Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 359 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3805. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін: "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар".
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

"Бекітілген"             
Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау Министрінің м.а  
2005 жылғы 14 шілдедегі N 359   
бұйрығымен               

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
"Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын
ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ережелер) жекеменшік түріне қарамастан, ауылдық елді мекендерде медициналық тәжірибелер жүргізумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.

      2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда жер учаскесі мен территорияларына, ғимараттар мен бөлмелерді жоспарлап орналастыруға және әрлеуге, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, канализация жүйесіне, жылуға, желдетуге, жарықтандыруға, бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, тағамдық блок пен буфеттік бөлімшелерге қойылатын талаптар көрсетілген.

      3. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) ауылдық учаскелік аурухана "АУА" - стационарлық медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұжымы;
      2) ауылдық дәрігерлік амбулатория "АДА" - өз қызметі шегінде аурушаңдықты, ерте анықталған ауруларды ескерту және төмендету жөніндегі кеңейтілген алдын-алу іс-шараларын өткізуді; науқастарды ерте анықтауды; дені саулар мен науқастарды диспансерлеуді; халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырушы емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады;
      3) фельдшерлік пункт "ФП" - белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін, ауылдық елді мекендерде амбулаториялық-емханалық бөлімше болып табылады;
      4) фельдшерлік-акушерлік пункт "ФАП" - белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның немесе ауылдық учаскелік аурухананың амбулаториялық-емханалық бөлімшесі болып табылады.

2. Жер учаскесі мен территорияларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. АУА, АДА, ФАП және ФП (бұдан әрі - медициналық ұйымдардың ғимараттары) орналасатын жер учаскелері құрылыс нормасы мен ережелерінің талаптарына (бұдан әрі - ҚНмЕ) міндетті түрде жауап беруі керек.

      5. Бұрын қоқыс жинау орыны болған ассенизация алаңына, мал өлекселерін көмген және зират болған, сондай-ақ, топырақтың химиялық, органикалық ластану бар жерлерге емханалық мекемелерді салуға тыйым салынады.

      6. Мекемелердің құрылыс территориясы ҚНмЕ талаптарына жауап беру қажет. Аурухана ауласына тұрғын үйлер орналастыруға, сондай-ақ ауруханаға қатысы жоқ құрылыстар жүргізуге рұқсат етілмейді.

      7. Ғимаратқа көліктің өту жолдарын қарастыру керек.

      8. АДА территориясында: негізгі корпустар мен шаруашылық, бау-бақшалық аймақтар болады.
      Балаларға арналған бөлімшенің кіре берісінде нәрестелердің коляскаларын қоюға арналған үсті жабық алаң қарастырылады.

      9. Аурухана ауласы келесі аймақтарға бөлінуі қажет: емханалар, стационарлар, шаруашылық ұжымы, инженерлік құрылымдар мен саябақтар, денешынықтырумен айналысуға арналып жабдықталған алаңдар.
      Инфекциялық бөлімшелер (корпустар) территориясы "таза" және "кір" алаңдарға бөлініп, бір-бірімен арнайы жолдармен бөлектелінеді. "Кір" аймақтан шығар кезде көліктерге дезинфекция жүргізілетін жабық арнайы жабдықталған алаң болады.

      10. ФАП мен ФП территорияларында мынадай аймақтар болуы тиіс: негізгі корпус, бау-бақша паркі, шаруашылық.

      11. Ауланы жинастыру күнделікті жүргізілу қажет. Қоқыстар мен шаруашылық қалдықтар арнайы полиэтиленді қапшықтармен шабдықталған қоқыс жинағыштарға салынады. Емдеу мекемелерінде қоқыстар мен шаруашылық қалдықтарды жинау нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2774 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" N 262 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек. см. V085264

      12. Қоқыс жинағыштардың қақпақтары болуы қажет және арнайы асфальттанған немесе бетондалған, дезинфекция жүргізуге қолайлы, алаңдарда орналастырылуы керек. Қоқыс жинағыш алаңдар қоршалынады. Палаталық алаңдар мен қоқыс жинағыш алаңдардың ара қашықтығы 25 метрден (бұдан әрі - м) кем болмау тиіс.

      13. Мекеме ауласындағы қоқыстар жинауға (әрбір 50 м. сайын) арнайы урналар қойылып, олар күнделікті қоқыстан тазалануы керек. Мекеме ауласы күнделікті жинастырылуы қажет.

3. Ғимараттар мен бөлмелерді жоспарлап орналастыруға
және әрлеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      14. Медициналық ұйымдардың ғимараттары жеке ғимараттарда орналастырылуы керек. АДА АУА-ның құрамына кіруі мүмкін, бірақ кіру есігі жеке болуы қажет.
      Ғимараттардың архитектуралық жоспары мен конструктивтік шешімі және аурухана бөлімдері, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға және науқастар мен қызметкерлердің еңбек пен демалысына қолайлы жағдай туғызу қажет.
      Ғимараттарға жеке кіру есігінен басқа мүгедектер арбасына арналған пандус, сонымен қатар балалардың шанасы мен арбаларын сақтауға арналған, жабдықталған орын болуы керек.

      15. Негізгі және көмекші бөлмелердің құрамы мен көлемі ҚНмЕ талаптарына жауап беруі керек.
      АДА балалар бөліміне жеке кіретін есігі, гардеробы мен вестибюлі, үлкендердің бөлімшелерінен бөлек болады.

      16. Палаталық секциялардың коридорларында және басқа бөлмелерде, ауруханалық жатақ орындарды науқастармен орналастыруға ұрықсат етілмейді.

      17. Функционалдық қолданылуына қарай ішкі бөлмелерді Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат берілген материалдармен өңдейді.

      18. Ішкі бөлмелердің ауа алмасуына және өңдеуге Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат берілген материалдар қолданылады.

      19. Ауруханадағы барлық технологиялық, санитарлық-техникалық,
инженерлік және басқа жабдықтар мен жиһаздар, инвентарлар жұмыс қалпында болуы керек. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2524 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы" N 677 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек.

4. Бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек
жағдайларына, жарықтандыруға, желдетуге, жылуға, канализация
жүйесіне, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      20. Егер де тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған су жүйесі болмаса, онда электрлік жылытатын құралдарды қолдана отырып қазба жолмен алынған жергілікті суды қолдана алады.

      21. Жергілікті канализация жүйесіне жиналған лас сулармен қоқыстар өз уақытында тазаланып отырылуға тиіс.

      22. Аурухана қызметкерлері қызмет көрсететін санитарлық тұрмыстық бөлмелер ҚНмЕ талаптарына сай жабдықталуы тиіс.

      23. Барлық бөлмелер, медициналық жабдықтар таза күйінде болуы қажет. Бөлмелерді ылғалды жинау, ауасын залалсыздандыру күнделікті жүргізіледі. Жинайтын инвентарлар маркировкаланып, қатаң түрде талапқа сай қолданылып тиісті бөлмеде сақталуы қажет. Бөлмені жинауда Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат етілген дезинфекциялы заттар қолданылады.

      24. Ауаны залалсыздандыру үшін мыналар қолданылады:
      1) экрансыз қозғалмалы бактериоциттік шам, есеп бойынша бөлменің 1 текше метр (бұдан әрі- м 3 ) көлемі 2,0-2,5 ватт (бұдан әрі - вт) күшке сәйкес қойылады;
      2) экрандық бактериоциттік шам есеп бойынша бөлменің 1 м 3 -на 1,0 вт күші, еденнен 1,8-2,0 м сәйкес қойылуы қажет.
      Шамның жұмысының есебі арнайы журналға тіркеледі.

      25. Шам сөндіргіші бөлменің кіре берісінде орналасуы керек. Қызметкерлерге бөлмеге кіру бактериоциттік лампа сөнгеннен кейін 30 минөт өткеннен соң, бөлмені желдеткеннен кейін, рұқсат етіледі.

      26. Медициналық және де басқада жабдықтар мен инвентарларды залалсыздандыру және зарарсыздандыру жүргізілуі керек.

      27. Науқастардың төсек-орыны аптасына 1 рет алмастырылуы керек. Босанатын әйелдердің төсек-орны әрбір 3 күнде алмастырылады. Сүлгі және астарына қоятын салфеткалар қажеттіліктеріне қарай беріледі. Босану блогында стерильденген төсек-орын қолданылады.

      28. Науқастардың кір төсек-орындары полиэтиленді қаптарда немесе төсек орын жинауға жабдықталған арбада жинақталады. Кір төсек-орындарды бөлімдерде сұрыптауға болмайды.
      Кір төсек орындарды бөлімдерде уақытша сақтау (12 сағатқа дейін) санитарлық бөлмелерде немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген бөлмелерде жабық ыдыстарда жүргізіледі. Кір төсек-орынмен жұмыс істейтін жұмыскерлер арнайы санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс (халат, қолғап, маска).

      29. Таза төсек орындар арнайы бөлінген бөлмелерде сақталады. Бөлімшелерде 1 күнге керекті төсек-орын осы мақсатқа арнайы бөлінген шкафтарда сақталады. Төсек-орын мен ыдыстар маркаланған болуы керек.

      30. Аурухана төсек-орындары ауруханадағы кір жуатын жерлерде жуылуы тиіс. Жууға төсек-орынның барлық түрі жіберіледі. Аурухана төсек орындары араласып кетпеуі үшін арнайы технологиялық жабдықтар болуы керек. Инфекциялық бөлімдердің төсек орындары залалсыздандырылғаннан кейін жууға жіберілінеді.

      31. Таза және лас төсек орындар кір жуғышқа қатты матамен оралып немесе жабық контейнерде арнайы бөлінген транспортпен әкелінуі керек. Ыдыстар тасымалдау кезінде еш дефектісіз және сыртына "таза" және "лас" деп жазылуы қажет.

      32. Науқас адамдар ауруханадан шыққанда, өлгенде ластанған матрастар, жастықтар, көрпелер ауыстырылып, одан кейін дезинфекциялық камераларда залалсыздандырылуы тиіс.

      33. Стационарға түскен науқас адам қабылдау бөлімінде стационарлық өңдеуден өтеді. Стационарлық өңдеуден өткен науқасқа ішкиім, аяқ киім беріледі. Науқастардың жеке киімі мен аяқ киімдері ілгіші бар арнайы ыдыстарда немесе шығарып салушы адамға сақтауға беріледі. Науқастар мен екі қабат әйелдерге стационарда үй киімімен жүруге рұқсат беріледі. Науқастарды гигиеналық жуу аптасына 1 рет жүргізіледі.

      34. Аурухананың медицина қызметкерлеріне арнайы ауыстыратын киімдер берілуі қажет: халат, бас киімі, байлам, ауыстыратын аяқ киімдер күнделікті ауыстырылып отырылады. Оларды сақтауға арналған шкафтар болады. Санитарлық киімдер науқас адамның киімінен бөлек жуылады.
      Медицина қызметкерлері мекемеден тыс жерлерде халатпен жүруге ұрықсат етілмейді.

5. Тағамдық блок пен буфеттік бөлімшелерге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      35. Тағамды блок жеке тұрған ғимаратта орналасады.

      36. Тағамдық блокпен буфеттік бөлімшелерді ұстау және пайдалану, тағам өнімдерін тарату нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" N 569 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек.

      37. Меню-раскладканы құрған кезде тамақтану нормасы мен режиміне сәйкес болуы тиіс. Науқас тағамы әр түрлі және емдеу көрсеткішіне, яғни химиялық құрамы, энергиялық бағалылығы, тамақтану режимі, азық-түліктің құрамы ескерілуі керек. Меню құрған кезде азық-түліктердің ауыз суына байланысты химиялық құрамы мен калориялық диеталары есептелінеді.

      38. Тағамдық блокта әрдайым күнделікті тағайындалған тағамның сынамасы қалып отыруы керек.

      39. Буфеттен аурухана бөлімдеріне дайын тағамдарды жеткізу үшін термос, тележка және тығыз жабылатын ыдыстар қолданылады. Тағамдық блоктан, буфеттік бөлімдерден, дайын тағамдармен азық-түліктерді эмалі кеткен ыдыстармен (шелек, кастрөл) тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      40. Тағамдық блокта залалсыздандыратын, жуатын заттарды сақтайтын арнайы бөлме болуы керек. Тазалайтын инвентарлар маркировкаланып, жуатын және залалсыздандыратын заттар маркировкаланған ыдыстарда сақталу керек.

      41. Киімдерді тағамдық блоктарда жууға рұқсат етілмейді.

      42. Буфет бөлімінде екі арнайы бөлме қарастырылады, 9 шаршы метрден (бұдан әрі - м 2 ) кем емес және ыдыстар жуатын бөлме үш көзді ваннасымен 6 м 2 кем емес.

      43. Дайын болған тағамды ауруларға тамақ дайындалғаннан кейінгі екі сағаттың ішінде таратуы керек. Тағамның таратылуына кіші қызметкер жіберілмейді.

      44. Жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді бөлімдерде сақтауға болмайды.

      45. Мекеме бөлмелерінде шыбын шіркейлер мен кеміргіштер болмауы тиіс. Мекемелерге залалсыздандыру және дератизация шараларын жүргізу лицензиясы бар мекемелерге жүктеледі.

      46. Медицина және тағам блогындағы қызметкерлер нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің
N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Өндірістік зиянды, қауіпті және қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті түрде жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өту керектігі туралы нұсқау мен өндірістік зиянды факторлардың және кәсіптердің тізімін бекіту туралы" N 243 бұйрығына сай алдын ала және кезеңді медициналық тексерістерден өтуі тиіс.

                                        "Ауылдық елді мекендер
                                       медициналық ұйымдарының
                                      ғимараттарын ұстауға және
                                        пайдалануға қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                     талаптар" санитарлық ережелер
                                        мен нормаларға 1 қосымша

        Аурухана бөлмелеріне санитарлы-гигиеналық бақылау

N

Бөлімдер

Анықтайтын көрсеткіштер

Микро-
климат,
ауа
айна-
лымы
мен
жарық-
тандыру

зиянды химиялық заттар

көмір
қышқыл
газы

то-
тығу

анти-
био-
тиктер

сы-
нап

озон

1

Стерилизация

+

+

+

-

-

+

2

Палата бөлім-
дері (палаталар,
процедурныйлар)

-

+

+

-

-

+

3

Химико-диаг-
ностикалық
лабораториялар

+

+

-

-

-

+

4

Рентген
кабинеті

+

-

-

-

-

+

5

Функционалды
диагностикалық
бөлім

+

+

+

-

-

+

6

Физиотерапевтік
кабинет

+

+

+

-

+

+

кестенің жалғасы

N

Бөлімдер

Анықтайтын көрсеткіштер

зиянды химиялық заттар

азот
қыш-
қылы

шаң

көмір
тоты-
ғы

қор-
ға-
сын

аммиак

кү-
кірт

мер-
кап-
тан-
дар

қыш-
қыл-
дар
мен
не-
гіз-
дер-
дің
ор-
гани-
ка-
лық
ері-
тін-
ді-
лері

1

Стери-
лизация

+

-

-

-

-

-

-

-

2

Палата бөлім-
дері
(пала-
талар, процеду-
рныйлар)

+

-

-

-

+

-

-

-

3

Химико-
диаг-
ности-
калық
лабора-
ториялар

+

-

+

-

+

-

-

+

4

Рентген
кабинеті

+

-

-

+

-

-

-

-

5

Функци-
оналды
диагнос-
тикалық
бөлім

+

-

-

-

-

-

-

-

6

Физиоте-
рапевтік
кабинет

+

-

-

-

-

+

-

-

                                        "Ауылдық елді мекендер
                                       медициналық ұйымдарының
                                      ғимараттарын ұстауға және
                                        пайдалануға қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                     талаптар" санитарлық ережелер
                                        мен нормаларға 2 қосымша

            ФАП негізгі бөлмелері мен көлемінің
                      минимальді жиынтығы
                                                     1 кесте

Бөлмелердің аттары

Көлемі/м 2

Стационарсыз

1. Күту вестибюлі

16

2. Фельдшер кабинеті

14

3. Акушер кабинеті

18

4. Патронаж жүргізетін медбике кабинеті

12

5. Таңу-процедуралық кабинет

18

6. Науқастардың уақытша болатын бөлмесі

8

7. БЦЖ - егетін және сақтайтын бөлме

8

8. Шлюзі және санитарлық желісі бар
изолятор

16

9. Жедел босандыруға арналған бөлме

24

10. Жаңа босанған әйелдердің уақытша
болатын бөлмесі

12

11. Жаңа туған нәрестені жууға арналған
және санитарлық желісі бар босану
бөлмесі

30

12. Стерилизация бөлмесі

10

13. Медициналық аспаптарды бөлшектеп
жуатын бөлме

4

14. Бөлмелері:
   жууға арналған бұйымдарды сақтайтын
   кір киімдерді уақытша сақтау
   дезинфекциялық дәрілерді сақтау


2
2
2

15. Дәрі-дәрмектерді, мед.аспаптарды
және таңу материалдарын сақтау қоймасы

6

16. Электр жарығымен емдеу бөлмесі

12

17. Жуухана бөлмесі

12

18. Қызметкерлер бөлмесі

8

19. Таза киімдер қоймасы

2

20. Әжетхана

3

             ФП негізгі бөлмелері мен көлемінің
                   минимальді жиынтығы

                                                 2 кесте

Бөлмелердің аттары

Көлемі/м 2

Стационарсыз

1. Күту вестибюлі

16

2. Фельдшер кабинеті

14

3. Таңу-процедуралық кабинет

18

4. Науқастардың уақытша болатын бөлмесі

8

5. БЦЖ - егетін және сақтайтын бөлме

8

6. Шлюзі және санитарлық желісі бар
изолятор

16

7. Стерилизация бөлмесі

10

8. Медициналық аспаптарды бөлшектеп
жуатын бөлме

4

9. Бөлмелері:
10. жууға арналған бұйымдар сақтайтын
11. кір киімдерді уақытша сақтау
12. дезинфекциялық дәрілерді сақтау


2
2
2

13. Дәрі-дәрмектерді, мед.аспаптарды
және таңу материалдарын сақтау қоймасы

6

14. Қызметкерлер бөлмесі

8

15. Таза киімдер қоймасы

2

16. Әжетхана

3

         АДА-ның негізгі бөлмелері мен көлемінің
                   минимальды жиынтығы

                                               3 кесте

Бөлмелердің аталуы

м 2

Ескертпе

          ЖАЛПЫ БӨЛМЕЛЕР
1. Келушілерге арналған
вестибюль-гардероб

10

1 келушіге
0,2 м 2

2. Келушілерге арналған дәретхана

4х2

ер адамға
арналған
дәретханада
15 адамға
1 орын және
10 әйел
адамдарға

      ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ
           БӨЛІМШЕЛЕР
3.Терапия бөлімшесі:
3.1 Терпевт кабинеті
3.2 Бұлшық етке жасалатын
инъекцияларға арналған процедуралық
бөлме
3.3 Көк тамырлық құюларға арналған
процедуралық бөлме
3.4 Күту бөлмесі
3.5 Изолятор


12,0
10,0
10,0
 
 
 
   10,0
 
10,0
10,0


4. Балалар бөлімшесі
4.1 Науқастарға келушілерге арналған
вестибюль-гардероб
4.2 Балаларды қабылдайтын фильтр-бокс
4.3 Дәрігер-педиатр бөлмесі
4.4 Егу бөлмесі
4.5 Процедуралық бөлме
4.6 Кеуде жасындағы балаларға
арналған массаж бөлмесі
4.7 Дені сау балалар бөлмесі
4.8 Кеуде сүтін жинау және оны өңдеу
бөлмесі
4.9 Жинағанда қолданылатын заттарды
қоятын бөлме
4.10 Келушілерге арналған
дәретханалар
4.11 Күту бөлмесі
4.12 Изолятор


  10,0
10,0
12,0
10,0
8,0
 
8,0
8,0
 
8,0
 
10,0
 
4х2
10,0
10,0


5. Хирургиялық бөлімше
5.1 Хирург кабинеті
5.2 Таза дәке таңу бөлмесі
5.3 Іріңді дәке таңу бөлмесі
5.4 Гипсті сақтайтын бөлме
5.5 Күту бөлмесі
5.6 Дәрігер-кеңесші бөлмесі
(отоларинголог және офтальмолог
жұмысы үшін)


12,0
10,0
10,0
8,0
10,0
12,0


6. Акушер-гинекологиялық бөлімшесі
6.1 Акушер-гинеколог кабинеті
(шлюзбен)
6.2 Гинекологиялық креслосы бар ем
қабылдау бөлмесі
6.3 Жүкті әйелдердің босануға
психо-профилактикалық дайындау
бөлмесі
6.4 Келушілердің жеке гигиенасына
арналған бөлмесі
6.5 Күту бөлмесі


12,0
 

10,0
 

10,0

8,0

10,0


7. Стоматология бөлімшесі
7.1. Стоматолог-хирург бөлмесі
7.2. Стоматолог-терапевт бөлмесі
7.3 Амальгаманы дайындау және
материалдарды стерилизациялауға
арналған бөлме
7.4 Күту бөлмесі


12,0
12,0
 
10,0

10,0


8. Бөлімше (физиотерапия, массаж,
емдік физкультура, механотерапия
кабинеттері)

8,0
х4


9. Диагностикалық бөлімшелер
9.1 Клиника-диагностикалық
лаборатория
9.2 Функционалдық диагностика
бөлімшесі
9.3 Рентген бөлмесі


15,0

10,0

24,0


10. Орталық стерилизация бөлімшесі



10. Қызметтік және тұрмыс бөлмелері
10.1 Бас дәрігер бөлмесі
10.2 Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі
10.3 Шаруашылық бөлмесі
10.4 Канцелярия, бухгалтерия, касса
10.5 Қызметкерлерге сабақ беруге
арналған бөлме
10.6 Медициналық мұрағат
10.7 Құрал жабдық бөлмесі
10.8 Төсек-орын бөлмесі
10.9 Кір төсек орынға арналған бөлме
10.10 Қызметкерлердің сыртқы киіміне
арналған гардероб, душы бар
10.11 Қызметкерлердің жұмыс және үй
киімі үшін арналған гардероб
10.12 Қоғамдық ұйым бөлмесі
10.13 Қызметкерлер дәретханасы
10.14 Құрал-жабдықтар қоймасы
10.15 Жинауға арналған заттар қоймасы
10.16 Қызметкерлер бөлмесі


8,0
10,0
10,0
20,0
 
8,0
8,0
8,0
8,0
12,0

12,0
 
12,04,0
8,0
8,0
12,0

       Ерлер дә-
ретхана-
сында 15
адамға 1
орын, әйел-
дерде 10
адамға 1
орын

                                        "Ауылдық елді мекендер
                                       медициналық ұйымдарының
                                      ғимараттарын ұстауға және
                                        пайдалануға қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                     талаптар" санитарлық ережелер
                                        мен нормаларға 3 қосымша

          Жылу сезонында ФАП мен ФП бөлмелеріндегі
               оптимальды ауа температурасы

Бөлмелер

Ауа t C

Әкімшілік, фельдшер, акушер және патронаж
медбике кабинеттері

20

Процедуралық, таңатын кабинеттер

22

Дәретхана, жуынатын бөлме

20

Күту-вестибюль, науқастар уақытша болатын
бөлмелері

18

Кір киімдерді, дезинфекциялық заттарды
сақтайтын бөлме

16

                                        "Ауылдық елді мекендер
                                       медициналық ұйымдарының
                                      ғимараттарын ұстауға және
                                        пайдалануға қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                     талаптар" санитарлық ережелер
                                        мен нормаларға 4 қосымша

          Фельдшерлік-акушерлік пункттің жабдықталуы

                                                1 кесте

N

         Аталуы

Саны

1

Гинекологиялық кресло

1

2

Бактерицидті сәулелендіру

1

3

Электрлік стерилизатор

2

4

Кептіргіш шкаф (залалсыздандырғыш)

1

5

Дезинфекциялық ерітіндіні дайындауға
арналған құралдар (натрий гипохлориді)

1

6

Бүйрек тәріздес легендер

5

7

Дистиллятор

1

8

Бикстер (контейнерлер)

2

9

Тоңазытқыш

1

10

Мұздатылған тізбекке арналған
контейнерлер (вакциналарды сақтауға
және тасымалдауға арналған)

1

11

Фельдшерлік чемодан

1

12

Ересектерге арналған еден таразысы

1

13

Жаңа туған нәрестелерге арналған
таразы

1

14

Ересектерге және балаларға арналған
бой өлшегіш

1+2

15

Өлшеуіш лентасы

2

16

Балаларға арналған фонендоскопты
тонометр

2

17

Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр

2

18

Бөксе өлшегіш

1

19

Акушерлік стетоскоп

2

20

Сүтсорғыш

2

21

Медициналық термометр

5

22

Асқазан зондтарының жиынтығы, соның ішінде балаларға арналған

2

23

Жылытпалы жарықтағыш

2

24

Клизмалар (әр өлшемді)

3

25

Резиналық жылытқыш

2

26

Автоматты түрде бекітілетін тамырға арналған жгут

12

27

Мұзға арналған құты

2

28

Металды шпатель

20

29

Автоматты түрде бекітілетін тамырға арналған жгут

4

30

Тамыр ішіне құюға арналған штатив

2

31

Сымдардан жасалған шиналар

5

32

Тасымалдауға арналған  шиналар

2

33

Газ шығарғыш трубкалар жинағы, соның
ішінде балаларға арналған

10

34

Амбу қапшығы

2

35

Балаларға және ересектерге арналған тіл ұстағыш

2

36

Эсмарх кружкасы

1

37

Ауыз ашқыш

1

38

Корнцанг жиынтығы

1

39

Резеңкелі-маталық оттегілік жастығы

1

40

Булы ингалятор

2

41

Екі жақты қынап айнасы (комплект)

3

42

Бір жақты қынап айнасы (комплект)

2

43

Қынапты ашатын айна (комплект)

2

44

Қабақ көтергіш

1

45

Конус тәріздес воронка

1

46

Құлақ воронкасы

2

47

Құм сағат (жиынтық)

1

48

Қан элементтерін санайтын Горяева камерасы

1

49

Зәрдегі глюкозаны анықтауға арналған глюкотест

1

50

Гемоглобинометр

1

51

Партотивті "Соллюкс" лампасы

1

52

Бір линзалы қарапайым лупа

1

53

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтайтын құрал

1

54

Тырнаққа арналған қайшы

2

55

Гипсті байламдарды қиюға арналған қайшы

1

56

Жалпы хирургиялық қайшы (әр түрлі)

4

57

Жалпыға арналған анатомиялық пинцет 200х2,5

5

58

Жалпыға арналған хирургиялық пинцет 150х2,5

3

59

Скальпель

3

60

Патронажды медбикенің жинағы

1

61

Туберкулез сынағына арналған жиынтық

1

62

Кушетка

1

63

Орауға арналған стол

1

             Фельдшерлік пунктін жабдықтау

                                                2 кесте

N

Аталуы

Саны

1

Бактерицидті сәулелендіру

1

2

Электрлік стерилизатор

2

3

Кептіргіш шкаф (залалсыздандырғыш)

1

4

Дезинфекциялық ерітіндіні дайындауға арналған прибор (натрий гипохлориді)

1

5

Бүйрек тәріздес леген

5

6

Дистиллятор

1

7

Бикстер (контейнерлер)

2

8

Тоңазытқыш

1

9

Мұздатылған тізбекке арналған
контейнерлер (вакциналарды сақтауға
және тасымалдауға арналған)

1

10

Фельдшер чемодан

1

11

Ересектерге арналған еден таразысы

1+1

12

Жаңа туған нәрестелерге арналған
таразы

1

13

Ересектерге және балаларға арналған
бой өлшегіш

1+1

14

Өлшеуіш лентасы

2

15

Балаларға арналған фонендоскопты
тонометр

1

16

Ересектерге арналған фонендоскопты
тонометр

1

17

Бөксе өлшегіш

1

18

Сүтсорғыш

2

19

Медициналық термометр

5

20

Асқазан зондтарының жиынтығы, соның ішінде балаларға арналған

1

21

Ауыспалы светильник

1

22

Клизмалар (әр түрлі размерлі)

2

23

Резеңке грелка

2

24

Автоматты реттелетін тамырға арналған жгут

12

25

Мұзға арналған құты

2

26

Металды шпатель

10

27

Тамыр ішіне құюға арналған штатив

2

28

Темір сымдардан жасалған шиналар

5

29

Транспорттық шиналар

2

30

Газ шығарғыш трубкалар жиыны, соның ішінде балаларға арналған

10

31

Амбу қапшығы

2

32

Балаларға және ересектерге арналған
тіл ұстағыш

1+1

33

Эсмарх кружкасы

1

34

Ауыз ашқыш

1

35

Клизма жасайтын груша (әр түрлі размердегі комплект)

3

36

Корнцанг жиынтығы

1

37

резеңкелі-маталы ауасы бар жастық

1

38

Булы ингалятор

1

39

Бір рет қолданылатын шприцтер жиынтығы (керегінше)


40

Салмақ көтергіш

1

41

Қарапайым конус тәріздес воронка

1

42

Құлақ воронкасы

2

43

Құм сағат (жиынтық)

1

44

Қан элементтерін санайтын Горяева камерасы

1

45

Зәрдегі глюкозаны анықтауға арналған глюкотест

1

46

Гемоглобинометр

1

47

Партотивті "Соллюкс" лампасы

1

48

Бір линзалы қарапайым лупа

1

49

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтайтын прибор

1

50

Тырнаққа арналған қайшы

2

51

Гипсті байламдарды қиюға арналған қайшы

1

52

Жалпы хирургиялық қайшы (әр түрлі)

4

53

Жалпыға арналған анатомиялық пинцет 200х2,5

5

54

Скальпель

3

55

Патронажды медбикелер жиынтығы

1

56

Туберкулез сынағына арналған жиынтық

1

57

Кушетка

1

58

Орауға арналған стол

1

                  АДА-ның жабдықталуы

                                             3 кесте

N

Аталуы

Саны

1

Гинекологиялық кресло

1

2

Бактерицидті сәулелендіру

3

3

Электрлік стерилизатор, кіші автоклав

3 (1)

4

Дистильдегіш

1

5

Кептіргіш шкаф (залалсыздандырғыш)

1

6

Дезинфекциялық ерітіндіні дайындауға арналған құралдар (натрий гипохлориді)

1

7

Дез ерітіндіге және ветошқа арналған контейнерлер

5

8

Бүйрек тәріздес леген 

10

9

Бикстер (контейнерлер)

5

10

Медикаменттерді сақтауға арналған сейф

1

11

АДБ дәрігерінің чемоданы

1

12

Ересектерге арналған еден таразысы

1

13

Жаңа туған нәрестелерге арналған таразы

1

14

Ересектерге және балаларға арналған бой өлшегіш

1+2

15

Қолдық динамометр

1

16

Өлшеуіш лентасы

3

17

Балаларға арналған фонендоскопты тонометр

4

18

Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр

4

19

Бөксе өлшегіш

1

20

Акушерлік стетоскоп

3

21

Сүтсорғыш

3

22

Медициналық термометр

5

23

Бөлмелік термометр

2

24

Негатоскоп

1

25

Электрлі-вакумды аспиратор (сорғыш)

1

26

Ауыспалы шам 

4

27

Клизмалар (әр түрлі размерлі)

5

28

Эсмарх кружкасы

2

29

Асқазан зондтарының жиынтығы, соның ішінде балаларға арналған 

3

30

Резиналық жылытқыш 

2

31

Амбу қапшығы 

2

32

Ауалы жастық

2

33

Қолмен тыныс алдыру аппараты

1

34

Медициналық тасығыштар (зембілдер)

2

35

Газ шығарғыш трубкалар жиыны, соның ішінде балаларға арналған

2

36

Мұзға арналған құты

2

37

Бір рет қолдануға арналған (катетерлер) жиынтық медициналық
түтік

12

38

Темір сымдардан жасалған шиналар

5

39

Жане шприці

2

40

Металдық қалақша

20

41

Автоматты реттелетін тамырға арналған жгут

12

42

Тамыр ішіне құюға арналған штатив

2

43

Қолайлы ЭКГ аппараты

1

44

Дефибриллятор

1

45

Пикфлуометр

5

46

Ультрадыбысты инголятор АИ-1 немесе небулайзер типті

2

47

Отоскоп

2

48

Офтальмаскоп

2

49

Ересектерге және балаларға арналған жарықтатқыш көмегімен көз өткірлігін анықтайтын кесте

2/2

50

Маклаковтың танометрі (көз ішілік қысымды анықтау үшін)

1

51

Маңдай рефлекторы (Симоновтың)

3

52

Тамақты тексеруге арналған жарық-карандаш

3

53

Неврологиялық балға

3

54

Амбулаторлық көмек көрсетуге арналған кіші хирургиялық заттар жиынтығы

1

55

Тразеотомиялық жиынтық

1

56

Интубацияға арналған жиынтық

1

57

Парцентезге арналған жиынтық

1

58

Тууды қабылдауға арналған жиынтық

1

59

Жатыр ішілік спиральді енгізуге арналған жиынтық

1

60

Офтальмологиялық жиынтық

1

61

Оториноларингологиялық жиынтық

1

62

Дәрі-дәрмекті сақтауға арналған тоңазытқыш

2

63

Кушетка

1

64

Орауға арналған үстел

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады