Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 198-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдардағы "Бағыныстылығы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті".
3. "Төтенше жағдай енгізiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiнде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) халықаралық iзгiлiк көмектi Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып бөлудi;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Халықаралық iзгiлiк көмекті төтенше жағдай енгiзiлген жерде бөлу барысы туралы жұртшылықты хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган қамтамасыз етедi (жергiлiктi жердегi комендантпен келiсу бойынша).".
4. "Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 467 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 242-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, үш жұмыс күні iшiнде жалгердiң, сенiмгерлiк басқарушының немесе меншiк иесiнiң қатысуымен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстарын қарайды және су шаруашылығы құрылыстарында уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу қажеттiлiгi туралы келiсiлген қорытындыны мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға енгiзедi.".
5. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:
"3. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"187. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Качир ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.";
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
"4. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:
4-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
6. "Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1142 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 43, 574-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлігін қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту ережесiнде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қорғаныс сипатындағы жұмыстар үшiн тартылатын ұйымдар, азаматтар және басқа адамдар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келiсiмдерде көзделген азаматтық қорғаудың мiндеттерiн орындайды.".
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. "Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 420-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Зардап шеккендерді ыстық тамақпен, ауызсумен, киіммен, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етуді төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып ұйымдастырады.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуді және оларға шұғыл медициналық көмек көрсетуді төтенше жағдай енгізілген аумақтың жергілікті атқарушы органы азаматтық қорғау медициналық қызметін тарта отырып дереу ұйымдастырады.".
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.11.2020 № 796 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. "Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 80-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Терроризм актісінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес өрт және мамандандырылған өрт бөлімдері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқару бөлімшелері, ерікті құтқару құралымдары, әуе, су немесе темір жол көліктерінің тиісті бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жедел ден қою жасақтары қалалық (аудандық) коммуналдық қызметтердің авариялық-техникалық командаларымен бірлесіп тартылады.".
12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 796-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшін, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде берілген реквизицияланған мүлікті есепке алу қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Төтенше жағдайларды жою, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері басшыларының, авариялық-құтқару қызметтері немесе шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметтері жасақтары (бөлімше, экипаж) бастықтарының мүлікті реквизициялау жөніндегі іс-қимылына жалпы басшылықты және оларды үйлестіруді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ мүлікті реквизициялауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мүлікті реквизициялау жүзеге асырылғаннан кейін бір тәулік ішінде Заңның талаптарына сәйкес толтырылған мүлікті реквизициялау туралы актілерді және есептерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және реквизицияланған мүлікті есепке алуды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға береді.".
14. "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Іздестіру және құтқару мақсаттары үшін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы органдар мен ұйымдардың іздестіру мен құтқаруды жүзеге асыру жүктелген басшылары ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Үйлестіру кеңесі консультациялық-кеңесші орган болып табылады және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен құрылады.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Үйлестіру орталығының құрамы мен жұмыс тәртібі азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, құрамына авиациялық бөлімшелер кіретін басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен шешімімен айқындалады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпаратты қабылдайды және бұл туралы азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды хабардар етеді;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындаған іздестірудің және құтқарудың байланыс пункттері арқылы халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінен (бұдан әрі – КОСПАС-САРСАТ) алынған апат сигналдары туралы ақпаратты қабылдайды және оны іздестіру және құтқару аудандарындағы кезекші іздестіру-құтқару күштеріне жеткізеді;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды олардың сұрау салуы бойынша кезекші құралдар туралы хабардар етеді;";
18-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының Республикалық дағдарыс орталығымен (бұдан әрі – РДО);";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ІҚО (Ж) үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын бөледі. Авариялық-құтқару қызметтері персоналының ЖІҚК мәртебесі бар. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының ІҚЖ үшін тартылған персоналының саны әрбір іздестіру және құтқару ауданы үшін ІҚО (Ж) жүргізуді ұйымдастыру жоспарында айқындалады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. КОСПАС-САРСАТ жүйесінен апат туралы ақпарат қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен іздестірудің және құтқарудың байланыс пункттері тағайындалады (КОСПАС-САРСАТ жүйесінен ақпарат қабылдау үшін іздестіру және құтқарудың түйісу нүктелері).";
38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әзірленген ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын Үйлестіру кеңесінің басшысы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы және Үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның өкілі бекітеді.";
39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"39. ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, пайдаланушылар мен басқа да ұйымдардың өкілдері бірлесіп әзірлейді.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. ПДҚТ мен ЖІҚК жарақтандыру азаматтық қорғау саласындағы және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға көрсетілген мемлекеттік органдардың жеке құрамын жарақтандыруға және күтіп-ұстауға бөлінген бюджеттік қаражат шегінде жүзеге асыралады.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар ӘК-нің апатқа ұшырауы жөнінде өздеріне белгілі болған барлық жағдайлар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлайды.";
98-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"РДО алаңдаушылық кезеңінің туындағаны туралы ІҚО (Ж) басшысын тағайындау үшін болжамды іздестіру мен құтқару ауданының азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің кезекші қызметін хабардар етеді.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Іздестіру мен құтқару аудандарында ІҚО (Ж)-ны тікелей басқаруды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жанынан құрылған ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік аудандарының ІҚО (Ж) жедел штабтары (бұдан әрі – Жедел штаб) жүзеге асырады.";
164-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"164. Үйлестіру орталығы мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен бірлесіп, жүргізілген ІҚО (Ж) нәтижелері туралы есепті бір ай мерзімде ресімдейді және оның көшірмелерін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.";
175-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"175. ІҚО (Ж)-ны аяқталғаннан кейін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар осындай операцияға қатыстырылған персоналдың, апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен тұлғалардың қатысуымен ІҚО (Ж)-ны талқылау ұйымдастырады.";
176-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"176. Талқылау қорытындылары бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді, таратады және олардың орындалуын бақылайды.".
15. "Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 838 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 801-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау қағидаларында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде өтінімді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, азаматтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға және тиісті жергілікті атқарушы органдарға келісуге жібереді.".
16. "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 50, 708-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, әскери-тергеу органдарында және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен әскери бөлімдерінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;";
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;".
17. "Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1489 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2013 ж., № 78, 1019-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдарын беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының Президенті құратын мемлекеттік органдарға және арнайы мемлекеттік басқару органдарына үкіметтік байланысты, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, әскери басқару органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басым пайдалану, сондай-ақ тоқтата тұру мүмкіндігі беріледі.".
18. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.07.2021 № 466 қаулысымен.19. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 534-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"187. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қашыр ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Качир ауданының төтенше жағдайлар бөліміне.";
227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275 және 276-тармақтардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
20. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 552 қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 24-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 702 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 213-құжат).
3. "Өрт сөндiру жөнiндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшін ұйымдардың аумақтарында өрт cөндіpy кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 шілдедегі № 801 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 247-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1062 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 347-құжат).
5. "Өрт-техникалық өнiмдерiн шығару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 466-құжат).
6. "Объектілер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 171-құжат).
7. "Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларды медициналық және психологиялық оңалту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 991 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 405-құжат).
8. "Өрт қауiпсiздігінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектілердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 48 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 21-құжат).
9. "Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 162-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
11. "Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 493-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 760 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстердің 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 322-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысына өзеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 188-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 34, 354-құжат).
16. "Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 920 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 438-құжат).
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11, 18, 27, 29 және 31-тармақтары.
18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 196-құжат).
19. "Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 409-құжат).
20. "Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 68-құжат).
21. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011ж., № 22, 275-құжат).
22. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011ж., № 37, 450-құжат).
23. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1526 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 155-құжат).
24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 49-құжат).
25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 794-құжат).
26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат).