"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 108-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 24 тамыздағы
№ 108-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік актінің атауы

Акт нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2018 жылғы тамыз

Б.А.Асылова

2.

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2018 жылғы тамыз

Б.А.Асылова

3.

"Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

4.

"Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық.

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

5.

"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

А.Қ. Аймағамбетов

6.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

7.

"Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

8.

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын бекіту туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Н.А. Оршубеков

9.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртібін белгілей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

10.

Техникалық және кэсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу- эдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кэсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін қүру және олардьщ қызметі туралы ережелерді бекіту туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

11.

"Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

12.

"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

13.

"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

14.

"Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

15.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы қыркүйек

Б.А.Асылова

16.

"Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

МСМ

2018 жылғы қыркүйек

С.Ж. Мұсайбеков

17.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу. қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Қорғанысмині

2018 жылғы қыркүйек

Т.С. Мұхтаров

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады