1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 101-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Қорғанысмині | 2018 жылғы тамыз | Т. Мұхтаров |
2 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
3 | "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз | Н. Оразов |
4 | "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы шілде | С. Жақыпова |
5 | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
6 | Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
7 | Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
8 | Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
9 | "2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
10 | "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
11 | "Қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының оларды ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
12 | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
13 | "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2018 жылғы тамыз | Б. Шолпанқұлов |
14 | "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
15 | "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
16 | "Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы | БҒМ | 2018 жылғы тамыз | А. Аймағамбетов |
17 | "Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикашілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2018 жылғы тамыз | Б. Бисенқұлов |
18 | "Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы | ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылғы тамыз | М. Қалқабаев |
19 | "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2018 жылғы тамыз | Б. Бисенқұлов |
20 | Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
21 | "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2018 жылғы қыркүйек | Л. Ақтаева |
22 | Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
23 | Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2018 жылғы тамыз | С. Жақыпова |
24 | "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне мемлекеттік қызмет енгізілген күннен бастап үш ай ішінде | С. Жақыпова |
25 | "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары күшіне енгеннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде | С. Жақыпова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
"Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі;
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.