"Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 02-1-7/81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 7 сәуірдегі N 02-01-02/46 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3625. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2013 жылғы 06 тамыздағы № 06-7/112 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 06.08.2013 № 06-7/112 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 02-1-7/81  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1202 болып тіркелген, 2000 жылы 6 қыркүйекте N 39 "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 14 наурыздағы N 02-2-4/31  бұйрығымен өзгеріс енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1791 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 19, 605-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2)-4)-тармақшалары алынып тасталсын;
      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі туралы ережеде (бұдан әрі - Ереже):

      3-тармақта:
      бірінші абзацта "төмендегі нормативті құқықтық актілерді" деген сөздер "Тізімге сәйкес (N 1 қосымша) нормативті құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1)-12)-тармақшалары алынып тасталсын;

      Ережеге N 1 қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Мемлекеттік қызмет істері    
жөніндегі агенттігі төрағасының 
2005 жылғы 7 сәуірдегі       
N 02-01-02/46 бұйрығына қосымша 

Мемлекеттік қызмет туралы    
заңдарды және сыбайлас     
жемқорлыққа қарсы заңдарды   
сақтау мәселесі жөнінде    
Қазақстан Республикасы     
мемлекеттік органдарының    
қызметіне тексеру жүргізудің  
тәртібі туралы ережесіне   
N 1 қосымша          

Нормативті құқықтық актілердің тізімі

      1. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Қазақстан Республикасының  Заңы ;
      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267 Қазақстан Республикасының  Заңы ;
      3. "Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 319  Жарлығы ;
      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321  Жарлығы ;
      5. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327  Жарлығы ;
      6. "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357  Жарлығы ;
      7. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығы ;
      8. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282  Жарлығы ;
      9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457  Жарлығы ;
      10. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығы ;
      11. "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99  қаулысы ;
      12. "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 986 болып тіркелген);
      13. "Мемлекеттік органдардың басшыларын (әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді) аттестациялауды өткізу үшін аттестациялық комиссиялар құру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 26 маусымдағы N 02-2-4/88  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1914 болып тіркелген);
      14. "Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2290 болып тіркелген);
      15. "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді өткізу нұсқау, тестілеу программалары және тестілеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2291 болып тіркелген);
      16. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің кадрлар басқармасының ақпараттық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 02-01-02/88  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2541 болып тіркелген);
      17. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2697 болып тіркелген);
      18. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3339 болып тіркелген);
      19. "Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15  бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3449 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады