Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салықтық
және кедендік әкімшілік жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж.,№ 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; №, 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат;№ 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат;№ 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
48-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;
12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу»;
5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
17-2-тарау мынадай мазмұндағы 152-3, 152-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«152-3-бап. Жалпы ережелер»;
«152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
29-тарау мынадай мазмұндағы 233-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«233-2-бап. Көлік экспедициясы шартының талаптарына сәйкес жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
35-тарау мынадай мазмұндағы 264-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес шарттар бойынша шот-фактура жазып беру ерекшеліктері»;
369-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
386-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салынатын салық мөлшерлемелері»;
438-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу тәртібі»;
63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі»;
451-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі»
568-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«568-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою»;
598-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру тәртiбi»;
87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі»;
89-тараудың 3-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау»;
92-тарау мынадай мазмұндағы 661-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«661-1-бап. Жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерінің барлығы туралы мәліметтерді беру»
672-бабының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
674-бабының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым берудің салдары»;
2) мазмұнындағы 21-бөлімнің 93-тарауының 51-1, 638, 666-баптарының тақырыптарындағы 12, 13, 20, 46, 47, 51-1, 52, 60, 69, 70, 245, 273, 276-22, 558, 588, 591, 593, 595, 607, 609, 613, 614, 627, 629, 637, 638, 666, 667, 671, 673, 674, 676, 684, 685-баптардағы, 21-бөлімнің тақырыбындағы, 93-тараудың тақырыбындағы «салықтық тексеру нәтижелері туралы», «салықтық тексерудің нәтижелері бойынша», «салықтық тексеру нәтижелерін», «салықтық тексеру нәтижелері», «салықтық тексеру нәтижелерімен» деген сөздер «тексеру нәтижелері туралы», «тексеру нәтижелері бойынша», «тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаты – тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде электрондық түрде ресімделетін құжат;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) электрондық салық төлеуші - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;»;
4) 13-бапта:
1-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есебі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарында жүргізілетін берешектің (бұдан әрі - есебі салық органдарында жүргізілетін берешек) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1. Салық төлеуші көлік құралдары, жер салығы және жеке тұлғалардың мүліктеріне салықтары бойынша салықтық міндеттемелерінің барлығы туралы ақпараттандыру мақсаттары үшін өздерінің телефон нөмірлері және электрондық пошталарының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органдарына беруге құқылы.»;
5) 14-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын:
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың алдағы импорты кезінде;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу кезінде электрондық түрде ресімдеуге.
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
10) салық тексеруін жүргізу кезінде осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуге, сондай-ақ көрсетілген деректерді электрондық жеткізгіште және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіште беруге міндетті.
Осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін электрондық жеткізгіште беру бойынша міндеттеме мониторингілеуге жататын iрi салық төлеушiлерге қатысты болады.
Бұл ретте салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлiк және салық есептерiн автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу тәртібін, сондай-ақ оларды көшірмелеуді уәкілетті орган бекітеді.»;
6) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережесі:
1) резидент заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы салықтық өтінішті;
2) осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берген жағдайда қолданылмайды.»;
7) 19-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлiк және салық есептерiн автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді және (немесе) электрондық жеткізгіште және (немесе) қағаз жеткізгіште беруді талап етуге;»;
8) 20-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»;
9) 35-баптың 4-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік басқару туындаған күні және сенімгерлікпен басқару кезеңінде осы Кодекстің 134, 135, 135-1, 181, 182-баптары және 17, 63-тарауының ережелерін қолданатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.»;
10) 37-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын.
11) 37-1-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн, салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.»;
12) 37-2-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 5), 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн, салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.»;
13) 39-баптың екінші бөлігінің 2), 3) тармақшалары және 1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
14) 40-баптың екінші бөлігінің 3), 4) тармақшалары және 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
15) 41-баптың екінші бөлігінің 3), 4) тармақшалары және 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
16) 48-бапта:
48-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді орналасқан жері бойынша салық төлеуші тіркелген салық органына қатысы бойынша жоғары тұрған салық органы қабылдайды.»;
17) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
18) 74-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күні уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады.»;
19) 77-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша;
2) үстеме пайда салығы бойынша;
3) қосылған құн салығы бойынша;
4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша;
5) ірі салық төлеушінің ағымдағы және алдағы күнтізбелік жылға жоспарлайтын қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтитын салық тіркелімдерінің нысандарын белгілейді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер осы Кодекстің 624-бабында өзгеше белгіленбесе, салық тіркелімдері құжаттық салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде беріледі.»;
20) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның табысы болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына бөлінетін квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.»;
21) 100-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 111-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.»;
22) 110-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын осындай тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;»;
23) 111-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қою бонусы, оның ішінде осы Кодекстің 315-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төленген қол қою бонусының сомасы және коммерциялық табу бонусының сомасы, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:»;
1-2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға іс жүзінде жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:»;
24) 111-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушы жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде іс жүзінде шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) тиісті жер қойнауын пайдалану келісімшартының шеңберінде амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:
1) блоктарда (полигондарда) салынған сорушы, айдаушы және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындары;
2) пайдалану блоктарынан (полигондардан) бастап өнімді ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдаушы және сорушы коллекторлар;
3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;
4) полигон блоктарында салынған технологиялық құбыржолдар;
5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;
6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімді ерітінділерді тарату тораптары;
7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;
8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылөткізгіштер;
9) блоктарда (полигондарда) орнатылған жабдықтары мен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;
10) таудағы дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған жабдықтары мен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;
11) таудағы дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;
12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергиямен жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кабельдік желілер;
13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;
14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;
15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;
16) блоктардағы (полигондардағы) құмтоғандар немесе өнімді ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;
17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалатын шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады;
Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жататын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаты үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.
Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебіне сәйкес есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатады.
Амортизациялық аударымдар сомасы блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес, мына формула бойынша айқындалады;
С1 + С2 + С3
S = ----------- * V4, мұнда:
V1 + V2 + V3
1) S - амортизациялық аударымдар сомасы;
2) С1 - амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;
3) C2 – ағымдағы салық кезеңінде өндірілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);
4) С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, осы баптың 3-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының құны;
5) V1 - салық кезеңiнiң басында өндіруге дайын уран қорларының нақты көлемі;
6) V2 - салық кезеңінде өндіруге барлық дайындық жұмыстарының көлемі аяқталған өндіруге дайын уран қорларының нақты көлемі;
7) V3 - жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған өндіруге дайын уран қорларының нақты көлемі;
8) V4 - салық кезеңінде жер қойнауында нормаланатын шығындар ескеріле отырып жойылған уран қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны болып 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,
қосу
осы баптың 1-тармағында көрсетілген ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар),
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар,
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны,
алу
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі болып танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басында өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі
қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі,
қосу
үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға байланысты жарғылық капиталға салым ретiнде алынған өндіруге дайын уран қорларының нақты көлемі,
алу
салық кезеңі ішінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып өтелген уран қорларының көлемі.
Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде өтелген уран қорының нақты көлемінің саны осы пайдалану блогының өндіруге дайын уран қорының нақты көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогының амортизацияланатын активтер тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан кейінгі жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңінде шегерімге жатады.
3. Үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға байланысты жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына да осы бапта белгiленген тәртiп қолданылады.
Үшінші тұлғалардан осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобын сатып алуға байланысты түсімдер түскен кезде, мұндай активтер тобының құны оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын сатып алу құны болып табылады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде, мұндай активтер тобының құны заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны болып табылады.»;
25) 135-3-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.»;
26) мынадай мазмұндағы 135-4-баппен толықтырылсын:
«135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу
1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалынан түскен табыстар бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет түріне сәйкес келетін салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу және салық салуға байланысты объектілердің бөлек салық есебін жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушi осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін осындай қызмет түрі бойынша қолдануға құқылы емес.»;
27) 141-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (қоса есептелген) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір бірінші айы үшін осы Кодекстің 142-бабы 2-тармағымен белгіленген мерзімдерде теңдей үлестермен төленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Егер салық төлеуші өткен салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру кезеңіне дейін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебінде аванстық төлемдерді төмендетіп көрсетсе, салық органдары осы Кодекстің 142-бабы 2-тармағында белгіленген төлем мерзімдері бойынша көрсетілген осындай есепте аванстық төлемдер сомаларын және осы тармақтың екінші абзацымен белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомаларының оң айырмасы мөлшерінде көрсетілген мерзімге аванстық төлемдер сомаларына қоса есептеу жүргізуге құқылы.»;
28) 152-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, онда инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым, салық төлеуші осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық есептілігі инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелері (қосылған құн салығынан және акцизден бөлек) инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық келісімшарт жасаған күні әрекет еткен алымдар бойынша анықталады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.»;
29) мынадай мазмұндағы 17-2-тараумен толықтырылсын:
«17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
30) мынадай мазмұндағы 152-3, 152-4-баптармен толықтырылсын:
«152-3-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаты үшін инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым болып, сонымен бірге келесі шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға табылады:
1) заңды тұлға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес:
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын көздейтін инвестицияларды іске асыру үшін инвестициялық келісімшартты;
салықтар бойынша преференцияларды көздейтін көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба бойынша жүзеге асырылатын заңды тұлғаның қызметі инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін анықталған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келеді;
3) заңды тұлға осы Кодекспен көзделген салық есебін бөлектеп жүргізу қағидаттарына сәйкес инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде емес алынған/келтірілген кірістер мен шығындардан бөлек, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде енгізілген объектілерді пайдалану кезінде алынған/келтірілген кірістер мен шығындар бойынша бөлектеп есеп жүргізеді.
2. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгерістері мен (немесе) толықтырулары салық мөлшерлемелерінің, алымдар мен төлемдердің өсуін көздейтін болса, онда инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, салық төлеуші осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық есептілігі инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелері инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаған күні әрекет еткен алымдар бойынша анықталады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-4 бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық келісімшарт әрекетін мерзімнен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес анықталады.
4. Салық бойынша преференциялар және салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру инвестициялық стратегиялық жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық келісімшарт әрекетін мерзімнен бұрын тоқтату жағдайында инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаған күннен бастап күшін жоғалтады.
Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшартты мерзімнен бұрын тоқтатқан жағдайда салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оның бұзылған күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салық сомаларының өсуін көздейтін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
152-4 бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған қосымша келісімде корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, жүйелі он жылдан кешікпей аяқталады.
2. инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 кэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері егер инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшартпен жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициенті қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасалған келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, жүйелі жеті жылдан кешікпей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскесін, немесе оның бөлігін (бірге тұрған ғимараттарда, құрылыстарда немесе оларсыз) өзге негіздемелерде жалға берген жағдайларда қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғашқы енгізілген объектілер бойынша инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржы есептілік стандарттарына сәйкес негізгі жабдықтар құрамында есепке алынған және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық стратегиялық келісімшартты іске асыру үшін инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламада көзделген активтерге қатысты әрекет етеді;
2) егер инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшартпен мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржы есептілік стандарттарына сәйкес негізгі жабдықтар құрамында есепке алынған, айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржы есептілік стандарттарына сәйкес негізгі жабдықтар құрамында есепке алынған, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, жүйелі жеті жылдан кешікпей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалдауға табыс етілген жағдайларда қолданылмайды.»;
31) 155-баптың 3-тармағында:
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шекке немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның тұрғын үйлерді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жалға алу (жалға беру) кезінде оның өтеген шығыстары, егер көрсетілген шығыстар жалға беру төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде көзделген коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге;
тұрғын үйлерді, тұрғын үй-жайды (пәтерлерді) жөндеуге;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) мынадай:
қарыз алушы – жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы – жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған;
қарыз алушы – жеке тұлғада және қарыз алушы – жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ және субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (микрокредит) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.
Осы тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;»;
32) 156-бапта:
1-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы тармақшаны қолдану күнінде бұл адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оларға теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адам;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адам;
I, II, III топтардағы мүгедектердің;
мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шегiнен аспайтын бiр жылдағы табыстары;
Егер жеке тұлғада осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздер болған жағдайда табыстарды алып тастау осы тармақшада белгіленген табыс шегінен аспауы тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
«мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының біреуі;
«бала кезінен мүгедек» болуы себепті мүгедек болып танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін осы адамның ата-анасының қорғаншыларының, қамқоршыларының біреуі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың біреуі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шегiнен аспайтын бiр жылдағы табыстары.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды;»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 12), 13), 13-2) тармақшаларында көзделген табыстар жеке тұлға мына құжаттарды:
жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағының 12), 13), 13-2) тармақшаларын қолдануға осы бапта белгіленген шектерде түзету мөлшері көрсетілген өтінішін;
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде осы баптың
1-тармағының 12), 13), 13-2) тармақшаларын қолдану үшін негіз туындаған, тоқтатылған немесе бар болған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылда салық салынуға жататын табыстардан алынып тасталады.
3. Осы баптың 1-тармағының 12), 13), 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның осындай табыстан жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап ету мерзімі ішінде жеке тұлға осындай табыстан жеке табыс салығын ұстауды жүзеге асырған салық агентіне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын табысты қайта есептеуді жүзеге асыратын құжаттарды ұсынуға құқылы.»;
33) 165-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде - жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;»;
34) 180-1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;»;
35) 180-2-баптың 7-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;»;
36) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің табысы егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, осы бапқа сәйкес айқындалады.»;
37) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындаған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстар.
Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежайлық қызметтен түсетін кірістеріне қатысты қолданылмайды;»;
38) 202-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері болып табылса;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.»;
39) 212-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.»;
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бейрезидентке табыс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан;»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, төртінші тоқсанға салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей табыс етіледі.»;
40) 212-1-баптың 3-тармағында:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің (табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінді бөлікпен толықтырылсын:
«Мұндай көшірме, төртінші тоқсанға салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей табыс етіледі.»;
41) 212-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, төртінші тоқсанға салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей табыс етіледі.»;
42) 219-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қойылған қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Осы тармақтың ережелері егер резиденттігін растайтын құжаттарды өзара танудың өзге тәртібі:
1) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта;
2) шетел мемлекеттерінің және уәкілетті органдардың арасында осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімдері шеңберінде;
3) Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленген жағдайда қолданылмайды.
43) 227-1-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжатының болуы.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей табыс етіледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте есептелген (төленген) табыстардың және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.»;
3-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы – табыстар бейрезиденті арқылы депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс төлеген кезде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.»;
44) 228-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 568-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
45) 231-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарды комиссия шарты бойынша немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (орын ауыстыруға) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына шығару өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
46) 233-бапта:
233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және оның есебінен тауарды өткізуі немесе жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері, сондай-ақ осындай үшінші тұлғаға сенiм бiлдiрiліп жасалған мәмiлелер бойынша сенiм бiлдiрiлген үшінші адамның жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді орындауы сенім білдірілгендердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
47) 233-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
2) комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
3) комиссионердің осындай үшінші тұлға үшін жасалған мәмiле бойынша комитент үшін үшінші адамның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
48) 29-тарау мынадай мазмұндағы 233-2-баппен толықтырылсын:
«233-2-бап. Көлік экспедициясы шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа тасымалдаушылар және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтер көретуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
49) 237-бапта:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, ол:»;
50) 238-баптың 12, 14 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көлік экспедициясының шарты бойынша жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
«14. Сенім білдірілген тұлға сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген (алған), жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген тұлғаның сенім білдірушінің атынан және оның есебінен тауарды өткізуі немесе жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулері, сондай-ақ осындай үшінші тұлғаға сенiм бiлдiрiліп жасалған мәмiлелер бойынша сенiм бiлдiрiлген үшінші адамның жұмыстары немесе көрсетілген қызметтеріне салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.
15. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссия шартының талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алған комиссионердің комитентке беру, комиссионердің осындай үшінші тұлға үшін жасалған мәмiлелері бойынша комитент үшін үшінші адамның жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді орындау кезінде, комиссионердің салық салынатын айналым мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.»;
51) 248-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральді құбыр желілеріне жіберу, басқа көлік түріне ауыстыру), жөнелту жөнiндегi, Кеден одағының кедендік шекарасынан өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтерін; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулерді»;
52) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) инвестициялық алтынды екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»;
53) 256-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште осы Кодекстің 263-бабының 2-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес өзге де құжат жазып берген болса;»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы:»;
1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
1) осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп, электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактуралар бойынша өнім берушілерге төлеуге жататын;
2) қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) электрондық нысанда, оның ішінде осы Кодекстің 263-бабы 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактуралар бойынша,бірақ осы Кодекстің 238-бабы 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналымының мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша электрондық нысанда, оның ішінде осы Кодекстің 263-бабы 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес жазылып берілген шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;
4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналасқан өнімді қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнiмiнiң құнына келетін бөлігінде электрондық нысанда, оның ішінде осы Кодекстің 263-бабы 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;»;
3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.»;
54) 257-баптың 3-тармағындағы:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылуға жатпайды:»;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) комитент үшін комиссия шартының талаптарына сәйкес алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша - комиссионердің;
5) көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін жеткізушілер мен басқа жеткiзушiлерден алған жұмыстар, қызметтер бойынша – экспедитордың.»;
55) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Егер, бөлінетін жер учаскесі бөлігін иелену және (немесе) пайдалану, және (немесе) билік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым, осындай сату бойынша айналымды жүзеге асырғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке алынған жағдайда, осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету, осындай жер учаскесі бойынша есепке жататын қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша анықталады:
ҚҚСтүз = ҚҚСбеа/Sжалпы*Sжер,
ондағы:
ҚҚСтүз - қосылған құн салығын түзету сомасы;
ҚҚСбеа – бұрын есепке алынған қосылған құн салығының сомасы
Sжалпы – жер учаскесінің, оның бөлінуіне дейінгі жалпы ауданы;
Sжер - иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығы осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы
формула бойынша анықталатын осындай жер учаскесіне келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі.»;
56) 263-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы баптың 15-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға шот-фактураны немесе осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағында көзделген өзге құжатты жазып беруге міндетті.»;
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші электрондық түрде шот-фактураны жазып беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті орган растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателердің салдарынан электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру мүмкін болмаған жағдайда шот-фактураларды жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар:
1) шот-фактураның нысаны;
2) шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
3) шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
4) түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшелігі;
5) шот-фактураларды сақтау тәртібі;
6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
2) электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің дәйектілігі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, дербес айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеуші электрондық түрде жазып берілген шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағында көзделген өзге де құжатта көрсетеді:»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада көрсетілуі тиіс:»;
1-1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) айналым жасалған күні;»;
«2) шот-фактураның жазып берiлген күні;»;
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің өнім берушілері немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;»;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада қосымша акциздің сомасы көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда лизинг беруші шот-фактураны немесе «Салық кодексінің 78-бабын сақтамау» деген белгімен қосымша шот-фактураны жазып береді.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
1) қағаз жеткiзгiште - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
2) электрондық нысанда - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Электрондық шот-фактураларды жазып берген кезде қосылған құн салығын төлеушi:
1) электр энергиясын, суды, газды, жүйелік операторлар көрсететін жүйелік қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, көрсетілетін коммуналдық қызметтердi, темір жол тасымалдарын, көрсетілетін көлiк-экспедиторлық қызметтердi, вагондар (контейнерлер) операторы көрсететін қызметтерді, магистральдық құбыржол жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
2) есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
3) осы Кодекстің 276-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір жыл немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
1) қағаз жеткiзгiште - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
7-3. Осы Кодекстің 237-бабы 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура:
1) қағаз жеткiзгiште - осы Кодекстің 237-бабы 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген, қол қойған құжатта көрсетілген күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күн ішінде;
2) электрондық түрде - осы Кодекстің 237-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген, қол қойған құжатта көрсетілген күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазып берiледi.»;
14-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14-2. Түзетілген шот-фактура:
1) қағаз жеткізгіште - қате табылған күннен ерте емес және қате табылған күннен кейінгі күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде - қате табылған күннен ерте емес және қате табылған күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.»;
14-3-тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспеушілігін көрсетуге құқылы.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстiң 276-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзген кезде сатып алушыға осы Кодекстiң 90-тарауында көрсетілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;»;
18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комиссия шартының талаптарына сәйкес шарттардың шеңберінде шот-фактура жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабымен белгіленеді.»;
57) мынадай мазмұндағы 264-1-баппен толықтырылсын:
«264-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сәйкес шарттардың талаптары бойынша шот-фактура жазып беру ерекшеліктері
1) комиссия шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
2) Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерін ескере отырып, жазып береді:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
2) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжат. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында, комиссия шартының талаптарына сәйкес талапта тауарларды өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде деректемелер ретінде:
1) берушіде «комитент» мәртебесін көрсете отырып комитент деректемелері көрсетіледі;
2) алушыда «комиссионер» мәртебесін көрсете отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі.
Комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында, берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
2. Комиссия шартының талаптарына сәйкес талапта комитент үшін алынған тауарларды комитент комиссионерге беру кезінде, сондай-ақ үшінші тұлғаның комиссионермен жасаған мәмілесі бойынша комитент үшін үшінші тұлғаның жұмыстарды, қызмет көрсетуді орындау кезінде комитент атына шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талабына сәйкес комитент үшін комиссионер алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын ескере отырып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерін ескере отырып, жазып береді:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактура. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымда көрсетіледі;
2) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжат. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымда көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында, комиссия шартының талаптарына сәйкес талапта комитент үшін алынған тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып беру кезінде деректемелер ретінде:
1) берушіде «комиссионер» мәртебесін көрсете отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі;
2) алушыда «комитент» мәртебесін көрсете отырып комитент деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып беру кезінде деректемелер ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі.»;
58) 265-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нұсқада жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес, осындай шот-фактура көшірмесімен келіспейтіндігін білдіріп жүгінуге құқылы.»;
59) 267-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, келесі қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізуден алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын:»;
60) 272-баптың 3-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдардың болуына байланысты қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалатын болса:»
2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар, жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.».
61) 276-2 баптың 2) тармақшасында:
он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу критерийлерін уәкілетті орган белгілейді.»;
он үшінші абзац алып тасталсын;
62) 276-4-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрмелер мен жәрмеңкелерге.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттар үшін жеке тұлғалар әкелетін тауарлар;
2) тауарларды бір заңды тұлға шеңберiнде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлар импорты кезінде алынбайды.
Салық төлеуші осы тармақшада корсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде осы баптың 4-тармағында көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде салық органдарын хабардар етуге міндетті.»;
63) 276-13-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкетуді (әкелуді) жүзеге асырған жағдайда, өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ оның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде орындалуын ұсынады.»;
64) 276-20-бапта 3-1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық түрдегі өтінішті (өтініштерді) ұсынады:»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) оны уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;»;
65) 278-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемдерін уәкілетті орган белгілейді.»;
66) 280-бапта:
кестенің 7, 12 және 13-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. |
2208 |
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа) |
1200 тенге/литр 100% спирт |
12. |
2203 00 |
Сыра және сыра сусыны |
26 теңге/литр |
13. |
2202 90 100 1 |
Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра және сыра сусыны |
0 теңге/литр |
»;
67) 292-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабы 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.»;
68) 300-баптың 1) тармақшасында бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерін қоспағанда:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бөлімнің мақсаты үшін сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 субпозициясында жіктелетін тауарлар шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері болып танылады.»;
69) 301-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағында өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнай және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.»;
70) 302-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 334-бабы 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экспортталатын шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін, әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып анықталады.
Шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға аудару орташа өлшемді баррелизация коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы сату, мұндағы:
К барр. орт. – орташа-өлшемді баррелизация коэффициенті;
V1, V2, …. Vn - салық кезеңінде экспортқа сатылған шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + Кбарр.n - көлік ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы бағыты басында шикі мұнай және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пункті есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа төлқұжатында көрсетілген баррелизация коэффициенттері. Бұл ретте баррелизация коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасын ескере отырып, белгіленгенеді;
n - салық кезеңінде экспортқа сатылған шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы сату - салық кезеңінде шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы сатылу көлемі.
Экспортқа нақты өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны, көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.»;
71) 303-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикі мұнай және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:»
72) 304-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу жөніндегі міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, өзінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылған уақыт кезеңі тура келетін салық кезеңінде туындайды.»;
73) 310-баптың 10-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша анықталады:
мұндағы,
СP - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалану келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
СF – ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалану келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес айқындалатын мұнай өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
GP1 – ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттары және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптары өзіндік құнды анықтауды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде ағымдағы салық кезеңінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндіру көлемі, мың текше метр;
OP - жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша ағымдағы салық кезеңіндегі шикі мұнай өндіру көлемі;
0,857 - шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін ауыстыру коэффициенті, тоннада;
r – мына формула бойынша анықталатын құндық коэффициент:
мұндағы,
GP2 - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндіру көлемі, мың текше метр;
Op - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалану туралы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонн;
AEPG – сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша есептелетін тиісті салық кезеңіндегі, тарифтер негізінде айқындалатын, жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегергендегі Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, мың текше метріне теңге;
AEPO - сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша есептелетін тиісті салық кезеңіндегі, тарифтер негізінде айқындалатын, жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегергендегі Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, тоннасын теңге.»;
74) 314-баптың 5-тармағы 2) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнайға арналған келісімшарт үшін - келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органмен келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде айқындалады.
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерінде қолданылады»;
75) 320-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондон металдар биржасында бағамдалатын немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы олар бойынша бағамды хабарлайтын және жариялайтын, пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.»;
76) 332-баптың 2-тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;»;
77) 338-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және «Metal Bulletin Journals Limited баспасының Metal Bulletin» журналында, «Metal-pagesLimited» баспасынын «Metal-pages» журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Р1 Р2..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағаларының күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;»;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Р1 Р2...,Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон бағалы метал нарығы қауымдастығымен тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.»;
78) 339-бапта:
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығы нөл пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте баланстан тыс қорлар құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін өндірілетін пайдалы қазбалар мен минералды шикізатты өткізген жағдайда пайдалы қазбаларды өндіруге нөл пайыз мөлшерінде салынатын салық мөлшерлемесі қолданылмайды.»;
79) 341 және 342-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды және емдік балшықты өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы салық кезеңінде жер пайдаланушы өндірген жерасты сулары көлемі болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:
V1 ө.т., V2ө.т., …. Vn ө.т. – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,
Б1 ө., Б2 ө. … + Бn ө. – салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,
n – салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшық топтамасының саны,
V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.
3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіруге салық есептеу үшін салықтық базаны айқындау тәртібіне қолданылмайды.
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
Кең таралған пайдалы қазбалар мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгіленеді:
№ р/с |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Мөлшерлемелер, %-пен |
1 |
2 |
3 |
1 |
Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас |
2,5 |
2 |
Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы |
4,7 |
3 |
Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас |
5,6 |
4 |
Емдік балшық |
10,6 |
Жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемелері өндірілген жер асты суларының 1 тоннасы үшін тиісті қаржыландыру жылында 1 қаңтарда қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең аз есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салық:
1) су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілері өндірген және осы қызмет үшін тікелей арналған;
2) жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және олар су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне өткізген және осы қызмет үшін тікелей арналған жерасты суларының көлемі бойынша белгіленген мөлшерлемеден 0,1 пайыз мөлшерінде есептеледі.
Пайдалы қазбалар өндіру салығы:
1) пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру және өңдеу кезінде технологиялық және өндірістік қажеттілік үшін пайдаланылатын, оның ішінде жерқойнауын пайдаланушының балансында тұрған немесе осы мақсатта басқа жерқойнауын пайдаланушыға өткізілген әлеуметтік сала объектілерін қамтамасыз ету үшін;
2) ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жер қойнауын пайдаланушылар өндірген жерасты суларының көлемі бойынша белгіленген мөлшерлемесіне 0,3 пайызда есептеледі.»;
80) 365-бапта:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген өзінің өндіру процесінде арнайы ауыл шаруашылығы техникасының ауыл шаруашылығы өнімін пайдаланылатын бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері – двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір автокөлік құралы және бір автобус бойынша;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;»;
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшаның үшінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, тұлға аталған тармақшаларда саналған бір немесе бірнеше санаттарға жататындығынан, тәуелсіз бiр автокөлiк құралы бойынша (оларға қатысты уәкілетті мемлекеттік органдар 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркеу әрекетін жүргізген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдерден басқа) көлік құралдарына салық төлеушісі болып табылады.
5. Осы тармақтың ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататына қарамастан, осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларының ережесі салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (оларға қатысты уәкілетті мемлекеттік органдар 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркеу әрекетін жүргізген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдерден басқа) қолданылады.
6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар тұлғада салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралына меншік құқығы бар болған жағдайда, аталған ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.
7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған кезде, олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде тоқтатылған кезде, олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.»;
81) 366-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.»;
82) 367-баптың 1-тармағы 5-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. |
Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты: |
|
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшiне тең) |
1 |
|
55 кВт-дан асатын (75 ат күшiне тең) |
10 |
»;
83) 368-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiне осы Кодекстің 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемесін қолдана отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралдарына жалпы белгіленген тәртіпте есептелген салық сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға дейін азайтады.
1-2. Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.»;
3-тармақ алып тасталсын.
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жеке тұлғалардың көлік құралына салық бойынша есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында есептік салықтық кезең үшін салық органы келесі есептік салықтық кезең үшін жылдың 1 наурызынан кеш емес мерзімде, көлік құралын есепке қоюды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган автоматтандырылған режимде берген мәліметтердің негізінде салық есептеуді жүргізеді.»;
84) 369-бапта:
369-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады.
Жол қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты тіркеу әрекеті жүзеге асырылған жағдайда меншік құқығын беруші тұлға осындай объектіге иелік еткен іс жүзіндегі кезең үшін төлеуге жататын салық сомасы осы Кодексте белгіленген тәртіпте көрсетілген әрекет жасалғанға дейін бюджетке енгізілуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұратын жері бойынша жүргізеді.»;
85) 373-баптың 3-тармағы 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
6) жеке заңды мекен-жайы бойынша тіркелген зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;»;
86) 386-баптың:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан жер учаскелерiне, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салынатын салық мөлшерлемелері»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекстiң 381-бабындағы кестенің 23-26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
87) 387-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Бұл ретте мұндай жер салығының мөлшерлемесін төмендету немесе ұлғайту туралы шешім оны енгізетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей жергілікті өкілді органмен қабылданады және оны қабылдағаннан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жер салығының мөлшерлемесін төмендету немесе ұлғайту туралы жергілікті өкілді органның шешімі ресми жариялануға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 386-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы Кодекстің 135-бабы 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жалған алғаны, пайдаланғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге немесе оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай оъектілер бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
88) 388-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін басқа жер салығы осындай ауыстыруға дейін аталған елді мекен қараған елді мекенннің санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
6. Әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскесі бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін аталған елді мекен болған шекарадағы елді мекеннің санаты үшін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер осы Кодекстің 372-бабы 3-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.»;
89) 389-баптың 8-тармағы үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде меншік құқығын беруші тұлғаның осындай объектіге иелік етуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасын осы Кодексте белгіленген тәртіпте мұндай тіркеуді жасағанға дейін бюджетке енгiзуi тиіс.»;
90) 391-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, келесі есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей жүргiзедi»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке келесі есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйектен кешiктiрмей төлейдi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейді.
6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте бұл жер салығын салық кезеңнен кейінгі декларация тапсыру мерзімі басталған күннен кейінгі күнтізбелік он күннен кешiктiрмей төленуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Салық кезеңінің ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде, олар мұндай құқық пайда болатын айдың бiрiншi күнінен, салық кезеңiнiң аяқталуына дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.
Салық кезеңінің ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде,олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен қолданылмайды.»;
91) 394-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 395-бабында көрсетілген тұлғалар.»;
92) 395-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiкпен басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттiк тiркеу, мұндай тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқығы жоқ болған жағдайда, мұндай объектiге салық төлеушi болып мыналардың негiздеуде iс жүзiнде оларға иемденушi және (немесе) пайдаланатын (пайдаланушы) тұлға болып табылады:
1) мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) пайдалануға құрылысы аяқталған обектілердің мемлекеттік қабылдау (пайдалану) актісі - жаңадан құрылысы аяқталған (біткен) обектілер үшін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе өзге де негіздемелер, - қалған жағдайларда.»;
93) 396-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын осындай ғимараттар бөлігінде, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;»;
мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстiң 111-1-бабында көрсетілген активтер;
4) осы тармақтың 1) тарамақшасында аталған ғимараттар (ғимараттар бөлігін) қоспағанда, кепiлдік, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алуды жүргізу нәтижесiнде меншiкке өткен банк екiншi деңгейiнiң активтерiнiң құрамында қаржы есептілігiнiң қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынатын осындай ғимараттар бөлігі, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар;
5) осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар.»;
2-тармақта:
4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағында, 396-баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайы мен жеке тұлғалардың басқа да объектiлері және және салықты есептеу осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары өндiрiп алады.»;
94) 397-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Салық төлеуші Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шартқа салық салу объектісіне бағалау жүргізген жағдайда, мұндай салық салу объектісі бойынша оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, бірақ орташа жылдық баланстық құннан төмен болмайтын бағалау туралы есепке сәйкес анықталған нарықтық құны салық базасы болып табылады.»;
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін демонтаждау және жою жөніндегі міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай міндеттемелерді бағалау жеке есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Егер магистарльдық құбыр туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен магистарльдық құбырды жою жөніндегі міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай міндеттемелерді бағалау жеке есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.»;
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда:
1) осы активке меншік құқығы туындаған күні салық салу объектісінің;
2) осындай объектілер бойынша салық төлеуші болып тану күніне осы Кодекстің 395-бабы 7-тармағында көрсетілген салық төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.»;
95) 398-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Алматы және Астана қалаларындағы аэродромдардағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардағы терминалдарды қоспағанда, аэродромдардағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардағы терминалдар бойынша заңды тұлғалар.»;
96) 399-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы Кодекстің 395-бабының 7-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлғалар үшін салық сомасы тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтарды берген жағдайда:
1) беретiн тарап үшiн - нақты иелену айының бiрiншi күнінен бастап және (немесе) қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде осындай объект берiлген айдың бiрiншi күніне дейiнгі кезең үшін;
2) қабылдаушы тарап үшiн – қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде осындай объект берiлген айдың бiрiншi күнінен бастаған кезең үшін есептеледі;»;
97) 400-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.»;
98) 403-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.»;
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Кодекстің 406-бабына сәйкес салық базасы айқындалған және осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салықты есептеуді салық органдары жүргізетін тұрғын үй және басқа объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.»;
99) 404-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарына мемлекеттік тіркеу жүргізілген меншік иелерінің осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтінішінде көрсеткен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.»;
100) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
101) 406-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынған мәліметтердің негізінде салық органы әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К физ х К айм х К аек. өзг.
Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган орган ұсынған мәліметтердің негізінде салық органы осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
Қ б - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,
К физ – физикалық тозу коэффициенті,
К айм - аймаққа бөлу коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес айқындалады.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары айқындайтын әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.
Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынатын мәліметтердің негізінде салық органдары айқындайтын осындай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x K айм.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициентін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
5. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісім бойынша осындай коэффициенттi енгізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кештірілмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға жатады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық органдары салық базасын осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұсынатын мәліметтердің негізінде айқындайды.»;
102) 407-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимараттар бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.»;
103) 409-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқығы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектісі бойынша меншік құқығын иеленуінің нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей жүргізеді.
2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) айқындалады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6, 7, және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 403-бабының 2-тармағы 2), 3), 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы туындаған жағдайда олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 403-бабы 2-тармағының 2), 3), 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде аяқталған жағдайда, олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.»;
9-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасы өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгерiс нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына өткендегі аумағында орналасқан елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлiк салығы осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен шекарадасында орналасқан елдi санаттары үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.»;
104) 427-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық агентінің төлем көзінен салық салынатын табысынан жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету бойынша міндеттемесін осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескерілген, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің осы тарауға сәйкес салық салынатын табысына табыстардың мынадай түрлері қосылады:»;
5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға:
1) осы баптың 4-бөліміне және 7-10-тармақтарына сәйкес, осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың мөлшерін;
2) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес, осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша ұсынылатын салық есептіліктері:
1) осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес, осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстар бойынша;
2) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес, осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша жүргізіледі.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:
1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарына сәйкес мүліктік табыстың;
2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес, осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда өзге де табыстардың;
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген:
осы Кодекстің 427-1 бабына және 426-бабының 7-10-тармақтарына сәйкес, осы Кодекстің 427-1-бабы 1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкердің табыстары;
осы Кодекстің 85-98-баптарына және 427-бабының 7-10-тармақтарына сәйкес, осы Кодекстің 427-1-бабы 1-тармағында көрсетілмеген дара кәсіпкердің табыстарының;
4) осы Кодекстің 183-бабы 1-тармағына сәйкес, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте, тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша ұсынылатын салық есептіліктері:
1) осы Кодекстің 20 және 21-тарауларына сәйкес, осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша Кодекстің 431 және 432-баптарына сәйкес, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің;
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табыстары бойынша жүргізіледі.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтер) жалға алу (жалға беру) кезіндегі шығыстары, егер көрсетілген шығыстар:
1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде көзделген коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге;
3) тұрғын үйлерді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған шығыстар жалға беру төлеміне енгізілмеген жағдайда қаралмайды.»;
105) 428-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
106) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу тәртібі
Әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару жалпы белгіленген тәртіпте жүргiзiледi.»
107) 439-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.»;
1-1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймағы - 5 000 га;
2-аумақтық аймағы – 3 500 га;
3-аумақтық аймағы - 1 500 га;
4-аумақтық аймағы - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.
Осы тармақшаның мақсаты үшін мынадай жер учаскелерін аймақтарға бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қ. жерлері;
3-аумақтық аймақ: бірінші аумақтық аймақтың жерлерiн қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғандағы Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;
4-аумақтық аймақ: бірінші аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғандағы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қ. жерлері.
Шаруа немесе фермер қожалықтарында әртүрлі аумақтық аймақтардағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаты үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға арналып белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте, әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы, мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс;»;
2) тармақша алып тасталсын;
108) 63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«63-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН, АКВАӨСІРУ (БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ) ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕР МЕН АУЫЛДЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВТЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ»;
109) 448-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер), сондай-ақ ауылдық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндірушілер мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі - арнаулы салық режимі);
2) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен селолық тұтыну кооперативтері осы режимді қолдану шарттарына сай болуы кезінде осы режимді кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзімде қолданады.
Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), омарта шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметіне;
2) ауыл тұтынушылар кооперативтерінің:
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өткізу;
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу бойынша қызметіне қолданылады.»;
110) 449-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«449-бап. Салық кезеңі
Корпоративтік табыс салығын немесе жекеленген табыс салығын, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 159, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.»;
111) 450-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңадан құрылған (пайда болған) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауылдық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.»;
112) 451-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«451-бап. Салықтардың жекелеген түрлерін есептеу ерекшелігі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
113) 455-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
114) 456-бапта:
2 және 2.1-жолдар алып тасталсын;
3.15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.15. |
мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін |
0 |
»;
115) 457-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
116) 471-бапта:
кестенің 1.86. және 1.87-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.86. |
Сыра және сыра сусындарынан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі |
3 000 |
1.87. |
Сыра және сыра сусындарының өндірісі |
2000 |
»;
117) 476-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, бос әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қолғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталған объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.»;
2-тармақтың кестесінде:
2 және 2.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. |
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
||
2.1. |
қоса алғанда 50 адамға дейін |
78 |
»;
3-тармақтың кестесінде:
1.1.1.0., 1.1.11., 1.1.12., 1.2.6., 1.2.7., 1.2.8., 1.2.9., 1.2.10. және 1.2.11- жолдар алып тасталсын;
3.1., 3.2. және 3.3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.1. |
ұшақ |
10 |
3.2. |
тікұшақ |
20 |
3.3. |
басқа да ұшу аппараттары |
5 |
»;
4-тармақтың кестесінде:
3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Зертхана жағдайында, жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету |
218 |
4. |
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жабдықтаушы бұйымдарының жағдайын бұлжытпай бақылау әдісін қолдану |
145 |
»;
5.1. және 5.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.1. |
10 адамға дейін |
47 |
5.2. |
11-ден 40 адамға дейін |
69 |
»;
5-тармақтың 4., 5. және 6-жолдары алып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын;
118) 498-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлемақы төлеушiлер декларацияны, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15 күнінен кешiктiрмей табыс етедi.»;
119) 513-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 474-бабында көрсетілген алым төлеушілер;»;
120) 514-баптың 2-тармағының 7. және 7.1-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. |
Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 850 |
7.1 |
Төртінші жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн) |
облыс, Астана, Алматы қалалары |
2 650 |
»;
121) 528-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей рұқсат беру құжаттарында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.»;
122) 535-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе мүліктік сипаттағы талап арыздардан:»;
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүліктік және мүліктік емес сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдардан және өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша талап қою арызын беру кезінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік баж мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде ұсталады.
Бұл ретте, мүліктік сипаттағы даулар бойынша мемлекеттік баждың мөлшері осы тармақта қөрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесін арыз беруші даулап отырған сомаға қолдану жолымен айқындалады.»;
123) 539-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, кешенді кәсіпкерлік лицензиясын (франчайзинг), лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн - 150 пайыз;»;
124) 552-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«552-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алымдар мөлшерлемелерін;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде алынатын консулдық алымдар мөлшерлемелерінің ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлерін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алымдар мөлшерлемелерінің ең төмен және ең жоғары базалық мөлшері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгілеген шет мемлекеттің аумағында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алымдар мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидатының негізінде жеделдету үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.»;
125) 553-бапта:
5) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;»;
6) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;»;
126) 557-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасындағы «болып табылмайтын мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады» деген сөздер «болып табылмайтын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокурор санкциялаған дәлелді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген олардың құзыреттері шегінде құқық қорғау және арнайы органдарына береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын есебі салық органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) валюталық бақылаудың агенті болып табылатын уәкілетті банктерге ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және беру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді.
Салық құпиясын құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.»;
127) 563-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте, салықтық өтінішті заңды тұлғаның басшысы-резидент, келу тәртібінде резидент емес құрылымдық бөлімшесіне - заңды тұлғаның бірінші құрылымдық бөлімшесі береді. Салықтық өтінішті беру кезінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады.
Келу тәртібінде салықтық өтінішті беру бойынша міндеттеме қосымша құн салығының салық төлеушісі болып табылмайтын тұлғаларға және электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің қатысушыларына қолданылмайды.»;
128) 568-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«568-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға:
1) мемлекеттік мекемелер;
2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері - резиденттер;
3) ойын бизнесі мен тіркелген салыққа тиісінше салық салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен резидент-заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасындағы филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес адамдар, дара кәсіпкерлер жатады.
2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері бір күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кеткен жағдайда, ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
1) резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күінен бастап;
3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған күннен кейiнгi күннен бастап;
4) өзге де салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында айналым мөлшері осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3234 еселенген мөлшерін құрайды.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғасының бірінші басшысы келу тәртібінде, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес, дара кәсіпкер тұратын жері бойынша салық органына береді.
Бұл ретте, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бірінші күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.»;
129) 569-бап алып тасталсын;
130) 570-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын.
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) куәлікті қалыптастырған салық органының атауын қамтиды.»;
3-тармақ алып тасталсын.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің күші жойылады және жарамсыз деп саналады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды салық органы қосылған құн салығы төлеушісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы өзгертілген жағдайда салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауының өзгертілгені туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
131) 571-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37, 41 және 42-баптарында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – тарату салықтық есептілікті және беру актін табыс еткен күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;
4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шығарылған күннен бастап жүргізіледі.»;
132) 572-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті табыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құжаттарда көзделген салық органдарының хабарламаларын алуға берген келісімі болып табылады.»;
133) 577-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулі жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектісі және салық салуға байланысты объектісі бар, сондай-ақ осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін іс жүзінде иеленетін және (немесе) пайдаланатын (қолданылатын) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап немесе аяқталмаған құрылыс объектісін іс жүзінде пайдаланған (қолданылған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу объектісінің және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша ұсынуға мiндеттi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
134) 578-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:»;
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектiсі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
135) 581-бапта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9) 12) және 13) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат табыс етіледі.»;
13) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Салық кодексінің 579-бабында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге және осы банкте ашылған банк шоты бар, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.»;
136) 593-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органдары салған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 897-бабының 2-бөлімінде көрсетілген хабарламаның (хабардың) орындалуы негізінде жүргізіледі.»;
137) 598-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешектерінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру тәртiбi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы есебі салық органдарында жүргізілетін берешектерінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.»;
138) 599-баптың 3-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аукциондардан алынатын алым – алым болып табылады.»;
139) 607-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы – салық органының осы Кодекстің 622-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын немесе талап қоюды шығару туралы өтінішімен сотқа жүгінген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;»;
140) 608-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, мұндай хабарламаны пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы пошталық немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдап алғаны туралы белгі қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жіберуі тиіс;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
веб-қосымшада хабарламаны салық органы жіберген күннен бастап. Аталған тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жіберген күннен бастап.
Аталған тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – келу тәртібімен оны алған күннен бастап. Бұл ретте осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген есепті салық кезеңі ішіндегі есептелген салық сомасы туралы хабарламаны жеке тұлғаның есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 маусымынан басталғандағы кезеңде алуға жатады.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жолдау тәсілі осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1), 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.»;
141) 611-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны қоспағанда, пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;
6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда – осы Кодекстің
558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
142) 613-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімдердің негізінде:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
2) салық төлеушiге (салық агентiне) салықтық тексеру нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдарды есептеу. Шектеу салық төлеушіге (салық агентіне) тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінің өтуі бойынша жүргізіледі.
Осы тармақшаның ережелері мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілерге қолданылмайды;»;
3-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – салықтық тексеру актісі бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсiмпұлдардың;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
143) 621-баптың 1) тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:»;
144) қазақ тіліндегі 623-баптың 3-тармағы төртінші абзацына өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін ауыстырылмайды;
145) 624-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі
1. Мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті осы Кодекстiң 77-бабының 4-2-тармағында белгіленген салық тіркелімдері түрінде табыс етеді.
2. Мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті мынадай мерзімде:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті тоқсан сайын уәкілетті орган бекіткен тәртіпте есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей;
2) корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша салық тіркелімдері түрінде мониторинг бойынша есептілік жыл сайын уәкілетті орган бекіткен тәртіпте есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;
3) алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін табыс етеді.
Мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгеруін есепке ала отырып, ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мониторингілеуге жататын, ірі салық төлеушілер тізбесіне жаңадан енгізілген ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша бастапқы есептілікті осындай тiзбенi қолданысқа енгiзу күнiнен 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей табыс етеді. Ағымдағы және алдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша келесі есептілік осы баптың ережелеріне сәйкес табыс етіледі.»;
146) 87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баппен толықтырылсын:
«624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі
1. Мониторинг жүргізу барысында уәкілетті орган мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудiң (ұстап қалу және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы.
Бұл ретте, осы талапты мониторингілеуге жататын iрi салық төлеушiлер талапты тапсырған күннен кейінгi күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн ішінде орындалуға жатады.
2. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ол туралы мониторингілеуге жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды.
Бұл ретте, мониторингілеуге жататын iрi салық төлеушi осындай хабарламаны тапсырған (алған) күннен кейінгі күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн ішінде жазбаша түсiндiрмені табыс етуге мiндеттi.
Табыс етілген жазбаша түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган мониторингілеуге жататын осындай iрi салық төлеушiні қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді берумен туындаған мәселелерді талқылау үшiн тартуға құқылы.
Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде дәлелді шешім шығарады, ол оны шығарған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мониторингілеуге жататын iрi салық төлеушiге жолдайды.
Дәлелді шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингілеуге жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап бес күнтiзбелiк күн ішінде табыс етедi.»;
147) 627-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайларынан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне түгендеу жүргізуі мүмкін.»;
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
5-тармақтың 2) тармақшасы:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісiм бойынша бiрлестiктердiң өкiлдерi тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде:»;
мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
9-тармақтың 2) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы мәселелері бойынша; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша;»;
9-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
148) 632-бапта
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1. Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы.»;
149) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
Осы тармақтың ережелері:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының болуы;
3) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
4) импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
5) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі бұйымдарына ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың болуы, патенттің;
6) осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеруге қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінде көрсетілген тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде, салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
150) § 3-параграфта 89-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау»;
151) 643-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органдарымен төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алатын фактілері анықталған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 20-тарауымен белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасы заңына немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстарға, осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағымен белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.»;
152) 644-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) фискалдық есеп – белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;»;
153) 646-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай:
1) автодүкендер, шатырлар арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;
2) банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары салық органында есепке қоюға жатады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде:
1) бақылау-касса машинасы компьютерлік жүйе болғанда салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
2) бақылау-касса машинасы деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
154) 650-бапта:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақылау-касса машинасының салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген салық органына:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
155) 651-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бақылау-касса машинасының моделі компьютерлік жүйе болып табылса, салықтық өтінішке ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы мен осы тармақтың 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Қорытындыны беру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
156) 653-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары – акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.»;
5-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
157) 657-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемесінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну;»;
158) мынадай мазмұндағы 661-1-баппен толықтырылсын:
«661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемесінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну
1. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдары жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді мынадай:
1) салық органдарының интернет-ресурсына орналастыру;
2) коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;
3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;
4) салық төлеуші табыс еткен ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарларды жолдау жолымен ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерді алу үшін салық төлеуші – жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының менежайын, ұялы телефондардың нөмірлерін табыс етеді.»;
159) 669-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете, отырып жазбаша түрде хабарландырады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталысын;
670-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
160) 672-бапта:
672-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі салық төлеуші (салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда 15 жұмыс күніне ұзартылады.».
161) 674-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым берудің салдары»;
1. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
2. Жоғары тұрған салық органына шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық органының жазбаша шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібіне қолданылатын жоғары тұрған салық органының шешімдері бойынша осы хабарламаның орындалуы осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым берген жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (өтініш) жасалған бөлігінде орындалуы сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
162) 680-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган - оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.»;
163) 682-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады және (немесе) ұзартылады.».
2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат;№ 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы:
63, 142-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу»;
«142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің бары және (немесе) жоғы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі»;
18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алу»;
157, 159, 160, 161, 164, 165, 166, 168, 170, 171-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері»;
«159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама»;
«160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі»
«161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу»;
«164-бап. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы»;
«165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу»;
«166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу»;
«168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешектің және өсімпұлдардыңесебiне өткізу тәртібі»;
«170-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдары бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау»;
«171-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу тәртібі»;
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдану тәртібі»;
174, 179, 180-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«174-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар»;
«179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару»;
«180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
24-тарау мынадай мазмұндағы 220-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу»;
221-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу»
24-тарау мынадай мазмұндағы 220-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кеден органының қызмет аймағы – оның шегінде кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын аумақ;»;
мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:
«57) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек – Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) осы Кодексте белгіленген мерзімде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы;»;
3) 8-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабыдауды;»;
4) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокурор санкциялаған дәлелді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген олардың құзыреттері шегінде құқық қорғау және арнайы органдарына. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді.»;
5) 26-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Салық кодексінің 263-бабында белгіленген тәртіппен электрондық нысандағы шот-фактураның жазуын жүзеге асыруға тиіс.»;
6) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.»;
2-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
7) 34-бапта:
7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін, кеден органдары жүйесімен интеграцияланған техникалық жабдықтың болуы заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Салық кодексінің 263-бабында белгіленген тәртіппен электрондық нысандағы шот-фактураның жазуын жүзеге асыру заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
8) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.»;
2-тармақтағы 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
9) 40-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін, кеден органдарының жүйелерімен ықпалдасқан бейне бақылау құралдарымен жабдықталған орындары бар жабық алаңдардың болуы;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Салық кодексінің 263-бабында белгіленген тәртіппен электрондық нысандағы шот-фактураның жазуын жүзеге асырсын.»;
10) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уақытша сақтау қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында табыс етуге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініш қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарауды жүргізеді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі кеден ісі саласындағы уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын ұсына отырып мынадай құжаттардың көшірмелерін табыс етеді:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттар;
2) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалары;
3) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттар;
Бұл ретте табыс етілетін құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінде қалатын үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.»;
11) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Салық кодексінің 263-бабында белгіленген тәртіппен электрондық нысандағы шот-фактуранңы жазуын жүзеге асыру заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
12) 48-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында табыс етуге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне қарауды жүргізеді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі кеден ісі саласындағы уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын ұсына отырып мынадай құжаттардың көшірмелерін табыс етеді:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттар;
2) кеден қойма ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалары;
3) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттар;
Бұл ретте табыс етілетін құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органы аумақтық бөлімшесінде қалатын үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш иесі жойғаннан кейін өтініш осы Кодекспен белгіленген тәртіпте қаралады.»;
13) 55-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында табыс етуге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне қарауды жүргізеді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына мынадай:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) бажсыз сауда дүкендері ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары мен сызбалардың;
3) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
Бұл ретте табыс етілетін құжаттардың көшірмелерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 54-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш иесі жойғаннан кейін өтініш осы Кодекспен белгіленген тәртіпте қаралады.»;
14) 62-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Салық кодексінің 263-бабында белгіленген тәртіппен электрондық нысандағы шот-фактураның жазуын жүзеге асыруы.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Салық кодексінің 263-бабында белгіленген тәртіппен электрондық нысандағы шот-фактураның жазуын жүзеге асыруы.»;
15) 63-бапта:
63-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтарып алу»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мына құжаттарды:»;
1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғаудың екі немесе одан да көп фактілерінің болуы. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес тоқтата тұру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 62-бабымен белгіленген тәртіпте электрондық нысандағы шот-фактураны жазу бойынша міндеттемелерді орындамау.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғаудың екі немесе одан да көп фактілерінің болуы. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес тоқтата тұру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
16) 65-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бапта көзделген арнайы оңайлатулар, уәкiлеттi экономикалық оператор мынадай шарттарды сақтаған кезде қолданылады:
1) Кеден одағының кедендік аумағына шетелдік тауарларды әкелу кезінде – тауарлардың декларанты ретінде әрекет ету және тауарларды алдын ала декларациялауды жүзеге асыру;
2) Кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды әкету кезінде – декларант ретінде әрекет ету.»;
17) 66-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты міндетті түрде беру жағдайлары, оны беру көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Алдын ала ақпаратты бермеу және (немесе) берудің мерзімін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.»;
18) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш беруші) жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды.»;
19) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Декларациялау ерекшеліктері осы Кодексте көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі – жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) тұлғаның кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген жазбаша өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.»;
20) 91-баптың 4-тармағы екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаның (өтініш берушінің) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші бойынша тауарлар туралы мәліметтер болған кезде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды.»;
21) 132-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы алып тасталсын;
22) 134-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылған өтініштің негізінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған негіздердің ең болмағанда бірі болған жағдайда төлеушіге кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден ұсынады.»;
23) 135-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім, төлеушінің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініші және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.»;
24) 138-бабының 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеушiлер кедендiк баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеудi екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзедi. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлдарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушi кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған салық органының (бұдан әрi – бенефициар салық органы) деректемелерiн көрсетедi.»;
25) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің бары және (немесе) жоғы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі»;
1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді осы Кодекстің 598-бабымен айқындалған тәртіпте табыс етеді.
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы өтінішті беру күніне кедендік төлемдер мен салықтар бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсетумен кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алу деректері бойынша табыс етеді.»;
26) 152-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу үшін төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кеден органына өтінішті табыс етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
27) 154-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды жүргізуге және (немесе) қайтаруға берген салық өтініші (бұдан әрі осы бап мақсатында - салық өтініші) негізінде жүргізеді.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.»;
8-тармақ алып тасталсын.
28) 156-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеушіге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстің 18-тарауында көзделген кедендік төлемдер мен салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек сомасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;
29) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алу»;
30) 157-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері»;
1, 2-1, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасады. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті осы тарауда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.»;
«2-1. Ортақ міндет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу шараларын қолдану кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген ортақ міндет болған кездегі кредитор құқықтарын пайдаланады.
Кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес кедендік баждар мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған тұлғаларға қатысты осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады.
3. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерін өндіріп алу үшін мынадай:
1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау;
1-1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеу;
2) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу;
3) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
4) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;
төлеуші дебиторларының шоттарынан;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 159-бабы 1-тармағында, 163-бабы 1-тармағында, 164-бабы 2 және 4-тармақтарына көзделген құжаттарды пошта немесе өзге байланыс ұйымдары тұратын жері бойынша төлеушінің болмауына байланысты қайтарған жағдайда, тұратын жері бойынша кеден органына пошта арқылы хабарламамен тапсырыс хатпен жолдаған төлеушіге орналасқан жері бойынша кеден органы пошта немесе өзге байланыс ұйымдарынан хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде зерттеу актін жасайды.
3-2. Зерттеу актісінде:
1) актіні жасау орны, күні және уақыты;
2) актіні жасаған кеден органы лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
3) кеден органының атауы;
4) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұратын жерінің мекенжайы;
5) төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
6) зерттеу нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Зерттеу актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.
Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды тұлғасының және төлеушінің әрекетінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған, ақыл-есі сау, кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары және төлеушінің құрылтайшы қызметкерлері куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
3-3. Егер зерттеу актісімен төлеуші тұратын жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күн акт жасаған күн болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағы 3), 4) тармақшаларында көзделген әрекеттер, осы Кодекстің 164-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, бірінен кейін бірі қолданылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.»;
31) 158-баптың 1, 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек пайда болған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл деп кедендік төлемдер мен салықтардың мерзімінде төленбеген сомасына есептелген, осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшер танылады.»;
«3. Банкрот деп танылған төлеушіде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша пайда болған берешек сомасына сот шешім қабылдаған күннен бастап не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
4. Жеке тұлғаны хабарсыз жоғалып кеткен деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.»;
«6. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.»;
32) 159-бапта:
159-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама»;
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау қажеттігі туралы кеден органы төлеушіге қағаз тасымалдағышта жіберген хабарлама немесе оның электрондық тәсілмен хабарды жазбаша келісуі кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама болып танылады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама:
1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен;
3) кеден органы төлеушінің жеке шотында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.»;
2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Декларанттың және кеден өкілінің осы Кодекстің 30-бабында көзделгендей кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болған кезде, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламалар декларантқа және кеден өкіліне бір мезгілде шығарылады, бұл жөнінде аталған хабарламаларда көрсетіледі.
3. Төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламада:»;
11) тармақша алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тіркелген сәттен бастап өтелген күн қоса есептелетін мерзімге дейін есептеуге жататын, өсімпұл есепке алынбаған кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеген кезінде кеден органы бұрын берген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламасына қосымша хабарлама береді.»;
33) 160-бапта:
160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен берілуі тиіс.
Бұл ретте төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жолданған хабарлама мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - төлеушiнiң поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде - веб-қосымшада хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге берілген болып саналады. Бұл тәсiл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiлерге қолданылады»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 159-бабы 1-тармағында көзделген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымдары қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісі жасалған күн мұндай хабарламаны берген күн болып табылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 159-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жоданған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаға шағымданған жағдайда, осы Кодекстің 157-бабы 3-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген әркеттерді қолдану шағымды қараудың нәтижесі бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым өсімпұлдың есептелуін тоқтатпайды.»;
34) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік төлемдердің, салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу
1. Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаы төлеушіге табыс еткен күннен кейінгі бес жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілген берешектерді кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдардың түрлері бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен не төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Бұл ретте, кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешек кедендік төлем және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасы туралы оларды өндіріп алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.»;
35) 162-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектерді өтемеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар туралы хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады.
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;»;
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша, сондай-ақ мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы орындаушы құжаттар бойынша берешектерді өтеу бойынша»;
36) 163-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісі жасалған күн осындай өкімді берген күн болып табылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден органы төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жойылады.»;
37) 164-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеуді мынадай жағдайларда:
1) кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектер, өсімпұлдар өтелмеген;
2) кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша сомаларын тексеру нәтижелері бойынша төлеушіге есептеу жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде шектеу жүргізеді.
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы төлеушінің қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.»;
Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік құжаттамасының деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жүргізіледі және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.
6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлік тізімдемесінің актісін пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісін жасаған күн осындай шешімді және (немесе) актіні тапсырған күн болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданғанда, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді төлеушіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
8. Кеден органы мынадай:
1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешек сомасын өтеген жағдайда - осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған кеден органы шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
38) 165-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«165-бап Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
1-тармақтың бірінші бөлігі және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткеннен кейін кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешек сомасын төлеушінің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.»;
«4. Шоттардан даусыз тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды шетел валютасымен өндіріп алу төлеушінің шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті кедендік төлемдер, салықтар және олар бойынша өсімпұл сомасына барабар сомада жүргізіледі.»;
39) 166-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушінің банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан пайда болған кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектер, өсімпұлдар шегінде өндіріп алуға құқылы.
Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлама жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін ұсынуға міндетті.
Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеген жағдайда дебиторлар тізімі мен өзара есеп айырысуды салыстыру актісі табыс етілмейді.
Өзара есеп айырысуды салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады.
Төлеуші дебиторлардың тiзiмiн не дебиторлардың жоқтығы туралы мәлiметтерді және (немесе) өзара есеп айырысуды салыстыру актісін табыс етпеген жағдайда, кеден органы көрсетілген тлеушіге тексеру жүргiзедi. Бұл ретте кеден органы сотта дауланатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын табыс етілген дебиторлар тізімі негізінде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегінде кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама жібереді. Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден органы дебиторлық берешектің сомасын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актісінің негізінде дебитордың банк шотына төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
5. Дебитор-төлеушілердің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 165-бабында айқындалған талаптарға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешектердің сомаларын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін орындауға міндетті.»;
40) 168-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер, салықтар бойынша және өсiмпұлдарға берешектiң есебiне өткізу тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлеушінің билiк етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар бойынша және өсiмпұлдарға берешектің есебінен өткізу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
41) 169-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тарауда көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.»;
42) 170 және 171-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«170-бап. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша және өсімпұлдар берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
1. Кеден органдары туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімде төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушілер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.
171-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу тәртібі
Кедендік кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
43) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдану тәртібі»;
44) 173, 174 және 175-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Шағымдану құқығы
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдану (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - хабарлама) осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Хабарламаға шағымдану:
1) оған қатысты тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған декларанттың, не оның өкілінің;
2) оған қатысты тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағымдану құқығы бар.
174-бап. Хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес хабарламаға шағымды қарауды жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.
2. Жоғары тұрған кеден органының хабарламасына шағымды қарауды тікелей жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері
1. Шағым жоғары тұрған кеден органына хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде кеден қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
2. Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарлама жіберген кеден органына жiберілуге тиiс.
Жоғары тұрған кеден органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен - жоғары тұрған кеден органы шағымды алған күн;
2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған кеден органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Жоғары тұрған кеден органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым беруші тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін адамдарға қолданылады.
Бұл ретте, шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
4. Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған кеден органының қалпына келтіруі туралы өтінішхаты осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар шағым мен өтініш хатта уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Жоғары тұрған кеден органына шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады.
Шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлға көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тағайындаған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.».
45) 176-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымда:
1) шағымға қол қойған күнi;
2) шағым берілетін жоғары тұрған кеден органының атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) хабарлама шығарған кеден органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс 1) шағымға қол қойған күнi.»;
46) 177-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғаның шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз беруі.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған кеден органы шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған кеден органы шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған кеден органының шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.»;
47) 178, 179 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«178-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Жоғары тұрған кеден органы шағым бойынша осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қару мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша - шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарады.
2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезінде жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 182-1-бабында белгіленген тәртіппен қайтадан жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіпте ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Шағым шағымданған мәселелер шегінде қаралады.
5. Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында аталған тұлға шағымды қарауға тексеру барысында өздеріне ұсынылмаған құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған кеден органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында анықтауға құқылы.
6. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезiнде:
1) шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сауалды жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сауалдар жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген адаммен кездесу жүргізуге;
4) кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
7. Жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау жөніндегі өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Шағымды мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейін жоғары тұрған кеден органы жазбаша нысанда шешiм шығарады және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады, ал көшірмесін хабарламаны шығарған кеден органына жібереді.
2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған кеден органы мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) шағым жасалған хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда кедендік тексеру жүргізген кеден органы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған кеден органының шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда - жауаптарды алған күнге дейін;
2) шағымды қарау барысында тағайындалған, жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізуді - тексеру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 178-бабы 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген адам шағымға қосымшаларды табыс еткен жағдайда 15 жұмыс күніне ұзартылады.»;
48) 181-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) идентификациялау нөмірі»;
49) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«182-бап. Жоғары тұрған кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру салдарлары
1. Жоғары тұрған кеден органына немесе сотқа шағым беру хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуын тоқтата тұрады.
2. Жоғары тұрған кеден органына шағым берген кезде хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы жоғары тұрған кеден органының жазбаша шешiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотқа шағым (арыз) берілген жағдайда, хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот шағымды (арызды) іске алған күннен бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
50) 211-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауын;
9) төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуды тексереді.»;
51) 220-баптың 6-тармағы:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.»
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, тексерілетін тұлға осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.»;
7-тармақ алып тасталсын.
52) 24-тарау мынадай мазмұндағы 220-1-баппен толықтырылсын:
«220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу
1. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылады.
Кедендік тексеру актілерінің және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Камералдық кедендік тексеруді аяқтау күн камералдық кедендік тексеру актісінің екі данада ресімделген және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қолы қойылған күн деп есептеледі.
Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы кедендік тексеруді аяқтау күнінен бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
3. Камералдық кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
4. Камералдық кедендік тексеру актісі арнайы камералдық кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
5. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі және (немесе) табыс етіледі.
6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімі арқылы жіберіледі. Тексерілетін тұлғаға тапсырысты пошта жөнелтімі арқылы жіберілген бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп саналады.
7. Осы тармақта көрсетілгенге байланысты құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжатты қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлер (екі адамнан кем емес) тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізеді.
Зерттеу актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
2) актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) кеден органының атауы;
4) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
5) тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның идентификациялау нөмірі;
6) зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.
Куәгерлер ретінде кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның іс-әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның мекемесінің қызметшілері куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның зерттеу нәтижесінде нақты болмауы анықталған жағдайда, осы бапта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеу актісін жасаған күні болып табылады.
8. Тексерілетін тұлғаның кеден декларацияларына қатысты кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек, кеден органы шығарған камералдық кедендік тексеруді жүргізген кезде камералдық кедендік тексерудің актісі мен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмесі бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны шығарған күннен үш жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуі тиіс.»;
53) 221-бапта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі.»;
9-тармақта:
3) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұлғаның, оның ішінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға, сондай-ақ қосымша арнайы оңайлатуды алуға өтініші;»;
«9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымда жазылған мәселелер бойынша тексерулер жүргізу қажеттілігі;
15) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу қажеттілігі;
16) дебиторлар тiзiмiнің табыс етілмеуі не болмаса дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер және (немесе) төлеушімен дебиторлық өзара есеп айырысудың салыстыру актісін табыс етілуі негіздемелер болып табылады.»;
17-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, прокуратура органына хабарлай отырып, көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тексерілетін тұлғаға тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
54) 221-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
2. Көшпелі кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) тексеру жүргізген кеден органының орны және оны толтырған күні;
2) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
3) кедендік тексеру нысаны;
4) кеден органының тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
5) тексерілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауы, тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның идентификациялау нөмірлері;
6) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
7) тексерілетін тұлға басшысының және тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
8) тексерілетін кезең және тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға табыс еткен құжаттар туралы мәліметтер;
9) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
10) нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы;
11) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.
3. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және көшпелі кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын көшпелі кедендік тексеру актісі жасалған күн көшпелі кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Көшпелі кедендік тексеру актісінің бірінші данасы көшпелі кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
4. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
5. Көшпелі кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және көшпелі кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
6. Көшпелі кедендік тексеру актісі арнайы көшпелі кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.
7. Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көшпелі кедендік тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
8. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша жүргізу кезінде анықталған Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 221-2-бабында көзделген тәртіппен табыс етіледі.
Хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
9. Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы осы тармақта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде орналасқан орны бойынша болмауына байланысты қайтарған жағдайда, кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлер (екі адамнан кем емес) тарта отырып, осындай құжаттарды қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде зерттеу жүргізеді.
Зерттеу пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мынадай құжаттарды қайтарған кезде жүргізіледі:
көшпелі кедендік тексерудің актісі;
тексеру нәтижелері туралы хабарлама;
Зерттеу нәтижелері бойынша зерттеу актісі жасалады және онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
2) актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) кеден органының атауы;
4) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
5) тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның идентификациялау нөмірі;
6) зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.
Куәгерлер ретінде кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның іс-әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның зерттеу нәтижесінде нақты болмауы анықталған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеу актісін жасаған күні болып табылады.»;
55) мынадай мазмұндағы 221-2-баппен толықтырылсын:
«221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендiк тексеру актiсi тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада:
1) салық төлеушінің идентификациялау нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның тіркеу күні мен нөмірі;
5) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;
6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлды төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;
9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;
10) шағымдану тәртібі;
11) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтарды жою бойынша талаптар;
12) тауарға арналған декларацияны түзетуді рәсімдеу жөніндегі талаптар көрсетілуге тиіс.
4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Тексерілетін тұлғаға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы Кодекстің 221-1-бабында өзгеше белгіленбесе, тексерілетін тұлға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп саналады.
5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламадағы талаптарды орындау, тексерілетін тұлға көрсетілген хабарламаға тексерілетін тұлғаның шағым жасау жағдайын қоспағанда, тексерілетін тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемесін, төлеу кестесі қоса берілетін тексерілетін тұлғаның өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.
Тексеру нәтижелеріне шағым жасалған жағдайда кедендік тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.
7. Егер кедендік тексеру аяқталғанда Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
8. Тексерілетін тұлғаның кеден декларацияларына қатысты кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек, кеден органы шығарған камералдық кедендік тексеруді жүргізген кезде камералдық кедендік тексерудің актісі мен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмесі бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны шығарған күннен үш жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуі тиіс.»;
56) 223-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммерциялық, көлiктік құжаттарды, олардың негізінде кедендік декларациядағы мәліметтер мәлімделген құжаттарды, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк құжаттарын, сондай-ақ басқа да ақпараттарды, оның iшiнде көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерiлетiн тауарларға қатысты құжаттарды электрондық жеткізгіштерде талап етуге, алуға және тексеруге;»;
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлғадан бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, тексерiлетiн тауарларға қатысты бухгалтерлік есеп тіркелімдері қамтылған бухгалтерлiк есеп және автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді, сондай-ақ электрондық жеткізгіштерде тапсырған мәліметтерді және (немесе) олардың қағаз жеткізгіште көшірмелерін беруді талап етуге құқығы бар.
Ақпараттық жүйеге және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуге электрондық жеткізгіште деректерді беру бойынша міндет, салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге жатады.
Бұл ретте, тексерiлетiн тұлғаның бухгалтерлiк есебiн автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығының, сондай-ақ олардың көшірмелерінің тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
57) 224-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген деректерді көруге қол жеткізу құқығын беруге, сондай-ақ осындай деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың қағаз тасымалдағыштарында беруге міндетті.»;
58) 261-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін тұлға, қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
Заңды тұлға кедендік сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті электронды құжат нысанында беруге құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өтініш беруші қарап тексеру кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына мынадай:
1) осы Кодекстің 260-бабы 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтардың жоспарларын, үй-жайдың немесе ашық алаңның жобалары мен сызбаларының көшірмелерін табыс етуге тиіс.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың тұпнұсқасын ұсына отырып көшірмелерін береді.
Бұл ретте, ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды немесе алаңдарды кедендік қарау актісіне тігіледі, ол кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;
59) 281-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынуы мүмкін болмаған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
7-тармақ, 9-тармақта 1) тармақша және 2) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
60) 287-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
61) 293-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегі бар тұлғаларға;»;
62) 296-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы Кодекстің 281-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар, егер оларды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болса, кедендік декларацияны электронды құжат түрінде берген жағдайда ұсынылмайды.»;
63) 439-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деуге жеткілікті негіздері бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.»;
«4. Өтінішке зияткерлік меншік құқығының бар екендігін (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) және тиесілі екенін растайтын құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, халықаралық тіркеу бойынша тауар таңбасының құқықтық мәртебесі туралы анықтама), құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі.
Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
Өтінiш берумен бiр мезгілде зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы табыс етіледі.
Сондай-ақ, мүмкiндiгiнше зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың үлгілері және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлар, оның ішінде олардың электрондық нысандағы бейнелері де табыс етіледі.».
3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 8 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы);
1) мазмұнында:
16-тарау мынадай мазмұндағы 280-1, 283-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«280-1-бап. Шот-фактуралар жазып-беру тәртібін бұзу»;
283-1-бап мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
«283-1-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану тәртібін бұзу»;
29-тарау мынадай мазмұндағы 524-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«524-1-бап. Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелгенге дейін алдын ала ақпарат ұсыну мерзімдерін бұзу»;
2) 62-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ оңалту және банктроттық туралы заңнаманы бұзғаны үшін – оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
3) 205-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу -»;
4) мынадай мазмұндағы 280-1-баппен толықтырылсын:
«280-1-бап. Шот-фактуралар жазып-беру тәртібін бұзу
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру кезінде қосылған құн салығын төлеушінің, көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға электрондық нысанда шот-фактура жазу жөніндегі салық заңнамасының талаптарын бұзып шот-фактураны қағаз тасымалдағышында жазса, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайыз мөлшерінде, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштер төмен емес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайыз мөлшерінде, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштер төмен емес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайыз мөлшерінде, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштер төмен емес айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімді бұзып электронды түрде шот-фактура жазса, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайыз мөлшерінде, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштер төмен емес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайыз мөлшерінде, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштер төмен емес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайыз мөлшерінде, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштер төмен емес айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайыз мөлшерінде, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштер төмен емес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайыз мөлшерінде, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштер төмен емес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз тасымалдағышындағы шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайыз мөлшерінде, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштер төмен емес айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 282-баптың үшінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі көтерме, бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;»;
6) 16-тарау мынадай мазмұндағы 283-1-баппен толықтырылсын:
«283-1-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану тәртібін бұзу
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану тәртібін бұзу, -
жеке тұлғалар үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, ал ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылатын тауарларды тәркілей отырып,алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 29-тарау мынадай мазмұндағы 524-1-баппен толықтырылсын:
«524-1-бап. Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелгенге дейін алдын ала ақпарат ұсыну мерзімдерін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес міндетті түрде ұсынылатын, мемлекеттік кіріср органына Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелгенге дейін алдын ала ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 528-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы және үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу, - »;
«3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау - »;
9) 535-баптың ескертпесінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған.»;
10) 543-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау, сол сияқты, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 548-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 551-баптың ескертпесінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
13) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 245, 246, 247 (алтыншы бөлiгiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 319, 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде және тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екiншi бөлiгiнде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (төртiншi бөлiгiнде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
14) 720-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 474, 521, 522, 523, 524, 524-1, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық бойынша ескерту түрінде, осы Кодекстің 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.»;
15) 743-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;
16) 793-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық iздерiн, өзге материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.»;
17) 794-бапта:
бірініші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, нәрселерді, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды, құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргiзiледi.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Iске қатысы болуы мүмкін объектiлер ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар ғана алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер, тауарлар оралып, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюымен расталады.»;
18) 795-бапта:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын, құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Айрықша жағдайларда (жетуі қиын жерде тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарларды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен сақталады.»;
«7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.»;
«12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлары мен құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі. Осы шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшін қолдану заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
19) 797-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) көлiк құралын басқаратын адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери полицияның қызметкерлері, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғалары өзінің өкілеттігі шегінде жүргiзедi.»;
20) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1, 357, 398, 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (екінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);»;
21) 835-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде, шағымның, наразылықтың қаралу мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы, бірақ он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкiн. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды (наразылықты) қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ оның негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған, салықтық және (немесе) кедендік тексеру нәтижелерін жоғары тұрған органға шағымданған жағдайда тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжделінген ұйғарым шығарылады.»;
22) 883-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;»;
4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-1, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 5 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 5 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде,есепке алуды мемлекеттік кірістер органдарыжүргізетін қызметін тоқтататын заңды тұлғаның берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, есепке алуды мемлекеттік кірістер органы жүргізетін берешегі болған не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.»;
2) 16-1-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалының (өкілдігі) есепке алуды мемлекеттік кірістер органы жүргізетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) есепке алуды мемлекеттік кірістер органы жүргізетін берешегінің болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
5. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-II, 96-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сырадан басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан және сыра сусындарынан басқасын) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;»;
мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласында есептеуіш бақылау аспаптарының деректері - этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі туралы, ондағы этил спиртінің (шарап және сырадан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сырадан басқа) қалдығы туралы және есепке алу-бақылау маркасын сәйкестендіру туралы деректер;»;
«25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторы - есептеуіш бақылау аспаптары деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған он-лайн режимінде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;
2) 3-1-бапта:
5-1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен көтерме және бөлшек сауда бағаларын белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
7) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды.»;
3) 4-баптың 2-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) этил спиртін өндірудің, алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, (шарап материалдарынан және сыра мен сыра сусынынан басқа) - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сыра сусындары.»;
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Сыра сусыны сыра шырынын ашыту процесiнде жасалған, этил спиртінің көлемдiк үлесі 7 пайыздан артпайтын сыра қайнату өнiмі болып табылады, ол дәндi дақылдарды, құрамында қант бар өнімдерді, құлмақ және (немесе) құлмақ өнімдерді, жемiс және өзге де өсiмдiк шикiзатты, оларды қайта өңдеу өнімдерді, дәм иісін келтіргіш заттар мен иіс келтіргіштерді қоса отырып не қоспай этил спиртін сырадан (дайын өнiм көлемiнiң 40 пайызынан кем емес) және (немесе) сыранын ашытылған сөлімен дайындалған сыра шырынынан, судан өндірілген өнім.»;
6) 9-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаңылтыр ыдыста (сыра, сыра сусыны мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен көтерме сауда бағаларынан төменгі көтерме саудада өткізуге тыйым салынады.».
6. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық бойынша преференциялар беріледі (бұдан әрі - инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференциялар).»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференциялар алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасау үшін жүгінеді. Инвестициялық келісімшартқа қосымша келісіммен салық бойынша преференциялар беру бөлігінде сәйкесті өзгертулер мен (немесе) толықтырулар, сондай-ақ осы Заңның 18-3 бабында белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылық кепілдігі енгізіледі.»;
3) 15-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
2) инвестициялық басым жобаға – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.
3) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асырушы заңды тұлға - инвестициялық стратегиялық жоба бойынша уәкілетті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес.»;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
1-1. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітілген инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
1-2. Инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін заңды тұлға келіс шарттарға сәйкес болу керек:
1) заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітілген инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.»;
4) 18-3-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Заңның 1-2 тармағында көрсетілген инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға өзгерту кезінде тұрақтылыққа кепілдік беріледі:»;
5) 18-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды немесе инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.»;
6) 19-баптың бірінші бөлігінде:
7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қайта құрылған заңды тұлғалар үшін – өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салып мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін растайтын құжаттар болған келісу;»;
9) тармақша алып тасталсын.
7. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; (2015 жылғы 10 маусымда «Казахстанская правда»; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаты – темекi өнiмдерiнің өткізілуіне бақылау жасауға арналған құжат.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидасын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Темекi өнiмдерiн өткiзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаты ресімделеді.
Ілеспе жүкқұжаты болмай, сонай-ақ темекі өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуге және пайдалану қағидаларын бұза отырып темекі өнімдерінің айналымына және оларды өткізуге тыйым салынады.»;
8. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
43-баптың 3-тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша - тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 150-еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын, оның туындау күнінен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар адамға қатысты;
банкрот деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар борышкерге қатысты.».
9. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
10. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж. № 3, 21-құжат. № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57,58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86 құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102- құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75 құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; 2015 жылғы 10 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жеке кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк туралы шартта) көрсетiлген деректер өзгерген кезде, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы тiркеушi органға осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.».
11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат, № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 42-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:»;
2) 48-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының;»;
3) 49-бапта:
елу төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2022 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:»;
мынадай мазмұндағы жетпіс екінші абзацпен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге қосылған ауыл шарушылығы техникаларының өндірісіне пайдаланылатын осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектер.»;
4) 49-1-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін қосылған құн салығы осы бапта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын мынадай тауарлар бойынша жанама әдіспен төленеді деп белгіленсін:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге кірген ауыл шарушылығы техникаларының өндірісіне пайдаланылатын осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, кейіннен өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.».
5) мынадай мазмұндағы 71-баппен толықтырылсын:
«71-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 193-бабының 5-тармағын 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдіктермен салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай шарттарды орындағанда:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы дивидендтерді есепке алу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезең ішінде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың 35 пайызынан кем емес минералдық шикізатты қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы талаптары орындалған кездегі заңды тұлғалар-жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
алынған акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне төленбеген табыстан 30 пайыздан аспайтын, төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін барабар азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшының, қатысушының алып қойған кезінде, мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін анықтаған кезде:
1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
2) бастапқы қайта өңдеу өнімін оны кейінгі бөлуде әрі қарай пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.».
12. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 71-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9) тармақшаның үшінші-бесінші абзацтарын, 6-тармақтың 10)-13) тармақшаларын, 15) тармақшасын, 26) тармақшаның екінші абзацын, 109) тармақшасын, 37-тармақтың 3) тармақшасын, 16) тармақшасының тоғызыншы-жиырма бесінші абзацтарын;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағының 2) тармақшасының жетінші абзацын, 2) тармақшасының жетiншi абзацын, 14) тармақшасының төртiншi-тоғызыншы абзацтарын, 16) тармақшасының екiншi абзацын, 18) тармақшасының сегiзiншi абзацы, 25) тармақша, 26), 30) тармақшаларының үшiншi абзацын, 31) тармақшасының үшiншi-алтыншы абзацтарын, 33), 34 тармақшаларының екiншi - бесiншi абзацтарын, 35), 37), 39) тармақшаларының екiншi - бесiншi, тоғызыншы абзацтарын, 47), 48) тармақшаларының төртiншi - он екiншi абзацтарын, 51) тармақшасының екінші, үшінші, он екінші - он төртінші абзацтарын, 54) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 55) тармақшасының екінші - он жетінші абзацтарын, 77) - 80) тармақшаларын, 99) тармақшасын, 104) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 106), 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма бесінші абзацтарын, 37-тармағының 7) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтарын, 16) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтарын;»;
13. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат, 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 13-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес құпия болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін айқындауға арналған ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттiк органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесі көрсетiлген өлшемдердiң ерекшелiгiн ескере отырып дербес қалыптастырылады.»;
2) 19-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тауар-көліктік жүкқұжаттарының болуы, тауар-көліктік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге тауарлардың атауы мен санының сәйкес келуі мiндеттi.».
14. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және авто жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі авто жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған, мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, Қазақстан Республикасының өлшемдерінің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғылар;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің мұнай өнімдерін өткізуі кезінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы саласында есепке алу бақылау құралдарының мәліметтері – мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы туралы мәліметтер;
24-2) мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы саласында есепке алу бақылау құралдары мәліметтерінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне есепке алу бақылау құралдарының мәліметтерін автоматтандырылған онлайн жіберуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;
2) 6-бапта;
12-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-5) тармақшамен толықтырылсын:
«12-5 мұнай өнімдерінің өндірісі және айналымы саласында есепке алу бақылау құралдарының операторын айқындайды;»;
3) 8-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және авто жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі авто жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
4) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
«4. Мұнай өнімдерін көтермен және бөлшек сатуда, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты эәне импорты кезінде мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар рәсімделеді.
Мұнай өнімдерін авто жанармай құю бекетінен бөлшек сату кезінде ілеспе жүкқұжаттар рәсімделмейді.
Ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерін сатып алу және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
5) 20-баптың 2-тармағы бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағына импорттау кезінде ілеспе жүкқұжат қабылдап алушымен рәсімделеді және Қазақстан Республикасы аумағына мұнай өнімдерін кіргізуді жүзеге асыру үшін жеткізушіге немесе тасымалдаушыға беріледі.»;
6) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өткізуін қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Мұнай өнімдерін өндірушілерден және (немесе) мұнай берушілерден, не мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асырушылардан мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге және соңғы тұтынушыға ғана мұнай өнімдерін өткізуге құқылы.».
15. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат):
1-баптың 1-тармағы 97) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодекстiң 381-бабы кестесіндегі 23 – 26- жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы және қорғауы үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Жердің пайдаланылуы және қорғауы үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
16. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат, 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
96-баптың 2-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтамамен расталатын, сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі;».
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 65-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1-бапта:
1) 2-тармақтың 11) тармақшасының жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органдары этил спирті және алкоголь өнімін (сырадан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.»;
2) 4-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) есепке алудың бақылау аспаптары – іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласында есеке алу бақылау аспаптарының деректер операторы арқылы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы, ондағы этил спиртінің концентрациясы (шарап, сыра және сыра сусындарынан басқа) туралы, этил спиртінің (сыра және сыра сусындарынан басқа) қалдықтары туралы және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;».
18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж.,№ 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 8, 42-құжат):
1-баптың 21-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған, мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің және айналымы саласында есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғылар;».
19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 2015 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 94-тармағының 1) тармақшасы;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 64-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, сегізінші және он жетінші абзацтарын, 38-тармағының 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 17), 24), 26) және 27) тармақшаларын;»;
2) мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын;».
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабының 3-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«29-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша сыйақы, жинақталған тұрақсыздық айыбы (өсімпұлдар, айыппұлдар) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс;».
3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының алтыншы, жетінші сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мен 192-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы 2014 жылғы 14 қазаннан бастап күшіне енеді.
4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 156-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының бірінші абзацы мен 13-2) тармақшасының бірінші абзацының күші 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«13) бір жылғы кіріс, осы тармақты қолдану күнiне осындай тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақының 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шегiнен аспаса:»;
«13-2) бір жылғы кіріс, осы тармақты қолдану күнiне осындай тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақының 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шегiнен аспаса:».
5-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 237-бабының 8-тармағының мен 263-бабы 7-тармағының төртінші бөлігінің күші 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
6-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, шот-фактура электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Кеден ісі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші осы баптың 2-1-тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда электрондық түрде шот-фактураны жазып беруге міндетті.».
7-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, шот-фактура электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Кеден ісі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кедендік өкіл, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймасының иесі, кедендік қоймалардың иесі болып табылатын салық төлеуші осы баптың 2-1-тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда электрондық түрде шот-фактураны жазып беруге міндетті.».
8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 7-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен;
электрондық түрде жазып берiлген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерін, байланыс қызметтерiн, көрсетілетін коммуналдық қызметтердi, темір жол тасымалдарын, көрсетілетін көлiк-экспедиторлық қызметтердi, вагондар (контейнерлер) операторы көрсететін қызметтерді, магистральдық құбыржол жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей;
электрондық түрде жазып берiлген жағдайда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Осы Кодекстің 237-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура осы Кодекстің 237-бабының 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейін күнтізбелік бес күннен ерте емес және кешіктірілмей жазып берiледi.».
9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 368-бабының 1-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте көлік құралдарына есептелген салық сомасын 70 пайызға кемітеді.
Көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.».
10-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 368-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4. Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілер;».
11-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 2-1-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын салық төлеуші, төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын салық агентінің есептеуі бойынша салықтық міндеттерін осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіпте және мерзімде орындайды.».
12-бап. 2016 жылғы 1 қаңтарына дейінгі қолданыстағы Салық кодексінің 428-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан болса 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 428-бабының 2-тармағы қолданылмайды деп белгіленсін.
13-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 458-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін жеке тұлғалар көрсетілген күнге дейін дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш бермеген жағдайда қате төленген сомасы болып есептеледі.
14-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 570-бабының 1-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және ол салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.».
15-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқтығы және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді төлеушіге:
1) дара кәсіпкерді қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - берешектің жоқтығы туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтама) жасау және беру арқылы табыс етеді.
3. Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алу деректері бойынша кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы жасайды.
4. Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама анықтаманы жасаған кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен куәландырылады және олар берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.
5. Жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда кеден органы берешектің жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы төлеушінің аталған анықтаманың біреуін алуға арналған өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстыру актісінің негізінде береді.
6. Кеден органы төлеушінің аталған анықтамалардың біреуін алуға арналған өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқтығы туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтаманы беруге міндетті.».
16-бап.
Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 21) тармақшасын, 23) тармақшаның төртінші, бесінші абзацтарын, 24), 76), 93) тармақшаның алтыншы абзацы, 94) тармақшаның екінші-үшінші абзацтары, 119) тармақша;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 60) тармақшасын;
3) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 22), 42) тармақшалары;
4) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарынын, 17) тармақша, 18) тармақшаның төртінші, бесінші абзацтарынын, 39) тармақшаның үшінші-алтыншы абзацтарын, 64) тармақшаның алтыншы абзацы, 88) тармақшаның екінші, үшінші абзацтарын, 118) тармақша, 128) тармақшаның он жетінші абзацы, 10-тармақтың үшінші-бесінші абзацын, 15-тармақ, 19-тармақтың 1) тармақшаның екінші-үшінші абзацтарын;
5) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 135) тармақшасын;
6) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 1-тармағын 2) тармақшасы, 6) тармақшаның екінші, үшінші, төртінші абзацтарын, 9), 16) тармақшалар, 18) тармақшаның екінші, үшінші абзацтарын, 19), 20), 23) тармақшаның екінші үшінші абзацтары, 25), 26) 27), 28), 29), 30), 31) 32), 33), 36), 37), 38) тармақшаларын, 39) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтарын, 40), 41), 43), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52) тармақшаларын, 53) тармақшаның тоғызыншы, он екінші, он үшінші абзацтарын 54), 55) тармақшаларын, 56) тармақшаның екінші, үшінші, сегізінші, жиырма екінші-жиырма төртінші, отыз бірінші-отыз сегізінші, алпыс бірінші, алпыс екінші абзацтарын, 57), 59), 61), 62), 63) тармақшалары, 64) тармақшаның екінші-төртінші абзацтарын, 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73), 74), 75), 77), 78), 79) 80), 81), 82) тармақшаларың, 83) тармақшаның жетінші абзацын, 84), 85) 86), 87) тармақшаларын, 88) тармақшаның төртінші-алтыншы абзацтарын, 89) тармақша, 90) тармақшаның жетінші-он екінші абзацтарын, 91), 92) тармақшаларын, 93) тармақшаның үшінші-төртінші, жетінші-он үшінші абзацтарын, 94) тармақшаның төртінші-он алтынші абзацтарын, 95), 96), 97), тармақшаларын, 98) тармақшаның жетінші-сегізінші абзацтарын, 103) тармақшаның сегізінші, тоғызыншы, он бірінші абзацтарын, 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) 112), 113), 114), 115), 116), 117), 120), 121), 122), 123), 124), 125) тармақшаларын, 126) тармақшаның тоғызыншы-он бірінші абзацтарын, 127) тармақшанын, 128) тармақшаның тоғызыншы-он алтыншы абзацтарын, 138), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150), 151), 152), 153), 154), 155), 156) тармақшаларын, 159) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 160), 161), 163), 164) тармақшаларын, 2-тармағының 3), 6), 8), 10), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) 19), 20), 21), 22), 23), 24), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) тармақшаларын, 56) тармақшаның бірінші-үшінші абзацтарын, 58), 59), 60), 61), 62), 63) тармақшаларын, 3-тармақтың 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 21), 22) тармақшаларын, 5-тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшларын, 6-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшалары және 6) тармақшаның екінші-үшінші абзацтарын, 8-тармақ, 10-тармақтың алтыншы – он бірінші абзацтарын, 11, 12-тармақтары, 13-тармақтың 2) тармақшасын, 14-тармақтың 1) тармақшасы, 2) тармақшаның екінші, үшінші абзацтарын, 3), 6) тармақшалары, 17-тармақтың екінші-бесінші абзацтарын;
7) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармақтың 6) тармақшасының бесінші абзацын, 10) тармақшасын, 12) тармақашасының екінші абзацын, 13), 14), 15) тармақшаларын, 128) тармақшаның жиырма-жиырма үшінші абзацтарын, 130) 131) тармақшаларын;
8) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармақтың 5) тармақшасын, 7) тармақшаның төртінші-бесінші абзацтарын, 9) тармақшасының төртінші-бесінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 3-тармақтың 4) тармақшасын, 7-тармақтың 1), 2) 3) тармақшаларын, 14-тармақтың 4), 5) тармақшаларын;
9) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 4) тармақшаның төртінші-бесінші абзацтарын, 5), 7), 34), 35), 44) тармақшаларын, 53) тармақшаның екінші-он бірінші абзацтарын, 56) тармақшаның төртінші-алтыншы, тоғызыншы-жиырма бірінші, жиырма алтыншы-отызыншы, отыз тоғызыншы-алпысыншы абзацтарын, 83) тармақшаның тоғызыншы абзацын, 90) тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарын, 98) тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарын, 99), 100), 101), 102) тармақшаларын, 103) тармақшаның екінші-алтыншы, оныншы, он екінші-он төртінші абзацтарын, 128) тармақшаның екінші-сегізінші, он тоғызыншы абзацтары, 129), 133) 134), 139), 140), 157), 158) тармақшаларын, 2-тармақтың 7) тармақшаның екінші-үшінші абзацтарын, 9) тармақтың екінші-үшінші абзацтарын, 56) тармақшаның төртінші-жетінші абзацтарын, 57) тармақшасын, 3-тармақтың 6), 13), 20) тармақтарын, 6-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацын, 9-тармақ, 16-тармақ, 17-тармақтың алтыншы абзацын, 18-тармақ;
10) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 8), 11) тармақшаларын, 12) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтарын, 126) тармақшаның жетінші, сегізінші абзацтарын, 137) тармақшасын, 2-тармақтың 25) тармақшасын, 4-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті