Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық кесімдердің күшін жою туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2468 болып тіркелген, 2003 жылы 12 қыркүйектегі N 49 "Юридическая газета" газетінде жарияланған; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2004 ж., N 17-20, 918-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 127 бұйрығымен өзгерістер енгізілген):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережеде:
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
4-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Сынақтан өту мерзімі сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өтушінің жұмыс стажы мен тәжірибесін, кәсіби қасиеттерін ескере отырып, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіппен олармен әңгімелесудің нәтижесі бойынша қысқартылады.
Сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өту мерзімін сынақтан өтушінің немесе сынақтан өту басшысының науқастануына байланысты, сондай-ақ сынақтан өтушінің сынақтан өту бағдарламасын сапасыз меңгергеніне байланысты аумақтық әділет органының басшысы немесе нотариаттық палата төрағасы ұзартуы мүмкін";
6-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сынақтан өтуге ниет білдірген адам жұмыс стажының, тәжірибесінің және кәсіби қасиеттерінің бар-жоғын растайтын құжаттарды қосымша ұсына алады";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сынақтан өтуге ниет білдірген адам осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап он күн өткеннен кейін аумақтық әділет органымен немесе аумақтық нотариаттық палатамен сынақтан өту туралы шарт жасайды.";
9-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сынақтан өту аумақтық әділет органы немесе аумақтық нотариаттық палата белгілеген нотариустың басшылығымен жүргізіледі.
Бұл ретте сынақтан өтудің басшысының:";
11-тармақтың екінші абзацында "мен сынақтан өту басшылары" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен отырысында осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген материалдарымен сынақтан өтуші басшысының ұсынысы қаралады және сынақтан өтушіні сұхбаттасуға шақырады.";
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 16 "Жекеше нотариустың мөрі туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 702 болып тіркелген):
2-тармақта: "мен нотариаттық палаталар", "немесе нотариаттық палатаның" деген сөздер алынып тасталсын;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық" бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 564 болып тіркелген, 1998 жылғы 30 қарашадағы N 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к , 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 7 , 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 , 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 , 2004 жылғы 17 мамырдағы N 136 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықта:
152-тармақтың 1-абзацында "тексерілетін" деген сөз "сенім білдірілетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
324-тармақтағы "тараптардың келісімі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мемлекеттік баж салығының мөлшеріне сәйкес ставкалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.08.23 № 294 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен;
5) Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 483 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережеде:
3-тармақта екінші сөйлем және 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақта:
бірінші абзацта екінші сөйлем алынып тасталсын;
екінші абзацта "ал көшірмесі жергілікті атқарушы органның сақтауында" деген сөздер алынып тасталсын.
6) алынып тасталды .
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 60 бұйрығымен .
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 4 қарашадағы
N 325 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттiк нотариат туралы заңдарды шет ел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, шет елдiк заңды тұлғаларға қолдану, сондай-ақ құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарды нотариалдық практикада пайдалану туралы" уақытша нұсқаулы хат , Қазақстан Республикасы Әділет министрі 1996 жылғы 19 қазанда бекіткен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 226 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 18 наурыздағы N 189 "Орталық аттестациялық комиссия туралы Ережеге" өзгеріс енгізу" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 79 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 280 "Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 504 болып тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 280 "Қазақстан Республикасы Азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы ережені бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 505 болып тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 мамырдағы N 58 "Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсау тәртібі туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 520 болып тіркелген).
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 18 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 177 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 703 болып тіркелген).
7. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 17 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 701 болып тіркелген).
8. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 23 наурыздағы N 148 "Орталық аттестациялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 720 болып тіркелген).
9. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 395 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 177 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 839 болып тіркелген).
10. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 396 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 841 болып тіркелген).
11. "Қазақстан Республикасы нотариустарының депозиттiк операцияларға есеп жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулық", Қазақстан Республикасы Әділет министрі 1998 жылғы 9 қаңтарда бекіткен N 4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 476 болып тіркелген).
12. "Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң мекемелерi бастықтарының өсиеттер мен сенiмхаттарды куәландыру тәртiбi туралы нұсқаулық", Қазақстан Республикасы Әділет министрі 1998 жылғы 22 қаңтарда бекіткен N 18 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 472 болып тіркелген).
13. "Госпитальдардың, санаторийлердің және басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтарымен, олардың медицина жағынан орынбасарларының, аға және кезекші дәрігерлердің, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға өкілетті органдары мен адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің және әскери-оқу орындарының командирлерімен (бастықтарымен) сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы нұсқаулық", Қазақстан Республикасы Әділет министрі 1998 жылғы 8 қаңтарда бекіткен N 5 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 481 болып тіркелген).
14. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мекемелері мен органдарының басшыларының сенімхаттарды және қарттар мен мүгедектер үйлерінің директорларының, бас дәрігерлерінің өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы нұсқаулық" Қазақстан Республикасы Әділет министрі 1998 жылғы 8 қаңтарда бекіткен N 9 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 454 болып тіркелген).
15. "Ауруханалар, санаторийлер, және өзге емдеу - алдын-алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерiнiң өсиеттердi куәландыру тәртiбi туралы нұсқаулық" Қазақстан Республикасы Әділет министрі 1998 жылғы 8 қаңтарда бекіткен N 7 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 453 болып тіркелген).