"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 258 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын ретгеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 42-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV,113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "микроқаржы ұйымдарын" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 64-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      3) 74-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      4) 78-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      5) 282-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 328-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қысқа мерзімді микрокредиттерді қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген, қызметі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасымен реттелетін заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады.";

      2-тармақтың бірінші сөйлемінде:

      "ресімделеді және" деген сөздер "ресімделеді," деген сөзбен ауыстырылсын;

      "талап" деген сөзден кейін "және кепіл затының соттан тыс өткізілуіне кепіл берушінің келісімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақта:

      "өткізілуіне" деген сөзден кейін "немесе осындай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде, сондай-ақ мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен кезде ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың тоқтатылуымен бірге бір мезгілде кепіл беруші болып табылатын қарыз алушы міндеттемесі тоқтатылады.

      Микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл мәнін өткізу ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған жағдайда микрокредитті өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін сауда-саттық жүргізілместен бір айдан ерте емес жүзеге асырылуы мүмкін.";

      5 және 7-тармақтар алып тасталсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 715-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Заңды тұлғаларға, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге азаматтарға қарыз түрінде ақша беруге тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.

      Бұл тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік қарыздар мен микрокредиттер түрінде ақша беру жағдайларына, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ жұмыс берушінің өз қызметкеріне, заңды тұлғаның өз құрылтайшыларына (акционерлеріне, қатысушыларына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды.";

      2) 718-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      ", микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің" деген сөздер алып тасталсын;

      "қарыз беруші алатын" деген сөздер "алынатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушылардың құқықтарын қорғауы микроқаржылық қызмет туралы заңнамада көзделген шаралармен қамтамасыз етіледі.";

      екінші бөлікте "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 725-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында "берілген қарыз сомасының жүз пайызынан" деген сөздер "бір жүз пайыздан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 728-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақшада "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада "микроқаржы ұйымының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшада "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) микрокредит беру туралы шарт жасасуға ломбардтың кепілге салу билетін беруі теңестіріледі.";

      5) 760-баптың 1-2-тармағының төртінші бөлігінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 765-бапта:

      2-1-тармақтың бірінші бөлігінде "мерзімді" деген сөзден кейін "немесе шартты" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта "2-тармағында" деген сөздер "2-1-тармағының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта "2-3" деген цифрлар "2-1, 3" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7) 766-бапта ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 830-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.

      Мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғаның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жіберген кезде растайтын құжаттар мен материалдар ретінде сақтандыру құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлігінің 5) тармақшасында "органға" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; №16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 49-баптың 1-тармағының 40) тармақшасында "микроқаржы ұйымдарын", "микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер тиісінше "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды", "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 67-баптың 12-2-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 229-баптың 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) мазмұнындағы 214-баптың тақырыбында "банктік" деген сөзден кейін ", микроқаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 28) тармақшасы ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 50-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацы "ведомстволарында" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 214-бапта:

      тақырыбы "банктік" деген сөзден кейін ", микроқаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "(банк операцияларын)" деген сөздерден кейін ", микроқаржылық" деген сөзбен толықтырылсын.

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында: 210-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:

      "210-1-бап. Уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тапсырмаларын, анықталған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындамауы";

      211-баптың тақырыбында "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      212-баптың тақырыбында "қаржылық және" деген сөздер "қаржылық немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      215-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      223-баптың тақырыбында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      232-баптың тақырыбында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      239-баптың тақырыбы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "239-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу";

      724-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:

      "724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган

      2) 47-бапта:

      үшінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "өз құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тiзiлiмiнен шығаруды Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      алтыншы бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "6-1. Төлем ұйымдарының тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.";

      3) мынадай мазмұндағы 210-1-баппен толықтырылсын:

      "210-1-бап. Уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тапсырмаларын, анықталған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындамауы

      1. Уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тапсырмаларын, анықталған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 211-бапта:

      тақырыбындағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –";

      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес қаржылық немесе өзге есептілік ұсынуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацында "Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген" деген сөздер "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген сол бір" деген сөздермен ауыстырылсын";

      бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі, сол сияқты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе.

      1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық ұсынылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.

      2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп екінші деңгейдегі банк, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқығын ұстаушы заңды тұлға түсініледі.";

      5) 211-1-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі дәйексіз ақпарат не көрінеу дәйексіз мәліметтер беруі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 211-2-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацында "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацында "Микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 212-бапта:

      тақырыбында "қаржылық және" деген сөздер "қаржылық немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік бюролардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы –";

      екінші бөліктің бірінші абзацында "әрекет" деген сөз "іс-әрекет" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      ескертпеде "уақтылы ұсынылмаған" деген сөздер "ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мерзімі бұзылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 213-бапта:

      төртінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөлігінің бірінші абзацында "талаптардың нормативтерiн" деген сөзден "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      он екінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпенің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, Қазақстан Республикасының резидент емес банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.";

      9) 215-бап алып тасталсын;

      10) 220-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудың немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тартудың "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерін бұзуы –";

      ескертпенің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айырылған және (немесе) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.";

      11) тақырыбында және 223-баптың бірінші абзацында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 224-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 226-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      14) 227-бапта:

      бірінші және екінші бөліктердің бірінші абзацтарында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацында:

      "микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелерінің операторлары мен" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың, төлем жүйелерінің операторларының, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер алып тасталсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.";

      15) 228-бапта:

      бесінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он екінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.";

      16) 232-баптың тақырыбында және бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 239-бапта:

      тақырыбы қазақ тілінде "Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу" деген редакцияда жазылсын;

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлері филиалдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –

      есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының резидент емес банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілігін бұрмалауына әкеп соққан, бұзып жүргізуі –

      тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      18) 247-бапта:

      төртінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктің бірінші абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 252-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацында ", Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу –

      ескерту жасауға алып келеді.";

      екінші бөліктің бірінші абзацында "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші бөліктерінде (төлем ұйымдарына қатысты), 227 (бірінші (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші бөліктерінде (банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелері операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты), 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты), 243, 244, 252 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 253, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (жинау өз құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      21) мынадай мазмұндағы 724-1-баппен толықтырылсын:

      "724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган

      1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін банк холдингтеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде қаржы ұйымдарына (Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарына және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті қызметкерлері құқылы.

      3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.";

      22) 804-бапта:

      екінші бөлікте "(86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245," деген сөздер "214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті қызметкерлерінің де құқығы бар (185, 211 (бірінші бөлік), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде Ұлттық пошта операторына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда, қаржы ұйымдарына қатысты), 245, 462, 463, 464 (екінші бөлік).";

      23) 810-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілеттік берілген қызметкерлері осы Кодекстің 804-бабының екінші және 2-1-бөліктерінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған жағдайда қолданылмайды.".

      6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 80-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін "және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 82-баптың 2-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін "және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 90-6-баптың 13) және 17) тармақшаларында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 112-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде "микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 154-баптың 3-тармағының 7) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 196-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 201-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 208-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға да" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 155-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 156-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 350-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 352-баптың 3-бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 354-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның бесінші абзацында "уәкілетті органның" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат):

      1) мазмұнында мынадай мазмұндағы 145-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "145-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегін реттеу";

      2) мынадай мазмұндағы 145-1-баппен толықтырылсын:

      "145-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегін реттеу

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жүйесі мен жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.".

      9. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 26-баптың тақырыбы "Ұлттық Банкінің," деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-баптың 1-тармағы 62) тармақшасының үшінші абзацында "Микроқаржы ұйымдары туралы" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 22-бапта:

      8-тармақта:

      бірінші бөлікте "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      бірінші бөлікте "мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бірлескен актіде айқындалады.";

      4) 24-баптың бірінші бөлігінде:

      14) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сегізінші абзацын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;";

      16) тармақшада "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 26-бапта:

      тақырыбы "Ұлттық Банкінің," деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздерден кейін "және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта "қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      "немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен" деген сөздер ", ал тауар биржалары тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 27-баптың 4-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 28-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 88-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы Кодекстің 543-бабының 5) тармақшасында аталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана заңды тұлғалар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары;";

      9) 166-баптың 7-тармағының үшінші бөлігінде "Банктер" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 232-баптың 5-тармағының 7) тармақшасында:

      "микроқаржы ұйымының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Микроқаржы ұйымдары туралы" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 233-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "Микроқаржы ұйымдары туралы" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 241-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 250-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      бірінші бөлігінде "микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 307-баптың 2-тармағында:

      6) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақшада "микроқаржы ұйымдарына" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (ломбардтарды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшада "Микроқаржы ұйымдары туралы" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 319-баптың 2-тармағында:

      23) тармақшада:

      бірінші бөліктің бесінші абзацында:

      "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "микроқаржы ұйымына" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "микроқаржы ұйымының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) тармақшаның бірінші абзацында "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 397-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) кредиттік серіктестіктің өздерінің қатысушыларына кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және өзге де міндеттемелерді беруі;";

      17) 407-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 543-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті ұйым – банк болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы;";

      19) 550-баптың 2-тармағының 9) тармақшасында "микроқаржы ұйымдарын" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 553-баптың 8-тармағында:

      "Микроқаржы ұйымдарын", "микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды", "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Микроқаржы ұйымын" деген сөздер "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 554-баптың 4-тармағы кестесінің 1.54-жолы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың операциялары";

      22) 630-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

      1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мынадай жеке тұлғалар ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар;

      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

      3) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

      2. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.

      3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бастапқы – активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша белгіленген міндет алғаш туындауына байланысты жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

      2) кезекті – жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны тапсырғаннан кейін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

      3) қосымша – өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын тапсырылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

      4) хабарлама бойынша қосымша – жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.

      4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:

      1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалардың тапсыруын;

      2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті тапсыруды қоспағанда, бір рет тапсырылады.".

      23) 631-баптың 1-тармағы бірінші абзацында:

      "2-тармағында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 633-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация

      1. Активтер мен мiндеттемелер туралы декларация табыс етiлгеннен кейiн мынадай жеке тұлғалар:

      1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, жеке тұлғалар;

      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

      3) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс етедi.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар есепті салықтық кезең ішінде сонымен қатар мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

      1) жеке тұлға:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтері мен міндеттемелері туралы декларация, кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыру жөніндегі міндет жүктелген тұлға;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру жөніндегі міндет жүктелген тұлға;

      дара кәсіпкер;

      жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылмаса;

      2) жеке тұлға:

      мүліктік табыс;

      жеке тұлға дербес салық салуға жататын табыс алмаса;

      3) жеке тұлғада кез келген табыс болмаған немесе жеке тұлға табысты тек:

      төлеу көзінен салық салуға жататын табыс;

      өміріне және денсаулығына келтірілген залалды өтеу;

      алимент түрінде ғана алса;

      4) жеке тұлға салық агентіне төлем көзінен өзге шегерімдердің алдын ала сомасына салық салынатын табысты азайтуға өтінішті ұсынбағанда;

      5) жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы болмағанда немесе жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қаламағанда;

      6) жеке тұлға мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқық және (немесе) мәміле, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алмаған, иеліктен шығармаған, өтеусіз алмағанда оңайлатылған нысанда қосымшасыз кірістері мен мүлкі туралы декларция (бұдан әрі - кірістері мен мүлкі туралы қысқаша декларция) ұсынуға міндетті.";

      25) 644-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы екінші бөлігінің төртінші абзацында "шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру" деген сөздер "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):

      102-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж. № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):

      1) 2-баптың бірінші бөлігінде:

      "бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды" деген сөздер "валюталық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және мемлекеттік статистиканы жүргізетін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;";

      2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.";

      3) 6-баптың үшінші бөлігіндегі бірінші сөйлем алып тасталсын;

      4) 7-бапта:

      екінші бөлігінде:

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "статистикасы және" деген сөздер "және қаржы статистикасы, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 8-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар, осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздар береді;";

      16) және 18) тармақшаларда "банк" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит және қаржы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;";

      19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ осы Заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      20) мыналарға:

      өз қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына;

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауына лицензия береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, лицензиясынан айырады;";

      21), 21-1) және 22-1) тармақшалар алып тасталсын;

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-1) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруге қатысады;";

      24-2) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және жүргізуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруға және іске асыруға бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) Қазақстан Ұлттық Банкі клиенттерінің металл шоттарын ашады және жүргізеді;";

      35) және 35-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ қаржы ұйымдары болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;

      35-1) төлем ұйымдарына және (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;";

      мынадай мазмұндағы 38-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы.

      Осы тармақшада өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;";

      6) 15-бапта:

      екінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктердің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымы, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу, ең төменгі резервтік талаптарды орындау, ең төменгі резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      10), 11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

      12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге және екінші деңгейдегі банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;

      13) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын;";

      31), 32), 33) және 34) тармақшалар алып тасталсын;

      36) және 37) тармақшалар алып тасталсын;

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;";

      51) тармақша "банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      52-4) тармақша "банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын;";

      55) және 56) тармақшалар алып тасталсын;

      58) тармақшада "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;";

      65-1), 66) және 67) тармақшалар алып тасталсын;

      68) тармақша "банктер" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      68-1) тармақша алып тасталсын;

      69) және 69-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредиттік және қаржылық статистиканы қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;

      69-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдары және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын;";

      69-2) "үшін" деген сөзден кейін "Қазақстан Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      78) тармақша алып тасталсын;

      79) тармақшада "Қазақстан Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      81) тармақша алып тасталсын;

      83) және 84) тармақшалар алып тасталсын;

      86), 86-1), 86-2) және 86-3) тармақшалар алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      8) тармақшада "уәкілетті ұйымдар" деген сөздер "қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелері операциялық орталықтарына, қаржы ұйымдары болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;

      19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және талаптармен соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) дербес немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;";

      21-1), 21-2) және 21-3) тармақшаларда "ерекше" деген сөз "құзыреті шегінде ерекше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7) және 23-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлікпен басқару бойынша қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

      23-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

      23-4) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

      23-5) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдармен операцияларды жүргізу тәртібін белгілейді;

      23-6) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізу тәртібін белгілейді;

      23-7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекітеді;

      23-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлікпен басқару жөніндегі операцияларды есепке алу бойынша есеп саясатын бекітеді;";

      7) 16-бапта:

      екінші бөлікте:

      "бес" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "адамы" деген сөз орыс тілінде өзгереді, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады;

      "және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл" деген сөздер
", Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Ұлттық Банкiнен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мен Қазақстан Ұлттық Банкiнің Төрағасы" деген сөздер ", Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 17-бапта:

      бірінші бөліктегі "бірақ айына кемiнде бір рет" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "кезектен тыс" деген сөздер "жоспардан тыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 20-1-баптың сегізінші бөлігі:

      "актілерінде" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Ұлттық Банкінің актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 20-3-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін басқа мемлекеттік органға беруге байланысты басқа мемлекеттік органға ауыстыру;

      8-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген басқа мемлекеттік органға ауыстырудан бас тарту;";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындап жүрген және (немесе) өздерінің біліктілігіне сәйкес сол штат бірліктеріндегі қызметті атқарып жүрген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілеріне лауазымдарды ұсынады. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штаттық бірлігінде көзделген төменгі мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.

      Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің саны немесе штатының қысқартылуы негізінде еңбек шарты бұзылған жағдайда қысқартылатын лауазымды атқарып жүрген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде орташа төрт айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.";

      11) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қарай Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:";

      12) мынадай мазмұндағы 20-6-баппен толықтырылсын:

      "20-6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерінің демалысы

      1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметкерлеріне екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күндік жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметкерлеріне алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

      3. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.";

      13) мынадай мазмұндағы 20-7-баппен толықтырылсын:

      "20-7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерінің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары

      1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

      2. Іссапардың барлық уақытында іссапарға жiберiлген Қазақстан Ұлттық Банкiнің және ведомстволарының іссапарға жiберiлген қызметкерлерінің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.";

      14) 22-баптың бесінші бөлігі алып тасталсын;

      15) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Резервтiк талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді.

      Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары міндеттемелерінің құрылымы айқындалатын ең төменгі резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төменгі резервтiк талаптарды есептеу, ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерін орындау, ең төменгі резервтiк талаптар нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.

      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.

      Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Ұлттық Банкi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты қайтарады.";

      16) 48-бапта:

      "бақылауды" деген сөзден кейін "және қадағалауды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 51-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша:

      болжанатын әрекеттер және жалпы мемлекеттік маңызы бар, қол жеткізілген нәтижелер туралы бірін-бірі хабардар ету;

      қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;

      жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржы дағдарысы туындауын болдырмау және оның салдарларын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;

      қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісім жасасу жолымен өзара іс-қимыл жасайды.

      Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес міндетті тәртіпте қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мынадай:

      қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін азайтуға бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шаралары бойынша;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы дағдарысы туындауын болдырмау және оның салдарларын барынша азайту жөніндегі шаралар кешені бойынша;

      мәжбүрлеп таратылу қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкеп соғатын, төлемге қабілетсіз банкті реттеу шаралары бойынша, оның ішінде оны реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы бойынша;

      екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен оңалту жөніндегі шараларды қаржыландыру бойынша шараларды қабылдаумен байланысты мәселелерді қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      екінші бөлікте:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) макропруденциялық саясатты қалыптастырады;

      3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және талаптармен соңғы сатыдағы қарыздарды береді;";

      4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      7) тармақшада ", халықаралық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы" деген сөздер алып тасталсын;

      8) тармақша алып тасталсын;

      18) 51-2-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-2-бап. Макропруденциялық саясат";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Макропруденциялық саясат деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін бәсеңдетуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.";

      екінші бөлікте "жүйе құраушы" деген сөздер "жүйелік маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте "Жүйе құраушы" деген сөздер "Жүйелік маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте:

      бірінші абзацта "макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру" деген сөздер "макропруденциялық саясатты қалыптастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;";

      2-1) тармақшада "жүйе құраушы" деген сөздер "жүйелік маңызы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дербес және (немесе) олардың құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендету жөніндегі шараларды енгізеді;";

      19) 51-3-бапта:

      3-тармақтың:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Ұлттық Банкінің кепілге салынған активтерді өз меншігіне айналдыруы және (немесе) банк оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген үшінші тұлғаға өткізуі арқылы соттан тыс тәртіппен жүргізіледі.";

      екінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақта "Қазақстан Ұлттық Банкі" деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 51-4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті арттыруға;";

      3) тармақша қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын оңтайлы реттеу мен қадағалауды, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қалыптастыруға бағытталған.";

      4-тармақта "қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері (көрсетілетін қызметтер, өнімдер)" деген сөздер "төлем қызметінің түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жүзеге асырудың" деген сөздер "көрсетудің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 51-5-бапта:

      1-тармақта "Қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдары және (немесе) өзге де заңды тұлғалар" деген сөздер "Төлем ұйымдары және (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың үшінші бөлігінде "Үлгілік шартта" деген сөздер "Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың үшінші бөлігінде "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін төлем ұйымы және (немесе) қаржы ұйымы болып табылмайтын өзге де заңды тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.";

      8-тармақта "лицензиялануға жататын немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      22) 52-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен екінші деңгейдегі банктерге, оның ішінде өздерінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттер орналастырады;";

      23) 56-бапта:

      3) тармақшада:

      "операцияларын" деген сөзден кейін "айырбастау пункттері арқылы ғана" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға" деген сөздер "жүзеге асыру жөніндегі қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды және оны жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды лицензиялау тәртібін айқындайды және осындай заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:

      "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті банктердің және (немесе) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      10) уәкілетті банктер және өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеулі әсер ету шараларын, қадағалап ден қою шаралары мен санкциялар қолданады;";

      24) 57-баптың бірінші бөлігінің он екінші абзацы алып тасталсын;

      25) 11-тарау алып тасталсын;

      26) 70-бапта:

      бірінші бөліктің екінші сөйлемінде "алынған мәлiметтер" деген сөздер "оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкi қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, алған ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, оның ішінде оған Қазақстан Ұлттық Банкiнің ақпараттық жүйесіне кіруін қамтамасыз ете отырып ұсынады.".

      12. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 6-бапта:

      төртінші бөлікте "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он үшінші бөлікте "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-баптың төртінші бөлігінде "Ұлттық Банкке" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 1-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлікте "(уәкілетті орган)" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      "Уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мәселелерi бойынша" деген сөздер "жекелеген мәселелерi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте "Уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құзыреті шегінде" деген сөздермен, "реттеу функциялары" деген сөздер "реттеу, бақылау және қадағалау функциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-бапта "уәкiлеттi органның" деген сөздерден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 5-1-баптың 2-тармағында:

      4) тармақшада "уәкілетті органнан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшада "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац "органның" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшада "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "органның" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      "кредиттік серіктестіктер," деген сөздер алып тасталсын;

      6) 9-баптың 3-тармағында "органның" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 15-баптың 2-тармағында "Уәкілетті органнан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 26-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктік, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды құзыреттері шегінде уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген тәртіппен береді.".

      2-тармақтың бірінші абзацында "органның" деген сөзден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта "орган" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта "органның" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 30-бапта:

      2-тармақтың 9) тармақшасында:

      "айырбас операцияларын ұйымдастыруды" деген сөздер "айырбастау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "айырбас операцияларын ұйымдастыру" деген сөздер "айырбастау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;";

      4-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацында "органның" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте "орган" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде - қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

      қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде - өзге ұйымдарға беріледі.";

      үшінші абзацта "ұйымдардың" деген сөз алып тасталсын:

      7-тармақта:

      "кредиттік серіктестіктер," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның лицензиясынсыз "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырады.";

      7-1-тармақта "Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен" деген сөздер "құзыреті шегінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ "органның" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 34-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктік қарыз шартын жасау тәртібі, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";

      2-1-тармақ алып тасталсын;

      12) 36-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында:

      "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(акцептсіз)" деген сөз алып тасталсын;

      2-1-тармақтың 1) тармақшасы үшінші бөлігінің үшінші абзацында "кезеңде есепке жазылған сыйақыны" деген сөздер "кезеңге сыйақыны, қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 36-1-бапта:

      4-тармақта:

      бірінші бөліктің жетінші абзацында "беруді жүргізуіне тыйым салынады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "жүз пайыз акциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.";

      екінші бөлікте "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      14) 39-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлікте "уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін" деген сөздер "жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте "комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін" деген сөздер "барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";

      7-тармақта:

      бірінші бөліктегі "көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда белгілейді." деген сөздер "клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда көрсетуге міндетті." деген сөздермен ауыстырылсын.

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарыздар мен салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";

      15) 40-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігіндегі "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 40-2-баптың 2-тармағында "микроқаржы ұйымдарында" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 42-бапта:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтер және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттер, олардың нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептілік тізбесі, нысандары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне табыс ету мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      3-тармақта:

      "әдістемелерін" деген сөз "әдістемелері" деген сөзбен, "мөлшерін" деген сөз "мөлшері" деген сөзбен, "лимиттерін, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi" деген сөздер "лимиттері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банктердің және банк конгломераттарының пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептілік тізбесі, нысандары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне табыс ету мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      19) 45-баптың 5-тармағында "немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда" деген сөздер ", осы жоспардың іс-шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 45-1-бапта:

      2-тармақтың 8) тармақшасында:

      "органға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      "орган" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған қадағалап ден қою шараларын қолданады.";

      21) 47-2-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы "орган" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құзыреті шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "органның" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 48-бапта:

      1-тармақта:

      з) тармақшада:

      "органның" деген сөзден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      к-2) тармақшада "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы бар" деген сөздер "қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      к-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "к-3) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын айырбастау пунктері арқылы ғана жүзеге асыру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;";

      23) 48-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банк шоттары жабық тұлғалардың пайдасына келіп түскен және келіп түсетін ақшаны, сондай-ақ қате нұсқаулар бойынша түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;";

      24) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-7) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында ақпарат, оның ішінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;";

      3) тармақшадағы "депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) банктің, барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылуға байланысты енгізілген уақытша әкімшіліктің, банктің тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары және олар бойынша есептелген сыйақы туралы мәліметтерді, сондай-ақ салымшысы мен борышкері бір тұлға болған жағдайда, олардың міндеттемелері жөніндегі мәліметтерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға ұсынуы;";

      5-2) тармақшадағы "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны қылмыстық қудалау органына жіберген кезде құжаттарды және материалдарды растау ретінде банк құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұйымдарға ұсынуы банк құпиясын ашу болып табылмайды.";

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-1-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкілетті органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-5-тармақтың екінші бөлігі "уәкілетті органмен" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-1-тармақта:

      бірінші бөлік "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:

      "г) мұрагерлерге:";

      10-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "береді" деген сөз орыс тілінде өзгереді, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банктік құпияны қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген талаптармен ұсынады.";

      үшінші бөлік "орган" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 51-баптың 1-тармағының он бірінші бөлігіндегі "уәкілетті органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 54-бапта:

      1-тармақтың 1-бөлігінде:

      "сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді." деген сөздер "сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша" деген сөздер "уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "уәкiлеттi орган белгілеген" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      27) 54-1-бапта:

      1-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен, "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "салық органының салық декларациясының қабылданғанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша" деген сөздер "салық органына салық декларациясын ұсыну туралы растаумен қоса жеке табыс салығы және мүлік (ол бар болса) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 61-6-баптың 2-тармағындағы "банктің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен толықтырылсын, "таратылуға" деген сөз "көрсетілген тұлғалардың таратуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 61-8-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкелетін төлемге қабілетсіз банкті реттеу, оның ішінде төлемге қабілетсіз банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы бойынша шаралар қабылдау туралы мәселені уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті құратын Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына алдын ала шығарады.";

      30) 61-12-баптың 4-тармағындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 74-2-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшаның үшінші абзацындағы "міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын" деген сөздер "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "мәжбүрлеп таратылатын банк ұсынған есеп-қисапқа сәйкес," деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "депозиторлардың - заңды тұлғалардың" деген сөздер "заңды тұлғалардың депозиттері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 75-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі "органның" деген сөзден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 77-бапта:

      тақырыбы және бірінші бөлік "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның және (немесе) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) консервациялау сатысындағы, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) болып табылатын тараптың шешімі негізінде жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптардың осы мәміле бойынша барлық алынғандарды қайтаруына жол берілмейді.".

      14. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      12-баптың 20) тармақшасы "ведомстволарының" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын.

      15. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.";

      2) 2-баптың 5-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 5-3-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдері мен тәртібін белгілейді.".

      16. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 4-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "(бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздер ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі "Ұлттық Банк" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-бапта:

      1-2) тармақшадағы "Ұлттық Банкпен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-3) тармақшадағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 17-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "Ұлттық Банкке" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 21-баптың 2-тармағында:

      7) тармақшадағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақшадағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-2-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 12, 87-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2017 ж., № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):

      1) 4-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "айырбастау операцияларын ұйымдастыру" деген сөздер "айырбастау операциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):

      1) 2-бапта:

      2-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган)" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін ", Ұлттық Банктің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 9-баптың 9, 10 және 11-тармақтарында:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның нормативтік" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 12-баптың 5-тармағының төртінші бөлігіндегі "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-1-баптың 5-тармағында:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 34-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 37-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 43-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 44-1-баптағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 46-бапта:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны ұсыну тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      10-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны ұсыну тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      10) мынадай мазмұндағы 52-3-баппен толықтырылсын:

      "52-3-бап. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы, бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепті жүргізуді және бухгалтерлік есеп деректері бойынша халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес есептілік жасауды жүзеге асырады.";

      11) 53-1-бапта:

      2-тармақта:

      8) тармақшада:

      "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ұлттық Банкке" деген сөздермен толықтырылсын;

      "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ұлттық Банк" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға," деген сөздер алып тасталсын;

      12) 53-5-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы ", сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 74-бапта:

      1-1-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын:

      2-тармақта:

      "беру" деген сөз "ұсыну" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "уәкілетті орган" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 74-1-бапта:

      1-тармақтағы:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса" деген сөздер "салық органына салық декларациясын ұсынғаны туралы растай отырып, жеке табыс салығы және мүлік (ол бар болса)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 78-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның және (немесе) консервациялау сатысындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушысының) шешімі негізінде жасалған мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптардың осы мәміле бойынша барлық алғандарын қайтаруға жол бермейді.";

      16) 80-баптың 4-тармағының 9) тармақшасындағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 24, 93-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жүзеге асырады" деген сөздердің орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;

      2) 24-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Қадағалап ден қою шаралары

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган құзыретіне реттеу кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын анықтаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Даму Банкіне "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.

      Даму Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды белгіленген мерзімдерінде қадағалап ден қою шараларының орындалуы туралы хабардар етуге міндетті.".

      21. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 3-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерiн" деген сөздер "микроқаржылық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      3) 12-баптың 1-тармағындағы "және уәкiлеттi орган белгiлеген сомадан аз болмауға тиiс" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 17-баптың 1-тармағындағы "осы Заңның 18-бабында көзделген, өз қатысушыларына қызметтер көрсетуді" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 18-бап алып тасталсын;

      6) 20-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтың бірінші сөйлемі алып тасталсын;

      4 және 4-1-тармақтар алып тасталсын;

      7) 20-1-бап алып тасталсын;

      8) 21-бап алып тасталсын.

      22. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат):

      1) 1-баптың 22) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "уәкілетті органды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат):

      1) 3-бапта:

      тақырыбындағы "реттеу мен бақылау" деген сөздер "реттеу, бақылау және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      "реттеу мен бақылауды" деген сөздер "реттеуді, бақылауды және қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-бапта:

      тақырыбы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша Қор есептiлiгiнің (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) тізбесін, нысандарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін айқындайды.";

      3) 5-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қордың акцияларын иеленуіне қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" деген сөздер "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында:

      "уәкілетті орган" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат):

      7-баптың 1-тармағында:

      "қадағалауды" деген сөз "қадағалау мен бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат;
2017 ж., № 4, 7-құжат):

      7-баптың 1-тармағында:

      "қадағалауды" деген сөз "қадағалау мен бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      6-баптың 1-тармағында:

      "қадағалауды" деген сөз "қадағалау мен бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағында:

      "қадағалауды" деген сөз "қадағалау мен бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 22-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 1-бапта:

      53) тармақшадағы "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      71) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 4-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-бапта:

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (уәкілетті орган)" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      8) тармақшадағы "және олар бойынша есептілікке" деген сөздер алып тасталсын;

      15) тармақша алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша мыналардың:

      1) орталық депозитарийдің;

      бірыңғай оператордың;

      лицензиаттардың;

      инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының;

      2) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен жасаған мәмілелері бойынша есептерінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді.";

      4) 3-2-баптың 3-тармағындағы "немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ уәкілетті органның талабына сәйкес ертерек ден қою шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда" деген сөздер "орындалмаған немесе бұл жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 3-3-баптың 2-тармағының 8) тармақшасында:

      "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 12-баптың 4-тармағында:

      "Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің" деген сөздер алып тасталсын;

      "өзара сақтандыру қоғамдарының және ломбардтардың" деген сөздер "Өзара сақтандыру қоғамдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 31-бапта:

      4-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 43-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратпен алмасу, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтермен алмасу бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ақпаратты жария ету болып табылмайды.

      Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберген кезде растау құжаттары мен материалдар ретінде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.";

      3-тармақтың 6) тармақшасындағы "оның сұратуы бойынша" деген сөздер алып тасталып, "уәкiлеттi органға" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салулары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 45-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар" деген сөздер "тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне
(бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар" деген сөздер "квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 49-баптың 2-тармағында:

      "уәкiлеттi органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 52-бапта:

      1-тармақ "уәкiлеттi органға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      "кезеңділігі, " деген сөз алып тасталсын;

      "уәкiлеттi органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкiлеттi орган бекіткен" деген сөздер "уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 56-1-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы "қолжетімділігі бар" деген сөздерден кейін "уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 57-баптың 1-тармағындағы "тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар" деген сөздер ", квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 63-баптың 1-тармағы төртінші бөлігінің 5) тармақшасында:

      "ұйымдастыруды" деген сөз алып тасталсын;

      "айырбастау операцияларын ұйымдастыру" деген сөздер "айырбастау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 72-4-бапта:

      1-тармақта:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы" деген сөздер "салық органына салық декларациясын ұсынғанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы және мүлігі (ол бар болса)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 78-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 84-бапта:

      2-тармақтағы және 3-тармақтың екінші бөлігіндегі "Уәкілетті орган" және "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "уәкілетті органның екі өкілі" деген сөздер "уәкілетті органнан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен бір-бір өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      29. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде қолданылмайды.";

      3) 3-бапта:

      1) тармақтың 1) тармақшасындағы "қамтамасыз ету" деген сөздер "қамтамасыз етуге жәрдемдесу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 4) тармақшасында:

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      "қолжетімділігін қамтамасыз ету" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 4-баптың 2-тармағындағы "Уәкiлеттi органның" деген сөздер алып тасталсын;

      5) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

      "1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы мен органдары

      6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі

      Уәкілетті орган тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынысты және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін өзі туралы Ереже негізінде іс-қимыл жасайды.

      Уәкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

      6-2 бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны

      Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті уәкілетті органның Төрағасын 6 жыл мерзімге тағайындайды.

      Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, өзге де тұлғалармен қарым-қатынаста уәкілетті органның атынан сенiмхатсыз өкілеттік етеді.

      Осы Заңда уәкілетті органның Басқармасына арнап уағдаласқан өкiлеттiктердi қоспағанда, уәкілетті органның Төрағасына уәкілетті органның қызметiне байланысты мәселелер бойынша дереу және атқарушылық-өкiмдік шешiмдер қабылдау, уәкілетті органның атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.

      Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның қызметi үшiн жауапты.

      Уәкілетті органның Төрағасы отставкадан екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, отставкаға құқылы.

      Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті органның Төрағасын қызметiнен босатады.

      6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын уәкілетті орган Төрағасының тағайындау мерзiмiне қарамастан, уәкілетті орган Төрағасының ұсынуымен 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

      Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары уәкілетті органның атынан сенiмхатсыз өкілеттік етеді, өз құзыреті шегiнде құжаттарға қол қояды.

      Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын уәкілетті орган Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

      Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары отставкадан екi ай бұрын уәкілетті органның Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, отставкаға өтініш жасайды.

      6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi

      Уәкілетті органның жоғары органы Басқарма болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

      1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдылықтарды айқындайды;

      2) ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржылық және өзге ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, санкциялар мен өзге де шараларды қолдану тәртібін айқындайды;

      4) ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;

      5) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;

      7) уәкілетті органның халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;

      8) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;

      9) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және Уәкілетті орган туралы ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;

      10) уәкілетті органның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды әлеуметтiк-тұрмыстық қамсыздандыру шарттарын бекітеді;

      11) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;

      12) уәкілетті органның қызметшілерін қызметке тағайындау және олармен жасалған еңбек шартын бұзу қағидаларын бекітеді;

      13) уәкілетті органның регламентін бекітеді;

      14) жариялануға тиіс қаржылық есептілік тізбесін қоса алғанда, оны жариялау тәртібін айқындайтын акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілігін жариялау қағидаларын және оны жариялау мерзімін бекітеді;

      15) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;

      16) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекітеді;

      17) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      18) уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты көрсетілетін қызметті сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 2), 3), 14), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

      6-6-бап. Уәкілетті орган Басқармасының құрамы

      Уәкілетті органның Басқармасы алты адамнан тұрады.

      Уәкілетті орган Басқармасының құрамына уәкілетті органның Төрағасы, уәкілетті органның үш лауазымды адамы, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атынан бір-бір өкiлден кiредi.

      Қазақстан Республикасының Президентiнен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен уәкілетті орган Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.

      6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары

      Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары уәкілетті органның Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткiзiледi.

      Басқарманың кезектен тыс отырыстары уәкілетті орган Төрағасының немесе Басқарманың екі мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.

      Уәкілетті органның Басқарма мүшелерi Басқарма отырыстарының тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.

      Уәкілетті орган Басқармасының отырысын уәкілетті органның Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адам жүргiзедi.

      Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда уәкілетті органның Басқармасы шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде уәкілетті органның Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.

      Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда уәкілетті орган Төрағасының даусы шешушi болып табылады.

      Уәкілетті органның Төрағасы қайта талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмінен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, уәкілетті орган Төрағасы шешiмге қол қояды.

      Басқарма өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.";

      6) 2-тараудың тақырыбында "мәртебесі, міндеттері" деген сөздер "міндеттері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 9-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзацта "қаржы ұйымдарының" деген сөздер "осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде қаржы саласында және қаржы ресурстарының шоғырлануына байланысты қызметте лицензиялауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын;

      "3-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркейді және олардың тізілімін жүргізеді;

      3-2) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркейді және олардың тізілімін жүргізеді;

      3-3) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді және кредиттік бюроның кредиттік бюроға кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланатын ақпараттық жүйелерін және үй-жайларын қорғау және сақталуын қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келу туралы актіні береді;

      3-4) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайлардың ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды сақтауын бақылайды және қадағалайды;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстанның Даму Банкінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауын бақылайды және қадағалайды;";

      8), 9) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржы ұйымдарының және осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге тұлғалардың қызметiн тексередi;";

      "9) қаржы және өзге ұйымдарға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге шараларды қолданады;";

      "13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;";

      мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және өз құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;

      15) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын уәкілетті органның ақпараттық жүйелерін құру, пайдалану және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді;

      16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының функцияларын жүзеге асырады;

      17) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты талдайды;

      18) өздігінше және (немесе) өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарымен исламдық қаржы құралдарының және исламдық халықаралық қаржылық қызмет стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытады;

      19) екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді қалыпқа келтіру шараларын іске асырады, сондай-ақ банктердің осы шаралар шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылайды;

      20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асырады;

      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Ұлттық пошта операторының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылайды және қадағалайды.";

      3-тармақтағы "1 және 2-тармақтарында" деген сөздер " 1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздарды беруі мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мына мәліметтерді:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы соңғы сатыдағы қарызды ұсыну мәселесін қарауы үшін соңғы сатыдағы қарызды ұсынудың орындылығы және банктің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындыны;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдауы үшін қолайлы банк активтерін айқындау жөніндегі;

      3) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын және (немесе) қабылданған банк активтерінің ағымдағы жай-күйі туралы;

      4) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерді сату туралы шешімді қабылдау үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесін ұсынады.

      6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын операциялардың барлық түрлері мен қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айыру туралы, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы, төлем жасауға қабілетсіз банктердің санатына жатқызылған банкті реттеу бойынша шараларды қолдану туралы, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімін, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банктің активтері мен міндеттемелерін беру туралы, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерін жоюы аталған шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқпайды.";

      8) 9-1, 9-2, 9-3 және 12-1-баптар алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 13-3, 13-4, 13-5 және 13-6-баптармен толықтырылсын:

      "13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

      1. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган белгілейтін қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.

      2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;

      2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;

      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:

      1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;

      2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.

      4. Ерекше реттеу режимі уәкілетті органның шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.

      Көрсетілетін төлем қызметіне қатысты ерекше реттеу режимін енгізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.

      Ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.

      5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.

      6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

      13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру

      1. Қаржы ұйымдары және (немесе) қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режиміне қатысушылар (бұдан әрі – ерекше реттеу режиміне қатысушылар) бола алады.

      2. Ерекше реттеу режиміне қатысушының қызметі уәкілетті органмен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Ерекше реттеу режимі шегінде төлем қызметімен байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шарт ерекше реттеу режиміне қатысушы, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалады.

      Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.

      Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шартта ерекше реттеу режиміне қатысушы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын талап қамтылуға тиіс.

      3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасауға арналған құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

      4. Мәлімделген қызмет түрі ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына, ерекше реттеу режиміне қатысушы болғысы келетін тұлғаның іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган ерекше реттеу режиміне қатысушы болғысы келетін тұлғаға ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

      5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:

      1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне не оның күшінің жойылуына байланысты оның қолданысы тоқтатылған кезде;

      2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

      6. Ерекше реттеу режиміне қатысушы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режиміне қатысушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      Уәкілетті орган ерекше реттеу режиміне қатысушыға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабарлама берілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабарлайды.

      Ерекше реттеу режиміне қатысушы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режиміне қатысушы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органға ұсынады.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режиміне қатысушы уәкілетті органның ескертулерін жояды.

      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режиміне қатысушы уәкілетті органның көрсетілген ескертулерін жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган ерекше реттеу режиміне қатысушыға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабарлайды.

      7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұдан бұрын ерекше реттеу режиміне қатысушы болған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.

      8. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      9. Осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген уәкілетті органның көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметке қатысты өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері

      1. Уәкілетті орган банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.

      2. Уәкілетті органның алқалы органының негізделген кәсіби пікірі уәжді пайымдау деп түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган уәжді пайымдауды мынадай:

      1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (беруден бас тарту) кезінде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабарламасын қарау, банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;

      2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызу;

      3) банктегі және банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы және сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызмет сипатына, ауқымдарына және күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлемдеріне сәйкес келетін тиімді ішкі саясаттар мен рәсімдердің болуы және іске асырылуы тұрғысынан бағалау;

      4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушысы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий есептеген сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалау, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкес келуі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың дәйектілігі тұрғысынан бағалау жағдайларында, пайдалануға құқылы.

      3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның алқалы органының құрамын уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары арасынан құрылған уәкілетті органның Басқармасы бекітеді. Уәкілетті органның алқалы органының отырысын уәкілетті органның Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.

      Уәкілетті орган уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.

      Уәжді пайымдау уәкілетті органның осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын ақпаратқа негізделеді.

      Уәкілетті орган уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың түсіндірмелері бар болса оларды назарға алады.

      Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауап ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісуі деп есептеледі.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уәжді пайымдау жобасын уәкілетті органның алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.

      4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын уәкілетті органға жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

      Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар уәкілетті органның Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не уәкілетті орган Төрағасының ұсынысы бойынша уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, уәкілетті орган Басқармасы алынған қарсылықтарды қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауда қатысуға құқылы.

      Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға ұсынылған қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

      Уәкілетті орган уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.

      5. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған тәжірибесін құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып жариялайды.

      6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      7. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

      13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер

      Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша:

      1) ақпараттық қауіпсіздік қатерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекітеді;

      2) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекітеді;

      3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекітеді;

      4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының ішкі тергеулерін жүргізуге қойылатын талаптарды бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.";

      10) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер

      Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер құрайтын мәлiметтер жария етуге жатпайды.

      Уәкілетті орган қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ішінде оған уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне кіру рұқсатын қамтамасыз ету арқылы береді.

      Мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылықты қоса алғанда есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті орган өз функцияларын орындау үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Уәкілетті органның қызметкерлері бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      11) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылы

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша мыналар:

      1) жалпы мемлекеттік мәні бар болжамды іс-әрекеттер және қолжеткізілген нәтижелер туралы бір-бірін хабардар ету;

      2) қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесе бағалау;

      3) жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржылық дағдарыстың туындауының алдын алу және оның салдарын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдердің кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;

      4) қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісім жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.";

      12) 15-бапта:

      тақырыбында "реттеуді" деген сөзден кейін ", бақылауды" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының" деген сөздер "осы баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес уәкілетті орган басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы.

      Осы тармақта өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.";

      13) мынадай мазмұндағы 2-1-тармаумен толықтырылсын:

      "2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі

      15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау

      1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі – бақылау және қадағалау органдары) құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау органдарының бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, олардың филиалдарының және үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтанушыларға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілеріне ие тұлғалардың, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, кәсіби ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен төлем жүйелерінің жұмыс істеуі үшін қызмет көрсету шарты бойынша уәкілетті кез келген өзге тұлғалардың, төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен төлем қызметтерін көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыруға шарт бойынша уәкілетті кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру, кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстан Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік статистика саласындағы акционерлік қоғамдар, инвестициялық қорлар туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтауын бақылау және қадағалауды, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.

      2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік конгломераттардың және (немесе) сақтандыру топтарының қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды не өзге шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтық шектеу шараларын қолданады.

      Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік конгломераттардың және (немесе) сақтандыру топтарының қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықтаған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды не өзге шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтық шектеу шараларын қолданады.

      3. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізу нысандарында және өзге нысандарда бақылауды және қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      15-2-бап. Тексеру түрлері

      1. Бақылау және қадағалау органы дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, ішінара жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізеді.

      2. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындайтын тексеру.

      Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде субъектіні тексеруді бақылау және қадағалау органы жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырады.

      Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.

      Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы не бақылау және қадағалау органы басшысының тиісті бұйрығының негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекітеді.

      3. Бақылау және қадағалау органының жоспардан тыс тексеруі тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың сұратуларының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;

      2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғанын не қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;

      4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында;

      5) банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызған және (немесе) банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызған жағдайда, жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін қамтуы мүмкін.

      4. Бақылау және қадағалау органының құжаттамалық тексеруі бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді талдау процесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде не жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері және бақылау және қадағалау органының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты тексерілетін субъектіге бармастан құжаттар мен ақпаратқа сұрау салу нысанында жүзеге асырылады.

      15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі

      1. Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді және жоспардан тыс тексеруді бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру немесе жоспардан тыс тексеру тағайындалған жағдайларда, тексеруді тағайындау туралы актілер тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Бақылау және қадағалау органдарының бөлімшелері құзыреті шегінде тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеудің бөлек журналдарын жүргізеді.

      Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы;

      3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

      4) тексерудің түрі;

      5) тексеруге жататын мәселелер;

      6) тексеруді жүргізу мерзімі;

      7) тексерілетін кезең көрсетіледі.

      2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.

      Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда тиісті акт жасалады, оған бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуларында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, белгіленген мерзімдерде тексеру жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соққан, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.

      Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексеруді тағайындау туралы акт тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына табыс етілуге тиіс.

      Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде тапсыру мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеді деп есептеледі. Бұл ретте, тексеру басшысы тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адамды бұл жөнінде жазбаша хабардар етеді.

      3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру басшысының немесе бақылау және қадағалау органының тексеруші қызметкерінің атына:

      1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталуы туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оған қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам;

      2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші қызметкерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші қызметкерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректері бар хатты ұсынады.

      4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органының аумақтық бөлімшелерінің басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша актінің негізінде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына не төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкке қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      5. Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай ұсынуға, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде деректерді түзету мүмкіндігінсіз, нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тексеруші қызметкерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші қызметкерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші қызметкерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдемдесуге міндетті.

      6. Тексеруші қызметкерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті қызметкеріне көрсетілген мерзімде орындалуға жататын жазбаша сұрау салуды жібереді.

      Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімде тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      7. Тексеруші қызметкер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеруді белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.

      8. Тексерілетін субъектіге тексерудің аяқталуы туралы акт тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні деп есептеледі. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталуы туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тапсырылады.

      15-4-бап. Құжаттамалық тексеруді жүргізу ерекшеліктері

      1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.

      2. Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:

      1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

      2) құжаттамалық тексерудің негізі;

      3) тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;

      4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;

      5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.

      3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.

      4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.

      15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері

      1. Бақылау және қадағалау органының тексеруші қызметкерлері қажет болған кезде тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылатын аралық актілерді жасайды.

      2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына ескертпелері болған жағдайда өзінің жазбаша қарсылықтарын тексеру басшысына ұсынады.

      Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалған қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.

      3. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъект басшысының атына бақылау және қадағалау органының тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.

      Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні мен орны;

      2) тексеруді жүргізген органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы;

      5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тексерілетін субъект басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;

      7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;

      8) тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында аталған өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;

      9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

      Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

      4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны бақылау және қадағалау органына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін атқарушы органға және тексерілетін субъектінің басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.

      5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды бақылау және қадағалау органына жазбаша түрде ұсынады.

      6. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған, тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болған кезде, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, бақылау және қадағалау органы басшысының, (оның орынбасарларының), бақылау және қадағалау органы бөлімшелері басшыларының, тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.

      Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысу үшін жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда, тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бақылау және қадағалау органына жазбаша түрде ұсынады.

      Бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде, түпкілікті шешімді бақылау және қадағалау органы не оның орынбасары қабылдайды және бұл тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.

      7. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қояды.

      Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы болмаған кезде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде әрекет ететін өзге қызметкер қол қояды.

      8. Осы баптың 7-тармағында аталған адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда, тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделді деп есептеледі.

      9. Тексеру нәтижелері бақылау және қадағалау органының өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.

      10. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсаттарда өзінің қаржылық дәрменділігін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органының келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

      11. Тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органына табыс еткен қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттамалық деректері тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерден алшақ болған кезде, тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органының нұсқауы бойынша өзінің есептілігін тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде өткен есепті күндерге сәйкес келтіреді.

      12. Тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралар, жауапты орындаушылар және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.

      Іс-шаралар жоспарын бақылау және қадағалау органымен келіскеннен кейін тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктердің жойылғаны туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсіндірулерін ұсынады.

      13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 15-3-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 15-4-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.

      14. Бақылау және қадағалау органының қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

      15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары

      Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;

      2) қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;

      4) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының қаржы өнімдерін бекіту туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттарды, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметін бекіту туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қарау;

      5) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап тексеру;

      6) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша дерекқорға қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге де жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын тексеріп қарау;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз өкілін жіберу;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау тұрғысында мониторингтеу;

      9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктер филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;

      10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;

      11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;

      12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және оның тарату балансын келісу;

      13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;

      14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;

      15) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің қаржылық және мүліктік жағдайын бағалау (талдау), оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды және (немесе) басқа да тұлғаларды тарта отырып және (немесе) банкке бару арқылы бағалау (талдау);

      16) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;

      17) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;

      18) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап тексеру;

      19) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу;

      20) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді, өзге де көрсеткіштер мен өлшемшарттарды (нормативтерді) сақтауын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуді қарау;

      21) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттарды және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау;

      22) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерін жүргізу жолымен жүзеге асырады.

      15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау

      1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалаудың нысандарының бірі болып табылады және уәкілетті орган құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті орган қашықтықтан қадағалауды қашықтық қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен тұрақты негізде:

      1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;

      2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің тұрақты қызметіне әсер ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.

      3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептіліктің және басқа да ақпараттың, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырады.

      4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

      Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.

      15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл

      1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктер филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.

      Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізі міндеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың қызметіндегі тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу үшін ерте араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтау және болғызбау болып табылады.

      Тәуекелге бағдарланған тәсіл, оның ішінде бизнес-модельдерді, корпоративтік басқаруды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, тәуекелдерді жабуға арналған капитал мен өтімділік деңгейін талдау мен бағалауды, меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейін айқындаудың ішкі рәсімдерін бағалауды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып талдау мен бағалауды қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін сандық және сапалық талдау, олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін талдау негізінде қалыптасатын уәжді пайымдауға негізделеді.

      2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл пропорционалдық қағидатын ескереді, ол:

      олардың қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, ауқымы мен күрделілігін есепке алуды;

      олардың қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;

      бақылаудың және қадағалаудың жиілігін, тереңдігі мен қарқындылығын айқындауды болжайды.

      3. Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың назарына анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жеткізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.

      4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәртібі уәкілетті органның құқықтық актісінде айқындалады, құпия ақпарат болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды.

      15-9-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды.

      2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.

      3. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.

      4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өзі өкілі болып табылатын ұйымның қаржылық жай-күйін талдайды;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;

      3) өзі өкілі болып табылатын ұйымда тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) өзі өкілі болып табылатын ұйым басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;

      5) өзі өкілі болып табылатын ұйым акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысады.

      6. Өкілдің:

      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында өзі өкілі болып табылатын ұйымнан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысанда мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және органдар отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;

      2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар.

      7. Өкіл:

      1) өзі өкілі болып табылатын ұйымның өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіру, осы ұйымдар тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабар беруге;

      2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.

      8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар:

      1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;

      2) өкілге осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;

      4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.

      9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.

      Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.

      Өкіл өзі өкілі болып табылатын немесе болған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.

      10. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі

      1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан:

      1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде;

      2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты ашуы бойынша жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері ұсынатын ақпарат және өзге де ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүргізу шеңберінде уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

      Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті орган сұратып отырған мәліметтер мен құжаттарды ол белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.";

      14) мынадай мазмұндағы 2-2-тараумен толықтырылсын:

      "2-2-тарау. Уәкілетті органның қызметкерлері

      15-11-бап. Уәкілетті органның қызметкерлері лауазымдарының құрамы

      Уәкілетті органда қызмет атқаратын мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар уәкілетті органның қызметкерлері болып табылады.

      Уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Уәкілетті органның қызметкерлері лауазымдарының құрамына мына лауазымдар кіреді:

      1) мемлекеттік саяси қызметшілер;

      2) уәкілетті органның қызметшілері;

      3) уәкілетті органның техникалық қызметшілері.

      Уәкілетті органның қызметшілері мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын, уәкілетті органда мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар болып табылады.

      Лауазымдық өкілеттіктер деп уәкілетті органның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін уәкілетті орган қызметшілерінің нақты мемлекеттік лауазымында көзделген құқықтар мен міндеттер түсініледі.

      Уәкілетті органның қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Уәкілетті органға қызмет көрсету және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек міндеттерін орындайтын азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар уәкілетті органның техникалық қызметшілері болып табылады.

      Уәкілетті органның Төрағасы техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекітеді.

      Уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және уәкілетті органның актілерінде белгіленген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттеледі.

      15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату

      Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда;

      2) олардың уәкілетті органда болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі;

      3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуы тұрғысынан арнайы тексерудің теріс нәтижелері;

      4) өзінің табысы мен мүлкі туралы әдейі жалған мәліметтер ұсыну;

      5) осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;

      6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын және акцияларын сенімгерлік басқаруға бермегенде;

      7) уәкілетті органға кірген кезде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну;

      8) аттестаттаудың теріс нәтижелері;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.

      Қызметкерлердің саны немесе штатының қысқаруы негізінде еңбек шартын бұзу кезінде уәкілетті органның қысқаратын лауазымын атқаратын қызметшісіне кемінде үш жыл өтілі бар болған жағдайда төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.

      15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті органның қызметшілері:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Еңбек кодексімен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

      2) өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, оларды тиісті органдар мен лауазымды адамдардың орындауын талап етуге;

      3) лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

      4) лауазымдық міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ұйымдарға баруға;

      5) басшыдан уәкілетті орган қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл айқындауды талап етуге;

      6) жеке басының қадір-қасиетін құрметтеуге, басшылар, өзге де жеке және лауазымды адамдар тарапынан өзіне әділ және құрметпен қарауына;

      7) республикалық бюджет қаражаты есебінен оқытуға және біліктілігін арттыруға;

      8) өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға және қажет болған жағдайда жеке түсініктемелер беруге;

      9) біліктілігі, қабілеті, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып лауазымы бойынша жоғарылауға;

      10) қызметшінің пікірі бойынша, негізсіз айыптаулар болған кезде қызметтік тексеруді талап етуге;

      11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

      2. Уәкілетті органның қызметшілері:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға;

      2) уәкілетті органның актісінде айқындалған тәртіппен ант беруге;

      3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

      4) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      5) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

      6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруді талап етпеуге;

      7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

      9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтарының құпиясын және автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелермен (олар қолжетімді болған жағдайда) жұмыс істеген кезде алынған ақпаратты қоса алғанда, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындаған кезде алынған, жеткізгіштердің кез келген түрлерінде қабылдау үшін қолжетімді кез келген нысандағы өзге де ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      11) уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде сенімгерлік басқаруға беруге және уәкілетті органның кадр қызметіне инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен акцияларын сенімгерлік басқаруға арналған нотариат куәландырған шарттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

      3. Уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

      4. Уәкілетті органның қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты тексерілетін субъектілердің қызметін тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауға кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар, оның ішінде:

      1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;

      2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;

      3) тексерілетін субъектілерден алынған қарыздар және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелер туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.

      15-14-бап. Уәкілетті орган қызметкерлерінің жауапкершілігі

      1. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері жүктелген міндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      2. Тәртіптік жазаны:

      1) уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;

      2) дәл сол теріс қылық үшін қайталап қолдануға болмайды;

      3) уәкілетті органның актісінде айқындалатын тәртіппен қолданады.

      3. Уәкілетті органның тәртіптік теріс қылыққа жол берген қызметшілерін, оны қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам, белгіленген тәртіппен жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін, лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

      4. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке қатысуға құқық беріледі.

      5. Уәкілетті органның іс-әрекеттері мен шешімдеріне уәкілетті органның жауаптылыққа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері сотқа шағымдана алады.

      6. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерде және тәртіппен тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.

      7. Уәкілетті орган уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде олардың уақытша әкімшіліктер мен екінші деңгейдегі банктердің тарату комиссиялары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мүшелерінің міндеттерін атқару кезеңіне әрекеттерге (әрекетсіздікке) шешімдер қабылдауға байланысты оларға қарсы талап-арыздар берілген жағдайда, өз қызметкерлерін, Басқарма мүшелерін және олар тартқан адамдарды қоса алғанда, бұрынғы қызметкерлері мен Басқарма мүшелерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

      15-15-бап. Уәкілетті орган қызметкерлерінің демалыстары

      1. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сауықтыру үшін екі лауазымдық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

      Уәкілетті органның қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірінші және келесі жылдары үшін тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

      2. Уәкілетті орган қызметкерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы оларға бөлініп берілуі мүмкін. Бұл ретте ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының бір бөлігінің демалыс ұзақтығы кемінде күнтізбелік екі аптадан кем болмауы тиіс.

      3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде оны жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

      15-16-бап. Уәкілетті органның қызметкерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар

      1. Уәкілетті органның қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға баруға шығыстар өтеледі.

      2. Уәкілетті органның іссапарға жіберілген қызметкерлері іссапардың бүкіл уақыты ішінде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

      15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру

      Уәкілетті органның қызметін тексеруді кез келген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырады.";

      15) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату

      Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      30. "Туристі мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж. № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІV, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):

      5-баптың 2-тармағында:

      "мемлекеттік" деген сөзден кейін "бақылау және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):

      1) 5-бапта:

      2-тармақтың 12) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "мемлекеттік" деген сөзден кейін "бақылау және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Ұлттық Банк" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "Ұлттық Банкте" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде "Ұлттық Банктің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      32. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):

      7-баптың 4-2) тармақшасы алып тасталсын.

      33. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      5) тармақшада "микроқаржы ұйымына" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақшада "жазбаша" деген сөз алып тасталсын;

      17) тармақшада "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-1-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 5-бапта:

      тақырыбында "органның" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне кредиттік бюролардың ақпарат пен мәліметтерді беру тізбесі, нысаны, сондай-ақ мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      4) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлігінде "микроқаржы ұйымына" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлігінде "банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-3-тармақта:

      бірінші бөлігінде "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлігінде "микроқаржы ұйымына" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өз қызметі туралы мәліметтерді және тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептілікті ұсынуға;";

      7) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 24-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацында "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар," деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармағында "микроқаржы ұйымдарынан" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 25-баптың 1-тармағында "жазбаша түрде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 29-баптың 3-1-тармағында:

      "жеткізгіште" деген сөзден кейін "немесе электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мына мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыз шартын жасасу кезінде алынған кредиттік есепті беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар тиісті шарттың қолданылуы аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл, бірақ кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.".

      34. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) 1-баптың 20) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "Акционерлік" деген сөз "Егер акционерлік инвестициялық қор және осы басқарушы компания бір-біріне қатысты үлестес болып табылған жағдайда акционерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 37-баптың 6-тармағының екінші бөлігі "және негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын еншілес ұйымдарды құру бөлігінде жылжымайтын мүлік қорларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 41-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "өзіне" деген сөз "қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерді қоспағанда, өзiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      35. "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-баптың 1-тармағында:

      "қадағалауды" деген сөзден кейін "және бақылауды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-1-бапта:

      2-тармақ "алмасу тәртібі" деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың үшінші бөлігі "қойылатын талаптарды" деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      36. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 1-тармағында:

      "мемлекеттік" деген сөзден кейін "бақылау мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 17-1-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-баптың 1-тармағының он бірінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 23-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      37. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 2-тармағында:

      "мемлекеттік" деген сөзден кейін "бақылау мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-1-бапта:

      2-тармақ "алмасу тәртібі" деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың үшінші бөлігі "қойылатын талаптарды" деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      38. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1-баптың 20) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      39. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):

      1-баптың 4) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      40. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45- құжат; № 22-VI, 159- құжат):

      1) кіріспеде "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.";

      3) 3-бапта:

      тақырыбында "мақсаттары" деген сөз "мақсаты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта "қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған" деген сөздер "қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 4) тармақшасында "кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 4-баптың 2-тармағында "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасында "мәжбүрлеп таратылған" деген сөздер "барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      3) активтерін инвестициялайды;

      4) арнайы резерв қалыптастырады;

      5) конкурстық негізде агент банкті депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіпте таңдайды;";

      6) 6-бапта:

      1-тармақта "мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап" деген сөздер "қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырылған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      "мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшіне енген" деген сөздер "барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.

      Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлардың алдындағы міндеттемелері міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азаяды.

      Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімінің күшінің жойылуына байланысты кепілдік берілген өтем жүзеге асырылмаған депозиторлардың алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 21-бабының 5-тармағына сәйкес кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарама-қарсы талаптар сомасын есептеу нәтижелерін есепке ала отырып, сақталады.";

      7) 7-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;";

      "3-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен осы Заңның 8-1-бабына сәйкес, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет ақпараттарды алуға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша депозиторлардың тiзiмiн, сондай-ақ кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берілген өтем есебін уақтылы беруін талап етуге;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.";

      2-тармақта:

      3) тармақшада "мәжбүрлеп таратылатын" деген сөздер "барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 8-1-бабына сәйкес, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет ақпаратты беруге;

      5-2) уәкілетті органға осы Заңның 9-бабына сәйкес міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет ақпаратты беруге;";

      6) тармақша "және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.";

      8) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері

      1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын басқа құпияларды құрайтын ақпаратты сұрайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның сұратуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты ұсынады. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтерді жария етпеуге тиіс.

      2. Осы Заңда көзделген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде өткізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне ақпарат береді.";

      9) 9-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын басқа құпияларды құрайтын ақпаратты сұрайды және уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтерді жария етпеуге тиіс.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      10) 11-баптың 2-тармағында:

      2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шарт мәні;";

      10) 11-баптың 2-тармағында:

      2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шарт мәні;";

      "5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өзінің міндеттері мен функцияларын, талаптар мен мерзімдерді орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын басқа құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін белгілеу жөніндегі, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды басқару ұйымы айқындайтын, кепiлдiк берiлетiн депозиттер және кепілдік берілген өтем сомасы бойынша қатысушы банктің міндеттемелерін автоматтандырылған есептеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;";

      6) тармақшада "қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған" деген сөздер "қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен талаптары болуға тиіс.";

      11) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады.";

      12) 13-бапта:

      2-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге ақпаратты, соның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметті ұсынуға;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілік қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күнге жасалған есептерін табыс етуге міндетті.";

      13) 15-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша "не барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.";

      2-тармақта:

      1) тармақша "лицензиясынан" деген сөзден кейін "не барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшада "немесе тарату" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамаған кезде - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды басқару органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға тиіс.";

      4-тармақтың үшінші бөлігінде (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жағдайынан басқа) және 4) тармақшасында" деген сөздер "4) және 5) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 17-бапта:

      "мәжбүрлеп таратылған" деген сөздер "барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "олар бойынша есептелген сыйақысыз", "және (немесе) салым құжаттарымен" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Кепілдік берілген өтем

      1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айрылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға кепілдік берілетін депозиттер бойынша сыйақыны мынадай:

      ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша - он бес миллион теңгеден аспайтын;

      ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша - он миллион теңгеден аспайтын;

      шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдық сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.

      Қатысушы банкте депозитордың түрі мен валюта бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он бес миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.

      2. Кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айрылған күнге айқындалған нарықтық бағамы қолданылады.";

      16) 19-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      17) 20-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінде "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде" деген сөздер "депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ "агент банкке" деген сөзден кейін "немесе конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 21-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы қатысушы банкті кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банктердің) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталғаны, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      Кепілдік берілген өтемді төлеудің басталған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыру жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      2. Агент банк кепілдік берілген өтемді агент банк арқылы кепілдік берілген өтемнің төленгендігі туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.

      Кепілдік берілген өтемді агент банк арқылы төлеу туралы келісімді жасау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды басқару органы айқындайды.";

      3-тармақта "мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банкке" деген сөздер "барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айрылған қатысушы банкке," деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепілдік берілген өтемді агент банк арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.";

      5-тармақта:

      "мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банк" деген сөздер "барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айрылған қатысушы банк," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "айқындалады" деген сөзден кейін "қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айрылған күнінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 23-бапта:

      бірінші бөлікте "уәкілетті органнан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "органмен" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк" деген сөздер "қатысушы банктi барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасында "қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын" деген сөздер "қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      2) 2-бапта:

      3-тармақта "айрықша қызмет түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана қызметін жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдары бухгалтерлік есепті жүргізуді және бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жасауды бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      3) 8-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі "мүдделі ұйымдарға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 9-баптың екінші бөлігі "мүдделі ұйымның" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 19-бапта:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Қаржы ұйымдары (айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жылдық қаржылық есептерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдары есептерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.";

      4-1-тармақта ", еншілес ұйымдардың активтерінің құнсыздануы" деген сөздер алып тасталсын;";

      6) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілік ұсынуы

      Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген мерзімдерде ұсынады.";

      7) 20-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді оларға нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.";

      6-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржылық ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін:";

      2) тармақшада "нормативтік" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік мәселелері және бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілігі жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;";

      4) тармақшада "қаржы ұйымдарының (айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер "қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "7. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде (қызметін айырбастау пункттерін ашу арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.".

      42. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат, 122; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):

      "1) 3-бапта:

      1-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақта "14)," деген цифрлар алып тасталсын;

      "2) 4-баптың 2-тармағының 21) тармақшасында "ломбард" деген сөз "ломбардтармен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "3) 5-бапта:

      3-1) тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) микрокредиттер қолма-қол ақшасыз нысанда берілген кезде, егер микрокредит сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын болса.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларына беретін лицензиясының негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және
11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.";

      4) 11-баптың 3-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингінің субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларына беретін лицензиясының негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар бөлігінде), 6), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингінің субъектілері, сондай-ақ тауар биржалары үшін уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган;

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13), 15), 16) және 18) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингінің субъектілері үшін уәкілетті орган;

      осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингінің субъектілерін қоспағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қаржы мониторингінің субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.";

      5) "16-баптың 13) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.".

      43. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат):

      42-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      44. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:

      215-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі ", бағалауды" деген сөз алып тасталсын.

      45. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат):

      15-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік орган;".

      46. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызмет туралы";

      2) кіріспеде "микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының, құрылуының, қызметiнiң" деген сөздер "микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің және ломбардтардың құрылуының, құқықтық жағдайының, қызметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-бапта:

      бірінші абзацтағы "Осы Заңда" деген сөздер "Осы Заңның мақсаттары үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;";

      9) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-бапта:

      тақырыбындағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Акционерлік қоғамдар туралы", "Шаруашылық серіктестіктері туралы" және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" және "Кредиттік серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде қолданылады.";

      4-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Микроқаржылық қызмет";

      6) 3-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "1.1. Микроқаржылық қызметке мыналар:

      1) кредиттік серіктестіктердің өз қатысушыларына микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;

      2) ломбардтардың жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қоя отырып бір жылға дейінгі мерзімге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;

      3) микроқаржы ұйымдарының (кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қамтамасыз етумен немесе қамтамасыз етусіз республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады.

      1-2. Микроқаржы ұйымдары осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

      1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыздарды тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);

      2) облигациялар шығару;

      3) меншікті активтерді бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялау;

      4) микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;

      5) меншікті мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өткізу;

      6) лизингтік қызметті жүзеге асыру;

      7) ақпарат жеткізгіштерінің кез келген түрлерінде микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша арнайы әдебиетті өткізу;

      8) төлем агентінің және төлем субагентінің функцияларын жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесінің агенті функциясын жүзеге асыру;

      11) факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын иелену;

      12) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу;

      13) кепілдіктерді, кепілгерліктерді және ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру.

      1-3. Жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қоя отырып микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы құрамында бағалы металдар және асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алуды, сақтауды және сатуды қосымша жүзеге асыруға құқылы.

      1-4. Микроқаржы ұйымдарына осы Заңда көзделмеген өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Микроқаржы ұйымы микрокредиттерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық түрде беруге құқылы.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қарыз алушы үшін жақсарту жағдайларын қоспағанда, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

      Осы тармақтың мақсаттарында мыналар:

      тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою;

      микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі.

      Микроқаржы ұйымы жақсарту талаптарын қолданған жағдайда микрокредит беру туралы шартта көзделген тәртіппен қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт талаптарының өзгергені туралы хабардар етіледі.";

      7) 4-бапта:

      1-тармақта "жазбаша нысанда" деген сөздер "азаматтық заңнаманың мәміленің жазбаша нысанына қойылатын талаптарын ескере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібі, оның ішінде микрокредит беру шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар, микрокредитті өтеу кестесінің нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      3-1. Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген талап, шарт мынадай талаптарға сәйкес келгенде қолданылмайды:

      1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шекті мөлшерден аспайды;

      2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері әрбір өткізіп алынған күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан аспайды;

      3) қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит мәнін қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы және тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың барлық қолдану кезеңінде берілген микрокредит сомасынан аспайды;

      4) шартта микрокредит сомасын ұлғайтуға тыйым салу қамтылған;

      5) тараптардың келісімі бойынша микрокредит беру туралы шарттың қолдану мерзімі қолданыстағы немесе жақсартылған жағдайларда ұлғайтылуы мүмкін.";

      8) 5-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      9) 6-бапта:

      1-1-тармақта:

      бірінші бөлікте 5-1) тармақша алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақта белгіленген талаптар осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредит беру туралы шарттарға, сондай-ақ ломбард беретін микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      10) 7-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      1-1) тармақшадағы "қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қарыз алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін төлеу мақсатында микрокредитті үшінші тұлғаға аудару;";

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшада белгіленген талаптар осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды;";

      7) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген микроқаржы ұйымының қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу тәртiбiн және шекті мәнін сақтауға.

      Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін қаржылық және өзге де есептілікті уәкілетті органмен келісе отырып ұсынуға;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредитті беруден бас тартуға";";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) біржақты тәртіппен сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін өзгертуге;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредитті кепілсіз банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімі өткен, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң бес еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде берешегі бар жеке тұлғаларға беруге;

      Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;

      1-2) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге және алуға;";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа төлемдерді талап етуге;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) кепілге берілген заттарды пайдалануға және иелік етуге құқылы емес.";

      11) 9-1-бапта:

      3-тармақтың үшінші абзацындағы "кезеңде" деген сөз "кезең үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігі:

      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "екінші деңгейдегі банкке;";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған немесе қарыз алған кезде микрокредит беру шарты бойынша талап ету құқығын кепіл ұстаушы заңды тұлғаға беруін қоспағанда оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.";

      9-тармақтағы "коллекторлық" деген сөз "екінші деңгейдегі банктерге, коллекторлық" деген сөздермен ауыстырылсын";

      12) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті қоспағанда) акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      13) 13-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микроқаржы ұйымының атауында (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) мiндеттi түрде "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді немесе "MҚҰ" деген аббревиатураны қамтуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Кредиттік серіктестіктің немесе ломбардтың атауында мiндеттi түрде тиісінше "кредиттік серіктестік" немесе "ломбард" деген сөздер қамтылуға тиіс.";

      2-тармақта:

      "ұйымы" деген сөз "ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард" деген сөздермен ауыстырылсын";

      "деген сөздерді, оның солардан туындайтын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін сөздерді немесе "МҚҰ" деген аббревиатураны" деген сөздер "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, оның солардан туындайтын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін сөздерді немесе аббревиатураларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 14-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микрокредиттер беру бойынша қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап алты ай ішінде есептік тіркеуге тұруға тиіс.";

      1-1-тармақтағы "мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді" деген сөздер "уәкілетті органға өтінішті және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де құжаттарды ұсынады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп атқарушы органның (алқалық және (немесе) жеке өзі атқаратын) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (бар болса) бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер танылады.

      2. Мынадай:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар;

      3) қаржы ұйымының, банктік және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.

      7. Ешбір тұлға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын қатысу үлесін не орналастырылған акцияларын, егер ол:

      1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға болып табылса;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса;

      3) құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарының тізілімінен осы микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін кем дегенде бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылса;

      4) уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін кем дегенде бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының жеке тұлға – ірі қатысушысы не заңды тұлғасы – ірі қатысушының бірінші басшысы және (немесе) басшы қызметкері болған болса не болып табылса, иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.

      Осы тармақта бегіленген талаптар кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды.";

      15) 15-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "осы Заңның 14-бабының 1-тармағында" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мәліметтер мен ақпарат ұсынылған жағдайларда жүргізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "бір жыл" деген сөздер "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 14-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "2), 4) және 5)" деген сөз және цифрлар "және 4)" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;

      "ұйымы," деген сөзден кейін "кредиттік серіктестік, ломбард"," деген сөздермен толықтырылсын;

      "ұйымы"," деген сөзден кейін "кредиттік серіктестік", "ломбард"," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "ұйымы," деген сөзден кейін "кредиттік серіктестік, ломбард"," деген сөздермен толықтырылсын;

      "ұйымы"," деген сөзден кейін "кредиттік серіктестік", "ломбард"," деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 16-бапта

      1-тармақта:

      3) тармақшадағы "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "ақпарат" деген сөз "қаржылық немесе өзге де есептілікті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "ұйымы" деген сөзден кейін "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздермен толықтырылсын";

      17) 19-бап алып тасталсын;

      18) 24-бапта:

      1-тармақтағы "ұйымы" деген сөзден кейін "кредиттік серіктестіктер", "ломбардтар" деген сөздермен толықтырылсын";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "2. Микроқаржы ұйымдарына:

      1) өздерiнiң қызметі туралы оны жариялау күнінде шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға;

      2) Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптарда микрокредитті ұсынумен байланысты жарнама жасауға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      3. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығару туралы жариялауды талап етуге құқылы.

      Осы талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган жарнамада қамтылған мәліметтердің шындыққа сай келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не осындай жарнаманы жариялаған микроқаржы ұйымы есебінен оларды нақтылауға құқылы.

      4. Микроқаржы ұйымдарының тізіліміне кірмейтін заңды тұлғаларға микроқаржылық қызмет санатына жататын қызметтерді жарнамалауға тыйым салынады.";

      19) 27-бапта:

      тақырыбы "органның" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тиісті микроқаржылық қызметтің түріне қатысты пруденциялық нормативтерді және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді және оларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін және шекті мәнін бекітеді;

      4-2) микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу тәртібін бекітеді;

      4-3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық беріктігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды белгілеу мәселелерін, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналысқа жіберілуіне қарсы әрекет шараларын қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мыналарды:

      осы Заңның 16-бабы 5-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда микроқаржы ұйымдарын;

      осы Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес есептік тіркеуден өтпеген микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;

      қарыз беру қызметін жүзеге асыратын (есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген және микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар тізіліміне енгізілген тұлғаларды қоспағанда) осы Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген заңды тұлғаларды;

      осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа талап-арыз береді.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша мыналарды бекітеді:

      1) микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің және өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін;

      2) микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін бекітеді.";

      20) 31-1-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "хабардар етуге міндетті" деген сөздер "хабардар етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен"" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.".

      47. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат; № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2017 ж., № 14, 53-құжат):

      15-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      48. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):

      1) 1-бапта:

      1-1) тармақшадағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) тармақша алып тасталсын;

      2) 3-баптың 1-1-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 8-баптың 1-1) және 1-2) тармақшалары алып тасталсын;

      4) 15-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын";

      5) 28-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 34-бапта:

      7-тармақтың екінші бөлігінде "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 13) тармақшасындағы "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 35-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді.";

      8) 36-бап алып тасталсын;

      9) 38-баптың 2-тармағындағы ",уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 41-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Тиісті есептілік нысандары, тізбесі, оны ұсыну мерзімдері және тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      11) 50-бапта:

      3-тармақтағы "инвестициялық портфельді басқарушының" деген сөздер "зейнетақы активтері осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарттың негізінде берілген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 51-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "уәкiлеттi органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректерді" деген сөздер "қаржылық және өзге де есептілікті, бастапқы статистикалық деректерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "қаржылық есептілік пен" деген сөздер "қаржылық және өзге де есептілікті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкiлеттi органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның арасында ақпаратпен, оның ішінде зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәліметтермен алмасуды жүзеге асыру зейнетақы жинақтарының құпиясын жария ету болып табылмайды".

      Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберген кезде зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді растайтын құжаттар және материалдар ретінде ұсынуы зейнетақы жинақтарының құпиясын жария ету болып табылмайды.".

      49. "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45 құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21,22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 28-тармақшасы "немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағында:

      5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 12-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасындағы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-баптың 7) тармақшасындағы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-баптың 5) тармақшасындағы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 24-баптың бірінші бөлігіндегі "Банкі" деген сөзден кейін "немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 28-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;

      8) 29-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де" деген сөздерден кейін "немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 32-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздерден кейін "немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 33-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 36-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздерден кейін "немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 51-бапта:

      3-тармақтағы "және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 1-қосымшада:

      53-жолдағы:

      "ипотекалық ұйымның" деген сөздерден кейін ", банк болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның," деген сөздермен толықтырылсын;

      "айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру" деген сөздер "айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ипотекалық қарыздар" деген сөздер "банктік қарыздар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      61-жолдағы "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия" деген сөздер "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 2-қосымшада:

      29-жолдағы:

      "Микроқаржы ұйымдарын" деген сөздер "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын,

      "микроқаржы ұйымының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның", деген сөздермен ауыстырылсын;

      "микроқаржы ұйымдарының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың", деген сөздермен ауыстырылсын;

      68-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      242-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      244-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      245-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      246-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      247-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      248-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      249-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      250-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      251-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      255-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      256-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      257-жолдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 3-қосымшада:

      53-тармақ ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      54-тармақтағы "Микроқаржы ұйымының" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      50. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1-бапта:

      9-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын:

      19-тармағында:

      17) тармақшаның үшінші абзацында "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) тармақшаның бесінші абзацы "жария етуге" деген сөздерден кейін ", осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      32) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және уәкілетті органы арасында ақпарат, оның ішінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды.

      Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде растайтын құжаттар мен материалдар ретінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтер беруі шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды.".

      51. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат):

      1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің," деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның," деген сөздермен толықтырылсын.

      52. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат):

      1) 1-бапта:

      8) тармақшадағы "қызметші" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-1) тармақшадағы "қызметші" деген сөзден кейін ", сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 18-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі "сондай-ақ" деген сөз "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпиясы бар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "мерзімде" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпиясы бар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 39-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын оларды тағайындау құқығы бар лауазымды адам бекітеді.";

      5) 55-баптың бірінші бөлігі "бірінші басшысының" деген сөздерден кейін "немесе алқалы органның" деген сөздермен толықтырылсын.

      53. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-баптың 4) тармақшасындағы "қызметшілері" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 13-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөлігі "орынбасарларына" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлігі "орынбасарлары" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 27-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      54. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат):

      1) 1-бапта:

      6-тармақтағы:

      1) тармақшаның екінші абзацында "сондай-ақ" деген сөз "ал Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың осы тармағында, 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 6-2-тармағының 2) тармақшасында, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 54-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растай отырып, уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.";

      7-тармақтағы:

      1) тармақшаның екінші абзацында "сондай-ақ" деген сөз "ал Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растай отырып, уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.";

      8-тармақта:

      екінші абзацтағы "72-1-баптың" деген сөздер "1) 72-1-баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "сондай-ақ" деген сөз "ал Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2) 72-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың
1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.";

      2) 11-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзацтағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) тармақша алып тасталсын.

      55. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "ведомстволарының" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 13-баптың 6-тармағындағы:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның кадр қызметіне ұсынуға міндетті.";

      екінші бөлігі "орынбасарлары" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын".

      56. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-5) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;";

      2) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.";

      3) 7-4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігінің жедел және салалық орталықтарының өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді;";

      4) мынадай мазмұндағы 7-5-баппен толықтырылсын:

      "7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы

      1. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіреді:

      1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерлерін талдау, бағалау, болжау және алдын алу қызметін жүзеге асырады;

      2) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады;

      3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарынан келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдау мен сақтауды жүзеге асырады;

      4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздік қауіп-қатерлері, бағдарламалық қамтамасыз етудің, жабдық пен технологиялардың осалдығы, қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғы шарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және салдарын жою әдістері туралы ақпаратты ұсынады;

      5) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін жүзеге асыру шеңберінде оған мәлім болған, таралуы шектеулі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарына қолданылады.

      2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын құрады.

      Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін осы Заңның 7-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.

      3. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметкерлері өз қызметін жүргізу нәтижесінде алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      5) 30-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының функцияларын іске асыруын ескере отырып, Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзін пайдаланбай, Интернетке қосылуды ұйымдастыру мүмкін.".

      57. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат):

      1) 1-бапта:

      8-тармақтағы:

      2) тармақшаның:

      екінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалады;

      төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

      4) тармақшаның үшінші абзацында "уақтылы орындамауы" деген сөздер "бұзуы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшада:

      екінші, оныншы және он үшінші абзацтар алып тасталсын;

      6) тармақшада:

      екінші абзацтағы "44)," және "66)," деген цифрлар алып тасталсын;

      үшінші абзацта:

      "құрылымын қоса алғанда" деген сөздер "құрылымы айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "нормативтерді" деген сөз алып тасталсын;

      төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторы және ерекше қызметі банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;

      11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторы және ерекше қызметі банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары;

      12) ерекше қызметі банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарының тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;";

      тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      он екінші абзац алып тасталсын;

      он төртінші абзацтағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша оны ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оның ұсыну мерзімін айқындайтын қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiк ұсыну және Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiк ұсыну қағидаларын;";

      он алтыншы абзац алып тасталсын;

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастыруға, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;";

      жиырма бірінші абзац алып тасталсын;

      10) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын;

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) 56-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) уәкілетті банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.";

      32) тармақша алып тасталсын;

      33) тармақшаның үшінші абзацындағы "екінші" деген сөз "үшінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақта:

      2) тармақшаның оныншы абзацындағы "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейін ", қаржылық сауаттылықты арттыру және халықтың қаржылық қолжетімділігі деңгейін арттыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;

      10) тармақша алып тасталсын;

      31-тармақ алып тасталсын;

      42-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:

      "2) тармақшасының, екінші, үшінші, жетінші, оныншы, он екінші және он үшінші абзацтары" деген сөздер "үшінші, жетінші және он екінші абзацтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "32)," және "31-тармағының 1) тармақшасын" деген сөздер алып тасталсын;

      ", 8), 10)" деген сөздер "және 8)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      58. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат):

      43-баптың 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын".

      59. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):

      28-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "ведомстволары" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын.

      60. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар):

      65-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер ",қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құзыреті шегінде қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      61. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 жылғы № 8-I, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат):

      23-бапта:

      2-тармақта:

      2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыруға;";

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұлттық пошта операторының пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептілігінің тізбесі, нысандары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      үшінші бөлікте:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын" деген сөздер алып тасталсын.

      62. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат, 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын мемлекеттік бақылау және қадағалау (көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау және қадағалау) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды жүзеге асыруға бағытталған қызметі;";

      2) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.";

      3) 4-бапта:

      10) тармақша "банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) тармақша "банктер," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары," деген сөздермен толықтырылсын;

      17) тармақша "сондай-ақ банктер," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) тармақша "банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында өз құзыреті шегінде банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылайды және қадағалайды.";

      5) 13-бапта:

      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілгендер – банк клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге және аударым операцияларын жүзеге асыруға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясынсыз қызметін жүзеге асыратын банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген төлем қызметтерін берушілерді қоспағанда, осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендер – аударым операцияларын жүзеге асыруға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болған кезде көрсетеді. Бұл ретте:

      осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген төлем қызметтерін – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйым клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан лицензиясы болған кезде;

      осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметтерін – Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ онда клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметі;";

      17-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін "немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 23-бапта:

      тақырыбында "бақылау" деген сөзден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацта "бақылау" деген сөзден кейін "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілері), төлем жүйелері операторлары және төлем жүйелері операциялық орталықтары Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      10) төлем жүйелері операторлары, төлем жүйелері операциялық орталығы және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады және олардың қызметіне тексеру жүргізеді.";

      7) 24-бапта:

      тақырыбында "мен қатысушыларына," деген сөздер "төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына," деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде төлем қызметтерін беруші болып табылатын банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданады.";

      5-тармақтың бірінші абзацында "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілері)" деген сөздер "Төлем жүйелері операторлары, төлем жүйелері операциялық орталықтарының операторларына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      63. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат):

      1) 1-баптың 23-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 23-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 1-баптың 23-тармағының 8) тармақшасының:

      бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      алтыншы абзацтағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 6-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 19) және 22) тармақшалары;";

      5) 6-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы, 24-тармағының 1) және 2) тармақшалары 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      64. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      10-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "қызметшісі" деген сөзден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі" деген сөздермен толықтырылсын.

      65. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):

      1) 1-бапта:

      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "микроқаржы ұйымы" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 5-тармағының үшінші абзацындағы "кезеңде есепке жазылған" деген сөздер "кезең үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен ауыстырылсын:

      4) 11-баптың 5-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мыналар:

      1) коллекторлық агенттіктердің "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроларға ақпарат беруі және кредиттік бюролардың берешек бөлігінде борышкер туралы ақпарат беруі;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасындағы ақпаратпен, оның ішінде коллекторлық қызметтің құпиясын құрайтын мәліметтермен алмасу;

      3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде коллекторлық қызметтің құпиясын құрайтын құжаттарды және мәліметтерді ұсынуы коллекторлық қызмет құпиясын ашу болып табылмайды.";

      екінші бөлікте "Микроқаржы ұйымдары туралы" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-баптың 1) тармақшасындағы "Микроқаржы ұйымдары туралы" деген сөздер "Микроқаржылық қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасында:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті орган" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкілетті органға" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 17-бапта:

      тақырыбы "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі коллекторлық агенттік есептілігінің тiзбесiн, нысандарын, оны ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбiн айқындайды.";

      8) 18-бапта:

      1-тармақтағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "микроқаржы ұйымдары" деген сөздер "микроқаржылық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 19-баптағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      66. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):

      1) 1-баптың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 176-бапты, 1-баптың 1-тармағының 63) және 71) тармақшаларын, 11-баптың екінші бөлігін, 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын, 69-баптың 3-тармағының 7) тармақшасын, 140-баптың 6-тармағын, 142-баптың 1-тармағының 15) тармақшасын, 176-бапты, 215-баптың 6-тармағын, 484-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын, 678-баптың 2-тармағын, 709-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;";

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-тараудың 2-параграфының 23, 72-баптарының және 71-тараудың тақырыбын, 71-тараудың мазмұнын, 19-бабының 2-тармағының 15) тармақшасын, 23-бапты, 24-баптың бірінші бөлігі 13) тармақшасының бірінші бөлігінің үшінші абзацын және 14) тармақшасын, 26-баптың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын, 30-баптың 1-тармағының 15), 16) және 17) тармақшаларын, 69-баптың 5-тармағын, 72-бапты, 73-баптың 1-тармағының 6) тармақшасын, 11-тараудың 2-параграфын, 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын, 208-баптың 5-тармағын, 209-баптың 5-тармағының 5) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 212-баптың 5-тармағын, 71-тарауды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін";

      3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      "1-1-бап. Кодекстің жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелерін декларациялау мәселелеріне қатысты нормалардың қолданылуы:

      Кодекстің 630-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап;

      Кодекстің 630-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап;

      Кодекстің 630-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленсін.";

      4) 33-баптың бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 57-3-баппен толықтырылсын:

      "57-3-бап. Мыналар:

      1) 2018 жыл үшін мүлік салығын, жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға – салық төлеушімен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2019 жылғы 1 қаңтарына дейінгі салықтық мерзімдерге салықтық міндеттемелері бойынша туындаған бересі сомасын төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ осындай бересі сомасына оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасы салықтық берешек болып табылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша есептен шығарылады.

      Осы тармақшаның ережелері, сондай-ақ жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асыруына байланысы жоқ салықтық міндеттемелері бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға – салық төлеушілерге қолданылады.

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес шотта он бес жылдан астам болған бересі сомасы, сондай-ақ, осы көрсетілген бересі сомасына оны есептен шығару күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы салықтық берешек болып табылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.

      Осы тармақшаның ережелері жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға – салық төлеушілерге қолданылады.".

      67. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 13, 41-құжат):

      1-баптың 10-тармағы 5) тармақшасының он жетінші және он тоғызыншы абзацтарында:

      "уәкілетті органға" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      68. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 43-құжат, 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 243-VI Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) айырбастау пункті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті ұйымдар – банктер болып табылмайтын және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары;";

      2) 2-баптың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-бапта:

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 7-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "ұйымдастыру жөніндегі қызметті" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында және шетелде сатуға және (немесе) сатып алуға құқылы.";

      7) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуды және (немесе) сатуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдар немесе уәкілетті банктер жүзеге асырады. Өзге тұлғалар Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бойынша қаржы қызметтерін көрсетуге құқылы емес.";

      2-тармақта "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 12-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзіне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.";

      2-тармақтағы "айырбастау операцияларын ұйымдастыруға" деген сөздер "айырбастау операцияларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "құрылтайшыларға" деген сөзден кейін "(қатысушыларға)" деген сөзбен толықтырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөліктегі "айырбастау операцияларын ұйымдастыруға" деген сөздер "айырбастау операцияларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "айырбастау операцияларын ұйымдастыруға" деген сөздер "айырбастау операцияларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, оларды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар ету тәртібі, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ есептердің нысандары және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың оларды ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.";

      9) 19-баптың 4-тармағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсынуды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 20-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) рұқсат беру бақылауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны бергенге дейін, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті ұйымның айырбастау пунктіне арналған үй-жайға баруды және оны қарап-тексеруді, жабдықты қарап-тексеруді қамтиды. Бару және қарап-тексеру заңды тұлғадан келіп түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны алуға өтініш негізінде жүзеге асырылады. Қарап-тексерудің нәтижелері заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясын және (немесе) оған қосымшаны беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі;";

      11) 22-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде:

      1) уәкілетті банктерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолданылады, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар қойылады;

      2) уәкілетті ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шаралары және санкциялар;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де резиденттерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын бейрезиденттерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша хабарлама түріндегі шектеулі ықпал ету шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.";

      3-тармақтағы "валюталық бақылау субъектілерінің" деген сөздер "осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субъектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      69. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      8-тармақта:

      2) тармақшаның жиырма бесінші абзацы алып тасталсын;

      19) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;

      20) тармақшаның жиырма бесінші абзацы алып тасталсын;

      19-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы, 2) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары, 3) тармақшасының үшінші абзацы және 4) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;

      2) 2-бапта:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағы 2) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 27-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағының 7) тармақшасы төртінші абзацының қолданылуы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;".

      70. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат):

      23-баптың 19) және 20) тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) осы Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін және бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын 1-бабының 13-тармағы 12) тармақшасының бесінші абзацын;

      2) осы Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 54, 63 және 66-тармақтарын;

      3) осы Заңның 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және 46-тармағы 19) тармақшасының он екінші абзацын;

      4) осы Заңның 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 9-тармағының 9) тармақшасын, 11-тармағы 6) тармақшасының он бесінші, он алтыншы және жиырма төртінші абзацтарын, 19-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацын, 29-тармағы 5) тармақшасының қырық төртінші абзацын, 9) тармақшасының алпысыншы абзацын, 13) тармақшасының бір жүз елу тоғызыншы абзацын, 41-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 3), 4) және 6) тармақшаларын, 49-тармағы 15) тармақшасының екінші абзацын, 56-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 62-тармағының 3) тармақшасын;

      5) осы Заңның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын 1-бабы 9-тармағының 22), 23) және 24) тармақшаларын;

      6) осы Заңның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 29-тармағы 9) тармақшасының алпыс бірінші – алпыс сегізінші абзацтарын, 53-тармағының 3), 4) тармақшаларын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 8) тармақшасы алтыншы абзацының, 10) тармақшасы бесінші абзацының, 15) тармақшасы бесінші абзацының, 17) тармақшасы төртінші, алтыншы абзацтарының, 20) тармақшасы екінші абзацының, 21) тармақшасы үшінші абзацының, 11-тармағының 2) тармақшасы екінші абзацының, 5) тармақшасының сегізінші және оныншы абзацтарының, 15) тармақшасының төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарының, 29-тармағының 7) тармақшасы оныншы, он үшінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарының, 10) тармақшасы үшінші, бесінші абзацтарының, 13) тармақшасы бесінші, алтыншы, жетінші, тоқсан үшінші, тоқсан бесінші, тоқсан сегізінші, бір жүзінші, бір жүз жетінші, бір жүз он бесінші, бір жүз жиырма үшінші абзацтарының, 41-тармағының 7) тармақшасы он екінші абзацының, 56-тармағының 1) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.";

      "2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айрылған және (немесе) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқау орындалуға тиіс күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері болған банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.";

      "Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.";

      "3. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –";

      "4. Қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігін бұрмалауына әкеп соққан бұзып жүргізуі, –";

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші бөліктерінде (төлем ұйымдарына қатысты)), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты), 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты), 243, 244, 252 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 253, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (жинау өз құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      "1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші), 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін банк холдингтеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарына және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      "Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшін өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаржы ұйымдарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.";

      "18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит және қаржы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мен коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;";

      "19) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және өзге тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ осы Заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын да бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      "Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банктердің міндеттемелерінің құрылымы айқындалатын ең төменгі резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төменгі резервтiк талаптарды есептеу, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау, ең төменгі резервтiк талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.

      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап он күндiк мерзiмде банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты қайтарады.";

      "3-4) екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      "6-1) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Даму Банкінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      "9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржы және өзге ұйымдарға шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады;";

      "13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;";

      "16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының функцияларын жүзеге асырады;";

      "17) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты талдайды;";

      "Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат, оның ішінде қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер жария етуге жатпайды.";

      "Мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілікті және қажет болған жағдайда уәкілетті орган өз функцияларын орындауы үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты ұсынуға міндетті.";

      "Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау органдарының бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, олардың филиалдарының және үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғалардың, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, кәсіби ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызмет көрсету шарты бойынша уәкілетті кез келген өзге тұлғаның, төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен төлем қызметтерін көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыруға шарт бойынша уәкілетті кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстан Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауын, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауын көздейді.

      2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар, қаржы ұйымдарының, банктік конгломераттардың және (немесе) сақтандыру топтарының қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықтаған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды не өзге шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтық шектеу шараларын қолданады.

      Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар, қаржы ұйымдарының, банктік конгломераттардың және (немесе) сақтандыру топтарының қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде әкімшілік іс қозғамастан құқықтық шектеу шараларын қолданады.";

      "2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау;";

      "4) уәкілетті органды қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттарды, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, уәкілетті органды микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттерді беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді бекітуі туралы хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде қарау;";

      "7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;";

      "9) уақытша әкімшіліктер (уақытша әкімшілер), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары ұсынатын есептілік пен өзге ақпаратты қарау;";

      "16) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;";

      "1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады және оны уәкілетті орган құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі – қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.";

      "1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.";

      "7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      "30-5) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;".

      3. Осы Заңның 1-бабы 52-тармағының 1) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;".

      4. Қарыздар беру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген, микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды, кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік қайта тіркелуге тиіс.

      Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде есептік тіркелуге тиіс.

      Қарыздар беру бойынша қызметті осы тармақтың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде белгіленген талаптарды сақтамай жүзеге асыруды жалғастырған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не көрсетілген тұлғаларды тарату туралы сотқа қуыным беруге құқылы.

      Осы тармақтың талаптары банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 715-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ жұмыс берушінің өз қызметкеріне, заңды тұлғаның өз құрылтайшыларына (акционерлеріне, қатысушыларына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды.

      5. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды құрғанға дейін осы Заңды іске асыруға қажетті және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау құқығына ие болады деп белгіленсін.

      7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мирасқоры болып табылады деп белгіленсін.

      8. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атынан орталық банктермен, басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге ұйымдармен ынтымақтастық және ақпарат алмасу, оның ішінде құпия ақпарат, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе банк қызметін, сақтандыру нарығына қатысушылардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат алмасу туралы халықаралық шарттар және келісімдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық мирасқоры болып табылатыны белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады