"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қазандағы № 577 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат, 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат):
      830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес:
      тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
      олар бойынша пайда алушылар бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
      олар бойынша пайда алушылар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жіберілген шет мемлекеттiң уәкілетті органының сауалында көрсетiлген жеке тұлғалар болып табылатын, жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға;».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат; № 13, 98-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 152-құжат; № 23, 176-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 15-16, 64-құжат):
      21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын қаржы активтері, салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау тәртібіне сәйкес айқындалатын мөлшерде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнiмдi бөлу бойынша немесе оларды өткізуден түскен ақшадан үлесiн төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау есебіне беретін пайдалы қазбалар түріндегі, сондай-ақ өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады.».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат;
№ 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
      1) мазмұнында:
      11-бөлімнің 42-тарауы мынадай мазмұндағы 308-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «308-2-бап. Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі роялти мен үлесі бойынша салық міндеттемесін орындау тәртібі»;
      346, 538 және 544-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi»;
      «538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеу, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруді немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды рәсімдеу және келісу кезiндегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері»;
      «544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдеу кезінде мемлекеттiк баж төлеуден босату»;
      79-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 544-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «544-1-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыртуларын келісу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын беру, қалпына келтіру немесе ұзарту кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату»;
      81-тараудың 8-параграфы мынадай мазмұндағы 583-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «583-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ салық органдарымен өзара іс-әрекет жасау кезіндегі сақтандыру ұйымдарының міндеттері»;
      83-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 606-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «606-1-бап. Соттың шешімі бойынша электронды аукцион қорытындысының күшін жою нәтижесінде салық, бюджетке төленген басқа да міндетті төлемінің, өсімпұл мен айыппұл сомаларын қайтару»;
      89-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 636-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «636-1-бап. Алдын ала салықтық тексеру актiсi»;
      21-бөлімнің 93-тарауында 666, 670, 673 және 674-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «666-бап. Жалпы ережелер»;
      «670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі»;
      «673-бап. Апелляциялық комиссия шешімінің нысаны мен мазмұны»;
      «674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым берудің салдары»;
      21-бөлімнің 94-тарауы алып тасталсын;
      2) 12-баптың 1-тармағында:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіпте айқындалған теңгенің шетел валютасына бағамы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіпте айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ол бойынша сауда-саттық жүргізілмейтін теңгенің шетел валютасына бағамы;»;
      мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-2) кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы – мына формула бойынша айқындалған бағам:
      R=R1 + R2 + … + RN
            n, онда:
      R – кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
      R1, R2…, Rn – кезең ішінде кезеңнің күнтізбелік күні алдындағы әрбір кезеңі соңғы жұмыс күні айқындалған, тиісті валюта айырбасының нарықтық бағамы;
      n – кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны;»;
      19-1) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы белгілеген (белгіленген) алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күні белгіленген, көрсетілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбасының нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.»;
      30) және 41-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) роялти – мыналар үшін:
      пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз кемелерін, бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;»;
      «41-1) уәкілетті заңды тұлға – билік етуі шектелген және осы Кодекске сәйкес кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 48) тармақшамен толықтырылсын:
      «48) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және мемлекет атынан және соның тапсырмасымен салық заңнамасында және (немесе) осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде әрекет ететін заңды тұлға»;
      3) 13-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала салықтық тексеру актiсіне жазбаша қарсылығын ұсынуға;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;»;
      4) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 19-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен – ақпарат, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер және ақпарат алмасуға;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушылары ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 581-бабының 1), 1-1), 1-2), 4) тармақшаларында, сондай-ақ 583 және 583-1-баптарда табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;»;
      6) 20-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;»;
      7) 35-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қосылған құн салығынан және осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары есептейтін жеке тұлғалардың тұрғын үйлері мен объектілері мүлік салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша осындай құрылтайшы немесе пайда алушы, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлікпен басқарушыға жүктеуі мүмкін;»;
      8) 37-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) таратылатын заңды тұлғаның немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;»;
      9) 46-бапта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушi (салық агентi) алдын ала салықтық тексеру актiсiне қарсылық берген кезеңде, сондай-ақ оны салық органының қарауы кезеңінде өткен жағдайда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу немесе есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі салық төлеушi (салық агентi) алдын ала салықтық тексеру актiсiне жазбаша қарсылық берген кезеңге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте салық органының алдын ала салықтық тексеру актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қарауы кезеңіне тоқтатыла тұрады.»;
      10) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін өткізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен уәкілетті заңды тұлға жүргізеді.»;
      11) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіпте айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      12) 60-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»;
      13) 60-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсіпкерлер шетелдік валютамен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептейді. Бағам айырмашылығы салық салу мақсатында ескерілмейді.»;
      14) 67-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:
      салық агенттері:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер;
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударуларды төлеушілері;
      «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын есептеу, ұстау, аудару, төлемдерді аудару бойынша міндеттемелер жүктелген тұлғалар;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарына сәйкес басқа аударымдардың және жарналардың есептелген сомасы туралы ақпаратты көрсету үшін арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандарында:
      1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өзінің пайдасына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарына сәйкес, сондай-ақ басқа да аударымдар және жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салынатын (есептелетін) объектілер;
      2) шетелдіктермен резидент және бейрезидент болып табылатын, азаматтығы жоқ тұлғалардың табысынан жеке табыс салығын есептеу бойынша ақпарат қамтылуы мүмкін.
      Бұл ретте резиденттер және бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бөлігінде мынадай:
      салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
      салық салу, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
      салық мөлшерлемелері туралы;
      халықаралық шарттарды қолдану туралы;
      Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
      салық шегерiмдерi туралы;
      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарына сәйкес басқа аударымдардың және жарналардың сомасын есептеу;
      4) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеу мәліметтері көрсетілуі мүмкін.
      Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      15) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларына сәйкес (темекі өнімдерін қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электронды сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда) және 9) тармағына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.»;
      16) 69-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.»;
      17) 70-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді;»;
      18) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы;»;
      «11) мемлекет атынан алушы үшін – салық төлеушісінен заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай мәні);
      12) мемлекет атынан алушы немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға салық төлеушіден заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау есебіне алынған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс;
      13) заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау есебіне салық төлеушіден алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеумен айқындалған мемлекет атынан алушының комиссиялық сыйақысы;
      14) жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компанияның мiндеттемелерiн стратегиялық әріптесі есептен шығарудан барлау кезеңіндегі коммерциялық табуға дейінгі табыс немесе тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компанияға жататын заңды тұлғаның акциялары (жарлық капиталға қатысу үлесі) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақылар бойынша – есептелген, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жеке тобын құру мақсатында есепке жатқызылуға тиіс сыйақылар мөлшерінде.»;
      19) 89-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;»;
      20) 90-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банктің борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:
      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;
      күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына;
      егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі - өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;»;
      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайлар азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;
      10) салық төлеуші салық кезеңінде кредит (қарыз) бойынша кешірілген үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына ара қатынасының ең жоғары мөлшері шегінде кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайларда, осы Кодекстiң 106-бабының 1-3-тармағына сәйкес шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.»;
      21) 99-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылған тұрақсыздық айыбы түріндегі табыстары.
      Осы тармақшаның ережелері аталған табыстарды арнайы резервті ұлғайтуға бағыттаған жағдайда қолданылады;»;
      22) 102-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
      «4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.»;
      23) 106-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
      «1-1. Күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру шығыстарының сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.
      Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
      Бұл ретте қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
      Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтердi) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.»;
      24) 108-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру
      Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстарының сомасын төмендегідей тәртіппен айқындалатын, бірақ оң айырма мөлшерінде шегерімде жатқызуға құқылы:
      есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық кірістің бір пайызына тең мұндай шығыстардың іс жүзіндегі сомасы,
      алу
      осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығыстар.»;
      25) 111-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген инвестициялық қаржыландыру бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылардан басқа) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:»;
      26) 112-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қазақстандық кадрларды оқытуға:
      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сомалар;
      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат;
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен ұсынылған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде жер қойнауын пайдаланушының міндетін орындау мақсатында салық төлеуші көтерген нақты шығыстар танылады;»;
      27) 115-баптың бірінші бөлігі 14) тармақшасындағы «қосылатын шығындары шегірімге жатпайды» деген сөздер «қосылатын шығымдары» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) заттай нысанда салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне салық төлеуші берген пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты шығыстар шегерімге жатпайды.»;
      28) 143-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;»;
      29) 150-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйым;»;
      30) 155-баптың 3-тармағында:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруымен байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген залалды өтеу бөлігінде, жұмыс берушімен жасалған аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;»;
      29) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) осындай тұлғаларға кредит (қарыз, микрокредит) берілгеннен кейін басталатын мынадай жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) оның ішінде, негізгі қарыз, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс:»;
      мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-3) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан кіріс түрінде:
      сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) бұрын капиталдандыру сомасы бөлігіндегі негізгі қарызды кешіру;
      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
      2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолданумен осындай соманы қайта есептеу нәтижесінде шетелдік валютада алған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыз) негізгі қарыз сомалары бойынша қарыз алушыға қойылатын талаптардың мөлшерін азайту;
      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы алған табысты, осындай адамға банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйым сотқа берілетін талап-арыз беру туралы өтініштен өндіріліп алынатын мемлекеттік баж түріндегі қалыптасқан кіріс;»;
      31) 156-баптың 1-тармағы 24) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қызметтік іссапарды ресімдемей:»;
      32) 162-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірілмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.»;
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      33) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке тұлғаның шетел валютасымен алған (алуына жататын) мүліктік табысы мүлікті өткізу бойынша мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледі.»;
      34) 193-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде, осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес табысты айқындау табысты төлеу деп түсініледі. Бұл ретте, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім табысты төлеу күні болып табылады.»;
      35) 195-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:
      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
      2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша – бейрезиденттің шегерімге жатқызылған табыстары корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің
148-бабында белгіленген салық кезеңінің соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.
      Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
      3) алдын ала төлем төленген жағдайда – табысты есептеу күніндегі күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша алдын ала төленген төлем сомасы шегінде бейрезиденттің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.»;
      36) 201-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс төлеу күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.»;
      37) 208-бапта:
      4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшірмесін бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.»;
      38) 212-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне ұсынған кезде халықаралық шарт қолданылады.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шет мемлекеттiң заңнамасының талаптарына сәйкес резидент еместе құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмi немесе өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттеме жоқ болған жағдайда, мұндай резидент емес салық агентіне бейрезидентті құру үшiн негiз болған, осындай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекеттiң құқықтық (заңды) күші бар құжатын (актіні) табыс етеді.»;
      39) 212-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) табысының төлем көзінен ұсталған табыс салығын салық агенті бюджетке аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидент қайтаруға құқығы бар.
      Бұл ретте бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) салық агентіне:
      1) делдалмен жасасқан, онда осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған кезде инкорпорация елінде салықтық тіркелу нөмірін (немесе оған ұқсас); инкорпорация елінде мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оған ұқсас)) көрсете отырып, осындай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін сыйақы түрінде осындай табыс есептелген кезең үшін оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
      Бұл ретте, бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.»;
      40) 212-2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық агенті бейрезиденттің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезиденттің түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар.
      Бұл ретте, бейрезидент салық агентіне:
      1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін дивидендтер түрінде мұндай бейрезидентке есепке жазылған кезеңде оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
      Бұл ретте бейрезидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.»;
      41) 213-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін немесе резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшірмесін салық төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.»;
      42) 214-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшірмесін бейрезидент салық төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.»;
      43) 215-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшірмесін бейрезидент салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді.»;
      44) 216-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда бюджетке табыс салығының сомасы және бюджетке салық аударылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютадағы банктік сыйақылардың сомасы аударылады.»;
      45) 219-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Шет мемлекеттiң заңнамасының талаптарына сәйкес бейрезидент құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмi немесе өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттеме жоқ болған жағдайда, мұндай бейрезидент салық бейрезидентті құру үшiн негiз болған, осындай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы құқықтық (заңды) күшін растаған шет мемлекеттiң құжатын (актіні) табыс етеді;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжат;»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді, ол мынадай:
      осындай құжаттың түпнұсқасы;
      осындай құжатты нотариат куәландырған көшiрмесі;
      шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшiрмесi түрлерінде табыс етілуі мүмкін.
      Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.
      Егер резиденттікті растайтын құжатта бейрезиденттің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген (ресімделген) күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.
      Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты, шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылғанды қоспағанда, табыс алушы бейрезидент резиденті болып табылатын осындай құзыретті орган куәландырады.
      5. Мыналар:
      1) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қолтаңбасы мен мөрі;
      2) резиденттігін растайтын құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
      Егер:
      1) шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, резиденттігін растайтын құжат;
      2) резиденттікті растайтын құжаттарды өзара танудың өзгеше тәртібі белгіленген:
      Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта;
      осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;
      Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленген жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.»;
      46) 231-баптың 3-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) салық төлеушінің заттай нысандағы салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беру;
      27) мемлекет атынан алушы немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғаның салық төлеуші заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды өткізу;
      28) мемлекет атынан алушы немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғаның салық төлеуші осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеумен айқындалған комиссиялық сыйақы үшін заттай нысандағы салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды өткізу бойынша қызметтерді көрсетуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
      47) 237-бапта:
      2-3 және 8-тармақтар алып тасталсын;
      11-тармақ және 12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.
      12. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:»;
      48) 238-баптың 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен қайта есептеледi.»;
      49) 239-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура немесе осы Кодекстің 236-бабы 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда бақылау-кассалық машинаның чегi болған кезде жүргізіледі.»;
      50) 241-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым валюта айырбастаудың айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.»;
      51) 244-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық темір жол-паромдық қатынасымен - бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;»;
      52) 244-1-баптың 3-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар, шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордерінде немесе қойылатын талапта, мынадай мәліметтер:
      авиакомпанияның атауы;
      құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
      әуе кемесіне май құйылған күн;
      әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары көрсетілуге тиіс.
      Осы тармақшаның ережелері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде қолданылмайды;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      53) 248-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді;
      Вагондар (контейнерлер) операторы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесінің қатысушысы ретінде көрсетілген ол ұсынатын мынадай қызметтер:
      1) вагондарды (контейнерлерді пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісіп алу;
      2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
      3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;»;
      54) 255-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өткізу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына»;
      55) 256-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мынадай күндерден неғұрлым соңғысы:
      тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған күні;
      шот-фактураны жазып беру күні тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.»;
      3-4-тармақ және 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
      4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабының
7-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.»;
      56) 263-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер;
      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыруда қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;
      3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
      4) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.»;
      14-2-тармақ алып тасталсын;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларды қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданумен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді;»;
      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адам арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.»;
      16-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.»;
      57) 276-1-баптың 1-тармағының сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.»;
      58) 276-22-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.»;
      59) 279-баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электронды сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтық;»;
      60) 280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодекстің 279-бабының 1) - 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардыңтүрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

3003,

3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сыра сусыны)

100 % спирт 2550 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100 % спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205,

2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205,

2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

8700 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

8700 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

19

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702 тен

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см

8703 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

8704 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушiнің кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электронды сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотині бар сұйықтық

0 теңге/сұйықтық миллилитрі

                                                                   »;
      61) 301-баптың бірінші абзацының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеуші заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды экспортқа өткізетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады.»;
      62) мынадай мазмұндағы 308-2-баппен толықтырылсын:
      «308-2-бап. Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі роялти мен үлесі бойынша салық міндеттемесін орындау тәртібі
      1. Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі роялти мен үлесін төлеу бойынша салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай:
      1) осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта салық төлеуші Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі роялтиді және (немесе) үлесті төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне пайдалы қазбаларды беру көзделген;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен салық төлеуші заттай нысандағы салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы айқындалып, талаптар бір мезгілде сақталған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
      2. Заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау үшін:
      1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімдерде және (немесе) келісімшарттарда көзделген өзге құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекет атынан алушыға береді;
      2) мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, өз бетінше немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді;
      3) мемлекет атынан алушы немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға пайдалы қазбаларды өткізуден түскен ақшаны осы бапта белгіленген тәртіппен және мөлшерде бюджетке аударады. Бұл ретте төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен идентификаттау нөмірі де көрсетіледі;
      4) салық төлеуші, мемлекет атынан алушы орналасқан жері бойынша салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау бойынша декларацияны (есепті) ұсынады.
      3. Салық төлеуші заттай нысандағы салық бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемін есептеу және пайдалы қазбаларды нақты өткізуден түскен ақшаны аудару үшін күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.
      4. Орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау туралы декларацияны ұсынады;
      2) мемлекет атынан алушы – салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау бойынша есеп айырысуды және есептік күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей күнтізбелік жыл үшін заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау туралы декларацияны ұсынады.
      5. Салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекет атынан алушы немесе мемлекет атынан алушы өткізу үшін уәкілеттік берген тұлға пайдалы қазбаларды тиісті салық кезеңінде өткізуден түскен ақшаны салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау тәртібіне сәйкес айқындалатын мөлшерде және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ақшалай мәні мөлшерінде бюджетке аударады.
      6. Декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекет атынан алушы түпкілікті есеп айырысуды және салық төлеуші заттай нысандағы салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде берген пайдалы қазбаларды өткізуден түскен ақшаны салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау тәртібіне сәйкес айқындалатын мөлшерде және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ақшалай мәні мөлшерінде бюджетке аударуды жүзеге асырады.
      Осы баптың 5-тармағына сәйкес бюджетке аударылған ақшалар түпкілікті есеп айырысуды жүзеге асыру және мемлекет атынан алушы есептік күнтізбелік жыл үшін декларацияны тапсыру кезінде ақшаны аудару кезінде ескеріледі.
      7. Салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнмен қайта есептеледі.
      Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда мұндай шартты бағалар салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ақшалай мәні тәртібіне сәйкес айқындалады.
      Салық төлеуші үшін мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі салық кезеңі ішінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңі ішінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.»;
      63) 310-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында келісімшарттық қызмет бойынша табыс, оның ішінде жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компанияның мiндеттемелерiн стратегиялық әріптесі есептен шығарудан немесе тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану бойынша ұлттық компанияға жататын заңды тұлғаның акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесі) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы бойынша) бойынша табыс болып табылады.»;
      10-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмен емес болып айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газды уәкілетті орган бекіткен баға бойынша мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алған жағдайда, онда мұндай газды өткізуден түсетін табыс осы Кодекстің 86-бабына сәйкес айқындалады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.»;
      64) 314-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы және 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
      2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.»;
      65) 318-бап мынадай редакция жазылсын:
      «318-бап. Төлеушiлер
      Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.
      Осы Кодекстің мақсаты үшін коммерциялық табу туралы жария ету тиісті келісімшарт аумағындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың пайдалы қазбалар қорын бекітуді білдіреді.»;
      66) 319-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазбалар қорын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.»;
      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бекітілетін пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу сәтінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау және (немесе) пайдалы қазбалар қоры қайта есептеуді жүргізу барысында;
      2) бекітілетін пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау және (немесе) пайдалы қазбалар қоры қайта есептеуді жүргізу барысында айқындалады.»;
      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бекітілетін пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау және (немесе) пайдалы қазбалар қоры қайта есептеуді жүргізу барысында;
      2) бекітілетін пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау және (немесе) пайдалы қазбалар қоры қайта есептеуді жүргізу барысында айқындалады.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау және (немесе) пайдалы қазбалар қоры қайта есептеуді жүргізу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазбалар қорының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазбалар қоры физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
      67) 320-баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
      2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.»;
      68) 327-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және бюджетке:
      1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісіммен белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде;
      2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісіммен белгіленген мөлшердегі төлем түрінде төлеуге жатады.»;
      69) 328-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісімнің жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.»;
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн теңгемен төлеудiң жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
      2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.»;
      70) 334-бапта
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Шикi мұнайдың және газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы бағамдауының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.»:
      бесінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Е - тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;»;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерi бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды есепке ала отырып, салық кезеңi iшiнде бағаларды шетел валютасындағы күнделiктi бағамдаудың орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде көрсетiлген формула бойынша айқындалады.»;
      төртінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Е - тиiстi салық кезеңi iшіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;»;
      71) 338-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңi iшiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Е - тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;»;
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:»;
      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Е - тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;»;
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiнде күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:»;
      отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Е - тиiстi салық кезеңіндегі валютаның орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;»;
      72) 342-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштен мынадай мөлшерлерінде белгіленеді.»;
      73) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi
      1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
      2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және iшiнара жүргізілуі мүмкін.
      3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
      Салық төлеуші Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі және оның ақшалай мәні Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
      4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:
      1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;
      2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті, шарты және мерзімі міндетті түрде көрсетіледі.
      5. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
      6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.
      7. Мемлекеттің атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін оған уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
      Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.
      8. Салық төлеуші және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген заттай нысандағы мерзімде және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша табыс етеді.»;
      74) 357-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді және ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабы 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген төлеушілер ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабы 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған табыстар түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетел персоналының табыстары салық салу объектісі болып табылады.»;
      75) 358-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын, осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті ғана жүзеге асыратын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.»;
      76) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
      «1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер, осы Кодекстің 358-бабы 3 және 3-1-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда, салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
      2. Осы Кодекстің 358-бабы 3-тармағында көрсетілген төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемелерді, осы Кодекстің 357-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
      3. Осы Кодекстің 358-бабы 3-1-тармағында көрсетілген төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемелерді, осы Кодекстің 357-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
      4. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабы 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.
      5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
      6. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк салықты осы Кодекстiң 151-4-бабының 5-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.»;
      77) 364-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.»;
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      78) 366-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер салық салу объектiлерi болып табылмайды.»;
      79) 367-баптың 1-тармағындағы кестенің бірінші бөлігінің 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

22.

Мүлік салығын салу объектісі болып табылатындарды қоспағанда, жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):


1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

                                                              »;

      80) 396-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) иелік ету, пайдалану құқықтары қолжетімділігі үшін ақы төлеу қолданыла отырып, концессия шарты бойынша, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылысжайлар концессия объектiлерінің құны 50 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен жағдайда салық салу объектілері болып табылмайды.»;
      81) 397-баптың 4-тармағының бесінші бөлігі алып тасталсын;
      82) 427-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы.»;
      83) 439-баптың 1-1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана, сондай-ақ аталған қызметте шаруа немесе фермер қожалықтары бұрын пайдаланған активтерін сатуды жүзеге асырады;
      3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмаса шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.»;
      84) 448-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативі және омарта шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қолданылмайды.»;
      85) 450-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте:
      1) жаңадан құрылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер үшін - әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;
      2) жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды, құрылғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режімiн қолданудың басталған күні болып табылады.»;
      86) 465-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу;»;
      87) 472-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мынадай:
      1) алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, лицензиар берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.
      2) қызметпен айналысу құқығы үшiн алым осы Кодекстің 471-бабындағы кестенің 1.88 және 1.88-1 жолдарында көрсетілген қате немесе артық төленген жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бұл ретте осы Кодекстің 599, 601 және 602-баптарына сәйкес қате немесе артық төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;
      88) 534-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттар ресімделгені үшін;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке өзінің істері бойынша келуіне шақыру ресімделгені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыру қабылдағаны және келіскені үшін;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;»;
      89) 538-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеу, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыру ресімдеу және келісу, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату кезiндегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
      Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыру ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
      Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 пайыз;
      Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге - 700 пайыз;
      Қазақстан Республикасынан көп мәрте кетуге және Қазақстан Республикасына көп мәрте келуге - 3000 пайыз;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттар ресімдеу үшін - 100 пайыз;
      3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке өзінің істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруын қабылдағаны және келіскені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 пайыз;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.»;
      90) 544-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдеу кезінде мемлекеттiк баж төлеуден босату
      1. Мыналар:
      1) жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де ізгілікке жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
      2) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
      2. Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.»;
      91) мынадай мазмұндағы 544-1-баппен толықтырылсын:
      «544-1–бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыртуын келісу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын беру, қалпына келтіру немесе ұзарту кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату
      Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыртуын келісу кезінде:
      консулдық алымды алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғалары;
      Мыналар:
      Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және оларды ілесіп алып жүрген адамдарға;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмекпен жіберілген шетелдіктерге;
      шетелдік инвесторларға;
      этникалық қазақтарға;
      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыртуды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы тұлғалар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визаларды бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін:
      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және оларды ілесіп алып жүрген адамдарға;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген, Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмекпен жіберілген шетелдіктерге;
      этникалық қазақтарға;
      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге жіберілген Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына;
      шетелдік инвесторларға;
      3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады.»;
      92) 549-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «549-бап. Жалпы ережелер
      Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңды маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын төлем.»;
      93) 551-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
      94) 553-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының және Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруын қабылдау және келісу үшін;»;
      6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары немесе мемлекеттік кәсіпорындары ұйымдастыратын республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;»;
      95) 557-бапта:
      3-тармақта:
      11) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      «19) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарастыру кезінде шағым берілген мәселелерге қатысты мәліметтер бөлігінде уәкілетті орган жанындағы Апелляциялық комиссияға береді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      4. Салық құпиясы:
      осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық органдары лауазымды адамдарының;
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, Апелляциялық комиссия мүшелерінің жария етуіне жатпайды.
      96) 558-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде болуын немесе болмауын растау қажеттілігі салықтық зерттеу жүргізу үшін негіз болып табылады.»;
      97) 566-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту
      1. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органдары:
      1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер табыс өткен хабарлама;
      2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      2. Дара кәсіпкер 1-тармақта көрсетілген хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерлік қатысушылары (мүшелері) туралы деректері өзгертілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
      3. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етуге міндетті.
      4. Дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуді, салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.»;
      98) 568-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген мөлшерін құрайды.»;
      99) 569-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.»;
      3-тармақтың 3) және 3-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттар тапсырылмаса;
      3-1) салық төлеуші әрекетсіз не осы Кодекстің 73 - 74-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұрған салық төлеуші болып табылса;»;
      100) 571-бапта:
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияда үздіксіз жалғасатын үш салық кезеңі ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу және сатып алу жөніндегі айналымдар туралы мәліметтерді көрсетпеген жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.
      Осы тармақшаның ережелері қызметін осы Кодекстің 308-1-бабының
1-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға және (немесе) операторларға қолданылмайды;»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушінің тұрған жері бойынша салық органы осы баптың
4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген үшінші салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарады.»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) осы баптың 4-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден алып тастауды жүзеге асыратын мемлекеттік органда қайта тіркелген күннен бастап;»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда - құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не осы Кодекстің 37, 37-2, 41 және 42-баптарында көрсетілген қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап;»;
      101) 574-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізіледі.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген хабарлама салық органына мыналардың:»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) хабарлама берілген күннен бастап;»;
      102) 581-бапта:
      1) тармақшаның бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, салық төлеуші заңды тұлғаға, бейрезидентті қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған не өзгерген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, идентификаттау нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені, банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты не банк шотындағы жеке идентификаттау кодының өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.»;
      «Көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) банк шоттарының бар екендігі, нөмірлері туралы және бұл шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы, оның ішінде металл шоттарында орналастырылған немесе бейрезидент жеке, бейрезидент заңды тұлғаның басқаруында тұрған, өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезидент болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға ақпараттық-коммуникациялық желi арқылы табыс етуге;
      1-2) уәкілетті органның сауалы бойынша банк шоттарының бар екендігі, нөмірлері туралы және бұл шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің бар екендігі түрі және құны туралы, оның ішінде шет мемлекеттiң уәкілетті органының халықаралық шартқа сәйкес жіберген сауалында көрсетілген металл шоттарында орналастырылған немесе жеке және заңды тұлғаның басқаруында тұрған өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде табыс етуге;»
      103) 81-тараудың 8-параграфы мынадай мазмұндағы 583-1-баппен толықтырылсын:
      «583-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушылар, инвестициялық портфельді басқарушылар, сондай-ақ салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі сақтандыру ұйымдары ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің міндеттері
      1. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, бірыңғай тіркеуші, брокерлер және (немесе) дилерлер:
      1) ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы уәкілетті органға бағалы қағаздарды есепке алу үшін бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған шоттардың бар екендігі туралы, сондай-ақ осы шоттар бойынша бағалы қағаздардың қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс етуге;
      2) уәкілетті органның сауалы бойынша бағалы қағаздарды есепке алу үшін шет мемлекеттің уәкілетті органының халықаралық шартқа сәйкес жіберген сауалында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған шоттардың бар екендігі туралы, сондай-ақ осы шоттар бойынша бағалы қағаздардың қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.
      2. Кастодиандар, инвестициялық портфельді басқарушылар:
      1) ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы уәкілетті органға бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді табыс етуге;
      2) уәкілетті органның сауалы бойынша шет мемлекеттің уәкілетті органының халықаралық шартқа сәйкес жіберген сауалында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген активтерді қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.
      3. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:
      1) ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы уәкілетті органға пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді табыс етуге;
      2) уәкілетті органның сауалы бойынша шет мемлекеттің уәкілетті органының халықаралық шартқа сәйкес жіберген сауалында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.
      4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде табыс етіледі.
      104) 586-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:
      екінші бөлік алып тасталсын;
      105) 588-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Міндеттемелерді ұлғайтуды немесе кемітуді қамтыған:
      1) тексеру нәтижелері бойынша;
      2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша есептелген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.»;
      106) 589-баптың 6-тармағында:
      бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық есептілігін табыс еткен күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып есептелген, кемітілген сома;
      2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган табыс еткен төлем құжаттарының негізінде төленген сома ұлттық валютада жүргізіледі.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын;
      «Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы есептелген немесе кемітілген соманы салық есептілігін табыс еткен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен жеке шотта туындаған сома айырмасына түзетуді жүргізеді. Түзету мөлшері төлем жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінде айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып айқындалады.»;
      107) 591-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың мақсатына орай осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома - есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есепке жазылған соманы есепке алу салықтық тексерудiң аяқталған күнi көрсетiле отырып және осы Кодекстiң 93-бабында белгiленген тәртiппен шағым беру мерзiмдерi ескерiле отырып жеке шотта жүргiзiледi»;
      108) мынадай мазмұндағы 606-1-баппен толықтырылсын:
      «606-1-бап. Соттың шешімі бойынша электрондық аукцион қорытындысының күшін жою нәтижесінде салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, өсімпұл және айыппұл сомаларын қайтару
      1. Уәкілетті заңды тұлға жүргізген электрондық аукционның заңды күшіне енген қорытындысы соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда, салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, өсімпұл және айыппұл сомаларын қайтару уәкілетті заңды тұлғаның салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жөнінде берген салықтық өтініші негізінде жүргізіледі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – қайтару өтініші).
      Қайтару өтінішіне:
      1) заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
      2) уәкілетті заңды тұлғаның салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, өсімпұлды және айыппұлды төлегені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
      2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы төленген жері бойынша қайтару өтініші берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банк шотына ұлттық валютада жүргізеді.»;
      109) 607-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;»
      110) 609-бапта:
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«3-1. Осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері:
      1) банкрот деп танылған жағдайда – салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
      2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
      3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
      Бұл ретте, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) салық төлеушінің төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған салық міндеттемелері бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі осы тараудың ережелеріне сәйкес қолданылады;
      4) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.».
      3-2-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
      111) 610-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
      «15. Өсімпұл:
      1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған;
      2) оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      3) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешім қабылдаған күннен бастап бересі сомасына есепке жазылмайды.
      Бұл ретте:
      1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;
      2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
      3) салық төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған немесе сот осындай келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда – төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу жаңғыртылады.»;
      112) 613-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
      осы Кодекстің 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;
      салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда - осы Кодекстiң 93-тарауында белгіленген тәртіппен шағымданушы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарының, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері мен өсімпұлдарының сомасына қабылдайды.»;
      10-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Уәкілетті органның шешім шығару немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағымдалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда, - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын қайтарып алған жағдайда - осындай шағым қайтарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
      113) 614-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – оңалту туралы іс бойынша өндірісті қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап қолданылмайды;»;
      114) 617-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер салық төлеушінің мүлік тізімдемесі актіде көрсетілген, бухгалтерлік есебі деректерінің негізінде айқындалатын, билік етуі шектелген мүлкінің жалпы теңгерімдік құны, республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылғы 1 қаңтарда қолданыста болған 6 еселік айлық есептік көрсеткіштен азды құраған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.»;
      115) 618-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі
      Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте жүзеге асырады.»;
      116) 623-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мына талаптарға сай келетін, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер нысанындағы коммерциялық ұйымдар болып табылатын:
      1) барлық активтерінің теңгерімдік құны сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторинг жүргізуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325 000 еселенген мөлшерін құрайтын;
      2) қызметкерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторинг жүргізілуге жатады.
      Осы баптың мақсатында:
      1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
      2) активтердің баланстық құны мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;
      3) қызметкерлердің саны мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялардың деректері негізінде айқындалады.
      Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жиынтық жылдық табысқа ие және (немесе) аталған келісімдер (келісімшартқа) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
      2) мына шарттарға сәйкес келетін:
      кең таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын барлау, өндіру келісім шарттарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру келісімшарты жасалған;
      жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес қала салушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған, ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылғы 1 қазанда мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мыналар:
      1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда ең көп жиынтық жылдық табысқа ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;
      2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер мониторинг жүргізуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне кіреді.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсетілген тізбені қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.»;
      117) 627-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған;»;
      9-тармақтың 2) тармақшасында:
      бірінші бөліктің жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымына байланысты - осы шағымда жазылған мәселелер бойынша;»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
      118) 629-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі салық төлеушіге (салық агентіне) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуі шетел мемлекеттеріне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен ол бойынша салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.
      Салықтық тексеру мерзiмi ішінде салық төлеушiге (салық агентiне) алдын ала салықтық тексеру актiсiн табыс ету күні мен салық төлеушi (салық агентi) алдын ала салықтық тексеру актiсiне қарсылық берген күннің, сондай-ақ салық органы салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актiсiне жазбаша қарсылығын алған күні мен осындай қарсылыққа шығарылған шешім күні арасындағы кезеңге тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуге міндетті.»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер мерзiмiне кiрмейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) салық төлеушiге (салық агентіне) алдын ала салықтық тексеру актiсi шығарып берілген, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала салықтық тексеру актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың 1) - 7) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.»;
      119) мынадай мазмұндағы 636-1- баппен толықтырылсын:
      «636-1-бап. Алдын ала салықтық тексеру актiсi
      Осы Кодекстің 637-бабында көзделген салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін табыс етеді.
      Осы Кодекстiң мақсаты үшiн алдын ала салықтық тексеру актiсі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған салықтық тексерудiң алдын ала нәтижелерi туралы құжат ұғынылады.
      Бұл ретте салық төлеушiнің алдын ала салықтық тексеру актiсiне жазбаша қарсылық беруге құқығы бар.
      Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушiлердiң санатын, сондай-ақ салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актiсiн табыс етудің, алдын ала салықтық тексеру актiсiне жазбаша қарсылық берудің, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртiбі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
      120) 645-баптың 1-тармағында:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерінің тізбесін айқындайды, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыруы кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерінің тізбесіндегі өзгерістер мен толықтырулар оларды күшіне енгізген күніне дейін күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей қабылдануы тиіс.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.»;
      121) 653-бапта:
      5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-6, 5-7 және 5-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.
      5-2. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
      5-3. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
      5-4. Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу арқылы қамтамасыз етіледі.
      5-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
      Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
      5-7. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы ақшамен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны республикалық бюджеттің кірісіне аударады.
      5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
      122) 666-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «666-бап. Жалпы ережелер
      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен беріледі және қаралады.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.»;
      123) 667-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.
      Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген және алдын ала салықтық тексеру актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қарастырған салық органына жiберуге тиiс.
      Уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
      1) өзi келу тәртібімен – уәкілетті органмен шағымды алған күн;
      2) почтамен - почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.»;
      2-тармақ және 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
      5. Уәкілетті органға шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.»;
      124) 668-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шағым берілетін уәкілетті органының атауы;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) акті мен шағым жасалған хабарламаның көшірмесі;»;
      125) 669-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган:»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
      Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
      3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.»;
      126) 670-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
      1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде дәлелді шешiм шығарылады.
      2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
      4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.
      5. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.
      6. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
      1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және алдын ала салықтық тексеру актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;
      2) осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және басқа ұйымдарға сұрау салулар жіберуге;
      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;
      4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық органдарының қызметкерлерінен және алдын ала салықтық тексеру актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қараған салық органдарына туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.
      7. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.»;
      127) 671-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
      1.Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарастыру үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссияны құрады.
      Апелляциялық комиссияның құрамы және ережесін уәкілетті орган айқындайды.
      Шағымды қарау аяқталған соң уәкілетті орган дәлелдi шешiм шығарады.
      2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
      2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
      3. Шағым бойынша жазбаша нысандағы шешім салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып тапсырылады, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) қарсылықтарын қараған салық органдарына жіберіледi.
      4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
      5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.»;
      128) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
      1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізгенде – уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күні өткенге дейін;
      2) мұндай органдардың және ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберген кезде – әрбір сұрау салу бойынша жауап алған күннен бастап он бес жұмыс күні өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
      2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.
      3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
      1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне;
      Бұл ретте, осы Кодекстің 670-бабы 1-тармағында белгіленген мерзім осы тармақта көрсетілген мерзімге шағымға кейіннен қосымшалар берудің әрбір жағдайында ұзартылады;
      2) уәкілетті орган шағымдалатын мәселені қосымша зерттеу қажет болған жағдайда – тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарландыру жібереді.»;
      129) 673-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
      Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:
      1) шешім қабылданған күн;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;
      3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
      4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
      5) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
      6) шағымның мәні;
      7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.»;
      130) 674-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым берудің салдары
      Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
      Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
      131) 675-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
      Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмауға тиіс.
      3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
      4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде уәкілетті орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.»;
      132) 676, 677, 678, 679, 680, 681, 682, 683, 684 және 685-баптар алып тасталсын.
      4. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат):
      1) мазмұнында:
      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
      181 және 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
      182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым беру салдарлары»;
      2) 8-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау жүргізуді;»;
      3) 16-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «импорттаушылар бойынша ақпарат береді.» деген сөздер «импорттаушылар бойынша» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берілген мәселелерге қатысты мәліметтер бөлігіндегі бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қарау барысында Апелляциялық комиссияға ақпарат береді.»;
      4) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «тексеріп қарау орындары периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейне бақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауы тиіс;»;
      5) 44-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезінде, алдымен қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы тауарға ілеспе құжаттарды тапсырған сәттен бастап түсіру жұмысын екі сағаттан кеш емес мерзімде қамтамасыз етуге міндетті.»;
      6) 47-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «тексеріп қарау орындары периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейне бақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелері) болмауы;»;
      7) 62-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің бір жыл ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 528, 534, 542, 543, 548 – 552, 554, 558-баптары бойынша заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы;
      2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 548-552, 554-баптары бойынша заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны қоспағанда, осы тармақшаның бірінші абзацының ережелері квазимемлекеттік секторының және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингінде кемінде келесі он екі ай тұрған субъектілерге қолданылмайды;»;
      8) 63-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу өтініші тіркелген күнге дейінгі соңғы бес жыл ішінде осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер, бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілген және осы Кодекстің 211-бабының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілген жағдайда, мұндай талаптардың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтінішке сәйкестігін тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу өтініші тіркелгенге дейінгі күнді қамтитын уақыт кезеңіне ғана жүргізілетін көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкiлеттi экономикалық операторында 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 528, 534, 542, 543, 548 – 552, 554, 558-баптары бойынша бір жыл ішінде екіден артық заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы болған;»;
      9) 65-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралдарын белгілеу мақсатында, мұндай көлік құралдарында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен танымдық белгі пайдаланылады.»;
      10) 132-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қою мерзімі - кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауар шығарылғаннан кейін өтіп кеткен жағдайда, төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңіндегі талап қоюдың өту мерзімі кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша шығарған шешімі орындалғанға дейін, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан, шағым және (немесе) талап қою қаралғаннан кейін ұзартылады.»;
      11) 141-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
      кедендік бақылау нәтижелері бойынша;
      жоғары тұрған кеден органының не соттың кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы хабарламасына және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына төлеушінің шағымын қарау қорытындылары бойынша;
      бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;
      алдын ала шешім қабылдау кезінде;
      тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы алған кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген сомасы болып табылады.»;
      12) 164-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шектеу қояды.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) төлеушінің шағымын қараған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
      13) 167-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер төлеушінің мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын билік етуі шектелген мүлкінің жалпы теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кемін құраған жағдайларды қоспағанда, төлеушінің банк шоттарында ақша, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарында ақша жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда кеден органдары оның келісімінсіз төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.»;
      14) 173-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - хабарлама) осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.»;
      15) 174-бап алып тасталсын;
      16) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері
      1. Шағым кеден ісі саласындағы уәкілетті органға хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
      1) өзi келу тәртібімен - кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды алған күн;
      2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша шағымды қараушы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым беруші тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
      Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға да қолданылады.
      Бұл ретте шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжат және осындай тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беруге тиіс.
      4. Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың шағым берудің өткізіп алған мерзімін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның қалпына келтіруі туралы өтінішхаты осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар шағым мен өтінішхатты уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
      5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде қайтарып ала алады.
      Шағымды қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
      Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалар көшпелі кедендік тексеру жүргізу тағайындалған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.»;
      17) 176- бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шағым берілетін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) акт және шағым жасалған хабарламаның көшірмесі;»;
      18) 177, 178, 179, 180, 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган:
      1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағым жасау мерзімі бұзыла отырып берілген;
      2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) шағымды осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталмаған тұлға берген;
      4) осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.
      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып жазбаша нысанда хабарлайды.
      3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
      178-бап. Шағымды қарау тәртібі
      1. Осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым бойынша шағым тіркелген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша - шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжделген шешім шығарылады.
      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 221-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
      Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Шағым ол жасалатын мәселелер шегінде қаралады.
      Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалар шағымды қарауға өздері тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда кеден органы мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын айқындауға құқылы.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезiнде:
      шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сауалдарды жіберуге;
      мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сауалдар жіберуге;
      шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген адаммен кездесу өткізуге;
      кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган және Апелляциялық комиссия шағымды қарау жөніндегі өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау жөніндегі өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
      179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияны құрады.
      Апелляциялық комиссия құрамын және ережесін уәкілетті орган айқындайды.
      Шағымды қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешiм шығарады.
      2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
      шағым жасалған хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
      шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
      3. Шағым бойынша шешім шағым берген тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі немесе тапсырылады, ал көшірмесі хабарлама шығарған кеден органына жіберіледі.
      4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органың шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
      180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
      1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осындай органдардың және ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберілген жағдайда - жауаптарды алған күннен бастап он бес жұмыс күн өткенге дейін;
      2) шағымды қарау барысында тағайындалған жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізу жағдайында – кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күні өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
      3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi мынадай жағдайларда:
      1) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымға қосымшаларды қоса ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.
      Бұл ретте осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен қосымшаларды берудің әрбір жағдайында осы тармақта көрсетілген мерзімге ұзартылады;
      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажеттігін анықтаған жағдайда - тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін ұзартқан жағдайда шағым берген тұлғаға шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны жолдайды.
      181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
      Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:
      1) шешім қабылданған күн;
      2) шағым жіберілген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;
      3) шағым берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) не оның толық атауы;
      4) идентификаттау нөмірі;
      5) шағым жасалатын хабарламаның қысқаша мазмұны;
      6) шағымның мәні;
      7) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
      182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым беру салдары
      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым беру шағым жасалатын бөлігінде хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген кезде шағым жасалатын бөлiгiнде хабарламаның орындалуы шағым бойынша жазбаша шешiм шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      Сотқа шағым (арыз) берілген жағдайда шағым жасалатын бөлігінде хабарламаның орындалуы сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
      19) 192-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді.»;
      20) 204-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Кедендік қарап тексеруді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      21) 205-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Кедендік тексеріп қарау жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласының уәкілетті орган бекітеді.»;
      22) 252-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      23) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «284-бап. Декларант
      1. Мыналар:
      1) Кеден одағына мүше мемлекеттің:
      сыртқы экономикалық мәміле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәміле жасалған;
      сыртқы экономикалық мәміле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлғасы;
      2) шетелдік тұлғалар:
      жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетін жеке тұлға;
      осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;
      Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым, – уақытша әкелу, кері экспорт кедендік рәсімдерін, сондай-ақ осы өкілдіктердің жеке мұқтаждары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімін мәлімдеген кезде;
      Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мәміле тараптарының бірі болып әрекет ететін, мәміле шеңберінен тыс тауарларға билік ету құқығы бар тұлға;
      3) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеу үшін – осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:
      тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
      экспедитор, егер ол Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, декларант бола алады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін сыртқы экономикалық мәміле деп Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мен шетелдік тұлға арасында жасалған мәміле, сондай-ақ Кеден одағына мүше түрлі мемлекеттердің тұлғалары арасында жасалған, оның негізінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін мәміле түсініледі.»;
      24) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер әуе көлігі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
      Егер де осындай қолданудың қажеттігі тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде белгіленген жағдайларды қоспағанда бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шегінде орналасқан келу кеден органынан уақытша сақтау орындарына дейін тасымалданатын шетел тауарларына қатысты кедендік транзит қолданылмайды.
      Халықаралық почта жөнелтілімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.
      Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      25) 321-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) тауарлар келу орнынан әуе көлігімен, Қазақстан Республикасының аумағындағы жеткізу орнына өткізілсе;»;
      26) 439-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үшінші тұлғаларға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберілген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мерзімді осындай ұзарту туралы ақпарат өтініш берушіге үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.».
      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 285-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
      2) 194-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы – ескерту жасауға әкеп соғады.»;
      3) 285-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдығы туралы, сондай-ақ өзгеде мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналасқан немесе бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы,-
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.»;
      4) 16-тарау мынадай мазмұндағы 285-1-баппен толықтырылсын:
      «285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
      1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің резидент емес жеке тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері резидент емес болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы,-
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеліп соғады.
      2. Резидент емес жеке тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері резидент емес болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы,-
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеліп соғады.
      3. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының, пайда алушылары резидент емес жеке тұлғалар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы,-
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.»;
      5) 720-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285,285-1, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4,8,3-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-VII, 115-құжат):
      50-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-3) банктің мемлекеттік кіріс органына шет мемлекеттің резиденттер (салық төлеушісі) және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденті (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банк шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кіріс органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;»;
      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
      «6-2. Банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдығы туралы, сондай-ақ өзгеде мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналасқан немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
      а) бейрезидент - жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелер бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
      б) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты береді.
      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімін және нысанын уәкілетті органмен келісім бойынша салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.».
      7. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат):
      3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте Қазақстан Республикасының ұсынылуы салық заңнамасында көзделген нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және мерзімде беріледі.».
      8. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж. № 23, 141-құжат; 2007 ж. № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж. № 17, 82-құжат; 2010 ж. № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж. № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж. № 15, 97-құжат; 2013 ж. № 14, 72-құжат; 2014 ж. № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
      2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.».
      9. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) жеке сәйкестендіру нөмір-коды (бұдан әрі – ЖСН-коды) – өндірілетін және импортталатын темекі өнімдеріне берілетін сәйкестендіру нөмірі;»;
      2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
       «4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттер мен папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.»;
      3) 4-баптың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-2) фильтрлі, фильтрсіз сигареттер мен папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілейді;»;
      4) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-5) темекі өнімдеріне арналған ЖСН-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      5) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Темекі өнімдерінің өндірісін және импортын жүзеге асыратын тұлғалар темекі өнімдерін өндіруді және импорттауды бастағанға дейін темекі өнімдеріне ЖСН-кодын беру қағидасында белгіленген тәртіппен өтінімді уәкілетті органға жіберуге міндетті.».
      10. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 20-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат):
      43-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Бейрезидент - жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
      1) бейрезидент - жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты берілді.
      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысанын, уәкілетті органмен келісім бойынша салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.».
      11. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
      9-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
      12. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат;):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
      «2-4. Салық салу және кедендік реттеу саласындағы шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамада белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхат беруге құқығы бар.».
      13. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 49-баптың 1) тармақшасында:
      алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы және жетпісінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі осы баптың ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін мынадай тауарларға:
      1) одан әрі өткізуге арналмаған;
      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатымен;»;
      жетпіс алтыншы абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші және сексен екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Бұл ретте:
      1) осы баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін сату, немесе
      осындай малдардың кемуі (қырылуы)
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде;
      2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкету осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.»;
      2) 49-1-бапта:
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бөлігіндегі осы баптың ережелері мынадай:
      1) одан әрі өткізуге арналмаған;
      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерге қатысты қолданылады.»;
      жиырма бірінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «Бұл ретте:
      осы баптың 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін сату, немесе
      осындай малдардың кемуі (қырылуы)
      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.»;
      3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.»;
      4) 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-баптардағы «2018» деген сандар «2027» деген сандармен ауыстырылсын.
      14. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
      1) 1-бапта:
      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «54) коммерциялық табу – келісімшарттық аумақтағы барлау (оның ішінде қосымша барлау) нәтижесінде, сондай-ақ коммерциялық мүддені білдіретін, пайдалы қазбалар қорының өсімін жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын табу;»;
      мынадай мазмұндағы 120) тармақшамен толықтырылсын:
      «120) инвестициялық қаржыландыру – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания немесе акциясы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға және осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда стратегиялық әріптес барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасаған бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру.»;
      3) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұлттық компания немесе акциясы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болатын келісімшарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.
      Барлауды қаржыландыру инвестициялық қаржыландыру жолымен бір мезгілде мынадай шарттардың орындалуын көздейді:
      1) ұлттық компанияның немесе акциясы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның үлесіне келетін барлауға арналған шығындар мен шығыстарды қаржыландыруды барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасалған бірлескен қызмет туралы шартта (келісімде) және (немесе) қаржыландыру туралы келісімде белгіленген тәртіппен стратегиялық әріптес жүргізеді;
      2) барлауды қаржыландыру сомасы ұлттық компанияның немесе акциясы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты шығындар мен шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылады;
      3) қаржыландыру, сондай-ақ ол бойынша сыйақы сомасын қайтару жөніндегі міндеттеме ұлттық компанияда немесе акциясы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғада барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасалған бірлескен қызмет туралы шартта (келісімде) және (немесе) қаржыландыру туралы келісімде айқындалған талаптарды орындаған кезде туындайды.».
      15. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат):
      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде, мұнай өнімдері базаларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан өзге) орнатылған, мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде кей іннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғылар;»;
      2) 21-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкілікті тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.»;
      3) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан, сондай-ақ (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер түпкілікті тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.».
      16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат):
      1) 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «2017» деген сандар «2026» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) 9-бапта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы
38) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы
49) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын;».
      17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21, 22 (2646-2647), 115-құжат; 2014 ж., № 4-5 (2653-26-54), 24-құжат; № 22 (2671), 131-құжат; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-баптың 2-тармағындағы «2018» деген сандар «2027» деген сандармен ауыстырылсын.
      18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      4-бапта «2017» деген сандар «2018» деген сандармен ауыстырылсын.
      19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат, № 22 (2671), 131-құжат; № 23 (2672), 143-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      2-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын;
      5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
      20. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
      21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына 
(2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.».
      22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
      27-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-баптың;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:».
      23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 1-бапта:
      2-тармақтың 64) тармақшасында:
      «40 еселенген» деген сөздер «160 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «160 еселенген», «160 еселі» және «160 есе» деген сөздер тиісінше «500 еселенген», «500 еселі» және «500 есе» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік мынадай:
      Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген баға туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растау құжаттарының;
      осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың кез келгені болған кезде көрсетіледі.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 2, 3 және 4-баптар алып тасталсын;
      3) 5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
      4) 6-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
      5) 7-бап алып тасталсын;
      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған жеке тұлғаларға қатысты 2020 – 2022 жылдар бойына іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.»;
      7) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2020 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.»;
      8) 11-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заң мыналарды қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 78) және 79) тармақшаларын;»;
      4) тармақша алып тасталсын.
      24. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 16-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік қызметке кірген адамдар және олардың жұбайлары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке тұлғалардың декларациясын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
      2) 29-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұндай жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту туралы және сынақ мерзімін белгілеу туралы талаптар қолданылмайды.»;
      3) 68-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      25. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 1-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшада:
      он төртінші абзацтағы «451 және 568» деген сөздер «және 451» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;
      47) тармақша алып тасталсын;
      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «56) 256-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.»;»;
      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «59) 263-бапта:
      1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етілімде техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
      2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:
      шот-фактураның нысаны;
      шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
      шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
      түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
      шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.
      Уәкілетті орган:
      электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
      электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауапты болады.
      2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, дербес айқындайды.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:»;
      3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
      3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
      Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші «Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған» деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
      7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
      қағаз жеткiзгiште - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
      электрондық нысанда - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып берген кезде:
      электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, теміржол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдау көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
      есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
      осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
      7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
      қағаз жеткiзгiште - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
      электрондық нысанда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
      14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленеді.»;
      136) тармақшада:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:»;
      үшінші абзац алып тасталсын;
      төртінші абзацтағы «қоюға» деген сөз «міндетті түрде қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он жетінші абзацтағы «5 және 6-тармақтар» деген сөздер «6-тармақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он сегізінші абзац алып тасталсын;
      137) тармақша алып тасталсын;
      2) 2-бапта:
      1) тармақшаның қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан кіріс түрінде;
      сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) бұрын капиталдандырылған сомасы бөлігіндегі негізгі қарызды кешіру;
      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
      2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып, осындай соманы қайта есептеу нәтижесінде шетелдік валютада алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыз) негізгі қарыз сомасы бойынша қарыз алушыға қойылатын талаптардың мөлшерін азайту;
      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы алған табыс, осындай адамға банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның төлемақысы, сотқа берілетін талап-арыз арқылы өндіріліп алынатын мемлекеттік баж;»;
      2) тармақшаның қырық сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан кіріс түрінде;
      сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) бұрын капиталдандырылған сомасы бөлігіндегі негізгі қарызды кешіру;
      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
      2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып, осындай соманы қайта есептеу нәтижесінде шетелдік валютада алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыз) негізгі қарыз сомасы бойынша қарыз алушыға қойылатын талаптардың мөлшерін азайту;
      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы алған табыс, осындай адамға банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның төлемақысы, сотқа берілетін талап-арыз арқылы өндіріліп алынатын мемлекеттік баж;»;
      3) 15-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші - он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші - жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 9), 16) - 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 21) және 22) тармақшаларын, 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27) - 31) тармақшаларын, 33) тармақшасының екінші - он алтыншы, он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарын, 35), 39) - 41) тармақшаларын, 42) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 43), 44), 46), 48)- 58) тармақшаларын, 59) тармақшасының төртінші, он жетінші – он тоғызыншы, жиырма үшінші - жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы – отызыншы, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын, 60) және 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы абзацтарын, 64) - 70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, алтыншы-тоғызыншы абзацтарын, 72)-77) тармақшаларын, 78) тармақшасының үшінші - он сегізінші абзацтарын, 79) - 88) тармақшаларын, 89) тармақшасының жетінші абзацын, 90) - 92) тармақшаларын, 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 94) тармақшасын, 95) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын, 96) және 97) тармақшаларын, 98) тармақшасының екінші - төртінші, жетінші - он үшінші абзацтарын, 99) тармақшасының алтыншы - он жетінші абзацтарын, 100) - 102) тармақшаларын, 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 108) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 110), 111), 113) - 120), 124) - 126) тармақшаларын, 127) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 128) - 132), 134) және 135) тармақшаларын, 136) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтарын, 146), 149) - 165) тармақшаларын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 169)-173) тармақшаларын, 2-тармағы
1) тармақшасының үшінші, бесінші - жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3), 6), 8), 10), 13) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16) - 24), 26) - 47) тармақшаларын, 48) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтарын, 49), 51) - 56) тармақшаларын, 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 59) - 64) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4), 6) - 11), 13) - 18), 20) және 21) тармақшаларын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 3) - 5) тармақшаларын, 7 және 10-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) және 6) тармақшаларын, 14-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, 1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 59) тармақшасының екінші, бесінші – он алтыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, отыз бірінші – қырық үшінші абзацтарын, 61) тармақшасын, 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 89) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 95) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 103) тармақшасының екінші - бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 104) - 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы, он екінші - он төртінші абзацтарын, 109) тармақшасының екінші абзацын, 112) және 121) тармақшаларын, 136) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 141), 142), 147), 148), 166) және 167) тармақшаларын, 3-тармағының 12) және 19) тармақшаларын, 8, 15 және 18-тармақтарын;»;
      12) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14) осы Заңның 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағы 5) тармақшасының сегізінші – тоғызыншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын, 3 тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 5) тармақшасын;»;
      «15) осы Заңның 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші-жетінші абзацтарын, 34) және 36) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
      26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы
31 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 1-бапта:
      5-тармақта:
      9) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеуге қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсат беру және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.»;
      10) тармақша алып тасталсын;
      9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, жетінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) мемлекеттік кіріс органына тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілеті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама жібереді.»;
      «2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген адамдардың хабарламаны беруге құқығы жоқ.»;
      «4. Хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кірістер органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
      5. Хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылады не қағаз жеткізгіште өзі келіп ұсынады.»;
      46-тармақта:
      7) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «141, 142, 143, 148, 149, 152, 153, 155, 156, 160, 161, 162, 167, 169, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185, 190, 194, 203, 204, 211, 218, 219, 220, 222, 224, 225, 226, 237, 238, 240 және 241-жолдар алып тасталсын;»;
      8) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:
      «39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама»;
      төртінші абзац алып тасталсын;
      2) 2-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 6), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 46-тармағының 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші, бесінші және отыз бесінші абзацтарын және 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;».
      2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 7, 12, 14 және 15-жолдарының қолданылуы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай болып белгіленсін:
      1) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
      «

Р/с№

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздердің мөлшерлермелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

11.

2207-ден

Спирт концентратының көлемі 80 пайыз немесе одан да көп денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, медицина мекемелеріне белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссiз, боялған) этил (этанол) спиртінен басқа) денатуратталған өзге де спирттер

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық (ішкі нарықта тұтынуға арналған, түссіз) этил спирті (этанол)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

Спирт концентратының көлемі кемінде 80 пайыз, (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медицина мекемелеріне берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) денатуратталмаған этил спирті спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Спирт концентратының көлемі 80 пайыз немесе одан да көп алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спиртi

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Спирт концентратының көлемі кемінде 80 пайыз, алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спиртi, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

3003,

3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

100% спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан сырамен сыра сусынынан басқа)

100% спирт 2000 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртiн және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

111.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртiн және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

112.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

39 теңге/литр

113.

2202 90

100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5, пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

114.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

6200 теңге/1000 дана

115.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

6200 теңге/1000 дана

116.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

118.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

119.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3 000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

двигателінің көлемі 3 000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

двигателінің көлемі 3 000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнім (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электронды сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

                                                              »;
      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
      «

Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциздердің мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

11.

2207-ден

Спирт концентратының көлемі 80 пайыз немесе одан да көп денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттар өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, мемлекетік медицина мекемелеріне белгіленген квота шегінде берілетін денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз, боялған) этил (этанол) спиртінен басқа) денатуратталған өзге де спирттер

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық (ішкі нарықта тұтынуға арналған түссіз, боялған) этил (этанол) спирті

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

Спирт концентратының көлемі кемінде 80 пайыз (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квота шегінде мемлекеттік медицина мекемелеріне берілетін денатуратталмаған этил спиртiнен басқа) денатуратталмаған этил спиртi, спиртті тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Спирт концентратының көлемі 80 пайыз немесе одан да көп алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спиртi

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Спирт концентратының көлемі кемінде 80 пайыз, алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спиртi, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

3003,

3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

100% спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан сырамен сыра сусынынан басқа)

100% спирт 2275 теңге/литр

8

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

110.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спиртiн және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

111.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спиртiн және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

112.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

48 теңге/литр

113.

2202 90

100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5, пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

114.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

7500 теңге/1000 дана

115.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

7500 теңге/1000 дана

116.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/1000 дана

117.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/ дана

118.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

119.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

Микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3 000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

двигателінің көлемі 3 000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

двигателінің көлемі 3 000 текше см.-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнім (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электронды сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтық

0 теңге/сұйықтық миллилитрі

                                                               ».
      3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 568-бабының 5-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқта тұру кезеңінде:
      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады:
      «5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды.»;
      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады:
      «5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшерін құрайды.»;
      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады:
      «5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерін құрайды.».
      4-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдар 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген жағдайда, осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының он төртінші - жиырма бірінші абзацтары, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 58) тармақшалары, 95) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтары, 105), 107), 109) тармақшалары, 110) тармақшаның оныншы және он бірінші абзацтары, 112) тармақшасы, 113) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 117), 118), 119), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131) және 132) тармақшалары, 4-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшалары, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалары және 12-тармағы қолданылмайды деп белгіленсін.
      5-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне және кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өзінің қызметін осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
      6-бап.
      1. Осы Заң:
      1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 34) тармақшасын;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 18) тармақшасының екінші абзацын, 82) тармақшасын, 99) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 13-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағы 2) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын;
      3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағын, 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 18) тармақшасының үшінші – бесінші абзацтарын, 20) тармақшасының жетінші – тоғызыншы абзацтарын, 27), 46) тармақшаларын, 47) тармақшаның үшінші – бесінші абзацтарын, 53), 61), 62), 72), 73), 74), 75), 76), 81), 85) және 116) тармақшаларын, 25-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының сегізінші – он үшінші абзацтарын, 3) тармақшасын;
      4) 2016 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 26-тармағы 1) тармақшасының он екінші – он бесінші және он жетінші абзацтарын;
      5) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 60) тармақшасын;
      6) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының он төртінші - жиырма бірінші абзацтары, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 58) тармақшаларын, 95) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын, 105), 107), 109) тармақшаларын, 110) тармақшаның оныншы және он бірінші абзацтарын, 112) тармақшасын, 113) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 117), 118), 119), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131) және 132) тармақшаларын, 4-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларын және 12-тармағын;
      7) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 56) тармақшасының жетінші абзацын;
      8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 19) және 22) тармақшаларын, 24-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 20) тармақшасының екінші-алтыншы абзацтары және 23) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 30) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 56) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады