Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 380 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2589. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредиттік серіктестіктердің қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .
      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
"Кредиттік серіктестіктерді    
лицензиялау ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 27 қазандағы      
N 380 қаулысына         
1-қосымша             

       Ескерту: 1-қосымшаның атауына, кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .

  Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Кредиттік серіктестіктер туралы " (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) Заңдарға сәйкес әзірленді және кредиттік серіктестіктерге банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін анықтайды.

  1-тарау. Кредиттік серіктестіктерді
 лицензиялау тәртібі

      1. Заңда көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) алу үшін кредиттік серіктестік кредиттік серіктестіктердің қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      2. Бастапқы жарғылық капиталды төлегенін растайтын құжаттар бастапқы төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері), сондай-ақ әділет органдарында тіркеуден өткен бастапқы жарғылық капиталдың мөлшерін көздейтін Жарғы және құрылтай шарты болып табылады.
      Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда кредиттік серіктестік енгізілген өзгерістерді тіркегені туралы әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар құжаттармен бірге бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.

      3. Кредиттік серіктестіктің үй-жайы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін күзетілетін объектілердің техникалық мықтылығына және сигнализация жабдығына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Кредиттік серіктестік шетел валютасымен касса, сейф және айырбас операцияларын жүзеге асырған жағдайда, кредиттік серіктестік үй-жайды тексеру актісін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының оның үй-жайының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысын ұсынады.

      4. Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.

      5. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      6. Лицензия осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша бланкіге ресімделеді. Лицензия белгіленбеген мерзімге беріліп, атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.

      7. Ол жоғалған кезде лицензияның дубликатын алу және лицензияны қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      8. Кредиттік серіктестік филиалдар немесе өкілдіктер ашқан кезде кредиттік серіктестік филиалды немесе өкілдікті әділет органдарында есептік тіркегеннен он төрт күндік мерзімде уәкілетті органға филиалдың немесе өкілдіктің ашылуы туралы хабарламаны және филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

  2-тарау. Кредиттік серіктестіктің төрағасы және
басқарма мүшелері, бас бухгалтері қызметіне ұсынылатын
кандидаттарды келісу тәртібі мен талаптары

       Ескерту: 2-тарау (9-29 тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .

 

Кредиттік серіктестіктерді 
лицензиялау ережесіне    
1-қосымша        

Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы

      Кредиттік серіктестіктердің
      қызметін реттеу және қадағалау
      жөніндегі уәкілетті органның
      фирмалық белгісі

_________________________________________________
(кредиттік серіктестіктердің қызметін реттеу және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның атауы)
кредиттік серіктестіктердің өз қатысушылары үшін
Қазақстан Республикасының банктік заңдарында
көзделген операцияларды теңгеде жүргізуіне

Лицензия

___ жылғы "___" _______________ номері _____

мемлекеттік тіркеу номері

      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
                (кредиттік серіктестіктің толық атауы)

      осы лицензия мынадай операцияларды жүргізуге құқық береді:
      1. _______________________________________________
      2. _______________________________________________
      3. _______________________________________________
      4. _______________________________________________ 

      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді.
      Осы лицензия бір данада беріледі.

       Төрағаның орынбасары

Кредиттік серіктестіктерді 
лицензиялау ережесіне    
2-қосымша       

фотосуретке     
арналған      
орын        

_________________________________
(қаржылық ұйымның атауы)
_________________________________
(кандидат тағайындалатын қызмет
көрсетіледі) төраға (басқарма мүшесі,
бас бухгалтер) қызметіне ұсынылатын
кандидат туралы дерктер (баспа
нысанында ресімделеді, 14 шрифт)

      ____________________________________________________________
      Аты-жөні
      ____________________________________________________________
      Туған күні
      ____________________________________________________________
      Білімі              (аяқтаған жылы, жоғары оқу орнының атауы,
                           мамандығы)
      ____________________________________________________________
      Мыналарды:
      1) банктік қызмет;
      2) басқа қаржылық
         ұйымдардағы қызмет;
      3) аудиторлық;
      4) бухгалтерлік қызмет.
         тегі қызметін қос.
         қанда қаржы рыногын.
         дағы жұмыс стажы.
      ____________________________________________________________
      Еңбек қызметі туралы мәліметтер
      ____________________________________________________________
      N  Жұмыс кезеңі      Ұйымның, атқаратын қызметінің атауы
         (айы, жылы)
      ____________________________________________________________
      1.
      ____________________________________________________________
      2.
      ____________________________________________________________  
      3.
      ____________________________________________________________ 

      Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы бар ма - ия/жоқ
      Банктік қызметке байланысты жасаған құқық бұзушылықтары үшін 
әкімшілік жауапқа тартылған ба - ия/жоқ
      Бұрын еріксіз таратылған, оның ішінде банкрот деп танылған
кредиттік серіктестіктің немесе заңды тұлғаның (ұйымның, қызметтің
атауы, жұмыс кезеңі, таратылу, банкроттық себебі) басшы қызметкері
болған ба - ия/жоқ     

      Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

      Мен, ____________________________, осы ақпаратты тексергенімді
және оның шынайы әрі толық екендігін растаймын және мен ұсынған
шынайы емес мәліметтердің менің тағайындалуыма (сайлануыма) келісімді
қайта қарауға және маған қатысты бұдан ары Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес санкция қолданылуы мүмкін екендігін танимын.     

      Қолы _____________                 Күні _____________    

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының     
"Кредиттік серіктестіктерді     
лицензиялау ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 27 қазандағы      
N 380 қаулысына          
2-қосымша             

  Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы" Ережесі туралы" 1997 жылғы 12 сәуірдегі N 106  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 351 тіркелген, 1997 жылғы 14-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 408  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 63 тіркелген, 1998 жылғы 19-25 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 21 мамырдағы N 136  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 819 тіркелген, 1999 жылғы 21 маусым - 4 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 302  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1235 тіркелген, 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 393  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1295 тіркелген, 2000 жылғы 19 қараша - 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 6 тамыздағы N 305  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1691 тіркелген, 2001 жылғы 3-16 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 280  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1968 тіркелген, 2002 жылғы 26 тамыз - 8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады