бірлесіп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      39. Ғимаратты жинау жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      40. Орау жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      41. Қоқыстарды жою, санитариялық өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер және осыған ұқсас қызметтер.

      * Балалар үшін тәрбиелік, білім беру процестерін жүзеге асыратын ұйымдарда, медициналық ұйымдарда, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері мен балалардың демалыс ұйымдарында, көрсетілген мекемелер мен ұйымдар үшін қоғамдық тамақтану қызметтерін сатып алудан басқа.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 26 ҚОСЫМША     

Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды
сақтау мен қорғау туралы
ХАТТАМА

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVIIІ бөліміне сәйкес әзірленген және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді.
      2. Зияткерлік меншік объектілері деп - ғылым, әдебиет және өнер туындылары, электрондық есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар), фонограммалар, орындаулар, тауар белгілері және қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқаулықтар, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралды микросхемалар топологиясы, өндірістің құпиялары (ноу-хау), сондай-ақ халықаралық шарттарға, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау берілетін басқа да зияткерлік меншік объектілері түсініледі.

II. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар

      3. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Туынды авторына, атап айтқанда мынадай құқықтар тиесілі:
      1) туындыға айрықша құқық;
      2) авторлық құқық;
      3) есім құқығы;
      4) туындыға қолсұғылмаушылық құқығы;
      5) туындыны жариялау құқығы;
      6) мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленгеннен өзге де құқықтар.
      4. Мүше мемлекеттер автор туындысының айрықша құқық қорғау мерзімдерін, серіктес авторлықта жасалған туындыға айрықша құқықты, автор қайтыс болғаннан кейін жарияланған туындыға айрықша құқықты қамтамасыз етуге міндетті, оның мерзімі 1986 жылғы 9 қыркүйектегі Әдебиет және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясында (1971 жылғы редакция), 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімінде белгіленген мерзімдерден төмен болмайды. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген құқықтарды қорғаудың ұзақ мерзімдері бекітілуі мүмкін.
      Бастапқі мәтін мен объектілік кодты қоса алғанда, электронды есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар) 1986 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына сәйкес (1971 жылғы редакция) әдеби туындылар ретінде қорғалады.
      Материалдардың іріктелуі мен орналасуына қарай шығармашылық нәтижесі болып табылатын құрамдас туындылар (энциклопедиялар, жинақтар және өзге де туындылар) құрамдас туындының бір бөлігін құрайтын туындылардың әрбір авторының құқықтарына нұқсан келтірілместен қорғалады. Құрамдас туындының авторына құрастырушылыққа авторлық құқық (материалды таңдау және орналастыру) беріледі. Бұл ретте, құрамдас туындылар – олар негізделген немесе олар қамтитын туындының авторлық құқық объектісі болуына не болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
      Туынды шығармалар (аудармалар, бейімдеулер, музыкалық өңдеулер және басқа да әдеби немесе көркем шығарманың қайта түзетіліп өзгеруі) түпнұсқалық туынды авторының құқықтарына нұқсан келтірілместен, түпнұсқалық туындылармен тең қорғалады. Туынды шығарма авторы жасалған аударманың және басқа (түпнұсқалық) шығарманың өзге де өңделуіне авторлық құқығына ие.
      5. Мүше мемлекеттер құқық иелеріне кинематографиялық туындыларға қатысты авторлық құқықпен қорғалған туындыларының түпнұсқаларын немесе олардың көшірмелерін басқа мүше мемлекеттердің аумағында коммерциялық түрде көпшілікке прокаттауға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын береді.
      6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген орындаушылық қызметтің (орындаушылықтың) нәтижесінде, фонограммаларға және өзге де құқықтарға мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар авторлық құқықпен сабақтас (сабақтас құқықтар) болып табылады.
      Шығармашылық еңбегі мен туындыны орындаған жеке тұлға орындаушы деп танылады,– орындаушы әртіс (актер, әнші, музыкант, биші немесе рөл сомдайтын, оқитын, көркемдеп оқитын, ән айтатын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет, өнер немесе халық шығармашылығы туындыларын, соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірін орындауға қатысатын басқа тұлға), сондай-ақ қойылымның қоюшы режиссері (театр, цирк, қуыршақ, эстрада қойылымын немесе басқа театр-ойын-сауық көрінісін қойған адам) және дирижер.
      Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде мүше мемлекеттердің орындаушыларына мынадай құқықтарды береді:
      орындауға айрықша құқық;
      есім құқығы - фонограмма даналарында өз есімін немесе бүркеншік атын көрсету құқығы және орындауды пайдаланудың өзге де жағдайларында, туындыны пайдалану сипаты орындаушының есімін немесе орындаушылар ұжымының атауын көрсетуге мүмкіндікті болғызбаған жағдайды қоспағанда, орындаушылар ұжымының атауын көрсету құқығы;
      мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтар.
      7. Орындаушылар өз құқықтарын орындалатын туындылар авторларының құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырады. Орындаушының құқықтары орындалатын туындыға авторлық құқықтардың болуына не болмауына қарамастан, танылады және қолданылады.
      8. Фонограмманы жасаушы (өндіруші) деп – орындау дыбыстарының немесе басқа дыбыстардың не осы дыбыстар кейпінің алғаш жазбасы үшін бастаманы және жауапкершілікті өз мойнына алған адам танылады. Дәлелдер болмаған кезде, фонограмманың өзге жасаушысы (өндірушісі) деп - есімі немесе атауы қарапайым түрде фонограмманың данасында және (немесе) оның қаптамасында көрсетілген адам танылады.
      Мүше мемлекеттердің фонограммалар жасаушыларына (өндірушілеріне) мүше мемлекеттер мынадай құқықтар береді:
      фонограммаларға айрықша құқық;
      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар.
      9. Мүше мемлекеттер орындауға айрықша құқықты, фонограммаға айрықша құқықты қорғау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, олар 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне және 1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограммаларды жасаушылар мен хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға белгіленген мерзімдерден төмен болмайды. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген құқықтарды қорғаудың ұзақ мерзімдері бекітілуі мүмкін.
      10. Құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы – егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмеген болса, авторлардан, орындаушылардан, фонограммаларды дайындаушылардан (өндірушілерден) және авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың басқа да иеленушілерінен алынған өкілеттіктер, сондай-ақ авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің сыйақы алуын қамтамасыз ету мақсатында, ұжымдық негізде, тиісті құқықтарды басқару саласында құқықтарды ұжымдық басқару бойынша басқа да ұйымдардан алынған өкілеттіктер негізінде жұмыс істейтін үйым болып табылады.
      Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін құқыққа сыйымды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметімен байланысты қатынастар Одақ шеңберінде халықаралық шартпен реттеледі.

III. Тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері

      11. Тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісі (бұдан әрі – тауар белгісі) - мүше мемлекеттің заңнамасына және мүше мемлекеттер қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын және бір азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын және (немесе) көрсетілетін қызметтерін басқа бір азаматтық айналым қатысушыларының тауарларынан және (немесе) көрсетілетін қызметтерінен жеке-дара ету үшін қызмет ететін белгілеу болып табылады.
      Мүше мемлекеттердің заңнамалық актілеріне сәйкес тауар белгісі ретінде сөзбен көрсетілетін, бейнелі, көлемдік және басқа да белгілеулер мен олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін. Тауар белгісі кез келген түсте немесе түс үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
      12. Тауар белгісінің құқық иеленушісі (тауар белгісі соның атына тіркелген адам) мүше мемлекеттің заңнамаасына сәйкес тауар белгісін қолданудың айрықша құқығына және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ басқа тұлғаларға тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты айырғысыз ұқсас белгілеуді пайдалануға тыйым салу құқығына ие.
      13.Тауар белгісін бастапқы тіркеудің қолданылу мерзімі 10 жылды құрайды. Көрсетілген мерзім тауар белгісінің құқық иеленушісінің өтініш жасауы бойынша кемінде 10 жыл мерзімге шексіз рет ұзартыла алады.
      Құқық иеленушіге байланысты емес мән-жайлар бойынша тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайларды қоспағанда, осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тауар белгісі тіркелгеннен кейін кез келген үш жыл ішінде үзіліссіз пайдаланылмауы салдарынан осы мүше мемлекеттің аумағында, жеке-дара ету үшін тауар белгісі тіркелген барлық тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге немесе тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің бір бөлігіне қатысты мүше мемлекеттің аумағында тауар белгісін құқықтық қорғау мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      Аумағында осы тауар белгісі тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруге қарсы дауласуға және оны жарамсыз деп тануға болады.

IV. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері және
Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгілері

      14. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін және Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгісін (бұдан әрі – Одақтың тауар белгісі) тіркейді. Одақтың тауар белгісіне барлық мүше мемлекеттердің аумағында құқықтық қорғау беріледі.
      Одақтың тауар белгісі ретінде графикалық түрде ұсынылған белгілеулер тіркелуі мүмкін.
      Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі (Одақтың тауар белгісі соның атына тіркелген адам) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға айрықша құқыққа және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ басқа тұлғаларға Одақтың тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты айырғысыз ұқсас белгілеуді қолдануға тыйым салуға құқығына ие.
      15. Мүше мемлекеттер аумағында Одақтың тауар белгісін тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар Одақ шеңберінде халықаралық шартпен реттеледі.

V. Тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша тоқтатылу қағидаты

      16. Мүше мемлекеттердің аумақтарында тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың мынадай тоқтатылу қағидаты қолданылады, оған сәйкес тауар белгісінің және (немесе) Одақтың тауар белгісінің тікелей құқық иеленушісі немесе оның келісісісен басқа да адамдар кез келген мүше мемлекеттің аумағына азаматтық айналымға құқыққа сай енгізген адамдарға қатысты осы тауар белгісін, Одақтың тауар белгісін пайдалану – тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.

VI. Географиялық нұсқаулар

      17. Егер тауар сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамасы айтарлықтай дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты болса, географиялық нұсқау деп - мүше мемлекеттің аумағынан, өңірінен немесе осы аумақ жерінен шыққан тауар сәйкестендіріледі.
      18. Егер құқықтық қорғау осы бір мүше мемлекеттің заңнамасында немесе өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, мүше мемлекет аумағында географиялық нұсқауға құқықтық қорғау берілуі мүмкін.

VII. Тауардың шығарылған жерінің атауы

      19. Құқықтық қорғау берілген тауардың шығарылған жерінің атауы - қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, елдің, қалалық немесе ауылдық қоныстың, жергілікті жердің немесе басқа географиялық объектінің толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын белгілеу, сондай-ақ осындай атаудан туындағын және оны ерекше қасиеттері өзгеше немесе басты түрде осы географиялық объектіге тән табиғи шарттарымен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарларға қатысты пайдалану нәтижесінде танымал болған белгілеу болып табылады.
      Көрсетілген ережелер белгілі бір географиялық объектінің аумағынан шығарылатын тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және дегенмен, осы объектінің атауы жазылмаса да, тауарға қатысты осы белгілеуді пайдалану нәтижесінде белгілі болған, ерекше қасиеттері осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сай келетін белгілеуге қолданылады.
      20. Географиялық объект атауын білдіретін немесе қамтитын, бірақ жалпы қолданысқа оның өндірілген жеріне байланысы жоө белгілі бір тауар түрін белгілеум ретінде неген белгілеу - тауардың шығарылған жерінің атауы деп танылмайды.
      Тауардың шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғауды беру мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздемелер бойынша дау болуы және жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      21. Тауардың шығарылған жерлердің атауларына қатысты мүше мемлекеттер мүдделі тараптарға мыналардың:
      1) осы тауардың шын мәнінде шығарылған жерінен бөлек географиялық ауданда шығарылды деп көрсететін немесе ассоцияция туғызатын, осылайша тауардың шығарылған жері мен ерекше қасиеттеріне байланысты тұтынушыны шатастыратын, тауарды белгілеу немесе таныстыру кезінде кез келген құралдарды пайдаланудың;
      2) 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10-bis бабының мағынасы бойынша жосықсыз бәсекелестік актісін білідретін кез келген пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік беретін құқықтық шараларды көздейді.

VIII. Еуразиялық экономикалық одақтың тауары шығарылатын жердің
атаулары

      22. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың тауары шығарылған жерлердің атауларын (бұдан әрі – Одақ тауарының шығарылған жерінің атауы) тіркеуді жүзеге асырады. Одақ тауарының шығарылған жерінің атауына құқықтық қорғау барлық мүше мемлекеттердің аумағында бір мезгілде ұсынылады.
      23. Тіркеуге, құқықтық қорғауға және мүше мемлекет аумағында Одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар Одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен реттеледі.

IX. Патенттік құқықтар

      24. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқық, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғалады және ол өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
      25. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің авторына мынадай құқықтар тиесілі:
      1) айрықша құқық;
      2) авторлық құқық;
      26. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу құқығы, қызметтік өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
      27. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқықты қолдану мерзімі:
      1) өнертабыстар үшін – кемінде 20 жылды;
      2) пайдалы модельдер үшін – кемінде 5 жылды;
      3) өнеркәсіптік үлгілер үшін – кемінде 5 жылды құрайды.
      28. Өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгіге патент – патент иесіне мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға айрықша құқық береді, сондай-ақ басқа адамдардың көрсетілген объектілерді пайдалануына тыйым салу құқығын береді.
      29. Мүше мемлекеттер патентпен берілетін құқықтық шектеулерді көздеуге құқылы, бұл ретте, мұндай шектеулер өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні қалыпты пайдалануға ақталмайтын залал келтірмеуі және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін ескере отырып, патент иесінің заңды мүдделеріне негізсіз түрде нұқсан келтірмеуі тиіс.

Х. Селекциялық жетістіктер

      30. Өсімдік сорттарына және жануарлар тұқымдарына (селекциялық жетістіктерге) құқықтарды қорғау мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      31. Селекциялық жетістіктердің авторына мынадай құқықтар тиесілі:
      1) айрықша құқық;
      2) авторлық құқық;
      32. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда селекциялық жетістіктердің авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу құқығы, селекциялық жетістікті атау құқығы, қызметтік селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
      33. Селекциялық жетістікке айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өсімдіктер сорттары, жануарлар тұқымы үшін 25 жылдан кем емес мерзімді құрайды.

ХІ. Интегралды микросхемалар топологиясы

      34. Интегралды микросхемалар топологиясы материалды жеткізгіште тіркелген интегралды микросхема элементтерінің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтық кеңістік-геометриялық орналастырылуы болып табылады.
      35. Интегралды микросхема топологиясына зияткерлік меншік құқығы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалады.
      36. Интегралды микросхема топологиясының авторына мынадай құқықтар тиесілі;
      1) интегралды микросхема топологиясына арналған айрықша құқық;
      2) авторлық құқық;
      37. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, интегралды микросхема топологиясының авторына басқа да құқықтар, оның ішінде қызметтік топологияны пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
      38. Интегралды микросхема топологиясының айрықша құқығының қолдану мерзімі 10 жылды құрайды.

ХІІ. Өндірістік құпия (ноу-хау)

      39. Өндірістік құпия (ноу-хау) деп - кез келген сипаттағы (өндірістік, техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқада) мәліметтер, оның ішінде ғылыми-техникалық саладағы зияткерлік қызмет нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ үшінші тұлғалар заңды негізде еркін қол жеткізе алмайтын мәліметтердің үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты шынайы және әлеуетті коммерциялық құндылығы бар және оларды білетіндерге қатысты коммерциялық құпия режимі енгізілген кәсіптік қызметті жүзеге асыру тәсілдері туралы мәліметтер танылады.
      40. Өндірістік құпияны (ноу-хау) құқық қорғау мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылады.

ХІІІ. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды
қорғау жөніндегі құқық қолдану шаралары

      41. Одақ шеңберінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі мүше мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 27 ҚОСЫМША    

Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «экономикалық қызметтің басым түрлері» – өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыруға арналған басымдықтар ретінде барлық мүше мемлекеттер айқындайтын қызмет түрлері;
      «өнеркәсіптік кооперация» – мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнеркәсіп саласындағы өзара тиімді орнықты ынтымақтастығы;
      «Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясат» – мүше мемлекеттердің дербес және Комиссияның консультациялық қолдауымен және үйлестіруімен жүзеге асыратын, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің қызметі;
      «өнеркәсіп» – экономикалық қызмет түрлерінің ұлттық сыныптауыштарына сәйкес тағамды қайта өңдеуді қоспағанда, өндірілетін және өңделетін өнеркәсіпке жататын қызметтің экономикалық түрлерінің жиынтығы. Өнеркәсіптік қызметтің басқа түрлері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың арнайы бөліктеріне сәйкес реттеледі;
      «өнеркәсіптік кластер» – өзара байланысты өнеркәсіптік және бірін-бірі өзара толықтыратын және соның есебінен өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтатын онымен байланысты ұйымдардың тобы;
      «технологиялық тұғырнама» – тиімді коммуникацияны қамтамасыз етуге және барлық мүдделі тараптардың (бизнес, ғылым, мемлекет, қоғамдық ұйымдар) қатысуы негізінде перспективалық коммерциялық технологияларды, жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылым объектісі.
      2. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің қызметін консультациялық қолдау және үйлестіру шеңберіндегі Комиссияның өкілеттіктері:
      1) мыналарға:
      ақпарат алмасуға, консультациялар жүргізуге, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде инновациялық қызметтің перспективалық бағыттарын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылау үшін бірлескен алаңдар қалыптастыруға;
      Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асыруда мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге;
      өнеркәсіптегі реформаларды, құрылымдық қайта құруды жүргізуге, инновациялық қызметті ынталандыруға, өнеркәсіпті дамытуға байланысты мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға;
      бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыруға;
      мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендері үшін тәжірибе алмасу бағдарламаларын әзірлеуге;
      мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға;
      ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға;
      мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы жаһандық экономикалық дағдарыстардың салдарына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларын әзірлеуге және іске асыруға;
      еуразиялық технологиялық тұғырнамаларды қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге жәрдемдесу;
      2) мыналарды:
      мүше мемлекеттердің оған қатысушылардың әрқайсысының мүдделерін ескере отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдарын қарауға енгізуді;
      Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыруға мониторинг жүргізуді және талдауды;
      Мүше мемлекеттер үшін өзекті өнеркәсіпті дамыту әдістерін айқындау мақсатында өнеркәсіптік дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеуді жүзеге асыруды;
      3) Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша мыналарды:
      бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыруды және іске асыруды туралы ержелердің жобаларын дайындауды;
      Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту жолындағы әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтауды және оларды кейіннен жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
      бірлескен өнім өндірудің кооперациялық тізбегін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
      Одақ шеңберінде өнеркәсіп өнімінің ішкі нарығына, сондай-ақ үшінші елдердің экспорттық нарықтарына мониторинг жүргізуді;
      мүше мемлекеттердің өнеркәсібін дамытуды талдауды;
      мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асырудың қағидалары, тәртібі мен тетіктері сияқты өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзге де (қосымша) құжаттарды, сондай-ақ ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісімдер әзірлеуді жүргізу болып табылады.
      Көрсетілген тізбесі толық болып табылады және ол Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша кеңейтілуі мүмкін.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 28 ҚОСЫМША    

Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 93-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік тауарларға қатысты субсидиялар беруді реттейтін, оның ішінде өнеркәсіптк тауарларды өндірумен, өткізумен (сақтауды, мүше мемлекеттің аумағынан әкетуді және тасымалдауды қоса алғанда) және (немесе) тұтынумен тікелей байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну немесе алу кезіндегі бірыңғай қағидаларды белгілейді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «әкімшілік-аумақтық бірліктер» - Ресей Федерациясының субъектілері (өзін-өзі басқару органдарын қоса алғанда) және Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының облыстары (Минск, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда);
      «ұқсас тауар» - тауарды өндіру, мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде ерекше субсидия пайдаланылатын тауарға толығымен сәйкес келетін тауар не мұндай тауар болмағанда тауарды өндіру, мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде ерекше субсидия пайдаланылатын тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;
      «өтемақы шарасы» - осы шараны енгізуге өтініш берген мүше мемлекеттің экономика саласына субсидиялайтын мүше мемлекеттің ерекше субсидияларының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;
      «құзыретті орган» - тегеп-тексеру жүргізуге жауапты мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы;
      «ұлттық экономика саласына келтiрiлген материалдық залал» – тауарды өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде субсидия ұсынған мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкелу салдары болған және мүше мемлекеттік аумағында ұқсас тауарды өндіру мен өткізу көлемінің қысқаруынан, осындай тауарды өндіру рентабельділігінің төмендеуінен, тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейіне және осы салаға салынатын инвестициялардың деңгейіне теріс әсер етуден көрінетін ұлттық экономика саласы жағдайының дәлелдермен расталған нашарлауы;
      «ұқсас тауарды ұлттық өндірушілер» - тергеп-тексеру жүргізетін мүше мемлекеттегі ұқсас тауарды өндірушілер;
      «ұлттық экономика саласы» - мүше мемлекеттегі ұқсас тауар өндірушелердің барлығы не олардың мүше мемлекеттегі ұқсас тауар өндірудің жалпы көлемінде үлесі кемінде 25 пайызды құрайтындары;
      «субсидия алушы» - субсидиядан пайда табушы болып табылатын өнеркәсіптік тауарды өндіруші;
      «субсидияланатын тауарды өндірушілер» - ерекше суібсидияны берген мүше мемлекеттің субсидияланатын тауарын өндірушілер;
      «өнеркәсіптік тауарлар» – 25 - 97 ЕАЭО СЭҚ ТН топтарында сыныпталатын тауарлар, сондай-ақ 2905 43 000 0, 2905 44 қосымша позицияларында, 3301, 3501 - 3505 позицияларында, 3809 10 және 3824 60 қосымша позицияларында, 4101 - 4103, 4301, 5001 00 000 0 - 5003 00 000 0, 5101 - 5103, 5201 00 - 5203 00 000 0, 5301, 5302 позицияларында (2905 43 000 0 қосымша позициясы - маннит, 2905 44 қосымша позициясы - сорбит, 3301 позициясы - эфир майлары, 3501 - 3505 позициялары - альбуминоидтық заттар, түрлендірілген крахмалдар, желімдер, 3809 10 қосымша позициясы – сыртқы қабатын өңдеуге арналған заттар, 3824 60 қосымша позициясы - сорбитол, басқа да өнімдер, 4101 - 4103 позициялары – терілер мен былғары шикізаты, 4301 позициясы – бөлінбеген аң терісі, 5001 00 000 0 - 5003 00 000 0 позициялары - жібек-аршылмаған жібек және жібек қалдықтары, 5101 - 5103 позициялары - жүн және жануарлар қылы, 5201 00 - 5203 00 000 0 қосымша позициялары – шитті мақта, мақта қалдықтары, таралған мақта талшықтары, 5301 позициясы – аршылмаған зығыр, 5302 позициясы – аршылмаған кендір) ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес сыныпталатын тауарларды қоспағанда, балық және балық өнімдері. Тауарлардың келтірілген сипаттамасының толық болуы міндетті емес.
      ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодтарының тізбесіне өзгерісті Комиссия Кеңесі енгізеді.
      «субсидияланатын тауар» – өндіру, тасымалдау, сақтау немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде ерекше субсидия пайдаланылған өнеркәсіптік тауар;
      «субсидиялайтын мүше мемлекет» - субсидиялайтын орган субсидиялар беретін мүше мемлекет;
      «субсидиялайтын орган» – мүше мемлекеттердің субсидия беру саласында шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын бір немесе бірнеше органы не жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
      «субсидия»:
      а) нәтижесінде артықшылық берілетін (қамтамасыз етілетін) және:
      ақша қаражаттарын тікелей аудару (мысалы, қайтарылмаған несие, кредиттер түрінде) немесе жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу немесе оны ұлғайту немесе осындай қаражаттарды аудару жөніндегі міндеттеме (мысалы, кредиттер бойынша кепілдік);
      мүше мемлекеттің кірісіне түсуі тиіс болған төлемдерді алудан толық немесе ішінара бас тарту (мысалы, салықтық жеңілдіктер, борышты есептен шығару) арқылы жүзеге асырылатын, субсидиялайтын органдарға көрсетілетін (немесе мүше мемлекет уәкілеттік берген құрылымға) қаржылық жәрдемдесу. Бұл ретте, ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын баждар мен салықтардан экспортталатын өнеркәсіптік тауарды босату не осындай баждар мен салықтарды азайту не іс жүзінде есепке жазылған сомадан аспайтын мөлшерде осындай баждар мен салықтарды қайтару субсидия ретінде қарастырылмайды:
      тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну (жалпы инфрақұрылымды қолдау және дамыту үшін арналған өнеркәсіптік тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді қоспағанда);
      өнеркәсіптік тауарларды сатып алу арқылы жүзеге асырылатын, субсидиялайтын органдарға көрсетілетін (немесе мүше мемлекет уәкілеттік берген құрылымға) қаржылық жәрдемдесу;
      б) кез келген мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауардың әкелінуін қысқартуға немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауардың әкелінуін ұлғайтуға қолданылатын (тікелей немесе жанама), соның нәтижесінде артықшылық берілетін, кірістер мен бағаларды қолдаудың кез келген басқа нысаны;
      «ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатері» - ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы;
      «ұлттық экономика саласына залал» - ұлттық экономика саласына материалдық залал, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатері немесе ұлттық экономика саласын құруды едәуір баяулату.

I. Ерекше субсидиялар

      3. Субсидиялайтын органның өкiлеттiлiгi қолданылатын аумақтың шегiнде субсидия өнеркәсiп кәсiпорны немесе өнеркәсiп саласы немесе өнеркәсiптік кәсiпорындар топтары немесе өнеркәсiп салалары (бұдан әрi - белгiлi бiр кәсiпорындар) үшiн ерекше болып табылатынын айқындау үшiн мынадай қағидаттар қолданылады
      1) егер субсидиялайтын орган немесе оған сәйкес субсидиялайтын орган әрекет ететін құқықтық акт белгілі бір кәсіпорындар үшін ғана субсидияларға қол жеткізуді айқын шектесе, мұндай субсидия - өнеркәсіптік кәсіпорындар тобына немесе өнеркәсіп салаларының тобына субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағындағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе өнеркәсіп салалары кірмейтін жағдайда, ерекше ретінде қаралады;
      2) егер субсидиялайтын орган немесе оған сәйкес субсидиялайтын орган әрекет ететін құқықтық акт субсидияны алуға және оның мөлшеріне құқықты айқындайтын объективті критерий немесе шарттар (бейтарап болып табылатын, кейбiр кәсiпорындар үшiн басқа кәсiпорындармен салыстырғанда артықшылықтар бермейтін, сипаты жағынан экономикалық және қолдану тәсіліне қарай деңгейлес болып табылатын критерийлер, мысалы, жұмыспен қамтылғандар саны немесе кәсiпорындардың мөлшерi сияқты) белгілесе, мұндай субсидия – оны алу құқығы автоматты болған кезде және осындай критерийлер мен шарттар қатаң түрде орындалған кезде ерекше ретінде қаралмайды. Критерийлер мен шарттар заңда, нұсқаулықта, құқықтық актіде немесе басқа да ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай анықталуы тиіс.
      3) егер, осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген қағидаттарды қолданудан туындайтын ерекшелік болмаудың көрінуіне қарамастан, субсидия шын мәнінде ерекше болуы мүмкін деп пайымдауға негіз болса, онда мынадай факторлар назарға алынуы мүмкін, бұл ретте, субсидиялайтын органның өкілеттігі қолданылатын аумақ шегіндегі экономикалық қызметті әртараптандыру дәрежесі, сондай-ақ осындай субсидия қолданылатын уақыт ұзақтығы ескерілгені жөн:
      белгілі бір кәсіпорындардың шектеулі санының субсидияны пайдалануы;
      белгілі бір кәсіпорындардың субсидияны артықшылықпен пайдалануы,
      кейбір кәсіпорындарға субсидиялардың қомақты сомасының пропорционалды емес бөлінуі;
      субсидия беру туралы шешім қабылдау кезінде субсидиялайтын орган ие дискреттілікті пайдалану тәсілі (осы тұрғыдан, көбінесе, субсидиялауға өтінімдерден бас тарту немесе оны мақұлдау жиiлiгi туралы ақпарат және тиiстi шешiмдердiң уәжi назарға алынады).
      4. Субсидиялайтын органның өкiлеттiлiгi қолданылатын аумақтың бiр бөлiгi болып табылатын, белгiленген географиялық өңiрде орналасқан белгiлi бiр кәсiпорындардың пайдалануы шектелген субсидия ерекше болып табылады. Мүше мемлекеттiң мемлекеттiк органының өзінің өкілеттігі қолданылатын бүкiл аумақ шегiнде қолданылатын салықтық мөлшерлемелерді енгiзуi немесе өзгертуi ерекше субсидия ретiнде қаралмайды.
      5. Осы хаттаманың ІІІ бөлімінің ережесiне сәйкес келетiн кез келген субсидия ерекше ретiнде қаралады.
      Осы бөлім сәйкес субсидияның ерекше болып табылу фактісін анықтау субсидия ерекшелiгiнiң дәлелдемелерiнiң болуына негiзделеді.
      6. Мүше мемлекет ерекше субсидия беруін келісу мақсатында Комиссияға өтініш білдіруге құқылы.
      Мүше мемлекеттер Комиссиямен келісілген шарттардағы және көлемдердегі мерзімге берілетін субсидияларға өтемақы шараларын қолданбайды.
      Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта белгіленген мерзімде міндетті хабар беру тәртібімен ерекше субсидияларды беруді көздейтін нормативтік құқықтық актілерді Комиссияға жолдайды.
      Егер мүше мемлекеттердің біреуінде ерекше субсидияны басқа мүше мемлекеттің беруі ұлттық экономика саласына залал келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіз болса, онда мұндай мүше мемлекет Комиссияның тиісті тексеру жүргізуіне бастамашылық етуге құқылы.
      Тексеру қорытындылары бойынша ұлттық экономика саласына залал келтірілгені расталған жағдайда, онда Комиссия мұндай ерекше субсидия берген мүше мемлекет, егер тексеруге тартылған мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберінде халықаралық шартта белгіленген мерзім ішінде өзгеше уағдаласпаса, залалға әкеп соқтырған жағдайларды жоюға міндетті деп шешім қабылдайды.
      Комиссия осындай шешімді орындау үшін ақылға қонымды мерзім белгілейді.
      Егер өзіне қатысты көрсетілген шешім қабылданған мүше мемлекет Комиссияның осы шешімін белгіленген мерзімде орындамаса, басқа мүше мемлекеттер Одақ Сотына жүгіне алады.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының  1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      7. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде халықаралық шартпен мыналарды:
      Ерекше субсидияны Комиссиямен ерікті келісу және Комиссияның тиісті шешімдер қабылдау тәртібін;
      Комиссияның тексеруді (оның ішінде, осы Хаттамада белгіленген ерекше субсидияларды беру және пайдаланудың шарттарын, тәртібін бұзу фактілері бойынша) жүргізу тәртібін;
      Комиссия соның негізінде ерекше субсидияларға жол берілетіні немесе жол берілмейтіні туралы шешім қабылдайтын критерийлер (оның ішінде, мүше мемлекеттердің өндірушілері арасындағы қалыптасқан және жаңа кооперациялық байланыстарды дамыту ескеріле отырып);
      Комиссияның берілетін субсидиялар туралы ақпаратты сұрату тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      Көрсетілген халықаралық шарттың күшіне ену мерзімі Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген.
      8. Ерекше субсидиялар алу үшін мүше мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты белгілі бір тауарды өндіру кезінде технологиялық операцияларды жүзеге асыру қажеттігі туралы талап белгілесе, онда басқа мүше мемлекеттерде мұндай операцияларды жүзеге асыру, егер оларды жүзеге асыру үшін басым түрде шикі және субсидиялайтын мүше мемлекеттің материалдары пайдаланылған болса, осындай талапты тиісінше орындау деп таныалды.

II. Тыйым салынған субсидиялар

      9. Субсидиялардың мынадай түрлерiне тыйым салынған:
      әкетiлетiн субсидиялар - берiлуi осы субсидияны беретiн мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарды әкету нәтижелерiмен жалғыз немесе бiрнеше шарттардың бiрi ретiнде байланысқан субсидиялар;
      алмастырушы субсидиялар - субсидияны беретiн мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды пайдалана отырып, берiлуi жалғыз немесе бiрнеше шарттардың бiрi ретiнде байланысқан субсидиялар.
      Байланысқан деп – субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкету нәтижелерімен немесе осындай мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарды пайдаланумен заңдық тұрғыдан байланысты емес, шын мәнінде іс жүзіндегі немесе күтілетін экспортпен (әкетумен) немесе экспорттық түсіммен (әкету кезіндегі түсіммен) немесе субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды пайдалану жөніндегі талаптармен айланысты, субсидияларды беру туралы куәландыратын фактілердің болуы түсініледі.
      Субсидия шаруашылық жүргiзу субъектiлерiне берілетіні туралы факт оны әкетілетін өнеркәсіптік субсидия деп есептеуге негіз болмайды.
      10. Егер бір мүше мемлекеттің ерекше субсидияны беру нәтижесi басқа мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтіру болып табылса, онда мұндай субсидия тыйым салынған субсидия болып табылады
      Ұлттық экономика саласына залал келтіру осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес дәлелденуге тиіс.
      11. Мүше мемлекеттер сақталуы ерекше субсидиялар алуға қажеттi, субсидиялайтын органының нормативтiк құқықтық актiсiнiң немесе құқықтық актiсiнiң негiзiнде қолданылатын және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін шараларды сақтамайды және енгізбейді:
      1) мынадай:
      шаруашылық жүргiзу субъектiлерiнiң шараны енгiзетiн мүше мемлекеттің аумағынан немесе (нақты тауарлар, олардың көлемi немесе құны не олардың жергiлiктi өндiрiс көлемiнің немесе құнының үлесін айқындайтынына қарамастан) кез-келген көрсетiлген субсидиялайтын органның жергiлiктi өндiру көзiнен шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды сатып алу немесе пайдалану;
      шараны енгiзген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарлардың осы шаруашылық жүргiзушi субъектi әкететін көлемiмен немесе құнымен байланысты санда шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кез келген мүше мемлекеттің аумағынан әкелiнетiн өнеркәсіптік тауарларды сатып алуын немесе пайдалануын шектеу талап қамтылатын;
      2) мыналарды:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кез келген мүше мемлекеттiң аумағынан жергiлiктi өндiрiсте пайдаланылатын немесе осындай өндіріске қатысы бар өнеркәсіптік тауарларды әкелуін (оның ішінде, шараны енгізетін мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын және басқа мүше мемлекеттің аумағына осы шаруашылық жүргізуші субъект әкететін тауарлардың көлеміне немесе құнына байланысты);
      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кәсiпорынға тиесiлi осы валютаның түсiм көлемiнде кез келген мүше мемлекеттің валютасына қолжетiмдiлiктi шектеу арқылы жергiлiктi өндiрiсте пайдаланылатын немесе осыған қатысы бар өнеркәсіптік тауарларды кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шаруашылық жүргізуші субъектінің әкелуiн;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарларды әкетуiн немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң (тауардың нақтылығына, олардың көлемiне немесе құнына не осы шаруашылық жүргiзу субъектiсi жүзеге асыратын олардың жергiлiктi өндiрiс көлемінің немесе құнының үлесіне байланысты) кез келген мүше мемлекеттің аумағында өнеркәсіптік тауарларды сатуын шектейтін.
      12. Берiлуi кез келген мүше мемлекеттің мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соғатын ерекше субсидияларға тыйым салынған. Мүше мемлекеттің мүдделерiне елеулi нұқсан келтiру ерекше субсидия беру нәтижелерi төмендегiше болғанда туындайды:
      1) ұқсас тауарды субсидиялайтын мүше мемлекеттің нарығынан ығыстыру немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың субсидиялайтын мүше мемлекеттің нарығына әкелiнуiнiң өсуiн тежеу;
      2) үшiншi мүше мемлекеттің нарығынан кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауарды ығыстыру немесе осындай ұқсас тауардың үшiншi мүше мемлекеттің аумағына әкетiлуiнiң өсуiн тежеу;
      3) өндiру, тасымалдау немесе ерекше субсидия пайдаланған субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезiнде өнеркәсіптік тауардың бағасын басқа мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың кез келген мүше мемлекеттің нарығындағы бағасына қатысты едәуір төмендету не бағалардың өсуiн немесе бағалардың құлдырауын елеулi тежеу немесе сол бiр нарықтағы жiберiп алынған сатулар.
      13. Осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген мүдделерге елеулi нұқсан келтiру осы бөлімге сәйкес айқындалады, осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес дәлелденеді.
      14. Мүше мемлекеттердiң аумақтарында осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетiлген шаралар, сондай-ақ тыйым салынған субсидиялар, оның ішінде мыналар сақталмайды және берiлмейдi (бұл ретте тауарлар экспорты деп субсидиялайтын мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкету ұғынылады):
      1) экспорттаушыны мүше мемлекетке валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сатудан босататын немесе ұлттық валютаның ішінара құнсыздануы арқылы валютаның көптеген бағамын қолдануға жол беретін бағдарламалар, осыған байланысты, экспорттаушы бағамдық айырмашылық есебінен басымдыққа ие болады;
      2) ішкі нарықтағы тасымалдармен салыстырғанда анағұрлым жеңілдікті жағдайларда мүше мемлекет белгілейтін немесе алатын экспорттық тиелімдер үшін ішкі көлік немесе кеме тарифтері;
      3) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қарағанда анағұрлым жеңілдікті жағдайларда экспортталатын тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
      4) экспорт нәтижелерімен немесе көрсетілген жеңілдіктерді ұсынатын мүше мемлекет аумағындағы тауарларды пайдаланумен байланысты шаруашылық субъектілері төлейтін немесе төлеуге тиіс салықтарды немесе кез келген басқа аударымдарды төлеуден толық немесе ішінара босату, төлеуді кейінге қалдыруды немесе азайтуды ұсыну. Бұл ретте салықтарды төлемегені үшін төленуі тиіс өсімпұл алынса, кейінге қалдыру міндетті түрде тыйым салынған субсидия болып табылмайды. Экспортталатын тауардан нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын алу тыйым салынған субсидия белгісі болып табылмайды;
      5) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлармен салыстырғанда үлкен көлемде тауарларға салық салу базасын қысқартатын экспорттың нәтижелерімен байланысты арнайы шегерулер;
      6) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салық салу базасын есептеу үшін қолданылатын салықтарды немесе арнайы шегерулерді төлеуден босатуға, азайтуға, кейінге қалдыруға қарағанда экспорттық тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салық салу базасын есептеу үшін қолданылатын салықтарды немесе арнайы шегерулерді үлкен көлемде төлеуден босату, азайту, кейінге қалдыру;
      7) ішкі нарықта тұтынуға арналған ұқсас өнім өндірісінде пайдаланылатын дәл осындай шикізат пен материалдарға қарағанда экспорттық өнім өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға анағұрлым төмен мөлшерлеме бойынша кедендік төлемдерді алу не ішкі нарықта өткізілетін ұқсас өнім өндірісінде пайдаланылатын дәл осындай шикізат пен материалдарға қарағанда үлкен көлемде экспорттық өнім өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға арналған кедендік төлемдерді қайтару;
      8) нақты тауарлар, олардың көлемі немесе құны не үлесі олардың жергілікті өндіріс көлеміне немесе құнына байланысты айқындалатынына қарамастан, өндірілген өнім құрамында отандық материалдардың немесе шикізаттың болуы міндетті болып табылса, өнім өндірісінде пайдаланылған импорттық шикізат пен материалдардан алынатын импорт баждарын азайту немесе қайтару;
      9) экспорттық кредиттерді кепілдендіру немесе сақтандыру, экспорттық тауарлар құнының өсуінен немесе валюталық тәуекелдерден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді операциялық шығыстарды немесе залалдарды өтеу үшін жеткіліксіз сыйақыларды алып қою;
      10) нарықтық жағдайларда мұндай кредиттерді алушылар салыстырмалы кредитті пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиіс (кредитті өтеу мерзімі бірдей, кредит валютасы және т.б.) мөлшерлемелерден төмен мөлшерлемелер бойынша экспорттық кредиттерді беру не экспорттаушылар немесе қаржы мекемелері кредитті алумен байланысты жұмсаған шығыстардың барлығын немесе бір бөлігін төлеу. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына Ресми экспорттық кредиттер бойынша уағдаластықтардың пайыздық мөлшерлемелері туралы ережелерге сай келетін экспорттық кредиттеу практикасы тыйым салынған субсидия ретінде қаралмайды;
      11) мұндай субсидиялау экспорт нәтижелерімен немесе импорттық тауарлардың орнына отандық тауарларды пайдаланумен байланысты болған жағдайда кәсіпорынға босатылатын электр энергиясына немесе электр жеткізгіштерге арналған тарифтерді төмендету.
      15. Комиссия осы Хаттаманы басшылыққа ала отырып, жол берілгендер ретінде тыйым салынған субсидияларды келіспейді.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының  1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      16. Егер бір мүше мемлекетте екінші мүше мемлекеттің субсидиялайтын органы тыйым салынған субсидияларды берген және (немесе) сақталуы осы Хаттамаға сәйкес ерекше субсидиялар алу үшін қажетті шараларды енгiзген деп есептеуге негiз болған жағдайда, бірінші мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекетке осындай тыйым салынған субсидияларды немесе шараларды алып тастау туралы консультациялар өткiзу жөнiндегi өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар.
      17. Ресми дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың  16-тармағында көрсетiлген консультациялар өткiзу туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 айдың iшiнде мүше мемлекеттер өзара келiсiмге қол жеткізілмесе, онда орын алып отырған келiспеушiлiктер Шарттың 93-бабына сәйкес шешiледi.
      Егер дауларды шешу рәсiмiнiң нәтижелерi бойынша мүше мемлекеттердің бiрi осы Хаттаманың 9 және 12-тармақтарында көрсетiлген тыйым салынған субсидияларды бергендiгi және (немесе) осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетiлген шараларды қолданатыны туралы шешiм қабылданса, онда мүше мемлекет осындай тыйым салынған субсидияларды немесе басқа мүше мемлекеттердің ұлттық экономикасына залал келтіру шараларын, осындай тыйым салынған субсидиялар мен шаралар нәтижесiнiң басқа да мүше мемлекеттердің ұлттық экономикасына залал келтiрiлуiне қарамастан, оларды дереу және сөзсiз тоқтатады және осы Хаттаманың 89–94-тармақтарына сәйкес осындай тыйым салынған субсидияларға қатысты өтеу шарасын енгiзедi.
      18. Субсидиялайтын органдар осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес шараларды қолдану арқылы субсидияларды белгiленген өтпелi кезең iшiнде беруге құқылы.

IV. Рұқсат етiлетiн субсидиялар

      19. Осы Хаттамаға сәйкес тыйым салынған және ерекше болып табылмайтын субсидиялар, берiлуi мүше мемлекеттердің өзара саудасын бұрмаламайтын рұқсат етілетін субсидиялар ретiнде танылады.
      Мүше мемлекеттер осындай субсидияларды шектеусiз беруге құқылы және осындай субсидияларға қатысты осы Хаттаманың өтеу және қарсы шараларын қолдануға немесе субсидияларды беруге тыйым салуға қатысты ережелері қолданылмайды.
      20. Мүше мемлекеттер осы бөлімде көзделген рұқсат етілген субсидияларды Комиссиямен келіспей беруге құқылы.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      21. Осы Хаттаманың VIІ бөлімінде көрсетiлген, осы Хаттаманың II бөліміне сәйкес ерекше болып табылатын, бірақ мүше мемлекеттер өзара сауданы бұрмаламайды деп таныған субсидиялар осы Хаттаманың VIII бөлімiне сәйкес өтеу шараларын қабылдауға негiз болмайды.

IV. Тексерулерді жүргізу тәртібі

      22. Мүше мемлекеттің аумағында берiлетiн субсидиялардың осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес келуiн талдау, сондай-ақ ерекше субсидия ұсынған мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланатын тауарды әкелу не субсидиялайтын мүше мемлекет нарығынан ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан ұлттық экономика саласына келетiн залалдың бар-жоғын анықтау мақсатындағы тексерудi осы мүше мемлекеттің аумағында тiркелген ұлттық ұқсас тауар өндiрушiлердiң осы Хаттамаға сәйкес жазбаша нысанда берген өтiнiшi (бұдан әрі - өтініш) негiзiнде мүше мемлекеттің құзыреттi органы жүргiзедi не құзыреттi органның өз бастамасы бойынша жүргiзiледi.
      23. Өтiнiштi ұлттық ұқсас тауар өндiрушi немесе қатысушыларының қатарына ұлттық экономика саласын құраушы өндiрушiлер кiретiн осындай өндiрушiлер бiрлестiгi, сондай-ақ, аумағында осы өкілдер тiркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиiстi дәрежеде ресiмделген өкiлеттiктерi бар осы тұлғалардың өкiлдерi (бұдан әрі - өтiнiш берушi) бередi.
      24. Өтiнiште мыналар қамтылуы тиiс:
      1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер;
      2) тауар сипаттамасы (өндiрушi ел және ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетiлген);
      3) ерекше субсидияның болуы, сипаты мен көлемi туралы мәлiметтер;
      4) субсидияланатын тауар өндiрушiлер туралы мәлiметтер;
      5) ұлттық ұқсас тауар өндiрушiлер туралы мәлiметтер;
      6) құзыреттi органға өтiнiш беру алдында 3 күнтiзбелiк жыл бұрын өтiнiш берiлетiн мүше мемлекеттiң аумағына субсидияланатын тауарды әкелу көлемiнiң өзгеруi туралы мәлiметтер;
      7) құзыреттi органның тиiстi өтiнiш берiлетiн мүше мемлекеттiң аумағынан ұқсас тауарды мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттерiнiң аумағына әкету көлемiнiң өзгеруi туралы мәлiметтер;
      8) субсидияланатын тауарды әкелудің не субсидиялайтын мүше мемлекеттің нарығынан ұқс ас тауарды ығыстырудің салдарынан ұлттық экономика саласына келтiрiлетiн залалдың бар екендiгiнiң дәлелдемелерi. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залалдың болуы және материалдық залал келтiру қатерлерiнiң болу дәлелдемелерi объективтiк факторларға негiзделедi, олар ұлттық экономика саласының экономикалық ахуалын сипаттайды және сандық көрсеткiштерде (оның iшiнде тауар өндiрiсiнiң көлемi және оны сату көлемi, мүше мемлекет нарығындағы тауар үлесi, тауар өндiрудiң өзiндiк құны, тауар бағасы, өндiрiс қуаттарының жүктемесi, еңбек өнiмдiлiгi, пайда көлемдерi, өндiрiс пен тауарлар сату рентабельдiлiгi туралы, ұлттық экономика саласындағы инвестициялар көлемi туралы деректер) көрсетiлуі мүмкін;
      9) өтiнiш берудiң алдындағы 3 күнтiзбелiк жылда мүше мемлекеттердiң бiрыңғай кедендiк аумағына ұқсас тауар импорты көлемiнiң (сандық және құндық мәнде) өзгеруi туралы мәлiметтер;
      10) өтiнiш берудiң алдындағы 3 күнтiзбелiк жылда Одақтың кедендік аумағынан (сандық және құндық мәнде) ұқсас тауар экспорты көлемінің өзгеруі туралы мәлiметтер;
      11) талданатын кезеңде ұлттық экономика саласына әсер етуi мүмкiн басқа да факторларды талдау.
      25. Өтiнiште бар құндық көрсеткiштердi көрсету кезiнде салыстыру мақсатында сыртқы сауда статистикасын жүргiзу үшiн Комиссия белгiлейтін ақша бiрлiгi пайдаланылады.
      26. Өтiнiш, оған құпия емес нұсқадағы қосымшасы бар (егер өтiнiште құпия ақпарат болса) құзыреттi органға ұсынылады және осы органға өтiнiш түскен күннен бастап тiркелуге жатады.
      27. Өтiнiш мынадай негiздер бойынша қабылданбайды:
      өтiнiш берушiнiң осы Хаттаманың 23-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;
      осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетiлген материалдардың өтiнiш беру кезiнде ұсынылмауы;
      өтiнiш берушi берген мәліметтердің анық болмауы.
      Басқа негiздер бойынша өтiнiштердi қабылдамауға жол берілмейді.
      28. Тексерудiң басталуы туралы шешiм қабылдағанға дейiн құзыреттi орган жазбаша нысанда, қарастырылып отырған ерекше субсидия аумағында берiлген мүше мемлекеттiң уәкiлеттi органына өтiнiш түскенi туралы хабарлайды.
      29. Құзыреттi орган тексерудi бастау туралы шешiм қабылдау мақсатында осы өтiнiш тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк 30күн iшiнде, осы Хаттаманың 24-тармағына сәйкес осы өтiнiште қамтылған мәлiметтер мен дәлелдемелердiң анықтығын және жеткiлiктiлігiн зерделейдi. Көрсетiлген мерзiм құзыреттi орган өтiнiш берушiден қосымша мәлiметтер алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн, бiрақ өтініш тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк 40 күннен аспауға тиiс.
      30. Өтiнiштi, оны тексеру барысында немесе басталғанға дейін өтiнiш берушi қайтарып ала алады.
      Егер өтiнiш тексеру басталғанға дейін қайтарып алынған жағдайда, мұндай өтiнiш берiлмеген болып есептеледi.
      Егер өтiнiш тексеру жүргiзу барысында қайтарылып алынған жағдайда, құзыреттi органның шешiмi бойынша ол не тоқтатылады не жалғаса бередi.
      31. Өтiнiштi қарауға қабылдағаннан кейiн және тексерудi бастау туралы шешiм қабылдағанға дейiн құзыреттi орган ерекше субсидия берген мүше мемлекетiнiң уәкiлеттi органына ерекше субсидиялардың болуына, мөлшерi және пайдаланылуына, сондай-ақ оны берудiң салдарын және өзара қолайлы шешiмге қол жеткізуге қатысты жағдайды нақтылау мақсатында консультациялар жүргiзудi ұсынады. Мұндай консультациялар тексеру барысында да жалғасуы мүмкiн.
      32. Ерекше субсидиялардың болуы, мөлшерi және қолданылуына, сондай-ақ ерекше субсидия беру салдарына қатысты консультациялар жүргiзу құзыреттi органның тексерудi бастау туралы шешiм қабылдауына, сондай-ақ осындай тексерулер қорытындылары бойынша басқа мұше мемлекет аумағында берiлген ерекше субсидияның осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестiгi және (немесе) ерекше субсидия берген мүше мемлекет аумағынан субсидияланған тауарды әкелу салдарынан немесе ерекше субсидия берген мүше мемлекет нарығынан немесе үшiншi мүше мемлекет нарығынан ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан және аумағында ерекше субсидиялауды қарау ұсынылып отырған мүше мемлекетке өтемақы шарасын енгiзу туралы өтiнiш беру салдарынан зиян келтiрiлгенi туралы қорытынды дайындауына кедергi жасамайды.
      33. Құзыреттi орган осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн тексерудi бастау немесе оны жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Тексерудi жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдаған кезде құзыреттi орган осындай шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын мерзімде өтiнiш берушiні тексерудi жүргiзуден бас тартудың себебi туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      Тексерудi бастау туралы шешiм қабылданған кезде құзыреттi орган ерекше өнеркәсiптiк субсидия берген мүше мемлекеттiң құзыреттi органын, сондай-ақ оған белгiлi мүдделi тұлғаларды қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi және тексерудi бастау туралы шешiм қабылданғаннан бастап 5 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде тексерудi бастау туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етедi. Тексерудi бастау туралы хабарландыру жарияланған күн тексеру басталған күн болып танылады.
      34. Құзыреттi орган, егер осы органда осы Хаттама бөлімдері ережелерінің бұзылу фактiсi және (немесе) осы мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланған тауарды әкелу салдарынан немесе ерекше субсидия берген мүше мемлекеттің нарығынан немесе үшiншi мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды субсидияланған тауардың ығыстыруы салдарынан ұлттық экономика саласына зиян келуi дәлелдерi болған жағдайда, тексерудi бастау туралы шешiмдi өз бастамасымен де қабылдай алады.
      Тексерудi бастау үшiн осындай дәлелдер жеткiлiксiз болған жағдайда, мұндай тексерудi бастауға болмайды.
      35. Тексерудi бастау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн құзыреттi орган оған белгiлi ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерiне және тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауарды өндiрушiлерге осы тексеру жүргiзу мақсатында жауап қайтарулары тиiс сұрақтар тiзбесiн оларға жолдайды.
      Сұрақтар тiзбесi оны поштамен жiберген күннен бастап күнтiзбелiк 7 күннен кейiн немесе оны ұлттық немесе шетелдiк өндiрушiнiң өкiлiне тiкелей берiлген күннен бастап алынған болып есептеледi.
      Ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерi мен сұрақтар тізбесі жолданған тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауарды өндiрушiлер өздері осындай тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уәкілетті органға өздерінің жауаптарын береді. Ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерi мен сұрақтар тізбесі жолданған тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауарды өндiрушiлердің дәлелдi және жазбаша нысанда жазылған өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмдi құзыреттi орган күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
      36. Жүргiзiлiп жатқан тексеруге байланысты қосымша мәлiметтер алу немесе тексеру барысында ұсынылған мәлiметтердi тексеру мақсатында құзыреттi орган тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауардың тиiстi өндiрушiсiнiң осыған келiсiмi болған жағдайда, сондай-ақ тиiстi мемлекет үкiметiнiң өкiлдерiн алдын ала хабардар етілген және осы мемлекет тарапынан тексерудi оның аумағында жүргiзуге қатысты қарсылықтары болмаған жағдайда, тексерудi арнайы өнеркәсiптiк субсидия берген мүше мемлекеттiң аумағында жүргiзуi мүмкiн.
      Жүргiзiлiп жатқан тексеруге байланысты, қосымша мәлiметтер алу немесе тексеру барысында ұсынылған мәлiметтердi тексеру мақсатында құзыреттi орган өз өкiлдерiн ұқсас тауардың ұлттық өндiрушiлерi орналасқан жерге жiберуге, мүдделi тұлғалармен консультациялар мен келiссөздер жүргiзуге, тексеру объектiсi болып табылатын субсидияланатын тауардың үлгiлерiмен танысуға және басқа да тексеру жүргiзiлiп жатқан мүше мемлекетiнiң заңнамасына қайшы келмейтiн, тексеруге қажеттi басқа да iс-қимылдар жасауға құқылы.
      37. Құзыреттi орган тексеру жүргiзу барысында өнеркәсiптiк субсидия берген немесе берушi қаралып жатқан өнеркәсiптiк субсидияны ұсынушы мүше мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдарына, сондай-ақ мүдделi тұлғаларға жүргiзiлiп отырған тексеруге қатысы бар, ақпарат беру туралы сауал жолдай алады.
      38. Мүдделi тұлғалар тексерудiң басталуы туралы хабарламада көрсетiлген күннен кешiктiрмей тексеру жүргiзу мақсаты үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде осындай мәлiметтер алу көздерiн көрсете отырып, құпия ақпаратты ұсынуға құқылы. Құзыреттi орган мүдделi тұлғалардан қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы.
      39. Тексеруге қатысы бар дәлелдер және мәлiметтер, құзыреттi органға тексеру жүргiзiлiп жатқан мүше мемлекетте мемлекеттiк болып табылатын тiлде ұсынылуы, ал шетел тiлiнде жасалған құжаттардың түпнұсқасы аудармамен қоса берiлуi (ұсынылған аударма куәландырылып) тиiс.
      40. Құпия ақпаратты қорғау қажеттiлiгiн ескере отырып құзыреттi орган осы Хаттамаға сәйкес тексеру барысында мүдделi тұлғаларға олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша, тексеру мәнiне қатысты, дәлелдер ретiнде кез келген мүдделi тұлға жазбаша нысанда ұсынған мәлiметтермен танысуға мүмкiндiк бередi. Құзыреттi орган барлық тексеруге қатысушыларға тексеруге қатысы бар және тексеру барысында олар пайдаланатын, алайда осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын басқа да мәлiметтермен танысуға мүмкiндiк бередi.
      41. Кеден ісі саласындағы, мемлекеттік статистиканы енгізуге уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары, мүше мемлекеттердің басқа да мемлекеттік билік (басқару) органдары мен аумақтық (жергілікті) мемлекеттік билік (басқару) органдары тексеру жүргізуге көмек көрсетуі және мәліметтерге (оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын) тексеру жүргізу мақсатында қажетті құзыретті органның сұрау салуы бойынша ұсынуы тиіс.
      42. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру басталған күннен бастап 6 айдан аспауы тиіс.
      Тексеру, құзыретті орган тексеру нәтижелерін өз мемлекеті үкіметінің қарауына жіберген күні аяқталды деп есептеледі.
      43. Тексеру нәтижелері бойынша құзыретті орган басқа мүше мемлекеттің аумағында ұсынылған субсидиялардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі туралы қорытынды әзірлейді.
      44. Егер, тексеру нәтижелері бойынша осы Хаттама ережелерінің бұзылғаны және (немесе) мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтірілгені дәлелденген жағдайда, тексеру жүргізген құзыретті орган аумағында ерекше субсидия қаралып жатқан мүше мемлекетке өтеу шарасы туралы өтініш беріледі.
      45. Мүше мемлекеттің аумағында ұлттық экономика саласын анықтаған кезде, тексеру жүргізетін құзыретті орган екі немесе одан да көп бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал ұлттық өндірушілер, егер, мұндай өндірушілер осындай нарықта өздері шығаратын ұқсас тауардың кемінде сексен пайызын сатса және осындай нарықта ұқсас тауарға сұраныс тексеру жүргізетін мүше мемлекеттік қалған аумағында орналасқан аталған өнімнің ұлттық өндірушілерін айтарлықтай қанағаттандырмаса, көрсетілген нарықтардың бірі ретінде жеке ұлттық экономикалық саласы ретінде қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, зиянның болуы, ұлттық экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, субсидияланатын тауарды сату көрсетілген бәсекелес нарықтардың біріне бағытталған жағдай кезінде зиян келтірілмесе де және субсидияланатын тауарды әкелу ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне осындай бір нарықтың шегінде кемінде сексен пайыз зиян келтірсе де белгіленуі мүмкін.
      46. Ерекше субсидия мөлшері осындай субсидия алушы алатын пайда көлемінің негізінде айқындалады. Ерекше субсидияның пайдасын есептеу кезінде құзыретті орган:
      1) субсидиялайтын органның ұйым капиталына қатысуы, егер мұндай қатысу тиісті мүше мемлекеттің аумағында қарапайым инвестициялық жобаға сәйкес келмейтін (қауіп капиталын қоса алғанда) ретінде бағаланбаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды;
      2) субсидиялайтын органдарға ұсынылған кредит, егер кредитті алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін соманың және аталған ұйым тиісті мүше мемлекеттің кредит нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлеуі мүмкін соманың арасында айырмашылық болмаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Олай болмаған жағдайда мынадай сомалардың арасындағы айырмашылық пайда болып есептеледі;
      3) субсидиялайтын органның кредитке кепілдік беруі егер, кепілдік алған ұйым субсидиялайтын орган кепілдік берген кредит үшін төлейтін соманың және ол мемлекеттік кепілдіксіз салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлеуі мүмкін соманың арасында айырмашылық болмаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Олай болмаған жағдайда комиссиялық айырмашылыққа түзетуі бар осы сомалардың арасындағы айырмашылық пайда болып есептеледі;
      4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы егер, тауарлар немесе қызметтер дұрыс ақы төлеуден кемге жеткізілсе не сатып алу дұрыс ақы төлеуден артыққа жүзеге асырылмаса ерекше субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Ақы төлеудің дұрыстығы бағасын, сапасын, қолжетімділігін, таратылуын, тасымалдануын және тауарларды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда тиісті мүше мемлекеттердің нарығында мынадай тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен сатудың қолданыстағы нарықтық шартына байланысты айқындалады деп есептейді.
      47. Субсидия мөлшерін есептеу құзыретті орган тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің аумағына әкелінген не аумағына ерекше субсидия ұсынылатын мүше мемлекеттің нарығында немесе басқа мүше мемлекеттің нарығында сатылатын тауардың бірлігіне (тоннасына, текше метріне, данасына және басқаларына) есептеледі.
      48. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде егер, инфляция қарқыны алынған нәтижелерді бүлдіре алатындай жоғары болған жағдайда тиісті мүше мемлекеттің инфляция көрсеткіштері ескерілуі тиіс.
      49. Тауар бірлігіне субсидия мөлшері осы мақсаттарға ерекше субсидияларын ұсынған тиісті мүше мемлекеттер шығыстарының мөлшеріне байланысты белгіленеді.
      50. Тауар бірлігіне субсидия мөлшерін есептеу кезінде мұндай тауардың құны мұның алдында субсидия алынған және қажетті деректері бар субсидия алушы заңды тұлғаның 12 айдағы жалпы сату құны ретінде айқындалады.
      51. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде субсидияның жалпы сомасынан кез келген тіркеу алымының сомасын немесе субсидия алу үшін жұмсалған басқа да шығыстарды есептеп алу қажет.
      52. Егер субсидия өндірілген, әкетілген немесе тасымалданған тауардың белгілі бір санына қатысты емес берілсе, онда тауар бірлігіне арналған субсидия мөлшерін есептеу субсидияның жалпы сомасын қажеттілігіне қарай субсидияланатын әкелінетін тауардың үлесін тауарды өндірудің, сатудың немесе әкетудің жалпы көлемінде ескере отырып субсидия берілген кезеңге осындай тауарды өндірудің, сатудың немесе әкетудің көлеміне бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      53. Егер субсидия негізгі қорларды дамытуға немесе сатып алуға байланысты берілсе, онда субсидия мөлшерінің есебі субсидияларды ерекше субсидияны ұсынған тиісті мүше мемлекеттердің қаралатын экономика саласындағы осындай негізгі қорлар амортизациясының орташа мерзіміне бөлу жолымен жүзеге асырылады. Тауар бірлігіне субсидия мөлшерін есептеу амортизация мерзімі әлі күнге дейін аяқталмаған тексерумен қамтылған кезең басталғанға дейін негізгі қорларды сатып алу үшін ұсынылған субисидияларды да қамтиды.
      54. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде, егер уақыттың әртүрлі кезеңдеріне немесе бір немесе сол тауар үшін әртүрлі мақсаттарға ұсынылған субсидиялардың ауқымы әртүрлі болса, тауар өндірісінің, сатып алынуының немесе әкетілуінің көлеміне қарай субсидия көлемінің орташа жан басына шаққандағы жоғары көрсеткіштері қолданылады.
      55. Егер субсидия салық жеңілдіктері нысанында берілсе, тауардың құны салық жеңілдіктері қолданылған соңғы 12 ай ішінде оны сатудың жалпы құны есебінен айқындалады.
      56. Әртүрлі субсидиялайтын органдар күнтізбелік жыл ішінде және (немесе) әртүрлі бағдарламаларды орындау үшін берген субсидиялар жинақталуы тиіс.
      57. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін, егер субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығына не басқа мүше мемлекеттің нарығына субсидияланатын тауарға қатысты ұқсас тауардың үлесі қолайсыз өзгеруі орын алғаны дәлелденген жағдайда, субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығынан не басқа мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстыру немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағына ұқсас тауарды әкелудің өсуін тоқтату не басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкелудің өсуін тоқтату фактісі белгіленеді. Аталған факт қарапайым жағдайларда кемінде 1 жылды құрауы тиіс осы тауардың нарығын дамытудағы нақты үрдістерді дәлелдеу үшін жеткілікті кезең белгіленеді.
      58. Субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығында не басқа мүше мемлекеттің нарығында үлестің қолайсыз өзгеруі мына жағдайлардың кез келгенін қамтиды:
      1) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесін арттыру;
      2) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі ерекше субсидия болмаған кезде ол азаюы тиіс жағдайларда өзгеріссіз қалады;
      3) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі төмендейді, бірақ ерекше субсидия болмаған жағдайда орын алатынға қарағанда неғұрлым баяу қарқынмен төмендейді.
      59. Бағаны төмендету тиісті нарықтағы субсидияланатын тауардың бағасын ерекше субсидия пайдаланылмаған мүше мемлекеттердің ішінде кез келгенінің аумағында өндіру, тасымалдау немесе әкету кезінде тауардың бағасымен салыстыру негізінде белгіленеді. Салыстыру сауданың сол бір деңгейінде және уақыттың салыстыру кезеңінде жүргізілуі тиіс. Салыстыру барысында бағаны салыстыруға әсер ететін кез келген басқа факторлар қолданылуы тиіс. Егер аталған тікелей салыстыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, бағаны төмендету орташа экспорттық бағаның негізінде белгіленуі мүмкін.
      60. Егер екі мүше мемлекет Шарттың 93-бабына сәйкес үшінші мүше мемлекеттің нарығында осы Хаттаманың 12, 55-59, 61 және 62-тармақтарына сәйкес айқындалған мүдделердің елеулі бұзылуы анықталғаны туралы даулар жүргізген жағдайда осындай мүше мемлекет дау жүргізіп отырған мүше мемлекеттерге осындай басқа мүше мемлекеттің нарығына дау жүргізетін мүше мемлекеттердің аумағында болатын тауарлардың үлесін өзгертуге қатысты жүргізілетін дауға қатысты статистикалық ақпаратты, сондай-ақ тиісті тауарлардың бағалары бойынша статистикалық ақпарат ұсынады. Бұл ретте, басқа мүше мемлекет нарықтың немесе бағаның арнайы талдауын жүргізбеуге, сондай-ақ ол коммерциялық немесе мемлекеттік құпия деп санайтын ақпаратты ұсынбауға құқылы.
      61. Мүдделердің елеулі бұзылуының болу фактісі уақыттың тиісті кезеңінде мына жағдайлардың бірі болған кезде белгіленеді:
      1) мүдденің елеулі бұзылу фактісін белгілейтін мүше мемлекеттің аумағынан тауарды әкетуге тыйым салудың немесе шектеудің не басқа мүше мемлекет мүддесінің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттің аумағынан тауарды әкелуге тыйым салудың немесе шектеудің болуы;
      2) ұқсас тауарды және осы тауарлардың мемлекеттік саудасы немесе сауданың іс жүзіндегі саудасын әкелетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы коммерциялық емес себептер бойынша шешімдер қабылдауы, мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкелуді басқа мүше мемлекеттен әкелуге қайта бағыттау;
      3) мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкетуге арналған тауарды өндіруге, сапасына, санына немесе бағасына елеулі кері әсер ететін табиғи апаттар, көтерілістер, көліктегі бөгелістер немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар;
      4) мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкетуді шектейтін уағдаластықтардың болуы;
      5) мүдделердің елеулі бұзылуы фактісін анықтаған мүше мемлекеттен осы тауарды әкету мүмкіндігін өз еркімен қысқарту (осы мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізетін субъектілері осы ұқсас тауардың экспортын жаңа нарыққа қайта бағыттаған жағдайды қоса алғанда);
      6) тауар әкелетін мүше мемлекетте стандарттарға және (немесе) басқа әкімшілік талаптарға сәйкес болмау.
      62. 61-тармақта санамаланған міндеттердің болмауы, мүдделердің елеулі бұзылуының болуы Комиссия ұсынған ақпараттың немесе Комиссия өздігінен алған ақпараттың негізінде не Одақтың Сотына ұсынылған ақпараттың немесе Одақтың Соты өздігінен алған ақпараттың негізінде айқындалады.
      63. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілген залал субсидияланатын тауарды әкелу көлемін, тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасына және ұқсас тауардың ұлттық өндірушілеріне осындай тауардың әсерін талдау нәтижелерінің негізіне белгіленеді.
      64. Субсидияланатын тауарды әкелу көлемін талдау кезінде құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелу арттырылғанын не арттырылмағанын айқындайды (абсолютті көрсеткіштерде не тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекетте ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты).
      65. Субсидияланатын тауардың тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасына әсерін талдау кезінде құзыретті орган мынаны белгілейді:
      1) субсидияланатын тауардың бағасы осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасынан төмен болды ма;
      2) субсидияланатын тауарды әкелу осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасын төмендетті ме;
      3) субсидияланатын тауарды әкелу осындай тауар болмаған жағдайда, осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасының өсуіне кедергі келтірді ме.
      66. Ұлттық экономика саласына субсидияланатын тауарды әкелу әсерін талдау ұлттық экономика саласының жағдайына, оның ішінде:
      1) болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқартуларына, ұқсас тауарды сатуға, құзыретті органы еңбектің кірісіне, өнімділігіне, тартылған инвестициялардан немесе өндірістік күшті пайдаланудан болған кірістерге тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің нарықтағы үлесіне;
      2) құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсер ететін факторларға;
      3) ақша ағындарының қозғалысына, ұқсас тауарлардың қорларына, жұмыспен қамтылу деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне болған немесе болашақта болуы мүмкін теріс әсерге қатысы бар экономикалық факторларды бағалау болып табылады.
      67. Ұлттық экономика саласына субсидияланатын тауарды әкелу әсері, егер қолда бар деректер ұқсас тауардың өнідірісін өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы және кіріс сияқты критерийлердің негізінде бөлуге мүмкіндік беретін болса, тексеру жүргізетін мүше мемлекетте ұқсас тауарды өндіруге сәйкес бағаланады. Егер қолда бар деректер ұқсас тауардың өндірісін бөлуге мүмкіндік бермейтін болған жағдайда, субсидияланатын тауарды ұлттық экономика саласына әкелу әсері барынша аз топты өндіруге немесе ұқсас тауарды қамтитын және олар туралы қажетті деректер бар тауарлардың номенклатурасына сәйкес бағаланады.
      68. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды анықтау барлық іске қатысты және құзыретті органның қарамағындағы дәлелдемелер мен мәліметтерді талдауға негізделуі тиіс. Оның ішінде құзыретті орган ұқсас тауардың Одақтың аумағына жеткізілу, басқа мүше мемлекеттерден жеткізілу динамикасын және ықпалын талдайды. Бұл ретте субсидияланатын тауарды әкелу көлемін және осындай әкелудің ұлттық экономика саласына ықпалын талдау нәтижесінде белгіленген факторлардың ішінде бір не бірнеше фактор субсидияланатын тауардың әкеліну салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды анықтау мақсатында шешуші мәнге ие болмайды. Құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелудің басқа салдарынан сол кезеңде ұлттық экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан болатын ұлттық экономика саласына келтірілетін залалға жатқызбауы тиіс.
      69. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін белгілеген кезде құзыретті орган барлық қолда бар факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
      1) субсидияның немесе субсидиялардың сипатын, көлемін және олардың саудаға мүмкін болатын әсерін;
      2) осындай әкелудің одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндіктерін көрсететін субсидияланатын тауарды әкелудің өсу қарқынын;
      3) субсидия берген мүше мемлекеттегі субсидияланатын тауарды өндірушілерде жеткілікті мүмкіндіктердің болуы немесе субсидияланатын тауарды әкелуді ұлғайтудың нақты мүмкіндіктерін көрсететін олардың өсуінің айқын болмай қалмайтындығын;
      4) егер бағаның осындай деңгейі құзыретті орган субсидияланатын тауарға сұранымның одан әрі артуына да тексеру жүргізетін мүше мемлекет нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе тежелуіне алып келуі мүмкін болса, субсидияланатын тауар бағасының деңгейін;
      5) субсидияланатын тауар өндірушісіндегі қорларды ескереді.
      70. Бұл ретте осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген факторлардың ішінде бір не бірнеше фактор субсидияланатын тауардың әкеліну салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірілу қаупін анықтау мақсатында шешуші мәнге ие болмайды.
      71. Егер осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тексеру барысында құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелуді жалғастырудың және осындай әкелумен өтеу шаралары қабылданбаған жағдайда ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің болмай қалмайтындығы туралы қорытындыға келсе, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы туралы шешім қабылданады.
      72. Мүдделі тұлғалар тексеру жүргізу кезінде:
      1) ұқсас тауардың ұлттық өндірушісі, қатысушыларының көбі ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын ұлттық өндірушілер бірлестігі;
      2) тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауардың өндірушісі, қатысушыларының көбі ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын, тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды өндірушілер бірлестігі;
      3) мүше мемлекет және (немесе) субсидия берген мүше мемлекеттің уәкілетті органы;
      4) егер осы тауар көбінесе жеке тұлғалар қолданатын зат болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері;
      5) егер олар осы тауарды өнімді өндіру кезінде пайдаланса, субсидияланатын тауарды тұтынушылар және осындай тұтынушылардың бірлестіктері болуы мүмкін (егер олар өнім өндіру кезінде осы тауарда пайдаланған жағдайда).
      73. Осы Хаттаманың 72-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалар тексеру барысында дербес немесе құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті үлгіде ресімделген өкілеттіктері бар өздерінің өкілдері арқылы әрекет етеді.
      Егер мүдделі тұлға тексеру барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет еткен жағдайда, құзыретті орган мүдделі тұлғаға тек осы өкіл арқылы ғана тексеру мәні туралы барлық мәліметтерді жеткізеді.
      74. Мүдделі тұлға ақпараттың ашылуы бәсекелестік жағдайларында үшінші тұлғаға басымдық беретінін немесе мұндай ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осы тұлға мұндай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарларға әкелетінін куәландыратын негіздемелерді ұсынған кезде осы тұлғаның құзыретті органға ұсынатын ақпараты құпия ақпарат ретінде қаралады. Құпия ақпарат мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны ұсынған мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбауы тиіс.
      Құзыретті орган құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі тұлғадан оның құпия емес нұсқасын ұсынуды талап етуге құқылы. Құпия емес нұсқада ұсынылған құпия ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті мәліметтер қамтылуы тиіс. Мүдделі тұлға құзыретті органның құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсыну туралы талабына жауап ретінде құпия ақпарат мұндай түрде ұсынылуы мүмкін емес деген жағдайларда бұл тұлға құпия ақпараттың мұндай түрде ұсынылуы мүмкін еместігі туралы дәлелдемелер ұсынуы тиіс.
      Егер құзыретті орган мүдделі тұлға ұсынған негіздемелер ұсынылған ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейді деп белгілесе немесе құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынбаған мүдделі тұлға құпия ақпаратты мұндай түрде ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесін де ұсынбаса немесе құпия ақпаратты ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметтерді ұсынса, құзыретті орган бұл ақпаратты ескермеуі мүмкін.
      75. Құзыретті орган құпия ақпаратты таратқаны үшін өзінің мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

VI. Жалпы ерекшеліктер

      76. Осы Хаттамада ешқайсысы:
      1) қандай да бір мүше мемлекетке ол ашылуы оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне қарама-қайшы келеді деп санайтын ақпаратты ұсыну талабы ретінде, немесе
      2) кез келген мүше мемлекетке ол оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделерін қорғау үшін қажет деп санайтын мынадай іс-қимылды:
      жарылғыш материалдарға немесе олар өндірілетін материалдарға қатысты іс-қимылды;
      қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және әскери материалдарды, сондай-ақ қарулы күштерді жарақтандыру мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын өзге де тауарлар мен материалдарды әзірлеуге, өндіруге және саудасына қатысты іс-қимылды;
      соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастарда басқа да төтенше жағдайларда қабылданатын іс-қимылды қабылдауға кедергі ретінде;
      3) кез келген мүше мемлекетке дүниежүзінде бейбіт өмірді сақтау және халықаралық қауіпсіздік үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша оның міндеттемелерін орындау үшін кез келген әрекеттерді қабылдауға кедергі ретінде ұғынылмауы тиіс.
      77. Егер мұндай субсидиялар ерекше жағдайларда енгізілсе және егер олардың енгізілуі:
      1) қоғамдық моральды, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті;
      2) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды және өсімдіктерді;
      3) көркем, тарихи немесе археологиялық құндылық қазынасын;
      4) зияткерлік меншік құқығын;
      5) осы шаралардың мақсаты тауарларды басқа мүше мемлекеттер аумағынан әкелуді шектеу болып табылмаған және мұндай шаралар (егер мұндай шаралар ішкі өндіруді немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілсе), кемсітушілік сипатқа ие болмаған жағдайда қорғау қажеттілігімен түсіндірілсе, осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттерге сауданы бұрмалайтын арнайы субсидияларды пайдалануға кедергі келтірмейді.

VIIІ. Ұсынылуы өтеу шараларын қабылдау үшін негіз болып
табылмайтын ерекше субсидиялар

      78. шаруашылық субъектілері, сондай-ақ шаруашылық субъектілерімен келісімшарт негізінде жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын зерттеу қызметіне арналған көмек, мұндай көмек өнеркәсіптік зерттеулер құнының 75 пайызынан аспайтын немесе бәсекеге дейінгі кезеңдегі әзірлемелер құнының 50 пайызынан аспайтын көлемін өтейтін жағдайда және ол тек:
      1) персоналға (зерттеушілер, техниктер және тек қана зерттеу қызметімен айналысатын басқа қосымша персонал) арналған шығыстарды;
      2) тек қана және тұрақты түрде зерттеу қызметі үшін пайдаланылатын (коммерциялық негізде сатуды қоспағанда) аспаптарға, жабдыққа, жерге және құрылғыларға арналған шығыстарды;
      3) ғылыми зерттеу нәтижелерін, техникалық білімді, патенттерді және т.б. сатып алуды қосқанда, тек қана зерттеу қызметі үшін пайдаланылатын консультациялық және балама қызметтерге арналған шығыстарды;
      4) тікелей зерттеу қызметі нәтижесінде жұмсалған қосымша үстеме шығыстарды;
      5) тікелей зерттеу қызметі нәтижесінде жұмсалған өзге де ағымдық шығыстарды (материалдарға, қамтамасыз етуге және т.б.) өтеу үшін ұсынылған жағдайда ғана;
      79. Осы бөлім мақсаттары үшін өнеркәсіптік зерттеулер жаңа тауарларды, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді әзірлеуде, сондай-ақ қолданыстағы тауарларды, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді едәуір жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін деген есеппен жаңа білімдерді ашуға бағытталған жоспарланған зерттеулерді немесе маңызды зерттеулерді білдіреді.
      Бәсекеге дейінгі кезеңдегі әзірлемелер өнеркәсіптік зерттеу нәтижелерін коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз бірінші прототип жасауды қосқанда, сатуға немесе пайдалануға арналған жаңа, түрлендірілген немесе жақсартылған тауарлардың, технологиялық процестердің немесе көрсетілетін қызметтердің жоспарына, сызбасына немесе макетіне ауыстыруды білдіреді. Ол сондай-ақ тұжырымдаманың анықтамасын және балама тауарлардың, тәсілдердің немесе көрсетілетін қызметтердің дизайнын, сондай-ақ олар өнеркәсіптік қолдануға немесе коммерциялық пайдалануға арналмаған немесе сол үшін пайдаланылмаған жағдайда алғашқы демонстрациялық немесе пилоттық жобаларды қамтуы мүмкін. Ол қолданыстағы тауарлардағы, өндірістік желілердегі, өңдеу процестеріндегі, көрсетілетін қызметтердегі және өзге қарапайым операциялардағы ағымдық және мерзімдік өзгерістерге, мұндай өзгерістер жақсартуға әкелетін болса да, қолданылмайды.
      80. Өнеркәсіптік зерттеулер мен бәсекеге дейінгі әзірлемелерді біріктіретін бағдарламалар жағдайында шаралар қабылдау үшін негіздеме бермейтін көмектің рұқсат етілген деңгейі осы Хаттаманың 78-тармағында көрсетілген барлық тиісті шығыстарды есепке ала отырып, есептелген осы екі санатқа арналған рұқсат етілген қарапайым орташа деңгейлерден жоғары болмауы тиіс.
      Өнеркәсіптік зерттеулерді біріктіретін бағдарламалар іске асырылған бәсекелестік сатысында әзірленген жағдайда шаралар қабылдау үшін негіз болмайтын көмектің рұқсат берілген деңгейі осы екі санат үшін рұқсат етілген деңгейдің осы Хаттаманың 78-тармағында көрсетілген барлық шығыстар ескеріле отырып есептелген орташа арифметикалық мәнінен жоғары болмауға тиіс.
      81. Осы Хаттаманың ережелері жоғары оқу орындары немесе ғылыми мекемелер тәуелсіз жүргізетін іргелі ғылыми зерттеулерге қатысты қолданылмайды. Іргелі зерттеулер өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттармен байланысты емес жалпы ғылыми және техникалық білімді кеңейтуді білдіреді.
      82. Мүше мемлекеттің аумағындағы қолайсыз өңірлерге жалпы өңірлік даму шеңберінде ұсынылатын көмек арнайы емес болып табылады (осы Хаттаманың І бөлімінің мағынасында) және:
      1) әрбір қолайсыз өңір нақты белгіленген тұтас әкімшілік және экономикалық аймақ болып табылса;
      2) мұндай өңір оның қиындықтары тек уақытша жағдайларға ғана байланысты туындамайтынын көрсететін бейтарап және объективті критерийлердің негізінде қолайсыз өңір ретінде қаралса; мұндай критерийлер оларды тексеру мүмкін болу үшін заңдарда, қағидаларда немесе өзге ресми құжаттарда нақты айқындалуы тиіс;
      3) критерийлер үш жылдық кезеңде өлшенген мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне:
      халықтың жан басына шаққандағы табыс немесе үй шаруашылығына шаққандағы табыс немесе осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің 85 пайызынан аспауы тиіс халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлеміне;
       осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің кемінде 110 пайызын құрауы тиіс жұмыссыздық деңгейіне негізделген экономикалық даму өлшемін қамтиды.
      83. Осы бөлім түсінігінде өңірлік дамудың жалпы шеңберлері өңірлік субсидиялау бағдарламалары ішкі реттік және әмбебап қолданылатын өңірлік даму саясатының бөлігі болып табылатынын және өңірлік дамуға арналған субсидиялар өңірдің дамуына әсер етпейтін немесе көп әсер етпейтін жекелеген географиялық пункттерге берілмейтінін білдіреді.
      Бейтарап және объективті критерийлер белгілі бір өңірлерге өңірлік даму саясаты шеңберінде өңірлер арасындағы айырмашылықтарды жою немесе қысқарту үшін қажетті жеңілдіктерден басқа жеңілдіктер бермейтін критерийлерді білдіреді. Осы тұрғыда өңірлік субсидиялау бағдарламалары әрбір субсидияланатын жоба бойынша ұсынылуы мүмкін көмектің ең жоғары сомаларын қамтуы тиіс. Мұндай ең жоғары сомалар көмек көрсетілетін өңірлердің даму деңгейіне байланысты сараланған болуы және инвестицияларға арналған шығыстар немесе жұмыс орындарын құруға арналған шығыстар түрінде көрсетілуі тиіс. Осы сомалардың шеңберінде көмек осы Хаттаманың ІІ бөлімінде көзделгендей субсидиялардың басым қолданылуына немесе белгілі бір кәсіпорындарға үлкен сомалардың тең көлемде ұсынылмауына жол бермеу үшін кеңінен таратылуы тиіс.
      84. Жәрдемдесу:
      1) бір жолғы, қайталанбайтын шара болып табылса;
      2) бейімделу бойынша шығыстардың 20%-нан аспайтын көлемін құраса;
      3) толығымен кәсіпорынға жүктелуі тиіс субсидияланатын жабдықты ауыстыруға және пайдалануға арналған шығыстарды өтемесе;
      4) фирманың пропорционалды жоспарланған ластауды қысқартуымен тікелей байланысты болса және қол жеткізілуі мүмкін өндірістік шығыстарға арналған үнемдеуді өтемесе;
      5) жаңа жабдыққа және (немесе) өндірістік процестерге ауысуы мүмкін барлық фирмалар үшін қолжетімді болса, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтардың қосымша шектеулерге және фирмалар үшін қаржылық ауыртпалықтарды күшейтуге әкелетін заңнамамен және (немесе) нормативтік актілермен қойылатын қоршаған ортаны қорғауға қатысты жаңа талаптарға бейімделуіне жәрдемдесу қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа талаптар енгізілгенге дейін кемінде екі жыл пайдаланылған өндірістік қуаттылықтарды білдіреді.

VIII. Өтеу шараларын және қарсы шараларды енгізу және қолдану

      85. Бір мүше мемлекеттің құзыретті органы өзге мүше мемлекеттердің аумағында ұсынылатын субсидиялардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі туралы зерттеуді немесе өзге мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шараларды қолдануын айқындау үшін осы Хаттаманың V бөлімінде белгіленген тәртіппен зерттеу жүргізуге құқылы. Зерттеуге бастама жасаған құзыретті орган мүше мемлекеттерге зерттеудің басталатыны туралы хабарлайды. Мүше мемлекеттердің құзыретті органдары зерттеудің жүргізілу барысы туралы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
      86. Құзыретті орган жүргізілген зерттеу нәтижесінде өзге мүше мемлекеттің субсидиялайтын органы арнайы субсидия ұсынатынын және осы арнайы субсидия құзыретті органы зерттеу жүргізетін мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтіретінін айқындаған жағдайда мұндай құзыретті орган осы мүше мемлекетке өтеу шараларын енгізу туралы өтініш беруі мүмкін. Көрсетілген өтініште субсидиялардың осы Хаттама ережелеріне сәйкес келмеуі туралы қолданыстағы дәлелдемелер келтірілуі тиіс.
      87. Осы Хаттаманың 6-тармағына сәйкес жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүше мемлекеттердің біреуінің ұлттық экономика саласына залал келтірілгенін растаған жағдайда мұндай мүше мемлекеттің құзыретті органы субсидиялайтын мүше мемлекетке өтеу шараларын енгізу туралы өтініш беруі мүмкін. Өтеу шараларын енгізу туралы өтініште Шарттың 96-бабы 6-тармағының 3-тармақшасына сәйкес субсидияларға жол бермеу туралы қолданыстағы дәлелдемелер келтірілуі тиіс.
      Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағына сәйкес Комиссиямен келісілген субсидияларға өтеу шараларын қолданбайды.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану осы Шарттың 105-бабының
1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады
      88. Өтеу шараларын қолдану туралы өтінішті оны алған мүше мемлекет 2 айдан аспайтын мерзімде не дауларды шешу нәтижелері бойынша ерікті түрде қанағаттандыруы мүмкін.
      89. Заңдылығын мұндай мүше мемлекет ерікті түрде немесе дауларды шешу нәтижелері бойынша таныған өтеу шараларын қолдану туралы өтінішті алған мүше мемлекет немесе Шарттың 93-бабына сәйкес дауларды шешу нәтижесі бойынша өтеу шарасын өтінішке сәйкес күнтізбелік 30 күн ішінде енгізеді.
      90. Өтеу шарасы ұсынылған субсидия сомасынан және қанағаттандырылған өтініште көрсетілген қаражатты (мүлікті) пайдаланудың барлық кезеңі ішіндегі осы сомаға есептелген пайыздан құралады.
      Өнеркәсіптік субсидия сомасы осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес есептеледі.
      Пайыз мөлшерлемесі субсидия ұсынылған сәтте қолданыста болған және субсидиялайтын орган субсидия берген мүше мемлекеттің Ұлттық (Орталық) банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің бір жарым мөлшеріне тең. Бұл ретте пайыздық мөлшерлеме субсидия ұсынылған күннен бастап өтеу шарасы орындалған күнге дейінгі барлық кезеңге қатысты күрделі пайызды қолдану арқылы есептеледі.
      Күрделі пайыз алдыңғы жылы есептелген пайыздары бар сомаға жыл сайын есептелетін пайызды білдіреді.
      91. Өтеу шарасы тиісті пайызы есепке алынған субсидия сомасы субсидияны алушыдан алынғаннан кейін және субсидиялайтын органы субсидия ұсынған мүше мемлекеттің бюджетіне аударылғаннан кейін орындалған болып табылады.
      92. Өтеу шарасы ол осы Хаттаманың 91-тармағында көрсетілген көздерден басқа кез келген көздерден алынса, орындалған болып табылмайды.
      Осы Хаттаманың 92-тармағының ережелеріне қарамастан, өтеу шарасының алу көздері субсидияны алушының өтеу шарасын құрайтын қаражатты төлеуден жалтаруына жол бермеу мақсатында ғана талапкер мемлекеттің және жауапкер мемлекеттің өзара келісімі бойынша өзгеруі мүмкін.
      93. Өтеу шарасының орындалуы өтеу шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтініш орындалған болып табылуы үшін жеткілікті негіз болып табылады. Бұл ретте, мүше мемлекет өтеу шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтінішті мұндай өтініш қанағаттандырылған күннен бастап күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімде орындайды.
      94. Егер мүше мемлекет өтеу шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтінішті белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда өтініш берген мүше мемлекет өтеу шарасы көлеміне шамамен тең келуі тиіс қарсы шараларды қолдану мақсатында дауларды шешу жөніндегі рәсімге бастама жасауға құқылы.
      Осы Хаттама мақсаттары үшін қарсы шаралар ретінде қарсы шараны енгізетін мүше мемлекеттің қарсы шарасы енгізілетін мүше мемлекетке қатысты (мұнай және газ салаларына қатысты шараларды қоспағанда) олардың арасында жасалған сауда-экономикалық сипаттағы қолданыстағы шарттардан туындайтын өз міндеттемелерін орындауын уақытша тоқтата тұру ұғынылады.
      Қарсы шаралар уақытша сипатқа ие және оларды талапкер мүше мемлекет осы Шарттың ережелерін бұзатын шара жойылғанға дейін немесе Шарттың ережелеріне сәйкес келетіндей етіп өзгертілгенге дейін немесе мүше мемлекеттер дауды шешу туралы келісімге қол жеткізгенге дейін ғана қолданады.

IX. Хабарламалар

      95. Мүше мемлекеттер/мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жыл сайын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға кезекті жылы федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті)/деңгейлерде ұсыну жоспарланып отырған барлық субсидиялар туралы хабарлайды.
      Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 76-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұсынылатын субсидиялар туралы құпия ақпаратқа жатқызбайды.
      96. Осы Хаттаманың 95-тармағына сәйкес хабарламаларға арналған ақпарат көзі федералды/республикалық бюджет, сондай-ақ мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктер бюджеттері жобаларының шығыс бөлігі болып табылады.
      97. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейде есепті тоқсан ішінде ұсынылған субсидиялар туралы белгіленген нысан бойынша хабарлама жібереді.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының  1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады
      98. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) біріне-бірі және Комиссияға федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейде мүше мемлекеттің аумағында есепті жыл ішінде ұсынылған субсидиялар туралы белгіленген нысан бойынша хабарламаны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жібереді. Хабарламада өзге мүше мемлекеттің уәкілетті органы және Комиссия ұсынылған субсидиялардың сомасын және олардың осы Хаттама ережелеріне сәйкестігін бағалай алуы үшін жеткілікті ақпарат қамтылуы тиіс.
      99. Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының) субсидиялар туралы хабарламалары бекітілген нысанға сәйкес орындалады, сондай-ақ оларды толтыру тәртібін мүше мемлекеттермен келісу бойынша Комиссия бекітеді.
      100. Хабарламаларда мынадай ақпарат көрсетіледі:
      1) субсидиялау бағдарламасының атауы, ол болған жағдайда, субсидияның қысқаша сипатталуы немесе белгіленуі (мысалы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту»);
      2) хабарлама ұсынылатын есепті кезең.
      3) субсидияның негізгі нысанасы және (немесе) мақсаты (субсидияны ұсыну мақсаттары бойынша деректерді әдетте субсидия ұсынылатын нормативтік құқықтық актіден табуға болады);
      4) субсидияны ұсыну үшін заңды негіз (оған сәйкес субсидия ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің атауы, сондай-ақ осы актінің қысқаша сипаттамасы);
      5) субсидия нысаны (грант, қарыз, салық жеңілдігі және т.б.).
      6) субъект (өндіруші, экспорттаушы немесе басқа тұлға) және субсидия беру тәсілі (субсидия кімге және қалай ұсынылады (тауар бірлігіне белгіленген немесе ауыспалы сомамен) (екінші нұсқада соманы айқындау тетігі көрсетіледі), сондай-ақ субсидияны ұсыну тетігі және оны беру шарттары;
      7) субсидия көлем (субсидияға қаржыландырылған жылдық немесе жалпы сома, мүмкіндігінше, өнім бірлігіне арналған субсидия);
      8) субсидия қолданысының ұзақтығы және (немесе) субсидияға қатысты қолданылатын кез келген басқа уақытша шектеу (субсидияның ашылу/жабылу мерзімін қоса алғанда);
      9) саудаға әсері жөніндегі деректер (субсидиялардың саудалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер).
      101. Ақпарат, мүмкіндігінше, субсидияланатын тауарларды немесе секторларды өндіру, тұтыну, олардың импорты мен экспорты бойынша:
      1) статистикалық мәліметтер бар соңғы үш жыл ішіндегі;
      2) алдыңғы жыл – субсидияны енгізу алдындағы немесе субсидияның соңғы маңызды өзгерісінің алдындағы соңғы жыл ішіндегі статистикалық мәліметтерді қамтуы тиіс.

Өнеркәсiптiк субсидиялар берудiң 
бiрыңғай қағидалары туралы хаттамаға
қосымша               

Өнеркәсiптiк субсидиялар берудiң бiрыңғай қағидалары
туралы хаттаманың ережелері қолданылмайтын шаралар
тiзбесi

Шараның сипаттамасы

Шараға қатысты өтпелi кезеңнiң қолданылу мерзiмi

I. Беларусь Республикасы

«Жеңіл автомобильдерді дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 175 Жарлығына және «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендiк одағын бiрыңғай кедендiк-тарифтiк реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешiмiне* сәйкес жасалған инвестициялық келісімдерге қатысты шаралар

2018 ж. 1 шілдеге дейін

II. Қазақстан Республикасы

1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес экспортқа бағдарланған өндiрiстердiң банктер кредиттерi бойынша пайыздық мөлшерлемесiн субсидиялау

2011 жылғы 1 шiлдеге дейiн кредиттiк ұйымдар берген кредиттер бойынша 2016 жылғы 1 шiлдеге дейiн

2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне, «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін қойма аумағынан әкету кезінде кеден баждары мен салықтардан жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес қазақстандық деп танылған тауарларды босату

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін

3. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Заңына және «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін қойма аумағынан әкету кезінде кеден баждары мен салықтардан жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес қазақстандық деп танылған тауарларды босату

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін

4. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне* сәйкес әкелінетін автокомпоненттер мен шығарылған автомобильдерге кеден баждары мен салық төлеуден және Кеден одағы аумағы бойынша алып өту кезінде автомобильдерге әкелу кеден баждарын төлеуден босату

2018 жылғы 1 шілдеге дейін.

5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған келісімшарттардағы жергілікті қамтым,
6. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңына және «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) және дауыс беру акцияларының 50 %-ын және одан көбін (қатысу үлесін) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тікелей және жанама иеленетін ұйымдарда, сондай-ақ мемлекетке тікелей және жанама тиесілі компанияларда сатып алудағы жергілікті қамтым мемлекеттің үлесі
50 % және одан көп құрайтын)

егер Ресей Федерациясының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылу туралы хаттамасында өзгеше көзделмесе 2020 жылғы
1 қаңтарға дейін,
егер Ресей Федерациясының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылу туралы хаттамасында өзгеше көзделмесе 2016 жылғы
1 қаңтарға дейін

III. Ресей Федерациясы

1. «Отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін инвестициялар тарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ресей Федерациясы Президентінің 1998 жылғы 5 ақпандағы № 135 Жарлығының, «Ресей Федерациясының Кеден тарифіне өнеркәсіптік алымдар үшін алынатын автокомпоненттерге қатысты өзгерістер енгізу туралы» Ресей Федерациясы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 166 қаулысының және «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден Одағы комиссиясының 2009 жылғы 29 қарашадағы № 130 шешімінің ережелерін қамтитын 2011 жылғы 28 ақпанға дейін жасалған инвестициялық келісімдерге қатысты шаралар

өтпелі кезең оларға қол қою кезінде белгіленген келісімдердің қолданылу мерзіміне сәйкес келеді және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Ресей Федерациясы мен Марракеш келісіміне қосылу туралы 2011 жылғы 16 желтоқсандағы Хаттамада көзделген күнтізбелік 2 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін

2. «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы және Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 16-ФЗ Федералдық Заңға сәйкес қолданылатын шаралар

2016 жылғы 1 сәуірге дейін

* Мүше мемлекеттердің аумақтарында «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолданудың шарттарын Жоғары кеңес бекіткеннен кейін қолданылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 29 ҚОСЫМША     

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың
94 және 95-баптарына сәйкес әзірленген және осы Хаттаманың ІІ бөлімінде көрсетілген тауарларға қатысты (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарлары) қолданылады.
      2. Осы Хаттамада қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «әкімшілік-аумақтық бірліктер» - Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері (Минск, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда), Ресей Федерациясының субъектілері, муниципалдық құрылымдары;
      «ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау» - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүддесінде тікелей немесе олардың өкілетті агенті арқылы мүше мемлекеттің үкіметі немесе өзге мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары көрсететін қаржылай көмек;
      «субсидиялайтын орган» - ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды көрсету саласында шешімдерді қабылдауды іске асыратын мүше мемлекеттердің бір немесе бірнеше мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Субсидиялайтын орган мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес уәкілетті агентке (кез келген басқа да ұйымдарға) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын ұсынуға жататын оған жүктелген бір немесе бірнеше қызметті орындауды жазбаша нұсқауы немесе тапсыруы мүмкін. Өкілетті агенттің мұндай іс-қимылы субсидияланатын органның іс-қимылы ретінде қаралады.
      Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған мүше мемлекет президентінің іс-қимылы субсидиялайтын органның іс-қимылы ретінде қаралады.

І. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары

      3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мыналарға бөлінеді:
      1) ауыл шаруашылығы тауарларымен мүше мемлекеттердің өзара саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар (бұдан әрі – саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар);
      2) ауыл шаруашылығы тауарларымен мүше мемлекеттердің өзара саудасына үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар (бұдан әрі – саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар);
      3) ауыл шаруашылығы тауарымен мүше мемлекеттердің өзара саудасына бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар (бұдан әрі – саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар).
      4. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шараларға осы Хаттаманың ІІІ бөлімінде көрсетілген шаралар жатады. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар мүше мемлекеттермен шектеусіз қолданылуы мүмкін.
      5. Саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға мыналар жатады:
      іске асырылған немесе келешекте іске асырылатын, кез келген өзге мүше мемлекеттердің аумағына осы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын ұсынатын, мүше мемлекеттің аумағынан ауыл шаруашылығы тауарларын шығарудың нәтижесімен бірнеше шарттардың ішінен бір немесе жеке шарт ретіне байланысты ұсынылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары;
      нақты тауарлар, олардың көлемі, құны, отандық тауарларды өндіру немесе пайдаланудың құны немесе көлемінің үлесін, отандық тауарларды пайдаланатын өндірісті таратпау деңгейінің айқындалуына қарамастан, бұл мүше мемлекеттің аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру кезінде мұндай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды көрсететін мүше мемлекет аумағында шығарылатын ауыл шаруашылығы тауарларын пайдаланумен бірнеше шарттардың ішінен бір немесе жеке шарт ретіне байланысты ұсынылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары;
      Үлкен дәрежеде сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шараларының көрнекі тізбесі осы Хаттаманың IV бөлімінде көрсетілген.
      6. Мүше мемлекеттер саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды қолданбайды.
      7. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар немесе осы Хаттаманың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға қатысы болмайтын шаралар жатқызылады.
      8. Рұқсат етілген көлем секілді айқындалатын жалпы өндірілген ауыл шаруашылығы тауарларының жалпы құнына ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлеміне пайыздық қатынасы ретінде есептелетін саудада бұрмалаушы әсерін тигізетін шараның деңгейі 10 пайыздан артық болмауы тиіс.
      Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды есептеу әдіснамасын халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүше мемлекеттер әзірлейді және Комиссия Кеңесі бекітеді. Мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты біріне-бірі және Комиссияға Комиссия бекітетін тәртіппен оны бекіткен күнінен бастап көрсетілген әдіснамаға сәйкес ұсынады.
      Мүше мемлекеттердің саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар бойынша міндеттемелері көрсетілген әдіснамаға сәйкес белгіленеді.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 106-бабында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      9. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекет кіргеннен кейін аталған мүше мемлекеттің ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылдаған саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар бойынша міндеттемелері Одақ шеңберіндегі оның міндеттемелеріболады.
      10. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерін есептеудің тәртібі осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген бөлімінде берілген ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды есептеу әдіснамасы ескеріле отырып, осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

ІІ. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары
қолданылатын тауарлар

      11. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бар мынадай ЕАЭО СЭҚ ТН тауарларын қамтиды:
      1) 01 топ – ЕАЭО СЭҚ ТН 24, 03 тобын қоспағанда (балық пен шаян тәрізділер, ұлулар және басқа да теңіз омыртқасыздары), 1604 тауар позицияларын (дайындалған немесе консервіленген балықтар; бекіре уылдырығы мен оларды алмастырушылар, балық уылдырығынан дайындалған өнімдер) және 1605 (дайындалған немесе консервіленген шаян тәрізділер, басқа да теңіз омыртқасыздары);
      2) 2905 43 000 0 (маннит) СЭҚ ТН қосалқы позициялары;
      3) 2905 44 (D-глюцит (сорбит) СЭҚ ТН қосалқы позициялары;
      4) нақтылары мен абсолюттерді қоса 3301 СЭҚ ТН тауар позициясы (эфир майы (құрамында терпендері болатын немесе болмайтын); резиноидтар; экстрагирацияланған эфир майы; анфлераж немесе матераций әдісімен алынатын ұқсас өнімдер немесе балауыз, ұшқыр майлардағы эфир майының концентраттары; эфир майының детерпенизациясындағы терпендік жанама өнімдер; эфир майының су дистилляттары мен су ерітінділері);
      5) 3501 – 3505 СЭҚ ТН тауар позициясы (казеин, казеинаттар мен казеиннен өндірілетін басқа да өнімдер; казеиндік желімдер; альбуминдер (құрамында 80 % артық майы болатын екі немесе одан да көп іркіт ақуыздарының, құрғақ заттарға түгендейтін іркіт ақуыздарының концентраттарын қоса), альбуминаттар және басқа да альбуминнен өндірілген өнімдер; желатин (оның ішінде тікбұрышты (шаршы пішінділерді қоса) парақтарда, өңделген немесе өңделмеген бетімен, боялған немесе боялмаған) және желатиннен өңдірілгендер; балық желімдері; басқа да жануарлардан алынған желімдер (3501 тауар позициясындағы казеиннен басқа); пептондар және олардан өндірілгендер; басқа орындарда аталмаған немесе енгізілмеген ақуыз өнімдері мен олардан өндірілгендер; теріден немесе гольден жасалған ұнтақ, хромдалған немесе хромдалмаған; декстриндер және басқа да түрлендірілген крахмалдар (мысалы, алдын ала желатинделген немесе күрделі эфирге айналған крахмалдар); крахмал немесе декстриндер негізіндегі желімдер, немесе басқа да түрлендірілген крахмалдар негізіндегі желімдер; 3503 00 800 1 (құрғақ балық желімі) және 3503 00 800 2 (сұйық балық желімі) қосалқы позициялардан басқа;
      6) 3809 10 СЭҚ ТН қосалқы позициясы (крахмалдық өнімдер негізіндегі басқа орында аталмаған немесе енгізілмеген тоқыма, қағаз шығару, былғары өнеркәсіптері немесе ұқсас салаларда қолданылатын дайын препараттар, басқа өнімдер, бояғыштарды фиксациялау немесе бояуды жеделдетуге арналған құралдар, әрлеу құралдары);
      7) 3824 60 СЭҚ ТН қосалқы позициялары (сорбит, 2905 44 қосалқы позициясындағы сорбиттен басқа);
      8) 4101 – 4103 СЭҚ ТН қосалқы позициясы (қабатталған немесе қабатталмаған, түкті жамылғысымен немесе түкті жамылғысыз ірі қара мал (буйволдарды қоса) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың (әрі қарай өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған) өңделмеген терілері; көрсетілген топта 1в ескертуімен алып тасталғаннан басқа қабатталған немесе қабатталмаған, жүнді жамылғымен немесе жүнді жамылғысыз, қой мен қозылардың (одан әрі өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған) өңделмеген терілері; аталған топқа 1б немесе 1в ескертулерімен алып тасталғаннан басқа қабатталған немесе қабатталған, түкті жамылғысымен немесе түкті жамылғысыз басқа да өңделмеген терілер (одан әрі өңдеуге жатқызылмайтын немесе жарғақ көмегімен жасалған, бірақ тондалмаған, басқа әдіспен пикеленген немесе консервіленген, күлденген, құрғатылған, жұпты немесе тұздалған);
      9) 4301 СЭҚ ТН тауар позициясы (4101, 4102 немесе 4103 тауар позициясындағы өңделмеген терілерден басқа мамық жүнді-үлбір шикізат (үлбір өнімдерді әзірлеу үшін жарамды бас, құйрық, табан және мүшелердің басқа да қиықтары);
      10) 5001 00 000 0 – 5003 00 000 0 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылу үшін жарамды шайы пілләсі; шикі-шайы (дөңгелектелмеген); шайы қалдықтары (піллә жібінің қалдықтары мен жүні жұлынған шикізат қалдықтары, тарқату үшін жарамсыз пілләларды қоса);
      11) 5101 – 5103 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылмайтын жүн, жануарлардың тарқатылмайтын жұқа немесе қалың жүндері; жүні өңделмеген шикізатты алып тастай отырып, иіру қалдықтарын қоса, жануарлардың жұқа немесе қалың жүндерінің қалдықтары);
      12) 5201 00 – 5203 00 000 0 СЭҚ ТН тауар позициясы (тарқатылмайтын мақта талшықтары; мақта талшықтарының қалдықтары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса); тарқатылатын мақта талшықтары);
      13) 5301 СЭҚ ТН тауар позициясы (иірілмейтін өңделген зығыр немесе зығыр-шикізат; зығырдың қалдықтары мен қыл-қыбырлары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса);
      14) 5302 СЭҚ ТН тауар позициясы (cannabis sativa L.) кендірі), иірілмейтін өңделген шикізат; кендірдің қалдықтары мен қыл-қыбырлары (жүні құртылған шикізат пен иіру қалдықтарын қоса).

ІІІ. Ауыл шаруашылығы тауарларымен мүше мемлекеттердің
саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін мемлекеттік қолдау
шаралары

      12. Мүше мемлекеттердің саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілерді (бұдан әрі – өндірушілер) мемлекеттік қолдау шаралары мынадай негізгі критерийдерге сәйкес келуі тиіс:
      1) қолдауды бюджет қаражаты есебінен (талап етілмеген түсімдерді қоса) оның ішінде тұтынушылардың қаражаты есебінен ғана емес, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көрсету; Талап етілмейтін түсімдер деп бюджетке тиісті міндетті төлемді алудан түпкілікті немесе уақытша бас тарту ұғынылады.
      2) қолдаудың салдары өндірушілердің бағасын қолдау болып табылмауы тиіс.
      13. Осы Хаттаманың 12-тармағында атап өтілген критерийлерге қосымша ретіндегі саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін мемлекеттік қолдау шаралары осы Хаттаманың 14-26-тармақтарында жазылған өзіндік ерекше критерийлермен және шарттармен қанағаттандыруы тиіс.
      14. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді ұсынудың мемлекеттік бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеушілерге тікелей төленетіндерді алып тастағанда, ауыл шаруашылығына немесе ауыл тұрғындарына жеңілдіктер беру немесе қызмет көрсетуге арналған қаражатты бөлуді (немесе талап етілмейтін түсімдер) көздейді.
      15. Жалпы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді ұсынудың мемлекеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша іске асырылуы мүмкін:
      1) ғылыми зерттеулер, оның ішіндегі жалпы сипаттағы зерттеулер, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен байланысты зерттеулер және нақты өнімдер бойынша зерттеу бағдарламалары;
      2) зиянкестер және ауруларға қарсы күрестің жалпы шараларын, сондай-ақ нақты тауарларға, мысалы, ерте ескерту жүйесі, карантин және жою секілді тауарларға қатысты шараларды қоса алғанда, зиянкестерге және ауруларға қарсы күрес;
      3) кадрларды жалпы және арнайы даярлау;
      4) ақпаратты жолдауды және өндірушілер мен тұтынушыларға зерттеу нәтижелерін жеңілдету үшін құралдарды ұсынумен қоса, консультациялық қызметтерді, ақпаратты тарату;
      5) сапа бойынша сорттау мен стандарттау, қауіпсіздік, денсаулық сақтау мақсаты үшін жалпы инспекциялық қызметтер мен жеке ауыл шаруашылығы тауарларын тексеруді қосқандағы инспекциялық қызметтер;
      6) маркетингтік ақпаратты, консультациялар мен нақты ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысын қоса алғанда, маркетинг және ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысы бойынша қызметтер (ауыл шаруашылығы тауарларының өткізілу бағасын төмендету немесе сатып алушыларға тікелей экономикалық жеңілдіктер ұсыну үшін сатушылармен қолданыла алатын нақты емес мақсаттарға пайдалыналатын шығындарды алып тастағанда);
      7) электрмен қамтамасыз ету, жол және хабар таратудың басқа жолдары, нарықтық және порттық құрал-жабдықтар, сумен қамтамасыз ету, бөгет және кәріздік жүйелердің инфрақұрылымы бойынша іөрсетілетін қызметтер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламамен байланысы бар инфрақұрылымды құру жөніндегі жұмыстар. Барлық жағдайларда қаражат жеңілдіктері бар тұтынушыларға қызмет көрсетуден толық алынбаған пайда немесе пайдалану шығындарын жабуға бағытталған қаражатты қоспағанда, жалпы қолданыстағы инфрақұрылымның күрделі құрылыстары мен жалпы қолжетімді объектілерді жабдықтауға және салуға жұмсалады.
      16. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік резервтерді құру азық-түлік запастарын сақтау мен жинақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мүше мемлекеттік ұлттық заңнамасында айқындалған шеңберде бөлінетін мақсаттары үшін берілетін қаражат есебінен (немесе талап етілмеген түсімдер) іске асырылады және міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес болуы керек:
      1) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік резервтерді жинақтау және көлемі нақты азық-түлік тауарларына қатысты алдын ала мақсаттарға міндетті түрде сәйкес болуы қажет;
      2) резервтерді бөлу мен қалыптастырудың үрдістері міндетті түрде қаржылық транспарентті болуы қажет;
      3) мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық бағалар бойынша, азық-түлік резервтерінен сатылымдар – тиісті сапаның нақты өнімдеріне ағымдық ішкі нарықтағы бағаларға қарағанда төмен емес бағалар бойынша іске асырылады.
      17. Ішкі азық-түліктік көмек – халықтың мұқтаж бөлігіне ішкі азық-түліктік көмекті ұсынуға бағытталатын қаражат (немесе талап етілмейтін түсімдер).
      Ішкі азық-түліктік көмек көрсету міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес болуы қажет:
      ішкі азық-түліктік көмекті алу құқығы мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленеді.
      ішкі азық-түліктік көмек нарықтық немесе субсидияланатын бағалар бойынша олардың азық-түлікпен қамтылуы үшін мүдделі тұлғаларға азық-түлікті тікелей жеткізу немесе қаражат беру нысанында көрсетіледі;
      ішкі азық-түліктік көмекті көрсету шеңберінде мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының азық-түлікті сатып алуы ағымдағы нарықтық бағалар бойынша іске асырылады, ал қаржыландыру мен бөліп беру транспарентті болып табылады.
      18. Өндірушілерге тікелей төлем түрінде (немесе заттық мәндегі төлемдерді қосқандағы талап етілмейтін түсімдер) іске асырылатын мемлекеттік қолдау шаралары осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген критерийлерге, сондай-ақ осы Хаттаманың 19-26-тармақтарында көрсетілген тікелей төлемдердің жеке түрлеріне қолданылатын өзге де критерийлерге міндетті түрде сәйкес болуы қажет. 19-26-тармақтарда көрсетілгеннен басқа тікелей төлемдер осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген жалпы критерийлерге толықтыру ретінде 19-тармақтағы 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген таоаптарға сәйкес болуы қажет.
      19. Кірістерді «байланыссыз» қолдау міндетті түрде мынадай талаптар мен критерийлерге сәйкес келуі тиіс:
      1) төлемге құқық анықталған және белгіленген базалық кезеңдегі өндірістің факторын немесе өндірістің деңгейін қолдануға, өндірушінің мәртебесіне, кірістің деңгейіне қарай мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында белгіленеді;
      2) төлем сомасы өнімнің түрі мен көлеміне (мал басын қосқанда), өндіруші өндірген өнімдерге, өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өндірістің факторына тәуелді емес;
      3) төлемді алу үшін өнімді өндіру талап етілмейді.
      20. Түсімдерді сақтандыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасында мемлекеттік билік органдарының қаржылық қатысуы міндетті түрде мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
      1) төлемге құқық ең жоғары немесе ең төмен жылдық көрсеткіштері алып тасталған, алдыңғы бесжылдық кезеңге есептелген алдыңғы үшжылдық кезең немесе үш жылдың орташа көрсеткіштерінен таза түсімдердің нысанында (осындай немесе ұқсас бағдарламалар бойынша алынған кез келген төлемдерді қоспағанда) орташа жалпы пайдадан немесе эквиваленттен 30 пайыздан артық болатын кірістегі шығындармен (дегенмен тек ауыл шаруашылығынан алынатын кірістер ескеріледі) айқындалады. Бұл талапқа жауап беретін кез келген өндіруші төлемді алуға құқығы бар;
      2) өтеу сомасы өндірушіге көмекті алуға құқық берілетін сол жылдардағы кірістерде өндірушінің шығыны көлемінің 70 пайызынан артық болмауы тиіс;
      3) төлем сомасы өнімнің түрі мен көлеміне (мал басын қосқанда), өндіруші өндірген өнімдерге, өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өндірістің факторын қолдануына тәуелді емес;
      4) күнтізбелік 1 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттік қолдау алуы кезінде осы Хаттаманың 21-тармағына және осы тармаққа сәйкес жалпы өтеу сомасы өндірушінің жалпы шығынының 100 пайызынан артық болмауы тиіс.
      21. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі мен жануарларды сақтандыратын бағдарламаларда мемлекеттік билік органдарының (олар өкілеттік берген ұйымдар) тікелей немесе қаржылық қатысу жолымен іске асырылатын табиғи апаттар кезінде көмек көрсету ретіндегі төлемдер міндетті түрде мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
      1) төлемге құқық табиғи апаттарды (техногендік сипаттағы, аурулардың туындауы, зиянкестерді жұқтыру, мүше мемлекеттер аумағындағы ядролық апаттар және соғыстар, құрғақшылық, су тасқыны, табиғи өрт, шегірткелердің қаптап кетуі және басқа да қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың жағдайын қоса алғанда) мемлекеттік билік органдары ресми танығаннан кейін туындайды;
      2) төлем сомасы алдыңғы 3 жылдық кезеңдегі өндірістің орташа деңгейінің 30 пайызынан артық болмайтын өндірістік шығын көлемінің негізінде немесе ең жоғары немесе ең төмен жылдық көрсеткіштер алып тасталған алдыңғы 5 жылдық кезеңге есептелген 3 жылдағы өндіріс көлемінің орташа көрсеткіштеріне негізделе отырып айқындалады;
      3) төлемдер кірістің, табиғи апаттардың себебінен өндірістің басқа факторлары мен ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымынан шығып қалған мал басының шығынына (жануарларға ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қоса алғанда) қатысты қолданылады;
      4) төлем сомасы болашақ өнімдердің саны немесе түрлеріне қарамастан, табиғи апаттарға ұшыраған ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер шығынының жалпы көлемінен аспауы тиіс;
      5) табиғи апаттар кезінде көмек көрсету ретіндегі төлемдер осы тармақтың 3-тармақшасында айқындалған келешектегі шығындарды азайту немесе алдын ала сақтандыруға арналған қажетті деңгейден міндетті түрде аспауы тиіс;
      6) осы Хаттаманың 20-тармағы мен осы тармаққа сәйкес күнтізбелік 1 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алған кезіндегі өтеудің жалпы сомасы өндірушілердің жалпы шығындарының 100 пайызынан артық болмайды.
      22. Өндірушілердің өз қызметін тоқтатуға итермелейтін бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
      1) төлемге құқық тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қамтылған тұлғалардың қызметін тоқтатуды жеңілдету немесе оларды экономиканың басқа да секторларына орнықтыру үшін бағытталған бағдарламалар шеңберіндегі нақты айқындалған критерийлермен негізделеді;
      2) төлемдер көмек алушылардың тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді толық және ұдайы тоқтатуға тәуелді.
      23. Ресурстарды пайдалануды тоқтату жөніндегі бағдарламалар арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
      1) төлемдерге құқық ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мақсатында үй жануарларын қоса алғанда, жерлерді ұтымды пайдалану немесе басқа да ресурстарды тоқтатуға бағытталған бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған критерийлерге негізделеді;
      2) төлемдер кем дегенде 3 жылға арналған тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің саласынан жерлерді шығаруға, ал үй жануарлары – оларды өрбітуден бас тартумен қоса сою жағдайына тәуелді;
      3) төлемді жүзеге асыру үшін тауарлық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен байланысты жерлер мен басқа ресурстар секілді балама қолдануды талап етпейді және нақтыланбайды;
      4) төлемдер өндіріс үшін қалатын жерлер және басқа да ресурстарды пайдаланумен өндірілген өнімдердің ішкі немесе әлемдік бағасына, өнімдердің санына, түрлеріне тәуелді емес.
      24. Инвестицияларды ынталандыру арқылы құрылымдық өзгерістерге жәрдемдесу:
      1) төлемдерге құқық объективті дәлелденген құрылымдық шығындардың салдарындағы өндірушінің қызметін қаржылық және табиғи қайта құрылымдауға көмек көрсету үшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде нақты айқындалған критерийлерге негізделеді. Мұндай төлемдерге құқық сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет меншігінен шығару бағдарламасы бойынша нақты айқындалған үкіметтік бағдарламаларда негізделуі мүмкін;
      2) төлем сомасы негіздемеде айқындалмайды және осы тармақтың  5-тармақшасында көзделгенді қоспағанда өндірушілер өндірген өнімнің (мал басын қосқанда) көлеміне немесе түріне тәуелді емес;
      3) төлем сомасы негіздемеде айқындалмайды және нақты тауарлардың ішкі және әлемдік құнына тәуелді емес;
      4) төлемдер тек олар бағытталған инвестицияларды жүзеге асыру қажетті уақыт кезеңіне беріледі;
      5) қолдау алушылармен төлем іске асырылған кезінде қандай да бір нақты өнімдерді өндірмеу талаптарын қоспағанда, оларға қандай ауыл шаруашылығы тауарларын өндірудің керектігі ешқандай нұсқада көрсетілмейді және жазылмайды;
      6) төлемдер құрылымдық шығындардың орнын толтыру үшін талап етілетін сомамен шектелмейді.
      25. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары бойынша төлемдер:
      1) төлемдерге құқық қоршаған ортаны сақтау мен қорғаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысумен негізделеді және өндірістің әдістемесі немесе қажетті материалдарға қатысты шарттарды қоса, аталған мемлекеттік бағдарламада көзделген нақты шарттарды орындауына тәуелді;
      2) төлем сомасы мемлекеттік бағдарламаны орындаумен байланысты кіріс шығындары немесе қосымша шығыстар өлшемімен шектеледі;
      26. Өңірлік көмек көрсету бағдарламасы бойынша төлемдер:
      1) мұндай төлемдерге құқық өндірушілерге қолайсыз өңірлерде беріледі. Қолайсыз өңірлерге мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында айқындалған әкімшілік және (немесе) экономикалық аумақтар жатқызылады;
      2) мұндай төлемге сома негіздемеде айқындалмайды және ауыл шаруашылығы тауарларының (мал басын қосқанда) көлеміне немесе түрлеріне тәуелді емес, бірақ бұл тауар өндірісінің қысқаруына байланысты.
      3) мұндай төлемнің сомасы негіздемеде айқындалмайды және нақты тауарлардың ішкі және әлемдік бағасына тәуелді емес;
      4) төлемдер тек көмек алуға құқығы бар өңірлердегі өндірушілерге беріледі және мұндай өңірлердегі барлық тұтынушылар үшін қолжетімді болып табылады;
      5) өндіріс факторларына байланысты төлемдер өндірістің аталған факторы бойынша бастапқы деңгейден жоғары регрессивтік шкала бойынша жүзеге асырылады;
      6) төлемдер белгіленген аумақта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен байланысты кіріс шығындарының немесе қосымша шығыстардың өлшемімен шектеледі.

IV. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың мүше мемлекеттердің
ауыл шаруашылығы тауарларымен саудасын үлкен дәрежеде
бұрмалайтын шаралары

      27. Үлкен дәрежеде сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шаралары болып мыналар танылады:
      1) нақты өндірушілерге, мұндай тауарларды шығарудың нәтижесіне байланысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бірлестігіне немесе тобына тікелей төлемді (заттай төлемдерді қоса) жүзеге асыру;
      2) мүше мемлекеттің ішкі нарығында сатып алушыларға ұсынылатын ұқсас тауарлар бағасынан төмен бағалар бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының коммерциялық емес қорларын сату немесе басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге ұсыну;
      3) басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетілетін өнім өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне немесе ауыл шаруышылығы өнімдерінің жиналған түсімдер есебінен қаржыландырылатын төлемдерді қоса, мемлекеттік қаражаттар есебінен болсын немесе болмасын, үкіметтің қолдауымен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы тауарларын басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету кезіндегі төлемдерді іске асыру;
      4) жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының шығындарын, қайта өңдеу бойынша өнімнің сапасын жоғарылату мен басқа да шығындар, сондай-ақ халықаралық тасымалдаумен байланысты шығындарды қоса алғанда, басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысы мен маркетингіне шығындарды төмендету үшін мемлекеттік қолдауды ұсыну (экспортты дамытуға көмек көрсету және консультациялық қызметтер бойынша кең таратылған қызмет көрсетулерді қоспағанда);
      5) ішкі тұтынуға бағытталған ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдау кезінен қарағанда, қолайлы шарттарда басқа мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін бағытталған ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдауға арналған ішкі тарифтерді белгілеу;
      6) мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін бағытталған өнімдерге ауыл шаруашылығы тауарларын қосуға байланысты ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсыну.

V. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерінің есебі

      28. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерінің есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
      1) ақша қаражатын тікелей аудару;
      2) міндеттемені орындауға кепілдеме беру (мысалы, несие және қарыз бойынша кепілдемелер).
      3) тауармен, көрсетілетін қызметтермен, бағалы қағаздармен, кәсіпорындар (мүліктік кешендер) немесе оның бөлімдері, ұйымның жарғылық қорындағы үлестер (акциялармен қамтуды қоса алғанда), басқа да мүліктер, зияткерлік меншік объектілерін құқыққа және т.б. нарықтық бағадан жоғары бағалар бойынша тауарларға иелік ету;
      4) мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне тиесілі төлемді алудан толық немесе ішінара бас тарту (мысалы, бюджетке және т.б. төлемдер бойынша қарызды есептен шығару);
      5) тауар мен қызмет көрсетуді жеңілдікпен немесе қайтарымсыз ұсыну;
      6) нарықтық баға деңгейін ұстап тұруға бағытталған шараларды біріктіретін бағалық қолдау.
      29. Ауыл шаруашылығы мемлекеттік қолдау көлемі қайтарымсыз берілетін алынған қаражат сомасына сәйкес келеді (мысалы, дотациялар, өтемақы және т.б. түрінде). Егер қаражат қолжетімді нарықта (банктік кредит, облигациялар және т.б. нарықта) қалыптасқанға қарағанда қолайлырақ шарттарда қайтару негізінде ұсынылса, қолдау көлемі нарықта оларды алған жағдайда аталған қаражатты қолдануға төлем талап етілетін сомалар арасындағы айырмашылық, нақтырақ төленген сома секілді айқындалады.
      30. Міндеттемелерді орындауға кепілдеме беру бойынша қолдау көлемі субсидиялайтын органға кепілдемені ұсынуға талап етілетін сомамен сақтандыру қызметінің қолжетімді нарығына сәйкес міндеттемелердің орындалмау қаупін сақтандыру бойынша тарифтен шығатын төлем төлеуге талап етілетін сома арасындағы айырма ретінде анықтау қажет.
      Кепілдемені орындау бойынша бюджеттік шығыстар осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептелген олардың деңгейінен жоғары сомадағы қолдау көлеміне қосылады.
      Мүше мемлекеттер міндеттемелерді орындаудың мемлекеттік кепілдемесін ұсыну бойынша мемлекеттік қолдаудың деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін осы Хаттаманың VI бөлімінде көзделген ақпаратты ескертпелердің қатарына қосады.
      31. Мемлекеттің тауарды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды, кәсіпорындар (мүліктік кешендер) немесе оның бөлімдері, ұйымның жарғылық қорындағы үлестер (акциялармен қамтуды қоса алғанда), басқа да мүліктер, зияткерлік меншік объектілерін құқыққа және т.б. нарықтық бағадан жоғары бағалар бойынша тауарларға иелік ету;
      Қалыпты инвестициялық практика шарттарына сай келетін кәсіпорынның жарғылық капиталында өзінің үлесін жоғарылатуға және т.б. акцияларға ие болуға арналған мемлекеттің шығыстары мемлекеттік қолдау шараларына жатқызылмайды.
      32. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне тиесілі төлемді алудан толық немесе ішінара бас тарту кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі өндірушінің бюджет алдындағы егер қолдай көрсетілмесе, туындауы мүмкін орындалмаған қаржылық міндеттемелерінің сомасына сәйкес келеді. Міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі қолжетімді кредит нарығында алынған қарыз қаражаты санымен кейінгі қалдырыған міндеттемені тең пайдаланғаны үшін пайыз түрінде төленуі қажет сома ретінде айқындалады.
      33. Тауароарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз көрсету кезінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі тауармен немесе көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілудің (ұсынудың) нарықтық баға мен нақты төленген сома арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
      34. Бағалық қолдаудың көлемі бағаларды реттеуге немесе тауарларды қайта өңдеудің (мысалы, сүттің базистік майлылығы) деңгейі мен санына байланысты түзетілген ақпаратымен ішкі реттелетін бағалар мен анықтамалық әлемдік бағалардың сан-алуандығына бағаларды реттеу бойынша қолданатын шараларға қатысты нақты ауыл шаруашылығы тауарларының түрін өндірілетін саны ретінде есептеледі. Бағаны қолдауға бағытталған бюджеттік шығыстар (мысалы, сақтау мен сатып алу бойынша шығыстар) қолдау көлемінің есебіне кірмейді.

VІ. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламалар

      35. Мүше мемлекеттер федералды немесе республикалық деңгейде, сондай-ақ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың тәртібі мен көлемі туралы ақпаратты қоса алғанда, әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың ағымдағы жылда барлық жоспарланатын бағдарламалар туралы жазбаша нысанда бірін-бірі және Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) хабардар етеді. Хабарландыруда әр мүше мемлекеттің және Комиссияның уәкілетті органдары мүше мемлекеттер ұсынатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың критерийін және оның осы Хаттамаға сәйкестігін бағалай алатындай ақпарат болуы қажет. Мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсыну туралы барлық ақпаратты қол жеткізуге шектеулі ақпараттар бөліміне аудармайды. Мүше мемлекеттер жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға хабарламаны жеткізеді.
      36. Мүше мемлекеттер біріне-бірі және Комиссияға шығындардың функционалдық және ведомстволық жіктеудің түрлері мен бөлімшелері, бөлімдері бойынша ұсынылатын федаралды және республикалық бюджеттің шығыс бөліктерін қамтитын осы Хаттаманың 35-тармағында көрсетілген ескертпелерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды ұсынудың көлемі мен тәртібі туралы нормаларды жолдайды. Мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктері бюджеттерінің шығыстары кез келген басқа әдістердегі хабарламаларда сипатталады.
      37. Федералдық және республикалық деңгейде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен көлемі туралы ақпарат көздерінің тізбесін басқа мүше мемлекеттің немесе Комиссияның сұрау салуы бойынша міндетті түрде мүше мемлекет немесе олардың уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынуы қажет.
      38. Мүше мемлекеттің уәкілетті органдары есепті жылдың
1 желтоқсанына дейін өзінің мемлекеттері аумағында ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламаларды біріне-бірі және Комиссияға жолдайды.
      39. Ағымдағы жылда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жоспарланатын бағдарламалары және ұсынылған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы хабарламалардың нысанын мүше мемлекеттердің келісімі бойынша Комиссия бекітеді.

VII. Мүше мемлекеттердің жауаптылығы

      40. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 6 мен 8-тармақтарының ережелерін бұзған жағдайда мұндай мүше мемлекет саналы уақыттарда үлкен дәрежеде саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды немесе рұқсат етілген көлемнен жоғары саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларды ұсынуды тоқтатады және басқа мемлекеттерге үлкен дәрежеде саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін немесе рұқсат етілген көлемнен жоғары қолдау шаралары көлемінің өлшемінде өтемақы төлейді. Өтемақы төлеудің тәртібін Комиссия Кеңесі белгілейді. Аталған өтемақыны мүше мемлекет төлемеген жағдайда басқа мүше мемлекеттердің қарсы шараларды енгізуге құқығы болады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 30 ҚОСЫМША     

Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне
медициналық көмек көрсету туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXVI бөліміне сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесін реттейді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «тұрақты тұру мемлекеті» – пациент тұрақты тұратын, оған азаматтық берген мемлекет;
      «медициналық ұйым (денсаулық сақтау мекемесі)» – ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензияның негізінде медициналық қызметті негізгі (жарғылық) қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қызметтің негізгі (жарғылық) түрімен қатар медициналық қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлға немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;
      «медициналық көшіру» – өмірді құтқару және денсаулық сақтау мақсатында мүше мемлекеттердің еңбекшілерін, сондай-ақ отбасы мүшелерін (оның ішінде, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, әйелдердің жүктілік, босану кезеңдерінде, босанғаннан кейінгі кезеңде және жаңа туған балаларға, төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалардың нәтижесінен зардап шеккен тұлғаларға, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетіндерге қажетті медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ медицина ұйымдарында (денсаулық сақтау мекемелерінде) медициналық көмек көрсетілетін тұлғаларды) тасымалдау.
      «пациент» – ауруының болуына және оның жағдайына қарамастан, медициналық көмек көрсетілетін немесе медициналық көмек көрсету үшін жүгінген мүше мемлекеттің еңбекшісі немесе отбасы мүшесі;
      «медициналық көмек көрсетудің мамандандырылған жоспарлы нысаны» – профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін аурулар мен жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек;
      «жедел медициналық жәрдем (кезек күттірмейтін нысандағы)» – пациенттің өміріне қауіптің айқын белгілері жоқ, кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;
      «жедел медициналық жәрдем (шұғыл нысандағы)» –жедел медициналық араласуды талап ететін аурулар, жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар кезінде және пациенттің өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.
      3. Жұмысқа орналастырушы мемлекет мүше мемлекеттердің заңнамасында, сондай-ақ халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен және жағдайларда мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне медициналық көмек, оның ішінде жоспарлы, жоғары технологиялық, жедел медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      4. Мүше мемлекеттер өздерінің аумақтарында мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне өз мемлекетінің азаматтарына берілетін жағдайларда және тәртіппен тегін жедел медициналық көмек алуға тең құқық береді.
      Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің мемлекеттік және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдары (денсаулық сақтау мекемелері) (медициналық сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан) мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне жедел медициналық көмекті (шұғыл нысандағы), оның ішінде мамандандырылған жедел медициналық көмекті тегін көрсетеді.
      Медициналық ұйымның (денсаулық сақтау мекемесінің) мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне және отбасы мүшелеріне шұғыл түрдегі жедел, оның ішінде мамандандырылған жедел медициналық көмек көрсету шығындарын өтеу жұмысқа орналастырушы мемлекеттің денсаулық сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес оның бюджеттік жүйесіне сай келетін бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      5. Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің пациентін медицина ұйымдарында (денсаулық сақтау мекемелерінде) емдеу жалғасқан жағдайда, оның өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына төнген тікелей қауіп жойылғаннан кейін көрсетілген қызметтердің нақты құнын төлеуді тарифтер немесе келісілген бағалар бойынша пациент тікелей өзі немесе оның мүддесін білдіретін заңды (жеке) тұлға жүзеге асырады.
      6. Пациентті тұрақты тұратын мемлекетке медициналық көшіруді жүзеге асыру қажет болған жағдайда медициналық ұйым (денсаулық сақтау мекемесі) оның денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты елшілікке және (немесе) осы мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) жібереді
      Пациентті медициналық көшіру мүмкіндігі, сондай-ақ осындай көшірудің тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады. медициналық көшіру медициналық көмекті, оның ішінде медициналық жабдықтарды қолдана отырып көрсету жөніндегі іс-шараларды тасымалдау кезінде жүргізе отырып, көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады.
      Пациентті медициналық көшірумен байланысты шығыстарды өтеу тұрақты тұру мемлекетінің денсаулық сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес оның бюджеттік жүйесіне сай келетін бюджет немесе тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 31 ҚОСЫМША     

Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер,
артықшылықтар мен иммунитеттер туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «келу мемлекеті» – аумағына Одақтың органы орналасқан мүше мемлекет;
      «Одақ органдарының үй-жайлары» – ресми мақсаттар үшін, сондай-ақ Комиссия Алқасы мүшелерінің, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің тұруы үшін пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөліктері;
      «мүше мемлекеттердің өкілдері» – мүше мемлекеттер Одақ органдарының отырыстарына және Одақ шеңберінде өткізілетін іс-шараларға жіберетін делегациялардың басшылары мен мүшелері;
      «әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру)» – еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайына және ана болуға байланысты міндетті сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру;
      «Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелері» - Комиссия Алқасы мүшелерімен, Одақ Соты судьяларымен, лауазымды тұлғалармен бірге тұрақты тұратын ері (зайыбы), кәмелетке толмаған балалар және олардың асырауындағы тұлғалар;
      «қызметкерлердің отбасы мүшелері» – қызметкерлермен бірге тұрақты тұратын ері (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалар.
      2. Комиссия Алқасы мүшелері, Одақ Соты судьялары, лауазымды тұлғалар және қызметкерлер халықаралық қызметшілер болып табылады. Өздерінің өкілеттіктерін орындау (лауазымдық (қызметтік) міндеттерін атқару) кезінде олар мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ресми тұлғаларынан, сондай-ақ Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің биліктерінен нұсқаулар сұратуға немесе алуға тиіс емес. Олар өздерінің халықаралық қызметші мәртебесімен үйлеспейтін түрлі әркекеттерден тартынуға тиіс.
      3. Әрбір мүше мемлекет Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің өкілеттіктерінің халықаралық сипатын мүлтіксіз құрметтеуге және өздерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оларға әсерін тигізбеуге міндеттенеді.

II. Одақтың артықшылықтары мен иммунитеттері

      4. Одақ органдарының мүлкі мен активтері Одақ иммунитеттерден бас тартқан жағдайларды қоспағанда, әкімшілік немесе сот араласуының кез келген нысанындағы иммунитетті пайдаланады.
      5. Одақ органдарының үй-жайлары, сондай-ақ олардың мұрағаттары мен құжаттары, оның ішінде қызметтік хат-хабарлар орналасқан жеріне қарамастан, тінтуге, реквизицияға, тәркілеуге немесе осы органдардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттердің кез келген басқа да нысандарына жатпайды.
      6. Келу мемлекетінің тиісті мемлекеттік билік және басқару органдарының өкілдері Одақ органдарының үй-жайларына Комиссия Алқасы Төрағасының, Одақ Соты төрағасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың келісуінсіз және өрт жағдайларын немесе шұғыл қорғану шараларын қажет ететін басқа да мән-жайларды қоспағанда, олар мақұлдаған жағдайлардан басқа кездерде кіре алмайды.
      7. Келу мемлекетінің тиісті мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімімен кез келген әрекеттерді орындау Комиссия Алқасы төрағасының, Одақ Соты төрағасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың келісуімен Одақ органдарының үй-жайларында орын алуы мүмкін.
      8. Одақ органдарының үй-жайлары кез келген мүше мемлекеттің заңдары бойынша қудаланатын немесе мүше мемлекетке немесе Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекетке берілуге жататын тұлғалар үшін пана болмайды.
      9. Одақ органдарының үй-жайларына қол сұқпаушылық оларды одақтың функцияларымен немесе міндеттерімен үйлеспейтін немесе мүше мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларының қауіпсіздігіне, мүдделеріне нұқсан келтіретін мақсаттарда пайдалануға құқық бермейді.
      10. Келу мемлекеті Одақ үй-жайларын түрлі басып кіруден немесе нұқсан келтіруден қорғау үшін тиісті шаралар қабылдайды.
      11. Одақ органдары осы Ереженің 44 және 45 тармақтарына сәйкес төленетін қызмет көрсетудің (көрсетілетін қызметтердің) және төлемдердің (аударымдар мен жарналардың) нақты түрлері үшін төлеуді білдіретін төлемдерді қоспағанда, келу мемлекетінде алынатын салықтардан, алымдардан және басқа да төлемдерден босатылады.
      12. Одақ органдарының ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүліктер мүше мемлекеттердің аумақтарында кеден баждарынан, салықтар мен кеден алымдарынан босатылады.
      13. Одақ органдары өздерінің ресми байланыс құралдарына қатысты келу мемлекеті дипломатиялық өкілдіктерге көрсететін қолайлы шарттардан кем емес жағдайларды пайдаланады.
      14. Одақ органдары өздері тұратын үй-жайларда және өздеріне тиесілі автокөлік құралдарында Одақтың туын, эмблемасын немесе басқа да рәмізін орналастыра алады.
      15. Одақ органдары мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтау кезінде өздерінің мақсаттары мен функцияларына сәйкес баспа өнімін шығара алады және тарата алады, оларды жариялау Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарда көзделген.
      16. Келу мемлекеті Одақ органдарының өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті үй-жайларды алуына немесе иеленуіне жәрдемдеседі.
      17. Одақ сот төрелігін тиісінше жөнелтуді және құқық қорғау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Ережеде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты кез келген теріс әрекеттердің алдын алу мақсатында мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік және басқару органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

III. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының,
лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің артықшылықтары мен
иммунитеттері

      18. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьялары, егер олар келу мемлекетінің азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық агент үшін 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
      Мұндай иммунитеттер мынадай жағдайларға:
      келу мемлекетінің аумағындағы жекеменшік жылжымайтын мүлікке қатысты затқа қуынымға;
      Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Сотының судьясы немесе отбасы мүшесі Одақ органының атынан емес, өсиетті орындаушы, мүлік мұрагерініңң қамқоршысы, мұрагері немесе жеке тұлға ретінде бас тартуды алушы ретінде болатын мұрагерлікке қатысты қуынымға;
      Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген өкілеттіктер шегінен тыс кәсіптік қызметтерге қатысты қуынымдарға қолданылмайды.
      Келу мемлекетінің азаматтары болып табылатын Комиссия Алқасы мүшелеріне және Одақ Соты судьяларына осы Ереженің 19-тармағының 1-тармақшасының ережелері қолданылады.
      Комиссия Алқасы мүшелерінің және Одақ Соты судьяларының, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, егер осы отбасы мүшелері келу мемлекетінің азаматтары болып табылмаса, осы Ереженің
19-тармағының 3 – 5-тармақшаларының ережелері қолданылады.
      Комиссия Алқасы мүшелерінің және Одақ Соты судьяларының отбасы мүшелеріне, егер олар келу мемлекетінің азаматтары болып табылса және (немесе) оның аумағында тұрақты тұрса, осы отбасы мүшесіне тиесілі көлік құралынан болған жол-көлік оқиғасына байланысты осы отбасы мүшесіне не оны жүргізушіге келтірілген залалды өтеу туралы қуынымға қатысты келу мемлекетінің азаматтық юрисдикциясынан иммунитет қолданылмайды.
      19. Лауазымды тұлғалар:
      1) лауазымды тұлғалар ретінде олар айтқан немесе жазған және олар жасаған барлық әрекеттер үшін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды;
      2) Одақ органдары төлейтін жалақыға және өзге де сыйақыларға салық салудан босатылады;
      3) мемлекеттік айыптаудан босатылады;
      4) Келу мемлекетіне келу және одан кету бойынша шектеулерден, шетелдік ретінде және уақытша тұруға рұқсат алуға тіркеуден босатылады;
      5) халықаралық дағдарыстар кезінде дипломатиялық өкілдер пайдаланатын репатриация бойынша жеңілдіктерді пайдаланады.
      20. Лауазымды адамдарға, егер олар келу мемлекетінің азаматтары болып табылса және (немесе) оның аумағында тұрақты тұрса, осы Ереженің 19-тармағының 2 – 5-тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
      21. Лауазымды тұлғалардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, егер бұл отбасы мүшелері келу мемлекетінің азаматтары болып табылмаса және (немесе) оның аумағында тұрақты тұрмаса, 19-тармағының 3–5-тармақшаларының ережелері қолданылады.
      22. Комиссия Алқасы мүшелерін, Одақ Соты судьяларын, лауазымды тұлғаларды және қызметкерлерді аккредиттеу мәселелері келу мемлекетінің аумағына Одақ органдарының келу шарттары туралы халықаралық шарттарда реттеледі.
      23. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьялары, лауазымды тұлғалар және қызметкерлер ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметті қоспағанда, жеке пайданың немесе өзге тұлғалардың пайдасының мүдделері үшін кәсіпкерлікпен және басқа да қызметпен айналысуға құқылы емес.
      Ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтен алынған табыстарға халықаралық шарттарға және келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.
      24. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Соты судьялары, лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келу мемлекетінің кез келген көлік құралын пайдалануға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілуі мүмкін залалдан сақтандыруға қатысты заңнамасының талаптарын сақтауға тиіс.
      25. Қызметкерлер мынадай:
      1) қызметкерге тиесілі көлік құралынан болған жол-көлік оқиғасына байланысты не оны жүргізушіге келтірілген залалды өтеу туралы қуынымдарға;
      2) қайтыс болуына немесе қызметкерлердің әрекеттерінен болған дене жарақатына байланысты қуынымдарға қатысты жағдайлардан басқа өздерінің қызметтік міндеттерін тікелей атқаруы кезінде жасаған әрекеттерге қатысты келу мемлекетінің сот немесе әкімшілік органдарының юрисдикциясына жатқызылмайды.
      26. Қызметкерлер Келу мемлекетіне келу және одан кету бойынша шектеулерден, шетелдік ретінде және уақытша тұруға рұқсат алуға тіркеуден босатылады.
      27. Осы Ереженің 25 және 26-тармақтарының ережелері олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік билік және басқару органдарының және қызметкерлерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарға қолданылмайды.
      28. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер оларға жеке пайдасы үшін берілмейді, олардың өз өкілеттіктерін Одақ мүддесіне орай тиімді және тәуелсіз орындауы (лауазымдық (қызметтік) міндеттерін атқаруы) үшін беріледі.
      29. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері межелі жерге жол жүру кезінде келу мемлекетінің аумағына олар келген кезден бастап немесе егер Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер өздерінің өкілеттіктеріне (лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне) кіріскен кезде олар осы аумақта болса осы Ережеде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
      30. Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлға немесе қызметкер өкілеттігін (лауазымдық (қызметтік) міндеттерін) тоқтатқан кезде олардың артықшылықтары мен иммунитеттері, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасылары мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері әдетте осы тұлғаның келу мемлекетінен кеткен кезінде немесе келу мемлекетінен кету үшін ақылға қонымды мерзім өткеннен кейін осы көрсетілген екі кездің қайсысының бұрын болуына қарай тоқтатылады. Отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері, Комиссия Алқасының мүшесінің, Одақ Соты судьясының, лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің отбасы мүшелері болу тоқтатылған кезде тоқтатылады. Бұл ретте, мұндай тұлғалар ақылға қонымды мерзім ішінде Келу мемлекетінен кетуге ниет білдірсе, онда артықшылықтар мен иммунитеттер олар кеткен кезге дейін сақталады.
      31. Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда олармен бірге тұратын отбасы мүшелері өздеріне берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді келу мемлекетінен олардың кету кезіне дейін немесе келу мемлекетінен олардың кету үшін ақылға қонымды мерзім өткенге дейін осы көрсетілген екі кездің қайсысының бұрын болуына қарай пайдалануды жалғастырады.
      32. Комиссия Алқасының мүшесінің, Одақ Соты судьясының, лауазымды тұлғаның өздері Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлға ретінде өздерінің функцияларын іске асыру шеңберінде барлық айтқан немесе жазған және жасаған бүкіл әрекеттеріне қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық юрисдикциядан иммунитеттері олардың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін де оларда сақталады. Осы тармақ Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының немесе лауазымды тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген жауаптылығы туындау жағдайлары үшін нұқсан келтірілместен қолданылады.
      33. Осы Ережеге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын барлық тұлғалар олардың артықшылықтары мен иммунитеттеріне нұқсан келтірмей, келу мемлекетінің заңнамасын құрметтеуге міндетті. Олар осы мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға да міндетті.
      34. Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға немесе қызметкер, егер иммунитет сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген жағдайда иммунитеттен айырылуы мүмкін және иммунитетті алу соған байланысты иммунитет берілген мақсаттарға нұқсан келтірмейді.
      35. Иммунитеттерді алу:
      1) Комиссия Алқасының мүшесіне және Одақ Соты судьясына қатысты – Жоғары кеңес;
      2) Комиссияның лауазымды тұлғасы мен қызметкеріне қатысты – Комиссия Кеңесі;
      3) Одақ Сотының лауазымды тұлғасы мен қызметкеріне қатысты – Одақ Сотының төрағасы жүзеге асырады.
      36. Иммунитеттен бас тарту жазбаша нысанда жүзеге асырылады және айқын болуға тиіс.

IV. Мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен
иммунитеттері

      37. Мүше мемлекеттердің өкілдері ресми функцияларын атқару кезінде және мүше мемлекеттердің аусмақтарында Одақ органдары ұйымдастыратын іс-шараларды өткізетін жерге бару кезінде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады:
      1) жеке тұтқындау немесе ұстаудан, сондай-ақ осы ретте олар жасауы мүмкін барлық әрекеттерге қатысты сот және әкімшілік биліктер юрисдикциясынан иммунитет;
      2) тұрғын үйге қол сұғылмаушылық;
      3) бірге болатын багажды және қол жүгін егер оларда ресми немесе жеке қолдануға арналмаған заттар мен өзге де мүлік немесе әкелінуіне немесе әкетілуіне аумағында іс-шара өткізілетін мүше мемлекеттің заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген заттар мен өзге де мүлік бар деп пайымдауға байыпты негіз болмаса кедендік тексеріп қараудан босату;
      4) Келу мемлекетіне келу және одан кету бойынша шектеулерден, шетелдіктер ретінде және уақытша тұруға рұқсат алуға тіркеуден босату.
      38. Осы Ереженің 37-тармағының ережелері мүше мемлекеттің өкілдері мен азаматы немесе өкілі болып табылатын не болған мүше мемлекеттің биліктері арасындағы өзара қарым-қатынастарға қолданылмайды.
      39. Мүше мемлекеттердің өкілдері пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер жеке пайдасы үшін берілмейді, олардың өздерінің ресми функцияларын өз мүше мемлекетінің мүддесіне қарай тиімді және тәуелсіз орындауы үшін беріледі.
      40. Мүше мемлекеттердің өкілдері тұратын үй-жайлар, қажетті заттар және басқа да мүлік, сондай-ақ қызметтік қажеттілік үшін пайдаланылатын көлік құралдары тінтуден, реквизициядан, тұтқындаудан және атқарушылық әрекеттерден иммунитетті пайдаланады.
      41. Мүше мемлекеттердің өкілдерінің мұрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта және ақпаратты жеткізгіштерге және олардың орналасқан жеріне қарамастан, қол сұғылмайды
      42. Егер ол кіруге тыйым салынатын немесе мемлекеттік қауіпсіздік ұғымы бойынша реттелетін аймақтар туралы заңға және қағидаларға қайшы келмеген жағдайда Келу мемлекеті мүше мемлекеттердің барлық өкілдеріне оның аумағымен өздерінің ресми функцияларын атқаруы үшін қажетті шамада жүріп өтуді және жүруді қамтамасыз етеді.

V. Одақ органдарындағы еңбек қатынастары мен әлеуметтік кепілдіктер

      43. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің еңбек қатынастары осы Ереженің нормалары ескеріле отырып келу мемлекетінің заңнамасымен реттеледі.
      44. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің зейнетақымен қамтамасыз етілуі олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің зейнетақымен қамтамасыз етілуіне міндетті аударуды аталған тұлғалар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттердің зейнетақы қорларына Одақ бюдеті қаражаты есебінен жалақыдан ұстамай тиісті мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Одақтың органдары жүргізеді. Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге зейнетақы төлеу жөніндегі шығыстарды олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекет көтереді.
      45. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің әлеуметтік сақтандырылуы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілуі, зейнетақылық сақтандырудан басқа, әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес келу мемлекетінің азаматтарына қатысты шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің пайдасына төлемдерден зейнетақылық сақтандырудан басқа, әлеуметтік қамсыздандыруға (әлеуметтік сақтандыруға) сақтандыру жарналарын төлеу келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес Одақ бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақыларды төлеу шығыстарын басқа мүше мемлекеттермен өзара есеп айырыспай Келу мемлекеті жүзеге асырады.
      46. Зейнетақы немесе әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды тағайындау кезінде сақтандыру немесе еңбек стажына олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Комиссия Алқасы мүшесі, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлға және қызметкер ретінде жұмыс істеген кезең есептеледі.
      Комиссия Алқасы мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға және қызметкер ретінде жұмыс істеген кезең зейнетақы тағайындау кезінде олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру немесе еңбек стажына, ал әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау кезінде келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес есептеледі.
      47. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің өз өкілеттіктерін орындау кезінде алған еңбекақысы зейнетақы мөлшерін айқындау кезінде олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, ал ал әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақылардың мөлшерін айқындау кезінде келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес есептеледі.
      48. Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мынадай әлеуметтік кепілдіктер беріледі:
      1) ұзақтығы күнтізбелік 45 күнге жыл сайынғы ақы төленетін демалыс;
      2) медициналық қызмет көрсету, оның ішінде олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Одақ бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын көліктің қызмет көрсету;
      3) Одақ бюджеті қаражаты есебінен Одақтың тиісті органы орналасқан қала аумағында тұрғын үй алаңы жоқ Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына қызметтік тұрғын үй-жай беру (олардың отбасы мүшелерін ескере отырып);
      4) Комиссия Алқасының өкілеттіктерді орындау кезеңін ол азаматы болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер) үшін көзделген әлеуметтік кепілдіктерді беру кезінде мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) стажына, сондай-ақ Комиссия Алқасының мүшесі азаматы болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес министр (федералдық министр) үшін көзделген зейнетақымен (әлеуметтік) қамсыздандыру (зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы) мөлшерін (құқығын) айқындау кезінде министр (федералдық министр) өкілеттіктерін атқарудың ұзақтығына қосу;
      5) Одақ Сотының судьясы азаматы болып табылатын мүше мемлекетте судьялық стажына Одақ Соты судьясының өкілеттіктерін атқару кезеңін қосу.
      49. Комиссия Алқасының мүшелеріне және Одақ Сотының судьяларына берілетін әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуімен (оның ішінде медициналық және көліктік қызмет көрсетумен) байланысты мәселелерді келу мемлекетінің құзыретті органы шешеді.
      50. Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, өз өкілеттіктерін атқарып жүрген Комиссия Алқасының мүшелері (Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде көзделген өкілеттіктердің мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайларын қоспағанда (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) қартаюы (мүгедектігі) бойынша сақтандыру зейнетақысына ай сайынғы үстемеақы белгілетуге құқығы бар. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы федералдық министр үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленеді. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы белгілеу туралы шешімді зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы федералдық бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
      51. Лауазымды тұлғаларға, қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде Одақтың бюджеті қаражаты есебінен медициналық қызметтер көрсетіледі, Комиссия департаменттерінің директорларына және Одақ Сотының Хатшылығының жетекшісіне де Одақтың бюджеті қаражаты есебінен көліктік қызмет көрсетіледі.
      52. Одақ бюджеті қаражаты есебінен Одақтың тиісті органы орналасқан қала аумағында тұрғын үй алаңы жоқ лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде қызметтік тұрғын үй-жай беріледі (олардың отбасы мүшелерін ескере отырып).
      53. Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда жұмыс істегенге дейін федералдық (мемлекеттік азаматтық) қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда атқаратын лауазымынан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және 15 жылдан кем емес мемлекеттік азаматтық қызмет стажы бар Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, егер Комиссиядан босатылудың алдында олар кемінде 12 ай сол лауазымды атқарса, Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген тәртіппен федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін тағайындалатын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы бар. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы белгілеу туралы ұсынысты (шешімді) Комиссия Алқасының өтініші бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функциядарды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды.
      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақының мөлшері лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің орташа жалақысының негізінде есептеледі, оның шекті мөлшері Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері лауазымдарының Ресей Федерациясының Үкіметі бекітетін Ресей Федерациясының Үкіметі Аппаратындағы федералдық мемлекеттік азаматтық лауазымдарға сәйкестігі тізбесіне сәйкес мемлекеттік азаматтық қызмет лауазымдарына теңестіру бойынша белгіленген лауазымдық жалақыға (ақшалай сыйақыға) қарай айқындалады.
      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша федералдық бюджет қаражаты есебінен тағайындалады.
      54. Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері лауазымдарының жұмыс істеген кезеңдері мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметті өткеру кезеңінде әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу үшін және мемлекеттік қызметшілердің (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілердің) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау үшін олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметі стажына қосылады.
      55. Комиссия Алқасы мүшелеріне, Одақ Соты судьяларына, лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне медициналық және көліктің қызмет көрсету тәртібін Үкіметаралық кеңес айқындайды.

Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа  
№ 32 ҚОСЫМША     

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне
байланысты Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті
қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың
қолданылуын тоқтату туралы
ХАТТАМА

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) күшіне енуіне байланысты Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде жасалған мынадай халықаралық шарттардың қолданылуы тоқтатылады.

I. Шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуы тоқтатылатын
халықаралық шарттар

      1. 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарт.
      2. 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттама
      3. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім
      4. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім
      5. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы.
      6. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге қол қою туралы.
      7. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім.
      8. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттама.
      9. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттама.
      10. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден органдары арасында тауарлардың кедендік құнын айқындау мен бақылау үшін қажетті ақпарат алмасу туралы хаттама.
      11. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама.
      12. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кедендік рәсімдер мен кедендік режимдердің түрлері туралы келісім.
      13. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім.
      14. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарларды декларациялау тәртібі туралы келісім.
      15. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы келісім.
      16. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісім.
      17. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау тәртібі туралы келісім.
      18. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісім.
      19. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісім.
      20. 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісім.
      21. 2009 жылғы 9 маусымдағы Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісім.
      22. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттама.
      23. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттама.
      24. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттама.
      25. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттама.
      26. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі органдарды және сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуді өзара тану туралы келісім.
      27. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Сәйкестігі міндетті бағалануға (расталуға) жататын өнімнің Кеден одағының кедендік аумағындағы айналысы туралы келісім.
      28. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісім.
      29. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісім.
      30. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімі.
      31. 25 қаңтардағы 2008 жылғы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы хаттама.
      32. 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім.
      33. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.
      34. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.
      35. 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы хаттама.
      36. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимінен жекелеген уақытша алулар туралы хаттама.
      37. 2010 жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісім.
      38. 2010 жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісім.
      39. 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
      40. 2010 жылғы 19 қарашадағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеулер мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттама.
      41. 2010 жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім.
      42. 2010 жылғы 19 қарашадағы Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім.
      43. 2010 жылғы 19 қарашадағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім.
      44. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім.
      45. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім.
      46. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы келісім.
      47. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
      48. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім.
      49. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісім.
      50. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісім.
      51. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы келісім.
      52. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің кызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісім.
      53. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім.
      54. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісім.
      55. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісім.
      56. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі қызметтер көрсету саудасы және инвестициялар туралы келісім.
      57. 2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісім.
      58. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 18 қазандағы хаттама.
      59. 2011 жылғы 19 қазандағы Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттама.
      60. 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарт.
      61. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің валюталық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы туралы 2011 жылғы 15 желтоқсандағы шарт.
      62. 2013 жылғы 29 мамырдағы Статистика саласындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісім.
      63. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы хаттама.
      64. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы хаттама.
      65. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2013 жылғы 25 қыркүйектегі хаттама.

II. Шарттың 102-бабына сәйкес Комиссияның тиісті шешімі күшіне
енген күнінен бастап қолданылуы тоқтатылатын халықаралық
шарттар

      1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім.
      2. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама.
      3. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады