"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 156-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 18 қарашадағы
№ 156-ө өкімімен
бекітілген


Қабылдануы ""Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі



Р/с
Құқықтық актінің атауы Құқықтық актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімi Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1

Техникалық қарап-тексеру операторы қызметіне екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

2

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы
№ 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

3

"Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

4

"Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 528 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы

ІІМ
 

2024 жылғы желтоқсан
 

И.В. Лепеха

5

"Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы

ІІМ
 

2024 жылғы желтоқсан
 

И.В. Лепеха

6

"Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

7

"Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

8

"Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

9

"Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

10

"Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

11

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" республикалық мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

12

"Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ,
ҰЭМ,
ЦДИАӨМ
 
 

2024 жылғы желтоқсан
 

М.Қ. Қалиақпаров
 

13

"Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2024 жылғы желтоқсан
 

Ә.Қ. Шындалиев

14

"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы желтоқсан
 

И.В. Лепеха
 

15

Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ
 

2024 жылғы желтоқсан
 

И.В. Лепеха

16

"Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы желтоқсан
 

И.В. Лепеха
 

17

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2024 жылғы желтоқсан
 

И.В. Лепеха
 

18

"Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, КМ

2024 жылғы желтоқсан
 

Б.Ә.Құдайбергенов, М.Қ. Қалиақпаров
 
 
 

19

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2024 жылғы желтоқсан
 

А.Қ. Бейсенов
 
 

20

"Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2024 жылғы желтоқсан
 

О.С. Сапарбеков

21

"Ұлттық тізілімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 609/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы
 

ЦДИАӨМ

2024 жылғы желтоқсан
 

А.Е. Оразбек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады