-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
46. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 29 шілдедегі N 133 (тіркелген N 2446) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 16 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң N 2012 тiркелген N 3
бұйрығына
(N 2013 тiркелген 2002 жылғы 1 қазандағы
N 5
, N 2018 тiркелген 2002 жылғы 17 қазандағы
N 10
, N 2094 тiркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы
N 27
, N 2101 тiркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы
N 37
, N 2086 тiркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 43
, N 2119 тiркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы
N 52
, N 2170 тiркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы
N 10
, N 2184 тiркелген 2003 жылғы 27 қаңтардағы
N 15
, N 2223 тiркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41, N 2263 тiркелген 2003 жылғы 9 сәуiрдегi
N 62
, N 2267 тiркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы
N 75
, N 2393 тiркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы
N 101
, N 2408 тiркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы
N 109
) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
1) бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында 03 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiмдер" сыныбындағы 1 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiмдер" кiшi сыныбындағы 03 "Сертификаттау стандарттары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi өткiзуден алынған кiрiс сомасының түсiмi" ерекшелiгi бойынша "Аяқталу күнi" бағаны "20.06.03" цифрларымен толықтырылсын;
2) шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы" функционалдық 1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кiшi функциясындағы:
273 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымның және құрылыстың атқарушы органы" әкiмшiсi бойынша 040 "Атырау облысында тұрғын үй құрылыс салу" бағдарламасы "Аяқталу күнi" бағаны "01.01.04" цифрларымен толықтырылсын;
274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiктiң атқарушы органы" бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
045 "Мемлекеттiк мұқтаж үшiн тұрғын үй мен жер учаскелерiн босату" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"045 Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн тұрғын үй мен жер учаскелерiн алып қою"
056 "Тозығы жеткен жағдайдағы тұрғын үйлерге күрделi жөндеу" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"056 Мемлекеттiк тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру";
058 "Астана қаласында мемлекеттiк тұрғын үйдi ұстау және пайдалану" ерекшелiгi бойынша "Аяқталу күнi" бағаны "01.01.04" цифрларымен толықтырылсын;
059 "Халықтың аса мұқтаж тұлғаларын тұрғын үймен қамтамасыз ету" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"059 Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету";
мынадай мазмұндағы 071 және 073 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"071 Тозығы жеткен және құлағалы тұрған тұрғын үйлердi құлату";
"073 Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi өңiрлерiнде орналасқан тұрғын үйлердi сейсмикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған iс-шаралар".
2. Бюджеттiк процесс және функционалдық талдау әдiстемесiнiң департаментi (Д.М.Шаженова) Құқықтық басқармасы (М.Д.Айтенов) бiрге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр