1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 126-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің уақтылы және сапалы әзірленуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
2. | "Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
3. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
4. | "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
5. | "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
6. | "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
7. | "Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
8. | "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ, ІІМ, Қорғанысмині, БП (келісім бойынша), Қаржымині, Еңбекмині, ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова, Б.Б. Бисенқұлов, Т.С. Мұхтаров, А.И. Лукин, Т.М. Савельева, Н.Б. Әлтаев, М.Ө. Қалқабаев |
9. | "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.А. Өрсариев |
10. | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
11. | Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторын айқындау туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
12. | Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
13. | Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
14. | Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
15. | Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
16. | Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
17. | Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
18. | Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева, А.Қ. Аймағамбетов |
19. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
20. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
21. | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
22. | Тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева, А.Қ. Аймағамбетов |
23. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева |
24. | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
25. | Экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
26. | "Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева, А.Қ. Аймағамбетов |
27. | "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
28. | "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
29. | "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева, А.Қ. Аймағамбетов |
30. | "Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева, А.Қ. Аймағамбетов |
31. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және мамандарды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
32. | "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева, А.Қ. Аймағамбетов |
33. | "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Э.А. Суханбердиева |
34. | Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
35. | Формальды емес білім беретін ұйымдарды тану және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
36. | "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
37. | "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
38. | "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
39. | Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
40. | "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтыру енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
41. | "Базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 22 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
42. | "Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
43. | "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
44. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
45. | Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
46. | Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
47. | Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
48. | Мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекіту туралы | бұйрық | Қорғанысмині | 2018 жылғы қазан | Т.С. Мұхтаров |
49. | Әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы | бұйрықтар | БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ | 2018 жылғы қазан | А.И. Лукин, М.Ө. Қалқабаев, Б.Б Бисенқұлов |
50. | "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
51. | "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов, Э.А. Суханбердиева |
52. | "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
53. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын бекіту туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
54. | "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.Қ. Аймағамбетов |
55. | "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
56. | "Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
57. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | БҒМ | 2018 жылғы қазан | Б.А. Асылова |
58. | Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын және Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2018 жылғы қазан | Л.М. Ақтаева |
59. | Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСМ | 2018 жылғы қазан | Л.М. Ақтаева |
60. | Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және біліктілік беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрықтар | БҒМ, ДСМ, АШМ, ИДМ, ЭМ, БП (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині, Қаржымині | 2020 жылғы қараша | А.Қ. Аймағамбетов, Л.М. Ақтаева, А.К. Евниев, Р.В. Скляр, Б.У. Ақшолақов, А.И. Лукин, М.О. Бисенқұлов, Н.В. Пан, Т.М. Савельева |
61. | Әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы | бұйрықтар | Қорғанысмині, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ | 2018 жылғы қазан | Т.С. Мұхтаров, А.И. Лукин, М.Ө. Қалқабаев, Б.Б. Бисенқұлов |
62. | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының білім беру қызметі мәселелері жөніндегі кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша), БҒМ | 2018 жылғы қазан | А.И. Лукин, А.Қ. Аймағамбетов |
63. | "Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | Қорғанысмині | 2018 жылғы қазан | Т.С. Мұхтаров |
64. | "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2018 жылғы қазан | Р.Е. Даленов |
65. | "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ, Қаржымині | 2018 жылғы қазан | Р.Е. Даленов, Р.Б. Бекетаев |
66. | "Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | МСМ | 2018 жылғы қазан | А.Р. Райымқұлова |
67. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ІІМ | 2018 жылғы қазан | Б.Б. Бисенқұлов, Р.Ф. Жақсылықов |
68. | Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы | бұйрықтар | Қорғанысмині, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ | 2018 жылғы қазан | Т.С. Мұхтаров, А.И. Лукин, М.Ө. Қалқабаев, Б.Б. Бисенқұлов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі