1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 10-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БҚДА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | А.С. Исаков |
2. | Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау және оларға өлшемшарттар белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
3. | "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2025 жылғы ақпан | Ә.С. Қуантыров |
4. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2025 жылғы ақпан | Е.Қ. Тасжүреков |
5. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2025 жылғы ақпан | Е.Қ. Ақкенженов |
6. | "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭТРМ | 2025 жылғы ақпан | М.Т. Ошурбаев |
7. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
8. | "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2025 жылғы ақпан | О.С. Сапарбеков |
9. | Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
10. | Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
11. | Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
12. | Биржалық тауарлар тізіміне тауарларды қосу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
13. | Тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржалық сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілеу тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
14. | "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
15. | Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2025 жылғы ақпан | Ә.С. Қуантыров |
16. | "Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
17. | "Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
18. | "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ ҰЭМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова, Б.Ә. Құдайбергенов |
19. | "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2025 жылғы ақпан | А.Б. Қасенов |
20. | "Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
21. | "Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығы | БҚДА (келісу бойынша), ҰЭМ | 2025 жылғы ақпан | Е.И. Әлжан |
22. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
ЦДИАӨМ | 2025 жылғы ақпан | Д.А. Мун |
23. | "Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығы | БҚДА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Е.И. Әлжан |
24. | "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығы | БҚДА (келісу бойынша) | 2025 жылғы наурыз | Е.И. Әлжан |
25. | "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Ұ.Е. Раисов |
26. | "Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығы |
ҚМА (келісу бойынша), | 2025 жылғы ақпан | Ұ.Е. Раисов, Е.И. Әлжан |
27. | "Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Ж.Ж. Өмірәлиев |
28. | "Кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2025 жылғы ақпан | А.Ә. Бижанова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
БҚДА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;
ҚМА – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.