"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 19 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2504. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

  -----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      49. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 153 (тіркелген N 2504) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 19 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3  бұйрығына (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы  N 5 , N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы  N 10 , N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы  N 27 , N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы  N 37 , N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы  N 43 , N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы  N 52 , N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10 , N 2184 тіркелген 2003 жылғы 27 қаңтардағы  N 15 , N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы  N 41 , N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі  N 62 , N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы  N 78 , N 2393 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы  N 101 , N 2408 тіркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы  N 109 , N 2442 тіркелген 2003 жылғы 22 шілдедегі  N 127 , N 2446 тіркелген 2003 жылғы 29 шілдедегі  N 133 , N 2421 тіркелген 2003 жылғы 30 шілдедегі  N 134 ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстардың функциональдық сыныптамасында:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында:
      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдiкті, атқарушы және басқа органдар" кіші функциясындағы:
      105 "Әкiм аппараты" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      2 "Қаржы қызметі" кіші функциясындағы:
      259 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      260 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаржы атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      276 ""Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының бас дирекциясы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      277 ""Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы бойынша атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" кіші функциясындағы 603 бағдарлама әкімшісімен 001 бағдарламамен 001 және 002 кіші бағдарламасымен, 016, 023, 029, 030, 079, 300, 500, 501, 600, 601, 602, 603, 604, 605 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "603 Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі";
      "001 Әкiмшiлiк шығындар";
      "001 Орталық органның аппараты";
      "002 Аумақтық органдардың аппараттары";
      "016 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi резервінің есебінен іс-шаралар өткізу";
      "023 Өкілеттiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу";
      "029 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау";
      "030 Байланыс және коммуникациялар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер";
      "079 Лицензиарлардың функцияларын орындау";
      "105 Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      "300 Астана қаласында мемлекеттік органдар үшін серверлік орталық ғимаратын салу";
      "500 Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын сүйемелдеу";
      "501 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу";
      "600 "Қазақстан ресурстары" мемлекеттiк деректер базасын құру";
      "601 "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк деректер базасын құру";
      "602 "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасын құру";
      "603 Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың жай-күйі мониторингінің жүйесін құру";
      "604 Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін құру";
      "605 Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру";
      3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобында 1 "Құқық қорғау қызметi" кіші функциясындағы 251 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкi iстер атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында 5 "Қосымша кәсіби білім беру" кіші функциясындағы 603 бағдарламалар әкімшісімен 010 бағдарламамен 005 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "603 Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі";
      "010 Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау";
      "005 Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру";
      5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      2 "Халықтың денсаулығын қорғау" кіші функциясындағы 278 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясындағы 254 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобында 9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясындағы 258 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
      3 "Ақпараттық кеңiстiк" кіші функциясындағы 261 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мұрағат қоры атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      9 "Мәдениеттi, спортты және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер 264 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және ішкі саясатты талдау атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында:
      1 "Ауыл шаруашылығы" кіші функциясындағы 105 "Әкiм аппараты" бағдарламалардың әкімшісімен 087 және 088 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "105 "Әкiм аппараты";
      "087 Жерді орналастыру"
      "088 Жерді аймақтандыру";
      5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясындағы 256 "Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясындағы 257 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ормандарды және хайуанаттар әлемiн қорғау жөнiндегi ауыл шаруашылығының атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 2 "Байланыс жүйелерi" кіші функциясындағы 603 бағдарлама әкімшісімен 031 және 032 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "603 Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі";
      "031 Радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін құру";
      "032 Радиожиiлiк спектрi және радиоэлектрондық құралдар мониторингi жүйесiн сүйемелдеу";
      13 "Өзге де" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясындағы:
      263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      272 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 038 және 093 бағдарламаларымен толықтырылсын:
      "038 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      273 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылым мен құрылыс атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау";
      275 "Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкімшілік ету департаменті" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 093 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "093 Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптамалау".
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функциональдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады